Latin Common TurkicEach bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жұмбақ жер - 20
Total number of words is 621
Total number of unique words is 482
41.4 of words are in the 2000 most common words
53.4 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
мақсат етіп, ол ойын əдемі орындап шыққан. Ал онан кейінгі «Жұмбақ жер»
романы автордың суреткерлік кемелділігін, ғалымдық көрегендігін бар
қырымен жарқырата жайып салды.
Ұлы Октябрь арайы В.А.Обручевтің өмірін де шапағат нұрына орап,
жарқыратып жіберді. Əулетімен əділдікке жақ болған оның алдында
кімдермен болу керек деген сұрақ тіпті тұрған да жоқ. Себебі ол өзінің
ғұмыр бойы кім үшін қызмет етіп келгенін жақсы білетін-ді. Октябрь
күндері оған бір таныс профессор жолығып:
–Енді не істемек ойыңыз бар.Владимир Афанасьевич?
–деп сұрағанда ол іркілмей:
–Қашанғымдай Россияға… халықтық Россияға қызмет етемін, – деп ашып
айтты.
Осыдан көп ұзамай ол Жоғары Халық шаруашылық советіне қызметке
орналасты. Москва геология академия-сында профессор бола жүріп,
Владимир Афанасьевич геология комитетінде, қолданбалы минералогия
жəне металлургия институтында, алтын кені трестерінде аға геолог, бас
маман, ғылыми совет мүшесі қызметтерін қоса атқарды. Сөйте жүріп ол
ғылыми зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазуға да, студенттер үшін күрделі
оқулықтар құрастыруға да уақыт тапты. 1926 жылы əуелі неміс тілінде,
сонан соң орыс тілінде жарық көрген «Сібір геологиясы атты еңбегі үшін
Обручевқа алғашқы Ленин атындағы сыйлық берілді.
Үш жылдан соң ол КСРО Ғылым Академиясының толық мүшесі болып
сайланды. Академияның əуелі геология институтын басқарып, кейін өзі
құрған мəңгі мұздарды зерттеу институтына жетекшілік етіп, ұшан-теңіз
ұйымдастырушылық қызмет атқарды. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары ол
жасының ұлғайып қалғанына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастан асып
жатқанына қарамай, Геология-география ғылымдары бөлімшесінің ғалым
секретары ретінде көп қажыр-қайрат көрсетті. Ол басқарған бөлімше соғыс
жылдары қорғаныс маңызы бар қыруар жұмыс жүргізді, Сібір –
В.И.Обручевтің ең сүйікті тақырыбы еді. Оның «Сібірдің геологиялық
зерттеу тарихы» атты көп томды ғылыми еңбегі КСРО Мемлекеттік
сыйлығына екі мəрте ие
болды. Ал «Жұмбақ жер» романы да осы тақырыпты толыстыра,
кемелдендіре түскен келелі туындысы. Оның мың сан оқырмандардың ғана
емес, оқымыстылардың назарын аударғаны осыдан. Романда суреттелген
жұмбақ жерді іздеуге кезінде самолетпен ұшқыштар да шыққан болатын.
…Міне, сол ұшқыштардың бірі Владимир Афанасьевичтің алдында отыр.
Санников жерінен сабақталған əңгімені сап тыйып, енді ол əскери адамның
аузына қараған да қалған.
–Біз сіз ойлағаннан əлдеқайда алысқа барып қайттық. Мына мен күн
системасындағы планеталарға ұшу сапарына қатыстым.
–Не дейсіз, шын ба? Қандай снарядтармен ұшып жүрсіздер?
–Ракеталық снарядпен… ракетамен ұштық. Ұшу сапары сəтті болды, дін
аман оралғанымды көріп отырсыз ғой.
–Ал сонда қай планетада болдыңыздар! Əлбетте Жеріміздің серігі – Айға
бардыңыздар ғой əуелі?
–Жоқ, Ай геологтарға ғана қызық. Онда ауа да, су да, өмір де жоқ. Біз одан
əрі асып, Меркурий мен Марс, Шолпанға бардық.
–Міне, ұшу деп осыны айт! Кəне, снарядтың ұшуын, қонуын,
шапшаңдығын жəне космос сəулесінен қалай қорғанғандарыңызды түгел
айтып беріңізші. Қандай аппаратуралар қолдандыңыздар?
Дүние саларынан алты жыл бұрын 1950 жылы жазылған «Планеталарға
сапар» атты əңгімесінен алынған осы диалог В.А.Обручевтің айналысқан
ғылымдарының ауқымы қаншалық кең болғанын аңғартса керек. Ол
геология мен география ғана емес, ғарыш тылсымына да ден қойған. Алыс
планеталарға адам ұшатынын сонда-ақ біліп, пешенесіне сол борышты
орындау жазылған жастарға қызыға қараған.
«Сендердің еншіңе Айға, алыс жұлдыздарға саяхат жасау бақыты тиді… –
деп жазды ол жастарға. – Армандай біліңдер! Шындап күрескілерің келсе,
үлкен істер үшін күресіңдер. Қабілет те бұлшық ет сияқты шыныққан сайын
шыңдала түседі. Екінің бірі ерен жаңалық аша бермейді, ал аша алмаймын
деп тайсақтаған адам түк те бітірмек емес. Сендер ата-бабаларыңнан көш
ілгері болуларың керек!»
Осынау мұратты ту тұтқан азамат ғалымның өзі ұдайы асқарға талпынып,
алысқа шарқ ұрып, шығармашылыққа толы сан қырлы, саналы өмір кешті,
балаларын да солай баули білді. Ұлдары да əке жолын ұстанып, ғалым
болды. Он төрт жасында Жоңғар сапарына ертіп шыққан екінші ұлы Сергей
Владимирович əкесінің ізін басып, ірі геолог, үлкен əдебиетші болып,
академик атанды.
–Табыстарымның түп төркіні еңбектен лəззат таба білуімде болса керек, –
дегенді В.А.Обручев. – Менің өмірімнің мəн-мазмұны – тек қана еңбек,
шығармашылық еңбек.
Еліміздің ғылымы мен мəдениетінің, əдебиетінің ұлы еңбеккері болған
ғұлама ғалымның, жиһангез жазушының өмірі ұрпақтарға өнеге. Оның
ерлікке үндеп, еңбекке баулитын ғылыми-ғажайып романдарың əңгіме,
повестерін оқып, талай ұрпақтың жеті қат жер астын үңгіп, ұлы мұхиттарға
сүңгіп, шырқау жұлдыздарға ұшуға талпынары сөзсіз.
Сарбас АҚТАЕВ

You have read 1 text from Kazakh literature.
- Parts
- Жұмбақ жер - 01Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3932Total number of unique words is 214831.6 of words are in the 2000 most common words44.2 of words are in the 5000 most common words52.3 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 02Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4087Total number of unique words is 229530.8 of words are in the 2000 most common words43.1 of words are in the 5000 most common words50.6 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 03Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4186Total number of unique words is 213433.8 of words are in the 2000 most common words47.5 of words are in the 5000 most common words55.9 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 04Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4107Total number of unique words is 212334.0 of words are in the 2000 most common words47.1 of words are in the 5000 most common words54.1 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 05Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4009Total number of unique words is 211334.1 of words are in the 2000 most common words47.4 of words are in the 5000 most common words54.5 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 06Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4008Total number of unique words is 229132.1 of words are in the 2000 most common words46.6 of words are in the 5000 most common words54.6 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 07Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4001Total number of unique words is 222134.5 of words are in the 2000 most common words48.9 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 08Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4033Total number of unique words is 220233.9 of words are in the 2000 most common words47.7 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 09Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4075Total number of unique words is 223734.5 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words57.2 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 10Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4112Total number of unique words is 228233.0 of words are in the 2000 most common words47.6 of words are in the 5000 most common words55.4 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 11Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4107Total number of unique words is 216235.2 of words are in the 2000 most common words50.6 of words are in the 5000 most common words58.7 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 12Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4068Total number of unique words is 228933.2 of words are in the 2000 most common words48.1 of words are in the 5000 most common words55.8 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 13Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4043Total number of unique words is 206536.4 of words are in the 2000 most common words51.0 of words are in the 5000 most common words57.8 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 14Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4003Total number of unique words is 216135.3 of words are in the 2000 most common words50.4 of words are in the 5000 most common words57.4 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 15Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4094Total number of unique words is 210334.0 of words are in the 2000 most common words49.3 of words are in the 5000 most common words57.0 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 16Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4127Total number of unique words is 201437.1 of words are in the 2000 most common words51.1 of words are in the 5000 most common words58.6 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 17Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4180Total number of unique words is 210134.8 of words are in the 2000 most common words50.0 of words are in the 5000 most common words56.7 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 18Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 4130Total number of unique words is 218835.0 of words are in the 2000 most common words49.0 of words are in the 5000 most common words56.6 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 19Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 3995Total number of unique words is 237628.9 of words are in the 2000 most common words41.0 of words are in the 5000 most common words49.7 of words are in the 8000 most common words
- Жұмбақ жер - 20Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.Total number of words is 621Total number of unique words is 48241.4 of words are in the 2000 most common words53.4 of words are in the 5000 most common words59.1 of words are in the 8000 most common words