Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01

Total number of words is 4183
Total number of unique words is 2301
31.1 of words are in the 2000 most common words
44.1 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Роман
 
I тарау
II тарау
III тарау
IV таpay
V тарау
VI тарау
VII тарау
VIII тарау
IX тарау
X тарау
XI тарау
XII тарау
XIII тарау
XIV тарау
XV тарау
XVI тарау
XVII тарау
XVIII тарау
XIX тарау
XX тарау
XXI тарау
XXII тарау
XXIII тарау
XXIV тарау
XXV тарау
XXVI тарау
XXVII тарау
XXVIII тарау
XXIX тарау
XXX тарау
XXXI тарау
XXXII тарау
XXXIII тарау
XXXIV тарау
XXXV тарау
XXXVI тарау
XXXVII тарау
XXXVIII тарау
XXXIX тарау
XL тарау
XLI тарау
XLII тарау
XLIII тарау
XLIV тарау
XLV mapay
XLVI тарау
XLVII тарау
XLVIII тарау
XLIX тapay
L тарау
LI тapay
LII тарау
LIII тарау
LIV тарау
LV тарау
LVI тарау
LVII тарау
LVIII тарау
LIX тарау
LX тарау
LXІ тарау
LXII тарау
LXIII тарау
LXIV тарау
LXV тарау
LXVI тарау
LXVII тарау
LXVIII тарау
LXIX тарау
LXX тарау
LXXI тарау
LXXII тарау
LXXIII тарау
LXXIV тарау
LXXV тарау
LXXVI тарау
LXXVII тарау
LXXVIII тарау
LXXIX тарау
LXXX тарау
LXXXI тарау
LXXXII тарау
LXXXIII тарау
LXXXIV тарау
LXXXV тарау
LXXXVI тарау
LXXXVII тарау
LXXXVIII тарау
LXXXIX тарау
ХС тарау
ХСІ тарау
ХСІІ тарау
ХСІІІ тарау
XCIV тарау
XCV тарау
XCVI тарау

I тарау
ГҮЛЖАЗИРА ЕЛI
LINDA FLORIDA! Таңғажайып, гүлжазира елі! Өз кемесінің үстінен
алғаш көрген кезде, шытырман оқиға іздеуге шыққан ер жүрек
испандық1 сенімен осылай сəлемдескен.
Гүл базарын жайнатқан мерекелік жексенбі еді. Осы бір
үйлесімділіктің өзін тақуа кастилдік жақсылықтың нышаны деп
түсінді. Ол сені "Флорида" деп атады жəне сен, шынында да, осы бір
асқақ атқа лайықтысың.
Содан бері үш жүз жыл өтті. Ұзақ үш ғасыр өтіпті, бірақ өзіңді алғаш
ашқан күндегідей сен əлі де осы бір əдемі атқа лайықсың. Үш ғасыр
бұрын жағалауыңа Хуан де Леон алғаш аяқ басқан күндегідей бүгінде
гүлге малынып тұрсың. Иə, дүние алғаш жаратылған күндердегідей,
сен қазір де ғаламат əсемсің!
Ормандарың əлі де адам аяқ баспаған қалың ну, саванналарыңда
жасыл желек жайқалып тұр, тоғайларыңнан анистің, апельсин
ағашының, мирт пен магнолияның хош иісі аңқиды. Жазықтарыңда
жалтылдаған көгілдір иксия көздің жауын алады. Алтын түсті
нимфеяңның суреті су бетіне шағылысады. Батпақты ормандарыңда
орасан үлкен кипаристер, алып самырсындар, эвкалиптер мен лавр
ағаштары бой таластырады. Аппақ күмістей құм жапқан
қыраттарыңды қарағайлар көмкеріп, олардың қылқан жапырақтары
пальма жапырақтарымен жарыса өсіп тұр. Табиғаттың тылсым
құдіреті-ай десейші: осы бір майда қоңыр, мамыражай өлкеде
өсімдіктің барлық түрі кездеседі ─ солтүстік пен оңтүстіктің ағаштары
бұтақтарын айқастырып қатар өседі.
Таңғажайып Флорида! Саған қарап тебіренбес адам бар ма?
Шапағатты өлке екеніңді кім теріске шығармақ? Сенің қойнауыңнан
бұлқына атқылап жатқан бастаулардың адамды қайта жасартып,
өмірге мəңгілік нəр беретініне əркім-ақ өзіңмен алғаш жүздескен
саяхатшылардай, ешбір күмəнсіз сенеді ғой! Осы бір тəтті, естен кетпес
қиял талайдың жан дүниесін баурап алғандығына таңдануға болмайды
— олар бұл қиялға бой ұрған. Атақ-даңқың кəусар суларыңнан мейір
қандырып, қайта жасаруға ұмтылған шытырман оқиға іздеуші
мыңдаған адамдарды Мексиканың күмісі мен Перудің алтынынан кем
қызықтырған жоқ. Жеткізбес қиялға ерген талай боздақтар осы бір
қатерлі жиһангер жолда жасына жетпей қартайып, тіпті мерт болып та
кетті. Бірақ осындай көзсіз батырлыққа таңдануға бола ма?! Тіпті
біздің заманымыздың өзінде мұны қиялға жатқызу қиын, ал сонау
арман қуған əсершіл заманда елігіп кету əлдеқайда оңай болатын.
Жаңа дүниені ашқан екенсің, онда өмір сүрудің жаңа тəсілін неге
таппасқа? Адамдар жапырақтары мəңгі сыбдыр қағатын, гүлдері
ешқашан солмайтын, құстары тынбай сайрайтын, ешқашан қыс
болмайтын, ештеңе өлімді еске түсірмейтін елді көріп еді. Осындай
шапағатты жердің хош иісін жұтқан адамдарға ешқашан өшпейтін
сенім нұрын құйған сиқырлы тылсым осы емес пе?
Сол бір əсіре қиял əлдеқашан жоғалған, бірақ сол қиялды туғызған
сұлулық сақталып келеді. Таңғажайып Флорида, сен баяғыдай
Гүлжазира елі болумен келесің! Тоғайларың бұрынғыдай жап-жасыл
аспаның бұлтсыз, суларың мөлдір, сен бұрынғыша қас сұлулығыңнан
таймапсың! Дегенмен бірдеңе өзгерген секілді. Табиғат сол қалпында.
Ал адамдар ше?
Өзің асырап, өзің нəр берген өңдері мыстай қызғылт адамдар қайда?
Өлкелеріңнен мен тек ақ өңділер мен зəңгілерді көремін, қызыл
өңділер жоқ; еуропалықтар мен африкалықтар ғана бар, ал үндістер
көрінбейді. Осы жерді мекендеген байырғы тұрғындар шынымен
құрып кеткені ме?! Үндістер қайда? Жоқ! Олар гүл көмкерген
соқпақтарыңмен енді қайтып жүрмейді, қайықтары тұнық өзендеріңде
енді қайтып жүзбейді, жанға жайлы жұпар атқан ормандарыңда
дауыстары енді қайтып естілмейді, қалың ну арасында садақтарының
адырнасы енді қайтып зыңылдамайды. Олар кетіп қалды - алысқа жəне
біржола кетті.
Бірақ олар өз еріктерімен кеткен жоқ. Сені өз еркімен кім қиып
кетер еді? Жоқ, таңғажайып Флорида, қызыл өңді түлектерің өзіңе адал
бола білді, сені қиып кету оңай болған жоқ. Олар өздерінің жастық
шақтарын өткізген сүйікті мекендерін көп уақыт қорғады; ұзақ
жылдар жанқиярлықпен айқасып, мəңгілік даңққа бөленді. Аяусыз
шайқастарда тұтас армияларын құрбан ету арқылы ғана ақ өңділер
оларды туған жерлерінен ығыстыра алды. Иə, олар өз еріктерімен
кеткен жоқ. Бөлтіріктерді анасынан тартып алғандай, оларды сенен
зорлап ажыратты, сосын Батысқа қарай алысқа ығыстырып тастады.
Көңілі қаралы, жүрегі жаралы жандар батар күннің соңынан əрең ілбіп
аттанды. Үнсіз, жанарларына жас тұна, жылжып бара жатты алға.
Бірде-біреуі қуғынға өз еркімен мойынсұнған емес.
Олардың сенен айырылғысы келмегендіктеріне таңданарлық
ештеңе жоқ. Қайғыларының тұңғиықтай терең екендігін əбден
түсінемін. Гүлжазира елінде мен де жан рақатын тауып, мен де сені
қимай аттанғанмын, Флорида. Алып ормандарыңның көлеңкесінде
серуендеп, мөлдір суларыңа шомылғанда, қайта жасарғым
келгендіктен емес, өмір мен денсаулықтың айқын да қуанышты
лəззатын сезгендіктен сайран салғанмын. Пальмаларың мен
магнолияларыңның жалпақ жапырақтарының астында немесе
саванналарыңның көкпеңбек жазықтарында шалқамнан түсіп талай
рет жатқанмын. Сол кездерде көгілдір аспаннан көз алмай жатып,
ішімнен ақын сөздерін қайталайтынмын:
Жерде ұжмақтың болса бары ақиқат,
Осындай-ақ болар, сірə, табиғат!
II тарау
ИНДИГО ПЛАНТАЦИЯСЫ
Əкем индиго плантациясының қожасы болатын. Ата-тегі Рэндольф,
мені де өзі секілді Джордж Рэндольф деп атайды. Менің бойымда үндіс
қаны бар. Өйткені əкем Роанок өзенінің бойына қоныс тепкен
Рэндольфтар əулетіне жататын. Арғы тегі ханша Покахонтастан2
тарайтын. Ол өзінің үндістерден шыққандығын мақтан ететін — тіпті
тəкаппарсушы да еді. Бəлкім, еуропалықтар бұған таң қалатын шығар,
бірақ Америкада арғы аталары үндістерден тарайтын ақ нəсілділер
өздерінің шыққан тектеріне қатты мақтанары мəлім. Əсіресе
жабайылар ұрпағы біраз байлыққа ие болған жағдайда метис3 болу
масқарашылық деп есептелмейді. Үндістердің дарқандығы мен
ұлылығын дəріптейтін том-том кітаптар, біздің оларды өз аталарымыз
деуден ұялмайтындығымыз секілді қарапайым дəлелдің жанында түк
те емес. Өздерін Виргиния ханшасының ұрпағымыз деп санайтын ақ
өңділер отбасы жүздеп саналады. Егер осының бəрі рас болса, онда
Покахонтас арудың өз күйеуі үшін баға жетпес асыл екендігінде дау
жоқ.
Əкемнің содан тарағаны, шынында да, рас қой деп ойлаймын. Қалай
болғанда да ол отар елдің байырғы, тəкаппар отбасына жататын. Жас
кезінде жүздеген құлдары болған, бірақ дарақылықпен шектес
мырзалық бар байлығын текке шаштырды. Ол мұндай қорлыққа
шыдай алмай, қалған дүниесін жинап-теріп, тұрмысты қайта бастау
ниетімен оңтүстікке бет алады.
Əке өміріндегі осы бір өзгеріске жетпей дүниеге келсем керек,
сондықтан менің отаным -Виргиния. Бірақ есімді енді біле бастаған
кезде Флоридадағы тамаша өзен Суони жағасында едім. Балалық
шағым сол жерде өтті, албырт жастықтың алғашқы қуанышын да,
алғашқы махаббат лəззатын да сонда таттым. Біз өзіміздің балалық
шағымыз өткен жерлерді ешқашан естен шығармаймыз.
Аққа бояп, терезелерін жасылмен оюлаған, еменнен салған əдемі үй
əлі күнге көз алдымда. Оған ағаш бағаналар тіреп тұрған кең веранда
жалғасып жататын. Жеңіл жақтаулары бар аласа басқыштар үй мен гүл
алаңын бөліп тұратын. Үйдің оң жағында апельсин тоғайы, сол
жағында үлкен бақ болатын. Гүл алаңынан кейін өзенге жеткенше
еңіске қарай көсіліп жатқан көк шалғын. Өзеннің осы тұсында үлкен
көлге ұқсаған иреңі бар. Қалың тоғайлы жағалау мен кішкентай
аралдар бейнебір ауада қалықтап тұрғандай əсер етеді. Айнала ұшып
жүрген, жүзіп бара жатқан құстар. Көлде аққулар шомылады, əрі қарай
қалың орман, онда да қалықтаған, шулаған құстар.
Алаңқайда ұштары сүйірлене біткен ұзын жапырақты пальмалар
мен жалпақ жапырақты, желпуішке ұқсаған кішкентай пальметтолар
өсіп тұр. Бір жерде магнолиялар мен жұпар аңқыған анис гүлдеп жатса,
екінші бір тұста - юкки көздің жауын алады. Осының бəрі жергілікті
өсімдіктер. Жазықтықта осы өңірдің тағы да бір тұрақты өсімдігі - жанжаққа төселе өскен бұтақтары, жердегі шөп үстіне аумақты көлеңке
түсіріп тұрған терідей қалың, жапырақты мəңгі жасыл алып емен бой
созады.
Көлеңкеде жаздық жеңіл көйлек киген сүп-сүйкімді сұлу қыз отыр.
Ақ орамалының астынан алтындай жалтылдаған ұзын бұрымдары
төгіліп тұр. Бұл менің жалғыз қарындасым Виргиния. Анама тартқан
алтын шаштарына қарап, оны үндістерден тараған деп айтудың өзі
қиын Ол өзінің сүйікті бəсірелері - елік пен оның кішкентай теңбіл
лағын ермек етуде. Қыз оларға қабығын аршыған апельсин береді,
əлгілер оны сүйсіне жейді. Қасындағы кішкене шынжыр үстінде тағы
да бір сүйіктісі - жылтыр қара түгі бар, құйрығы бұлаңдаған тиін отыр.
Оның көз ілеспес қимылмен секіргенінен үріккен құралай қашқалақтап
енесіне тығыла түседі. Болмаса менің қарындасымды паналайды.
Айнала қиқулаған құстар. Ұясын апельсин ағаштарының арасына
салған алтын түсті торғай тамылжыта шырқаса, дəліздегі тор ішінен
оған тоты құс үн қатады. Магнолия ішінде пыр-пыр ұшып жүрген
алқызыл шымшықтар мен жорғаторғайлардың əніне де үн қосады.
Өзен бойындағы биік кипаристердің дəнін теріп жеп жүрген жасыл
тотылардың былдырықтағандарын айнытпай қайталайды. Оқта-текте
аспанда биіктей ұшып жүрген күміс қанатты испан қырғауылдарының
немесе алыс көлдегі аралдардан талып жеткен құтандардың
ысқырығын да айна-қатесіз салады. Теңдесі жоқ бұл əнші құс, иттің
үргенін, мысықтың мияулағанын, қашырдың ақырғанын, жылқының
кісінегенін, тіпті адамның даусына дейін қолма-қол қайталайды.
Үй сыртында мүлдем басқаша көрініс көзге ұрады ─ кісі
қызығарлықтай болмағанмен, онда да абыр-сабыр аз емес. Қайнаған
жұмыс осында. Шарбақпен қоршалған кең алаң үйдің іргесіне кеп
тіреледі. Ортасында жарты акр жерді алған үлкен лапас. Оны мықты
ағаш бағаналар тіреп тұр. Лапас астында кипарис діңінен ойып
жасалған үлкен сопақша астаулар көрінеді. Бір-бірінің үстіне қойған үш
астауды түтік жалғастырады. Астауларда бағалы өсімдік - индиго
жібітіледі, сосын одан көк түсті бояу алынады.
Əріректе бір-бірінен аумайтын кішкене үйлер тұр. Ол зəңгілердің
лашығы. Олардың əрбірі апельсин ағаштарының арасына жасырынып
тұрғандай көрінеді. Пісіп тұрған жемістер мен жаңа ғана ашылған
аппақ жас гүлдердің хош иісінен ауа жұпар аңқиды. Үйлердің
шатырынан аса биіктей өсіп, енді бірі иіліп тұрған сəнді пальмалар
маңайдағы көгалға жараса кеткендей.
Шарбақ қоршаудың ішінде басқа үйлер тұр. Олар сыпталмаған
бөренелер мен тақтайдан қалай болса солай қиыстырыла салған
құрылыстар. Онда ат қора, дəн сақтайтын қамба жəне ас үй орналасқан.
Соңғысы ашық лапастың негізгі құрылысы ─ төбесін тақтайшалармен
жауып, тіреулерін хош иісті самырсын бағаналардан жасаған үймен
жалғасып жатыр.
Шарбақтың арғы жағы көкжиекті көмкеріп, көрсетпей тұрған
кипарис ағаштарына дейін созылған кең жазық. Индиго өсірілетін жер
де сол. Дегенмен мұнда жүгері, тəтті картоп, күріш, қант құрағы секілді
басқа да дақылдар өсіріледі. Бірақ олар сатылмайды, өзіміз
пайдаланамыз.
Индигоны жүйек-жүйекпен, сиретіңкіреп себеді. Өсімдік бір
мезгілде өсіп жетілмейді: кейбіреулері жаңа ғана жапырақ жайып, үш
құлақтана бастаса, басқалары толық гүл жарды, ─ биіктігі екі фут
дерліктей. Индиго қырыққұлақ тəрізді тез өседі. Бұл құс қауырсындары
секілді ашық жасыл гүл жаратын бұрыш тұқымдас өсімдік. Кейде
көбелекке ұқсас гүл жаратын шақтары да болады, бірақ көбі толысып
піспей жатып құриды. Олардың тағдыры өзгеше: ал қызыл гүлдерді
аяусыз қырқып ала береді.
Шарбақ пен индиго жүйектерінің арасында жүздеген адам
қыбырлап жүр. Бір-екеуі болмаса, бəрі де африкалықтар, бəрі де
құлдар. Бəрінің өңдері қара болғанымен, көпшілігі ─ зəңгілер. Мұнда
мулаттар4 да, самболар5 да, квартерондар6 да бар. Бойында
африкалықтардың қаны бар адамдардың өздері де мүлдем қара емес,
күрең қызылдау боп келеді. Кейбіреулері адам қарағысыздай - қалың
ерін, қушық маңдай, жалпақ мұрын жəне де сымбат дейтіндей
сымбатты да емес. Кейбіреулерінің дене бітімдері жап-жақсы, тіпті
сымбатты-ақ. Онда ақ түсті деуге боларлық əйелдер де кездеседі ─
бұлар квартерондар. Көпшілігі сүйкімді, ал кейбіреулері ─ айтулы
сұлудың өзі.
Бəрі де жұмыс киімін киген. Еркектер жағы жеңіл кенеп шалбар,
бояма жейде, пальма жапырақтарынан тоқылған қалпақ киген.
Талғамға сай киіндім дей алатындар аз-ақ. Белге дейін жалаңаштанып
алғандардың қап-қара қайыстай терілері эбен ағаштарындай күнге
шағылысады. Əйелдер жағы алабажақтау киінген ─ жолақ-жолақ сиса
көйлек, бастарында мадрастың ашық бояулы тор көз орамалы.
Кейбіреулерінің көйлектері талғаммен тігілген, өте əдемі. Төбелеріне
түйе салған шаштары əйелдерге ерекше жарасып тұр.
Еркектер де, əйелдер де плантацияда индиго өсіреді. Кейбіреулері
өсімдіктерді орып, баулап береді, басқалары оларды лапастың астына
тасиды; сол жерде бауларды үстіңгі науаға тастайды ─ оны "бөктіру
қазаны" деп атайды. Үшіншілері суын төгеді жəне "сығып" алады.
Қалған жұмысшылар тұнбаларын күреп, арыққа ағызып тұрады. Ал
бірнеше адам бояуды кептіріп, қалыпқа құюмен айналысуда.
Əрқайсысы өзіне тиісті жұмысты көңілді жүріп атқаруда. Өзара күлісіп,
тəжікелесіп, он шырқасып, бірін-бірі сөзбен іліп-шалып жатқан
көпшілік, көңілді дауыстар құлағыңнан кетпейді.
Бірақ олардың бəрі құлдар - əкемнің құлдары. Əкем оларға жақсы
қарайды, қамшы үйіре бермейді, сондықтан да болар жұмыскерлердің
көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын.
Менің есімде, міне, осындай тамаша суреттер қалыпты.
Менің балалық шағым осында өтті, саналы өмірім осында басталды.
III тарау
ҚОС ДЖЕК
Əр плантацияның өз "перісі" болады. Кейде тіпті бірнешеуі де
кездеседі. Бірақ соның ішінде əсіресе біреуі өте-мөте қаскөйлеу боп
шығады. Біздегі сайтан ─ Сары Джек болатын.
Ол аса ұсқынсыз болмағанмен, тұйық, қасарыспа мінезімен көзге
түскен жас мулат еді. Кей кезде ол шектен шыққан ашу-ыза мен
қаталдыққа бой ұратын-ды.
Мұндай қатал адамдар зəңгілерге қарағанда мулаттарда жиі
кездеседі. Бұл психологиялық ерекшеліктің төркіні, өңдерінің
сарылығын мақтан тұтатын мулаттардың ақыл-ой жағынан да, күшжігер жағынан да, зəңгілерге қарағанда өздерін "үстем"
санайтындықтарында, сондықтан да кемсітушілікке, əділетсіздік
атаулыға қатты күйзелетіндіктерінде болса керек.
Ал таза қанды зəңгілер топастық тағылыққа сирек барады. Адамзат
өміріндегі трагедияларда олар бəлені бастаушылар емес, ылғи құрбан
болушылар. Қайда жүрмесін ─ өз елінде ме, əлде жат жерде ме ─
бəрібір олар зəбір-жапа шегеді, бірақ кектенушілік пен қаталдық
олардың қандарында жоқ. Бүкіл əлемде Африка зəңгісінің жүрегінен
рақымды жүрек табыла қоймас.
Сары Джек қаталдығымен көзге түсетін. Ол оның туа біткен аталарынан тараған қасиеті еді. Ол əкесі жағынан ─ испандық, шешесі
жағынан ─ зəңгіден тараған болатын. Өз əкесі оны əкеме құлдыққа
сатып жіберіпті!
Шешесі күң болса, баласы құл болады. Əкесі ерікті адам болғанмен,
оның өз ұрпағы үшін ешқандай мəні жоқ, Америкада қызыл өңділер
мен қаралардың балалары шешелерінің көрген күнін көреді. Тек қана
ақ түсті əйел ғана ақ түсті балаларға ана бола алады.
Плантацияда басқа да Джек бар. Алғашқыдан айырмашылығы оны
жұрт Қара Джек деп атайтын. Жастары мен бойларының бірдейлігі
болмаса, екеуінің ешбір ұқсастығы жоқ. Мінездерінің бір-біріне
кереғарлығы, өңдері мен сырт пішіндерінен де өзгешелеу болатын.
Сары Джек қылаңдау, бірақ оның есесіне Қара Джектің жүрегі жомарт.
Тіпті бет құбылыстарында да жер мен көктей айырмашылық бар:
бірінің жүзінен ризалық, жылылық нұры төгіліп тұрса, екіншісі
қабағының астымен түксие қарайтын. Зəңгінің аппақ тістері күлген
кезде ылғи жарқырап тұратын, ал Сары Джек бір зымияндықты
ойластырған сəтте ғана күлетін.
Қара
Джек
Виргинияда
туып-өскен.
Ол
біздің
бұрынғы
плантациямызда да күн кешті. Бұл жаққа да бірге келген-ді. Əкеме өте
жақындау жүреді; мырзалар мен құлдар арасында осындай қарымқатынастар бола береді. Отбасымыздың бір мүшесіндей болып кеткен
жəне біздің əулетімізді мақтан тұтатын. "Ескі отарда" туып-өскен
барлық зəңгілер секілді ол да өзінің туған жеріне мақтанады.
Зəңгілердің ортасында "виргиниялықтар" сый-құрметке ие болушы
еді.
Қара Джек сымбатсыз да емес, бет əлпеті зəңгіден гөрі мулатқа
көбірек ұқсайды. Зəңгілердің көбі қалың ерінді, жалпақ мұрынды,
тайпақ маңдайлы боп келеді ғой. Джекте бұл ұсқынсыздықтың бірдебірі жоқ. Бет бітімі келісті, таза қанды зəңгілерді кездестіргенім бар.
Қара Джек сондайлардың бірі. Дене бітімі жағынан ол эфиопиялық
Аполлоннан аумайды.
Джектің сары əріптесіне қарағанда сымбаттылау екенін
мойындайтын менен басқа да бірлі-жарым адамдар бар. Ол біздің
плантациядағы айтулы сұлу квартерон Виола. Екі Джектің Виола үшін
бəсекелескеніне көп болған. Қыздың жылы шырай беруі үшін екеуі де
қолдан келгенше тырысып бақты. Бірақ бұл оңай шаруа емес еді. Виола
кесірлі, жеңіл мінезді қыз. Екеуінің де оны қатты қызғанатыны айтпаса
да түсінікті. Ақыры қыздың көңілі зəңгіге ауа бастағаны айқын болды.
Сол үшін мулат өзінің бақталасын өлердей жек көріп жүрді. Екеуі талай
рет күш сынасып та көрді, бірақ əр жолы зəңгі жеңіп шыға берді.
Мүмкін, Виола оған сырт пішіні үшін емес, осынысы үшін жылы шырай
берген шығар. Бар əлемде, барлық кезде де сұлулық ерлік пен күшқайрат алдында бас июмен келеді.
Сары Джек біздің отыншымыз, ал Қара Джек атқосшының міндетін
атқаратын.
Плантациямыздағы екі Джектің махаббат пен бақталастығы
қарапайым ғана құбылыс еді. Пəлендей қызықтыратын да ештеңесі
жоқ, оны өзімнің содан былайғы өміріме үлкен ықпал еткен бірсыпыра
оқиғаларға себепші болғандықтан ғана еске алып отырмын.
Солардың біріншісі мынау. Бəсекелесінің бақытын көре алмаған
Сары Джек ашықтан-ашық Виоланың соңына түсе бастады. Бірде
үйден алыс орман ішінде кездейсоқ кездесіп қалған мулат, қыздан
өзінің арам пиғылын қанағаттандыруын талап етуге дейін барады.
Виоланың жиіркенішпен берген жауабы оны өлермендік əрекетке
баруға итермелеп, тек қарындасымның ойламаған жерден кездесіп
қалуы ғана мулаттың мысын құртқан. Оны негізінен қарындасымның
талап етуі бойынша жазалауға тура келді.
Талай жазаланатын реті келсе де, бұл Сары Джектің тұңғыш таяқ
жеуі еді. Оған дегенде əкем тым кешірімді, тіпті шектен тыс кешірімді
десіп жүретін жұрт. Оның ағат басқан кездерін ғана емес,
қылмыстарын да жиі кешіре беретін. Əкем табиғатынан рақымды
адам, қамшы сілтеуге көп бара бермейтін. Бірақ бұл жолы қарындасым
мулаттың жазалануын үзілді-кесілді талап етті. Виола оның
қызметшісі, сондықтан Сары Джектің оспадарлығын жазасыз
қалдыруға болмайтын.
Осы бір орынды жазалаудан кейін де ол зымияндық пиғылынан
арылған жоқ.
Кешікпей Сары Джектің кекшілдігін дəлелдейтін тағы да бір оқиға
болды.
Қарындасымның жақсы көретін кішкентай құралайы көл жағасында
өліп жатқан жерінен табылды. Оның өздігінен өле қалуы мүмкін емес,
көгалда секіріп жүргенін бір сағат бұрын ғана көргенбіз. Қасқыр да,
аллигатор да жолай қойған жоқ. Өн бойында тіс пен тырнақтың ізі
көрінбейді - тамшы қан жоқ!
Көп ұзамай оның буындырып өлтірілгені мəлім болды. Оны
өлтірген мулат екен, ал Қара Джек бəрін көріп қойыпты. Апельсин
бағында жұмыс істеп жүрген ол қылмысқа куəгер болды. Сары Джектің
жонына екінші рет дүре соғылды.
Оның ар жағында зəңгі мен мулат арасындағы жанжалды нағыз
соғысқа айналдырған үшінші жағдай да болып өтті. Тиімді сəтті
пайдаланып қалғысы келген Сары Джек əрі махаббат жолындағы
бəсекелесінен, əрі жуырда істеген қылмысының куəгерінен кек алғысы
келді.
Бұл қақтығыс төбелеспен ғана тынған жоқ. Испандық атабабаларынан қанына сіңген, көзсіз өшпенділікке тізгін берген мулат,
өзінің қарусыз бəсекелесіне пышақ жұмсап, ауыр жарақаттады. Бұл
жолы оны бұрынғыдан да қатты жазаладық. Қаным қайнап кетті Қара Джек менің көлеңкедей қалмайтын "күзетшім" əрі жақсы көріп
кеткен серігім еді.
Көңілділігі мен жайдары мінезінің арқасында зəңгі жайсаң
жолдастай боп кеткен-ді. Балалық шағымда жұп жазбай жүретінбіз ─
өзенге де, орманға да бірге барушы едік.
Əділдік жазаны талап етті жəне Сары Джек мықтап тұрып сазайын
тартты. Бірақ одан не пайда, мулат түзелмей қойды. Бейнебір жан
дүниесін жамандық қана жайлап алғандай.
IV таpay
ФЛОРИДА ҚҰДЫҒЫ
Апельсин бағының арғы жағында ойпат шұңқыр бар — бұл меніңше,
тек қана Флоридаға тəн ерекшелік.
Диаметрі 40 ярдқа жуық көкпеңбек табиғи су қоймасының тереңдігі
əлденеше футқа жетеді. Осы көлдің түбінде бір-бірінен жартасты
бөгеттер арқылы бөлініп жатқан цилиндр сыңайлы шұңқырлар немесе
құдықтар бар. Мұның өзі араның бұзылған ұясына көбірек ұқсайтын.
Бұл құдықтардың кейде құрғап қалатын да кездері болады, бірақ
көбіне мұнда су іркіліп, ал құдықтар толған кезде су бүкіл ойпатқа
жайылады.
Мұндай табиғи су қоймалары тегіс жерлерде орналасқанмен оларды
əрқашанда магнолия, қызғылт лавр, емен, шілік жəне пальметто
секілді мəңгі жасыл өсімдіктер өсетін жоталар мен жартас сырықтары
қоршап жататын. Мұндай құдықтар балқарағай өсетін ормандарда жиі
кездеседі, ал кейде мұхиттағы кішкентай аралдар секілді, көкпеңбек
саванналардан да кездесіп қалады.
"Хоммоктар" - үндіс тарихындағы атақты Флорида құдықтары
осылар.
Соның бірі апельсин бағының ар жағында болатын. Маңайын мəңгі
жасыл ағаштардың жапырақтары жартылай жауып тұратын
қызғылтым жақпар тастар сынық шеңбердей қоршап жатады. Суы таптаза, мөп-мөлдір. Тұп-тұнық тереңінде алтын түстес балықтар мен
қызыл балықтар, табандар мен алабұғалар үйір-үйірімен жосылып
жүретін. Су қоймасы бізді балықпен қамтамасыз етеді жəне бəріміздің
шомылатын жеріміз де сол Флориданың ыстық ауасында суға түсу жан
рақаты ғана емес, қажеттіліктің нақ өзі.
Үйден көлге дейін апельсин бағын қақ жарып өтетін құмды жол,
онда еңіске қарай түсуге ыңғайлы тас текпішектер бар. Əрине, судың
рақатын тек ақ нəсілділер ғана көретін.
Көлдің арғы жағы биік кипарис жəне қарағай қоршап жатқан егістік.
Айнала көптеген мильге созылып жатқан ми батпақ.
Плантацияның бір жағында қалың шөп өскен кең жазық. Бұл
жылқылар мен басқа да мал жайылатын табиғи жайылым, саванна еді.
Мұнда бұғылар мен жабайы күркетауықтар жиі кездеседі.
Мен болсам бозбаланың аң аулауға нағыз құмартатын шағында
едім. Оңтүстік штаттардағы онша жұмыстары жоқ көптеген жастар
секілді, менің де негізгі ермегім аң аулау болатын. Əкем маған бірнеше
жүйрік тазы сыйлаған.
Ең жақсы көретін ермегім шұңқырға бой тасалап, бұғы немесе
күркетауықтың жақындаған сəтін күтіп, сонан соң көкпеңбек жазықта
соңына түсіп ап қуалау болатын. Талай бұғы мен күркетауықты қуып
жүріп
ұстағанмын.
Иттер
оларды
құтқармайды.
Жабайы
күркетауықтарға ит қосудан оңай ештеңе жоқ.
Əдетте, үйден ерте, жұрттың бəрі ұйықтап жатқан кезде шығамын.
Аң аулауға бұл нағыз қолайлы мезгіл.
Бірде шұңқыр маңындағы жасырынатын жеріме барып, жартас
үстіне шығып алдым. Ол жерде иттерге де, өзіме де орын жеткілікті
еді. Осы төбеден жазық жер алақанға салғандай анық көрінетін.
Ондағы қыбырлағанның бəрі назардан тыс қалмайды. Ал мені ешкім
байқай алмайды. Магнолияның жалпақ жапырақтары шатыр секілді
бүркеп тұрады да, жапырақ арасынан бəрін қадағалап отырамын.
Сол күні əдеттегі орныма күн шықпай бардым. Жылқылар əлі ат
қорада, мал ақырдан жем жеп тұрған. Саванна құлазып жатыр. Ұшықиырсыз кең жазықта бірде-бір бұғы көрінбейді.
Аздап ренжіп те қалдым. Бүгін шешем қонақ күтпек боп, түскі
тамаққа аң əкеп бер деп өтінген. Əрине, мен уəде бердім, енді, міне,
құлазыған саваннаға қарап отырып үмітім үзілгендей.
Шынымды айтсам, мұндайды көрмеген басым өте таң қалдым.
Күнде таңертең кең жазықта бұғылар жүретін еді. Мүмкін маған дейін
біреу кеп үркітіп жіберген шығар? Əбден мүмкін. Бəлкім, ол көршілес
плантациядағы жас жігіт Ринггольд немесе мүлдем көз ілуді білмейтін
аңшы үндістің бірі болар? Əйтеуір, осында маған дейін біреу кеп,
аңдарды үркітіп жібергені анық.
Саванна ешкімнің иелігіне де, еш плантацияның меншігіне де
жатпайтын: оның кең жазығында емін-еркін аң аулауға əркімнің де
еркі бар. Бұл мемлекет жері болатын жəне ешкімге сатылмаған-ды.
Сонымен түскі асқа бұғы етін апара алмайтын болдым. Рас, əлі де
болса күркетауық атып алуыма болатын еді, олар кейінірек шығады.
Құрқылдаған дауыстары ағаш бастарынан ап-анық естіліп тұрған-ды.
Бірақ жуырда ғана олардың бір тобын атып алған ем, қойма құс етіне
сіресіп тұр. Енді маған бұғы еті ғана керек.
Винтовкамды ала шыққанмын, бұғы іздеп орманға барсам да
болады. Немесе Хикмэн қарттың лашығына барсам, ол маған
көмектесер еді. Егер бүгін аңға шыққан болса, бұғы еті бар деген сөз,
онда аздаған етті содан-ақ ала саламын.
Дөңгелек күн көкжиектен енді көрінді, алтын сəулелері алыстағы
кипаристердің ұшар басын шалады, ал ашық жасыл жапырақтары
алтындай жалт-жұлт етеді.
Өзім тұрған төбеден түспес бұрын, мен саваннаны тағы да бір рет
шолып шықтым да, бастапқы ниетімнен бас тартып, орнымда қала
беруіме мəжбүр еткен бір нəрсені байқап қалдым.
Өңделген жер мен саваннаны бөліп жатқан қоршау маңындағы
кипарис орманының ашықтау алаңына бір топ бұғы өріп шыға келді.
"Е,─ деп ойладым мен, ─ қалың жүгеріні қақ жарып өткен екен ғой".
Бұғылар осы тұстан шықты-ау деген жерге көз тіктім. Қоршаудың
сол бір бұрышында əдетте тақтайлармен жауып қоятын қуыс бар
екенін білетінмін. Қуысты ап-анық көрдім, бірақ тақтайлары өз
орнында. Демек, бұғылар ол жақтан келмеген болды. Қоршаудан
қарғып өтулері мүмкін емес. Діңгектері мен тіреуіштері бар биік
қоршау болатын. Қуысты жауып тұрған тақтайлар да қоршаудың
өзіндей биік. Демек, бұғылар орманнан шыққан ғой?
Басқа да бірдеңелерді көзім шалды. Бұғылар жайылып келе жатқан
жоқ, жауынан сезіктенгендей желіп келеді.
Соңдарынан біреу қуып келе жатқан тəрізді. Ол кім болды екен?
Хикмэн қарт па, əлде Ринггольд пе? Мен ашық алаңнан көз алған
жоқпын, бірақ ешкім көрінбеді.
Бұғыларды үркіткен аю немесе сілеусін болды ма екен? Олар алысқа
ұзай қойған жоқ, əлі де болса ит қосып қуып жетуіме болады. Бəлкім...
Сан тарапқа жүгірген ойымды бұғыларды үркітушінің өзі бөліп
жіберді. Ол аю да, сілеусін де емес, адам боп шықты.
Ол кипаристердің қою көлеңкесінен шыға келді. Күн сəулелері тек
ағаштардың басына ғана түсіп тұрған-ды, бірақ соның өзінде де
адамды ажыратарлықтай жарық болатын. Ол Ринггольд те, Хикмэн де,
үндіс те емес еді. Үстіне кигені көк кенеп шалбар, жолақ жейде,
басында пальметта жапырағынан тоқылған қалпақ. Киіміне қарап мен
өзіміздің отыншыны бірден таныдым. Бұл ─ Сары Джек еді.
V тарау
МУЛАТ ЖƏНЕ ОНЫҢ СЕРІГІ
Бұл жаңалық мені таң қалдырды. Таңмен таласа тұрған мулат
орманда не істеп жүр? Қор жинау, үнемдеу дегенді ол білген емес;
керісінше, əдетте күндізгі жұмысты істетудің өзі күшке түсетін. Ол
жаратылысында аңшы боп тумаған жан. Ылғи орман кезіп жүргенмен,
оның бұлың-бұлыңын, сондай-ақ аңдардың айла қулығын жақсы
білгенмен, оның аң ізіне түсіп жүргенін ешқашан көрген емеспін. Мұны
таң атпай орманға не айдап келді екен?
Жотадан түспестен оның əр қадамын қадағалаумен болдым,
сонымен қатар бұғылардан да көз жазған жоқпын. Мулат олардың
соңына түсіп жүрмегені ұзамай белгілі болды. Орманнан шыққан
бойда-ақ табынның соңына түспей, мүлдем басқа жаққа, жүгері
плантациясына баратын жолға қарай бұрылды.
Мен оның еңкейіңкіреп, жай басып бара жатқанын байқадым. Ит пе,
əлде басқа бірдеңе ме, ─ əйтеуір, бір хайуан мулаттың аяғына оралып
жүргендей көрінді. Ол опоссум сияқты ақшыл бірақ алыстан оның
опоссум, əлде күшік екенін ажырата алмадым. Мен Сары Джек
орманнан бір аңды ұстап алып, жіппен жетелеп келе жатыр екен деп
ойлағанмын.
Оның жүріс-тұрысында таңырқарлық ештеңе байқалған жоқ. Мулат
опоссум інін кеше-ақ тауып алып, тұзақ құрып кетуі мүмкін ғой. Түнде
тұзаққа түскен опоссумды ол енді үйіне сүйреп бара жатыр. Мені
мулаттың аяқ астынан аңшы боп кеткені ғана таңдандырған-ды, бірақ
оның да жауабын таптым. Зəңгілердің опоссум етін жақсы
көретіндіктері есіме түсті, Сары Джектің олардан айырмашылығы жоқ
еді. Тышқанды оңай ұстауға болатындығын білген соң, қуырдақ жегісі
келген шығар.
Бірақ олжасын көтеріп жүрмей, жетелеп бара жатқаны, жетелеп те
емес-ау, сүйретіп бара жатқаны қалай? Əлгі аңды сипағысы келген
адамша ара-тұра еңкейіп қояды. Мен қайран қалдым: онда опоссум
болмағаны ғой!
Қоршаудың қуысына жеткенше мулаттан көз алмадым. Үйге апарар
ең төте жол жүгері плантациясы арқылы өтетіндіктен, қоршаудан
қарғып кететін шығар деп ойлағанмын. Əрине, ол егістік арқылы
кетеді. Бірақ менің таң қалғаным, мулат қоршаудың қадаларын бірінен
соң бірін суырып, сонан соң оларды аулаққа лақтырды да, қуысты бос
қалдырды.
Ол тесіктен кіріп, егістіктен бой тасалап өтті, сонан соң жүгерінің
жалпақ жапырақтарының арасында көзден таса болды. Біршама
уақытқа дейін сүйрелеп келе жатқан хайуанымен қоса одан мүлдем көз
жазып қалдым. Сосын саваннада жайбарақат жайылып жүрген
бұғыларға назар аудардым.
Бірақ мулаттың түсініксіз қылығы ойымнан шықпай қойды.
Тағы да соңынан көз салдым. Ол жүгері арасынан əлі де шыға
қоймаған екен. Бірақ өзімді қатты таң қалдырған бір нəрсені байқап
қалдым. Тұп-тура Сары Джек орманнан шыққан жерде саваннаны
бетке алып бара жатқан бір мақұлық көрінді. Ол екі қолымен жер тіреп,
аяқтарын сүйрете еңбектеп бара жатқан адамға ұқсайтын қарауытқан
бейне еді.
Алғашқыда маған əлгі адам ақ нəсілді емес, зəңгі немесе үндіс секілді
көрінді. Қарымдылығына қарағанда үндіске ұқсайды, бірақ олар бізбен
тату еді ғой. Бейбіт жатқан үндіс мулатты аңдып неғылсын? "Аңдып"
деп отырған себебім, əлгі таңғажайып мақұлықтың түр-тұрпаты мен
қозғалысынан Сары Джектің соңынан бара жатқанын анық байқауға
болар еді.
"Мүмкін ол Қара Джек шығар?" деген ой келді маған. Мен зəңгі мен
мулат арасында сақталып келе жатқан вендетті7 жəне Сары Джек
пышақ жұмсаған төбелесті еске алдым. Рас, ол жазасын алды, бірақ
сазайын тартқызған Қара Джектің өзі емес қой. Өзінше өш алғысы
келіп жүрген жоқ па екен?
Өзімді қайран қалдырған мына жағдайдың сырын осыдан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.