Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Теңіз қорқауы - 04
Total number of words is 4218
Total number of unique words is 2074
37.2 of words are in the 2000 most common words
50.3 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
үшін қалайда өзіңіздің үйреншікті құрлығыңызға кеткіңіз келеді, бірақ
менің өз иттігім үстем боп тұрған бұл шхунада сізді ұстап тұрмын. Жəне
ұстай да беремін. Бұл жерден сіз не адам боп шығасыз, не сүйегіңіз
шығады. Мұнда кез келген сəтте өліп те кетуіңіз мүмкін. Менің жалғыз-ақ
жұдырығым жаныңызды жаһаннамға жібереді, өйткені сіз мен үшін түкке
тұрғысыз құрт-құмырсқасыз. Егер сіз екеуіміздің жанымыз өлмес болса,
онымен не істейміз? Бүкіл өмірімді тағы да иттіктерге жұмсаймыз ба?
Осының бəрі не үшін керек? Сізді мұнда не құдіретпен ұстап отырмын
мен?
– Өйткені сіз маған қарағанда күштірексіз.
– Ал мен неге күштірекпін? – деді ол жұлып алғандай. – Өйткені сізге
қарағанда менің ашытқым көбірек. Бұны сіз қалай түсінбейсіз, а? Қалай
түсінбейсіз?
– Бірақ бұлайша өмір сүру – үмітсіздік қой! – дедім мен.
– Бұныңыз да дұрыс шығар, – деді ол. – Бірақ өмірдің өзегі боп
табылатын осы ашытқының жалпы не керегі бар? Егер қозғалмасақ, түк
істемесек – онда, əрине, үмітсіздік те болмайды. Алайда бар мəселе
мынада: өмірдің бүкіл мəнсіздігін біле тұрып біз бəрібір өмір сүре бергіміз
келеді, қозғалғымыз келеді, өйткені табиғат бізді солай жаратқан – өмір
сүру үшін, қозғалу үшін... Мұнсыз өмір тоқырап, тоқтап қалар еді. Міне,
сіздің жаныңыз бойыңызда тұр, ол сізге мəңгі өлместі армандатады.
Өйткені оның өзі өлгісі келмейді. Міне қайда мəселе! Міне нағыз иттік!
Ол өкшесімен шұғыл бұрылды да, кормге жүре берді, бірақ ют
бұрышына жетпей кілт тоқтап:
– Айтпақшы, кок сіздің қанша ақшаңызды қағып кетті? – деген маған
қайта қарап.
– Жүз сексен бес доллар, сэр, – дедім мен.
Ол түсіндім дегендей басын изеді де кете барды. Арада бір минут
өткенде, мен төменге түсіп, түстік қамына кірісе бастаған кезімде, ол бір
матросты ешкідей бақыртып соғып жатқанын білдім.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Таңертең штормның арыны қайтып, су беті еркін тыныстай бастаған.
Бұл уақытта "Елес" мұхиттың шетсіз-шексіз, тып-тынық айдынында
шағаладай баяу қалқып келе жатты. Аракідік ауадан жеңіл леп еседі.
Палубада тұрған капитан сонау солтүстік-шығыс жаққа көз талдыра қарап,
пассат желін асыға күтеді.
Экипаж да түп-түгел палуба үстінде – олар шлюпкаларды алда тұрған
аңшылық маусымға дайындаумен əлек. Шхунада жеті шлюпка бар еді:
алтауы – аңшылардікі де, капитанның – тузигі. Əр шлюпка командасында –
бір аңшы, бір ескекші жəне жүргізуші болса, ал борт командасында – екі-ақ
адам: ескекші мен жүргізуші ғана. Бірақ күзеттік қызметті аңшылар да
атқара береді, өйткені олар да капитанның құзырында еді.
"Елес" Сан-Франциско мен Викториядағы бүкіл кəсіптік флотилия
ішінде ең ұшқыр шхуна есептелетін. Бір кезде ол əдейі шапшаң жүзуге
лайықтап жасаған жеке меншік яхта болған көрінеді. Бұнысы оның сыртқы
түрінен-ақ ап-айқын сезіліп тұратын. Кеше кешкілік күзеттің екінші
кезегінде, Джонсон екеуіміз біраз əңгімелесіп қалдық. Ол маған біздің
шхуна жөнінде өзі білетін барлық жайды айтып берді. Айтқанда, жүйрік ат
туралы біреулер қалай тамсана, сүйсіне сөйлесе, ол да бұл кеме жөнінде
аузының суы құрып, біраз жерге сілтеген. Бірақ бұл сапардан аса жақсылық
күтпейтінін де жасырмаған, себебі Қорқау Ларсен осындай кəсіптік кеме
капитандарының ішінде ең жаманатқа көп ие болғандардың бірі екен. Ал
Джонсон тек "Елеске" қызығушылықпен ғана келісімшартқа қол қойып
қалып, артынан бұнысына қатты өкінген көрінеді.
Джонсонның айтуынша, "Елес"– салмағы сексен тонна болатын,
конструкциясы өте керемет шхуна. Енінің ұзындығы – жиырма үш фут, ал
ұзындығы тоқсаннан асады дейді. Қорғасыннан жасалған ерекше ауыр
фальшкилі кеменің орнықтылығы мен қанша желкен көтерсе де мызғымас
беріктігін қамтамасыз ететін көрінеді. Егер палубадан грот-стеньга
клотигіне дейін жүз фут десек, онда фок-матчтың биіктігі стеньгамен қоса
есепгенде, он фут қысқа болуға тиіс. Бұның бəрін бүге-шігесіне дейін
айтып отырған себебім, ұшы қиырсыз көк мұхиттың үстінде жиырма екі
адамның тағдырын арқалап келе жатқан бұл кеменің қандай кеме екенін
байқатайын дегенім ғой. Бірақ ол қанша керемет болса да, осынау ұшантеңіз су бетінде қалбаң қаққан бір тал жапырақ, бір түйір дəндей ғана
дүние еді. Ал енді осы құйтақандай дүниемен жер түбіне бет алған мына
адамдар неткен жүрек жұтқан дүлейлер деп таңқаламын.
Жүрек жұтқан демекші, Гендерсон мен Стэндиш деген калифорниялық
бір аңшы камбузде əңгімелесіп отырғанда, мен мынадай жайды да құлағым
шалып қалған. Қорқау Ларсен желкенді кемемен жүзуде небір көзсіз
ерлігімен көзге түскен ең ержүрек капитандардың бірі екен. Екі жыл бұрын
ол Беринг теңізінде сұмдық штормға тап болып, "Елес" о бастағы матчынан
айырылып қалады да, сосын көп өтпей-ақ одан əлдеқайда мықты,
əлдеқайда ауыр қазіргі матчты жасатып алады. Оны орнатып болғанда
Ларсен: енді бұдан айырылғанша аударылып қалғаным артық деп, шырт
түкірген деседі.
Ғайыптан қызметі өсіп шыға келген Иогансеннен басқалардың бəрі осы
кемеге қалай тап болғандары жөнінде неше түрлі себеп айтып, өздерінше
ақталған болады. Команданың қақ жартысы алыс сапарға жүзетін
теңізшілер еді, олардың бірде-бірі, өз айтуларынша, бұрын бұл шхуна
жөнінде де, капитан жөнінде де ештеме білмеген, ал бұдан аздап хабары
барлар сөзді алдымен аңшылар жаққа бұрады: сөз жоқ, керемет мерген
жігіттер, бірақ мінездері өте шатақ, мұндай жындыларды есі дұрыс ешбір
кеме жұмысқа алмас еді, – дейді олар.
Мен Луис деген тағы бір матроспен таныстым. Жаңа Шотландиядан
шыққан осы дөңгелек жүзді, көңілді жігітті тыңдай берсең, сөйлей беруден
ол жалықпайды екен. Түстен кейін кок ұйықтап жатқан, мен əдеттегідей
картоп тазалап отырғам. Осы мезетте камбузға Луис кіріп келген, тегі
əңгімеден ішқұса боп жүрсе керек. Ол менің қарсы алдыма отырып алып,
ішіне сыймай жүрген біраз сырын ақтара бастап еді. Айтуынша, ол он
жылдан бері əр маусым сайын теңіз мысығын аулауға шығып тұрыпты.
Шлюпка жүргізуде екі флотилияда оған тең келетін матрос жоқ көрінеді.
Сөйтіп жүріп мына кемеге бір ішіп жүрген кезінде кезігіп қалады да,
келісім-шартқа ойланбай-ақ қол қоя салады. Сонысына қазір қатты өкінеді
екен. Сау кезім болса, мұндай бəлеге бас сұғып нем бар, деп қояды ол.
– Əй, досым-ай, – дейді сосын маған аяй қарап. – Мені қойшы, мен сау
басыма сақинаны ішкіліктен тапқан адаммын ғой, бəрінен де сені
айтсаңшы, бүкіл теңіз бетінен дəл осындай кемеге қалай ғана жолықтың
екен, а? Қиын-ақ болған, қиы-ын, қиын!.. Шындығында, теңіз мысықтарын
аулау дегеніңіз бір рақат дүние ғой, шіркін. Егер оларды басқа бір кемеде
жүріп ауласаң, тіпті керемет болар еді. Ал, мына тажалдың үстінде... əй,
қиын ғой, қиы-ын! Көр де тұр, бұл сапарда талай сұмдықты көретін
боламыз əлі. Жарты жолға жетпей жатып, кеше əне – капитанның
көмекшісі өлді. Бұл – басы. Иə, талай сұмдықты көреміз əлі. Өз
арамыздағы əңгіме ғой, жасырмай айта салайын, бұл Қорқау Ларсен
дегеніңіз нағыз жыртқыштың өзі, ол капитан болып келгелі мына "Елес" те
қасіреттің қара қазанына айналған. Бұл қазанда кімдердің жаны отқа күйіп,
майға шыжғырылмады десеңші! Əлі есімде, бұдан екі жыл бұрын Хакодат
деген жерде, осы кеменің матростары бас көтерген кезде, Қорқау Ларсен
төрт жігітті бірдей табанда атып тастаған. Ол уақытта мен бұл шхунадан
небəрі үш жүз ярд жерде, зəкірде тұрған "Эльма Л." деген кемеде матрос
болатынмын. Сонда ғой оны көріп жүргенім. Жəне дəл сол жылы ол,
Қорқау Ларсенді айтам да, бір адамды жалғыз жұдырықпен жер
жастандырғанын да көргенбіз. Иə, иə, бір-ақ соққымен оны тұрған жерінде
аяғын көктен келтірген. Ал кейін, тағы бірде ол Курил аралдарының
губернаторы мен сондағы полиция бастығына не істегенін қараңыз! Бұл екі
жапон джентльмені қуыршақтай əдемі, нəп-нəзік əйелдерімен "Елеске"
қонаққа келген. Ой, о-ой, расында, сондай сұлу əйелдер еді ғой олар! Ал
сонда Қорқау Ларсен зəкірді көтеріп, олармен қоштасар кезде, алдымен екі
еркекті өздері мініп келген сампан деген кішкентай қайықтарына түсіріп
жіберген де, сосын қапыда үлгірмей қалған сияқтанып, арттағы екі əйелді
шхунамен ала қашқан. Содан бұл байғұстарды бір аптадан кейін ғана
аралдың екінші жағына қалдырып кеткен ғой. Олар аяқтарындағы бір миль
жүруге де жарамайтын жеңіл-желпі сандалдарымен таудан асып, қалай
үйлеріне жеткенін кім білсін. Е, мен білмейді дейсің бе, бəрін де білемін.
Бұл Қорқау Ларсен дегенің айуан ғой, айуан! Барып тұрған жыртқыштың
өзі! Бұндай жыртқыштар туралы Апокалипсистің өзінде айтылған. Аяғы
жақсылықпен бітпейді бұның... Тек есіңде болсын, бұны мен саған айтқам
жоқ. Аузыңа ие бол. Өйткені мына менің, жуан қарын Луистің, қандай
жағдайда да, тіпті басқалардың бəрі балыққа жем болған күннің өзінде де,
бұл сапардан аман қайтсам деген ақжарма үміті бар.
Ол шамалы үнсіз отырды да, сосын тағы:
– Қорқау Ларсен! – деді қабағын тыржитып. – Қандай тауып қойылған
ат! Шындығында, нағыз қорқау ғой ол! Қорқау! Қасқырдың ең жыртқышы!
Адамдардың ішінде бір тас жүректер болады, ал Ларсенде жалпы жүрек
деген жоқ шығар. Қорқау! Қорқау! Бар болғаны – сол ғана!
– Сонда қалай? – деймін таңданып. – Оның қорқау екенін, жыртқыш
екенін біле тұрып, адамдар қалай оған барады? Қалай ол экипаж жинап
алады!
– Жерден болсын, көктен болсын, əйтеуір бір жерден жұмыс табу
дегенді не, сен білмейсің бе? – деді ол кельттерге тəн қызбалықпен. –
Маған да сондай жұмыс керек болды. Басқаларға да. Соның өзінде егер мен
келісім-шартқа қол қояр кезде сау болсам, бұл шхунаны желкемнің
шұңқыры көрсін деп жүре берер едім... Е, мұнда жөні түзу кемеге
жалданатын адам да жоқ қой. Мынадай томырық, топас аңшыларды есі
дұрыс қай кеме жұмысқа алады. Ал анау бакта тұрған матростар кезінде
кімге жалданғанын, қайда жалданғанын өздері де білмей қалған
бейшаралар. Енді білетін болады! Білгенде, бармақтарын шайнайтын
болады. Қатты аяймын байқұстарды. Бірақ бəрінен өзімді ойлаймын. Бұл
кəрі қасқыр Луисті алда не күтіп тұр дегенде, түн ұйқым төртке бөлінеді.
Байқа, аузыңа ие бол! Мен саған ештеме айтқам жоқ, білдің бе!
Бір минуттан соң ол сөзін əрі жалғаған.
– Мына аңшылар, бір қарағанда, қақ-соғы жоқ жұп-жуас адамдар сияқты
көрінеді, бірақ, көр де тұр, түбінде алғашқы боп бас көтеретін осылар
болады. Алайда Қорқау Ларсенге олар түк те қыла алмайды, ауыздарын
ашқан сəтте мойындарын бұрап алады... Дегенмен оңай шағылатын жаңғақ
емес олар. Мысалы, қараңыз: мен жүргізетін шлюпкада Хорнер деген аңшы
бар. Былай қарасаң, қой аузынан шөп алмас нағыз жуастың өзі. Ал осы
жуасың өткен жылы өз шлюпкасының жүргізушісін бір-ақ сəтте о дүниеге
аттандырған да жіберген. "Қайғылы оқиға"– бітті! Мəселенің қалай
болғанын мен тек бір жылдан кейін ғана Иокагамада кезіктірген оның
ескекшісінен естіп-білгем... Ал енді анау қара-қожалақ, қортық жігіт
Смоктың кім екеніне қараңыз: ол брокеньерлік қылмысы үшін Сібірдегі тұз
кенінде үш жыл каторгіде болып келген адам: орыстардың Мыс аралында
заңсыз аң аулап жүрген жерінде ұсталған да, аяқ-қолына шынжыр байлаған
күйі каторжниктердің ортасына түскен ғой. Ал ол жерде не істеген дейсіз?
Жұмыс кезінде жанындағылардың бірімен жанжалдасып қалады да, ақыры
Смок оны терең шахта түбінен қауғаға салып, шығарып жібереді. Бірақ
бөлшек-бөлшек күйде: бүгін – аяғын, ертең – қолын, бүрсүгіні – басын...
– Ау, сіз не айтып тұрсыз? – деп мен айқайлап жібердім.
– Мен не айтып тұрмын? Ештеме айтып тұрғам жоқ. Мен саңыраумын,
сақаумын, егер жер басып жүргісі келгендерге де айтарым сол – ауыздарын
жауып жүрсін. Ал мен не айттым? Олардың бəрі де тек керемет жігіттер,
оның ішінде Смок та, бірақ оны Құдай төбесінен ұрып, он мың жыл
күнəсынан тазартып, сосын тозақтың отына тастасын дедім. Басқа не
дедім! Түк дегем жоқ.
Мен бірінші рет бортқа тап болған кезімде, өне бойымды ысқылап, бір
қабат терімді сыпырып алған анау Джонсон деген матросты бүкіл
экипаждың ішіндегі ең жөні түзу, иманды, біртоға адам ба деп қалдым.
Оның жан дүниесінің тазалығы мен адамдық қасиеттері бір қарағанда-ақ
байқалып тұрады, сонымен қатар тым қарапайымдылығы мен ұяңдау мінезі
де адамды өзіне тарта түседі. Дегенмен оны өте жуас деуге де болмас еді.
Қажет кезінде өзінің намысын да, жеке көзқарас, пікірін де қорғап қалуға
толық шамасы бар екеніне кейін талай рет көзім жеткен. Əсіресе, оның
бірде өз аты-жөнін дұрыс айтуды Қорқау Ларсеннен қалай талап еткенін
ешуақытта ұмыта алмаймын. Бұны тіпті Луис те есіне жақсы сақтап қалған
екен. Ол осы жөнінде жəне Джонсонға қатысты басқа да мəселелер туралы
былайша сыр қозғаған-ды.
– Бұл Джонсон деген шведіңіз өте бір тамаша адам, – дейді ол. – Бакте
тұрғандардың ішіндегі ең мықтысы да сол. Бірақ оның Қорқау Ларсенмен
əйтеуір бір күні ұстасып қалатыны анық енді. Мен білем ғой, білген соң
айтам да! Ол күн де алыс емес, Джонсонның басына бір қара бұлттың төніп
келе жатқанын сезем мен, сезем. Мен оған дос ретінде ақылымды да талай
рет айттым, Ларсенге деген қыжылыңды көрінгенге айта берме дедім,
қайтесің, тыңдамайды. Ылғи да ол туралы бірдемені күңкілдейді де жүреді,
оны біреулер жеткізбейді дейсің бе, жеткізеді. Көресің сосын нағыз қан
қасапты! Күштілер күштілерді ұната ма! Джонсонның да күші жеткілікті,
егер оны тұмсықтан бір персе, ол да қарап қалмайды. Ой, қиын, қиы-ын!
Егер іс насырға шапса, мен басқа ескекшіні қайдан табамын. Сен білесің
бе, бұл ақымақты шал "Ионсон" деп атағанда не болғанын! "Менің атым
Джонсон, сэр" деп, түзеткен ол, жəне жай түзетіп қоймай, əр дыбысын
бөліп-бөліп, тістеніп тұрып айтқан. Сондағы шалды көрсең сен! Мен: "Бəрі
бітті! Қазір оны быт-шыт қылады!" деп ойлағам. Бірақ бұл жолы олай
болмады, ал келесі бірде палубаның қан саситыны анық енді, əлде теңіз
сырын мен түсінбейтін шығармын, сондықтан сəуегейлік жасау да қиын
ғой.
Томас Магридж мен үшін күн өткен сайын жиіркенішті болып барады.
Мен оны "мистер", "сэр" деп атауым керек. Жəне əр сөз сайын. Оның
бүйтіп əспенси беруіне Қорқау Ларсеннің де ықпалы бар ма деймін. Бірақ
оның дəл кокпен ауыз жаласатындай жөні жоқ сияқты көрінеді маған, кім
білсін, мүмкін бұл да кезекті ойынының бірі шығар залымның. Оның екіүш рет камбузға бас сұғып, кокпен əлдене жөнінде əңгімелесіп кеткені бар
еді, ал бүгін түстен кейін он бес минут бойы ол кокпен ютта сөйлесіп
тұрып алған. Бұл "кездесуден" кейін Магридж камбузға келіп, екі езуі екі
құлағына жетіп, күні бойы бір əнді мұрын астынан ыңылдады да жүрді.
– Мен бастықтармен тіл табыса білем ғой, – деп қойды ол сосын бір
мезет. – Иə, олардың алдында өзімді қалай ұстауды да, қалай сөйлеуді
білем. Сондықтан бəрі де мені сыйлайды. Мысалы анау соңғы шкиперді
алайық – мен оның кез келген уақытта каютасына барып, емін-еркін
əңгімелесіп, кейде онымен бірер стаканды тартып жіберіп жүрген адаммын
ғой. "Магридж – дейтін ол. – Магридж, сен өз жолыңды таба алмай қалған
жігітсің". "Ол қандай жол?" деймін таңданып. "Сен өз несібеңді ешқашан
өз еңбегіңмен табуға тиіс емес джентльмен боп тууың керек еді" дейді ол
Хэмп, өтірік десең өліп-ақ кетейін, ол маған тура осылай деді ғой, тура
осылай – сөз бе сөз! Ал мен оның каютасында отырмын, тыңдап отырмын,
алдымда – ром, аузымда – оның сигары...
Оның əңгімесі менің құсқымды келтірген. Маған еш уақытта біреудің
сөзі мұндай жиіркенішті көрінген емес. Коктың ыңырсыған жылбысқы
даусы, өтірік жымиған монтаны күлкісі, өзін өзі көтере сөйлеген көпшікті
сөзі, бəрі-бəрі де менің жүйкеме тиіп, қарадай қалшылдап кеттім. Сөз жоқ,
бұрын-соңды мен кезіктірген адамдардың ішінде бұдан өткен жексұрын
болмаған шығар. Бұған қоса ол айтып жеткізгісіз арам, былапыт адам еді,
тамақтың бəрі негізінен соның қолынан өтетіндіктен, кірпияз басым,
қалайда оның қолы тимеген бірдемені жеуге тырысамын.
Менің қолдарым қара жұмысқа тым икемсіз ғой. Енді қорлықтың көбін
содан көріп жүрмін. Саусақтарыма кірдің сіңіп кеткені сондай, оны
шөткімен жуып кетіре алмаймын. Тырнақтарым қарайып, ұштары мүжіле
бастаған, алақандарым қолдыраған; бұл аздай, бірде кеме қатты шайқалып
кеткенде, мен теңселіп барып, ыстық пешке шынтақтай құлағаным бар.
Ұршығы шыққан тіземе енді күйген шынтақтар қосылып, екеуі бірдей
солқылдағанда жанымды қоярға жер таппаймын. Бірақ жан бағатын жағдай
жоқ, ертеден кешке дейін камбуз ішінде жаралы аяғымды сүйретіп,
сылтимын да жүремін. Демалыс деген түсіме де кірмейді.
Демалыс! Бұл сөздің мəнін бұрын ешуақытта түсінбеген екем ғой.
Шындығында, осы кемеге кезіккенше мен өмір бойы демалыста жүріппінау! Соны қалай түсінбегем, қалай сезінбегем. Ал қазір болмағанда жарты
сағат ештеме ойламай, ештеме істемей қол қусырып отырудың сəті түссе,
бұл менің өмірдегі ең бір рақатқа батқан сəтім деп білер едім. Есесіне
бұның бəрі де маған сабақ болғандай. Иə, қазір мен қарапайым еңбек
адамдарының қандай бейнетпен өмір сүретінін жақсы біліп алдым. Жұмыс
дегеннің мұндай азапты болатынын бұрын кім білген. Сұмдық екен ғой
бұл! Таңғы сағат бес жарымнан – түнгі сағат онға дейін мен бəрінің
құлақкесті құлымын, ал өзіме деген бір минут уақытым жоқ, тек кешкі
вахтаның соңында палубаға шығып, сəл бел жазып алатыным болмаса.
Бірақ бұл жерде де кок тыныштық бермейді, камбуздың тамақ иісі сіңген
тар ауасынан кейін бір мезет ашық аспан астында еркін тыныстап, күн
сəулесі ойнап жатқан теңіз бетіне қызыға қарап, палубада əр түрлі
жұмыстармен күйбең-күйбең етіп жүрген матростардың қимылын
қызықтап, енді-енді бой сергіте бастаған кезде: "Ей, сен не ғып тұрсың
андағы жерде ауызыңды ашып. Мен не, сені көрмей тұрмын ба?" деп, ол
айқайға басып шыға келеді.
Байқаймын, кубриктегі аңшылар арасына сызат түскен сияқты, кеше
Смок пен Гендерсон төбелесіп қалыпты. Гендерсон жас та болса көпті
көрген, талайды бастан кешірген, тəжірибелі аңшылардың бірі еді. Осы бір
мінезі ауыр жігітті оңайшылықпен орнынан қозғау қиын-ды. Ақыры, міне,
ол да қозғалыпты, өйткені Смоктың көзі көгеріп жүр, көзі ғана емес, бүкіл
бетінде ұсқын жоқ, құдды ит талаған күшіктей.
Кешкі астың алдында осы бір хайуан тектес адамдардың бүкіл
болмысын танытатын тағы бір сұмдық оқиғаның куəсі болдым. Бұл кемеге
жаңадан келген тəжірибесі аз, кез келген жұмысқа икемсіз Гаррисон деген
жас жігіт бар еді. Тегі бұл сапарға оны арманшылдығы айдап əкелсе керек.
Кез келген уақытта бағытын өзгертіп, о жақтан бір, бұ жақтан бір соғып
тұратын баяу желдің кезінде, кеме де оның ыңғайына қарай амалдап,
жалтарып отыратын сəті болады. Мұндай мезетте желкендерді борттың бір
жағынан екінші жағына ауыстыру қажет болады да, ол үшін бір матросты
сонау биікке – матчтың қыл ұшындағы фор-топсельді жылжытуға жібереді.
Нок гафельге өтетін шкот деген арқан дөңгелек шығырға тұтылып қалған
кезде, Гаррисон жоғарыда тұрған. Менің білуімше, шкотты тазалап
жіберудің екі түрлі амалы бартұғын: біріншісі – фокты түсіру, бұл
салыстырмалы түрде əрі жеңіл, əрі қауіпсіздеу, екіншісі – дирик-фалмен
өрмелеп, сонау көз ұшындағы нок гафельге дейін көтерілу, бұл – жаныңды
шүберекке түю.
Иогансен екіншісін таңдаған да, Гаррисонды фалмен көтерілуге
жұмсаған. Жас жігіттің жүрексініп тұрғаны əркімге де түсінікті еді. Бұған
таңқалуға да болмайтын, өйткені қалт-құлт етіп тұрған арқан-жіптермен
сексен фут биікке өрмелеу – өміріңді қыл ұшына байлаумен бірдей ғой.
Егер жел біркелкі соғып тұрса, қауіп аздау болар еді, алайда бұйрат-бұйрат
ұзын толқындар үстінде "Елес" қабықтай қалтылдап, бір жағына əрбір
қисайған сайын желкендер желп-желп етіп, арқан-жіптер бірде ширығып,
бірде босап тұрады. Олар қаттырақ бір серпіп қалса, оған жабысып тұрған
адам қамшы ұшындағы шыбындай ұшар еді.
Гаррисон бұйрықты естігенмен бірден қимылдай қоймады. Мүмкін ол
матч басына өмірінде бірінші рет шыққалы тұрған шығар. Иогансен қалай
боқтап, қалай айқайлауды Қорқау Ларсеннен тез-ақ үйреніп алған екен,
жұдырығын түйіп алып, Гаррисонды барынша сыбай бастаған.
– Жап аузыңды, Иогансен! – деп, капитан оған ақырып жіберді. – Бұл
кемеде мен ғана боқтаймын, бұны түсінетін кез жетті! Егер сенің көмегің
керек болса, оны да өзім айтамын. Түсіндің бе?
– Иə, сэр, – Көмекші жым болды.
Бұл уақытта Гаррисон арқан бойымен ақырын өрмелей бастаған. Камбуз
есігінен қарап тұрмын, жігіт биікке көтерілген сайын безгек тигендей дірдір етеді. Өте абайлап, баяу жылжып барады. Көгілдір аспан аясында бүкіл
денесі ап-анық көрінеді, құдды өз сілекей-жібімен тартылып бара жатқан
алып өрмекші сияқты.
Гаррисонге биікке қарай сəл еңкіштеу тартылған арқан бойымен
көтерілуге тура келген, – əр түрлі шығыршықтар арқылы гафель мен мачт
басынан өткізілген дирик-фал ғана оның кейде аяғына, кейде қолына
тіреуішке жарайды. Бəрінен де қиындығы сол – əрі баяу, əрі тұрақсыз ескен
жел желкендерді жеткілікті түрде керіп ұстап тұра алмайды. Гаррисон нок
гафельге дейінгі жарты жолдан енді өте бергенде, кеме алдымен жел өті
жаққа, сосын қайта екі толқын арасындағы сай жаққа қатты шайқалып
кеткен. Ол фалға тастай жабысып, қатты да қалды. Төменде, одан сексен
футтай жерде тұрған мен жас жігіттің өмір үшін қандай арпалысқа түскенін
жан-жүрегіммен сезіп тұрмын. Дəл қазір сіресе қалған сəттегі оның білеубілеу бұлшық еттеріне дейін көргендеймін. Жел тынған, желкендер бүрісе
түскен, арқандар салбырап қалған. Гаррисон ілініп тұрған фал ауыр
салмақтан тіпті қатты бүгіле түскен. Бəрі де қас-қағым сəттік құбылыс.
Сосын гафель күтпеген жерде қайта өз орнына келіп, ең үлкен желкен кілт
желге толып, құдды зеңбіректен оқ атқандай гүрс ете түсті де, ал кенептен
жасалған үш желкенше бірінен соң бірі мылтық үніндей парс-парс ете
қалды. Гаррисон фалда кенедей жабысқан күйі шырқап ұша жөнелді. Бірақ
бұл ұшу қалай тез болса, солай тез тоқтаған да. Бұл – фалдың шегіне
жеткен тіреуі, қамшының шыбынды кейін серпуі еді. Гаррисон бұған төтеп
бере алмады, бір қолы фалдан шығып кетіп, екіншісі əзер ұстап қалған.
Бірақ бұл да секундтық қана жармасу болды. Артынша... қас пен көздің
арасында басы төмен, аяғы көктен келген. "Бітті! – дедім мен көзімді
жұмып. – Құлады!.." Жоқ, құламапты, көзімді қайта ашсам, ол ғайыптың
құдіретімен аяқтарын арқанға орап үлгеріпті де, басымен төмен салбырай
қалыпты. Сосын... жыланқұрттай басын қайқаң еткізіп қайта жоғары
көтеріп, екі қолымен бірдей фалға жабыса кетті. Сөйтіп, əйтеуір, бұрынғы
қалпына қайта келіп, арқанға таскенедей жабыса түскен.
– Ол енді аузынан жынын шығаратын шығар, – Камбуз сыртынан,
Қорқау Ларсеннің даусын естідім. – Сақ бол, Иогансен! Сақтан! Қазір
басталады!
Шындығында да, Гаррисон теңіз ауруына ұшырағандай жүрегі айнып,
құсқысы келіп тұрғаны байқалды. Арқанды барынша қысқан қалпы тастай
қатқан – қозғалыс жоқ, қыбыр жоқ. Бірақ Иогансен де үсті-үстіне бұйрық
бергенін қояр емес.
– Масқара! Сұмдық! – деді Джонсон тістеніп, бірақ əр сөзін ағылшын
тілінде асықпай дұрыс айтты. Ол грот-ванттың түбінде, менің жанымда
тұрған. – Жас жігіт онсыз да тырысып жатыр ғой. Немене соншама
асықтырып. Бұл дегеніңіз...
"Өлімге итеру ғой" дегенді айтпас бұрын ол тілін тістей қойды.
– Ой, ақырын! – деп Луис оған сыбыр етті. – Өлгің келіп тұрмаса
аузыңды жапсаңшы!
Бірақ оны тыңдаған Джонсон жоқ, күйіне сөйлеп жүре берді. Оған сосын
Стэндиш деген тағы бір аңшы қосылған.
– Тыңдаңызшы, – деді ол капитанға. – Бұл жігіт менің ескекшім еді. Мен
одан айырылып қалғым келмейді.
– Дұрыс айтасыз, Стэндиш, – деді оған капитан. – Ол – сенің шлюпкаңда
ескекші, ал менің шхунамда – матрос. Мен өз матросыма өзім билік
жасаймын. Түсіндің бе?
– Билік жасаймын деп адамды... – деп Стэндиш сөзін əрі жалғай беріп
еді:
– Тоқтат сөзді! – деп Ларсен арс ете қалды. – Мен айттым – бітті! Ол –
менің матросым. Керек қылсам, оның етін шыжғырып та жеймін, асып та
жеймін. Сөз осы, кете бер!
Аңшының көзінен ашу оты білінді, бірақ сөз таластыруды артық көрді
ме, үнсіз бұрылып кубрикке беттеді; сосын ол трап үстінде тоқтап, биікке
көз салды. Бұл уақытта матростар да түп-түгел палубаға жиналып, өмір
мен өлім айқасқан сонау биікке қас қақпай қарап қалған. Қазіргі өндірістік
қоғамдық құрылыстан басқалардың өмірін езіп-жаншуға емін-еркін билік
алған осынау адамдардың қатыгездігі мен қайырымсыздығы мені мүлде
түңілдіріп еді. Адам еңбегінің осыншама қауіп-қатерге толы болатынын
бұрын кім білген! Оны білетіндей менің жөнім де жоқ-ты, өйткені
тұрмыстық терең иірімдерден мен қашан да қашықтау жүрген адаммын
ғой. Адам өмірі маған ылғи да əлдебір құдыретімен соншама қасиетті,
соншама қымбат көрінетін, ал мына жерде оның көк тиындық құны жоқ,
тек коммерциялық есеп-қисаптың орнында жүретін бірдеме сияқты екенін
білдім. Жоқ, мұндағылардың бəрін олай дей алмаймын, матростар өз
əріптесінің мүшкіл халін сезінген секілді, солардың бірі – анау Джонсон
ғой, ал капитан мен аңшылар "өлмесең, өме қап" деп тұрғаны анық енді.
Жаңағы Стэндиш те матросқа шын жаны ашыған адам емес, оның ойы –
ескекшіден айырылсам, менің күнім не болмақ. Егер Гаррисон басқа
шлюпканың ескекшісі болса, Стэндиш те онда тура мына аңшылар сияқты
матч басына мəз болып қарап тұрмасына кім кепіл
Жарайды, Гаррисонға қайта оралайық. Шырқау биікте қалтылдап тұрған
бұл байқұсты Иогансен он минут бойы жер-жебіріне жетіп тұрып, ақыры
тағы да алға жылжытуға мəжбүр еткен. Сонымен қалайда тырмыса жүріп,
нок гафельге де жетті-ау, əйтеуір. Бұл жерде ол көлденең арқанға мініп,
"уһ" деп бір тыныс алған. Сосын шкотты тазалап болған соң, оған тек қайту
ғана қалып еді. Бірақ бұл да оңай емес-ті, жоғарыға шыққанда қандай
жолдан өтсе, енді төменде де сондай жол, тіпті одан да қауіптісі күтіп
тұрған. Екіншіден, корыққаны, шаршағаны жəне бар. Мен жерден бəрін де
көріп тұрмын: ол алдымен төменге қарай шұбатылып жатқан арқанжіптерге көзі бақырая біраз қарап отырды да, сосын палубаға үңілді.
Қолдары қалтырап, аяқтарының дір-дір еткені байқалды. Қорыққан кезде
адамның беті дəл осылай қара топырақ боп кететінін бұрын мен ешуақытта
көрген емеспін. Иогансен енді оған "Түс!" деп айқайлап тұр. Ал ол кез
келген минутта гафельден қалпақтай ұшарын сезіп, оған жанұшыра жабыса
түседі. Қорқау Ларсен палубада Смокпен жайбарақат əңгімелесіп жүр,
аспандағы Гаррисонды əлдеқашан ұмытқан, тек жердегі жүргізушіге сұқ
саусағын шошайтып:
– Ей, бағыттан ауытқып барасың сен. Көзіңе қарамайсың ба, ақымақ! –
деп қояды.
– Құп болады, сэр, – деп жүргізуші штурвалды ақырындап бұра
бастайды.
Оның "қателігі" сол – сəл де болса желкендерді жел керіп, оларды бір
бағытта ұстасын деген ниетпен кемені аздап желге қарсы бұрғаны. Бұнысы
– Гаррисонға көмегі еді оның.
Уақыт өтіп жатыр, жағдай жан төзгісіз. Бірақ Томас Магридж бұл
оқиғадан да бір ермек тапқан сияқты. Минут сайын камбуздан басын
қылтың-қылтың шығарып, ыржаң-ыржаң күліп, өзінше қалжың айтқан
болады. Неткен жексұрын десеңші! Осы сəттегі оған деген ашу-ызам бұған
дейінгінің бəрінен асып түскен. Мен оны, рас, өлтіріп жібергім келген. Иə,
өмірде мен бірінші рет адам өлтіргім келді. Əлгі біздің жазушылар
жазғандай "қан аңсадым" сол сəтте. Жалпы адам өмірінің қасиетті екені рас
шығар, алайда Томас Магридждің өмірі маған əлдебір қарғыс атқан қара
пəле сияқты бірдеме көрінген. Қарадай "қан аңсай" бастағаныма артынша
қорқып қалдым, басыма қайдағыбір жаман ой келді: өзімді қоршаған мына
сұрқай ортаның салқыны маған да тие бастағаны ма? Кеше ғана
адамгершілік туын аспанға көтеріп, өлім жазасына қарсы өжектеп сөз
сөйлеп, жұртты тек ізгілік пен имандылыққа шақырған адам кім еді? Ол –
өзгеден бұрын мен едім ғой.
Арада тағы да жарты сағаттай уақыт өткен. Гаррисон болса, əлі аспанда
ілініп тұр. Кенет палубада Джонсон мен Луистің бір нəрсе жөнінде қатты
дауласа бастағанын байқадым. Бұның арты Джонсонның Луиске қолды бір
сілтеп, əлдеқайда адымдай жөнелгенімен біткен. Көріп тұрмын: ол
палубаны кесіп өте келіп, фор-вантқа секіріп шықты да, жоғары өрлей
бастады. Бұны Қорқау Ларсеннің де қырағы көзі шалып қалған:
– Əй, қайда барасың сен? – деп айқай салды.
Джонсон кілт тоқтап, капитанға тура қараған қалпы:
– Жігітті түсіріп алуым керек, – деді нығыздап.
– Жаныңның барында түс қанеки андағы жерден! Түс деп тұрмын саған,
түс!
Джонсон не істерін білмей кібіртіктеп біраз тұрды да, ақыры ұзақ жыл
құлдыққа үйренген əдеті жеңді ме, палубаға салбырай түсіп, тымырайған
күйі бакке жүре берді.
Мен бес жарымда кают-компанияға түсіп, дастарқан жаюға кіріскем,
бірақ не істеп жүргенімді өзім де сезбеймін: көз алдымда тек – шайқалған
гафель мен оған шыбындай жабыса түскен матрос... Бұдан басқа ештеме
көрмеймін, ештеме сезбеймін. Қандай аянышты еді!
Сағат алты кезінде де... бір жағынан жұртқа тамақ беріп, бір жағынан
камбуз есігінен сығалай жүріп, қайта-қайта матч басына қараймын! Ол
баяғы орнында. Ал үстел басындағылар қаннен-қаперсіз басқа бір əңгімені
гөйітіп отыр. Байқауымша, олардың бірде біреуін жаны қыл ұшында тұрған
ана жігіттің тағдыры алаңдатар емес. Алайда, қуаныштың көкесі сол, бір
əредікте мен камбузгс жүгіріп бара жатып, Гарриосонның ванттан бак
үстіндегі люкке қарай шайқала теңселіп, түсе бастағанын көрдім. Бұдан
соң бірер минут өткенде, оның аяғы палубаға да тиді-ау, əйтеуір.
Бұл оқиғаны тəмамдау үшін мен өзімнің Қорқау Ларсенмен əңгімемді
қысқаша айтып өтуге тиіспін. Ол маған кают-компанияда, ыдыс-аяқтарды
жинастырып жүрген кезімде жолыққан.
– Түріңіз бұзылып кетіпті ғой, – деді ол. – Не жетті сізге бүгін?
Гаррисонмен бірге менің де қатты күйзелгенімді ол əрине біліп тұр. Біле
тұра "не жетті?" дейді монтанысып. Бұнысы – бүгінгі оқиғаны бұл қалай
қабылдады екен, байқайын деген қулығы.
– Мына жігітке деген сұмдық қатыгездік мені қатты қапаландырды,–
дедім мен турасынан басып.
Ол мырс-мырс күлді.
– Бұныңыз теңіз ауруы сияқты бірдеме де. Оны біреу көтереді, біреу
көтермейді дегендей...
– Менің жайымның оған не қатысы бар?– дедім жұлып алғандай.
– Қатысы өте көп деді ол. – Қозғалыс жағына келсек, теңіздегі сияқты
жерде де қатыгездік жеткілікті. Біреу жердегіні ұнатпайды, біреу
теңіздегіні. Мəселе сонда ғана.
– Сіз адам өмірін соншама ойыншық қыласыз. Сонда қалай, сіз үшін
оның қара бақырлық құны болмағаны ма?
– Құны? Ол қандай құн? – Ларсен маған əрі сұраулы, əрі мысқылды
түрде қараған. – Сіз өзі қандай құн туралы айтып тұрсыз? Оны жəне немен
өлшеп тұрсыз? Жалпы, өмірді кімдер бағалайды осы?

You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 05
- Parts
- Теңіз қорқауы - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4109Total number of unique words is 215135.6 of words are in the 2000 most common words49.6 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4147Total number of unique words is 214436.0 of words are in the 2000 most common words51.3 of words are in the 5000 most common words59.2 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4176Total number of unique words is 227734.9 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words58.2 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4218Total number of unique words is 207437.2 of words are in the 2000 most common words50.3 of words are in the 5000 most common words58.7 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4126Total number of unique words is 216135.4 of words are in the 2000 most common words49.5 of words are in the 5000 most common words56.9 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4249Total number of unique words is 218935.3 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4149Total number of unique words is 216435.5 of words are in the 2000 most common words49.8 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4192Total number of unique words is 225536.2 of words are in the 2000 most common words50.7 of words are in the 5000 most common words58.1 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4099Total number of unique words is 216636.2 of words are in the 2000 most common words50.8 of words are in the 5000 most common words58.9 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4179Total number of unique words is 215834.5 of words are in the 2000 most common words49.4 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4129Total number of unique words is 214035.8 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words57.7 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4166Total number of unique words is 201536.8 of words are in the 2000 most common words51.8 of words are in the 5000 most common words59.1 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4188Total number of unique words is 220137.0 of words are in the 2000 most common words52.8 of words are in the 5000 most common words59.8 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4038Total number of unique words is 209835.4 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words57.6 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4153Total number of unique words is 214235.4 of words are in the 2000 most common words51.4 of words are in the 5000 most common words58.6 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4198Total number of unique words is 210835.1 of words are in the 2000 most common words50.9 of words are in the 5000 most common words58.4 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4226Total number of unique words is 215735.5 of words are in the 2000 most common words51.3 of words are in the 5000 most common words59.4 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4153Total number of unique words is 209437.6 of words are in the 2000 most common words51.6 of words are in the 5000 most common words58.9 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4222Total number of unique words is 207135.6 of words are in the 2000 most common words51.8 of words are in the 5000 most common words59.7 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4142Total number of unique words is 202935.6 of words are in the 2000 most common words50.3 of words are in the 5000 most common words58.5 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 21Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4225Total number of unique words is 212935.7 of words are in the 2000 most common words52.0 of words are in the 5000 most common words60.7 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 22Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4195Total number of unique words is 209735.6 of words are in the 2000 most common words52.0 of words are in the 5000 most common words59.3 of words are in the 8000 most common words
- Теңіз қорқауы - 23Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 2480Total number of unique words is 142837.5 of words are in the 2000 most common words53.8 of words are in the 5000 most common words61.0 of words are in the 8000 most common words