Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06

Total number of words is 4205
Total number of unique words is 2302
34.5 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
57.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
болған жоқ.
Құрама Штаттар халқы үндістермен ұзақ уақыт тату тұрды.
Романтикалық тағылар ел шекарасындағы алыс-алыс жақта жатты.
Поселкелерде үндістер сирек кездесетін жəне олар туралы қызықты
əңгімелер де сиреп кеткенді. Тайпалардан келетін өкілдердің
қалаларда көрінбей кеткеніне көп болған. Енді, міне, орман балалары
жұрт назарын өздеріне қайта аударды. Үндістерге тек бір батыр
жетпей жүр еді, міне, енді жас көсем де пайда болды. Оның аты Оцеола
болатын.
XX тарау
ШЕКАРАДАҒЫ СОТ
Рақаттанып үйде жата беруім көпке бармады. Үйге келген соң
бірнеше күн өтпей форт Кингке аттану туралы бұйрық алдым.
Семинолдар мəселесі жөніндегі басқарма мен Флорида армиясының
бас штабы сонда орналасқан болатын. Онда генерал Клинч
қолбасшылық ететін. Мені соның штабына жіберді.
Қатты ренжідім, бірақ жолға жиналуға тура келді. Көптен көрмеген
жəне өзімді жанындай жақсы көретін адамдармен қоштасу оңай
болмады. Шешем мен қарындасым да қатты қайғырды. Олар менің
отставкаға шығып, біржола үйде қалуымды өтінді.
Айтқандарын орындауға онша қарсы емеспін, өйткені парызым
орындауды талап еткен істерді мақұлдамап ем. Бірақ мынадай сын
сағатта олардың айтқанын тыңдай алмадым: опасыз, қорқақ ретінде
жұрт бетіме күйе жаққан болар едім. Отаным қолға қару алуымды
талап етті. Əділеттік үшін бе, əлде əділетсіздік үшін бе, өз еркіммен бе,
жоқ, еріксіз бе, əйтеуір, қолға қару алып, шайқасуға тиіс едім. Оны
патриоттық деп атайтын. Үймен қоштасқым келмеуімнің басқа да
себебі болды. Оны түсіндіріп жатудың қажеті болмас. Қайта оралғалы
бері көлдің қарсы бетіне жиі-жиі жалтақтап, ғажайып жасыл аралдан
көз алмайтынмын. О, мен Маюмиді ұмытқан жоқпын!
Қарама-қайшылықтың көптігі сонша өз сезімімді анық ұғына қоюым
екіталай. Балалық кездегі махаббат оты өткінші, кейінгі əуейілікті
жеңіп шығып, тағы да лап етіп жанды, осынша уақыт бықсып, күл
астында көміліп жатқан жерінен қайта тұтанды... Өкініш те, ұят та,
күдік те, қызғаншақтық та, қауіп те сапырылысқан махаббат еді бұл..
Осының бəрі жүрегімде қыж-қыж қайнап, арпалысып жатты.
Келгелі бері мен мұндалап шақырып тұрған сол жерлерге барып
қайтуға еш батылым бармады. Шешемнің өзімді бағып жүргенін
байқадым. Тым болмаса, күдігімді сейілтерлік бір сұрақ қоя алмадым.
Көңілдегі күдік пен ауыр ойдан айыға алмадым.
Маюми тірі ме? Мені ұмытпады ма екен? Өзімді сүйетін немесе
сүймейтінін біле алмай жүргенде, одан тұрақтылық талап етуге қақым
бар ма еді десеңізші!
Алғашқы сұраққа жауап алуым мүмкін. Бірақ оның есімін ең жақын
адамдарыма да сыбырлап айтуға батылым жетпеді.
Анам жəне қарындасыммен қоштасып, жолға дайындалдым. Бұлар
қамқоршысыз емес ─ біздің плантация нағашымның қорғауында
болатын. Кешікпей үйге қайта оралам ғой деген сенім де қайғымды
біраз сейілткендей. Оған қоса, егер алдағы соғыс созылып кеткен
күнде де, шайқас өтетін жерлер тым алыста емес. Үйге соғып тұруға əр
кезде мүмкіндігім бар болатын. Басқалар секілді, нағашым да қарулы
қақтығыстар мүлдем болмайды деп есептейтін "Үндістер, - дейтін ол, уəкілдің қойған талаптарына көнеді. Олай болмаса ─ ақымақтық
істеген боп шығады. Онда өздерінен көрсін".
Форт Кинг бізден алыс емес. Ол үндістер аумағында шекарадан он
төрт миль жерде, біздің плантациядан қашығырақ орналасқан. Фортқа
дейін бір-ақ күндік жол Көңілді Қара Джек жанымда жүрген кезде бұл
жол онша ұзақ бола қоймаса керек. Біз жүрдек деген екі атты ерттедік
те, бастан-аяқ қаруланып алдық.
Өзеннен өтісімен біз үндістердің резервация22 деп аталатын
иеліктеріне аяқ бастық.
Сүрлеу өзен жағалауымен болмағанымен, Пауэллдің шешесінің
иелігіндегі жерлерге жақын тұстан өзенге таяу орман ішін жағалап
кететін. Алаңқайға шыға бере жол айырығына көз салдым. Көңілім
толқып-тасып соның бірімен талай жүргенмін. Əрі-сəрі боп ат тізгінін
тежедім. Оғаш ойлар қаумалап алды. Шешімге біресе келемін, біресе
айнимын, ат басын бірде жіберемін, бірде тартамын. Бірнеше рет
атымды тебінуге оқталып барып, қайта айныдым.
"Барып жүзін бір көріп қайтсам қайтеді? Нəзік махаббаттың буына
тағы да бір рет мас болайыншы! Тағы да... мүмкін, тым кеш шығар?
Мүмкін бұрынғыдай шын ықыласпен қарсы ала қоймас? Мүмкін мені
салқын қабақпен қарсы алар? Ол да мүмкін!"
─ Сізге не болды, Джордж мырза? Біз басқа жолға түсіп кеттік қой, деп Джек ойымды бөліп жіберді.
─ Білем, Джек. Мен тек Пауэлл ханымға соға кетсем деп едім.
─ Мэм Пауэллді айтасыз ба? О, тоба! Əлі ештеңе естіген жоқ па
едіңіз, Джордж мырза?
─ Нені? - деп тіксініп қалдым мен.
─ Пауэллдердің бүл жерден кеткендеріне екі жыл боп қалды.
─ Сонда олар қайда?
─ Ешкім білмейді. Мүмкін басқа иелікке, болмаса бөтен бір жаққа
кеткен болар.
─ Ал мұнда қазір кім тұрады?
─ Ешкім тұрмайды. Үй қаңырап бос тұр.
─ Пауэлл ханым бұл жақтан неге кетті?
─ Ой, ол ұзақ əңгіме... Джордж мырза, сіз шынымен ештеңе
естімегенсіз бе?
─ Жоқ, ештеңе естіген емеспін.
─ Онда мен сізге айтып берейін. Ал енді жүрелік. Кеш боп қалды,
орманда түнде жүруге болмайды.
Аттың басын бұрып, үлкен жолға түсіп ап, қатар жүріп кеттік.
Зəңгінің əңгімесін жүрегім сыздай отырып тыңдадым.
─ Байқауымша, Джордж мырза, осының бəрін бүлдіріп жүрген кəрі
босс Ринггольд. Бірақ меніңше кішісі де қарап қалмаған болу керек.
Пауэлл ханымның бірнеше құлын ұрлап əкетіпті. Оны істеген ақ
адамдар. Мұның кімнен келген шаруа екенін бəрінен бұрын Ринггольд
жақсы біледі деседі. Нед Спенс пен Билл Уильямстың қатысы бар
көрінеді. Сонан соң Пауэлл ханым өзеннің төмен жағында тұратын
адвокат Граббқа барған. Ал Грабб мырза Ринггольдпен жүрек жарды
дос. Ол екеуі үндіс əйелін сазға отырғызудың жолдарын ойластырған.
─ Қалайша?
─ Рас-өтірігін білмеймін, Джордж мырза. Мен тек зəңгілерден
естідім. Ақ адамдар мүлдем басқаша айтады. Ал мен мұны Ринггольд
мырзаның ағаш жарушысы Помптың аузынан естідім. Білуші ме едіңіз,
Джордж мырза?
Оның айтуынша бейшара үндіс əйелін екеулеп алдап түсірмек
бопты.
─ Қалай алдамақ болған, Джек? - деп мен сұрағымды қайталадым.
─ Ол былай, Джордж мырза, адвокат əйелдің бір қағазға қол қоюын
сұраған. "Сенім хат" деуші ме еді, не деуші еді өздері? Помп маған,
олардың сол қағазға күштеп қол қойдырып алғанын айтты. Хат
танымайтын байғұс əйел дегендеріне көнген. Сөйтсе ол "сенім хат"
емес, заңшылдар айтқандай "қолхат" көрінеді. Сонымен Пауэлл ханым
барлық құлдарымен қоса бүкіл плантациясын Грабб мырзаға сатып
жіберген боп шыға келді.
─ Арамза неме!
─ Сонан соң сотта Грабб мырза бəрі үшін қолма-қол доллармен
төлеп шықтым деп ант-су ішті. Ал Пауэлл ханым, керісінше, ештеңе
алғаным жоқ деп қарғанды, бірақ одан ештеңе шықпады. Бұл іске
Ринггольд мырза куə болғандықтан сот мəселені Грабб мырзаның
пайдасына шешті. Жұрттың айтуынша ол қағаз енді Ринггольд
мырзаның өзінде көрінеді. Осы қулықты ойлап тапқан да сол екен.
─ Оңбаған жексұрын! Ой, малғұн-ай! Пауэлл ханымының келешегі
не болды, соны айтшы, Джек?
─ Пауэлл ханымның өзі де, əлгі, өзіңіз білетін келісті жас жігіт те,
осы төңірекке сұлулығымен аты шыққан ару қыз да, ─ иə, Джордж
мырза, бəрінің де қайда кеткені белгісіз.
Сол минутта орман арасындағы ашық саңылаулардан таныс үй
көзіме түсе кетті. Ол апельсин жəне зəйтүн ағаштарының ортасында,
бұрынғыдай, еңселі көрініп тұр еді. Бірақ сынған шарбақтар, іргеге
қаулай өскен қалың шөп, əр жерден құлап түскен үйдің шатыры ─
осының бəрі иесіз құлазу мен қирап тозудың куəсіндей болатын.
Сағыныштан жүрегім сыздап, мұңая теріс бұрылдым.
XXI тарау
ҮНДІС ҚҰЛДАР
Мен Қара Джектің айтқан сөздеріне ешқандай күмəн келтірген
жоқпын. Зəңгілердің айтқандары ылғи шын боп шығатын.
Ринггольдтер мен адвокат Граббтан мұны əбден күтуге болатын еді.
Соңғысы жартылай плантатор, күмəнділеу, жартылай ресми юрист
болатын.
Одан əрі Джек маған тергеу кезінде Спенс пен Уильямстің бір жаққа
жоқ боп кеткенін айтты. Олар сот аяқталған соң ғана қайтып оралған,
бірақ бұларды жауапқа тарта алатын адамдар ол кезде кетіп қалған
болатын. Қолды болған құлдарға келсек, бұл жақтан оларды қайтып
ешкім көрген емес. Тəрізі оларды Мобайл немесе Жаңа Орлеандағы құл
базарына жөнелтіп, қызмет көрсеткен Грабб, сондай-ақ Уильямс жəне
Спенспен есеп айырысу үшін едəуір нарыққа сатқан болуы керек.
Құлдарды сатудың мəні де осында еді. Ринггольд үндістердің жерін
басып алу үшін, оларды Флоридадан қуып шығатын мезгілді ғана
күтіп отырды.
Екі ақ нəсілдінің арасындағы мұндай жең ұшынан жалғасу ─ пышақ
ірі баукеспелік қылмыс саналар еді. Ал мына жағдайда ақ адамдар
бұған сенбейтін секілді сыңай білдірді. Қылмыстарын мойындарына
қойып беретін куəлар табылғанына қарамай, бұл лаңды "қулықтарын
асырып" кеткен мəселеге жатқыза салды.
Джекке сенбеуіме себеп жоқ. Шекара жақта кездесіп қалған жабайы
сорлыларға арандатушы ақтардың көрсететіндері осы болатын.
Бұл тек арандатушылардың ғана ісі емес. Үкімет агенттері де,
Флорида заң орындарының өкілдері де, генералдар да, Ринггольд
сияқты бай плантаторлар да ─ бəрі де мұндай саудагерлікке келгенде
жанып кететін.
Оларды аттарын атап беруіме де болады. Мен тек шындықты
жаздым жəне оны теріске шығарады деп қорықпаймын. Бүл
баяндауларымды нақты фактілермен дəлелдеу қиын емес. Бұл оқиға
өзім естіген осы секілді жиырма мəселенің бірі ғана. Үндіс ісі жөніндегі
уəкіл, полковник Гэд Хемфри, майор Фэгэн, белгілі зəңгі ұрлаушылар
Дегстер, Флайд, Дуглас, Робинсон жəне Милльбэрндер жасаған жер
сату жөніндегі актілер ─ тарихи шындық жəне соның бəрі бақытсыз
семинолдарға жасалған зорлық-зомбылықтың куəсі. Грабб пен
Ринггольд секілді алдап-арбаушылардың жымысқы əрекеттерін тізе
берсек, бір кітап боп шығар еді. Ақтар мен үндістер арасындағы даужанжал кезінде адвокатқа жүгінудің қажеті жоқ, көрген қорлығы үшін
қай жақтың кегі қайтпай, есесі кететіні күні бұрын белгілі. Тек
үндістердің ғана құрбан болатындығында ешқандай күмəніңіз
болмасын.
Сондықтан олардың кек алуға ұмтылатындықтарын
жатудың қажеті бар ма? Басқаша болуы мүмкін де емес!
айтып
Сол кездегі Флорида өмірінен бір елеулі мысал келтірейін.
Үндістерден ұрланған құлдар титтей мүмкіндік туысымен-ақ бұрынғы
қожаларына қайтып оралатындары белгілі. Осыны болдырмау үшін
түрлі декстерлер мен дугластар ұрлап алған "товарларын"
Миссисипидің алыс жағалауларына, Натчезге немесе Жаңа Орлеанға
жөнелтіп отыруға мəжбүр болды.
Əлеуметтік қатынастар саласындағы бұл таң қаларлық фактіні тек
семинол құлдарының, шын мəнінде, нағыз құл боп көрмегендігімен
ғана түсіндіруге болады. Үндістер оларға ақтардай емес, жұмсақтау
қарайтын. Жер өңдейтін құлдар қожаларының ішіп-жеуіне жетерлік
астық, көкөніс жəне жеміс əкеп беріп тұрса болғаны, соңғылар соған да
риза болатын. Құлдар бөлек, қожаларының үйлерінен қашықтау
тұратын. Олар күніне бірнеше сағат қана жұмыс істейтін, оның өзінде
де еріксіз істейді деп айта қою қиындау. Артылған азық-түліктің бəрін
өздері алады. Көп жағдайда олар байып кететін жəне шаруашылық
басқаруға епсіздеу өз қожаларына қарағанда, дəулетті болатын. Жеке
бастарының құнын өтеп, еркіндік алу қиын емес еді жəне құлдардың
көпшілігі, шын мəнінде, ерікті адамдар болатын. Қысқасы, мұндай
бұғаудан қашудың қажеті жоқ та. Егер мұны құлдық деп санайтын
болсақ, онда бұл жер бетіндегі біз білетін құлдықтардың ең жеңіл түрі
болатын. Ол Хам ұрпақтарына зорлық-зомбылық көрсеткен Сим жəне
Иафет23 ұлдарының қаталдығынан мүлдем басқа еді.Семинолдар бұл
қара құлдарды қайдан алды деген сұрақ туады? Мүмкін олар
Джорджия, Солтүстік жəне Оңтүстік Каролина, Алабама штаттары мен
Флорида плантацияларынан келген қашқындар шығар? Көп
болмағанмен, сөз жоқ, ондайлар да бар еді. Бұл зəңгілердің аз ғана
бөлігі ресми түрде "қашқын" болып саналатын. Қашқын құлдардың
көпшілігі, үндістерге тап болысымен, бас бостандығына не болады.
Форт Моултридегі келісімнің қатаң шарттары бойынша, мұндай
"жасырынып жүрген" құлдарды өз иелеріне қайтарып беріп отырған
кездер де болған. Бірақ, абырой болғанда, семинолдар бұл масқара
шартты орындауға онша құлшынған емес. Қашып келген зəңгіні
қайтарып отыруға мүмкіндік те бола бермейтін. Үндіс аумағының
кейбір жерлерінде зəңгілер өз көсемдерінің басшылығымен ерікті əрі
өздерін қорғай аларлықтай қауқары бар колониялар құрды. Олар
қашқындарды, əдетте ықыласпен қабылдап, оларға пана болатын. ПизКрик батпағындағы "Гаррн", Микосокидегі "Абрам", "Чарльз" жəне
"мулаттар патшасы" колониялары осындай еді.
Сонымен семинолдардың құлдары плантациялардан қашқан
зəңгілер емес екен. Ал ақ адамдар оны керісінше түсіндіруге тырысты.
Шын қашқын құлдар өте аз болатын. Егер құлдарды жеке меншікке
жатқызуға болатын болса, семинолдар құлдарының көпшілігі
үндістердің "нағыз жеке меншіктері" еді. Қалай болғанда да, олар
үндістерге заңды түрде, алғашқы қоныстанушылар ─ испандықтардан
бұларға жермен қоса берілген, тіпті болмағанда, американ
плантаторларынан сатып алынған адамдар болатын. Қалай сатып
алынған? ─ дейсіз ғой сіздер. Жабайы тайпа осынау құнды тауар үшін
не ұсына алады? Жауап табу оп-оңай; жылқы мен мүйізді ірі қара бере
алады. Семинолдар үлкен табындарға ие. Испандар кеткен соң,
саванналарда тағыланып кеткен үйір-үйір жылқылар мен андалуз
тұқымды бұқалар қалды.
Үндістер оларды ұстап, қайтадан қолға үйретті. Сонымен төрт
аяқтыны екі аяқтыға айырбастау осылай шықты1.
Ақ адамдардың да ірі қаралары бар болғандықтан үндістерге ең
басты қылмыс ретінде мал ұрлайды деген айып тағылды.
Өздерінің ішінде жаман адамдар ─ зиянсыздандыру оңайға
түспейтін шектен шыққандар бар екендігін семинолдар жасырған жоқ.
Бірақ арамтамақ масылсыз қоғамды қайдан таппақсыздар?
Бір нəрсе даусыз еді: үндіс көсеміне малым ұрланды деп шағыммен
барсаң, ол жоғалған малдың орнын толтыру үшін мүмкін болғанның
бəрін істейтін жəне заң бұзушыны шекараның арғы бетіндегі
көршілері естіп көрмеген қаталдықпен аяусыз жазалайтын-ды.
Алайда ақ өңділер мұнымен тіпті де есептескен жоқ. Егер итті асып
өлтіруге бекінген екенсіз, демек, оны құтырды деп санау керек.
Шекарадағы кез келген ұрлықты үндістерге жаба салатын əдет
шықты. Ақ нəсілді тонаушылар беттерін қызыл түске бояп алса
болғаны, əділ сот ол бояудың ар жағында кім тұрғанын ажырата
алмайтын бола қалды.
XXII тарау
СЫБАЙЛАСТАР ҚУЛЫҒЫ
Жол үстінде мен осындай ойларға кеттім. Ол ойлар зəңгінің көңілсіз
əңгімелерінен туған-ды. Қасақана, осы тұжырымдарыма дəлел
болғысы келгендей, біз мынадай оқиғаға тап болдық.
Ескі жұрттың маңында сиырдың ізіне кездестік. Тəрізі өзіміз бара
жатқан жаққа, яғни үндістер резервациясына қарай, жиырма шақты ірі
қара жүріп өтіпті. Жаңа ғана түскен із. Тəжірибелі аңшы ретінде бұл
сиырларды айдап өткеннен бері бір сағаттай ғана уақыт өткен-ау деп
шамаладым.
Көп уақыт бойы əскери училище қабырғасынан аттап шыға алмасам
да жас Пауэлл үйреткен орман тіршілігінің қыры мен сырын əлі ұмыта
қойған жоқ едім. Ескі болсын, жаңа болсын, үй жануарының ізі маған
пəлендей əсер етпеген де болар еді. Қайдағы бір малшы үндістер
табындарын ауылдарына айдап қайтқан шығар; мокасиндерінің
балшыққа түскен іздеріне қарап, үндістер екенін өзім де көріп келемін.
Рас, шекараға таяу тұратын кейбір ақ нəсілділер де мокасин киеді,
бірақ бұл олардың ізі емес. Бала жастан бергі жаттығуымның
арқасында жазбай танитын маймақ табан24 , аяқтардың биік алқымы
жəне басқа да болар-болмас белгілер ─ осының бəрі үндістердің іздері
екендігіне дəлел
Джек те мені қостады. Орман ішінде ол да көрсоқыр емес еді. Жанат,
батпақ қояны, опоссум жəне жабайы күрке тауық аулап, бүкіл өмірін
аңшылықпен өткізіп келеді. Онымен бірге өзім де бұғы, күміс
қылшықты түлкі жəне жабайы тарғыл мысық аулағанмын Мен жоқ
кезде оның аңшылық тəжірибесі бұрынғыдан да молая түсіпті. Өзінің
бұрынғы бəсекелесінің орнына отыншы болып орналасқан ол, енді күн
сайын орманнан шықпайтын əрі онда мекендейтін аңдардың қимылқаракеттерін қалт жібермей бақылап жүретін; соның арқасында кəнігі
аңшы боп алған. Жақсы аңшыға тəн алғырлық зəңгілерде бола
бермейді деушілер қатты қателеседі. Мен əр қилы белгілерге қарап
орманда адасу дегенді білмейтін жəне із кесу кезіндегі ойының
ұшқырлығы жөнінен кез келген үндістен, болмаса ақ нəсілдіден кем
соқпайтын зəңгілерді білемін. Сондай қабілет Қара Джекке де тəн еді.
Ұзамай оның бұл жағынан алғанда менен əлдеқайда зерек екенін
ұқтым. Оның көрегендігіне сол заматта-ақ таң қалуыма тура келді.
Оқыс бір жағдай болмағанда ізге назар аудара қоймайтын едік
дегенді айттым ғой əлгінде.
Ұзай бергеніміз сол еді, серіктесім шошынғандай айқайлап жіберді тек зəңгілерге тəн айқай: үріккен шошқаның қорс еткеніндей "вуф"
деген дыбыс.
Джекке қарадым да, оның бет құбылысынан бір жаңалықты
байқағанын біле қойдым.
─ Не боп қалды, Джек?
─ Құдайым-ай! Шынымен-ақ көрмей тұрсыз ба, Джордж мырза?
─ Нені айтасың?
─ Жердегі ізді айтамын.
─ Сиыр жүріп өтіпті, басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын.
─ Ал мынау бадырайған тұяқ ізін ше?
─ Иə, рас, мына бір із басқаларына қарағанда ірілеу секілді.
─ Мəссаған! Ойбай-ау, бұл өзіміздің Болдфэйс деген бұқамыздың ізі
ғой. Оның ізін мен мың тұяқтың ішінен жазбай танимын. Бұл өгіз
бұрынғы қожа үшін қаншама кипарис бөренелерін тасыды десеңізші!
─ Иə, Болдфэйс есіме енді түсіп тұр. Сонда қалай, бүл біздің табын
деп ойлап тұрсың ба, Джек?
─ Жоқ, Джордж мырза. Бұл адвокат Грабтың сиырлары ма деп
ойлаймын. Болдфэйсті бұрынғы қожа Грабб мырзаға сатып жіберген
болатын. Өз малдарымның ізін танимын ғой, құдай-ау!
─ Мистер Граббтың малдары бұл жақта қайдан жүреді, оның үстіне,
əрі плантациядан қашықта, əрі үндістер айдап барады. Бұл қалай?
─ Соған мен де түсінбей тұрмын, Джордж мырза.
Шынында да, таң қаларлық жағдай. Ойланбаса болмайды екен.
Мал осыншалық алысқа өздігінен кете қоймайды жəне де ол үшін
өзеннен өту керек қой. Тəрізі, сиырлар басы ауған жаққа маңып кете
бермеген секілді, оны біреулердің белгілі бағытқа қарай айдап
отырғаны даусыз еді. Айдап бара жатқандар - үндістер. Мүмкін
барымта шығар? Əлде өгіздерді ұрлап алған ба?
Күдік көбейгенмен, бұлтартпас дəлел жоқ. Өгіздерді сүрлеу жолмен
айдаған. Сонда ұрылар - солай бола қалған күнде ─ малдың иелері ізге
түсіп қуып жетуі мүмкін-ау деп ойламағаны ма? Іздерін жасыру үшін
ешқандай сақтық жасамағаны ма?
Мұны ұрлыққа жатқызуға да, жатқызбауға да болатын еді жəне
бұның бізді қызықтырғаны сонша, не де болса біліп тынайық деген
оймен ізге түсіп жүріп кеттік.
Шамасы, бір мильдей жерге жеткенше, із сол бағытпен жүріп
отырды, сонан соң солға қарай кілт бұрылып, қалың орманға қарай
тартты.
Алған беттен таймауға бекіндік. Мал, шамасы, жуырда ғана жүріп
өткен болуы керек, қуып жету қиынға соқпайтын еді. Кеңесе кеп, жүре
түсуді жөн көрдік.
Кешікпей қалың ағашқа кірген кезде мал айдаушылардың
дабырлаған дауыстары мен өгіздердің мөңірегені құлағымызға анық
жетті.
Түсе-түсе қап, атымызды ағашқа байладық та, əрі қарай жаяу
тарттық. Адамдар дабырлап, сиырлар мөңіреп, азан-қазан боп жатқан
жаққа қарай үнсіз, бой тасалап жүріп келеміз. Жолдағы жосылып
жатқан осы малдардың ізі екенінде дау жоқ еді. Бірақ сөйлеп тұрғандар
малды айдап келушілер емес.
Үндістің сөзін ақ нəсілдінің сөзінен оп-оңай ажыратуға болады.
Дабырласып жатқан бүл адамдардың ақ нəсілділер екендігіне күмəн
жоқ. Былапыт сөздерді аямай ағылшынша соғып жатыр. Серіктесім
бұлардың кім екендіктеріне дейін біліп алды.
─ Құдайым-ай, Джордж мырза, бұл əлгі екі жексұрын ғой ─ Спенс
пен Биль Уильямс!
Джектің сөзі шындық болатын. Біз жақындай түстік. Мəңгі жасыл
ағаштар бізді көзден тасалап тұр, ал біз болған жайды бастан-аяқ
көрудеміз. Шағындау аланда сиырлар топырласып тұр, қасында мал
айдаушы екі үндіс пен жоғарыда аталған екі "зиялы" жан.
Көз жазбастан тасада құлағымызды түріп тұра бердік. Бірнеше
минут өтпей-ақ Джектің ымдап көрсеткен белгілерінің арқасында мəнжайға əбден түсіндім.
Оқиға болған жерге жеткенімізде, сауда аяқталып, үндістер өз
олжаларын ақ адамдардың қолына табыстап жатыр екен. Ал əрі қарай
малды өздері айдауға тиісті аналар, үндістерге (сөз жоқ тайпаларының
шетке шыққан сұмырайларына) ақы-пұлдарын беріп тұрғаны -бірнеше
шиша виски мен шамалы ол-пұл. Бұл - адвокат Грабтың
жайылымынан малды айдап кеткен түнгі қызметтерінің нарқы
болатын.
Өз жұмыстарын тындырған үндістер жүре берсе де, сөйтіп үйлеріне
жеткен соң ішімдікті сылқитса да болар еді. Енді олардың қажеті жоқ
болатын. Ал Спенс пен Уильямс малды алысқа ұзатыңқырап барып,
қымбатқа сатуларына болады. Немесе сиырларды Граббтың өзіне
қайта айдап апарып, ұры-қары үндістердің тартып алдық деп те
бөсулері мүмкін. Плантациялардың бірінде, алаулаған отбасында
отырып көйітуге қандай жақсы!
Полиция мен үкіметке де керегі сол емес пе. Ой, бүл тумысынан
тағы қарақшы семинолдарды атама - түптеріне жетіп Флоридадан
қуып шығатын уақыт əлдеқашан болды!
Сиырлар адвокат Гарббтікі болғандықтан оқиғаға араласпадым. Бұл
туралы басқа жерде, басқа жағдайда ғана айта алар ем. Сондықтан
Джек екеуіміз ешкімге сездірместен ат байлаған жерімізге қайта келіп,
ойға шомған күйі ілгері жүріп кеттік. Маскүнем үндістерді Уильямс
пен Спенстің жалдап алғандығына менің ешбір күмəнім қалған жоқ. Ал
бұлар болса, осынау былыққа Граббқа қызмет ету үшін барып жүр.
Қысқасы, "сауда сақал сипағанша".
Оларға, əйтеуір, жанжал шығару, сорлы үндістерді ашындыра түсу
керек болған да...
XXIII тарау
ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ОЙЛАР
Училищеде, тіпті одан тыс жерлерде де мені, үндістерді
қорғаштайтыным үшін əжуа ететін-ді. Ақ нəсілділер қанымен екі жүз
жыл бойы араласқан ежелгі Покахонтастың қаны тамырыңда
сыздықтап қана ағуы керек еді, күтпеген жерден қайнап, бұрқырап
шыға келіпті дегенді баса айтатын. Ұлттың қас жауына деген кек
кернеп, ұран көтеріліп жатса да қауымға қосылмайсың, сондықтан сен
патриот емессің деуші еді маған.
Ұлт та жұмыр басты пенде секілді ғой. Біреуге жағу үшін сен де
сондай лаң болуың керек. Ол сезінген нəрсені сен де сезінуің немесе
қостап отыруың қажет секілді. Сүйініші мен күйінішіне ортақ бол қысқасы, көзқарас пен сенім еркіндігінен бас тарт та, көпшілікке ілесіп
"қыр да жой!" деп айғай сал.
Қазіргі қоғамда өмір сүретін адамның тұрпаты осы, патриотыңыз да
сол! Ал өз пікірін шындық бастауынан іздейтін жəне адам
көрсоқырлығының жолына тосқауыл болғысы келетіндер ғұмыр бойы
танылмай өтеді. О дүниеде болмаса, əйтеуір, бұл дүниеде танылмайды!
Ондай жан, Перуді жаулап алушы соншалықты құштар болған
"тіршіліктегі даңққа" ұмтылмауы керек, бəрібір жете алмайды. Даңққа
бөленгісі келген нағыз патриот, атақты өз сүйегі күлге айналған шақта
ғана келер ұрпақтан күтуге тиіс.
Құдай оңдағанда, даңқтың басқа да түрі бар. Ардың тазалығы - бұл
айтыла салар бос сөз емес. Оны жоғары бағалайтын жəне одан лəззат
алып, бойына жаңа күш құйылып, жан рақатын табатын адамдар да
бар.
Көңілсіз тұжырымдарға өзім кездейсоқ куəсі болған жайдан кейін
ғана емес, жуырда ести-ести құлағым тұнған басқа да оқиғалардан
кейін ден қойсам да, тап осы жолды тандап алғаныма өкінген жоқпын.
Сөзіммен де, ісіммен де, əділетсіздік таразысына қауырсындай салмақ
қосқан жоқпын. Өзімді жазғыратындай себеп жоқ еді. Көп ұзамай
соғыста қарсыласым ретінде бетпе-бет келгелі тұрған осынау сорлы
халық алдында менің арым таза болатын.
Бұл басты мəселе жөнінде ойлануға да мұрша болмады - сол сəт
достық пен махаббат жайлы еске түсірген көңілсіз естеліктер билеп
алды. Есіме тоналған жесір, оның балалары, Маюми түсті. Шынымды
айтсам, отбасы мүшелерінің бəріне де бауыр басып қалсам да, сол
қызды көбірек ойлаймын. Маған оның туғандарының бəрі қымбат,
сонда да бəрінен Маюми қымбаттырақ. Бəрін де аяп кеттім, бəрін де
ойлап мұңайдым, бірақ ең шұғылалы үміттен айырылған өкінішім
өзегімді өртегендей болды.
Олар қазір қайда болды екен? Қайда кетті екен? Жорамал, қауіптену,
қорқыныш санамды сан қиялға жетелейді. Көз алдыма неше түрлі
сұмдық суреттер елестейді. Бұл қылмысқа барған адамдар кез келген
басқа қылмыстарға да ─ бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген
зорлықтарға да бара беретіні белгілі. Балалық шақтағы достарымның
басына қандай тағдыр тап келді екен?
Тағдырдың осы соққысынан соң, олардың не күйге ұшырағанынан
серіктесім бейхабар. Көршілердің ешқайсысы олар туралы ештеңе
естімегендіктен, үндістердің жаңа бір мекеніне қоныс аударған шығар
деп ойлаған да қойған. Бірақ ол тек жорамал ғана болатын.
Тез ауысып отырған табиғат суреттері ауыр ойдан сейілтіп, едəуір
жеңілденіп қалғандай болдым. Жол алғашқыда самырсын тоғайын
аралай жүрді. Сəске түс шамасында біз кең жазыққа шықтық. Оң
жағымыздан да, сол жағымыздан да хоммоктар - флорида құдықтары
кездеседі. Жол тура солардың ортасымен өтеді екен. Бүкіл табиғат
сиқырлап қойғандай өзгеріп сала берді. Бəрі де - жүріп келе жатқан жол
да, төбедегі жапырақтар да құлпырып кетті. Қарағайлар жапырақтары
жап-жалпақ, терідей қалың, жып-жылтыр мəңгі жасыл ағаштармен
алмасып отырды. Мəселен, бой салып өскен магнолиялар осындай еді.
Айналамызда емендер, жібек ағаштары, лаврлар, темір ағаштар иін
тіреседі, ал бəрінен биікте, төменде сыбдыр қаққан қарапайым
достарына паңдана сəлемдескендей, асқабақ пальмалары тербеледі.
Біраз уақыт біз ағаштар мен оларды шырмай өскен арамза
өсімдіктер арасындағы қою қара көлеңкемен жүріп отырдық;
жапырағын ауырлаған жүзімнің зор сабақтары, шұбатылған
шырмауықтар, күміс түстес тилландсия бұталары - осының бəрі
аспанды көрсетпей жауып тастапты. Сүрлеу орман ішінде ирелеңдеп
келеді. Кейде құлаған ағаштар мен жүзімнің айқаса өскен сабақтары
жолымызды бөгейді. Олардың бұтақтары кеме арқандары секілді бір
ағаштан екінші ағашқа артылып, жолды жауып тұр.
Орман іші күңгірттеу екен, бірақ ол кереметтей əсер қалдырды. Ол
менің көңіл-күйіме таң қаларлықтай үйлесе кетті жəне ауасы мол,
ашық қарағай орманына қарағанда біршама көңілімді тыншытқандай
болды.
Қараңғы орманнан шығысымен біз жоғарыда өзім суреттеп кеткен
Флорида құдығының біріне бастайтын жолға түстік. Ол - айналасын
төбешіктер мен кірпіш түсті жақпар тастар қоршаған дөп-дөңгелек
бассейн. Тəрізі, бір кездердегі сөнген вулканның кратері болса керек.
Англосаксон тұрғындарының бұра сөйлейтін тұрпайы тілінде оны
"клоак" деп атайды. Бұл мүлдем үйлеспейтін ат, өйткені онда су бола
қалса, оның мөлдірлігі мен тазалығына еш су тең келмейді. Біз келген
бассейн де мөлдір суға толы екен. Күннің нағыз ыстық кезі
болғандықтан өзіміз де, аттар да суға бас қойдық. Біртіндеп алыстап
қалған қара орман енді бізге бұрынғыдай қалың да, көлеңкелі де боп
көрінбейтін секілді. Аз-кем əл жинап, тамақтанып алу үшін, осы араға
кідіруді жөн көрдік.
Тамақты сықап салған қоржынның қампайған бүйірі, қылтиып
тұрған екі-үш шөлмек үйдегілердің бізге деген мейірбан қамқорлығын
көрсеткендей еді. Ат үстіндегі суыт жүрістен тəбетім ашылып, ал
ыстықтан таңдайым кеуіп келе жатқан. Қоржындағы тамаққа тез-ақ
тойындық, ал сұп-суық бастаудың суы қосылған бір стақан қызыл
шарап мейір қандырды. Осынау тоқшылықтың соңы таза ауада сигар
тартумен аяқталды. Темекімді тартып, магнолия бұтақтарын
көлеңкелеп жаттым. Жылтыр жапырақтар арасымен көк түтіннің
жоғары көтерілгенін, одан шіркейлердің жан-жаққа бытырай
қашқанын көріп жатырмын. Көңілім қобалжуын қойып, қалың ойдан
сейіле бастадым. Коралл жаңғақтары мен магнолияның үлкен ақ
гүлдерінен аңқыған жұпар иістен басым айналып, ұйықтап кеттім.
XXIV тарау
ТАҢҒАЖАЙЫП EЛEC
Тəрізі, осындай дел-сал күйде бірнеше минут жатсам керек. Кенет
судың шолп еткенінен оянып кеттім. Біреу суға қойып кеткен секілді
болды. Одан онша қорқа қоймадым, басымды бұрып қараған да
жоқпын.
"Суға сүңгіп кеткен Джек шығар, ─ деп ойладым. ─ Дұрыс-ақ болған!
Сосын мен де шомылып алармын".
Бірақ мен қателесіппін. Зəңгінің суға секірмек ойы да жоқ екен, өзі
көз шырымын алмақ болған жерге таяу жағада тұр. Ол да əлгі
дыбыстан оянып кетіп, атып тұрса керек. Джектің даусын құлағым
шалды.
─ Ананы қараңыз, Джордж мырза, ойпырмайдың дəуін-ай! Вуф!
Орнымнан тұрып, бассейн жаққа қарадым. Байқасам, Джектің бұл
жерде еш қатысы жоқ екен: судан дəу аллигатор шығыпты. Ол біз
жатқан жерге таман жүзіп келді де, алып кеудесі мен қарымды
аяқтарын алға созып, бізге таңырқай қарап қалды. Басын су бетінен
жоғары шығарып, құйрығын қайқайтып алған. Аллигатор əрі кісі
күлерлік, əрі жиіркенішті əсер қалдырды.
─ Мылтықты берші, Джек, ─ дедім мен сыбырлап. ─ Тек сездірмей
жүр, əйтпесе үркітіп алармыз.
Джек мылтықты əкелуге жайлап алға жылжыды. Бірақ аллигатор
біздің пиғылымызды сезіп қалған болу керек. Мылтыққа қол
созғанымша болған жоқ, кенет аунап түсті де, қас қағымда судың
астына сүңгіп кетті. Мылтығымды оңтайлаған күйі тағы да бір көрініп
қалар деген үмітпен біраз күтіп ем, бекер болды. Тəрізі, бұдан бұрын да
шабуылға тап болса керек, біздің қауіпті жау екенімізді сезе қойды.
Бассейн жолға жақын болғандықтан, бұл жорамалдың жаны бар еді.
Əрине, егер біздің плантацияда өткен сұмдық оқиға еске түспегенде,
бұл көрініске серіктесім де, мен де мəн бермеген болар едік. Барлық
жағдай: бассейн, жақпар тастар, айналадағы ағаштар, тіпті бауырымен
жорғалаушы, қорқынышты сұмырайдың үлкендігіне дейін ─ бəрі де
біздің плантацияда аңызға айналған сол бір аллигаторды еске түсіреді
екен. Ұмытылмас сол бір күнгі сұмдық қорқынышты оқиғаларды апайқын еске түсірдім, тап бір кеше ғана болғандай егжей-тегжейіне
дейін бəрі есімде қалыпты: мулаттың қорқынышты аллигаторды
жемтікпен алдап алып келуі, бассейндегі жан дəрмен айқас, қуғын,
мулатты қолға түсіру, өртеп өлтіру жөніндегі сот жəне үкім, қашу,
көлдегі ұзаққа созылған қуғын жəне кенеттен шыға келген жан
түршігерлік ажал. Аллигатор су түбіне сүңгіп кеткен кезде маған, тіпті
мулаттың сондағы жан ұшырған даусы естілгендей болды. Өткенді
еске алу екеумізге де жеңіл тие қойған жоқ, сондықтан бұл жөніндегі
əңгімені ұзаққа созбадық. Сол сəт біздің ойымызды басқа жаққа
аударғысы келгендей, жабайы күрке тауық құрқылдай қалды. Джек құс
атуға рұқсат сұрады да, менің мылтығымды алып, кетіп қалды.
Мен қайтадан "гаванамды" тұтатып, жұп-жұмсақ шөпке керіліп
жаттым да, сақиналанып көтерілген көгілдір түтіннен көз алмаған күйі
біраз тыныстап, ақыры магнолияның жұпар иісіне мас болғандай тағы
да ұйықтап кеттім. Бұл жолы түс көрдім. Түсімде сол бір қатерлі
оқиғалар көз алдымнан қайтадан өтіп жатты. Бірақ бұл түс шындықтан
алшақтау еді: түсімде мулат аралдың жиегіне тырмысып шығып
жатады, сөйтіп аман-сау қашып кетеді, содан кек алу үшін қайта
оралады, енді мен оның қолына түсіп қаламын да, ол мені өлтіргелі
жатады!
Осы бір жан қысылған сəтте тағы да, бұл жолы судың шолпылынан
емес, жақын жерден атылған мылтық дүмпуінен оянып кеттім.
"Aha, Джек күрке тауық атты білем, ─ деп ойладым мен. ─ Қалт
жібере қоймаған шығар. Фортқа тым болмаса бір күрке тауық ала
баруға тіпті де қарсы емеспін. Тамақ жасап жіберуге жарап қалар.
Естуімше тамаққа онша жарытпайтын көрінеді ғой. Джек жаман аңшы
емес, тигізбеуі мүмкін емес. Ал егер..."
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.