Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 18

Total number of words is 4153
Total number of unique words is 2094
37.6 of words are in the 2000 most common words
51.6 of words are in the 5000 most common words
58.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мемлекеттік қорғауда болатынын мен білетінмін, сондықтан мүйістердің
бірінен күзет бекеті табылып қалар деп, мен қатты үміттенгем. Бірақ, Мод
мені жолы болмаса қапаланбасын деген ниетпен күні бұрын дайындап
алғысы келді ме: "Мүмкін біз бұрын ашылмаған жаңа аралға тап болған
шығармыз" дегенді айтқан. Егер оның сөзі расқа шықса, бұл біздің
құрығанымыз еді. Соны біле тұра, ол өз болжамын өте көңілді түрде,
əншейін жай ғана сөз сияқты етіп жеткізген.
– Ондай жағдайда қысқа дайындала беруіміз керек,– дедім мен.– Əрине,
қазіргі қолда бар дүниеміз көпке жете қоймайды, бірақ теңіз мысықтары
бар ғой. Бірақ олар күзде қайтып кетеді, қазірден бастап еттің мол қорын
жасап алуымыз керек. Бұған қоса баспана тұрғызу, көптеп отын жинап алу
деген тағы бар. Шамның орнына мысық майын пайдаланамыз. Бір сөзбен
айтқанда, егер бұл шынымен кең арал болса, екеуімізге жұмыс жетеді.
Бірақ, бəрібір, мұнда адам жоқ дегенге сенбеймін.
Дегенмен оның айтқаны тура келді. Шлюпкаға отырып, қолымызға
дүрбіні алып, əрбір мүйіс пен жықпыл-жықпылдың бəрін сүзгіден өткізіп,
аралды тұтастай айналып шықтық, бірақ ешбір жерде адамның өзін қойып,
ізі де көзге түспеген. Рас, Үміт аралында бізге дейін де біреулердің
болғанын білдік. Бізден кейінгі екінші мүйістен біз жағаға шығып қалған,
қираған қайықтың қаңқасын тауып алдық. Оның кəсіптік шлюпка болғаны
көрініп тұрды: ескек ілгектері қамыстан өрілген екен, оң жақ борттың
тұмсық тұсына мылтық атуға арналған балдақ орнатылған, ал мен кормнен
жартылай өшіп қалған "Газель-2" деген ақ сырмен жазылған жазуды
ежіктеп оқыдым. Жартылай құмға кіріп, тақтайлары қап-қара боп күнге
күйіп кеткеніне қарағанда, оның бұл жерде жатқанына көп болған секілді.
Ал корм бөлігінен мен тұтастай тот басып кеткен оныншы калибрлі бытыра
мылтық пен бір пышақ таптым. Пышақтың басы сабының тура түбінен
сынған екен. Əрине, оны да тот басқан.
– Олар бұл аралдан аман шығып кеткен,– дедім мен Модтың көңілін
алдарқатқан болып, бірақ іштей мүйістің бір жерінен адамның аппақ
сүйектері кезігіп қалмас па екен деп қатты қауіптенгем.
Мен ондай "олжа" тауып алып Модты қамықтырып, еңсесін түсіргім
келмеген, сондықтан да шлюпканы жағадан тезірек суға түсіріп, аралдың
солтүстік-шығыс жиегіне қарай ескекті жылдам есе түстім. Оңтүстік
жағалауда жаға шығар жайпақ жер болмаған, сол себепті де теңізге сұғына
кіріп тұрған қара тұмсықты айналып өтіп, сонымен түс ауа "аралды зерттеу
жұмысын" аяқтағанбыз. Менің көз мөлшерім бойынша, оның айналасы
шамамен жиырма бес миль де, диаметрі – екіден бес мильге дейін сияқты.
Ал оны жайлап жатқан теңіз мысықтарының жалпы саны кем дегенде екі
жүз мыңдай боп қалар деп шамаладым. Сонымен қатар аралдың ең биік
бөлігі оңтүстік-батыс тік шоқыларынан басталып, солтүстік-шығысқа
қарай біртіндеп аласара беретіні де белгілі болды. Біздің мүйістен
басқасының бəрінде құмды жағалау теңізден жарты мильдей аралықтағы
шағыл тасты алаңмен жалғасып, одан əрі тундраны еске түсіретін мүкті,
қысқа шөпті биік қапталға ұласады. Теңіз мысықтары, міне, осы жерге
дейін көтеріледі; кəрі еркектері үйір-үйір ұрғашыларына ие болады да,
жастары бұларды маңайлап жүреді.
Үміт аралын бұдан артық суреттеудің қажеті жоқ шығар. Кей жері құзжартасты, енді бір жері батпақты, штормдық жел барлық жағынан
аңқылдап тұратын жəне өмір бойы екі жүз мың теңіз мысығының өкіріпбақыруымен улап-шулап жататын осынау алақандай арал соншама
жабырқау да көңілсіз көрінер еді. Мүмкін адам түңілер жағдайларға кезігіп
қала ма деп, мені сергек ойларға дайындап, өзі күні бойы жарқылдап,
жайраң қағып жүрген Модтың өзі шатырға қайтып оралғанда ұнжырғасы
түсіп, еңсесін көтере алмай қалған. Бұнысын ол мүмкіндігінше маған
білдірмеуге тырысып еді, бірақ сыртта от жағып жүрген кезімде, оның
көрпе астына басын тығып алып, тұншыға өксіп жатқанын сездім.
Енді менің жігер жанып, рух көтеретін кезім келген. Сосын өз рөлімді
барынша керемет ойнауға тырысып едім, бұным тегі көздеген жеріме дөп
тиді-ау деймін, біраздан кейін Мод жарқын-жарқын күліп, тіпті əн де сала
бастаған. Бұл күні ол ертерек жатуға дайындалып еді, бірақ ұйықтар
алдында маған əдемілеп əн салып берген-ді. Иə, əдемілеп! Оның даусы
керемет күшті болмағанмен, құлаққа өте жағымды, нəзік те жіңішке, тау
суындай таза екен. Сонымен қатар Модтың əн табиғатын өте сезініп
айтатыны маған ерекше əсер етіп еді.
Мен бұрынғыша қайыққа барып жатқанмын, бірақ бұл түні көпке дейін
кірпігім ілінбей қойған. Аспан ашық еді. Біраз күннен бері көрінбей кеткен
жұлдыздар да бүгін тұс-тұстан жамырап, маған қарап жымың-жымың етеді.
Мен де оларға қарап жатып, түрлі-түрлі ойларға батамын. Қазір менің
мойнымда бұрын еш уақытта иісін де сезіп көрмеген үлкен жауапкершілік
бар. Қорқау Ларсеннің сөзі рас еді: бұрын мен өздігімнен шала басын
түртіп көрмегем. Мен үшін барлық жұмысты адвокатым мен сенімді өкілім
істейтін. Қысқасы əкемнен қалған несібені орын-орнымен жұмсап, бір
тиынын шашау шығармай, шаруамды шалқытып отырған солар еді. Мен
адам болсам, тек "Елесте" адам болдым. Ал енді міне өзім ғана емес өзге
үшін де жауап беретін сəт келді.
Жəне ер мойнына түсетін жауапкершіліктің бұл көкесі-тін, өйткені
маған өмірдегі ең қымбат əйелдің – өзім сүйген Модтың – тағдыры үшін
жауап беретін күн туған.
ОТЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Біз бұл жерге Үміт аралы деген атауды босқа бермеген екенбіз. Бір
жаман лашықты тұрғызу үшін ғана біз екі апта бойы ақтер-көктер болдық.
Мод маған барын салып көмектесіп жүрді, бейшараның жырылыпсырылып қаны шыққан қолдарын көргенде жылап жібергім келеді.
Сонымен бірге мен оның қажыр-қайраты мен ықылас-ниетіне сондай риза
болғанымды да жасыра алмаймын. Расында, осы бір құйтақандай нəзік
қыздың қаншама ауыртпалық пен қиындықты көтере жүріп, өзінің
титімдей күш-қуатын ауыр да азапты жұмысқа аямай салуын қалай
қаһармандық демеске болады! Лашық тұрғызып жатқан маған ол күні бойы
күйбең- күйбең етіп тас тасиды да жүреді, "қой, демал, мұндай жұмысты
маған қалдыр!" деген сөзімді тыңдағысы да келмейді. Əйтеуір ақыры оны
тамақ дайындау, қысқа отын, мүк жинау сияқты жеңілірек жұмыстар
істеуге əзер көндірдім. Маған лашық қабырғасын тұрғызу тым қиынға
соқпаған, мен оны ойнап жүріп бітіре салғандай едім, ал енді қиналған
жерім шатыр мəселесі болды. Оны немен жабам? Қалай жабам? Егер төбесі
жабылмаса қабырғаның не қажеті бар! Рас, бізде қайықтың қосалқы
ескектері бар. Оларды сырғауыл ретін көлденең жабуға болар, ал оның
үстіне не жабамыз? Шөп пен мүк оған жарамайды, желкенді қандай
жағдайда да шлюпкада сақтау керек, ал ескірген брезентіміз – ыдырап,
жыртылғалы əзер тұр.
– Винтере морж терісін пайдаланған,– дедім мен.
– Ал бізде мысықтар бар!– деді Мод.
Сөйтіп келесі күні аң аулауды бастап та жібердік. Мылтық ата білмеуші
едім, оны да үйренуге тура келді. Бірақ үш мысыққа бола отыз патрон
жұмсағаннан кейін, бұл өнерді үйреніп болғанша бүкіл оқ-дəріні таусып
бітетін шығармын дедім де, дереу басқа бір амал ойлауға кірістім. Оның
үстіне отты дымқыл мүк жауып өшірмей отыруды үйренгенше сегіз
патронды жəне құртып алғанмын. Қазір жəшікте оның бар-жоғы жүздей
ғана данасы қалған.
– Амал жоқ, аңды енді таяқпен ұрып алу керек,– дедім мен өзімнен
мерген шықпасына əбден көзім жеткен соң.– Аңшылардан мұндайды да
естігенім бар-ды.
– Оған қалай дəтіміз барады!– деп, Мод қарсылық, білдірген.–
Бейшаралар өте сүйкімді жануар ғой. Оларды қалай таяқпен ұрамыз! Бұл
дегеніңіз хайуандық қой! Атудың жөні бір басқа...
– Бізге шатыр керек,– дедім мен қысқа қайырып.– Қыс, міне, иек
астымызда тұр. Не теңіз мысықтарын өлтіруіміз керек, не өзіміз өлуіміз
керек. Екінің – бірі, басқа бізде жол жоқ. Əрине, патронымыздың аздығы
өте өкінішті, бірақ менің ойымша олар оққа қарағанда таяқты жеңіл
көтеруге тиіс. Жəне оларды ұруға мен жалғыз барамын.
– Міне, мəселе сонда ғой,– деп ол сөзін əбіржи бастап, кілт үнсіз қалды.
– Əрине,– дедім мен,– егер сіз жөн көрсеңіз...
– Ал сонда мен немен айналысам?– деп ол маған сұраулы пішінмен көз
салады. Табандап тұрып алса, менің былқылдай бастайтынымды ол əбден
біліп алған ғой.
– Сіз отын жинап, тамақ дайындайтын боласыз,– дедім мен көп
ойланбастан.
Ол басын шайқады.
– Жоқ, сізге жалғыз баруға болмайды, бұл өте қауіпті дүние. Білем,
білем,– деп ол сөзін асыға жалғастырды, менің қарсыласатынымды алдынала сезіп.– Мен нəзік жанды əйел затынанмын ғой, солай-ақ болсын. Бірақ
менің кішкентай ғана көмегім сізді үлкен қырсықтан құтқаруы əбден
мүмкін емес пе!
– Көмек?.. Оларды таяқпен ұрып алуға қандай көмек керек?– деймін
мен.
– Əрине, бұны сіз істейсіз? Ал мен былай... айқайлап, қиқулап тұрамын,
қалай тек...
– Қалай тек маған қауіп төнген сəтте ме?– дедім мен əзілдеп.
– Бұл жағын маған қалдырыңыз, қай сəтте не істерімді өзім білермін,–
деді ол нық дауыспен.
Бұдан кейін əрине Модтың келесі күні таңертең менімен бірге аттанғаны
белгілі. Ескекті құлаштай есе отырып, шлюпканы келесі мүйіске алып
келдім. Төңірегіміздегі судың бəрі теңіз мысықтарымен қайнап жатыр екен,
жағада да олар мың-мыңдап өріп жүр: азан-қазан шулаған дауыстарының
құлақ жаңғыртқаны сондай, Мод екеуіміз бір-бірімізді естуіміз үшін
айқайлап сөйлесуге мəжбүр болдық.
– Оларды таяқпен соғып алатынын мен бұрыннан білемін,– дедім мен
өзімді жігерлендіргім келіп, бірақ жағадан отыз футтай жерде жалбыршақ
аяқтарымен тік тұрып мен жаққа қораздана қарап тұрған дүмдей бір
төбетіне сескене көз салып қойдым.– Бар мəселе тек қалай соғып алуда ғой.
– Жүріңізші, осының бəрін қойып, шатырды əншейін шөптен жасап
алайық,– дейді Мод.
Оның да мен сияқты сескеніп тұрғаны байқалады, қалай сескенбесін,
таяқ тастам ғана жерде аузы арандай ашылып, азу тісі ақсиып бір
əлдеқандай мақұлық тұрғанын көрсе.
– Мен ылғи да оларды адамнан қорқатын шығар деп ойлаушы ем,–
деймін мен.– Қызық-ау, ал олардың қорықпайтынын қайдан біліппін?– деп
жəне қосып қойдым.– Мүмкін мен жағаға шыға салысымен олар дүркірей
қашып, мен оларды қуып жете алмай ит болмайын!
Дегенмен бəрібір шабандап қалғандаймын.
– Мен мынадай бір əңгіме естіп едім,– деді Мод.– Ертеде бір адам
жабайы қаздардың ұясына түскенде, олар оны қып-қызыл жем ғып шоқып
тастаған көрінеді.
– Қаздар дейсіз бе?
– Иə, қаздар. Бұны маған бала кезімде үлкен ағам айтып берген.
– Алайда мен теңіз мысықтарын таяқпен соғып алатынын білем. Жəне
бұған сенем!– дедім мен табанды түрде.
– Ал мен шөптен тəп-тəуір шатыр жасап алуға болады деп білем,– деді
Мод.
Өзі оны қаламаса да, мені оған итермелей түсетін секілді ол. Кім өзін
қорқақ қылып көрсеткісі келеді дейсің.
– Не болса, о болсын!– деп, мен бір ескекті қару етіп, жағаға жақындай
бастадым.
Мен қайықтан қарғып түсіп, қаншықтарының ортасында күдірейіп
тұрған төбетке тұра ұмтылдым. Қолыма кəдімгі аңшылар шалажапсар етіп
əкеліп тастаған мысықтарды ұрып өлтіретін ескекшілердің жуан
таяқшасын ұстап алғам. Оның ұзындығы небəрі біржарым-ақ фут еді, мен
өз көзіммен көрмесем де, мысықтар үйіріне шабуыл жасаған кезде, таяқтың
ұзындығы кемінде төрт-бес фут болуға тиіс шығар деп шамаладым. Мен
жақындаған сəтте ұрғашы мысықтар жан-жаққа сүйретіле тырбаңдай
жөнелді де, орнында қалған төбет пен мен тұрған аралық біртіндеп
жақындай түсті. Ол қоқиланып, жалбыршақ аяқтарымен тік тұрды. Мен
оған бұл сəтте он екі футтай жақындап қалғанмын, дегенмен жəне жүре
түстім. Ішімнен: "қазір ол маған тұра жүгіретін шығар" деп қоямын...
Тағы бірнеше қадам жүргенде, мен шошиын дедім: мүмкін ол
жүгірмейтін болар? Жақсы, ондай жағдайда таяқпен бастан бір саламын,
дедім мен. Қорыққанымнан тіпті: менің мақсатым – мақұлықты үркіту
емес, өлтіру екенін ұмытып та кетіппін. Бірақ осы минутта ол пысқырып
жіберді де, гүрілдей өкіріп маған тұра ұмтылды. Көздері ұшқындап, аузы
арандай ашылып, сойдиған екі азу тісі аппақ болып, қорбаңдап шауып
келеді. Ұят та болса айтайын, бұл жерде енді ол емес, алды-артыма қарамай
мен қаштым. Сол қашқан қалпы қайыққа жетіп, оған қарғып мінген кезде
əлгі бəле маған екі-ақ қадам жетпей қалған. Ескектің көмегімен жағадан
тез-ақ түсіп кеткен сияқты едім, бірақ ол жете бере қайықтың құйрық
жағынан бір қарпып үлгерді. Бəленің тісі мұндай өткір болар ма, қатты
тақтай барт-бұрт етіп, жұмыртқаның қабығындай жарылып кетті. Біз Мод
екеуіміз не істерімізді білмей қалдық. Ал төбет қайықтың астына сүңгіп
кіріп, кильді ұзын тістерімен тістеген күйі ары-бері сілкілей бастаған.
– О, құдайым!.. Тезірек... тезірек кетейікші мына жерден!– деп Мод
шыж-быж болып жатыр.
Мен "жоқ!" дегендей басымды шайқадым.
– Басқалар істегенді мен де істей аламын, ал теңіз мысықтарын таяқпен
ұрып алатынын мен анық білемін. Бірақ, байқаймын, төбеттеріне тиіспеуім
керек екен.
– Ең дұрысы, осылардың біріне де тиіспеу керек шығар,– дейді Мод.
– Тек маған: "Мархабат, өтінем!" демеңізші,– дедім мен. Даусымның
ызғарлы шыққанын кейін сезіп, ыңғайсызданып қалдым.
Ол үндеген жоқ, əлгі сөзім жанына тиіп кеткенін түсіндім де, артынша:
– Кешіріңіз!– дедім айқайлай дауыстап, мысықтардың у-шуынан
естілмей ме деп.– Егер сіз шын қайтқыңыз келсе, қайтайық, бірақ өз басым
оны қалап тұрғам жоқ.
– Тек сіз ішіңізден болсын: "Міне, қайда əйелмен жолдас болудың
қырсығы!" дей көрмеңіз!– деп ол қулана күлді,– мен оның кешіргенін
білдім.
Жүрегімді орнына түсіріп, жігер-күшімді жинап алайын дедім де,
жағалау бойымен жай сырғып жүре бердім. Содан бір-екі миль жерге
барған соң қайықты су жиегіне қаңтарып, жағаға шықтым.
– Абай болыңыз!– деп айқайлайды Мод соңымнан.
Мен оған бас изедім де, қарсы алдымда алаңсыз жайылып жатқан бір
үйір мысықты шетінен түре шабуылды бастап кеп жібердім. Алғашында
бəрі ойдағыдай боп келе жатыр еді, сосын... Сосын бар бəле шетте өңкиіп
жатқан жалғыз бір қаншықтан шыққаны. Оны басынан ұрайын деп таяқты
сілтеп қалып едім, қолым мүлт кетіп, ол тырбаңдап қаша жөнелді. Қуып
жетіп тағы ұрдым. Бұл жолы да таяқ басына емес, иығына тиген. Кенет ту
сыртымнан:
– Сақтаныңыз!– деген Модтың ащы даусын естідім.
Аңшылықтың қызығына түскен мен жан-жағыма көз салуды мүлде
ұмытқан екенмін, қарасам оң жақ қалтарыстан үйір төбетінің өзі маған
қарай өңмеңдеп келеді екен. Мен тағы да жан ұшыра қайық жаққа қаштым.
Бірақ бұл жолы Мод маған бұныңызды қойыңыз деген жоқ.
– Менің ойымша, сізге үйірге тиіспей, саяқ жүргендермен айналысу
керек,– деді ол.– Олар жуастау болуы мүмкін. Мен бұл жөнінде тіпті бір
жерден оқығаным да бар. Ұмытпасам доктор Джорданнан-ау деймін. Оның
айтуынша, əлгіндей жалғыз-жарым саяқ жүретіндер – үйірге ие болуға əлі,
шамалары жоқ жас төбеттер болса керек. Джордан оларды "бойдақтар" деп
атаған секілді еді. Тек мəселе солардың үйірін табу ғана.
– Менің байқауымша, сіздің аңшылық инстинктіңіз оянған сияқты,– деп
күлдім мен.
– Мен де мына сіз сияқты өзімді жеңімпаз ретінде тануды ұнатпайтын
адаммын,– деді ол.– Сонымен қатар осы бір сүйкімді жануарларды өлтіруді
аса қош көрмейтінімді де жасырғым келмейді.
– Сүйкімді дейсіз бе?!– деп күлдім мен.– Тістерін ақситып алып мені
қорбаңдай қуған сол бір құбыжықтардан өз басым ешқандай сүйкімділік
көргем жоқ.
– Мəселе қалай көре білуде,– деді ол да күліп.– Сізге алыстан болжау
жетіспейді. Бақылауға алған затқа тым жақын келу жөн емес.
– Тура айтасыз!– дедім мен мəз болып.– Оларға тым жақындамас үшін
маған таяқтың ұзыны керек. Айтпақшы, бізде сынған ескек бар емес пе,
соның сабын неге пайдаланбасқа.
– Иə, иə, есіме түсті...– деді Мод.– Бірде капитан Ларсен маған
жайылымға шыққан теңіз мысықтарын қалай аулау керектігін айтып еді:
олардың аздаған бір бөлігін үйірден бөліп алып, жағадан аулағырақ жерге
апарып өлтіреді.
– Ал мен олардың "аздаған бөлігін үйірден бөліп алуға" аса құлқым
жоқ,– дедім мен.
– Бұған қоса жəне "бойдақтар" бар, – деді ол.– Олар жеке-жекеден
жүреді. Доктор Джорданның айтуынша, үйірлердің екі арасында жол
сияқты ашық жер қалады, "бойдақтар" осы жерден өтіп болғанша үйір
төбеттері оларға тиіспейді...
– Miнe, сіз айтқан солардың бірі,– деп мен жағаға қарай жүзіп бара
жатқан жас "бойдақтың" бірін нұсқадым.– Осыны қазір бақылап тұрамыз,
егер ол судан шықса, мен соңынан барамын.
Ол, расында, екі үйірдің арасындағы ашық жермен жағаға шықты да,
əлгі айтқан аралық "жолмен" жоғары өрлей жөнелді. Үйір төбеттері оған
қарап пыр-пыр еткендері болмаса, тиісуге ыңғай білдірмеді.
– Ал енді осыны көрейік!– деп мен шлюпкадан секіріп түстім, дегенмен
ана құжынаған мысықтардың арасымен өтем-ау деген ой басыма келгенде,
жүрегім бақайшағымның басына түсіп кеткен.
– Қайықты бекітіп кеткеніңіз жөн шығар...
Ту сыртыма жалт қарасам... жанымда Мод тұр. Енді оған не деуге
болады?! Қалыңыз, мені қайықта күтіңіз десең, ренжиді.
– Таңданбай-ақ қойыңыз, мен сізбен барамын,– деді ол батыл түрде.–
Қайықты жағаға шығарыңқырап қойыңыз да, маған да бір таяқ тауып
беріңіз.
– Расында, бəрін қойып, кейін қайтайықшы осы,– дедім мен шаршай тіл
қатып.– Тым қиналып бара жатсақ шөптен де бірдеме істерміз.
– Шөптен ештеме шықпайтынын маған қарағанда сіз жақсы білесіз,–
дегенді естідім соңымнан.– Мүмкін мен алда жүретін шығармын.
Мен иығымды көтердім де қойдым, бірақ іштей оның батылдығы мен
қайсарлығына қатты риза болдым. Сынған ескекті оған бердім де, өзім
басқасын ұстадым. Сосын жүрексіне басып, алға жүріп кеттік. Бір ұрғашы
мысық қызықтап Модтың аяғына тұмсығын соза бергенде, ол
қорыққанынан ыршып түскен, дəл осындайдан сескеніп мен де аяғымды
аңдап-аңдап басамын. Екі үйір жақтан да сақтана пыр-пырлаған дыбыстар
естілген, басқадай қарсылық білінген жоқ. Бұл жердегі мысық базары
аңшыларды əлі көрмеген ғой, сондықтан да олардың адамнан не
қорыққаны, не запыс болғаны білінбейді.
Үйір ортасындағы шудың қаттылығы сондай, құлағың тұнып, басың
айналады. Мен тоқтап, Модқа күле қарап қойдым. Бұным оны мазақ қылу
емес, көңілін көтерейін дегенім ғой. Менің бойымды билеген əлгіндегі
қорқыныш пен үрей көп өтпей-ақ басылып қалып еді, ал Мод одан əлі де
құтыла алмай, маған тығыла түскен де:
– Қорқып келем!– деген құлағыма сыбырлап.– Өт-те қорқып келем!
Ал мен қорыққам жоқ. Өзімді əлі де керемет сезіне қоймасам да,
мысықтардың жуастау момақан мінездері менің өрекпіген жүрегімді басып,
көңілімді тыныштандыра түскен. Модта бəрі керісінше.
– Мен қорқам да, қорықпаймын да,– дейді ол еріндері дірілдеп.– Қорқып
тұрған – менің тəнім ғана, ал жаным ештемеден қорықпайды.
– Өте дұрыс! Өте жақсы!– деймін "мен тұрғанда қорықпа" дегендей
инстинкті түрде оның иығынан құшақтап.
Сол сəтте бойыма тасқындай құйылған еркектік күш-қуатты қалай
сезінгенімді мен еш уақытта ұмытпаймын. Ғайыптан о бастағы
инстинктеріме тіл біткендей; солардың сыбырлауымен мен өзімді нəзік
жандардың қорғаны – сол нəзік жандар үшін кез келген сəтте еркек
кіндіктілермен жан алысып, жан берісетін нағыз еркек ретінде сезінгенмін.
Бірақ бəрінен бұрын мен өзім сүйген жанға қорған болатыным – бүкіл
сезім-түйсігімнің ең қымбаттысы болып көрінген. Мод таңғы шықтай
мөлдіреп, қыр гүліндей майысып, маған сүйеніп еді, бойындағы дірілі
біртіндеп бəсеңдей бастағанын байқадым. Бұл да менің күш-қуатымды
нығыздай түскен. Егер дəл осы мезетте екі жағымдағы қалың үйірдің
бірінен бір зор төбет шыға келіп, Модты бассалса, мен онымен бір тамшы
қаным қалғанша айқасар едім жəне оны жеңіп те шығар едім.
– Жақсы боп қалдым... бəрі де жақсы,– деді Мод маған ризашылықпен
көз тастап.– Ары қарай жүре берейік.
Сосын... Бұл қыздың өзі де бүкіл күш-қайраты мен ерік-жігерін мен
үшін сарп етіп келеді ғой деген ой басыма келгенде, жүрегімді шаттық пен
қуаныш кернеген. Жəне тағы... Бүкіл қабат-қабат ғасырлар қойнауының
ішінен баяғы... тас дəуірінде өмір сүрген – аң аулаумен күн өткізіп, ашық
аспан астында тіршілік еткен менің көне бабаларымнан қалған əлдебір
құдіретті күш құлақ түбімнен ап-анық үн қатқандай болған. Ал егер бұл
үшін мен бір адамға рахмет айтсам, Қорқау Ларсенге айтуым керек қой деп
ойладым мен, Мод екеуіміз үйірлер арасындағы "жолмен" өрлеп келе
жатқанда.
Арал қойнауына жарты мильдей бойлай кірген кезімізде, жеке жатқан
бір үйір "бойдақтардың" үстінен түстік. Шіркіндерің пүліштей жұмсақ
түктері жылтырап, жылы күннің шуағына бойларын қыздырып, нағыз
еркек боп күйекке түсер күнді осында асыға күтіп жатқан секілді.
Бұл жерде менің қолым бірден жүріп кеткен. Құдды өмір бойы тек теңіз
мысықтарын аулап келе жатқан адам секілдімін: айқайлап үркітіп, кейбір
ерінген шабандарын таяқтың күшімен жүргізіп, ақыры жиырма шақтысын
үйірден бөліп алдым да, аулаққа айдай жөнелдім. Олардың қашуға
ұмтылғандарын қуып əкеліп қайта алдыма саламын. Бұл іске Мод та барын
салып кіріскен, қолындағы шолақ ескекті ары-бері былғап, кейде айқайлап
қойып, бір мезеттерде менің алдыма да түсіп кетеді. Алайда ол кейбір
тіптен əлсіз, жүдеу мысықтарды топтан əдейі шығарып жіберіп жүргенін де
байқап қалып отырдым. Есесіне енді бір күжірейген мықтылары қатардан
шыға қашқысы келсе, оларды таяқпен ұрып, ішке қайта тығудан да
тайынған емес.
– Мынау өзі бір қызық жұмыс екен!– деді ол бір кезде шаршағаннан
ентіге тыныстап.–Дегенмен, бірер минут отырып, демалып алу да артық
етпес.
Ол əзірге демалып отырған уақытта, мен алдымдағы шағын топты жүз
қадамдай жерге апарып, бір-бірлеп өлтіре бастағам. Модтың көңілшектігі
арқасында манағы жиырма шақтыдан бар қалғаны да осы он екі бас еді,
мен оларды түгелдей "жусатып" салып, енді терілерін сыпыра берген
кезімде Мод та жаныма келген. Сосын бір сағаттан кейін пұшпақтарынан
су тамшылаған жас терілерді салпылдата көтеріп, кері қайттық. Сөйтіп
қайық пен "қасапқана" арасына екі рет қатынаған кезде шатырға терінің
молынан жететіні анық байқалған. Іс бітті! Көңіл көтерілді. Желкенді
желбіретіп, қайтар жолға түстік.
– Бейнебір өз үйімізге келе жатқан сияқтымыз,– деген Мод сонадайдан
өз мүйісіміздің төбесін көргенде.
Бұл сөз менің көңілімді нілдей бұзып, қай-қайдағымды қозғағандай
болды. Heгe екені белгісіз, əйел затына деген сағынышым да бірге
оянғандай.
– Ал мен ешқашан бұдан басқадай өмір сүрмеген сияқтымын,–деймін
мен. Баяғы кітап кеміріп отырған күндерімнің бəрі көрген түстей, құр
елестей ғана көрінеді. Тура солай! Бəрі – елес, бəрі – түс! Ал өзім шын
мəнінде көзімді ашқалы тек қана аң аулап, мысық соғып келе жатқан
секілдімін. Жəне бір қызығы, осындай күндердің бəрінде сіз де менің
жанымда жүргендей боласыз. Құдды сіз...– "менің əйелім, менің серігім
болғандайсыз" деген сөз еркімнен тыс шығып кете жаздап,– жалпы сіз
қиындыққа өте төзімді адамсыз,– дедім сөз аяғын кілт бұрып.
Бірақ бір нəрсені бүгіп қалғанымды Модтың сақ құлағы сезе қойған да,
маған ол жалт бұрылып, сұраулы пішінмен қадала қараған.
– Жоқ, басқаға бұрып жібердіңіз... Сіздің айтайын дегеніңіз...
– Менің айтайын дегенім, американдық миссис Мейнелл қазір жабайы
өмір сүріп жатыр, жəне онысы қызықсыз да емес,– деймін мен күліп.
– О-о!– деп, ол да жадырай күлген, бірақ əлденеге көңілі алабұрта
қалғаны анық білініп еді.
"Менің əйелім, менің серігім!.." Осы сөз сол күні де, сонан кейін де
көпке дейін есімнен бір шықсашы! Модқа қарасам болды, ернім жыбырлап,
соны айтқысы келеді де тұрады. Əсіресе кешкісін Мод менің алдымда ас
қамымен күйбең-күйбең етіп жүрген сəтінде, неге екені белгісіз, əлгі сөзді
айқайлап тұрып айтқым келгені сондай, өзімді-өзім əзер тежегенім бар. Рас,
көне дəуірлерде өмір сүрген ата-бабаларыммен менің байланысым күшті
еді, кезінде алғаш рет солардың аузынан шыққан сөз енді мені де ерекше
толғандырып, ғажайып сезімдерге бөлеген. Бұл толғаныс, бұл сезім
күннен-күнге күшейе түспесе, бəсеңдемесін уақыт өткен сайын мен анық
сезіне бастадым.
ОТЫЗ БІРІНШІ ТАРАУ
– Əрине, теріден тым жағымды иіс шыға қоймас, бірақ бұдан жылы,
бұдан берік затты таба қоюымыз екіталай,– дедім мен.– Ең бастысы, бұл
бізді қар мен жаңбырдан сақтаса болды да.
Тек теріден жасап шыққан шатырымызға өзімізше сүйсіне қарап тұрмыз.
– "Сұлуынан жылуы" деген. Бізге керегі сол жылулығы ғой,– деймін
ішімнен, Модтан бір жылы сөз күтіп.
– Керемет!– дейді ол қолын шапалақтап.– Кəдімгі үйден еш кемдігі жоқ!
Сіз өте шебер адамсыз, мистер Ван-Вейден!
Бірақ артынша ол:
– Іші мүлде қараңғы болғаны қалай?!– деген өкінішті дауыспен.– Иə,
тым қараңғы сияқты...
– Heгe сіз қабырғаны қалап жатқан кезде терезені еске салмағансыз?–
деймін мен.– Бұл лашық негізінен сізге жасалғанын білесіз, ендеше өзіңізге
қажеттінің бəрін менің есіме салып отыруыңыз керек еді.
– Көзге көрініп тұрған дүниені көзге шұқып айтатын əдетім жоқ-ты,–
дейді ол əзілдей күліп.–Дегенмен, бүлініп қалған ештеме жоқ, алақандай
терезе үшін қабырғаны тесе салу қанша қиын!
– Өте дұрыс айтасыз. Дəл осыны ойламаппын-ау!– деп енді мен де
күлемін.– Жақсы, сіз терезе жайын ойлаған екенсіз, ендеше дүкенге бірден
телефон шалып,– егер ұмытпасам: Рэд-44-51 деген номерге – қандай шыны
керектігін айта қойыңызшы!
– Демек бұл?..– дей беріп еді ол, мен асығыс түрде:
– Демек бұл терезе болмайды деген сөз,– дедім.
Шындығында, лашығымыз есіктен басқа бір тесігі жоқ – бітеу, сырты
қандай қап-қара болса, іші де сондай қараңғы, күңгірт еді. Қазіргі өркениет
жағдайында мұндай төрт қабырғаның ішіне шошқа мен есек болмаса, басқа
біреудің басын сұғуы екіталай-тұғын, алайда алақандай қайық ішінде
көрмеген қорлықты көріп келген біз үшін бұл лашық енді патша
сарайындай көрінген. Мысық майын ерітіп жасаған білтешамның
жарығымен өзімізше "қоныс тойын" өткізген соң, бірден қысқа азық
дайындауға кірісіп кеттік. Аң аулау деген біз үшін енді сыртқа шығып
серуендеп қайтумен бірдей ғана боп қалған. Таңертең бос қайықпен шығып
кетеміз де, түске жетпей оны мысық етіне толтырып қайтып келеміз. Сосын
мен өзіме деген екінші лашықты жасауға кіріскем, ал Мод ет кептірумен
айналысқан. Сонымен қатар отты сөндіріп алмау да оның міндетіне кіреді.
Орталық штаттарда етті қалай кептіретінін бұрын талай естігенім бар-ды,
біз де енді сол тəсілге көшкенбіз – сұрпы етті ұзынынан жұқалап тіліп
аламыз да, оны таяққа орап, отқа тақап ұстап тұрамыз. Біраздан соң ол
саңғырлап кеуіп қалады.
Екінші лашықты мен біріншісіне жапсарлата салғанмын, сондықтан үш
қабырғаны тұрғызу маған аса қиынға соқпаған. Дегенмен, бұған да аз күш
жұмсағамыз жоқ. Мод екеуіміз таңның атысынан күннің батысына дейін
бір демалмай жұмыс істейміз де, ал кешкісін лашыққа кірген бойда,
сөйлеуге де шамамыз келмей, сылқ етіп құлап түсеміз. Мод соның өзінде
маған "ешқашан да өзімді дəл осындай күшті де сергек сезінген емеспін"
деп, ағынан жарылған болады. Мен де өзім жөнінде тура осылай дер едім,
бірақ Мод дегеніміз бір тал гүлден де нəзік жан ғой, сол себепті де мен оны
ауырып қала ма, мынадай жұмысты көтере алмай бір күні мұрттай ұша ма
деп қатты уайымдаған да кезім көп. Оның əбден шаршаған кезінде құмға
етпетінен түсіп, қолын екі жаққа жайған қалпы шамалы жан шақырып
алған соң, қайтадан жұмысқа қайраттана кірісіп кеткенін талай рет
көргенмін. Сонда бұл қас қағым сəтте күшті қайдан жинап алады деп
таңқалушы едім.
– Қоста əлі демалып үлгіреміз ғой, жата-жата жамбасымыз сарғаяр сол
күндері,– дейтін ол, сонда менің "демалсаңызшы" деген сөзіме орай.
Маған арнап жасалған екінші лашық біткен күні тағы бір рет "қоныс
тойын" атап өткенбіз. Сосын... арада үш күн өткенде алай-дүлей дауыл
соқсын келіп: күтпеген жерде оңтүстік-шығыстан ол біртіндеп бағытын
солтүстік-батысқа қарай бұрған,– ал қазір бізге тура теңіз жақтан қасқа
маңдайға ұрып тұр еді. Теңіздің арпылдаған ақбас толқындары көрші
мүйістің жадағай жағасына дөңбекши домалап барып, гүрс етіп құлап
түседі де, сосын ішін өкси тартып кейін шегініп кетеді. Біздің жаман
лашықтарды түтіп жердей долдана соққан желге маңайымыздағы құзжартасты жоталар тіпті қабықтай да қалқан бола алмаған – өзім асығысүсігіс қалап шыққан қабырғалар кез келген сəтте жалп ете түсе ме деп
қатты қауіптенем. Шатыр үстінде жатқан терілер аз-ақ күнде кеуіп қалған
екен, енді жел соққан сайын қаудыр-қаудыр етіп, төбемізде ары-бері көшеді
де жүреді; қабырға арасына тыққан мүктерді жел жұлмалап, жанжағымыздың бəрін шұрқ-шұрқ тесік етіп тастаған. Тек іште шамасы
жеткенше жарығын аямай шашып тұрған кішкентай майшам ғана көңілге
бір медет. Мод екеуіміз ендігі қызуды да, қызықты да тек содан іздейтін
секілдіміз.
Бұл кеш – біздің осы аралға тап болғалы ең бір уайымсыз, мұңсыз
өткізген ғажап кешіміз болған. Шындығында Мод екеуіміз оны осылай деп
бағаладық, солай деп есептедік. Бұған негіз де жеткілікті еді. Ең бастысы –
екеуіміздің де баспанамыз дайын болды. Қысқы азықты молынан жинап
алдық; жейтін ет, жағатын май жетіп артылады, енді мысықтар басқа жаққа
көшпек түгілі Тескентау өтіп кетсе де – өз еріктері. Сосын, мінеки, тіпті
жұмсақ төсек-орындарымыз да əзір тұр. Ал оны дайындаған Мод қой,
менің Модым ғой. Əсіресе оның... ішіне құрғақ шөп пен мүк тығындап,
маған арнайы істеп берген жайма-төсегін айтсаңшы! Ең қуаныштысы сол,
мен бүгін бірінші рет сол төсекке жатайын деп тұрмын.
Мод өз лашығына кетіп бара жатып, маған шұғыл мойын бұрды да:
– Не екенін білмеймін, бірақ бірдеме болатын сияқты,– деді күтпеген
жерде жұмбақтай сөйлеп.– Дəлірегінде... соның өзі болып та қойды ма
деймін. Иə, анық сезіп тұрмын, тура осы сəтте бір нəрсенің басы біз жаққа
бұрылғандай. Оның не екенін, расында дөп басып айта алмаймын, бірақ не
де болса бұл жерге жақын қалғаны анық.
– Жақсы бірдеме ме, əлде?..
– Білмеймін, жақсы болсын, жаман болсын, ол маған анау жерде келе
жатқандай көрінеді,– деп Мод теңіздің сонау бір қарақошқыл қойнауына
қарай иек қақты.– Байқайсың ба, жел де сол жақтан соғып тұрған жоқ па?!
– Теңіз де, шторм да сол жерде ғой,– деп күлдім мен.– Мынадай жеті
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 19
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.