Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09

Total number of words is 4176
Total number of unique words is 2197
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бірақ ол тек солдаттарға ғана қатысты еді. Сондықтан қақпадан
шығып, қыдырып келуді жөн көрдім.
Жүрегімнің жұмбақ сыры алға қарай жетелейді. Үндістер қосында
көсемдер мен жауынгерлердің əйелдері, қарындастары мен қыздары
бірге еді. Басқалар секілді ол да осында болуы мүмкін ғой...
Күні бойы іздеп таба алмағанмен, бір үміт ол қыз осында дегендей
болады. Кеңеске жиналған əйелдердің ішінде ол жоқ еді: бірде-біреуін
қалыс жіберместен барлық əйелдердің, дидарына қарап өткенмін.
Семинолдар қосына баруға бел байладым. Оцеоланың шатырын
тауып алсам, Маюмиді де кездестірермін!
Қарсы боп жүрген көсемдердің өзі əзірге бізбен тату болғандықтан,
үндістер қосына бару қазір қауіпті емес, ал Пауэлл болса, əрине,
бұрынғыша менімен дос екені белгілі. Ол қауіп-қатер мен қорлаудың
қандайынан болса да қорғап қалады. Жас жауынгердің қолын қысуға
қатты құмартып келемін, онымен кездесу үшін осының өзі-ақ
жеткілікті себеп бола алады. Мен оның көңіліндегі өткен жылдардан
қалған достық сенімді қайта оятуды, жанға жайлы күндер туралы
əңгіме шертуді, балалық бал дəуреннің бақытты күндерін еске алуды
аңсап келем. Көсемдік пен қолбасшылықтың ауыр парызы оның
жұмсақ та мейірімді жүрегін қатайта қоймаған шығар деп үміттендім.
Ақ нəсілділер жасаған қиянаттар оның ызасын келтіріп, бізге қарсы
қойғанында сөз жоқ (онысы өте дұрыс!), бірақ сонда да, қарымын
менен қайырар деп қорыққан жоқпын. Қалай болғанда да, мен оны
іздеп тауып, дос қолымды қайта созғым келді.
Жолға шыққалы тұрғанымда, кенет шабарман дереу штабқа келсін
деген генералдың бұйрығын жеткізді.
Ренжігенмен қолдан келер амал жоқ ─ бұйрыққа мойынсұну керек!
Штабта уəкіл мен жоғары шенді офицерлер, сондай-ақ,
Ринггольдтер мен зиялы кісілер қатарына жататын бірнеше адам бар
екен.
Кірген бойда өздерінің жоспарларын жүзеге асыру мəселесін
талқылап отырғандарын көрдім.
─ Жоспарда мін жоқ, - деді генерал Клинч, өзгелерге қарап, ─ бірақ
Оматла жəне Қара Топырақпен қалай кездесеміз? Егер осында
шақыратын болсақ, онда күдік туып қалуы мүмкін: фортқа кірсе, көзге
түседі.
─ Генерал Клинч, - деді, осында отырғандардың ең залымы үлкен
Ринггольд, ─ егер генерал Томпсон екеулеріңіз ниеттес көсемдермен
форттан тысқары жерде кездессеңіздер қайтер еді?..
─ Өте дұрыс айтасыз, - деп киіп кетті уəкіл, ─ мен ол жағын қамдап
та қойдым. Мен қай жерде құпия кездесуге болатындығын білу үшін
Оматлаға кісі жібердім. Əрине, бəрінен де дұрысы бейтарап жерде
кездесу ғой... Хабаршы да кеп қалды білем, аяқ тықыры естіледі.
Сол мезетте кеңеске қатысқан тілмаштардың біреуі келіп кірді. Ол
уəкілдің құлағына бірнеше сөз сыбырлап, шығып кетті.
─ Бəрі де реттелді, мырзалар! - деді уəкіл. ─ Оматла мен Қара
Топырақ бізді бір сағаттан кейін қарсы алады. Форттың солтүстігіндегі
Батпақты жырада кездеспекші. Ешкімге сездірмей жетуімізге болады.
Қалай, кеттік пе, генерал?
─ Мен дайынмын, - деп жауап берді Клинч, сулығын киіп жатып. ─
Бірақ тілмаштар жағын қайтеміз, генерал Томпсон? Мынадай маңызды
əскери құпияны сене қоюға болар ма екен оларға?
Уəкіл екі ойлы тəрізді.
─ Бəлкім, оның жөні келмес, - деді ол, ойланыңқырап тұрып.
─ Ештеме етпейді, - деп Клинч басу айтты. ─ Меніңше, оларсыз да
бірдеңе істерміз... Лейтенант Рэндольф, - деді ол маған, ─ сіз
семинолдарша еркін сөйлейсіз бе?
─ Еркін сөйлеймін демеймін, дегенмен түсінісе аламын.
─ Тілмаш бола аласыз ба?
─ Бола алатын сияқтымын, генерал
─ Өте жақсы. Онда бізбен бірге жүресіз.
Жоспарымның бəрі бұзылды. Алайда ренішімді сездірместен,
бұйрыққа мойынсұнып, шендерін көрсетпеу үшін үстеріне сулық,
бастарына жай офицер фуражкасын киген уəкіл мен генералдың
соңынан ере бердім.
Қақпадан шығысымен фортты жанай өтіп, солтүстікке қарай
бұрылдық. Үндістер қосыны оңтүстік-батыс жақта болатын. Олар
солтүстікке қарай көсіліп жатқан орман шетін жағалай, бытырай
қоныстанған. Тағы да бір шоғыр орманды саванна мен биік қарағайлар
өскен алаң бөліп жатыр. Батпақты жыра осы арада болатын. Форттан
жарты миль жер. Қараңғы болғандықтан көзге түспей жеттік.
Көсемдер бізді күтіп тұр екен. Олар тоспа шетіндегі ағаштардың
көлеңкесінде тұрған-ды.
Келе өз міндетіме кірісіп кеттім. Бұл міндет жаныма жайлы бола
қоймас деген ой қаперіме кірмепті.
─ Оматладан тайпасының санын сұраңызшы. Қара Топырақ жəне біз
жағындағы басқа да көсемдер тайпаларының да санын айтсын.
Бұл сұрақты тəржімалап бердім.
─ Тайпалардың саны бүкіл семинолдардың үштен біріндей, - деген
жауап айтылды.
─ Батысқа жетісімен ниеттес көсемдерге он мың доллар
берілетіндігін жеткізіңіз. Ақшаны олар өз қалауларынша бөлісіп
алуларына болады. Ол бүкіл тайпаға берілетін көмектен тыс төленеді.
─ Жақсы, - десті бір ауыздан көсемдер, бүл ұсыныстың мəнін
түсіндіріп бергеннен кейін.
─ Оматла мен оның достары не ойлайды екен: ертеңгі кеңеске
көсемдер түгел келе ме?
─ Жоқ, түгел емес.
─ Ал келмейтін кім?
─ Мико-мико келмейді.
─ Солай де! Оматла оған сенімді ме?
─ Иə, сенімді. Онопа шатырларын жинап, қосының іргесін көтеріп те
кетті.
─ Қалай кетті?
─ Кейін қарай, өз қонысына.
─ Ел-жұрты ше?
─ Көпшілігі онымен бірге аттанды.
Екі генерал бірнеше минуттай бір-бірімен күбірлесіп алды, бірақ
сөздерін ести алмадым. Тəрізі, мынадай маңызды хабарға əбден
қанағаттанған секілді.
─ Ертең тағы да қай көсемдер келмеуі мүмкін?
─ Қызыл Таяқ тайпасының көсемдері.
─ Ал Хойтл-мэтти ше?
─ Жоқ, ол осында. Қатысады.
─ Ертең Оцеола бола ма екен, соны сұраңызшы.
Екі генералдың да жауапты тықырши күткендеріне қарап, бəрінен
бұрын олардың осыны білгілері келетінін түсіндім.
─ Кім? Оцеола ма? ─ Көсемдер дабырласып қалды. ─ Əрине, Арайлы
Күн міндетті түрде келеді. Ол осы əңгіменің немен тынатынын білмек.
─ Бəрекелді! - деген сөз уəкілдің аузынан еріксіз шығып кетті. Ол
қасындағы генералмен тағы да сыбырласып кетті.
Бұл жолғы сөздерін құлағым шалып қалды.
─ Бізге құдіреттің өзі көмектесіп тұр-ау деймін. Жоспарымның
жүзеге асарына сенімдімін. Үндіс аңғалдықпен бір сөзден-ақ тұтанып
шыға келуі мүмкін, тіпті одан жаманға барар... Сонда Оцеоланы
тұтқындауға оп-оңай сылтау табар едім. Онопа өз серіктестерімен ұзап
кеткен мұндай жағдайда, біз кездейсоқтықтың қандайынан болса да
қорқа қоймаймыз. Шамамен көсемдердің жартысына жуығы біз
жағында, қалған сүмелектердің қарсылық көрсете қоюы екіталай.
─ Ол жағынан қорықпаңыз! - деді генерал Клинч.
─ Онда бопты! Ол қолымызға түскен соң-ақ, қарсылықтың қайсысын
болсын тойтарамыз. Басқаларды қорқытып, қол қойғызбай жүрген сол.
─ Оныңыз рас, - деді Клинч ойланыңқырап. ─ Бірақ үкімет қалай
қарайды? Бүл қылығымызды қолдай қояр ма екен, қалай ойлайсыз?
─ Қолдайтын болар. Қалай да қолдауға тиіс. Президенттің кейінгі
нұсқауларында сондай емеурін байқалғандай болды. Егер сіз қимылға
көшуге келіссеңіз, мен тəуекелге барар ем.
─ Онда құзырыңызға құлдық, мен дайынмын, - деп жауап берді,
тəрізі, уəкілдің жоспарын мақұлдауға бейім болғанмен жауапкершілік
жағын бөліскісі келмей тұрған қолбасшы. -Менің міндетім ─ үкімет
бұйрығын орындау! Сізбен тізе қоса қимылдауға əзірмін.
─ Демек, бəрі де айқын. Біздің ойлағанымыздай болады...
Көсемдерден сұраңызшы, - деді Томпсон маған қарап. ─ Ертең шартқа
қол қоюдан қорықпас па екен?
─ Олар қол қоюдан қорықпайды, одан кейінгі бəлесінен қорқады.
─ Одан кейін не болады екен?
─ Қарсы жақтардың шабуылынан қорқады. Өз өмірлерінен
қауіптенеді.
─ Оларды қорғау үшін біз не істеуіміз керек?
─ Егер сіз олардың Таллахассидегі35 достарына кетіп қалуына
мүмкіндік берсеңіз, құтылар едік дегенді айтады Оматла. Қоныс
аударғанға дейін сонда бой тасаламақ. Бұлар Тампаға36 немесе
шақырған жеріңізге кідірмей жетуге уəде береді.
Екі генерал тағы да сыбырласа бастады. Мынадай кездейсоқ
ұсынысты ойластырып алу керек еді.
Оматла осы кезде тағы да сөйледі:
─ Егер біздің Таллахассиге кетуімізге мүмкіндік болмаса, онда...
онда біз мұнда, өз тайпаларымызда қала алмаймыз. Онда форттан пана
іздеуге мəжбүр боламыз.
─ Таллахассиге кету мəселесін, - деді уəкіл, ─ қарастырып көрелік.
Жауабын ертең береміз. Ал əзірге сіздер қауіптенер дəнеңе жоқ. Мына
кісі ақ өңділердің əскери бас көсемі, ол сендерді қорғайды!
─ Иə, - деп шірене қалды Клинч. ─ Менің жауынгерлерім көп əрі
күшті. Фортта да көп, ал жолда келе жатқаны қаншама. Ештеңеден
қорықпаңдар.
─ Жақсы болды, - деді көсемдер. ─ Егер қысылып бара жатсақ,
сіздерден пана іздейміз. Сіздер уəде бердіңіздер бұл жақсы!
─ Көсемдерден сұраңыз, - деді ойына бірдеңе түскен уəкіл маған
бұрылып, ─ ертеңгі жиынға Холата-мико келе ме екен, соны біле ме?
Əзір оны білмейміз. Холата-мико ниетін білдірген жоқ. Бірақ
кешікпей білеміз. Егер ол қалатын болса, күн шыққанша шатырларын
жинамайды. Кететін болса ─ ай батқанша қосының іргесі көтеріледі.
Кете ме, қала ма, ай батқанда білеміз.
─ Көсемдердің шатырлары форт жақтан көріне ме?
─ Жоқ. Ағаштардың тасасынан көрінбейді.
─ Холата-миконың хабарын бере аласыңдар ма?
─ Иə, бірақ тек осы жерде. Жіберген адамымыз фортта көзге түсіп
қалады. Өзіміз осы жерге қайтып келіп, біреулеріңізбен кездесетін
болайық.
─ Дұрыс, сол жөн болар, - деп жауап берді, істің оңға басқанына риза
болған уəкіл
Бірнеше минут өтті. Екі генерал сыбырласып, кеңесіп жатты.
Көсемдер үн-түнсіз, қозғалмастан, тас мүсіндей қатып аулағырақта тұр.
Бір кезде генерал Клинч маған қарап:
─ Лейтенант! Сіз осы арада көсемдердің қайта оралуын күтесіз.
Жауабын тура өзіме, штабқа кеп айтыңыз.
Олар бас иісіп, бір-бірімен қоштасты. Американ генералдары өз
форттарына кетті, ал көсемдер қарама-қарсы жаққа қарай ғайып
болды.
Мен жалғыз қалдым.
XXXII тарау
СУ БЕТІНДЕГІ КӨЛЕҢКЕЛЕР
Оңаша, ой үстінде тұрмын. Өкінішке толы ойлар. Оның бірнеше
себебі бар. Ойлаған ойымның бəрі бұзылды, жүрегім достықтың мөлдір
де таза қуанышына қайта оралуға ынтығып еді, бірақ күдік сейілмей,
белгісіздік пен бағдарсыздық жанымды жеді.
Еңсемнің түсуіне бұдан басқа ойлар да əсер етті. Атқаруға тиісті
болған мынадай шаруа өзіме өлердей жиіркенішті көрінді. Зұлымдық
пен қастықтың қаруына айналдым, əскери қызметімді пара мен
сатқындыққа негізделген қастандыққа қатысудан бастауыма тура
келді. Алайда мұны өз еркіммен істемесем де, өз міндетімнің
масқаралығын шын сезіп, оны жиіркене орындадым.
Түнгі тыныштықтың құшағы көңілімді жұбата алмады. Көңіл күйіме
алай-түлей соққан дауыл үйлесімді келетін тəрізді.
Сонда да болса бұл бір тылсым түн еді. Түнгі тұнық ауада сыбдыр
еткен дыбыс жоқ. Кейде аспанда шарбы бұлттар қалқып өтеді, бірақ
оның мөлдірлігі сонша, айдың жүзін қақтаған жұқа күмістей ғана
тұтып қалқиды. Сүттей жарық ай бірде-бір сəулесін жоғалтпай, орман
үстіне ақ шұғыласын төгуде. Айдың аппақ жарығы жылтыраған лавр
жапырақтарына шағылысып, бүкіл орманды құбылтып тұр. Бейне
миллиондаған айна жарқылдайтын секілді. Бұл суретке жарқырауық
қоңыздар да ерекше өң бере түскендей. Олар ағаштардың көлеңкесінде
бұлттай қаптап, қара көлеңкелеген орманды түрлі түсті жарыққа
бөлейді ─ алқызыл көк, алтын түсті ұшқындар шашады.... Əлдеқандай
сиқырлы бидің ырғағына берілгендей, бірде жоғары, бірде төмен, бірде
тура, бірде айнала ұшады.
Осы бір керемет көрініс ортасында жан-жағы тік бұрышты боп
келген, айнадай жарқыраған көл жатыр.
Кəусар ауа жұпар аңқиды. Түн салқындау, бірақ суық емес. Көптеген
гүлдер қауыздарын жаппапты ─ олардың бəрі бірдей күнді сүймейді,
кейбіреулері жұпар иісін ай жарығымен шашады. Айналаның бəрінде
сассафарс пен лавр гүлдеп тұр. Олардың жұпары анис пен апельсин
иісіне қосылып, ауаны ғажайып хош иіске бөлейді.
Төңірек мүлгіп тұр, бірақ бүл үнсіздік емес. Оңтүстік ормандары түн
баласы тілсіз жатпайды. Ағаш бақалары мен шілделіктер күн
батысымен-ақ əндете бастайды, ал Америка ормандарының атақты
əншісі ─ тоты құс ай жарығымен сайрағанды көбірек ұнатады.
Солардың бірі көл жиегіндегі биік ағашқа шығып алып, əдейі менің
мұңды көңілімді көтергісі келгендей, неше алуан мақамға басады.
Құлағыма одан басқа да дыбыстар шалынды. Форттағы солдаттардың
дабыр-дұбыры, үндістердің алыстан талып жеткен дауыстарымен
араласып кетеді. Тылсым тыныштықты кейде əлдекімнің балағат сөзі,
жекіргені немесе күлкісі бұзып жібереді.
Үндістердің оралуын бір сағат па, екі сағат па, əлде одан да көп пе ─
қанша күткенімді білмеймін. Уақытты айға қарап шамалаймын. Олар
Холатаның қосы не ай батқанша ірге көтереді немесе қалып қояды
деген-ді. Екі сағаттан соң бəрі де анықталады, сонан соң боспын. Күні
бойы тізе бүкпегендіктен өлердей қалжырадым. Көл жағасындағы
жақпар тастардың ортасынан жайлы орын іздеп тауып, отыра кеттім.
Көл бетіне көз жібердім. Жартысына дейін көлеңке жауып тұр,
қалған жартысы ай сəулесімен күмістей жалтырайды, тіпті
жарқырағаны сонша су түбіндегі аппақ ұлу қауашақтары мен малта
тастарға дейін көрінеді. Көлеңке мен жарықтың тоғысар тұсындағы
белдеуді бойлай кербез пальма ағаштарының көлеңкелері көзге
ұрады. Олардың биік діңдері мен қалың жапырақтары жерге терең
сіңіп кетіп жатқандай, бейне бір аяғымның астында жатқан басқа,
зеңгір, таза аспанға алақандарын жайғандай. Ай сəулесін көлегейлеп,
көлеңкесі суға түскен пальмалар көлдің батыс жағалауын ала көсіліп
жатқан жоталы қыратта өскен.
Көк аспанға ұқсаған осы көрініске қарап біраз отырдым.
Пальмалардың желпуіш секілді жапырақтарына еріксіз көзім түсе
берді. Кенет су бетінен əлдекімнің көлеңкесін көріп, селк ете түстім.
Бүл бейне, ақиқаты көлеңке, пальма ағаштарының арасында ойда жоқ
жерден пайда бола кетті. Тəрізі, тым үлкен боп көрінуіне қарамастан,
адам бейнесіне ұқсайды, иə, сөз жоқ, бұл адам көлеңкесі, тек еркек
емес.
Кіп-кішкене, сүп-сүйкімді басына ештеңе жамылмаған, жарасымды
жұп-жұмыр нық, дөңгелене біткен мықын, етегі жерге тиген ұзын
көйлек ─ осының бəрі алдымда тұрған адамның əйел екендігіне
көзімді жеткізді. Алғаш көзім түскен кезде пальма ағаштарының
арасында келе жатқанды. Кешікпей кідіріп, бірнеше минуттай
қозғалмастан тұрды. Əйел екенін сол кезде байқадым. Алғашқыда
көлеңкесі көз тартқан əйелге жалт бұрылып, қарағым келген. Көлдің
батыс жағалауында отырғанмын: артқы жағымда жоталар созылып
жатыр. Сондықтан пальмаларды, олардың ұшар бастарын да көре
алмас едім. Тіпті орнымнан тұрып қараған күннің өзінде ештеңе көре
алмадым. Өйткені өзім түбінде отырған алып емен: бар көріністі
жауып тұр. Тез-тез басып бірнеше қадам ұзадым да, жоталар мен
пальмалардың ұшар басын айқын көрдім. Бірақ əйел көрінбей кетті.
Жоталарды көзбен əбден шолып шықтым, бірақ ешкім жоқ. Желпуіш
секілді пальма жапырақтары ғана көрінеді. Сонан соң орныма қайтып
келіп, су бетіне қайта көз жүгірттім. Бұрынғыша пальма ағаштарының
көлеңкесі шағылысуда, бірақ əйел бейнесі жоқ боп кетті.
Бұған танданатын ештеңе жоқ. Мұның елес емес екенін білдім.
Əйтеуір, біреудің ─ тегі, əйел болса керек ─ жотаға шыққаны, сосын
ағаш көлеңкелеріне сіңіп, көрінбей кеткені анық. Осы дəлеліме өзім
ден қойдым.
Əрине, тілсіз елес көңілімді алаңдатпай қалған жоқ, сондықтан қиял
қуып отыра бермей орнымнан тұрып, жан-жағыма қарайлап, құлақ
түрдім.
Əлгі əйел кім болды екен? Əрине, үндіс əйелі. Ақ нəсілді əйел бұл
мезгілде, мынадай жерде жүрмейді. Киіміне қарағанда қызыл өңді əйел
екенінде сөз жоқ. Оңаша жерде жападан-жалғыз не істеп жүр екен?
Бұл сұраққа жауап беру оңай емес еді. Əйтсе де бұған таңдануға
болмайды. Орман балаларының уақыты біздердегідей емес, басқаша
өтеді. Олар түнді де күндізгідей, шаруашылықпен əрі серуенмен өткізе
береді. Үндіс əйелінің түнгі серуенінде бір сыр болса керек. Бəлкім,
суға шомылғысы келген болар... Ал, бəлкім, оңаша, орман саясында
сүйген жігітімен кездесуге келіскен қыз болар...
Кенет жүрегім улы жебе тесіп еткендей сыздап кетті: "Мүмкін ол
Маюми шығар?"
Бұл ойдың маған қалай жаман əсер еткенін айтып жеткізу қиын. Бір
жас офицердің абайсызда айтып қалған сөздерінен кейін, күні бойы
ауыр күдіктен арыла алмай қойғанмын. Ол əңгіме форттағыларға
жақсы таныс үндіс сұлуына қатысты болатын. Жас жігіттің сөзінен
мақтаншақтық пен масаттану байқалған Оның əр сөзін зейін қоя
тыңдадым жəне айтушының бет құбылысына ғана емес,
тыңдаушылардың да ыңғайларына қарап отырдым. Оны екі топтың
қайсысына ─ мақтаншақтарына ма, əлде жеңімпаздарына ма ─
жатқызарымды білмедім. Офицердің өз сөзіне қарағанда сүйегіне дақ
түскен секілді, ал тыңдаушылар болса, жоқ дегенде солардың
көпшілігі, қызға қолы жеткен екен деп есептеді.
Қыздың аты аталмады. Тұспалдап айтылған да ештеңе жоқ, бірақ
"үндіс қызы", "асқан сұлу" деген сөздердің өзінен-ақ жүрегім тулап сала
берді. Əрине, офицерге қарапайым бір сұрақ берумен көңілімді
тыншытуыма болар еді. Бірақ дəл соған батылым жетпеді. Сондықтан
күні бойы беймəлімдік пен күдік жанымды жегідей жеді. Су бетіндегі
бейнені көрген кезде, ойыма сап ете түскен болжамның мен үшін
күтпеген жай болмауы да сондықтан.
Бірақ бұл азап ұзаққа созылмады. Қас қағым сəттен кейін-ақ
жеңілдеп сала бердім. Көл жағасында біреудің көлбеңдеген көлеңкесі
көрінді, ай сəулесімен арайланған ол бейне менен алты қадамдай
жерден шыға келді. Енді анық көрдім. Бұл үндіс əйелі екен. Бірақ
Маюми емес еді!
XXXIII тарау
ХАДЖ-ЕВА
Алдымда бір кезде айтулы сұлу болған, кейін ары төгіліп,
бақытсыздыққа ұшыраған, орта жастағы, ұзын бойлы əйел тұр. "Сырлы
аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді" дегендей, баяғы сұлулықтың
кейбір белгілері сақталыпты. Вандалдар қиратқан Греция əйел
құдайының мүсіні, жарықшақ күйінде де өзінің баға жетпес құнын
жоғалтпайды емес пе?
Жуырда ғана аяулы ару болғаны байқалады. Кемеліне келген
сұлулыққа табынатындар бар, ондай адамдар үшін бұл əйел əлі де
тартымды көрінуі мүмкін. Кербез керілген төсі мен толық, жұп-жұмыр
білектерінің көз тартарлық сымбатын уақыт өшіре алмапты. Мен
осындай қорытындыға келдім, өйткені оның белге дейін жалаңаш
денесі балғын жас күніндегідей, ай сəулесімен шағылысып көз алдыма
тұра қалды. Иығына төгілген қара шаштары ғана денесін ептеп
жасырып тұр. Уақыт оған да өктемдігін жүргізе алмаса керек. Сүмбіл
қара шашын əлі қылау шала қоймапты. Өңі де көп тозбаған. Бəрі де қазқалпында -дөңгелене біткен иек, əдемі ерін, құс мұрын, жұқалтаңдау
жарасымды танау, жазық кең маңдай, ал көздері қандай... Мұнысы
қалай? Тосын бір жарқыл бар ма?
Бұл не деген тағы, санасыз көзқарас? Апырау, мына бір көзқарас!.. О,
тоба! Ақылы ауысқан əйел екен ғой!
Амал не, шыны солай еді! Алдымда ақылы ауысқан əйел тұрған-ды.
Оның көзқарасынан кездейсоқ адамның өзі-ақ ақылының орнында
емес екенін біле қояры анық. Бірақ мен оның көзіне қарағым келмеді ─
бақытсыздыққа қалай ұшырағандығын білетінмін. Микосоки
тайпасының есі ауысқан ханшасы Хадж-Евамен талай рет кездескен
едім.
Сұлулығына қарамастан адам шошынғандай: алқа орнына мойнына
жасыл жылан оратылып жүр, ал ай жарығымен жарқырап тұрған
беліндегі белбеу сала құлаш сылдырмақты жылан боп шықты.
Иə, бауырымен жорғалаушылардың екеуі де тынымсыз
ирелеңдейді: кішірек жыланның басы əйелдің кеудесіне салбырап, ал
қауіптірек жылан мықынына оралыпты. Сылдырмақты құйрығы бір
жағында салбырап тұр. Ессіз əйел көздері жақұттай жалт-жұлт еткен
жыланның басын саусақтарымен қысып алған.
Хадж-Ева басына ештеңе тартпаған, бірақ күн сəулесі мен нөсерден
қою қара шашы қорғайтын еді. Аяғындағы мокасин ұзын "хуннадан"
əрең көрінеді. Оқа тігіп, тоты құстың жасыл қауырсындарымен
əшекейлеген, жыртқыш аңдардың терісі жəне жабайы үйректің
қауырсындарымен əдіптеген жалғыз лыпа осы.
Егер өмірімде бірінші рет көріп тұрған болсам, шошып кетер едім.
Бірақ мұның бəрін бұрын да көргенмін: жасыл түсті жылан,
сылдырмақты кроталус жалбыраған ұзын шаш, жалт-жұлт еткен ессіз
көзқарас. Мұның бəрі мен үшін қауіпсіз, қатерсіз еді.
─ Хадж-Ева! - деп дауыстадым жақындай берген кезде.
─ Ие-ела37 - деді ол қайран қалған үнмен. " Жас Рэндольф! Ақ
түстілердің көсемі! Хадж-Ева сорлыны ұмытпағансың ба?
─ Жоқ, Ева, ұмытқан жоқпын. Мұнда кімді іздеп жүрсіз?
─ Сені іздеп жүрмін, жас көсем.
─ Мені ме?
─ Иə, сені. Іздеп таптым да.
─ Мені қайтпексіз?
─ Өміріңді, жап-жас өміріңді аман алып қалғым келді, кішкентай
көсем! Сенің тамаша да қымбат өмірің үшін... Орманның ерке құсы,
сорлы бейбақ қыз үшін! Бір кезде менің де қимас жігітім болған, оған
қай заман! Хо, хо хо!38
Қара орманды ақ жігітпен кезгенім,
Хо, хо, хо!
Неге өмірден бүйткенше мен безбедім?
Балдай тəтті сөзге неге ұйыдым, ─
Жас жүрекке неге у боп құйылдың?
─ Тыныш, читта-мико,39 ─ деді ол жыланға қарап, əндетуін қоя
қойды. Жылан мені көрісімен тілін жалаңдатып, айбат шақыра
бастаған. " Тыныш, жыландардың патшасы! Дұшпандарша киінгені
болмаса, бұл менің досым! Тыныштал, əйтпесе басыңды мылжа-мылжа
етем!.. Ие-ела! - деді ол тағы да, ойына бірдеңе түсіп кеткен адамша. "
Қайдағыны айтып уақыт алып тұрмын-ау! Ол жоғалды, жоғалды, қайта
келмейді! Осы мен неге келдім, жас көсем! Неге келдім деймін?
Ол бір нəрсені есіне түсіргісі келгендей алақанымен мандайын
сипады.
─ Ə, есіме енді түсті! Халвук40. Текке уақыт алып тұр екем ғой! Сені
жазым етуі мүмкін, жас көсем, өлтіріп кетуі мүмкін, онда бейшара қыз...
Жүгір, қаш, фортқа жет! Көк мундирлі солдаттардан айырылма, өз
жұртыңнан пана ізде... Кезе берме орманды! Саған қатер төніп тұр.
Салмақты сөздері мені таң қалдырды. Өз өміріме жасалған кешегі
қастандық есіме түскенде бойымды белгісіз бір үрей билегендей
болды. Есі ауысқан əйелге де кейде сана кіретінін, кейде тіпті, ақылы
қайта оянып, сау адамдарша ой ойлап қаракет ететін кездері
болатынын білетін едім. Сондай сəттің бірі болуы керек. Өміріме
қастандық жасалатынын білген соң, сақтандырайын деп келген ғой.
Бірақ менің ата жауым кім болды екен жəне оны бұл əйел қайдан
біліп қалды?
Осыны анықтағым келді де, оған:
─ Менің жауларым жоқ. Маған өлім тілейтін кім ол? - дедім.
─ Айтып тұрмын ғой, кішкене көсем, жауларың бар. Ие-ела! Соны
шынымен білмейсің бе?
─ Өмірімде бір үндіске жамандық жасап көрген жоқпын!
─ Үндісі несі? Мен үндіс дедім бе? Жоқ, сүйкімді Рэндольф.
Семинолдар елінде бірде-бір қызыл өңді сенің бір тал шашыңа
тимейді. Ондайлар табыла қалғанда да Арайлы Күннің не істейтінін
білесің бе? Ол оны орман өртегендей өртеп жібереді. Қызыл
өңділерден қорықпа. Сенің жауларың ─ басқа түстің адамдары.
─ Ə, солай де! Қызыл өңділер емес? Сонда кім?
─ Ақ нəсілділер жəне сарылар бар.
─ Қайдағыны айтпашы, Ева! Бірде-бір ақ нəсілдіге жамандық
жасаған емеспін!
─ Баламысың деген? Сен де бір бейқам жүрген бұғының лағысың
ғой. Орманды кезіп жүрген жыртқыш андар барын анаң айтпаған екенау.
─ Өзіңе себепсізден-себепсіз жау боп өтетін жаман адамдар болады.
Сені өзің жамандық жасамаған адамдар өлтірмекші.
─ Ал сонда кім олар? Жəне не үшін?..
─ Сұрама, балақай! Қазір оған уақыт жоқ. Бір нəрсе айтайын: сен
зəңгілер көк бояу жасайтын үлкен жердің иесісің. Сұлу, өте сұлу
қарындасың бар. Ай десе аузы, күн десе көзі бар қыз емес пе? Бір кезде
мен де сұлу болғам... жігітім айтатын. Əй, сұлу болу өте жаман! Хо, хо
хо!
Қара орманды ақ жігітпен кезгенім,
Хо, хо, хо!
Неге өмірден бүйткенше мен..
Халвук! ─ осы сөзден соң ол əндетуін кілт үзді. ─ Мен жындымын,
бірақ есімде... Кет, бар! Кет деймін саған. Сен бұғының лағысың,
соңыңда аңшылар жүр. Фортыңа бар, жүгір, жүгір!
─ Бара алмаймын, Ева. Осы жерде шаруам бар. Біреулер келгенше
тұруым керек.
─ Біреулер келгенше деймісің? Ойбай! Кешікпей мұнда əлгілер
келеді!!!
─ Кімдер?
─ Жауларың, сені өлтіргісі кеп жүргендер. Əй, байғұс марал өледі-ау,
жүрегі жылайды-ау. Ол сорлы да есінен адасып, Хадж-Еваның аяғын
құшады десеңші!
─ Кімді айтып тұрсың?
─ Тыныш, тыныш! Кеш қалдық! Əлгілер келе жатыр! Əлгілер келе
жатыр! Судағы көлеңкелерін көрмеймісің?
Мен Ева нұсқаған жаққа қарадым. Шынында да, көл бойында,
əлгінде өзім Еваны көрген жерде əлдекімдердің көлеңкесі көрінді. Ер
адамдар екен, өздері төртеу. Олар пальмалардың арасымен жотаны
жағалап келеді. Бірнеше минуттан соң көлеңкелер көрінбей кетті.
Тəрізі, олар құлдилай төмен түсіп, орманға кірсе керек.
─ Қап, кешігіп қалдық! - деп сыбырлады есі ауысқан əйел, тап осы
сəтте ақылы əбден айығып кеткен тəрізді еді. ─ Жазыққа шығуыңа
болмайды. Байқап қалады... Қалыңға жасырынуға тырыс... Бері жүр! деді ол, қолымнан сүйрей. Сосын бар күшімен емен діңіне итеріп
қалды. ─ Құтылатын бар үмітің осында. Тез өрмеле! Жасырынып қал!
Мен қайтып келгенше үн шығарма! Хинклас?41
Ақылшым осыны айтып, ағаштардың көлеңкесіне қарай жылыстап,
қалыңға сіңіп көрінбей кетті. Мен оның айтуы бойынша еменге
өрмелеп шығып, бір үлкен бұтаққа жайғасып алдым. Қауіпсіздік үшін
күміс түсті тилландсияның шырматылған жапырақтарының арасына
жасырынып қалдым. Бұтақтардан төмен салбыраған торғын
шымылдық тəрізді жапырақтар мені көзге түсірмеді. Ал өзім болсам,
қалың жапырақ арасынан көлді, ай жарығы түсіп тұрған бөлігін анық
көріп отырмын.
Алғашқыда өзімнен-өзім қысылып, бір жайсыздықты сездім.
Өміріме қатер төндірген жаулар жайлы осы оқиға шатасқан ойдан
туған қиял болуы мүмкін-ау. Ал көлеңкелері су бетіне түскен адамдар
өзімнің күтіп тұрған үндістерім шығар. Келіскен жерден мені таба
алмаған соң, қайтып кетулері ықтимал. Онда генералға не бетімді
айтам? Осының бəрі кісі күлерлік, қисынсыз іс еді. Бірақ мен үшін
ақыры жаман болуы ғажап емес. Ойлана келіп, ағаштан түсуге, кім де
болса əлгілерге көрінуге ыңғайлана беріп ем, бірақ көсемдердің екеу
ғана, ал көлеңкенің төртеу екендігі есіме сап ете түскені! Сондықтан
əзірше жасырына тұруды жөн көрдім.
Əрине, кездесудің сатқындық сипатына қарағанда, оларды күзетіп
жүретін жауынгерлердің ере келулері де мүмкін болатын жəне ол
артық та емес еді. Бірақ көлеңкелердің тез қозғалуына қарамастан,
əлгілердің үндіс емес екендігін байқап қалдым. Олардың үстерінде
ұзын киім, бастарында қауырсындары жоқ болатын. Маған, тіпті
бастарындағы ақ адамдар киетін қалпақ секілді боп көрінді. Соңғы ой
Хадж-Еваның бұйрығын орындауға мəжбүр етті. Мұндай шешімге
келуіме басқа да жайлар түрткі болды: ол үндіс əйелінің таң қаларлық
тұжырымдары, оқиғаға қанықтығы, өзіме əбден таныс адамдар туралы
мегзеулері жəне кешегі оқиға. Осының бəрін ойластыра келіп, бақылау
мұнарасында, тым болмаса бірнеше минут отыра тұруды мақұл
көрдім.
Мені өзім ойлағаннан гөрі тезірек тауып алулары да мүмкін:
орнымнан қозғалмастан, демімді шығармастан жан-жағымды жіті
бақылап, əр дыбысқа елегзи құлақ түрудемін.
Төзімім таусыларлықтай бола қойған жоқ. Көзім көріп, құлағым
есіткен əңгімеден жаным түршігіп, қаным қатып қалғандай болды.
Адам жүрегінде өмірде ешқашан естіп көрмеген, кітаптан да оқымаған
зұлымдық бұғып жатуы мүмкін екендігіне бес минут өтпей-ақ көзім
жетті.
Алдымнан қаздай тізіліп төрт пері өтті. Бұлардың пері
екендіктерінде сөз жоқ, өйткені көзқарастары, сөздері, қимылдары ─
көзім көріп, құлағым есіткеннің бəрі осыған толық дəлел болатын.
Олар көлді жағалай жүрді. Ай жарығына шалынған жүздерін көрдім:
құп-қу, ашаң жүзді Аренс Ринггольд, түнерген, құс тұмсық Спенс,
дөңгелек жүзді хайуан, сотқар Уильямс...
Ал төртіншісі кім болды екен?
Шынымен есім ауысып тұр ма? Əлде көзім алдап тұр ма?
Апыр-ау, осының бəрін өңімде көріп тұрмын ба? Əлде сезімім алдай
бастаған ба? Бəлкім, кездейсоқ бір ұқсастық шығар? Жоқ! Жоқ! Бұл елес
емес ─ тірі адам. Анадай бұйра қара шаш, өңінің сары қоңырлығы,
мынадай бітім, мынадай жүріс - аумаған сол секілді! Құдай тағалам-ау!
Тап өзі ғой ─ Сары Джек!
XXXIV тарау
АСТЫРТЫН ҚАСТАНДЫҚ
Бұған дау айту ─ өз сезімімнің шындығына күмəн келтірумен бірдей
еді. Көз алдымда өзім білетін мулат түр, тек киімі ғана басқа, аздап
толысқан. Бірақ бет-бейнесі мен жалпы сықпыты баяғы, ─ алдымда
біздің плантацияның бұрынғы отыншысы Сары Джек тұрған-ды.
Шынымен-ақ сол болғаны ма? Аяусыз қуғын көрсеткен əрі əбден
азапқа салған Ринггольдтің қасында неғып жүр? Жоқ, мүмкін емес,
сенбеймін! Əлде мен алжастым ба, көзіме сол боп көрінді ме?
Жо-жоқ! Көріп тұрғаным қандай шындық болса, бұл адамның мулат
Джек екені де сондай айқын. Ол мен жасырынып отырған ағаштан
жиырма футтай жерде тұр. Ай жарығы күндізгідей анық көрсетуде.
Өзіме баяғыдан таныс кекті көзқарас, сұмырайдай сықпыт. Иə, бұл
Сары Джек еді!
Бұған қоса келемеж қылғаныма қарамастан, Қара Джектің кеше бой
бермей қойғаны, мулатқа ұқсас біреу шығар дегенге көнбегені есіме
түсті. Зəңгі айтқанынан қайтпады: Сары Джектің не өзі, не аруағы деп
көнбей қойған, сенімділігі сонша, бетін қайтара алмадым.
Басқа да жағдайлар есіме түсті ─ түстіктен кейінгі əңгіме кезіндегі
Ринггольдтердің қылықтары сол кезде-ақ назарымды аударған
болатын. Ал қазір тіпті не ойларымды білмедім. Қарсы алдымда
жұрттың бəрі өлдіге санаған адам жəне оның мерт болуына себеп
болған үшеу тұр. Солардың біреуі қатыгез жендет еді. Енді, міне,
төртеуі де етене дос болып кеткен секілді. Өлген адамның қайта
тірілуін, жауларымен татуласып кетуін қалай түсінуге болады?
Мұның сырын біле алмай қиналдым. Бұл құпия бір пəсте шеше
қоятындай оңай емес. Егер қастандық ойлаушылардың өздері
болмағанда, ол құпияның шешімін таба алмас та едім.
Əңгімелерін құлағым шалып қалды. Соған қарап Сары Джектің
жарық дүниеде əлі тірі жүргендігіне ғана емес, өз өміріме қатер төніп
тұрғандығы жөніндегі Хадж-Еваның дұрыс айтқандығына да көзім
жетті.
─ Қап, сайтан алғыр! Мұнда жоқ. Жер жұтып кетті ме оны? - деп
күйінді Ринггольд. Даусынан əрі ыза боп, əрі таң қалғандығы
байқалады.
Əріптесінің сөзіне қарағанда, əңгіме мен туралы екен.
Өзім даусын айна қатесіз таныған Уильямс:
─ Генералдармен бірге фортқа қайтып кетпегендігіне сенімдісіз бе,
Аренс? - деп сұрады.
─ Əбден сенімдімін. Олар қайта оралған кезде мен қақпа маңында
тұрғанмын. Екі-ақ адам оралды ─ генерал жəне уəкіл. Бірақ мəселе
мынада: бұл арадан ол əлгілермен бірге кеткен жоқ па екен? Ақымақ
болғанымыз-ай, о! Осылай қарай бет алған кезде, арттарынан жүріп
отырмаған екенбіз. Уақытында жетсек, қай жерде айырылысқандарын
білер едік қой. Олардан қалып қояды деп кім ойлаған. Мұны білсем
ғой... Тұп-тура үндістер қосынан келе жатырмын дедің бе, Джек? Өзіңді
байқап қалған жоқ па?
─ Карахо!42 Əрине жоқ, синьор Аренс!
Мына дауыс, испан тіліндегі мынадай балағат сөз маған бала кезден
таныс. Ендігі жерде күмəннің бұлты əбден сейілді. Көзіме сенбегенді
құлағым сендірді. Бұл Сары Джек еді! Ол сөзін жалғастырды:
─ Мен тура семинолдар қосынан келе жатырмын. Жолай екі көсемді
ғана кездестірдім. Пальмалардың тасасына жасырынып қалдым. Олар
мені байқамады. Байқамағанына сенімдімін.
─ Сайтан алғыр, қайда жоғалды екен? Із-түзі жоқ. Үндістер қосына
баратындай себебі бар екенін білемін иə, оны білемін. Бірақ Джектің
көзіне шалынбай, қалай өтіп кете қойды?
─ Бəлкім, басқа жолмен айналып кеткен шығар, - деген долбар
айтты Уильямс.
─ Жазықпен бе?
─ Жоқ, оның қисыны келіңкіремейді, - деп жауап берді Ринггольд. ─
Енді ойланатын бір-ақ нəрсе бар: ол генералдармен форттың
қақпасына жете бере айырылысып, қоршауды жағалай отырып
маркитанттың үйіне тартқан болды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.