Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07

Total number of words is 4038
Total number of unique words is 2308
31.6 of words are in the 2000 most common words
44.8 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Менің қиялымды екінші рет гүрс етіп атылған Мылтық даусы бұзып
жіберді. Сарт етіп қысқа шыққан үнінен винтовка екенін аңғарып
қалдым.
"Бұл не болды екен? - деп ойладым мазасызданып. ─ Джектің
қолындағы жалғыз оқпанды, мылтық, екінші рет оқтап үлгеретіндей
болған жоқ".
Алғашқы атылған дыбысты түсімде естігенім бе? Жоға, ап-анық
өңімде естідім ғой. Мені оятып жіберген де сол дыбыс. Екі дүркін
атылғаны даусыз, қателесуім мүмкін емес.
Таң қала орнымнан атып тұрдым. Жолдасым бірдемеге ұшырады ма
деп қауіптенгем. Екі мылтықтың атылғанында күмəн жоқ. Екінші атқан
кім болды екен? Мүмкін дұшпан шығар? Біз қатерлі жерде тұрмыз ғой.
Дауыстап Джекті шақырдым. Ол əлдеқайдан дыбыс бергенде
қуанып қалдым. Бірақ сол сəтте-ақ мені қайтадан үрей биледі, өйткені
Джектің дауысында бір сұмдық шошыну бар еді.
Түкке түсінбей əрі қатты қобалжып, тапаншамды жұлып алдым да,
қалыңға қойып кеттім. Зəңгінің үні жақын жерден ап-айқын естілді,
бірақ қалың ағаш ішінен оның күңгірт тұлғасын көре алмадым. Ол əлі
айқайлап тұр, сөздерін енді ғана ажырата бастадым.
─ Сақтай гөр, құдай, - деді ол қатты шошынған үнмен, - Джордж
мырза, жарақаттанған жоқсыз ба?
─ Қай сайтан жарақаттамақ мені? Мылтық екі дүркін атылмаса, бұл
бейбақ мен жаққа қарай атып, абайсызда тигізіп алдым ба деп қорқып
түр екен деп ойлап қалуға да болатын-ды.
─ Тірісіз бе? Құдайға шүкір, аман екенсіз, Джордж мырза!
─ Ay, бұл қай сөзің, Джек?
Сол замат ол ағаштардың арасынан шыға келді де, түрін анық
байқадым. Бір сұмдықтың болғанын түсіндім. Джекте өң мен түс жоқ.
Көзі алақтап, қарашығы көрінер емес. Еріндерінде қан-сөл қалмаған.
Қара қоңыр жүзі сұрланып, тісі-тісіне тимей сақ-сақ етеді.
Қимылдарына қарағанда ес-түссіз қорқыныш құшағында екенін
аңғарғандайсың.
Мені көре сала қарсы жүгіріп келді де, соңынан ажал қуып келе
жатқандай, үрейлене жалтақ-жалтақ қарап, қолымнан ұстап алды.
Жалпы алғанда, Джектің қорқақ емес екенін білетінмін, тіпті мүлдем
керісінше! Демек, керемет қатердің төнгені-ау... Қандай қатер? Қадала
қарап едім, қарауытқан орман ішінен қоңырқай ағаш діндерінен басқа
ештеңе көрінбеді. Сонан соң Джектен мəн─жай сұрай бастадым.
─ Құдайым-ай! Сол, дəл соның өзі! Сол екені анық!
─ Оның кім?
─ Аһ, Джордж мырза, демек, сіз, шынында да, жарақаттанған жоқсыз
ба? Ол сізді атты. -Көзде... ген... көздегенін өз көзіммен көрдім. Мен де
атып қалып едім, оғым дарымай кетті, сосын... ол қашып кетті.
─ Кім атты? Кім қашып кетті? Құдай үшін, түсіндірші маған, ол кім?
─ Е... елес қашып кетті!
─ Қайдағы елес? Сайтанның өзін көргеннен саумысың?
─ Дұп-дұрыс, Джордж мырза, дұп-дұрыс! Сайтанның тап өзі. Ол
Сары Джек!
─ Сары Джек дейді?!
XXV тарау
KIM АТТЫ?
─ Сары Джек деймісің?─ деп қайталадым мен, серіктесімнің сөзіне
сене алмай. ─ Сен Сары Джекті көрдім деп тұрмысың?
─ Иə, Джордж мырза, ─ деді менің атқосшым, қорқынышы ептеп
сейілген соң. -Аспандағы күндей ап-айқын көрдім, өзі немесе соның
елесі.
─ Сандырақ! Елес деген болмайды. Ағаштардың көлеңкелерін айтып
тұрсың да. Көзіңе бірдеңе елестеген ғой.
─ Құдайым-ау, Джордж мырза! - деп қарсыласты зəңгі сенімді түрде.
─ Ант етейін, елес емес, тап өзін көрдім... Анық көрдім. Сары Джектің
өзі, болмаса оның рухы...
─ Мүмкін емес деймін!
─ Мүмкін болмаса тұқымы құрысын, бəрібір рас. Інжіл атымен ант
етейін! Сары Джек сізді анау эвкалиптің тасасында тұрып атты.
Артынша мен де басып қалдым. Мылтықтың екі дүркін атылғанын
естіген боларсыз?
─ Иə, екі дүркін атылды, бірақ маған солай көрінген шығар.
─ Жоқ, сіз жаңылған жоқсыз. Вуф! Қарғыс атқыр оңбаған! Атқан
соның өзі, əрине!.. Бері қараңызшы!
Біз бассейнге жақын келіп, көлеңкесінде өзім ұйықтаған
магнолияның жанына тоқтадық. Джек еңкейді де, оқ тиіп, қабығы
сыдырылған ағаш діңін көрсетті. Оқ ағашты тесіп өтіпті. Қабықтың
жаңа сыдырылғаны анық, зақымдалған жерінен əлі ағаштың сөлі
сорғалап тұр. Мені біреудің атқаны анық, тек сəл-пəл ғана тигізе
алмапты. Жолқапшығымды жастанып, демалып жатқанымда оқ
басымның үстінен ысқырып өткенге ұқсайды. Құлағымды жанай өтсе
керек, себебі мылтық алғаш гүрс етіп атылысымен шыжылдап өте
шыққан дыбысты құлағымның шалғаны есіме енді түсті.
─ Енді сенесіз бе маған, Джордж мырза? - деп сұрады зəңгі, өзінің
тапқырлығына мəз-мейрам боп. - Елес болмағанын енді көрдіңіз ғой?
─ Иə, мені біреудің атқанын енді түсініп тұрмын.
─ Сары Джек, Джордж мырза, Сары Джек! Құдай атымен ант етемін!
- деп толқи айтты жолсерігім. - Мына ағашты қалай анық көріп тұрсам,
сары сұмырайды да сондай ап-анық көрдім.
─ Жə, қызыл өңді ме, сары өнді, кім атса ол атсын, бұл арадан тезірек
кеткеніміз жөн болар. Винтовканы берші. Сен аттарды ерттегенше
бақылай тұрайын.
Зəңгі аттарды ерттеп, заттарымызды жиыстырғанша мен
мылтығымды тез оқтап, ағаштың қалқасында осы тұстан атуы мүмкінау деген жаққа барлай қарап тұрдым. Үрей мен дегбірсіздік билеп
тұрғанын айтып жатудың қажеті болмас. Өміріме жасалған қастандық
кім болмасын, əйтеуір, маған қаны қас біреудің өштесіп жүргендігін
көрсететін еді. Сары Джек атты деген зəңгінің жорамалы қисынға
келіңкіремеді де, өзіне біраз күліп алдым. Мулаттың жантүршігерлік
өлімін өз көзіммен көрдім ғой. Оның қайта пайда болғандығына илану
үшін Джектің жорамалынан гөрі салмақтырақ, бұлтартпас дəлел керек
еді. Күн түспейтін қара көлеңке орманда зəңгі белгісіз жауды көргенде,
оның қиялына қанат бітіп, мылтық атқан адам Сары Джекке ұқсап
кетсе керек. Бірақ атуын атты ғой! Жəне сол минутта мулаттың түсіме
кіруі қалай? Неге ондай түс кіреді? Зəңгі көрген елес менің түсіме енді
ғой.
Екі оқиғаның сəйкес келгендігін ойлағанда қаным қарайып, бойым
мұздап сала берді. Мұнда шындық бөлшегіндей сұмдық жұмбақ бар еді,
сол себепті зəңгінің ант-су ішуінде негіз бар ма деген ойға келе
бастадым. Бұл жөнінде неғұрлым көбірек ойлаған сайын, соғұрлым
алғашқыда мүлдем мүмкін емес секілді көрінген жайға тезірек сенгім
келе берді.
Мəселен, үндіс мені еш себепсіз нысанаға алып не қылсын? Рас,
үндістер мен ақ адамдар арасындағы қарым-қатынас нашар болатын,
бірақ соғыс əзірге ашылған жоқ қой. Мəселе оған əлі жеткен емес.
Ақсақалдар кеңесі өткен жоқ, ол келесі күнге белгіленген-ді. Оның
шешімі белгілі болғанша, екі жақтың бірінен дұшпандық əрекеттің
бастала қоюы екіталай. Оның өзі кеңестің алдағы шешімдеріне мықтап
əсер еткен болар еді. Үндістер бейбітшілікке өз қарсыластарынан кем
зəру еместін, тіпті олардан да зəруірек болатын. Мұндай жөнсіздікке
орынсыз əрі мезгілсіз бара берудің пайда келтірмейтіндігін олардың
білмеуі мүмкін емес. Керісінше, қоныс аударуды қолдаушылар үшін
бүл таптырмас сылтау болар еді. Осындай жағдайда үндістің өміріме
қатер төндіруі мүмкін бе?
Ал егер үндіс болмаса, онда мені кім жəне неліктен өлтіргісі кеп
жүр? Өзіме осыншалық қас жау боларлықтай əзірге ешкімді
жəбірлеген жоқ едім. Кенет сиыр айдаушы маскүнемдер есіме түсе
кетті. Келісімдер мен кеңес шешімдерінде не шаруалары бар олардың?
Олар үшін бүтін бір тайпаның тағдырынан гөрі бірер ат, ер-тоқым,
мылтық, кез келген көр-жер əлдеқайда қымбаттырақ. Ұрылар
ақтардың ішінде ғана емес, үндістерде де кездеседі.
Жо-жоқ, олар емес. Жанай өтіп бара жатқан бізді олар көрген жоқ,
көре қалған күнде де бұл араға тез жете қоюлары мүмкін емес. Біз
атпен желе-жортып келдік, олар жаяу болатын, ендеше, келе
қоятындай болған жоқ.
Ал Джектің айтуынша нағыз оңбаған Спенс пен Уильямсқа келетін
болсақ, олар атпен жүргенмен бізді көрген жоқ. Оның үстіне малды
тастап кете алмайды.
Айтпақшы! Ақыры істің шешімін тапқандай болдым. Маған оқ атқан
өмір бақи ақтардан кек алуға ант еткен жəне көзіне бірінші түскен
адамға бар уытып төге салар қашқын құл болмасын. Бəлкім, ол Сары
Джекке ұқсастығы бар мулат шығар. (Сары өңді адамдар зəңгілер
секілді бір-бірінен аумайды). Менің серіктесімді алжастырған да сол
болуы ықтимал. Əзірге осыған тоқтап, көңілім орнына түсті.
Сөйткенше, Джек те жолға дайындалып болды. Бүл құпияның
шешімін қоя тұрып, атымызға қарғып міндік те, шаба жөнелдік. Біразға
дейін жан-жағымызға алақтаумен болдық. Жол сирек өскен орман
арқылы өтеді екен, алдымыз да, арт жағымыз да ап-анық көрінеді,
бірақ алдымыздан да, артымыздан да не ақ, не қара, не қызыл, не сары
жау көрінген жоқ. Кинг фортына жеткенше бірде-бір тірі жанды
кездестірмедік. Біз фортқа күн көкжиекте қарауытқан қалың
орманның тасасына жасырына берген кезде барып жеттік.
XXVI тарау
ШЕКАРАЛЫҚ ФОРТ
"Форт" деген сөзді естіген кезде тепкішектері мен амбразуралары,
бастиондары мен тіс-тіс қабырғалары, бөгеттері, қазыматтары мен
гласисі25 бар үлкен құрылыс ─ бір сөзбен айтқанда мықты бекініс көз
алдыңа келеді. Испандар, шындығында да, Флорида мен басқа
жерлерде сондай форттар тұрғызған. Ол форттардың көпшілігі əлі де
бар, ал қалғандарының құлаған үйінділері бір кездерде қабырға
үстінде қабылан таңбалы тулар желбіреген ұлылық пен даңқтың
куəсіндей боп жатыр. Бірақ отаршыл испандармен еуропалық басқа
халықтар сəулеттерінің арасында үлкен айырма бар.
Испандар Америкада үстемдіктерін мəңгі сақтап қалатындай,
қыруар еңбек пен жұмсалған қаржыға қарамай, қамалдар салған.
Флоридадағы биліктері осынша қысқа болады-ау, ұзамай қуып
шығады-ау деген ой олардың қаперінде де болған жоқ.
Түбінде олар осы алып қамалдардың пайдасын көрді. Онсыз қара
торы ямассилер, сосын жеңімпаз семинолдар испандарды гүл
жайнаған жарты аралдан əлдеқашан, үндістерді басқа елдің билігіне26
өткізбес бұрын-ақ қуып шыққан болар еді.
Флорида жерінде Құрама Штаттардың да тастан өрілген қамалдары
бар, бірақ тарихта аталатын шекаралық соғыс "форттары" оларға
мүлдем ұқсамайды. Бұл құрылыстар алып белдеу секілді Құрама
Штаттардың бүкіл аумағын қоршап жатыр. Мұнан біз тіс-тіс
қабырғаларды, жартастардан ойып жасалған, қымбатқа түсетін
казематтарды жəне қажетсіз сəулет өрнектерін көре алмаймыз. Бұлар
көбінесе ағаштан уақытша қалқита салған арзан құрылыстар. Шекара
белдеуі үнемі өзгеріп отыратын жедел шегіну кездерінде қиналмай-ақ
қалдырып кете беруге болады.
Қырынқабақ үндістерге қарсы сенімді қорғаныс жасау үшін былай
істеу керек: жүздеген ағаш табыңыз, кесіп құлатыңыз да, ұзындығы он
сегіз фут келетін тақтай тіліңіз, төрт бұрышты етіп бір-біріне жақын
орналастырыңыз, тегіс жағы ішіне қарайтын болсын, сосын бəрін
көлденең тақтайлар қағып, біріктіріп, ұштарын үшкірлеп оқ ататын
саңылаулар жасаңыз. Саңылаулардан төменірек жерден сегіз фут биік
етіп көпір жасап, сырт жағынан ор қазыңыз. Қарама-қарсы
бұрыштарына бастион салыңыз да, зеңбіректеріңізді орнатыңыз, берік
қақпа тұрғызыңыз ─ шекаралық форт болады да шығады!
Ол сол жердің жағдайына байланысты үш бұрышты да, төрт
бұрышты да, көп бұрышты да болуы ықтимал.
Одан кейін сізге солдаттар тұратын жəне азық-түлік сақтайтын
баспана керек. Қоршаудың ішінен мықты блокгауз салыңыз; керек
десеңіз, оның да бұрыштарына оқ ататын саңылаулар жасаңыз ─
сыртқы қоршауды шабуылмен алған жағдайда тірек болады. Осының
бəрі біткен кезде форт сақадай сай деп санай беріңіз.
Таптырмайтын құрылыс материалы ─ қарағай... Оның бұтақсыз биік
діңін шауып құлатып, ұзын тақтайлар тілу жеңілірек келеді. Бірақ
Флоридада форт салуға жарамды басқа да ағаштың түрі бар ─ ол
асқабақ пальмасы. Бүл атқанда қақ айырыла бермейтін тығыз ағаш, оқ
өтпей, тұрып қала береді. Форт Кинг сондай ағаштардан салынған
болатын.
Бірнеше жүз солдаты бар осындай бекіністі фортты көз алдыңызға
елестетіңізші; олардың біразы кірлеген ақ, қайырма жағалы көгілдір
мундир (жаяу əскер), екінші біреулері қызыл ызбалы қара көк мундир
(зеңбірекшілер),
енді
біреулері
шымқай
жасыл
мундир
(карабинерлер), ал кейбіреулері сарғыш түсті əп-əдемі мундир
(драгундер) киген.
Осы олпы-солпы киінген солдаттардың фортта сандалып бос
жүргенін, немесе ұсқынсыздау күйде топ-топ боп тұрғандарын көресіз;
кейбіреулері ғана жинақы киінген; белбеулерін ақ балшықпен тазалап,
мылтықтарының найзасын бекітіп қойған - бұлар күзетте тұрған
сақшылар. Осылардың арасында ұқыпсыз киінген əйелдер де жүр солдат əйелдері мен кір жуушылар, орталарында бірнеше қара торы
скво27 кездеседі, қолды-аяққа тұрмай жылап жатқан балалар да
осында. Кейде қара көк кеудешелерінен бірден танылатын офицерлер
асыға басып өтіп бара жатады. Қастарында қарапайым киінген
джентльмендер ─ сырттан келгендер немесе ерікті қызметкерлер.
Қалған қарапайым тобыр ─ маркитанттар28 өгіз сатушылар, мал
айдаушылар қасапшылар, жол көрсетушілер, аңшылар, ойыншылар
немесе жай жүрген қаңғыбастар, жұмысы жоқтар. Əр жерден жалшы ─
зəңгілер мен дос көңілді үндістер де кездесіп қалады. Ақырында сіз
үкіметтің тəкаппар өкіліне де кездесіп қаласыз... Енді осының бəрінің
үстінде көгілдір матада жыпырлаған ақ жұлдыздары бар американ
туын көз алдыңызға келтірсеңіз - алдыңыздан мен форт Кингтің
қақпасына кіргендегі көрініс шығады.
***
Кейінгі кездерде атқа мінбей жаман үйреніп қалсам керек, жол
соғып тастапты. Таңертеңгі дабылды естісем де, өз қызметіме əлі кірісе
қоймағандықтан оған ешқандай мəн берместен ұйықтап алдым. Екінші
рет мені ашық терезеден естілген кернейлердің үні мен барабан
даңғыры оятты. Салтанатты марш əуенін естідім де, төсегімнен атып
тұрдым. Сол сəт, киінуіме көмектесу үшін Джек те келіп кірді.
─ Ананы қараңыз, Джордж мырза! - деп дауыстады ол, терезе жақты
нұсқап. ─ Бүкіл Флориданың семинолдары жиналған-ау деймін! Вуф,
құмырсқадай қаптауын!
Мен терезеден қарадым. Көз тартарлық ғаламат көрініс екен.
Қоршаудың ішіндегі солдаттар тұс-тұстан жүгіріп келіп, салтанатты
шеруге дайындалу үшін рота-рота боп сапқа тұрып жатыр. Бəрі де
мұнтаздай киініп алған, мундирлерінің түймелері салулы, бас
киімдерін шекелете киген, белбеулерін аппақ қардай етіп тазалаған,
мылтық найзалары мен түймелері күнге шағылысады. Осының бəрі
əскери қуаттың көрінісіндей еді. Солдаттардың алдында оқалы
мундирлері жалтылдап офицерлер жүр. Оқшаулау жерде штаб
офицерлерінің ортасында генерал тұр. Оларды қызыл жəне ақ
қауырсындар қадаған қара қалпақтарынан тануға болады. Бастан-аяқ
салтанатты форма киген генерал шеніндегі уəкіл де осында еді.
Осынау шеру үндістерге сес көрсету үшін өткізілмек. Əскери
адамдардан басқа мұнда жақсы киінген жай азаматтар да бар болатын.
Олар төңіректегі плантаторлар; солардың ішінде əкелі-балалы
Ринггольдтерді көріп қалдым. Бірақ қоршаудың сыртындағы көрінісі
бұдан да ғажап еді.
Форт маңында бірнеше жүз ярдқа созылып жатқан кең жазықта
өздерінің əскери киімдерін киген жауынгер үндістер шағын-шағын топ
боп тұр. Бəрінің де бас киімдерінде құс қауырсындары, денелерінде
əшекей суреттері бар. Олардың əскери келбеттері біркелкі боп
көрінгенмен, əрқайсысы əр түрлі киінген еді. Біреулерінің үстінде ─
аңшы жейдесі, шалбар, моншақ, теңге, зермен əшекейленген бұғы
терісінен тігілген мокасин. Басқаларының үстінде ─ гүлді немесе
жолақ сиса жəне балағы тізеден төменірек түймеленетін көк, жасыл
немесе қызыл мауыты шалбар; жиегіне моншақ таққан ұзын шұлық.
Балтыр орағыштың теңгелері мен үзбелері салбырап тұр. Əр түрлі
ашық түсті вампумдар29 белдеріне жарасып, оған ұзын пышақтар,
томагавкілер, ал кейбіреулерінде күміс қақтаған тапаншалар
қыстырылған - осының бəрі испандардан мұра боп қалған заттар.
Кейбіреулер белбеу орнына испандардың ал қызыл жібек шарфын
орап алған да, оның кестеленген ұштары киімдеріне ерекше жарастық
беріп, алдарында салбырап тұр. Бас киімдеріндегі əшекейлер де аз
емес: біреулерінде түрлі түсті қауырсын қадаған дөңгелек маңдайша,
басқаларында ─ қара тиін, сілеусін немесе жанат терісінен тігілген
дулыға іспетті тақия. Жəне де сол аңның тұмсығы ақылға сыймас
кейіпте үндістің маңдайынан салбырап тұрады. Көпшілігі бастарына
кестелеген матадан жалпақ маңдайша байлаған, оған қарақұс қанатын
немесе үлпілдеген тырна қанатын қадап алған. Жауынгерлердің енді
біреулері бастарына Африканың ең ірі құсы ─ түйеқұс қауырсынын
тағыпты.
Үндістердің бəрі де ұзын аңшы мылтықтарымен қаруланған;
əрқайсының иықтан асыра салған белдіктерінде дəрі салған мүйіз бен
оқшантай салбырайды. Садақ пен жебе тек үлкендерге ере келген жас
өспірімдерде ғана.
Əріректе, тоғай шетінде шашырата тіккен үйлер көрінеді ─ үндістер
өздерінің қостарын құрыпты. Қос басында желбіреген тулар олардың
əр тайпадан екенін көрсетер еді. Ұзын көйлекті əйелдер қос арасында
қыдырыстап жүр, ал қызыл өңді балалар көк шалғында асыр салып
ойнайды.
Үндістерді форт қоршауының маңына жиналған кезде бір-ақ көрдім.
Біреулері топ-топ болып əңгімелесіп тұр, кейбірі бір топтан екінші
топқа ауысып, ақылдасып жүрген секілді. Осы бір адамдардың маңғаз
тұлғалары бірден көзге түседі. Олардың еркін де батыл қимылдарына
сүйсіне қараймын, үйретілген солдаттың өрелі аттай кібіртіктеген
жүрісіне мүлдем ұқсамайды. Салыстыра берсең үндістер басым.
Аяқтарымен аяқтары, иықтарымен иықтары тіресіп, сапта қалшиып
тұрған солдаттарға, сонан соң бастарына қауырсын қадаған, туған
жерінде алшаң басып жүрген үндістерге қараған кезде маған бұларды
жеңсек тек көптігімізбен ғана жеңетін шығармыз деген ой келді.
Осы ойымды естіртіп айтқан болсам, мені мазақ етіп күлер еді.
Мұның өзі ақ түстілердің шекарадағы ерліктері жөніндегі, негізінен
лепірме қауесетке құрылған əңгімелерге қарсы шыққандық болар еді.
Осы уақытқа дейін үндістер ылғи жеңілумен келеді, бірақ олар ақ
адамдардың мықтылығынан немесе ержүректілігінен жеңіліп
жүрмеген болар? Жоқ, теңсіздік ақ өңділердің сан жағынан, оған қоса
қару жағынан басымдығында еді. Біздің жеңісіміздің сыры да осында.
Шындығында, винтовка ұңғысынан ұшқан қорғасын оқтан садақпен
қалай қорғанбақсың? Қазір ол теңсіздік жойылған, енді үндістерде де
мылтық бар, олар да ақ нəсілділер секілді мылтықты жетік игерген.
Үндістер форт алдында жарты шеңбер жасай, қаумалап тұр.
Алдыңғы жаққа көк майсаға көсемдер жайғасыпты, олардан кейін кіші
көсемдер мен айқастарда ерекше көзге түскен жауынгерлер
орналасқан, тайпалардың қалған мүшелері артқы жақта қаз-қатар
түрегеп түр. Тіпті əйелдер мен балаларға дейін жақындаңқырап, үнтүнсіз ұйлығысып тұр. Еркектердің қимылынан көз алмайды.
Үндістер əдеттегіден сұсты əрі тым-тырыс. Жайшылықта əзіл мен
əңгіме айтуды жақсы көретін семинолдарға бұл үйлеспейтін еді.
Көңілділік жағынан олармен қайғысыз-қамсыз зəңгілердің өзі тең түсе
қоймайтын. Қазір олар өздерін басқаша ұстауда. Көсемдер де,
жауынгерлер де, əйелдер де, тіпті ойындарын тастай беріп
аңырайысып қалған балалар да бір түрлі салтанатты кейіпте. Оның
себебі түсінікті де: күнделікті күйкі тірлікті талқылайтын жиналыс
емес, өздерінің тағдырларын шешетін, дүниедегі ең қымбат нəрсе ─
туған жермен мəңгі қоштасу мəселесін шешетін кеңес басталғалы тұр.
Бүгін олардың əдеттегідей неге ақ жарқын еместігін түсіну оңай.
Дегенмен бəрі бірдей тұнжырап қалды деуге болмайды. Қоныс
аударуға қарсы болмаған көсемдер де бар еді. Олар ақтарға сатылып
бұзылған, өз тайпасына, ұлтына опасыздық жасаған көсемдер
болатын. Ондайлар аз емес екен жəне өздерінше əжептеуір күшке
айналыпты. Ықпалды көсемдердің бірсыпырасын азғырып, олар өз
халқының мүддесін сатуға келісім беріпті. Бірақ семинолдар олардың
опасыздықтарын сезіп қалса керек, қарсы партияның осынша
алаңдауы да сондықтан еді. Көсемдер арасында алауыздық болмаса,
отаншылдар партиясы оп-оңай жеңіске жетіп, мəселені халық мүддесі
тұрғысынан шешер еді. Енді олар сатқындардың опасыздығынан
қауіптенуде.
Оркестр марш күйін ойнады да, салтанатты сап түзеген əскер
қақпадан шықты. Мен жалма-жан мундирімді киіп, генералдың
штабына қосылуға асықтым. Бірнеше минут өтпей-ақ біз үндіс
көсемдерімен бетпе-бет кеп тұрдық. Əскер қатар түзеді. Алдыңғы
жақтағы тудың жанында генерал, оның қасында үкімет уəкілі тұр.
Одан əріректе штаб офицерлері, хатшылар, тілмаштар, сондай-ақ,
кейбір ірі плантация иелері ығы-жығы боп түр. Ринггольдтер де
осында болатын. Оларды сыпайылықтан кеңеске шақырған көрінеді.
Офицерлер көсемдермен қол алысып, келісім трубкасы барлық
қатарды аралап шықты, сонан соң кеңес салтанатты түрде ашық деп
жарияланды.
XXVII тарау
КЕҢЕС
Бірінші боп үкімет уəкілі сөз алды. Ол тым ұзақ сөйледі, сондықтан
егжей-тегжейін айтып жатпадық. Ең алдымен ол үндістерді Оклаваха
келісімінің шарттарын мойындауға, Флоридадағы жерлерін ақ
өңділерге беруге, Батысқа, Арканзасқа, Уайт Риверден үндістерге
бөлінген жерге қоныс аударуға, бір сөзбен айтқанда, үкіметтің
тапсыруымен өзі қойып отырған барлық талаптарды орындауға
шақырды. Қоныс аудару үндістерге тек қана пайда келтіреді деп
сендіруге тырысып бақты, олар баруға тиісті жаңа жерлерді нағыз
жұмақ ретінде суреттеп берді: қойнауы толған аң, бұландар, еліктер
мен буйволдар жыртылып айырылады, өзендері балықтан көрінбейді,
бұлақтары көз жасындай тап-таза, мөп-мөлдір, аспанын ешқашан бұлт
торламайды деп бөсті-ай кеп!
Егер семинолдар оның сөзіне сене қалса, онда діни ұғым бойынша,
аң аулайтын жұмақ жерлер аспанда емес, жерде болғаны ғой.
Сонан соң ол үндістер ұсыныстан бас тартқан жағдайда қандай
пəлелерге жолығатындарын санап шықты: ақ өңділер шекара маңын
тез жайлап алады, оңбағандары үндістердің иелігіне басып кіреді.
Қақтығыс басталып, қан төгіледі. Қызыл түстілер ақ нəсілділер соты
алдында жауап береді. Онда заң бойынша үндістің анты
мойындалмайды, сондықтан олар əділетсіздіктің бəріне төзуге мəжбүр
болмақ.
Үкімет уəкілі Уайли Томпсонның 1835 жылдың апрелінде Книг
фортындағы кеңесте келтірілген тұжырымдары осындай еді.30 Мен
оның өз сөздерін келтірейін. Одан ақ өңділердің үндістерге қолданған
"шыншыл" жəне "тура" саясатының үлгісі ретінде үзінді алуға болады.
Ол былай деген-ді:
─ Жарайды, осында сендерге тағы да бірнеше жыл қала тұруға
рұқсат етілді делік. Қандай жағдайға тап болатындарыңды білесіңдер
ме? Кешікпей жер бөліске түсіп, сатылады да, оған ақ өңділер
қоныстанады. Ол жаққа қазірдің өзінде жер өлшеушілер жіберіліп
қойды. Жақында үкімет заңының құрығына ілігесіңдер. Сендердің
заңдарына тыйым салынады, көсемдерің көсем болудан қалады. Ақ
өңділердің ішіндегі жаман адамдар сендерден ақшалай құн жəне
зəңгілерді қайтарып берулеріңді талап етеді, тіпті кісі өлтірген деп
кінəлаулары да мүмкін. Сонымен, ақ нəсілділер сотына
тартыласыңдар. Сот процесі ақ өңділердің заңы бойынша өткізіледі.
Сендерге қарсы куə болатындар да ақтар. Ал үндістерге куə ретінде
сөйлеуге рұқсат берілмейді. Бірнеше жылдан соң сендер азап көріп
тығырыққа тірелесіңдер. Адам айтқысыз қайыршылық халге
жетесіңдер. Ал аштық бір жапырақ нан сұрауға мəжбүр еткен кезде ─
бəлкім, сол күйге ұшыратқан адамның өзінен сұрарсың ─ сендерді
"қаңғыған төбет" деп қуып шығар, артыңнан бір-ақ тебер. Ұлы
Əкелерің (!), сендерді сондай сұмдық апаттан құтқару мақсатымен,
Батысқа қоныс аударуларыңды қалайды!..
Мұндай сөздер семинолдарға Флоридада қала беруді қамтамасыз
еткен Моултри фортындағы келісімнен кейін де көп айтылған! Бұл
келісімнің үшінші тармағында: "Құрама Штаттар Флорида үндістерін
өзінің қарамағына алады жəне кез келген адамның кез келген зорлықзомбылығынан қорғайды", - деп жазылған.
Əй заман-ай, қу өмір-ай! Біресе өтінгендей мəймөңке, біресе
тəкаппарлық пен оспадарлықты білдіретін бұл сөздер бастан аяқ бірбірімен шатасқан қулық пен жымысқы қоқан-лоққыға толы еді.
Уəкіл бөсе берді. Өзінің семинолдарға еш қастығы жоқ. Тек мұның
жоспарына қарсы шыққан көсемдерді ғана жақтырмайды. Олардың
біреуін, тіпті жек көріп кетті. Бірақ оған қанат бітірген басты мақсат,
үкімет сеніп тапсырған істі мүмкіндігінше мүлтіксіз орындауға
тырысу, сөйтіп, тəжірибелі дипломат атағына жету ғана болатын. Осы
атақ-даңқ үшін ол, мемлекет шенеуніктерінің көпшілігі секілді, өзінің
жеке басының тəуелсіздігін, сенім еркіндігін жəне арын құрбан етуге
де даяр еді. Əңгіме міндетті түрде корольге қызмет етуде болмаса
керек. "Король" деген сөздің орнына "конгресс" сөзін қоя салсаңыз,
біздің уəкілдің ұраны болады да шығады!
Уəкілдің сөзі пəлендей терең бола қоймағанмен, кейбір əлсіздер мен
ауытқушыларға əжептеуір əсер етті. Мұнда қалғанда көретіндері
əлгіндей болса, жаңа жерлердегі тұрмыс-жайларды неге байқамасқа?
Сондықтан уəкіл суреттеп берген əңгіменің де жаны бар секілді
көрінген кейбіреулерге.
Соғысқа шақырған ұран басталған кезде семинолдар егіске қолайлы
сəтті өткізіп алып, астықты биыл аз септі. Демек, өнім жақсы
болмайды ─ жүгері де, күріш те, батат та жоқ деген сөз. Мұндай
жайбарақаттықтың салдары көп ұзамай біліне бастады. Семинолдар
енді қытай итмұрынының тамырлары31 мен емен жаңғақ жинай
бастады. Ал қыста не болмақ? Көпшіліктің алаңдауы заңды еді, мен
олардың өндерінен үрей көремін. Кеңестің шешімі жайлы патриоткөсемдер де қатты алаңдауда.
Алайда олар абдырап, сасқан жоқ. Қысқа үнсіздіктен кейін қоныс
аударуға біржола қарсы адамдардың бірі Хойтл-мэтти сөз алды.
Мұндайда үндістер жасқа қарап сөз сөйлеу дегенді білмейді. Былайғы
жұрттың көксеген ойы мен сезім-түйсігін білдіретін жəне көпшілік
мойындайтын əр тайпаның өз шешені бар. Бас көсем Онопа да осында
болатын. Ол қақ ортада отыр. Басында Америка революциясының32
ескерткіші ─ британ тəжі жарқырайды.
Бірақ Онопа қызыл сөзге үйір емес еді, сондықтан сөзді кемеңгер
кеңесші əрі ер жүрек жауынгер ғана емес, сонымен қатар семинолдар
арасында шешендігімен де көзге түскен өз күйеу баласы Хойтлмэттиге берді. Ол Онопаның "премьер-министрі" есебінде болатын, ал
көне дəуір тілімен айтсақ өз халқының Одиссейі33 еді. Бұл бет əлпеті
сайыпқыранға ұқсайтын, түнерген, ұзын бойлы арықша келген, қара
торы кісі болатын.
Ол семинолдар тайпасынан шықпаған. Өзін Флориданы испандар
үстемдігінің бастапқы кезінде мекендеген көне тайпалардың
əулетінен тараған ұрпақ деп білетін. Ямасси тайпасынан тарауы да
мүмкін, өңінің қара торылғы сол долбарға келетін секілді.
Хойтл-мэттидің шешендік талантын сөзінен аңғаруға болатын еді.
Ол былай деді:
─ Моулгридегі шарт ─ жиырма жыл бұрын меншігіміздегі жерде
бейбіт өмірді негіздеп берген болатын. Даулы мəселенің бəрі реттеліп,
бізді ақ нəсілдердің зорлық-зомбылығынан емес, тағдырдың жазған
ажалынан ғана өлесіңдер деп сендірген-ді. Дарақ жасын түсіп
қақырамасын, кəріліктің суығына шалынып, тіршілік нəрі суалған соң
барып құлайтын болсын. Сонда қуарған жапырақтары жан-жаққа
ұшып, бұтақтары жартылай шіріген, тіршіліксіз бөренеден өзі-ақ
ажырайды. Оклавахадағы кеңес сайлаған адамдарымызды қоныс
аударуға ұсынылып отырған жерлерді аралап көріп, нəтижесін
халыққа айтып беру үшін ғана жіберген. Біз келісімімізді беріп, ол
жерлерді аралап шықты. Жұпар иісі аңқыған дəмді жемістер өсетін жер
екен, ауасы тап-таза, бірақ айналасында пиғылы жаман, дұшпан
көршілері көп көрінеді. Ал қырғиқабақтықтың нəтижесі ─ қырғын
соғыс қана. Қан ─ қасиетті жеріңді былғайды, өрт ─ тіршілік бұлағын
суалтады. Поуни тайпасының үндістері бірнеше жылқымызды ұрлап
əкетті, сондықтан салт аттылар атқа артатын жүкті өз иықтарына
салып жүрді. Сендер бізді ешқашан тыныштық бермейтін жаман
үндістердің арасына қоныстандырғыларың келеді.
Ол жерлерді көріп шыққанымыз болмаса біз ештеңе деген жоқ едік,
бірақ Құрама Штаттардың уəкілдері қағазға күштеп қол қойғызды. Енді
келіп қоныс аударуға өз еріктеріңмен келіскенсіңдер деп тұрғандарың
мынау! Біз тек жердің ұнайтындығын мəлімдегенбіз, шешімді халық
айтсын деп едік. Одан əріге өкілеттігіміз жүрмейтін.
Сөзіңіз тамаша-ақ, бірақ менің халқым қоныс аудару мəселесін дəл
қазір шеше алмайды. Біреулер олай, біреулер былай ойлайды,
қабырғаларымен кеңесу үшін жұртқа уақыт беру керек. Біздің
халқымыз жерінен кете алмайды, кеткісі келмейді! "Иə" деген сөзге
ауыздары барса да, жүректері "жоқ", "ол өтірік" деп соғады. Бізге бөтен
жердің керегі жоқ. Оны қайтеміз? Өзіміздің туған жерімізді сүйеміз, бар
бақытымыз осында! Егер бауыр басқан жерімізден кенет ажырап
қалар болсақ, онда жүрегіміздің пернелері қоса үзіледі. Біз қоныс
аударуға келісім бере алмаймыз, кетпейміз!
Хойтл-мэттиден кейін қоныс аударуды жақтап жүрген көсемдердің
бірі сөз алды. Ол тайпадағы ең құдіретті көсемдердің бірі Оматла
болатын. Оның уəкілмен құпия одақ құрып жүргендігі жөнінде күдік
бар. Ол бітімге шақыра сөйледі. Қызыл өңді бауырларына ешқандай
кедергі жасамауға, Оклаваха келісімінің шарттарын адал орындауға
кеңес берді.
Бұл көсемнің басқа біреудің ықпалында екені айқындалды. Сонымен
бірге, ол ашықтан-ашық үкімет жағына шығудан да қорқатын секілді.
Отаншылдардың кегінен сескенді. Орнынан тұрып сөйлей бастағандаақ патриот-жауынгерлер оған жақтырмай қарап, ал олардың көсемдері
─ Арпиуки, Коа-хаджо жəне басқалар ─ сөзін жиі-жиі бөле берді. Сол
сарында, бірақ батылырақ сөйлеген Луста-хаджо (Қара Топырақ)
болды. Шектен тыс батыл сөйлеген ол, жаңа дəлелдер келтірген жоқ,
бірақ опасыздар жағын бір көтеріп тастады. Енді болмаса
шыдамсызданып, қобалжи бастаған уəкілдің де көңілі орнына түсті.
Одан кейін джентльменге тəн биязы мінезді үндіс, аса құрметті
көсемдердің бірі Холатомико тұрды. Ол сырқат болатын, сондықтан
сөйлеген сөздері көпшілік күткендей емес, босаңдау шықты – ал, қоныс
аударуға үзілді-кесілді қарсы адамның бірі осы еді.
─ Біз мұнда бүгін бір-бірімізбен ақылдасуға жиналып отырмыз, деді ол. ─ Бəрімізді жаратушы Ұлы Аруақ, бəріміз де соның құлымыз.
Бəріміз де бір анадан туып, бір емшекті еміп өстік. Демек, бəріміз де
бауырмыз, ал бауырлар бір-бірімен жауласып, қан төкпес болар. Егер
өз бауырының қолынан қан төгілер болса, онда Жер-ана күңіреніп, кек
алуға шақырады да, бəріміз Ұлы Аруақтың қаһарына ұшыраймыз. Мен
сырқатпын. Маған қарағанда шүкірлеу біреуің ойларыңды
айтарсыңдар.
Бұдан кейін бірнеше көсем сөйледі. Қоныс аударуды жақтаушылар
Оматла жəне Қара Топырақтың сөздерін қайталады. Олар Охала
(Үлкен Жауынгер), ағайынды Итолассе, Чарльз Оматла жəне тағы да
бірнеше ықпалсыздау көсемдер болатын.
Оларға қарсы сөйлеген отаншылдар: Акола, Яха-хаджо (Құтырған
Қасқыр), Эха Матта (Су Жылан), Пошалла (Ергежейлі) жəне зəңгі
Абрам. Ол бір кездерде Пенсаколадан қашып келген, енді микосоки
тайпасымен бірге тұратын зəңгілердің көсемі, Онопа кеңесшілерінің
бірі, оған деген ықпалы да шексіз. Ағылшынша еркін сөйлейтін ол
Оклаваха мəжілісінде үндістердің бас тілмашы болғанындай, бүл
кеңесте де аудармашы боп тұрды. Ол таза қанды зəңгі болатын.
Көнектей еріндері, шығыңқы жақтары жəне өз нəсіліне тəн басқа да
бітім ерекшеліктері осының куəсіндей еді. Ер жүрек, салқын қанды əрі
сұңғыла адам, өзіне сенім артқан халқына шексіз берілген дос бола
білді.
Кішіпейілдікпен
əрі
ұстамды
сөйлегенмен
уəкілдің
жоспарларына соққы беруге бекем бел байлаған екен.
Бас көсем əлі сөйлеген жоқ болатын, уəкіл енді соған бұрылды.
Ұзын бойлы, етжеңді Онопада алып бара жатқан ақыл жоқ сынды,
бірақ сонымен бірге өз бағасын білетін боп көрінді. Ағып тұрған
шешен де емес жəне халықтың бас "микосы" болғанмен жауынгерлер
арасындағы ықпалы кейбір кішірек көсемдердің ықпалынан кемтұғын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.