Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13

Total number of words is 4134
Total number of unique words is 2345
34.3 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
босанып шығуын тездету үшін не істеуіміз керек?
Қолымнан келгеннің бəрін істеуге уəде бердім жəне ол уəдемді
орындауға берік бел байладым. Ауызбен орақ ормай, тұтқынды
қалайда шығартуға шын бекіндім. Егер əділдікке заңды жолмен қол
жетпейтін болса, айлаға көшуге де əзірмін. Ол үшін əскерден шығарып
жіберсін, тіпті масқаралап, атыма күйе жатам десе де өздері білсін Жас
көсемді босатып алу үшін, өмірімді де аямауға əзірмін. Ниетімнің
растығына құдай атымен ант-су ішіп жатпай-ақ, маған онсыз да
сенетін. Нəркес жанарынан сансыз алғыс жаутаңдай, ал алаулаған
еріндерінің ерініме тигені кез келген алғыс сөзінен тəтті еді.
Қоштасатын уақыт жақындады. Айға қарап шамалауымша түн
жарымы болып қалған секілді. Жота үстінде, бозғылт аспан аясында,
есуас сұлудың қоладан құйғандай мүсіні көрінді. Бізге таяп келді.
Маюмиді құшағыма қысып, құмарта сүйдім, сосын барып қоштастық.
Қыздың жұмбақ, адал қорғаушысы оны белгісіз соқпақтармен ертіп
кетті. Осынау қасиетті жерде басымнан өткерген оқиғаны қайта еске
алып, бірнеше минут жалғыз тұрып қалдым.
Ай көкжиекке қарай бірте-бірте еңкейе берді. Бұл кететін уақыт
болды деген ескерту еді. Жотадан төмен түсіп, тездете фортқа қарай
жүріп кеттім.
XLVII тарау
ТҰТҚЫН
Уақыттың кештігіне қарамай, тұтқынға жолығып шыққым келді. Өз
басыма еркіндіктен айырылу қаупі төнген соң, асықпасам болмайтын
еді. Бір күнде екі дуэль, жарақат алған екі жау жəне екеуі де
генералдың достары. Ал өзімде ондай дос жоқ: жазадан құтылуым
екіталай. Тұтқындалатын шығармын... бəлкім, тіпті əскери сотқа берер,
одан соң əскерден қуу қаупі тұр.
Қанша оптимист болғанмен, осының ақыры немен тынар екен деген
ойға шомдым. Əскерден шығарудан онша қорыққан жоқпын ─ офицер
шенісіз де өмір сүре аламын. Кінəлі болсын, болмасын, өз
жолдастарының талқысына салып, масқаралап жатса, кім де болсын,
немқұрайды қарай алмайды. Жанкешті жан болғанмен, бірақ мəселе
туыстарың мен отбасыңа тие бастаса, онымен санаспай тұра
алмайсың.
Алайда бұл жөнінде Галлахер басқа пікірде болатын.
─ Мақұл, сені тұтқындай қойсын, тіпті отставкаға шығарып
жіберсін. Білгенін істесін! Түкіргенің бар ма сенің оған! Ешқандай мəн
беруші болма. Егер мен сенің орнында болып, анадай керемет
плантацияға, əрі тұтастай бір полк зəңгілерге иелік етсем бар ғой,
əскери қызметке бір-ақ түкіріп, қант пен темекімді өсіріп жата берер
едім. Əулие Патриктің атымен ант етейін, дəл соны істер едім!
Əйтсе де досымның жұбату айтқан сөздері онша тыныштандыра
алмады. Көңілсіздеу күйде тұтқынды іздеуге шықтым.
Жас көсемді камерадан таптым. Жаңа ғана торға түскен қырандай,
қолға түскен қабыландай, Оцеола қаны қайнап, абақты ішін ерсіліқарсылы кезіп жүр. Оқтын-оқтын сес көрсете айқайлап қояды.
Терезесі жоқ бөлме іші мүлдем қараңғы. Ертіп келген капрал не
шырағдан, не алау алмапты, шам алып келмек болып мені қараңғыда
жалғыз қалдырып кетті.
Шамасы мокасин киген адам болуы керек ─ жолбарыстай жұмсақ
басқан біреудің жүрісін жəне шылдыр ете қалған шынжыр дыбысын
құлағым шалды. Сонан соң біреудің қатты күрсіне демалғаны əрі ашу
шақырғаны естілді. Ала көлеңкеде əрлі-берлі адымдап жүрген
тұтқынның сұлбасы көзіме əpeң шалынды. Демек, аяғына бұғау
салмаған болды.
Тұтқынның жалғыз екеніне көзім жеткен соң, жай басып, кіре сала
есік алдында тұрып қалдым. Өз ойымен əлек болған тұтқын мені
байқамаған секілді еді. Бірақ қателесіппін. Оцеола кенет тұра қалып,
таң қалдырғанда, атымды атады. Тəрізі, қараңғыда жақсы көрсе керек.
─ Менің жауларымның ішінде сіз де бар екенсіз ғой, Рэндольф! - деді
ол айыптай сөйлеп. ─ Бес қаруыңыз беліңізде, əскери киім киініпсіз,
сақадай сай көрінесіз. Бізді өз үйімізден қууға сіз де дайын тұр екенсіз!
─ Пауэлл!
─ Пауэлл емеспін, сэр. Менің атым Оцеола!
─ Сіз менің бала күнгі досым, ажалдан аман алып қалған адам
ретінде мен үшін əрқашан Эдуард Пауэлл боп қала бересіз. Сіз осы
атпен ғана есімдесіз...
Аз уақыт үнсіздік орнады. Тəрізі, əлгі сөздерім жанына тиген болуы
керек. Бəлкім, əлдеқашан өтіп кеткен уақытты есіне салды ма екен?
Оцеола былай деді:
─ Мұнда неге келдіңіз? Сіз маған дос ретінде келдіңіз бе, əлде
басқалар сияқты бос əңгімемен жанымды жеу үшін келдіңіз бе? Мұнда
маған көп адамдар ─ абыройсыз іске итермелейтін екі жүзді сөзуарлар
жиі келеді. Сізді де сондай тапсырмамен жіберіп отыр ма?
Бұл сөздерден мен əлдеқандай тапсырмамен Скоттың келіпкеткенін аңғардым.
─ Жоқ, өз еркіммен, дос ретінде келдім, - дедім мен
─ Сізге сенемін, Джордж Рэндольф! Жүрегіңіз жас кезіңізде-ақ таза
болатын. Түзу өрімталдан қисық ағаш сирек өсіп шығады. Жауларыңыз
қанша жамандағанмен, сізді өзгеріп кете қойды деп ойламаймын Жоқ!
Қолыңызды əкеліңіз, Рэндольф! Күмəнданғаным үшін кешірім
сұраймын!
Қараңғыда тұтқынның қолын ұстай алған кезде, екі қолының да
кісендеулі екенін түсіндім. Сонда да, шын жүректен бір-біріміздің
қолымызды қатты қыстық.
Оцеоладан маған күйе жағып жүрген жаулар кім екенін сұрап
жатпадым. Ең бастысы, тұтқынның маған деген сенімінде, өзін босату
жөніндегі жоспардың ойдағыдай жүзеге асуы үшін оның мəні зор еді.
Мен оған көл жағасында болған оқиғаның шет-жағасын айтып бердім.
Қалған əңгімені туған бауырыма да айтпас едім.
Қатты ызаланатын шығар деп ойлағанмын, бірақ өзім де сенерсенбесімді білмей қалдым. Тағдырдың кездейсоқ соққысына сан рет
ұшыраған жас үндіс өзін-өзі тежеуді үйреніп қапты. Менің əңгімем оған
қатты əсер еткенін сездім. Қараңғыда бет-жүзін көре алмадым, бірақ ол
тістерін қайрап, бойындағы ашу-ызаны басу үшін бірдеңе деп кіжінді.
─ О, ақымақ басым! - деді ол ақырында. ─ Не деген көрсоқыр едік!
Осы тілі тəтті сұмырайдан əу баста-ақ секем алып едім.
Рақмет, қадірлі Рэндольф! Шынайы достығыңыз үшін шексіз
қарыздармын. Енді Оцеоладан қалағаныңызды ала беріңіз!
─ Айта көрмеңіз, Пауэлл! Ол жағына қиналмаңыз ─ керісінше, сіздің
алдыңызда мен қарыздармын, бірақ бізге қазір əр минут қымбат. Сізге
кеңес беруге келдім. Бұл сізді босаттырудың жоспары. Бірақ
тездетейік, əйтпесе мені көріп қалулары мүмкін.
─ Жоспарыңыздың мəні неде?
─ Сіз Оклаваха шартына қол қоюға тиіссіз?
XLVIII тарау
ҰРАН ТАСТАУ
Ұсынысыма жауап ─ таң қалу мен жек көру мағынасында айтылған
"вуф" деген жалғыз сөз болды. Одан соң ұзақ үнсіздік орнады.
Өз ұсынысымды қайталадым.
─ Сіз шартқа қол қоюға тиіссіз!
─ Ешқашан! - деді ол кесімді үнмен. ─ Ешқашан! Одан да осында
шіріп өлгенім жақсы! Халқыма опасыздық жасағанша, түрме
күзетіндегілердің найзасына түйреліп өлгенім тəуір! Ешқашан да қол
қоймаймын!
─ Сабыр етіңіз, Пауэлл, сабыр етіңіз! Менің ойымды түсінбей
қалдыңыз. Меніңше, басқа көсемдермен бірге сіз де сол шарттың шын
мəніне көз жеткізбеген секілдісіз. Шартты орындау үшін қойылып
отырған талапты еске алыңызшы. Егер халықтың басым көпшілігі
келісім берген жағдайда ғана жеріңізді қалдырып, Батысқа қоныс
аударуға тиіссіз. Ал бүгін халықтың көпшілігі келіспейтіндігі белгілі
болды. Қалың көпшіліктің шешімін сіздің келісіміңіз өзгерте алмайды.
─ Ол рас, - деп келісті ойымды енді түсіне бастаған тұтқын.
─ Олай болса, қол қоя беруіңізге болады. Басты талап орындалмаған
соң, сізге қойылар еш кінə болмайды. Осындай айлаға неге бармасқа?
Бұл əрекетіңізді ешкім абыройсыздық дей алмайды. Қылығыңызды
кез келген адам түсінетін шығар деп ойлаймын, ал өзіңіз бостандық
аласыз.
Бəлкім, менің тұжырымдарым адал адамның мінез-құлықтарына
сəйкес келе қоймайтын шығар, бірақ ол шын толғаныстан туған
ұсыныс еді. Ал достық пен махаббаттың жанары көп жағдайда
адамгершілікке қайшы келетін анау-мынау кемшіліктерді байқай
бермейді.
Оцеола
түсіндім.
үндемеді.
Менің
сөздерімді
ойластырып
отырғанын
─ Былай ғой, Рэндольф, ─ деді ол біраздан кейін. ─ Сіз, сірə,
юристердің атақты қаласы Филадельфияда тұрған шығарсыз? Мұндай
нəрсе ешқашан ойыма келмес еді. Дұрыс айтасыз ─ бүл қол қойыстың,
əрине, жауапкершілігі жоқ. Бірақ менің қол қойғанымнан уəкілдің
көзқарасы өзгере қоймас. Ол мені жек көреді ─ оны жақсы білемін жəне
неге жек көретінін де білемін. Мен де оны көп жағдайларға
байланысты жек көремін. Қорлап отырғаны бір бұл емес! Менің
қолыма қанағаттана қояр ма екен?
─ Қанағаттанар деп ойлаймын. Қолыңыздан келсе, бəріне көнген
адам бола салыңыз. Қол қойсаңыз болғаны, дереу босатады.
Оған күмəнім жоқ еді. Оцеола тұтқындалғаннан кейін тараған
сөздерге қарағанда, Томпсон өз ісіне өкініп жүр деген ойға келдім.
Жұрттың бəрі оны ағаттық істеді, түбі осы ағаттығының зардабын
тартуы мүмкін деп санаған. Бұл сөздер уəкілдің де құлағына шалынса
керек. Тұтқынға адъютанттың келіп-кеткенін естігенде, оған уəкіл
тапсырма берген-ау деп шештім. Уəкілдің өзі де тұтқыннан тезірек
құтылуға асығып жүргендіктен, Оцеола үшін тиімді шартпен босатуға
да қарсы бола қоймас еді.
─ Досым! Ақылыңызды тыңдап, шартқа қол қояйын. Уəкілге
хабарлай беруіңізге болады.
─ Мен оны көрген жерде-ақ жеткіземін. Ал енді уақыт біраз болды,
көріскенше!
─ Беу, Рэндольф! Досыңмен, ақтардың ортасындағы жар дегенде
жалғыз досыңмен қоштасу қандай қиын! Өткен күндерді емін-еркін
отырып еске алар ма еді, шіркін! Бірақ бұл жерде оның жөні келмес.
Жас көсем сараң сөйлеуді қойып, бұрынғыдай елжірей əңгімелесті.
─ Иə, ақ өңділердің ішіндегі өзім ардақ тұтатын жəне сыйлайтын
жалғыз досым сізсіз, ─ деп қайталады ол ойланып отырып. ─ Сізден
басқа тек...
Ашуға болмайтын құпия сырын айтып қоя жаздаған адамдай, сөзін
тыя қойды. Алаңдап, мойындауын естірмін деп үміттеніп едім, бірақ
айтылмады.
─ Ақ өңділердің бізге көрсетпегені жоқ! - деді ол ызаға булығып.
─ Істеген қиянаттарын санап тауыса алмайсың... Бірақ Ұлы Аруақ
атымен ант етейін, кек алмай қоймаймын! Бұған дейін мұндай ант
беріп көрген жоқ едім, бірақ соңғы күндердің оқиғасы қанымды
қайнатып жіберді. Сіз келмей тұрғанда-ақ өзімнің бітіспес екі
дұшпанымды өлтіруге ант бергенмін. Сіз мені алған беттен қайтарған
жоқсыз ─ керісінше, сенімімді нығайттыңыз жəне қаскөйлерімнің
қатарына үшінші жауды қостыңыз. Енді Ұлы Аруақ атымен тағы да ант
етемін, орман жапырақтары ақ нəсілді үш сұмырай мен қызыл өнді
сатқынның қанына боялмайынша тыным көрмеймін! Масайрауың
ұзаққа бармас, Оматла! Кешікпей сазайыңды тартасың, Оцеоланың
семсері түбіңе жетер!
Ашуы басылғанша үндемедім. Бірнеше секундтан соң жас көсем
тынышталып, қайтадан достық көңілмен сөйлеп кетті:
─ Қоштаспай тұрғанда айтар тағы да бір сөзім бар. Енді қашан
кездесерімізді кім біліпті? Əр түрлі жағдайлар кедергі болуы мүмкін
ғой. Кездесе қалған күнде, шайқас алаңында, жау ретінде кездесерміз.
Ақ өңділермен бітімге келу ойымда да жоқ екенін жасырмаймын
сізден. Жоқ, ешқашан көнбеймін! Сізге бір тілегім бар, Рэндольф!
Себебін сұрамастан орындаймын деп сөзіңізді беріңізші? Мынаны
сыйға алыңыз, егер достығымды бағаласаңыз, ешкімнен жасырмай,
кеудеңізге тағып жүріңіз. Тілегім осы!
Ол соны айтты да, шығып келе жатқан күннің суреті салынған,
бұрынырақта сөз болған, алқаны мойнынан алып, маған кигізді.
Сырлы алқа менің кеудемде жарқырады. Сыйлығын бас тартпастан
қабылдап, өтінішін орындауға уəде бердім. Ал оған сағатымды
сыйладым. Сонан соң шын жүректен бір-біріміздің қолымызды қысып,
қоштастық.
***
Өзім ойлағандай, семинолдар көсемін босаттыру онша көп күшке
түскен жоқ. Маған белгісіз себептермен, уəкіл жас көсемді жек көре
тұра, жеке қатынасын ресми іске аударуға батылы бармады. Онсыз да
жағдайы оңып тұрған жоқ еді. Мен тұтқынның шешімін хабарлаған
кезде, Томпсон одан оңай құтылғанына қуанды. Уақытты алмастан,
тұтқынмен кездесуге жөнелді.
Оцеола өзін өте əдепті ұстады. Егер кеше ашу-ызаға ерік берген
болса, бүгін ұстамды да салмақты. Түрмеде өткізген түн жігерін құм
қылған секілді. Аштан-аш, кісендеулі тұтқын, бостандық жолында
қандай келісімге болса да баруға дайын болатын. Уəкіл жағдайды
осылай түсінді.
Шартты алып келді. Оцеола оған сөз айтпастан қол қойды. Кісендер
алынып, түрменің есігі ашылды. Оның еш кедергісіз кете беруіне
мүмкіндік берілді, Томпсонның қуанышында шек жоқ, бірақ бұл өзінөзі алдау ғана болатын. Егер ол, мен секілді, Оцеоланың жүзіндегі
кекесін күлкіні байқаған болса, жеңдім деп осынша масайрамаған
болар еді. Бірақ Томпсон қателігінің рақатын ұзақ көре алмады.
Жас көсем тамам жұрттың көзінше алшаң басып, тура орманға қарай
тартты. Алайда шоқ ағашқа жете бере фортқа бұрылып, жалтылдаған
қанжарын белбеуінен суырып, басынан асыра көтерген бойда: "Ио-хоэхн!" деп айқай салды. Осы бір əскери ұран құлағымызға үш рет естілді.
Сонан соң Оцеола кілт бұрылып, бір-ақ секіріп орманға кіріп кетті.
Мұның нені білдіретіні ап-айқын еді. Тіпті мəз боп тұрған уəкілдің
өзі де мұның өліспей беріспейтін соғысқа шақырған ұран екенін
түсінді. Қуғынға дереу қарулы солдаттар жіберілді. Қуғыннан нəтиже
шықпай, бір сағаттай текке салпақтап, əбден шаршаған солдаттар
фортқа қайтып келді.
***
Галлахер екеуміз тұтқындау туралы бұйрықты күтіп, таңертеңгі
уақытты үйде өткіздік. Біздің таңданысымызға орай бұлай болмай
шықты.
Кейінірек анықталғандай, Ринггольд фортқа қайта оралмапты.
Жарақаттанған соң оны форттан бірнеше миль жердегі танысының
үйіне жөнелтсе керек. Бұл жағдай даулы мəселенің біраз тігісін
жатқызды. Екінші бəсекелесім, адьютант Скотт, қолын таңдырып
алып, фортқа келген бойда аттан құлап, қолымды ағашқа соғып алдым
дей салған көрінеді. Сəнқой жігіт жарақатының шын себебін айта
алмағаны түсінікті де. Оның дабыра қылмағанын теріс көрмедім. Өз
тарапымнан мен де досымнан өзге ешкімге тіс жарғаным жоқ. Бұл
əңгіменің бəрі кейінірек мəлім болды. Одан кейін де адъютант
Скоттпен қызмет бабында кездесіп тұруыма тура келді. Бірақ
кездесулеріміздің тек ресми түрде өткендігі өзінен-өзі түсінікті ғой.
Ондайда екеуміз де асқан ұстамдылық көрсететін едік.
Алайда кешікпей күтпеген жағдай екеумізді ажыратып жіберді.
Өлердей жек көретін адамыммен енді кездеспейтін болғаныма мен де
қуандым.
XLIX тapay
СОҒЫС
Форт Кингте өткен кеңестен кейін бірнеше апта бойы елде
тыныштық орнады. Келіссөз аяқталған, енді əскери қимылдардың
басталатын уақыты да алыс емес. Ақ нəсілділер негізінен, үндістердің
не істейтіндіктерін өзара əңгіме етуде. Айқасқа шыға ма, əлде айтқанға
көне ме? Жұрттың көбі оларды бағынатын шығар деп ойлады.
Қоныс аударуға дайындалу үшін семинолдарға біршама уақыт
берілген еді. Үндістердің барлық сиыр мен жылқыны фортқа қай күні
айдап əкелуге тиіс екендіктерін хабарлау үшін тайпаларға жаушылар
жіберілді. Уəкілдің бақылауымен аукцион өткізілмек болды. Түскен
ақшаны мал иелеріне Батыстағы жаңа жерлерге көшіп барған соң
таратып беру жоспарланды. Плантациялар мен қора-жайлар жөнінде
де осыны істеу белгіленді.
Аукцион өткізілетін күн де келді. Бірақ үкімет уəкілінің өкінішіне
орай, еш жерден мал келмеді. Аукционды кейінге қалдыруға тура
келді.
Үндістер малдарын əкелмеді ─ демек, олардан одан да жаман
нəрсені күтуге болады. Кешікпей олардың пиғылдары айқындала
бастады.
Соңғы апталарда орнай қалған тыныштық, дауыл алдындағы
тылсым сəт қана екен. Күн күркіреген кездегі алыстап бара жатқан
сарын секілді, алдағы қарулы қақтығыстың хабаршысындай, əр
жерден ұсақ жанжалдар шыға бастады.
Əдеттегідей, бəленің бəрін ақ өңділер бастады. Аң аулаудың
қызығына түсіп, өз жерлерінен ұзап кеткен үш үндісті бір топ ақ
нəсілді ұстап алады. Оларды арқанмен шандып, ақ нəсілді біреудің
қорасына қамап қояды. Тайпаның мұны естіген басқа жауынгерлері
келіп, босатып алғанша, тұтқындарды сонда үш күн, үш түн ұстайды.
Айқас басталып, бірнеше үндіс жараланғанмен, ақ өңділер қашып
кеткендіктен тұтқындар босатылды. Əлгілерді алып шыққан достары
нағыз қаныпезерліктің куəсі болды. Қатты байлаған арқан аяққолдарын қиып, қозғалуға мүмкіндік бермеген. Қан көп кетіп, осы
уақыт ішінде олар нəр сызбаса керек. Мұның адамдарға қалай əсер
еткенін өздеріңіз-ақ түсіне берерсіздер! Менің тек болған жайды айтып
отырғанымды ескеріңіздер.
Тағы да бір оқиға. Канафа-Понд маңындағы өз қостарында жүрген
алты үндіске бір топ ақ өңді бас салып, мылтықтарын тартып алады.
Қапшықтарын ақтарып, өздерін қамшымен дүрелей бастайды. Осы
кезде тағы да екі үндіс жетіп үлгеріп, мұны көрісімен олар ақ өңділерге
оқ жаудырады. Аналар да атыса бастап, бір үндісті өлтіріп, екіншісін
ауыр жаралап кетеді.
Əрине, осыдан кейін үндістер арасында ереуіл бұрқ етіп, олар ақ
өңділерден кек ала бастады. Газеттердегі хабарлар:
"II август, Дальтон. Форт Кингтен форт Брукқа бара жатқан хат
тасушы бір топ үндіске тап болады. Олар аттың тізгінінен ұстай алып,
əлгіні ерден жұлып алып, өлтіріп тастайды. Хат тасушының
кескіленген денесі бірнеше күннен кейін орманнан табылды".
"14 салт атты капитан Габриэль Пристің плантациясына бару үшін,
Вакахонтты бетке алып, барлауға шығады. Олар межелі жерге бір
мильдей қалғанда кішкентай көлге тіреледі. Кейбіреулер бұл судан ат
жалдан өтуден жүрексінеді. Алайда төртеуі тəуекел етіп, жүзіп өтпек
болады. Сол сəтте кенет тасадан шыға келген үндістер оқ жаудыра
бастайды. Өзгелерден озыңқырап кеткен екі салт атты
жарақаттанады. Біреуінің мистер Фольктің, мойнына оқ тиіпті. Оны
атқа теңдеп, үйіне жөнелткен. Екіншісінің, капитан Пристің баласының
қолы сынып, аты оққа ұшқан. Ол қаша жөнеліп, батпаққа қойып кетеді,
сөйтіп үндістердің қуғынынан құтылады".
"Шамамен дəл сəл кезде үндістердің жасағы Джордж көліндегі
еменді аралда ағаш кесіп жатқан бірнеше адамға шабуыл жасаған. Ақ
өңділер қайықпен қашып құтылады, бірақ екі адам жарақат алған".
"Флориданың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Нью Риверде үндістер
мистер Кулидің үйіне басып кірген. Əйелін, балаларын жəне үйде сабақ
беретін мұғалімін өлтіріп кеткен. Отыз шошқасын, үш жылқысын
айдап əкетіпті. Оған қоса он екі жəшік азық-түлік, бір кеспек оқ-дəрі, екі
жүз фунттан астам қорғасын, күмістей жеті жүз доллар жəне екі
зəңгісін олжалаған. Мистер Кулидің өзі үйде болмапты. Қайтып
оралғанда, емшектегі баласы мен өліп жатқан əйелін көреді ─ қақ
жүректен атқан екен; ересектеу екі баласын да өлтіріп кеткен. Қызы
кітап ұстап отырған қалпында өліп кетіпті, ұлы оның қасында жатыр
екен. Бүкіл үй отқа оранған".
"Сент-Джоне маңындағы Спринг-Горденде полковник Ристің
аумақты плантациясын қиратып, үйін түк қалдырмай өртеп жіберіпті.
Тоқсан кеспекті толтыруға жететін қант құрағын тып-типыл құртып
жіберген. Жүз алпыс екі зəңгісін, барлық қашыры мен жылқыларын
айдап əкеткен".
"Сол үндістер зəңгілермен ауыз жаласа отырып мистер
Депейстердің плантациясын ойрандап кеткен. Қайық тауып алып,
өзеннен өткен соң, капитан Дэмметтің үй-жайын өртеп жіберген.
Майор Хэриоттың плантациясы ойрандалып, сексен зəңгісі
үндістермен бірге кеткен Сосын үндістер Сан-Августиноға қарай ілгері
жылжи отырып, генерал Эрнандестің ұшы-қиырсыз плантацияларын
ойрандап кеткен. Бюлов, Буэн-Ретиродағы Дюпонның, Денхем, ТомокКриктегі Мак-Рейдің үй-жай, қора-қопсылары, Бейес, генерал Хэрринг,
Барталоне Солано жəне тағы басқалардың ─ қысқасы СанАвгустинаның оңтүстігіндегі плантациялар түгелдей дерлік осындай
пəлеге ұшыраған". Қарапайым тарихи деректер осындай. Мен мұны
семинолдармен соғыстың басталуына себеп болған оқиғалар ретінде
келтіріп отырмын.
Үндістердің бұл əрекеттері тағылық болғанмен, олардың мұнысы
тек қана зауал, көптен күткен кек алу, көп жылдар бойы төзімділікпен
шыдап келген əділетсіздік пен қысымға қарсы жауап болып
табылатын еді...
Əзірге нағыз əскери қақтығыстар бастала қойған жоқ, бірақ ақ
өңділер иеліктерін тып-типыл етіп жүрген үндіс топтары əр
жерлерден бір мезгілде бой көрсетті. Үндістерге зорлық-зомбылық
жасағандардың көпшілігіне зауал төнді; кейбіреулері əрең сығылып
шығып, шыбын жандарын сақтап қалды. Бүкіл елді өрт шарпығанша,
дүмпуден кейін дүмпу жалғаса берді.
Елдің іш жағында немесе үндістермен шекаралас тұратындардың
бəрі жерлерін, дүние-мүлік, шаруашылық құрал-жабдықтарын,
жиһаздарын, қымбат заттарын тастап, қауіпсіздік үшін бекініске
бейімдеп арнайы нығайтылған сол төңіректегі мекендер мен
форттарға кеп бас сауғалады.
Оматла жəне басқа көсемдер төрт жүздей сатқындармен қоса
мекенжайларын тастап, пана сұрап форт Брукқа қашты.
Ендігі жерде соғыс болады, болмайды деп сəуегейлік жасаудың
қажеті жоқ еді. Соғыс басталды жəне "Ио-хо-эхи!" деген ұран
төңіректегі ормандарды күндіз де, түнде де жаңғыртып жатты.
L тарау
ЖҰМБАҚ CAЛT АТТЫНЫ СОҢЫНАН ҚУУ
Əзірге Флоридаға келген американ əскерлері тым аз. Бірақ əдетте
Құрама Штаттардың əскерлері орналасатын Жаңа Орлеан, форт
Моултри, Саванна, Мобайл жəне басқа да əскери лагерьлерден
отрядтар келе жатты. Джорджия жəне Каролина штаттарының ірі
қалаларында, сондай-ақ Флориданың өзінде еріктілер отрядтары
құрылуда. Əскерге тарту үшін əрбір елді мекенге белгілі мөлшерде
адам беру міндеттелді. Туған қыстағым Суониде де отряд құрылатын
боп шешілді. Осы мақсатпен досым Галлахерді сонда жіберді. Мен
лейтенант болғандықтан, оған көмекші етіп тағайындады.
Бұл бұйрықты алғанда қатты қуандым. Форт гарнизонындағы бір
сарынды өмір мезі қылып бітіп еді. Оның үстіне бірнеше күн үйімде
болатыныма мəзбін.
Галлахер менен кем қуанған жоқ. Ол аңқұмар еді. Досым көбінесе
қалада немесе Атлант жағалауындағы форттарда тұрып келгендіктен,
түлкі мен бұғы аулаудың аңшылық ғанибетіне сирек кенелетін. Суони
ормандарында аң мен құс жыртылып айырылады. Сондықтан аң аулап,
құс атамыз деп досыма уəде бердім.
Сонымен еріктілерді жалдауға рұқсат алған екеуміз, форттағы
жолдастармен қоштасып, сейілдеп қайтарымызға сенген көңілмен,
қуана-қуана жолға шықтық. Плантацияға қайта оралағанына шын
қуанған Қара Джек бізге ере жүрді.
Суони аймағына үндістер əзір шабуыл жасай қойған жоқ. Ол бізге
өте-мөте өшіккен тайпалардан аулақтау жерде болатын. Қауіпсіздікті
сезген тұрғындар жылы орындарынан қозғалар емес. Алайда еріктілер
жасақтары құрылып, айналаны салт атты сақшылар күзетіп жүретін
болған.
Шешем мен Виргиниядан хат жиі келетін. Онда қауіп-қатер жөнінде
пəлендей ештеңе айтылған емес. Мəселен, қарындасым үндістер бізге
мүлдем тиіспейді деп санайтын. Соған қарамастан жаным жай таба
қойған жоқ, сондықтан туған жерге аттану туралы бұйрықты сақадай
сай қарсы алдым.
Орман ішіндегі жолмен желе шауып отырдық. Кешікпей өзімнің
балалық шағымды өткізген жерлерге жақындап та қалдық. Бұл жолы
тасадан жасалатын шабуылдардан қорыққан жоқпыз. Өйткені
қауіпсіздік жолдарын мүмкін болғанша қарастырғанбыз. Бізге бір
сағаттың ішінде жолға дайындалу жөнінде бұйрық берілген-ді.
Сондықтан бірден жолға шықтық, менің қас жауларым жолға
шығатындығымды білмей де қалды. Айтпақшы, қасымда ер жүрек
Галлахер, ал соңымыздан адал досым Қара Джек келе жатқанда ақ
өңділер тарапынан жасалар ашық шабуылдан қорқа алмаймын.
Мен тек жолай үндістерге ─ қазіргі жауларымызға тап боп қаламыз
ба деп сескендім! Одан қауіптенбеске болмайтын еді, сондықтан
барынша сақ жүруге тырыстық.
Бізге бірнеше жерде мокасин мен ат тұяғының жаңа ғана түскен
іздері кездесті. Ал бір жолы əлі сөне қоймаған алаудың орнына да
кездестік. Айнала үндістердің іздері жосылып жатыр. Осы арада
қостары болса керек. Өзен жағасындағы иесіз қалған плантацияға
жеткенше бірде-бір ақ нəсілді немесе қызыл өңді адамды
кездестірмедік. Осы арада ғана бірінші рет бейсауат адамға тап
болдық.
Салт атты ─ үндіс болса керек. Ол бізден тым алыста еді, сондықтан
өң-түсін ажырата алмадық. Киіміне, атқа отыруына, қызыл белбеуі мен
шалбарына, əсіресе басына қадаған түйе құстың қауырсындарына
қарап семинол боларсың деп шамаладық. Астында қара аты бар, біз
беттеп бара жатқан орман арасындағы ашық алаңқайға шыға келді.
Бізді де байқап қалса керек, кездесуден тайсақтай берді. Көз тоқтата
қарап алған соң, атының басын бұрып, орманға сіңіп кетті.
Қызба қанды Галлахер атын тебініп қалып, қуа жөнелді. Оны
тежегім келіп еді, бірақ əлгі салт атты маған Оцеола секілді боп
көрінді. Онда қауіптенетін ештеңе жоқ. Жас көсеммен жолығып,
достарша сыр шертіссем деп Галлахердің соңынан шаба жөнелдім. Ал
біздің соңымыздан Қара Джек те қалатын емес.
Жұмбақ салт аттының Оцеола екеніне мен сенімдімін. Басындағы
түйеқұс қауырсындарын танып қалғандай болдым, ал Джек маған жас
көсемнің келісті қара атқа мініп жүретіндігін айтқан. Бар белгілеріне
қарағанда сол болуы керек. Мен дауыстап, оны тоқтату үшін атымды
тебініп, Галлахерден озып кеттім.
Кешікпей салт атты сіңіп кеткен орманға да жеттік. Бірақ жаңа
түскен іздерден басқа ештеңе көре алмадық. Оцеоланы дауыстап
шақырдым, оз атымды да айттым, бірақ жаңғырықтан басқа ештеңе
естілмеді. Біраз уақыт ізінен қалмай, дауыстап шақырумен болсам да,
жауап берілмеді. Салт атты не жауап бергісі келмеді, не дауыс
естілмейтіндей жерге ұзап кеткен болуы керек. Əрине, атының басын
өзі тежемеген соң, оны қуа берудің мəні жоқ еді. Оның соңынан апталап
қусақ та, бəрібір жете алмас едік. Бұдан ештеңе шықпайтынын білген
соң, Галлахер екеуміз қуғынды қойып, тезірек үйге жету үшін сүрлеу
жолға қайта түстік.
Үйге жетер қосалқы сүрлеуді жақсы білетіндіктен, аттың басын
солай қарай бұрдым. Осылайша ұзақ жүрдік. Өзіміз беттеген өзеннің
жағалауында жылқының жаңа түскен ізі тағы да кездесті. Ізді мұқият
қарағанда, əлі дымқыл екенін байқадық. Жанындағы қу жапырақтарда
су тамшылары мөлтілдейді. Демек, салт атты өзенді жалдап өткен!
Бұл жаңалық көп мəселе жайында ойлануға мəжбүр етті. Үндіс арғы
бетке неменеге өткен? Егер Оцеола болса, онда не іздеп барды? Елдегі
жағдай шиеленісіп тұрған кезде, ақ нəсілділердің мекеніне аяқ басқан
үндіс өмірін қатерге тігеді. Егер оны байқап қалып, тұтқынға алған
болса, тірі құтыла алмайды. Мұндай көзсіздікке бару үшін күрделі
себеп болуы керек. Егер Оцеола болса, ол жақтан не іздейді? Оцеола
барлауға шыққан болуы керек деген болжам ғана ептеп ақылға сыяды.
Мұнда таң қаларлық түк те жоқ.
Осы бір долбарда шындыққа жанаспайтын ештеңе болмағанмен,
неге екені белгісіз, сене алмадым. Кенеттен жанымды əлдеқандай бұлт
торлап, белгісіз сезім торықтырып жіберді. Əлде - бір пері құлағыма:
"Олай емес!" деп сыбырлап тұрғандай. Салт атты, сөз жоқ, өзеннен
өткен. Кəне, тексерейік!
Өзенге келіп, жорамалымыздың дұрыс екендігіне көзімізді
жеткіздік: із судан басталыпты. Демек, кім де болса, өзеннен ат жалдап
өткен. Арғы жағаны тексеріп едік, онда да қара тұлпардың ізі сайрап
жатыр екен
Тоқтамастан ізді қуалай жүріп кеттім. Галлахер мен Джек те қалар
емес. Ирланд табандылығыма қатты таң қалып келеді. Бірақ оның
сұрақтарына жауап беруге мұршам жоқ. Секемшіл көңіл минут сайын
жанымды жабықтырып, жүрегім атша тулауда.
Із бізді магнолия тоғайының арасындағы шағындау ашық алаңға
алып шықты. Əрі қарай жүрудің қажеті жоқ болатын: көздеген жерге
жетіппіз. Жалма-жан жерге үңілгенім сол-ақ, ат үстінде сілейіп отырып
қалдым. Жабырқау сезім сейілді, бірақ оның есесіне одан да жаман
жабырқатқан ойлар пайда болды. Осы арада бекет болғандай, ат
тұяқтарынан қалған із алаңда сайрап жатыр. Қара тұлпардың басқан
жерлері op болып қалыпты. Бірақ қатарында одан гөрі кішірек іздер де
байқалады. Бүл кішкене понидың тағалы іздері болатын.
─ Астапыралла! Джордж мырза! - деп күңкілдеді Джек, Галлахерден
бұрын жерге үңілген бойда. ─ Қараңызшы, мынау біздің Ақ Түлкінің ізі
ғой. Мисс Виргиния осында болған екен! Оған ешқандай күмəн жоқ!
LI тapay
САЛТ АТТЫ KIM?
Басым айналып, аттан ауып түсе жаздадым. Бірақ ешкімге сездірмеу
үшін, амал жоқ, өзімді қолға алуға тура келді. Кей кезде ең жақын
досыңа да айтқың келмейтін күдіктер пайда болады адамда. Егер
мұны "күдік" деуге болатын болса, сол жағдай тура менің басыма түсіп
еді. Сорым қайнағанда, енді сол күдік сенімге айналды.
Галлахердің жердегі іздерден гөрі, менің мінез-құлқыма көбірек таң
қалып тұрғанын байқадым. Ізге абыржи қарағанымды көріп тұр.
Қобалжып тұрғанымды байқамауы мүмкін емес. Енді, міне, алаңға
шыққан ол, əлденеден қатты үрейленіп, өңім құп-қу боп, ернім ерніме
тимей қалтырағанымды анық көрді.
─ Саған не болды, Джордж? Үндістің ойында бір зымияндық бар деп
ойлайсың ба? Плантациямды торып жүр деп қорқасың ғой?
Бұл сұрақ шындықтан алыстау жауап айтуыма себеп болды.
─ Өте мүмкін, ─ дедім, қысылғанымды сездірмеуге тырысып. ─
Торуылшы-үндіс зəңгілердің біреуімен сөз байласып жүр ме деп
қорқамын.
Мынау біздің понидің ізі... Зəңгілер осында кеп, үндіспен сөйлескен
сияқты. Бірақ қандай мақсатпен жүргендері беймағлұм...
─ Жоқ, Джордж мырза, ─ деп киліге кетті қару ұстаушым, ─ бізде Ақ
Түлкіге ешкім мінбейді, оған тек...
─ Джек, - деп шұғыл бөліп жібердім мен оның сөзін, ─ ауылға шап,
келе жатыр деп хабарла. Бар, жарқыным!
Бұйрықтың қатаң берілгені сонша, Джектің тыңдамасқа амалы
қалмады. Ол сөзін бітірместен, атын тебініп қап, шаба жөнелді. Бұл
амалды мен сақтық үшін жасадым. Осыдан бір минут бұрын келе
жатқанымызды хабарлау үшін шабарман жұмсау ойымда да жоқ,
болатын. Аңқау зəңгінің: "Бізде Ақ Түлкіге мисс Виргиниядан басқа
ешкім мінбейді" дегелі тұрғанын сезіп қалдым. Сондықтан сөзін
аяқтатпау үшін осы қулықты əдейі ойлап тауып едім. Зəңгі кеткен соң
досымның бетіне қарадым. Галлахер жарқын жанды, не болса да
ештеңені жасырмай, тура айтатын адам. Жайраңдап тұрған жып-жылы
жүзінен бір нəрсеге түсіне алмай тұрғанын анық көрдім де, жерге
кірердей ұялдым. Алайда екеуміз де үндеместен аттың басын Қара
Джек кеткен соқпаққа қарай бұрдық.
Бұл малдың шұбырынды сүрлеуі екен, қатар жүруге тарлау
болғандықтан, алда ─ мен, артта ─ Галлахер, үнсіз ілгерілей бердік.
Атымды қақпайлаудың қажеті жоқ, қайда келе жатқанын өзі де
жақсы біледі ─ баяғы ескі жол Жердегі іздерге үңілгенді қойдым. Бірекі рет понидың кішкентай іздері көзіме шалынды, бірақ оған мəн
бермедім: қайдан шығып, қайда барғаны бесенеден белгілі.
Ойға шомып кеткенім сонша, айналадағыны байқар емеспін.
Понимен Виргиниядан басқа ісім келуі мүмкін? Қара Джектің кімді
айтқалы тұрғанын біле қойдым: Ақ Түлкіге тек қарындасым ғана
мінетін, оның сүйікті кішкентай атына плантацияда басқа ешкімнің
мінуіне тыйым салынған. Дегенмен бүл талаптың орындалмас тұсы
бар. Бір жолы Виоланың мініп жүргенін көргенім бар. Егер сөйлетіп
қоя берсем, Джек қарындасымның атын атар ма еді? Мүмкін, ол Виола
шығар?
Бірақ квартерон Оцеоламен неменеге кездеседі? Ешбір жөні жоқ.
Үйде болмағаныма көп уақыт өткен, одан бері талай өзгеріс боп
жатыр. Кім біледі... Мүмкін Виола қара жігіттен жеріп, жас көсемге
ықыласы ауа бастаған шығар. Тəрізі, оны осы маңнан жиі көріп тұрған
болар. Мен солтүстікке аттанып кеткеннен соң, Пауэллдердің
плантацияларын тартып алғанға дейін біршама уақыт өтті ғой. Осы
арада Пауэллмен алғаш танысып жүрген кездердегі бір жағдай ойға
оралды ─ əрине, онша мəн берерлік оқиға емес еді. Виола сымбатты
жігітке таңдай қаға бастап, оған Қара Джек қатты ашуланды. Өзін
ұнатып жүрген адамын шырғалаңға салғаны үшін, қарындасым
Виолаға ұрсып алған Виола сұлу болатын жəне сұлу қыздарға тəн
мінезбен бұл да бəлсінуді жақсы көретін. Болжамымның дұрыс боп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.