Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12

Total number of words is 4243
Total number of unique words is 2274
35.8 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
58.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Күннің батуына бір сағат қалғанда кездесуге келістік. Біреу-міреу
кедергі боп жүре ме деп, ертерек еткізуді талап еткен мен едім. Өзім
Хадж-Евамен сөйлесетін көл жағасы кездесер орын боп келісілді. Ара
қашықтық он қадам болсын дестік.
Кездескен соң, бір-бірімізге арқамызды беріп тұрған қалпы, қашып
құтыла алмас белгіні күттік. "Бір, екі, үш!.." деген дауыс естілді. Біз
жалт бұрыла сап, атып-атып жібердік.
Оқ құлағымның тұсынан зың етіп өткенмен, дарыған жоқ. Түтін
тараған кезде жауымның жерде жатқанын көрдім. Ринггольд тірі екен,
жарақатын ауырсынып, дөңбекши ыңырсыды. Оған секунданттар мен
бірнеше офицер жүгіріп барды. Мен орнымнан қозғалмадым.
─ Қалай? - деп сұрадым Галлахер келген соң.
─ Тіпті, Юпитердің атымен ант етейін! Оң қолын істен шығарыпсың
─ шынтақтан жоғарырақ қол сүйегі сынған.
─ Сол-ақ па?
─ Ойбай-ау, жан дүниеммен ант етейін, оны азсынып тұрсың ба?
Оңбаған төбеттің қалай ұлып жатқанын естимісің?
Қалай қатыгез боп кеткенімді өзім ұғындыра алмасам да, мен қанға
жаңа ғана аузы тиген жолбарыс секілді едім. Ринггольд мені өлтіруді
ойласа ─ жауап ретінде мен де оның қанын төгуге құмарттым. Осынау
ойлардан басым қатты. Қарсыласымның алдында кешірім сұрап
жатпадым, оған оның шамасы да жоқ еді. Ол тезірек үйге апарыңдар
деп зарлады, сонымен бұл шаруа əзірге бітті.
Бұл менің өмірімдегі бірінші дуэль болатын, бірақ соңғы сайыс емес
екен.
XLIII тарау
КЕЗДЕСУ
Біздің қарсыластарымыз бен жиналған топ үнсіз тарасып, Галлахер
екеуміз ғана қалдық.
Хадж-Еваны көл жағасында күтпек болдым. Ол кешікпей келіп
қалуға тиіс. Батысқа қарап едім, күн ағаштардың тасасына батып
қалған екен. Жылдың бұл мезгілінде іңір ұзаққа созылмайды, аспанда
қияқтанып жаңа ай көрінді. Хадж-Ева, міне, міне, келіп қалуға тиіс.
Кездесуімізге Галлахердің куə болуын онша қаламай, мені жалғыз
қалдыруын өтіндім.
Жолдасым мұндай өтінішке таңырқап, ыңғайсызданып та қалды.
Бірақ тəрбие көрген адам емес пе, қарсы болған жоқ.
─ Мақұл, Джордж, жарайды. Саған бірдеңе болып тұр-ау, - деді ол
кетуге ыңғайланып. -Осының бəрі түкке тұрмайтын дуэльдің əсері ме?
─ Əлде нəтижесі қанағаттандырмады ма? Атып өлтірмегеніңе
ренжіп тұрсың ба? Аспан куə, мына түріңе қарап, сен оны емес, ол сені
атып кеткен екен деп ойлап қалуға болады.
─ Қымбатты досым, аз уақытқа жалғыз қалдыра тұршы. Уайымға
берілуімнің себебін, қазір өзіңді қимай тұрғанмен, оңаша қалуымның
сырын да қайтып барған соң айтып берейін.
─ Оны айтпасаң да сезетін секілдімін, - деп ол көп мағына бере
күлімсіреді. ─ Еркектер атысқан жерде əйел араласпай қоймайды.
Жарайды, бауырым! Сырыңды ашпасаң да болады, байқамай айтып
қоятыным бар. Уақытты менімен емес, күткен адамыңмен көңілдірек
өткізер деп үміттенемін. Бірақ байқа, бір пəлеге ұрынып қалып жүрме.
Өзің айтқан əңгімеге қарағанда, құдай біледі деп айтайын, ондай
болмайды деп кесіп айту қиын. Мына ысқырықты ал, менің итті жақсы
көретінімді білесің ғой.
Ол күміс ысқырықты ілгешегінен шығарып, маған ұсынды.
─ Зəусайтан əлденеден қысылған сəтте немесе бірдеңеге ұрынып
жүрсең, ысқырып қалсаң болғаны, сен үшке дейін санап үлгергенше
Чарльз Галлахер жаныңнан табылады. Ал енді махаббат періштесі жар
болсын өзіңе! Біраз пунш ішіп, мен де уақыт өткізейін.
Осыны айтты да аяулы досым мені өз тағдырымның қолына
табыстап кете барды.
Оның кетуі мұң екен, оны да, əлгінде ғана өткен қанды айқасты да
мүлдем ұмыттым. Маюмидің тұрақсыздығы ─ менің ойымнан
шықпаған нəрсе осы ғана.
Өз құлағыммен естіген сөздерге күмəн келтіру алғаш ойыма келген
жоқ. Осынша дəлел алдыңнан шығып тұрса - дақпырт болған оқиғаға
сан адам куə болып, бас кейіпкеріңнің өзі үндемей ыржиып, іштей мəз
боп отырса, ─ қалай ғана күмəн келтірмексің!.. Оған сазайын
тартқызбай неге жібердім? Тап сол жерде дуэльге неге шақырмадым?
Əйтсе де əлі кеш емес. Қалай да бар шынын айтқызамын. Болды, не
болған жоқ десін. Болғаны рас десе, оны да дуэльге шақырамын. Ол
бұрынғыдан да сұрапыл өмір не өлім сынға түскен жекпе-жек болады!
Қатал шындыққа бас иген едім. Сұмдық азапқа түстім. Өзімді-өзім
жегідей жеп, бірақ біртіндеп қайтадан үміт пайда бола бастады. Өткен
түнде Хадж-Еваның айтқан сөздері есіме түсті. Шынымен-ақ ол мені
күлкі еткені ме? Бірақ есі кірген кезде айтқан секілді еді. Сырқат
қиялдан шықпаған сөз, əлдеқашан ұмыт болған өткенді еске алу емес
еді ғой. Жоқ-жоқ, ол ойдан шығарған жоқ. Сандырақ емес, мазақ та
емес.
Осылай өз-өзіңді жұбату неткен рақат! Бірақ екінші жағынан, жаның
жаңа ғана жай тапқан кезде, басқа ойлар оралып, маза бермей, күн
көзін бұлттай қаумалайды. Көп мағыналы үнмен айтылған жеңілтек
сөздер ойыма түсті: "Қолы жетіпті!", "Жүретін көңілдесі екен!",
"Болғаны ақиқат!". Бұл сөздер маған өлімнен де ауыр.
ІІІындықты білгім келді, тек қана шындық ─ екі ұштылықтан жаман
нəрсе жоқ. Шындықты білсем деген құштарлықтан басқа ешқандай
мəн-мағына, ақыл-парасат болған жоқ менде. Əйтеуір, Маюмидің неге
ұшырағанына көз жеткізу, оның артта қалған күндері ─ масқара, ал
болашағы ─ бұлдыр, шексіз өкініш екендігін біліп алуды ғана мақсат
еттім.
Ақиқатқа көз жеткізуге ұмтылып, Хадж-Еваның келуін тағатсыздана
күтудемін. Есі ауысқан əйелдің менде несі барын білмеймін. Мəселе
тұтқын туралы болар деп шамаладым. Сəскеден бастап ол да есімнен
мүлдем шығып кеткен-ді.
Есі ауысқан сұлудың бармайтын жері, білмейтін адамы жоқ. Болған
жайдың бəрін біліп, түсінуге тиіс. Опасыздық дегеннің не екенін
кезінде өз басынан кешірген. Өткен түнде онымен кездескен жерге
қарай бет алдым. Пальмалардың арасында сүрлеу бар еді ─ көлдің
көлеңкесі жағасына апаратын төте жол осы. Қиялай төмен түсіп,
сансыз бұтақты еменнің түбінен шықтым. Хадж-Ева келіп те қалған
екен. Жапырақтардың арасынан шашырай түскен ай сəулесі сымбатты
бітімін жарқырата түскендей. Ал мойны мен беліне оралған
жыландардың қабыршақтары қымбат тастардай жалтырайды.
─ Ə, кішкене көсем, келдің бе? Ер жүрек көсем! Көзің мен қолың
қайда болды? Сен ол малғұнды неге өлтірмедің?
Бұғы қуған қатып түн,
Аңсоғарың мылтықты.
Батыр емес, қорқақ-тын!
Шыға келді бір қасқыр.
Арық, долы, аш қасқыр.
Тісі ақсиып тұр қасқыр!
Дір-дір етті аңшымыз.
Ал қасқырың шаң-шұңсыз
Бұта ішіне жоғалды!
Дін аман жүр ол əлі!
Ха-ха-ха! Осы өтірік пе, ер жүрек көсем?
─ Жоқ, Ева, қорқыныш билеген жоқ мені. Жəне қасқыр аман-сау
құтылып кете алған жоқ қой.
─ Қап, сен оның алдыңғы аяғын жаралаған екенсің-ау! Бірақ ол
жарасын жалап-жалап тұрып кетеді, бұрынғыша нығайып алады.
Жарамайды! Сен оны өлтіруің керек еді, əйтпесе ол, сүйкімді көсем,
саған топ қасқырды бір-ақ жабады!
─ Амал не! Демек, жолым болмаған да!
─ Жоқ, жас көсем, сен бақытты болуға тиіссің, бақытты боласың,
семинолдардың досы! Күте тұр, қазір көресің...
─ Нені көремін?
─ Шыда, жігітім! Бүгін түнде мына ағаштың түбінде сұлуға
кездесесің, лəззат дəмін татасың, бəлкім, Хадж-Еваның да кегі қайтар!
Соңғы сөздерін салтанатты түрде əрі ашумен айтты.
Кімге ашуланып, кімнен кек алғалы тұрғанын мен түсінбедім.
─ Соның ұлы... иə... - деді есуас əйел, өзімен-өзі сөйлесіп. ─ Көзі де,
шашы да, дидары да, жүрісі де, аты да содан аумайды ─ соның ұлы. Əй,
Хадж-Еваның кегі бір қайтатын болды-ау!
Маған кіжініп тұрған жоқ па? Қасына барып, сұрақ қойдым:
─ Мейірімді Ева, кімді айтып тұрсың? Даусымды естіп, селк ете
қалды да, мағынасыз көзқараспен маған ұзақ қадалды, сосын
əдеттегісінше əндете жөнелді:
Балдай тəтті сөзге неге ұйыдым,
Жас жүрекке неге у боп құйылдың!..
Кенет əндетуін қоя қойып, өзіне-өзі келгендей болды да, сұрағыма
дұрыс жауап беруге тырысып:
─ Кімді деймісің, жас көсем? Əлгіні айтам... сымбатты жігітті...
қаскөйді! Ол зұлым! Əне, өзі де келе жатыр... Су бетіне түскен
көлеңкесін көремісің? Тезірек ағашқа шық та, кешегідей
жапырақтардың арасына жасырынып қал, сосын Ева қайта оралғанша
күтетін бол. Қалт жібермей бəрін тыңдап ал, өз көзіңмен бəрін көріп ал.
Бірақ жан-тəніммен сұрайтыным: өзім белгі бергенше қыбыр етпе.
Өрмеле, өрмеле тезірек!
Мені еменге қарай итеріп жіберіп, есі ауысқан əйел кеше түндегідей,
ағаштардың көлеңкесіне сүңгіп, көрінбей кетті. Уақытты алмастан
еменнің басына шығып, үнсіз отыра бердім.
Көлеңке қысқара берді, бірақ мен оның ер адам екенін байқап
қалдым. Сосын көлеңке жоқ боп кетті. Бір секунд өтпей су бетінде тағы
бір көлеңке пайда болды. Бұлар бірге келмеген тəрізді, бірақ екіншісі
алғашқы көлеңкенің соңынан ергендей, жотаны бойлап жылжи берді.
Екінші көлеңкені де айыра бастадым. Сүйек бітімі сұлу, қысылмай,
еркін жүретін жас əйел көрінеді. Хадж-Ева болғаны ма? Бəлкім, ол
қалың пальманы жарып өтіп, енді əлгі еркектің соңына түсіп, қайтып
келе жатқан болар?
Алғашқыда маған солай көрінген, бірақ кешікпей қателескеніме
көзім жетті.
Еркек ағаштың түбіне таяп, ай сəулесімен бет-жүзі көріне кетті.
Адьютантты жазбай таныдым. Ол тоқтап, қалтасынан сағатын
шығарды да, циферблатын ай сəулесіне тосып, уақыттың қанша
болғанын қарады. Бірақ мен оған ендігі жерде назар аудармадым айдың күмістей ақ сəулесінен тағы да бір адамның бейнесі, көзді
арбайтын жарқыраған ақ жүзі көрінді. Бұл мен үшін əлемдегі ең сұлу
бейне ─ Маюмидің келбеті еді.
XLIV тарау
БƏРІ ДЕ ТҮСІНІКТІ БОЛДЫ
Хадж-Еваның айтқан көлеңкелері осы екен ғой! Бұлар менің
жүрегімде жатқан қара көлеңкелер! Микосоктардың есуас ханшасы,
осынша қинайтындай мен саған не жазып ем? Сен де маған жау
болдың-ау! Мұндай азапты ата жауыңа да ойлап таба алмассың!
Маюми өзінің сүйгеніне ─ азғырып, адал жолдан тайдырған жігітіне,
мəз болып, бетпе-бет келіп тұрды. Солар екендігіне күмəнім қалған
жоқ. Ай сəулесі екеуін де арайландырып түр, бірақ бұл күмістей ақ
сəуле емес, алаулаған, арсыз, ал қызыл сəуле еді. Мүмкін маған солай
көрінген шығар? Бəлкім, бұл менің қабынған миымнан пайда болған
құр қиял шығар? Бұл алдын ала келісілген кездесу екеніне көзім жетті.
Басқаша ойлауға да болмайды ғой. Жігіт те, қыз да титтей таңданған
жоқ. Олар келісіп алған адамдардай жəне бұрын да жолығып жүрген
кісілерше кездесе кетті.
Бір-бірін күткендері анық. Кездесулерінде ешбір тосындық жоқ.
Мен үшін азапты минуттар өтіп жатты. Жұмыр басты пенде бүкіл
өмір бойы көрер қайғы-қасіретін бір сəтте тана басынан өткерер болса
─ дəл осыдан ауыр бола қоймас. Қаным қайнап, жүрегім өртенді.
Жанымның қиналғаны сонша, даусым шығып кетер ме екен деп
қорықтым. Бірақ бар күш-жігерімді жиып, болаттай бекініп, бұтақтарға
жармасқан қалпы отырған жерімде қалдым - ақырына дейін бəрін біліп
алғым келді.
Дұрыс шешім болды: егер мен жүйкеге ырық беріп, тек кек алуды
ғана ойласам, онда іс мен үшін өте қиындап кеткен болар еді. Төзім ─
жебеушіме айналды жəне мəселенің түйіні мүлде басқаша шешілді.
Дем алмастан бұтаққа қатып қалдым. Не айтар екен? Не істер екен?
Төбеме семсер төніп келе жатқандай сезіндім өзімді. Ойлап қарасаң,
бұл теңеуді дұрыс десе де, демесе де болады ─ семсер шауып та түскен
секілді, бұдан артық азап болған ба! Жаным да, тəнім де тастай боп
суып кетті, енді ешқандай жарақатты елер халде емеспін.
Сонымен демімді шығармай отыра бердім. Не айтар екен? Не істер
екен?
Ай сəулесі Маюмидің он бойын нұрға малып тұр. Қалай бой жетіп
кеткен! Əбден толысқан əйел десе болады. Көркі сымбатынан кем
емес. Бұрынғыдан да сұлу боп кетіпті. Қызғаныш перісі! Маған
көрсеткен қиянатың аз ба еді? Тартқан азабым аз болды ма? Мынандай
хор қызын көзіме неге көрсеттің? Бүйткенше неге ол адам көргісіз
албасты болмады? Сонда мен рақатқа батар ем, қырық жамау болған
жүрегім тыныш табар еді!
Алайда ақ дидары дəл бұрынғыдай жылы, күнəдан пəк. Мопмомақан жүзінде кінəраттың ізі де жоқ, аялы көздерінде жамандықтың
ұшқыны байқалмайды. Аспан періштелері əдемі-ақ, бірақ олар
рақымшыл. Осындай сұлу періштенің ішінде жамандық бұғып жатады
деп кім ойлаған? Жалғандығы жүзінен байқалар деп ойлап ем, бірақ
менің күткенімдей болмай шықты. Бəлкім, үміт сəулесінің жылт еткені
де сондықтан болар.
Осы ойлардың бəрі басымда құйындай жүйткиді. Көңіл жасыннан да
жүйрік екен. Мен екеуінің тіл қатысуын күттім. Таң қалдырғанда,
соның өзі бірнеше секундке созылды. Скоттың орнында өзім болсам,
бұлайша салқын кездесе алмас едім. Жүрегім жеткізе алмағанда тілім
жеткізер еді. Енді түсіндім: алғашқы құштарлық басылып, махаббат
тасқыны қайтқан, бұл кездесудің ол үшін пəлендей жаңалығы жоқ.
Мүмкін қыз оны əбден жалықтырып біткен шығар? Екеуінің де
ұстамдылығын қараңдаршы. Бір-біріне деген бір түрлі салқындық
бар... бəлкім, ұрсысып қалған болар.
Бұл ойлар қанша ауыр болғанмен, ғашықтарға қарап тұрып, едəуір
сейіліп қалғандай болдым. Бұлардың қарым-қатынастарында бірбіріне деген дұшпандық сезілетін сияқты. Бірде-бір сөз, бірде-бір
қимыл жоқ, демдерін іштен алып тұрғандай. Не туралы сөйлесер екен?
Енді қайтер екен?
Алайда менің мазасыздана күткен таңданысым осымен аяқталды.
Адьютант сөйлеп кетті:
─ Сүйікті, Маюми, демек, сіз уəдеңізді орындадыңыз ғой?
─ Ал сіз сөзіңізде тұрған жоқсыз. Жоқ... көздеріңіз айтып тұр. Осы
уақытқа дейін біз үшін əлі ештеңе істеген жоқсыз.
─ Маюми, сенесіз бе, еш қолайлы сəт болған жоқ. Генералдың қолы
тимей қойды, оны алаңдатуға батылым бармады. Сол шыдаңыз. Көзін
жеткізе алатыныма сенімдімін, сіздің меншіктеріңізді қайтарамыз.
Анаңызға айта барыңыз, алаң болмасын. Сіз үшін, Маюми, бар күшімді
аямаймын. Сенесіз бе, мен сіздерден кем қиналып жүргенім жоқ. Бірақ
нағашымның мінезі шəлкес екенін білесіз ғой. Оның үстіне
Ринггольдтер отбасымен жақсы араласады. Бəрінен қиыны сол боп
тұр, бірақ оны да жеңермін деп сенемін.
─ Сөзіңіз тамаша, сэр, бірақ одан түк пайда жоқ. Көмектеспек болып
берген уəдеңізді орындайтын шығар деп күткенімізге көп болды. Біз
тек əділ тергеу жүргізілуін қалаймыз, оны сіз оп-оңай атқара аласыз.
Біз қазір жер үшін қам жеп жүрген жоқпыз, өйткені намысымызға одан
да жаман нəрсе тиіп түр. Бұл бізге басқа майда-шүйде пəленің бəрін
ұмыттырды. Ағайымның басына түскен іс болмаса, түн ішінде мені осы
жерге не айдап келді деп ойлайсыз? Отбасымызға көңіліңіздің түзу
екенін айтып сендірмек боласыз. Өтінішпен келіп тұрмын, кəне, соны
іс жүзінде көрсетіңізші. Ағайымды босаттырыңыз, сіздің жиі айта
беретін тəтті сөздеріңізге сонда сенейік. Мүмкін емес деп айтпаңыз.
Оның сіз үшін түк қиындығы жоқ ─ ақ нəсілді көсемдердің арасында
көп-көрім беделіңіз бар. Бəлкім, атайым қатты айтқан шытар, бірақ
жазаға тартарлықтай ешбір қылмыс жасаған жоқ. Ұлы əскери көсемге
бір сөз айтсаңыз болғаны. ─ Оцеола тұтқыннан босатылады! Барыңыз,
айтыңыз сол сөзді!
─ Аяулы Маюми! Сіз маған беріп тұрған тапсырмаңыздың
қаншалықты қиын екендігін білесіз бе? Ағаңыз үкімет уəкілі мен бас
қолбасшының
бұйрықтары
бойынша
тұтқындалған.
Біздің
жағдайымыз сіздердегідей емес. Мен тек бағынышты адаммын, егер
мен генералға сіздің өтінішіңізді орындау жөнінде кеңес берсем, ол
маған сөгіс беру былай тұрсын, жазалаудан да бас тартпауы мүмкін.
─ Е, сіз əділдік жолында сөгіс алып қалам ба деп қорқады екенсіз
ғой! Сөйте тұра доспын дейсіз! Жарайды, сэр! Енді менің сізге айтар
бірақ сөзім бар: бұдан былай сізге сенбейміз. Біздің жұпыны
лашығымызға енді қайтып келмеңіз!
Қыз жек көре мысқылдай күліп, теріс айналды. Осы бір жек көру
мені масаттандырып тастады!
─ Тұра тұрыңызшы, Маюми! Қымбатты Маюми! Ренжи көрмеңізші
маған! Қолымнан келгеннің бəрін істейін, оған күмəнданбаңыз.
─ Өтінішімді орындаңыз: ағайымды босаттырыңыз да үйімізге
қайта оралуымызға мүмкіндік беріңіз.
─ Егер айтқаныңызды орындасам...
─ Иə, сэр...
─ Өтінішіңізді орындау жолында көп нəрсеге тəуекел етуге тура
келетіндігін біліп қойыңыз, Маюми. Менің офицерлік шенімді алып,
қатардағы жауынгер етіп жіберулері, масқаралаулары мүмкін... Сіздің
ағаңызды қамайтын абақтыдан да жаман абақтыға жабулары мүмкін.
Осының бəріне тəуекел дер едім, егер...
Қыз тағы да не айтар екен дегендей, үнсіз күтіп тұрды.
─ Осының бəріне төзер едім, өмірімді де аямас едім... - осы арада
жалынғандай оның даусы дірілдеп кетті, - егер бір тілегімді
орындасаңыз...
─ Не тілек?
─ Аяулы Маюми, мен оны сізге қалай айта аламын?
Бұйымтайымның не екенін айтқызбай-ақ білмейсіз бе? Сізге деген
махаббатымды, сұлулығыңызға бас иіп тұрғанымды шынымен
байқамағаныңыз ба...
─ Ол не бұйымтай? - деп сұрады қыз ақырын ғана, кешірімділік
көрсеткен адамша.
─ Жаным, Маюми, тек қана менімен болшы... Кездесіп тұрайықшы!
Біраз уақыт үнсіздік орнады. Тəкаппар қыз мүсіндей боп
қозғалмастан тұр. Ол мынадай ұятсыз емеурінді естігенде селк еткен
де жоқ. Тас болып қатып қалған сияқты.
Оның үндемегені жеңілтек жігіттің делебесін қоздыра түсті. Тегі, ол
мұны келіскендіктің белгісі деп түсінсе керек. Жігіт қыз жанарын
анықтап көре алмады, егер көзіне көзі түскенде, сол сəтте-ақ аузын
жапқан болар еді. Қыздың жалт қарағанын аңғармаса керек, əйтпесе
мұндай қателік жасамаған болар еді. Ол сөзін жалғастырды:
─ Мендік болыңызшы, Маюми. Ағаңызды бүгін-ақ босаттырайын,
сіздің де қолыңызды қақпай...
─ Оңбаған! Оңбаған! Ха-ха-ха!
Өмірімде нақ осы күлкідей ғажайыпты көрген емеспін. Мен үшін
бұдан тəтті күлкі болуы мүмкін емес. Неке қияр қоңыраудың,
лютнаның, арфа мен сыбызғының, керней мен фанфардың күллі
əлемдегі ең əдемі дыбыстары да дəл осы күлкіге жетпейді.
Ай аспаннан ақ күміс шашқандай, жұлдыздар əрі іріленіп, əрі
жарқырап кетті. Самал жел жұпар шашқан сынды, соның бəрі көктен
төгіліп жатқандай. Бүкіл əлем мен үшін жұмаққа айналып кеткен
тəрізді.
XLV mapay
БІР КҮНДЕГІ EKI ДУЭЛЬ
Енді төмен түсе берсем де болатын еді, бірақ адам айтқысыз бір
рақат сезімге батып, сілейіп біраз отырдым. Біреу жүрегімнен улы
жебені суырып алғандай болды... Тамыр-тамырыма қан жүгіріп,
жүрегім бір қалыпты, еркін соғып, жанымды шаттық биледі.
Қуанғанымнан айқайлап жібере жаздап, өзімді əрең ұстап, төменге
түсетін сəтті күттім. Бұл кезде төмендегі əңгіме əлі қызып жатқан
Маюмидің даусын естіп қалдым.
─ Кездесіп тұрайық... солай деңіз! - деп саңқ етті тəкаппар сұлу. ─
Достығыңыздың сыры осында екен ғой! Оңбаған! Мені кім деп тұрсыз?
Етегін сататын əйел деп тұрсыз ба? Ямасси тайпасының көрінгенге
беріле салатын салпы етегі деп қалдыңыз ба? Біліп қойыңыз, сэр,
шыққан тегім жағынан мен сізден кем емеспін. Сіздің ақ нəсілді
достарыңыз менің бар байлығымды тартып алғанмен, дүниеде ешкім,
ешқашан тартып ала алмайтын нəрсе бар: ол менің абыройлы атым.
"Кездесіп тұрайық!" Ақымақ! Мен сізге жар болуға да келіспес едім.
Сізге сатылғанша, сіздің пасық нəпсіқорлығыңызға жем болғанша,
жалаңаш орман кезіп, жаңғақ теріп кеткенім жақсы! Қарындасын
сатып, бостандық алғаннан гөрі, менің ағайым өмір бойы бұғауда
шірігенді қалаған болар еді! О, егер ол осы арада болса ғой! Мынадай
қорлауды өз көзімен көрсе ғой! Сен оңбағанды қамыс құрлы көрмей,
екі бүктей салар еді!
Қыздың қадала қарауы, тұрған тұрысы, сескенбейтін мінезі ─
осының бəрі маған тұтқындалар сəттегі Оцеоланы еске түсірді. Есек
дəмелі жігіт мынадай өткір сөздерден сасқалақтай шегіншектеп,
бірнеше минут тіл қата алмай, сорлап тұрып қалды. Бұдан бір минут
бұрын ол сəтсіздікке мойынсұнып, қыздың кете беруіне тосқауыл
болмас та еді. Бірақ сонша қолқалағанда, қыздың жиіркенген жауабы
мұның намысына тиіп, ашуын қайнатты. Ол күш жұмсауға бекінді.
Кездесуге шығар алдында осының бірін де ойламаған болар.
Адъютант бұзылған адам болғанмен, мұндай ашынуға жол бере қоймас
еді. Мұндай мансапқор, мұздай киінген сылқым, қыз алдында
жанкештілікке бара қоймайды. Бұл қадамға үндіс қызының
айыптаулары итермеледі.
Маюми жалт бұрылып, жөніне кете берді.
─ Қайда асығасың, қара торы сұлу қыз? ─ деп айқайлады ол, қыздың
қолынан ұстай алып. ─ Менен бүйтіп оңай құтыла қоямын деп ойлама.
Айлар бойы соңына түсіп келемін, ант етейін, сиқырлы күлкің үшін
айыбын өтейтін уақытың жетті! Қарсыласқаныңнан түк те шықпайды.
Бұл жерде бізден басқа жан жоқ. Сондықтан қоштаспас бұрын мен
сені...
Одан əрі тыңдағаным жоқ. Көмекке ұмтылып, ағаштап тез түсе
бердім. Бірақ менен бұрын басқа біреу жетіп үлгерді.
Жанары жалтылдап, ессіз күлкісін тыймастан алға ұмтылған ХаджЕва болатын Қолында сылдырмақты жылан иреңдеп барады. Жылан
басын көтеріп апты. Əбден айбаттанып, шағуға дайындалғаны
байқалады. Ысылдап, сылдырмақтарынан "скирр-рр" деген дыбыс
шығаруда.
Енді бір секундтан кейін есуас əйел қыз құмар сабаздың қасына
жетіп те үлгерді. Ол қорқып кетіп, қызды қоя беріп, ыршып түскен
бойы, ентігін баса алмай, аяқ астынан пайда бола кеткен əйелге шоши
қарап қалды.
─ Хо! Хо! - деп құлақты жара айқайлады ессіз əйел. ─ Соның ұлы!
Соның баласы! Сол күні аңқау Еваның абыройын төккен опасыз
əкесінен бұл да аумайды! Дəл осы сағатта сорыма жеткен Айдың да
ширегі еді, осындай имек əрі суық болатын. Жер бетінде жасалған
қылмысқа жоғарыдан күле қарап еді. Хо! Хо! Күнəға жол берген сағат,
енді кек алу сағаты болсын! Əкесінің қылмысын ұлы өтеуге тиіс. Ұлы
Аруақ! Қуат бере гөр пендеңе! Читта-мико, кек алайық!
Аруаққа сиына əрі қарғыс жаудыра, жылан оралған қолын алға
созған күйі əйел сасып қалған офицерге тап берді.
Қорғану керек деген жалғыз ой билеген адьютант семсерін суырып
алды да:
─ Сиқыршы сайқал! Енді бір аттасаң, түйреп өлтіремін! - деп
айқайлады. ─ Жоғал! Шегін, əйтпесе, ант етейін, шаншып өлтіремін!
Оның кесіп айтқан үнінен əзілдеп тұрмағаны байқалды. Əйтсе де
Ева сескенбеді. Өзіне төніп тұрған семсердің өткір жүзіне қарамастан
алған бетінен қайтпады.
Сол сəтте мен де жетіп үлгердім. Адьютантқа қарай ессіз жақындай
берген Еваны қауіп-қатерден аман алып қалу мақсатымен семсерімді
суырып алдым. Бірақ менің тойтарыс беруіме мүмкіндік болмады.
Есуас əйелдің жан шошырлық түрінен қорықты ма, əлде жыланды
өзіне қарай лақтырып жібереді деп сескенді ме, əйтеуір, адьютант
кенет зəре-құты қашып шегіне берді. Екі қадам шегінгенде көлдің
жиегіне жетіп, тасқа сүрініп, аяғы тайып кетті де, суға ұшып түсті.
Көл терең болатын, бірден көрінбей батып кетті. Бəлкім, осы суға
құлағаны оның өмірін сақтап қалды. Келесі сəтте су бетіне шығып,
жағаға жылдам тырмысып шыға бастады. Ашуында шек жоқ. Семсерін
ала салып, Хадж-Еваға тап берді. Ашына айқайлаған лағынет сөздері,
есуас əйелді тап осы арада жайрата салуға бекінгендігін көрсететін еді.
Бірақ оның өткір семсері əйелдің нəзік тəніне қадалып үлгермеді,
жыланды да турап түспеді. Болат семсер, тап сондай жарқылдаған
болатқа барып соғылды.
Мен адъютант пен əйелдің арасына тұра қалдым. Хадж-Еваны
кекшіл пиғылын жүзеге асырудан əрең тежедім. Осыған дейін
адъютант мені көрген жоқ еді. Ашудан көзіне қан құйылғандай
ештеңені көрмеген ол, менің тұрғанымды семсерлер айқаса кеткенде
барып байқады.
Сəл дағдарып қалдым. Бəрімізде де үн жоқ.
─ Сізбісіз, Рэндольф? - деді ол таңырқап.
─ Иə, лейтенант Скотт, бұл мен, Рэндольфпын. Оқыстан киліккенім
үшін кешірім сұраймын Бірақ сүйіспеншілікке толы нəзік сөздеріңіз
кенет ұрысқа айналып бара жатқан соң, ара түсуді өзіме парыз
санадым...
─ Тыңдап тұрғансыз ба? Бұл əңгіменің сізге қатысы бар ма еді, сэр!
Жансыз боп соңыма түсуге жəне жеке басымның шаруасына араласуға
қандай хақыңыз бар?
─ Хақым дейсіз бе? Бейкүнə, дəрменсіз қызды сіз секілді
жыртқыштан арашалау ─ кез келген адал адамның парызы емес пе?
Сіз ертегідегі Көк Сақалдан да асқан жауызсыз!
─ Сазайыңызды тартарсыз əлі! - деп кіжінді адьютант.
─ Қашан, қазір ме?
─ Қалаған кезіңізде!
─ Бəрінен қазір қолайлы. Бастаңыз!
─ Бұдан əрі сөзге келместен семсерлерімізді айқастырып, сұрапыл
семсер ойыны басталып кетті.
Айқас ұзаққа бармады. Үшінші ретте ме екен, əлде төртінші ретте
ме, əйтеуір, бір ұмтылыста мен қарсыласымның иығын жараладым.
Оның оң қолы салдырап қалды. Семсері малта тасқа зың етіп ұшып
түсті.
─ Жарақаттадыңыз мені! - деп айқай салды ол. Сосын ұшып түскен
семсерін нұсқап: -Қарусыз қалдым! Жарайды, сэр, мен қанағаттандым...
─ Ал мен өзіңіз дөрекілікпен намысына тиген қыз алдында тізерлеп
отырып кешірім сұрасаңыз ғана қанағаттанамын.
─ Ешқашан да! - деп жауап берді ол. ─ Ешқашан! ─ Өзінің иілмейтін
ерлігін көрсетуге тиісті осы сөзді айтқан соң, ол кенет теріс айналды
да... таң қалдырғанда, қаша жөнелді.
Соңынан тұра ұмтылған мен ұзатпай қуып жеттім. Арқадан
семсермен салып өтуіме болатын, бірақ мойныма қан жүктегім келмей,
Галлахер "дүмі" деп атайтын жеріне жақсылап тұрып бір тептім. Осы
бір қоштасу рəсіміне қанағаттанған соң, мен адьютанттың масқара боп
қаша беруіне ерік бердім.
XLVI тарау
ҮНСІЗ МОЙЫҢДАУ
Балауса махаббат күндерден сыр ашып,
Тұрмыз біз пальмалар астында...
Құсыңа көгершін тағы бір қарашы...
Бұл өзінің үйреншікті мақамдарының біріне салып келе жатқан
Хадж-Ева болатын. Содан соң басқа дауыс, өзімнің атымды атаған,
бұрынғыдан гөрі нəзіктеу дауыс естілді:
─ Джордж Рэндольф!
─ Маюми!
─ Хо, хо! Екеуінің де есіне түсті... Бұл бір тамаша арал, тек сендер
үшін жақсы, Хадж-Ева үшін қараңғы түнек... Ойламай-ақ қояйын... жоқ,
жоқ!
Балауса махаббат күндерден сыр ашып,
Тұрмыз біз пальмалар астында...
Құсыңа көгершін тағы бір қарашы...
Бір кезде бұл менің аралым еді, енді сенікі, сүйкімді мико жəне сенің
аралың, сұлу сіңлім! Қос қарлығашым менің! Оңаша рақаттаныңдар.
Қартайған, есі ауысқан əйелдің керегі не сендерге? Мен кетейін ─ үп
еткен желден де, сыбдыр еткен жапырақтардан да қорықпаңдар. ХаджЕва тұрғанда ешкім жақындай алмайды. Екеуіңді читта-мико күзетеді.
Хо, Читта-мико!
Балауса махаббат күндерден сыр ашып...
Есуас əйел үйреншікті əуеніне басып, Маюми екеумізді оңаша
қалдырды. Екеуміз біраз қысылып қалдық.
Бір-бірімізге махаббат, сүйіспеншілік туралы бұрын-соңды сөз
айтып көрген емеспіз. Маюмиді жас жүрегіммен ынтыға сүйгенмен,
оның да өзімді ұнататындығына енді көзім жетіп тұрса да, бұл жөнінде
əлі тіл қатысып көрген жоқ едік. Бейне бір екеуміздің де тіліміз
байланып қалғандай.
Бірақ осы сəтте ешқандай сөздің де қажеті жоқ. Бойымыздан электр
тогы жүріп өтіп, жүрегіміз бен жас жанымыз бақытты бір арнаға
құйылып жатқанда, бір-бірімізді сөзсіз-ақ түсінетін едік. Маюмидің
жүрегі мен деп соғатындығын бұдан артық ешқандай сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес.
Ол да дəл осындай сезімге шомып тұрған-ды. Екеумізді де
толғандырған ортақ ой болатын. Өз сезімімді ағыл-тегіл жеткізгенімді
Хадж-Ева оған айтқан болар. Маюмидің көңілді де байсалды
көзқарасынан, оның өзіме шүбəсіз сенетінін байқадым. Құшағымды
жая бердім. Сүйіктім осыны түсіне кеткендей, кеудеме кеп бетін басты.
Бір ауыз тіл қатыспадық. Тек кеудеме басын қойып, еркелей,
мойныма орала кеткенде барып, бір нəзік дыбыс аузынан шығып
кеткендей болды.
Біз біраз уақыт үнсіз тұрдық, тек жүрегіміз ғана бір-бірімен
сыбырласып жатқан секілді. Сонан соң қысылу жазды күнгі жеңіл
бұлттай сейіліп, ақырында бір-бірімізге сүйетіндігімізді айттық. Бұл
арада сүйіспеншілік сөздерімізді айтып жатқым келмейді. Ол қасиетті
сөздердің біреуге жеткізген кезде өңі қашып, жаман естілетіні бар,
сондықтан егжей-тегжейін айтпай-ақ қояйын.
Осы бір балдан тəтті сəтте екеуміз де айтып жеткізгісіз лəззатқа
шомдық. Біраздан кейін тана есіміз кіріп, қазіргіні қоя тұрып, өткендегі
мен болашақты сөз ете бастадық.
Өзім жоқ кезде болған оқиғаның бəрін Маюми қаз-қалпында айтып
берді. Алғашқы кездескен сəттен бастап мені сүйетінін, содан бергі
оқшау өткізген ұзақ жылдар бойы ешкімді ұнатпағанын ешбір
бəлсінбестен мойындады. Мұны байқамағаныма таң қалып, балаша мəз
болды. Оның ұнататыны туралы маған ештеңе айтпағанын есіне
салдым. Маюми оны мақұлдады, бірақ ештеңені жасырғысы
келмегенін қоса айтты. Ол менен гөрі сезімтал боп шықты ─
сүйетінімді баяғыдан біледі екен. Маюмидің еркін, ашық сөйлеуі
күдігімнің бəрін сейілтіп жіберді. Ол менен гөрі таза боп шықты:
пəктігіме күмəн келтіру деген ойына да келмепті. Тек бір жолы ғана,
осы жуырда, екі ұдай ойға беріліпті. Себебі де ашылды: жолы болмаған
жігіт мен туралы өсек таратып, қыздың басын айналдырғысы кепті.
Сондықтан Хадж-Еваға тапсырма берілген екен.
Амал не! Өз махаббатымның тарихы оншалықты кіршіксіз емес еді.
Маюмиге тек жартылай шындықты ғана айттым. Қызды ренжітпеу
үшін өмірімнің кейбір тұстарын ашып сала алмай, үндемей қалған
кездерімде өзімнен-өзім қатты ұялдым.
Алайда өткен күндер өтіп кетті, енді ештеңені де өзгерте алмайсың.
Оның есесіне алда мені жарқын болашақ күтіп тұрғанды, сондықтан өз
айыбымды жууға іштей ант бердім. Құшағымда тұрған мынадай аруды
енді қайтып ренжітпек емеспін.
Маюмидің шын сүйетіндігін өз аузынан естіген кезде, кеудемді
мақтаныш сезімі кернеді, бірақ оның отбасы сөз бола қалса-ақ, ызадан
қаным қайнап шыға келеді. Ол маған сот процесі жөнінде, ақ
нəсілділердің, əсіресе өздерінің көршілері ─ Ринггольдтердің
көрсеткен əділетсіздіктері мен қорлаулары туралы айтып шықты.
Өзім жақсы білетін жайлардың бəрін айтты. Бірақ тек Маюми ғана
білетін сырлар да бар екен. Əлгі жексұрын, екі-жүзді Ринггольд қызды
айналдырғысы келген көрінеді. Тек ағасынан қорыққандықтан ғана
тиіспеген екен.
Екінші бір ғашық жігіт, Скотт, достығын көлденең тарта жүріп,
қыздың сеніміне не болғысы келген. Пауэллдердің плантациясы
жөніндегі сот жағдайын, басқалар секілді, ол да білген, сосын ықпалды
адамдармен туыстық жақындығын пайдаланып, жерлерін қайтарып
беруге уəде берген Бірақ мұның бəрі бастан-аяқ өтірік болатын, уəдені
орындау оның ойында да болған жоқ. Балдай тəтті сөздеріне
Оцеоланың адамға сенгіш парасатты жүрегі алданып қалған. Имансыз
оңбағанның Пауэллдер отбасына жол тауып, жақын адамдардың бірі
болғанының сыры осында. Маюмимен ашық сөйлесетін қолайлы сəтті
күтумен ол бірнеше ай қатынасып, осынша уақыт бойы сүйетіндігін
айтып, соңынан қалмаса керек. Дегенмен батылдыққа бара алмаған,
себебі атасының қаһарынан қорыққан. Сонымен оның барлық
талабынан түк те шықпады. Ринггольд мұны жақсы білетін, бірақ ол
бір ғана мақсатты ─ мені жəбірлеуді көздеген. Ол үшін бұдан қолайлы
сəтті іздеп табу қиын еді. Енді мен үшін басын ашып алатын бір ғана
жағдай қалды. Əрине, оған ақылды əрі сезімтал Маюмидің көмегі керек
еді: өйткені ол қарындасыммен дос болатын жəне екі қыз бір-бірінен
құпияларын жасырмайтын.
Қарындасым мен Маюмидің атасының аралары қандай екенін
білгім келді. Бірақ көп қызықты жағдаятты айта алатынын біле тұра,
бұл туралы сұрауға ұялдым.
Əйткенмен, екеуі туралы, əсіресе Виргиния жөнінде сөз болмай
қалған жоқ. Маюми қарындасымды ерекше ілтипатпен еске алып,
маған ол туралы сұрақты жаудырды-ай. Виргиния бұрынғыдан да
сұлуланып, көріктілігімен құрбыларының бəрін таң қалдырыпты деп
естіген көрінеді. Бірге серуендеген күндер, аралда өткізген бақытты
сағаттар Виргинияның есінде ме екен деп сұрады Маюми.
"Есінде болғанда қандай!" - деп ойладым іштей, оны естіртіп айту
бір түрлі ауыр секілді көрінді.
Қиялымыз болашаққа қарай ауа бастады. Өткен күндер көк
аспандай ашық болғанмен, болашақ көкжиегін бұлт торлап тұрған.
Бəрінен бұрын өзімізді көп толғандырған, ең қорқынышты мəселе ─
Оцеоланың тұтқындалуын сөз еттік. Қашан шығарар екен? Оның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.