Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03

Total number of words is 4203
Total number of unique words is 2259
35.3 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Винтовкамды қыса суға қойып кетіп, жүзе жөнелдім, бірақ мылтық
кедергі бола берді. Шыдамай лақтырып тастадым. Ол су түбіне шым
батып кетті.
Виргинияны дер кезінде аллигатор оны су түбіне алып кетуге
дайын тұрған мезетте ұстап үлгердім.
Бар қайратымды жұмсап, қарындасыммен бірге су түбіне батпауға
тырыстым. Қолымда қаруым жоқ. Болған күнде де мен оны жұмсай
алмаған болар едім: екі қолым да бос емес.
Аллигатор қорқып кетіп, қарындасымды жібере салар ма екен деген
үмітпен бар даусыммен айқай салдым. Бірақ одан пайда болған жоқ: ол
құрбандығынан айырылмады.
О, құдай! Аллигатор екеумізді де су түбіне тартып əкетіп, далдалымызды шығарады!
Кенет су шалп етті. Біреу тым биіктен тоспаға сескенбестен қарғып
түсті ─ қара торы, ұзын қара шашты, кеудесінде жарқыраған алқа,
киіміне моншақ тізген. Еркек пе? Бала ма?
Көмекке ұмтылған бейтаныс жас кім? Ол енді бізбен жəне
қорқынышты жауымызбен қатарласып жүзіп келеді. Жасөспірімнің
көзінен қайтпас қайрат пен батылдық оты маздайды. Лəм-мим деген
жоқ. Бір қолын алып кесірткенің мойнына тіреді де, ойламаған жерден
жонына қарғып мінді. Мұнысы атқа қарғып мінген шабандоздың
қимылынан да əбжіл көрінді.
Оның қолында пышақ жарқ етіп, аллигатордың көзіне кірш етіп
қадалды.
Жанға батқан аурудан құбыжық өкіріп жіберді. Құйрығымен
сабалағанда су ақ көбік боп, мыңдаған тамшылар үстімізге аткөпір боп
атылды. Аллигатор жемтігінен айырылып, қарындасым екеуміз жағаға
қарай жүзе жөнелдік.
Артыма бұрылып қараған кезде, айтса нанғысыз сұмдықты көрдім:
үстіндегі ержүрек жасты ала-мала аллигатор судың түбіне сүңгіді. Есіл
ер мерт болды-ау! Құрыды!
Ішімді өртеген өкінішпен жүзе бердім. Жағаға шығысымен,
талықсып жеткен қарындасымды жерге жатқыздым. Сонан соң тағы да
бұрылып қарадым.
Алақай! Бейтаныс бозбала судан сүңгіп шығып, жағаға қарай бағыт
алды. Тоспаның қарама-қарсы жағында құбыжықтың жиіркенішті
денесі көрінді. Аллигатор өлім алдындағы арпалыс пен жанталас
үстінде еді.
Құдай жарылқағанда, қарындасым аман екен. Суда көпсіп кеткен
юбкасы аман алып қалды оны. Виргинияның нəзік денесінде
болымсыз ғана тырналған жерлер байқалады. Енді ол қамқор
кісілердің қолында, жұрт оған сүйсіне қарайды, еркелеткен сөздер де
айтылып жатыр; көпшілік оны мерт бола жаздаған жерден жайлап
қана көтеріп алып кетті.
X тарау
МЕТИС
Аллигаторды өлтірген соң, плантациядағы барша зəңгілердің
қуанышына орай, жағаға алып шықтық.
Мен ешкімге сыр ашпағандықтан, жұрт оның бұл тоспаға қайдан тап
болғанын түсіне алмай дал болды. Көпшілік оны өзеннен немесе
жайылмалардан ауып келдіге санады. Бұрында ондай-ондай болып
тұратын. Қорқынышты хайуанды өлтіруге белсене қатысқан Сары
Джек те осы долбарды əлденеше рет қайталады. Зымияндығының
сыры ашылып қалғандығын əлі білмейтін еді сұмырай! Оны білетін
жалғыз өзім ғана деп ойлағанмын Бірақ мен қателесіппін
Жеңімпаз үнмен даланы жаңғырта даурыққан жалшылар жіпке
байлаған аллигатордың алып денесін сүйреген күйі үйлеріне қайтты.
Алғыс айтпақ боп, бізді өлімнен құтқарып қалған ержүрек адаммен
оңаша қалдым.
Шешем де, əкем де ─ бəрі де оның ерлігіне разы болып, алғыстарын
жаудырып жатты. Тіпті ептеп есін жия бастаған қарындасым да разы
пейіл білдіріп, бірталай жылы сөздер айтты.
Ол үндемеді. Алғыс пен құттықтауларға сол жымиып, бас июмен
ғана жауап беруде. Жасына қарасаң əлі бала, бірақ өзін нағыз еркекше
салмақты ұстауда.
Жасы да, бойы да мен қатарлы, бітімі келіскен, өте сымбатты. Үндіс
киімін киіп жүргенмен, өңіне қарап оны таза қанды үндіске жатқызу
қиындау еді. Түсі қызылкүреңнен гөрі қараторыға көбірек келеді,
метис екені көрініп тұр.
Құс мұрны оны қыранға ұқсатып тұр ─ теріскей америкалық кейбір
тайпаларға осындай ерекшелік тон. Əншейінде жылы ұшырап
тұратын момақан көздері лезде жайнап сала береді. Бір байқағаным,
ашуланған кезде от шашып шыға келеді екен
Ақ нəсілділер қанының араласуы, өр кеуде тəкаппарлық белгісін
сақтап қалған үндістерге тартып, кесектеу болса да, дұрыс жаралған
оның кескін кейпін сəл жұмсартып тұр. Жылтыр қара шашы
үндістікінен гөрі əдемі, əрі қалыңырақ. Қысқасын айтқанда, беймəлім
жанның бүкіл бітімі, екі жылдан кейін осы бір рақымды, аяулы
бозбаланың ерекше сымбатты еркекке айналғалы тұрғандығына
дəлел болғандай екен. Қазірдің өзінде-ақ ол өзіне тəн қайталанбас
даралығымен бір көрген жанның көңіліне ұялап қалады.
Ол нағыз үндісше киінген дедім ғой. Бірақ оның киімі аң терісінен
тігілмеген-ді. Флоридада бұғы терісінен тігілген шалбарлардың
жоғалғанына көп болған. Үстінде ─ қызыл мауытыдан тігілген
шалбар, мақта-матадан шұбар жейде. Тек аяғындағы мокасині ғана
бұғы терісінен тігілген. Осылардың бəрі кестелермен айшықталып,
моншақтармен безендірілген. Беліндегі моншақ тізген белбеуі ─
вампум мен басындағы үш тал лашын қауырсынын қадаған байламасы
ерекше көз тартады. Үндістер бұл құсты бүркіттен кем көрмейді.
Метистің мойнында түрлі-түсті моншақтардан алқасы бар, ал
көкірегінде біріне-бірі жалғасқан үш жарты ай жарқырайды.
Бозбаланың сəн-салтанаты осындай еді. Бастан-аяқ су болғанына
қарамастан, үндістің жүзі жайдары, құлпырып тұр.
─ Жарақаттанбағаныңызға сенімдісіз бе? - деп сұрадым тағы да.
─ Əлбетте, сенімдімін. Бір жеріме де сызат түскен жоқ.
─ Бірақ суға əбден малшыныпсыз. Киім ауыстырып кисеңіз қайтеді?
Шамалауымша, менің жейдем сізге дəл келсе керек.
─ Рақмет. Ондай киімге үйренген жоқ едім. Күн күйдіріп тұр, қазірақ кеуіп кетеді.
─ Үйге кіріп əл жиыңыз.
─ Əлгінде ғана тамақтанып алғанмын.
─ Мүмкін, шарап ішерсіз?
─ Жоқ, рақмет. Мен тек су ішемін.
Мен жаңа танысыма не айтарымды білмедім. Ол қонақ кəдеден бас
тартты, бірақ əлі де қасымда тұр. Үйіме барғысы келмегенмен, менен
тез құтылғысы келген сыңай да таныта қойған жоқ.
Онда не күтіп тұр? Қызметіне ақы дəметіп тұр ма! Алғыс,
сыпайылықтан гөрі нақтырақ бірдеңе тілей ме?
Ол да əбден мүмкін-ау деп ойладым. Қандай абзал адам болғанмен,
тегі үндіс. Құр мақтауға да əбден тойған болар. Үндістер қызыл сөзді
көп жаратпайды. Бəлкім, бірдеңе дəметіп тұрған болар ─ ол да ғажап
емес. Сондай ойға келуім табиғи нəрсе ғой.
Қалтамдағы əмиянымды суырып алып, қолына ұстаттым. Қасқағымға жетпей-ақ əмиян су түбіне кетті.
─ Мен сізден ақша сұраған жоқпын! ─ деді ол наразы қалыпта
долларларды суға лақтырып жіберіп.
Əрі налып, əрі ұялып қалдым ─ өлімнен ұят күшті. Суға қойып кетіп,
сүңги жөнелдім. Бірақ əмиян үшін емес, тасы көрініп жатқан
қайрандағы винтовкамды алып беру үшін сүңгідім. Тауып алдым да,
жағаға шығып, метиске ұсындым. Жадырап сала бергенінен, өз қатемді
түзегенімді жəне оның тəкаппар, еркін көңілін жібіткенімді түсіндім.
─ Ендігі кезек менікі, ─ деді ол. - Əмияныңызды алып беріп,
дөрекілігім үшін кешірім сұрауға рұқсат етіңіз.
Бөгегенімше болмады, суға қойып кетті де, сүңги жөнелді. Кешікпей
əмиянды алып шығып, өзіме берді.
─ Мұныңыз тамаша тарту, ─ деді ол мылтықты айналдыра қарап. ─
Сыйыңызға сыймен жауап беру үшін, мен үйге баруым керек. Біздерде,
үндістерде, туған жерімізден басқа, ақ адамдар бағалай қоярлық
ештеңе қалған жоқ бұл күнде! (Бұл сөздерге ол ерекше екпін бере
айтты).
─ Біздің бұйымдарымыз, ─ деп сөзін жалғастырды ол, ─
сіздердікімен салыстырғанда түкке тұрмайды. Сіздер үшін ол,
мықтағанда, ермек етерлік бірдеңе. Дегенмен, тұра тұрыңыз, сіз
аңшысыз ғой? Бəлкім, мокасин мен оқшантай лайық болар? Маюми ол
жағын қатырып жібереді.
─ Маюми? Ол кім?
─ Менің қарындасым. Көрерсіз əлі, өзіңіз киіп жүрген ауыр етіктен
гөрі, аңға мокасинмен шыққан əлдеқайда ыңғайлырақ. Мокасинмен
дыбыссыз жылжуға болады.
─ Мокасинді сізден алсам, мен үшін бəрінен қымбаты сол!
─ Көңіліңіз толғанына көптен-көп қуаныштымын. Маюми бізге
мокасин де, оқшантай да тігіп береді.
"Маюми! - деп қайталадым іштей. - Неткен əдемі, бейтаныс есім.
Апырай, сол қыз емес пе екен?"
Бірде ормандағы сүрлеуде кездесіп қалған əсем қыз есіме түсті.
Аспандағы елестей, армандай қыз ─ жер бетіндегі пенделер үшін тым
сұлу еді.
Жұпар иіс аңқыған ормандар мен тоғайларды аралап жүрген
кезімде, ол елес маған үндіс қызы бейнесінде көрінген болатын. Мен
оны шешек атып тұрған көгалда көрдім. Бұл оңтүстік орманының
табиғаты шектен тыс жомарттықпен жарата салған жерлерінің бірі еді.
Əлгі қыз керемет көріністің бөлінбес бір бөлегі секілді көрінген.
Көз тоқтатып үлгергенімше ол ғайып болды. Соңынан тұра
ұмтылғанмен таба алмай, текке əуре болдым. Зып берген қыз
тоғайдағы шым-шытырық сүрлеулермен ойнақтай жүгіріп, қайтып
көрінбеді. Көзге айқын көріне қоймағанмен қыз бейнесі көңілімде
қалып қойды. Содан бері таңғажайып елесті армандаумен келемін.
Маюми сол емес пе екен?
─ Есіміңіз кім? - деп сұрадым мен, кетуге ыңғайланып тұрған
жасөспірімнен.
─ Ақ адамдар мені марқұм əкемнің атымен Пауэлл деп атайды. Ол ақ
өңді болатын. Шешем тірі. Үндіс қызы екенін айтып жатудың қажеті
болмас... Мен жүрейін, ─ деді ол тағы да сəл үнсіздіктен кейін. ─ Бірақ
өзіңізге бір сұрақ беруге рұқсат етіңіз. Ол сізге оспадарлау көрінуі
мүмкін, дегенмен, кейбір себептер бар. Құлдарыңыздың ішінде өте
ашынған жəне сіздердің отбасыларыңызға дұшпандықпен қарайтын
ешкім жоқ па?
─ Бар десе де болады. Қалайда күдік туғызып жүрген бір адамым
бар.
─ Сіз оның ізін ажырата аласыз ба?
─ Ажырата аламын ғой деп ойлаймын
─ Онда менімен бірге жүріңіз!
─ Қажеті жоқ. Қайда апарғалы тұрғаныңызды жобалап тұрмын Мен
бəрін білем: қарындасымды мерт ету үшін аллигаторды осында ертіп
келген сол сұмырай.
─ Уф! - деп кіжінді жас үндіс сол таңырқап. ─ Оны қайдан білдіңіз?
─ Анау жартастың үстінен бəрін көріп отырдым. Ал сіз қалай
көрдіңіз?
─ Ізбен жүріп отырдым ─ адамның, иттің жəне аллигатордың ізімен
Батпақта аң аулап жүр едік, ізге тап болдым. Бір сұмдықты ішім сезіп,
егістікті кесіп өттім. Қалың қопаға жеткенде айқай-шуды естідім. Дер
кезінде жеткен екенмін. Уф!
─ Иə, соңғы сəтте үлгердіңіз, əйтпесе, сұмырайдың залым ойы
жүзеге асатын да еді. Бірақ қам жемеңіз, достым, ол сазайын тартады!
─ Жақсы. Ол сазайын тартуға тиіс! Əлі кездесерміз деп сенемін! Біз
тағы біраз сөйлескеннен кейін бір-біріміздің қолымызды қысып
қоштастық.
XI тарау
АҢҒА ШЫҚҚАНДА
Мулаттың қылмыскер екендігінде енді менің күмəнім қалған жоқ.
Оның көздеген мақсаты тек қана балықты қыру болмаса керек. Ондай
жеңіл-желпі шаруа үшін ол осынша күш салмас та еді. Жоқ, ол бұдан
гөрі ауырлау бір сұмдықты ойлады, бұл кек алудың əбден
ойластырылған жоспары сынды: ол менің қарындасымды, не Виоланы,
мүмкін, тіпті екеуін бірдей құртып жіберуге тырысты!
Осылай болуы мүмкін-ау деп ойлаудың өзі сұмдық көрінгенмен,
күмəн жоқ, дəлел көп болатын Мулаттың пиғылын жас үндіс те бірден
біле қойған. Жылдың осы уақытында қарындасым суға күн сайын
түсетін жəне оны плантациядағылардың бəрі білетін. Бұғы қуу
қызығына түсіп жүргенде мен оны жадымнан шығарыппын, əйтпесе,
əрине, басқаша əрекет еткен болар едім. Бірақ, мұндай сұмдық
қаскөйлікке барады деп кім ойлаған? Мулаттың зұлымдығы өзінің
арам ниетіне сай келетін-ді. Егер кездейсоқ куəлар болмағанда, арам
ойы іске асып, қарындасым құрбан болар еді. Қылмыстың айыпкерін
кім тауып бере алар еді сонда? Қарындасымның мерт болу себебін
жұрттың бəрі аллигатордан көретіні даусыз. Мулаттан болған бəле
деген ой ешкімнің басына да келмейді. Сары сұмырай тұзақты
сайтандай еппен құра білді ғой.
Мен ашудан жарыла жаздадым. Күнəдан пəк кішкентай аяулы
қарындасым! Өз өміріне қатер төндірген зұлымдық жайлы ол ештеңе
білген емес. Виргиния мулаттың өзін жақтырмай жүретінін білетін,
бірақ ол тап соншама қаны қарайғанша жек көреді деп ойламаған-ды.
Сезімімді бұдан əрі тежеуге төзімім жетпеді. Қылмыскерді дереу
жазалау керек! Алдағы уақытта қайта қатер туғызуына мүмкіндік
бермеу қажет. Қалай жазаласа болады ─ ол жағын тап қазір ойлаған
жоқпын. Ол мəселені үлкендер шешсін. Дүреден көмек болмады,
бəлкім кісен жөнге салар. Қайткенде де, плантациядан аластатылуға
тиіс. Ол сұмырай өлім жазасына кесілуге лайық болса да, ондай пікір
ойыма келген жоқ. Қаншалықты ызалы болсам да, кеңпейіл əке
тəрбиесінде өскен мен ондай шектен шыққан қаталдыққа бара
алмадым. Қылмыскерді дүрелеп, қол-аяғын кісендеп, сонан соң əулие
Марк немесе əулие Августин фортындағы түрмеге отырғызса да жетер
деп ойлағанмын.
Бұл мəселені тек қана менің əкем шешпейтінін, оған маңайдағы
барлық плантаторлар да қатысарын, сондықтан оларды тезірек
кеңеске шақыру керектігін мен білдім. Бұл қылмысты тергеу
жұмысымен мулаттың кешірімшіл қожасы емес, одан гөрі қаталдау сот
айналысатыны сөзсіз. Бұдан əрі көп ойланып жатпадым, сот дереу
өткізілу керек деген тоқтамға келдім. Сондықтан мен осының бəрін
əкеме баяндау үшін жынысты қақ жара, үйге тура тарттым.
Үйге беттегенім сол еді, жақын жерден əлдененің сыбдыры естілді.
Маңайда жан жоқ, бірақ ағаш арасында біреудің жүргені анық. Бəлкім,
абыр-сабырды пайдаланып, апельсинге тойып алғалы жүрген
құлдардың бірі шығар.
Кеудеме сыймай бара жатқан уайыммен салыстырғанда мұның бəрі
болмашы нəрсе боп көрінді, сондықтан аялдауды қажет деп таппадым.
Дауыстап едім, жауап болмаған соң, ілгері қарай жүріп кеттім.
Үйге жақындай бере үлкен шатыр астында отырған əкем мен
құлдар күзетшісін көрдім. Аллигатор аулаушы Хикмэн қарт пен
бірнеше көрші де осында екен, əкеме əркім өз шаруаларымен келсе
керек. Мен таңертеңгі оқиғаны бастан-аяқ айтып бердім. Жай
түскендей бəрі сілейді де қалды. Сөзімнің шындығына күмəн келтірген
ешкім болмаса да, осының бəрі қапысыз болуы керек деген ойды
бірінші боп Хикмэн айтты. Күмəн тек мулаттың пиғылы жөнінде
болуы мүмкін. Шынымен-ақ адам өмірін қиып жібергісі келгені ме?
Құлақ естімеген мұндай қаталдыққа сену қиын-ақ. Бірақ дəл сол сəтте
күдіктің бəрі сейіліп сала берді. Менің айтқандарымды дəлелдеп,
толықтырып берген куə табылды. Ол куə Қара Джек болатын.
Таңертең ─ осыдан жарты сағат бұрын ─ ол Сары Джектің тоспа су
жақсы көрінетін биік емендердің біріне өрмелеп шығып бара
жатқанын байқап қалады. Бұл мисс Виргиния мен Виоланың шомылуға
кетіп бара жатқан кезі еді. Мулаттың мұндай көргенсіздігіне ыза
болған зəңгі оған ағаштан түс, əйтпесе үстіңнен шағым айтам деп
қорқытады. Бірақ мулат плантациядағылардың сүйікті асы ─ емен
жаңғақтарын теріп жүрмін дегенді айтады. Зəңгі қожайынға айтпақ
боп қайта қорқытқанда ғана барып Сары Джек ағаш басынан түскен,
бірақ қолында бірде-бір жаңғақ жоқ еді.
─ Ол ағаш басына жаңғақ теру үшін шыққан жоқ, мьесе Рэндольф,
жалқау сары пəлекет бір жаман ой ойлады, - деп аяқтады сөзін қара
Джек.
Мулаттың қылмысты ниеті жөнінде енді күдік қалған жоқ. Ол ағаш
басына өзі ойлап тапқан зұлымдықтың жүзеге асқандығына көз
жеткізу үшін шыққан; ол қыздардың бассейнге түскенін көрді; су
ішінен төніп келе жатқан қатерді сезді, бірақ оларға көмектесу немесе
дабыл көтеру ойында да болған жоқ. Мұны көптеген куəлар дəлелдеп
берді. Тағылған айыптың бəрі анықталды.
Қара Джектің əңгімесі жұрттың бəрін дүрліктірді. Ақтар мен
қаралар, қожалар мен құлдар ─ барлығы да сұмдық қылмысқа қатты
ренжіді. Жан-жақтан: "Сары Джек қайда?" деген айқай шыға бастады.
Зəңгілер де, ақтар да, мулаттар да ─ іздеуге кірісті, бəрі де Сары
Джекті ұстап алып, сұмырайдың сазайын тарттыруға құлшынуда.
Бірақ ол қайда тығылып қалды екен? Оны дауыстап та шақырды,
бұйырып та, қорқытып та көрді. Бірақ не пайда, жауап жоқ. Қайда екен!
Іздемеген жер қалған жоқ: ат қораны да, кілетті де, ас үйді де,
зəңгілердің лашығын да, тіпті астық құятын қамбаға дейін қарап
шықты, мулат еш жерде жоқ. Қайда бас сауғалады екен? Əлгінде ғана,
аллигаторды сүйреп жүрген кезде бар болатын. Жұрт өлі хайуанды
қораға дейін сүйреп əкелді де, шошқалар жесін деп тастай салған. Сары
Джек сол арада шыр айналып, жұмысқа жан сала көмектесіп жүрген,
енді қайда кеткенін ешкім біле алмады.
Осы сəтте апельсин тоғайының ішінде біреудің бұтақтарды
сыбдырлатып жүргені есіме түсті. Сары Джек сонда жасырынып
жүрген жоқ па! Ондай жағдайда ол менің жас үндіспен əңгімемді
түгелдей, тіпті болмағанда соңғы жағын тыңдап алды жəне ендігі
алысқа ұзап та кеткен шығар.
Оны апельсин тоғайы мен бассейн маңындағы қалың қопадан да
іздестірді, бірақ нəтиже жоқ: мулат жер жұтып қойғандай зым-зия.
Жартас үстінен бақыласам қайтеді деген ой келді: индиго
плантациясынан жүгері егістігіне қарай еңбектеп зытып бара жатқан
қашқынды бірден көрдім. Одан əрі бақылауды қойып, жартастан
секіріп түстім де, соңынан қуа жөнелдім. Əкем, Хикмэн, тағы басқалар
соңымнан ерді. Қуғын дабырасыз өткен жоқ, даусымызды естіген Сары
Джек көп ұзамай соңынан қуып келе жатқанымызды біліп қойды. Одан
əрі жасырынуға мүмкіндік болмаған соң, ол ұшып тұрып, барынша
қаша жөнелді. Кешікпей жүгері егістігіне жетті: қуғыншылардың
айқайлары ту сыртынан естіледі.
Бала болсам да бəрінен жылдам жүгірдім. Көзден ғайып боп кетпесе
қалайда қуып жететінімді білемін Ол батпаққа жеткен соң, қалың
пальметто ішіне кіріп, ешкім таба алмастай боп жасырынып қаламын
деп үміттенген тəрізді.
Оны болдырмау үшін мен жан ұшыра жүгіріп, орман шетіне жете
берген кезде қашқынның алдынан қиғаштай шықтым. Кеудешесінің
етегінен қармаудың сəті түсті.
Мұным əрине ақымақтық еді. Мені тек бір-ақ ой биледі: қалайда
ұстау керек! Ол қарсыласады деген ой қаперіме де кірмепті. Басқа
амалы құрыған адамның неден болса да тайынбайтыны белгілі. Өзіме
бағынатындығына үйреніп қалған басым, ұстай алсам болды, тұра
қалатындай көрініппін ғой. Бірақ қателесіппін. Жүгіре-жүгіре өкпем
өшіп, əбден əлсірегенім сонша, тіпті мысықпен алысарлықтай шамам
жоқ еді. Сары Джек қолымнан оп-оңай сытылып кетті. Осылай зыта
беретін шығар деп ойлағанмын, бірақ ол өйтпеді, жалт бұрыла беріп,
пышағын суырып алды да, білегіме салып кеп жіберді. Жүрегімді
көздеген еді, бірақ сол сəт қолымды байқамай көтеріп қалып, ажалдан
аман қалдым.
Мулат пышағын қайта көтеріп, екінші рет сілтей берген сəтте,
айқасқа үшінші біреу араласа кетті. Пышақтың жүзі маған жетпес
бұрын Қара Джектің темірдей қолдары оны қапсыра ұстай алды.
Арамза құтылып кетуге барынша жанталасты, бірақ ежелгі
бəсекелесінің құрыштай құшағы Хикмэн мен басқалар жетіп
үлгергенше ашылған жоқ. Көп ұзамай мулат үзілмейтін белдіктермен
мықтап байланып, енді бір сəтте алдымызда -дəрменсіз əрі зиянсыз
күйде жатты.
XII тарау
ҚАТАҢ ҮКІМ
Осы оқиғалардың бəрі біздің шаңырақтан басқа жерлерді де
дүрліктіргені өзінен-өзі түсінікті. Өзенді жағалай тұтас бір поселке
құратын бірнеше плантация жалғасып жатыр. Біздегі болған оқиға
туралы хабар өте тез тарап, шамамен бір сағаттан кейін-ақ ақ нəсілді
көршілер
жинала
бастады.
Олардың
кейбіреулері:
үлкен
плантациялардың шетінде тұратын кедей аңшылар ─ жаяу, ал
басқалары ─ плантация қожалары мен олардың бақылаушылары
көлікпен жетті. Бəрі де винтовка, тапаншалармен қаруланған. Сырттай
қараған адам оларды жиналысқа келген милиция отряды ма деп қалуы
мүмкін Ал түстерінің суықтықтарына қарап бұларды үндістердің
шекарадағы шабуылын тойтаруға келгендер екен деп қаласың.
Бір сағаттың ішінде елуге жақын адам ─ поселке тұрғындары
түгелдей жиналды деуге болады. Сары Джектің ісін қарауға сот
тағайындалды. Сот процесі заңның қатаң ережелері бойынша
жүргізілген жоқ, дегенмен кейбір заң сүрелері, дөрекілеу түрде болса
да сақталды. Бұлар осында толық билігі жүретін адамдар, бəрі де жер
иелері, сондықтан мынадай жағдайда өздерінше емін-еркін төтенше
сот құра беретін-ді. Олар өз орталарынан сот алқасын жəне судья
тағайындады, ол - біздің ең жақын көршіміз Ринггольд болатын. Əкем
сотқа қатысудан бас тартты.
Алдын ала тергеуге көп уақыт кеткен жоқ ─ онсыз да бəрі түсінікті
болатын. Мен жарақаттанған қолымды таңып алған күйі судьялардың
алдында тұрмын. Бəрі де анық ─ тағылған айып дəлелденді. Мулат ақ
адамдардың өміріне қатер төндірген. Демек, ол өлім жазасына кесілуге
лайық.
Бірақ қандай өліммен өлтіру керек? Біреулер асып өлтірейік десті;
басқалар мұны тым жеңіл үкім деп тапты. Көпшілігі қылмыскерді
тірідей отқа жағу керек деген ұсынысты қолдады. Осы бір айуандық
үкімге судья да қосылды.
Əкем үкімді жұмсартуды, тым болмағанда қылмыскерді азапқа
салмауды сұрады. Бірақ қатыгез судьялар оны тыңдамады.
Үндістердің жақындығына байланысты плантация иелерінің
барлығында да құлдардың қашып кеткен жағдайлары болған Міне,
сондықтан құл иеленушілер əкемді тым жұмсақтығы үшін айыптай
отырып, қашатын құлдарға қатаң сабақ болсын деп шешті. Алғашқы
құрбандық тірідей өртелетін Сары Джек болады.
Олар осылай деп түсіндірді, олардың оқыған үкімдері осы болды!
Əдетте, солтүстік америкалық үндістер өз тұтқындарын қатты
азаптайды деген ұғым бар. Бұл барып тұрған білместік! Куəландыру
негізінде көз жеткен көп жағдайларға қарағанда, үндістердің
қаталдығы өздеріне бұрын жасалған сорақы əділетсіздікке қайтарған
жауап қана. Ал тұтқындарды қинауы тек зауал болып табылады. Қай
дəуірде болмасын адам табиғаты кек алуға жақындау тұрған Осының
негізінде, қаталдық үшін, қызыл өңділер секілді ақ түстілерді
айыптауға болады. Егер шекаралық соғыстар мен жерлеріне басып
кіру тарихын үндістер өздері жазған болса, онда төрткүл дүние
олардың "қатыгездіктері" жөніндегі өз пікірлерін өзгерткен болар еді.
Ақ өңділер мен үндістер арасындағы бүкіл соғыстардың тарихында,
ақ нəсілділердің зəңгілерге көрсеткен қаталдығына тең келетін
қатыгездікті таба қою қиын болар. Құл-зəңгілердің көпшілігі жай ғана
сөз қайтарғаны үшін, кейде, əрине, шапалақпен тартып қалу, ұрып
жіберу секілді намысқа тиетін əрекеттері үшін мүгедек етілді, азапқа
түсті, өлім жазасына кесілді. Ақ адамдардың қолымен жазылған заң
сондай болатын
Үндістердің қаталдығы көп жағдайда тек зауал болып табылады.
Бірақ көзі ашық тирандар адамдарды азапқа салғанда, қанды кек
олардың осынау сұмдықтарына желеу бола алмайды. Тіпті, кек
болғанның өзінде де, ол адам жүрегіне қан болып қатқан кекшілдік
емес, көп жағдайда зұлым, қорқақ пенденің өз билігіндегі қорғансыз
бейшараларға көрсетер пасықтығы, жəбірі болып қана шығады.
Сары Джек ауыр қылмыс жасады жəне өлім жазасына кесілуге əбден
лайық. Бірақ судьялар оған қоса азаптау керек деп шешті. Əкем мен
бірнеше адам қарсы болып көріп еді, бірақ көпшілік дауыс жеңді де,
сұмдық қатаң үкім бекітілді. Үкімді шығарғандар оны дереу орындауға
дайындалды.
Джетльменнің мекені ─ кісі өлтіретін жер емес. Сондықтан үйден
аулақтау, көлге жақын бармақ болып шешті. Жағадан екі жүз ярд
жерден осы ыңғайлы болар деген ағаш табылып, бүкіл тобыр
сотталған адамның соңынан солай қарай ойысты. Сары Джекті ағашқа
байлап, от жаға бастады.
Əкем жазалауға қатысудан бас тартты. Біздің отбасымыздан топқа
ерген мен ғана болдым. Мулат мені көріп қалды да, жарақаттанғанына
жаны рақаттанып, боқтықты боратты. Тəрізі, мені ең қас жауы
санайтын секілді. Сары Джек қылмысына еріксіз куə болғаным да, оны
менің жеткізуім бойынша соттағаны да рас. Бірақ мен кекшіл емеспін,
сондықтан да оны басына төнген қатерден, тым болмағанда
азаптаудан құтқаруға дайын едім.
Біз үкім орындалатын жерге келдік. Жұрт абыр-сабыр: біреулер
отын жинап, ағаш түбіне тастап жатыр, енді біреулер от тұтатып əуре.
Əр жерден əзіл-күлкі естілуде, бірақ барлық түсті нəсілге деген
жеккөрушілікке толы ұрандаулар да қатты шығуда. Бұл жағынан
əсіресе, өз отбасының ең жаман қасиеттері сүйегіне сіңген, жүгенсіз
өскен, қатыгез жас жігіт Ринггольд ерекше көзге түсуде.
Оған менің қарындасым ұнайтынын білемін. Айрықша көңіл бөліп,
қарындасымды басқа жан достарынан қызғанышын жасырмайтынын
жиі байқайтынмын. Əкесі аймақтағы ең бай жер иеленуші
болғандықтан да, дандайсыған ұлы өзін қай жерде де қадірлі қонақпын
деп есептейтін. Ол Виргинияға ұнай қояды деп ойлаған емеспін. Əйтсе
де, пəлен дей қою ─ өзі бойжеткенге балайтыны болмаса, əлі
жасөспірім қыз балаға мұндай сұрақ берудің жөні жоқ еді.
Ринггольд сымбатымен де, парасатымен де көзге түсе қоймайтын.
Əрине, ол ақымақ емес, бірақ өзінен төмен адамдарға тым мазасыз
болатын ─ бұл кəдімгі бай ата-аналардың ұлдарына тəн мінез. Жұрт
оны кекшіл деседі. Оған қоса, ақшаны төгіп-шашып, ең нашар
қабақтарға таңдамай кіре беретін, əтеш төбелестіретін.
Оны ұнатпаймын əрі ешқашанда да оның ортасына қосылуға
тырысқан емеспін Ол менен ересек еді, бірақ мəселе онда да емес ─
маған оның мінезі мен кей нəрсеге үйірсектігі ұнамайды. Ата-анам
оған мүлдем басқаша қарайды. Тəрізі, болашақ күйеу бала деп
санағандықтан болар, олар Ринггольдті жылы қарсы алатын. Олар
оның кемшілігін байқамайды ─ алтынның жарқылы көбіне көзімізді
тұмандатады ғой.
Мулатты өлтіруді талап етіп қоймағандардың бірі, міне, осы жігіт.
Үкімді орындауға дайындық кезінде де жан сала кірісті. Бұл бір
жағынан адамгершіліктен жұрдай болып жаралғандықтан да болатын
─ жас Ринггольд пен оның əкесін жұрт ең қатал жер иелері деп
есептейтін жəне отардағы барлық құлдар үшін Ринггольд əулетіне
сатыласың дегеннен артық қорқынышты ештеңе жоқ.
Алайда жас Ринггольдтің мінез-құлқына ықпал еткен басқа да
себептер бар: ол біздің отбасымызға ─ негізінен Виргинияға достық
көңіл білдіруін өзінше ерлік санап жүрді. Бірақ ол қателесетін: мұндай
қатыгездік біздің тарапымыздан қолдау таппақ емес. Мұнысы үшін
менің аяулы қарындасым оған жылы қабақ таныта қоюы екіталай.
Жас метис Пауэлл де осында. Қуғыншылардың дабырын естіп,
қайтып келген. Енді көпшілікпен бірге тұр, бірақ еш нəрсеге араласқан
жоқ.
Үндісті байқап қалған кезде Ринггольдтің көздері құбылып кетті.
Қараторы жігіттің Виргинияны құтқарғанын ол естіген, бірақ алғыс
айта қою қаперіне де кірген емес.
Керісінше, кеудесінде басқа бір сезім қайнап шыға келді: мұнысы
еріндеріне үйіріле қалған кекесін күлкіден-ақ сезіліп тұр.
Пауэллге дөрекі дауыстаған сəтте мұнысы бұрынғыдан да анығырақ
байқалды.
─ Ей! Қызыл өңді! - деп айқайлады ол. ─ Мына шаруаға сенің
араласың жоқ па? Қызыл өңді саған айтам!
─ Мен бе қызыл өңді? ─ таң қала саңқ етті метис, намысына тиген
адамға тəкаппарлана қарап. ─ Менің түрімнің түсі сіздікінен əдемі
шығар, қорқақ неме!
Ринггольдтің өңі сарғыштау еді. Соққы дəл тиді. Бұл қорлау
Ринггольдтің санасын жай отындай жарқ еткізді, бірақ ол үндістің
былай сөйлеуіне таң қалғаны сонша, ашу қысқандықтан біраз уақытқа
дейін тілі байланып қалды. Ол бірдеңе деп үлгергенше басқа да қатқыл
дауыстар естілді.
─ Сайтан алғыр! Ана үндіс не оттап тұр?
─ Қайталашы, кəне, не дедің? - деп айқайлады есі енді кірген
Ринггольд.
─ Қажет болса айтайын, қорқақ неме! - деп айқайлады метис, соңғы
сөздерге салмақ сала.
Ол осыны айтып аузын жиғанша, Ринггольд атып қалды, бірақ оқ
метисті жанай өтті. Келесі минутта қарсыластар тап берісіп, бірін-бірі
кеңірдектен ала түсті.
Екеуі де жерге құлады, бірақ басымдылық метис жағында болатын
Ол қарсыласын аунатып тастады. Қолындағы пышақ жарқ етті, егер
топ ішіндегі əлдекім метистің қолындағы пышақты қағып
жібермегенде, Ринггольдтің шыбын жаны шырқап кете берген болар
еді. Бірнеше адам жабылып кетіп, қарсыластарды ажыратып жіберді.
Кейбіреулер үндістің оспадарлығына қандары қайнап, оны өлім
жазасына бұйыруды талап етті. Дегенмен əділдікті дұрыс түсінетін
адамдар да бар екен, олар Ринггольдтің жүгенсіздігіне куə болып,
Ринггольдтер отбасының күші мен ықпалына қарамастан, бұл өлімге
қарсы тұрды. Ал өзім болсам, метисті соңғы мүмкіндігім қалғанша
қорғап қалуға тастай бекінгенмін.
Мұның бəрі немен аяқталатынын айта қою қиын еді... Кенет біреу
айқай салды:
─ Сары Джек қашып барады!
XIII тарау
ҚУҒЫН
Жалт қарадым. Шынында да мулат қашып барады.
Ринггольдтің үндіспен айқасына ауып кеткен жұрт мулатты
естерінен шығарып алыпты. Пауэллдің қолынан əлдекім қағып
жіберген пышақ Сары Джектің аяғының астына барып түскен. Абырсабырды пайдаланған ол пышақты алып, ағашқа таңып қойған
жіптерді кесіп жіберіп қаша жөнелді.
Кейбіреулер мулатты ұстап алуға тырысып еді, бірақ ол қолдан
шығып кете берді. Жұрттың бəрін басып озып, өрге қарай құйындай
ұшты. Бұл мəнсіз жандалбаса еді. Ол оққа ұшады немесе қолға түседі.
Бірақ төніп тұрған өлімнен құтылуға тырысу (өлім болғанда да қандай
өлім!) ессіздік болар ма! Қашқынның соңынан гүрсілдеп атыс
басталды: алдымен тапаншалардан, сонан соң мылтықтардан
атқылады. Винтовкалар шеткері жатқан. Бірсыпырасы ағаштар мен
қоршауларға сүйеулі тұр. Жұрттың бəрі солай қарай лап қойды.
Мергендер бірінен соң бірі нысанаға алып ─ жаяу əскер отрядының
жаттығу кезіндегі атыстары секілді бытыр-бытыр дыбыс шығуда. Ақ
өңділер арасында талай мергендер бар болатын, бірақ қу жанын
шүберекке түйіп, түбірлер мен бұталардың арасымен олай бір, былай
бір ауытқи зымырап бара жатқан адамға дəл тигізу қиын-ақ. Бірде-бір
оқ нысанаға дарымаған секілді. Əйтеуір, түтін сейілген шақта
мулаттың көлге қойып кетіп, жүзе жөнелгенін көзімізбен көрдік.
Кейбіреулер винтовкаларын қайта оқтай бастады, енді біреулер
уақытты текке өткізуге болмайтынын түсінген соң, қаруларын тастай
сап, қалпақ, кеудеше, етіктерін шешіп, қашқынның соңынан суға
қойып-қойып кетіп жатыр.
Үш минуттан кейін жағдай мүлдем өзгеріп сала берді. Үкім
орындалатын жерде адам қалған жоқ. Біреулер босқа айқайлап,
қолдарын сермеп жағада жүр, ал басқалары ─ жиырма шақты адам ─
көлде жүзіп барады. Судан тек бастары ғана қылтылдап көрінеді.
Алдағы жақта, кейінгілерден елу футтай жерде, қуғыншылардан
құтылуға тырысып, жанын сап жүзген жалғыз адамның бұйра қара
шашы, иықтары мен мойны көрінеді.
Бұл таң қаларлық көрініс еді! Бұғы аулағандай ─ қоршауда қалған
сорлы суға қойып кетеді, ал тынымсыз үріп шулаған иттер
сескенбестен соңынан салады. Бір ғана айырмасы, мұнда у-шу
басымдау, кісілер де, иттер де, аң емес, адамның соңынан түсіп жүр.
Тазылар да, ізшіл иттер де өз иелерімен бірге қуғынға шындап
кіріскен. Шынында да, бұл таң қаларлық көрініс!
Жаға жақтан əлі де мылтық гүрсілдеп жатты: құрғақта қалғандар
мылтықтарын қайта оқтаған болатын. Оқтар қашқанға жақын тұстан
суға шолп-шолп түскенмен, бірақ бірде-біреуі нысанаға дарымады. Ол
енді оқ жететін жерден ұзап кеткен еді.
Осының бəрі маған түс секілді көрінді. Оқиғаның тез өзгеріп
жатқаны соншалық, мен өз көзіме сенер-сенбесімді білмей, осының
бəрі рас па, жоқ па деген ойға қалдым. Осыдан сəл ғана бұрын
қылмыскер от тұтатуды ғана күтіп тұрған бір құшақ отынның
жанында дəрменсіз байлаулы жатыр еді. Енді ол еркіндікке шығып ап,
жүзіп барады, ал оның жендеттері одан үміт үзгендей қалып кеткен.
Оқиғаның тез өзгергені сонша, бұған сенудің өзі қиын. Ал олай дейін
десең, осының бəрі көз алдымда өтті.
Біраз уақыт өтті. Су бетіндегі қуғын қара жердегіден басқаша. Өлім,
не өмір мəселесі қанша қыл үстінде тұрғанмен қашқын да, қуғыншылар
да алға өте баяу жылжып барады. Жағада қалған біздер, шамасы,
жарты сағатқа жуық осы бір алабөтен жарыстың куəсі болдық.
Алғашқы минуттардағы ашу-ыза басылды, дегенмен, көрермендердің
ықыластары төмендеген жоқ: ендігі жерде мылтық ату да, айқай-ұйқай
да діттеген нəтижеге жеткізбейтіні белгілі болса да жұрт əлі атқылап,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.