Latin Common Turkic

Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21

Total number of words is 4179
Total number of unique words is 2209
33.9 of words are in the 2000 most common words
49.1 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
кеудемді жанай ұшып, мундирімді жыртып кеткенін көрдім.
Жарақаттан қан шапшып ақты. Əлі жарық болатын, мұны анық көрдім.
Жарақатымды байламақ боп, мундирімнің түймелерін ағыта
бастадым.
Қара Джек те келіп қалған екен; жараны таңу үшін өз жейдесін
жыртты.
Кенет таңданғаннан даусы тым қатты шықты:
─ Мұнысы қалай, Джордж мырза? Оқ ту сырттан атылыпты.
─ Ту сырттан? - деп қайта сұрадым мен, жарақатыма үңіліп.
Өзімде де сондай күдік бар: жауырынымның қатты ауыратынын
енді сездім.
Жарақат пен жыртылған киімді мұқият қарап шыққан соң, бұл
болжамның дұрыстығына көзіміз жетті. Менің де даусым еріксіз
шығып кетті:
─ Дұрыс айтасың, Джек. Демек, үндістер орманның қарсы жақтағы
шетіне де келіп қалғаны ғой. Енді құрыдық.
Екеуміз де жалт бұрылдық.
Дəл сол сəтте, біздің ойымызға дəлел болғысы келгендей екінші оқ қарсы жақтан атылғаны даусыз ─ өзіміз тасасында тізерлеп отырған
ағаштың діңіне кеп, дүңк етіп қадалды. Оның қай жақтан атылғанына
ешқандай күмəн қалған жоқ. Біз сумаң ете қалған жалынды өз
көзімізбен көрдік жəне мылтық даусын анық естідік.
Сонда арты беттегі жолдастарымыз қайда кеткен? Шынымен-ақ өз
орындарын тастап, үндістердің жақындауына мүмкіндік беріп
қойғандары ма? Шынымен-ақ өз парыздарын мансұқ етіп, шөлдерін
қандыру үшін тоспа жаққа кетіп қалғаны ма? Алғаш келген ой осы.
Қараңғыда қарағайлардың түбіне көз жібере тұрып біз, тоспа маңында
ешкімнің жоқ екендігін байқадық. Аң-таң боп, жолдастарымызға қатты
дауыстадық. Жауап болған жоқ, даусымызды үндістердің жабайы
айқайлары басып кетті. Дəл сол минутта зəремізді ұшырған бір
сұмдықтың куəсі болдық.
Үндістер шебіне жақындау, Джек екеуміз тұрған жердің тұп-тура
қарсы алдынан, қып-қызыл жалын бұрқ ете қалып, аспанға шапшыды.
Ол ағаштардың ұшар басына жеткенше екпіндей жанып көтеріле
берді. Бір дорба дəріге біреу от тастап жібергендей, ақиқаты да солай
болып шықты. Үндістер орманға от қойған екен.
Бұл ойлары көрер көзге жүзеге асты. Жалынның сумаңдаған тілі
қураған қарағайдың қылқан жапырақтарына тиісімен, бұтақтар қудай
лап етіп, көз ілеспес жылдамдықпен жана бастады.
Лаулаған жалын барған сайын қанатын кең жайып, биік ағаштардың
басында ойнақ салды.
Жан-жағымызға көз жүгірттік - қайда қарасаң да көретінің осы
сурет. Үндістердің жабайы қиқулары от қоршаудың басталғанын
білдірді. Жалын тұс-тұстан қаптап келеді. Отқа оранған ағаштар
қураған шөптей лаулап, жалынның ұзын тілдері сумаңдап аспанға
шапшыды. Алаң қып-қызыл, аса зор, гуілдеген от қабырғаға оранды...
Орманды түгел өрт шалды.
Біз қаптаған түтін ішінде қалдық. Ол минут сайын қоюлана берді,
қоюлана берді. Ыстыққа шыдай алмай, тұншыға бастадық.
Ажалмен бетпе-бет келгендейміз. Адамдардың жанұшырған
айқайын оттың гүрілдеп жанғаны басып кетті. Тіпті жақын тұрған
жолдасыңның да даусын есту мүмкін емес. Бірақ əрқайсысымыздың не
ойлағанымыз жүзімізден көрініп тұрды. Өйткені қаптаған түтінге
қарамастан, алаң самаладай жап-жарық боп бір-біріміздің жүзімізді
ерекше айқын көрудеміз. Өрт сəулесі жарқыратқан жүздерде шошыну
мен жанталас қана бар. Бірақ мен енді ештеңені сезген жоқпын. Қатты
қансырап, əбден əлсірегенмен, басқа жұрт секілді ашық жерге шығуға
ұмтылдым. Бірақ екі адым аттадым ба, аттамадым ба, аяқтарым
бүгіліп, есім ауа, жерге құлап түстім.
LXXXVII тарау
ӨРТ ІШІНДЕГІ СОТ
Құлап бара жатқанда, құрыған жерім осы болар, бірнеше минуттан
соң отқа оранып, қиналып өлемін деп ойладым.
Осы ой көкірегімді жарып шыққан əлсіз күрсінуге ұласып, талықсып
кеттім. Өлген адам секілді ештеңені сезген жоқпын. Дəл осы сəтте тұла
бойымды тұтас жалын шарпығанмен, тон азабын сезбестен өртеніп,
күлге айналған болар едім.
Не болып, не қойғанын ұқпаған күйі ес-түссіз жата беріппін.
Əлдеқашан жаным жаһаннамға жөнеп кеткен секілді.
Бірақ кеудемнен əлі жан шықпаған екен. Бақытыма қарай, қол созым
жерден су табыла кеткен.
Есімді жиған кезде ең алдымен сезгенім, басымды жағаға сүйеп,
кеңірдекке дейін су ішінде жатыр екенмін. Жанымда Қара Джек
тізерлеп отыр, ол да жартылай су ішінде. Ол тамырымды ұстап, бетіме
қауіптене үңілуде.
Ептеп есімді жиып, ақырын көзімді ашқан кезде есі кете қуанып:
─ Құдайым-ай, Джордж мырза, тірі екенсіз ғой! Жаратқанға шүкір,
тірі екенсіз! Басыңызды көтеріңіз, мырзам, есіңізді жиыңыз... Ол
қолыңыздан келеді ғой!
─ Əрине, Джек, - дедім мен, естілер-естілмес үнмен.
Бірақ даусым қанша əлсіз шыққанмен, сенімді қызметшім соған-ақ
мəз-мейрам боп, қуанышы қойнына сыймады.
Аздап басымды көтеріп, жан-жағыма қарауға шамам əрең жетті. Көз
алдыма сұмдық сурет келе қалды. Оны жайлап көріп алуға жарық та
жеткілікті екен.
Орманды орап алған жалын əлі де екпіндей гүрілдеп жанып жатыр.
Күннің күркірегені мен дауылдың азынағаны сынды құлақ жарар гүріл
естіледі. Кейде сол гүрілді ысылдаған немесе мушкеттің сартылдағаны
секілді ащы дыбыс жарып кетеді. Бейнебір бір взвод солдат тынымсыз
мылтық атып жатқандай. Үндістер атысты қайта бастаған ба деп
қаласың, бірақ оның қисыны жоқ еді. Жолындағының бəрін жалмап,
қанатын барған сайын кең жайып келе жатқан өрттен олар баяғыда-ақ
шегініп кеткен болар.
Қазір жалын мен түтін ептеп азайған сияқты. Қураған жапырақтар
жанып біткен, ал жерге құлаған бұтақтар аткөпір боп бықси жанып
жатыр.
Жоғарыда бұтақтардан жұрдай болып, отқа оранған ағаш діңдері
ғана қалған. Олардың қураған қабықтары лезде жанып бітіп, қою
шайырлары ғана қып-қызыл жалын болып лаулайды. Отқа оранған
ағаштар əбден қызарған, алып темір бағаналарға ұқсайды. Тозақтың
оты да осындай-ақ болатын шығар.
Ыстық жан шыдатар емес. Ысып кеткен ауа қабаттары діріл қағады.
Тіпті басымдағы шашыма дейін күйіп қалған боп шықты. Етімнің от
тиген жерлері күлдіреп тұр. Өзім жұтып тұрған ауа, суы қайнаған
машинаның қақпағынан атқылаған буға ұқсайды.
Жолдастарымды іздеп жан-жағыма қарадым. Тоспа маңында он екі
адам тұр екен, бірақ қалғандары көрінбеді. Біз елу шақты адам едік
қой. Қалғандары қайда? Шынымен өртеніп өлгені ме? Олар қайда?
Осы сұрақты жалма-жан Джекке қойдым.
─ Анау жақта, - деді су жақты көрсетіп. ─ Бəрі де аман-сау сияқты.
Тоспа жаққа көз салып едім, отыз шақты таңғажайып шарларды
көрдім. Ол жолдастарымның бастары еді. Олар да өзіме ұқсап
кеңірдектен су ішінде жатыр, алапат өрттен сонымен аман қалыпты.
Бірақ қалғандары жағада жүр, осы бір тапқырлықты олар неге
пайдаланбаған? Мынадай адам төзгісіз ыстықта түтінге тұншығып не
істеп жүр? Сөйткенше болмай түтін сейіліңкіреп, əлгі адамдардың
нобайы анық көріне бастады. Бірақ тұманның ішінде жүргендей өздері
де, винтовкалары да ерекше зорайып көрінеді.
Бір нəрсеге керілдесіп жатқан секілді. Олардың ішінен мен
жасағымыздың белді мүшелерін: Хикмэнді, Уэзерфордты жəне
басқаларын көрдім. Хикмэн мен Уэзерфорд -екеуі де бір нəрсеге
қолдарын сермелеп, қызу дауласып тұр. Оған таңданған жоқпын: бұдан
əрі не істеу керек екенін талқылап тұрғандықтары даусыз. Алғашқыда
солай ойлағанмын, зейін сала қарағаннан кейін барып, қателескенімді
түсіндім.
Бұл алдағы іс-əрекет жоспарын талқылау емес. Қақ айрылған
қарағай дыбыстарының ара-арасында олардың дауыстарын құлағым
шалып қалды. Өзара бірдеңеге дауласып тұрғандарына көзім жетті.
Əлденеге қатты ренжіген Хикмэн мен Уэзерфордтың оқта-текте
дауыстары қатты-қатты естіледі.
Түтін сейіле берген осы бір сəтте тоспадан əрірек тұрған тағы да бір
топ адамды көзім шалып қалды. Бұл топта үш-үштен екіге бөлінген
алты адам бар еді. Орталарындағыны екі жақтағы адамдар қатты ұстап
алған. Тəрізі, тұтқындар болса керек.
Үндістер ме екен? Қып-қызыл от пен түтін аралас қым-қуытта
алаңды қақ жарып, бет алды босып бара жатқан жерінде қолға түскен
екі дұшпан болғаны ма?
Алғашқыда маған осындай ой келді. Бірақ дəл осы сəтте ағаштарды
ұшар басына дейін шарпыған қызыл жалын жан-жақты самаладай
жарық қып жіберді. Топтағылар күндізгідей ап-анық көрінді. Бұл
тұтқындардың кім екендіктеріне енді менің күмəнім қалған жоқ.
Олардың қорқыныштан құп-қу боп өзгеріп кеткен жүздеріне көзім
түсті. Қып-қызыл жалынның өзі де өндеріне қызыл шырай бере
алатын емес. Екеуін де бірден тани кеттім. Бұл Спенс пен Уильямс
болатын.
LXXXVIII тарау
ТАБАН АСТЫНДА ЖАЙРАТУ
Зəңгіден істің мəн-жайын сұрадым. Бірақ ол жауап беріп үлгергенше,
жағдайды түсіне қойдым. Қазіргі халімнің өзі-ақ бұған жауап боп
табылатын секілді. Өзімді жаралаған, ағаш діңін тескен оқтардың ту
сыртымыздан атылғаны есіме түсті. Бұл жабайылардың шаруасы
болар деп ойлап едім. Жо-жоқ! Бұны істеген қаскөй - Спенс пен
Уильямс болып шықты.
Соны ойлағанда зəрем ұшты. Бұл не жұмбақ? Осы арада өткен
түндегі оқиғалар есіме түсті. Мына екеуінің ормандағы істері, Хикмэн
қарт пен оның жолдасының күдік білдірген емеуріндері; ертеректе
өткен басқа да оқиғалар көз алдыма келіп тұра қалды.
Енді, міне, Арнес Ринггольд тағы да алдымнан шықты! Құдайым-ау,
ойлап қарашы, не деген шектен шыққан пасықтық...
─ Олар екі сұмырайдан жауап алып жатыр, - деді Джек. ─ Бар
болғаны сол!
─ Кімнен? - деп сұрағанымды байқамай қалдым, əңгіменің кім
туралы екенін біле тұра.
─ Кім екендерін көрмей тұрсыз ба, Джордж мырза? Сайтан
алғырлар! Бұлар ақ нəсілді емес, шіріген жұмыртқа. Спенс пен Уильямс
қой. Сізді атқан, үндістер емес, солар. Мен мұны бірден сездім де,
Хикмэн мырзаға айттым. Хикмэн мырзаның өзі де көріпті. Уэзерфорд
мырза да көрген боп шықты. Атып жатқандарын көздерімен көріпті.
Енді өлім жазасына бұйырар алдында олардан жауап алып жатыр!
Əлдеқандай қызығушылық бойымды билеп, əлгі топқа тағы да
қарадым.
От бұрынғыдай дүрілдеп жанбайды, ағаш шайырлары түгел жанып
біткен, ендігі жерде шоқтардың шатырлағаны сирек естіледі. Алаң
жақтан шыққан дауыстар құлағыма түгел жетіп жатыр. Аяқ астынан
ұйымдастырылған сот процесіне мұқият құлақ түрдім. Дау туған екен.
Судьялар бір шешімге келе алмай, біреулері дереу өлтіруді талап етсе,
басқалары аяқ астынан өлтіре салуға қарсы болды. Олар
қылмыскерлердің айыбын əбден дəлелдегенше əзірге өлтірмей қоя
тұру керек дегенді айтты.
Кейбіреулер, тіпті мұндай құлақ естіп көрмеген қылмысқа сенгілері
келмеді. Тым сорақы əрі шындыққа жанаспайтын секілді көрінді.
Оларды бұған қандай себептер итермелеуі мүмкін? Өз өмірлері қыл
үстінде тұрғанда айыптылар мұндай қастандыққа қалай бармақ?
─ Тіпті де олай емес, - деп дауыстады.
Хикмэн жолдастарының сұрақтарына жауап ретінде:
─ Бұлар күні бойы бір оқ шығарған жоқ! Үндістермен араларында
келісім бар. Бұлар -жансыздар. Кешегі оқ атып, белгі берген
сатқындықтары ─ соның айқын дəлелі! Адасып кеттік дегендері
сандырақ, алдарқату ғана! Адасатын бұлар ма? Олар бұл орманды кез
келген аңнан артық біледі. Бұл орманға жүздеген рет, тіпті одан да көп
келгендері анық. Тфу, лағынет. Бұрын-соңды жанаттың орманда
адасқанын естігендерің бар ма?
Біреу бұған қарсы шықты. Сөздерін ести алмадым, бірақ аңшының
даусы қайтадан саңқылдай шықты:
─ Сендер "себебін" сұрап сандалып тұрсыңдар. Шамалауымша,
бұларды осындай қанқұйлы əрекетке не итермелегенін білгілерің
келеді. Мақұл, ол жағын өзім де жете білмеймін, бірақ біраз нəрседен
күдігім бар. Соңғы бес жыл ішінде бұл сабаздардың жымысқы
əрекеттері жөнінде көп естіп келемін. Бірақ айтып тұрмын ғой,
жігіттер, соңғы қылықтары бəрінен де асып түсті.
─ Мылтық аузынан жарқ етіп шыққан жалынның осылай қарай
бағытталғанына сенімдісіз бе?
Бұл сұрақты сұсты əрі иман жүзді, бойшаңдау келген егде адам
қойды. Бұл өзіміздің көршілеріміздің бірі, бай плантатор, нағашымның
танысы болатын. Отбасымыздың досы ретінде біздің жорығымызға
қатысуды қажет санаса керек.
─ Əрине, - деп жауап берді Хикмэн. ─ Джим екеуміз осының бəрін өз
көзімізбен көрдік емес пе? Бұл сұмырайлардың сыртынан күні бойы
бақылап келгенбіз. Осылардың бір пəлені ойластырып жүргендеріне
сенімді болатынбыз. Бұлардың алаңның қарсы бетінен мылтық
атқандарын жəне жас Рэндольфті нысанаға алғандарын анық көрдік.
Оны зəңгі де көрді. Сізге одан артық қандай дəлел керек?
Сол сəтте құлағымның дəл тұсынан Джектің даусы естілді.
─ Хикмэн мырза, - деп айқайлады ол, ─ егер тағы да дəлел керек
болса, зəңгі айтып бере алады! Оқтың бірі Джордж мырзаны жанап
өтіп, өзіміз тасасында тұрған тұт ағашқа барып қадалды. Ол əлі өртене
қойған жоқ. Джентльмендер, оқты тауып алуға болатын шығар деп
ойлаймын. Қай мылтыққа дəл келетінін сонда білуге болады.
Бұл ұсыныс табанда қабылданды. Бірнеше адам қасында Джек
екеуміз тұрған ағашқа қарай тұра жүгірісті. Неліктен екені белгісіз,
ағаш жана қоймапты. От шалған қап-қара діңі қалың өрттің ортасында
əлі де құламай тұр екен. Джек жүгіріп барып оқтың қадалған жерін
көрсетті. Қабығын сыдырып, оқ тескен жерді тауып, қорғасынды
абайлап ұясынан шығарысты. Оқ домалақ қалпында қалыпты, тек
ұңғының ептеген іздері байқалады. Бұл оқ үлкен калибрлі мылтыққа
ғана жарамды. Ондай мылтық Спенсте ғана бар екенін жұрттың бəрі
білетін. Бүкіл жасақтың мылтықтарын жинап алып, шетінен өлшеп
көрді. Оқ Спенстің мылтығынан басқа ешқайсысына сыймай қойды.
Айып дəлелденді. Үкім бірден шығарылды: бəрі бір ауыздан
қылмыскерлер өлімге кесілуге тиіс деген шешімге келді.
─ Итке - ит өлімі! - деді Хикмэн мылтығын кезей бере, қаһарлы
үнмен. ─ Джим Уэзерфорд, мыналарды нысанаға ал!.. Ал сендер,
жігіттер, кейін шегініңдер! Қарғыс атқан өмірлерін сақтап қалуларына
тағы да бір мүмкіндік берейік. Егер қажет десе, анау ағаштарға қарай
жүгірсін. Əйтпесе бұдан да жаман дозақтың отына аттандырамын...
Қоя беріңдерші өздерін, жіберіңдер деймін. Əйтпесе, сайтан алғырлар,
қалың топтың қақ ортасында атамын!
Аңшының қаһарлы түрін көрген соң қылмыстыларды ұстап
тұрғандар, шынында да, шетімізден атудан тайынбас деп қорықты-ау,
оларды тастай сап, судьяларға қарай жүгірісті. Ол малғұндар, тəрізі,
біржола есеңгіреп қалса керек. Жүздерінен үрей көрінеді. Бір ауыз
сөзге келмей, бір қадам аттап баса да алмай, сол жерге қағып
қойғандай мелшиіп тұр. Ешқайсысы қашуға талаптанбады. Тəрізі,
ондай талаптың мүмкін еместігіне өздерінің де көздері жетіп, əбден
жігерлері құм болса керек. Олар алаңнан қашып құтыла алмайтын еді.
Орманға қарай қашсын деген ұсыныс, ашуға мінген аңшының ащы
мысқылы ғана болатын. Қашатын жер жоқ: алаулаған өрттің ішінде он
секундқа жетпей-ақ күйіп өлер еді.
Бір минут бəрі де сілтідей тына қалды. Тек бір ғана дауыс ─
Хикмэннің даусы естіледі.
─ Джим, Спенсті саған бердім, ал екіншісі менікі болсын.
Бұл сөздер сыбырлап айтылды десе де болады. Аңшының сол
сөздерді айтуы мұң екен, екі мылтық қосарлана гүрс ете түсті. Түтін
тараған кезде жұрттың көз алдында атылған адамдар жайрап жатты.
Жаза орындалды. Лағынет атқан опасыздар жер бетінде өмір сүруін
тоқтатты.
LXXXIX тарау
КҮТПЕГЕН ЖАУ
Театрда жүрек тебірентерлік мелодраманың кей кезде водевильге
ауысатыны секілді осы бір қайғылы оқиғаның артынан кісі күлерлік
қолайсыз жағдайға тап болдық. Ол бəріміздің ішек-сілемізді қатырды.
Бұл сау адамдардың емес, жынданған адамдардың күлкісіне көбірек
ұқсап кетті. Болашағымыздың бұлдыр да күмəнді екендігіне ─ не
жабайылардың қолынан, не аштықтан өлетіндігіміз анық екендігіне
қарамастан, біз шынында, шабыт келген есіріктер сияқты едік.
Бұл сəт, бəлкім, үндістерден қорықпаған да болармыз. Бізді
орманнан қуып шыққан өрт, оларды да шегінуге мəжбүр етіп, алыстап
кеткендерін білетінбіз. От шалған қарағай бұтақтары жерге құлап,
қылқан жапырақтар мүлдем жанып бітті. Енді орманның түкпіртүкпірі анық көрінеді. Шоқтанып тұрған қып-қызыл ағаш діңдерінің
ара-арасынан мың ярд жерге дейінгі аралыққа көз жүгіртуге болады.
Жалынның ысылдап, бұтақтардың тынымсыз сытырлағанына қарап,
басқа ағаштардың от құшағына оранғанын білгендейміз.
Алыстап бара жатқан күннің күркірі секілді ағаштардың сытыры да
біртіндеп алыстап бара жатты. Алғашқыда өрт өшуге айналған екен
деп ойлап едік. Бірақ орман үстіндегі қызыл арай, керісінше,
жалынның бұрынғыдан да қанатын кең жая бастағанына дəлел
Шуылдаған жəне сатырлаған дыбыстардың əлсіздеу естілуі өрттің
алыстап бара жатқандығынан болатын. Жаулар, тəрізі, бұрынғыдан да
алыстап, өрт маңынан мүлдем ұзап кеткен болуы керек. Олар орманға
от қойысымен-ақ тайып тұрған-ды. Енді, бəлкім, саваннада өз істерінің
нəтижесін күтіп жатқан болар.
Олардың орманға не мақсатпен от қойғандары біз үшін түсініксіз.
Мүмкін олар өрт орманды түгел шарпыған соң, бізді тірідей күйеді
немесе түтінге тұншығып өледі деп үміттенген шығар. Жақын маңда
тоспа болмағанда, солай болатыны да даусыз еді. Жолдастарым маған
түтінге тұншығып қатты қиналғандарын айтты. Егер деңгейі жер
бетінен бірнеше футтай төмен жатқан суға қойып кетіп, бастарын ғана
қылтитып тыныс алмағанда бəрі де тұншығып өлгендей екен. Мұның
бəрі мен ес-түссіз жатқан кезде болыпты. Сенімді серігім мені орман
ішінен алып шығып, басқа жолдастарымыз жатқан суға тоғытыпты. Ол
мені өліп қалды деп ойласа керек.
Кейінірек, түтін аздап сейілген кезде опасыздарға сот басталды.
Аяусыз үкім орындалған соң, əділ қазылар да жан шыдатпас ыстықтан
құтылу үшін суға қайта қойып кетті.
Тек екі-ақ адам ыстықты сезбегендей жағада қалды. Ол Хикмэн мем
Уэзерфорд болатын.
Пышақтарын суырып, теңкиіп жатқан бірдеңеге төне түскендерін
көрдім. Ол таңертеңгісін Хикмэн атып өлтірген жылқы еді. Аңшы оны
неге атып өлтіргенін енді ғана түсіндім. Сақтықта қорлық жоқ
дегендей қанына сіңген алды-артын ойлай білу қасиеті болса керек.
Аңшылар жылқының терісін сыпырып, бірнеше кесек ет кесіп алды.
Сонан соң Уэзерфорд жанып жатқан ағаштарға барып, өртенген
бірнеше томарды жинаған соң, тоспаның қасына сүйреп əкеліп от
жақты. Хикмэн мен Уэзерфорд тізерлеп отыра қалып, жас ағаштардың
бұтағына түйреген жылқы етін отқа қақтай бастады. Өз
лашықтарындағы ошақ басында отырғандай, қаннен-қаперсіз əңгімедүкен құруда.
Жоғарыда айтқан кісі күлерлік оқиға осы кезде болған еді. Етке
жабайыларша жабылған адамдардан басқаның бəрі тоспа ішіндетұғын.
Дөңгелене біткен көлшікті жағалай су ішінде қаз-қатар жатқан біз енді
еш қатер төне қоймас деп ойлағанбыз. Оттан қорқуды қойдық, үндістер
болса алыстап кетті.
Кенет тап қасымыздан тағы да бір жау шыға келсін. Тоспаның тап
ортасындағы ең терең тұстан бір құбыжық су бетіне көтерілді. Сол сот
алаңға бір табын қодас өгізді қоя бергендей, өкірген дауыс
құлағымызға жетті. Су қас қағым сəтте ақ көбік атып, алай-дүлей
шапшып, басымызға су бұрқақша шашырады.
Бұл жағдайдың аяқ астынан болғаны жəне ғажайыптай
көрінгенімен, мұнда еш құпия жоқ. Өгіздей өкіргенде үні кеңірдекқолқасынан шығатын бұл алып құбыжық ─ бізге баяғыдан таныс. Ол
бар болғаны аллигатор ғана.
Егер денесінің орасан үлкендігі болмаса, бəлкім, оған ерекше көңіл
бөлмес те едік. Ұзындығы тоспаның диаметріне жете жаздайды,
апандай аузынан арандай тістері көрінеді. Қайсысымызды болса да бір
жұтқаннан қалдырмай қылғи салуға əзір. Ол өкіргенде ержүрек
адамдардың өзі шошып кетерліктей.
Алғашында мақұлық бəрімізді естен тандырды. Оттан қашып кеп,
суға түсіп жатқандардың үрейлі көзқарастары, жанталас, асып-сасу,
судан шыға қашуға жандəрмен ұмтылған, бастары ауған жаққа тымтырақай қаша жөнелген жағадағы адамдардың қам-қаракеті – осының
бəрі нағыз кісі күлерлік көрініс еді.
Əп-сəтте-ақ алып аллигатор тоспаның əміршісі болып алды. Ол
біздің қашқанымызға қуана түскендей, құйрығымен су сабалап,
күркірей өкіреді.
Бірақ оның бұл масайрауы ұзаққа созылған жоқ. Аңшылар
мылтықтарына қарай ұмтылып, он шақты оқ қорқынышты сұмырайды
бірден сеспей қатырды. Жағада тұрған адамдар зəре-құты қалмай қаша
жөнелгендерге қарап, сілесі қата күлуде. Естерін енді жия бастаған
қашқындар да қосыла күліп, орманды бастарына көтерді. Егер тап
осымызды үндістер естіген болса, бізді жынданып кеткен шығар деп
ойлайтын еді. Əйтпесе біздің даусымызды ─ Ұлы Уикомэ Рухының өзі
бас болып отқа күйіп, қырылып жатқан адамдарды көргенде рақатқа
батқан, қаза тапқан жолдастарының аруағы ма деп те ойлап қалулары
мүмкін еді.
ХС тарау
ҚАРАҢҒЫДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС
Орман түні бойы, келесі күні кешке дейін жəне тағы да бір түн
өртенумен болды. Көптеген ағаштар үшінші күні де жанып жатты.
Бірақ енді олар лаулап жанбайды - ауа райы тып-тымық болғандықтан
қызыл жалын сумаңдамай ─ ақырын бықси жанады. Көптеген ағаштар
өзегінен бықсып, біртіндеп сөне бастаған. Кейбір жерлерде от мүлдем
сөніпті; көмірге айналған діндерде ағаш белгісі қалмаған, тұла бойын
от шарпып өткендіктен, қара майға малғандай қап-қара болып, егеулі
найзалардай сорайып-сорайып тұр. Орманның біраз жері өртеніп
біткенмен, əзірге одан шыға қою қиындау еді. Біз бұрынғыша
қоршауда қала бердік. Аланды айнала қоршаған отты құрсау сан
жағынан өзімізден жиырма есе басым қас дұшпан секілді тар қыспаққа
тықсырумен болды. Сырттан келетін көмек жөнінде əңгіме болуы да
мүмкін емес. Бұл қоршауды тіпті жауларымыз да бұза алмай қойды.
Қарт аңшының көрегендігі бізге көп көмегін тигізді. Өлген жылқы
болмағанда аштықтың азабын əбден тартатын едік. Төрт күн бойы тек
қарағай жаңғағымен күнелттік. Жылқы еті таптырмайтын тағам
болды. Бірақ біз əлі де от құрсауынан шыға алар емеспіз. Құтылудың
бір ғана жолы бар. Хикмэн айтқандай, "орман суығанша" жылжымай
отыра беру.
Біз бір күн өткен соң сөнген күл мен көмірге айналған ағаштардың
арасынан қауіпсіз өте беретін шығармыз деп үміттеніп едік.
Бірақ бұдан біздің тартқан тауқыметіміз жеңілдей қойған жоқ. Оттан
көрген қорлығымыз жеңілдегенмен, рақымсыз жау тарапынан төнген
қатер күшейе түсті.
Үндістермен кезікпей орманнан шығып кете қоюымыз екіталай.
Олар да, əрине, өзіміз сияқты орманға қайта кірер сəтті күтіп тұрған
болар. Қарулы қақтығыстап құтылып кету мүмкін емес еді. Жау шебін
бұзып өтуге тиіспіз!
Бірақ енді бəріміздің қанымыз қайнап, қатуланып алдық. Ең
жасқаншақ дегендердің өзі ерлік көрсетуге əзір еді, жасырынып
қалайық немесе шегініп кетейік деген адам болған жоқ. Не өмір, не
өлім, əйтеуір, бəріміз бірге қозғалуға шешім қабылдадық. Жау шебін
бұзып өтіп, жеңіске жетеміз, не өлеміз. Ептеген ғана өзгерістері
болмаса, əу бастағы жоспарымыздың өзі осы болатын.
Енді соны жүзеге асыру үшін, күннің батуын ғана күттік. Орман
мүлдем суый қояды деп үміттенуге болмайды. Бірақ аштық қайта қыса
бастады. Жылқыны жеп алғанбыз ─ өзі де онша ірі мал емес екен. Елу
аш құрсақты тойындыру оңай шаруа емес. Аздан кейін жылқының тек
қаңқасы ғана қалды. Жұрт майлы жіліктерін де түгелдей шатып, сорып
тастады. Ол түгіл бауырымен жорғалаушы құбыжықтың да тек
қаңқасы ғана қалды.
Атылған екі опасыздың денелері қорқынышты-ақ. Олардың
ыстықтан іштері кеуіп, үрген қарындай тырсиып кетті. Еттері бұзыла
бастады. Ауаны сасық иіс жайлап алды.
Шайқаста қаза тапқан жолдастарымыздың денелерін құрметпен
жерледік.
Жазаланғандардың да өліктерін көме салу керек еді деушілер
болды. Бұған ешкім қарсы болмады, бірақ көр қазуға да ешкім ықылас
білдірмеді. Əдетте мұндай жағдайда жұртты еңсе көтертпейтін
енжарлық билеп алады:екі сатқынның денесі негізінен алғанда
осындай себеппен жерленбей қалды.
Біз көкжиектен көз алмастан күннің батуын күттік. Күн батқанша
өрттің аумағын тек жобалаумен ғана болдық. Бірақ түнге қарай
орманның қай бөлігі өртеніп жатқанын жəне өзіміздің қалай қарай
жылжуымыз керек екенін дəлірек анықтап алармыз деген үмітте едік:
өрттен құтылуға алаулаған жалынның өзі-ақ көмек болады.
Қас қарая төзіміміз таусылды, бірақ үмітіміз арта түсті. Көмірге
айналған ағаштардың шытырлап жанғаны тоқтады десе де болғандай,
түтін ғана сыздықтап, көкке көтеріліп жатыр. Өрт сөнуге жақын, енді
қауіпті белдеуді кесіп өтуге мүмкіндік беретін уақыт та алыс емес
шығар деп үміттендік.
Көп ұзамай күтпеген бір жағдайдан бұл үмітіміз сенімге
айналғандай болды. Сарыла күтіп отырған кезде жаңбыр тамшылай
бастады. Алғашқыда ірі-ірі тамшылар жауа бастады да, бірнеше
минуттан соң аспан тесіліп кеткендей, нөсер шелектеп құйды. Біз оны
қуана қарсы алдық: нөсер біз үшін жақсылықтың басы еді. Орманға
бірден сүңгіп кетуге оқталған тағатсыз жастарды əрең дегенде тежеп
қалдық. Сонымен, арынды ақылға жеңдіріп, көзге түртсе көргісіз түнде
жол күтумен болдық.
Жаңбыр бұрынғысынша сабалап тұр, аспанды торлаған бұлт түн
қараңғылығын қоюлата түскендей. Əбден қараңғылық басқан кезде
ағаш арасындағы жылтылдаған оттар да сөніп бітті.
─ Қараңғы түсіп болды ғой, - десті шыдамаған кейбіреулер.
Ақыры бəріміз де өрт жалмаған қараңғы орманға қарай жүріп бердік.
Мылтықтарымызды оңтайлы ұстап, үн-түнсіз келеміз. Бір қолымда
мылтық, екінші қолым таңулы.
Кембағал жалғыз мен ғана емес ─ жолдастарымның көпшілігі-ақ
қолдарынан жарақаттанған екен. Ең мықты дегендер алға түсті.
Жасақты қос аңшы бастап келеді, ал жаралылар болса, соңында ілбіп
барады.
Жаңбыр тыйылмай-ақ қойды, бəріміз малмандай су болдық.
Жаңбырдан паналайтындай бұта жапырақтар да қалмаған еді. Күйіп
кеткен қалың бұтақтардың астынан өткен кезде үстімізге күл
саулаумен болды, бірақ сорғалаған су үсті-басымызды сол заматта-ақ
шайып кетіп отырды. Көпшілігіміз жалаң бастанып алғанбыз. Су
тигізбеу үшін, бас киімдерімізді шешіп, винтовкалардың затворларын
орап алдық. Кейбіреулер оқшантайларын қойындарына тығып алған.
Осылайша жарты мильдей жол жүрдік. Қайда бара жатқанымызды
өзіміз де білмейміз. Мынадай орманда қандай жолбасшы болса да
бағдар таба алмас еді. Біз тек алға қарай тура тарта беруге жəне
қарсыластарымыздың қақпанына түсіп қалмауға ғана тырыстық.
Бұған дейін бағымыз жанып келген біз, бұл жолы да жолымыз
болатын шығар деп сенген едік. Бірақ, амал не, қуанышымыз ұзаққа
бармады. Біз өз жауларымыз ─ үндістердің күш-қуаты мен айлашарғысын бағалай білмеген екенбіз.
Олардың бізді үнемі торуылдаумен болғаны, əрбір қадамымызды
аңдып, екі жағымыздан қапталдаса еріп отырғаны кейін белгілі болды.
Біз үндістерден құтылған шығармыз деп ойлағанбыз, ал, шын мəнінде,
орталарында келе жатыппыз.
Кенет жүздеген винтовкадан жарқ еткен от қалың нөсерді тіліп өтті
де, оқтар зуылдай бастады... Бүл жаудың жақында екенін білдіретін
алғашқы белгі еді.
Жасақтың бірнеше адамы табанда жайрап қалды, басқалары атыса
бастады, кейбіреулер жан сақтау үшін қашып құтылуға тырысты.
Үндістер ұран сала айқайлай жүріп, бізді тұс-тұстан қоршап алды.
Қараңғыда олар ормандағы ағаштан да көп секілді көрінді. Енді тек
пистелеттердің сирек атылғандары ғана естіліп тұрды. Қайтып ешкім
винтовкасын оқтаған жоқ. Мылтығымызды оқтап болғанша дұшпан
бізді қоршап та алған болатын. Енді ұрыс тағдырын пышақ пен
томагавкі шешуге тиіс еді.
Бұл Қысқа ғана, бірақ кескілескен шайқас болды. Небір ержүрек
жігіттеріміз осы арада ажал құшты. Бірақ солардың əрқайсысы өзі мерт
болмас бұрын, кем дегенде бір дұшпанын, ал көпшілігі - екі немесе үш
жауын ала жығылды.
Ұзамай тас-талқанымызды шығарды. Бес есе басым жаумен
айқастың нəтижесі басқаша болуы да мүмкін емес еді. Олардың бəрі де
тың əрі күшті болатын да, ал біз ─ аштықтан əбден əлсіреп біткенбіз.
Оның үстіне көпшілігіміз жарақат алған едік. Басқаша нəтиже күту
мүмкін бе?
Бұл айқаста өз басым ештеңе көре алмадым. Басқалардың да менен
артық көре қоюлары екіталай: алыс-жұлыс тас қараңғыда өтті десе де
болады.
Тек сол қолымды ғана жұмсауға мəжбүр болған менен еш қайран
болған жоқ. Жобамен винтовкадан оқ атып, пистелетімді суырып
үлгердім. Бірақ сол сəт томагавкінің соққысынан қолымдағы қарудан
айырылып, есімнен танып, құлап түстім.
Соққы тек есеңгіретіп кетсе керек. Өз-өзіме келген кезде, айқастың
аяқталғанына көзім жетті. Қараңғылыққа қарамай, қасымда қарайған
бірдеңелердің сұлап-сұлап жатқанын байқадым - ол өліктердің денесі
еді.
Достарым да, жауларым да қатар жатқан-ды. Көпшілігі соңғы жан
тəсілімде бір-бірін алқымдай барып құлапты. Үстеріне еңкейіскен
үндістер олардың құшақтарын жазып жүр. Ақтарға келгенде өздерінің
жиіркенішті əдеттерін істеп, скальптерін сыпырып алады.
Маған таяу жерде бір топ адам тұрған. Ортада тұрған адам, тəрізі,
бастаушылары болар. Қараңғыда мен оның басында ырғалып тұрған
үш түйеқұс қауырсынын байқадым. Оцеола алдымнан шыға берді-ау!
Өзімді-өзім əрең тежедім, əйтпесе талабымнан түк шықпайтынына
көзім жетсе де, тұра ұмтылған болар едім. Мені қашып кетпесін деп екі
жабайы екі жағымда тізерлеген күйі ұстап отырған.
Жақын маңнан өзімнің сенімді зəңгімді көрдім, əлі тірі екен жəне ол
да екі үндістің қолына түсіп қапты. Бұлар бізді неге өлтірмеген?
Басшыларын қоршап тұрған топтан бір адам жырылып шықты да,
маған келді. Ол басына түйеқұс қауырсындарын қадаған көсем емес,
оның жұмсаған адамы болып шықты. Қолында тапаншасы бар. Соңғы
сағатымның соққанын түсіне кеттім. Ол еңкейіңкіреп, тапаншасын
құлағыма таяды. Бірақ, таң қалдырғанда, əлгі адам тапаншасын
аспанға атты.
Мүлт кеткен болар, қазір қайта атады деп ойладым мен. Қателескен
екенмін: оған жарық керек болған тəрізді.
От жарқ ете қалғанда бетіне қарадым. Үндіс екен. Бұрын бір жерде
көрген секілдімін. Тегі, үндіс те мені таныса керек.
Ол мені тастай беріп, тұтқында жатқан Джекке жақындады.
Тапаншасы қос ұңғылы болса керек. Сұлап жатқан зəңгінің бетіне үңіле
беріп, үндістің тағы да бір атып қалғанын естідім.
Содан соң үндіс түрегелді де:
─ Солар екен! Екеуі де тірі! - деп айқайлады.
Бұл Қара Қауырсынды көсемге берілген хабар болса керек-ті.
Үндістің сөзін ести сала көсем де бірдеңе деп дауыстады, дəл не
айтқанын түсіне алмадым, сонан соң шеткерек кетті.
Əлгінің даусы мені қайран қалдырды, Оцеоланың даусына
ұқсамайтын сияқты. Бізді көп аялдатқан жоқ. Аттарды жетелеп келді
де, екеумізді де көтеріп мінгізіп, ерге мықтап таңып тастады. Сонан соң
аттануға белгі беріліп, біз орман арқылы жолға шықтық. Қос
қапталымызда бізді күзеткен салт аттылар келе жатты.
ХСІ тарау
ҮШ ҚАРА ҚАУЫРСЫН
Біз түнімен жүрдік. Өртенген орман алыстап кейінде қалды. Енді
саваннаны кесіп өтіп, алып емендер, пальмалар мен магнолиялар
өскен басқа бір орманға кірдік. Мен оны магнолия гүлінің хош иісінен
білдім. Осы уақытқа дейін жұтып келген уланған ауадан соң, гүлдің
əдемі жұпар иісімен тыныстау бір ғанибет екен.
Таң ата бір алаңға шығып, жауларымыз сол жерде ат шалдырмақ
болды.
Ол ұзыны мен көлденеңі бірнеше акрдан аспайтын, жан-жағын
пальмалар, магнолия жəне емендер иін тіресе қоршаған шағын ғана
алаң екен. Олардың бұтақтары жерге жеткенше иіліп тұрған-ды,
сондықтан алаң ит тұмсьғы өтпейтін орасан үлкен, жасыл дуалмен
қоршалып қойғандай көрінді.
Таңның бозамық сəулесімен үндіс қосынын бажайлап қарап алудың
сəті түсті. Екі-үш шатыр қатар тігіліпті. Лашық жанында аттар
байлаулы тұр. Айнала түрегеп тұрған, шөп үстінде бір-біріне тығылып
жатқан адамдар ─ бой жылытудың амалы болса керек. Алаңның
ортасында от лаулайды. Оның айналасында еркектер мен əйелдер
топтанып тұр.
Бізді қосынның шет жағына алып барды. Келісімен ат үстінен
жұлып алып, дөрекі түрде көк майсаға итеріп тастағандықтан, жанжағымызды одан əрі бақылауға мұрша болмады. Сонан соң қол-аяғы
шандылған біздерді кептіру үшін жайылған мал терісіндей
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
  • Parts
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 01
    Total number of words is 4183
    Total number of unique words is 2301
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 02
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2170
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 03
    Total number of words is 4203
    Total number of unique words is 2259
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 04
    Total number of words is 4201
    Total number of unique words is 2279
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 05
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2271
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 06
    Total number of words is 4205
    Total number of unique words is 2302
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 07
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2308
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 08
    Total number of words is 4118
    Total number of unique words is 2321
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 09
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 10
    Total number of words is 4200
    Total number of unique words is 2257
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 11
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2253
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 12
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2274
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 13
    Total number of words is 4134
    Total number of unique words is 2345
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 14
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2214
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 15
    Total number of words is 4170
    Total number of unique words is 2203
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 16
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2269
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 17
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2162
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 18
    Total number of words is 4098
    Total number of unique words is 2265
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 19
    Total number of words is 4197
    Total number of unique words is 2152
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 20
    Total number of words is 4082
    Total number of unique words is 2232
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 21
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2209
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 22
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2263
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Оцеола — Семинолдар Көсемі - 23
    Total number of words is 2123
    Total number of unique words is 1352
    41.5 of words are in the 2000 most common words
    54.8 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.