Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11

Total number of words is 4180
Total number of unique words is 2253
34.1 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Отаншылдар көсемдері кездейсоқ па, əлде əдейі ме, əйтеуір,
жартылай қоршаған халықтың сол қанатына топтасыпты. Ендігі кезек
солардікі еді. Алдымен Хойтл-мэтти шығуға тиіс. Оның қол қоярқоймасын уəкіл білмейтін. Тағатсыздана күттірген тыныштық орнады.
─ Ендігі кезек сенікі, Жүйрік! ─ деді оған уəкіл, үндіс тілінде
тағылған атын ағылшыншалап.
─ Сіз менен де жүйрік боп тұрсыз ғой! - деді шалымды сөзге тапқыр
үндіс. Бұл əзілдің астарында байсалды жауап жатыр еді.
─ Қалай, қол қоюдан бас тартамысың?
─ Хойтл-мэтти хат танымайды.
─ Оның қажеті жоқ - атың мұнда жазулы тұр. Шартқа бармағыңды
бассаң болғаны.
─ Бармағымды басқа жерге басып қойсам қайтемін?
─ Крест қоя салсаң да болады, - деп қоймады, əліде болса көсемді
көндірем бе деп үміттенген уəкіл.
─ Біз, семинолдар кресті жаратпаймыз. Одан испандардың үстемдігі
кезінде əбден ығыр болғанбыз.
─ Демек, қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартасың ғой?─ Иə, уəкіл
мырза, отан таң қалатын не бар?
─ Солай-ақ болсын. Енді менің не айтатынымды тыңда!
─ Хойтл-мэттидің құлағы уəкілдің аузы сияқты ашық, - деген ащы
мысқыл естілді.
─ Тамаша! Онда мен Хойтл-мэттиді семинолдар көсемдігінен
түсіремін.
─ Ха-ха-ха! - деп күліп жіберді. Хойтл-мэтти жауап орнына. ─ Солай
де! Солай де! Онда маған мынаны айтшы, - деді ол кекесінмен, уəкілдің
салтанатпен айтқан сөзіне қарқылдай күліп.
─ Сонда кімге көсем боламын, генерал Томпсон?
─ Мен айтарымды айттым, - деді үндістің мысқылына шамданып
қалған уəкіл. ─ Сен ендігі жерде көсем емессің. Біз сенің көсемдігіңді
мойындамаймыз.
─ Бірақ менде халық бар! Ол қалай қарар екен? - деп мысқылдай
түсті Хойтл-мэтти. ─ Ел-жұрттың бұл жөнінде пікірі жоқ деп ойлайсың
ба?
─ Ел-жұртың ақылға көшеді. Ұлы Əкелерінің кеңесіне құлақ қояды.
Опасыздық жасап отырған көсемдерін бұдан былай тыңдамайтын
болады.
─ Дұрыс айтасыз, уəкіл мырза! - деп саңқ ете қалды, бұл жолы
шынтуайтқа көшкен көсем. ─ Ел-жұртымның ақылға көшетіні рас, ол
оз парызын адал атқарады. Ұлы Əкенің кеңесін көлденең тарта
бермеңіз! Егер ол шынымен əкелік ақыл болса, халық оны тыңдайды
əм қабыл алады, егер олай болмаса ─ құлақтарын тарс жабады. Ал
сіздің мені көсемдіктен түсіру жөніндегі бұйрығыңызға келетін болсақ,
қисынсыз ісіңізге күлгеннен басқа амалым жоқ. Мен ол бұйрықты да,
уəкілді де жек көремін! Мен сіздің мықтылығыңыздан қорықпаймын.
Халқымның сенімін жоғалтып аламын деп қорықпаймын. Арамызға
алауыздық отын жаға беріңіз! Басқа тайпалардан сатқындарды тауып
алып, дəндеген шығарсыз...
─ Шешен осы арада Оматла мен оның жауынгерлеріне ызғар шаша
қарады. ─ Бірақ сіздің арамзалығыңызды жек көремін! Бүкіл тайпадан
Хойтл-мэттиден бас тартатын бірде-бір адам таба алмайсыз, естідіңіз
бе, таба алмайсыз!
Сөзін аяқтап, қолдарын алдына айқастыра салған Хойтл-мэтти, үнсіз
қарсылық білдірген адамның кейпіне қайта түсті. Ол əңгіменің осымен
біткенін білді.
Бұдан соң уəкіл зəңгі Абрамта бұрылды. Бірақ шартқа қол қоюдан ол
да бас тартты. Ол: "Жоқ!" - деп бір-ақ кесті. Уəкіл қыстай бастаған кезде
зəңгі:
─ Құрып кеткір! Лағынет атқан бұл қағазға мен ешқашан қол
қоймаймын, ешқашан! Осы сөз жететін шығар енді, солай ма, Томпсон
мырза.
Иландыру осымен аяқталды. Абрам көсемдер тізімінен сызылып
тасталды.
Арпиуки, Бұлт, Аллигатор жəне Ергежейлі-Пошалла ─ бəрі де
бірінен кейін бірі қол қоюдан бас тартып, кезегімен көсемдіктен
түсірілді. Холато-мико жəне басқа келмеген көсемдерге де соны істеді.
Жаппай орындарынан түсіп жатқандарын естігенде көсемдердің
көбісі күлді. Уақытша ғана билікке ие болған болымсыз офицердің кем
дегенде императорша45 жарлық беріп жатқанын көргенде күлмеске
лажың жоқ.
Өз билігінен ең соңғы боп айырылған Пошалла да басқаларға
қосыла күлді.
─ Жуан уəкілге айтшы, - деп дауыстады ол тілмашқа, ─ оның сүйегі
қурап, орнына сасық арамшөп қаулап өскеннен кейін де мен
семинолдардың көсемі бола беремін! Ха-ха-ха!
Тілмəш бүл əжуаны тəржімалаған жоқ, ол уəкілдің құлағына жетпеді.
Ол тіпті қарқылдасқан уытты күлкіні де естімеді, өйткені оның бар
зейіні ең соңғы көсем ─ Оцеолаға ауған еді.
XXXIX тарау
ОЦЕОЛАНЫҢ ҚОЛ ҚОЮЫ
Жас көсем бұған дейін үнсіз тұрған, тек Чарльз Оматла қаламға қол
созған сəтте барып, "Сатқын" деген сөз аузынан шығып кетті.
Оцеола айналасындағы болып жатқан жайларға немқұрайды қарап
тұрған жоқ. Көзқарасы мен қимыл-қаракетінде қысылу байқалмады,
бірақ бүйірі бүлк етпегенсіп, қалыс қала алмады. Жо-жоқ, бұл ол үшін
жат мінез. Ол Секіргіштің тапқырлықпен айтқан əжуаларына шын
ниетпен күліп алды. Абрам мен басқа көсемдердің отаншылдықтарын
қостап тұрды, тек опасыздардың, оңбағандықтарын көргенде ғана
сұстана түксиді..
Ендігі пікір білдіру кезегі өзіне келді. Өзінің аты аталғанша
кішіпейілдік көрсетіп тұра берді.. Көсемдердің аттарын уəкіл мен
тілмаштар жақсы білетін, сондықтан аттарын атайтын еді.
Тылсым тыныштық орнады. Енді, міне, американ солдаттарының
саны, үнді жауынгерлерінің топтары дүлей дауыл жақындап келе
жатқандай демдерін іштеріне тартқан сын сағат туды.
Дүние бүлінгелі тұрғанын мен де сездім. Басқалар секілді əліптің
артын бағып, орнымда тапжылмай тұра бердім.
Ақыры уəкіл үнсіздікті бұзды:
─ Кезек сізге келді, Пауэлл! Бірақ алдымен мынаған жауап беріңіз:
көсемдігіңізді жұрт мойындай ма?
Даусы, сөйлеу мəнері, сөздері де ─ намысқа тиерлік еді. Уəкілдің бетжүзінен адамның жанды жеріне тиетін төтенше соққы ретінде осының
бəрі алдын-ала ойластырылғаны көрініп тұр. Көзінен зұлымдық
ызғары мен күні бұрын жеңіске мастану нышаны жылт етіп өтті. Бүл
мəселеге түк қатысы жоқ, басы артық сұрақ еді, арандату мақсатымен
берілгендігінде сөз жоқ. Пауэллдің көсем екендігін Томпсон жақсы
білетін ─ рас, кіші көсем, бірақ семинолдардың ішіндегі ең жауынгер
тайпа. ─ Қызыл Таяқтар тайпасының əскери көсемі екені ақиқат.
Жаратылысынан қызу қанды, өжет жігітті ашуландыру үшін уəкіл
мұны қасақана айтқан-ды.
Бірақ ол бұл мақсатына жете алмады: кемсіту көсемге
дарымағандай еді. Оцеола жауап берген жоқ, жүзіне ашулы да,
жиренішті де емес ерекше күлкі үйірілгендей болды. Бұл жымиыс ─
үнсіз, тəкаппар жанның менсінбей күлуі, ал көзқарасы ─ өзіне тіл
тигізген сұмырайға қарағандай еді. Жас көсем уəкілді жауап қайыруға
тұрмайтын адам, ал қорлауы тым дөрекі (шындығында да солай), ол
үшін ренжудің өзі артық деп санайтын секілді. Маған да естіп
тұрғандардың көпшілігіне де сондай əсер қалды.
Егер уəкіл сезімтал адам болса, Оцеоланың көз тастасынан кейін
тілін тістер, тіпті болмағанда, басқа амалын іздер еді. Бірақ тұрпайы
шенеунік үшін зиялылық пен əділеттік сезімі жат, сондықтан ол
Оцеоланың берген тойтарысына қарамай, бұрынғыдан да дөрекі үнмен
сөйлей берді.
─ Мен сізден сұрап тұрмын: сіз көсемсіз бе? Қол қоюға құқыңыз бар
ма?
Сол сəтте-ақ Оцеола үшін ондаған дауыс жауап берді. Жағалай
тұрған көсемдер мен олардың артындағы жауынгерлер айқай
салысты:
─ Арайлы Күнді көсем бе дейді? Əрине, көсем ол! Оның қол қоюға
толық қақысы бар!
─ Оған неге күмəн келтіресіңдер? - деп сұрады Секіргіш. - Күні
жеткен кезде, - деді ол тағы да кекесінмен, ─ Оцеола өз құқын дəлелдеп
бере алады. Ал қазір, ол бəлкім, дəлелдегісі келмейтін шығар.
─ Жоқ, дəлелдеймін! - деп саңқ етті Оцеола, шешенге қарап əр сөзін
нығарлап айтты. -Қол қоюға қақым бар жəне қол қоямын да!
Мынадай күтпеген жауаптың қалай əсер еткенін айтып жеткізу
қиын. Ақ өңділер де, үндістер де бірдей қайран қалысты; бəрі де
қозғалақтап, шуласып кетті. Дал болысқан дауыстар бір тұтас гуілге
айналды.
Əркім өзінше - саяси көзқарасына қарай таң қалуда. Біреулердің
дауыстарынан қуаныш, масаттану байқалса, енді біреулер күйініп, ашу
шақыруда. Шынымен-ақ осыны Оцеола айтып тұр ма? Жұрт қатыс
естіген жоқ па? Арайлы Күннің шынымен-ақ лезде бұлтқа кіріп кеткені
ме? Осынша іс бітіре тұрып, осынша уəде бере тұрып, қалай ғана
опасыз боп шықпақ?!
Қоныс аударуға қарсы көсемдер мен жауынгерлердің ойлағаны осы
еді. Опасыздар тобы өз қуаныштарын жасыра алмай тұр. Оцеоланың
қойған қолы мəселені шешетінін, бұдан былай қоныс аудара
бастайтындықтарын бəрі де білетін. Ағайынды Оматлалар енді
ештеңеден жасқанбайды. Ақтарта қарсы болған жауынгерлер,
кетпейміз деп ант берген сабаздар енді жағаласа берсін. Енді олардың
бастарын біріктірген Оцеоладай көсем жоқ. Ол тайқып шыққан соң
қарсыласушылардың рухы əлсірей беретіні зайыр. Отаншылдардың
үміті біржола үзілді десе де болады.
Секіргіш, Бұлт, Коа-Хаджо, Абрам, Арпиуки жəне Ергежей-Пошалла бəрі де мəңгіріп қалды. Өздері күмəнсіз сенетін Оцеола,
қарсыласушылардың ер жүрек ұйтқысы əрі дем берушісі, осы уақытқа
дейін қоныс аударуды қолдап келгендердің бітіспес жауы, жұрттың
бəрі осынша сеніп келген, осынша үміт артқан нағыз патриот ─ енді
келіп бұлардан безбек. Сатқындығы ортақ істің түбіне жететін, соңғы,
ең шешуші минутта бұларды тастап кетпекші!
─ Ол ақшаға сатылған! - деген дауыстар естілді. ─ Отаншылдығы ─
көз алдау ғана!.. Күрескен болып, қарсыласқан болып жүргені ─ айла!..
Оны уəкіл сатып алған, ол ылғи соның нұсқауымен əрекет етіп
келеді!.. Сұмырай!.. Бұл сатқындық Оматланың сатқындығынан да
жаман!
Оцеолаға ашулы көздерін қадаған көсемдер осылай десті.
Оцеоланың тайқып кетуін қалай түсінерімді өзім де білмедім. Шартқа
қол қоямын деді ғой - одан айқын не бар?
Жас көсем айтқан сөзін іспен дəлелдеуге дайын секілді, тек уəкілдің
белгі беруін ғана күтіп тұрғандай. Оцеоланың айтқаны, басқалар
сияқты, уəкіл үшін де күтпеген жайт екені анық. Осы сəтте уəкілдің
бетіне қараған кез келген адам, оның бұл істен мүлдем бейхабар екенін
бірден байқаған болар еді. Ол Оцеоланың мəлімдемесіне басқалардан
көп таңданбаса, аз таңданған жоқ. Абдырап қалғаны сонша, өз-өзіне
келе алмай, тілі байланып қалды. Ақыры əрең сөйлеп:
─ Өте жақсы, Оцеола! Бері келіңіз де, қолыңызды қойыңыз, - деді.
Томпсон енді үнін өзгерте қойды ─ ашық айтпай, сыбырлап сөйледі.
Қуанышты көріністерді көз алдына келтірді: Оцеола қол қояды,
сонымен қоныс аударуға келісімін береді. Үкімет бұған, Томпсонға
тапсырған жұмыс ойдағыдай орындалып, дипломатиялық ортадағы
жағдайын əжептеуір нығайтады. "Хикори Қарт" риза болады! Содан
соң ше? Содан соң Флоридада, сорлаған үндістер тайпасына уəкіл боп
емес, түбінде дипломатиялық жұмысты ірі, дамыған мемлекеттің
бірінде өткізетін болады. Бəлкім, Испанияға елші етіп жіберер...
И-и, генерал Уайлн Томпсон-ай, сенің қиялмен орната салған
жұмағың қас қағымда түтіндей ыдырап кетті! Қалай тез пайда болса,
солай тез жоғалды - қолдан тұрғыза салған қағаз үйдей қирап қалды.
Оцеола үстелге жақын барып, сөздерін анықтап көргісі келген
адамша құжатқа үңілді. Ол біреудің атын іздегендей, қойылған
қолдарды көз жүгіртіп шолып шықты.
Ақыры тауып алып, дауыстап оқыды: "Чарльз Оматла!". Сонан соң,
бойын түзеп, уəкілге қадала кекесін күлкімен мұның, Оцеоланың қол
қоюын уəкіл де қалай ма деп сұрады.
─ Сіз уəде бердіңіз ғой, Оцеола!
─ Онда уəдемді орындаймын!
Осыны айтқан соң, өзінің үлкен испан пышағын суырып алып,
басынан асыра құлаштап келіп, бар пəрменімен пергаментке қадап кеп
жібергенде, пышақтың жүзі үстелдің ағашына терең бойлай кіріп кетті.
Міне, менің қолым! - деді ол, пышағын суырып жатып. ─ Оматла,
көрдің бе, мен сенің атынды қақыраттым. Сақтан, сатылған төбет!
Сөзіңді қайтып ал, əйтпесе мына пышақ жүрегіңді де қақ жарады.
─ Ə, мұның ойы осы екен ғой! - деп безек қақты уəкіл ашудан
қалшылдаған күйі орнынан тұра беріп. - Жақсы! Осы оспадарлықтың,
заңды қорлаудың болатынын білгенмін. Генерал Клинч, сізден жəне
солдаттарыңыздан талап етемін! Мынаны дереу ұстап, тұтқынға
алыңыздар!
Үзік-үзік осы сөздер айналадағы құлақ тұндырған азан-қазан шудан
құлағыма талып əрең жетті. Клинч қасында тұрған офицерге тез-тез
бірнеше сөз айтты. Бір топ солдаттың саптан шыға салып, Оцеолаға
тұра ұмтылып, оны қоршап алғанын көріп қалдым.
Оцеола бірден берілген жоқ. Көк мундирлі бірнеше солдатты жерге
алып ұрып, қолдарындағы мылтықтарын қатып түсірді. Бірақ мықтымықты оншақты жігіт Оцеоланы тырп еткізбей ұстап қалды. Жас көсем
жанталаса қарсыласуын сонда ғана тоқтатты. Қара күшке ырық беріп,
қабатынан қар жауа, қоладан құйғандай тапжылмай тұр.
Бұл ақ өңділер үшін де, үндістер үшін де күтпеген шешім, əділдікке
мүлдем жанаспайтын зорлық еді. Үкіметті сыйламағаны үшін
судьяның айыпты адамды тұтқынға алуға құқы болатын сот емес,
айыпты адамның өзін екі жақтың келісімінсіз жазалауға болмайтын
кеңес. Генерал Томпсон өз өкілеттігін асыра сілтеп, билігін оспадар
жəне заңсыз пайдаланды.
Бұдан кейінгі жайды суреттеп жеткізу қиын ─ адам айтқысыз
дүрбелең басталды. Солдаттар мен əйелдердің айқайлары, балалардың
шыңғырып жылағаны, үндіс жауынгерлерінің ұран салуы ─ осының
бəрі қосылып жалпы шуға айналды. Оцеоланы босатуға ешкім талап
қылған жоқ ─ осынша солдат пен осынша сатқындар тұрғанда ол
мүмкін емес еді. Бірақ асығыс тарай бастаған патриот-көсемдер алыста
"Ио-хо-эхи!" деп ұран салып бара жатты. Бұл семинолдардың кек алуға
шақырған əскери ұраны болатын. Солдаттар Оцеоланы фортқа қарай
алып кетті.
─ Тиран! - деп айқайлады ол, отты көзін уəкілге қадап. ─ Сен
опасыздықпен жеңіске жеттің. Бірақ осымен біткен екен деп ойлама!
Оцеоланы түрмеге салуыңа, қажет десең, асып өлтіруіңе де болады,
бірақ оның рухы өледі екен деп дəмеленбе! Жоқ, ол өлмейді жəне кек
алуға шақыруын қоймайды! Оның үні қазір де саңқылдап тұр!
Естимісің! Қызыл Таяқтардың жауынгерлік ұранын білуші ме едің?
Жақсылап ұғып ал! Құлағыңды əлі талай шулатар! Тыңда оны, тиран!
Бұл сені көрге тығатын үн!
Фортқа алып бара жатқанда, жас көсемнің айтып қалған сөздері
осылар еді. Көпке ілесіп кетіп бара жатқанымда, біреу иығымнан
қақты. Хадж-Ева екен.
─ Бүгін кейін ви-ва46 маңында кездесейік, - деп сыбыр етті ол. ─ Су
бетіне көлеңке түседі... бірнеше көлеңке... Мүмкін...
Сығылысқан халық екеумізді ажыратып жіберді. Арасынан өтем
дегенше, есуас ханша көрінбей кетіп еді.
XL тарау
СОТҚАР ГАЛЛАХЕР
Тұтқынды терезесі жоқ, берік казематқа қамады. Оған кіру, əсіресе
офицерлер үшін оңай болатын. Мен оған кіріп шыққым келді. Бірақ
кейбір себептерге байланысты күндіз бармауды жөн көрдім. Онымен
кездесіп, бірақ мүмкіндігінше құпия сөйлескім келді. Қараңғы түсуін
күттім.
Басқа да себептер бар еді: Аренс Ринггольдпен арадағы шаруамды
бір жақты қылуым керек. Қалай əрекет етерімді білмей далмын.
Бойымды қарама-қайшы сезімдер билеп алды. Қастандық
ұйымдастырушыларға деген кек, Оцеолаға қарсы қолданған
əділетсіздігі үшін уəкілге реніш, нəзіктік пен сенімге, сонымен қатар,
күдік пен қызғанышқа да толы Маюмиге деген махаббатым ─ бəрі бірбірімен араласып кетті. Осылай сезімім астан-кестен болған шақта
жөнді ой қайдан келе қойсын?
Бір сезім бəрінен де басым ─ ол көкірегімде махаббат оты маздап
жанған сəтте, өмірімді қиып жібергісі келген малғұнға деген ашу-ыза.
Мұндай қара жүректік, қараптан-қарап жүріп Ринггольдтің мені
өлердей жек көруі кек алуға шақырды. Сөйтіп қалай да оны жазалауға
бекіндім. Аренс Ринггольдті қаншалықты жек көргенімді, өз өміріне
қатер төнген адам ғана түсіне алады. Өзінің намысын қорғау үшін
күрескен немесе ашу мен қызғанышқа беріліп, өзіңе қарсы ашық
əрекет еткен жауды сыйлауға болады. Тіпті екі ақ нəсілді мен қашқын
сарының өзіне де, біреудің қолындағы ырықсыз əрекет ететін қару
ретінде, тек жек көрушілікпен қараймын. Бірақ қастандық
ұйымдастырушыны өлердей жек көріп кеттім. Əбден қорланғаным
сонша, жауымды жазаламай, кегімді алмай тыным таппадым. Бірақ ол
үшін не істеуім керек? Мəселе сонда болатын Дуэль! Басқа ештеңе
ойлап таба алмадым. Қылмыскерді əлі де заң қорғайтын еді,
сондықтан кетімді тек өз қаруыммен ғана қайтара аламын.
Қара Джектің сөзін де əбден салмаққа салдым, алайда адал
қызметшімнің зар илегенінен ештеңе шықпады. Оның кеңесіне кереғар
əрекет етуге бекіндім. Не болса о болсын! Ринггольдті дуэльге
шақырамын.
Тек бір нəрсе тежей берді: жекпе-жекке шақыру үшін сылтау табу
керек. Еріксіз ойландырған жай осы. Егер мен Рингтольдті жарақаттай
алсам, немесе ол мені жарақаттаса, одан кейін не болмақ? Мен
сырымды ашып аламын, ал ол оны пайдаланып кетеді. Ал қазір болса,
оның құрған жоспарын оп-оңай бұза аламын, өйткені ойын білемін, ал
ол əзірге менің ойларымды білмейді.
Бəрін салқынқандылықпен таразыласам да бұл ойлар миымда
құйындай ұйтқып өтті. Кейін отан өзім де таң қалдым. Сұмырайдың
зұлымдық өшпенділігі, оған қоса соңғы кезде басымнан өткен жайлар
мені қатыгездендіріп жіберді.
Мұндайда ақылдасатын дос керек-ақ. Бірақ бұл құпиямды кімге айта
алармын?..
Бұл не? Құлағым қатыс естіді ме? Жоқ, мынау шынымен
училищедегі ескі жолдасым, Чарльз Галлахердің даусы. Оның
сақылдаған көңілді күлкісін тани кеттім. Ол басқарған атқыштар
отряды фортқа кіріп, бір минуттан соң екеуміз қауышып та үлгердік.
Бұдан артық сəтті жағдай болсын ба? Училищеде Чарльз ескі дос
болатын, оған толық сенуге болады, сондықтан бəрін жайып салдым.
Сөзіме иландыру үшін, көп түсіндіруіме тура келді. Чарльз мұның бəрін
қалжыңға бұра салуға əзір, менің өміріме біреу қастандық жасауы
мүмкін деп ол ешқашан ойламаса керек. Айтқан сөздерімнің бəрін Қара
Джек куə ретінде растап берген соң ғана, Чарльз мəселеге
шынтуайтпен қарай бастады.
─ Əйтеуір, жолым болмайды! - деді ол ирландардың акцентімен. ─
Мен байғұстың өмірде көргендерімнің ішіндегі ең сұмдық оқиға екен
бұл Құдай ана! Ол жігіт жын-перінің нақ өзі болмасын! Джордж,
достым-ау, өзінің тұяғы айыр емес пе екен, байқамадың ба?
Есімі жəне диалектпен сөйлеуіне қарамастан, Чарльз тек əке
жағынан ғана ирландық болатын. Өзі Нью-Иоркте туған, зауқы соқса,
ағылшынша да таза сөйлейді. Бірақ отан өзінше мəнерлеп сөйлеу, ататегіне ұқсауға тырысу, жолдастарымен сөйлескен кезде диалектіге
көбірек барып, өз сөздерін ирландықтардың сөз саптауымен
тұздықтап отыру əдет боп кеткенді. Ептеп сайқымазақтау болғанмен,
тамаша, таза жанды, шын жүрегімен берілген жігіт. Оның үстіне
Чарльз ақымақ та емес, біреуге тап осылай "аяғын бастырып қойып"
тұра бермейді. Ол екі рет пе, үш рет пе, негізгі тұлға боп та, секундант
боп та дуэльге қатысты. Жау жүректігі үшін оны жұрт "Сотқар
Галлахер" деп атап кетті. Мен оның: "Сұмырайды қалай да дуэльге
шақыр!" - деп ақыл беретінін күні бұрын білгенмін. Ринггольдті
дуэльге шақыру не себепті қиын боп тұрғанын түсіндірдім оған.
─ Дұрыс айтасың, жігітім! Оның рас. Бірақ соншалықты қиын да
шаруа емес.
─ Қалайша?
─ Өзіңді шақыруға мəжбүр ет. Сол жақсы. Оның үстіне қаруды өзің
таңдауға мүмкіндік аласың.
─ Оны қалай істеймін?
─ Ой, күнəсіз періштем-ай, ол шишаның тығынын шығарғаннан да
оңай той. Өтірікшісің де, егер оған намыстанбаса, мұрнынан шертіп
қал, немесе сұмырайдай сықпытына түкіріп жібер. Жатып туламаса
неғыл дейсің. Ал секундантың мен боламын... Кəне, жүре ғой, жігітім, деп сөзін жалғастырды досым, есікке қарай беттеп. ─ Қайдан іздейін
оны, əлгі мистер Ринггольдті? Ол оңбағанды маған тауып берші, ал
жанына қалай тию керек екенін өзім үйретейін. Ал кеттік бірге!
Бұл жоспар маған онша ұнамады, бірақ қарсыласуға батылым
бармай, кельт нəсілінің долданған ұлына еріп жүре бердім.
XLI тарау
ДУЭЛЬГЕ СЫЛТАУ
Есіктен шығып үлгермей, іздеген адамымызға кездесе кеттік.
Ринггольд табалдырық қасында бір топ офицерлермен əңгімелесіп тұр
екен. Орталарында өзім ілгеріде айтып өткен Сымбатты Скотт аталып
кеткен сылқым жігіт бар. Ол бас қолбасшымның адьютанты əрі оған
туыс боп келетін
Жолдасыма Ринггольдті көрсеттім.
─ Анау жай киім киіп тұрған жігіт, - дедім.
─ Сен оны нұсқап көрсетпесең де болады екен. Жылан көзінен
көрініп тұрған жоқ па бəрі. Жан-тəніммен ант етейін, мынауыңның
көзқарасы жаман! Бірақ шешінген судан таймайды. Ажалы арқаннан
болар адам, суға батпайды! Тыңдап ал, Джордж, ─ деді Галлахер
байсалды үнмен, ─ тұп-тура менің айтқанымды істе: аяғын басып кет,
сонан соң көрелік, не дер екен. Құдай біледі аяғының сүйелі бар, ─
етігін көрмейсің бе, тап-тар... Оған сыпайылық көрсетпей-ақ қой! Ол
əрине, сенің кешірім сұрауыңды талап етеді, онсыз болмайды ғой. Ал
сен қасар да қал, бітті! Ызылып-сызылма. Ал егер одан да ештеңе
шықпаса, онда сайтан алғырды теуіп кеп жібер. Бұл жоспар маған
ұнаған жоқ.
─ Жоқ, Галлахер, - дедім мен. ─ Олай істеуге болмайды.
─ Ештеңе етпейді. Неге солай етпеске? Шынымен-ақ осы арадан түк
бітірмей кетпексің бе? Ойласаңшы, жігітім-ау, бұл өзіңді өлтіргісі кеп
жүрген сұмырай ғой! Егер құтылып кетуіне мүмкіндік берсең, бір күні
өзіңді атып тастайды.
─ Онысы рас... бірақ...
─ Бəлі! Не "бірағы" бар? Тарт алға! Не айтып жатыр екен, тыңдайық!
Ілігісе кететін бір себеп таппасам, Галлахер болмай кетейін!
Не істерімді білмей, жолдасымның соңынан ердім. Сөйтіп,
офицерлер тобына таяп бардық. Əрине, Галлахердің айтқанын істеу
ойымда жоқ болатын жəне ол ұсынған дөрекі əдіске бармай-ақ, бір
сылтау табылар деп үміттендім. Үмітім алдамаған екен. Тəрізі, Аренс
Ринггольд тағдырмен ойнаса керек. Біздің жақындағанымыз мұң екен,
дуэльге шақыратын сылтау да табыла кетті.
─ Əңгіме үндіс сұлуы жөнінде боп кетті ғой, - деді Ринггольд, ─ онда
бұл жағынан Скоттан аузы салымды ешкім жоқ. Осы фортқа келгелі
бері Дон-Жуанның орнын жоқтатпай келеді.
─ Оған таң қалатын не бар, - деп сөзге араласты жаңа ғана келген
офицерлердің бірі. ─ Менің білетінім, рас болса, ол көзге ілгенін
құтқармайтын жəне Саратогадағы сұлу біткенді өзіне қаратқан нағыз
сайыпқыран. Үндіс қызы оның тегеурінінен қалай құтылсын?
─ Олай демеңіз, капитан Робертс. Орман арулары біздерден, ақ
нəсілдерден қатты қорқады. Сүйгеніне қолы жеткенше лейтенант ұзақ
шабуылдаған шығар... Солай ма, лейтенант?
─ Сөз емес! - деп қарсыласты сылқым жігіт мардымси күліп.
─ Əйтеуір, көнді ғой өзі? - деп сұрады Робертс, Скотқа қарап.
Лейтенант жауап бермеді, бірақ оның ақымақтық жымиысы
мақұлдағанмен пара-пар еді.
─ Иə, иə! - деп қыстырылды Ринггольд. ─ Енді қыз, өзіміз
айтатындай, лейтенанттың "ермегі" дей беріңіз.
─ Аты қалай? Аты кім өзінің?
─ Пауэлл Мисс Пауэлл!
─ Қалай? Үндіс қызының аты емес қой?
─ Жоқ, джентльмендер, жас леди жабайы халықтың қызы емес, шын
айтамын. Ол қыз лютнада ойнап, əн салады. Кітап оқып, махаббат
жайлы тілхат жаза біледі... Солай емес пе, лейтенант?
Лейтенант жауап беріп үлгергенше, басқа офицер сұрақ қойды:
─ Əлгінде ғана тұтқындалған жас көсемнің де аты сондай емес пе
еді?
─ Дұрыс, - деп жауап берді Ринггольд. ─ Оны да солай атайды.
Соның қарындасы екенін айтуды ұмытып кетіппін.
─ Не? Оцеоланың қарындасы ма?
─ Тап соның өзі. Олар метистер. Ақтар арасында Пауэлл атымен
танымал. Зиялы джентльмен қартты ─ əкелерін солай деп атаушы еді.
Оцеола ─ "Арайлы Күн" деген сөз. Семинолдар арасында осылай
атайды. Ал қыздың шын аты... Өтe бір сүйкімді ат!
─ Қандай? Айтыңызшы, сарапқа өзіміз салайық.
─ Оның аты Маюми.
─ Шынында да, ғажап ат екен.
─ Өтe əдемі есім! Егер өзі де атына сай болса, онда Скотт бақытты
жігіт екен.
─ Ой, сұлу болғанда айтпа! Нəркес жанарында махаббат оты маздап
тұрады, ұзын кірпік, балдай тəтті толық ерін, сұңғақ бой, сұлу бітім,
əйел құдайы Киприданың47 нақ өзі дерсің. Аяқтары Золушканың
аяқтарындай кіп-кішкентай.
Кипр аралы Афродитаға ғибадат етудің орталығы болған.
Қысқасы, хас сұлудың өзі!
─ Ғажайып! Өзекті жанның ішіндегі ең бақытты адам ─ Скотт! Бірақ
осыны шын айтып тұрсыз ба, Ринггольд? Үндістердің сұлулық тəңірін
шынымен бағындыра алды деп ойлайсыз ба? Жеңіске жете алды ма?
Менің неге мегзеп тұрғанымды түсіндіңіз бе?
─ Сөз жоқ! ─ Қас қағымда берілген жауап осы.
Бұған дейін киліккен жоқ едім. Əңгіме басталғаннан-ақ біреу
сиқырлап қойғандай, сілейіп тұрған болатынмын. Басым айналып, қан
жүрегіме қорғасын боп құйылды. Осыншама оспадар тұжырым есімнен
тандырғаны сонша, өз-өзіме келгенше біраз уақыт өтті. Бұл əңгіменің
маған қатты əсер еткенін офицерлердің кейбіреуі байқап қалды.
Дегенмен бірнеше минуттан соң сабама түстім. Бойымды билеген
торығу бар жігерімді жиып, Ринггольд дəл осы оспадар сөзді айта
берген кезде оған таяп баруға мəжбүр етті.
─ Суайт! - деп айқайлап жібердім. Ол ұяттан қызарып үлгергенше,
алақанымның сыртымен бетіне салып өттім.
─ Бəрекелді! - деп қуанып кетті Галлахер. ─ Бұл шапалақтың астары
жөнінде ешқандай күдік болмаса керек.
Өзі де солай боп шықты. Қарсыласым бұл шапалақты намысымды
таптау деп білді. Мұндай ортада басқаша болуы мүмкін де емес.
Түсініксіз бірнеше сөздерді айтып, қорқытқаннан кейін, ол "əйел
жүрегінің əміршісін" ─ досын жəне тағы да екі-үш офицерді ертіп, кетіп
қалды.
Бұдан соң қызықтаушылардың тобы көбейген жоқ, керісінше, осы
оқиғаға куə болған үркердей ғана офицерлердің өзі тарап кетті.
Дуэльдің себебін өзара талқыға салумен жəне "намыс ісі" қашан, қай
жерде болатынын жорамалдаумен офицерлер үйді-үйлеріне тарады.
Галлахер екеуміз де менің пəтеріме тарттық, сосын жекпе-жекке
дайындала бастадық.
XLII тарау
ДУЭЛЬГЕ ШАҚЫРУ
Мен əңгіме етіп отырған кезде Құрама Штаттар əскерлерінде, тіпті
соғыс уақытында да дуэль бола беретін. Дуэль американ армиясының
уставына ─ меніңше, бұл кез келген мəдениетті елдің армиясында
болатын жағдай, ─ қайшы келгенмен, көрсе де көрмеген боп, ол үшін
айыпты адамдарды жазаламайтын, керісінше, кешіріммен қарайтын.
Американ армиясының дуэльге шығатын кез келген офицері уставты
орындаудан гөрі, оны бұзуды өзіне мəртебе санайтын.
Дуэльдер туралы қанша айтылып, қанша жазылды, осыдан кейін
оған тыйым салу жөнінде мəселе қозғау нағыз аярлық, екі жүзділіктің
барып тұрған үлгісі, əйтеуір, Құрама Штаттардағы жағдай осы. Дуэльге
жұрттың бəрі қарсы болса да, ондай сылтаумен бұғып қалуды жөн
көрмедім. Ешқандай сылтау "қорқақ" деген жексұрын сөзден мені
құтқарып қала алмайтынын жақсы білемін. Газеттердің дуэльге қарсы
жай түскендей мақалалар бере отырып, одан бас тартқан адамның
бетіне "қорқақ" деген сөзді бірінші боп былш еткізуге дайын
тұратындығын талай рет байқағанмын.
Жағдай тап осындай болатын Америкада көзқарастың беріктігі
мақтау тудырғанмен, жалпы көпшіліктен қолдау таба бермейді. Сізді
біреу дуэльге шақырған кезде бас тарта қалсаңыз, онда сіз
түлкібұлаңға салған, не қорыққан адам боп шығасыз. Дуэльден бас
тартқан адам сүйген қызының көзіне көрінбей-ақ қойғаны абзал.
Дуэльге деген көпшіліктің көзқарасын білетін мен, Аренс
Ринггольдтің бас тартпайтындығына сенімді едім жəне бұған өз
құпиямды ашпай-ақ жеткеніме қуандым. Бірақ ол он жерден қорқақ
болғанмен, үйге жеткен соң да бақытсыз жандай күй кешкен менен
гөрі, өзін тəуірлеу сезінген шығар.
Көңілімді жайдары жолдасым да көтере алмады. Алдағы айқастан
қорыққандық емес ─ мені қамықтырған нəрсе басқа болатын.
Керісінше, дуэльді ұмытып, əлгінде ғана естіген жайды ─ Маюмиді
ойладым. Тұрақсыз боп шықты. Тұрақсыз! Мені сатып кетті, өзін де
сатты, мен үшін өлген адаммен тең, мəңгі өлген адам!
Мен шын бақытсыз адаммын. Дуэльге біреу кедергі жасап, кек ала
алмасам, одан да бақытсыз болар едім. Ендігі үмітім тек дуэльде.
Жүрегімдегі зіл қара тасты жеңілдетіп, от боп жанған жан дүниемді
жеңілдететін де сол болмақ. Осынша қаныма қараюыма себеп болған
тек Аренс Ринггольд қана емес еді. Маюмиді азғырушы, өзімді арылмас
азапқа салған адам да кінəлі. Егер оны да дуэльге шақыратын сылтау
таба алсам, шіркін! Онда ақымақтықпен ыржалақтап күлген кезінде
неге салып қалмадым? Екеуімен де сайысар едім ғой, алдымен
біреуімен, сонан соң екіншісімен... Осылайша мен қатты қапа боп, ал
Галлахер маған қарап отырды. Досым жанымды жеп жатқан құпияны
біле бермейтін. Адъютантқа қояр қандай кінəм барын сұрады.
─ Бір ғана сөзіңді айтшы, Джордж. Айналып кетейін балақайым,
екеуге екеу боп шығайық. Əулие Патриктің48 атымен ант етейін! Тауыс
секілді неменің жүнін біраз жыққым келіп тұр.
─ Жоқ, Галлахер, жоқ. Бұл сенің шаруаң емес. Онда менің айызым
қанбайды. Күте тұрайық, анығын білген соң көрерміз. Сене алмаймын!
Тіптен сене алмаймын!
─ Неге сене алмайсың?
─ Қазір емес, досым. Уақыты келген кезде, бəрін түсіндіремін.
─ Жарайды, балақайым. Чарльз Галлахер біреудің құпиясын
қазбалап сұрай беретін адам емес. Біздің бульдогтарымыз қалай үрер
екен, жүр, оны тексеріп алайық. Əлгі сандалбай дуэль жайлы штабқа
барып айтпас деп ойлаймын. Онда жоспарымыздың бəрі көкке ұшады.
Менің де қорыққаным осы болатын. Егер бəсекелесім қажет деп
тапса, тұтқынға алынуым мүмкін. Онда барлық шаруа бүлініп, бұдан да
жаман жағдайға душар болар ем.
Ринггольдтің əкесі кетіп қалған ─ бұл қолайлы жағдай маған белгілі
болатын, бірақ қалай-қалай емес... бас қолбасшы ─ отбасыларының
досы, оған жеткізе қойса жетіп жатыр. Аренс Ринггольдтің үйретуі
бойынша адъютант Скотт генерал Клинчтің құлағына сыбырлап
жүрмес пе екен деп қорықтым.
─ Тоқ етерін айтсақ, оған батылы жетпейді, - деді Галлахер. ─ Сен
оның əбден масқарасын шығардың! Ол мұндай жексұрын айлашарғыға ешқашан бара алмайды. Онысы сезіліп қалса, барлық күйе
өзіне жағылады. Оның үстіне, балақайым-ау, ол сені қалай болғанда да
өлтіруге бел буған! Мұндай сəтті неге бос жіберсін! Естуімше, жаман
атқыш көрінбейді. Саспа, сайысқа өзі-ақ шығады. Бұл жолы құтыла
алмас: сайысқа шығуға тиіс, шығады да... Ə! Айтпадым ба? Əні,
Аполлон Бельведерскийдің49 өзі келе жатыр! Əулие Моисей! Мынау
Фебше50 гүл-гүл жайнайды ғой!
Есік қағылды да, мұнтаздай киінген адъютант Скотт үйге кірді.
"Тəрізі мені тұтқындауға келген ғой" деген ойдан жүрегім суып сала
берді.
Бірақ қателесіппін. Қолындағы тілхат басқа жайды аңғартады. Еркін
бір тыныс алдым. Бұл дуэльге шақыру еді.
─ Қателеспесем, лейтенант Рэндольф боларсыз, - деді маған
адьютант.
Үнсіз Галлахерді нұсқадым.
─ Капитан Галлахер сіздің досыңыз деп түсінеміз бе?
Мақұлдағанымды білдіріп, сəл ғана еңкейдім.
Екі офицер бір-біріне қарап, дереу салқынқандылықпен жəне
ілтипатпен дуэль мəселесін талқылауға кірісті. Оларға қарап тұрып
аңғарғаным: секунданттардың бір-біріне деген ізет-құрметі əлемдегі
ең ізетті сарай қызметкерлерінің қожаларына көрсететін ізетқұрметінен бірнеше есе асып түседі екен.
Секунданттар арасындағы келіссөз ұзаққа созылмады. Галлахер
дуэль тəртібін жақсы біледі, тəрізі, адъютант та одан қалыса қоймаса
керек. Бес минуттан кейін бəрі де -уақыты, қай жерде өтетіні, қандай
қарумен сайысқа түсетіндері, қандай қашықтық таңдалатыны белгілі
болды. Мен сол ғана бас идім. Галлахер қолын шекесіне қойып ізет
білдірді. Адьютант та қалыспай, паңдана иіліп, шығып кетті.
***
Дуэль алдында қандай ойларға кеткенімді, дуэльдің қалай өткенін
айтып, сіздерді қажытпай-ақ қояйын. Өліммен аяқталатын жекпежектер жөнінде кітаптарда көп жазылып жүр. Олардың бір-бірінен
аумайтындығы менің қайталауға ұрынбағаныма кешірім болар деймін.
Біздің дуэліміздің ерекшелігі қарудың түріне ғана байланысты. Біз
семсер мен тапаншаның орнына винтовканы таңдадық. Оны таңдаған
мен едім, сайысқа шақырылған адам ретінде оған қақым бар. Бірақ
бəсекелесім де бұл қаруды тамаша игерген жан. Винтовканы неғұрлым
қатерлі қару болғандықтан таңдадым.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.