Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19

Total number of words is 4197
Total number of unique words is 2152
35.5 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
төмендемесе керек еді. Жоқ, жоқ жəне де жоқ!
Екінші жағынан, Пауэлл Ринггольдтердің үй-жайын, өзінің қас жауы,
өлтіруге серт берген төрт дұшпанының бірі ─ Аренс.
Ринггольдтің тұрағын неге ойрандамай аман қалдырады? Бұл
барып тұрған адам сенгісіз жағдай болатын.
Ринггольдті үйінде ұйықтап жатқан жерінде қолға түсіруге
болатын. Оның қара жүрек сыбайластарының қарсыласа қоюы
екіталай. Қарсыласқан күнде де, оларды қиратып салу қиын емес.
Оны неге аман қалдырған? Неге үйін өртеп жібермеген?
Жолай естіген тың деректер жаңа болжамдарды туғызды. "Күтпеген
жерден еріктілер шолғыны шыға келгендіктен, үндістер асығыс кейін
қарай шегініп кетіпті" дегенді айтты біреулер маған. Олар өртеніп
жатқан плантацияны көріп қалыпты. Басқа плантациялардың, оның
ішінде Ринггольд плантациясының да аман қалуына сол себеп
болыпты десті жұрт.
Бұл əңгіменің төркінінде бір шындық бар секілді еді. Ізге қарағанда,
баскесерлер тобы онша көп емес, елу адамнан аспайды екен. Шегінген
себептері де сондықтан болса керек.
Онда істің жай-жапсары түгелдей қайта өзгереді. Айыпты адам
ретінде көз алдыма қайтадан Оцеола елестеді.
Бəлкім, оның жабайы жанына тереңдей алмаған шығармын. Бəлкім,
расында өзіме осынша сұмдық соққы жасаған нағыз жанкештінің өзі
сол шығар.
Өзіме-өзім қайта-қайта сұрақ қоя беремін: мұндай қылмысқа адамды
не итермелеуі мүмкін?
Ə, мынау екен ғой! Қарындасым! Виргиния! Бəлкім, махаббат...
Құштарлық болар...
─ Үндістер кеп қалды! Үндістер!..
LXXVI тарау
ЖАЛҒАН ДАБЫЛ
Қорқынышты мəнге толы осы айқай бірден ойымды бөліп жіберді.
Үндістер келіп қалған екен деп алға қарай шаба жөнелдім. Бірақ салт
аттылар кенет тізгіндерін тежеп, тұра-тұра қалысты. Шеткерек шығып
кеткендер жасаққа қайта келіп қосылды. Ал асығыс алға ұзап
кеткендер, кейін қарай жан ұшыра шауып келе жатыр. Дабыл көтерген
де нақ солардың өзі. Кейбіреулері айқайға əлі басуда: "Үндістер!
Үндістер кеп қалды!"
─ Үндістер дейді? - деп сұрады Хикмэн сене қоймаған түрмен. ─
Қайдан көрдіңдер оларды?
─ Анда, ─ деп жауап берді қайта шауып келген салт аттылардың
бірі. ─ Анау ағаштардың ішінде. Орманның ішінде құжынап жүр.
─ Taп осыған сенсем, сайтанның талапайында кетейін! - деп көнбеді
қарт аңшы, жаратпаған пішінмен басын шайқап. ─ Үндістер, əсіресе
мына сендер секілді сары ауыз балапандардан ешқашан
жасырынбайды. Оларды көргеннен бұрын құлақпен естір едің.
─ Бір-бірімен сөйлескен дауыстарын да естідік.
─ Бəлі! ─ деді аңшы. ─ Егер шынымен үндістер болғанда, сендердің
еститіндерің ол емес, винтовкадан оқ атқандарын бір-ақ еститін
едіңдер.
Сайтан
алсын
сендердің
үндістеріңді.
Жанаттың
шиқылдағанын немесе тоты құстың сандырағын естіген боларсыңдар.
Алдарыңнан жүгіріп өткен аңды көрісімен-ақ зəрелерің зəр түбіне
кеткенін мен білемін.. Ал енді осында тұра тұрыңдар, мен көріп
келейін.
Соны айтып, Хикмэн атынан түсіп, тізгінін бұтаққа іле салды.
─ Жүр, Джим Уэзерфорд, - деді ол, аңшы жолдастарының біріне
бұрылып. ─ Қарап келейік, мына бозөкпелер не көрді екен? Ағаштың
түбірін үндіспен шатастырып жүргеннен сау емес.
Жас аңшы да атынан түсті. Хикмэн екеуі аттарын қауіпсіз жерге
байлап, винтовкаларын алып, үн-түнсіз қалыңға кіріп кетті. Жасақтың
қалған мүшелері аттарынан түспестен бір жерге ұйлығысып күтіп тұр.
Төзім таусыла қоятындай уақыт өткен жоқ. Аңшылар көзден ғайып
болысымен-ақ олардың қарқылдаған күлкілері естілді. Біз де
батылданып, жақындай түстік. Олар күлкіге батып жатқан жерде еш
қауіп-қатер бола қоймаса керек. Кешікпей екеуін де тауып алдық.
Уэзерфорд еңкейіп əлдененің ізіне үңілуде, ал Хикмэн тербетілген
бұталарды қолымен нұсқап тұр. Біз сол жаққа қарап едік, жайылып
жүрген жартылай жабайы сиырларды көрдік. Бізді көріп үріккен
сиырлар, қалыңның ішін қақ жара қаша жөнелісті.
─ Міне, сендердің үндістерің! - деді
Жабайыларды тапқан екенсіңдер! Ха-ха-ха!
аңшы
масаттана:

Осы жалған дабылды көтеруге себеп болған айыпкерлерден
басқалардың бəрі жамырай күліп жатыр.
─ Бұл жерде ешқандай да үндістің жоқ екенін мен білгемін, ─ деп
сөзін жалғады аллигатор аулаушы. ─ Олар бүйтіп жүрмейді. Оларды
көруден бұрын, құлақпен естіген болар едіңдер. Ал енді сары сиырдан
қызыл өңді үндісті ажырата алмайтын боқмұрындарға айтар ақылым
мынау: тайраңдап алға шыға бермендер, алда тəжірибелі адамдар
жүрсін. Қалғандарың шашырамай, топтасып бірге жүріңдер. Əйтпесе
бүгін кейбіреулер бас терісінен айырылып қалып жүрер.
Хикмэннің орынды айтылған ақылын бəрі де қолдады. Біз қарт
аңшы мен Уэзерфордтың топты бастап жүруін өтіндік. Қалғанымыз
қатарымызды жазбай соңдарынан ердік.
Үндістердің онша ұзап кете қоймағандары түсінікті болатын. Олар
отқа оранған үйден кеткелі көп болған жоқ. Плантацияға өзім келгелі
бері уақытты текке өткізген жоқпыз ─ жолға жиналуымызға он
минуттан артық уақыт кеткен жоқ. Ендеше, олардың кеткен кезінен,
біздің қуғынға шыққан кезімізге дейін, көп болса, бір сағаттан əзер
асады. Соңдарынан жаяу еріп бара жатқан зəңгілер бар болғандықтан,
олар онша тез жүре қоймаса керек-ті. Ол жалпақ іздерінен анық көрініп
келеді.
Біздің ішімізде үндістерден қорқа қояр ешкім жоқ шығар. Кек алуға
деген кіжініс барлық үрейді басып кетті. Сонымен бірге, іздеріне
қарағанда, үндістер онша көп емес ─ елуден аспайды. Олар, сөз жоқ,
бірге-бір келгенде өзімізбен тең түсетін, кəнігі жауынгерлер болатын.
Бірақ маған көмектесуге өз еріктерімен шыққан адамдар да нағыз
шыныққан ер мінезді, байсалды жандар. Олар осындай іске
таптырмайтын, поселкенің бетке шығарлары болатын. Қайта қайту
деген ой ешкімнің басына да келген жоқ: бəрі де тек кек алуға
ұмтылуда. Үндіс жерінің тап жүрегінде, өз "ұяларында" болса да,
қанішерлерді тауып алып, сазайын тартқызуға дайын тұрған-ды.
Бұл адамдардың адамдығы күшіме күш қосқандай болды. Көңілім
жеңілдеп, зауал сағаты жақындап келе жатқанын сезген мен алға ұзай
бердім.
LXXVII тарау
ІЗ ЖОҒАЛДЫ
Алайда менің тілегім жуық арада жүзеге аса қойған жоқ. Аттардың
қансорпасын шығарып шапқылаған бойда, із қуалап он мильдей жер
жүрдік. Алғашында осы жолдың жартысына жетпей-ақ үндістерді
қуып жететін шығармыз деп ойлағанбыз.
Тəрізі, соңдарынан қуғын басталғанын түсінген үндістер,
қорқыныштан жан ұшыра алға ұмтылған болулары керек. Əлгіндей
сұмдық қылмыстан кейін, қуғын шығатынын сезген сынды. Бірақ
сонда да онша ұзай қоймағаны анық. Күн күйдіріп тұрғанмен,
сындырып кеткен бұтақтарынан аққан ағаш сөлі əлі кеппеген, тұяқ
іздері ескіре қоймапты. Жол бастаушылар бізге осыны айтқан-ды.
Жерге төселе жапырылып қалған шөп бойындағы шық əлі кебе
қоймаған.
─ Осы арадан өткендеріне жарты сағат та болмапты. Жарты-ақ
сағат, сайтан алғырлар! -деп дауыстады Хикмэн, ізді жиырма рет
тексеріп шыққан соң. ─ Үндістердің осынша шапшаң жүргендерін
өмірімде көрген емеспін! Бұлар үріккен бұқалардан да тез жөңкіп
барады... Əбден жан терлері шыққан шығар сұмырайлардың. Ал кейбір
боз өкпелер, құдай біледі-ау, ерден құлап қалмай, əйтеуір, əрең шыдап
бара жатыр...
Жол бастаушының бұл сөзіне жұрттың бəрі жамырай күлісіп алды.
─ Аса қатты күлмеңдер, жігіттер, онша даурықпаңдар! ─ деді ол,
күлкілеріңді тыйындар деген белгі беріп. ─ Иерусалиммен ант етейін,
естіп қалады! Ал егер естіп қалса, кейбіреулерің бас терілеріңнен күн
батқанша-ақ
айырыласыңдар.
Шыбын
жандарыңды
аман
сақтағыларың келсе, жым болып жүріңдер. Олар біздің қасқыр алатын
төбеттерден де саққұлақ. Бізден тап бір-ақ миль алда кетіп бара
жатпаса, мені сайтан алсын! Ол ізге тағы бір рет үңіліп, сөзін
қайталады:
─ Суырдай сақ болыңдар, сонда ол оңбағандарды бір сағатқа жетпей
қуып жететінімізге уəде берейін.
Біз оның бұйрығын екі етпей, шу шығармауға тырысып келеміз. Ат
дүбірі естілмесін деп, жолдың шөп басқан қапталымен жүріп отырдық.
Тек өте қажет болғанда ғана сыбырласып сөйлесеміз. Алдыңғы жаққа
қадала қарап, үндістердің қоладай күрең денелерін көріп қаламыз ба
деп сəт санап келеміз.
Осылайша жарты мильдей жүрдік. Жау көзге түсе қоймады, тек
іздері ғана сайрап жатыр. Ағаш арасынан жарқ етіп ашық аспан
көрінді. Бұл орманның сирей бастағандығының белгісі еді. Көп
адамдар қуанып қалды. Соңғы сағаттарда қараңғы ормандағы айқышұйқыш өскен шырмауықтар мен дауылдан құлаған ағаштардан
жүрісіміз өнбей қойған Жұрттың бəрі енді жолымыз жақсарып,
үндістерді қуып жетеміз деп жобалауда. Бірақ байырғы аңшыларға,
əсіресе жол бастаушыларға бұл өзгеріс керісінше əсер еткен сияқты.
Хикмэн өзінің наразылығын бірден айтып салды.
─ Қарғыс атқыр қу дала! - деді ол. ─ Бұл саваннаның ұшы-қиыры
жоқ. Сайтан алғыр, жағдай өте жаман!
─ Неге? - деп сұрадым мен.
─ Негесі сол! Егер олар саваннадан өтіп кетсе, орман шетіне бір
немесе екі сақшы қалдырады. Енді біз оларға байқатпай жақын бара
алмаймыз. Түйелі керуендей көзге бірден түсеміз. Бұдан шығатын
қорытынды қандай? Егер олар бізді байқап қалса, оп-оңай құтылып
кете алады. Жан-жаққа тарыдай шашылады, содан соң тауып ал, ер
екеніңді сонда көрелік.
─ Ал енді не істейміз?
─ Үлкен батпаққа жақын жүргеніміз абзал. Сендер осы арада
бірнеше минут күте тұрыңдар, ал біз Джим Уэзерфорд екеуміз орман
шетіне таман барып, олардың саванна арқылы өткен-өтпегендерін
біліп қайтамыз. Егер өткен болса, біз де кесіп өтеміз, сосын арты
беттен іздерін қайта тауып аламыз. Басқа істер амалымыз жоқ. Егер
олар біздің саваннадан өтіп бара жатқанымызды көріп қалса, онда
жалт бұрылып ту сыртымызды көрсетеміз де, ың-шыңсыз кейін
қайтамыз.
Бұған бəріміз де келістік жəне аллигатор аулаушының бұйрығына
сөз айтпастан бағындық. Оның қаншалықты тəжірибелі адам екенін
бəріміз де жақсы білетінбіз. Хикмэн мен Уэзерфорд аттарынан түсіп,
орман шетіндегі ағаштарға қарай абайлап жақындай бастады.
Олар қайта оралғанша едəуір уақыт өтті. Кейбіреулер шыдамсыздық
көрсете бастады. Кідірумен уақытты текке өткізіп, үндістердің
бұрынғыдан да ұзап кетулеріне мүмкіндік беріп аламыз дегенді
айтып, реніш білдірушілер болды. Кейбіреулер қуғынды жалғастыра
беруді жəне неде болса із сүреңімен ілгері ұмтылуды ұсынды.
Өз басым бұл пікірмен келісе қоймадым. Жексұрын жаумен ашық
айқасқа шығуға қанша құлшынғанмен, мынадай жағдайда қуғыннан
ешқандай нəтиже шықпайтынын түсінген едім. Жол бастаушылардың
сөздері дұрыс болатын.
Ақыры аңшылар да келді-ау. Олар үндістердің, шыныңда да,
саваннадан өткендігін жəне арғы беттегі орманға кіргендерін айтты.
Аңшылар орман шетіне жеткенде, олар əлі ұзай қоймаған екен. Хикмэн
қалың бұтаға кіріп бара жатқан жылқының құйрығын көріп қалыпты.
Бірақ қырағы ізшілер сонымен қатар тағы да бір маңызды нəрсені
түсіндірді: əрі қарай біз қуалап жүретіндей із жоқ көрінеді.
Саваннаға кірісімен, тəрізі, үндістер жан-жаққа бытырап кетсе
керек. Жылқы тұяқтарынан шөп үстінде қалған бытыраңқы іздер соны
көрсетеді. Аңшылардың сөзімен айтқанда, үндістер "торғайдай тозып"
кетсе керек. Бара-бара із мүлдем жоғалған. Аңшылар мұны биік шөп
арасына еңбектеп барып, ат тұяғынан түскен көмескі іздерді байқаған
соң ғана анықтапты. Тек жұмбақ бір із бұлардың назарын ерекше
аударыпты. Ол жалаң аяқ адамның ізі екен. Сырттай қарағанда адам
оны жалаң аяқ жалғыз адамның ізі екен деп ойлап қалуы мүмкін.
Тəжірибелі ізшілер мұның қулық екенін бірден ұққан. Із жерге терең
батқан əрі жалпақ: бір адамның ізі мұнша терең болмаса керек еді.
Ұзын өкше, жалпақ табан, тарбиған саусақтар ─ осының бəрі аңшылар
бірден ұға қойған белгілер. Бұл зəңгінің, дұрысырақ айтқанда,
зəңгілердің ізі екенін жəне олардың бұл айланы өздерін бастап бара
жатқан адамның нұсқауымен қолданғанын Хикмэн бірден түсінді.
Қашып бара жатқан жабайылардың мына айласы бізді əрі ренжітті,
əрі таң қалдырды. Алғашқы минутта бізге жабайылар қулықтарын
асырып кеткен секілді көрінді. Енді қайтып олардың ізін таба
алмаспыз, бізге кек алуды жазбаған шығар деп ойлағанбыз.
Кейбіреулер ендігі жерде қуғыннан түк шықпайтынын айта
бастады. Енді біреулер кері қайтайық деген ұсыныс айтты. Кек алу
отын қайта тұтату үшін, жабайыларға деген жиіркеніш сезімін қайта
оятуға тура келді.
Осындай сын сағатта Хикмэн қарт сөзге араласып, сөне бастаған
үмітімізді қайта тұтатып, бəріміздің көңілімізді көтеріп тастады. Ол
сөйлей бастағанда-ақ қуанып кеттім.
─ Жігіттер, бүгінгі кеште біз оларды қуып жете алмаймыз. (Ол сөзді
жұрттың бəрінен соң алып еді). Күн жарықта мынадай жазықтан өтуге
болмайды. Ол өте үлкен Қарғыс атқан бұл саваннадан өткенше, мен
жиырма миль жерді айналып өткенді қалар едім. Жо, жігіттер,
еңселерің түспесін! Қараңғы түскенше осында күте тұрамыз, сонан соң
саваннадан жайлап қана бұғып өтуімізге болады. Егер біз Джим
Уэзерфорд екеуміз арғы жақтан олардың іздерін таба алмасақ, онда
мен өмірімде ешқашан аллигатордың етін жемегенім. Қарғыс атқыр
үндістер сол маңдағы бір ағаштың түбінде қостарын тігіп жататын
шығар. Олар бізді көрмеген соң, балға тұмсығын тыққан аюдай қанненқаперсіз жата береді. Міне, біз де сол сəтте жай отындай
жарқылдармыз!
Аңшының ұсынысына бəріміз де қосылдық. Ол бұдан былайғы ісəрекет жоспары ретінде қабылданды. Бəріміз аттан түсіп, күннің
батуын күттік.
LXXVIII тарау
САВАННА АРҚЫЛЫ ӨТУ
Менің қасіретім шыңына жетті. Қуғын кезіндегі қобалжу басыма
түскен бақытсыздық жөніндегі ойларға бой алдыруға мұрша берген
жоқ еді. Кешікпей кек аламын деген ой қасіретімді тұншықтырып,
аттың шабысы алай-түлей болған жан жүрегімді біраз тербетіп,
тыншытқандай болған. Ал енді, қуғын тоқтаған кезде, таңертеңгі
оқиғаларды қайтадан ой тізгінінен өткізе бастадым. Ауыр қайғы
қабырғамды қайтадан қайыстыра бастады. Кек алуға шақырғандай екі
қолын жайып жіберіп, өліп жатқан анамның денесі көз алдыма қайта
келді. Көзінен жасы парлаған, шашы ұйпа-тұйпа, безек қатып
шырылдап тұрған, өңі құп-қу қарындасымды көрдім.
Осынша азапты сəттерді бастан кешіре отырып, күннің батуын
қаншалықты тағатсыздана күткеніме таңдануға бола ма? Үлкен отты
шар көкжиекке ешқашан да осынша жай жылжымаған болар деп
ойладым. Əрекетсіздік жанымды жегідей жегенде есім ауысып кете
жаздайды. Шар табақтай күн орман үстін қымтаған қою тұманнан қан
қызыл боп көрінеді. Аспан төмендеп кеткендей, үрей туғыза
төбемізден төніп тұр. Ол менің ой-сезіміме дəл үйлесе қалғандай
көрінеді.
Ақыры ымырт та жабылды. Маған осы кеш таусылмастай ұзақ
көрінгенмен, қараңғылық оңтүстік ендіктерге тəн əдетпен тез түсті.
Одан кейін жер бетін түнек қымтады. Біз атқа қарғып-қарғып мініп,
жүріп кеттік. Қозғалыс қайғымды жеңілдеткендей болды.
Орманнан шыққан соң, саванна арқылы жүрдік. Екі аңшы бізді тұптура бастап келеді. Андыздап жатқан іздер əр жаққа тарап
кеткендіктен із қуалаудың ешқандай мəні жоқ. Хикмэн осы іздердің
бəрі, түбінде, алдын ала келісілген бір жерге барып тоғысады деп
болжам жасаған-ды. Сондықтан қай ізбен жүрсек те бəрібір болатын.
Іздің үндістер қосыла алып баратыны күмəнсіз. Дəл осы сəтте біз үшін
ең маңызды нəрсе, саваннадан көзге түспей өту ғана. Түн
қараңғылықты біздің қолымыз. Біз ашық жермен алға қарай елес құсап
үн-түнсіз, ат дүбірін естіртпеу үшін ілбіп қана жүреміз. Болдырған
аттар тізгінге көнер емес. Жер де өте жайлы: жұмсақ шөптен аттардың
жүргені білінбейді. Біз тек, жылқылар үндіс аттарын сезіп қалып,
кісінеп қоя бермесе екен деп қана қорқып келеміз.
Бақытымызға қарай, ол күдігіміз бекер боп шықты. Жарты сағаттан
соң біз түгелдей үн-түнсіз арғы беттегі орманның қараңғы құшағына
барып кірдік. Бізді байқай қоюлары екіталай. Үндістер тосқауылға оз
барлаушыларын қалдырған күнде де, олар бізді қараңғыда көрген жоқ.
Сақшылар өзіміз орманға кірген жерде тұрса ғана байқап қалулары
мүмкін. Бірақ ешқандай үндістің ізі байқалмағандықтан, бізді аңдыған
ешкім жоқ деген шешімге келдік.
Бір-бірімізбен сыбырлай сөйлесіп, бұдан əрі не істейтінімізді
талқылауға кірістік. Əлі де жүре түсу жөн. Үндістердің іздерін қайта
табу керек, бірақ таң атпай із кесу мүмкін емес. Егер бір жайт
болмағанда, таң атқанша осы орнымыздан қозғалмауымыз да мүмкін
еді. Аттар да, адамдар да əбден шөлдеп келеді. Сəскеден бері су көрген
жоқпыз, ал Флорида аптабында бірнеше сағат жол жүрудің өзі-ақ
шөлден əбден қаталауға жетіп жатыр. Күн салқын кездерде сусыз
бірнеше күн жүре беруге болар еді.
Аттар да, адамдар да қатты шөлдеді. Ұйықтай да, дамылдай да
алмадық. Бір жерге тынығып алғанша су табу керек болды. Біз,
сонымен бірге, аштықтан да қиналып келеміз. Өйткені осынша ұзақ
жолға жетерлік азық-түлік алған жоқ болатынбыз. Бірақ аштықты
жеңуге болатын, бір түн құр су ішсек те өлмейміз. Сондықтан біз алға
жылжи отырып, қалай болғанда да су тауып ішуге бел байладық.
Осындай қиын-қыстау жағдайда жол бастаушы тəжірибелі екі аңшы
бізге баға жетпес көмек корсетті. Олар саваннада да аң аулаған
адамдар той. Үндістер бізбен тату тұрған кездерде, ақ нəсілдер
олардың жерінде емін-еркін жүре алатын. Осы жақын маңда тоспа бар
екенін аңшылар ұмытқан жоқ екен. Бір кезде өздері соның жағасында
демалса керек. Қараңғылыққа қарамастан, олар соны табуға тырысты.
Біріміздің соңымыздан біріміз жүріп келеміз. Əркім өз атын
жетектеп келе жатты. Қараңғыда жол табудың басқа мүмкіндігі жоқ
болатын. Біздің жасақ ағаш-ағаштың арасындағы ирелендеген
соқпақпен шұбатыла жылжып бара жатқан алып жылан секілді.
LXXIX тарау
ОРМАН ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫНДА
Жол көрсетушілер анда-санда дұрыс келе жатырмыз ба, жоқ па
дегендей, кідіріңкіреп қалады. Сол кезде бəріміз де тоқтап, олардың
қайта жылжуын күтеміз.
Хикмэн мен Уэзерфорд бірнеше рет əрі қарай қалай жүретіндерін
білмей, жолдан адасты. Олар бағыттан айырылып, не істейтіндерін
білмей абыржыды.
Күндіз ағаш қабығына қарап бағыты оңай тауып алуға болады. Бұл
əдіс орман аңшыларына жақсы таныс. Ал қазір тым қараңғы, тиянақты
бақылау жүргізу мүмкін емес. Əйтсе де оңтүстіктің қай жақта,
солтүстіктің қай жақта екенін Хикмэн түн ішінде де жазбай таба
аламын деп еді-ау. Мен оның ағаш қабықтарын сипалап жүргенін
байқадым. Ол өз болжамын дəлелдей түскісі келгендей, бір ағаштан
соң бір ағашты сипалап көреді. Бірақ біраз уақыттан кейін жолдасына
қарап, ақырын ғана бірдеңелерді айтты. Дауысында таң қалғандық бар.
─ Бұл не ғажап, Джим? Екеуміз осы арада соңғы рет болып
қайтқаннан бері ағаштар мүлдем өзгеріп кетіпті. Қабықтары жоқ,
біреулер əдейі сыдырып тастағандай.
─ Маған да бір түрлі көрінді. Бірақ қараңғыда көзіме солай көрінген
шығар деп едім.
─ Жо-жоқ, олай емес. Бұларға бір пəле болған. Бұл шыршалар менің
есімде. Ағаштар тамызықтай қурап қапты. Кəне, тікенектерін
сындырып көрейікші.
Соны айтып, Хикмэн салбырап тұрған бір бұтақты жұлып алды.
─ Е, түсінікті болды, - деді ол тікенектерін сындырып жатып. ─
Бұларға не болғанын енді түсіндім. Бəріне қарғыс атқыр құрттар кінəлі
екен. Ағаштар қурап қалған. Енді не істейміз? Енді менің мына сары
ауыз балапандардан айырмашылығым жоқ, ол тоспаны таба
алмаймын.
Бұл мойындау бізге онша жақсы əсер ете қоймады. Шөл барған
сайын қинай түсті. Су таба алмайтынымызға көзіміз жеткен соң,
бұрынғыдан бетер шөліркедік.
─ Тоқтаңдар! - деді бір минуттан соң Хикмэн атын тебініп қалып.—
Əлі де үміт бар. Сендерді тоспаға мен алып бара алмасам, астымдағы
мына ақылды жануар алып барады... Ал, кəне, жануар, ─ деді ол кəрі
биесіне, ─ бізге су тауып берші! Тарт алға, салып бақ бар өнеріңді!
Тақымын қыса түскен Хикмэн "жануардың" тізгінін қоя берді. Тілсіз
хайуанның сезімталдығына ғана үміттеніп, тағы да алға жылжыдық.
Кешікпей бие суды сезгендей болды. Хикмэн оның "суды сезіп" келе
жатқанын айтты. Бұғының соңына түскен ит ізді қалай адаспай шалса,
бұл да суды адаспай тауып келе жатыр еді. Тұмсығын созып жіберіп,
анда-санда ауаны иіскелеп қояды. Оның үстіне бір бағытты
көздегендей, бұрылмастан, тұп-тура жүріп барады.
Бəріміз де көтеріліп қалдық, бірақ кенет Хикмэн атының басын
тартты. Мен не боп қалғанын білуге қасына жақындадым. Ол терең
ойға түсіп үнсіз тұр.
─ Неге тоқтадыңыз? - деп сұрадым мен.
─ Бəріміз осы жерде күте тұруымыз керек.
─ Неге? - деп сұрасты, қасымызға келген басқа еріктілер де.
─ Бұл жолмен алға жүру қауіпті. Бəлкім, əлгі қаскөйлер құдық
басында отырған шығар. Бұл жерде басқа су жоқ, ал олар шөлдемеді
деймісің. Егер біздің келіп қалғанымызды сезіп қалса, бұта-бұтаның
ішіне кіріп, зым-зия жоғалады. Сондықтан сендер осында тұра
тұрыңдар, ал біз Джим екеуміз бұғып барып, не боп жатқанын көріп
қайтамыз. Тоспаның қайда екені енді есіме түсті: осы арадан онша
алыс емес. Егер үндістер болмаса, қазір-ақ қайтып келеміз, сонан соң
суға бас қоя берулеріңе болады.
Жобаға келер бүл кеңесті бəрі де қостайтындықтарын білдірді. Екі
аңшы аттарынан тағы да түсіп, абаймен алға жылжып кетті.
Хикмэн жəне оның жолдасымен бірге барғым келіп тұрғанын
айттым. Олар қарсы болған жоқ ─ басымдағы бақытсыздық жорықтың
басында жүруіме мұрсат беретін еді. Сонымен, атымды бір жолдасыма
қалдырып, аңшыларға мен де қосылдым.
Жер бетін қалың жапқан жұмсақ мүкті сыбдырсыз басамыз. Бұл
тұста ағаштар сиректеу екен, сондықтан тез-ақ жүріп келеміз. Он
минуттан соң өз достарымыздан едəуір алыстап кеттік. Дұрыс
бағыттан адаспауға тырысудамыз. Алайда кенеттен бұрыс кеткен
секілдендік. Дəл сол сəтте, құдай оңдағанда, қалың жапырақтардың
арасынан алыста жылтылдаған отты көріп қалдым. Бұл жанып жатқан
алау болатын.
Мұның дамылдауға отырған үндістердің оты екенін Хикмэн бірден
білді.
Алғашқыда жолдастарымызға қайтып барып, оларды көмекке
шақыру ойға келді. Бірақ сол ойланған соң, мүмкіндігінше жақынырақ
барып, мұның жаудың қосы екені анық па, жоқ па, соған көз жеткізіп
алуға бекіндік.
Енді біз жүргенді қойып, көлеңке-көлеңкемен еңбектеуге көштік.
Алаңда от лаулап жатыр. Осы арада тоспа бар екені аңшылардың
есінде болатын. Шынында да, солай болып шықты, жарқыраған су
айдынына көзіміз түсті.
Біз шама-шарқымыз жеткенше жақындай түстік. Енді бүкіл алаң
алақандағыдай анық көрінді. Аттарын ағаштарға байлап қойыпты.
Алау маңында сұлап жатқан адамдар көрінеді. Олар қозғалар емес ─
қанішерлер қатты ұйықтап жатыр екен.
Оттың жанында ер үстінде бір адам отыр. Басы тізесіне түсіп
кеткенмен ояу отырған секілді. Қола түстес жүзі от жарығымен
жарқырап тұр. Егер беттегі əлеміш бояулар мен жүзін жапқан құс
қауырсындары болмаса, түр-түсін анықтап алуға да болады. Өңі қою
қызыл, түйеқұстың үш қара қауырсыны басынан самайына қарай
салбырап, ұштары екі бетіне тие жаздап тұр. Бұл символикалық
қауырсындар көзіме оттай басылды: Оцеоланың бас киімін танушы
едім.
Анықтап қадала қарадым. Бір топ адам кейінірек жайғасыпты. Ашық
алаң тола сұлап-сұлап жатқан кісілер.
Отырған, кейбірі жантайып жатқан, үш-төрт адамға назарым ауды.
Оларға қорқынышпен əрі қобалжи қарадым. Үстеріне ағаш көлеңкелері
түсіп тұрғандықтан бет-жүздерін ажырата алмағанмен, бірақ ақ
көйлектеріне қарап, əйелдер екенін түсіндім. Екеуі басқаларынан сəл
оқшаулау орналасыпты. Бірі екіншісін тізесіне басын сүйеп отыр.
Оларды көргенде тебіреніп кеттім. Бұл екеудің өз қарындасым мен
Виола екендігінде менің ешқандай күмəнім қалған жоқ.
LXXX тарау
БЕЛГІ БЕРУ
Бұл сəтте қандай күйді бастан кешкенімді суреттеп шығу мүмкін
емес. Оған менің қаламымның қарымы жетпейді. Бір сəт менің орныма
өзіңді қойып, ойланып көр, оқушым. Артымда ─ қаза тапқан, қорланған
анам мен нағашым, күлге айналған туған үйім қалды. Алдымда аяусыз,
жабайы қанішерлер ана құшағынан тартып əкеткен, бəлкім, малғұн
көсемдері арын төккен қарындасым отыр! Өтірікші, оспадар қарақшы
─ ол да алдымда тұр! Жан төзгісіз тебіреніске түстім.
Кегім кеткен адамға көз алмай қарап тұрмын. Ашу-ыза минут сайын
көкірегімді кернеп бара жатқан секілді. Бұдан əрі ашуымды тежей алар
емеспін.
Қолымның бұлшық еттері ісініп, күре тамырларымнан сұйық от
саулап өтіп жатқандай... Қайда тұрғанымызды естен шығарыппын.
Көкейімнен кетпей тұрған ой - кек алу! Қас жауым қарсы алдымда
отыр! Келгенімді сезген жоқ, ұйықтап отырған секілді. Ол тап қасымда,
оқ жетер жерде, қол созымда отыр.
Мылтығымды түйеқұстың қауырсындары салбырай төгілген
деңгейге дейін көтеріп, олардың ұштарын нысанаға алдым. Тап көздің
тұсы болар деп ойладым. Саусағым шүріппеге барып қалды...
Енді бір сəттен соң, бір кезде маған батыр боп көрінген бұл Адам
шөптің үстінде өліп жататын болады. Бірақ жолдастарым атқызбай
қойды. Хикмэн винтовкамның құлпын ұстай қалып, серіппенің
шаппасын күректей алақанымен баса қойды. Уэзерфорд оқпанына
жармасты. Мен ата алмай қалдым.
Алғашқы секундта тас-талқан боп ашуланып едім, бірақ кейін
олардыкі дұрыс екенін ұқтым. Қарт аңшы құлағыма еңкейіп
сыбырлады:
─ Əлі ерте, Джордж, ерте! Өз басыңның амандығы үшін шу шығара
көрме. Оны өлтіргеннен не шығады? Ана малғұндар тайып тұрады.
Қыздарды да ала кетеді. Біз оларды тоқтата алмаймыз, қарап жүріп өз
басымыздан айырылып қаламыз. Одан да сездірмей ғана оз
жолдастарымызға қайтып, үндістерді жан-жақтан қоршап алайық...
Солай емес пе, Джим?
Артық шудан қорыққан Уэзерфорд тек басын изеді.
─ Кеттік! - деді Хикмэн сыбырлап. ─ Бір минутты да текке жіберуге
болмайды. Мүмкіндігінше тезірек қайтайық. Еңбекте, еңбекте, еңкей...
Тыныш! Құдай үшін, ақырын!
Қарт жерге жата қалып, аллигаторша еңбектей жөнелді де,
кешікпей көрінбей кетті. Уэзерфорд екеуміз соңынан ердік жəне
алаулаған оттан əбден алыстап кеткен соң ғана бой жаздық. Сол арада
кідіріп, жан-жағымызға құлақ түрдік. Біздің сыбдырымыздан
қостағылар оянып кете ме деп қорқып едік. Бірақ бізге бірде-бір дыбыс
жеткен жоқ. Ұйықтап жатқан жабайылардың қорылдағаны мен
аттардың шөп жегені тана естіледі. Кейде құлаққа жер тарпыған тұяқ
дыбысы келеді.
Көзге түспей кеткенімізге риза болып, өзімізге таныс əлгі жолмен
кері қайттық. Жүгіре басып келеміз, бірақ кенет қалт тоқтай қалдық.
Бір жерден мылтық атылды.
Жəне де бір таңқаларлығы, мылтық үндіс қосынан емес, қарамақарсы жақтан, өзіміздің жолдастарымыз қалған жақтан атылды. Біздің
шамалауымызша екі ара едəуір жер секілді еді, ал мылтық үні жақын
жерден шықты. Мүмкін, күте-күте төзімі таусылған достарымыз бізге
қарсы жылжып келе жатқан болар? Бірақ олардың бірде-біреуі мылтық
атуға тиіс емес еді ғой. Ал егер солар атқан болса, онда бұл ессіздік,
тіпті қатер деуге де болады: үндістерді аяқтарынан тік тұрғызу деген
осы емес пе? Кімге оқ атты екен? Бəлкім, мылтық абайсызда атылып
кеткен болар? Иə, тап солай болуы ғажап емес...
Осындай пікірге келіп болғанша (əрқайсымыз өзімізше ойлағанбыз),
алғашқы атылған тұстан мылтық қайта атылды. Тəрізі, оқ əр түрлі
винтовкалардан атылса керек, өйткені екі атыстың арасы тым жиі
болатын. Мұндай қысқа уақытта атуға ең шебер деген адамның өзі
мылтығын қайта оқтап үлгермес еді.
Жолдастарым менен кем таңданбады. Бұл екі дүркін атылған
мылтық үнін, өз тобынан адасып қалған үндістердің туыстарына
берген белгісі болар деп қана түсінуге болғандай еді.
Бірақ ойланып жатуға уақыт жоқ. Бүкіл қос қимылға келді. Дүрлігу
басталды. Адамдардың абыр-дабыры, жылқылардың кісінегені жəне
дүбірі бір-бірімен ұласып кетті. Ойланып тұрмастан, достарға қарай
тұра жүгірдік.
Кенет, алыстан екі салт аттыны көрдік. Олар ағаш-ағаштың
арасымен жортып жүрген елес құсап, бізден ұзап бара жатты. Мылтық
атқандар солар екені анық. Кім болды екен ─ үндістер ме, ақтар ма?
Жау қолына түсіп қалудан қауіптенсек те, Хикмэн қарт оларды
дауыстап шақырды.
Тұра қалып құлақ тостық. Салт аттылар жауап берген жоқ. Олар
достарға да, жауларға да жоламай, белгісіз бағытты бетке алып, тез
ұзап бара жатты.
Бұл екі салт аттының қылықтарында бір құпия сыр бар сынды. Олар
неге мылтық атты жəне дүрліккен үндіс қосының қайда екенін өте
жақсы біле тұрып, одан неге қашады? Бұлардың əрекеттері маған
түсініксіз боп көрінді. Хикмэн үшін, мүмкін, бұл іс айқын шығар? Бірақ
оның да əрі таңданып, əрі зығырданы қайнап тұрғаны байқалды.
─ Жер жұтқырлар! Егер солар болса, көгермес! Солар екеніне
сенімдімін.. Мылтықтарын білемін мен! Бұған не айтасың, Джим? Сен
оларды таныдың ба?
─ Осы мылтықтың үнін бұрын естіген сияқтымын, бірақ қай жерде
екені есімде жоқ, - деп жауап берді кіші аңшы. ─ Тұра қал, бұл Нед
Спенс қой.
─ Дəл таптың, ал екіншісі ─ Билль Уильямс. Бүл сайтандар ол
жақтан не іздеп барады екен? Өздері жұртпен бірге қалып еді ғой.
Бірақ та мылтық атып, орманда шапқылап жүргендердің солар
екендігіне сенімім зор. Біздің ойластырған барлық жоспарымызды
жоққа шығармақ. Сайтан алғырлар! Жан шошырлық ниет екен...
Қарғыс атқыр қаскүнемдер! Бұл үшін жазаларыңды тартқызармын!
Тезірек, жігіттер! Біз барлық жолдастармен бірге сол жерге тез
жетуіміз керек, əйтпесе кешігіп қаламыз. Біз барып бас салғанша,
үндістер қашып кететін болды. Қап, жаңағыларды-ай! Барлық ісімізді
бүлдіріп кетті-ау! Тезірек еріндер соңымнан!
Қарт аңшының нұсқауларын екі етпестен біз соңынан жүгіре
жөнелдік.
LXXXI тарау
ҚАҢЫРАП ҚАЛҒАН ҚОС
Кешікпей дабырласқан дауыстар мен ат тұяқтарының дүбірі естілді.
Жолдастарымыздың дауыстарын танып, дыбыс беріп шақырдық. Олар
қарсы келе жатыр екен. Мылтық үнін естісімен бізді үндістермен
қақтығысып қалды ма деп көмекке ұмтылған беттері көрінеді.
─ Əй, жігіттер! - деп айғайлады Хикмэн, олар жақын келген кезде. ─
Билль Уильямс пен Нед Спенс сендермен бірге ме?.. Олар қайда?
Бұған айтар жауап табылмады. Бірнеше секундтай өлі тыныштық
орнады. Тегі, екеуі жоқ болса керек, əйтпесе өздері де бір дыбыс берер
еді.
─ Олар қайда? Қайда? - деп дуылдасты жұрт.
─ Қайда екені енді түсінікті болды, - деді Хикмэн. ─ Аллигатор
атымен ант етейін, осылар тағы да бір пəлені ойластырып жүр! Ал,
жігіттер, енді тек алға! Үндістер тура қарсы алдымызда. Енді
ілбігеннен пайда жоқ. Үндістер осы төңіректе, біз оларға тиін
құйрығын үш рет бұлғаң еткізгенше жетіп баруымыз керек, əйтпесе
тағы да айырылып қаламыз. Ура! Скальптер сыпыру үшін алға!
Винтовкаларыңды тексеріңдер. Ал енді қапта! Жексұрындарға ─ өлім!
Ұран тастап, қарт аңшы үндіс қосына қарай шаба жөнелді.
Қалғанымыз жұп жазбай, соңынан салдық. Біздің ойластырған
жоспарымыз жоқ еді. Басты үмітіміз уақыт жағынан ұту ғана болатын.
Үндістер көрінбей кеткенше, қосқа жетіп үлгеруге тырыстық. Жаудың
қалың ортасына сескенбестен кіріп, пышақтар мен тапаншаларды
оңтайлы ұстаған күйі винтовкалардан дүркіндете атуымыз керек еді.
Шамамен қостан үш жүз ярдтай ғана жерде болатынбыз жəне қалай
қарай ойысатынымызды біліп келе жаттық. Қостан шыққан у-шу бізге
бағыт сілтеп тұрған-ды. Кенет тым-тырыс бола қалып: адамдардың
дабыры, жылқылардың кісінескені, ат тұяғының дүбірі де естілмей
қалды. Тек ағаштардың арасынан сығырая жанған от жарығы ғана
бізге жол сілтеп тұрғандай.
Мұның өзі сақтықты екі есе күшейтуге мəжбүр етті. Тыныштық бізге
күдікті көрінді, онда бір зымияндық бар секілді. Біз тосқауылдан
қауіптендік, өйткені Қызыл Таяқтардың көсемі мұндай айла-тəсілді
шебер қолданғанын жақсы білетін едік.
Алаңға жүз ярд қалғанда біздің жасақ тоқтай қалды. Айналаны
тексеріп шығу үшін бірнеше адам аттан түсіп, орманның дəл шетіне
дейін жақындап барды. Кешікпей олар аланда жан адам қалмапты
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.