Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18

Total number of words is 4098
Total number of unique words is 2265
34.0 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
айтқан қарсылықтарынан байқалған еді.
─ Неге бағынуға тиіспіз? - деп таңдана сұрады зəңгі. ─ Біз жеңілген
жоқпыз. Керісінше, əрбір ұрыс сайын жеңіске жетудеміз. Біз сіздердің
солдаттарыңызды ─ бір, екі, үш рет жеңдік. Сіздерді талқандадық.
Сайтан алғыр, сендерді өлтіру біздің де қолымыздан келеді. Неге
бағынуға тиіспіз?Біз сендерді тыңдауға келген жоқпыз, өздеріңе шарт
қоюға келіп тұрмыз.
─ Бұған дейін болған жайттар, мəселені шеше алмайды, ─ деп жауап
берді офицер. ─ Біз, қалай дегенмен, сендерден күштіміз жəне ерте ме,
кеш пе, əйтеуір жеңіп шығамыз.
Қос көсем тағы да қосарлана дауыстады:
─ Курри! Осы сендер, ақ өңділер, біз жөнінде қателесіп тұрған
жоқсыңдар ма? Біз сендер ойлағандай осал емеспіз. Жоқ, сайтан
алғырлар! Зəңгі жолдастарына сұраулы жүзбен қарап еді, аналар
келіскендей бастарын изеді. Сол кезде ендігі тізгінді өз қолына алған
Оцеола орманға қарай бұрылып, құлақ жаратындай ерекше бір
дауыспен белгі берді.
Дауыс жаңғырығы басылып үлгерместен, мəңгі жасыл жапырақтар
сыбдырлап қозғала бастады. Орманнан қара торы жауынгерлер қаптап
шыға келді. Олар ілгерілеп келіп, əскери сап түзеп тұра қалды,
сондықтан санап шығу қиын емес еді.
─ Біздің жауынгерлерді санап көріңдер, ─ деді Оцеола салтанатты
үнмен, ─ сонда жауларыңның қанша екенін білесіңдер.
Соны айтқанда еріндеріне кекесін күлкі үйіріле қалды. Ол бірнеше
секунд бізге қарап, үндемей тұрды.
─ Ал қалай екен? Мына жас жауынгерлер, ─ бұл жерде тұрғандары
бір жарым мың, -шаршап-шалдығып, бағынуға келіп тұр ма? - деп жас
көсем сөзін жалғастырды. ─ Жоқ, олар туған жердің топырағына ең
соңғы жауынгердің қаны төгілгенше соғысуға əзір. Егер тағдыр өлуге
жазса, олар осында, туып-өскен, аталарының зираты жатқан
Флоридада өлгісі келеді. Сендер бізді қорлап, бұл арадан қуып шықпақ
болған соң ғана қолымызға қару алып отырмыз. Шеттеткендерің үшін
өшімізді алдық. Біз сендердің көп солдаттарыңды өлтірдік жəне
өзімізді қанағаттандық деп санаймыз. Енді қан төккіміз келмейді, бірақ
қоныс аударғымыз да жоқ. Біз өз шешімімізден ешқашан қайтпаймыз.
Сендерге əділ ұсыныс жасап отырмыз. Қабылдаңдар, сонда соғыс
табанда тыйылады. Қабылдамайды екенсіңдер, қан қайта төгіледі.
Ұлы Аруақ атымен ант етемін, қан судай ағады. Үйіміздің маңындағы
соғыстың қызыл діңгектері ақ нəсілді жауларымыздың қанына тағы,
тағы боялады. Бейбітшілік, не соғыс ─ қалағандарың болсын.
Сөзін аяқтаған соң, Оцеола орман маңында тұрған қараторы
жауынгерлеріне қолымен белгі берді. Олар үн-түнсіз ғайып болды. Қас
қағымда шығып, қас қағымда жоқ боп кетті.
Біз жас көсемнің жалынды сөзіне қарсы қоятын өз дəлелдерімізді
айтуға оқтала берген едік, кенет алыстан мылтық атылып, айқай
шықты. Ол үндістер орналасқан жақтан естілді, сонша алыстан талып
жеткенмен, шабуылдың басталғанын анық аңғартқандай еді.
─ Қап! Алдап түсірді-ау! Опасыздық! - деп айғайлады көсемдер.
─ Ақ нəсілділер өтірікші! Бұл сатқындықтарың үшін сазайларыңды
тартасыңдар əлі! ─ Сөйтіп үшеуі де бос сөзбен уақыт алмау үшін,
ормандағы жауынгерлеріне қарай тұра-тұра жүгірісті.
Біз қайта оралдық. Атысты ондағылар да естіп, Клинч бригадасы
үндістердің алғы шебіне шабуыл бастағанын біліп отыр екен.
Солдаттар сапқа тұрып, жорыққа шығуға əзірленіп те бопты. Бірнеше
минуттан соң белгі беріліп, отряд өзенді жағалай шабуылға шықты.
Солдаттар жаумен айқасқанша асықты. Сонша күн масқаралықпен
əрекетсіз отырған, аштықтан өзектері талып, абыройсыз жеңілістен
қандары қайнаған адамдар, ер намысын қайтарар қолайлы сəттің
туғанын сезіп, ашулы жаудың сазайын беруге жандарын сала
ұмтылды. Енді, біздің бір отрядымыз ту сыртынан шығып,
(генералдар алдын ала келісіп қойыпты), екіншісі маңдай алдынан
шабуылдап келе жатқан кезде, үндістер қырғыннан қалай құтылмақ?
Олар шайқасуға мəжбүр болады жəне ақыры жеңіліп тынады.
Жұрттың бəрі ─ офицерлер де, солдаттар да солай ойлаған еді. Бас
қолбасшы болса масайрап келеді. Оның стратегиялық жоспары
толығымен ақталды: дұшпан қоршауда, оларды қақпанға алдап түсірді.
Генерал ұлы жеңіске жетпек. Оны атақ-даңқ күтіп тұр.
Алға жылжып келеміз. Оқта-текте мылтық даусы естілгенмен,
үндістердің таныс əскери ұраны естілмейді. Біз шабуылға лап қойып,
көл жағалай жатқан жоталарға басып кірдік. Бірақ көлеңкелі қалыңның
ішінен де қарсыластарымызды кездестіре алмадық. Тəрізі, үндістер əлі
де біз бен көмекке жаңа келген тың күштің екі ортасында тұрса керек.
Қалайша құтылып кете қояр екен?
Жоқ... олар, əне, көгалдың екінші жағында бой көрсетті... Орманнан
шығып, тұп-тура бізге қарай келе жатыр. Не де болса соғысайын
дегендері ғой... Əне...
Алайда анау көк мундирлер мен ақ белдіктері, дулығалары мен
қылыштары қалай? Жоқ, үндістер емес. Бұлар жау емес, Клинч
бригадасының солдаттары болып шықты.
Бақытымызға қарай, дер кезінде аңғарыппыз. Əйтпесе ет қызумен
бір-бірімізді қырып салғандай екенбіз.
LXXI тарау
АРМИЯНЫҢ ҚҰПИЯ ҒАЙЫП БОЛУЫ
Екі отряд қосылып, генералдардың қысқаша кеңесінен кейін жауды
іздеуге кірістік. Бұдан көп уақыт кетті, бірақ біз бірде-бір үндісті таба
алмадық.
Оцеола соғыс тарихында құлақ естімеген стратегиялық айла
қолданды: ол сан жағынан тең түсетін жəне алды-артынан бірдей оқ
жаудырған екі отрядтың ортасынан бір жарым мың жауынгерді алып
шықты, əрі бірде-бір өлік қалдырмай кетті. Ол ол ма? Шегінгенде
ешқандай із қалдырған жоқ. Əлгінде ғана көз алдымызда əскери
тəртіппен сап түзеп тұрған үндіс əскері мың бөлікке бөлініп, сиқырлап
тастағандай жоқ боп кетті.
Жаудың қайда кеткені белгісіз. Генералдар тағы да төбеге ұрғандай
боп, өз əскерлерін форт Кингке алып қайтуға мəжбүр болды.
***
Үндіс əскерінің ғайып болуының өзі "жеңіс" деп жарияланғаны
өзінен-өзі түсінікті. Бұл жеңіс, алайда байғұс кəрі Гейнстің түбіне жетті
─ былайша айтқанда, əскери даңқын өшірді. Осыдан соң ол бір кезде
өзі сұранған қызметтен қуана-қуана бас тартты.
***
Енді бас қолбасшылыққа үшінші генерал тағайындалды.
Ол офицер ─ фамилиясы Скотт болатын, алдыңғыларға қарағанда
жұртшылыққа кеңінен таныс еді. Ағылшындармен соғыс кезінде алған
сəтті жарақаты, жоғары шені, саясаттан едəуір хабардарлығы, ал ең
бастысы, француздың "Тактика жүйесін" тым еркін аударып, өзін
соның авторымын деп көрсете білгені ─ осының бəрі америка
қоғамдық пікірінің алдында соңғы жиырма жыл бойы генерал Скоттың
атын шығарып келді64.
Соғыс айласының мұндай жүйесін ойлап тапқан адамның ұлы
қолбасшы болмауы мүмкін емес ─ оның отандастарының ойлары,
міне, осындай еді.
Халық жаңа генералдан керемет жаңалық күтті, ол да жұртқа
салтанатты түрде уəде берді. Бұрынғы əріптестеріне қарағанда ол
үндістермен басқаша соғысады жəне кешікпей жексұрын соғысты
аяқтайды деп сенген еді əскери адамдар.
Генералдың бұл келісіне бəрі де қуанды жəне алғашқы екі
қолбасшының кезіндегімен салыстырғанда жорық əлдеқайда кең
көлемде ұйымдастырылды. Солдаттардың саны екі есе, тіпті үш есе
көбейтілді, азық-түліктің орасан зор қоры дайындалды. Жұрт тек ұлы
қолбасшының тізгінді қолға алуын ғана күтіп отырды.
Ақыры, ол да келіп, армия жорыққа аттанды.
Мен бұл жорықты егжей-тегжейлі баяндап жатпаймын. Оның онша
қызықтығы жоқ. Бүкіл жорық тек əскери парадтағыдай шікірейіп сап
түзеп, шаршап-шалдығып, салпақтап жүрумен ғана шектелді. Армия
салтанатты түрде: "оң қанат", "сол қанат" жəне "орталық" деп
аталатын үш отрядқа бөлінді. Үш отрядтың үшеуі де Кинг, Врук жəне
Сент-Джонс форттарынан шығып, бір мезгілде Уитлакутчите - баяғы
"апатты ұяға" қарай бет түзеп, батпақтар мен жыралардың шетіне
ілігуге тиіс. Əр бөлімше өзінше шағын зеңбіректен бір дүркін оқ атып,
басқа отрядтарға белгі беретін боп келісілген. Сонан соң үш бөлімнің
үшеуі де, семинолдардың ортадағы бекініс шебіне қарай радиус
бойынша жылжи отырып, шабуылға шығуға тиіс.
Бұл қисынсыз жоспар орындалып жəне күткендей-ақ толық
сəтсіздікпен аяқталды. Үндістерді ешкім көре де алған жоқ.
Қостарының орнын тана сипап қалдық. Əккі жауынгерлер зеңбіректен
атылған белгіні естісімен, оның мəнісіне түсіне қойса керек. Жаудың
орналасуы жөнінде əлгіндей мəліметті білген соң, оң жəне сол
қанаттардың арасынан сытылып шығып, көп қиындықсыз шегініп
кетіпті.
Скотт жорығындағы ерекше бір оқиға, өзімнің өлім аузынан
қалғандығым болуы керек. Оны тəптіштеп айтып жатпай-ақ қояр едім,
бірақ "ұмыт қалған отрядтың" тағдыры қызықты мысал ретінде еске
алуды қажет етеді.
Біздің ұлы қолбасшымыз семинолдар "ұясына" жорыққа аттанып
бара жатып, Амазура өзенінің жағасына "бақылау постын" қалдырып
кетуді ойлады. Олар Суони поселкесінен келген қырық ерікті мен
бірнеше офицерден тұратын. Солардың ішінде өзім де бармын.
Сол жерге бекініп, қашан көмек келіп, өзімізді алмастырғанша табан
аудармауға бұйрық алдық. Алмастыратын адамдардың қашан
келетінін біз түгіл, біздің бастығымыз да анық білмейтін. Осы
бұйрықты беріп, орталық отрядты бастап бара жатқан генерал, бізді
тағдырдың тəлкегіне қалдырып, кете берді.
Жағдайымыздың қауіптілігін жақсы түсіндік. Сондықтан ең
алдымен жақсылап тұрып орналасып алуға тырыстық. Ағаш шауып
бекініс салдық, құдық қазып жəне соның бəрін сыртынан қоршап
тастадық.
Бақытымызға қарай, жау бекінісімізді байқап қалғанша бір апта өтті.
Əйтпегенде бірде-біреуіміз тірі қалмайтын едік. Үндістер, тəрізі,
орталық отрядтың соңынан аңдып отырған болуы керек, көпке дейін
бұл маңнан көрінбеді. Алайда алтыншы күні дегенде дұшпан қайта
оралып, бізге беріліңдер деген талап қойды. Біз ол талаптан бас
тарттық жəне елу күн бойы дұшпанның шабуылын тойтарумен
болдық. Солдаттарымыздың көпшілігі қаза тапты, жарақат алды.
Қаһарман отрядымыздың ер жүрек бастығы Холломэн де қаза тапты.
Ол қоршаудың саңылауынан атылған оққа ұшып өлді.
Бізге екі аптаға ғана жетерлік азық-түлік қалдырылған болатын, ал
біз бақандай жеті апта бойы қорғандық! Отыз күн бойы шикі дəнмен,
қара су жəне қоршаудың ішіндегі ағаштардан жинаған емен
жаңғақтарымен ғана күнелттік.
Сонымен, елу күн бойы төтеп бердік, бірақ бізді алмастыруға ешкім
келген жоқ. Осы бір қорқынышты қоршауда өткен уақыт ішінде
қаншама сарылып көз тіксек те бекініс маңынан бірде-бір ақ нəсілдіні
көре алмай, бірде-бір ағылшын сөзін естімедік. Бізді ұмытқан екен
деген ойға келдік. Шындығында да, солай болып шықты. Флоридадан
тезірек кетуге асыққан генерал Скотт "бақылау постындағыларды"
алмастыруды ұмытып кетіпті. Ал басқалары бізді əлдеқашан қырылып
қалған шығар, несіне əуре боламыз деп ойласа керек.
Аштықтан өлу қаупі төнді. Бірақ өлдім-талдым дегенде, ер жүрек
қарт аңшы Хикмэн қалың қоршаудан сытылып шығып,
"достарымызға" біздің мүшкіл халімізді баяндаудың сəті түсті. Оның
əңгімесі қатты толқу туғызып, бізді құтқару үшін жіберілген əскери
бөлім ғана дұшпанды ыдыратып, бізді қапастан құтқарып алды.
Генерал Скоттың жорығы жəне сонымен бірге Флоридадағы əскери
даңқы осымен тынды. Оның істеген ісінің бəрі жөнсіз еді. Тез қайта
шақырып алғандықтан ғана, Скотт елге күлкі болудан жəне
масқарашылықтан құтылып кетті. Ол үшін бұл сəті түсе кеткен
кездейсоқтық болды. Дəл осы кезде оңтүстік батыста үндістермен
жаңа соғыс өрті бұрқ ете қалып, генерал сондағы əскерлерге басшылық
етуге бұйрық алды. Бұл оның Флоридадан дер кезінде тайып тұруына
мүмкіндік берді. Сəтсіздіктен есеңгіреп ұятқа ұшыраған генералға,
Гүлжазира елінен тайып тұру үшін бұл өте тиімді сылтау болды.
Сонымен, америка генералдарында Флорида жөнінде ең жаман
естеліктер ғана қалды. Айлалы көсемдер басқарған семинолдармен
соғыста кем дегенде жеті генерал кезек-кезек талқандалды. Бірақ, мен
олардың сəтсіздіктері мен қателіктері жөнінде айтып жатқым
келмейді. Генерал Скотт кеткен соң, əскердің бас отрядымен
қоштасып, содан былай қосалқы отрядтардың құрамында кішігірім
шайқастарға ғана қатысып жүрдім. Бұл əскери өмірдің романтикалық
сəттері еді. Үлкен тарихи оқиғалар жөніндегі жылнамамды осымен
тəмамдаймын.
LXXII тарау
ҚАРА ДЖЕКТІҢ ӨЗГЕРУІ
Қоршаудан құтылысымен қайыққа отырып, өзеннің сағасына дейін
жүзген соң, одан əрі теңіз арқылы əулие Марк фортына жеттік. Осы
арадан еріктілер үйлеріне тарады. Олардың қызмет мерзімдері
аяқталған болатын. Жеке-жеке немесе топтанып, жалданған кезде
қалай жиналса, солай тарап жатты. Сондай топтардың бірінде қарт
аңшы Хикмэн мен оның жолдастары, өзім жəне менің сенімді көмекшім
болды.
Қара Джек бұрынғыдай емес, қатты өзгеріп кетті: өңі жүдеу тартып,
екі жағы суалып, көздері шүңірейіп, шатысқан бұйра шашы, дудардудар самайына құлап, ұйысып қапты. Жылтырап тұратын қап-қара
бетін əжім торлай бастаған.
Бейшара осы уақыт ішінде жарытып ас ішкен жоқ. Үш аптаға
созылған аштық сырт пішінін танымастай етіп өзгертіп жіберді.
Алайда аштық оның көңіл-күйіне əсер ете алған жоқ десе де болады.
Ол бұрынғысынша көңілді əрі ақжарқын болатын, кейде тіпті өзімді де
көңілдендіріп қоятын. Жүгері собықтарын кеміре отырып немесе
құрғақ жүгеріні қауақтағы сумен араластыра сорып отырған
кездерінде, ол дəмді тағамдарды жиі еске алатын: "Дəм бұйырып, үйге
аман жетсек, жүгері ботқасы мен шошқа етіне бір тояр едім", ─ дейтін.
Алдағы көретін рақатын көңілге демеу ету, оның қиын-қыстау
минуттарда шыдамдылық көрсетуіне себеп болатын-ды. Өйткені
бақытқа құштарлықтың да өз қуанышы бар. Біз бостандыққа шығып,
ауылға қарай бет түзеген кезде, Джек қуанышын тежей алмады. Шат
күлкі жүзінен ұя теуіп, аппақ тістері жарқылдап, тынымсыз сөйлеумен
болды. Тіпті терісіне дейін бұрынғыдай майлы жылтыр күйіне қайтып
түскен секілді.
Қажытып жіберетін ұзақ жол бойында, зəңгі біздің отрядымыздың
қуанышына айналды. Оның көңілді əзілдері ең ұстамды деген қарт
аңшыны да күлдірмей қоймады. Ол да анда-санда қарқылдай күліп
алады. Өзіме келетін болсам, жолдастарым секілді, мен де көңілді боп
көрінуге тырыстым. Жаным сонша неге жабырқайтынына өзім де
түсінбей келемін
Бəрі де мүлдем керісінше болса керек еді. Үйге қайтып келе
жатқаныма, қимас адамдарыммен кешікпей кездесетініме қуануға
тиіспін, бірақ бəрі басқаша боп келеді...
Қоршаудан құтылған кезде өзімді қуанышты сезінген едім, бірақ ол
төніп келген ажалдан құтылғандағы табиғи əсер екен. Қуанышым су
сепкендей басылды, енді, міне, үйіме жақындаған сайын жанымды
қара түнек баса түскен секілді. Үйдегілер аман болса игі еді деген сезім
қинап келеді. Əзірге ешқандай жайсыз хабар алмағандықтан өз
сезіміме өзім есеп бере алмадым. Жалпы, үйден ешқандай хабар
алмағаныма екі ай болған. Қоршау кезінде сыртқы өмірден мүлдем қол
үзіп қалған болатынбыз. Бізге тек Суони елді мекеніндегі оқиғалар
туралы түсініксіз сыбыс қана жеткен-ді. Біз үйімізде өзіміз жоқта не
болып, не қойғанынан бейхабар келе жаттық. Беймағлұмдықтан
сенімсіздік, күдік, тіпті қауіптенушілік туатыны белгілі ғой. Бірақ
тұңғиық ойға түсуіме ол ғана себеп болған жоқ. Басқа да себеп
табылды. Бəлкім, үйден аяқ астынан, отбасы жағдайын бір жақты қыла
алмай, əрі-сəрі жағдайда аттанғаным есіме түскендіктен болар,
ұмытпастай боп есте қалған қоштасу сəті, Ринггольд туралы, ол
сұмырайдың зұлымдық пиғылдары туралы есте қалған жайлар ─
осының бəрі жиналып келгенде жанымызды жегідей жеуде.
Екі ай ─ аз уақыт емес. Тіпті жеке отбасының шағын ортасында да
бұл мерзім ішінде талай өзгерістер болуы мүмкін. Менің үндістер
қолынан мерт болғаным жөнінде ресми хабардың тарағанына көп
болған жəне естуіме қарағанда, үйдегілер оған сенсе керек. Бұл
хабардың арты ойламаған сұмдықтарға соқтыруы мүмкін.
Қарындасым өзім аттанар кезде салтанатты түрде берген уəдесінде
тұра алды ма? Үйге барғанда жақсы көретін қарындасым бұрынғыдай
жайраңдап алдымнан шығар ма екен? Əлде ол шешемнің азғыруына
көніп, əлгі сұмырайға əйел болған шығар? Көңілсіздігіме
таңданатындай ештеңе жоқ.
Жабырқау күйіме назар аударған жолдастарым, дөрекілеу
болғанмен, өздерінше əзілдеген болып, көңілімді көтеруге тырысып
келеді. Бірақ ол ниеттерінен ештеңе шықпады. Жүрегімде зіл батпан
қорғасын жатқандай. Неліктен екенін білмеймін, əйтеуір, маған
үйдегілер бір пəлеге ұшыраған секілді боп көрінді де тұрды.
Амал қанша, сезігім тура боп шықты. Өзім қауіптенген жайлардан да
жаман оқиға болған екен. Естіген жаңалығым, қарындасымның
тұрмысқа шығатындығы жөніндегі хабардан тосындау еді. Шешемнің
қаза тапқанын естіген мен ең қиыны, қарындасымның одан əргі
тағдыры жөнінде ешқандай дерек біле алмадым.
Бұл сұмдық хабарды маған үйге бара жатқанымда қарсы жолыққан
хабаршы жеткізді.
Үндістер поселкеге, дəлірек айтқанда, менің плантацияма ғана
шабуыл жасап, бір ғажабы, басқаларға тимеген. Шешем мен
нағашымды пышақтап өлтіріпті. Ал қарындасым, қарындасым ше?
Оны ұрлап алып қашыпты.
Одан əртісін тыңдап жатпай, əбден болдырған атымды аяусыз
тебініп қалып, аяқ астынан жын ұрған адамдай, алға қарай шаба
жөнелдім.
LXXIII тарау
ҚОРҚЫНЫШТЫ КӨРІНІС
Құтырына шапқан атпен ағызып отырып, плантациямның шетіне
де кеп қаппын: кідірместен ормандағы сүрлеумен тура үйге қарай
салдым. Кейде жолай мал қамайтын қаша кездесіп қалады, бірақ
ақылды жануар одан оп-оңай қарғып өтіп, жолымыз жалғаса береді.
Үйінен шығып келе жатқан ақ нəсілді көршімді кездестірдім. Ол
бірдеңе айтайын деп оқталып еді ─ əрине, апат жөнінде ғой, бірақ мен
кідірмедім. Онсыз да бəрін естіп алғанмын, енді тек бəрін оз көзіммен
көру ғана қалып еді. Соқпақтың əрбір бұрылысы бұрыннан таныс
болатын, үйдің де көрінер тұсын білетінмін.
Сол жерге дейін шауып барып, үйіме көз салдым. Рақымы күшті
құдайым-ай! Үйім орнында жоқ! Сасқанымнан аттың басын кілт
тартып, алдымдағы жазыққа қайта көз салдым. Ып-рас ─ үй жоқ!
Шынымен жолдан адасқаным ба? Жо-жоқ. Сүрлеудің тірелер жеріндегі
алып гүл ағашы мына тұр. Арғы жағы саванна, жүгері жəне индиго
плантациялары, одан əріде ─ бассейн жағасындағы орманды төбелер,
ал одан əрі... одан əрі баяғыдан таныс көріністердің өзін ажырата
алмадым.
Табиғат түгелдей өзгеріп кеткен секілді. Алыстан мен мұндалап
тұрар жасыл терезелі, шаңқан ақ үй жоқ. Дəліз, қосалқы қора-жай,
зəңгілер лашығы, тіпті үйдің қоршауына дейін ─ бəрі тып-типыл.
Олардың бір кездегі орындарынан енді будақтаған түтін көтеріліп,
күннің бетін көлегейлеп, оны мыстай қызартып тұр. Менің келгеніме
аспан да қамыққандай.
Əлгінде естіген сөздерден соң, мұның не екеніне түсіну қиын емес
еді. Жаныма батқан қасірет пен қиналыстан жүрегім қысылып кетті.
Бұдан əрі қайғыруға да шамам жоқ.
Атымды тебініп, егістікті баса-көктей, ойран болған жерге қарай
шаба жөнелдім.
Түтін арасында сенделіп жүрген жүзге жуық адамды көрдім.
Жүрістерінен қабырғалары қайыса қойғандық байқалмайды.
Жайбарақат аралап, кейбіреулері немқұрайдылықпен қисайыпқисайып қарап отыр. Өртті сөндіруге талап қылып жүрген бір жан жоқ.
Жақындап келгенде, сумаңдаған қызыл жалын мен қап-қара түтінді
ғана көрдім. Айналада отқа оранған қоршаудан сытылып шығуға
тырысқан жылқылар мен сиырларды қайырмалаған салт аттылар
сылаң қағады. Алғашқыда бұл салт аттылардың кімдер екендігін
ажырата алмадым.
Үйдің əлгінде ғана ─ таңға жуық ойрандалғанын хабаршы айтқан
болатын. Алға шаба жөнелген сəтте соны ғана естіп қалып едім.
Əлі ерте болатын. Күннің шыққанына бір сағаттан аспаған. Күндізгі
аптаптан қашып біз түнде жүріп келгенбіз. Жауыздар əлі осында
болғаны ғой? Аналар шынымен-ақ үндістер ме? Сумаңдаған от пен
будақ-будақ түтіннің ішінде олар жылқылар мең сиырларды қуып жүр.
Өздерімен бірге айдап кеткісі келетін тəрізді.
Бірақ бізге олар кетіп қалды деп еді ғой. Сұмдық оқиғаның егжейтегжейін ─ шешемді өлтіріп, сорлы қарындасымды алып кеткенін
егер, үндістер əлі осында болса, қалай хабарлар еді.
Мүмкін уақытша ғана кетіп, сонан соң, олжаларын алып, үйді өртеп
жіберу үшін қана оралған шығар? Бір сəт басыма осындай ой келе
қалды.
Бірақ бұдан аттың шабысы бəсеңдемеді, тізгін тарту менің ойымда
да болған жоқ. Оң қолым да бос емес ─ оқтаулы мылтықты қос қолдап
қыса ұстап алғанмын.
Бар ойым ─ кек алу. Осы бетте жабайылардың тобына қақ жара
кіріп, шайқасып өлуге əзірмін. Мен жалғыз емеспін: соңымнан қара
түсті көмекшім шауып келе жатыр. Арт жағымнан ат тұяғының
тасырлағаны естіледі.
Түтіндеп жатқан үй орнына шауып келдік. Қателескенімді сол арада
байқадым. Мені қоршап тұрғандар үндіс, жаулар емес, достар екен.
Олар бізді ызалы, қайғымызға ортақ үнсіздікпен қарсы алды.
Аттан түстім. Бəрі қасыма жиналып маған жаутаңдай қарайды.
Ешкім бір ауыз сөз айтқан жоқ. Сөздің артық екендігін бəрі де біліп тұр.
Алдымен өзім тіл қаттым. Əрең естілетін, қырылдаған дауыспен:
"Қайда?" деп сұрадым.
Сұрағымды бірден ұғына қойды. ─ Бəрі күтіп тұр екен.
Көршілерімнің бірі қолымнан жетектеп, сөнуге айналған өрттің
жанынан абайлап ертіп келеді. Онымен қатарласып келемін. Ол үнтүнсіз тоспа жақты нұсқады. Онда жиналған жұрт əлгіден де көп екен.
Ту сырттарын маған бере, жартылай шеңбер жасап тұрған кісілер, бір
нүктеге қадалып қалыпты. Шешемнің сонда жатқанын түсіндім.
Біз жақындағанда, бəрі шегінісіп жол берді. Көршім мені қалың
топтың ортасынан алып өтті. Анамның денесін көрдім. Шешеммен
қатар нағашымның жəне өз қожаларын қорғамақ болып жандарын
пида еткен бірнеше адал қызметшілердің денелері жатыр.
Бақытсыз анамды атып кетіпті... Пышақпен кескілеген... Бетін
тілгілеп тастапты...
Ең қорқынышты нəрсеге дайындалып келгенмен, мынадай сұмдық
көрініске тап болам деп ойламаған едім, сүйегім үгіліп кеткендей
болды.
Байғұс анам! Мынау жансыз қатып қалған қос жанарың енді маған
қарап ешқашан күлімсіремейді... Қаны қашқан еріндеріңнен енді мен
ешқашан еркелеткен немесе ұрысқан сөздеріңді ести алмаймын..
Одан əрі көз жасыма ие бола алмадым. Еңіреп жылай бердім.
Анамды құшақтай жығылып, өзімді өмірге келтірген адамның сұп-суық
еріндерінен сүйе бердім...
LXXIV тарау
ІЗГЕ ТҮСІП ҚУУ
Қайғымның шегі жоқ еді. Шешемнің маған салқындығы, əсіресе
қалай қоштасқанымызды есіме алғанда, қайғым бұрынғыдан да зілбатпан бола түсті. Егер біз өткен жылдардағыдай жылы қоштасқан
болсақ, қайғы жүгі едəуір жеңілдер ме еді деп ойлаймын. Бірақ оның
маған айтқан соңғы сөздері жазғыруға, тіпті ашу-ызаға толы десе де
болатын еді. Сол есіме түсіп кетсе, жүрегіме қасірет уы тарағандай
болады. Өзі туралы менде тек қана шуақты, қуанышты жəне өте жақсы
пікірлер қалатынын анам білер болса, дүниеде ештеңені аямас едім.
Қаншалықты қуанышпен кешерімді, осы бір ауыз ғана сөзімді анама
естірте алар болсам, сол үшін дүниедегінің бəрін қияр едім...
Бақытсыз анашым! Еш жамандығыңды көрмеп едім. Кемшілігің де
білінбеуші еді. Жалғыз ғана кемшіні ─ баққұмарлық еді, бірақ ол да өз
төңірегіңдегілердің бəріне ортақ кемшілік болатын. Бірақ оны
ұмытқанмын. Есімде тек толып жатқан жақсы қасиеттері, ең алдымен
анам екендігі ғана қалыпты. Мен оны қалай жақсы көретінімді енді
ғана түсіндім.
Бірақ күйзеле беруге уақыт жоқ. Қарындасымды қайдан іздеймін?
Орнымнан атып тұрып, асыға-аптыға жағалай тұрған жұрттан
сұрастыра бастадым. Олар орман жақты нұсқады. Түсіне кеттім:
үндістер алып кеткен екен.
Осы уақытқа дейін қызыл өңділерге жауығып көрген жоқ едім.
Керісінше, мен солардың сөзін сөйлеп, тіпті дос ретінде ептеп ішім
бұрып тұратын. Ақ нəсілділердің оларға талай тізесі батып, үндіс
бейшаралардың көп зəбір-жапа шеккенін білетінмін. Үндістердің ерте
ме, кеш пе бір жеңілетінін жəне бағынуға мəжбүр болатынын да
білетінмін, соны ойлап, оларға жаным ашитын.
Ол аяушылық қазір мүлдем басқа сезімдерге жол берді. Анамның
қор болған аяулы жүзін көргенде жанжүрегім астан-кестең болды.
Үндістерге деген риясыз көңілдің орнын кереметтей жек көрушілік
басты. Анамның қаны кек алуға шақырды жəне кек аламын деп ант
еттім де.
Мен жалғыз емеспін. Хикмэн қарт, оның жолдасы ─ аңшы Уэзерфорд
жəне елуге тарта көршілерім көмек көрсетіп, сүйеу болуға дайын
екендіктерін білдірді.
Зауал туралы ой əсіресе Қара Джекті де қинауда. Оның да өз
қайғысы бар: Виоланы іздеп, еш жерден таба алмады ─ басқа
қызметшілермен қоса оны да алып кеткен болулары керек. Олардың
көпшілігі, бəлкім, өз еріктерімен кеткен шығар. Əйтеуір, қалай
болғанмен, бірде-бір қызметші қалмапты. Плантация да, ондағы
адамдар да опат болып, мен үйсіз-күйсіз жетімге айналдым. Анам да,
баспанам да жоқ еді.
Бірақ мұң шағып, іштей егіле беруге уақыт жоқ, дереу іске кірісу
керек. Қаруланып алған көршілер жиналып, бірнеше минуттан кейін
қуғын ұйымдастырылды.
Өзіме жəне жолсеріктеріме тың аттар тиді. Апыл-ғұпыл тамақтанған
болып, із кесуге аттандық. Жабайылар салт атқа мінгендіктен, із кесу
онша қиын болған жоқ. Олар ағысқа қарсы біраз өрлеп барып, арғы
бетке ─ үндіс жағалауына өтіпті. Ойланбастан біз де іздеріне түстік.
Бұл жер есімде жақсы сақталған. Осыдан екі ай бұрын, Оцеоланың
ізіне түскен кезде, өзеннің дəл осы тұсынан өткен болатынмын. Бұл
жол Оцеоланың жүріп өткен сүрлеуі тұғын... Мұңая ойланып қалдым.
Ізді ажырату барған сайын қиындап, жүрісіміз де бірте-бірте баяулай
түсті. Жабайыларды көрген адамдар бар ма екен деген табиғи сұрақ
туды. Өздері қай тайпадан болды екен? Көсемдері кім екен?
Біздің жасағымыздағы екі ерікті жол бойындағы ағаш тасасына
тығылып тұрып, шауып өткен үндістерді көріп қалыпты. Олар
тұтқынға алған қыздарды ─ қарындасымды, Виоланы жəне
плантациядағы басқа да қыздарды өздерімен бірге ала кетіпті. Салт
атты үндістер қыздарды алдарына өңгеріп алған көрінеді. Зəңгілер
жаяу шұбырыпты. Оларды бір-біріне қосақтап байламаған, соған
қарағанда, өз еріктерімен бара жатқан сияқты. Үндістер Қызыл
Таяқтар тайпасына жатады екен, көсемдері Оцеола болса керек.
Бұл сөздердің маған қалай əсер еткенін суреттеп шығудың өзі қиын.
Жаным қатты жарақаттанды. Бұл дəлелдің дұрыстығына үнемі
күмəнданумен болдым. Өзім бұлтартпас дəлел тапқанша ол сөздерге
сенбеуге тырыстым. Оцеола! Жоқ, оның мұндай сұмырайлыққа бара
қоюы мүмкін емес! Бара алмайды! Бəлкім, куəлар қателескен шығар.
Олар үндістерді таң атпай тұрғанда көрген, қараңғыда айыра алмауы
мүмкін. Соңғы кезде үндістердің істеген барлық сойқандарын ─ əрбір
шабуыл тонауды ─ Оцеолаға жаба салатын əдет шыққан, Оцеоланың
жүрмейтін жері жоқ. Жоқ, оның мұнда болуы мүмкін емес!
Бірақ əлгі екі куə кімдер? Олардың аттарын естігенде таң қалдым.
Спенс пен Уильямс. Өзіммен бірге үндістерді қууға шыққан топқа
олардың да қосылып кеткенін білгенде, бұрынғыдан бетер таң
қалдым. Бірақ бəрінен де Аренс Ринггольдтің болмай шыққандығы
қайран қалдырды. Ол өрт сөндіруге қатысқан жəне жұрттың айтуынша,
кек аламын деп бəрінен қатты айқайлап, даурыққан көрінеді. Ал қазір
көрінбей кетті. Қалай болғанмен, үндістерді өкшелеп қууға шыққан
жасаққа қосылған жоқ.
Уильямс пен Спенсті шақырып, олардан көрген-білгендерін түгел
айтып беруін сұрадым. Олар бұрынғы сөздерін қайталап шықты. Түн
ішінде, қанды қырғыннан кейін қайтып бара жатқан үндістерді
көргендерін мойындады. Олардың Қызыл Таяқтар, əлде ұзын Батпақ
тайпасынан екендерін анық айта алмады. Ал көсеміне келетін болса,
ешқандай күмəн жоқ: Оцеоланың өзі бастап келіпті. Бұлар оны өзге
көсемдерден оқшау көрсететін бас киіміндегі түйеқұстың үш
қауырсынынан таныған.
Куəлар сендіріп айтты. Мені алдаудың оларға не қажеті бар.
Баскесерлердің көсемі мейлі кім болсын ─ Оцеола ма, Коахаджо ма,
жоқ, тіпті Онопа ма ─ оларға бəрібір емес пе? Олардың сөздеріне басқа
жағдайлар дəлел бола түскендей, сондықтан мойындау қанша қиын,
қанша ауыр болғанмен, шешемді өлтіріп, үйімді өртеген жəне
қарындасымды күштеп алып кеткен ─ Оцеоладан басқа ешкім де емес
деген тұжырымға келдім.
Бұрынғы достық сезім су сепкендей басылды. Осыдан былай, бір
кезде өзім жақсы көрген, мақтаныш тұтатын адамды қатты жек көріп,
жүрегімде дұшпандық оты маздады...
LXXV тарау
ДАБЫЛ
Алайда осы бір қанды оқиғаға ой жүгірте отырып, өзіме жұмбақ боп
көрінген кейбір жағдайға назар аудардым. Алғашқы сəтте қатты
күйзелгенім сонша, бұл жайлар ойыма келмепті. Қанды шабуыл
кезінде
шешемді
өлтіріп,
қарындасымды
тұтқынға
алып
кеткендіктеріне таң қалатын ештеңе жоқ секілді көрініп еді. Үндістер
қан төгіске қанағаттанбай, бүкіл плантацияны өртеп кеткен. Тартқан
азаптары мен көріп келген əділетсіздіктері үшін "ақ нəсілділерден" кек
алған түрлері ғой. Мұндай жағдайлар барлық жерде күн сайын болып
жатыр. Флориданың басқа түкпіріндегі секілді, Суони жағалауында
неге болмасқа ондай оқиға? Қайта, біздің үйімізге осынша уақыт бойы
ешкімнің тимегеніне таңмын. Семинолдардың бекініс шептерінен
əлдеқайда алыс жатқан плантациялар, мұндай сұмдық шабуылға
көптен бері ұшырауда. Жұрттың басына түскен зобалаңнан біздің
плантациямыз неге шет қалуға тиіс? Бізге ешкім "тиіспейтіндігін"
плантация тұрғындары да байқап қалып, арқаны кеңге салып, алаңсыз
жүре берген.
Олар мұны былай түсінген: үндістердің басты күштері басқа
аудандарға, үш топқа бөлінген генерал Скоттың армиясын
торуылдауға ауып кетті. Ал біздің плантациямыз күшейтілген шепте
болғандықтан үндістердің кішігірім отрядтары оған шабуылдауға
жүрексінеді деп ойлаған.
Бірақ Скотт кетті, оның əскерлері жазда дамылдайтын форттарына
қайта шегінді. Əдетте Флорида да əскери қимылдар қыста жүргізіледі.
Ал жылдың төрт мезгілін айырмайтын үндістердің қолдары босаған
соң, шекарадағы плантацияларға қайтадан шабуыл жасап, басып кіре
бастаған Үндістердің Суониге көптен бері шабуыл жасамағандықтары,
бəлкім, сондықтан болар.
Алғашқы күйініш сəттерінде солай болуы əбден ықтимал деп
ойлағанмын. Менің туған-туыстарым көпке ортақ зауалдың құрбаны
болып кетті.
Бірақ өзіме-өзім келген соң, назарым басқа жайларға ауа бастады.
Бəрінен бұрын, осы аудан бойынша неге тек біздің плантация ғана
шабуылға тап болды? Неге тек біздің үй өртенді? Неге тек қана біздің
отбасын қырады? Осындай сұрақтардың қайран қалдырғаны табиғи
нəрсе еді. Өзен бойында біздікі секілді нашар бекінген басқа да
плантациялар, семинолдарға өшіге қарайтын басқа да отбасылар бар
болатын Бірақ бəрінен жұмбақ көрінгені мынау: Ринггольдтер
плантациясы тұп-тура үндістердің жолында жатқан. Із кесіп
көргенімізде, үндістер біздің үйге жету үшін оны айналып өткені
белгілі болды. Ринггольдтердің екеуі де ─ Аренс те, əкесі де ─
үндістердің қас жаулары, олардың құқықтарын
бұзушылар ретінде төңірекке түгел мəлім болатын.
дөрекі
түрде
Олардың плантациялары неге аман қалып, біздің плантация неге
талқандалған?
Біздің
отбасымыздың
бөлекше,
алдын
ала
ойластырылған қастандықтың құрбаны болғаны анық. Тап солай
болғандығында ешбір күмəн жоқ. Бұл құпияны тек қана кек алу деп
түсінуге болатын еді.
Ал Пауэлл ше? Шынымен сол болғаны ма? Өз досым осындай
аяусыз тапшылыққа барғаны ма? Мүмкін бе бұл? Жоқ! Мүмкін емес! Екі
оңбағанның куə болуына, олардың оны өз көздерімен көргендіктеріне
қарамастан, жүрегім бұған сенбей қойды.
Мұндай қатыгездікке, бейкүнə жандарды қыруға қандай себептер
болуы мүмкін? Рас, шешемнің оған қабағы қату болатын, оған қоса ─
жақсылықты қадірлей білмеді. Ол жайт əлі күнге есімде. Оцеола да
ұмытпаған болуы керек. Бірақ оның адамгершілікке толы мінезі, өз
қиялымдағы тамаша ерлік бейнесі, осынша зұлымдыққа дейін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.