Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 11

Total number of words is 4129
Total number of unique words is 2140
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
57.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
матчтар құдды су бетіне көлденең жатып қалғандай көрінді. Мен əлі
салингке де жеткен жоқ едім, бірақ жел мені вантқа желімдей жапсырып
тастаған, мұндай жағдайда тіпті өз еркіңмен қалайын десең де құлай алмас
едің. Мен қарсы алдымнан палубаны көрдім, бірақ төменнен емес – тура
жазық теңіз бетінен. Бұл жерде тіпті палубаны дегеннен гөрі оның үстіне
төңкеріле төгілген суды көрдім дегенім дұрысырақ болар еді. Су үстінен екі
матч сорайып шығып тұрды. Бұдан басқа түк те жоқ. Яки бұл сəтте шхуна
тұтастай толқын астында қалған. Алайда сəлден кейін жөн арқасы
күдірейіп судан шыққан кит секілді біздің кемеміз де сопаң етіп сыртқа
шыға келді.
Ал сосын бізді тағы да телегей теңіз үстімен алға қарай сүйрей жөнелді,
ал мен салингте ілініп қала бердім – бір тал шиге жабысқан шыбын
секілдімін – көз талдыра алыстарға қараймын, іздегенім – қалт-құлт еткен
қалған шлюпкалардың қарасы. Жарты сағаттан кейін жəне біреуін көзге
іліктірдім: аударылып қалыпты, төңкерілген түбіне жабысып үш жігіт
тырбаң-тырбаң қағады. Джон Хорнер, жуан Луис жəне Джонсон... Бұл
жолы мен жоғарыда тұра бердім, Қорқау Ларсен кемені шлюпкаға өзі
туырлап келіп, сəтін салғанда, жігіттердің дəл жанына дөп түсірген. Талиді
жылдам түсіріп жібердік. Бұған қоса арқандарды да лақтырып үлгердік.
Оны жігіттер шап беріп ұстасымен бірден жоғары өрмелей жөнелді. Бəрі де
ойдағыдай. Тек қайықты жоғары көтергенде, қапталға қатты соғылып, бір
бүйір жарылып кеткенін білдік. Оған аса мəн бергеміз жоқ, бүлінгенді
жөндеу қиын емес, жоғалғанды тапқанымыздың өзі қаншалық!
"Елес" тағы да екпіндете зулады. Артымызда – аласұрған дауыл –
құтырған иттей аузы ақкөбіктеніп, бізді өкшелей қуып келеді. Кеме
тұмсығы кейде таудай толқындардың ішіне сүңгіп кетеді. Үстімізден
ақтарыла су құлайды. "Əй, енді бұдан аман қалу жоқ шығар" деп ойлаймын
ондайда. Өйткені... кей сəттерде тіпті шкафуттан недəуір биіктегі
штурвалдың өзін көк толқындар көміп тастайды. Осындай мезетте мені бір
қызық сезімдер билейді: құдды мен Құдаймен бетпе-бет келіп, оның
қаһарын өз көзіммен көріп тұрғандай боламын. Алайда санаулы секунттан
кейін штурвал су астынан сопаң етіп шыға келеді де, дөңгелекті шыр
айналдыра бұрап тұрған капитанның зор денесін көремін. Осы шақта ол
маған осынау астан-кестен боп жатқан телегей теңізді де, тулаған
толқындар мен желіккен желді де өзінің кішкентай ғана кемесінің ырқына
бағындырып тұрған əлдебір құдайдай көрінген. Расында, мынаны қалай
құдірет демессің? Кеше ғана жыбыр-жыбыр етіп шөп-шаламның арасынан
жемін тауып жеп жүрген сасық қоңыз сияқты адамдар енді міне итаяқтай
ғана қабыршаққа мініп алып, қаһарлы табиғатпен хас батырдай айқасқа
түскен. Иə, құдірет деп осыны айт!
"Елес" тағы да толқындарға қарсы ұмтылды, палуба су үстіне қайта
шығып, кемеміз алға қарай екпіндей жөнелді. Сағат алтылар шамасында,
теңіз бетінде ымырт қараңғылығы үйіріле бастаған кезде, үшінші
шлюпканы да көзім шалып қалды. Ол да аударылып қалыпты, бірақ
адамдары жоқ. Қорқау Ларсен манағы маневрін тағы қайталаған: нысананы
əуелі сəл алыстатып жіберіп, сосын шұғыл жел жаққа тұмсық бұрған да,
шлюпкаға кемені толқындардың өзі лықсытып жеткізуін көздеген. Алайда
ол бұл жолы қырық футқа қателесіп, шлюпка корм жақтан бірақ шығып еді.
– Төртінші нөмірлі шлюпка!– деп Уфти-Уфти айқай салды, шлюпканың
қапталы ақ көбіктің астынан бір жарқ ете қалғанда.
Бұл Гендерсонның шлюпкасы еді – үстіндегі Холиок пен Вильямс суға
кеткен. Олардың қаза тапқанына ешқандай күмəн жоқ-ты, ал шлюпка
төңкеріліп қалғаны болмаса, еш жерінен сынған-бүлінгені байқалмаған.
Қорқау Ларсен оны қалайда кемеге көтеріп алу үшін тағы да жанталаса
бастады. Мен бұл уақытта матч басынан палубаға түсіп қойып едім,
капитанның мына жұлымырлығына Хорнер мен Керфуттың қатты күйініп
жүргенін байқадым. Бірақ оларды тыңдайын дейтін Қорқау Ларсен жоқ:
– Мейлі, не десеңдер, о деңдер, мен бəрібір бұл шлюпканы қалдыра
алмаймын,– дейді қасарысып. Дейді де судағы қайыққа сүзіле қарайды,
бейне бір бар асылы құрдымға кетіп бара жатқандай.
– Мистер Ван-Вэйден!– деді ол кенет мен жаққа қарап айқайлап. Даусы
жақыннан шықса да, ышқына соққан желдің арасынан тым құмыға
естілген.– Сіз Джонсон мен Уфтиді жаныңызға алып, кливерге тұрыңыз!
Ал қалғандарың – гротқа, жылдам! Тез! Егер қиқаңдағандарыңды көрсем,
мойындарыңды жұлып алам! Түсіндіңдер ме?
Ол жүргізу тұтқасын шапшаң айналдырып, кеме тұмсығын шұғыл
бұруға кіріскен кезде, енді аңшылар да амалсыз бұйрықты орындауға
көшкен. Капитанның бұл қадамы өте қауіпті еді, бірақ, амал не, бұйрық –
қатты, жан – тəтті.
Тым қатерлі қадамға бет бұрғанымызды мен тек тағы да су астында
қалғанымызда бірақ сездім. Толқын палубаға сарқырай құлағанда, əзер
дегенде фок-мачтың тақтайшасынан ұстап қалдым. Бірақ ұстаған сəтте-ақ
уысымнан тақтайша шығып кетті де, бортқа қарай домалай жөнелдім. Осы
бетіммен кеме сыртынан бірақ шығар ма едім, алайда бортқа соғылған
толқын мені қайта кері лақтырған. Осы мезетте мені біреудің қағып
алғанын сездім, бұл Джонсон екенін кеме су бетіне қайта шыға келгенде
ғана білдім. Бірақ ол менен кейін маңайына тағы да алаңдай қарап,
əлдекімді іздей бастағаны байқалып еді. Менің сонда ғана есіме түскен:
осы қазір, бір минут бұрын ғана, Келли бакке келген... Енді оның ізі де
жоқ...
Біз шлюпканың жанынан жəне жанай өте шығып, манағыдан көрі басқа
жағынан шыға келгенбіз. Енді не істеу керек? Бұл сұрақ Қорқау Ларсеннің
басына да шұғыл келсе керек, ол біз күтпеген жаңа бір тəсілді пайдаланып,
фордевинт арқылы кемені жел жаққа бұрып жіберді де, шлюпкаға сол жақ
галс бейдевинтпен тік түсе қалды.
– Керемет!– деп, Джонсон менің құлағыма сыбыр ете түсті, кезекті
тасқыннан аман-сау өте шыққан кезімізде. Бұнысы – Қорқау Ларсеннің епті
қимылына риза болғандығынан емес, шхунаның икемділігіне көңілі
көншігенінен еді.
Бұл уақытта қараңғылық қоюлана түскен, енді шлюпканы көру мүмкін
емес-ті, бірақ Қорқау Ларсен кемені адаспайтын, қателеспейтін ғажап бір
инстинкпен басқарып еді. Соның нəтижесінде бұл жолы ешқандай
ауытқығамыз жоқ, шлюпка кеменің тура түбіне келгенде, біз оны ешбір
қиналмастан жоғары көтеріп алдық.
Содан кейін біз тағы да бірер сағат ес-ақылымыз шыққанша жұмыс
істедік. Бəріміз жиылып – екі аңшы, үш матрос, Қорқау Ларсен жəне мен –
кливер мен гроттағы желкен көлемін кішірейтіп, жел ауданын азайтып
алдық. Бұдан соң палуба үстіне су шапшығанын қойған да, кемеміз көк
толқындардың арасында қабықтай қалқып кете барған.
Мен əлгінде желкендерді жанталаса тартып жатқанда қолымды қатты
жаралап алып едім, соның солқылдап ауырғаны жаныма батқаны сондай,
көзімнен жас парлап аға бастаған. Жұмыстың бəрі бітті-ау деген кезде, əрі
шаршап, əрі қиналғандықтан, тұрған жерімде палубаға құлап түстім.
Томас Магриджді жарты бактың астынан сүйреп шығарған – манағы
топан судың кезінде бейшара қорыққаннан сонда кіріп кеткен ғой. Оны
кормдағы кают-компанияға апара жатқанда менің көзім бір нəрсені шалып
қалып еді. О ғажап! Күнде өзіміз тамақ ішіп жүрген камбуз жоқ!
Палубадағы ол тұрған жер – қу тақыр...
Біз жанымызға матростарды да қосып, бəріміз кают-компанияға
жиналдық та, кішкентай пештегі кофе қайнағанша қатқан нанды қытырқытыр кеміре бастады. Мен өмірде дəл мұндай тəбетім шауып тамақ
жемеген шығармын. Артынша кофені де сондай сүйсіне іштім. Ол маған
ешуақытта мұндай тəтті көрінбеген. Бірақ кеме бізді əткеншектей
шайқағанын қойған жоқ, аяғымыздан тұра берсек етбетімізден түсеміз.
"Сақтаныңдар!" дегенді естісімен ұмар-жұмар бір-бірімізге құлаймыз,
қарманып қабырғадан ұстай аламыз. Ал қабырғаның өзі кейде үстімізге
етбетінен құлап келе жатқандай болады.
– Сайтан алғыр, мұндай жағдайда сигналшылардан да қайыр жоқ!– деді
Қорқау Ларсен біз ішерімізді ішіп, жерімізді жеп болған соң.– Ендеше
палубада босқа отырып керегі не. Алдымыздан кездейсоқ біреулер шыға
келсе, олардан қашып та үлгіре алмаймыз. Бар, жатыңдар барлықтарың!
Матростар бакқа кетті. Кетіп бара жатып жолдарына белгі ретінде қадауқадау шам қойып отырды, ал люкты ашуға тəуекел ете алмаған екі аңшы
бүгінше кают-компанияда қалуды жөн көрген. Біз, Қорқау Ларсен екеуіміз,
Керфуттың мыжылып сынған саусағын кесіп, жара орнын тігіп тастадық.
Магридж бізге кофесі мен шикілі-пісілі бірдемесін беріп жүріп, бір
бүйірінің қатты ауыратынын, құрығанда бірер қабырғасының сынғанын
қайта-қайта айта берген. Қарасақ, расында, бейшараның үш қабырғасы
бірдей сынып қалыпты. Бірақ оған ештеме істей алмадық та, ем-дом
жұмысын ертеңге қалдырдық. Өйткені оған дейін мен де бұл жөнінде
бірдеме оқып алуым керек-ті.
– Түкке тұрмайтын бір қайыққа бола Келлиді босқа құрбан еттік,– дедім
мен Қорқау Ларсенге.
– Келлидің өзі де түкке тұрмайтын. Сау болыңыз!– деп ол жүре берді.
Күндіз бастан кешкен барлық жағдайдан кейін мен мүлде ұйықтай
алмайтын шығармын деп ойлағам: саусақтың жан шыдатпас ауыруы, үш
шлюпканың ізім-ғайым жоғалып кетуі, ондағы жігіттердің тағдыры мені,
əрине, қатты қинаған. Алайда жастыққа басым тиісімен қор ете
қалғанымды өзім де сезбей қалдым. Содан таң атқанша тұяқ серіппей
ұйықтаппын. Таң атқанша "Елес" те құтырынған дауылмен жалғыз өзі
айқасып шыққанын оянғанда бір-ақ білдік.
ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Ертеңінде, дауыл сəл саябырлаған кезде, Қорқау Ларсен екеуіміз
анатомия мен хирургия бойынша біраз дүниені оқып алдық та, Магридж
жарақатын емдеуге кірістік, ал сосын толқындардың арыны бəсеңдеген
сəтте Қорқау Ларсен кеме тұмсығын кешегі келген бағытымызға қайта
бұрған. Бұл əредікте матростар шлюпкаларды жамап-жасқап, оларға
қайтадан желкен тігумен айналысқан. Уақыт өткен сайын маңайымыздан
кəсіптік шхуналардың қарасы жиі ұшырай бастады. Олар да кешегі
дауылда көз жазып қалған шлюпкаларын іздеуге шыққан секілді, жолай
кездейсоқ кезіккен басқа бейбақтарды жинап алу – теңіз салты ғой.
Кəсіптік флотилияның көптеген кемелері біздің батыс жағымызда жүр еді,
теңіз бетіне шашырап кеткен шлюпкалардың қай-қайсысын да бірінші
кезіккен кеме құтқарып алуға тиісті.
Біз екі қайығымызды бүкіл экипажымен қоса "Сискодан" түсіріп алдық,
сосын Қорқау Ларсеннің керемет ризашылығы мен менің шат-шадыман
қуанышыма орай, Смок бастаған Нильсон мен Личті "Сан-Диегоның"
бортынан тапқанбыз. Сөйтіп бесінші күннің соңында төрт азаматымыз –
Гендерсон, Холиок, Вильямс жəне Келлиден басқасын түгел түгендеп
алдық та, аңшылық науқанды қайта бастап жібердік.
Терістікке қарай жөңкіле көшкен теңіз мысықтарының соңынан қуалай
отырып, біз жолай кең айдынды кеңінен тұмшалаған соқыр тұманға да жиі
кездесе бердік. Шлюпкаларды суға түсірсек болды, қою мұнар оларды қас
қағымда жұтып əкетеді. Шхуна бортында əрбір сəт сайын мүйіз керней
қиқулап, ширек сағатта бір рет сигнал ретінде зеңбірек атылып тұрды.
Алайда шлюпкалардан қайта-қайта көз жазып қала береміз: теңіз тəртібіне
сəйкес оларды кез келген кеме көтеріп алуы керек-ті. Дегенмен Қорқау
Ларсеннің бұл тəртіпті де бұзған кезі аз емес. Мəселен, ол адасып жүрген
басқа бір кеменің шлюпкасын тауып алады да, оны дер кезінде қайтарудың
орнына өз мақсатына жұмыс істетіп, аулаған мысықтарын өзі алып, ақыр
соңында ит қылып қоя береді. Əлі есімде, өзге шлюпканың бір аңшысы мен
екі матросын ол кездесе кеткен кемелеріне бермес үшін мылтықпен қуалап
төменгі бакқа тығып жіберген.
Томас Магридж таңғаларлық итжандылықпен бұл жолы да тез жазылып
шыққан да, тағы да сол палуба үстінде сүйретіле басып, кок пен юнганың
жұмысын қатар алып жүретін болған. Джонсон мен Лич болса, қазір енді
баяғы күндеріне де зар болып қалған жайы бар, екеуі де капитанның
алдында отырса – опақ, тұрса – сопақ, жейтіндері күнде таяқ, бұл сапардан
аман қайтатындарына олар бүгінде мүлде күдер үзген сияқты. Басқалардың
да жетісіп жүргені шамалы, бəрі тек бір адамның айдауымен ғана жүреді,
сол адам оларды ертеден кешке дейін бір тізе бүктірмейді. Ал өз жайыма
келер болсам, капитанмен əзірге тіл табысқан секілдімін, бірақ əйтеуір
бірде оның қапысын тауып өлтіріп жіберу туралы ой басымнан кетпейді.
Мені ол қашан да өзіне тартқысы келіп тұрады, сонымен бірге айтып
жеткізгісіз үрейден де құралақан қалдырмайды. Дегенмен мен оны
ешқашан өлім төсегінде елестете алмаймын. Оның болмысына бұл тіпті де
сай емес-ті. Мен оны əрдайым тек тірі күйінде, иə, мəңгі тірі, мəңгі күшті,
ешқашан ешкімді аямас, ешбір зұлымдыққа жүрегі шімірікпес осы хайуан
қалпында көремін.
Біз мысықтардың қалың үйіріне тап болған кезде, əсіресе толқындар
қатты тулап жатқан уақытта, Қорқау Ларсеннің өзі аңға шығуды қатты
ұнататын. Мұндай сəтте жанына тек екі ескекшіні ғана алады да, көзді
жұмып көк теңізге қойып кетеді. Мергендігі де керемет, ауа-райының
қандай қолайсыз кезінде де ол шхунаға құр қол қайтқан емес, керісінше ол
мінген шлюпканың іші қашан да қан сасып тұратын. Ол өмірін тəуекелге
байлап, неғұрлым қарсы күшпен қатты күрескен сайын соғұрлым рақат
табатындай еді.
Мен кеме қызметіне бұрынғыдан да төселе түстім, оған мына қимылым
да дəлел: шайдай ашық бір күні – мұндай күндер қазір бізде сирек кездесер
еді – менің мақтанышыма қарай, шхунаны түгелдей өзім басқарып, барлық
шлюпканы оп-оңай бортқа көтеріп алдым. Бұл былай болды. Қорқау
Ларсеннің əдеттегідей басы ауырып, каютадан шыға алмай қалған да, мен
күнұзақ штурвалда тұрғам. Кешке қарай ең шеткі шлюпканың жанына
сəтімен зəкір тастап, ешбір нұсқау-бұйрықсыз алты қайықты бірінен соң
бірін бортқа шығарып алғам ғой.
Күндер өткен сайын дауылға жиі кездесетін болдық – бұл уақытта біз
шторм ендігінде тұрғанбыз – ал маусымның ортасында тайфунның тура
өзіне жолыққанбыз: сол бір күндерді мен еш уақытта ұмыта алмас едім,
өйткені жеке өміріме де үлкен өзгеріс сонда келген. Байқауымша, біз
тайфунның дəл ортасына түскен болуымыз керек, алайда Қорқау Ларсен
одан оңтүстікке қарай жылыстап кетудің амалын тапқан – алдымен ол екі
рифмен кливерді пайдаланған да, сосын мүлде жалаңаш матчпен зулай
жөнелген. Мен бұған дейін нақ осындай жойқын толқынды көрген емеспін.
Бұрын кезіккен штормдардың бəрі бұның қасында ойыншық екен, таудай
қопарылып келе жатқан əр толқынның арасы кемінде жарты мильдей, ал
олардың биіктігі біздің мачтан асады. Тіпті Қорқау Ларсеннің өзі зəкір
тастауға жүрегі дауаламай, мейлі ықсақ ыға берейік, жанымыздан теңіз
мысықтары садақа дегендей, кемені еркіне қоя берген. Ал, расында, біз
негізгі бағыттан ауытқып, онтүстікке қарай шырқап кетіп бара жатыр едік.
Тайфун басылған уақытта біз мұхит пароходтарының жолынан бір-ақ
шыққанымызды байқадық. Бірақ бір қызығы, мұнда да, аңшылардың
таңданысына қарай, екінші бір теңіз мысықтарының үстінен түсіппіз,
құдды бұлар алдыңғылардың артын қорғап жүретін арьергард сияқты екен.
Бұл өте сирек кездесетін құбылыс қой. "Шлюпкаларды түсіріңдер!"– деген
бұйрық саңқ ете қалды, жан-жақтан мылтық даусы күмпілдеп қоя берді,
бұл "қан-майдан" əбден қараңғы түскенше жалғасқан.
Осы күні кешке қарай маған Лич келіп жолығып еді. Мен бүгінгі атып
алған мысықтарды жаңа ғана есептеп болып, енді ғана демалуға отырғам,
жас матрос жаныма тақап келіп:
– Мистер Ван-Вейден, біз жағадан қанша қашықтықта тұрмыз?
Иокагама қай жағымызда?– деген ақырын ғана.
Менің жүрегім қуаныштан дүрс-дүрс соғып қоя берді. Матростың неге
бел байлағанын іштей түсіне қойдым да, білгенімді жайып салдым:
– Солтүстік-батыстың батыс жағында. Бес жүз мильдсй жерде.
– Рахмет сізге, сэр,– деді ол. Деді де қараңғылық қойнына бірден сіңіп
кетті.
Таңертең үшінші нөмірлі қайық жоқ боп шықты. Онымен қоса Джонсон
мен Лич те. Сондай-ақ, тұщы су құйылған бір кеспек, қалған барлық
қайықтың азық-түлік салынған жəшіктері; бұнымен қатар екі қашқынның
төсек-орындары мен сандықтары да өз орнынан табылмаған. Қорқау
Ларсен бар қаһарына мінді де, желкендерді жылдам көтергізіп де, бірден
кеме басын батыс – солтүстік-батысқа қарай бұрды. Екі аңшы салинг
басына шығып, дүрбімен төңіректі түгел шолып тұрды. Ал капитанның өзі
құтырынған арыстандай буырқанып, палуба үстінде ары-бері кезді де
жүрді. Қашқындарға деген менің пейілімді ол тым жақсы білетін,
сондықтан мені қарауылға қойған жоқ.
Жел емес, желемік қана есіп тұрған, оның өзі де тиіп-қашып қана,
дегенмен ұлан-байтақ мұхит бетімен титімдей қайықты тапқаннан көрі бір
шөмеле шөптің ішінен бір тал инені табу əлдеқайда оңай еді. Бірақ
қашқындардың табанын қалайда құрлыққа тигізбеу үшін Қорқау Ларсен
"Елестің" бар мүмкіндігін сығып пайдаланған. Ол осы жоспары бойынша,
құрлыққа қарай жақындап алған соң, қашқындар өтеді-ау деген жолды кескестеп, кемені көлденең салған.
Үшінші күні таңертең шамамен төрт сағаттай (сегіз склянка – ауд.) жол
жүрген кезде, салингте тұрған Смок шлюпканы көрдім деп айқай салды.
Бəріміз бортқа жинала қалдық. Батыстан соққан жел біртіндеп күшейе
түскен – штормнан хабар бергендей. Міне, енді желдің ық жағынан, көз
жетер жердегі толқындардың арасынан қалт-құлт еткен жалғыз ноқат
көрінген.
Біз бағытты өзгертіп, жылдам солай бет бұрдық. Менің көңілім
алабұртып сала берді. Қорқау Ларсеннің көзінен жарқ-жұрқ еткен жақсы
бір ұшқын сезіледі, осы мезетте одан бақытты адам жоқ секілді еді. Ал
менің қаным қайнап кеткені сондай, табанда оның кеңірдегінен ала түскім
келген. Лич пен Джонсонның тағдыры менің көзіме қан толтырып
жібергендей, қарсы алдымдағы Ларсеннің бейнесі маған бейне емес сұлба
сияқты ғана көрінеді. Өзімді-өзім бір сəт ұмытып, аңшылардың кубригіне
жүгіріп барып, капитанды атып тастайын деген оймен қолыма оқтаулы
мылтықты ала бергенім сол, кенет біреудің таңдана айқайлаған даусын
естіп қалдым.
– Шлюпкада бес адам!
Денем дір-дір етіп, жаңағы жаңалық ашқан дауысқа құлақ түрген күйі
траптан ұстай алдым. Кенет тұла бойымды сұмдық бір зілмауыр салмақ
езіп-жаншып бара жатқандай болды: тізем еріксіз бүгіле берді де,
баспалдақпен төмен түстім. Тек осы мезетте ғана өзіме-өзім келіп, əлгінде
қандай іске бас тіккенімді ойлағанда жүрегім шіміркеніп кетті. Тағдырыма
тəуба айтып, мылтықты орнына қойдым да, палубаға көтерілдім.
Жақсы болғанда, менің жоғалып кеткенімді ешкім аңғармапты. Шлюпка
енді біраз жақындап қалған екен, оның аңшылар қайығына қарағанда
біршама үлкендеу əрі сəл басқаша жасалғаны байқалды. Бізге тақала
бергенде ол желкенді жинап, мачтын түсіре бастаған. Сосын онда
отырғандар ескектерін ілмекке іліп қойған да, біздің қашан тоқтап, қашан
өздерін көтеріп алатынымызды асыға күткен.
Смок енді палубаға түсіп, менің жаныма келіп еді; жүзінде бір жұмбақ
күлкі бар. Мен оған сұраулы пішінмен көз салғам.
– Қызықтың көкесін енді көресіз!– деді ол мырс етіп.
– Түсінбедім?– дедім мен.
Ол тағы да қулана жымиып қойды.
– Ау, ана қайықтың арт жағында кім отырғанын көрмейсіз бе? Егер ол
əйел затының бірі болмаса, мұрнымды кесіп берейін.
Қайыққа енді мен де сүзіле қарағам, бірақ бірден бəрін аңғаруға шамам
жетпеген. Дегенмен маңайымдағылардың бəрі бір ауыздан: қайықта төрт
еркек, бір əйел деп, сенімді түрде сөйлеп тұр. Бəрінің өңіне бір жылылық
ойнап шыға келгені байқалады. Тек қабағынан қар жауып тұрған – жалғыз
капитан ғана, мына шлюпканың өзінікі болмай шыққанына қатты қапалы
секілді.
Біз бом-кливерді түсіріп, кливер-шкотты жел жақ бортқа шығарып, гротшкотты жығып, кемені су бетіне жай ғана қалқытып қойдық. Қайық
ескектерін суға түсіріп, бір-екі рет есіп жібергеннен кейін, ол кеменің тура
түбінс дейін келген. Мен əйелді енді ғана анық көрдім: ұзын пальтосын
қымтана оранып алыпты – таңғы салқын жауратып тастаған секілді.
Бастыра киген теңіз фуражкасының жиегінен қызыл-сары шашы қылтия
көрінеді. Ұялы қоңыр көздері үлкен, еріндері қаймыжықтай, беті сəл
сопақтау екен. Өңі күнге күйіп, желге тотыға бастағаны байқалады.
Ол маған бөтен бір əлемнің жаратылысы сияқты көрінген. Мен оған
нанды көрген аш адамдай жұтына қарағанымды сездім. Құдай-ау, менің
əйел затын көрмегеніме қай заман! Осы бір ғажайып көріністі көз
алдымнан өткізіп тұрып мен бір сəт қызметтік міндетімді де ұмытып
кетіппін. Ұмытқаным сол ғой, басқалар шлюпканы көтеріп, абыр-сабыр
болып жатқанда, мен байғұс бір орнымда тастай қатып тұрып қалыппын.
Матростардың бірі əйелдің қолынан тартып көтеріп алып, оны Қорқау
Ларсен тапсырғанда... ол біздің таңданысты жүзімізге көз қиығын тастап,
ерекше бір ілтипатпен жымия сəлемдескендей болған, мұндай сəлем,
мұндай жылы жымиыс тек əйелге ғана тəн еді. Мен мұндай нəзік
жымиысты көрмегелі де қай заман! Адамдар өмірде осылай жүреді, осылай
күледі дегенді мен əлдеқашан ұмытқам ғой!
– Мистер Ван-Вейден!
Қорқау Ларсеннің даусы мені селк еткізді.
– Мархабат, мына бикешті төменге алып барып, жақсылап
жайғастырыңыз. Сол жақ борттағы бос каютаның бірін дайындауға
тапсырма беріңіз. Бұны кокке тапсырғаныңыз жөн. Ал өзіңіз бикешке
қандай жəрдем жасауды ойластыра беріңіз – бетін күнге тым күйдіріп
алыпты.
Ол осыны айтты да, бізді жайымызға қалдырып, қайықтан келген
еркектермен сөйлесе бастады. Шлюпканы жайына қоя берген, бұған
наразылық білдірген бір азаматқа капитан пысқырып та қараған жоқ.
Шындығында, Иокогама қол созым жерде ғана еді.
Бейтаныс əйелді каютаға апара жатып, мен өзімді əрі қолайсыз, əрі
қолапайсыз жағдайда сезіндім. Əйелдің соншама нəзік те биязы
жаратылысын құдды бірінші рет көргендеймін. Траптан түсерде оған
көмектесейін деп қолынан ұстап едім, жып-жылы, жіп-жіңішке саусақтар
менің күректей алақанымды күйдіріп жібере жаздағандай болған. Оның өзі
де жіп-жіңішке, бір тал қауырсындай жеп-жеңіл еді, сəл қаттырақ ұстасам
сынып, үзіліп кетердей көрінген. Міне, əйел атаулыдан тым алыстап кеткен
мен байқұс Мод Брустерді бірінші рет көргенде осындай сезімге бөленгем.
Иə, мен бұл шхунаға тап болғалы алғаш көрген əйел затым – осы қыз
болатын.
– Сіздер мен үшін босқа əуре болмай-ақ қойыңыздар,– деді ол, мен оны
Қорқау Ларсеннің жұмсақ орындығына отырғызып жатқанда (бұл
орындықты мен жүгіріп барып капитанның каютасынан алып келгем).– Біз
бүгін таңертеңнен бері құрлықты көреміз деп, өте үміттенгенбіз. Меніңше,
ол бұл арадан алыс болмас. Яки кешке қарай портта тұруымыз əбден
мүмкін. Солай ғой?
Оның ешқандай күмəн-күдіксіз сөйлеуі мені іштей əбіржітіп тастаған.
"Бейшара,– деп ойлаймын,– кімнің уысына түскендеріңді білсеңдер ғой!.."
Кешегі күні мен де осылардың күйін кештім емес пе. Сонда таяу порттан
менің де дəмем болған. Енді бұған не десем екен? Өтірік көңілін
алдарқату? Жоқ, олай істеуге болмайды! Не нəрсенің ашығын, шындығын
айту керек.
– Егер басқа бір капитан болса, ертеңнен қалдырмай ол сіздерді
Иокагамаға жеткізіп салады дер едім. Бірақ біздің капитанның... Ларсеннің
мінезі бөлек адам. Оның əр минутта не істеп, не қоятыны тек өзіне ғана
мəлім. Сондықтан кез келген дүниеге дайын болғандарыңыз дұрыс. Сіз
түсінесіз бе,– кез келген дүниеге!
– Жоқ, мен сізді тіпті де түсінбей тұрмын,– деді ол. Көзінен əлдебір
таңданыс білінген, бірақ қорқыныш емес.– Мүмкін мен қателесетін
шығармын, алайда апатқа ұшыраған кемедегілерге көмектесу əркімге де
парыз сияқты еді. Жə, бұ да сөз емес қой, шын мəнінде жағалау мына
тұрған жерде емес пе.
– Шындығын айтқанда, мен де ештемені кесіп айта алмаймын,– дедім
мен оны тым қамықтырмайын деп.– Менікі тек сізді сақтандыру ғана.
Біздің капитанда ешқандай адамшылық қылық жоқ. Нағыз хайуанның өзі.
Оның кенет қандай қадамға барарын ешкім де білмейді.
Мен тағы да бірдемелерді айтпақ болып едім, ол сөзімді кілт бөліп
жіберді.
– Иə, иə, түсінем!– деді шаршаған түрде. Тегі ойын жинақтай алмай
отырған секілді. Ол маған амалы таусылып, сүлдері құрып, міне-міне үзіліп
кететіндей көрінген.
Бұдан əрі ол жақ кірісін ашқан жоқ, ал мен оның көңілін алаңдатпайын
деген оймен Қорқау Ларсеннің нұсқауы бойынша бетті қалпына келтіретін
ем-дом жасаудың қамына кірісіп кеттім. Басқа да істейтін жұмыстарым көп
еді: дəрі-дəрмек қобдишасынан күнге күйген денеге жағатын май алдым,
оған əдемілеп мақта дайындадым, сосын Магриджгс бос тұрған бір
каютаны жинап-тазалауды тапсырдым да, Қорқау Ларсеннің жеке
заттарының арасынан бір шиша портвейнге де "қол жүгіртіп" үлгердім.
Жел біртіндеп күшейе түскен, ол күшейген сайын кеменің шайқалуы да
қатты біліне бастаған. Бұл əредікте каюта да əзір болып, "Елес" толқындар
үстінде жебедей зымырап бара жатыр еді. Мен Лич пен Джонсон туралы
əлдеқашан ұмытқан болатынмын, бірақ шхуна сыртынан "шлюпка
алдымызда!" дегенді естігенде төбеме жай түскендей сілейдім де қалдым.
Күмəн болуы мүмкін емес-ті – мачт басынан айқайлап тұрған Смок
болатұғын. Мен əйелге барлай қарадым: ол өте шаршаған кейіпте көзін
жұмып, жұмсақ орындықта шалқая жатқан-ды. Смоктың даусын ол естігенестімегеніне де көзім жетпеген. "Ұйықтасын,– деп ойладым,– бар
сұмдықты өз көзімен көргенше ұйықтап жатқаны дұрыс". Ал сұмдықтың
болатыны анық-ты. Капитанның үш күн бойы аңсап күткені де сол ғой,
қалайда қашқындарды ұстап алып, адам айтқысыз азаптау ғой.
Палуба жақтан шұғыл бұйрықтар естілді. Сосын аяқтардың дүбірі...
риф-штерттердің желге барт-барт толғаны... "Елестің" шұғыл басқа жаққа
бұрылғаны, бəрі-бəрі маған ап-анық білініп тұр. Шхуна шұғыл бұрылған
кезде, əйел отырған орындық сырғи жөнелген, мен оны əрең ұстап қалдым.
Ол көзін ашып алды да, не боп қалды дегендей маған əбіржи қараған. Мен
оны дайындап қойған каютаға қарай жетелей жөнелдім. Ол аяқ басқан
сайын шалынып, денесі ауыр қозғалып, бөлмеге əрең жетті. Магридж
ыржия күлген болды. Мен оған осымен жұмысың бітті, өз шаруаңмен
айналыс дегенді ыммен білдіріп, каютадан шығарып жібердім.
Біздің жаңа жолаушымыз каютаға жетпей жатып менің иығыма сүйенген
күйі ұйықтап кеткендей еді. Иə, оның жүріп келе жатып қалғи бастағаны
рас болса керек, өйткені төсекке денесі тиер-тиместен-ақ сылқ етіп жата
кеткен. Сосын басын сəл көтеріп, маған жымия қараған да, көзін қайта
жұма беріп еді.
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Палубаға шыққан сəтте байқағаным, желге қарсы тырбаң қағып бара
жатқан бізге таныс желкенді шлюпканы "Елес" екпіндей қуып келеді екен.
Бəріміз бір бағыттамыз, қайық тек сəл оң жаққа шығып алыпты. Команда
түгелдей палубада. Лич пен Джонсонды ұстап алған соң не болар екен деп,
бəрі де бір сойқанды асыға күтіп тұрғандай.
Уақыт төрт склянканы соққан. Луис кормге келіп, жүргізушіні
ауыстырды. Ауа ылғалды еді, Луис клеенкадан тігілген жылтыр күртеше
мен кең шалбар киіп алыпты.
– Осы жолы бізді не күтіп тұр екен?– деймін мен одан.
– Бар жағдайды сарапқа салсақ, сэр,– дейді ол əдетінше қулана сөйлеп,–
жаңбыры аралас аздаған дауыл тұратын шығар. Желбезегімізді дымдап
алуға сол да жетіп қалар.
– Біздің жігіттердің шлюпканы көріп қалғаны қандай өкінішті,– деймін
мен тағы.
Үлкен бір толқын шхуна тұмсығын оңдырмай соқты да, оны шамамен
бір румбқа бұрып жіберген, осы мезетте шлюпка кливерлер арасынан
қылтың ете қалып еді.
Луис штурвал тұтқасын шап беріп ұстай алды да, сəл үнсіз тұрып,
сосын:
– Менің ойымша олар бəрібір жағаға жете алмас еді,– деді.
– Неге?– деймін мен.
– Негесі сол, əне, көрдіңіз бе?– Жел екпіні шхунаны қисайта бергенде,
Луис штурвалды шапшаң бұрай бастады.– Енді бір сағаттан кейін теңіздің
астан-кестеңі шыққанда, қабықтай қайықты қойып, таудай кемелердің өзі
не болар екен! Олардың бақытына орай біз дер кезінде келіп жеттік,
құтқарып қалуымызға əлі уақыт бар.
Қорқау Ларсен палубада құтқарылып алынған теңізшілермен біраз
сөйлесіп тұрды да, сосын ютқа көтерілді. Оның жүрісінен əдеттегіден гөрі
əлдебір жымысқылық сезілген, ал көзінде суық ұшқын жылтырайды.
– Үш майлаушы жəне бір механик,– деді ол маған сəлемдесудің
орнына.– Алайда бұларды біз матрос қыламыз немесе аңшылыққа
пайдаланармыз. Ал жə, бұларды қойшы, анау қалай өзі?
Неге екенін білмеймін, Қорқау Ларсен құтқарылған əйел туралы
айтқанда, жүрегіме əлдекім пышақ салып жібергендей болды. Бұндай
сезімге берілудің ақмақкершілік екенін білсем де, мен бəрібір бойдағы бір
ауыр əсерден құтыла алмай, жауап орнына иығымды қиқаң еткіздім де
қойдым.
Қорқау Ларсен əндете ысқырып біраз тұрды да:
– Аты кім екен өзінің?– деді күлімсірей тіл қатып.
– Білмеймін,– дедім мен.– Қазір ұйықтап жатыр. Қатты шаршаған
секілді. Расына келгенде, мен сізден бірдеме білем бе деп едім. Бұлар
қандай кемеден екен? Қалай бізге тап боп жүр?
– "Токио қаласы" деген пошта пароходынан,– деп ол күңк етті.–
Фрискодан Иокогамаға кетіп бара жатқанда қатты дауылға ұшырап,
қабықтай кеменің қаңқасы ғана қалыпты. Сол түрімен төрт күн бойы
толқынмен арпалысқан... Сонымен сіз оның əйел ме, қыз ба, бойдақ па,
жесір ме – ештемесін білмедіңіз, ə? Өкінішті! Өкінішті!
Ол маған көзін сығырайта қадап, басын шайқай берді.
– Ал сіз...– деп бастадым мен. Сосын тілімді тістей қойдым. Апатқа
ұшырағандарды Иокогамаға жеткізіп салмайсыз ба деген сөз аузымнан
шығып-ақ кете жаздаған.
– Ал мен?– деп қайталады ол.
– Сіз... Лич пен Джонсонға не істемек ойыңыз бар?
– Білмеймін, Хэмп, білмеймін. Мына төртеуін қосқанда, маған адамдар
жеткілікті сияқты ғой.
– Ал Джонсон мен Лич бізден тегін қашқан жоқ қой. Бұған дейін олар
тартқан азап аз ба еді,– дедім мен.– Енді сізге оларға деген қатынасыңызды
неге өзгертпеске? Бортқа алыңыз да, олармен адамша жұмыс істеп көріңіз:
Олар қандай қылық жасаса да, соған жеткізгендер бар ғой.
– Жеткізгендер кім? Мына мен бе?
– Иə, сіз,– дедім мен батыл түрде.– Ашығын айтайын, Ларсен, егер сіз ол
бейшараларды бұрынғыдай қорлай беретін болсаңыз, онда мен бəрін де
құрбан етемін, тіпті өзімнің өмірге деген махаббатымды да, мына тұрған
сізді де.
– О-о!– деді ол масайрап.– Мен сізді мақтан етем, Хэмп. Сіз аяғыңыздан
керемет тік тұрдыңыз міне. Нағыз рухы мықты адам осындай болады!
Бұған дейінгі тірлігіңіздің бəрі қайыршының да қарнын ашыратын бірдеме
еді: бос кеуде, боркемік болдыңыз, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен
ғана жүрдіңіз,– ал шын мəнінде адам бола бастағаныңыз міне қазір ғана.
Маған əлдеқайда осыныңыз ұнайды.
Күтпеген жерде даусы өзгеріп, беті сазара қалды.
– Сіз уəде деген дүниеге сене аласыз ба?– деді ол.– Жалпы, оны қасиетті
деп білесіз бе?
– Əрине,– дедім мен.
– Ендеше сізге мынадай шарт қоямын,– деді ол ұлы актердің ролін
ойнап.– Егер мен сізге Лич пен Джонсонның бір тал шашына қол
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 12
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.