Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17

Total number of words is 4101
Total number of unique words is 2162
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.7 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кезде форт Брукта екі жүздей солдат бар еді. Көбі зеңбірекшілер. Жаяу
əскерлер тым аз болатын.
Ұзамай, форт Кингтегі нəтижесіз кеңестен кейін, бұл əскерлер,
дұрысырақ айтсақ, соның бір бөлігі, генерал Клинчтің бұйрығы
бойынша негізгі корпусқа қосылуға тиіс еді.
Бұйрықты орындай отырып, тиісті офицерлерімен қоса жүз солдат
форт Кингке қарай қозғалады. Əскер басы майор Дэйд болатын.
1835 жылы рождество мерекесі қарсаңында, дұшпанмен шайқаста
оңай жеңіске жетеміз деген үмітпен, көтеріңкі көңілмен əскер форт
Бруктан шығады. Солдаттар бұл осы соғыстағы алғашқы ашық шайқас
болмақ, сондықтан жеңіс бəрімізді даңққа бөлейді деп есептеді. Жеңіліс
олардың ойларына да келген емес.
Тулар желбіреп, барабандар дабыл қағып, кернейлер тартылып,
шабуылдың басталғанын білдірді. Зеңбіректердің салют беруі жəне
жолдастарының кеу-кеуімен отряд жорыққа -қайта оралып келмейтін
жорыққа аттанды.
Осыдан тура бір апта өткен соң, 31 желтоқсанда, форт Бруктың
қақпасына бір адам торт тағандап əрең жетті. Киімдері жұлым-жұлым,
сығып алғандай су, үсті-басы батпақ, топырақ пен қан жапқан. Мұны
Дэйд отрядының мундир киген қатардағы жауынгері деу қиындау еді.
Солдат бес жерінен - оң жамбасынан, басынан, самайынан, сол
қолынан жəне арқасынан жараланыпты. Өңі құп-қу, жүдеген, əбден
шаршап-шалдыққан, аруаққа ұқсайды. Ол əбден əлсіреген дауыспен:
"Екінші зеңбірекшілер полкінің қатардағы жауынгері Кларкпын" деген
кезде ғана ескі жолдастары əрең таныды. Осыдан көп ұзамай осындай
жыларман күйге ұшыраған тағы да екі солдат, қатардағы жауынгер
Спрэг пен Томас келді. Олар да Кларктың айтқан сөздерін айтты.
Дэйдтің отрядына үндістер шабуыл жасап, тас-талқан етіп, түгелдей
дерлік құртып жіберіпті. Өз күштеріне мақтанып, жеңіс пен даңқтан
үміттенген жорықшылардан тек үш-ақ адам тірі қалды. Олардың əр
сөзі шындық болатын. Бүкіл отрядтан осы үшеуі ғана аман қалған.
Қалған жүз алты адам Амазура жағасында жер құшты. Оларға жеңіс
алқасы емес, моланың кресі бұйрыпты.
Аман қалған үшеуі томагавкі тиіп ұшып түскен кезде, өлген адам
болып жата қалған. Соның арқасында ғана шайқастан соң еңбектеп
шығып, фортқа əрең жеткен Кларк сағатына бір мильден жылжи
отырып, алпыс мильден аса жерді еңбектеп өтіпті.
LXVI тарау
ШАЙҚАСТАН СОҢ
Үндіс соғысының бүкіл тарихында Дэйд отрядының талқандалуына
тең келер ештеңе жоқ. Соғысқа қатысқан ақ өңділер үшін бірде-бір
қақтығыс дəл осындай апатпен аяқталған емес. Дэйдтің отряды
түгелдей қырылды ─ тіпті фортқа сүйретіліп жеткен үш солдаттың да
екеуі кейінірек жарақаттан өлді.
Жəне де үндістердің өз қарсыластарынан онша көп басымдығы
болмаған еді. Бірақ олар соғыс тактикасына жетік əрі айлакер боп
шықты.
Майор Дэйдтің отряды шабуылға Амазура63 өзенінен өтер кезде
ұрынды. Ол жіңішке, сирек қарағай өскен ашық жер болатын. Ендеше,
үндістердің шөп немесе бой тасалайтын табиғи жер жағынан
басымдықтары болған емес. Сан жағынан да бір ақ нəсілдіге екі
үндістен артық келмейтін, ал соғысқа қатысушылар арасында
үндістерге қарсы мұндай күш "тепе-тең күш" деп есептеледі.
Үндістердің шамалы басымдықтарына ақ өңділер əдетте жүрдімбардым қарайтын.
Үндістердің көпшілігі салт атпен шауып жеткен, бірақ олар мылтық
оты жетер жерге жоламай, шайқасқа тек жаяу əскер қатысты. Олардың
жеңіске тез жеткені соншалық, тіпті салт аттылардың көмегі қажет те
болған жоқ.
Алғашқы дүркіндете атыстың өзі-ақ бұларды баудай түсіріп, Дэйдтің
отряды бей-берекет болды. Солдаттар шегіне де алмады ─ салт атты
үндістер оларды қос қанаттан орап, шегінер жолды кесіп тастаған еді.
Дэйдтің өзі жəне офицерлердің көпшілігі алғашқы атыста-ақ оққа
ұшып, ал тірі қалғандары қаша жүріп атысуға мəжбүр болды. Олар
құлаған ағаштардан үш бұрышты бруствер жасамақ болып еді, бірақ
үндістердің аяусыз жаудырған оқтары ұзамай жұмысты тоқтатып,
бекініс жартылай бітпей қалды. Алғашқы шабуылдан аман қалғандар
осы сенімсіз бекініске келіп паналады. Дұшпанның дəл көздеп атқан
оқтарынан олар да бірінен соң бірі құлай берді. Кешікпей соңғы солдат
оққа ұшып, қырғын шайқас аяқталды.
Кейінірек ұрыс болған жерге тың күштер келген кезде, үш бұрышты
бекіністің маңы толған өлік екен. Солдаттар құлаған қалыптарында
бірінің үстінде бірі айқасып жатыр.
Артынан бұл оқиға көп сөз болды. Үндістер адамдыққа жатпайтын
тағылық жасап, жаралыларды қинап, өлгендерді кескілепті деген
лақап тарады. Бұл өтірік. Жаралылар қалмаса, кімді қинамақ? Қашып
кеткен үшеуден басқа ешкім тірі қалған жоқ. Ал бірнеше өлікті қорлап
жүрген кектері бар қашқын зəңгілер.
Рас, бірнеше өліктің скальпін сыпырып кеткен, бірақ ол үндістердің
соғыстағы əдет-ғұрпы. Ол əдетті кейін ақ өңділер де үйреніп, олар да,
əсіресе, қандары қатты қайнаған кезде соны істейтін болды.
Генералдың бұйрығы бойынша бірнеше офицермен бірге шайқас
болған жерге барып қайттым. Жеңімпаздардың іс-қылықтары осы
сапар жөніндегі ресми есептен жақсы байқалса керек:
"Майор Дэйдтің отряды 28 желтоқсанда, өздері түнеп шыққан
қостан торт миль жерде талқандалған. Қисапсыз жау аяқ астынан тап
берген кезде отряд жолда шеру тартып келе жатқан. Үндістер
пальметто мен қалың шалғынның арасынан тұра келіп, қас-қағымда
жақын тұстан пайда болды. Мушкет, пышақ жəне мылтық найзалары
іске қосылып, жан аямас ұрыс басталды. Екінші рет лап бергенде
үндістер біздің өлген, не жараланған солдаттардың мушкеттерін
пайдаланса керек.
Екі қапталдан бораған оққа төтеп бере алмай, зеңбірекшілер түгел
қырылып, зеңбіректер жау қолына түсті. Зеңбірек тұғырларын
қиратып, өртеп, ұңғыларын тоспаға лақтырды. Шайқасқа көптеген
зəңгі қатысқан. Үндістер бірде-бір скальп сыпырған жоқ. Зəңгілер
болса, керісінше, кеудесінен əлі жаны шыға қоймаған, ыңырсып немесе
айқайлап жатқан жаралыларды қатыгездікпен бауыздап кеткен".
Басқа бір ресми баяндамада былай делінген:
"Біз ұрыс болған жерге тыл жақтан келдік.
Маңдайалды күштеріміз өте берген кезде, кенет командир мен штаб
офицерлері бұрын-соңды көз көрмеген сұмдық көрініске тап болды. Ə
дегенде əр жерде шашылып, қирап жатқан бірнеше ағаш жəшік
көзімізге түсе кетті, сонан соң, арба жəне мойынтұрығын алмастан
ұйықтап кеткендей екі өгіздің өлігін көрдік. Оң жақта, аулақтау жерде
екі-үш жылқы өліп жатыр. Бірнеше қадамнан соң, үш бұрышты дуал
секілді бекініске кезіктік. Бекіністің ішінде ─ солтүстік жəне батыс
жақтарында отызға жуық адамның сүйегі жатыр. Əлі де мундирлеріне
ілініп тұрғаны болмаса, қаңқа боп кеуіп кеткен. Шайқас кезінде құлаған
қалыптарында
қалған.
Кейбіреулері
өліп
бара
жатқанда
жолдастарының үстіне құлапты, бірақ көпшілігі өздері атыс ұясына
айналдырған бөренелерге қарай бастарын бере жығылған. Олардың
сұлап жатқан денелері бір сызықтың бойына əдейі тігілгендей əсер
қалдырады. Үндістер өліктерге тимеген, тек бірнеше адамның ғана
скальпін сыпырып кетіпті. Бұрын айтылғандай, бұл үндістердің
одақтасы ─ зəңгілердің ісі. Офицерлерді оңай таныдық: галстукқа
тағылған қымбат түйреуіштер, алтын жүзіктері мен қалталарындағы
ақшаларына ешкім тимепті. Біз сол жерге сегіз офицер, тоқсан сегіз
солдат жерледік.
Шабуыл жартастардың тасасынан жасалмаған, қайта сирек ағаш
өскен жердің пальметтосы мен биік шөптеріне үндістер сəтті
жасырына білген".
Бұл баяндамадан үндістердің Дэйд отрядына тонау мақсатымен
немесе қанды кек алу үшін шабуыл жасамағандарын көреміз. Жоқ,
оларды бұған дүниеқоңыздық емес, өз жерлерін, отаны мен ошақтарын
қорғап қалуға деген биік мақсаттар жетеледі.
Дэйд отрядымен салыстырғанда бұлардың басымдықтары тек жер
жағдайын дұрыс пайдаланып, күтпеген жерден тасадан шыға
келгендіктерінде ғана болды. Майор, сөз жоқ, ер жүрек офицер
болғанмен, бірақ оған жақсы командирге қажетті қасиеттер, əсіресе
осындай əккі жауға қарсы қояр айла-тəсіл жетіспеді. Көптеген америка
офицерлері секілді, ол да соғысты тек теория жағынан, оқулық бетінде
ғана білетін. Ұрыс барысына қарай тез бейімдеу сияқты ұлы
қолбасшыларға тəн қасиеттер майорда жоқ еді. Ол отрядын парадқа
бастап бара жатқандай мүлдем қаперсіз келе жатқан. Соның
салдарынан адамдарын сұмдық қатерге соқтырып, ақыры қырып
тынды.
Ал егер, ақ нəсілділердің командиріне қолбасшыға лайық қасиеттер
жетіспеген болса, үндіс көсемінде ол жағы жетіп артылатын еді.
Тосқауыл қою, шабуыл жоспарын құру жəне оны жүзеге асыру ─
осының бəрін Қызыл Таяқтар тайпасының жас көсемі Оцеола
ұйымдастырғаны көп ұзамай мəлім болды.
Ол өзінің жеңісіне мастанып, шайқас болған жерде көп кідіре
алмады. Сол күні кеште, Дэйд отряды талқандалған жерден қырық
миль қашықтағы Кинг фортында, Оцеоланың қолынан үкімет уəкілі
Томпсон жер құшты.
LXVII тарау
УИТЛАКУТЧИ МАҢЫНДАҒЫ ШАЙҚАС
Үкімет уəкілінің өлімі дереу есе қайтаруды талап ететін еді. Бірденақ форт Дрейнге бірнеше жаушы аттандырылды. Олардың
бірсыпырасы жау қолына түскенмен, бірақ қалғандары аман-есен
межелі жерге жетті. Келесі күні таң ата, жалпы саны мыңнан асатын
қалың əскер Амазура өзенін бетке алып жорыққа аттанды. Əке, шеше,
əйел, қарындас, бала-шағаларына қарамастан үндіс отбасыларын
шабуылдауға шешім қабылданды. Олар Флориданың ұшы-қиырсыз
кең жазықтары мен ми батпақтарын паналап күн кешуде еді.
Орналасқан жерлері генералға мəлім болғандықтан, генерал оларды
тұтқынға алып, үндістер қашан бағынғанға дейін кепілге ұстап
отырмақ.
Форт қорғанысына қажетсіз деген əскери күштердің бəрі жорыққа
аттандырылып, маған да жазалау экспедициясына қосылу
бұйырылды. Солдаттардың сөздеріне қарап, кешікпей олардың көңілкүйлерін аңғардым. Форт Кингтегі оқиға əбден жандарына батып, ал
Дэйд отрядының талқандалуы одан бетер ашындырған көрінеді.
Олардың тұтқын алу ойларында жоқ екенін түсіндім: кəрі, жас, əйел,
бала бəрін де қырып салмақшы. Бірде-бір үндіске аяушылық
болмайды!
Жазықсыз жандардың жаппай қырғынға ұшырайтыны жаныма
батып келеді. Бақытсыз отбасылардың қайда жасырынып жатқандары
əбден анықталған, жол бастаушылар оны жақсы біледі; құтылар жол
қалмаған секілді. Алайда біз ойлағандай болмады. Барлаушылар үндіс
жауынгерлерінің алысқа, белгісіз жаққа, əйтеуір, бізбен кездеспейтін
жерге аттанып кеткендігін анықтады. Біз қырандар жоқта ұясына тап
беруге тиіс болдық. Сондықтан əскер құпия соқпақтарымен
дабырласпай жүруге бұйрық алды.
Көп адамдарға біздің экспедиция осыдан бір күн бұрын ешбір қауіпқатерсіз, сейіл құрған топ секілді көрінер еді. Бірақ Дэйд отрядының
талқандалуы солдаттарға төбеден ұрғандай əсер етті. Бір жағынан
қатты ашындырса, екінші жағынан сақтанып жүруге мəжбүр етті. Олар
өмірінде тұңғыш рет үндістерге құрметпен, тіпті қорқынышпен қарай
бастады. Демек, үндістер де соғыса білетін, жауларын талқандай
білетін болғаны ғой. Бұл сезім Дэйдтің опат болған жеріне барып
келген адамдар қанды оқиға туралы тың деректер айтқан кезде
бұрынғыдан да нығая түсті. Сондықтан солдаттар жау қолында жатқан
өлкенің тап ортасына қауіпсіз аяқ баса алған жоқ. Тіпті сескенуді
білмейтін еріктілердің өзі де сапты бұзбай, солдаттар алға үн-түнсіз
жылжыды.
Біз сəске түсте Амазура жағасына жеттік. Жыра, батпақтарға толы
ауданға жету үшін, алдымен өзеннен өтіп алу керек еді. Жол
бастаушылар өткел іздестіріп еді, бірақ таба алмай-ақ қойды.
Алдымызға жалпақ, қарауытқан терең өзен ағып жатты. Одан жүзіп
өту, тіпті ат жалдан өтудің өзі мүмкін емес.
Жол көрсетушілер адастырып əкелген жоқ па? Жоқ, ол мүмкін емес!
Жол көрсетуші үндістер бізге берілгендіктерін дəлелдеген. Оған қоса,
олар өз тайпаластарының қарғысына ұшырап, өлім жазасына кесіліп
қойған адамдар. Біздің жеңіліс табуымыз олар үшін өліммен тең.
Кейін анықталғанындай, күдігіміз бекер боп шықты: бұл арада
опасыздық жоқ екен. Жолбасшыларымыздың өздері жолдан адасып
кетіпті. Бақытымызға қарай адасқандары жақсы бопты. Осы адасу
болмағанда генерал Клинчтің əскері де майор Дэйдтің отряды
ұшыраған трагедияға тап болып, одан да үлкен қырғынға ұшырайтын
еді.
Егер біз ағысты бойлай жүріп, екі миль жердегі өткелді тауып
алғанда, жас көсемнің шеберлікпен құра білген тосқауылына тап
болғандай екенбіз. Ол орман ішіндегі ұрыс тактикасын тамаша
меңгерген. Үндістер алыс жорыққа аттанып кетіпті деген лақап ─
əскери айла ғана болатын. Ол Оцеола ойлап тапқан стратегиялық
маневрдің бастамасы екен.
Жол көрсетушілер адаспағанда үндістер бізді өткел маңынан күтіп
алар еді. Олар өткелдің екі жағына да жасырыныпты. Шөпке жыланша
жасырынып қалған жауынгерлер, біз өткелге жақындай берген кезде
бас салуға дайын жатқан көрінеді. Генерал Клинч əскерінің бағына
қарай, мынадай жол көрсетушілерді құдай бере салар ма!
Генерал бұл жағдайды білмейтін Егер ол жаудың жақын жерде
жатқандығы жөніндегі хабар естісе, онда, бəлкім, басқаша əрекет еткен
болар еді. Енді тоқтауға бұйрық берілді. Өзеннен осы жерден өтуге
шешім қабылданды.
Қамыс ішінен бірнеше ескі қайықтар мен үндіс челноктары
табылды. Онымен жаяу əскер оп-оңай өте алады, ал атты əскер
өзеннен ат жалдап өтуге тиіс болды.
Бөренелерден сал жасалып, өзеннен өту басталды. Бұны тез жүзеге
асырғанымыз сонша, бір сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде
солдаттардың тең жарымы арғы бетке өтіп болды. Олардың ішінде
өзім де бар едім, бірақ жолымыз болғанға қуана қойған жоқпын.
Панасыз əйелдер мен балаларды қыруға қатысу мен үшін тым ауыр
еді. Сондықтан, орман ішінен "ио-хо-эхи!" деген семинолдардың
əскери ұранын естігенде, жеңілдеп қалдым, тіпті қуанып кеттім десем
де болады,
Іле-шала мылтықтар дүркіндете атылып, зулай ұшқан оқтар жақын
тұрған ағаштардың бұтақтарын орып, үндістердің қалың қолы бізді
тықсыра бастады.
Өзеннен өтіп үлгерген отрядтардың бір бөлігі жағадағы үлкен
ағаштардың тасасына жасырынып үлгерген, сондықтан үндістердің
алғашқы атысы бізге пəлендей зиян келтіре қойған жоқ. Дегенмен оққа
ұшқан солдаттар болды, қалғандарына да қатерлі қауіп төне бастады.
Жауап ретінде біздің əскер де дүркіндете атты. Үндістер де атысты
қайталап, солдаттар да қарап қалмады, бірде үздіксіз, бірде үздіксоздық, бірде жеке-жеке оқ атылумен болды. Кейде атысты мүлдем
доғарамыз.
Біраз уақытқа дейін екі жақ та елеулі шығынға ұшыраған жоқ,
алайда орман шетін тасаланған үндістердің шептері тиімді екендігі
жəне бізді қоршай бастағандары түсінікті болды. Солдаттардың
көпшілігі бергі жағаға өтіп болғанша, біз бас көтере алмадық. Содан
кейін ғана найзаласуға бет қойып, жауды ашық шайқасқа шығуға
мəжбүр етпек болдық.
Сонымен өзеннен өту біздің тынымсыз оқ жаудыруымыздың
арқасында жүріп жатты. Бірақ кешікпей жағдай қиындай бастады. Тұптура біздің шепке қарсы бетте, өзенге кіріңкіреп барып, жарты аралға
айналған құм қайраң бар еді. Ол шағын аралға айналған бір жақ шеті
болмаса, жағалаудан төмен болатын. Бұл шағын аралды мəңгі жасыл
жапырақты ағаштар ─ пальмалар, емендер жəне магнолиялар жауып
кеткен.
Біздің тарапымыздан, өзеннен өтер кезде-ақ сол аралды иелену жөн
болар еді, бірақ генерал ол мүмкіндікті уақытында пайдаланған жоқ.
Үндістер мұны ұғына қойып, біз ойланып болғанша, мойнақтан жүгіріп
өтіп, аралға не болды. Шеберлікпен жүзеге асырылған осы айланың
қырсығы көп ұзамай-ақ білінді. Үндістер өзеннен өтіп келе жатқан
қайықтарды атқылай бастады. Ағын айдаған қайықтар тұп-тура сол
қалың ағашты аралға қарай жылжитын еді. Қалың жапырақ арасынан
көкшіл түтін қайта-қайта бұрқ етіп, зулаған оқтар өз шаруасын
тындыра берді. Жараланған, өлген адамдар салдан немесе қайық
ернеуінен суға құлап түсіп жатты. Ал біздің мушкеттерден жиі
жаудырған оғымыз қалың жапыраққа жасырынған ер жүректерді
аралдан кетіре алмай-ақ қойды.
Ондағы үндістер аса көп те емес. Мойнақ арқылы өткен кезде санап
шығатындай мүмкіндігіміз болған. Бірақ олар ең таңдаулы
жауынгерлер мен мергендер болса керек: көздегендерін мүлт жіберер
емес. Бұл ұрыстың нағыз қызған кезі еді. Өзге тұстағы шайқастар
шамамен бір деңгейде өтіп жатты. Екі жақ та ағаштарды
тасаланғандықтан, көп шығынға ұшыраған жоқ. Бірақ аралға бекініп
алған бірнеше үндіс бізді қалған жаудың бəрінен де жаман ойсыратты.
Оларды аралдан қуып шығудың жалғыз ғана амалы қолма-қол
айқасқа шығу еді.
Генералдың ойы осы еді. Бұл үмітсіз əрекет болатын. Жасырынып
жатқан жаудың дəл көздеп атқан оғына қарсы шабуылға шығу, өз
басынды өлімге тіккенмен бірдей.
Бір ғажабы, бұл міндетті атқару маған тапсырылмасы бар ма.
Шынымды айтсам, шайқас кезінде қызбалық көрсетіп, ерлік жасаған
жерім жоқ еді. Бірақ генералдың өзі бұйрық беріп тұрған соң, бірден
іске кірісу керек болды. Пəлендей құлшынып тұрмағанмен, бұйрықты
орындауға дайындалдым.
Жанымда винтовкамен қаруланған бірнеше адам бар болатын.
Олардың саны үндістерден көп емес. Солармен бірге жарты аралға
беттедім. Аралға бара жатқанымды білдім. Оны өзіммен бірге келе
жатқан солдаттар да ұққан болуы керек. Бірақ соны біле тұра шегіне
алмадық. Жұрттың бəрі бізге қарап тұр: біз алға ұмтылып, не жеңіске
жетуіміз, не өлуіміз керек!
Бірнеше секундтан кейін біз мойнаққа жетіп, аралға қарай лап
қойдық.
Үндістер бізді байқамас, сөйтіп олардың ту сыртын орап кетерміз
деп үміттеніп едік.
Бос үміт! Жаулар біздің əрекеттерімізді əу баста-ақ байқап,
винтовкаларын қайта оқтап, күтіп алуға даяр отырыпты.
Өз жағдайымыздың қиын екенін түсінген біз алға ұмтыла түсіп,
тоғайға жиырма ярдтай жақындап та қалғанбыз.
Кенет қалың ағаш арасынан көгілдір түтін бұрқ етіп көтеріліп,
жалын тілі жылт еткендей болды. Төбемнен бірнеше оқ ысқырып өтті.
Арт жағымнан айқайлаған жəне қинала ыңырсыған дауыстар естілді.
Жалт бұрылып қарасам, жолдастарымның бəрі баудай түсіпті
кейбіреуі өлі, кейбіреуі жаралы.
Осы кезде орман ішінен:
─ Қайтыңыз, Рэндольф! Қайтыңыз! Сізді мойныңызға тағып жүрген
символ сақтап қалды. Бірақ менің жауынгерлерім өте ызалы, қандары
қатты қайнап тұр. Қапы қалып жүрмеңіз! Қайтыңыз! Кейін! Кейін
қарай!
LXVIII тарау
ШЕГІНУМЕН АЯҚТАЛҒАН ЖЕҢІС
Дауыстаған адамды көре алған жоқпын: қалың жапырақ ештеңені
көрсетпеді. Бірақ дауысты бірден таныдым: ол Оцеола болатын.
Дəл сол минутта қандай сезімде болғанымды айта алмаймын жəне
не істеп, не қойғанымды да білмеймін. Ойым - ойран, санам - дал,
тандану мен үрей тоғысып кеткен шақ еді. Тек артыма тағы бір жалт
бұрылып, жолдастарымның бəрі бірдей өлмегенін байқап қалғанымды
ғана білемін. Кейбіреулер тырп етпестен жатыр, ал енді біреулері
қозғалып, ыңырсиды. Демек, əлі де тірі болғаны ғой!
Кейбіреулерінің
орындарынан
тұрып,
қашып
тығылуға
тырысқандарын, ал қалғандарының төрт тағандап, тырбанып бара
жатқандарын көргенде қатты қуандым.
Тоғай жақтан əлі де атып жатты. Не істерімді білмей бір орында
сілейіп қалған мен екі-үш адамның оққа ұшып, шөпке құлағанын
көрдім. Аяқ астында жараланып жатқандардың ішінде өзім жақсы
танитын бір жас жігіт болды. Оқ екі аяғын орып кетіпті. Өз бетінше
қозғала алар емес. Ол маған көмектесе көр деп жалынуда, есімді
жиюыма сол себеп болды. Бір кезде бұл жігіттің өзіме көп көмек
жасағаны есіме түсті. Жалма-жан еңкейіп, ұстай алып, сүйрете
жөнелдім. Мойнақтан тезірек кету үшін бар күшімді салып, əлгі жігітті
сүйреген қалпы жанұшыра еңбектеп келемін. Үндістердің оты
дарымайтындай жерге жеткенде барып, тыныстап алу үшін бір-ақ
тоқтадым.
Біздің шегінуімізді қамтамасыз етуге жіберілген бір взвод солдат
үнсіз қарсы алды. Жаралы жолдасымды солдаттардың қолына
тапсырып, өзім өкінішті жайды баяндау үшін генералға тарттым.
Баяндаудың керегі болған жоқ. Біздің алға жылжуымызды бəрі де
бақылап тұрыпты. Сəтсіздікке ұшырағанымызды бүкіл отряд біледі
екен. Генерал тіл қатпастан жəне ешқандай баяндаусыз-ақ мені басқа
қанатқа жіберді.
Жұрттың бəрі генералды осынша болмашы күшпен аралды басып
алуға ойланбай берген бұйрығы үшін кінəлаумен болды. Ал маған ер
жүрек офицер атағы таңылды.
Атыс тағы бір сағатқа созылды. Бұл батпақтар мен ағаштар
арасында өткен жеке қақтығыстар еді. Бұл қақтығыста біз де, үндістер
де елеулі басымдыққа ие бола алмадық. Екі жақ та əуелде ие болған
шептерін ұстап қалды. Алайда алдағы орманның бəрі үндістердің
қолында еді. Шегіну ─ бүкіл отрядты қыру деген сөз, ал шегінудің бір
ғана жолы өзеннен кері өту. Бірақ біз жау оғының астында қалар едік.
Өз шебімізде осы қалпымызбен қала беруіміз де қауіпті. Өзенге
тықсырылғандықтан, ешқандай əрекет жасай алмаймыз. Тек аралдағы
үндістерді еш нəтижесіз қуып шығуға тырысумен болдық. Бір рет
сəтсіздікке ұшыраған соң, екінші рет тағы да тəуекелге баруға
жүрексіндік. Ол көзсіздік болар еді, бірақ бұрынғы орында жата беру
де қауіпсіз емес. Əскердің азық-түлігі аз болатын, таусылып барады.
Бір жағынан аштық та қысып келе жатыр. Жағдайымыз сағат сайын
нашарлай берді.
Жаудың бізді қоршап алғанына көзіміз жетті. Жартылай шеңбер
жасай қоршалаған үндістер ор ағаштың түбін паналап, маңайымызды
торуылдап жүр. Ор қазып, қуатты қорғанысқа көшкендей, біз де
өзімізше қорғаныс жасадық. Бұл шепті көп шығынға ұшырамай басып
алу мүмкін емес еді.
Енді жауларымыздың қатары едəуір көбейе түскендігі байқалды.
Байырғы солдаттарға бұрыннан таныс ерекше ұрандар, жаңа
жасақтардың үсті-үстіне қосылып жатқандығын көрсететін еді. Біз күш
жағынан басымдықтан айрылып бара жатқандығымызды, олардың
бел алып кетуі мүмкін екендігін сезіп, қауіптене бастадық. Жұрттың
зығырданы қайнап, қапалануда.
Атыс кезінде біз көптеген үндістің винтовкамен жəне
мушкеттермен қаруланғандығын көрдік. Кейбіреуінің үстінде əскери
мундир бар. Əсіресе бас көсемдердің бірі ерекше көзге түседі.
Конкистадорлар заманындағы испандар киген жамылғы секілді жібек
жалау иығынан төгіліп тұр. Жалау бұрышындағы көгілдір жұлдыздар
мен қызыл жəне ақ жолақтар анық көрінеді. Барлық солдаттардың көзі
жалауға қадалды. Осынау ақылға сыймас, қасақана жамылған киімнен,
сүйікті Отанымыздың туын таныдық.
Бұл сес көрсету болатын. Бірақ оған біз қысыла қойған жоқпыз.
Үндістердің винтовкаларды, мушкеттерді жəне туды қайдан
алғандарын түсіну қиын емес еді ─ Дэйд отрядымен шайқас кезінде
қолға түскен олжа. Ол заттардың бəріне амалсыз, қынжыла қарадық.
Алайда жолдастарымыздың аяусыз тағдыры үшін өш алатын сағат əлі
соққан жоқ болатын.
Осы жерде бөгеле берсек, ондай апатқа біз де ұшырауымыз мүмкін
еді. Бірақ, кенеттен байырғы офицерлердің бірі, Хикоридің
басшылығымен өткізілген соғыстың ардагері тамаша ой айтты. Ол
шегіну жоспарын ұсынып, генерал оны бірден қабылдады.
Офицердің ақылы бойынша, арғы жағадағы өзеннен əлі өтпеген
еріктілер өрлеп барып, өзеннен өтуге кірісе бастаған ыңғай
танытулары керек. Бұл тамаша стратегиялық айла еді. Егер бұл
жоспар орындалса, жау екі оттың ортасында қалып, біз олардың шебін
бұзып өтіп, қоршауды аяқтар едік.
Бұл ойымыздың сəті түсті. Алданып қалған үндістер, еріктілердің
өзеннен өтуіне жол бермеу үшін ағысқа қарсы жүгірді. Мұны
пайдаланған қоршаудағы əскерлер, тез арада қауіпсіз жағаға өтіп алды.
Əккі жау өте сақ болатын.
Соңымыздан қуған жоқ. Уитлакутчи жағасындағы ұрыс осымен
аяқталды.
Дереу кеңес шақырылып, бəріміз ортақ шешімге келдік: уақытты
текке жібермей форт Кингке оралуымыз қажет. Сонымен жолға
шығып, көп кешікпей, басқа ешбір оқиғаға ұрынбастан фортқа жеттік.
LXIX тарау
БАТПАҚТАҒЫ ТАҒЫ БІР ШАЙҚАС
Осы шайқастан кейін отрядтың көңіл-күйі өзгерді. Қисынсыз
мақтану тыйылды. Өлермендікпен айқасқа ұмтылғандарды тежеу
қиын болмай қалды. Уитлакутчидің арғы бетіне өтуге енді ешкім онша
құлшына қойған жоқ. Сонымен, тың көмек келгенше, үндістердің
"ұясына" тимей қоя тұруға шешім қабылданды. Лагерь өмірінен мезі
болған еріктілердің мысы құрыды. Ал үндістердің күтпеген жерден
қарсылық көрсетулері аптықтарын су сепкендей басты. Ол қарсылық
осынша шексіз батыл əрі қантөгіспен өтеді деп ешкім ойлаған жоқ еді.
Осы кезге дейін менсінбей келген жаудың айла-тəсілдері ашу-ыза
тудырып, кек алуға шақырғанмен де ─ енді дұшпанды амалсыз
мойындап, тіпті олардан сескенетін де болды.
Уитлакутчи жағасындағы ұрыста Құрама Штаттар армиясы жүзге
таяу адамынан айырылды. Семинолдар əлдеқайда көп шығынға
ұшырапты деген қауесет бар. Бірақ ол тек болжам ғана. Ешкім,
ешқашан семинолдардың мəйітін көрген емес. Əйтсе де шайқас кезінде
үндістер өлген адамдары мен жаралыларын алып кеткен деп
сендірушілер болды.
Уитлакутчи маңындағы шайқас кезінде бірсыпыра жауларымыздың
жер жастанғандары даусыз. Бірақ, қалай болғанда да, олардың
шығыны бізбен салыстырғанда əлдеқайда аз еді. Соған қарамастан
тарихшылар бұл шайқасты ұлы "жеңіс" деп жариялады. Бас
қолбасшының баяндамасы əлі күнге дейін мұрағатта сақтаулы жатыр.
Соғыс əдебиетінің өте қызықты үлгісі болып табылар бұл құжатта
барлық офицерлердің аттары аталып жəне əрқайсысы қас батыр
ретінде суреттелген. Өзімшілдік пен мақтаншақтықтың сирек
кездесетін ескерткіші!
Егер шынына келсек, қызыл өңділер бізді тəуір-ақ жұлмалады.
Армияның еңсесі түсіп, лажсыз ашуға булықты. Əскери
жылнамашылар "солдаттардың досы" деп атаған мейірімді, кəрі
генерал Клинч бұдан былай ұлы қолбасшы болып саналудан қалды.
Оның даңқы өше бастады.
Егер Оцеоланың сақтап жүрген кегі болса, сол күннен бастап өзін
қанағаттандым деп санап, кəрі тарланды жайына қалдыруына да
болады. Клинч əлі тірі еді, бірақ оның əскери даңқы өлген болатын.
***
Жаңа бас қолбасшы тағайындалған кезде, жеңіске деген үміт қайта
оянды. Ол соғыс ардагерлерінің бірі, генерал Гейнс еді. Бұл шенге жас
шамасына қарай ие болған. Шындығына келсек, үкімет оны ресми
түрде тағайындаған да жоқ. Бірақ Флорида өзінің қарамағындағы
аймақтың бір пұшпағы болғандықтан, ол сондағы əскерлерге
басшылық етуді өз міндетіне алды. Өзінің алғашқы əріптесі секілді,
Гейне те даңққа бөленем деп үміттенген еді. Бірақ Клинч секілді оның
да опық жеуіне тура келді.
Луизиана жəне басқа да штаттардан келген əскерлермен
толықтырылған біздің корпус дереу жорыққа аттандырылды.
Үндістер "ұясына" қайтадан шабуыл ұйымдастыруға шешім
қабылданды.
Біз Амазура өзенінің жағасына жеттік, бірақ қарғыс атқан өзеннен
өтудің реті тағы да келмеді. Ол біздің даңқымызға да, өмірімізге де
төніп тұрған тажал боп шықты. Бұл жолы одан үндістердің өздері өтті.
Алғашқы айқас өткен жерге таяу маңда, айырмашылығы ағыстың
төменгі жағында, біз қызыл өңді жауынгерлердің шабуылына тап
болдық. Бірнеше сағатқа созылған сұрапыл соғыстан кейін, өзіміздің өр
кеуде батальондарымызды арнайы жасалған бекініске алып кетуге
мəжбүр болдық. Бекіністен басымызды көтеруден де қорқып,
қоршауда тоғыз күн отырдық. Аштық та онша алыста емес еді,
алқымнан ала бастаған. Егер сойып жейтін жылқыларымыз
болмағанда, "Изард" лагеріндегі армияның тең жартысы аштан
қырылатын еді.
Əлі де бригада командирі боп тұрған генерал Клинч аттандырған
үлкен отряд болмағанда, шаруамыз бітер еді. Кинг фортынан аттанған
біздің бұрынғы генералымызға дұшпанның ту сыртынан шығудың сəті
түсті. Жауға күтпеген жерден тиісіп, бізді қауіпті жағдайдан аман алып
қалды.
Біздің қоршаудан шыққан күніміз тағы бір оқиғамен ─ бітімге келу
туралы өзімізше келіссөз бастаумен тұспа-тұс келді.
Ертемен, таң енді қылаң беріп келе жатқан кезде бізге алыстан біреу
дауыстады:
─ Ей, сендер осындамысыңдар! Хэлло! Дауыс дұшпан қосынан
шығатын секілді.
Біз қоршауда болғандықтан басқаша болуы мүмкін емес.
Дауыс қайталанған кезде біз де жауап бердік. Бір кездерде, кеңесте
тілмаш міндетін атқарған қара көсем, зəңгі Абрамның күркіреген
даусын тани кеттік.
─ Сендерге не қажет? - деп сұрады командиріміз.
─ Сөйлескіміз келеді, - деген жауап естілді.
─ Не туралы?
─ Шайқасты тоқтатқымыз келеді.
Бұл күтпеген ұсыныс болғанмен, жайлы ұсыныс еді. Бірақ оның
себебі неде болды екен? Шынымен-ақ үндістер де өзіміз секілді
аштыққа ұшырағаны ма? Əлде атыс-шабыстан əбден қажыды ма екен?
Ол да мүмкін, əйтпесе аяқ астынан ұсыныс жасауларына басқа қандай
себеп болуы мүмкін? Үндістер осы уақытқа дейін бірде-бір рет
жеңіліске ұшырап көрген жоқ ─ керісінше, өткен ұрыстардың бəрінде
жеңіске жетті. Рас, бұған тағы бір себеп бар.
Біз Клинч бригадасының келуін минут санап күтіп отырғанбыз.
Клинч жақындап қалды деген сыбыс бізге жеткен. Оның көмегімен біз
қоршауды бұзып өтіп қана қоймай, қарсы шабуылға шығып, жеңіске не
болуымыз да мүмкін. Бəлкім, олар Клинчтің жақындап келе жатқанын
естіп, біз күш біріктіріп, өздерін ашық шайқаста талқандамай тұрғанда,
бітімге келіп алғысы келетін шығар?
Енді шешуші соққы беруге үміттенген қолбасшымыз келіссөз бастау
жөніндегі ұсынысты қабыл алды. Ол тек бір-ақ нəрседен: Клинч
шайқасатын жерге келіп жеткенше дұшпан шегініп кетіп жүре ме деп
қорықты. Ал келіссөз үндістерді ұрыс алаңында кідіре тұруға мəжбүр
етеді. Сонымен, келіссөзді бастауға қарсы емеспіз деп Абрамға
ойланбастан жауап бердік. Бітімшілер таң атысымен кездесетін болды.
Екі жақтан да үш-үштен адам шығарылмақ.
Бекініс алдында орманға таяу, қалың шөп өскен шағын алаң
бартұғын. Таң атысымен сол алаңға орманнан үш адам шықты. Бұл
ұлттық киімдерін киген көсемдер еді. Біз Абрамды, Коахаджоны жəне
Оцеоланы тани кеттік.
Олар оқ жетер жерге дейін келіп, тұп-тура бекініске қарап, иық
тірестіре тұрды. Оларға қарсы үш офицер жіберілді, екеуі семинол
тілін білетін еді. Сол бітімшілердің ішінде мен де бармын.
Енді бір минуттан соң біз дұшпан көсемдеріне бетпе-бет қарап
тұрдық.
LXX тарау
КЕЛІССӨЗ
Келіссөзді бастамас бұрын біз алтаумыз да дос адамдардай қол
алысып шықтық. Оцеола қолымды қатты қысып, тек өзіне ғана
жарасатын ерекше жылылықпен жымиып:
─ Аһ, Рэндольф. Достар кейде бейбіт күндегідей соғыс кезінде де
кездесіп қалады, - деді.
Оның неге мегзеп тұрғанын сезіп, тек алғысқа толы көзқарасыммен
ғана жауап бердім.
Осы кезде біз бекініс жақтан қолбасшы жіберген хабаршы келе
жатқанын көрдік. Дəл сол сəтте орманнан үндіс жауынгері шығып,
бізге солдатпен бір мезгілде таяп келді. Үндістер алаңда
қарсыластарының өздерінен көп болмауын қадағалап тұр екен.
Ординарец генералдың бұйрығын
айтысымен, дереу келіссөз басталды.
құлағымызға
сыбырлап
Шала-пұла ағылшын тілінде зəңгі Абрам өз жолдастарының атынан
сөйледі. Ал қалған екеуі, оның сөздерін қостап тұрды: мақұлдаған кезде
"хо", ал қарсы болған кезде "куури" деп дауыстап қояды.
─ Ақ нəсілділер бітім жасағысы келе ме? - деп үзіп-үзіп сұрады зəңгі.
─ Қандай шарттармен? - деп сұрады біздің делегацияны бастап
келген офицер.
─ Қоятын шартымыз мынау: қаруларыңызды тастаңыздар,
сонымен соғысты бітірейік. Солдаттарыңыз бұл арадан кетіп, өз
форттарына барсын. Ал біздер, үндістер, Уитлакутчи өзенінен кері
өтеміз. Бұдан былай жəне əрдайым үлкен өзен екі ел арасына шекара
болсын Біз ақ нəсілді көршілерімізбен қақтығыспай, тату-тəтті тұруға
уəде береміз. Менің айтайын дегенім осы ғана.
─ Бауырлар, - деді біздің офицер ─ бұл ұсыныстарыңызды ақ нəсілді
генерал да, Ұлы Əкей ─ президент те қабылдамай ма деп қорқамын.
Мен, егер өздерің толық бағынып, қоныс аударуға келісім берген
жағдайда ғана, бас қолбасшының сендермен келіссөз жүргізуге əзір
екендігін айтуға келдім.
─ Куури! Куури! Ешқашан, ─ деп Коахаджо мен Оцеола бір ауыздан
асқақ жауап берді. Берілу деген ойларында да жоқ екендігі кесіп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.