Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 07

Total number of words is 4001
Total number of unique words is 2221
34.5 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ысырылып, орта тұстан бақсы ойнап, құдайға құлшылық қылатын алаң
тазартылды. Жертөле күңгірт тартып, шоқтың қызыл сəулесімен ғана сол
жарық болып тұрды.
Кешкі астың үстінде Амнундак бақсыға ақ адамдардың онкилондар жеріне
қалай келгенін, бұлардың кім екенін, не істеп, не қойғанын, бұғыны қалай
атып түсіргенін айтты. Бақсы басын изеп қойып, ара-арасында сауал бере
отырып, үнсіз тыңдады оны. Кешкі астан кейін тəуеп етер алдында ол үйден
иттердің шығарылуын талап етті. Ол тілегі орындалган соң сыпырыпсиырылып тазартылған алаңға, алқа-қотан қоршаған жұрттың ортасына
отыра кетіп, беліне байланған былғары дорбасынан бір шөкім ақ ұнтақты
алып алақанына салды да, тілімен бір-ақ жалады. Мұнысы кептірілген улы
атқұлақ деді Горохов жиһангездерге, камчадал коряк жəне басқа халықтар
өзінше лəйлітіп масаң тартқызар наша ретінде қолданады.
Біраз уақыт сөніп бара жатқан оттың шоғына меңірейе телміріп отырды да,
бақсы даңғырасын алып қағып жіберіп еді, саусақ астында қатты тартылған
ішек естілер-естілмес үн шығарды. Үн бірте-бірте үдеп, оған қосылып,
бақсы баяулата əндетіп кетті, əуелі көмейден қырылдай ақырын шыққан
дауыс бірте-бірте екпіндеп түйдектеле түсті. Дауыс пен даңғыра дүрілі
үйлеспей, ара-арасында өксіген, еніреген үн мен жеке сөздер
жарықшақтанып шығып кетеді. Бақсы əуелі оттан көз алмай, алды-артына
теңселіп отырды да, жыны буған кезде атып тұрып бір орында шыр
айналды, даңғырасын жебей қағып, еңіреп екпіндеп кетті. Шыр
айналғанында ұзын тоны, сылдырмақ таққан белдігі мен таяғы иығынан
ысырылып, бірінің үстіне бірі кигізілген конус болып, шошақ бөркіне
ұқсады да қалды. Даңғыра ұстаған қолы төбесіне көтеріліп безек қақты,
даңғыра шырқ үйіріліп, селкілдеп, секіріп, билеп, қатты күмбірлеп кетті.
ЬІшқына өксіген айқаймен əн кенет кілт үзіліп, сылқ ете қалған қолынан
даңғырасы ұшып кетіп, бақсы жерге сұлап түсті де, есінен танғандай сұлық
жатты, осы қалпын бұзуға ешкімнің дəті бармады. Екі езуінен көбік
бұрқырап, еті қашқан бетінен төмен ағып жатыр. Көрермендердің бəрі
тылсым
тыныштыққа батып, жаңа ғана айғай-сүрең кернеп кеткен жертөле мүлгіп,
мазаң үнсіздік басты. Əлгі əзірде бақсы əніне абалап үй сыртынан ауықауық үн қосып тұрған байлаулы иттер де сап тынған.
Бес минут өткенде бақсы орнынан тұрып, ұсына берген бір тостаған сүтті
бірден басына көтерді де, əлсіз үнмен бірер ауыз сөз айтты. Ол сөзі табан
аузында-ақ тыңдаушыларын толқытып, сыбыр-күбірді көбейтіп жіберді.
Көсем оның сөзін дауыстап қайталап шықты да, Горохов аударып берді.
–Аспан рухы онкилондар жұртын үлкен қайғы-қасірет күтіп тұр депті
бақсыға.
Амнундак қолын көкке көтере беріп еді, бақсы белгі беріп оны қайта
түсіртті. Көрермендер қатарын қуанышты күбір кеулеп кетті, көсем оны
былай түсіндірді:
–Бақсы айтады, жатжерліктер онкилондардың мекенінде болған кезде
ешқандай зобалаң əзір тумауы мүмкін. Рухтар осылай дейді.
Бақсы баяу көтеріліп, көсем мен жиһангездерге қатар қоштасу ишаратын
жасап, екі жауынгердің ортасында, шығып жүре берді. Ол кетісімен
жертөледе гу-гу əңгіме басталды. Жиһангездер де өзара күбірлесіп отыр.
Бақсы ойынының нəтижесі бұлай болар деп олар ойлаған жоқ-ты. Бір
жағынан ол бұлардың онкилондар арасында болғанда қауіп-қатерді
білмеуіне жағдай жасаса, бір жағынан осы халықпен жіпсіз матастырып
тастады. Қайғы-қасіретті маңайлатпаудың кепілі ретінде ұстап, онкилондар
бұлардан өлмей айырылар ма енді. Рас, бұлардың жоспарында Санников
жерінде қыстап шығу бар болатын, бірақ келер көктемнің басынан əрі
қалмауы керек еді ғой. Онда онкилондар жібере ме, жібермей ме?
–Бізге белгілі аңызды қайталаған айлакер бақсының өз болжамына жаңағы
түзетуді тегін енгізбегенін түсіну қиын емес, – деді Горюнов. – Қу шал
нажағай мен жасыны бар адамдар дос ретінде онкилондарға пайдалы да, қас
ретінде аса қатерлі екенін жақсы біледі.
–Қоя берсек, осынау ғажайып жердің жолын біліп алған бұлар көп боп
келіп, чукчалар сияқты онкилондарды айдап шығады, деп ойлайды ғой, –
деп Ордин оның ойын айқындай түсті.
–Дұрыс айтасыз! – деді Костяков. – Жүздеген жылдар басқа дүниеден
бөлініп қалған бұл адамдардың, бар ғой, қазір əлемде не болып жатқанынан
түк түсінігі жоқ, өткені туралы естелікпен ғана өмір сүріп жатқан бір жұрт.
–Не болса да біз бұларға жуық маңда кетеміз деп ауыздан да шығармайық, –
деді Горюнов.
–Иə, онда олар бізді тұтқынға алып, қамауда ұстауы кəдік, – деп қостады
оны Ордин.
–Бері қойғанда қыр соңымыздан қалмай, емін-еркін жүруімізге бөгет
жасауы мүмкін, – деді Костяков.
–Бірге тұрып, жақын таныса келе сəуегейліктің бəрі сандырақ екенін, оларға
ешқандай қауіп-қатер төнбейтінін айтып түсіндірерміз, көзін жеткізерміз.
Көсем ылғи жатжерліктердің əңгімесіне құлақ тігумен болды, ақыр аяғында
ол орнынан тұрып, барлық тұрғындар естісін дегендей дауыстап сейледі,
басқалардың əңгімесі бірден тыйыла қалды.
–Онкилондар, жауынгерлер мен əйелдер! Жаңа бақсы не айтқанын, оған
аспан рухы не дегенін бəрін есіттіңдер. Ақ меймандар əзір бірге тұрғанда
бізге ешбір бəле жоқ. Сондықтан олардың бізбен қалуын өтінелік.
–Иə, иə, сұрайық соны! – деген дауыстар жан-жақтан жауып кетті.
Көсем меймандарға бұрылып иіле түсіп тағы сөйледі.
–Ақ адамдар, тəңірінің жаушылары, онкилондар жұрты сендер қалсын деп
сұрап тұр. Сендер онкилондарды бақытсыздықтан сақтайсыңдар. Біз
сендерге бəрін де береміз, қажет пе – жақсы жай аласыңдар, азық-түлік мол,
қыс түсе жылы киім əзір, қалаған ең сұлу əйелдеріңді қосамыз – əйтеуір
ештеңеге мұқтаж етпейміз. Көсеміміз құсап тұрасыңдар.
–Бəрін, бəрін де береміз, тек бізбен қала гөріндер! – деп жамырады ерлер
мен əйелдер даусы қосылып, меймандарға жалынышты кейіппен жанжақтан қол жаяды бəрі.
Орнынан тұрып Горюнов жауап берді:
–Жақсы, қашан өздеріңіз жібергенше, конақ болып сіздермен қалуға
келісеміз. Бірақ біз жерлеріңіздің бəрін көруіміз, сіздер көрсетуіңіз керек.
Бұл сөзді Горохов аударғанда қуанышты айғай-шу жертөлені басына
көтерді. Көсем əрбір мейманның алдына екінші мəрте бас иіп, қолын
маңдайына ұстап, жүрегіне апарды, мұның себебін кейін сұрастырып білсе,
«арам ойсыз, адал жүректен!» деген белгі екен.
–Жақын арада бізде көктем тойы болады, – деді ол содан соң. – Оған
тайпаның жас əйелдері мен бойжеткен қыздары түгел жиналады,
қаласаңдар сонда келіншек таңдап алуларыңа болады. Сендердің
келіншектерің алыста қалды,
–деп қолын түстікке қарай сермеді. – Ал адамға əйелсіз тұру көңілсіз.
–Міне, біз күйеу жігіт болып та шыға келдік! – деп ыржиды Горохов.
–Ал бұл енді біздің аяғымызды мықтап тұрып тұсайды,
–деді Горюнов.
–Жарайды, бəрін де келешек көрсетер! – деп пəлсапамен түйді сөзін Ордин.
КИЕЛІ ТАС
Жатжерліктердің калуға келісім бергенінен қуанып шулаған онкилондардың
көңілі тынған тұста қайта от тұтатты, ал Амнундак меймандарын əңгімеге
тартты.
–Сендер біздің жерді түгел көрсек дедіңдер. Оның қандайлық қатер екенін
білесіңдер ме? Ормандарда əр алуан жыртқыш аңдар жүреді.
–Олардан біз қорықпаймыз – өзімізге шапқызбай, жыртқыш аңның кез
келгенін жасынымызбен жайрата саламыз, – деген жауап алды ол өз сөзіне.
–Орманда азулы аңнан басқа ақымақ адамдар да жүреді, олар
жыртқыштардан əлдеқайда қауіпті.
–Мынасы қызық екен! – деді Ордин жолдастарына.
–О не, олар да онкилондар ма? Олар неге қатерлі?
–Жоқ, олар онкилондар емес. Олар тағы адамдар, біз солармен ұдайы
соғысулымыз. Жəне өздері аса əлеуетті, жекпе-жекке келгенде біз белдесе
алмаймыз. «Вампу» деп атаймыз оларды, бұл «жалаңаш адамдар» деген сөз.
–Қайда тұрады олар?
–Олар ма, əрменірек, біздің жердің шығыс жағында. Орманда жасырынып
жүріп, жауынгерлер аң аулауға кеткенде біздің мекендерге шабуыл жасап,
кемпір-шал бала-шағаны бауыздап, əйелдерді алып кетеді. Қатты қорқамыз
біз олардан. Жасырынып жатып дəу шоқпармен, найза, пышақпен дүрсе қоя
берсе, сендердің əлдерің жетпейді.
–Соншалық көп пе олар?
–Қанша екенін білмейміз. Бабаларымыз келгенде осы жер түгел солардың
мекені еді дейді ғой. Олармен ұзақ соғысып, шығысқа қарай тықсырған
көрінеді.
–Олардың да баспанасы бар ма?
–Жоқ, қыста олар үңгірлерде тұрады, жазда ұя салған құс сияқты ағаш
басында жүреді…
–Өткен жолғы саяхатта көргеніміз, міне, солардың ізі болды ғой, – деп
қалды Горюнов.
–Олардың тірі тəңірісі бар, ашулы да алып құдайлары, –деп сөз жібін əрі
созды Амнундак. – Оларға ылғи құрмалдық шалады.
–Онысы не құдай болды екен?
–Біздің жерден тұмсығында мүйізі бар алып аңды көрдіңдер ме?
–Ə, мүйіз тұмсықты ма? Иə, көргенбіз.
–Олардың құдайы онан əлдеқайда үлкен. Мүйіздік орнына олардың
басында бесінші аяқ бар, əлде қол ма екен, əйтеуір өзі ұп-ұзын болғанымен
ыңғайлы. Сол қолымен ол ағашты түбірімен қопарып, адамды да ұстап
алып, жерге атып ұрады да, қалған төрт аяғымен таптайды кеп.
–Міне, аңның көкесі! – деп қайран қалды Горюнов.
–Ол аңның аузынан екі үлкен тіс сойдиып шығып тұрады, олары аюдың
азуынан əлдеқайда ұзын əрі толық.
–Бəлкім, піл болар! – деп топшылаған Горюнов.
–Мамонт емес пе екен? – деп жорамалдады Ордин. – Солтүстіктен піл не
алады? Жүні бар ма екен өзінің? – деп сосын ол Горохов арқылы көсемге
сұрақ қойды.
–Иə, ол сабалақтау, жүні қызыл.
–Қой, мамонттың жүні қызыл ма еді? – деп күмəнданды Костяков. –
Суреттеріне қарап жүні қара ғой деп ойлап жүруші едім.
–Жоқ, ол дұрыс емес, – деп кесіп айтты Ордин. – Сібірден табылған өлігіне
қарағанда, жүні қызыл-күрең немесе жирен… Ал мамонтты вампулар қалай
үйретіп алып жүр десейші?
–Əлгі аң сол тісімен жер қазып, жеуге тамыр қопарады,
–деп сөзін жалғастырды көсем, – қыста қарды күреп, шөп тауып
азықтанады. Олардың сол тістері бізге аса қажет, одан тамаша пышақ,
найза, жебе жасалады. Бірақ біз оларды сирек соғып аламыз, себебі жабайы
адамдар өз құдайын қатты қорғайды.
–Ендеше вампулармен, олардың үйімен танысу тіпті қызық болды ғой, –
деп қуанып кетті Горюнов.
–Мен сендерге бəрін де айттым, – деді Амнундак. – Сендер енді тағы
адамдарға жалғыз баруға болмайтынын білесіңдер. Жалғыз барсаңдар
жайратып салып, жеп қояды, ал онкилондар үшін бақытсыздық басталады.
Біз сендерді қорғаймыз. Сендерге еріп тағы адамдарға барлық жауынгерлер
барады. Оларды жою үшін қырғын соғыс бастаймыз. Вампулар мен
олардың құдайын жер жастандыруға сендердің нажағайларың
жəрдемдеседі.
–Жазалау экспедициясы… – деп мырс етті Ордин, – жендеттері біз ғой.
Онша абыройлы іс емес екен.
Алайда онкилондардың көңіліне көсемінің сөзі қона кетті. Шамасы,
олардың вампуларды осылайша жек көруіне бұлтартпас себебі болса керек.
Əрине, ондай қанқұйлы көршілерді қырғын соғыстың қырсығынан
құрлықтан кеткен тайпа жақсы көре қоймайды.
Вампу туралы бар білгенін сарқып, Амнундак меймандарға жатар орын
əзірлейтін уақыт болғанын ескертті. Жертөледен кірер ауызға қарама-қарсы
оның өз отбасымен жататын бөлегінің жартысын тазалап, əйелдер жерге
бұғы мен аю терілерін төсеп, бұғы жүні салынған жастықтар тастады. Бұл
бөлікті үй мүлкі салынған сандықшаларды араға қойып, көсем отбасы
жатқан жақтан бөліп тастады да, Амнундак меймандарының енді тынығуын
өтінді. Жертөленің бүйірдегі қалған екі бөлегінде онкилондар жатып та
үлгерген еді: ерлері тыр жалаңаш шешініп, киімдерін басына жастанып,
қаруларын қасына қойды. Бір жауынгер кірер ауызда қарауылда қалып,
үшеуі оны ауыстыру үшін от басына шешінбей жатты. Қарауылдағы адам
жертөлені жылыту үшін отты жаңартып, ауық-ауық отын əкелу үшін тысқа
шығып тұрды. Бұғы табынын күзететін жауынгерлер де біріне-бірі дыбыс
беріп алмасып отырды.
Түн тыныш өтті. Онкилондар таң атқасын тұрды. Бəрінен бұрын əйелдер
оянып, отты дүрілдете жағып, ет қуыруға, сорпа пісіретін тас қыздыруға
кірісті, қалғандары дала салқын болған соң киініп, бұғы саууға шықты.
Олардың кигені өзгеге ұқсамайтын бір тері киім: шалбары мен кеудешесі
тұтас, омырау тұсында үлкен тілік бар. Əйелдер əуелі аяғын сұғып, киімнің
кеуде жағын көтереді де, қысқа жеңдерді кие қояды. Жертөлеге қайтып
келген соң жеңіл қимылмен күртешесін иығынан ысырып тастаса, бар киім
аяғының басына түсе қалады.
Терінің үстінде жатқан жиһангездер байқатпай əйелдердің қалай шапшаң
киініп-шешінгенінен, қоңыр тəндері отқа шағылып, тыр жалаңаш дерлік
шаруамен қалай шұғылданып жүргенінен көз алған жоқ.
Жиһангездердің бір байқағаны – төрт бұрымы арқылы əйелдерден шапшаң
айыруға болатын бойжеткендердің бұлар жаққа жиі көз тастап, өзара
сыбыр-күбір сөйлесіп күлісетіні. Сұлулардың мазасын алып жүрген мəселе,
соңыра көктем тойында жар таңдағанда жатжерліктердің қалауы қайсысына
түсетіні екенін аңғару қиын емес.
Онкилон қыздарын үш жолдасының қалың сақал-мұрты мен ақ жүзі
ынтықтыратынын Горохов естіп те алды.
Онкилондардың бет-аузында түк жоқ десе де болады, тек шалдарға ғана
селеу мұрт пен бес тал сақал шығады. Якут болғандықтан Горохов та бұл
жөнінен онкилондарға ұқсас, өңі де солардай қараторы. Сондықтан ол
онкилон қыздарын онша қызықтырмайды.
Əйелдер ас қамдап болғанша еркектер асықпай киініп, сонан соң қаружарағын қарап шықты. Жертөленің біресе ана, біресе мына бұрышынан
балалар даусы шығып, кейде сəбидің жылағаны естіледі. Сəби жыласа-ақ
болды, ас қамдап жүрген əйелдердің бірі емізгелі тұра жүгіреді.
Біртіндеп жұрттың бəрі де тұрып, ертеңгі тамаққа бас қойды. Баяғы
бірыңғай дастарқан мəзірі – пісірген, қуырған ет: тек сүт торсықтың салқын
сүті емес, ыстық еді: су қосып, аздап жаңғақ ұнын сеуіп сорпаға ұқсатып
берді оны да. Бетінде кесек майлар кілкіген сүт-сорпа əжептəуір дəмді
болып шықты.
Ертеңгі ас үстінде көсемнен онкилондар Санников жерінде қанша жыл
тұрады деп сұрады. Бұл жұртта ешқандай жазба жоқ екенін, бабаларының
өмірі туралы мағлұмат ұрпақтан-ұрпаққа аңыз есебінде əсіреленіп
жететінін жиһангездер біліп алған. Алайда онкилондарда тұрпайылау болса
да шежіре бар болып шықты.
–Төрт жүз жылдан астам тұрады, – деп жауап берді сəл ойланған Амнундак.
– Анық білу үшін бақсыға баралық, соның үйінің жанындағы тасқа əрбір
жыл белгіленіп отырған. Ас ішіп болған соң жанында көсем мен оншақты
жауынгер бар жиһангездер үлкен жолмен орманды басып батысқа қарай
тартты. Жол-жөнекей Амнундак оларға беті білдіртпей жабылған қамбаны,
яғни үстіне жіңішке сырғауыл салып, бұтамен, жапырақпен жапқан
тереңдігі екі метрден асатын төртбұрыш ұраны көрсетті. Осындай орларға
анда-санда өгіздер, жылқылар, мүйізтұмсықтар құлап, онкилондар оларды
найзамен, жебемен мүрдем кетіріп, олжа етеді екен.
–Аң жүретін сүрлеулерде мұндай ұралар көп десе де болады, жол
бастаушысыз жүрсеңдер, сендер де түсіп қалуларың кəдік, – деп ескертті
көсем.
–Біздің алдымыздан ит жүгіріп отырады, – деп қарсылық білдірді Горюнов.
– Олар мұйізтұмсық пен өгізіңізден есті, ор кездессе иіскеп тоқтай қалады
да, белгі береді.
–Онкилондарға ит аса пайдалы болар еді, – деді Ордин.
–Ол аң аулауға да, үй күзетіне де, тағы адамдармен соғысуға да керек.
–Сіздің иттер өсіп-өніп, бірнеше жылдан кейін күзетшіміз болады! – Осы
сөзді Амнундактың сеніммен айтқаны сондай, меймандары бір-біріне
қарап, еріксіз жымиып қойды. Ұзамай үлкен жолдан бұрылып, олар
бақсының жертөлесі тұрған шағын алаңқайға шықты. Бақсының баспанасы
да көсемнің жертөлесіне ұқсас екен, бірақ əлдеқайда кіші, себебі онда
өзінен басқа бір ғана шəкірт пен күтуші егде əйел тұрады.
Алдын ала хабарландырылып қойса керек, бақсы меймандарды
табалдырықтан қарсы алып, кірер ауызға қарама-қарсы құрметті орынға
енгізді. Баспананың іші өзінше бір анатомиялық музей: төрт аша түгел,
бұрыштағы үргілер сықастыра ілген құрмалдықка шалынған бұғы, өгіз,
жылқылардың басы, құрметті орында мүйізі карағайдай мүйіз тұмсықтың
бас сүйегі тұр.
Меймандардың жайғасуы-ақ мұң екен, күтуші кемпір кеше жатжерліктер
нажағайымен жайратып салған садақа бұғының миы мен тілінен жасалған
тағам əкеліп қойды. Құрмалдыққа шалынған жануарлар етінің дəмді жері
ылғи осылай құдайдың қызметшісі деп бақсыға жіберіледі екен.
Меймандарының онкилондар өмірінің жылнамасы жазылған тасты көрмек
ниеті барын Амнундактан білген бақсы оларды ілгері батысқа қарай бастап
жүрді. Сүрлеу ұзамай аңғар жиегінен бір-ақ шығарды. Бұл арада да ұшар
басы бұлтқа сүңгіген адам аяқ баса алмас жып-жылтыр қара базальт құз тап
болды. Сол күні аңғар үстін торлаған бұлтпен түнере түскен тік жардың
етегі – басқа жердегі сияқты жоғарыдан құлап, қына басқан тас
жарықшақтары. Солардың арасынан салмағы бірнеше жүз тонналық алып
жартас айырықша көрінді. Оның айналасы тастан аршылып, үлкен
шеңберге ұқсастырылып тазартылған. Осы жартастың түбінде құлшылық
етіп, құрмалдық шалатын көрінеді. Садақа болған жануарлардың сүйегі
қара тастың етегін көмкеріп, ақ жолақ боп орап, үйіліп жатыр.
–Бұл тас біздің бабалар осы жерге келген жылы түсіпті, –деп баяндады
Амнундак. – Сондықтан мұны тəңірінің жіберген сыйы деп білеміз. Жыл
сайын қысқы түннен соң күн көзі көрінген кезде осы араға жиналып
құдайға құлшылық етіп, құрбан шаламыз. Осынау оқиғаны бақсы тасқа бір
сызық салып, белгілеп қояды. Сол сызықтарды есептесендер, біздің бұл
арада неше жыл тұрғанымыз шығады.
Ол осыны айтып меймандарды жартастың түстік жанындағы жылтыр
бетіне алып келді, онда қатты бір құралмен тіке тартылған таяқшалар
сызылыпты, əр оныншы сызық өзгелерінен ұзын, демек, санап шығуы қиын
емес. Бақса, онкилондардың Санников жерінде тұрғанына төрт жүз жиырма
төрт жыл болыпты.
–Амнундак бұл тас көктен құлады дегенде, ағып түскен алып жұлдыз болды
ғой, тегі, деп қызығып калып едім, – деді сыбырлап Ордин.
–Мынау əншейін ғана базальт екен ғой, əрине, бұл анау құздан құлап түскен.
–Анау не айтып тұр? – деп сұрады бақсы. Горохов оған ақ адам мына тасты
аспаннан емес, анау таудан құлап түскен деп тұр деді.
Бақсы оған ұнатпай қарап, басын шайқады.
–Бабаларымызды осында бастап келген ұлы бақсы бұл тастың қалай
құлағанын өз көзімен көріп, бірінші болып тəуəп еткен оған.
–Таудан тек уақ тастар ғана құлайды, – деді бақсының сөзін қолдаған
Амнундак, – ал мынау біздің үйімізден де үлкен. Мұның астында бес бұғы
жатыр. Осы жерге келгендердің құдайға берген құрмалдығы деп басып
қалды бұл тас оларды. Көктің жазмышы солай.
Киелі тастың етегінде осылай əңгіме-дүкен қызып жатқанда жырылып
кеткен Костяков оларды əңгімелесіп тұрған қалпында таспен қоса суретке
басып та алды.
Содан соң Амнундак меймандарды құздың етегіне бастап келіп, бұрын
вампулар тұрған үлкен үңгірді көрсетті. Тас түсер алдында осы баурайда
онкилондардың вампулармен үлкен шайқасы болыпты. Онкилондар
вампуларды жеңіп, шығысқа қарай тықсырып тастапты. Тіпті осы оқиға да
таспен сабақтастырылады.
Үңгірде шіріген шоқпар, сынған найза, түтеленген тері, шағылған сүйек,
үйілген күл жатыр.
Жалпы, сүйек шашылған мына үңгір, бұлтқа сүңгіп түксиген қара құз, алып
қара тас, оның төңірегінде үйіліп жатқан сүйек-саяқ көңілді құлазытып,
жиһангездер жертөлеге барар жолдағы жасыл орманға жетуге асықты.
Амнундак үйінің алдындағы алаңқайда жұмыс қызыпты да кетіпті –
онкилондар тұтқын қонақтарына жертөле салуға кіріскен. Жауынгерлер мен
əйелдер жұмыстан бел жазар емес, бірі төрт құбыланың төрт ашасына жер
қазып жатса, бірі ағаш кесіп, бөрене сыптап əуре, бірі балта даусы естілген
орман жақтан сырғауыл тасып жүр, ал əйелдер төбеге жабатын шым ойып
жатыр. Құрылысшылардың қаншама жан салғанына карамастан жұмыс
барысы баяу, себебі тас балта, сүнек пышақ, шақпақ сүргі ағашқа онша
батпайды.
Баған-діңгекке деген жуан бөренелер қанша уақыт алғанына қарап тұрдытұрды да, Горюнов жолдастарына ұсыныс жасады.
–Кəне, онкилондарға ақ адамдардың жұмысты қалай істейтінін бір көрсетіп
жіберейік.
–Жəне көрсеткенде қандай! – деп жанығып кетті Горохов. Төртеуі де
балталарын əкеп жұмысқа кірісіп кетті, жаңқалар жан-жаққа ұшып, ұрған
сайын балта ағашқа тереңдей кіріп, тас құралмен онкилондардың бір күн
істейтін шаруасын бұлар ширек сағатта-ақ тындырып тастады. Ақ
адамдардың балтасы бөренеге тиісімен-ақ онкилондар өз ісін тастай беріп,
бұларды қаумалай қоршап, таңдай кағып тамсанумен, жұмыстың
шапшаңдығына қайран қалып, мадақ айтумен болды. Бақытына қарай
жұмсақ жер кездескен əйелдер əуреленіп пышақпен қазып, қолмен
топырағын уыстап шығарып, таяз төрт шұңқыр əзірлегенше бұлар төрт
ашаны, оның үстінен жүргізетін үргілерді сыптап, сақадай-сай етіп үлгерді.
–Қап, бұрғының болмағанын қарашы, мынаны тесіп, мықты бір сына
жіберсек қой, аша мен үргінің басы қалай керемет ұстасар еді! – деп өкінді
Горохов.
–Қашау болғанда да екеуі жақсы қиюласатын еді! – деп қостады оны
Горюнов.
–Иə, əрине, ол жақсы болатын еді, жазатайым жер сілкінсе, мынау ашаның
басынан көлденең ағаш шығып кетіп, басып қалуы кəдік, – деп қауіп айтты
Ордин.
–Мұнда жер сілкінуі де мүмкін бе? – деп сұрады Костяков.
–Тіпті əбден мүмкін. Біз əлі сөніп біте қоймаған көне жанартау кратерінің
түбінде тұрған жоқпыз ба, көлдегі анау ыстық қайнарлар – соның белгісі.
–Кəне, Никита, сұрашы, мұнда жар шайқала ма екен? – деді Горюнов.
Күмəнді қуаттаған жауап алынды: онкилондар анда-санда жердің
шайқалғанын сезініп тұрады, бірақ сілкініс онша күшті емес, залалы жоқ.
Қариялар бұрынырақта қатты жер сілкінгенін біледі, содан үйлер түгелге
жуық құлап, жүгіріп шыға алмаған жиырма шақты адам астында қалған.
–Олай болса, біз бағанды жылжымас үшін тағы бір сырғауылмен бастырып
тастайық, – деді Ордин.
Түске дейін төрт ашаны орнатып, үргінің басымен ұштастыра бекітіп те
үлгерді. Түскі астан кейін жиһангездер төбеге жаяр сырғауыл кесіп əкелу
үшін онкилондармен орманға кетті. Жуандығы жеңді білектей сырғауылды
кесу үшін онкилондар бір сағаттан артық уақыт жұмсайды, ал бұлар болса,
оны бес-ақ минутта құлатып тастайды. Кешке қарай қажет ағаш əзір болып,
алаңқайға сүйреп шығарылды.
Бұл күні ақ адамдардың келгені жайындағы хабар онкилондардың барлық
мекеніне тарап үлгерді де, кешке қарай жатжерліктерді көргісі келген жақын
жердегі жауынгерлер ағылып келе бастады. Жиһангездер жұмыстан кейін
тынығып жатқан жертөле əп-сəттің арасында тарылып шыға келді. Бірақ
шеттен келгендер шетін мінез көрсетпей өздерін жақсы ұстады, жертөле
тұрғындарына, меймандарға сауалдар беріп, əсерлерін ортаға салды.
Амнундактың тілегі
бойынша балта мен пышақ қолдан-қолға өтіп, келгендердің жұмысты
жапыра жылдам істейтіні, онкилондардың бір аптада əрең бітіретін
жертөлесін бұлардың бір-ақ күнде салып боп қалғанын əңгіме етті.
Тек кешкі астан кейін ғана жертөле босады, меймандар қоналқаға
алаңқайдағы оттың айналасына жайғасты.
Көп жауынгерлердің келуін пайдаланып ертеңгі күнді мүйізтұмсық аулауға
арнасақ деп ойлады Амнундак. Ондағы үміт артқаны, əрине, ақ адамдардың
нажағайы. Əйтпесе орға мүйізтұмсықтар аз түсіп жүр, ал оның қалың
терісіне онкилондардың найзасы мен жебесі өтпейді. Мүйізтұмсықтың
терісі дегенің теңдесі жоқ қазына, одан жасалған қалқан вампулардың
шоқпарын денеге дарытпайды.
МҮЙІЗТҰМСЫҚ АУЛАУ
Келгендердің көптігі арқасында жаңа жертөленің тіреулерін қою ширек
сағатта ғана бітті. Жертөле төбесін шыммен жабуды əйелдерге қалдырып,
Амнундактың бастауымен жиналған жауынгерлер жатжерліктердің
алдында ғана кездестіретін бір үйір мүйізтұмсығы жүрген шығыс жаққа
аңға шықты. Жиналған жүз шамалы адам орманды жиектеп,
мүйізтұмсықтар жайылып жатқан тайшаптырым алаңқайды қоршап ала
қойды. Көсем мен жиһангездер аң айдалмақ сүрлеуге жақындап кеп тұрды.
Барлығы орын-орнына тұрып болған соң Амнундактын берген белгісімен
онкилондар ағашты шоқпармен қағып, əскери жырларының айғай сүреңіне
басып кеп жөнелді. Қаннен-қатерсіз жүрген мүйізтұмсықтар қапелімде
қайда барарын білмей, алаңқайдың бірде ана шетіне, бірде мына шетіне
атылып, қайда барса қарсы алған ызы-шу, ысқырықтан тайқып шыға берді.
Ақыры аңшылар күзеті тұрған жерге тақап барды. Төрт мылтық гүрс етті.
Еркек мүйізтұмсықтың тізесі бүгіліп барып атып тұрды да орманға жете
беріп сылқ түсті. Қарсы бетке ұмтылған ұрғашысы мен баласы мылтық
атылған соң шоқтан шыққан окилондардың қоршауына кезікті. Дұшпанын
енді көрген ол айғай-сүрең мен жауға жебеге қарамай қарсы келген
онкилонның бірін мүйізімен аспанға атып тастап, қоршауды жарып орманға
кіріп жоқ болды. Сірə, туғанына көп болмаған баласын екі шаптан тістеп,
иттер ұстап қалды. Жүгіріп жеткен онкилондар оны найзалатып
өлтірмегенде, иттерге де оңай соқпайды екен.
Мүйізтұмсықты соғып алу небəрі ширек сағатқа ғана созылды, тек бір
адамның ғана аяғы сынды, бірақ бұл сəтті аңшылықтың салтанатына
көлеңке түсіре алған жоқ. Жаралыны жас мүйізтұмсықтың заматта
сыпырылған терісіне салып, екі сырықпен бақсыға əкетті, осында ем
жасайтын жалғыз тəуіп те сол екен. Қалғандары мүйізтұмсықты союға
кірісті. Жарты сағатта алып жануардың қаңқасы мен ішек-қарнындағы қанжыны ғана қалды, басқасын пышақ үстінен үлесіп, бəрі мекендеріне алып
тартты.
Түске тармаса келген жиһангездер жаңа баспанасының бітіп қалғанын бірақ көрді: жетпей тұрғаны – тек төсеніш терілер мен ақжаулық қана.
Төсеніштерді Амнундак өз жиғанынан берді, ал ақжаулық таңдау енді үш
күннен кейін болатын көктем тойына қалдырылды. Оған дейінгі уақытты
пайдаланып, жиһангездер күртікте қалған базасына барып, Никифоровтың
хал-ахуалын біліп қайтуға бел буды. Үлкен жасауылсыз екі-ақ жауынгермен
жібер деп Амнундакты көндіру үшін үгіт көп керек болды.
Ертеңіне ертемен жақынырақ танысу үшін жолды ойпаттың батыс
беткейінен таңдап ап жиһангездер жүріп кетті. Сан тарау бұғы сүрлеуі
түскен поляр қайыңы шоғының жиегін жағалап жүріп келеді. Тас қырқа мен
қамысты құрақ арасындағы мүкті алқапта бақташылары бар Амнундак
тұқымының бұғылары жайылып жүр.
Солтүстік бұғылары – онкилондардың сүт пен ет, тері алатын бірден-бір үй
малы. Аң мен құс жəне балық аулау малынан түсетін азық-түлікке азынаулақ үстемесі ғана, ал көлден алатын су жаңғағы мен əйелдер алаңқайдан
қазып ап жүретін бадана тамырлары оларға өсімдік дəмін алу үшін керек.
Вампулардың беймаза көршілігі ғана заты бейбіт бұл жұртты жауынгер етіп
қойған. Əйтпесе вампулар аулап, құртып бара жатқан жабайы жануарларды
бұлар қорғап жүреді, сондықтан қуғын-сүргіні шамалы ойпаттың түстігінде
хайуанаттар көбірек сақталған. Вампулар болса, аң қуып, онкилондар
жеріне басып кіріп, үй бұғыларын да қырып кетеді. Онкилондардың
вампуларға өшпенділігін өршітіп, жаугершілік өмір салтын қалыптастырған
басты себептердің бірі де осы.Оның үстіне вампулар қолайы келсе-ақ,
онкилондардың қыз-келіншектерін ұрлап алып қашады. Əйел байғұстар
қашып құтыла алмаса, алғашқы қауымның ауыр тұрмысына төзе алмай,
жабайылардың дөрекілін көтере алмай құса болып өледі. Əрине, бұл жағдай
онкилондар мен вампулардың арасында келісімге орын қалдырмай, бітіспес
жаулыққа ұласты да, екеуінің де соғыссыз отырған күні болған жоқ.
Ойпаттың бұл шеті төбеден төніп тұрған жақпар базальт жар екен, адам
тіпті шығамын деп ойламастай. Құз қабаттары көпіршіген, кейде қоқсыған
базальтпен алмаса отырып, əредік қалың, болмаса алты қыры бар тас
бағандар дөңкиіп, таутекелерге баспана болған үңгірлер қарауытады.
Шамасы, бағзы заманда Санников жерін түгел алып жатқан жанартау жанжағына лава шашып, ұзақ тұрған тəрізді. Əсіресе, сөніп бара жанартаудың
ақтық тынысы сияқты ыстық арасандар атқылап тұрған ойпаттың орта тұсы
қатты бүлінгенге ұқсайды. Лава тасқынының кейбір тұсы ақ, қызыл ақық
халцедон тəрізді түрлі-түсті моншақ тастармен өрілген. Ол тұсқа келгенде
жатжерліктерді ертіп жүрген онкилондар мынау түрлі-түсті тастардан қызкеліншектердің алқасы тізілетінін, ал ірі кесектерінен найза мен жебенің
ұшы жасалатынын айтты. Бірақ бұның жұмысы көп, сондықтан олар пышақ
пен найза ұшын көбінесе сүйектен жасайды.
Сіле қатырған ұзақ жүріс те шумақталып, күннің ұясына кеш қонғанының
əрі ұзақтығының арқасында күртік түбіндегі базаға да жетті-ау. Никифоров
от басында шыжғырып, ет пісіріп отыр екен. Ол жолдастарымен еріп келген
екі онкилонға таңырқай қарап, көз алар емес. Ал олар болса, қар апанға
тіккен шатырға, жасыл орманның арасынан қардың ортасында тұруды
артық көрген адамға таңырқайды. Оларды ит қамаған үңгір де қызықтырды.
Мұзбен жүретін көлігін айтып қоймасын деп нарталар мен байдарканы
бұлар жасырып қалды. Онкилондар ақ адамдар бар ғұмырын қардың
ортасында өткізіп, иттерді жүк артатын көлік ретінде пайдаланады екен
деген ойда қалды.
Түнге қарай онкилондар орманды алқапқа кетті де, жиһангездер шатырға
қонды. Таң рауандай кірер ауызда жатқан иттер арсылдап қоя берді.
Никифоров қарап жіберіп, алпамсадай аюдың сүлдесін көрді. Ол артқы
аяғымен шабаланған иттерді жасқап, алдыңғы аяғымен тері мен бас сүйек
жəне сақтық ет салынған қойманың аузындағы тақта мұзды құлатып жатыр.
Казак жолдастарын оятып, мылтық алып сыртқа ата шықты. Əдеттегідей
қалың тұман ойпатты құндақтап тастаған, оқ тиіп кетпес үшін иттерді
шақырып алуға тура келді. Адам даусын ести сала аю артқы аяғымен тік
тұрып бұларға бетеді. Елең-алаңда, тұман арасынан ол тіпті зор болып
көрінді. Шатырмен арасы екі-үш қадам қалғанда екі оқ аюдың кеудесіне
қадалды. Теңселе беріп гүр етті де, аю тура күркенің аузына құлады.
Никифоров бір жаққа жалт беріп əрең үлгерді, ал Горюнов қараңғыда
Горохов пен Ордин мылтығына оқ іздеп жатқан шатырдың түкпіріне тайқып
кетті. Жандалбасалаған жыртқыштың аяғымен мұз жақпарлар жан-жаққа
ұшып жатыр, иттер ұлып, оларға үңгірден тағы отыз дауыс қосылды.
Шатырдағы жағдай қыл үстінде, аю сəл ілгері жылжыса, енді барар жері
жоқ адамдарды түкпірден аяғымен тартып алады. Бақтарына қарай
Никифоров абдыраған жоқ, мылтығына жарқыншақ оқты патрон салып,
оңтайлы бір сəтте азулы аңды басып қалды. Аяғын бірер серіпті де аю
жантəсілім етті.
Ызы-шу мен мылтық даусына қолына алау ұстаған екі онкилон да жүгіріп
жетті. Бəрі жабылып күркенің аузынан аюды сүйреп алды. Жыртқыш тіпті
алпамсадай екен, онкилондарды қайран қалдырды. Олар аю аулауға үлкен
жасақпен ғана шығатын, соның өзінде бірер адам өліп, иə жараланып
қайтатын. Сондықтан да оларда аю азуы жоғары бағаланып, көп аңшылар
оны алқасына тізеді.
Таң ағара бастады, ұйқы бұзылды, бəрі аюдың терісін сыпырып, етін бұзуға
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 08
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.