Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 19

Total number of words is 3995
Total number of unique words is 2376
28.9 of words are in the 2000 most common words
41.0 of words are in the 5000 most common words
49.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ешбір шалғай емес. Поляр мұздарының ортасындағы сол жерұйық аралдан
Америка индеецтеріне тұқымы жақын Аляскадан чукоттардың
тықсыруымен Мұзды мұхит аралдарына шығып кеткен онкилондардың
пана табуы əбден мүмкін.
Сібірдің терістігінде бұдан үш жүз немесе төрт жүз жыл бұрын өмір сүрген
осы бір жұрттың тарихын анықтау үшін онкилондардың жойылып кетуі
мəселесімен СССР Ғылым академиясының Тарих институты не
Материалдық мəдениет тарихы институты шұғылданғаны жөн болар еді.
Новосибирь архипелагы аралдарынан олардың өзіндік тұрпатта салынған
баспана тұрағының қалдықтары табылды. Бұл – осы тайпа өкілдерінің біраз
уақыт сол аралдарда тұрғанының белгісі, ал одан басқа ешбір мағлұмат əзір
жоқ. XIX ғасырдың поляр зерттеушілері оларды бұл аралдардан таба
алмаған. Онкилондардың бəрі əлдебір індеттен қырылып қалды ма, əлде бір
аралдан екіншісіне қайықпен жүзіп өтеміз деп жүріп немесе əбден қатып
болмаған мұз үстімен жүріп, опат болды ма – ол жағы белгісіз.
Сол секілді хабары кейде баспасөз бетінен ұшырасып қалатын жыл
құстарының көктемде терістікке ұшып, күзде құрлыққа қайтатыны да басы
ашылып, айқындалмаған мəселе. Бұл мəселені шешу үшін былай жасау
керек:
1.Батыста Оленек пен Лена өзендерінің сағасынан бастап, шығыста Колыма
өзенінің сағасына дейінгі Сібірдің терістік жағалауының күллі
тұрғындарынан, сондай-ақ Жаңа Сібір мен Врангель аралдарында
қыстаушылардан жыл құстары көктемде терістікке, күзде кері əлі де ұша ма,
ұшса шамасы қанша, құрамы қандай, ұшып бара жатқан құс керуенінен
қандай тұқымы байқалады, олардың басым бөлігі қайсысы деп бəрін-бəрін
мұқият сұрау керек.
2.Егер құстар күні бүгінге дейін ұшатын болса, онда Солтүстік теңіз
жолымен жүзу мəселесіне байланысты мұхит мұздарының мөлшері мен
қозғалысын зерттеу үшін жылда жіберілетін барлау самолеттері мұздар
арасындағы беймəлім жерлердің бар-жоғын назарда ұстап, кездессе-ақ
олардың көлемін, бедерін, бүкіл ерекшелігін анықтауы керек. 1938 жылы
Генриетта аралында қыстаушылар байқаған құстардың терістікке ұшуы сол
жылы терістіктегі, мұздар арасында олардың жаз жайлап, ұя басуына
қолайлы бір жердің болғанын дəлелдейді. Ал бұл аралдың шығыста тұруы
ол құстар батысқа таман болуы тиіс Санников жеріне (егер арал 1938 жылы
болған болса) бет алды деп топшылауға ыңғай береді. Демек, мұздардың
ортасында 1938 жылдың өзінде Де Лонга архипелагынан теріскей
құстардың жаз жайлап шығуына жарайтын бір жер болған. Мүмкін, жас
оқырмандардың əлдебірі поляр ұшқышы болып шығып, өз алдына осынау
жұмбақ жердің құпиясын ақтаруды міндет етіп қояр, тіпті тұман пердесі
астынан оны ашып, оған қонар да, зерттеп, бізді бұл жердің қазіргі жайкүйімен таныстырар.
Қорытындылай келіп, Мұзды мұхитта Таймыр түбегінен терістікке қарай
Солтүстік Жер архипелагы бар екенін еске сала кеткен де артық болмас.
Оны ең алғаш 1930-1932 жылдары төрт адамнан тұратын экспедиция
зерттеді. Соның құрамында болған геолог Урванцев экспедиция мен оның
жерді ашуын əсем суреттеген жақсы кітап жазды. Алайда бұл
экспедицияның да архипелагты зерттеуі көп мəселенің басын ашық
қалдырды. Архипелагты толығырақ зерттеу үшін таяу жылдары сондай
экспедицияны қайталаған абзал.
В.ОБРУЧЕВ
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ЖИҺАНГЕЗ ЖАЗУШЫ
Жасы тоқсанға тақап қалғанына қарамай əлі де қунақ қария жүгіріп кеп
амандасып, қол алысқасын-ақ қонағын бөлмесіне бастай жөнелді. Аядай
бөлменің бар байлығы кітап қана көрінеді: пештің иығына дейін иін тіресіп
тұр. Жиһаз дегеннен бір кісілік кереует пен шағын шəкірт столы ғана көзге
түседі. Аты əлемге əйгілі академиктің жұпыны тұрмысына таңырқаған
əскери адам ұсынған орындыққа жайғасып жатып, алдында асықтай
үйірілген келісті қалың сақалының ұшы бұйралана біткен аққудай аппақ
шалға, үсті үйме-жүйме кітап пен жартылай жазылған қағаздан көрінбей
кеткен үстелге алма-кезек қарады. Оның ойын сезе қалған сүңғыла қарт: «Ə,
бұл үстелдің сатып алынған ағашы қымбат емес, үстінде жазылған қағазы
қымбат!» деп жымиып қойып, қағаздарын сəл жинастырды да, көзілдірігін
алып, көзін сүзе қонағының Арктика аязы тотықтырған ер кескініне қарады.
–Тоқта, тоқта, ұмытпасам, сіз осы Отан соғысы алдында маған бір келдіңізау деймін. Мұзды мұхитта көшкін мұздың бағытын барлайтын ұшқыш емес
пе едіңіз? – деді ол салған жерден. – Иə, иə, мəңгі мұздардың арасынан
Андреев жəне Санников жерлерін іздеп, біраз жерді шарлапсыздар. Қанша
жыл өтсе де ұмытпай жүргеніңіз ғажап! Онда уыз жас едіңіз, енді жігіт
ағасы, арыстай азамат болыпсыз.
–Владимир Афанасьевич, таяуда мен тағы бір қызық сапардан оралдым. Ол
енді ерекше бір сəтті сапар болды, соның жайын айтқалы келіп ем сізге, –
деді ұшқыш сəл үнсіздіктен соң.
–Ə, ақыры жұмбақ арал – Санников жерін тапқан екенсіздер ғой, – деп
ғалым қуанып кетті. – Қай тұста екен өзі? Романда мен суреттеген сияқты,
сөніп жатқан жанартау шығар, шамасы.
–Өкінішке орай, Санников жерін əзір таба алғанымыз жоқ, – деп езу тартты
ұшқыш. – Ол аралыңыз жалпы жер бетінде жоқ па деген де күдік келеді
ойға. Гидрологтар ол Арктиканың жылынуына байланысты еріп, теңіз
астына түсіп кеткен деп жүр.
–Иə, олар, ол жерді Мұзды мұхиттың өзіміздің көз алдымызда еріп, суға
айналып жатқан басқа да аралдары сияқты, қазбалы мұздан тұрады деп
топшылауға бейім-ақ. Ал Санников жеріне орайластыру үшін бұл пікірді
дəлелдеу керек қой, дəлелдеу керек алдымен, – деп шапаты денесі
шиыршық атып, академик орнынан тұрып кетті…
Əдебиетті ермек емес, еңбек деп білетін қаламгердің қай туындысы болсын
жүрегін жарып шығары шексіз. Алайда ананың өз перзенттерінің арасынан
біреуін айрықша жақсы көретіні секілді, шын қаламгердің де сан
шығармасының ішінен біріне ерекше іш тартатыны болады. Атақты
академик, əйгілі əдебиетші Владимир Афанасьевич Обручев үшін
«Жұмбақ жер» романы, яғни «Санников жері» сондай туынды болған
тəрізді. Оның осынау жұмбақ жер жайына айналып соға беретіні сонан
болса керек. Əйтпесе, əдебиетіміздің ғылыми-фантастика жанры
қалыптасуына қыруар күш жұмсаған шалқар ойлы шалымды жазушының
өзге еңбектері аз емес. «Ғайыпстан», «Күйкі кен», «Шөлейттен алтын
іздегендер», «Орталық Азия атырабында» тəрізді ғылыми-ғажайып
романдарынан басқа оның жастарға арнап жазған əңгімелері мен повестері
қаншама. Жалпы, ол – аса өнікті еңбек етіп, əдебиетке мол мұра қалдырған
қаламгер.
Дегенмен дүйім дүние оны алдымен ғұлама ғалым деп таниды. Ал оның
отандық ғылымның алтын қорына қосқан қазынасы шынында да ұшықиырсыз. Əлемдік аты бар академик, ірі географ, ұлы геолог, Социалистік
Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығын екі мəрте алған В.А.Обручев
Отандық ғылымды өркендетуге табан аудармай жетпіс жылдан астам
жемісті еңбек сіңірді. Оның қарымды қаламынан жалпы көлемі жиырма
төрт мың парақтан астам
ғылыми еңбек туды. «Сібірдің геологиялық тарихы», «Дала геологиясы»,
«Қазба кен орындары» атты кесек те күрделі еңбектерін оқу құралы етіп,
совет геологтарының сан ұрпағы өсіп шықты.
Əрине, ұлы ғалымдардың бəрі үлкен суреткер де. Ал қиялы қанатсыз адам
дұрыс дерек жинай алмайды, жинағанмен де түзу тұжырым жасап
жарытпайды. Демек, кемел суреткер болмай, керемет жаңалық ашу да
мүмкін емес. Ғылымның өзі сүйген саласында сан алуан жаңалықтар ашып,
талай тыңын көтерген Обручевтің бойынан осы суреткерлік, еңбеккерлік,
тапқырлық, табандылық сияқты қасиеттердің төрт көзі түгел табылады.
Оның өзі де осындай мəрттікті мұрат тұтып, ойы ұшқыр, рухы күшті, сегіз
қырлы, бір сырлы адамдарды жырлап өткен. «Жұмбақ жер» романы оған ең
алдымен осындай кейіпкерлерімен қымбат.
Рас, ел аузындағы аңыздан алынып, ғылыми болжам бойынша кітапқа
түскен Санников жерінің авторды ғұмыр бойы қызықтырып өткені анық.
Соны іздеп экспедиция шығуына да себепкер болды ол. Зерттеушілер
Санников жерінің дəл өзі болмағанымен, сол секілді мұз аралдардың бар
екенін анықтады да. Бірақ авторға керегі бір бұл емес. Оған ең қымбаты –
қиындықтан қыңбайтын, ойлағанын орындамай тынбайтын, қайтпас
қайратты, аскақ арманды қаһармандары екені хақ. Салқын ақыл иесі,
сабырлы Горюнов, ақ көңіл де алғыр Ордин, қырғи тілді қажырлы
Костяковтың тағдыр-талайында, өмірбаянында Обручевпен ортақ жайлар
көп. Ал анау мəдениеті аз болғанымен мінезге бай, сауаты шала болғанымен
мейірі шалқар бұқара өкілдері: қарапайым кəсіпкерлер Горохов пен
Никифоров та автор жанына жақын адамдар. Абзал ниеті үшін айдалып,
басы байлауда жүрсе де, туған өлке табиғатының тылсымын ашуды арман
тұтып –тайсалмай қиын-қыстау ғылыми саяхатқа шыққан студенттердің
қимыл-қарекеті ғалымдық жолын жиһанкездіктен бастаған Обручевтің өз
өміріне үңілтеді.
Орыс армиясының даңқты дəстүрлерінде ізі қалған офицерлер əулетінен
шыққан Владимир Афанасьевич Обручев озық ойлы, оқыған ортада өсті.
Атасы да, əкесі де кезіндегі көрнекті əскери қайраткерлер. Əкесінің немере
ағасы Николай Обручев бас штабтың офицері екеніне қарамай Герцен мен
Огаревтің жақын жолдасы болып, революциялық қозғалысқа белсене
қатысқан. Ал əкесінің туған інісі Владимир Александрович «Современник»
журналының қызметкері, Чернышевскийдің досы еді. Обручевтер
əулетіндегі тағы бір айшықты тұлға – болашақ ғалымның əкесінің
қарындасы Мария Александровна. Ол – София Ковалевская сияқты
алдыңғы қатарлы орыс қыздарымен бірге əйел теңдігі үшін тұңғыш күреске
шыққандардың бірі. Жоғары білім алып, қоғамдық іске араласу үшін ол
жалған некеге тұрып, орыс əйелдері арасынан алғашқы маман дəрігер
болып шықты. Оның алғашқы ері доктор Боков – революциялық күреске
атсалысқан адам, ал екінші ері – ұлы физиолог И.М.Сеченов. Мария
Александровнаның тұрмыс құру тарихы Н.Г.Чернышевскийдің белгілі «Не
істеу керек?» романына желі етіп алынған.
Туған шаңырағына тəн шыншылдық, еңбекқорлық, Отанға, озық идеяға
адалдық Володяның барлық тəлім-тəрбиесіне алтын арқау болды. Əкесі,
Қырым соғысында аты шыққан жаяу əскер офицері, Афанасий
Александрович классикалық білімнен гөрі нақтылы ғылымды артық көріп,
баласын реалдық училищеге берді. Ал анасы, кезінде көптеген əңгімелері
мен очерктері орысша, немісше жарық көрген нəзік жанды жазушы Полина
Карловна бала жүрегіне жастайынан əдебиетке деген сүйіспеншілік ұрығын
сеуіп, оның жер көріп, ел тануға, алыс саяхаттарға деген құмарлығын оятты.
Анасы оқып берген Купер, Майн-Рид, Жюль Верн романдарын тыңдай
отырып, қаршадай бала қиялымен Арктика мұздарынан асып, заңғар
тауларды басып, қу медиен шөлде қаталап, жапан аралда жалғыз қап, піл
аулап, арыстанмен алысып жүргендей болатын. Кітаптағы қаһарман
теңізшілермен қатар оған аңқау, аңғырт оқымыстылар да қатты ұнайтын,
солардай болып белгісіз елдерді ашып, өсімдіктер жинасам, биік тауларға
шығып, сирек тастарды зерттесем деп армандайтын.
Осы арман он сегіз жаста училище бітірген В.А.Обручевті 1881 жылы
Петербургқа алып келді. Инженер болып еңбек жолын елдің қиыр шетінің
қойнауын барлаудан бастамақ оймен ол Тау-кен институтына түсті. Алайда
алғашқы курстағы математика мен механикадан оқылған жаңалығы аз,
бірсарынды лекциялар жас жігітті жалықтыруға айналды. Оның үстіне тап
осы тұста оянған тіл өнеріне құштарлық та оны қатты алаңдатты. Енді оның
алдында институтта одан əрі оқу керек пе, əлде басы бүтін əдеби еңбекке
көшу керек пе деген қалау аударыспақ ойнап тұрды. Сонда оны студент
жастардың сүйіктісі болған қабілетті ұстаз, қабырғалы ғалым
И.В.Мушкетов тығырықтан тартып ап, күдік-күмəнін шешіп берді.
Ғажап геологтың таулардың түзілуін, жер бедерінің жаңғыруын, топырақ
қыртысына жел мен судың əсерін əсем жайып салатын лекциялары
білімқұмар жастың қиялын қанаттандырып, табиғат тылсымына деген
құштарлығын ұштай түсті. Ал оқымыстының оқу бағдарламасына бірінші
болып өзі енгізген геологиялық саяхатындағы ұстазымен жақын танысуы
оның өмірін геологиямен мəңгі бақи ұштастырды. Ұстазының лекцияларын
бір сөзін қалдырмай мұқият жазып алып, əдеби əрлеп отыратын ол
оқулықтардан табылмайтын тың деректері мол бұл циклді кітап етіп басып
шығарса деген ұсыныс жасады. Профессор шəкіртіне алғыс айтты, бірақ
бұл қадамнан бас тартты.
–Байқаймын, сіз осы геологиямен шындап шұғылдануға бет бұрған
сияқтысыз, – деді шəкіртіне бірде Иван Васильевич. – Менің сізді
бірсыпыра ғылыми əдебиеттермен таныстыруға жағдайым бар. Бірақ,
өкінішке орай, ең қызықты кітаптар неміс тілінде ғана.
–Мен неміс тілінде еркін сөйлеймін.
–Ə, солай ма еді! – деді ұстаз разы болып. – Болашақ геолог үшін бұл
дегеніңіз аса маңызды. Онда алып оқи ғой. Неміс ғалымы Рихтрофеннің
Орталық Азия табиғатын тамаша бейнелеген кітабын Обручев құмарта
оқыды. Кітапты қайтармай көп ұстап, ақыры, қимай əкеп тұрып, ол
профессорға шынын айтты –Менің болашақта айналысатыным, міне, осы –
яғни Орталық Азияны зерттеу… Қандай тылсым табиғат… Еліктіріп
қойнауына тартып əкетеді екен!..
Оның осы арманының жүзеге асуына да алғаш атсалысып, қолұшын берген
И.В.Мушкетов болды. Бұл Закаспий темір жолының құрылысы жүріп
жатқан кез еді. Қарт Каспийдің жағасынан шыққан шойын жол Орта Азияға
алты жүз шақырымдай ендеп кіріп, енді Қарақұмды көктей өтіп
Самарқантқа тартылуы керекті. Салынған жолды сипап кетіп, адым
аштырмай қойған ұшы-қиырсыз шөлдің көшпелі құмын бөгеп, су көздерін
табуға геологтардың көмегі қажет болды. Институтты жаңа бітірген жас
инженер Обручевқа ұстазы осы үшін ұйымдастырылған экспедицияға
қатысып, шөл-шөлейтті зерттеуді ұсынды. Владимир Афанасьевичтің
алдында тұрған міндет – су көздерін тауып, құм бедерін барлау, Теджен мен
Мургаб өзендері алқабы мен Амударияның ежелгі арнасын зерттеу еді.
Осылай ол өзіңің алғашқы саяхатына шығып, жиһангездік ғалымдық жолын
бастады.
Əуелі ол Қызыл-Арват станциясынан Чарджоуға дейін Қызылқұмның бір
бөлегін, содан Амудариядан Самарқантқа салынып жатқан жолдың бойын
зерттей отырып, бирюза, мұнай, графит кендерін қарағалы тауларға саяхат
жасады. Құла тұз, қу медиен тақырмен сапар шегу, əрине, оңай да болған
жоқ. Елсіз-күнсіз жонда қатқан нан мен қара шайдан басқа талғажау
болмай, тұлдырсыз тұл шөлде аттары арықтап, түйелері титықтап тарыққан
да, торыққан да шағы аз емес. Бірақ ол қарақан басының қамын көздеп, өз
рақатын іздеген жоқ. Оның есі-дерті Узбой құпиясын ашу болды. Құм басып
қалған осынау көне арна туралы, тіпті ежелгі араб пен грек географтары
жазған-ды. Ал Бірінші Петр сол Узбойға су жіберіп, Каспийден Азияға
жүзіп шығып, Үндістан асуды армандаған. Кейін Амударияны бұрып, Узбой
арқылы ағызудың жобалары да жасалды. Бірақ оған дария суы сыя ма, оның
үстіне Узбой жері өңдеуге келмейтін Қарақұмды басып өтеді.
Владимир Афанасьевич Қарақұм құмдарын бұрын айтылып келгендей теңіз
табаны емес, Амударияның қайраңы деп тапты. Бір кезде дария КопетДагтың батыс баурайын бойлай ағып Каспийге құйған да, сонан соңына таутөбе құмдар тастап, терістік батысқа бұрылып, бірте-бірте бағытын Арал
теңізіне ауыстырған деген тұжырымға келді. Бұл құмдарды бөгеп, бекіту
үшін, əсіресе жол жиегіне жақын ағаш отырғызып, тікенді бұталар егу керек
деген ұсыныс енгізді.
Бұл сапардан алып қайтқан бай материалынан «Закаспий ойпаты» атты
тырнақалды ғылыми еңбегі мен екі-үш маңызды мақала туды. Жас
зерттеуші сол үшін география қоғамының алтын жəне күміс медальдарына
ие болды.
Ғылымның соқтықпалы соқпақсыз алыс сапарына алғашқы адымы осылай
сəтті басталған жас ғалымды ұстазы тағы да қиынға салды. Сібірде
Иркутскідегі кен басқармасына бірінші рет геолог штаты беріліпті. Иван
Васильевич шəкіртіне осы мүмкіндікті уыстан шығарып алмауды ескертіп:
–Орта Азияға қарағанда Сібірдің геологиясы əлдеқайда аз зерттелген – деді,
– Осыны бір қаперіңізге алып қойғайсыз. Алдыңыздан айдын-шалқар кең
мүмкіндіктер ашылғалы тұр. Кəдімгі Сібірдің өзіндей ұлан-ғайыр
мүмкіндік.
Туған елінің ең қиыр шетінің табиғи жағдайын зерттеу құмарлығы оны
жедел жолға шығарды. Жас жары Лиза мен туғанына жеті ай да толмаған
тұңғышы Воляны алып, Петербургтен Иркутскіге сапар шеккен ол біраз жер
пойызбен, пароходпен келіп, қалың жыныс орман арасымен қопалы көлдер
жағасымен мың жарым шақырымдай жолды ат-арбамен жүрді. Жол азабын
География қоғамының Сібір істері жөніндегі басшысы Григорий
Николаевич Потаниннің жылы шыраймен қарсы алуы жуып жіберді. Келеақ жас геолог Сібір жөніндегі ғылыми деректермен танысып, ол туралы
əдебиеттерді жүйеледі. Ал кен басқармасында Сібір геологиясы
коллекциясын тəртіпке келтірді. Ұшан-теңіз табиғи байлығының қаймағы
да қозғалмай жатқан осынау өлкені зерттеушілермен жүздесіп, тұрғын
халқының əдет-ғұрпына, тұрмыс-салтына зер салды. Ондай адамдар əдетте
Григорий Николаевичтің жұпыны пəтеріне жиі жиналатын-ды.
Азияны көп аралаған, бай мағлұмат жинаған білгір ғалымның
қарапайымдығы мен қонақжайлығы Владимир Афанасьевичті қайран
қалдырып, қатты қызықтырушы еді. Оның аядай үйінде үлкен ұстаз
оқымыстыдан бастап, малшы бурят, аңшы якутке дейін болатын. Атақты
ғалым солардың бəрімен ортақ тіл тауып, терезесі тең адамдарындай ашықжарқын əңгіме-дүкен құратын. Жер шолып, ел тануды мұрат тұтқан
болашақ жиһангез ғалымға оның осы мінезі үлкен мектеп болды.
Жалпы, Г.Н.Потаниннің өмірі өз еліне, еңбекші қалың бұқараға қалтқысыз
қызмет етудің өнегесі еді. Ол, əсіресе, Сібірдің келешегі туралы көп
толғанып, оның алдағы күндері сəулетті, халқы сауатты болуын
армандайтын. Оның өзінікі деген университеті болып, одан тұрғылықты
жұрттың жастары білім алып, жаңа зиялы қауым қалыптасуы, журнал
шығарып, онда жергілікті авторлардың шығармалары жариялануы, сөйтіп,
Сібір дəулетіне сəулеті сай өлкеге айналуы жолында күресетін абзал ойлы
достардың ұйымы да құрылды.
Əрине, мұндай ізгі ниет патша үкіметіне ұнаған жоқ. Пікірлес достар түгел
тұтқынға алынып, үш жыл Омбы абақтысына қамалды. Ақыры, бар
ауыртпалықты мойнына Потанин алып, ол он бес жыл бас еркінен айрылып,
қорғанда отыруға кесілді. Кейін ол мерзім бес, сонан соң үш жылға
шегеріліп, ақыры, атақты оқымысты, географ П.П.Семенов-ТянШанскийдің ара түсуі арқасында əрең ақталып шықты. Осы бір оқиғадан
кейін Григорий Николаевич Монғолияға саяхатқа аттанып, одан Қытай
асып, Тибетті басып, Обручевті студенттік шақтан қатты қызықтырған
Орталық Азияны зерттеп, жинаған материалдарын жүйелеп өңдегелі
Иркутскіге табан тіреген еді. Əңгімелесе қалса, ол жастық шағын жиі еске
алып, болашақ белгілі саяхатшы Шоқан Уəлихановпен Омбыдағы кадет
корпусында оқыған жылдарын жырдай ғып айтатын. Өз жұртының жарық
жұлдызы болған сол ғалым досын алға тарта отырып, зерделі жиһангез
халықты бұратана деп бөлмей, білімге жол ашса, орыстан өзге ұлттардың
өкілдерінен де небір ғұламалардың шығатынын меңзейтін. Сонысымен-ақ
ол жас Обручевті шалғай шетте өнер-білімнен кенде, мəдениеттен кенже
қалған халықтарға қамқор көзбен қарауға үйретті.
Қыс бойы бай дерек жинап, Батыс Сібірмен сырттай танысқан Владимир
Афанасьевич 1889 жылғы көктемде осы өлкенің геологиясы мен пайдалы
қазба байлығын тікелей зерттеуге кірісті. Ол Ангара бойын барлап, Ока
өзеніндегі қоңыр көмір кенін зерттеп, Байкал атырабының сырына үңілді,
Ольхон көлінде болды. Оны Батыс Сібірдің таңғажайып табиғаты баурап
алды. Айналасы андағайлаған алып тау, кемері тік шаншылған биік құз,
терең аңғарда жатқан тұщы сулы Байкалды ол жер қабатының
қозғалысынан бертін пайда болған көл деген тұжырымға келді.
Байкал жөніндегі алғашқы əсерлері оның Сібір геологиясы туралы
ойларының өрістеуіне сара жол ашты. Келер жылы ол Лена жағалауының
алтын кендерін аралап, Витимнің төменгі ағысына дейін барып қайтты.
Жиырма-қырық құлаш тереңдіктегі шахталарға түсіп, мəңгі тоңдарды
анықтады. Жол да, жұмыс та оңай болған жоқ. Жүк артқан аттары омбы
қарға оппалап, мибатпаққа батып, əрең тартып алған, өздері маса-сонаға
жем болып, тамақтан да тарыққан сəттер ұшырасты. Бірақ соның бірі де
Обручевтің еңбекқорлығы мен жұмыс қабілетіне əсер еткен емес. Шаршапшалдығу дегеннің не екенін білмей, ол күндіз шахтаға түсіп, ашық кендерді
аралап, тыным көрмегенімен, кешкісін тау жыныстарының үлгісін
сұрыптап, олардың сипаттамасын күнделікке жазып отыруды əсте қалт
қылған жоқ. Кейін оның атағын айдай əлемге жайған «Сібір геологиясы»
осы күнделіктер негізінде туған еді. Ал осынау ұлан өлкенің ертеңін
ойлаған адамдардың ол өзі куəсі болған қимыл-қарекеті, жергілікті жұрттың
тұрмыс күйі мен əдет-ғұрпы «Жұмбақ жер» романында көркемдік бейнесін
тапты.
1892 жылы көктемде оған география қоғамының президентінен
Г.И.Потаниннің Қытай мен Тибетке саяхатына қатысу туралы ұсынысы кеп
түсті. Оған да атсалысып жүрген –ұстазы И.В.Мушкетов. Шəкіртінің
арманы Орталық Азияны зерттеу екенін жақсы білетін ол Обручевтің
Байкал мен Лена аудандарын барлауының нəтижесі жəніндегі есебіне тіпті
тəнті болған еді. Бұл жолы Обручев Солтүстік Қытай мен Орталық Азияның
бір бөлегінің геологиясын барлап, Григорий Николаевич жұмыс істеп
жатқан Тибеттің шығыс шалғайын зерттеп, Тянь-Шань арқылы Құлжаға
түсу керек-тін. Тағы да далаға түнеу, ашық аулаға қону басталды: киіз бен
аю терісіне оранып, тұлып жамылып жата кететін кəдімгі ат үстіндегі
күндер. Жол-жөнекей жұрт назарын ерекше аудармас үшін Владимир
Афанасьевич қытайша жеңсіз қара бешпент пен дөңгелек тақия киіп, сұр
шапан жамылды. Туған елден үй ішінен жырақта ол жалғыздықтан қатты
қамықты да. Алайда жұмысқа деген құштарлық, зерттеуге деген іңкəрлік
осының бəрін жуып-шайып жіберді. Көмекші геологы жоқ ол бар жұмысты
жалғыз атқарып, жер қыртысын, тау жынысын өзі ғана зерттеді. Əйтеуір
ешбір қауіп-қатер, иə кездейсоқ оқиға тап келмей, саяхат сəтті өтіп, сапар
кідірткен жоқ. Сол жылы ол Пекинге келіп, ал 1894 жылдың октябрь айында
Құлжаға кетті.
Жиналған материалдың молдығы, қамтылған жердің кеңдігі, жүрілген
жолдың ұзақтығы жөнінен В.А.Обручевтің Орталық Азияға саяхатынан
асқан сапар əлі болған емес. Екі жыл саяхатта олар аттылы-жаяу орташа күн
сайын отыз шақырым жер жүріп, барлығы он төрт мың километрдей жол
жүрген. Сапар кезінде Владимир Афанасьевич көз мөлшерімен суретке
түсіріп, барометрмен биіктікті өлшеп, тау жыныстарын жинап, күнделік
жазып отырған. Тау жыныстары мен қазбалы жануарлардың, өсімдік
түрлерінің сегіз мың үлгісі жиналып, ол мың шақырым жер жол-жөнекей
суретке түсірілген. Осы еңбегі үшін Орыс география қоғамы В.А.Обручевті
үлкен алтын медальмен наградтап, Н.М.Пржевальский атындағы сыйлық
берді. Париж Ғылым академиясы да оның еңбегін жоғары бағалады.
Араға алты-жеті жыл салып, Обручев Орталық Азияға саяхаты күнделігінің
екі томдығын жарыққа шығарды. Сол саяхатынан қыруар ғылыми еңбектер
туып, кейін кеңінен танылған «Қияқтыдан Құлжаға дейін» атты кітап
дүниеге келді. Оның Орталық Азияға саяхаты орыс ғылымын қызғылықты
географиялық жаңалықтармен байытты. Орта Азияға алғашқы саяхаты
сияқты бұл сапарында да Владимир Афанасьевич салиқалы географ болып
көрінді. Оның атағы алысқа кетіп, есімі енді Пржевальский, Потаниндермен
қатар аталатын болды. Орталық Азия саяхатынан Сібірге қайтып оралған
Владимир Афанасьевич ірі де іргелі геологиялық зерттеулерді қолға алды.
Төрт жыл бойы Байкал сыртының түстік батысын барлап, Селенге
Дауриясының геологиялық құрылымын, Шығыс Сібірдің жер бедерін
зерттеп, қыруар жаңалық ашады. Сонда жиған жəне Лена алтын кені
аудандарын қайта зерттеген кезде алған материалдарын ол кейін Сібірдің
геологиялық тарихын жазарда кəдеге асырды. Жиырмасыншы ғасырдың
алғашқы жылы Обручев өмірінің жаңа бір белесі болды. Томск
технологиялық институтының геология бөлімшесін ұйымдастыруға
шақырылып келген ол тоғыз жыл оның геология кафедрасын басқарып, таукен факультетінің деканы болды. Томскіде ол кейін елімізге Қаныш Сəтбаев,
Михаил Усов тəрізді тамаша геолог, талантты ғалымдарды берген Сібірдің
тұңғыш геология мектебін ашты.
Владимир Афанасьевич алғашқы лекциясына екі жыл əзірлік жасап алып
кірісті. Оған əзірлену үстінде ол əуелі геология кабинетін жабдықтап,
кітапхана ұйымдастырып алды. Обручев онда төрт бірдей курстан дəріс
оқып, сабағын студенттердің тəжірибе жұмыстарымен тығыз ұштастырып
отырды. Ал жазғы каникул кезінде ол 1905 жылдан бастап, Жоңғарияға үш
рет экспедиция ұйымдастырды. Бұл сапары жайында ол бертін келе былай
деп жазды: «Шығыс Қазақстан шекарасына күнгей түстіктен келіп тірелетін
Жоңғар өлкесін зерттегенім бар. Алтай мен Тянь-Шаньнің тау сілемдері осы
арадан келіп түйіседі, ал менің міндетім солардың шекарасын ажыратып,
геологиясы мен географиясын айқындау еді. Бұл өлкені мен үш жыл бойы
əр бағытта шарқ ұрып, тау тізбегін, көшпенділердің жаз жайлауын, су көзі
мен өзен жағасына жақын жатқан жасыл алқаптарын, тіпті құлазыған құба
түз тақырлары мен қираған қаланың орнына ұқсас тұлдырсыз қырқаларына
дейін зерттедім».
Жоңғар сапарына бірер студент пен үлкен ұлы – он жеті жасар Володя мен
он төрт жастағы Сережаны ерте шыққан ол шегі де, шеті де жоқ қазақ
даласын, оның ұшы-қиырсыз қырқаларын көктей өтіп, көп күн жол жүріп,
Аякөзге келіп, азғана аялдады. Жиһангезді балаларының əрнені білуге,
табиғат сырын түсінуге құмарлығы разы етсе, студенттеріне жол-жөнекей
де дəріс оқып, күнделік толтыруға үйретіп отыруға тура келді. Аякөзден
аттанып, олар Тарбағатайдың батыс беткейімен Шəуешекке түсті. Ондағы
орыс елшісі хат арқылы алдын ала хабарласқан Обручевтің керек-жарағын
қамдап, жол бастап жүретін монғол, қытай тілдеріне жетік Мусин Ғайса
деген татармен келісіп қойған еді. Қалада көп жатпай, шілденің басында
саяхатшылар керуені жолға шықты. Емілдің лай суын кешіп өтіп, Барлық
тауына көтерілді.
Бұл таудан Жоңғар қақпасының теріскей батысына қарай жатқан Алакөл
ортасындағы Аралтөбе қырқасымен алақанға қойғандай көрінеді. Табан
суытқан тұста Владимир Афанасьевич осы төңірек жөнінде оқып-білгенін
жанындағыларға жырдай ғып əңгімелейді. Жазда онша ысқаяқ
болмағанымен, қиыршық тастарды атып, ара-тұра көз аштырмай қоятын
шəлкемдігін өздері де көріп келе жатқан ебі желі туралы аңызды айтады ол.
Аңызға қарағанда, сұрапыл жел Алакөлдің Аралтөбесіндегі бір үңгірден
шығады екен. Адуын желден əбден ығыр болған қазақтар бір күні үңгірдің
аузын өгіз терісімен жауып, айналасын таспен бастырып тастап, уһ деп бір
дем алмақ болады. Осыған шамданған жынды жел тіпті құтырынып,
тастарды жан-жаққа лақтырып, адамдардың өзіне тарпа бас салады да,
оларды керуен-көшімен, мал мүлкімен бірге əкеп көлге құлатады.
Табиғаты осындай қатал болса да, туған жерден табан аударғысы келмеген
халыққа шапқыншылар дамыл бермей, ат үстінде күн кешуге мəжбүр етеді.
Сан ғасырға созылған жаугершілік олардың отырықшы болуына мұрша
бермей келген.
Осыны айтқанда ол анау сайын дала мен мынау самал тауларды мекен еткен
ержүрек елді аяп, оның қонақжай халқына іш тартатыны жастарға айқын
аңғарылып тұратын. Шынында да, ол келер жолы келгенде де шұрқыраса
қуанып қауышқан Ғайса мен оның баласы Əбубəкірді ала жүріп, қазақтың
жайлауларын аралап, əдет-ғұрпымен танысты, көп сөздеріне зер салды.
Обручевтің Азия жазбаларында қазақ сөздерінің ұшырасып отыратыны
содан. Ол: ақсақал, арасан, баялыш, бұлдырық, құлан, марал, тақыр, таутеке
тəрізді атаулардың мəн-мағынасын жақсы меңгеріп, оларды орынды
жерінде қолданады. Сорго шөбін қазақтардың ғұма деп атайтынын да ол
алғаш аңдаған. Жер-су, таулардың атауын титтей де бұрмаламастан, тап бір
өзінің туған өлкесіндей суреттейді. «Орталық Азия атырабында» кітабын
оқығанда Тарбағатай төңірегін бірге аралағандай болады оқырман. Оған
мына бір үзінді-ақ көз жеткізері хақ.
«…Еміл өзенін жағалап, Дүрбелжіңге даламен тарттық. Жолдың сол
қапталында теріскейден Тарбағатай тауы қарауытады, оның жотасы тептегіс, түстік баурайы құлама тік жар, төбесінде түйір қар жоқ, қалың жыныс
орманмен жап-жасыл боп жатыр. Күнгейде қара орманы сыңсып, текше-
текше болып биіктеп бара жатқан Барлық жоталары, оның ең биігі
Кертаудың басында алашабыр қар жарқырайды. Осынау екі жотаның
арасында еркін көсілген Еміл алқабының көз тұндырған көк шалғыны ат
бауырынан келеді. Жазықты жəне бір жап-жасыл заңғар тау Орқашар
тұйықтап тұр. Шақырайған күнге омырауын ашып, кең алқап жатыр,
шырылдаған бозторғай əуезіне шайдай ашық аспан ұйып қалған. Атымызды
бірде аяңдатып, бірде сар желіп, біз күн ұясына қонғанша жүрдік. Түнеген
жеріміз – бастауын Орқашар тауынан алып, Емілге құятын Маралсу өзені.
Жағасы шалғынды, шөбі шүйгін. Аттарды шідерлеп өріске жібердік те,
тезек теріп, от тұтатып, шай қайнатып іштік».
Тау суретін көркем сөзбен осылай көз алдына келтіре қоятын ғаламат
суреткер ізінше ғалым болып тың тұжырымдар жасайды. Ол Сауыр мен
Тарбағатай жоталарын қазақтың қатпарлы тауларының сілемі деп тауып,
Барлық, Майлы-Жайыр жəне Жоңғар Алатауын Тянь-Шань жүйесіне
жатқызды. Артынан ол Алтай атырабына қайта оралып, алтын кендерін
зерттеді. Өскеменде жер ауып жүрген ғалым, Абайдың досы Михаэлиспен
кездесіп, көп əңгімелесті. Сонда оның ұлы қазақ ақыны туралы да естуі
əбден ықтимал.
Орталық Азия мен Жоңғар сапарларынан жазған есебі бірнеше том ғылыми
еңбек болып басылған оның алтын шығатын аудандар жайындағы очерктері
Обручевті алтын қазба кендері жөніндегі ірі мамандардың санатына қосты.
Алайда оған сан-салалы ғылыми жұмыспен жемісті ұштастырған ұстаздық
қызметін кілт доғаруына тура келді. 1905 жылғы революция
жанышталғаннан кейін қанат жайған қатал реакцияға төзбей, ғылымдағы
атқамінерлер мəн əкімдерге қарсы үн көтеріп, талай фельетон жазған озық
ойлы оқымысты патша үкіметіне ұнамады. Қара жүздік оқу министрі
Кассоның бұйрығы бойынша ол 1912 жылы жасы елуге де толмай
отставкаға шықты. Сөйтіп, он екі жыл еңбек еткен Томскіні, өзі ашқан
геология мектебін, жан-тəнімен сүйген шəкірттерін тастап шығуға мəжбүр
болды.
Енді ер жеткен ұлдарын оқыту үшін ол Москваға көшіп келіп, отставкадағы
кен инженерінің зейнетақысымен күн көрді. Бірақ Владимир
Афанасьевичтің ширек ғасыр жүргізген зерттеу жұмыстарынан өңделмеген
материалдары əлі де ұшан-теңіз еді. Ол алдымен соларды жүйелеп алып,
Байкал, Лена зерттеулерін қорытты. Бұл жылдары ол ғылыми білімдерді
таратуға көп күш салды. «Природа» журналының белсенді авторы болып,
аққан жұлдыз, мұхит тұңғиығы, теңіз қайраңы, жер сілкіну жайында жазып
отырды. Оның фантаст жазушы ретінде танылған тұсы да осы жылдар.
В.А.Обручевтің алғашқы ғылыми-ғажайып романы «Ғайыпстанды»
жұртшылық ал беттен жылы қабылдап, ол сан мың оқырманның сүйікті
кітабына айналды. Онда автор Жердің бағзы даму дəуірін əдеби бейнелеуді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 20
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.