Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14

Total number of words is 4087
Total number of unique words is 2214
35.1 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
56.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шығуы да ғажап емес... Осы ой мені біраз тыншытқандай болды, бірақ
Джек байғұсқа обал-ау!..
Бұл болжамымды тағы да бір болымсыз жағдай нығайта түскендей.
Соңғы кездерде көмекшімнің қатты өзгергенін байқадым: бұрынғыдай
көңілді емес, ойшыл, байсалды жəне жаңғалақ боп барады.
Кешікпей тағы да бір болжам жылт еткендей болды. Ақ Түлкіге
мінуге тыйым салынғанмен, оны жайылып жүрген жерінен
əлдебіреулер ұстап алып, үндіспен кездесуге мініп баруы да мүмкін
ғой. Əбден мүмкін. Басқа плантациялардағы секілді, біздің
плантацияда да жауығып жүрген үндістермен байланыс жасайтын
ренішті құлдар болуы ғажап емес. Кездесетін орындары шамамен
үйден бір мильдей ғана жерде. Жаяу барғанша жайылымда жүрген
пониды ұстап алып, мініп барған əлдеқайда жақсы, оны кім байқап
жатыр. Солай болса екен де...
Іштей құдайға сиынып болғанымша, барлық болжамымды жоқ
еткен бір затқа кезіктім. Жүрегім қайта сыздап сала берді.
Жол бойында бір шоқ ақ қараған өсіп тұрған, соның бір бұтағында
лентаның үзігі желбірейді. Бүл əйелдердің көйлегіне желбіршек етіп
жапсыратын торқа жібек болатын. Тікен іліп, үзіліп қалса керек.
Қиялдаған үмітімнің күлі көкке ұшты. Бір де бір зəңгі, тіпті Виоланың
өзі де мұндай із қалдыра алмаса керек. Мен селк ете қалып, жанап өте
бердім.
Серігім мұны байқамас деп ойлап ем, оным бекер екен. Лента тым
көзге ұрып тұрғанды. Артыма бұрылып едім, оның лентаны іліп алып,
анықтап қарай бастағанын байқадым.
Қуып жетіп, сұрақтың астына алар-ау деп қорыққандықтан, атымды
тебініп қап шаба жөнелдім. Галлахерге соңымнан қалма деп
дауыстадым.
Он минуттан соң үйге апаратын сая жолға түстік. Бізді қарсы алуға
дəлізге шыққан шешем мен қарындасым келгенімізге қатты қуанды.
Бірақ сөздерін тыңдамадым десем де болады. Виргинияның киіміне
қарап қадалып қалыппын Үстінде амазонка, қауырсын қадаған
қалпағын шешіп те үлгермепті.
Қарындасым дəл осы сəттегідей сұлу көрінбеген болар. Алтын
шаштары жел қатып алаулаған жүзіне жараса төгіліп тұр. Бірақ оның
сұлулығы мені қуантқан жоқ. Виргиния маған қанаты күйген періште
секілді көрінді...
Аттан түсіп, Галлахерге қарап, оның бəрін түсінгенін ұқтым.
Түсінгенде қандай! Жүзінен дəл менің күйзелгенімдей, жан күйзелісі
көрініп тұр. Сыннан өткен, адал досым басымдағы қайғыны
бұрынырақ байқапты. Себебін енді түсінді, көзқарасынан қосыла
мұңайып тұрғанын сездім.
LII тарау
САЛҚЫН СЫПАЙЫЛЫҚ
Шешемді құшақтап, бетінен сүйдім. Ал қарындасымның сəлемін
үнсіз, салқындау қабылдадым. Мұны байқаған шешем таңырқап қалды.
Виргиниямен Галлахер де ұстамды ғана амандасты. Шешем оны да
байқап қалды. Бірақ қарындасым қысылғандықтың ешбір белгісін
көрсеткен жоқ. Ол қос жанары жалт-жұлт етіп, біздің келісімізге
шынымен қуанғандай емін-еркін сөйлесумен болды.
─ Атқа мініп, серуендеп жүрген жоқсың ба, қарындасым, - деп
сұрадым байқамағансып.
─ Атқа дейді? Жоқ, пониға мініп жүрмін Менің кішкентай Ақ Түлкім
ат деген атаққа жете қоймас. Иə, таза ауа жұтып, біраз серуендеп
келгенім рас.
─ Жалғыз ба?
─ Қара басым ғана! Жалғыздан-жалғыз!
─ Оның ақылға сыя қояр ма екен, қарындасым?
─ Неге сыймасын? Мен ылғи жалғыз жүремін Неден қорқайын?
Қасқыр мен қабыланды қырып біттіңдер, ал аю мен аллигаторға Ақ
Түлкінің өзі-ақ жеткізбейді.
─ Орманда адамға жабайы аңдардан да қауіпті жыртқыш кездесуі
мүмкін
Осыны айта тұрып жүзіне қарап едім, ешқандай толқу белгісін көре
алмадым.
─ Ол қандай жыртқыш, Джордж? ─ Өзімді келемеждеп, салмақтап
тұрып айтты.
─ Үндістер, қызыл өңділер! - деп келте қайырдым.
─ Бос сөз, бауырым. Бұл төңіректе үндістер жоқ, əйтеуір, өзіміз
қауіптенерліктей үндістердің жоқ екені анық... (Соңғы сөздерді
батылсыз айтты.) Ол жөнінде өзіңе жазбап па едім? Сен болсаң əр
бұтаның түбінде үндіс жүретін жерден келіп отырсың. Бірақ есінде
болсын, Джордж, үндісті сонша жерден өзіңмен ала келмесең, бұл
жақтан таба алмайсың. Сондықтан, джентльмендер, бүл жерде
екеулеріңіз де "ио-хо-эхи" деген ұранды естиміз деп қорықпастан,
алаңсыз ұйықтай аласыздар.
─ Оған көзіңіз жете ме, мисс Рэндольф? - деп сұрады Галлахер, бұл
жолы ирландардың акцентін араластырмай. ─ Бауырыңыз екеуміздің
шамалауымызша ─ оның себебі де бар, -ұран шақырып жүрген кейбір
үндіс Суониден тым алыста болмаса керек.
─ Мисс Рэндольф деймісіз? - деп күліп жіберді қарындасым. ─
Осынша сыпайылықты қайдан үйренгенсіз, мистер Галлахер? Есімімді
ұзартып жібердіңіз-ау ─ алыстан əкелгеніңіз бірден көрініп тұр. Бұрын
мені "Виргиния" немесе жай ғана "Джинн" деуші едіңіз, "мистер"
Галлахер. Оған ашуланып қалсам да болар еді. Егер солай
атағаныңызды қоймағанда ашуланатыным анық болатын Енді не боп
қалды? Сізбен, "мистер" Галлахер, көріспегенімізге үш-ақ ай бопты, ал
Джордждың келмегеніне екі-ақ ай өтті. Енді, міне, екеулеріңізбен де
көрісіп тұрмыз ─ біреуіңіз əр сөзді Солон51 құсап салмақтап айтасыз, ал
екіншіңіз Сократша52 данышпансисыз. Енді бір сапардан оралғанда
Джордж да мені "мисс Рэндольф" деп жүрмегей. Бəлкім, форттағы
тəртіптеріңіз сондай шығар? А-ал, жігіттер, -деп сөзін жалғастырды ол,
дəліздің ернеу тақтайын қамшымен салып қалып. -Шындарыңды
айтыңдар! Бүйтіп "сызыла" қалуларыңның сырын қалай түсінеміз.
Қашан анығын білмейінше, шын сөзім, екеуіңізге де нəр
татырмаймын!
Виргиния мен Галлахердің ара қатынасы жөнінде айта кеткен жөн
болар. Ол шешеммен де, қарындасыммен де көптен таныс.
Галлахермен олар солтүстікке саяхат жасаған кезде танысқан-ды.
Виргиния мен жолдасымның достасып кеткендері соншалық, бірбірінің аттарын атайтын болған. Қарындасымның "мисс Рэндольф"
деп атау тым ресми емес пе деп санауы сондықтан болатын. Алайда
Галлахердің неге солай атағанын мен түсіне қойдым.
Бір кезде, алғаш танысқанда, Галлахер Виргинияны сүйіп қалған
болар деп ойлағанмын, бірақ кейін ол ойдан бас тарттым. Олардың
мінез-құлықтарынан бір-бірін сүйетіндіктері байқалмайтын. Қарымқатынастарының дос-жарлығы сондай, араларында махаббат бар
деуге келіңкіремейтін.
Əдетте олар жоқ нəрсені сөз етіп күлетін, қызғылықты кітаптар
оқитын, бір-біріне күлкілі ат қойып, айдар тағатын, қайдағыжайдағыны ойлап табатын. Кездескен жерде сабыр сақтайтын кездері
сирек. Осының бəрі ғашықтар жөніндегі өз түсінігіме үйлеспейтін өзімді басқаша ұстаушы едім ғой, ─ сондықтан алғашқы күдігімнен
қайтып, бұларға ғашық адамдар ретінде емес, бір-біріне дос адамдар
ретінде қарайтын болдым.
Сенімімді нығайта түсуге тағы да бір жағдай себеп болды. Галлахер
жоқ кезде қарындасым бала күнгі жеңіл еркелігінен айырылып шыға
келеді. Ол келсе болды, аяқ астынан өзгеріп, баяғы уайым-қайғысыз
сайқымазақтығына қайта басады.
"Махаббат мұндай болмаса керек еді, - деп ойладым мен. ─
Қарындасым ғашық болған күннің өзінде де Галлахерге ғашық емес.
Жоқ, жүрек қалауы ол емес! Ал бір-бірімен ойнай беретіндері ─ жай
ғана достық. Бір-біріне жақындықтарында махаббаттың ұшқыны да
жоқ".
Галлахердің көңілінде пайда болған болар-болмас күдік оны едəуір
жабырқатқан сияқты. Бірақ ол қызғаныштан емес, маған деген
жанашырлықтан қайғырып жүрген-ді. Қарындасыма деген қарымқатынасы, əдептілікті қатаң сақтай білгенмен, күрт өзгеріп сала берді.
Виргинияның оны сезе қойып, себебін түсіндіруді талап етуі де тегін
емес еді.
─ Жандарыңның барында айтыңдар! - деді ол қамшысымен жүзім
жапырақтарын сабалап. ─ Əзілдерің бе, шындарың ба? Жасырмай
жайып салыңдар бəрін, əйтпесе айтқаным айтқан, екеуің де түскі ассыз
қаласыңдар. Ac үйге өзім барамын да, бəрін тоқтаттырамын.
Оның мына сөздері мен жарасымды қылығына қарап Галлахер
еріксіз күліп жіберді. Əйтпесе көңіл-күйі онша емес еді. Бірақ бұл жолы
бұрынғыдай шын көңілмен мəз-мейрам боп күлген жоқ. Ренішті
білдіретін жер бұл емес екенін сезген соң, мен де күлген болып ақталу
орнына бірдеңе деп міңгірледім ─ тап қазір ашық сөйлесуге
болмайтын еді.
─ Шыны керек, қарындасым, - дедім мен, - əбден шаршап келдік,
қарын аш болған соң, күлкі біздің не теңіміз. Мынадай аптапта қанша
жол жүргенімізді ойлап қарашы! Форттан шыққалы бері аузымызға бір
тамшы су тиген жоқ. Ал оразамыздың өзін шала-пұла аштық ─ бар
болғаны жүгерінің наны, бір жапырақ шошқа еті жəне суық кофе ғана.
Виргиния, аспаз апай. Шебаның пісірген балапандары мен тəтті
күлшелерін қалай аңсағанымды айтсаңшы! Өтінемін, алдымен тамақ
берші, сосын көресің қалай өзгерер екенбіз. Қоянның көжегіндей
құтырып шыға келеміз.
Осы сөздерімізге шын қанағаттанған немесе қанағаттанған адамның
түрімен Виргиния, дастарқан жайғызуға уəде беріп, киім өзгертейін
деп, көңілдене күліп, үйге кіріп кетті. Галлахер екеуміз де өз
бөлмемізге беттедік.
Түскі астың үстінде жəне одан кейін де мен көңілді отыруға
тырыстым. Галлахердің де көңілденуге тырысып отырғанын көрдім.
Бəлкім, шешемді алдау қолымыздан келген шығар, бірақ Виргиния
онымызға сене қойған жоқ. Оның менен де, Галлахерден де
күдіктенетінін байқадым. Ол біз бірдеңені жасырып отыр деген ойға
келіп, өзімізді кінəлау үшін, өкпелі үнмен сөйлесе бастады.
LIII тарау
ҚАРЫНДАСЫМНЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ
Осындай қарым-қатынас сол күні де, келесі күні де жалғасты. ─
Галлахер, қарындасым жəне мен ─ үшеуміз де бір-бірімізбен ұстамды
сөйлесіп, əдептен озбадық. Галлахерге өзі түсіне жатар деп ештеңе
айтпадым. Ол нағыз джентльмен еді, менің күдігіме қосылатындығын
сездірген жоқ. Оған сырымды жайып салып, достық ақыл сұраған
болар едім, бірақ ол үшін Виргиния бəрін өзі мойындауы керек.
Қарындасымнан шындықты талап ететін қолайлы сəтті күтудемін.
Бірнеше рет оңаша қалған кезіміз болды, бірақ оны ашық əңгімеге
тартуға батылым бармады. Алайда осы үйдегі жалғыз еркек жəне
ағасы ретінде мен отбасы намысы үшін жауап беретіндігімді жақсы
білетінмін.
Шын мəнінде, осынау əке парызын атқаруды созбақтай беруімнің
бір себебі ─ əдеп сақтағандық болса, екінші себебі ─ шындықты
білуден қорыққандық еді. Қарындасым жəне жас көсемнің арасында
ерекше қатынас қалыптасқандығын жəне оның əлі де жалғасып келе
жатқандығын, олардың бір бұл емес, бұрыннан құпия кездесіп
жүргендіктерін мен жақсы түсіндім. Бірақ мұның ақыры неге соқтырар
екен? Байғұс қарындасым қаншалықты əшкере болды екен? Міне, мен
осы бір қарғыс атқыр сұрақтардың жауабынан қорықтым.
Егер өтініп сұрасам қарындасым маған бар шындықты айтып
беретін шығар деп ойлағанмын. Оның тəкаппар мінезі күштегенге
ырық бермейді. Қысым жасай бастасаң болғаны, қырсығып, ештеңеге
көнбей қояды. Жалпы Виргиния əкеме тартпаған, мінез-құлқы
анамнан аумайды. Екеуінің сырттай да, іштей де ұқсастықтары бар.
Виргиния ешкім бетінен қақпаған, жарық дүниеде өзімнен асқан жан
жоқ деп дандайсумен өскен қыздардың қатарына жатады. Сондықтан
көптеген американ əйелдері секілді ол да өзін ешкімге тəуелді
санамайды. Басқа елдерде тəуелсіздік тек үстем тапқа жақын
əйелдерге ғана беріледі. Ата-анам, өкіл əкелер, тəлімгерлер де
қарындасыма ықпал ете алмайтын, өйткені соңғыларға қандай
жағдайда да қатаң жаза қолдануға тыйым салынған, сондықтан ол
кішкентайынан өзін тақта отырған ханшадай сезінетін.
Виргинияның тəуелсіз болатын басқа да себебі бар. Оның əкемнен
мирас боп қалған өз мүкəммалы бар болатын Бұл жағдай мінезіндегі
бірбеткейлікті бұрынғыдан бетер ұшындырып жіберді.
Əкем бір кезде өз ықтияр-ықыласымен бар дүниесін балаларына
тең бөліп беріпті. Сондықтан өзім сияқты қарындасым да бай болатын.
Əрине, əкем мен шешемнің жайын да ойластырса керек, бірақ əкелік
мұраның негізгі бөлігі ─ плантация ─ қарындасым екеумізге
қарайтын. Қарындасым бай мұрагер болғандықтан, анам мен маған
тек туысқандық тұрғысынан ғана бағынатын.
Мұның бəрін, қарындасымнан істеген істері туралы есеп беруін
талап ету қаншалықты күрделі əрі қиын екендігін егжей-тегжейлі
түсіндіріп беру үшін тана айтып отырмын. Бір таң қалғаным, өз
жағдайымның да қалыптан тыс екені ойыма келмепті. Маған
Оцеоланың қарындасын атастырып, оны жар етуге ынтығып
жүргенмін. Біздің некемізге қоғамның қарсы болмайтынын білгенмен,
үндіс қызымен қосылғанымды өзіме ар санамас едім. Мұндай
жағдайлар бұрын да болған. Мəселен, Рольф Маюмиден гөрі қаралау
əрі көріксіздеу, оның үстіне мəдениеті де төмен қызға үйленген.
Кейінірек жүздеген еркек соның істегенін істеді, бірақ қоғамдағы
орындарынан да, бұрынғы сый-құрметтерінен де айырылған жоқ.
Маған неге солай істемеске? Шынымды айтсам, бұл мəселе əу баста
ойыма да келмепті. Үндіс қызына деген ниетім əдептілікпен барынша
үндесуде ғана деп ұғыппын.
Егер менің сүйген қызымның қанында бір тамшы африкалық қоспа
болса бір сəрі. Онда, шындығында, қоғамның талқысынан қорқуыма
болар еді. Америкада адамды түсіне қарап емес, нəсіліне қарап
қорлайды. Ақ жігіт үндіс қызына үйленген жағдайда, ол əйел пəлендей
қарсылық көрместен қоғамнан орын алады; ал егер əлгі əйел оның
үстіне сұлу боп шықса, нұр үстіне нұр.
Осының бəрін біле тұра, керемет сұмдық жəне тағылық əдетғұрыптың құлы боп жүре беріппін. Егер екі нəсілдің адамы басқаша
жолмен қосылса, яғни ақ нəсілді əйел үндіске тұрмысқа шықса, ондай
неке теңсіз əрі масқара неке болып саналады. Əлгі əйелдің достары
оны басқа түскен бақытсыздық, ардан ада болу деп түсінетін. Ал егер
ханым мəртебелі топтың өкілі боп шықса ─ онда өз обалы өзіне!
Нəсіл мен түр-түске болу жөніндегі үстем тап көзқарасына қарсы
бола тұра, ондай əдет-ғұрыптың ықпалынан өзім де шыға алмай жүр
екенмін.
Егер қарындасым үндісті сүйеді екен, онда құрығаны, ардан ада
болғаны! Үндіс оз халқының ортасында қандай орынға ие болсын,
қандай батыр болсын, барлық қасиеттеріне қарамастан ақ əйелдің теңі
емес. Маған десе ол Оцеоланың өзі-ақ болсын!
LIV тарау
АШЫҚ ƏҢГІМЕ
Белгісіздік жанымды жей берген соң, қарындасыммен оңашада,
ашық сөйлескім келді.
Көп ұзамай оның сəті түсті. Көл маңындағы көгалда жүргенін көріп,
қасына келдім. Өзінің ерекше көңілді екенін байқадым.
"Өкінішті-ақ! - деймін іштей. ─ Сен күліп жүрсің! Сəлден соң күлкің
көз жасына айналады".
─ Қарындасым!
Ол өзінің жақсы көретін алтын балықтарына бірдеңе деп сөйлеп жүр
екен ─ естімеді ме, жоқ əлде əдейі естімеген болды ма, үндемеді.
─ Қарындасым! - дедім қаттырақ.
─ Не боп қалды? - дей салды Виргиния енжар ғана, маған көз
қиығын салмастан.
─ Тыңдашы, Виргиния, ойыншықтарыңды қоя тұр! Мен сенімен
сөйлесуім керек.
─ Солай де! Демек, ырқыма көндірем де! Соңғы кезде мен бар жерде
аузыңды сирек ашатын боп ең, мына жақсылығыңа мың да бір рақмет
айтуға тиіспін. Ал əлгі досың неге жоқ? Ол да осындай бағытта сөйлесіп
көрмей ме менімен! Екеуіңнің егіз мылқаудай боп жүргендерің
өздеріңді де əбден мезі қылған шығар деп ойлаймын. Егер өзіңе ұнаса,
ойыныңды жалғастыра беруіңе болады. Шын сөзім, мен оған қыңқ
демеймін! ─ Сөйтті де, əндете бастады:
Көрді талай теңіздің суы бізді,
Толқын атып бойда күш тасқындады!
Көрді жаулар жұлдызды тауымызды,
Желбіреген көк аспан астындағы...
Сонан соң өзінің жақсы көретін кішкентай елігімен əуре боп, сөйлеп
кетті.
─ Кел, келе ғой маған, кішкентайым! Байқа, жағаға жақындай берме,
əйтпесе суға күмп беріп түсіп кетерсің. Естідің бе?
─ Виргиния, өтінем сенен, əзіліңді қоя тұршы! Сенімен бір үлкен
мəселе жөнінде сөйлесейін деп едім.
─ Үлкен мəселе жөнінде? Үйленейін деп жүргеннен саумысың? Жоқ,
оған ұқсамайсың. Түрің тым сұсты, қабағың салыңқы екен... біреу
өлімге айдап бара жатқандай... Ха-ха-ха!
─ Тыңдашы, қарындасым, мен сенімен шын сөйлесіп тұрмын
─ О, əрине, шын сөйлесесің! Оған сенемін, бауырым.
─ Тыңдашы, Виргиния, бұл үлкен мəселе, өте үлкен мəселе. Сенімен
келгелі бері сөйлессем деп жүр едім.
─ Онда неге бөгелдің? Талай сəтті кездерің болған. Əлде мен сенен
жасырынып жүрдім бе?
─ Жоқ... бірақ... мəселе былай ғой...
─ Ал айта бер, бауырым, бұдан қолайлы сəтті таба алмайсың. Түріңе
қарағанда маған айтар бір өтінішің бар секілді. Егер осыным рас болса,
сайрай беруіңе рұқсат етемін.
─ Жоқ, Виргиния, олай емес! Менің сөйлесейін деп тұрған мəселем...
─ Иə, қандай мəселе, айта бер!
Жасқаншақтай беруден жалығып, өзіме-өзім ренжулі де едім,
сондықтан сипақтамай турасына көшіп, қарындасымның аптығын
басқым, жөн сөзге көшіргім келді.
─ Оцеола!
Өңі өзгеріп сала беретін шығар, ду етіп қызарып немесе қуарып
кететін шығар деп ойлағанмын Таң қалдырғанда, ол түк те өзгерген
жоқ: көзқарасынан да, мінезінен де абыржудың ешқандай белгісі
байқалмады. Ол ойланбастан, бірден жауап берді:
─ Кім? Семинолдардың жас көсемі ме? Бала күнгі досымыз Пауэлл
ме? Сол туралы айтқалы тұрмысың? Несі бар, мен үшін ең қызықты
тақырып. Ол ержүрек адам туралы мен күні бойы сөйлеуден
жалықпаймын.
Қайран қалғаным сонша, одан əрі не айтарымды білмедім.
─ Иə, ол туралы маған не айтпақ едің, бауырым Джордж? ─ деп,
көзіме байсалды қараған күйі қарындасым сөзін жалғастырды. ─
Ешқандай пəлеге ұшырамаған болар деп сенемін?
─ Ол аман. Бірақ маған одан да жақын, одан да қымбат жан
бірдеңеге ұрынғалы жүр.
─ Бұл жұмбағыңа түсінбедім, бауырым.
─ Қазір түсінесің. Саған бір сұрақ берейін, соған тек тура жауап
беретін бол. Сонда менің достығым мен жақсы көретіндігімді
бағалағандығың деп білемін
─ Өйтіп қитұрқыландырмай-ақ сұрағыңызды қоя беріңіз, сэр.
Қорқытып, үркітпесеңіз де шынымды айта алатын шығармын деп
ойлаймын.
─ Онда маған шыныңды айтшы, Виргиния. Жас Пауэллді ─
Оцеоланы сүйетінің рас па?
Виргиния жауап орнына сықылықтап тұрып күлді.
─ Оған күлетін ештеңе жоқ, Виргиния.
─ Бұл жай қалжың... Əншейін əзіл ғана. Ха-ха-ха!
─ Əзілдеп тұрған жоқпын, Виргиния. Жауап бер.
─ Мұндай орынсыз сұраққа ешқандай да жауап болмайды.
─ Ол орынсыз сұрақ емес, Виргиния! Менің оған дəлелім бар...
─ Ол қайдан шыққан дəлел?
─ Араларыңда бірдеңе бар екенін өтірік дей алмайсың ғой? Орманда
кездесіп жүргендеріңді теріске шығара алмайсың ғой? Тек жауап
бермес бұрын алдымен ойланып ал, өйткені менің дəлелдерім бар. Біз
оны қайтып бара жатқанда көрдік. Ол, əрине, бізге көрінбей кетуге
тырысқанмен, ізін байқап қалдық. Оның атының ізімен қатар понидың
ізі сайрап жатыр. Кездескендерің анық!
─ Ха-ха-ха! Ой, із кесерлерім-ай ─ сен де, досың да, жарайсыңдар.
Шебер екенсіңдер! Əскер үшін соғыс кезінде таптырмайтын-ақ
жігітсіңдер. Əуелі кешікпей өздеріңді бас барлаушы етіп тағайындап
жүрмесін! Ха-ха-ха! Құпияларыңның сыры осында екен ғой!
Көздеріңнің неге бозаратыны жəне көне мəнерлеріңнің себебін енді
түсіндім. Бұларға не болған деймін! Демек, менің ар-намысым үшін
қауіптене қалғансыңдар, ə? Қамқорлықтарыңа рақмет! Осындай
рақымы күшті екі серіге душар еткен тағдырға қалай алғыс айтсам
екен!
Күзетеді Британның сəнді бағын,
Қайырымды айдаһар, əрі қатал!
Жиі көрем күзетші қалғығанын,
Əлгі баққа төнеді қауіп-қатер!
Сонымен тыныштығымды күзететін айдаһарым болмағандықтан,
сені мен досың секілді екі айдаһарға ғана сүйенуіме тура келеді. Ха-хаха!
─ Виргиния, сен менің жынымды келтірме! Мұның жауап емес.
Оцеоламен кездестің бе?
─ Жарайды, мұндай шебер жансыздың алдында қасарыса бергенім
болмас. Иə, мен онымен кездестім.
─ Неге? Ғашықтардың кездесуі ме?
─ Не деген оспадар сұрақ! Мен бұған жауап бермеймін.
─ Виргиния, өтінемін сенен!
─ Неліктен екі адамның орманда оңаша кездесуін махаббатқа
жорымауға, жала жаппауға болмайды екен. Əлде кездейсоқ кездесуіміз
мүмкін емес пе? Болмаса семинолдар көсемімен жолығатын шаруам
жоқ па? Сен менің құпия сырымды білмейсің жəне біле де алмайсың...
─ Ол кездейсоқ кездесу емес, ғашықтардың жолығысуы. Онда басқа
еш шаруаң жоқ.
─ "Сезікті секірер" деген осы. Білдіртпей махаббат жырын шырқап
жүрген мына өзіңсің. Ал енді өзің жауап берші: өзіңнің сүйген қызың
Маюмимен кездеспегеніңе көп болды ма? Кəне, мойындай ғой,
ағатайым!
Бірдеңе шағып алғандай селк ете түстім. Біздің кездескенімізді
қарындасым қайдан біледі? Əлде əншейін, жобалап соға салып,
нысанаға дəл тигізді ме екен? Бір сəт сасып қалғаным сонша, жауап
таба алмай қалдым. Сонан соң қарындасымды бұрынғыдан бетер
тергеуге ала бастадым:
─ Мен жауап алуға тиіспін! Айтқаным айтқан! Талап етемін!
─ Талап етем де! Ə, менімен солай сөйлесейін дедің бе? Онда мен
саған ештеңе де айтпаймын! Бір минут бұрын, өтіне бастаған кезде,
сені аяп кеткендіктен, бəрін айтып беруге оқталып едім. Бірақ сен
талап етеді екенсің! Талап еткен адамға мен жауап бермеймін, оны
қазір-ақ дəлелдеймін. Бөлмеме барып, есікті іштен жауып аламын.
Сонымен, қымбатты ағатайым, сен мені бүгін де, ертең де, қашан
толғанып болғаныңша, көре алмайсың. Қош бол, Джордж! Егер өзіңді
джентльменше ұстай білсең ─ көріскенше деуіме де болады.Ол
қайтадан əндете жөнелді:
Көрді талай теңіздің суы бізді,
Толқын атып бойда күш тасқындады.
Көрді жаулар жұлдызды туымызды,
Желбіреген көк аспан астындағы...
Виргиния гүл жүйекті кесіп өткен соң; дəлізге көтеріліп, көзден
ғайып болды.
Өкінген, қорланған, қамыққан күйде тұрып қалдым. Не болғанын
түсінбей, бұдан əрі не істерімді білмей, орнымда сілейіп тұрмын.
LV тарау
ЕРІКТІЛЕР
Қарындасым сөзінде тұрды. Күні бойы жəне келесі күннің түсіне
дейін оны көрген жоқпын Сонан соң өз бөлмесінен амазонка киіп
шықты да, Ақ Түлкіні ерттетіп, жалғыз кетіп қалды.
Бірбеткей қызға ешқандай ықпал жасай алмайтынымды жəне
күштей бергеннен түк шықпайтынын сездім. Ол ағасының беделімен
санаспайды, өзіне-өзі қожа жəне қашан да өз дегенімен ғана жүреді.
Кешегі əңгімеден кейін Виргинияның ісіне араласуға зауқым соқпай
қалды. Ол құпиямды біледі, сондықтан менің қандай ақылым
болмасын -қабылдамай тастайды. Шешуші сəт туғанша, аулақтау жүре
тұруға бекіндім.
Бірнеше күнге дейін тоң-торыс жүрдік. Оған шешем таң қалғанмен,
ештеңе сұрамады. Маған анам бұрынғыдай ет жүрегі елжіреп
тұрмайтын сияқты көрінді. Ринггольдпен дуэльге шыққаныма қатты
ашуланды. Естісімен қатты қайғырса керек. Үйге келгенімде, бəріне
кінəлі бір мен деп, өзімді жазғырумен болды. Аренс Ринггольдке неге
дөрекілік көрсеттім? Түкке тұрмайтын сөз үшін! Үндіс қызына бола!
Ол қыз жөнінде айтылған сөздерді несіне көңіліме ала қалдым?
Ринггольдтің ол қыз туралы айтқандары шындық болуы да мүмкін.
Өзімді ақылдырақ ұстауым керек екен.
Тегі, оқиғаның шет-жағасын шешемнің құлағы шалса керек, бірақ
сұлу қыздың кім екенін білмейді екен. Ол бұрын Маюмидің атын
естімеген-ді. Сондықтан оның зəрлі ескертпелерін сабырмен тыңдап
шықтым. Шешемнің ұрса бергеніне ызаланып, мен дуэльдің себебін
түсіндіруге бірнеше рет оқталғанмен, əзірге тартыншақтай бердім. Ол
маған бəрібір сенбейтін еді.
Кейінгі кезде Ринггольдтің өмірінде үлкен өзгеріс болғанын естідім.
Əкесі қанына қарайып, құлдарының біреуін жазалау үстінде дүние
салыпты. Миына қан құйылып, құдайдың қаһарына ұшырағандай,
тұрған жерінде тіл тартпай кеткен. Ендігі жерде, есепсіз жиналған
байлықтың жалғыз мұрагері Аренс қана:ол жүз құлы бар үлкен
плантацияның иесі. Оның үстіне бұрынғыдан да сараң боп кетіпті
деген сөз тараған. Əкесі секілді ол да төңірегіндегілердің бəріне билік
жүргізуді, ірі магнат болуды алдына мақсат етіп қойса керек.
Біраз уақытқа дейін дуэльге шыққанын мақтан тұтып, жаралы
қолын тандырып, ауырдым деп жүреді. Əйтеуір, жұрттың айтысы
солай. Алайда істің немен тынғанын білетіндер, оның дуэльді өзіне
мақтаныш санауына пəлендей негізі жоқ десетін.
Онымен шекісіп қалғаным, тəрізді, біздің отбасымызға деген қарым-
қатынасын өзгерте қоймапты. Оның біздің үйде жиі болатынын, тіпті
бізге күйеу бала саналатынын естігенмін Байлығы мен ықпалы арта
түскен кезден бастап, дүниеқор шешем оған бұрынғыдан да жылы
қарай бастаған. Осының бəріне үлкен өкінішпен зер салып жүрдім.
Жалпы біздің отбасымызда бір өзгеріс байқалады. Бір-бірімізге
деген бір кездегі бүкпесіздік пен жылылық біртіндеп суып бара жатты.
Кісілігі мол рақымшыл əкемнің орны үңірейіп тұр. Шешем мені тіл
алмайтын, əдепсіз ұлдай көріп, көңілі толмай əрі салқын қарайтын
болды. Нағашым шешемнің сөзінен шықпайды, кейде тіпті сүйікті
қарындасым да маған жат боп кеткен секілді көрінеді.
Үйге сыймай, мүмкіндігінше үйде болмауға тырысып жүрдім.
Уақыттың көбін Суониге келгелі менің қонағым боп жатқан
Галлахермен бірге өткіземін. Сапармен келген шаруамыз бастан асады,
ал қол бос кезде бұғы мен түлкі аулауға шығамыз. Рас, аң аулауға
бұрынғыдай рақаттана қоймайтын едім, Галлахердің де онша аңсары
ауа бермейтін секілді.
Əдетте біздің қызметке байланысты жұмыстарымыз сəске түске
таман аяқталады. Бізге еріктілерді жинаудан гөрі, тізімге
кіргендермен жаттығу жүргізіп, оларды "əскери тəртіпке үйрету"
көбірек тапсырылған. Еріктілер жасағы құрылып та болған. Өздеріне
офицер етіп бұрын əскерде қызмет атқарғандарды сайлады. Біздің
міндетімізге оларды үйрету мен отрядта тəртіп сақтау мəселесі
жататын.
Қыстақтың ортасындағы шағындау шіркеу штабқа айналдырды.
Жаттығу сонда өткізілетін.
Еріктілердің көпшілігі ─ балта мен винтовканың арқасында
тапқандарымен тана күн көруші, батпақ жиектерінде тұратын бірдібірге жеткізе алмай жүрген кедейлерден шыққан ұсақ плантаторлар
мен скваттерлер болатын. Олардың ішінде Хикмэн қарт та бар. Спенс
пен Уильямс секілді "зиялы азаматтардың" отрядқа жазылғанын
естігенде қатты таң қалдым. Соңғы екеуін ерекше бақылауға алуға,
бірақ олардан аулақтау жүруге бекіндім.
Қатардағы жауынгерлердің көпшілігі ақсүйектер ортасынан
шыққандар. Соғыс қаупі төніп, бəрінің басын қосты. Офицерлер əдетте
ауқатты əрі ықпалды жер иелерінен шығатын. Əйтсе де соншалықты
демократиялық сайлаудың нəтижесінде, офицерлер құрамына шен
татарлықтай дəрежеде үйретілмеген адамдар да еніп кетіп жүрді.
Ондай азаматтардың кейбіреулерінің шені Галлахер екеуміздікінен
жоғарылау боп шықты. Полковниктер мен майорлардың саны жай
солдаттармен тепе-тең десе де болады. Бірақ бəрі бізге бағынуға
міндетті. Соғыс кезінде тұрақты əскер лейтенанты немесе кіші
офицері халық жасақтарының полковниктеріне бастық болатын
жағдай жиі кездесе береді. Олардың ішінде бұрын Уэст-Пойнтта
“лағынет
қамытын
сүйреген”
немесе
"Хикори
қарттың"
басшылығымен бірнеше ай əскери қызметте болған өте қызықты
адамдар да бар. Олар өздерін əскери істің шеберіміз деп санайды. Жəне
де əлгілермен істес болу оңай емес. Кейде Галлахер Суониде бұйрық
беруге тек өзінің ғана хақысы бар екендігін дəлелдеу үшін, барлық
жігерін жұмсауға мəжбүр болатын. Досымның беделін дуэльші
ретіндегі атыс пен шабысқа дайын тұратындығы да бас штабтың
тапсырмасынан кем көтерген жоқ.
Басқа жағынан алғанда біз еріктілермен тату тұратынбыз. Олардың
көпшілігі əскер тəртібін үйренуге тырысып, біздің нұсқауларымызды
бұлжытпай орындайтын. Шампан, виски жəне сигардан таршылық
көрген жоқпыз. Төңіректегі жер иелері меймандос адамдар боп шықты.
Егер Галлахер екеуміз ішімдікке үйірсектеу болғанда, бұдан артық
жағдайды іздеп табу қиын еді. Бірақ біз оған көп беріле қоймадық жəне
соның арқасында беделіміз де жаман болған жоқ. Міндетімізді атқару
да жеңілдеу тиді. Жалпы алғанда біздің бұл өмірімізді жаман деуге
болмас, тек үйдегі келеңсіз жайлар болмаса... Менің үйім ─ пəленің бəрі
осында! ─ мен үшін енді өз үйім болудан қалған-ды.
LVI тарау
ҚҰПИЯ ӨЗГЕРІСТЕР
Бірнеше күн өтті. Галлахердің мінезі өзгере бастағанын байқадым:
ол маған яки шешеме қатысты емес, Виргинияға қатысты өзгеріс еді.
Бұған алғаш рет қарындасыммен сөйлескеннен кейінгі күні назар
аудардым; Виргинияның досыма деген көзқарасы да өзгергендей.
Екеуінің арасындағы салқын сыпайылық жоғалып, бұрынғыдай
қайтадан бірге ойнап, əн салып, күліп, кітап оқып, көр-жерді
əңгімелесетін боп алды.
"Оған бəрін ұмыта салу оңай ғой, ─ деп ойладым мен, ─ ол тек қана
дос. Менің тартқан азабымды түсіне алмайды. Қарындасымның кіммен
жасырын кездесіп жүргенін қайтсін ол? Виргиния ─ жұрттың
қалыптасқан пікіріне қайшы келіп жүргенінде оның не шаруасы бар?
Қызбен бірге жүру жанына жағады, қарындасымның сүйкімді қылығы
күдігін мүлдем сейілткен болар. Сондықтан бəрін де ұмытты, кешірген
болар немесе оның мінез-құлқын ақтарлықтай басқа бір себеп тапты".
Досым маған салқын тартып кеткен сияқты, ал қарындасыма күдіксіз
сеніп, бауыр басып барады.
Алғашқыда отбасымыздағы осы бір жаңа бет-бұрысқа таң қалып,
сонан соң мүлдем тұйыққа тірелдім.
Галлахерден
мұның
мəнін
сұрауға
өркөкіректігім
мен
намысқойлығым жібермеді. Өзі біліп ол да ештеңе айтпайды,
сондықтан түсіне алмаған күйімде жүре беруге мəжбүр болдым. Бұл
өзгеріске шешемнің де таң қалатынын, күдікпен қарайтынын
аңғардым. Онысын түсінетін едім. Ол офицер жалақысынан басқа
байлығы жоқ, сəнқой əскери жігіт Виргинияның басын айналдырып
жүре ме деп қорқады. Бір күні күйеуім осы деп шыға келсе қайтпек?
Əрине, анамның қалаған күйеу баласы басқа. Қызының тағдырына
немқұрайды қарай алмайды, сондықтан жас жігіттердің Виргинияға
жақындай беруін жақтырмай, ала көзбен атып қалатын.
Шешемнің күдігі шын боп шығып, қарындасымның қалаған адамы
досым болса, мен тек қуанар едім. Егер досым мені бауыр тұтса,
Галлахердің кедей екендігіне қарамай, екеуінің некелесуіне қарсы
болмас едім.
Бірақ екеуінің арасында баяғы достықтан басқа терең сезім болуы
мүмкін-ау деген ой келген емес. Махаббат басқаша белгі беруі керек.
Егер əңгіме капитан Галлахер туралы болса, шешеме қам жемей-ақ
қоюыңызға болады дегенді айтар едім.
Алайда сырт көз оларды бір-біріне ғашық па деп қалулары да
мүмкін Галлахер қарындасымнан ажырамайды: жарты күнді бірге
өткізгендерімен қоймай, түн жарымына дейін отырады, орманға бірге
кетіп, көпке дейін үйге оралмайды. Жолдасымның менен
қашқақтайтынын байқай бастадым. Бір таң қалатыным, бұрынғыдай
аң аулауға да қызықпайды. Қызметіне де салақ қарай бастады, егер
"лейтенант" қатал болмағанда, отрядымыздың бірдеңе үйрене қоюы
екіталай еді.
Уақыт өте берді. Галлахердің тұнжырап жүргенін байқадым.
Қарындасым жоқ кезде, ол сарыуайымға түсетін болды. Енді бəрі де
өзгерген секілді. Ол, шынында да, ғашық боп қалған адамға ұқсайды.
Қарындасымның даусын естісе, селк ете қалады. Əр сөзін қалт
жібермей тыңдап, үйге кіріп келгенде көздері жалтылдап, қуана
қарайды. Бір-екі рет қарындасыма қадала қарағанда, жанарынан
достықтан өзге бір жылылықты сезгендей болдым. Баяғы күдігім
қайта орала бастады. Əрине, Виргиния жауынгердің алмастай берік
жүрегін ерітіп жіберерліктей көрікті-ақ еді. Бірақ, жалпы алғанда,
Галлахер əйел жанды жігіт санатына жатпайды. Оның əйел жүрегін
жаулап алғаны жөнінде əңгіме естілген емес; керісінше, əйелдер
арасында өзін ебедейсіз сезінетін. Тек қарындасыммен ғана ашық,
еркін сөйлеседі. Бірақ, сайып келгенде, Виргинияға ғашық боп қалуы
ғажап емес қой!
Бұған көңілім толды, бірақ Виргинияның көңілі толды деп айта
аламын ба? Жоқ, ол менің қолымнан келмейді.
Қарындасымның оны сүйетін, сүймейтінін білгім кеп зарықтым.
Жо-жоқ, ол мүмкін емес, егер оның армандағаны...
Сонда да кейде қарындасымның сырын білмейтін сырт адам оның
тым шолжаңдығына қарап, Галлахерді ұнатады екен деп қалуы мүмкін.
Оның қылығына қарай отырып, кейде өзім де тұйыққа тірелгендей
боламын Шынында да, жақсы көре ме, жоқ, əлде солай боп көрінгісі
келе ме. Егер жігіттің сүйетінін білетін болса, мұнысы барып тұрған
қатыгездік.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.