Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 07

Total number of words is 4149
Total number of unique words is 2164
35.5 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жеп көрмеген ит тірлігімді ме? Немесе бесіктен белім шықпай жатып
балықшылармен теңізге шығып, сан рет ажалмен бетпе-бет келгенімді ме?
Мүмкін, теңізге бірінен кейін бірі кетіп, ақыры біреуі де қайтып
оралмаған ағаларымның тағдырын айтуым керек шығар? Жоқ, əлде не оқи,
не жаза білмейтін он жасар кезімде юнга болып, қайдағы бір жүк таситын
кемемен қандай қияметті сапарларда болғанымды жəне сол сапарларда
кімдерден таяқ жеп, кімдерден тепкі көргенімді, сөйтіп жылап жүріп,
кектеніп жүріп бауыр көтергенімді жыр етсем бе? Жоқ, мен бұларды айтпақ
түгілі еске де алғым келмейді. Еске алсам, қай-қайдағым қозып шыға
келеді. Əсіресе, əлгі жүк таситын кемедегі күндерімді. Есейген кезімде сол
кемедегі біреулерді өлтіремін деп талай рет ойлағам, бірақ, амал не, кейін
басқа кемеге ауысып кеттім ғой. Дегенмен, өткен бір жылдары сол кемеге
кездейсоқ кезігіп қалғаным жəне бар, алайда, өкінішке қарай, бұрынғы
экипаждағылардың бəрі өліп, тек біреуі ғана тірі қалыпты. Мен юнга болып
жүргенде ол небəрі штурман болатын, мен қайта жолыққанда, капитан
дəрежесіне көтеріліп алыпты. Сіз оған не істедіңіз дейтін шығарсыз? Не
істеймін, бір-ақ жұдырық жұмсап, мүгедек етіп тастадым, мүлде жүре
алмайтын етіп!
– Сіз мектепке барған жоқсыз, сөйте тұра Спенсер мен Дарвинді қалай
оқып жүрсіз? Жалпы, жазу-сызуды қайдан үйрендіңіз?
– Ағылшын сауда кемесінде. Он екі жасымда кают-юнга болдым, ал он
төртімде – юнга, он алтыда – матрос, он жеті жасымда – аға матрос жəне
бактегі бірінші басбұзар боп шыға келдім. Ешкімнен көмек, ешкімнен
қайыр көрмей-ақ жалғыз өзім жанталаса жүріп, үнемі үміттене жүріп,
бəріне өзім жеттім: теңіз ілімі мен математиканы, жаратылыстану мен
əдебиетті өздігімнен үйрендім. Бұның бəрі маған не үшін керек болды? Сіз
айтқандай, күш-қуатым əбден толған кезде, дəлірегінде күнім еңкейген
тұста, осы шхунаға ие болып қалу үшін бе? Бұл дегеніңіз бейшаралық қой,
солай емес пе? Ал мен қалай осы деңгейден аспай қалдым? Өйткені
тамырым таязда болды – күн көзіне ерте күйдім, көктей солдым.
– Бірақ тарихта дегеніне жеткен құлдар да болған ғой,– дедім мен.
– Ондайға жету үшін тарихта сəтті жағдайлар болған,– деді ол қабағын
түйе түсіп.– Жалпы, ешкім де өз тағдырын өзі жасамайды. Дүниедегі
барлық ұлы адамдар бақыттың тек жалына ғана жармаса білген. Мəселен,
бұған ұлы Корсикандықты мысалға алсаң да жетер. Мен де кезінде аз
дүниені армандағам жоқ. Бірақ, қайтесің, сəтті жағдайға кезікпедім. Енді
көктей бастағанда, күрмекке шырмалдым – күйдім де кеттім. Хэмп,
имандай шындығымды айтайын, мен туралы сіздің осы білгеніңізді менің
ағамнан артық білетін бұл жалғанда ешкім жоқ.
– Ол ағаңыз қайда? Не істейді?
– "Македония" дейтін кəсіпшілік кемесінде. Капитан. Мен сияқты теңіз
мысықтарын аулайды. Біз онымен Жапония жағалауларында кездесіп
қалуымыз əбден мүмкін. Оны Тажал Ларсен деп атайды.
– Тажал Ларсен?!– дедім мен таңданып.– Ол да сіз сияқты ма?
– Жоға. Нағыз хайуанның өзі ғой ол. Алайда маған ұқсайтын да көп
жерлері бар.
– Мəселен?.. Қатыгездігі ме?
– Рахмет, дəл таптың. Бұл жағынан менен асып түспесе, кем түспейді,
бірақ не оқи, не жаза білмейтін надандығы бар.
– Өмір туралы ешқашан пəлсапа да соқпай ма?
– Пішту,– деді Қорқау Ларсен мырс етіп.– Мүмкін бақыты да сонда
шығар. Оның өмір туралы ойлауға уақыты да, шамасы да жоқ – тек сол
өмірді иттікке жұмсауды ғана біледі. Менің барлық қателіктерімнің басы –
алғаш рет кітап бетін ашқан күннен басталған. Солай, Хэмп!
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
Тынық мұхитты көктей кесіп келе жатқан "Елес" оңтүстікте көздеген ең
қиыр нүктесіне жетіп, енді біртіндеп солтүстік-батысқа қарай бет түзеген;
кемедегілердің айтуынша, Жапон жағалауларына жетіп, теңіз мысықтарын
аулауға кіріспес бұрын, жолай əлдебір аралға соғып, тұщы су толтырып
алуымыз керек екен. Аңшылар винтовка мен қосауыздарын сүртіп-тазалап,
матростар теңіз мысықтарына дыбыссыз жақындау үшін ескек тұтқалары
мен тіреуіштеріне бұлғары орап, Личтің сөзімен айтқанда, əркім өзінің
құрал-жабдығын алдағы "қансонарға" жарқырата дайындай бастап еді.
Лич демекші, оның қолындағы жара біртіндеп жазылуға айналған, бірақ,
байқауымызша, пышақ ізі өмір бақи қалатын сияқты. Томас Магридждің
бұл жігіттен өлердей қорқатыны сондай, кешкісін тіпті палуба жаққа қылаң
еткізіп төбе көрсетуден қалған. Бак жақта да жағдай оңып тұрған жоқ.
Луистің айтуынша, араларында капитанға сөз жеткізіп жүруші біреулер бар
көрінеді, соған күдікті деген екі сүмелекті матростар оңаша шығарып алып,
итше тепкілепті. Луис сонымен қатар өз шлюпкасында ескекші болып
істейтін Джонсонның да басына бəле іздеп жүргенін тілге тиек етеді. Ал
Джонсонның өзі "мен олармен қасық қаным қалғанша айқасамын. Не –
өлім, не – өмір!" дейді. Сонда кіммен? Капитанмен, оның көмекшісімен! Өз
атын бұрмалап айтқаны үшін ол, расында, Қорқау Ларсенмен екі рет қатты
ұстасып қалыпты. Оған еліктеп Иогансен де бұны мазақ қылғысы келген
екен, бірақ дұрыстап тұрып бір жұдырық жеген соң, бірден артын қыса
қойыпты. Иогансеннің жөні басқа, ал Қорқау Ларсенмен ұстасу –
арыстанды артынан түртумен бірдей ғой.
Луис маған Тажал дейтін екінші Ларсен туралы да біраз əңгіме айтқан.
Бұл əңгіме капитанның өз ағасына берген бірер ауыз мінездемесіне тұптура келіп еді. Біз онымен Жапон жағалауларында кездесуіміз мүмкін екен.
"Нағыз шайқасты сонда көресің,– дейді Луис.– Ағайынды Ларсендер бірбірін иттің етінен жек көреді".
Луистің сөзінен менің кеңірек түсінгенім: Тажал Ларсен басқаратын
"Македония" кемесі – бүкіл кəсіптік флотилия ішіндегі ең мықты пароход;
егер мына шхунада небəрі алты-ақ шлюпка болса, онда – бақандай он төрт.
Бортында тіпті бірнеше зеңбірек те бар. Өйткені... бұл кеме Құрама
Штаттарға есірткі тасымалдау, Қытайға қару-жарақ жеткізу, ашықтан-ашық
құс сату, қарақшылық жасау сияқты аса ірі "шаруалармен" де айналысатын
секілді. Луистің бұл сөзіне сенбеске лажым да жоқ, себебі: біріншідсн, ол
өтірік айтатын адамға мүлде ұқсамас еді, екіншіден, теңіз мысығын
аулаумен шұғылданатын бүкіл кəсіпшіліктің қыры мен сырын одан артық
білетін жылжымалы энциклопедия біздің арамызда жоқ қой.
Осы бір шын мəнінде жын қаққан кемеде бір-бірімен ұстасып, тістесіп
жүргендер тек əлгі матростар кубригінде ғана емес, камбузде де, аңшылар
кубригінде де бар. Қысқасы, барлық жерде бірін-бірі бауыздап жіберуге
дайын тұрғандар жеткілікті. Аңшылар əлі күнге дейін есеп айырыса алмай
жүрген Смок пен Гендерсон қай күні айқасты қайта бастайды екен деп
жанығып отыр, ал Қорқау Ларсен сол айқаста кім тірі қалса, соны өз
қолыммен жер жастандырамын деп тістенеді. Бұнысы – тіпті де
адамгершілік жағын ойлаудан туған ізгі шешім емес екенін ол жасырмайды
да. Оған бүкіл аңшылар бірін-бірі атып тастаса да – бəрібір, тек олар аман
жүріп, оның шаруасын атқара берсе болғаны. Яки Қорқау Ларсенге
аңшылардың өзі емес, аңшылар атқаратын жұмыс қана керек. Сондықтан
ол: сапардың аяғына дейін ұрыс-төбелессіз шыдап шыққан аңшыларға не
керектің бəрін берем, ал оған шыдамағандарды кез келген уақытта борттан
лақтыра салу маған түк емес, дейді. Бұл – əншейін қорқыту емес,
капитанның шын сөзі екенін, кесіп алса қан шықпас тас жүректігін
аңшылар да сезеді. Олар өздерінше қанша қоқиланғанмен қатты қорқатыны
да рас.
Томас Магридж менің алдымда құйрығын қысқан иттей бұғып жүреді,
ал өз кезегімде мен де одан іштей сескеніп жүрем. Өйткені, өз басымдағы
жағдайдан-ақ сезем – оның қорқынышының өзінде еркектік мəрттік бар,
онысы кез келген сəтте бас көтеріп шыға келуі, сөйтіп менің қапымды
тауып қалпақтай ұшыруы əбден мүмкін ғой. Анда-санда сыздап ауырғаны
болмаса, негізінен тіземнің жарасы жазылып қалды. Қорқау Ларсен
қаттырақ қысып жіберген қолыма да енді біртіндеп жан кіре бастағандай.
Қысқасын айтқанда, жалпы жағдайым жаман емес. Соңғы уақытта бойыма
біраз күш жиналып қалғанын сеземін. Бұлшық еттерім өсіп, тығыздана
түскен. Тек қолдарыма қарасам, жылағым келеді. Терісі құдды күйіп
қалғандай ылғи да бырысып-тырысып тұрады. Тырнақтарымның ұшы қапқара – əбден кір сіңіп қалған. Алақандарым – тұтасқан сүйел. Бұған қоса əр
жерімнен шиқан шығып, олар сыздағанда жанымды көзіме көрсетеді. Тегі
кеменің тамағы жақпай жүрсе керек, əйтпесе, мұндай бəлені бұрын
ешуақытта көрген жоқ едім.
Бірер күн бұрын Қорқау Ларсен тағы бір қылығымен мені өзіне тарта
түскен: кешкісін кают-компанияға кірсем, ол Тəуратты оқып отыр екен.
Естеріңізде болар, сапар басында бұрынғы көмекші өліп жатқанда, бəрі
жиылып іздеп бір дұға кітабын таба алмағанын жоғарыда жазып едім ғой,
сол кітап – сол Тəурат кейін əлгі өлген көмекшінің сандығынан шыққанды. Міне енді соны капитан оқып отыр. Оқығанда, оның ішінен өзіне
қажетті нені іздегенін кім білсін, мен жанына келген кезде ол
Экклезиасстан бір ұзақ үзіндіні маған дауыстап оқи жөнелді. Осы сəтте ол
оқығаннан көрі өз ойларын маған күңірене айтып отырғандай көрінді. Иə,
күңірене. Оның даусынан каюта іші жаңғырығып, қабырғалардың өзі
күңгір-күңгір сөйлегендей болып, менің төбе құйқамды шымырлатып
жібергендей болды. Осындай адамды білімсіз деп қалай айтасың, оқуы
керемет енді! Сол сəттегі оның мұңдылау қоңыр даусы əлі күнге есімде.
"Мен өзіме патшалар мен аймақтардан алтын, күміс, асыл тасты үйіп-
төгіп жинап алдым; маңайыма кілең бір əнші жігіттер мен əнші қыздарды
топтастырдым, олардың қолына адамзат баласын шексіз лəззатқа бөлейтін
небір саз аспаптарын бердім.
Сөйтіп мен Иерусалимде маған дейін өмір сүрген барлық адамнан ұлы,
барлығынан бай болдым, ақыл-парасат жағынан да алдыма ешкім түскен
жоқ.
Сосын өз қолыммен жасаған барлық игіліктерге, өз маңдай терім сіңген
барша еңбегіме үңілдім: сонда көзім жеткені – бəрі де бос тыраштану,
босқа өзімді шаршату екен, күн астындағы күллі əлемге одан келер бес
тиын пайда жоқ екен!...
Кім-кімнің де барар жері – біреу екен: діншілдің де, кəпірдің де, жақсы
менен жаманның да, адал менен арамның да, қайыр-садақа бергеннің де,
бермегеннің де, күнəлі мен күнəсіздің де, ант берген мен анттан басын ала
қашқанның да ақыр соңында тірелетін тұсы – өлім деген бір тұйық екен.
Күн астындағы күллі əлемнің бүкіл қасіреті де осында екен – əрбір
жүректің кірлеуі, кез келген қолдың қанға батуы, тірі деген пенденің небір
иттіктер мен зұлымдыққа баруы – осы қасіретті сезгендіктен, ертеңгі күні
өлетінін білгендіктен екен; сөйтіп ақыр соңында келместің кемесіне мініп
аттанады екен.
Бұл жерде тірі өліктің күнін кешіп жүргендерге де қызыға қарауға
болады, өйткені өлі арыстаннан тірі тышқан артық қой.
Тірілер өлетінін біледі, ал өлілер нені біледі, оларды қанша мақтанмарапаттағанмен аттары біртіндеп ұмытыла бастайды.
Жəне олардың тірісінде біреуді жақсы көргені, жек көргені, қызғанғаны
бүгінде кімге керек, мына жарық дүниеде енді оларға тиесілі түк те жоқ".
– Міне, солай, Хэмп,– деді ол кітаптан көзін алған бойда маған қарап.–
Байқасаңыз, кезінде Иерусалимде патшалық құрған атақты данышпан да
дəл мен сияқты ойлаған. Сіз мені уайымшыл, күйрек дейсіз? Ал нағыз
күйректіктің көкесі мынау емес пе екен? "Бəрі де – далбаса, босқа
тыраштану, күн астындағы күллі əлемге бұдан ешқандай пайда жоқ!", "Кімкімнің де барар жері – біреу ғана"– ақылды мен ақымақтың да, адал мен
харамның да, күнəлі мен күнəсіздің де. Оның айтуынша, тірі атаулының
түбінде бір тірелетін жері бар, ол – тұйық, ол – өлім, барлық зауал сонда.
Бұл данышпанның да өмірді керемет сүйгені, сол сүйгенінен ажырағысы
келмегені көрініп тұр. "Өлі арыстаннан тірі тышқан артық" деп ол тегін
айтпаған. Ол көрдегі тыныштықтан гөрі жердегі тынымсыздықты дұрыс
көрген. Тұп-тура мен сияқты. Жер бетінде қыбырлап жүру – иттік. Алайда
жерде жатқан тас сияқты жансыз, қамсыз, қарекетсіз болу – одан да өткен
иттік. Бұл менің бүкіл тіршілігіме, өміріме қайшы келеді. Өйткені өмір
атаулының мəні қозғалыста, күресте, əрекетте. Өмір дегеніміз – ештемеге
қанағаттанбау, ештемеге көңіл толмау, ал өлім деген – одан да өткен
жиренішті.
– Сіз Омар Хəйямнан да асып түстіңіз,– дедім мен.– Бірақ ол жастыққа
тəн əдеттегі күмəн-күдіктерден кейін өмірден қанағат тауып, өз қуанышқызығының материализмін жасаған еді.
– Кім ол Омар Хəйям дегенің?– деді ол.
Бұл сұрақтан кейін мен екі күн бойы камбуздегі күйбең тірліктен
құтылып, тек оған Омар Хəйям туралы айтумен болдым.
Кітапты таңдап-талғап оқып үйренбеген оның қолына бұрын-соңды
"Рубаят" түспеген екен, енді ол оған ғайыптан тапқан ғажайып олжадай
көрінген. "Рубаяттағы" көптеген өлеңді мен жатқа білетінмін, қалғандары
да біртіндеп есіме түсе бастаған. Кейбір жеке шумақтарды біз сағаттар
бойы талдаудан жалықпадық, бұлардағы кейбір мұңлы сезімдер мен
көңілдің арпалысты сəттегі көріністерін ол маған қарағанда бірден жақсы
айырады.
Мүмкін бұл менің өлеңдерден ылғи да өмірге деген құштарлықты
іздеуімнен болар, ал ол жадының керемет мықтылығымен кез келген
жолдар мен шумақтарды бір естігеннен-ақ жаттап ала қояды да, олардан
түйген ойларын қалайда менің миыма сіңіріп қалуға тырысады.
Жеке шумақтардың қайсысы оған қаттырақ ұнайды екен деп, мен
бірнеше өлеңді қатар оқып та көрдім. Сонда ол ақынның кездейсоқ бір
сəттегі ренішті, күйінішті көңіл күйін көрсететін шумақтарды бассалып
ұстай алғанда, мен ешқандай таңданғам жоқ. Мысалы мынаны:
Деймін бірде өзіме: "Не үшін келдің өмірге?"
Деймін сосын тағы да: "Бос қиялға семірме!"
Құйыңдаршы, ішейін, у да болсын шарапты
Итшілеген өмірде демеу болсын көңілге.
– Керемет!– деді Қорлау Ларсен желпініп.– Керемет! Бір-ақ ауыз сөзбен
бəрін жеткізген-ау сабазың. Итшілеген! Бұдан артық қалай айтуға болады.
Бұған қарсыласып көріп едім, ол өз дəлелін тықпалап, бет бақтырмады.
– Өз болмысына сəйкес өмірдің басқаша болуы мүмкін емес. Ол өзінің
тұрлаусыздығын біледі де, үнемі өз үлесін алып қалуға ұмтылады. Өмірдің
тек арпалыстан, əбігерден тұратынын, оның тұла бойы толған қасірет
екенін Тəурат данышпаны тамаша байқаған. Алайда өлімнің одан да өткен
қасірет екенін ол тіпті айрықша көрсеткен. Ол бұны айтқан сайын қамыға
түседі, жалғыз өзі бəрін жалмап келе жатқан Тағдыр деген нəлетке күйініш
білдіреді. Бұған Омар Хəйям да дəл солай қарайды. Мына мен де, сіз де
өмірді осылай бағамдаймыз. Иə, тіпті сіз де. Кешегі күні кок пышағын
қайрай бастағанда, сіз қалтырай бастадыңыз. Сосын сіз де қанжарыңызды
қайрауға кірістіңіз. Демек, сіздің өлгіңіз келмеді. Шындығында, сіздің
емес, сіздің ішіңізде жатқан, сізден жоғары тұрған өмірдің өлгісі келмеді.
Сіз маған өлместік инстинкті туралы айттыңыз, ал мен өлгісі келмейтін
өмір туралы инстинкт туралы айтамын; оған өлім қаупі төнгенде өмір
инстинкі сіз айтқан өлместік инстинктін əрқашан жеңіп шығып отырады.
Яки бұл – сізді де жеңіп шықты деген сөз – бұны сіз жоққа шығара
алмайсыз – кок деген қайдағы бір ақымақ пышағын қайрағанда, оны жеңіп
шыққан кім екенін енді байқаған шығарсыз. Ол – сіздің ішіңіздегі өмір ғой,
өмір сүру инстинкті ғой.
Сіз тіпті қазір де коктен қорқасыз. Бұны да жоққа шығара алмайсыз.
Мен сізді егер былай ұстап (күтпеген жерде ол менің тамағымнан қыса
қойды, мен бірден тұншыға жөнелдім), бойыңыздан жаныңызды сыға
бастасам, иə, иə, мына құсап, онда сіздің өлместік инстинктіңіз бүрісе
бастайды да, ал өмір инстинктіңіз көтеріле түседі, яки сіз аман қалу үшін
жанталаса күресесіз.
Ал қалай?! Оңай ма екен! Міне, мен сіздің көзіңізден сұмдық
қорқынышты көремін. Қолыңыз ербең-ербең етіп, ауаны бос қайшылайсыз.
Өмір үшін бар күшіңізді жұмсап, жанталасасыз. Тырбаң қағып менің
қолыма жармасасыз, ал бұл маған маса шаққанмен бірдей ғана. Көкірегіңіз
көріктей демігеді, тіліңіз салақтап кетті, жүзіңіз күреңітіп барады, көзіңіз
тұмандана бастады... "Өмір! Өмір! Өмір!" – деп жанұшырасыз. Дəл қазір
сізге өмірден қымбат ештеме жоқ. Қазір ғана емес, бұдан кейін де. Бəрінен
өмір қымбат сізге! Міне енді сіз өлмес өмір туралы күмəндана бастаған
шығарсыз? Солай ма? Солай болмаса, мен қолымды тағы да қыса түсем.
Былай... былай міне! Енді оған, өлмес өмірге сенуден қалдыңыз, сенбеске
лажыңыз жоқ. Тек, мына өмір ғана ақиқат екеніне сендіңіз, солай ғой?! Ал
көзіңіздегі от біртіндеп сөніп барады, сөніп барады. Дүние қарауыта берді.
Бұл – өлім түнегі, бұл – тыныстың, тіршіліктің, сезінудің біткен жері.
Түнек! Түнек! Төңірегіңізді түгел торлап алды бұл түнек. Ең соңғы сəуле
сөніп барады көз алдыңыздан. Жанарыңыз мұзға айнала бастады. Менің
даусым сізге тым алыстан құмыға естіледі. Жүзімді мүлде көрмейміз. Бірақ
бəрібір менің уысымда тырбаң қағасыз. Кеудеңіз қыр-қыр етеді. Жыландай
жиырыла түсесіз. Соңғы деміңіз тұншыға шығады. Өмір! Өмір! Өмір!..
Бұдан кейін мен ештеңе естімей қалдым. Тек не заматтан соң... көз
алдымдағы түнек біртіндеп сейіле бастағандай болды. Есімді еденде
жидым. Ларсен маған сынай қараған қалпы сигарын тартып, жайбарақат
отыр екен.
– Қалай, сендірдім бе сізді?– деді ол.– Мə, мынаны ішіп қойыңыз. Сосын
тағы да əңгімелесеміз.
Мен еденде жатқан күйі "ішпеймін" дегенді білдіріп, бас шайқай бердім.
– Сендіру тəсіліңіз... өте мықты екен,– дедім əзер тіл қатып. Өйткені əлі
де толық ес жия алмағам.
– Жарты сағаттан кейін бəрі де дұрыс болады,– деп, ол менің көңілімді
аулаған болды.– Қорықпаңыз, бұдан кейін ойымды тəжірибе жүзінде
дəлелдемейтін болам. Енді орныңыздан тұрып, мына орындыққа
отырыңыз.
Оған ойыншық болғаным сондай, орнымнан тұрған соң Омар Хəйям мен
Экклезиаст туралы əңгімені екеуіміз қайта жалғастырып, түннің бір уағына
дейін ездік те отырдық.
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
Бір тəулік бойы шхунаны хайуандықтың əлдебір жын ойнағы жайлап
алған; ол əуелі кают-компанияда бұрқ етті де, сосын құдды эпидемия
сияқты бүкіл кемеге тарап үлгерді. Білмеймін, тіпті неден бастарымды.
Негізінен бəріне кінəлі Қорқау Ларсеннің өзі. Кемеде жиі-жиі болып
тұратын керісті, қақтығысты жағдай біртіндеп нағыз жаулыққа ұласып,
оның ақыры қып-қызыл жанжалға айналып кеткен-ді.
Томас Магридж – барып тұрған аяр, сумақайдың өзі. Сонымен қатар
өсекші, жылпос. Капитанның артына қайтадан кіріп алу үшін ол енді сөз
жеткізумен айналыса бастаған. Джонсонның абайсызда айтып қалған бір
ауыз сөзін капитанға неше түрлі құбылтып жеткізген адам одан басқа
ешкім емес екеніне өз басым сенімдімін. Бейшара ол кеме дүкенінен су
өткізбейтін жұмыс киімін сатып алады. Онысы түкке тұрмайтын бірдеме
болып шығады да, Джонсон ызалана боқтап жібереді. Мұндай дүкендер
кəсіптік кемелердің бəрінде бар,– матростар өздеріне қажетті заттарды осы
жерден сатып алады. Дəлірегінде, дəл сол сəтте ақша төлеп алмайды, кейін
кəсіптен түскен пайданы бөліскен кезде, əркімнің тапқан табысынан ұстап
қалады. Ал табыс аң терісінің санына қарай есептеледі де, əр шлюпкадағы
ескекші мен жүргізуші аңшылармен бірдей өз үлесіне ие болады.
Джонсон кімді боқтағанын, не деп боқтағанын мен естімегем,
сондықтан оның соңы мынадай сойқанмен бітер деп мүлде күткем жоқ-ты.
Кают-компанияның ішін сыпырып болып, Қорқау Ларсенмен оның
шекспирлік сүйікті кейіпкері Гамлет жөнінде бір қызықты əңгімені енді
бастай бергенімде, кенет үстімізге Иогансен кіріп келген. Жанында
Джонсон. Байқаймын, оны шақыртқан секілді. Ол каюта ортасына жеткен
соң, теңіз салты бойынша бас киімін шешіп, баяу шайқалған кемемен бірге
ырғалта тұрып, капитанның бетіне тік қарады.
– Есіктің ілгегін сал,– деді маған Қорқау Ларсен əмірлі түрде.
Мен ілгекті іліп жатып, Джонсонның көзінен əлдебір əбіржуді байқап
қалдым, бірақ неге екенін түсінгем жоқ. Қысқасы, бұдан кейінгі оқиға түптүгел көз алдымнан өткенше менің миыма дым да кірмеген. Ал Джонсон
өзін қандай бəле күтіп тұрғанын білген сияқты, не де болса көрдім, көндім
деген сыңай танытады. Оның осы тұрысынан мен Қорқау Ларсен ұстанған
жабайы материализмнің толығымен жоққа шыққанын көргендеймін.
Матрос Джонсонға өзі сенген идея, өзі ұстанған принцип жəне өз ісінің
ақтығы күш бергендей еді. Иə, оның істегені дұрыс еді, дұрыстығына
сенген де, сондықтан қорыққан жоқ. Шындық үшін ол өлуге бар-ды, ал
өліп кетсе, өз арының алдында адалдығын танытар еді, сол үшін де бас
имеген, қаймықпаған Қорқау Ларсеннен. Яки осы жерде моральдың
ұлылығы мен азаматтық намыс алға шықты, өзінің өлместігіне сенген жəне
бұл жолда ешқандай бөгесінге бас имеген рухтың алапат қуаты тəн қажетін
жеңіп шықты; бұл қуат, бұл күштің уақыт пен кеңістіктен, материядан
жоғары тұрғанын осы қайсар рух дəлелдеп берді.
Жарайды, əңгімемізге қайта оралайық. Рас, мен Джонсонның көзінен
аздап əбіржу байқадым, бірақ бұны табиғи биязылық пен əдеттегі
мазасыздыққа баладым. Көмекші Иогансен матростан бірнеше қадам жерде
бір қырынан тұрды да, ал Джонсонға қарама-қарсы, үш ярдтай
қашықтықта, айналмалы креслода шіреніп Қорқау Ларсеннің өзі отырды.
Мен есікті жауып келген соң арада бір минуттай үнсіздік орнады. Сосын не
заматта Қорқау Ларсен:
– Ионсон,– деген ызбарланып.
– Менің атым Джонсон, сэр,– деді матрос батыл түрде.
– Жарайды, Джонсон-ақ бол, сайтан алғыр! Мен сені не үшін
шақырғанымды білесің бе?
– Білем десем де, білмеймін десем де болады, сэр.– Джонсонның даусы
тым сабырлы шықты.– Өз жұмысымды адалымен атқарамын. Бұны сіз де,
көмекшіңіз де біледі. Бұл жағынан реніш болуы мүмкін емес.
– Бар болғаны сол-ақ па?– Ларсен де ақырын сөйлеп, ұрлана қарап
қойды оған.
– Сіздің бір нəрсеге қапалы екеніңізді сезем, сэр,– деді Джонсон жаңағы
сабырлы қалпын бұзбастан.– Əйтеуір, қалайда көңіліңізден шықпай
тұрғаным рас, сіз... сіз...
– Иə, əрі қарай,– деп Ларсен оны қамшылай түсті.– Менің намысыма
тиер деп қорықпай-ақ қой.
– Мен онсыз да қорқып тұрғам жоқ,– деді матрос, бірақ өңі күреңіте
қалды.– Сіз сияқты мен де отаныммен таяуда ғана қоштасқан адаммын,
сондықтан даусым ақырын шығады, сіз мені ұната бермейсіз, өйткені мен
өзімді сыйлай білемін, намысымды жібермеймін. Мəселе сонда, сэр!
– Демек саған кеме намысынан гөрі өз намысың қымбат болғаны ғой.
Солай ма? Менің не айтып тұрғаным саған түсінікті шығар?
– Мен де ағылшынша сөйлеп тұрғандықтан түсінікті деп ойлаймын,
сэр,– деді Джонсон. Тілді сəл бұзып сөйлегеніне ыңғайсызданды ма, жүзі
одан сайын күреңіте түскен.
– Джонсон,– деді Қорқау Ларсен түсін бірден суытып, осымен кіріспе
сөз бітті, енді негізгі əңгімеге көшейік дегендей.– Естуімше, сен жұмыс
киімін сатып алыпсың, бірақ ол саған ұнамаған сияқты.
– Иə, ұнаған жоқ. Түкке тұрғысыз бірдеме.
– Сен бұл жөнінде көрінгенге көкіп жүрсің, солай ғой?
– Көкіп жүргем жоқ, шындықты айтып жүрмін, сэр,– деді матрос
қаймықпай, бірақ əр сөзінің соңына "сэр"-ді қосуды да ұмытқан жоқ.
Осы мезетте менің көзім Иогансенге түскен. Ол жұдырығын бір ашып,
бір жұмып, Джонсонға тістене қарап тұр екен. Көзінің асты көгеріп
қалыпты – бұл Джонсонның ісі еді. Жүрегім əлде бір жаманшылықты
сезгендей болды, неге екені белгісіз, мұрныма қан иісі білінген.
– Ал сен менің дүкенім туралы, мен туралы мұндай сөз айтқан адамға
жақсылық бола қоймасын білесің бе?
– Білем, сэр!
– Білсең айтшы?
– Білсем... көмекші екеуіңіз қазір мені итше талайсыздар.
– Хэмп, қарашы мынаған,– деді Ларсен маған бұрылып.– Қарашы мына
түкке тұрғысыз жердің құртына – қыбырлап, жыбырлап, тыныс алып
тұрған материяның титімдей жиынтығына. Сонысына қарамай мені
қорлағысы келеді. Онымен де қоймай осы бейшара тірлігін құндағысы,
бұлдағысы келеді. Намыс, құқ, принцип деген жалған ұғымдарды
малданып, өзіне төнген қауіпке де қарамастан маған кекірейіп, шікірейіп
қарайды. Бұл туралы сен не ойлайсың, Хэмп?
– Қандай жағдайда да ол сізден артық деп ойлаймын – дедім мен
Джонсонға төнген қара бұлттың бетін аз да болса өз жағыма бұрайын деген
ниетпен. Əрине, бұны мен алдын-ала ойлағам жоқ-ты, сəтінде шамадан тыс
туған "ерлік" еді. Неге екені белгісіз, бұдан соң да бұғып қала алмадым:–
Сіз айтқан "жалған ұғымдар" оның адамдығы мен азаматтығын көрсетеді,–
дедім.– Ал сізде ешқандай иман, ешбір идеал, болмашы иллюзия деген
атымен жоқ. Бұл жағынан сіз қайыршысыз!
Ол ызалана бас изеді.
– Өте дұрыс айтасың, Хэмп, өте дұрыс! Менде адамдық, азаматтық
деген иллюзия – бос қиял мүлде жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.
Экклезиаст айтқан бір сөзді мен де айтамын. Менің бір ғана доктринам бар,
ол – ойға алған мақсатымды орындау. Мені ұшпаққа сол ғана жеткізеді. Ал
"Джонсон" деп аталатын өмір ашытқысының мына мысқалдай бөлшегі
ашытқы болудан қалып, күл топыраққа айналған кезде, оның құны аяқ
астында жатқан кез келген боқтықпен бірдей болып қалады да, мен болсам
бұрынғыдай алшаң-алшаң басып жүре беремін.
Ол бір мезет үнсіз қалды да, сосын маған қарап:
– Мен қазір не істейтінімді білесің бе?– деді.
Мен басымды шайқадым.
– Мен құдай берген күш-қуатымды пайдаланып адамдық дегеннің не
екенін саған анық көрсететін боламын. Қара!
Ол Джонсоннан үш ярд жерде, яки тоғыз футтай əрі отыр еді. Иə,
отырған; осы орнынан тіпті аяғынан тік тұрмай-ақ жолбарыстай бір-ақ
секіріп Джонсонның алдына түскен де, қас пен көздің арасында оны
кеудеден қойып кеп жіберген. Күтпеген соққыдан қорғанып та үлгірмеген
байқұс Джонсон құдды балтамен отын шапқандай ыңқ ете қалды да,
еңкейіп барып етбетінен түсе жаздады. Бірақ құлаған жоқ, теңселе тұрып
бойын тез тіктеп алды. Дем жетпегендей жүрегі сыр-сыр етеді.
Бұдан соң сұмдық көріністі мен қалай жеткізерімді білмеймін. Өте ауыр
көрініс; ол есіме түскенде қазірге дейін жүрегім дір ете қалады. Джонсон
қаһармандықпен қорғана білді, бірақ Қорқау Ларсенге, Қорқау Ларсенмен
қоса көмекшісі екеуіне жалғыз адамның төтеп беруі мүмкін бе? Бұл
айқасты түсіңде көрсең, шошып оянар едің. Адам баласы мұндай төзімді,
мұндай итжанды болады деп кім ойлаған. Бəрі де өмір үшін! Бір күндік
сəуле үшін. Сол үшін де Джонсон барын салып, жанын салып күрескен.
Оларды жеңем деген оның мысқалдай да үміті жоқ еді, бұны ол менен кем
білген жоқ, бірақ нағыз еркекке тəн қайсарлықпен ақырына дейін айқасуға
бел буғаны көрініп тұрды.
Көз алдымдағы сұмдықтың бəрін көріп тұра беруге менің дəтім
жетпеген. Жынданып кетпей тұрғанымда табанымды жалтыратайын деп,
трапқа қарай тұра ұмтылдым. Ойым – тезірек палубаға шығып кету еді,
бірақ осы мезетте Қорқау Ларсен жемтігін тастай салып, екі-ақ аттап маған
жетті де, желкемнен бүре ұстаған күйі каютаның екінші жағына бір-ақ
атты.
– Өмірдің құны, өмірдің мəні деп өжектеп қоймаушы едің ғой,– деді ол
маған мысқылмен.– Соны саған іс жүзінде көрсетейін десем, сен алдыартыңа қарамай қашып барасың. Қашпа. Көріп тұр. Жанның өлместігіне
осы жерде де көзің жетеді. Біз Джонсонның жанына қылаудай қиянат
жасамаймыз, тек сыртқы қабығын біраз боршалап көреміз.
Бұдан əрі... бас-көзге қарамай соққылау, тепкілеу. Гүрс-гүрс тиген
жұдырық. Ырсылдау, ыңқылдау... Бұл небəрі он минутқа созылған шығар,
бірақ маған бір ғасырдай көрініп еді. Капитан мен көмекшісі бейшара
матросты əбден итектеліп қалғанша аяусыз сойған: тұрғызып ұрған,
жатқызып тепкен... іштен, бастан, арқадан. Əрі-беріден кейін Джонсон
ештеме көруден, ештеме сезуден қалған – ауыз, мұрын, құлақтан кеткен қан
каюта ішін түп-түгел бұлғап шыққан. Не заматта еденде не тірі, не өлі емес
бірдеме итектеліп қала берді.
– Жə, Иогансен, қызуыңды бас!– деді ақыры Қорқау Ларсен.
Бірақ көзін қан басып кеткен көмекші жемтігінен оңай айырылғысы
келмеп еді, капитан оны шынтағымен қағып жіберді. Осы кішкентай ғана
соққыдан Иогансен шалқая құлап барып, қабырғаға басы сарт ете қалды.
Сосын бір сəт есінен айырылып қалғандай көзі жыпылық-жыпылық етіп
тұрды да, еденге отыра кетті.
– Есікті аш, Хэмп!– деген бұйрықты дауыс естілді.
Мен есікті ашқан кезде, тырнақтары қанға боялған екі жыртқыш
бойында болмашы ғана жаны бар былқ-сылқ еткен денені жіңішке траптың
бойымен палубаға қарай сүйрей жөнелді. Штурвалда Джонсонның
шлюпкадағы серігі Луис тұр еді, жанынан өлексені сүйреп өткенде,
алқызыл қан етегін бұлғап кеткен. Бірақ оған мəн берген Луис жоқ,
компастан көз алмаған күйі штурвалды ары-бері бұрай берді.
Ал бұрынғы юнга Джордж Лич мүлде басқаша мінез көрсетті. Бактан
ютқа дейін созылған бүкіл шхуна оған қарап таңғалған. Ол ешкімнің
рұқсатынсыз-ақ кормге барды да, Джонсонды бакқа сүйреп алып келіп,
қолынан келгенше оның жарақатын жуып-тазалап, өзінше көмек көрсете
бастады. Джонсонның жүзі – быт-шыт, адам танығысыз өзгерген еді.
Санаулы минуттың ішінде беті күп болып ісіп, көз қайсы, мұрын қайсы –
белгісіз болып шыға келген.
Дегенмен мен Лич туралы əлі де айтқым келеді. Мен каютаны жуыптазалап болғанша Лич те шамасынша Джонсонға ем-домын жасап біткен.
Таза ауа жұтып, аздап сергіп алайын деген оймен палубаға шыққам. Қорқау
Ларсен сигарын тартып, əлдебір себептермен борт үстіне шығарылған
механикалық лагты (əдетте бұл корм артында тұрушы еді) тексере қарап
тұр екен. Кенет Личтің ызаға булыққан, қарлығыңқы ащы даусы бəрімізді
селк еткізген. Жалт қарасам, Лич тура юттың алдындағы биік текпішекке
шығып алып, екі қолын көкке жайып, бар даусымен айқайлап тұр екен.
Іштегі ашу-ызасының бəрі бұрқ етіп бетіне шыққан, көзінде – от,
кеудесінде – кек.
– Е-ей, Қорқау Ларсен! Құдай төбеңнен ұрсын сенің! Жетпей желкең
қиылсын! Саған тозақтың оты да аз, білдің бе, тозақтың оты да! Сенен
өткен қорқақ, сенен өткен жауыз жоқ бұл өмірде. Қанышер де, доңыз да,
жалмауыз да – сенсің! Сенсің!
Төбемнен таспен ұрғандай сілейіп мен тұрмын. Қорқау Ларсен Личті
қазір табанда өлтіріп жіберетін шығар деп ойлаймын. Бірақ олай істеуге
оның зауқы болмады-ау деймін, асықпай ют жанына келді де, рубкаға
сүйене тұрып, құтырына айқайлаған жігітке қызықтай қарап тұра берді.
Ал Лич бұрын ешкім айтпаған, айта алмаған небір айыпқа толы сөзді
оның бетіне тура қарап тұрып, бірінен соң бірін тоғыта түсті. Бактың
жанына ұйлыға қалған матростар оған үрке, үдірейе қарайды. Осы мезетте
аңшылар да əлденеге мəз болып, гу-гу сөйлесе жүріп, палубаға көтерілген;
алайда Личтің айқайын естігенде, олар да бойын тез жиып ала қойған-ды.
Япырау, Қорқау Ларсенге де бұлай сөйлейтін біреу болады екен ғой деп
таңғалғандай түрлері бар. Расын айтсам, Личтен мұндай мінезді өзім де
күткен жоқ едім, ажал атаулыға бас имейтін, қорқыныш, үрей, қауіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 08
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.