Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 17

Total number of words is 4226
Total number of unique words is 2157
35.5 of words are in the 2000 most common words
51.3 of words are in the 5000 most common words
59.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тапсырдыңыз, бірақ менің желкенді қайық жағынан дым білмейтін мақау
екенімді білмедіңіз. Иə, мен бұл шлюпкаға бірінші рет отырып келемін.
– Ондай жағдайда, сэр, екеуіміз бірдей үйренуіміз керек. Міне сіз менен
бір түн артық тəжірибе жинақтап алдыңыз, енді соны менімен бөлісетін
боласыз. Ал қазір алаңсыз тамақ ішейік! Сіз екеуіміздің де ішімізде бір-бір
қасқыр ұлып тұрған болар.
– Иə, бірақ кофе дəметпей-ақ қойыңыз!– дедім мен оған май жағылған
галетті ұсынып жатып.– Қашан жəне қай жерде əйтеуір жағаға жеткенше
ыстық шай, ыстық тамақ дегеннің бəрін ұмыта тұратын боламыз.
Соңын бір стакан суық сумен бітірген біздің қоңыртөбел таңғы
асымыздан кейін мен Модқа қайық жүргізуді үйретуге кірістім.
Шындығында, оны үйретумен бірге өзім де үйрене бергем. Бірақ бұдан
мүлде иіс сезбестің де бірі емес едім, "Елестің" штурвалында тұрғанда
матростардың қайықты қалай жүргізгенін талай рет көргенім бар-ды.
Содан қалған бірдеме енді ғана қажетіме асқандай. Мен ойлағандай емес,
Мод та, өте алғыр болып шықты, көрсеткен, үйреткеніңді бірден қағып
алып отырды да, біраздан соң қайықты кəдімгідей жүргізе бастады.
Сосын тынымсыз есе бергеннен қолы талып қалды ма, біраздан соң
ескекті маған беріп, əлгінде мен жинап үлгерген көрпені қайық түбіне
қайта жаюға кіріскен. Мүмкіндігінше оны ыңғайлы етіп төсеп болған соң:
– Ал, сэр, төсегіңіз дайын!– деген маған қарап жымиып.– Екінші
ертеңгілікке дейін сіз енді тұяқ серіппей ұйықтауыңыз керек... жоқ,
кешіріңіз, түске дейін.– "Елес" кестесі бойынша айтып қалған сөзін дер
кезінде түзеп те қойды.
Мен енді не істеуім керек? "Өтінем, демалыңыз!" деп ол жанымды қояр
емес. Ақыры оны тыңдадым да, корм ескегін қолына бердім. Сосын
қыздың өзі салып берген төсекке қисайғаным сол, тұла бойым майдай еріп
жүре бергендей болды. Осы бір көрпенің ішінде адамның жанын рақатқа
батырып, тəнін лəззатқа бөлейтін бір құдірет бар секілді. Сол құдіреттің
күшімен көз алдым біртіндеп бұлдырап, бүкіл денем делсал тартып, сəт
сайын түпсіз тұңғиыққа шым батып бара жатқанымды сездім...
Оқыс оянып кеткен сəтімде сағатқа қарап, тым қатты ұйықтағанымды
білдім. Сағат түскі бір болыпты. Байқасам, тұтастай жеті сағат ұйықтаған
екенмін. Сол жеті сағат бойы ол қайықты жалғыз жүргізген! Мен оның
қолынан ескекті алып жатып, тастай боп қатып қалған саусақтарын уқалап
өзімше жылытқан болдым. Соңғы күшіне дейін сарқа жұмсағаны сондай,
енді ол тіпті орнынан көтеріле алмаған. Мен амалсыз желкенді бір сəт
түсіріп,
– Сонда таң атқанша небəрі жиырма төрт-ақ миль жүретін болдық-ау?–
деді ол қынжылып.– Онда да жел басылып қалмаса.
– Дұрыс. Егер жел осы қалпымен тұрса, онда үш тəулікте – жүз қырық
миль!
– Жоқ, осы қалпымен тұрмайды!– деді Мод жұлып алғандай.– Ол
міндетті түрде бетін оңға бұратын болады.
– Теңіз дегеніңіз – барып тұрған алдамшы ғой.
– Ал жел ше?– деп ол маған тік қарады.– Мен сіздің "жібектей есілген
жылы пассат" туралы əн салғаныңызды естіп едім бір кезде.
– Ларсеннің сектант пен хронометрін ала шықпағаным қандай
өкінішті!–дедім мен қабақ шытып.– Егер біз өзіміз тек бір бағытты ұстап
отырсақ, жел бізді екінші жаққа тартады, ал судың ағысы, мүмкін, –
үшінші... яки бұл жерде бізге нақты есепті білу де дəл есептеп отыру да өте
қиын. Алдағы уақытта біз кемі бес жүз миль қателеспей тура қай тұста келе
жатқанымызды біле алмайтын шығармыз.
Мен осыны айттым да, артынша одан тым көңілсіз əңгіме айтқаным
үшін кешірім сұрадым. Сосын оның қиылып сұраған өтінішіне көндім де,
тура сағат тоғызда оны кормге отырғызып, өзім түн жарымына дейін
демалуға жаттым. Əрине, жатар алдында төсек-орнымды дұрыстап, қалың
көрпе жамылып, оның сыртынан су өткізбейтін ұзын шекпен жауып
алғанмын. Бірақ үзіп-жұлып қана көз шырымын алдым. Қайық бір жалдан
бір жалға секіреді. Толқындар дүңк-дүңк еткізіп тура менің жамбасымның
астынан ұрады. Борт сыртынан өкіріп-ұлып жатқан ұлы сарынды естимін.
Бетіме ауық-ауық суық тамшылар шашырайды. Бірақ не көрсем де осы
күнімнің өзі күн ғой деп ойлаймын. Əйтпесе, "Елесте" мен не көрмедім.
Ондағы əрбір күні қыл ұшына ілініп жүрген өмірім кез келген сəтте
қиылып кетуі əбден мүмкін еді ғой... Дегенмен алақайлауға əлі ерте еді,
ажал мен біздің арамызды қазірдің өзінде қайықтың бір-ақ елі қабырғасы
бөліп тұрғанын қалай ұмытуға болады!..
Жо-жоқ, мен бəрібір қорықпаймын. Бір кездегі Қорқау Ларсеннің, тіпті
оны қойып жаман Томас Магридждің алдындағы қорқыныштарымның
қасында мынау дегеніңіз ойыншық қой. Тағдыр мені осы Мод Брустерге
жолықтырғалы мен өмірге қайта келген сияқтымын. Өзіңді біреу сүйгеннен
гөрі, өзің біреуді сүюің тіпті керемет екен ғой деп ойладым мен. Жүрегіңді
осы сезім өртеген кезде бұл өмірді кім үшін сүріп, кім үшін садақа етуді де
біледі екенсің. Біреуді сүю арқылы мен енді өзімді ұмыттым, сонымен
қатар – бір қызығы!– өз өмірімді өзге біреу үшін құрбан етуге де дайын
болған осындай мезетте, менің өмір сүруге деген құштарлығым
бұрынғыдан да арта түскен. Мен бұрын еш уақытта өмірдің мəнін дəл
қазіргідей түсінбеген екенмін. Көзім ілініп кеткенше мен өзгеше бір тəтті
сезімдерге беріліп, анау кормде отырған Модтың аласұрған толқындардың
ортасында жалғыз өзі арпалысып келе жатқанын, кез келген сəтте ол мені
көмекке шақыруы мүмкін екенін естен шығармай, түн-түнекке ұзақ уақыт
қас қақпай қарадым да жаттым.
ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Ұшы-қиырсыз ұлы мұхиттың үстінде кішкентай қайықпен бірнеше күн
бойы қалқып жүргенде көрген бар азабымыз бен бейнетімізді түп-түгел
баяндап жату керек пе, жоқ па – білмеймін. Дегенмен аздап еске алып
көрейін.
Солтүстік-батыстан ескен суық жел тəулік бойы азынады да тұрды.
Сосын ол аздап тынышталғанда, түнге қарай оңтүстік-батыстан ызғырық
есіп қоя берген. Бұл бізді тура қарсы маңдайдан ұрды. Дегенмен мен
сүйретпелі зəкірді жинап алып, желкенді көтеріп, кеме тұмсығын шұғыл
оңтүстік-оңтүстік-шығысқа бұрдым. Жел бізге тек осы бағыт аралығы мен
батыс-шығыс-батыс бағытын таңдауға ғана мүмкіндік берген, алайда
оңтүстіктің жылы лебі мені жылырақ теңіз жаққа тарта түскен де, осының
өзі маған соңғы таңдау болып еді.
Бірақ үш сағаттан кейін,– əлі есімде, тура сағат үште,– көзге түрткісіз
қап-қараңғы түнде, əлгі оңтүстік-батыс желінің құтырынып шыға келмесі
бар ма, мен амалсыз тағы да сүйретпелі зəкірді суға салуға мəжбүр болдым.
Таң шапағын кормде отырып қарсы алдым. Қызарып, қанталап тұрған
көздеріммен көсіліп жатқан кең айдынға – қайығымыз қалт-құлт етіп бара
жатқан ақкөбікті, айғыр жалды мұхит бетіне – əлдебір нəзік үмітпен
қобалжи қараймын. Өміріміздің қыл ұшына келіп тірелгені анық еді – кез
келген сəтте бізді бір толқынның жұта салуы əбден мүмкін болатын.
Қайыққа жаңбырдай сабалап, нөсердей төгілген судан көз ашпай келеміз.
Оны сыртқа шырпи төгуден қолым да əбден талып біткен. Төсек-орынның
бəрі шылқыған су. Көрпенің суын тіпті сығып алуға болады. Тек əйтеуір
резина етік пен шекпен киіп, басына зюйдвестканы милықтата бастырып
алған Мод қана əзірге "топан судан" аман келе жатқандай, бірақ оның да
қолы мен беті дымданып алған. Ол менің қолымнан ожауды қайта-қайта
алып, қайық ішіндегі суды сыртқа төгіп отырды. Өмірде бəрі
салыстырмалы ғой, əйтпесе біздің мына көріп келе жатқанымыз дауыл ма –
əншейін желдің сəл көтерілгені ғой, бірақ кебістей ғана біздің қайығымыз
үшін бұның өзі нағыз штормнан кем емес-ті.
Қажып, шаршап, қалш-қалш етіп дірілдеген қалпымызбен біз күні бойы
дөңбекшіп жатқан көк мұхитпен айқастық. Сөйтіп сілеміз қатып түнді
қарсы алдық, бірақ ұйықтағанымыз жоқ. Сарғайып таңды атырдық –
ызғарлы суық жел бетімізді əлі де үріп тұрды, ақжал толқындар дөңбекши
домалап, бірінен соң бірі алдымыздан қарсы алып жатты.
Екінші күні түнде, əбден əлсіреген Мод қалғып кеткен. Мен оның үстіне
шекпен жауып, брезентпен қымтап тастадым. Бір жақсысы, киімдері аса су
болған жоқ еді, бірақ суықтан денесі бəрібір тас боп қатып қалған. Мен оны
ауырып қала ма деп, қатты қорықтым. Өкінішке қарай, ертеңгі күн де бізді
əдеттегідей жабырқау да салқындау қалпымен қарсы алды. Жел де
кешегідей бет қаратар емес. Толқындардың көз алдымызда өкіре өксіп,
дөңбекши тулап жатқаны анау.
Міне, мен екі тəулік бойы кірпік ілгем жоқ. Өне бойым шылқыған су.
Тоңғаннан тісім тісіме тимей қалш-қалш етемін. Байқаймын, бойымда
жарты-ақ жаным қалған секілді. Суықтан мүлде сіресіп қалған сүйектерім
сəл қозғалсам, сынып кетердей сықырлап қоя береді. Ал бұл уақытта бізді
желдің ыңғайы мен мұхиттың ағысы солтүстік-шығысқа қарай дамылсыз
сырғыта берген, сырғыта берген. Сөйтіп, біз Жапон жағалауларынан барған
сайын алыстап, суық-сызды Беринг теңізіне қарай бет бұрғанбыз.
Бірақ біз не көрсек те шыдадық, шлюпка да шыдады. Жел бұрынғыша
екілене соғып тұрды. Үшінші күннің соңында ол тіптен күшейе түскен.
Бірде қайық тұмсығының толқынға сүзе кіргені сондай іші суға шелек
бойы толып кетті де, біз жалма-жан оны сыртқа төге бастадық. Егер ілешала осындай екінші бір толқынға соқтығыссақ, біз, сөз жоқ, құрдымға
кетер едік. Мен суды əбден төгіп болған соң, Модтың үстіндегі брезентті
алып, шлюпканың тұмсық жағына жауып қоюыма тура келген. Сөйтіп ол
шлюпканың үштен бір бөлігіне қорғаныш болған да, жаңағыдай толқын
ұрған кезде бізді əрдайым қауіптен құтқарып отыруға зор септігін тигізіп
еді.
Бірақ Модқа енді қараудың өзі тым аянышты болатын. Қайық түбінде
бір-ақ уыс болып бүрісіп отырған оның бүкіл тартқан азабы мен бейнеті
көгерген еріндері мен бозарған түрінен анық көрінген. Бірақ, маған қараған
көздері əлі де ұшқын атып, еріндері еркектің сөзін сөйлеп тұрғандай еді.
Бұл түндегі штормның қаһары барлық күннен асып түскен секілді, бірақ
мен еш нəрсені сезе алатын халде емес едім, көзімнің қалай ілініп кеткенін
өзім де сезбей қалыппын.
Төртінші күні таңертең жел екпіні басылып, толқындар қайтып,
төбемізден көптен күткен күннің көзі көрінген. О, жарықтық, күн-ай
десеңші! Біздің тоң болып қатып қалған денеміз бірден жібіп, бойымызға
жан бітіп, дауылдан кейінгі шыбын-шіркейдей қыбыр-қыбыр тіршілікке
көштік. Жымиямыз, күлеміз. Ертеңгі күнге тағы да үміттене қараймыз.
Бірақ, шын мəнінде жетісіп тұрғанымыз шамалы. Күннен күнге Жапон
жағалауларынан қашықтап барамыз. "Елестен" қашып шыққан күні ол
небəрі алты жүз миль жерде еді, енді одан қанша алыстап кеткенімізді бір
құдайдың өзі біледі; ал енді қандай ендік пен кеңдікте келе жатқанымызды
мен тек болжаммен ғана айта аламын, оның өзінде де шамамен. Егер біз
сағатына екі миль жылдамдықпен жетпіс сағаттан артық дрейфте болсақ,
онда бізді жел мен ағыс солтүстік-шығысқа қарай кем дегенде жүз елу миль
ықтырып əкеткен болуға тиіс. Бірақ менің есептерімнің бəрі дұрыс па? Ал
егер дрейфтегі жылдамдық екі емес, төрт миль болса ше? Ондай жағдайда
бізді тағы да жүз елу миль əрі əкеткен болады.
Сонымен, біздің дəл қай жерде екенімізді мен дөп басып біле алмадым,
егер қазір ғайыптан "Елестің" алдынан шыға келсек, мен оған ешқандай
таңданбас едім. Теңіз мысықтары маңайымызда өріп жүр; ау, осыларды
аулауға ең болмағанда бір кəсіптік кеме шықпаған ба деп, көз жетер
көкжиектің бəріне үмітпен сүзіле қараймын. Түстен кейін солтүстік-батыс
жақтан желемік есе бастаған тұста, біз расында сонау алыстан бір
шхунаның қарасын көріп қалғанбыз, бірақ ол сол мезетте-ақ көзден ғайып
болған да, біз тағы да ұшан-теңіз айдында жалғыз ноқат боп қала бергенбіз.
Кейде судың бетін көзге түртсе көргісіз соқыр тұман басқан күндері
тіпті Модтың да ұнжырғасы түсіп, бір ауыз көңілді сөз айтуға зауқы соқпай
қалатын, кейде шетсіз-шексіз меңіреу айдында жүзіп келе жатып тыптынық, жып-жылы күндерге де кезігетінбіз, ондай сəттерде "Құдай-ау, біз
осы əлі де бармыз ба, қалай тірі келе жатырмыз?" деп, таң қалатынбыз. Иə,
біз не көрмедік! Қар аралас жаңбырға тап болып, бүкіл денеміз мұздай
сіресіп қалған күндерді де, дамылсыз дауылға ұшырап, қайыққа толған
суды тəулік бойы төгіп отырған сəттерді бастан кешірдік.
Осы күндердің бəрінде менің Модқа деген махаббатым шексіз өсе
түскен. Жан дүниесі неткен бай, неткен сүйкімді қыз десеңші бұл! Сөйлесе
– сөзімен, еркелесе – қылығымен, іске келгенде – қажыр-қайратымен
жаныңды баурап алады. Мен оны іштей неше түрлі сүйкімді, əдемі сөзбен
еркелете атаймын. Бірақ оның бірін де сыртқа шығарған емеспін. Егер ол
абайсызда ерніңнен шығып кетсе, бұл дегеніңіз оны сүйетініңізді айтып
қойғанмен бірдей ғой. Ал қазір сүйетініңді айтып, махаббатыңды білдіретін
сəт пе?! Мұндай сезімдерді іште сақтау маған қаншама қиын болса да,
бəрібір мен өзімді адамша, азаматша ұстай білгенім анық. Сондықтан да
Мод екеуіміздің арамыздағы қарым-қатынас жолдастық, достық шегінен
əрі аспаған. Ал бұл достықтың тамыры күннен күнге тереңдеп, беки түсіп
еді.
Бірақ бəрінен де мені Модтың қайсарлығы мен өжеттігі қайран
қалдырып еді. Аяқ-қолы балғадай, денсаулығы темірдей əйел де теңіздің
мынадай қаһары мен тəлкегіне төтеп бере алмас еді, ал Мод, менің тал
шыбықтай бұралған нəзік Модым, жауынға да, дауылға да, қатер менен
қауіпке де, мұң-нала мен уайымға да – еш нəрсеге, ештемеге берілмеген. Ал
бұған дейін ол мұндайдың бірін көріп білмеген; өмір деген құпиялы,
жұмбақты, мың-сан қырлы дүниемен ол тек кітап арқылы ғана танысты.
Бұл қыз маған ылғи да жұлдыздардан төгілген нəзік нұрдан немесе мөлтмөлт еткен таңғы шық пен гүл қауызынан жаралғандай көрінетін. Ол маған
сондай-ақ тəн қабығымен қапталған əлдебір ғажайып рух түрінде де
елестейтін. Дегенмен, мен бар жағынан қателеспедім деп те айта
алмаймын. Əрбір əйелге тəн оның да өзіндік уайым-мұңы болатын, бірақ не
нəрсені де ол ер мінезбен көтере білуші еді. Əрбір қиыншылықты ол
тəнімен емес, жанымен қабылдап алатын да, ауыртса тек сол жанын ғана
іштей ауыртып отыратын.
Біз тағы да шторм белдеуіне түскенбіз. Қайығымызды бір дəудің
қолымен толқыннан толқынға лақтырып, дауыл күндіз-түні өкірді де
тұрды. Мұхит та аузындағы жын аралас ақкөбігін бұрқырата шашудан бір
тынған емес. Ал біз солтүстік-шығысқа қарай күн сайын ұзап барамыз,
ұзап барамыз. Міне, сөйтіп бірде шторм мүлде күшейіп, теңіз бетін
тулақтай қағып жатқан сəтте, мен мəн-мағынасыз жел ығы жаққа көз
талдыра қарап отырғанмын. Сонда бірдеме іздеді дейсіз бе? Жоқ, əншейін
уақыт өткізу де. Тек іштей: "О, құдай, қаһарыңды төге бермеші! Бізге де бір
рақымыңды көрсетші!" деп, жаратқанға жалбарынып қоямын... Бір мезет
əлгі көкжиекке қарап отырып, өз көзіме өзім сенбедім. Неше күн бойы
ұйықтамағандықтан көзіме əлденелер елестей бастаған шығар деймін.
Əлде жындандым ба екен? Осы менің есім дұрыс па дегендей, Модтың
көзіне үңілемін. Одан ешқандай таңданыс немесе басқаша көзқарас
байқалмайды. Демек денім дұрыс болғаны ғой. Көзімді уқалап-уқалап
жіберіп, жаңағы көкжиекке қайта қараймын. О, ғажап! Жағалау!.. Жер!..
Биік-биік, қап-қара құз-жартастар сонадайдан "мен мұндалайды". Ақжал
толқындар оның балағына соғылып, басын қайырады. Біздің алдымыздағы
жал-жал толқындар да аунақши домалап, солай қарай жөңкіліп барады.
– Мод!– деймін айқайлап – Мод!
Мен иек қаққан жаққа шұғыл мойын бұрып, ол да көрді жағалауды.
– Аляска! Бұл шынымен-ақ Аляска болғаны ма?– дейді ол таңдана
дауыстап.
– Өкінішке қарай, ол емес,– дедім мен. Дедім де бірден қайта оған
бұрылдым.– Сіз жүзе білесіз бе?
Ол білмеймін дегендей басын шайқап қойды.
– Мен де білмеймін. Демек жағаға жүзіп шыға алмаймыз, сондықтан
қайықпен бару үшін жартастар арасынан саңылау іздеуіміз керек. Бірақ
уақытты жоғалтуға болмайды... жəне қайрат, жігерді де.
Бұл сөздерді тым сенімді айтсам да, іштей қатты алаңдап тұрдым. Бұны
Мод та сезе қойған екен, маған қадала қарап:
– Маған көрсеткен барлық жақсылығыңыз үшін мен сізге əлі рахмет те
айтқан жоқпын, жəне...– деп, ол ең бір керемет сөзді таңдап айтқысы
келгендей сəл мүдіре түскен.
– Иə, одан кейін не?– дедім мен дөрекілеу тіл қатып, өйткені маған оның
ойда жоқта рахмет айтқысы келгені аса ұнай қоймаған.
– Ау, көмектессеңізші маған!– деді ол жымиып.
– Өлер алдындағы соңғы сөзіңізді маған жеткізіп кетуіңіз үшін
көмектесейін бе сізге? Жоқ, олай болмайды. Біз өлмейміз. Біз осы аралға
аман-есен аяқ іліктіреміз де, кешке дейін керемет жайғасып үлгереміз.
Бірақ мен қанша сенімді сөйледім десем де, осы айтқан сөзімнің біріне
өзім де сене қойғам жоқ. Алайда өтірік айтуға мені қорқыныш мəжбүр
етпеген. Шындығында құз-жартастардың арасында бұрқ-сарқ қайнап
жатқан ажал қазанынан аман қалуымыз екіталай екенін білсем де, неге
екені белгісіз, үрейден бойым ада еді. Ал желкенді көтеріп, бағытты басқа
жаққа бұру жөнінде тіпті ойлаудың да қажеті жоқ-ты; ондай жағдайда
қайықты жел қас пен көздің арасында аударып тастар еді; екіншіден
желкеннің өзі қосалқы ескектермен бірге корм соңында сүйретіліп келеді
ғой.
Мен бұрын да айтқанымдай, неше күннен бері алды-артымды орап келе
жатқан, кез-келген сəтте алқымымнан ала түсуі мүмкін ажал деген бəледен
мен өз басым үшін тіпті де қорыққан емеспін, ал Мод өледі-ау деген ой
басыма келгенде, өзімді қоярға жер таппаймын. Қарғыс атқыр қайдағы бір
елестер көз алдыма келіп... тастарға соғылып мыж-тыж боп жатқан
Модтың денесін көргенде... жүрегім тас төбеге шығады! Жо-жоқ! Олай
болуы мүмкін емес, біз жағаға қалайда аман-сау шығуымыз керек! Жəне
шығамыз да! Мен енді өзімді тек осыған сендіруге тырыстым.
Бірақ əлгі сұмдық елестен құтылсамшы. Көзімді ашсам да, жұмсам да
тасқа соғылып қан-қан болып жатқан Модтың аппақ денесін көремін.
Артынша бір ессіз ой бүкіл ой-санамды жаулап алған: Модты тас қып
құшақтап тұрып борттан бір-ақ секірсем. Бұл ойымды екінші бір ой жəне
алмастырған: шлюпка анау қайнап жатқан ақ көбікті қазанға жақындай
бергенде, Модты құшақтап, оны сүйетінімді айтып, сосын оны қолыма
көлденең көтеріп алып, ажалмен ең соңғы айқасқа аттансам...
Біз бір-бірімізге инстинкті түрде жақындай түстік. Модтың қолғап киген
қолы менің қолыма созылды. Сөйтіп үнсіз, жым-жырт күйде ақырғы
минуттарды күттік. Біз аралдың батыс шетіндегі құрдым белдеуінс əнеміне дегенше тақап қалғанбыз, мүмкін кездейсоқ бір ағыс немесе арынды
толқынның бірі бізді қағып алып қауіпті жерден алыстатып əкетер деген
жіңішке үмітпен мен алдыңғы жаққа əлі де жəпектей қараймын.
– Біз өтіп кетеміз!– дедім мен əншейін бос сеніммен, бірақ бұл Модты
да, менің өзімді де құр алдаусырату емес-ті. Сосын арада бірер минут
өткенде мен тағы:
– О, сайтан алғыр, біз өтіп кетеміз!– дедім демімді ішіме тартып.
Толқыған сəтте аузымнан анайылау сөздің қалай шығып кеткенін де
аңғармай қалыппын.
– Кешірім өтінем...– дедім мыңқылдап.
– Міне, енді сіз мені сендірдіңіз!– деді Мод күлімсіреп.– Өтіп
кететінімізге мен енді анық сендім!
Аралдың бір жақ шетінен, алыстан, биік жаға көрініп, көз алдымызда
біртіндеп көгілдір шығанақ ашыла бастаған. Дəл осы мезетте əлдебір
құмыға өкірген дыбыс құлаққа жетіп еді. Құдды ол алыста күркіреген
күндей болып, жел ығы жақтағы дауыл мен теңіз сарыны арасынан
естілген. Біз арал тұмсығын айналып өткенде, шығанақ түп-түгел ашылып
сала берді – оның жиегінде жарты айдай иіліп жатқан аппақ жағалау беті
құрттай өріп жүрген теңіз мысықтарынан көрінбейді. Əлгіндегі өкірген,
өксіген дыбыс солардыкі екен.
– Мысықтар жатағы,– дедім мен айқайлап.– Міне, біз енді шынымен
аман қалдық. Бұл жерде мына жануарларды аңшылардан қорғайтын күзет
кемелері болуға тиіс. Мүмкін тіпті жағада бекеттері де бар шығар.
Дегенмен, жағаға соғып жарылып жатқан толқындар жиегін əлі де
анықтап қарай түскен – мен:
– Əрине, мұнда да бізді құшақ жая қарсы алып жатқан дүние
байқалмайды,– дедім қынжылып.
– Дегенмен, ештеңе етпес. Егер құдай оң қабағын танытса, біз тағы бір
мүйісті қиып өтеміз де, жақсы қорғалған айлақты сол арадан тауып
қалармыз. Сонда жұлығымызға су жұқтырмай жағаға шыға келеміз.
Расында, құдай бізге оң қабағын танытты. Артымыздан аңдыздай қуған
оңтүстік-шығыс желінің екпінімен біз екінші мүйіске оңбай соғыла
жаздасақ та, бəрібір оны сəтімен орап өткенбіз. Бірақ алдымыздан жаңағы
екі мүйіспен бір сызықтың бойында жатқан үшінші біреудің шыға келгені.
Е, бұл жерден қандай айлақ табыла қойсын бізге! Ол құрлыққа сұғына кіріп
жатыр екен де, лықсыған ағыс қайығымызды қағып алып, екінші мүйіс
қолтығына қарай сүйрей жөнелді. Бұл жердегі теңіз балағын тып-тынық
десе де болғандай екен, шымыр-шымыр етіп жатқан майда толқындар
қайықты бесіктей тербейді, мен сүйретпелі зəкірді жинап алып, ескекті
қолыма ұстадым. Жағалау оңтүстік-батысқа қарай иіле созылып жатыр...
Сосын күтпеген жерде осы үлкен айлақтың ішінен жан-жағы жақсы
қымталған бір кішірек табиғи гавань жəне алдымыздан жарқырап шыға
келді. Тоған суындай тұнып, жылт-жылт етіп жатқан көгілдір айдыны
алыстан соққан дауылдың лебімен анда-санда бір жыбыр ете қалады.
Теңіз мысықтары бұл жерде мүлде көрінбейді. Қайық тұмсығы ұсақ
шағыл тастарға сырғанай тірелген кезде, мен жағаға секіріп шықтым да,
Модқа қол создым. Бірер секундтан кейін ол менің қатарымда тұрды. Бірақ
мен оның қолын босатқан сəтте, ол теңселіп барып мені құшақтай алды.
Өзім де шайқалақтап құмға құлап қала жаздадым. Бəрі де ұзақ уақыт
қайықта шайқалып отырғандікі ғой. Біз үшін бұл сəтте аяқ астымыздағы
жер де, тұтас жағалау да теңіз сияқты бір түсіп, бір көтеріліп тұруға тиіс
сияқты көрінген. Сондай тербеліске əбден үйреніп қалған басымыз
мынадай қозғалмайтын қара тастай жерге бірден көндігуіміз қиын еді,
əрине.
– Жоқ, мен отыруым керек,– деп Мод ызалана күлді де, мас адам сияқты
қисаңдап барып, құмға отыра кетті.
Қайықты жоғарырақ сүйреп шығарған соң, мен де Модтың жанына тізе
бүктім. Сөйтіп ұзақ уақыт бойы теңізде болып, құрлықты тосырқап қалған
екі адам ақыр соңында "Үміт аралына" осылай табан тіреп еді.
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
– Ақымақ!– дедім мен өзімді кінəлап.– Ақымақ!
Мен жаңа ғана шлюпкадағы жүкті түсіріп, барлық заттарды судан
алысырақ жерге үйіп қойғанмын. Жағада теңізден шығып қалған ағаш
жаңқалары əр жерде шашылып жатыр. Бұларды жинап жіберіп, отты
маздата жағып, "Елес" қоймасынан ала шыққан мына кофе қалбырының
бірін қазір-ақ ашып қайнатып жіберуге болар еді, амал не!
– Можантопай байғұс!– деймін тағы күйініп.
– Не? Не боп қалды?– деп Мод жаныма жетіп келген.
– Сіріңке жоқ!– дедім ызалана түсіп.– Ақымақ басым, кемеден бəрін
алып шықтым десем де, ең керектіні естен шығарып алыппын. Бір тал... бір
тал ши жоқ қой бізде!
– Ал Робинзон Крузоның мұндайда не істегені есіңізде жоқ па? Ол екі қу
таяқты бір-біріне үйкеу арқылы от шығарып еді ғой,– дейді Мод.
– О-о, əдемі сөз! Бірақ мен кемелері апатқа ұшыраған теңізшілер туралы
кемінде жиырма əңгіме оқыған шығармын. Солардың бəрі де жаңағы
сияқты от жаққысы келген, алайда біреуі бір ұшқын шығара алмаған,–
дедім мен.– Баяғыда Винтере деген бір газет репортері болған. Мен онымен
талай əңгімелескенім бар. Кезінде Аляска мен Сібірді сан рет шарлаған
адам екен. Сол күндердің бірінде əлгіндей тəсілмен қалай от жаққысы
келгенін ол маған бірде əңгімелеп берген. Мен оны тыңдап отырып
тағдырдың тəлкегіне қайран қалғам. Қысқасы, қысылған сəтте ол сіз айтқан
Робинзон Крузоның екі таяғын бір-біріне үйкеуге отырады. Бір күн
үйкейді, екі күн үйкейді. Демалып-демалып қайта үйкейді. Бірақ жылт
еткен бір "қызыл" көрмейді. Сөйтіп үш-төрт күн əуре болғанда, ақыры
ағаштан емес, өзінің шыдам-жүйкесінің түбінен түтін шыққан ғой.
"Мистер Ван-Вейден, есіңізде болсын,– деген ол сөз соңында.– Мүмкін бұл
Тынық мұхит аралдарын мекендейтін жабайы тайпалардың қолынан
келетін болар, мүмкін мұндай іске малайлықтар шебер шығар, бірақ бір
дүниенің басы ашық – құдай сіріңкесіз от жағуды-ақ адамның маңдайына
жазбаған".
– Жарайды, соған бола бас ауыртпай-ақ қойыңызшы, осы жерге дейін
отсыз да күн көріп келдік қой, бұдан кейін де сөйтіп бірдеме етіп тіршілік
етерміз,– дейді Мод тым сабырлы пішінмен.
– Ал мына кофені не істейміз! От жоқ деп лақтырып тастаймыз ба сонда.
Мен бұны Ларсеннің жеке қорынан қандай ептілікпен алып шыққанымды
білесіз бе сіз!– деймін мен күйініп.
Шындығында, мен кофе ішкенді өте жақсы көруші едім, кейін білсем
Мод та жек көрмейді екен. Екіншіден, бізге ыстық тамақ ішпегелі қай
заман! Сыртымыз қалай тас боп қатып қалса, ішіміз де солай тоң боп
сіресіп жатқандай еді. Əттең, бірер жұтым ыстық болса, іші-сыртымыз
бірдей қыж-қыж қайнар ма еді, кім білсін. "Қойшы, болмасты ойлап
қайтем" дедім де, сосын Модқа желкеннен шатыр жасап беруге кірісіп
кеттім.
Қолымызда ескек, мачт, шпринт, гмк сияқты қажетті заттардың бəрі
болғасын шатыр жасау түк емес шығар деп ойласам, бұның да өз машақаты
жеткілікті екен. Бұрын мұндайды істеп көрмеген басым, бір жұмысты бес
қайталап жүріп, ақыры əбден қараңғылық түскен де ғана шатырсымағым
дайын болған. Бірақ түн ортасында қатты жаңбыр жауып, астымыз көлкөсір су болып кетті де, Мод амалсыз шлюпкада ұйықтауды жөн көріп еді.
Келесі түні таңертең шатыр түбіне айналдыра арық қазып тастап, енді
бізді жаңбыр түгіл тасқын да ала алмайды деп отыр едім, бір сағат өтерөтпесте құз-шатқалдың арасын қуалай соққан қатты жел оны қалпақтай
ұшырып, бізден отыз қадамдай жерге жалп еткізген.
Менің ыза болған түрімді көріп, Мод рақаттана күлді.
– Тоқтай тұр, жел басылсын,– дедім мен өзіме.– Жел басылғасын
қайыққа отырам да, жағалауды түгел шолып шығамын. Бұл жерде қандайда
бір күзет бекеті бар деп ойлаймын. Бекет болса, адам да бар əрине. Бір
сөзбен айтқанда кемелердің мұнда соқпауы мүмкін емес. Мына құжынаған
теңіз мысықтары əйтеуір бір мемлекет тарапынан қорғалуы тиіс қой. Бірақ
сізді,– деймін енді Модқа қарап,– алдымен бір жайлы жерге орналастырып
кетуім керек.
– Мен де сізбен барғанды жөн көремін,– деді ол.
– Жоқ, сіз осында қалғаныңыз дұрыс. Онсыз да соңғы уақытта аз
қиналған жоқсыз. Солардың бəріне шыдап, қазір менің алдымда дін аман
тұрғаныңыздың өзі шын бақыт қой. Ал енді тағы да ескек ұстап, мына
жаңбырдың астында желкен көтеру екеуімізге де тым көңілді бола қоймас.
Сондықтан сізден өтінерім, осында қалып, демалып алыңыз.
Модтың əншейіндегі əдемі қоңыр көздері бір-ақ сəтте буалдыр тарта
қалғандай көрінді. Сосын өкпелегендей томсарып, теріс қарай берген.
– Мен сізбен бірге болғым келеді,– деді ол қайталап.– Сізге... кішкентай
да болсын пайдам тисе деймін... Өзіңіз ойлаңызшы, егер сізге бірдеме
болып қалса, мен бұл жерде мүлде жалғыз қалып қоймаймын ба?!
– Мен өте абай боламын,– деймін мен.– Алысқа бармаймын, сəтін салса
кешке дейін қайтып келемін. Ал сіз... сіз бұл жерде қалуыңыз керек. Сөзсіз
қалуыңыз керек! Мен сіздің жақсылап демалып, ұйықтап алуыңызды
қалаймын.
Ол басын көтеріп, маған жалынышты түрде көз салған.
– Өтінем, ала кетіңізші!– деді ол қиылып. Неткен сүйкімді дауыс
десеңізші!
Мен бəрібір басымды шайқап қойдым. Ол да табанды қалпынан
таймаған көзіме кірпік қақпай қараған сайын аздап былқылдап
қалғандаймын. Сосын қарсыласып тағы бірдеме айтқым келіп еді, бірақ
аузыма бір сөз түспей қойғаны. Оның көзінен қуаныш ұшқыны жылт ете
түсті, мен жеңілгенімді сездім. Бұдан соң əрине "жоқ" деген сөз де жоқ
болған.
Түстен кейін жел басылды да, біз алдағы сапарға дайындала бастадық.
Оның уақытын ертеңгі күнгі таңертеңге белгілегенбіз. Біз тұрған мүйістен
аралға бойлай кіру мүлде мүмкін емес-ті, өйткені жан-жағымыздың бəрін
биік жартастар күргейлей қоршап, тас қамалдай қасқайып тұрған.
Күннің бұлыңғыр, бірақ тымық болатыны таңертеңнен-ақ белгілі болған.
Мен ертерек тұрып, шлюпканы дайындауға кіріскем.
– Есуас! Көкми! Иэху!– дедім айқайлап, Модты оятатын кез болды-ау
деген кезде. Бірақ бұл жолы мен жорта ашуланған болып айқайлағанмын,
ал өзім екі санымды шапалақтап, мəз боп секіріп жүр едім.
Мод шатырдың етегін көтеріп, маған қарады.
– Не боп қалды?– дейді ол ұйқысын аша алмаған қалпы, бірақ даусында
əлденеге елеңдеу де бар.
– Кофе!– деймін мен айқайлап.– Бір шыны ыстық кофе ішуге қалай
қарайсыз?
– О, құдайым, адамды өстіп қорқыта ма екен!– деп күңкілдейді ол.– Бұл
қандай қатыгездік десеңші! Мен кофе туралы ойды басымнан мүлде
шығарып жіберсем, сіз оны тағы да есіме саласыз, бұл қай мазағыңыз
сіздің?!
– Олай болса, қазір қарап тұрыңыз менің не істейтінімді!– деймін мен.
Іргедегі жақпартастарды етегінен аздаған қу бұтақ пен жаңқаларды
жинап, оларды жұқалап жонып, жағуға əзірлеп қойдым. Сонан соң қойын
кітапшамның бір бетін жыртып алдым да, қолыма қосауыз мылтықтың
патронын ұстадым. Пышақ ұшымен шұқылап отырып, оның тығынын
шығарып, ішіндегі оқ-дəріні жайпақтау тастың бетіне төктім. Бұл жұмыс
осымен дайын болған. Мод шатырдан басын шығарып, менің əр
қимылымды қас қақпай қарады да отырды. Мен қолыма жұдырықтай тасты
ұстап, жағатын қағазды дайындап тұрып, капсульді таспен тарс еткізіп
ұрып қалғанымда... О, бəрекелді!– аппақ түтін бұрқ ете түсті де, қағаздың
бір шеті қызарып жана жөнелді.
Мод алақандарын шапалақтап жіберді.
– Прометей!– деген жəне айқайлап.
Бірақ бұл мезетте мен де санымды қоса шапалақтайтын халде емес едім.
Жылт ете қалған бір шөкім отты сөндіріп алмас үшін мен оны аялап, үрлеп,
дем салып, кəдімгі лапылдаған от қып алуым керек-ті. Қу бұтақтар
сытырлап жанып, қызыл шоқтар пыс-пыс дем шығарғанша мен жапырақжапырақ жонбаларды от үстіне аямай тастай бердім. Сəлден соң қызыл
жалын күш алды – бойды жылытты, көңілді марқайтты. Ендігі мəселе:
шай, кофе сияқты бірдеме қайнататын бізде ешқандай ыдыс жоқ еді, бəрін
жабдықтап алып шығатындай қандай жағдай болды дейсің бізде,
екіншіден, қайығымыздың қайдағы бір иен аралға тірелетінін кім білген!
Біз кофе қайнататын шəйнектің орнына шлюпка ожауын пайдаланатын
болдық. (Кейін ішіндегісі босаған соң, консерві қалбырлары да кез келген
ыдыстың орнына жүрген).
Мен су қайнаттым, Мод кофе дайындауды қолға алды. Ал ол қандай
керемет кофе болды десеңізші! Мен галетпен бірге ыстық суға жылытып,
дастарқанға бұқтырылған сиыр етін қойдым. Бұнымен таңғы
тамағымыздың түрі тіптен жайнай түсті. Ыстық кофені тамсана ұрттап
қойып, енді не істеп не қоятынымыз жөнінде ақылдаса отырып, біз – жаңа
табылған жердің жаңа зерттеушілері – көпке дейін орнымыздан тұра
алмадық жəне тұрғымыз да келмеген.
Əдетте жануарлардың Беринг теңізіндегі осындай жатақтары
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 18
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.