Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 04

Total number of words is 4107
Total number of unique words is 2123
34.0 of words are in the 2000 most common words
47.1 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қардан басқасы да тұр, əне! – деп Горюнов керуеннен жүз қадамдай жерде
қарайып тұрғанды нұсқады.
Жалма-жан үшеуі де сол жерге тартты. Құз жартаспен қоян-қолтық айқасқа
шығатындай Ордин белінен балғасын шешті. Қарлы жазықта адыр болып
оқшау тұрған бұл жартас біртегіс жып-жылтыр еді. Үстін жел жалап, боран
сипап жалтыр мұз етіп тастаған. Шапқыны тастың жарығына тығып
жіберіп, басып қалғанда бір кесек тау жынысы ұшып түсті. Оны Ордин
абайлап аудара қарап:
–Міне, бұл базальт болса керек, – деді.
–Күтеріміздің өзі осы еді ғой, – деп салды Горюнов. – Зады, бұл жанартау
жынысы Мұзды мұхит аралдарынан көп табылса керек, мұның өзі – бұл
арада бағзы бір кезде ыстық лава атқылағанының белгісі.
–Еһ, шіркін, онда ғой қазіргідей емес, жылы болған бұл ара, ə! – деп өкінген
сыңай білдірді Костяков.
Базальт кесегі Никифоровпен бірге нарталардың қасында қалған Гороховқа
салтанатпен алып келінді. Мұның өзі аяқ астында жұмбақ өлке Санников
жері жатқанының ең жақсы дəлелі еді, кім білсін, бұған адам табаны
тұңғыш тиіп тұрған шығар.
Жылғамен баяу жоғарылай отырып, екі сағат шамасында керуен тағы бір
аппақ құлама жардың түбінен шықты. Жар қабырғасы селдір тұман
арасынан айқын көрініп, екі жақтан да жылғалана жолды кесіп, көз ұшына
сүңгіп барады. Жоғары қарай енді тік көтерілмей, қиғаштай шығуға тура
келді. Боран таптаған қардың қатқаны сонша, тіпті ауыр нартаның табан ізі
əрең түседі.
ЖЕРҰЙЫҚ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
Аппақ жылғамен баяу бұралаңдай отырып керуен бірте-бірте жоғарылап
келеді, кейде өрдің тіпті шегі жоқ сияқты болып кетеді, еңіс-өрді құндақтап
алған желең тұман тау жынысын көзден тасалап, қарлы құлама жүз
қадамдай төменде буалдыр мұнарға оранып қалып жатыр.
–Биік тау деп осыны айт! – деп қалды Горохов иттерді тынықтырып алу
үшін жасаған бұрылыстағы бір аялдамада.
–Шамасы, біз ашық алқаппен жүрудің орнына, шеткі таулардың бірінің биік
жарына тап болсақ керек, – деген болжам айтты Ордин.
–Ол əбден мүмкін, жердің түстік беткейі түгел осындай, –деді Горюнов. –
Естеріңде ме, біз əуелі алдан шың-тасты тау сілемінің құзар қарлы басын
көріп едік қой, зады, көсіліп жатқан сол алыпқа көтеріліп келеміз.
–Ғажап жер! – деді Костяков. – Новосибирь мен Беннетта аралдарын
көмкеріп жататын құлама жар мен жартасты мүйістердің орнына мұнда тептегіс тақтайдай ылди.
–Биіктен сырғитын көшкін мұз да жоқ, жалғыз ғана қар, –деп қостады оны
Ордин.
–Иə, ғажап! Мынау түстік беткей, мұның қары жаз еруі тиіс. Алайда
алдында көргеніміздей, мұның қырқасынан тұтас тау тізбегі көтеріледі,
онан сырғыған мұз көшкіні ғой, теңізге тура осы баураймен құламақ керек.
Ал əзір біз оны көріп тұрғанымыз жоқ.
–Осынау таңғажайып оқиғаның бір ғана шешімі бар, мына қарлы қырқаның
ар жағында терең аңғар, кең жазық болуы керек, көшкін мұз сонда құлауы
тиіс, – деп топшылады Ордин. Одан əрі Шпицбергендегідей орасан мол мұз
тасқыны болып бір жерден теңізге құйылуы қажет.
–Сонда бұған ұшып келіп жүрген құстарға азық қайдан табылмақшы? – деп
таңырқады Костяков. – Тіпті мен онкилондар туралы айтпай-ақ қояйын,
олар бар екеніне басынан-ақ шүбəлімін.
–Сəл сабыр етейік те, жолдастар, жұмбақтың шешімі енді шалғайда емес, –
деп күлді Горюнов. – Жүнжімей алға қарайық.
Келесі аялдамада барометр теңіз бетінен сегіз жүз метр биіктікті көрсетті.
Тұман біраз қоюланайын деді, соның салқыны ма, Горохов:
–Қалай ойласаңдар олай ойла, кері қайту керек, – деп салды.
–Ол ненің ақысы? – деп дауыстап жіберді Горюнов.
–Көрмейсіңдер ме, түге. Аспанға шығардай, өрмелеп келеміз, шеті-шегіне
жете алар емеспіз. Мұндай биік тау болуы тіпті мүмкін емес.
–Охо-хо-хо! – деп үшеуі қатар күлді, тіпті оларға Никифоров та қосылып
кетті.
–Ал тұман ненің белгісі екенін білесің бе? Кигилях тауын еске түсірші,
басына кісі шығармас үшін тұмантып қоя бермей ме?
–Никита-ау, саған каюрлардың соқыр сенімі жұққан ба деймін. Биік тауда,
əсіресе, мынадай жерде тұман түсуі – дағдылы дүние. Оны көрмей жүрген
жоқпыз ғой.
–Ерік өздеріңде, білгендеріңе бағыңдар, менікі – сақтандыру. Түбі Горохов
сорға бастады деп жүрмесеңдер болғаны.
Олар əрі аяңдады, ақыр аяғында жарты сағат өткен соң сейіле бастаған
тұманның арасынан қар ортасында андағайлап əлі де асқақ бірнеше
түксиген шың-құз шыға келді. Бəрі де еркін тыныстап, ендігі жолға
жігермен кірісті, қар да босап, баурай жайпақтанғанымен, нарталар
омбылай берген соң алға түсіп иттерге із салып отыруға тура келді.
Сондықтан өрге шығу шабандап, соңғы жарты шақырым күшке түсті.
Барометр тоғыз жүз жетпіс метрді көрсеткен қарлы жотаның жон арқасына
шыққанда күн де ұясына еңкейіп қалған еді. Тұман ақ шымылдық болып
бар еңіс, бар етекті бүркеп тұра қалған, оның үстінен көкжиекке дейін
көсіліп жатқан сіреу мұз, сеңгір-сеңгір сеңімен теңіз көлбейді.
Нарталарды қардан қылтиып тұрған тайпақ қара құздың етегіне тастап,
бесеуі де қырқаға көтерілді, қарлы алқап осымен көмкеріліпті де, əрі қарай
екі қадам жерден терең аңғар басталды.
–Міне, ғажап! – деп Никифоров дауыстап жіберді, осы үнімен ол алдынан
ашылған керемет суретке деген бəрінің таңданысын білдірген еді.
Теңіз деңгейінен мың метрдей биіктікте 79 немесе 80 градус ендікте
жататын мəңгі мұз бен қасат қардың орнына жиһангездердің алдынан жаңа
бүр жарған жас көктем құшақ жайғандай болды, ал Якутск түбінде, 15–17
градус түстікке қарай мына сəуірдің ортасында қар енді ғана жіби бастады
ғой.
Құздан төмен қары ағарып түксие түскен тақта тастар саты-саты болып,
көкжиекке дейін көсіліп жатқан кең жазыққа қарай сүңгіп барады. Түу
төменде жаңа ғана жапырақ жара бастаған орман-тоғайға бөлініп
дестеленген жасыл алқап жатыр. Жасыл алқаптың əр жерінен бірде тоғайға
кіріп, бірде жазыққа шығып, бұралаңдай аққан бұлақтардың күміс лентасы
арқылы бірімен-бірі жалғасып жатқан үлкенді-кішілі көлдер жарқырайды.
Алысырақ көлшіктер үстін боз тұман басып мұнартып жатыр. Осынау
жасыл алқаптың батысында етегі, тіп-тік жар, асқар таулар асқақтайды,
оның найза шыңдары бейнебір алып араның тісі сияқты, онда тақталанып
қар жатыр. Ал аңғардың өзінде қар деген атымен жоқ. Күн сол тау
шыңдарының тасасына барып батты да, жазықтың үстіне ымырт үйірілді.
Алқаптың алыс шалғайын құндағына алған тұманға жасырынып таулар
тізбегі көкжиектен əрі асып, терістікке сұғынып барады. Қарсы алдындағы
сол тауларға таңырқаған бұлар тұрған жота да терістікке сүңгиді екен.
Түстікте екеуі де түйісіп, жасыл алқапты қорғанға ұсап қоршап тұрған
тəрізді.
Алғашқы минуттардағы үнсіз таңырқау енді ашық əсер алмасуға ұласты.
–Ғажайыптың да ғажайыбы ғой мынау, Матвей Иванович! –деп үн қатты
Никифоров.
–Нағыз жерұйықтың өзі! – деді Ордин.
–Мынау ендікке мынадай көк бітеді, мынадай көк шығады дегенге тіпті ой
жетпейді. Жазықтың терістік жағы ашық, бейнебір жылылық полюстен есіп
тұрғандай, – деді Костяков.
–Табиғаты қатал біздің жағалаудан құстардың осылай қарай ұшуы енді
түсінікті болды. Онкилондардың да келіп жан сақтауы əбден ықтимал. Ал
біз анау нарталармен қалай төмен түсеміз? Ол бар болғырлар бос болса да
түсу оңай емес, – деп бір қойды Горюнов.
–Əнекей, хайуандар қиналмай-ақ түсіп барады, – деп дауыстады Ордин
бірнеше қара қоңыр хайуандарға саусағын шошайтып. Үп-үлкен мүйіздері
иіліп кеп басын екі жағынан қоршай біткен жануарлар жиһангездердің аяғы
астындағы құздың ернеуіне шыға-шыға келді.
–Мыналарың таутеке ғой! Бір-екеуін кешкі асқа атып алса ғой, шіркін! –
деді Горохов қызып та, қызығып та кетіп.
Айтып ауыз жиғанша жануарлар да адам иісін сезіп, аңтарыла басын
көтеріп жоғарыға қарады.
Зады, таутекелер адамдарды бұрыннан білетін болса керек, бірер минут
аңырып тұрды да, жалт беріп құздан асып жоқ болды.
Горюнов жалма-жан дүрбіні алып жіберіп, жаңағы таутекелер тұрған
жақпарды көзбен өлшеп көрді: құз ернеуі терістік-шығысқа қарай биіктеп,
түстік-батысқа таман аласаратынға ұқсайды, ылдиға осы бағытпен түскен
абзал.
–Жақпар тасты жағалай түстік-батысқа қарай тартамыз,
–деп ол шешімін айтты. Төмен түсетін жалғыз жол болса, ол сонда.
–Бəлкім, барлық аңғарды айналуымызға тура келер… – деп шүбəланды
Ордин.
–Немене, мұнда құс болмаса, адамға деген жол жоғына көз жеткізу үшін
айналмақпыз ба, – деп Костяков та кері тарта қалды.
–Онда, амал нешік, бір жолға поляр мұздарының арасынан өсімдік дүниесі
бай алып аңғар тапқанымызға мəз болып, құрлыққа ізімізбен кері қайтамыз
да.
Уақыттың қалғанын пайдаланып, жота-жақпарын бойлай отырып олар
түстік-батысқа қарай жүрді, ернеу біртегіс емес екен, ол төмендеген тұста
түстік баурайдың қары, құлама жардың шетіне дейін барады да, биіктеген
тұста құзға немесе үшкір шыңға ұласады. Оларды көргенде Ордин
балғасына ұмсынып, бірнеше жартастан жыныс кертіп алып үлгерді.
Бəрі де олардың базальт болып шықты: бірі тығыз тұтасы, бірі базальт
лавасынан шыққандай көпіршіген қоқысы.
–Менің көзім енді жетуге айналды, – деді ол сөзін Горюновқа арнап, –
Сіздің Санников жері жанартаудың қалдығы болуға тиіс деп академик
Шенкке айтқан болжамыңыз дұрысқа шыққалы тұр. Айнала түксиген тік
жарлар қоршап тұрған осынау алып шұңқыр бағзы замандағы зор
жанартаудың кальдерасына1 қатты ұқсайды, бізге еңісте де, енді де кездесіп
тұрған базальттар соны дəлелдейді.
–Аңғардың арғы тегі, солай екенін мынау ендіктегі, өсімдіктер байлығы да
айтып тұр, – деп мақұлдады Горюнов.
–Алдын ала байлам жасамай-ақ, əрі қарай не боларын аңдайық.
Түстік-батысқа бойлаған сайын жар жақтауы аласарайын деді, бірақ ол
ойпатқа қарай тағы да тік түсті. Қараңғылық қоюланып барады, бірақ толған
ай тас төбеге шығып ап жолды көрсетіп тұр. Тағы да сағат шамасы, өтті.
Горюнов барометрге қарап еді – ол теңіз деңгейінен бес жүз метр ғана
биіктікті көрсетіп тұр екен.
–Меніңше, осы жота жақпарында түнеп шыққан жөн болар, бəрібір ай бізге
ана жаққа апарар еңістің жолын айқындап бере алмайды, ал қараңғыда
бейтаныс жолмен жүру қатер.
–Тегіс бір жер тауып алып тоқталық, – деп келісе кетті Никифоров.
–Ал түнде боран көтерілсе ғой, бəрімізді шыңырауға бір-ақ сыпырып
тастайды, – деп қауіп айтты Костяков.
–Боран болмайды, – деп кесіп айтты Горохов, – аспан ашық, жел жоқ, күн
қызармай батты. Зəуде бір шайтан шатастырып жүрмесе…
–Шайтанның да мейірімі түскен шығар деп ойлайық та, –деп күлді
Горюнов.
Жар жақтауынан тегіс жайпақ жер тауып алып, екі құздың аралығына
шатыр тігіп ас ішті, бірақ ешқайсысының да ұйықтағысы келмеді. Жұмбақ
ойпат табан астында тұрып
1 Кальдера (испанша «қазандық» деген сөз) деп сөнген жанартаудың
кратерін атайды, олар тым далиып, судың шаюынан шөгіп, үлкен циркті
елестетеді. Кальдералардынң арасында да сөнбеген жанартаулар қонысы
жиі жолығады.
алып, қиялды баурай берді. Ай сəулесі оның шалғай шетіне шығып, таяу
тұсы көлеңке қолтығына кіріп кетті, əредік айна көлдермен бұлақ шолпысы
күмістей жалтырап, орман мен даланың күңгірт жүзінен жақсы көрінеді.
Жардың шетінде отырып бесеуі де аяқ астында жатқан ғажайып аңғарға ой
жүгіртеді; ай нұрына шағылған қарсы алдағы құз тіпті тіп-тік əрі биік
тəрізді.
Олар ойпат табанынан мың жарым, мың алты жүз метр тік көтерілген-ді.
Кенет түн тыныштығын тілгілеп, түу тереңнен бəзбір жануардың
мөңірегені, ізінше өкіргені құлаққа шалынды.
–Еһе-е, төменде бірдеңе бар, сиыр мөңіреп жатыр, – деп оны Никифоров
бірден байқады.
–Ал анау өкіріп жатқаны не? Бұғыңның өзі болып жүрмесін? – деп сұрады
Горюнов.
–Жоқ, ол бұғы да, бұқа да емес. Мына хайуан бəзбір кең тұрбадан гүжілдеп
тұрған тақылетті. Тіпті аюдың ақырғанына да ұқсамайды. – Қандай хайуан
болуы мүмкін деп бəрі дал болды, бірақ бір де кəсіпкер бұрын-соңды
мұндай үн есітіп көрмепті.
–Ал анау не? – деп сұрады Ордин ойпаттың ортасында алыстан жұлдызға
ұқсас қызыл нүктені нұсқап. Əлгі нүкте біресе лап етіп, біресе сөне қалады.
–Бəлкім, бұл осы жанартау кратерінің түбінде сөнбей қалған от болар, – деп
қалжыңдады Костяков.
–Біреудің жағып жатқан оты емес пе өзі?
–Соған келіп те қалар. Демек, мұнда адамдар бар, мүмкін, жоғалып кеткен
онкилондар осылар шығар деген болжам жасады Горюнов.
Тағы да тылсым тыныштық меңдеді. Бəрі де ойпаттағы жұмбақ оттан көз
алар емес. Алыстан барабан дабылы сияқты үн талып жетті.
–Дəу де болса, бұл бақсының даңғырасы! – деді Горохов.
–Демек, мұнда адамдар бар, от та солардікі.
–Адамдар болатын болса, төмен түсер жол да бар деген сөз, – деді Горюнов.
– Адамдар құс сияқты əуемен ұшып келіп түсе қалған жоқ қой.
–Жол болуы да, опырылуы да мүмкін.
Үнсіздік меңдеп жəне жарты сағат өтті, бəрін ұйқы иектей бастады. Кенет
тың бір құбылыс оларды сергітіп жіберді. Ай аспандап, нұрын мол
төккеніне қарамастан аңғардың алыс қиыры буалдыр тартып, əп-сəтте
тұман шымылдығына кіріп, көрінбей кетті. Тұман пердесі түстікке қарай
баяу сырылып барды да, ұзамай бүкіл ойпат мұнарға оранған бозша көлге
айналып кетті. Бірте-бірте тұман шудаланып жоғары шығып, жиһангездер
тұрған түстік беткейдің жотасына да жетті.
Терістіктен дымқыл, бірақ жылы жел тұрып, əудемде жақпар да, қара құз да,
шатыр да қою тұманға оранып, ай əрең көрінді.
–Ойын көрсету аяқталды, шымылдық түсірілді, тарайтын уақыт болды, –
деді Ордин кекесінмен.
–Бəлесінен аулақ, шатырға енейік, – деп ұсыныс жасады Горохов. – Қалай
ойласаңыз, олай ойла, Матвей Иванович, осының бəрі арбау, мұнар да, мына
жер де, орман да, көл де, жазық та, хайуан да алдамшы. Көрерсіз, ертең
ояндық бар ғой, қардан басқа бұл арада ештеңе болмайды, сосын
қарайламай тезірек қайтуға тура келеді.
–Жарайды енді, сəуегейім, ертең көрерміз, – деп жауап қатты оған Горохов.
Ұйықтағалы жатқандарымен жөндеп ұйықтай алмады, иттер жақын маңнан
бір жануарлардың иісін сезді ме, əлсін-əлсін абалап, мазаны кетірді.
САННИКОВ ЖЕРІНДЕГІ БІРІНШІ
КҮН
Таң ағарғанда тұман айыққан жоқ еді, оның қоюлығынан бес қадам жердегі
адамның өзін ұшты-күйлі таба алмайсың.
Шатырдың сыртына шықсаң да құздан құлап кетпес үшін сипалап жүру
қажет.
Жар жақпарын жағалай əрі жүріп төмен түсер жол іздеу үшін күте тұру
керек болды. Олар Қазандықтан алып шыққан отынның қалғанын жағып,
асықпай ас əзірлеп ішті, иттерін азықтандырып алды.
Сағатқа қарап шамаласа, күн шыққанына бір сағаттан асқан, алайда соқыр
тұман тұмшалап алып əлі көрсеткен жоқ. Тұман бейнебір ойпаттың алып
тостағанына шып-шып толып, тасып төгіліп жатқан айран тəрізді.
–Мынау түтіндеп тұрған – сіздің жанартауыңыз! – деп қағытты Костяков. –
Бұл түн баласы атқылап шығатын əуелі от лаулап, артынан түтін бықсиды.
–Күле түс, күле түс, Павел Николаевич, – деп ойын сөзге шын жауап беруге
айналды Ордин. – Айт-айтпа, ойпаттың, жанартаудың өзі, оны ашу да
Санников жерін танытқаннан түк те кем емес.
–Айтыңдаршы, поляр мұздарының арасында жанартау болуы мүмкін бе? –
деп сұрады Костяков.
–Неге болмасын, түстік поляр аймағында Эребус пен Террор сияқты
сөнбеген жанартаулар күні бүгін де бар, ал сөнгендері қаншама. Мұзды
мұхиттан əр кезеңдегі жанартау жыныстарын табамыз, оларды
Гренландиядан да, Шпицбергеннен де, Франц – Иосиф жерінен де, тіпті
Санников жеріне ең жақын жатқан Беннетта аралынан да ұшыраттық.
–Олардың бəрі көне жерлер ғой.
–Бəрі емес, мəселен, жанартаулары ылғи атқылап жататын Исландияны
қайда қоясың?
–Ал бұл жанартаудың ауқымы жағынан басқаларын шаңына да
ілестірмейді, – деді Горюнов – Сіздердің болжамдарыңыздың дұрыстығына
күмəн келтіріп тұрған да осы.
–Бұл шынында да орасан үлкен, меніңше, мұның көлденеңі жиырма, көлбеу
бағыты қырық-елу шақырым.
–Жер үстіндегі белгілі кратерлердің ең үлкенінің көлемі қандай?
–Ұмытпасам, Гавай аралдарындағы Мауна-Лоа кратерінің диаметрі төрт
шақырым, ал Явадағы Гунунг-Тенгердікі алты шақырымнан сəл ғана аз
болса керек.
–Міне, көрдіңдер ғой, мына қалпына қарағанда бұл Жерде емес, Айда
болуға тиіс жанартау! – деп қосарланды Костяков.
–Айда болса ең елеусізі болар еді, себебі онда диаметрі алпыс, сексен, жүз
шақырым, тіпті онан да үлкен кратерлер бар. Мысалы, Птоломей кратерінің
диаметрі жүз алпыс бір шақырым, Лянгренустікі – жүз елу сегіз. Ал
диаметрі жетпіс-тоқсан шақырымдық кратерлер оннан асады. Жалпы Айда
барлығы отыз мыңдай кратер бар.
–Олардың бəрі атқылаған кезде Ай сұмдық болған шығар!
Жиһангездер Айды əңгімелеп отырғанда күн өз шаруасын жайғап жатты;
тұман тез сейіліп, түтеленіп жоғары көтерілді де, бірте-бірте ауаға сіңіп жоқ
болды. Ұзамай жар жақпары да мұнтаздай тазарып, жолға шығуға да жарап
қалды, алайда аңғар əлі жоғары жағы ғана көбіршіктеніп, мұнарда сүттей
ұйып тұр. Ернеудің төмен иілуіне қарап олар батысты бетке алып əрі
тартты. Не керек, түске тармаса əрі қарай тағы да биікке бастайтын ең аласа
тұсқа да жетті.
–Егер бұл арадан түсер жол таппасақ, оны ойпаттың терістік жақ
шалғайынан іздеуге тура келеді, – деп өз ойын айтты Горюнов.
–Ол дегенің азап болады, – деп ақтарылды Ордин, – себебі тамыздықтық та
отын қалған жоқ, иттердің ас-суы əрі кетсе үш-ақ күнге жетеді.
Анықтап көргелі бəрі жардың жиегіне келді. Барометр теңіз деңгейінен жүз
жиырма метр ғана биіктік көрсетіп тұр. Арқанмен жақпар тастан-жақпар
тасқа түсіп амалдауға болғандай.
–Міне, түсетін жол да табылды! – деп дауыстап жіберді Горюнов оң жақты
нұсқап.
Бəрі де со жаққа қарады. Қырқадан аңғарға қарай созылып қар жалы жатыр,
боран ұйтқып теңіз жақтан жотаның аласа тұсы арқылы айдап кеп тығып
тастаған кəдімгі күртік, құз тасасында еру деген оның ойында да жоқ.
Жардың ернеуіне дейін жеткен күртік əжептəуір тік, оның оңынан да,
солынан да сондай қасат қар ұшырасты, бірақ олардың екеуі де қырқаға
жетпей тоқтаған, демек, осы ортаңғымен ғана төмен сырғуға болады.
Қардың қаттылығын байқап қарап еді – аяқ төрт-бес елі ғана батты.
Еңіс 40 градус, сондықтан нарталарды жегінімен сырғытуға болмайтын еді.
Иттерді де доғарып, екі-екіден əр нартаға арқанмен байлап, нартаны екі
жақтан демеп, төмен сырғи бастады. Екі нарта төмен түскенше Костяков үш
бөлек жегінімен жүрген иттерді жетелей тартқан еді. Иттерді жеке жіберуге
болмайтын, жолда аң иə құс көрсе тұра қуып, көз жазып қалу қаупі барды.
Бірақ отыз итті еңіспен жетелеу де оңай шаруа емес екен; төменде адамдар
мен нарталарды көре салып тұра ұмтылғанда Костяков та мұрттай ұшты.
Етпетінен түскен ол түу төменге жеткенше бауырымен қарды бұрқылдата
жыртып, аспанға шығарып, жоғарыда да, жерде де қарап тұрғандарды
қыран-топан күлкіге батырды.
Түсіп болып олар төңіректі шолуға кірісті. Күртістің айналасындағы
топырақтың беті жалаңаш екен. Шамасы, мұнда күн жаздың ортасына қарай
теріскейден түссе керек, тым төмен түскен шуақ оны жылыта алмайтын
сияқты. Қар көпке дейін ерімей, өсімдік еркін бойлай алмайтынға ұқсайды.
Ал күртіктен бір отыз қадам шығысымен тақта тастар мен базальт
жақпарлар арасында жап-жасыл болып қына, жаңа гүл жарған шар гүлдер
жатыр. Одан əрегірек əзір сидаң, бүрін енді-енді жара бастаған бұталар тұр.
Жарты шақырымдай жүргенде əлгі ағаштар қалыңдап, жапырағы да
жамырай бастады. Оның ту сыртында аласа болғанымен қалың орман
қарауытады.
Нарталарда қалған-құтқан отынды жинап жағып түстік ас пісіріп, шай ішіп
отырып олар əрі қарай қалай жүру жайын ақылдасты. Байдарка мен
нарталардың, иттердің керегі енді болмай қалды, өйткені ойпатта не қар
жоқ, не жүзуге жарайтын үлкен өзен жоқ.
Отыз итті шұбыртып, оның тамағын тауып беру – аяққа қаншама тұсау. Құс
көп болғандықтан иттер соны қуып кетіп қаншама əуре-сарсаңға салады, ал
байлауда ұстап тұру – экспедицияның үш бірдей адамын осыған бөліп,
пайдалы жұмыстан жырып əкету деген сөз. Жексе, қарсыз жерде сүйрелген
нарталардың табанынан түк қалмай, мұзбен қайтар жолға жарамайды жəне
иттер босқа титықтайды.
Бірден-бір дұрыс шешім артық мүлік пен иттерді, бір адамды қарауыл етіп,
осы күртіктің етегінде қалдыру сияқты, мұнда салқын, қалатын кісі бар
уақытын аң аулап, өзіне жəне иттерге азық табуға жұмсайды. Қалған төртеуі
жеңілденіп, жаяу Санников жерін аралайды, жинаған коллекциясын əкеліп
тастау үшін ара-тұра осы базаға келіп тұрады. Чукот жəне ламут тілдерін
білетін Горохов онкилондармен кездесе қалса сөйлесуге керек, сондықтан
заттар мен иттерді күзетуге Никифоров қалатын болды. Оны бұл жағдай
біраз күмілжітті, бірақ Солтүстіктің күллі кəсіпкерлері сияқты бірнеше күн
немесе бір апта жалғыз қалудан ол қорыққан жоқ, азулы аң кез келсе, мынау
бір қора ит маңайлатар ма, солардың қамы үшін күйбеңдеу жұмыссыз
зеріктіре қоймас та.
Екі күртіктің арасынан орын сайлап, шатыр тікті де, олар күн батқанша
заттарды сұрыптауға кірісті. Жаяу ойпатқа ендеп бара жатып, артыныптартынып ауыр жүк алуға болмайды, сондықтан ең қажеттілерін ғана –
азын-аулақ киім-кешек, аяқкиім, оқ дəрісімен мылтық алып, аң аулап, ашық
аспан астында түнемек оймен бұларға қазан мен құман қосты олар.
Кешке қарай аспанды бұлт торлап қар аралас жаңбыр жауып, шатырда
паналауға тура келді.
–Күннің мынау райы бізге ақыл салып тұр: қалдырып кететін заттар мен
нарталар жəне байдарка жаз бойы жауынның астында шіріп, бүлінбес үшін
бір амал жасауымыз керек, – деді Горюнов.
–Қазық пен қабықтан ілдалдалап күрке жасаған жөн, – деп ұсыныс айтты
Ордин.
–Ол онша жақсы пана болмайды жəне ағаш үшін алыс бару керек, – деді
Горохов.
–Ал осы күртіктер не үшін? Осылардың терең қойнауы, тегі, ерімесе керек.
Үңгір қазып, барлық затты неге тықпаймыз, əрі құрғақ, əрі салқын,
жыртқыш аңнан да қауіпсіз.
–Иттерге деп басқа үңгір қазалық, – деп пікір қосты Никифоров.
–Бұлар ыстықты ұнатпайды, оның үстіне түнде қамап тастасаң, қашып
кетпесіне жақсы.
–Түнде ғана емес, күндіз де қамау керек. Аңға шықсаң, екеу-үшеуін ғана
ертесің, үйірімен шұбатып жүрмейсің ғой. Бəрін шулатып шұбап жүрсең,
бүкіл аңды бездіріп алып, қанжығаңа түк ілінбей қояды, – деп сөзін
нығыздады Горохов.
–Тіптен дұрыс, тамаша пікір! – деп мақұлдады Горюнов.
–Ертең ертемен біз бұны жүзеге асырамыз.
Бұл күні кешке шатыр іші салқын болды – жағатын отын жоқ, маңайдан
шырпы-шылан теріп əкеп асты əрең пісірді. Сол себепті ұйықтауға да ерте
жатты. Азанда аңғардан, тіпті таяу жерден шыққан үн – мөңіреген,
маңыраған, өкірген дауыс иттердің шамына тиіп, олар жиі шабаланып,
ұйықтап жатқандарды оята берді.
–Ылғи мына шəуілдектердің жанында болатын Капитонның көрген күні
құрысын да! – деп оянған сайын бұрқ етеді Костяков.
–Қарлы үңгірге қамап тастаса тынышталады, – деп жауап қатты Горюнов
бір жамбасына аунап түсіп.
Таң атысымен іске кірісіп те кетті, балтамен олар күртіктің базальт
қабырғаға таяу тұсынан терең үңгір қазды. Қардың үстіңгі қабатының асты
жатқанына жүздеген жыл болған тұтас мұз екен, жазда ери қояр деп
қауіптенудің де қажеті жоқ. Апанға артық заттар мен екі нартаны жəне
байдарканы дестелеп үйіп, ішке жылы ауа кіріп ерімес үшін, Никифоров
жоқта кездейсоқ бір жыртқыш еніп кетпес үшін аузын үлкен тақта мұзбен
бекітіп тастады. Оның жанынан иттерге арнап əр жегінге бір-бірден үш
шағын үңгір əзірленді.
Өз тұрағына орманнан отын мен аулаған аңын тасуға үшінші нартаны
Никифоровқа қалдырды. Мұз үңгірді қатты ұнатқан Никифоров ет сақтау
үшін бір үңгір, сосын қауіпсіздік қамымен ішіне шатыр тігу үшін жəне бір
үңгір қазбақ болды. Жазатайым жыртқыш тап бере қалса, шатырдай емес,
үңгірге бір-ақ жағынан келеді, оны күзетуге екі итті байлап қойса жетіп
жатыр, сонан соң қауіп-қатер шамалы.
Бұл жұмыс тұтас бір күнді алды, жақын жердегі орманның шетінен барып
отын кесіп əкелуге əрең үлгерді олар.
ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАНУАРЛАР
Ертеңгілік бұлыңғыр болғанымен жауын-шашынсыз жəне тұмансыз еді,
сондықтан аңғарды аралап, зерттеуге еш кедергі келген жоқ. Арқасында
қоржыны, иығында мылтығы бар төрт жиһангез терістікке бет алып жүріп
кетті. Олар иттердің есті, иісшіл деген екеуін таңдап, өздерімен ертіп əкетті;
оның біреуі қара да, біреуі ақ біріншісінің аты Крот, екіншісінікі – Белуха.
Екеуі де жегін басы. Үшінші жегін басы Пеструханы ертіп жолдастарын
шығарып салуға келе жатқан Никифоров таяу күндерге талғажау болса деп
ізінше аң қағып қайтпақшы еді.
Күртіктен жырақтаған сайын көк қалыңдауға айналды, мүк енді шөпке
алмасып, поляр қайыңының шоқтары, жатаған үйеңкі мен жерге жабысқан
қызыл шырлы кездесті. Түске тармаса күннің көзі сығалап, өсімдік дүниесін
бір серпілтіп тастады. Ішке ендеп кірген сайын шоқтар да еңселеніп, кəдімгі
бал қарағайлар мен ақ қайыңдар, қызыл шырпылар алдан шығып, шөп
арасында қызыл-жасыл гүлдер көз тартты. Биіктігі үш-төрт метр
ағаштардан айналасы алаңқай, əжептəуір қалың тоғайлар түзілген.
Осындай тоғайлардың бірінен өткенде қарғылаулы иттер алға жұлқи-жұлқи
тартып, ызықты да қалды. Жиһангездер мылтықтарын оңтайлап, абайлап
басып тоғайдың шетіне келіп еді, алаңқайда жайылып жүрген үлкен
табынды көрді. Шүйдесі өркеш сияқты біп-биік, жон арқасы қап-қара,
құйрығы сабалақ қысқа сыпыртқы сияқты бір жануарлар. Біреуі басын
көтеріп еді, егізге ұқсас екен, дөң маңдайдағы шаңырақ мүйізі алға қарай
иірілген. Жануар бірдеңені сезді ме, мөңіреп қалып еді, бүкіл табын дүр ете
түсті.
Бөгелуге болмайды, Горюнов жақын жүрген бір бұқаны көздеп атып сап еді,
ол секіріп түсіп, тізерлеп жата кетті, қалғандары жалт берді, бірақ тұра
қашқан жоқ. Кейбіреулерінің мүйізі қысқа əрі нəзік екен, арасында əр
жастағы тайша – тана да жүр.
Аңшылар иттерін босатып, жүгіріп жаралы бұқаға келді. Адамдарды көріп
табын тым-тырақай қаша жөнелді де, иттер Никифоров атып жаралаған
бұзауды ұстап қалды. Кісілерді көре сала жаралы бұқа атып тұрып, ышқына
өкіріп қарсы жүрді, өзі қан-жоса болып, басын тұқыртып, үшкір мүйізімен
жайғап ештеңеге қарар түрі жоқ. Бір бүйірден абалап келген иттерге ол жалт
бұрылғанда бұлар да екі оқты қадап үлгеріп еді, бұқа жерге гүрс етті.
Олжасын қоршап алып аңшылар оған таңырқай үңілді кеп.
–Қалай десеңдер де бұл біз ойлағандай, мускус өгізі емес, – деді Костяков. –
Мұның жүні де қысқа, басы мен мүйізі де басқа.
–Иə, бұл мен зоологиялық бақтан көрген тағы тибет қодасына ұқсайды, –
деді Горюнов.
–Ал мұнда, Солтүстікте ол тұқымдардың бірден-бір өкілі мускус егізі, яғни
Оvibos моsсһаtus, – деп сөзге араласты Ордин, – оның өзі де Азияда емес,
Солтүстік Америкада ғана.
–Сөзіңіздің жаны бар, бірақ бұл қойөгіз емес, оған дау жоқ.
–Зайыры, бұл бізге Санников жері тартар жұмбақтың жəне бірі, – деді
Костяков. – Бəлки, бұны онкилондар өздерімен бірге ала келген шығар, оған
қол жұмсап, меншік заңын бұзып тұрған болармыз.
–Жоқ, бұлар тағы жануарлар, – деді Горохов. Біздің жерде мұндайлар
ешқашан болып көрген емес.
–Жұмбақты шешу үшін бұл бастың сүйегін тым құрымаса мүйізімен ала
кетуіміз керек, – деді Горюнов. – Менің есімде қалғаны, қодастың мүйізі
ұшына қарай көбірек иірілген əрі нəзіктеу еді, құйрығы қысқарақ жəне
жүндесті.
Осы екі ортада Никифоров туғанына екі-үш апта болған бұзауды сүйрелеп
алып та келді.
–Міне, бұл керемет дəмді қуырдақ болады, – деді ол.
Бұзау етін жемегеніме көп болып еді.
–Қосқа қайтып бар да, Капитон, нартаны алып кел, – деп бұйырды Горюнов,
– оған дейін біз мына еттерді бұза берейік.
Аласа орман танабының артында қара жардан айқын көрініп тұрған аппақ
күртікті бетке алып Пеструханы ерткен Никифоров кері қайтты.
Қалғандары бұқа мен бұзаудың терісін іреуге кірісті де, Горюнов
жануарлардың тұрқын өлшеп, түр-түсін жазып алып жатты. Адамдар
олжасының бір бөлегін тастап кетер деп ойласа керек, алаңқайды айналып,
төбеде күшігендер ұшып жүрді. Алайда олардың ойлағаны болмады,
Никифоров əрі қосқа апарар жүкті жеңілдету үшін, əрі тойындырып алу
үшін күллі итті ертіп келіпті. Қоштасарда оған атып алған аңның да, ұстаған
жануарлардың да бас сүйегін мұз үңгірге жиып сақтай беру тапсырылды.
Төрт жиһангез əрі тартты. Жаңағыдай ішке кірген сайын ағаштар биіктеп,
шөп шүйгінденіп сала берді: шынар, мойыл, терек, итмұрын, ырғай, тағы
басқалар ұшырасты, кейбіреуі жапырақ жайып, гүл атып қалыпты. Горохов
өсімдіктерге қызыға қарады, өйткені Казачьенің төңірегінде, тіпті бүкіл
жағалауда мұндайды ол көрмеген, ал түстік жаққа ол барса, ылғи қыста ғана
жолы түсетін-ді. 80 градус ендіктің тап түбінде Сібірде Поляр шеңберінен
шықпай, мына секілді өсімдіктердің өсуі басқаларын да қайран қалдырды.
Барған сайын орман танабы мен далаңқы жер алма-кезек алмасып, қоюлана
түсті, екі шоқтың бауырынан бағанадағыдай жайылып жатқан табын
ұшырасты. Адамдарды көрісімен-ақ жануарлар тұра қашты. Бұл тағы
өгіздерді аулайтын адамдардың бұл ойпатта бар екенін аңғартқандай еді.
Алайда олардың отты қаруы жоқ секілді, себебі əлгі жануарлар мылтық
даусына тіпті міз бақпайды. Аңғардың жиектен сегіз шақырым жерінде əлгі
қара өгіздерден басқа бойы дəл сондай бір қоңыр хайуан кездесті. Біреуі
басын көтеріп алғанда Горохов:
–Матвей Иванович, қараңызшы, мынау кəдімгі ат қой, –деп айғайлап
жіберді.
–Ұқсасы ұқсас, сонда бұл үй жылқысы болды ма екен?
–Үй жылқысы болуы екіталай, бəрінің түр-түсі бірдей құбақан екен, қыр
арқасы шоқтығына дейін қара жолақ, жалы мен құйрығы сидаң, құлағы ұпұзын, – деп сипаттап берді оны дүрбімен анықтап көрген Ордин.
–Онда бұлар Пржевальский Орталық Азияның бір қойнауынан тапқан тағы
жылқыға ұқсас болғаны да, – деді Горюнов.
–Ал бұл поляр мұзының ортасы ғой. Тылсым жердің тағы бір жұмбағы
десейші бұны, – деді Костяков.
–Қане, жақындап көрейікші өздеріне.
Орманды сағалап алаңқайды жиектей жүре отырып, олар жылқыға едəуір
жақындады. Олар егіз тектілерден бөлек жайылып жүр. Шамасы, айғыры
ма, үйірдің басы ма, бір ат басын əлсін-əлі көтеріп, алаңқайды шолып
танауы делдиіп, ауаны иіскеді. Кенет кісілерді көріп қап, кісінеп жіберді,
онысы есектің бақырғанына да ұқсас. Сол-ақ екен, жиырма шақты ірісі,
оншақты құлыны бар, үйір басын көтеріп ап, құйрығын шаншып тұра
шапты.
–Қап, қолдағы олжадан қағылдық-ау, – деп күрсінді Горохов. – Құлынның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 05
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.