Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04

Total number of words is 4201
Total number of unique words is 2279
34.1 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
əлі у-шу боп жатты. Қуғыншылардың соңынан айтылып жатқан мақтау
сөздер де еш көмегін тигізе алмады. Қашқынның тезірек жүзуі үшін
ешқандай қоқан-лоққының да қажеті жоқ еді...
Жағада тұрған біздің ой қорытуға уақытымыз жеткілікті болатын.
Мулаттың неге суға қойып кеткені түсінікті. Даламен қашқан болса, не
иттерге таланып, не басқа бір желаяқтар қуып жетер еді. Суда онымен
бəсекелесе алатын адамдар көп емес. Сондықтан ол көлден жүзіп өтіп,
орманға жетуге тырысты.
Алайда мүлдем тығылып қала алмайтын-ды. Ол бетке алып бара
жатқан арал жағадан жарты миль жерде, бірақ одан əріде көлденеңі бір
мильден астам ашық су бар. Мулат қуғыншылардан тек аралда
жасырынып қалуы мүмкін. Ал содан соң? Қалыңға тығылғанмен жаны
қала қояр ма екен! Ондағы қалың өскен биік ағаштардың аумағы
бірнеше акрдан аспайды. Кейбірі жағаға жақын өскен. Бұтақтарын
күмістей тилландсия көмкеріп, су бетіне төніп тұр. Бірақ одан не
пайда? Мұнда тек аю немесе қалжыраған қасқыр ғана пана табуы
мүмкін, ал қуғынға түскен адам, өз қожасына пышақ жұмсаған құл
құтыла алмайды. Жо-жоқ! Аралдағы əр бұтаны тінтіп шықса да, мұнда
жасырынған адамды бəрібір табады.
Бəлкім, мулат аралда өз-өзіне келіп, демалған соң, қарсы жағалауға
жеткенше тағы да жүзе бергісі келген шығар? Жүзгіш адам оған да бел
байлайды, бірақ мулаттың жолы кесулі. Өзенде қайықтар мен
пирогтар көп болатын, жұрт солай қарай беттеді. Сондықтан мулат
жағадан ұзамай жатып-ақ олардың бірнешеуі оны қуа жөнелуі мүмкін.
Жоқ, жоқ, құтылуы мүмкін емес! Қалай қарай қашса да - суда ма,
құрғақта ма - ол бəрібір ұсталады! Жағада қуғынды қызықтап тұрған
көрермендер осылай десті.
Қашқын аралға жақындаған сайын, дабыра-шу күшейе түсті. Ұзамай
істің тынатыны белгілі болғанмен, бірақ біз ойлағаннан гөрі мүлдем
басқаша аяқталды. Қашқын аралға жетіп, жағаға шығып, сонан соң
ағаштардың арасына тығылады, ал өкшелей қуған адамдар оны
орманға жеткізбей-ақ ұстап алуы мүмкін деп жобалаған-ды жұрт. Тап
осылай болатындығына көпшілік сенімді ─ мулат аралға таяп та
қалған: енді бірнеше рет құлаштап жіберсе, жағаға шығады. Ол енді
бұтақтары суға салбырай біткен ағаштардың қарауытқан көлеңкесінің
астында жүзіп келеді, қол ұсынса болды, ұстай алатындай.
Жүзгіштердің көпшілігі бұдан əлі елу ярдтай кейінде, бірақ өзгелерді
басып озған кейбірі жиырма бес ярдтай жақындап та қалды. Жағадан
қарағанда олар қашқынмен қатарласа жүзіп бара жатқан секілді жəне
кез келген уақытта бас салатын сияқты көрінеді.
Мəселе тынуға жақын, бірақ ол біздің күткенімізден басқаша болды.
Көрермендер де, қуғыншылар да қуғынның немен тынарын білген
жоқ. Өзіне тағы да қандай сұмдық қауіп төніп келе жатқанын мулаттың
өзі де сезбеді. Арал жағасындағы ағаштардың көлеңкесі жүзгіштің
үстіне түсе бастағандықтан, соған сіңіп жоқ болатын шығар деп сəт
сайын күтіп тұрғанбыз. Бірақ ол кенет кілт бұрылып, жағаны қуалай
жүзді.
Бұл бұлғалаңның неге əкеп соқтыратынын ұқпаған біз таң қалып
тұрмыз. Өйткені қашқынды төтелей қуып бара жатқандар оған əнеміне дегенше жетіп қалуы мүмкін. Ойлаған мақсаты не болды екен?
Мүмкін, жағаға шығатындай ыңғайлы жер табылмаған болар. Солай
болған күннің өзінде ол бұтақтардан ұстай ап, жағаға шығар еді ғой.
Бірақ түсінбеуіміз көпке созылған жоқ: суда қалқып жүрген қарауытқан
зат ағаштың қураған діңі емес, жанды зат боп шығып, қозғала бастады.
Сонан соң алып кесірткеге, жиіркенішті аллигаторға айналды.
Аузы арандай ашылып, қабыршақты құйрығы көтеріле түскен, тек
кеудесі ғана судан көрінбейді. Біресе олай, біресе бұлай ауытқи жүзіп,
анда-санда құйрығымен су сабалап, ақ көбікті аспанға атады.
Гүрілдеген даусы қарсы жағалауды жаңғырықтырды, қырылдай
шыққан үнінен: бүкіл қол тітіркенгендей. Ормандағы құстар қиқулай
ұшып, ақ тырна шошына тыраулап, аспанға шаншыла көтеріле
жөнелді.
Көрермендер үрейден сілтідей тынды, жүзгіштер жүзуін тоқтатты.
Тек мулат қана қу жанын аман сақтау үшін бар күшін салуда.
Аллигатор оны көзімен жеп келеді. Неге ол басқаларға емес, оған
қадалды? Жүзгіштердің бəрі де жақын болатын Мүмкін, зауалын тарту
үшін құдайдың қаһарына ұшыраған шығар? Тағы бір қимылдаса,
əлеуетті құйрықпен тағы бұлғап қалса болғаны, алып аллигатор
жемтікке жетіп те үлгереді...
Мен мулаттың қылмысын ұмытып та үлгердім ─ жаным ашып кетті:
шынымен-ақ құтылуға үміттің үзілгені ме? Əне ол қатерлі қауіптен
құтылып, судан шығу үшін ағаштың бұтағынан шап берді.
Құдай-ай, қос қолына қуат бере гөр! Тым кеш! Аллигатор аузын аша
берді... Кенет шарт етіп, бұтақ сынып кетті! Мулат құлап түсті де, су
түбіне сүңгіп көрінбей кетті. Ал оның соңынан аңқиған аузын
жаппастан алып кесіртке де сүңгіді. Екеуі де көрінбей кетті. Толқын
көбіктеніп, сынған бұтақтың жапырақтарын тербеп жатты.
Осынау көрініске демімізді шығармастан қарап тұрдық. Дір еткен
майда толқын да жанарымыздан қағыс қалған жоқ. Бірақ су бетінде
ешқандай қимыл байқалмайды. Су ішінен не адамның, не құбыжықтың
нобайы көрінбей, ұзамай көл беті қайта тынышталып, теп-тегіс бола
қалды.
Аллигатор, сөз жоқ, өз ісін тəмамдады. "Құдай қарғағандықтан
болмады ма екен?" маңымдағы адамдар солай десіп жатты.
Жүзгіштер кері қарай бұрылды. Арал жағасына, ағаштардың қою
көлеңкесіне жақындап баруға ешкім тəуекел ете алмады. Су ішінде көп
уақыт болғандықтан, бəрі де қалжырап қалды. Кейбіреулері бергі
жағаға жете алмас та еді, бірақ көмекке қайықтар мен пирогтар
ұмтылысты. Қайықтарды көргендер баяу жүзе бастады, басқалары
тоқтап, қайықтың келуін күтті. Бірінен соң бірін тездетіп қайыққа
мінгізіп алды. Адамдар да, иттер де аман-есен жағаға жеткізілді.
Қашқынның тағдыры əлі де белгісіз болғандықтан, енді оны итпен
іздемек боп шешім қабылдасты. Қуғыншылар қайықтан түсісімен
иттер бұта-бұтаның арасын тіміскілей бастады, ал адамдар көлді
жағалай жүрді.
Алайда аралда мулаттың ізі байқалмайды. Оның есесіне су бетіндегі
кейбір белгілер көзге шалынды, жұрт қызыл көбікті көріп, мулаттың
қаны болар деп топшылады.
─ Шаруа тынды, жігіттер! - деген біреудің дөрекі даусы естілді. ─
Мынаның мулаттың қаны екендігіне бəс тігемін. Су түбіне кеткен екен,
онда күмəн жоқ. Сайтан алғыр, пəлекет! Бар ермегімізді бұзып
кеткенін қарашы.
Бұл əзілге бəрі қарқылдай, жыртыла күлді. Осылай əңгімелерін
жалғастырған күйі, адам аулаған аңшылар біртіндеп үйлеріне тарасты.
XIV тарау
РИНГГОЛЬДТІҢ КЕГІ
Бұл оқиғаны ақ нəсілділер ішінде тек қаныпезер адамдар ғана жеңілжелпі əңгімеге айналдырып жүрді, басқалар, нəзік жанды, рақымшыл
адамдар оған əжептеуір мəн бере қарап, ал кейбіреулерде тіпті
қорқыныш пайда болды. Құдайдың өзі ара түскендей, біреуге құрған
қақпанға қылмыскердің өзі барып арандады.
Қорқынышты өлім, бірақ адамдардың қолынан одан да қорлық
өлімнен өлетін еді. Тəңірі жердегі судьяларға қарағанда кеңпейіл боп,
қылмыскердің жазасын жеңілдетті.
...Жан-жағыма бұрылып, үндісті іздестірдім де, топтың ішінде
көрінбегеніне қуандым. Ринггольдпен арадағы жанжал тез басылды,
бірақ мен оны аяқсыз қала қоймас деп қорықтым. Метистің айтқан
сөздері плантаторлардың ызасын тудырып, олар Джекті естен
шығарып алды, соның арқасында қылмыскер қашты. Егер мулат,
шындығында, құтылып кеткен болса, мұның арты тағы да бір
пəлелерге соғатын еді. Бірақ осының өзінде де мен үндіске қауіп
төнбейді деген сенімде емес едім. Ол өз жерінде жүрсе бір сəрі үндістердің иелігі өзеннің арғы жағында, сондықтан жергілікті
тұрғындар оның бұл жаққа келуін басып кіру ретінде қарауы мүмкін.
Рас, біз үндістермен бейбіт жағдайдамыз, бірақ соған қарамастан екі
жақ бір-біріне іштей қатты жауығып жүретін. 1818 жылғы10 соғыс
салған ескі жараның орны əлі жазылған жоқ еді.
Ринггольдтің кекшіл екенін білемін. Достарының көзінше оның
абыройы төгілді - қысқа шайқаста метис жеңіп кетті. Ринггольд оны
кешірмейді, əрине, кек алатын кезеңді күтеді.
Метистің кетіп қалғанына сондықтан қуандым. Бəлкім, қауіпті өзі
сезіп, өзеннің арғы жағына өтіп кеткен болар, ол жақта оған еш қауіп
жоқ. Оның соңынан Ринггольдтің өзі де батып бара алмас еді, өйткені
келісімді беталды бұзуға болмайтын. Ең жүрек жұтқан
скваттерлердің11 өзі мұны жақсы біледі. Соғыс өрті қайта тұтануы
мүмкін. Ал дəл қазіргі кезде, онсыз да шектен тыс көңілшектікке бара
бермейтін үкіметтің көздеген басқа жоспарлары бар болатын.
Үйге қайтқалы тұрып, кенет Ринггольдке барып, оның қылығын
қостамайтындығымды айта кетейін деген ой келді. Ренжігенім сонша,
ол туралы өз пікірімді жасырмай айтып салғым келді. Ринггольд
менен ересектеу əрі сұңғақтау болса да, мен одан қорықпаймын.
Керісінше, өзімнен сескенетінін сезетінмін. Осыдан бір сағат бұрын біз
үшін мерт бола жаздаған адамға Ринггольд тіл тигізді, сол үшін
ренішімді білдіргім келді. Оны топ ішінен іздестіріп едім, еш жерде
көрінбеді.
─ Аренс Ринггольдті көрмедіңіз бе? - деп сұрадым Хикмэннен.
─ Жаңа ғана аттанып кетті, - деп жауап берді шал
─ Қай бағытқа?
─ Өзенді бойлап жоғары кетті. Билл Уильямс жəне Нед Спенспен
бірге. Түрлеріне қарағанда, ол жақта бір кезек күттірмейтін шаруалары
бар секілді.
Ойыма бір сұмдық күдік келе қалды.
─ Хикмэн, - дедім мен аңшыға, - бір сағатқа атыңызды бере тұрасыз
ба?
─ Кəрі мəстекті ме? Ала ғой! Керек десең кешке дейін мін. Бірақ
жаралы қолыңызбен қалай мінесіз?
─ Түк етпейді! Ерге отырғызып жіберсеңіз болды.
Аңшы қарт өтінішімді орындаған соң, бірер сөзден кейін мен өзенді
өрлеп жүріп кеттім. Сол жоғарырақта өзеннен өткізетін паром бар, жас
үндіс те қайығын сол маңда қалдырған болуы керек. Демек, үйіне
қайту үшін ол солай қарай жүруге тиісті, ал Ринггольд үшін бұлай
қарай жүрудің еш қажеті жоқ ─ оның плантациясы қарама-қарсы
жақта. Сондықтан Ринггольдтің өзенді өрлеп кетуі, оған қоса əлгіндей
достарымен қосыла қалуы маған күдікті көрінді. Хикмэн айтқан бұл
сотанақтардай адам бүкіл маңайдағы плантациялардан табылмас.
Маған олардың өз көсемдерінің ықпалында жүргендері де белгілі
болатын.
Осылар үндістің ізімен кеткен болар деген күдік келді, əрине, жақсы
ниетпен қумайтыны белгілі. Өзенге таяп келгенде жорамалымның
түгелдей дұрыс екендігіне көзім жетті. Дымқыл құм үстінде ат
тұяқтарының таңбасы мен өткелге қарай беттеген үндістің аяғындағы
мокасин ізі сайрап жатыр. Метистің киімі кебе қоймағандықтан, аяқ
киімі əлі су екені есіме түсті. Атымды тебініп қалдым.
Алайда су мен екі араны ағаштар тасалап тұрғандықтан, өткелге
келгенше ештеңе байқамадым. Бірақ ашулы дауыстарды естідім. Бұл
менің болжамымның дұрыстығын дəлелдеді.
Тың тыңдап уақыт алмастан, дауыс шыққан жаққа тура тарттым.
Жол бұрылысында ағашқа байланған үш ат тұр. Жанай шауып өте
шыққанымда, айтқандай-ақ су маңында метисті орталарына алып
тұрған үш ақ нəсілдіні көрдім. Қолдарына түсіп қапты! Əлгілер
аттарын талға байлап, бұқпантайлап келіп, үндіс қайығына міне
берген кезде шап беріп ұстапты.
Метис қарусыз екен. Мен сыйға тартқан мылтық əлі су болатын, ал
пышағы мулатта кеткен. Метистің қарсылық көрсете алмаған себебі
сол, сондықтан қол-аяғын бір демде-ақ шандып байлап тастапты.
Уақытты текке жібермей, үндістің аңға шыққанда киетін жейдесін
сыпырып алып, өзін ағашқа таңып қойыпты. Қордаланып қалған ашуызаларын емін-еркін бір ақтарар сəтті пайдаланған олар, жонынан
таспа тілмек көрінеді. Егер дəл уақытында жетпегенімде, халі мүшкіл
болғандай.
─ Аренс Ринггольд, ұялсаңыз етті! - деп дауыстадым мен қастарына
тақай бере. -Ұялсаңызшы! Мынауыңыз оңбаған қорқақтың ісі ғой, мен
мұны поселкенің бəріне жаямын.
Күтпеген жерден шыққаным сонша, Ринггольд қатты сасып қалды.
Кешірім сұрағандай бірдеңе деп міңгірледі.
─ Қарғыс атқан үндіске осы керек! - деп күңк етті Уильямс.
─ Не үшін, Уильямс мырза? - деп сұрадым.
─ Ақ нəсілді адамдарға аузын алты қарыс ашқаны үшін!
─ Мұнда істейтін дəнеңесі жоқ! - деп килікті Спенс. - Не істеп қаңғып
жүр өзеннің бергі жағында?
─ Өзеннің арғы жағында да, бергі жағында да маған тиюге
құқықтарың қандай жоқ болса, оны азаптауға құқықтарың сондай жоқ.
─ Хо-хо-хо! Сізге де шамамыз келеді, - деп кекете күлді Спенс.
Қаным қайнап кетті.
─ Эй, ол бола қояр ма екен?! ─ Мен айғай сап аттан қарғып түскен
бойы қастарына жетіп бардым.
Оң қолым сау еді. Күтпеген пəленің болатынын сезіп, Хикмэннің
тапаншасын сұрап алғанмын, соны ала салып көздедім.
─ Ал, джентльмендер, - дедім мен, тұтқынның қатарына барып. ─
Енді дүрелеп көріңдер! Тек ескертіп қояйын, бұған кім бірінші қол
көтерсе, соны маңдайдан басып саламын
Үшеуі де əлі балаң болғанмен, сол кездегі дəстүр бойынша, қаружарақ тағынып жүретін -пышақ, тапанша дегендей. Бəрінен бұрын өз
айтқанын орындауға Спенс бейімдеу еді. Бірақ көсемдері Ринггольд
шегінген соң, Уильямс екеуі де амалсыз шегінді. Біздің отбасымызбен
араздаса қалса Ринггольдтің жаны қиналар еді. Сонымен бірге ол өз
басын да ойлады, басқа жоспарлары болатын. Ақыры "ешқандай
қатысы жоқ жанжалға араласқаны несі" деп ойлаған үшеуі наразы
кейіпте тайып тұруға мəжбүр болды. Қандарына қарайып, масқара
күйде, амалсыз кетіп бара жатты.
Мен үндісті табанда босаттым. Ол бар болғаны бірнеше сөз айтты.
Бірақ қолымды қысып, қоштасар кездегі көзқарасынан өзіме деген
ризашылықты анық байқадым.
─ Қалаған уағыңызда өзеннің арғы жағына келіңіз. Сізге бірде-бір
үндіс тимейтін болады.Біздің жақта сіз əрқашан құрметті қонақ
боласыз!
XV тарау
МАЮМИ
Мұндай таныстықтың жайдан-жай үзілуі мүмкін емес. Достықпен
аяқталмағанда немен тынбақ бұл таныстық! Метис джентльмен
қасиеттері бойына сіңген, парасатты жігіт. Мен оның тілегін қабылдап,
ормандағы үйіне қонаққа баруға бекіндім. Өзінің айтуына қарағанда,
шешесінің лашығы осы арадан алыс емес, көлдің арғы бетінде, үлкен
Суони өзеніне құятын кішкене жылғаның жағасында болса керек.
Бұны мен іштей қуана тұрып тыңдадым. Ол айтып тұрған өзенді мен
жақсы білетінмін. Жуырда ғана сол өзенді бойлай қайықпен жүргенмін
жəне нақ сол өзеннің жағасында ғажайып нəзік жанды - көркіне көз
тоймайтын орманның хор қызын алғаш көріп ем.
Бірақ Маюми нақ сол ма? Тезірек көз жеткізгім келді. Егер қолым
жазылып, ескек есе алатындай халге жетсем ғой! Осынау кідіріс мені
əбден азапқа салды. Бірақ уақыт өте берді, ақыры, жазылып шықтым.
Иттерімді ерте, мылтығымды алып, тамылжыған ашық таңда жолға
жиналдым. Қайыққа отырып, енді қозғала берген шағымда біреу
дауыстап шақырды. Бұрылып қарасам, қарындасым екен.
Кішкентай, сүйкімді Виргиния! Соңғы кезде қатты өзгеріп, бұрынғы
көңілділігінен айырылып, ойшыл боп алды. Аллигатормен кездескен
оқиғадан кейін шошынудан əлі толық айыға алмай жүр.
─ Қайда бара жатырсың, Джордж? - деп сұрады, жақындай бере.
─ Бəрін білгің келеді ə, Виргиния?
─ Иə, қайда баратыныңды айт, əйтпесе мені ала кет!
─ Қайда? Орманға ма?
─ Несі бар екен? Орманға бармағаныма көп болды. Қандай жаман
ағасың, ешқашан ертіп жүрмейсің!
─ Қарындасым-ау, бұрын мұндай тілек білдірмеуші едің ғой.
─ Онда не тұр, маған өте ұнайтынын өзің-ақ білуге тиістісің ғой. Ал
мен орманда серуендегім келеді! Құс боп, көбелектей, болмаса, əйтеуір,
бір қанатты жəндіктей еркін самғап ұшар ма едім! Сонда мен мына
тамаша ормандарды өзім-ақ еркін аралар едім. Өзімшіл ағайыма ала
кет деп жалынбас едім.
─ Тағы бірде, Виргиния, тек бүгін емес!
─ Неге бүгін емес? Қарашы, күн қандай тамаша!
─ Шынымды айтсам, бүгін мен орманға бет алып бара жатқан
жоқпын.
─ Онда қайда бет алып барасың, Джордж?
─ Жас Пауэллге бара жатырмын.
─ Солай де! - деп дауыстап жіберді қарындасым. Кенет өңі өзгеріп
мұңайып қалды.
Пауэллдің есімі қарындасыма жағымсыз əсер қалдырды білем, бекер
айтқан екенмін деп өкіндім.
─ Ағатайым, тыңдашы! - деп бастады ол, үнсіздіктен кейін. ─
Дүниенің бəрінен бұрын үндістердің лашығын көргім келеді. Аяулы
Джордж, мені бірге ала кет!
Қиылып тұрып өтінгені сонша, қанша жалғыз барғым келсе де, сөзін
жерге тастай алмадым. Сүйікті қарындасыма да айта алмайтын құпиям
бар еді іште. Оған қоса, қарындасымды үйден сонша алысқа, əлі өзім де
жақсы біле бермейтін жерге алып баруым дұрыс емес-ау деген көмескі
сезім көкейімнен шықпады.
Ол тағы да жалына бастады.
─ Жарайды, егер мамаң рұқсат етсе...
─ Ештеңе етпес, Джордж, мамам ашуланбайды. Үйге бұрылып
қайтеміз? Дайын тұрғанымды көрдің ғой, қалпағымды да киіп алдым.
Бізді іздеп үлгергенше қайтып келеміз. Тым алыс емес шығар...
─ Ал жарайды, қарындасым, артқа, рульге жақын отыр. Хэйхо! Біз
кеттік!
Ағыс қатты емес екен, жарты сағаттан соң кішірек өзеннің сағасына
жеттік те, ендігі жерде оны өрлей жүздік. Енсіздеу болғанымен, қайық
атаулы қайырлай қоймайтындай терең көрінеді. Күн тас төбеде тұрса
да, сəулесі бізді күйдіре қойған жоқ - су үстінде бұтақтары айқаса өсіп,
жасыл шатырдай көмкеріп тұрған қалың ағаштар күн көзін түсірер
емес. Өзен құймасынан жарты мильдей ұзаған кезде ағаштар сирей
бастады. Жағадан жүгері, батат - тəтті картоп, қызыл бұрыш, қауын
жəне асқабақ егілген жерлер көрінді. Жақын жерде айналасы
шарбақпен жəне жыпырлаған кішкентай лашықтармен қоршалған
үлкен үй тұр. Алдындағы бастырма тіреулеріне қарапайым оюлар
салынған ағаш үй еді бұл. Eгіс алаңында құлдар - зəңгілер мен үндістер
жұмыс істеп жүр.
Бұл ақ нəсілдінің плантациясы болмауға тиіс ─ өзеннің бұл
жағалауында ақ нəсілділер тұрмайды. Біз оны бір бай үндістің, жер иесі
мен құлдар қожасының үйі болар деп шештік.
Ал досымыздың лашығы қайда? "Өзеннің құймасынан жарты миль
жерде, өзен жағасында", - деп еді ғой. Біз лашықты байқамай өтіп
кеттік пе, əлде ілгеріректен іздейміз бе?
─ Виргиния, жағаға таяп барып, біреуден сұрайық.
─ Анау есіктің алдында тұрған кім болды екен?
─ Пəлі, сенің көзің менікінен өткір екен! Мынау соның нақ өзі - жас
үндіс қой! Бірақ оның мұнда тұруы мүмкін емес... Лашық осындай бола
ма? Білесің бе? Тəрізі, ол мұнда қонаққа келген болар. Əне, қара, бізге
қарай келе жатыр!
Соны айтып үлгергенімше, үндіс үйінен шығып, асыға адымдап
бізге қарай жүрді. Сəлден соң жағаға таяп келіп, тоқтайтын жерді
көрсетті. Алғаш танысқан күндегідей кестеленген ашық түсті жейде
киген, басына қауырсын қадаған əшекей тартқан. Келісті сымбаты
аспан аясында оқшаулана айқын көзге түседі: жауынгердің кішкене
бейнесіне ұқсайды. Метис əлі балаң жəне өте көрікті көрінді. Мен оның
табиғи түр-тұлғасына қызығып кеттім.
Жанарынан əлдеқандай қорқыныш ізі сезілгенімен, қарындасым,
байқауымша, оған мақтанышпен қарайтын секілді. Ол біресе бозарып,
біресе қызара берді. Үндістің бейнесі бассейндегі қорқынышты
көріністі есіне түсіріп тұр-ау деп ойладым. Ертіп шыққаныма тағы да
өкіндім.
Біздің келуімізден жас үндіс мүлдем қысылмаған тəрізді. Ол бізді
күтіп жүрген адамдай өзін сабырлы, салмақты ұстады. Бірақ ол, əрине,
екеу боп келетінімізді білмеген болар. Оның қимылынан салқындық
байқалмады. Жақындай бергенімізде, қайықтың тұмсығынан ұстады
да, жағаға тақап, джентльмен сыпайылығымен қайықтан түсуімізге
көмектесті.
─ Хош келдіңіздер! - деді ол, сонан соң Виргинияға көз тастап. ─
Сеньорита сауығып кеткен болар?.. Ал сіз туралы, сеньор, айтпаса да
болады, ағысқа қарсы ескек есудің өзі-ақ саулықтың белгісі!
Сеньор жəне сеньорита деген сөздер семинолдар мен испандар
арасындағы атам заманнан сақталып келе жатқан қарым-қатынастың
ықпалын білдіретін еді. Біздің жаңа танысымыздың үстінде де
Андалузияда пайдаланылатын бұйымдар - мойнына асқан күміс крест,
ашық қызыл жібек белбеу жəне беліне ілген үш қырлы ұзын семсері
бар. Тіпті өсімдіктердің өзі Испанияны еске түсіреді: мұнда
экзотикалық өсімдік - қытай апельсині, асқабақ, қызыл бұрыш жəне
томаттар жайқалып тұр. Осының бəрі испан колонисінің мекенжайына
тəн нəрселер. Үйдің архитектурасынан кастильдіктердің ықпалы
байқалады. Өрнектері де үндістердікінен басқа.
─ Мына үй сіздікі ме? - деп сұрадым күмілжіңкіреп. Бізді үй иесінше
қарсы алды, бірақ ешқандай лашықты көре алмадым, мəселе сонда еді.
Берген жауабы мені сабама түсіргендей болды. Бүл өз үйі, дəлірек
айтқанда, шешесінің үйі екенін айтты. Əкесінің өлгеніне көп болыпты,
өзі, шешесі жəне қарындасы үшеуі тұратын көрінеді.
─ Ал мыналар кімдер? - деп сұрадым жұмысшыларды мегзеп.
─ Біздің құлдарымыз, - деп күле жауап берді ол - Біздер, үндістердің
бірте-бірте цивилизацияға үйреніп келе жатқанымызды өзіңіз көріп
тұрсыз.
─ Бірақ бұлардың бəрі зəңгі емес қой! Мен үндістерді де көріп
келемін. Шынымен олар да құл ма?
─ Иə, басқалар секілді олар да құл. Таңданып қалдыңыз-ау деймін?
Бұл үндістер біздің тайпадан емес. Біздің ел бір кезде ямасси тайпасын
бағындырған, тұтқындардың көпшілігі құл боп қалып қойды.
Үйге жақындадық. Жігіттің шешесі, таза қанды үндіс əйелі, есік
алдында қарсы алды. Үстіне үндістердің ұлттық киімін киіпті.
Шамасы, жасында айтулы сұлу болса керек, тамаша əсер қалдырды.
Əсіресе сергек ақылдылығы мен аналық нəзік қамқорлығының үйлесім
табуы тəнті етті.
Біз үйге кірдік. Үй-ішінен аңшылық жиһаздар мен ер-əбзелдерден ─
бəрінен де испандардың ықпалы сезіліп тұр. Тіпті гитара мен
кітаптарға дейін бар екен Үндістің үйіндегі осы бір цивилизация
белгілері қарындасым екеумізді таң қалдырды.
─ Келгендеріңізге өте қуаныштымын! - деді жігіт, əлденені еске
алғандай. - Сізге арналған мокасиндер дайын тұр... Ол қайда, мама?..
Маюми қайда?
Ол менің ойлап отырған ойымды жаңғырықтай қайталады.
─ Маюми дегені кім? - деп сыбырлап сұрады менен Виргиния.
─ Үндіс қызы. Қарындасы болуы керек. Міне, өзі де келді!
Кіп-кішкентай аяқтарына мокасин киген, денесі тал шыбықтай
бұралып, қызылкүрең өңі мөп-мөлдір таза, екі беті алмадай қып-қызыл
еріндері үлбіреп, қап-қара көздеріне қайқая біткен ұзын кірпіктерінен
көлеңке түсіп тұр. Қастары қалың, шаштары жібектей, қап-қара...
Үндістердің өнері жеткенше əсем тігілген киімдерді талғап киген
қызды көз алдыңызға елестетсеңіз, оның араб жылқысының əсем
басқан жүрісімен ғана тең келетін əдемі аяқ алысын көз алдыңызға
елестетсеңіз ─ Маюмиді тек алыстан көргендей ғана əсер алуыңыз
мүмкін. Қайран жүрегім! Бүл сол қыз - орманның армандай хор қызы.
***
Осы бір қонақжай үйден кеткім келмеп еді, бірақ қарындасым
қиналып отырғандай көрінді. Құрып кеткір сол оқиға есінен
шықпайтын секілді.
Біз қонақта бір сағаттай болдық. Осы қысқа уақыт ішінде мен ер
жігітке айналдым. Қайтар жолда ескекті қолға алып, есе жөнелгенімде,
жүрегімді кейінде, артта қалдырып бара жатқанымды сездім...
XVI тарау
АРАЛ
Үндістерге тағы да бір рет барғым келді. Кешікпей ойымды жүзеге
асырдым. Жалпы емін-еркін, қалауым бойынша өмір сүретінмін. Əкем
де, шешем де менің ісіме араласпайтын жəне көп уақыт көрінбей
кетуімді ешкім тексермейтін. Бəрі де мені аңға кетіп бара жатыр деп
ойлады. Оған винтовка да, соңымнан қалмай еріп жүретін иттер де,
үйге ала келетін олжа да дəлел болатын.
Менің аңшылық жорықтарым тек қана бір бағытта жүргізілетін
болды ─ қай бағытта екенін түсініп отырған шығарсыздар! Үлкен
өзенді кесіп өтіп, қайығымның тұмсығы кішкене жылғаның тұнығын
сағаға дейін қайта-қайта тілгілеумен болды. Кешікпей мен жағадағы
əрбір ағашқа дейін біліп алдым.
Жас Пауэллмен арадағы таныстығым біртіндеп тығыз достыққа
айналды. Біз көлде немесе орманда күн сайын дерлік кездесетін
болдық. Аңға бірге аттанып, бұғылар мен жабайы күркетауықтарды да
көптеп атып алып жүрдік... Досым тəжірибелі аңшы еді, мен одан
орманның талай құпияларын үйрендім.
Əйтсе де, ендігі жерде аң аулау мені онша қызықтырмайды. Мен
оның аяқталған сəтін тəуірлеу көретінмін. Қайтар жолда үндістерге
соғып, ойған асқабақтан бірнеше жұтым бал қосқан "конте" ішемін.
Сусын ұсынар бойжеткен Маюмидің жұмсақ күлкісінен бұл сусын
бұрынғыдан да шəрбəт боп көрінеді!
Бірнеше апта ─ қалай тез өте шықты ─ бейнебір көрген түстей.
Болашақ өмірімдегі бақытты осы кездің лəззатымен ешқандай
салыстыра алмас едім. Атақ пен билік пендені тек мас етеді, ал алғаш
шешек атқан ең мөлдір, бал махаббат ─ адамға лəззат сыйлайды.
Ну жыныстарға Виргиния менімен бірге жиі сапар шегетін.
Орманмен етене боп кеткен ол қалың ағаштың ішінде серуендеп
жүруді жаным жақсы көреді дейтін. Кейде жалғыз кеткім келсе де,
оның меселін қайтаруға батылым бармайды.
Ол Маюмиге бауыр басып алды, бірақ оған таң қалуға да болмайтын
еді.
Екі қыз бір-біріне не мінез-құлық жағынан, не сырт пішіні жағынан
мүлдем ұқсамағанмен, Маюми де қарындасымды жақсы көріп кетті.
Виргиния алтын шашты аққұба қыз, Маюми қара бұрымды қара
торының нақ өзі. Қарындасым көгершіндей момақан болса, үндіс қызы
сұңқардай батыл. Бəлкім, олардың достығын осындай қарамақайшылық нығайта түскен болар. Мұндай жайт өмірде жиі-жиі
кездеседі.
Екі қызға деген көзқарасымда логикалық еш жүйе жоқ;
қарындасымды жұмсақ мінезі мен нəзіктігі үшін жақсы көрсем, Маюми
маған керісінше, қаймықпас өжеттігімен ұнайды. Əрине, екі қыз
қандай ұқсамаса, бұл екі сезім де бір-біріне қатысы жоқ, бөлек болатын.
Пауэлл екеуміз аң аулап кеткен кезде, қарындастарымыз үйде
қалатын, əйтпесе алаңда, тоғай, не бақта серуендейтін. Бірге ойнап,
бірге он сап, бірге оқиды. Маюмиде, үстіндегі киімдеріне қарамастан,
тағылықтың нышаны да жоқ. Испандардан қалған гитарасы (дəлірек
айтсақ, мандолин деуге болады) мен кітаптары болатын. Маюми оқи
біледі жəне гитара тартады. Ой-өрісінің жетілгендігі жағынан ол
тəкаппар Рэндольфтың қызынан кем түспейтін. Жас Пауэлл де мен
алған білімнен артық болмаса, кем білім алмаған екен. Əкелері аталық
парызын аяққа баспаса керек.
Теңсіздік жөнінде не менің, не Виргинияның басына ештеңе кіріпшыққан емес. Біз жас үндістермен достаса түсуге құштармыз. Екеуміз
де нəсілдік ырым-сырымды елей қоятындай жаста емеспіз, сондықтан
əлі бұзылмаған табиғи түйсігіміз бойынша əрекет еттік. Ғұрыпқа жат
нəрсе істеп жүрміз-ау деген ойдан аулақпыз.
Қыздар бізбен бірге орманға жиі баратын. Біздер, аңшылар,
оларына қарсы болмайтынбыз. Жүйрік бұғылардың соңына түсе
бермейміз, көбінесе тиін немесе басқа бір ұсақ аңдар аулаймыз.
Ондайда қарындастарымыздың, əрине, ере жүруіне болатын. Маюмиге
келсек, ол туа бітті аңшы əрі шабандоз еді. Ол атқа мініп, құйғыта
шабуды ұнатады. Есесіне менің қарындасым атқа мінуді енді ғана
үйреніп жүр.
Тиін атудың қызығына түсіп алған мен, соңыма ит ертпеуді
жиілетіп, үйге олжаны сирек əкелетін болдым. Аңшылық
жорықтарымыз тек орманмен шектелмейтін, кейде көлдегі су
құстары: дегелек құтан жəне ақ тырналар да қанжығамызға ілігіп
жүрді.
Көлде бір тамаша арал бар ─ бұл жуырдағы сұмдықтың куəсі болған
арал емес, əріректе өзен сағасына таяу маңда еді. Орта тұсында
жоталанып жатқан қырлар, мəңгі жасыл ағаштар ─ емен, магнолиялар,
жұлдызша анистер жəне жабайы апельсиндер қалың өскен, əжептеуір
үлкен арал. Осының бəрі Флорида өсімдіктері. Мұнда ашық сары гүлді
сары ағаш бұталарын да, алқызыл жұпар иісті деренді де жəне басқа да
құлпырып тұрған өсімдіктерді кездестіруге болатын.
Пальмалар барлық ағаштардан гөрі биікке бой созып, қолшатыр
тəрізді ұшар басы қалың желектің екінші қабатын құраған сынды.
Əйтсе де, ағаштар қанша жиі өскенмен, мұнда аяқ баса алмас жыныс
жоқ. Рас, кей жерлерде өрмелеген шырмауықтар, арам шөптер ─
эпифиттер немесе паразиттер жол бөгейді, ал олардың арасында
жабайы жүзімдердің қураған зор сабақтары айқасып, бір-бірімен ұйыса
өскен хинин, сарсапарилл бұталары, шешек атқан бегониялар,
бромелия жəне жұпар иісті орхидеялар өскен. Бірақ ең үлкен ағаштар
дараланып өседі де, олардың аралары қалың шөп пен гүл басқан көгал.
Ғажайып арал біздің үйлеріміздің нақ ортасында болғандықтан,
Пауэлл екеуміз осы арада жиі кездесіп, осында аң аулаймыз.
Бұтақтарда тиіндер секіріп, жабайы күркетауықтар пыр-пыр ұшып,
кейде ашық алаңқайлардан бұғылар жүгіріп өтіп жататын. Ал көл
жағасында алаңсыз асыр салған су құстарын аулайтынбыз. Осы
бейтарап аралда біз бірнеше рет кездестік, бəрінде де
қарындастарымыз қасымызда еріп жүрді. Осы бір ғажайып мүйісті
олар жанындай жақсы көріп кетті. Көбіне олар төбешіктердің біріне
шығып, биік пальмалардың көлеңкесінде демалатын Ол кезде біздер,
аңшылар, аңы көп төменгі жақты сағалап, мылтықты гүрс-гүрс атып,
орманды дүр сілкіндіреміз. Аң аулаудан жалыққан кезде, қыздарға
олжамызды көрсетіп, мақтанып қалу үшін біз де төбеге шығатынбыз.
Əсіресе оларды таң-тамаша қалдыратын сирек кездесетін құстарды
атып əкелсек, тіптен жақсы.
Сəтті болсын, сəтсіз болсын ─ осы аңшылық дегеннен досымнан
бұрын мен жеріп бітемін. Маған жұмсақ шөп үстінде, қыздардың
қасында демалған көбірек ұнайды. Маюмидің даусы мылтық
гүрсілінен əлдеқайда сүйкімді болатын, ал оның көздеріне қарап отыру
сығалап аң іздеуден гөрі əлдеқайда əсерлі еді.
Қасында отырып, сөзін тыңдау, көз алмай қарай беру ─ махаббат
дегенде бар бітіретінім сол-ақ. Маюми екеуміз бір-бірімізге жылы сөз
айтып көрген емеспіз, тіпті өзімді ұнататын-ұнатпайтынын да
білмеймін. Лəззатқа бөлеген сəттер үнемі бола бермейтін, махаббат
көгі ылғи күлімдей бермейтін маған Маюми сүйе ме деген күдік
көгімді бұлттай торлап, жиі қинайтын.
Кешікпей тағы да бір жайт көңілімді қалдырды. Виргинияның көңілі
Маюмидің ағасына құлап бара жатқандай, ол да кет əрі емес секілді.
Мен бұған əрі таң қалдым, əм қамықтым. Мұның бəрі мені неліктен таң
қалуға əрі ренжуге мəжбүр еткенін өзім де түсіне алмадым.
Қарындасым екеуміз нəсілдер мен касталар арасындағы алалық
дəстүрді түсінетіндей жаста емес екенімізді айттым білем. Бірақ ол
айтқаным ағаттау екен. Жас үндістермен достасудың бұрыс екенін сол
кездің өзінде бұлдырлау болса да, пайымдаған тəріздімін. Болмаса
көңіл-күйімді бұзған не нəрсе? Маған Виргиния да осындай сезімде
сияқты көрінді. Бір-бірімізге ештеңе айтпасақ та, екеуміз де өз-
өзімізден қысылып жүрдік. Мен өз ойымды тіпті қарындасым біліп
қала ма деп қауіптендім, ол да маған іштегі құпиясын ақтарып салуға
онша құштар емес еді.
Егер өз бетімен өршіп кете бергенде балғын махаббат неге
соқтырар еді? Өзінен-өзі сөніп қала ма, əлде құмардан шығып,
опасыздыққа опындыра ма, жоқ болмаса, ғұмырлық сүйіспеншілікке
айналар ма еді? Егер ештеңе бөгет болмағанда бұл сезімнің қалай
шешек атарын кім біліпті? Бірақ оның емін-еркін гүлденуіне тағдыр
жазбап еді.
Достығымыз мүлдем күтпеген жерде үзілді.
Құпиямызды жасыру үшін ешқандай айла-шарғыға барып көрмесек
те, не қарындасым, не мен жаңа таныстығымыз туралы əкемізге де,
шешемізге де бір сөз айтқан емеспіз. Əдетте олармен үнемі кеңесіп
отыратынбыз. Олар бізден жиі-жиі қайда барып жүргенімізді сұраған
болса, біз шындықты айтқан болар едік. Біздің кетіп қала беруіміз
ешкімді таңдандырған емес, оған өзіміз де мəн берген жоқ едік. Менің
аңға шығуым ─ əбден үйреншікті іс. Ата-анамды Виргинияның маған
жиі ілесіп, орманда серуендеуді ұнатып алғандығы ғана таңдандырғанды. Бірақ көп ұзамай олар бұған үйреніп кетті де, біз үйден қалаған
кезде шығып, ұзақ серуендеп оралатынбыз. Ешкім бізден мəн-жай
сұраған емес. Орман аралағанда жолсеріктеріміз кім боларын жасыру
ойымызда болған емес дегенді айттым ғой, бірақ оным ағаттық еді.
Сыр шашпауымыздың өзі қулық болатын. Дұрыс істеп жүрмегенімізді,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.