Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20

Total number of words is 4082
Total number of unique words is 2232
33.3 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
деген хабармен қайта оралды. Қос орнында жоқ еді. Үндістер,
жылқылар, тұтқындар, олжалар ─ бəрі де жоқ болыпты. Жанып
бітпеген оттың орны ғана жатыр. Соған қарап үндістердің асығыс жəне
тым-тырақай шегінгендерін аңғардық. Қып-қызыл шоқтар бүкіл
алаңға
шашылған,
олардан
жалынның
соңғы
ұшқындары
жылтылдайды.
Барлаушылар бүкіл орманның шетін аралап өткенше, ағаштар
арасында біртіндеп жылжумен болды. Олар айнала жүз ярдтай орман
арасын мұқият зерттеп шыққанмен, бірақ жау ізін немесе тосқауылын
кезіктіре алмады. Кешігіп қалыппыз - жабайылар тұтқындарды ала,
дəл иегіміздің астынан сытылып шығып, тайып отырған.
Қараңғыда үндістерді қуу мүмкін болмады. Ұнжырғамыз түскен
қалпы алаңға шығып, қаңырап қалған қостың орнына жайғаса
бастадық. Түннің қалған уақытын осында өткізіп, таң ата қуғынға
қайта кірісуді жөн көрдік.
Алдымен шөлімізді қандырып, аттарды суарып алу керек. Сонан соң
отты өшіріп, жасақтың тең жартысына жуығын аланды қоршап тұрған
ағаштар арасына сақшы етіп белгіледік. Аттарды шідерлеп, ағаштарға
байладық. Жасақтың қалған бөлігі əлгінде ғана жауларымыз дем алып
жатқан жерлерге тынығуға жайғасты. Сонымен таңды атырдық.
LXXXII тарау
ӨЛІ ОРМАН
Ұзақ жорықтан шаршаған жолдастарым кешікпей ұйықтап кетті.
Тек сақшылар ғана ояу, мен де тыныштық таба алмай, түннің көбін
алаң ортасында көмескілеу жалтырап жатқан тоспаның маңында
сенделумен өткіздім. Қозғалып жүрсем, бойым жеңілдеп қалғандай
болады. Көңілім тыныш, ауыр ойлардан сергимін. Қанішерлердің
басшысын көрген кезде атып тастамағаныма, отырған жерінде
жайрата салмағаныма өкіндім. Ал қазір ол сойқан қолымнан тағы да
құтылып кетті. Мүмкін, енді қайтып қарындасымды құтқара да
алмаспын...
Аңшылардың кедергі жасағандарына қатты ренжідім. Егер одан əрі
не болатынын болжай білсе, олар басқаша істер ме еді деймін Бірақ
мұны кім білген?
Дабыл көтерген екі ерікті енді жасаққа қайта қосылды. Олардың
жұмбақ қылықтары адалдықтарына шəк келтіруге мəжбүр етті. Билль
мен Недтің қайтып келуін еріктілер ызалы айқай-шумен, кіжіне қарсы
алды. Оларды əуелде-ақ атып тастағылары келіп еді. Əлгілер ақталуға
мұрша беріңдер деп жалбарынбағанда, осыны істейтіндері анық
болатын. Олар дамыл алған жерге жетпей-ақ жасақтан адасып
қалғандықтарын айтып ақталды. Біздің барлауға кеткенімізді,
үндістердің жақын жерде жатқанын да білмейтін болып шықты:
орманда адасып кеткендіктен, бізден жауап бола ма деп мылтық
атыпты. Олар үш жаяу адамды көргендерін де мойындады, бірақ
үндістер екен деп, кездесуден қорқып, қашып кетіпті.
Жұрттың көпшілігі бүл сөздерге сеніп қалды. Олардың ойларынша:
бұл екеуінің үндістерге белгі беруге қандай себептері болуы мүмкін?
Осындай сатқындыққа барады деп кім айта алады? Бірақ көптің бəрі
ондай ойда емес еді. Хикмэн қарттың əлгі адасып келген екі сілімтікке
көз қиығын тастап, жолдасына көп мағыналы үнмен сыбырлағанын
естіп қалдым:
- Абай боп жүр, Джим? Мына сұмырайларды көзіңнен таса қылма.
Ойлаған бір пəлелері бар...
Ешқандай нақты дəлел болмағандықтан əлгілер жасаққа қайта
қосылып, көппен бірге демалуға жатты.
Сұмырайлар тоспаның жағасында жатыр. Əрлі-берлі сенделіп жүріп,
мен олардың қастарынан талай рет өттім. Қараңғыда олардың
созылып жатқан денелерін ажыратуға болатын еді. Оларға бір жұмбақ
сезіммен қараймын, өйткені Хикмэн мен Уэзерфордтың сезіктеріне
өзім де қосылатынмын. Бірақ соны қасақана істеді деуге сене алмадым.
Ең азғындық сезімнің жетегімен, біздің жасақтың жетіп қалғанын
үндістерге білдіру үшін мылтық атып, белгі берді деуге сену қиын еді.
Түн ортасында ай туды. Аспан бұлтсыз болатын Ағаштардың
үстерімен қалқып бара жатқан ай жерге ақ сəулесін аямай төгіп тұр.
Сүттей аппақ сəуледен жұрт оянып кетті. Көпшілігі таң атып кеткен
екен деп, орындарынан ұшып-ұшып тұрысты. Тек аспанға қарағанда
барып, өз қателіктерін түсінді.
Дабырдан басқалары да оянып кетті. Бірсыпыра адамдар дереу ай
жарығымен қуғынды жалғастырайық деген ұсыныс айтты. Бүл ұсыныс
жаныма жағатын. Бірақ Хикмэн үзілді-кесілді қарсы болды. Орман іші
ашық алаңдағыдай жарық емес екендігін, алау жағуымызға
болатынын, бірақ ол жағдайда жаудың тосқауылына тап
болуымыздың мүмкіндігін түсіндірді. Ай жарығымен жай жолға
шығудың өзі қатерге бас тіккенмен бірдей. Жағдай да өзгеріп кетті:
жабайылар енді біздің қуып келе жатқанымызды біледі. Түнгі жорықта
қашқындар, сан жағынан аздау болғанмен, қуғыншыларға қарағанда
тиімді жағдайда болып шығады. Қараңғылық олардың бізге
тосқауылдан тап беріп, сосын жылыстап кетуіне мүмкіндік береді.
Жол бастаушылар осыны айтты. Бұл тұжырымға ешкім қарсы болған
жоқ. Таң атқанша қозғалмау туралы шешім қабылданды.
Сақшыларды ауыстыратын уақыт болды. Тынығып алғандар,
күзетшілерді ауыстырып, олар бірнеше сағат болса да көз шырымын
алуға жатты.
Басқалармен бірге Уильямс пен Спенс те кезекшілікке тұруға тиіс
болатын. Олар алаңның бір жақ бетінде қатар тұрды. Кезекшіліктен
келген Хикмэн мен Уэзерфорд шөп үстіне жата кетті. Олардың əлгі екі
достан онша алыс жайғаспағанын байқадым. Олар ай жарығымен
Спенс пен Уильямсті анық көріп жатқан болуы керек. Ұйықтайын
деген ойлары жоқ тəрізді. Анда-санда оларға қарап қоямын. Шөптен
сол көтеріңкі бастары түйісіп жатыр десе де болады. Аңшылар бірбірімен сыбырласып жатқан сияқты.
Мен бұрынғыша айнала жүрдім де қойдым. Ай жарығымен тез
жүруге мүмкіндік алдым, сондықтан қайғым біраз жеңілдеп қалды.
Тоспаны қанша рет айналып шыққанымды айту қиын. Өзіме-өзім есеп
берместен, еріксіз жүре беріппін. Бірсыпыра уақыт өткен соң жан
қайғысын қалжырау жеңе бастады. Біртіндеп жаным жай тапты.
Қасірет пен кек буған көңілім аз уақыт сабасына түсті. Себебін де
білемін: азап-қайғыдан əбден қалжырағандықтан жүйкем тозып, сезімтүйсіктің бəрі мұқалып қалған еді.
Бұның уақытша ғана жеңілдік, сұрапыл дауыл аралығындағы
алдамшы тыныштық екенін білдім. Бірақ қам көңіл сəт өтісімен
сыртқы əлем тіршілігіне қайтадан беріліп шыға келемін. Айналадағы
болып жатқан жайдың бəріне мұқият көз сала бастадым. Алдымен
айдың жарық нұрына малынған бұл жердің кейбір ерекшеліктері көзге
түсті.
Біз əдетте аңшылар "глэйд" немесе жергілікті халық өз тілінде
"глид" деп атайтын орман арасындағы алаңға тоқтаған екенбіз. Бұл
ағаштар мен бұталардан жұрдай, орман ішіндегі кішкентай ғана ашық
алаңқай. Оның сырт көрінісі дөп-дөңгелек, диаметрі елу ярдқа жуық.
Алаңның ортасындағы тоспа да дөп-дөңгелек - бүкіл жарты аралда көп
кезігетін, тамаша, табиғи су қоймаларының бірі. Əдейі қолдан қазған
секілді. Оның тереңдігі үш футтай, суы тап-таза, сап-салқын. Ай
сəулесіне күмістей шағылысады.
Аланды қалың шөп басқан жəне хош иісті гүлдерге тұнып тұр. Адам
аяғы мен ат тұяғына тапталған гүлдер бұрынғыдан бетер жұпар
аңқиды.
Бұл бір тамаша гүлзар еді. Басқаша көңіл-күйде болсам, мынадай
суретке көз тойғыза алмас едім.
Бірақ қазір суретке емес, былайша айтқанда, оның сыртқы
қаптауына қызығып тұрмын.
Жарты шеңбер жасай алаңды айнала өскен ағаштар əдейі қолдан
отырғызылған секілді. Оның арғы жағында, көз жететін жерге дейін,
қарағайлы орман созылып жатыр. Ағаш діңдерінің жуандықтары да
бірдей ─ кейбіреуінің диаметрі екі футқа жетіп қалады. Бірақ бұлар
жалаңаш діңдер болатын ─ бұтағы да, жапырағы да жоқ. Бұталар
болмағандықтан, күндіз бүл орманның ішінен бірсыпыра алыс жерді
көруге болады.
Ағаш діңдері түп-түзу жəне пальма діңіндей жұп-жұмыр. Егер ұшар
бастары желпуіш тəріздес боп төгіліп тұрса, бүл ағаштарды пальма
екен деп қалуға да болады. Бірақ бұлар пальма емес, сыпырғыш тəрізді
қарағай ─ Флоридада кең тараған ағаштардың бір түрі.
Ерекше жағдай таң қалдырмағанда, бұған соншалықты назар
аудармас та едім. Ағаштардың қылқан жапырақтары ашық жасыл емес,
қызыл-сары түстес екен. Əуелде маған солай елестеп тұрған болар
немесе ай жарытының əсері шығар деп ойлағанмын. Бірақ жақын келіп
қарағанымда, шынында да, тікенектерінің жасыл емес, бұтағында
тұрып-ақ қурап, кеуіп қалғанын көрдім. Оған қоса қарағай діңдерінің де
кеуіп, қабықтарының көтеріліп кеткенін байқадым. Осы бір қоңыркүрең орман көп жерге дейін созылып жатыр. Хикмэннің сөздері есіме
түсті: бұл, шынында да өлі орман екен. Қалай тауып айтқан десеңізші.
Ағаштарды қарағай жібек құрттары жеп қойған .
LXXXIII тарау
ЖАУ ҚОРШАУЫНДАҒЫ ШАЙҚАС
Осындай
ауыр
сəтте
менің
ботаникалық
бақылаумен
шұғылданғаным ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ тағы да бір жаңалық ашып,
қуанып қалдым: айдың ақсары сəулесіне тоғысқан, таңның көгілдір
арайымен қылқан жапырақтардың түсі біртіндеп өзгере бастады.
Ұзамай таң атады.
Таң қылаң бергенін байқаған жорықтастарым, шық басқан
орындарынан тез-тез тұрып, аттардың айылдарын тарта бастады.
Бəріміз ашпыз, бірақ таңғы астан үміттенген жоқпыз. Ол жағын қоя
тұруға ұйғардық.
Таң əлгінде ғана атқанмен айнала лезде жап-жарық болып кетті.
Күні бұрын ескеріп, соңғы сəтке дейін күзетке қойған төрт адамнан
басқа сақшыларды шақырып алдық. Аттарды шешіп, ауыздығын
салдық, түні бойы ерін алған жоқ болатынбыз, винтовкаларды мұқият
тексеріп, майлап шықтық. Жолдастарымның көпшілігі соғысқа
қатысып, талай айқасты бастан өткерген жандар. Алдағы айқаста
жеңіске жету үшін қажетті сақтықтың бəрі жасалды. Біз үндістерді
сəскеге дейін-ақ қуып жетіп, апандарына дейін бармақпыз. Қан
төгілерін біле тұрғанмен, алға жылжимыз деген берік шешімді
барлығы тағы да қайталап айтты.
Жорық сапына қатар түзеуге аз ғана уақыт кетті. Неғұрлым
тəжірибелі деген із кесушілерден бірнеше адамды алты жаққа
шолғынға жіберіп, жасақ орманға сонан соң ғана енгені жөн деп
ұйғарылды. Бұл бізді тосқауылдың күтпеген тұстан тап беруінен
сақтар еді. Бұл жолы да, бұрынғыдай, байырғы аңшылар шолғыншы
болмақ.
Барлық жиын аяқталып, қозғала бастағанбыз. Жұрт аттарына мініп,
барлаушылар орман шетіне қарай беттеді. Кенет, орман жақтан
мылтық атылып, сақшылардың үрейлі айқайы естілді. Олар əлі де өз
орындарында тұрған жəне төртеуі бір мезгілде атты.
Мылтық үніне мүлгіген орман мың қайталап үн қосты. Бірақ бұл
жаңғырық емес, винтовкалар мен мушкеттерден бораған оқтың нақ өзі.
Бір мезгілде қызыл өңділердің құлақ жарар əскери ұрандары да естілді.
Үндістер шабуыл бастады.
Дəлірек айтқанда, бізді қоршап алған. Сақшылар бір мезгілде
мылтық атты ─ демек, дұшпанды төртеуі бірдей көрген болды.
Оған кешікпей көзіміз жетті. Жаудың қаһарлы ұраны жанжағымыздан естіліп, ысқырған оқтар жақын маңға түсуде. Үндістер
алаңды қоршап алғанына еш күмəн қалған жоқ. Дұшпанның алғашқы
атқан оқтары бізді көп шығынға ұшырата қоймады. Оқ екі-үш адамға
ғана дарып, бірнеше жылқыны жарақаттады. Тəрізі, біздің шеп əзірге
оқ жетер жерден алыстау болса керек. Атылған оқтардың көбі тұп-тура
тоспаға түсіп жатты. Ал егер үндістер жақынырақ еңбектеп келіп оқ
атқанда, жайпап салатын еді: ашық жерде ұйысқан біздің топ ─ олар
үшін дайын нысана.
Бақытымызға қарай, біздің қырағы сақшыларымыз олардың
жақындап келе жатқанын байқап қалып, дер кезінде дабыл көтерді.
Бізді осы ғана сақтап қалды.
Бірақ мұның бəрі ойға кейін оралды. Сын сағатта бірдеңе ойлап
үлгерудің өзі қиын. Шабуылдың беталысы белгілі болды. Бізді қоршап
алған, енді оларға тек мұқият ойластырылған əрекет қана ең жақсы
жауап болмақ.
Күтпеген жерден жасалған шабуыл алғашқы сəтте бəрімізді
абыржытып тастады. Жауынгерлердің айқайы аспанға шапшыған
аттардың кісінеуімен ұласып кетті. Бірақ сол кезде, осынау қым-қуыт
айқай-шудың арасынан Хикмэннің күркіреген даусы естілді:
─ Аттан түсіңдер! Ағашқа қарай жүгіріңдер! Тезірек аттан түсіңдер!
Ағашқа қарай жүгіріңдер, тасаға тығылыңдар! Əйтпесе жер
сілкінісімен ант етейін, көп боздақтар бүгін скальптерінен
айырылады. Ағашқа қарай! Ағашқа қарай!
Бұл ой басқаларға да келген Сондықтан қарт аңшы айтып ауыз
жиғанша, бəрі аттарынан түсе қалып, жан-жаққа бытырай жүгірді.
Əрқайсысы беттерін орманға беріп, бір-бір ағаштың тасасына
тығылды. Сонымен біртұтас қорғаныс шеңбері жасалды. Əрбір адамға
бір-бір қарағай діңі пана болды. Біз бір-бірімізге арқамызды беріп,
жауларға қарай бұрылып тұра-тұра қалдық.
Иесіз қалған аттар аланда шапқылап жүр. Салақтаған тізгіндер мен
үзеңгілер оларды бұрынғыдан да желіктіре түсетін секілді.
Жылқылардың көбі біздің жанымыздан шауып өтіп, орманға қарай
салды. Сөйтіп үндістердің қолына түсті немесе сытылып шығып,
қалыңға кіріп жоқ болды.
Біз оларды ұстауға ұмтылмадық. Оқ құлағымыздың тұсынан
зуылдап өтіп жатқанда өзімізді қорғап тұрған ағаштың тасасынан
шығу басымызды өлімге тігумен бірдей.
Біздің
шептің
артықшылығы
бір
қарағанда-ақ
байқалды.
Сақшыларды ерте шақырмағанымыз абиыр болған екен, əйтпесе
үндістер күтпеген жерден бас салатыны сөзсіз болатын. Олар ұран
салмай, мылтық атпастан орманның дəл шетіне дейін жеткенде, бізді
оп-оңай қолға түсірер еді. Ағаштардың тасасындағы оларға
оғымыздың дарымайтыны да анық. Ашық жердегі біз болсақ, жаудың
қардай бораған оғына тап боламыз.
Енді біздің алдымызда олардың пəлендей артықшылықтары жоқ.
Бізді де, үндістерді де ағаш діңдері қалқалап тұр. Біздің бақытымыз,
Хикмэннің бұйрығын тез орындағандығымызда!
Біз де қарап қалмадық: бірнеше секундтан кейін біздің
винтовкаларымыз да оқ төкті. Мылтықтардың гүрс-гүрс атылған ащы
үні құлаққа келеді. Абайсызда ағаш тасасынан басын қылт еткізген
əлдебір үндіс оққа ұшып құлаған кезде, қуана айқайлап жібереміз.
Қарт аңшының сабырлы, анық та зор даусы тағы да естілді:
─ Жігіттер, асықпай көздеп, дəл тигізіңдер! Оқ-дəріні текке
шығындамаңдар... Бұл қарғыс атқырларды жайратып болғанымызша,
оқтарымыз таусылып қалады. Қызыл өңдінің жүзін анық көрмейінше,
шүріппені баспаңдар!
Бұл ескертудің терең мағынасы бар. Жас жігіттердің көпшілігі
дамылсыз атып, тек аташтарды көздеумен болған. Хикмэннің сөздері
қатты əсер етті білем, енді олар оқ дəріні бет алды шығындауды
қойып, атыс сирейін деді. Оның есесіне жиі естіле бастаған қуанышты
айқай, əрбір оқтың нысанаға дөп тиіп жатқанын сездіреді.
Атыс басталған соң бірнеше минуттан кейін-ақ айқас басқа сипат
ала бастады. Үндістердің жан түршігерлік жабайы ұрандары
тыйылды. Тек оқта-текте, дəл тигізген жолдасын көтермелеген
"уралаған" дауыстар немесе ұрысқа жауынгерлерін жігерлендірмек
болған əлдебір үндіс көсемінің "но-хо-эхн" деген ұраны естіліп қалады.
Атыс барған сайын сирей берді. Нысанаға дəл ілінген кезде ғана
мылтық атылады. Əркімнің көздеген өз жауы бар, сондықтан
нəтижесіз атыс пен қысыр сөзге ешкімнің уақыты жоқ.
Бəлкім, бүкіл Флорида сотының тарихында мұндай тыныштықта
өткен шайқасты ешкім естімеген болар. Кей сот атыс арасында өлі
тыныштық орнап қалады.
Ұрыс атаулыда бұрын-соңды мұндай таң қаларлықтай болып
орналасқан жауласушылар болмаған шығар. Біз қос шеңбер жасай
орналасыппыз. Сыртқы шеңбер - дұшпандар да, аланды қоршаған ішкі
шеңберде - біз. Шеңберлер аралығы қырық қадамнан аспағанмен,
қолма-қол шайқасқа шығуға екі жақ та тəуекел ете алмады. Біз
жауларымызбен ақырын сөйлессек те, ести алатындай жақын жерде
тұрмыз. Тіпті қарашықтарын нысанаға алуымызға болады.
Міне, бұл сондай шайқас еді!
LXXXIV тарау
ДЖЕК МҮЛТ ЖІБЕРМЕДІ
Атыс екі сағатқа созылды, бірақ екі жақтың да жағдайы пəлендей
өзгере қойған жоқ. Көздеген жауын нысанаға дəл алатын оңтайлы жер
немесе сенімді таса іздеген əлдекім, анда-санда, бір ағаштан екінші
ағашқа зеңбіректен атылған снарядтай зулап өтеді.
Ағаштардың діңдері бізге пана болардай онша жуан емес.
Кейбіреулер оларды тасалағанда, мүмкіндігінше аз орын алуға
тырысады. Ағаш діңіне жабысып тұруға тура келеді. Енді біреулер
тарбия өскен ағаш тамырларының арасына жатып алып, сол қалпында
оқ жаудыруда.
Атыс күн шыға басталған-ды, ал қазір күн едəуір көтеріліп қалды.
Орман іші, ең қалың жыныс арасына дейін жап-жарық болатын. Екі жақ
та бір-бірін анық көреді. Үндістердің артықшылығы - біздің
тылымыздың ашықтығында... Қурап қалған орасан көп қылқан
жапырақтар бұтақтардан суылдай төгіліп, жерге төселіп жатыр. Ал
жоғарыда қалып қойған инелері, құрып қойған торғын перде секілді,
шақшиған күн сəулесін себезгілеп жібереді. Орманда біздің
мергендеріміз көлемі теңгедей нысананы атып түсіремін десе де
жетерлік жарық бар. Ағаш тасасынан көрініп тұрған қол, аяқ, нық, тіпті
киіміңнің етек-жеңіне дейін ─ бəрі де табанда нысанаға айналып, екі
жақтың да көздеп атуына мүмкіндік береді. Егер əлдекім, тым болмаса
он секундтай тасадан басын шығара қойған болса, оқ қақ маңдайға тиді
дей бер, өйткені екі жақта да ұсынғанын мүлт жібермес мергендер
жеткілікті.
Осымен екі сағат өтті. Шығынымыз да бар, мəселе "шатақсыз"
болмай қалған жоқ, одан соң өшпенділік өрті бұрынғыдан бетер өрши
түсті. Біздің бірнеше адамымыз жараланған екен ─ олардың екеуі ауыр
жараланып, біреуі ─ қаза тапты. Ол ─ жасақ түгел жақсы көретін жас
жігіт еді. Жолдастың өлімі ашу-ызаны қайта қоздырды.
Үндістердің шығыны көбірек секілді. Біз нысанаға алған кезде
бірінен соң бірі құлап жатқанын көргенбіз. Жасағымызда бүкіл
Флоридаға əйгілі бірнеше мерген бартұғын. Хикмэн "қарауылға" үш
адамды алдым деген, ал оның "қарауылға" алған адамдары жер
жастанып тынатыны белгілі.
Уэзерфорд бір үндісті қалпақтай түсірді. Оған ешқандай күмəн жоқ:
жабайының жансыз денесі құлаған жерде қалғанын көзімізбен көрдік.
Аңшының оғынан сескенген жолдастары əлгінің өлігін алып кетуге
батпады.
Біраз уақыттан соң үндістер жаңа тəсіл қолдануға бел байлады.
Олардың бізден гөрі епті екендіктері осы арада байқалды. Олар əр
ағаштың тасасына екі-екіден бой тасалап, біреуі атқан кезде, екіншісі
көздеп тұрады. Нысанаға ілінген біздің адам, жау мылтығын қайта
оқтағанша біраз уақыт бар той деп, арқаны кеңге салып, алданып
қалары белгілі. Ол қаперсіз тұрғанда екінші мергеннің оғына ұшады.
Бұл айла жемісті боп шықты. Бұл қулықты түсініп болғанша,
бірнеше адамымыз жараланып, бір адам оққа ұшты.
Мынадай зұлымдық жігіттердің қандарын бұрынғыдан да қатты
қайнатты. Олардың бұл тəсілін өздеріне қарсы қолдануға болмайтын
еді. Біз тым аз болатынбыз. Егер əр ағаштың тасасына екі-екіден
тұратын болсақ, тізбегімізді сиретіп алар едік. Сондықтан бұрынғы
шепті бұзбай, тек сақтықты күшейте түсуге мəжбүр болдық.
Бір рет үндістерді қапы қалдырудың реті келді. Оны Қара Джек
екеуміз жүзеге асырдық.
Екеуміз екі ағаштың тасасында қатар тұрғанбыз. Қарсы
алдымыздағы үш жабайы таң атқалы аяусыз атқылап жатқан. Бір оқ
менің мундирімнің жеңін тесіп өтті, ал екіншісі Джектің бір шөкім
бұйра шашын қырқып түсті. Əйтеуір, сəтін салғанда, екеуміз де аман
қалдық.
Солардың біреуіне қызметшімнің өте-мөте "құсы түсті". Тəрізі көсем
болуы керек, басына қара құстың қауырсындарын қадап алған, бойшаң
жабайы еді. Оның ағаш тасасынан оқта-текте қылт етіп көрініп қалған
жүзінде ашық қызыл бояудың табы бар. Ағаш-ағаштың арасында
қызарған күндей жалтырайды.
Ол менің қызметшімнің жынын келтіріп болды. Тəрізі, Джектің қара
түсті екенін байқап қалған болуы керек, үндіс ара-тұра қарсыласын
келемеждеп қояды. Үндіс өздерінше сөйлегенмен, ол тілді Джек жақсы
білетін. Джек ашуға мініп, ашық қызыл көсемнен қалайда кек алуға ант
етті.
Джектің ойластырған жоспарын жүзеге асыруға көмектестім.
Фуражкамды таяққа іліп, ағаштың тасасынан болар-болмас қана
шығардым. Бүл жұрттың бəрі жақсы білетін көне тəсіл болатын. Бірақ
үндіс Джектің сөзімен айтқанда, "қармаққа түсіп қалды". Ашық қызыл
жүзді көсем пальметто жапырақтарынан көтеріле бере, түтін бұрқ етті,
сол сəт оң қолымдағы фуражканы жұлып түсті.
Бірақ əлгімен бір мезгілде екінші, одан гөрі қаттырақ атылған
мылтықтың үні естілді -атқан Джек еді.
Ағаштан басымды шығарып қарап едім, бұтадан көрінген үндістің
алқызыл жүзі бұрынғыдан бетер алаулап кеткен екен. Ал қызыл түс
қызыл күреңге ауысты. Артынша боянып алған үндіс, алдындағы
бұтаның үстіне кескен теректей гүрс етіп құлады.
Сан жағынан бізден əлдеқайда көп болғанымен, атыс кезінде
үндістер бізге жақындауға ұмтылған жоқ. Біз ізіне түскен топқа, сан
жатынан пара-пар келетін тағы бір топ келіп қосылды. Қарсы
алдымызда кем дегенде жүзге тарта үндіс шоғырланған-ды ─ олардың
қазіргі ұзын саны ұрыс басталған кездегіден кем емес. Бірақ олар бізді
қоршаумен ғана шектелді. Алға лап қойса, əрине, көптігімен бізді жеңіп
кететіні сөзсіз. Бірақ біздің тізбекке жетіп үлгергенше, қатарлары
қатты сиреп, ең үздік жауынгерлерінен айырылып қалатындарын олар
жақсы біледі. Мұндай жағдайларда үндістер өте сақ қимылдайды. Егер
қарсыластары шамалы бекініске табан тірер болса, онда олар өте
сирек шабуылдайды. Ең əлсіз форт, ең сенімсіз бекіністің өзі көп
жағдайда, Батыстың қызыл өңді жауынгерлеріне төтеп бере алады.
Айла тəсілдерінің алғашқы шабуылда-ақ сəтсіз болғанын
ұққанымен, біздің шебіміздің де мықтап əлсірегенін түсінген
қарсыластар қоршап алғаннан басқа, жаңа айла-шарғыға бара қойған
жоқ. Ұзамай атыс бірте-бірте сиреп, ақырында мүлдем тыйылды. Бірақ
біз мұның шегініс емес екенін білетінбіз. Керісінше, үндістер бірнеше
жерден от жаға бастады. Таңертеңгі астың қамына кіріскен секілді.
Арамызда бұған қызғана қарамаған пенде жоқ еді.
LXXXV тарау
ТАЛҒАЖАУ
Уақытша тыныс алу бізге жеңілдік əпермеді: ағаштардың
қалқасынан шығуға бата алмадық. Судан екі адым жерде тұрғанмен,
қаталап өліп барамыз. Осынау жалтырап жатқан суды көргеннен
көрмегеніміз жақсы еді. Ол бізге тек Танталдың65 азабын тартқызып,
көзімізге күйік болды.
Үндістердің
жауынгерлік
орындарында
тұрып-ақ
тамақтанғандарын көрдік. Біреулері ас жеп жатса, екіншілері өздеріне
кезек келгенше ошақтан тамақ тасумен жүр. Əйелдердің де оқ жетер
жерде ерсілі-қарсылы жүргендері көрініп тұр.
Бəріміз де жүдеген қасқырдай аш едік. Аузымызға бір түйір ас
салмағанымызға, міне, бүгін бір тəулік, тіпті тəуліктен де асып барады.
Ал жаудың өз азықтарын сылқита соғып жатқаны тəбетімізді
бұрынғыдан да қоздыра түсіп, ит жынымызды келтірді.
Үндістер біздің аштан өлгелі тұрғанымызды көріп, өшіктіре түсетін
секілді.
Əсіресе Хикмэн қатты долданды. "Ашыққаным сонша, егер қолыма
түсер болса, тірі үндісті тұтас жеп қояр едім" деген сөзді жұрттың
бəріне естірте айтты. Аңшы, шынында да, өз уəдесін орындарлықтай
тым қаһарлы еді.
─ Ақ нəсілді христиандар мүжуге сүйек таба алмай тұрғанда, мына
қарғыс атқыр қызыл өңділердің етті кесек-кесегімен қылғытулары кез
келген cay адамның өзін жындандырып жіберуі мүмкін, - деп
бұрқылдады ол. ─ Ашудан аяғың жерге тимейді! Тап солай болмаса,
аллигатордың ең албастысымен ант етейін!
Бізді Хикмэн мен Уэзерфорд сияқты адамдардың өзі талғажау
етерлік ештеңе таба алмайтындай нəрсіз кеңістік қоршап тұрған-ды.
Бірақ, қалай болғанда да олардың тұйықтан жол таппайтын кездері
болмайтын. Бұл жолы да бар тəжірибелерін салып бақты. Ақыры бір
тамаша ойға тоқтады. Олар жерде аткөпір болып шашылып жатқан
қылқан жапырақтарды асығыс қаза бастады. Не іздеп жүр екен? Құртқұмырсқа ма? Кесірткелер ме? Жо-жоқ, оған бара қоятындай аш
емеспіз.
Қанша
аш
өзек
болғандарымен,
бауырымен
жорғалаушыларды жеуге олар бара қоймас. Бастарына одан гөрі
жарқын ой келе қалған-ды. Кешікпей қуанышты дауыс іздеу
жұмысының нəтижелі аяқталғанын білдірді.
Хикмэн ананасқа ұқсас, конус тəрізді қызылкүрең бірдеңені ұстап
тұр. Бақсақ, бұл қарағай жаңғағы екен - үлкендігі мен түріне қарап оп-
оңай ажыратуға болады. Хикмэн бүкіл жұртқа жар салды:
─ Кəне, жігіттер, мынандай ағаш жұмыртқаларын теріп, үгітіп
жіберіңдер! Ішінде дəні немесе дəнегі бар - жеуге жарамды. Əрине,
шошқа етіндей немесе жүгері ботқасындай бола қоймас. Бірақ қазір
ботқа мен торай еті жоқ болғандықтан жан-жақтарыңдағы үйінділерді
қопарыңдар - бір үйме жаңғақ табуларың ғажап емес.
Ұсыныс ықыласпен қабылданып, жұрттың бəрі құрғақ үйіндіні
қопаруға бірден кірісіп кетті. Бұл жан-жағымызды қоршаған
қарағайлардың жаңғағы болатын. Кейбіреулері қол жетер жерде,
үйінділердің үстінде жатыр, басқаларын сүмбі мен мылтық
оқпандарының көмегімен жерден қазып алуға тура келеді. Қалай
дегенмен, осындай "жұмыртқалардың" біразын əркім-ақ жинап
үлгерді. Дəнін бəріміз де құныға шайнап жатырмыз. Дəмі де бəрімізге
ұнады, бірақ жаңғақ елу аш құрсақты тойдыратындай көп емес.
Кейбіреулері "құрғақ тамақ ас болмайды екен" деп əзілдеп қояды.
Арамыздағы қалжыңқойлар жаңғақ үге отырып, көңілдене күлісіп
алды. Жалпы алғанда, мəз болатындай ештеңе жоқ, ─ жағдай тым ауыр
болатын. Атыс басталмай тұрғанда төніп келе жатқан қауіп туралы
кеңесіп алатын уақытымыз бар.
Біз шындап қыспаққа ала бастағанын осы уақытқа дейін
ойламаппыз. Қызу айқас ес жиып, тағдырымызды талқылардай мұрша
бермеген еді. Бұған дейін атысты, түбі екі жақтың бірі жеңіп тынатын
шайқас қана деп ұғыппыз.
Енді жау қыспағы бекер емес екендігін түсіндік. Бізді тұс-тұстан
қоршап, онша сенімді емес қамалға қуып тығыпты. Бар бекінісіміз ─
жағалай өскен ағаштар ғана. Бізде жаралыларды жасыра тұратын, тіпті
асығыс салынған болса да баспана жоқ. Əрқайсысымыз өз орнымыздан
бір қадам аттап шыға алмайтын сақшы сияқтымыз.
Жағдайымыз өте қауіпті. Қоршаудан сытылып шығудың еш
мүмкіндігі жоқ. Аттарымыздың бəрі қашып кетті. Тек бір ғана жылқы
тоспа маңында теңкиіп жатыр. Ол да оққа ұшып өлді. Бірақ оны атқан
жау емес, Хикмэннің өзі болатын. Бұл қылығына əуелде таң қалғанмын.
Бірақ аңшының өз есебі бар екен, оны мен кейінірек білдім.
Бес есе басым жауға, кез келген дұшпанға қарсы төтеп беріп, өз
шебімізді қорғап қала аламыз. Бірақ немен қоректенбекпіз?
Шөлден қорыққан жоқпыз. Түнде амалын тауып, қараңғылықты
жамылып, тоспаға барып қайтуға болады.
Қарағай жаңғақтары бізге уақытша ғана талғажау болғанмен, бірақ
енді жақын маңда ол да қалған жоқ. Түбінде аштыққа төзе алмай,
берілуге мəжбүр боламыз.
Бір-бірімізге бетпе-бет кеп тұрғандай, өз орындарымызда тұрып-ақ
еркін сөйлесеміз, алдағы болашағымызды ойластырудамыз. Бірақ
болашақ дегенің түнек секілді.
Осының ақыры немен бітеді? Мынадай қауіпті жағдайдан қалай
құтыламыз. Бəріміздің ақыл-ойымызды шырмаған, ауыздан-ауызға
көшіп жатқан мəселе осы ғана.
Біз үшін құтылудың бір-ақ жолы бар: түн қараңғылығын жамылып,
жау шебін бұзып өтуге талаптануымыз керек.
Тəуекел ету қиын ─ қалың жаудың қатарын жарып өту оңай емес.
Бірсыпырамыз, мүмкін тіпті көпшілігіміз, мəңгі бақи осында
қалармыз, бірақ кейбіреулердің құтылып кетуіне сəті түсер. Бұл жерде
қала беру ─ өзіңді құрбандыққа шалғанмен бірдей. Көмек күтер жер
жоқ. Ондай орындалмас үмітке еліккен де жоқпыз: аштықтан сəл
əлсіресек болғаны ─ бірімізді қалдырмай қырып салатынын өте жақсы
білеміз.
Мұндай тауқыметке түскіміз келмегендіктен, күш-қуатымыздың
барында қоршауды бұзып-шығуға бел байладық; қараңғылық бізге
қолайлы болмақ. Сонымен, бəріміз күннің батуын асыға күттік.
LXXXVI тарау
ТУ СЫРТТАН АТЫЛҒАН ОҚ
Күні бойы үндістер атысты бірнеше рет қайта жалғастырып, біздің
өте сақтанғанымызға қарамастан, тағы да бір адамымызды өлтіріп,
бірнеше адамды жеңіл жарақаттады.
Бұл қақтығыстарда үндістердің ағаштан-ағашқа жүгіріп, біздің
шебімізге жақындауға ұмтылғандары белгілі болды. Олардың
жоспарын түсіндік: олар бізбен қоян-қолтық келіп айқасуды мақсат
етпеген. Егер нақ солай істер болса, ондай əдіс өзін толық ақтар да еді,
өйткені олар сан жағынан басым. Енді олардың саны бұрынғыдан да
көбейді: шайқас жүріп жатқан жерге үндістердің тағы да бір тобы келіп
қосылды. Біз олардың бір-бірімен қуанысып қауышқандарын естіп
тұрдық. Бірақ қанша басым болса да, олар қолма-қол шайқасқа
шығудан тайсалды. Олардың шабуылдағы мақсаттары басқа болатын,
біз оны түсіне қойдық. Үндістер жақынырақ келсе, тек бізді тана емес,
қарсы беттегі жолдастарымызды да нысанаға ала алатындарын біліп
қалды.
Енді біз үшін ең бастысы, дұшпанның бұл ниетін жүзеге асыртпау,
сондықтан сақтықты бұрынғыдан екі есе күшейте түстік. Енді күзен
аулаған адамның ін аузын аңдығаны секілді, ағаш тасасында тұрған
үндістерден көз жазбайтын болдық. Олардың жақындай түсуіне
барынша кедергі жасап бақтық. Олар алға жылжуға қанша
ұмтылғанмен, елеулі табысқа жете алмады: қайта бірнеше ер жүрек
жауынгерлерінен айырылды. Қарсыластарымыз бір адым алға басса
болғаны, бірнеше мылтық қатарынан гүрс етіп, əр атқан сайын бір
дұшпанның қыршыны қиылады.
Ұзамай үндістер бұл қауіпті айладан да мезі бола бастады. Кеш
батысымен олар өз ниеттерінен бас тартып, қыспақты жалғастыра
беруге көшкен тəрізденді.
Күн батып, ымырт түсе біз қатты қуандық. Бұл біздің кешікпей-ақ
тоспаға жетуімізге мүмкіндік беретін еді. Жұрттың əбден қаны кеуіп,
шөлден жынданып кете жаздады. Бұл хал күні бойға созылды.
Бірсыпыра адамдар тоспаға күндіз-ақ барып қайтпақ болған. Бірақ
неғұрлым тəжірибелі жандар оларға мұның қауіпті екенін ескертті.
Өзіміз куə болған оқиға, бұл ескертудің дұрыстығын дəлелдеді.
Арамыздан, өзгемізге қарағанда қызба қанды біреу тəуекел етпек
болды. Ол тоспаға аман жетіп, шөлін басты. Бірақ асығыс қайтып келе
жатқан заматта жабайылардың біреуі оны сұлатып салды. Бүл бізден
шығын болған адамдардың соңғысы еді. Оның өлі денесі бəріміздің көз
алдымызда жатты. Шөлден қаталап қанша қиналғанмен, бұдан кейін
ешкім нар тəуекелге бара қойған жоқ.
Ақыры жер бетін көптен күткен қараңғылық басты. Қорғасындай
балқыған аспанда, батқан күннің болымсыз шапағы əлсіз шуақ шашып
тұр. Ағаш тасасындағы еріктілер екі-екіден, үш-үштен шығып, тоспаға
жақындай бастады. Олар түнде жүрген елес секілді, бүгежектеп,
шөптің үстін сыбдырсыз басады. Жұрттың бəрі тезірек шөлдерін
қандырғысы келгенмен, бəріміз бірдей орнымыздан кете алмадық.
Қарт аңшының сақтандыруы ең шыдамсыз дегендердің өзін тежеп,
олар жолдастары өз орындарына қайтып келгенше, алапат шөлге
амалсыз шыдап, кезектерін күтті.
Мұнымыз ақыл болды, өйткені осылай боларын алдын ала білген
үндістер аланды бұрынғыдан бетер оқтың астына алды. Мылтықтар
дүркіндете гүрсілдеп, үндістер оқты далаға атуда - қараңғылық
көздеуге мүмкіндік бермеді: оқтар жан-жағымыздан арадай ызылдап,
зулап өтіп жатыр.
Кенет біреу үндістер келіп қалды деп, жанұшыра айқай салды.
Бəріміз де суды қойып, ағаштарға қарай тұра жүгірдік. Көпшілігіміз бір
ұрттам су іше алмай-ақ кеттік.
Мен ағаш тасасынан қозғалмай тұрмын. Қатарымда сақшыдай қара
көмекшім де тастүйін қалыпта қатып қалған. Біз суға кезектесіп
барамыз деп келіскенбіз. Джек алдымен менің барғанымды қалады.
Оның айтқанын орындауға енді оқтала бергенде, жау қайтадан оқ
боратты. Үндістер шабуылды қайта бастай ма деп қауіптеніп, өз
орнымызда қала беруге мəжбүр болдық.
Мылтығымды оңтайлап, ағаштан "бір көзіммен" ғана сығалап
тұрмын. Қарсыласымның винтовкасының оқпанынан сумаң етіп
шығар жалынды күткен едім. Кенет қолымды бірдеңе қағып
жібергендей болып, мылтығым жерге ұшып түсті.
Бəрі түсінікті болды: қолымды оқ тесіп өткен екен. Иығымды тым
шығарыңқырап тұрамын деп жараланып қалдым - болған іс осы.
Ең алдымен жарақатыма қарадым. Жаныма батып қатты
ауырғандықтан, оқ тиген жерімді дəл таптым. Оқтың оң қарымның
жоғары тұсын, иықтан төменірек тесіп өтіп, сосын, төмен қарай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.