Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 20

Total number of words is 4142
Total number of unique words is 2029
35.6 of words are in the 2000 most common words
50.3 of words are in the 5000 most common words
58.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қағымда сезе қойған ол көзді ашып-жұмғанша едендегі екінші аяғын қатты
серпіп жіберіп, құлап бара жатқан денесін люктың арғы жағына кескен
теректей гүрс еткізген. Сонан соң аяқтарын бірден жинап алып, жаңа мен
люк қақпағының жанына қойып қойған азық-түлік пен іш киімдердің
қасына аунап түскен-ді. Міне бұл нағыз Ларсен, баяғы Ларсен еді!
Оның түрінен бар бəлені сезе қойғаны ап-анық көрініп тұрды. Бұл да аз
екен, мен алды-артымды бажайлағанша ол люк қақпағын сарт еткізіп
орнына жатқыза қойған. Бұнысы – "тышқанды қақпанға түсіргені" еді, тегі
мені төменде, қоймада жүр деп ойласа керек. Байқаймын, өзі ештеме көріп
жүрген жоқ, құдды жарықта ұшқан жарқанат секілді. Мен демімді ішіме
тартып, оның əрбір қимыл, əрбір қадамын қалт жібермей қадағалап
тұрмын. Əне, ол жылдамырақ басып, өз каютасына барды. Бірақ есік
тұтқасын бірден таба алмай, маңдайын сипалай бастады. Осы сəтті
пайдаланып қалайын дедім де, мен аяқ ұшымнан басып, кают-компания
арқылы жоғары көтеріліп кеттім. Сосын бір сəт арт жағыма қарасам...
Ларсен бір ауыр жəшікті каютадан сүйреп шығып, оны люк қақпағының
үстіне қойып жатыр екен. Бұған да көңілі көншімеген ол артынша екінші
сандықты алып келіп, біріншінің үстіне қонжитты. Едендегі джем мен іш
киімді содан кейін ғана көтеріп үстелге қойған. Ол осы шаруаның бəрін
бітіріп трапқа беттеген кезде, мен оны ептеп жанымнан өткізіп жібердім де,
өзім ұрлана басып палуба арқылы рубкаға шығып кеттім.
Ларсен сырғытпалы есікті екі қолымен керіп, трап үстінде тұрып қалды.
Қимыл жоқ, қозғалыс жоқ – көздері тастай қатып бір нүктеге қадала түскен.
Мен оның қарсы алдында, əрі кеткенде бес-ақ футтай жерде тұрмын. Ішім –
əлем-жəлем. Өзімді көзге көрінбейтін я аруақ, я елеске ұқсатамын.
Қолымды көтеріп бұлғап қоямын, бірақ бұны аңғаратын сыңай көрсетпейді
ол. Дегенмен қол көлеңкесі бетіне түскенде, қас-қабағының тыржың ете
қалғаны байқалған. Əуелде бұл не дегендей ол сəл аңтарылып тұрды да,
кейін не болса да оның сырттан келген "бəле" екенін сезгендей мұрнын
көкке көтере шүйіріп қойды. Мен қолымды көтерген күйі қатып қалдым,
бұл – көлеңке тоқтады деген сөз! Ларсен оны бетінде əрі-бəрі жүгірткісі
келіп, басын жайлап оңға-солға... жоғары, төмен бұлғай бастады.
Мен оған қарап тұрып: шыбынның қанатындай да салмағы жоқ осындай
нəзік дүниені де аңғара білетін бұл неткен сезімталдық деп, қайран
қалдым. Егер оның тек көз қарашығы ғана зақымданған немесе сол көз
аумағындағы жүйке тамырларының бірі бүлінген болса, онда бар мəселені
оп-оңай түсінуге болар еді. Ал мынау таза соқыр ғой, су қараңғы соқыр
ғой; сонда ол болар-болмас көлеңкені қалай, қандай түйсік-сезімімен
аңғарып тұр десеңізші?! Ғажап! Өте ғажап!
Ол көлеңкенің қайдан түсіп тұрғанын ақырына дейін біліп алуға тым
тырысқан жоқ, бірер минуттан кейін палубаға көтерілді де, аяғын əрі
жылдам, əрі нық басқан күйі бакқа қарай жүріп кетті. Бірақ бəрібір түк
көрмей бара жатқаны білініп тұрды. Сөйте жүріп бір қызығы палубада
менің етігімді тауып алды да, оны камбузге өзімен бірге ала кетті: бұл
маған бір жағынан өкінішті, бір жағынан қызық көрінген. Мен бұдан кейін
оның қалай от жағып, қалай өзіне тамақ дайындағанын да біраз қызықтап
тұрдым. Сосын жымымды білдірмей тағы да кают-компанияға түсіп, джем
мен іш киімдерді алдым да, осы көрген-білгендерімнің бəрін Модқа айтып
беру үшін жағаға қарай асыға жөнелдім.
ОТЫЗ ТӨРТІНШІ ТАРАУ
–"Елестің" мачтынан айырылғаны қандай өкінішті! Əйтпесе біз оған
отырып, мына жерден шығып кетер едік. Солай емес пе, Хэмфри, а?
Бұл сөз мені орнымнан жұлып алған.
– Иə, бір нəрсе ойластыруымыз керек! Ойластыруымыз керек!– деп мен
дауыс көтере сөйлеп, ары-бері жүре бастадым.
Модтың көзі бақырайып, маған қадала түскен. Əлденеден үміттене
қадалған. Жоқ, үміт қана емес, онда маған деген үлкен сенім де бар еді.
Сенім! Маған деген! Осы ой менің бойыма ғайыптан бір ғажайып күш
құйғандай болған. Есіме Мишленің мына сөзі түскен-ді. "Еркектер үшін
əйел заты əйгілі аңыздағы Жер-ана секілді: батыр ұлы омырауынан бір
иіскесе болды – бойына алапат күш құйылады". Осы сөздің құдіретін мен
енді ғана түсінгендеймін. Жоқ "түсіну" деген аз – мен бұны бүкіл
болмысыммен сезінгенмін! Мен үшін Мод жаңағы Мишле айтқандай –
батылдық пен қайсарлықтың мəңгі суалмас қайнар бұлағындай еді. Оған
жалт етіп бір қараған былай тұрсын, ол туралы басыма жылт еткен бір ой
келсе – мен бірден қайраттанып, жігерленіп шыға келемін.
– Қалайда бір нəрсе істеуіміз керек! Тырысуымыз керек!– деймін
дауыстап.– Басқалардың қолынан келген дүние менің де қолымнан келуге
тиіс. Ал тіпті ешкім бұны істемесе де мен істеуім керек! Жəне істеймін де!
– Ал сонда нені істейсіз? Не істейсіз? Құдай үшін түсіндіріп айтыңызшы
маған,– дейді Мод жалынышты.– Иə, айтыңызшы, түсіндіріңізші маған?!
– "Не істейсіз?" емес, "не істейміз?" деген дұрыс,– деймін оны түзетіп.–
Ал істейтініміз белгілі емес пе: "Елеске" мачт тұрғызамыз да, бұл жерден
жөнеп береміз.
– Қандай керемет ой, Хэмфри!– дейді Мод алақайлап қуанып.
Ал мен осы ойды қазірдің өзінде орындап қойғандай қарадай мəзбін.
– Ал бұны қалай іске асырамыз? – деп, Мод бір кезек маған сұраулы
пішінмен қарайды.
– Əзірге білмеймін,– деймін мен.– Білетінім – қазір не ойласам, соның
бəрін істей алатыным. Бұл үшін менде бəрі де бар.
Мод басын төмен салып, ойға шомып кеткен. Тегі "бұл қалай болады?
Быт-шыты шыққан кемені қалай қалпына келтіреміз?" деп, уайымға батқан
секілді. Мен оны осы күйден шығарып алғым келді ме, əлде өз ойыма өзім
мастанып қалдым ба, Модты иегінен ептеп көтеріп, көзіне тура қараған
күйі масаттана жымидым. "Саспа, бəрі де ойдағыдай болады!" дегенім ғой.
– Ойыңыз жақсы-ау... Бірақ сіз капитан Ларсенді естен шығарып
отырған сияқтысыз,– деді ол кенет.
– Соқыр боп, бейшара боп қалған адам бізге не істей алады!– дедім мен
ойланбастан.
– Ал оның бір қолының өзі неге тұрады! Жəне оның ашық люк үстінен
қалай асып түскенін де айттыңыз ғой маған.
– Бұған қоса, одан қалай жымымды білдірмей сытылып кеткенімді де
айтқам,– дедім мен күліп.
– Иə, етігіңізді қалдырып, жалаңаяқ, жалаңбас!
– Етіктен көрі аяққа сенген дұрыс қой!
Екеуіміз рақаттана күліп алдық та, сосын "Елесті" қалай қалпына
келтіру жөнінде шындап сөйлесуге кірістік. Мектепте физикадан алған
білімімнің кейбір жұрнақтары миымның бір түкпірінде əлі де жыбырлап
жүруші еді, бұған қоса соңғы айларда ауыр жүктерді механикалық
тəсілдермен көтерудің небір жолдарын да үйреніп алғанмын. Алайда
"Елесті" бас-аяғына дейін көріп алуға келген кезімізде, толқын үстінде жай
ғана тербеліп жатқан бір мачтың сыртқы түрі ғана мені есімнен тандыра
жаздаған. Егер болмағанда осы жалғыз мачт өз орнында тұрса, біз
блоктарды соған бекітер едік те, қалған жұмыстарды соның көмегімен істер
едік, амал не, ол да жоқ міне! Бұл дегеніңіз – өзіңізді өз "шашыңызбен бір
биікке тартып шығарам дегендей бос арман ғой. Сонда не істеу керек? Жүз
адам көтере алмайтын ауыр жабдықтарды қалай көтеріп, тік тұрғызамыз?
Мен, əрине, рычаг– шығыр амалдарын жақсы білемін, бірақ оған тіреу
нүктесі керек қой!..
Грот-мачтың ұзындығы – алпыс фут, түбірінен бастап есептесек, бұның
өзі алпыс бес футтай боп қалады, ал сынған жерінің диаметрі – он бес
дюймнен кем емес. Жалпы салмағы – менің өз шамалауымша – үш мың
футтың о жак-бұжағында Фок-мачт бұдан да жуан; мен оны кем дегенде үш
жарым мың фут болар деп ойлаймын. Ал, көтеріп көріңіз жалғыз өзіңіз
осыны!
Мод менің əрбір қимылымды бағып жанымда тұрған; мен болсам бұл
уақытта теңізшілер "Уақытша жебе" деп атайтын құрылғыны ойша құрып
та үлгердім. Теңізшілерге бұл баяғыдан белгілі болса да мен бұны өзімше
алғаш рет Үміт аралында ойлап тапқандай болдым.
Екі стеньганың басын қосып байлаймын да, оны аударылып түскен "V"
əрпі түріне келтіріп, палуба үстіне тік тұрғызып бекітем, сосын оған
блокты тас қып бекітіп тастасақ – тіреу нүктесі дегеніміз сол емес пе!
Қажет болып жатса, бірінші блок-шығырдың жанына екіншісін қондыра
саламыз. Бұған қоса брашпильді де пайдалануға болады!
Мод менің бір нəрсе ойлап тапқанымды бет құбылыстарымнан аңғарып
қалды ма, маған өте бір үмітпен сүзіле қараған.
– Сонымен не істемексіз?– деді ол сосын сəл шыдамсыздық танытып.
– Тек қана алға!– дедім мен масаттанып.– Бірақ алдымен құралжабдықтарды реттеп алуым керек!– Бұны анадан бастаймыз дегендей, мен
борттан салбырап-салбырап түсіп тұрған арқан-жіптердің əр түрлі үзіктерін
нұсқадым.
"Тек қана алға!" Əдемі сөз! Аузымнан батыл да нық шыққан осы сөзге
өзім де риза боп қалдым. Бұдан жарты жыл бұрын... болбыраған, босбелбеу
Хэмфри Ван-Вейденнен осындай сөз шығады дегенге кім сенер еді!
Тегі я даусымнан, я қимыл-қозғалысымнан бір күлкілі жай байқалып
қалса керек, Мод мырс етіп күліп жіберді. Оның бір қасиеті – не күлкілі, не
ыңғайсыз жайларды немесе артықтау айтылған мақтау мен жарамсақ,
жалған сөздерді жазбай тани қоятын. Мұндай сезімталдық оның
шығармашылық еңбектерінен де анық білініп тұратын да, бұнысы оны
ерекше ілтипатқа бөлейтін. Шындығында əрбір сөздің қадір-қасиетін, ішкі
мəнін, сыры мен сымбатын бір қарағанда-ақ сезе қоятын жəне соны
шеберлікпен жаза да, айта да білетін сыншылар сирек қой. Сол сиректердің
бірі – осы Мод Брустер екенін мен баяғыдан білетінмін. Ең бастысы, онда
көркем дүние мен өмірдегі əр түрлі сезім құбылыстарына баға беруде асыпсаспайтын, шамадан тыс шалқып төгілмейтін сабырлы қалып, салқын
қанды мінез бар еді.
– Сіздің жаңағы сөзіңіз маған бұрыннан таныс... Оны ертеректе
теңізшілер туралы кітаптардың біразынан оқығам,– деді ол жымия тіл
қатып.
Мен де сезімталдық жағынан тым қаражаяу емес едім,– ұяттан бетім ду
ете қалған. Бұл қыздың алдында бірінші рет жерге қарағаным да осы
шығар. Менің ыңғайсызданып қалғанымды бірден сезе қойған Мод:
– Ренжімеңіз. Менікі əншейін əзіл де,– деп маған қолын созған.
– Жо-жоқ, сіздікі дұрыс,– деймін мен қалбалақтап.– Бұл маған жақсы
сабақ болды. Кейде өстіп бала боп кететін де кезім бар менің... Жə, бəрі де
ойын ғой бұның! Бірақ бəрібір бізге анау салбырап тұрған арқан-жіптерді
реттеп алмасқа болмайды. Егер сіз менімен бірге шлюпкаға отырсаңыз,
екеуіміз кеме жанына барамыз да, анау шатысып-бытысып кеткен жіптерді
түп-түгел тарқатып, түйіндерін шешіп, алдағы үлкен жұмыстарға оларды
біртіндеп дайындай бастаймыз.
– Ендеше "бел шештік, білек сыбандық",– деді Мод мақалдай сөйлеп,
мені жігерлендіріп. Сөйтіп біз түні бойы тынбай жұмыс істедік.
Мен кеме қапталына жабыса тұрып арқан-жіптердің түйіндерін шешуге
кіріскенде, ол қайықты жылжытпай бір орнында ұстап тұрды. Ал бұл жерде
мен қандай "көжеге" тап болдым десеңізші! Судың беті – быжыған құралжабдықтар... Ана жерде – фал, вант, шкот... Мына жерде – суға бір батып,
бір шығып жүрген... нирад леср, штаг... Толқындар шайқаған сайын бұлар
бір-бірімен араласып, матасып, бірінен-бірін ажырату қиындай түседі. Мен
тек қажеттілерін ғана босатып алуға тырыстым: соның өзінде аз қиналғам
жоқ,– біресе гик пен мачт аралығындағы арқанның ұзын ұшын сүйретіп
шығамын, біресе фал мен ванттарды еппен шешіп алып, қайық түбіне
шумақтап жиып қоямын, біресе керісінше олардың түйіншектеліп қалған
жерлерін тарқатып, ұзыннан соза түсемін. Өстіп жүріп өне бойымды түк
қалдырмай суға шылқытып шығарғанымды да байқамай қалыппын.
Желкендердің жұмысы да бізді біраз əлекке салған: су сіңіп кеткен
олардың əрқайсысын бес матрос əрең көтеретіндей еді, бірақ мен барымды
салып тырбаңдай жүріп, күн батқанша барлығын жағаға сүйреп шығардым
да, кептіруге жайып тастадым. Сонымен жұмыс бітіп, жатар орынға
қайтқан кезде ғана Мод екеуіміз мұрттай ұшып шаршағанымызды
сезгенбіз.
Келесі күні таңертең біз степстерді мачт балағынан тазарту үшін грюмге
түскенбіз. Мод маған аса ептілікпен көмектесуге кіріскен. Алайда іске
кіріскеніміз сол – қолымдағы балтаның бірінші тықылы естілісімен....
жоғарыдағы палуба жақтан:
– Ей, кім мынау трюмде жүрген?– деп Қорқау Ларсен гүр ете түскен.
Мод маған қалай тығыла бергенін өзі де сезбей қалды. Сосын мен
Ларсенмен сөйлесіп біткенше ол қолтығымның астында торғайдай бұғып
тұра берді.
– Ей, кім анау палубадағы?– дедім мен оған жауап ретінде.– Қайырлы
таң!
– Не істеп жүрсіздер сіздер трюмде?– деді Қорқау Ларсен.– Менің
шхунамды құрдымға жібергілеріңіз келе ме?
– Жоқ, керісінше оны құрдымнан шығарайық деп жатырмыз,– дедім
мен.– Алдымен... анау-мынауын реттеп алсақ дейміз.
– Ау, ол қандай реттеу? Жалпы, сіздердің бұл шхунада не шаруаларыңыз
бар?– деп ол наразылық білдірген.
– Реттеу, тəртіпке келтіру деген мұнда өте көп... Ең бастысы – мачты
көтеру керек. Қазіргі жұмыстың бəрі соған дайындық қой,– деймін, мачты
көтеру мен үшін түкке тұрғысыз бірдеме сияқты көрсетіп.
– Хэмп, сіз шынында адам боп қалған сияқтысыз,– деді ол жоғарыдан
құмыға дауыстап. Сосын біраз үнсіз тұрды да, ақыры:
– Бірақ, Хэмп, есіңізде болсын, сіз мұнда ойыңызға не келсе, соны істей
алмайсыз!– деген қатқылдау тіл қатып.
– Heгe істей алмаймын?– дедім мен де қасарысып.– Істей алатынымды,
міне, қазірдің өзінде дəлелдеп жатырмын.
– Алайда сіз... бұл менің жеке меншігім екенін ұмытпаңыз. Сондықтан
менімен қандай жағдайда да есептесуіңізге тура келеді.
– Иə, бұрын есептескенбіз,– дедім мен.– Өйткені, ол уақытта сіз
ашытқының үлкені болатынсыз. Кімді жегіңіз келсе, соны оп-оңай жеп
қоятынсыз. Ал қазір тым кішірейіп қалдыңыз, сол себепті сіздей ұсақ
ашытқыны екі шайнап бір жұту – мен үшін енді түк емес.
Ол жағымсыздау дауыспен кеңк-кеңк күлген.
– Менің өз философиямды өзіме əдемі қайтардыңыз, Хэмп. Дегенмен,
байқаңыз: жыланды үш кессе де, кесірткелік əлі бар...
Əйтеуір, мен жөнінде қателесіп, опық жеп қалмасаңыз болды да...
Менікі əншейін сіздің қамыңызды ойлағаннан басқа ештеме емес.
– Сіз қашаннан бері филантроп боп қалғансыз?– дедім мен кекесін.–
Тегімде, менің қамымды ойлаймын деп, өзіңіз қапы қап жүрмеңіз. Бұны
менің тарапымнан ескерту деп білгеніңіз жөн.
Бұл сөздің астарын ол түсінсе де түсінбегендей сынай танытып:
– Ал енді қазір люктің аузын жаба салсам, не істейсіз? Өткен жолғыдай
мені қоймаға апарып тыға алмайсыз ғой,– деген.
– Қорқау Ларсен,– дедім мен бірінші рет оны лақап атымен атап.–
Қарусыз адамды, қарсыласпаған адамды атуға келгенде, мен өте дəрменсіз
жанмын. Бұны сіз жақсы білесіз. Менің бір осал жерім осы екенін бетіме де
басқансыз. Бірақ, ескертіп қояйын, маған титтей бір қастандық жасағыңыз
келгенін сезген сəтте-ақ шүріппені ойланбай басып саламын. Оны тіпті дəл
қазір де істей аламын... Ал енді люкті жапқыңыз келсе, жауып көріңіз.
– Не десеңіз де сіздің менің шхупама қожалық жасауыңызға қарсымын,
түбегейлі қарсымын! Білдіңіз бе?!
– Ау сіз қандай адамсыз осы!– деймін мен ызаланып.– Бұл – менің
шхунам, менің шхунам деп қоймайсыз, құдды сол сөзіңіз сізге бір құқ
беретіндей. Ал өзіңіз қай уақытта біреулердің құқымен, пікірімен, еркімен
санасып көрдіңіз?! Олай болса, мен неге енді сізбен санасуым керек, а?
Мен оның түрін көрейін деп люкке жақындап келдім. Соңғы рет оны
тасада тұрып бақылағанымда, мынадан мүлде басқаша еді. Япыр-ау,
санаулы күнде қалай өзгерген десеңізші! Шүңірейіп ішіне кіре түскен
көкшіл көздері əлдеқайда мəн-мағынасыз қарайды. Баяғы жалт-жұлт еткен
от та, əдемі нұр да жоқ. Бейне көз емес, үңірейген екі тесік секілді.
– Кешегі күні бұның құрт құрлы қауқары жоқ еді, енді бұл шіркін де
мүсіркей көз салады!– деді ол мысқылдай сөйлеп, бірақ түрінен бəлендей
бір құбылыс байқалмаған.
– Сіздің хал-жағдайыңыз қалай, мисс Брустер? – деді ол шамалы
үнсіздіктен соң.
Мен дір ете қалдым. Мод жұмған аузын ашқан жоқ, қыбыр етіп
қимылдамады да. Шынымен-ақ көзінде оның бір сəуле қалғаны ма? Əлде
қайта көре бастады ма екен?
– Сəламатсыз ба, капитан Ларсен,–деді Мод не заматтан соң.– Менің
осында екенімді қайдан білдіңіз?
– Дем алысыңыздан сездім... Байқаймын, Хэмп адам бола бастаған
сияқты. Солай ма?
– Қайдан білейін деп Мод маған қарап күліп қойды.– Менімше ол мен
көргеннен осындай секілді.
– Өкінішті!.. Оны сəл ертеректе көрсеңіз бұлай демес едіңіз!
– Мен "Қорқау Ларсен" деген дəрі қабылдап жүр едім, соны мөлшерінен
көбірек ішіп қойыппын,– дедім мен астарлай сөйлеп.
– Тамаққа дейін де, кейін де.
– Хэмп, мен тағы да қайталап айтамын,– деді ол ызғарлы түрде.
– Менің шхунама тиіскеніңізді қойыңыз!
– Сонда қалай, сіз өзіңіз осы жерден шығып кетуді қаламайсыз ба?–
дедім мен таңданып.
– Жоқ,– деді ол.– Мен осы арада өлгім келеді.
– Ал біз оны қаламаймыз!– дедім мен үзілді-кесілді. Дедім де балтамды
қайта тарсылдатып шаба бастадым.
ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ
Келесі күні біз степстердің мачт діңгектері кіргізілетін шұңқыртесіктерінің бəрін тазалап бітіп, басқа да барлық қажетті құралдарды
дайындап болған соң екі стеньганы да бортқа шығаруға кірістік – бұл
екеуінен мен жебе деп аталатын уақытша тіреу нүктесін тұрғызуды
ойлағам. Грот-стеньганың ұзындығы отыз футтан асып жығылатын да, ал
фор-стеньга одан шамалы ғана қысқа еді. Жұмыс тым жеңіл емес-ті. Зілдей
ауыр талилердің жылжымалы ұшын брашпильге іліп, ал екінші ұшын гротстеньганың діңіне бекітіп, мен брашпильдің қолтұтқасын шиқылдатып
бұрай бердім. Ал Мод бұл бұрау кезінде арқан шығыр ұясынан шығып
кетпеуін қадағалап тұрды.
Стеньганың жеп-жеңіл жоғары көтеріле жөнелгені бізді таңғалдырған,
əрі керемет қуантқан. Брашпильдің соншама əдемі ойластырылып жасалған
құрал екеніне біздің көзіміз осы сəтте анық жетіп еді. Бұның арқасында
небір ауыр жүкті оп-оңай көтеріп алуға болады екен ғой! Бірақ... біз
бұнымен күш жағынан ұтқанмен ара қашық жағынан ұтылғанбыз. Яки
брашпиль маған қанша күш қосса, арқан ұзындығын да сонша ұзарта
түскен. Ал мен ол арқанды шумақтап жинап отыруым керек-ті. Тали
шығыры бортқа қарай тым баяу жылжыған да, стеньга судан неғұрлым
жоғары көтерілген сайын қолтұтқаны бұрау да соғұрлым ауырлай түскен.
Ал сосын... стеньга шпоры планшир тұсына жеткенде, іс тұйыққа тірелді
де қалды – арқан жол ортада не əрі, не бері жылжымай қойған.
– Қалай мен бұны ойламағам!– деймін мен өзегім өртеніп.– Пəлі бəрін
де басынан қайта бастау керек.
– Ал талиді неге стеньганың орта тұсына бекітпеске?–деп, Мод маған
сұраулы пішінмен қараған.
– Иə, жұмысты əу баста содан бастауым керек еді,– деймін мен өзімдіөзім кінəлап.
Талиді босатып стеньганы қайта түсірдім. Сосын оны шпордан шамамен
өз ұзындығының бір бөлігіндей жерге бекіттім. Арада шамалы ғана
демалып, бір сағаттай ақ тер-көк тер жұмыс істеген соң, стеньганы қайта
көтере бастап едім, амал не, жол ортада тағы да қыстырылып қалғаны.
Стеньга шпоры планшир үстінде сегіз футтай шығып тұр еді, бірақ оны
бортқа бұрынғыдай тұтас көтеріп шығуға мүлде болмады. Мен тізе бүгіп
отырдым да, енді не істеу керектігін жан-жақты ойлай бастадым. Алайда
арада көп өтпей-ақ өз тапқан тəсіліме өзім риза болып, орнымнан атып
тұрдым.
– Таптым! Білдім не істеу керектігін!– деймін айқайлап.– Талиді тура
ауырлық нүктесіне бекіту керек екен. Жарайды, қалған заттарды бортқа
көтергенде бұл бізге сабақ болады.
Стеньганы қайтадан суға түсіріп, бəрін басынан бастауға тура келген.
Алайда бұл жолы мен ауырлық нүктесін табуда қате жіберген екем де,
стеньганы көтергенде, əдеттегідей оның шпор жағы емес, керісінше, бас
жағы сопаң етіп шыға келіп еді. Бұған менен көрі Мод қатты ыза болған,
бірақ мен "осылай да жарай береді" деп күле сөйлеп, оны өзімше жұбатып
қойдым.
Мен Модқа қолтұтқаны қалай ұстауды, "тарт" деген кезде талиді қалай
тартуды көрсеттім де, өзім стеньганы қос қолыммен қапсыра құшақтап,
оны борттан бері аударып жіберуге күш салдым. Өстіп тырбаңдай жүріп,
ойлағаныма енді жеттім-ау дегенде... Модқа талиді "тарт" дегенімше болған
жоқ, стеньганың салмағы бір жағына қарай басып кетті де, ол борт сыртына
аунап түскен. Мен жалма-жан қолтұтқаға жабысып, жылдам кері бұрай
бастадым. Сəтіне қарай, əйтеуір, сəлден кейін стеньганы бұрынғы орнына
келтіріп алдым. Енді не істеу керек? Басыма тағы бір тың ой келген. "Ay,
осы тұста хват-талиді неге пайдаланбасқа?.." Ал хват-тали дегеніміз: бірі –
екі ұялы, екіншісі – бір ұялы екі шығырдан тұратын шағын көтергіш құрал
еді.
Мен хват-талиді іске қосуға дайындап жатқан сəтте қарсыдағы борт
жақтан Қорқау Ларсен көрінген. Сəлемдескеніміз болмаса, артық-ауыс
сөзге барғанымыз жоқ. Біздің нақты не істеп жатқанымызды оның, əрине,
көре алмағаны анық, дегенмен аулағырақ жерде отырып, іс барысын дыбыс
арқылы бақылай бастағанын сездік.
Мен "босат" деген кезде арқанды брашпильмен біртіндеп босатып
тұрасың дегенді Модқа тағы да пысықтай тапсырып, ал өзім арқанды хваттали арқылы тартуға кірістім. Стеньга жайлап қисая бастады да, сəлден соң
планшир үстіне көлденеңдеп жата берді. Осы тұста, бір қызығы, босатудың
түкке де қажеті жоқ екені, керісінше тарта түсу керектігі белгілі болып еді.
Мен хват-талиді бекітіп, брашпильге ауыстым да, стеньга планшир үстінен
бортқа аунап түскенше оны тартқан үстіне тарта бердім. Бір мезгіл
сағатыма қарасам – түс болып қалған екен.
Белім талып, қарным ашып, əбден шаршағанымды сездім. Сондағы,
таңертеңнен бері бар тындырғанымыз – жалғыз стеньганы палуба үстіне
əупірімдеп əзер шығарғанымыз ғана.
Алдымызда ұлан-ғайыр жұмыс тұрғанын мен енді ғана түсіндім.
Дегенмен, əр жұмыстың қыр-сырына қаныға да түскендеймін. Түстен кейін
дəл бұлай қиналмайтын шығармыз деп ойладым... Иə, бұл жағынан мен
қателеспеген екенмін...
Жақсы демалып, бойға күш-қуат жинап алып, түс ауа шхунаға қайта
оралдық. Бір сағаттың о жақ, бұ жағында грот-стеньга палуба үстіне
шығып та үлгірген. Ендігі жұмыс – жүк көтергіш жебе тұрғызу еді. Екі
стеньганың басын біріктіріп байлап (біреуінің ұшын біршама ұзын
шығарып), біріккен жеріне гафель-гардельдің екі ұялы шығырын бекітіп
тастадым. Бұл бір ұялы шығырмен жəне гафель-гардельдің өзімен үйлесе
келіп, көтергіш талидің қызметін атқарып шыға келді. Жебелердің екі аяғы
екі жаққа жалпайып кетпес үшін палубаға қалың тақтайшалар қағып
тастадым. Сосын бəрі дайын болған кезде, жебенің ұшына арқан байладым
да, оны брашпильге жалғадым. Менің ендігі бар сенгенім осы брашпиль еді
– мен соның арқасында ғана бар күшімді еселей түсетінімді сезгем. Бұдан
кейін Мод арқанды ыңғайына қарай жіберіп тұрды, ал мен қолтұтқаны
бұрай бастадым. Жебе жайлап көтеріле берді. Алайда мен осы тұста жебе
басына тартқыш байлауды ұмытып кеткенімді байқадым. Сол үшін маған
жебе тартқыштың ұшар басына екі рет шығуға тура келген. Ақыр соңында,
əйтеуір, тартқыштар дайын болып, жүк көтергіш жебе бір жағынан –
кеменің тұмсығына, екінші жағынан – кормге, үшінші жағынан – бортқа
кере тартылып тасталды. Ымырт қараңғылығы қоюлана түскен. Күні бойы
біздің жұмысымызға алыстан үнсіз құлақ тігіп отырған Қорқау Ларсен де
енді орнынан асықпай тұрып камбузге беттеп еді. Тегі кешкі астың қамына
кіріспек болар. Менің белімнің талғаны сондай, не еңкейе, не шалқая алмай
қиналамын, бірақ есесіне біткен іске қарағанда жаным жадырап, көңілім
шалқи түседі. Не бітіргеніміздің бəрі міне – көз алдымызда. "Шіркін-ай,–
деймін іштей,– мына өзім істеген жебемен тезірек бір нəрсені көтеріп
көрсемші!.."
– Əттең, қараңғы түсіп кеткенін қарашы,– дедім мен өкінішті.– Бұның
қалай жұмыс істейтінін көруге сонша ынтығып тұрғаным рас еді.
– Тым асығып қайтесің, Хэмфри!– дейді Мод сабырға шақырып.– Ертең
де күн бар емес пе. Ал қазір екі аяғыңыздан əзер тұрғаныңызды қалай
байқамайсыз.
– Ал сіз ше? Сіз де аз жұмыс істеген жоқсыз ғой,– деймін мен.– Шын
мəнінде нағыз ерлікті сіз жасадыңыз! Мен сізге қарап сүйсінемін. Мод!
– Ал мен сізді мақтан етемін. Жəне бір бүтін ғана емес... Бұған дейін де
мені темірдей күш-жігеріңізбен талай рет тəнті еткенсіз,– деп ол менің
көзіме тік қараған. Жүрегім лүпілдей соғып, аузыма тығылды. Оның маған
қадалған көздері жанымды оттай қарып, тұла бойымды күйдіріп бара
жатқандай. Бұрынғыдан басқаша... нұрға да, сырға да толы көзқарас!.. Осы
қарасынан ыңғайсызданып қалды ма, ол бір мезет көзін төмен салған.
Сосын... қайта көтерген кезде тұп-тұнық қос жанардың тұңғиығынан əдемі
бір күлкінің нышаны байқалып еді.
– Егер бізді қазір таныстарымыздың бірі көріп қалса, не болар еді,– деді
ол кенет.– Түрімізге қараңызшы, не боп кеткенбіз? Осы туралы сіз бір
мезет ойлап көрдіңіз бе?
– Əрине. Тіпті күніне сан рет,– дедім мен. Дей тұрып жаңағы əдемі күлкі
ненің белгісі екен, ал əңгімені неге ол күрт басқа жаққа бұрып жіберді
дегенді де ойлап үлгердім.
– Шындығын айтыңызшы, мен осы кейпіммен қазір кімге ұқсаймын,
неменеге ұқсаймын?– деді ол маған қиыла қарап.
– Бақша шетіне қадаға іліп қоятын қарақшы дейтінді білетін шығарсыз.
Соған көбірек ұқсайсыз,– деп мен де жымия күліп қойдым.– Тек бір ғана
юбкаңызға көз салып көріңізші: етегі жырым- жырым... қап-қара кір...
Кеудешеңіз де салтақ-салтақ. Бұл жерде Шерлок Холмс сияқты: далада
жаққан түнгі оттың басында теңіз мысығының майын ертіп алып едім деп
те ақтала алмайсыз. Ал бас киіміңіз туралы тіпті сөз етудің өзі артық. Міне,
кезінде "Мəжбүрлі сүйісті" жазған əйелдің сиқы осындай қазір.
Ол кеудесіне қолын басып салтанатты түрде маған "қошемет" көрсетті
де:
– Ал енді сіздің кімге ұқсамайтыныңызды мен айтайын...– деп,
тоқтаусыз сөйлей жөнелген.
Өстіп біз бес минуттай бір-бірімізді "аяусыз" мазақ еткенбіз, бірақ осы
мазақтың астарынан əлдебір жылылық, ғажап бір сезім самал желдей бет
желпіп, жүрек толқытып еді. Осының бəрі маған əлгіндегі Модтың сырлы
күлкісінен тұтанғандай көрінген. Дəлірегінде оның сол сəттегі көзінен
жылт ете қалған жылы ұшқында керемет бір сыр жатқандай еді. Ол не
сонда? Шынымен-ақ біздің көздеріміз тілсіз түсініскені ме? Рас, менің
көздерім менің ішкі сезімдерімді оған талай рет байқатып алған. Соны Мод
ылғи да сезіп жүргені ме сонда? Ал мынасы... сол сезіп-білгеніне өз
тарапынан қайтарған жауабы ма? Көз тоқтатып та үлгірмеген қас-қағым
сəттік жылы ұшқын!.. Одан сезгенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Жо-жоқ, не деп тұрмын мен. Қызыл сөздің қызуына малданатын адамың
мен емес қой, мен – ойда жоқта ғажап махаббатқа тап болған, баяғы кітап
оқудан басқа түк білмейтін, диуана, сопы Хэмфри Ван-Вейден емеспін бе!
Дəл мен үшін қазір сүю мен күтуден, қалайда оның махаббатына ие болуға
тырысудан артық қуаныш, қызық бар ма!
Біз бір-бірімізбен əзілдесе-қалжыңдаса жүріп, жағаға шықтық. Бірақ
кезекті бір іспен көңілімді аулағанша əлгіндегі ой басымнан шықпай-ақ
қойған.
– Неткен өкінішті!– дедім мен терең дем алып.– Кешке дейін бір тыным
таппай жұмыс істейміз, бірақ түнде де рақаттанып бір ұйықтай алмаймыз.
ЬІлғи да алаңдау, елеңдеу!..
– Несіне алаңдайсыз. Соқыр адам бізге не істей алады?
– Кім білсін... Мен оған еш уақытта сенбеймін. Сенбеген соң, əрине,
қорқамын да. Дəрменсіздік оны бұрынғыдан да ашындыра түседі.
Дегенмен де одан сақтанудың бір амалын тапқан сияқтымын: ертең
таңертең кішірек бір зəкірді сүйреп əкелемін де, шхунаға байлап суға
тастаймын. Сосын кемені жағадан шамалы алыстатып жіберемін. Бітті
шаруа! Біз оған таңертең шлюпкамен барып, кешке сол шлюпкамен қайтып
тұрамыз. Біз Ларсенді сөйтіп тірідей тұтқында ұстаймыз шхунада. Иə,
бүгін түнде соңғы рет күзетте тұрамыз да, ертеңнен бастап еш алаңсыз,
қыбыр етпей ұйықтайтын боламыз.
Ертеңінде біз таңбозынан тұрып, күн шыққанша тамақ ішіп те болдық.
– Ой, Хэмфри!– деп Мод кенет шыр ете қалды.
Мен оған жалт бұрылдым. Ал ол "Елеске" қарап тұр екен. Мен де солай
назар салғам, бірақ көзіме ешқандай ерекше бірдеме көрінбеген. Мод
сосын маған жанар тіктеген, мен де оған "не болды
Кешегі... біз істеген жүк көтергіш!– деді ол үрейлі дауыспен.
Мен ол туралы тіпті де ұмытып кеткен екенмін. Кеме жаққа қайта
қарасам... кеше күні бойы əуреленіп істеген дүниемізден титімдей де белгі
жоқ – зым-зия!
– Бұны істеген егер ол болса... – деп тістене сөйлегенімді өзім де
аңғармай қалдым.
Мод мені сабырға шақырғысы келгендей жып-жылы алақандарын менің
қолымның сыртына басты.
– Сізге бəрін де қайта жасаудан басқа амал жоқ.
– Иə, иə... əрине! Бұл жағынан қам жемей-ақ қойыңыз. Менікі əншейін
ашу үстіндегі алғашқы бұлқыныс қой. Əйтпесе, тышқан мұрнын қанататын
адам мен бе! Ең жаманы сол – бұны ол да біледі. Сіз дұрыс айтасыз, маған
енді бəрін де қайта жасаудан басқа ешқандай амал жоқ!..
– Мен енді бұдан былай шхунада түнейтін боламын,– дедім мен сəлден
соң тағы да өрекпи түсіп.– Егер ол жəне қарап жатпайтын болса...
– Маған да жағада жалғыз түнеу қорқынышты,– деп Мод менің сөзімді
бөліп жіберді.– Егер оны да бізге көмектесуге көндіре алсақ, ондай
жағдайда сіз екеуміз де шхунада түнер едік те, қай жағынан болмасын
бəрімізге қолайлы болар еді.
– Дəл солай болады да,– дедім мен еріктен тыс нығыздай сөйлеп, өйткені
есіме кешегі жүк көтергіш жебе түсіп тұр еді.– Айтайын дегенім мынау
менің: Ларсенге ұнасын, ұнамасын – бұдан былай сіз екеуіміз де шхунада
тұратын боламыз.
Қызуым басылып, сабырға келген соң:
– Үп-үлкен адам да баланың қылығын жасайды екен-ау,– деп күлдім,
Ларсенді еске түсіріп.– Оған ашуланып жүрген мына мен де жындымын.
Алайда біз борттың үстіне шығып, Қорқау Ларсен "тындырған істі" өз
көзімізбен көргенде, жүрегіміз мұздап сала берген. Кешегі күншілік жерден
көрініп тұрған жүк көтергіштің енді ізі де жоқ. Оң жақ пен сол жақтағы
кергіш арқандар кесіліп тасталған, гафель-гардельдер тілім-тілім боп
туралған. Мен оның ұштарын өз бетіммен түйіндей алмайтынымды Ларсен
білген секілді. Жүрегім жəне бір жаманшылықты сезгендей. Жүгіріп
брашпильге жеттім. Иə, ол да істен шығыпты – быт-шыт боп сынып жатыр.
Мод екеуіміз бір-бірімізге жыламсырай қараймыз. Сосын бір мезет мен
бортқа қарай ұмтылғам. Мачтан өзім тарқатып, шешіп алған арқан-жіптер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 21
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.