Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 10

Total number of words is 4112
Total number of unique words is 2282
33.0 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
төмпелерді нұсқады: – Біздің тайпаның қанша ержүрек ерен жауынгерлері
вампулардың қолынан ажал тапты. Біздің оларды не үшін осынша жек
көретінімізді енді түсінерсіңдер. Олардың біреуі біздің жерде тірі тұрса, біз
тыныш өмір сүре алмаймыз.
Үңгірде адамның басы мен сүйектері бейберекет шашылып жатыр.
Вампулардың өлігін үңгірге үйіп, жеңіске жеткен онкилондар жеріне
кеткеннен кейін аюлар мен қасқырлар, қарақұстар кəреге батып қалғаны
көрініп тұр. Сүйекке қарап, ол оқиғаға да бірнеше ғасыр өткенін аңғару
қиын емес, себебі сүйек қозғап қалсаң, күл боп кетеді. Бірақ шашылып
жатқан найза ұштары мен пышақтар, қырғыштар жақсы сақталған,
жиһангездер алғашқы қауым адамдарының бұл бұйым-дарынан тұтас
коллекция жинап алды. Сөйтіп, бұл үңгір екінші мола боп шықты. Қаралы
қараңғы түтінмен ысталған іші сыз, сүңгілері салбырап, көңілді құлазытқан
бір қапас.
Жиһангездер үңгірді қарай жүріп сонау алғашқы қауымның жартылай адам,
жартылай жыртқыш пенделерінің тұрмысы қандай қаратүнек болған деп
ойламай қалған жоқ. Жыртқыш аң сияқты бірде аш, бірде тоқ олар күнкөріс
үшін мына қолапайсыз қарулармен күресіп, ашулы аю мен қатерлі
қабыланнан тартып алған қараңғы үңгірлерде жан сақтап, ұзақ поляр
түнінде ызғырық суықтан дірдектеп, қаудырлаған көп теріге оранып,
өлмешінің күнін кешкен ғой. Бар уақытты ас жеп, қару етер шақпақ тас
қайраумен алғаны жəне даусыз. Оларға қарағанда тас дəуірдің тағы да бір
адамдары əлдеқайда жоғары, бақытты, көңілді өмір сүріп жатқаны бірден
көзге ұрады, бұлардың киім-кешегі, ыдыс-аяғы, рулық дəстүрлері мен
тойлары бар жəне жасыл алқап пен орман арасында жүреді; жарық, жылы
үйлерде тұрады, ас-суын түрлендіріп, тері илеп, сүйекті ұқсата біледі, үй
малы – табын-табын бұғы ұстайды. Онкилондар мен вампулардың түртұлғасын, əсіресе, бас сүйегін салыстыру адамзат өз дамуында палеолит
дəуірінен неолит дəуірін бөліп тұрған ондаған мың жылдың ішінде қандай
алыс кеткенін айқын көрсетеді.
Осынау жырақтағы Санников жерінде, оны өзге дүниеден бөліп тастаған
мұздардың арқасында əлдеқашан құрып, жойылып кеткен алғашқы қауым
адамы хайуан құсап тірі қалған. Барлығы өзгеріп, барлығы жетілген жерден
жырақ жатқандықтан, олар дамудың тым төмен сатысында қалған.
Вампулардың тіршілік-тынысы бұл аралдар мұз қоршап құрлықтан
бөлінген кездегі қалпында қалған, ауа райы да сол күйінде, азық жеткілікті,
онкилондар келгенше тұрмыс тəсілдерін жетілдіруге түрткі болар тіпті
себеп те табылмаған. Амнундактан жиһангездер вампулардың
онкилондардан ол-пұл үйрене бастағанын да білді, бұрын олар оттың не
екенін білмей, қысты ыстық қайнарлар төңірегінде тастан қалқа жасап
өткізеді екен. От жағуды үйренген соң олар қысты қар мен ызғырық
суықтан жақсы қорғайтын үңгірлерде өткізе бастаған. Əлі де шикі
жегенімен, етті отқа аздап шыжғыратын болған, ағаштан жобалы ыдыс
жасап, теріден көрпе, қысқа шекпен тігетін болған. Сүйектен найза сүңгісін
жасай бастағанымен, əліде берігі берік шақпақ тасқа көбірек құлықты.
«Вампулар қаруына шақпақ тасты қайдан алады?» деген Ординнің сауалына
Амнундак жауап бере алмады: онкилондарға бұл жағы белгісіз еді, олар
сүңгіге көбінесе сүйекті пайдаланып, кейде ойпаттың базальт ернеуінен,
халцедон бездері мен ақ не қызыл ақықты қолданатын. Ақық тастардан
сүңгі жасауға уақыт көп кетеді, сондықтан əдетте оны ұзақ поляр түндеріне
сыбаға етеді. Базальтта шақпақ тас жоқ, демек, вампулардың иелігіндегі
құз-жарларда əк пен бор сияқты құрамында шақпақ тас бар басқа да
жыныстар болуы керек деген болжам ойға келеді. Бұл – вампулар жеріне
дендей еніп, жаңа саяхат жасау керек деген сөз.
Үңгірді қарап болып жиһангездер мен Амнундак жасаққа қайтып келді.
Жауынгерлер үйді-үйіне таратылды да, бір бөлігі сүрлеу қуалап бытырай
тартты, түстік жақта тұратындары Амнундакпен бірге аңғар жиегін жағалап
жолмен жылжыды. Осы сəтті де орынды пайдаланып, жиһангездер жаңа
орындармен танысты. Жалпы біркелкі болғанмен, жол-жөнекей əр жердің
өзіндік ерекшеліктері де көзге түсті: бірде жар бас айналдырардай биіктен
тік құлаған құз қабырға болып келеді де, етегінде көлкіп еріген қар жатады,
ол ауық-ауық төбеден сырғыған көшкінмен жаңғырып тұрады; бірде жар
биіктігі əр түрлі сандық тастардан сатылай биіктеп, текшелерінде көмескі
жұлдыздай жалт етіп, жоқ болып таутекелер жүреді, бірде су мен жел
мүжіп, адам мен айуан мүсіндес етіп тастаған жартастары түнере төніп
түксиген құз қабырғаларының арасындағы құлазыған қуыстар етектен
басталып, сонау көз жетпес биікке дейін бойлап кетеді. Бірақ бұл қуыстарға
таутекелер болмаса, адам кіріп, жоғары өрмелеуі екіталай. Əр тұста
бейнебір құбыжықтың тырсиған бүйіріндей алып тастар оғаш шығып,
үстінен тамшылап су ағып тұр. Бір жерде жүз метрлік биіктегі, тік жардың
бір жарықшағынан шың басында еріген қар суы атқылап, жан-жақтағы тау
жыныстарына шашырап жатыр. Қайда көз салсаң да сол баяғы балқып
қатқан бірде тығыз, бірде көпіршіген, бірде коқыс базальт, əредік түрлітүсті тастардың соған жабысқан бездері жалтырайды. Қыз-келіншектердің
əшекейі, қару-жарақтың тетігі ретінде онкилондардың аса бағалайтыны да
осы без тастар.
Бір жерге келгенде екі жүз метр биікте қаннен-қаперсіз жақпар тас жиегінде
төмендегі екі аяқтылардан еш күдік алмай, емін-еркін жүрген таутекені
Гороховтың көзі шалып қалды.
–Жауынгерлеріңнің қайсысы анау таутекеге тигізе алады жебесін? – деп
сұрады іле Горохов.
–Жебеміз оған жетпейді! – деп басын шайқады Амнундак.
–Ал біздің жай оғымыз жетеді, кешкі асқа сол таутекені атып түсірейін бе?
Амнундак жақпар тас пен екі ортаны көзімен өлшеп көріп, тағы да басын
шайқады.
–Ал, Никита, мақтануын мақтандың, енді онкилондар алдында масқара
болып, мазаққа қалып жүрме! – деді Горюнов оған ескертіп.
Горохов мылтығын оқтап алып, тізерлеп отыра кетті де, қозғалмас үшін
құлаған бұтаны таяныш етіп, нысанаға кішкентай қоңыр дақ болып түсіп
тұрған таутекеге кезенді. Амнундак пен жауынгерлер атқышты алқалай
қоршап алды. Якут ұзақ көздеп басып қалды, гүрс еткен үн жаңғырығып,
төңіректі тітіркентті. Қоңыр дақ шайқала түсіп, ілгері ұмтылды да, төмен
құлдырады. Оқшау шыққан тастарға мүйізімен соғылып, допша секіріп,
бүгілген аяғы мен аппақ таңы əр жерден бір жарқ етіп, ақыры таутеке құз
етегіне келіп гүрс етті. Онкилондар қиқулап олжаға қарай тұра-ақ ұшты.
–Ақ адамдардың нажағайы қияндағыны қағып түсіреді, онан ешкім де
құтыла алмайды, – деп мойындады Амнундак.
–Онкилондарда осындай он нажағай болса, қыста күн көрінбей кеткенге
дейін жер үстінде бірде-бір вампу қалмас еді.
Жол-жөнекей жауынгерлер жасағы бірінен соң бірі бөлініп, ормандағы өз
тұрақтарына бұрылды да, соңғыларымен қоштасып, таутекенің басын беру
үшін бақсы лашығына соққан жиһангездер жатағы тұрған алаңқайға
шықты. Күні бойы бірге жүрген Аннуир алаңқайға шыға-ақ тайпасының
ғұрпы бойынша күйеуін өз үйінің табалдырығында басқа əйелдермен қатар
тұрып қарсы алу үшін тұра жүгірді.
АҢДЫҒАН АЛМАЙ ҚОЙМАЙДЫ
Жиһангездер бір аптадан артық өз жертөлесінде болды, вампуларға барып
қайтқаннан кейін біраз тынығып, онкилондардың тілін үйренуді ойлады,
онысы келіншектермен əзіл-қалжың айтысып отыратын оларға қиын да
түскен жоқ. Алаулаған от басында аузына темекі салып не қолына бір шыны
шай алып, ойнап-күліп отырып-ақ əйелдерге орысша үйретіп, аптаның
аяғына қарай олар бірін-бірі тəп-тəуір түсінетін дəрежеге жетті. Көршіден
шыққан күлкіге кейде Амнундак жетіп келеді, оны көргенде əйелдер əдеп
сақтайды, ал жиһангездер де беделін түсірмеуге тырысады.
Маусымның басы болып қалған, күн көкжиектен көп аумайды, бірақ түн
ортасына қарай ойпаттың теріскей қиырына еңкейіп, екі сағаттай аппақ бұлт
я буалдыр тұман пердесіне кіріп кетіп, ымырт үйіріледі. Əдетте
жиһангездер бұл мезгілде ұйқы құшағында жататын, бірде жертөледен
шыққан Горюнов осы құбылыстың үстінен түсіп, жолдастарын шақырды.
Əйелдерден сұрап білсе, бұл ылғи осылай боп тұрады екен, сол төңіректен
«сорпа пісіп жатқан ыдыстан немесе құманнан шығып жатқандай жерден
бұрқылдап бір бу шығады» деді олар. Əрине, бұл жиһангездерді қатты
қызықтырып, олар қайткенмен де вампулардың жеріне өтіп, мұның сырын
анықтауға асықты.
Бірақ алдымен базаға барып, Никифоровтың халін білу керек. Жертөледе
қалған Аннуэннен басқасы бұл сапарға түгел қатысты. Жападан-жалғыз
жатса да Никифоров зеріккен жоқ екен, иттерді ашықтырмай, күтумен қатар
ол қысқа отын-су дайындап, ашық күндері ұзынша етіп осып, арқанға тізіп
ет қақтаумен уақыт оздырған. Алайда ол еті түскірді күндіз бос қоя беретін
иттерден ғана емес, жыртқыш құстардан да қорғауға тура келген. Ермек
іздеген казак жаюлы етке тарпа бассалған тентек құстарды атып та түсіріп,
итке азық болар деп арқанға іліп қойыпты. Күртік əжептəуір шөгіп, беті мұз
болып қалыпты, сондықтан жоғары көтерілу үшін балтамен шауып,
баспалдақ жасау керек екен. Казак оған да ерінбей, баспалдақ жасап ап
ауық-ауық жотаға шығып, теңіздің жағдайын қарайтын көрінеді.
Жиһангездер Санников жерінде өткізген бір айдың ішінде теңіз қатты
өзгерген: ашық су айдыны көсіліп, бермен кеп қалыпты. Қазір ол тіпті
жақсы көрінеді. Тек тұман жиі, кейбір желді ашық күндері ол айықса-ақ, көз
ұшында көкжиектен Қазандық аралы көрінеді, бірақ онда əлі қар жатса
керек, алашабыр тұсы əредік қана көзге түседі.
Өздері өмір сүріп жатқан жерінің шалғай шетін көрмеген əйелдер жоғарыға
шығып, қар мен мұз ғана жамылып көсіліп жатқан шалқар жазыққа көзі
түсіп, шошып қалды. Шеті де, шегі де жоқ осынау қу медиен құла түзде
жылдың басым бөлігін қар ортасында еткізетін ақ адамдарды аяп та кетті.
–Е, сендер сондығынан да аппақ екенсіндер ғой, – олар.
–Қалай, Аннуир, сіздің жерден кетерде менімен түсіп, бірге еріп барасың
ба? – деп сұрады Ордин. Аннуир басын қайта-қайта шайқады.
–Жоқ, о жақта тым суық, қар мен мұздан басқа түк жоқ. Қарашы, бізде жаз,
жылы, анда – қыс.
–Онда мен сенсіз кетемін де, жесір қаласың ғой.
–Жоқ, сен де кетпейсің! Сендердің бəрің де бізбен қаласыңдар,
Амнундактың айтуы осылай. Өздерің уəде де беріпсіңдер…
Жоғарыда олар ұзақ болған жоқ: мұзды алқаптан соққан өткір жел жеңіл
киінген келіншектерге сұп-суық болып көрінді. Сондықтан олар төмен
түсіп, от басына жайғасқанда қуанып кетті. Сол оттың айналасында олар
түнеп те шықты. Қырлы өңірге осы саяхаты үшін келіншектер сыйлыққа
айна мен моншақ алды. Жиһангездер жəне оны базада қалған қазынасынан
əрең іздеп тапты.
Осы жолы олар Амнундактың тұрағына барғанда онкилондарға сыйға тарту
үшін жоғарыдағыдай айна мен ине, жалтырақ түйме, жылтыр лента, жез
сақина, жасанды тас қондырған сырға, көсемнің бəйбішесіне деп маржан
моншақ сияқтылардың бəрін алды, олары, əрине, əйелдердің есін шығаруға
тиіс. Ерлерді де риза етіп, Амнундакты вампулар жеріне тереңдеп сүңгіп
саяхат жасауға сенімді жасақ қосып беруге желпінтсін деп бірнеше пышақ,
балта, қол ара сияқты құрал-саймандарды қоса ала келді.
Тұраққа келіп тағы да үш күн тұрған соң, ұзақ сөйлесіп Амнундакты
ойпаттың терістік бөлігіне саяхат жасауға көндірді.
–Сендердің жасындарың құсты да, аңды да, адамды да жайрата алғанымен,
вампулар – асқан айлакер, – деп ескертті ол, – торуыл жасап та, тұман
жамылып та тұтқиылдан тарпа бас салуы мүмкін. Сондықтан мен сендердің
ұйқыңды да, мүлкіңді де күзететін, жолдың қауіпсіздігін барлайтын
маңдайалды он екі жас жауынгер беремін.
Ертеңіне жақсы жарақтанған он жеті адамнан тұратын жасақ жолға шықты.
Аннуир Ординнен өзін ерте жүруді өтініп, онкилондардың мазағына,
əйелдердің қорқытқанына қарамастан найза, садақпен қаруланып алды.
Оның жаңа жерлер көргісі келді, ал Ордин өзін ынтыға сүйген, өзіне де өте
ұнайтын əйелді түбінде құрлыққа бірге ала кету үшін осы бастан саяхатқа
үйрете беруді ойлады.
Алғашқы күні олар вампулар талқандап кеткен тұраққа жетіп тоқтады.
Жертөле қалпына келіп, өмір өз арнасына түсіпті: əйелдер шаруамен
күйбеңдеп, балалар асыр салып ойнап жүр, тек вампулар бірін қалдырмай
жайратып кеткендіктен кемпір-шалдар көзге түспейді. Осында түнеп
шығып, жиһангездер əрі терістікке қарай тартты. Көлді алқаптар
ормандармен алмасып, барған сайын ағаш сиреп, жабайы жануарлар аз
ұшырасуға айналды. Қоналқаға бір алаңқайдағы көл жағасына тоқтады.
Көлдін ортасы əрбір он минут сайын көпірши көтеріліп, бұрқылдап
басылып тұрды. Суының жылылығына қызығып кеткен жиһангездердің
жақсылап бір шомылып алғысы келді. От тұтатып, кешкі асқа басқалар ет
турағанша олар қосыннан сəл ұзап, шапшаң шешінді де суға қойып кетті. Су
сылдырына жалт қараған жауынгерлер үрейлене атып тұрды. Ғұмыры
жуынбайтын монғолдар сияқты судан жиіркенбегенімен, судың суықтығына
орай оған көп жуымайтын Солтүстіктің басқа халықтарындай бұлар да
көлге шомылудың не екенін білмейтін-ді. Сондықтан олар өзіне сеніп
тапсырылған ақ сиқыршылар балыққа, болмаса итбалықка айналып,
онкилондар жерінен кетіп қалғалы жүр деп ойлады.
–Анну, анаған қара, сенің күйеуің мен басқа да сиқыршылар қазір ғайып
болады – олар көлге кірді, – деп айғайлады біреу.
Ас əзірлеп жатқан Аннуир атып тұрып, жағаға жүгірді, күллі онкилондар
соның соңынан ерді. Жиһангездер тек бастары ғана қылтиып, суда жүзіп те
жүргенді.
–Міне, олар итбалыққа да айналып үлгерген. Қараңдаршы, əне,
қараңдаршы! – деп айғайлады жағаға жиналғандар.
Азын-аулақ бірдеңе біліп, ептеп мəдениеттене бастаған Аннуир алғаш
үрейленіп қалғанымен, Ординнің жүзін танып көңілі тынып, онкилондарды
енді келекелеуге кірісті. Кейін қыз жерлестерінің тағы да таңырқауына тура
келді. Жиһангездер жағаға шыққан соң үсті-басына қардай аппақ бірдеңе
жағып, денесін ысқылай бастағанда сабын туралы түсінігі жоқ онкилондар
айран-асыр болды.
–Мынаны қара, бұл сиқырлардың үстінде су қатып мұзға айналады екен! –
деді олар бір-біріне.
Сабын қолдануды біліп алған Аннуир оларға істің мəн-жайын тағы да
түсіндірді. Алайда олар ақ адамдар киініп от басына оралғанда ғана
басылды, сонда да өзгеріс ештеңелері жоқ па екен деп ұрлана қарап қояды.
Жұрт кешкі асқа отырғанда сабын алып шомылып келгелі Аннуир да
қосыннан аулақ жүгіріп кетті. Малту білмегендіктен əріге бармай, көлдің
шетіне таман жуынды. Келген соң жауынгерлер енді оны келеке ете
бастады.
–Күйеуіңдей ақ болам деп, қармен ысқыланып шықтың ба!? Апырай, суға
қалайша қорықпай түстің ə, су перісі аяғыңнан тартып, тереңге батырып
əкетеді деп те ойламағаның-ау! Бірақ қанша əлектенгеніңмен баяғы қапқара қалпыңда қалыпсың ғой, – деп қалжыңдады тайпаластары.
–Суға түскенде сондай қорықтым, қашан шыққанша бəзбіреу аяғымнан
тартып, əне-міне ала жөнелетіндей көрінді де тұрды, – деп артынан
Ординге Аннуирдің өзі де мойындады. Онкилондардың бəрі сияқты ол да
суда, орманда, үңгірде жын-пері жүреді, жел мен тұманның да өз иесі бар
дегенге сенетін. Тек тəуір дегеннің бəріне еліктеу сезімі ғана оны суға
түсірген-ді.
–Келесі жолы көлге сенімен бірге барамын. Сен алдымен суда итбалық
сияқты қалай жүзуді үйретесің маған, – деді ол Ординге.
Қоналқа кезінде шала мүжілген сүйек пен туралған ет тастайтын
онкилондарға үйреніп алған Крот пен Белуханы жанына ап екі жауынгер
күзетке тұрды. Жауынгерлер иттің абай үшін жақсы екенін бағалап, осылай
қарай ауғанда бабаларының бұл мақұлықтардың бірнешеуін ерте
келмегеніне өкініш те білдіре бастаған-ды.
–Осылар қасқырды ұстап алып, қолға неге үйретпейді екен? – деп сұрады
бірде Горохов.
–Қасқыр ешқашан да қолға үйренбейді, – деді оған Горюнов. – Қаншық
қасқырды ұстап алып итпен ұйықтыруға болар еді. Ал, өкінішке орай, біздің
иттердің арасында бірде-бір қаншық жоқ екен ғой.
Бұл ұсынысқа онкилондар күмəндана қарады, алайда қасқыр ұстау онша
қиын емес дегенді айтты.
Терістік бағыттағы жолға тағы бір күн кетті. Орман барған сайын сиреп,
шөптің шүйгіндігі кеміп, өгіздер мен жылқылар оқта-текте ғана ұшырасып,
көзге түскендері аса сақтық байқатып, маңына жолатпады, Шамасы,
вампулар əбден зəрезап қып, адамға деген сенімнен айырса керек. Оның
есесіне вампулардың найзасы мен шоқпарына былқ етпей, қайта үрейлерін
ұшыратын мүйізтұмсықтар жиі кездесті.
Екінді кезінде енді бір алаңқайға шыққалы тұрғанда иттермен алға кеткен
барлаушылар вампулар жүр деп жасақты тоқтатты. Бауырдағы бұталарды
тасалап, жасақ жан-жақты шолды.
Алаңқайда жайылып бірнеше өгіз жатыр, біреуі күйіс қайырып оқшауырақ
тұр. Тұп-тура соны бетке ап, арт жағынан бес-алты вампу еңбектеп келеді.
Өгізге жиырма қадамдай еңбектеп жақын келген вампулардың алдыңғысы
лып етіп көтеріліп, екі найзаны бірінен соң бірін лақтырып үлгірді,
қалғандары найзаларын кезеп шанышқалы өгіздің екі бүйірінен кеп тиді.
Найзаның бірі сауырына қадалып етінен өткен өгіз əрі шошып кетіп, əрі
ауырсынып өкіріп жіберді де, дұшпандарын байқап қап, басын тұқыртып
шаңырақ мүйізімен жайқай тұра ұмтылды, вампулар жалт беріп үлгерді де,
жүгірген бетімен өте шыққан жануарға бүйірінен тағы да екі сүңгі қадады.
Бірақ тас сүңгі қалың теріге терең бойлай қоймаса керек, табан аузында
найза түсіп қалды. Құтырынып кеткен бұқа жалт бұрылды да, күтпеген
жерден бір аңшыны мүйізімен іліп ап едəуір биікке атып жіберді, алайда
басқа вампулар өгізге үсті-үстіне найза атып, жаралыдан назарын аудара
берді.
Шабуыл жан-жағынан болғанын байқаған жануар табындастары сияқты
басқа төнген пəледен қашып құтылуды жөн тапты, білем, алаңқайды басып
тұра-ақ тартты. Соңынан тұра қуған вампулар қанша желаяқ
болғандарымен де ілесе алмай қалды. Лақтырған бірнеше найза бар
пəрменімен өңкілдей шапқан өгізге тіпті əсер де еткен жок.
–Олжаның сəті түспеді оларға! – деді Горюнов. – Енді олардың көз алдында
өгізді атып түсірейік, əрине, өзіміз үшін.
Өгіз бұлардан екі жүз қадамдай жерде шапқылап барады, артында отыз
қадам шамасында төрт вампу келеді, бесіншісі құлаған жерінде жатыр.
Кеудесін алға төсеп, дудар шашы желмен желпілдеп қарыштай жүгірген
вампулардың қолында бір-бір найзадан ғана қалған.
Олар өгіз қансырап, əлі құриды, сонда қуып жетеміз деп ойласа керек. Кенет
шауып келе жатқан өгіз мұрттай ұшты. Қуудың қызығына түсіп байқамады
ма, əлде мылтық үнін есітпеді ме, вампулар, əйтеуір, не болғанын түсінген
жоқ. Қуаныштан қиқу салып, құлаған өгізді қоршап ап, кəдімгі жеңіс биіне
кірісті өздерінің.
–Зəресін алмай болмас бұлардың! – деді Ордин. – Əйтпесе еттен құрамай
қабамыз.
–Иə, жалпы теріскейге қарай жолымызды аршып алуымыз керек, зытсын
бұлар өз үңгірлеріне.
Горохов мылтығын көтеріп, гүрс еткізді. Вампулар əуелі орнында тас боп
тұрып қалды да, ізінше зəресі ұшып зар илеп, кері тұра қашты, өгіз сүзген
жаралысы да орнынан сүйретіле тұрып солардың соңынан ақсаңдап тартты.
Алаңқайға ата шыққан онкилондар вампуларға мылтық даусымен үндесіп
жетсін деп əскери ұранын шақыра ұмтылды.
–Осы арада түнейміз! – деп шешті Горюнов. Ет бар, енді келуге вампулар
батпайды.
Онкилондар өгізді сойып, жіліктегенше жиһангездер алаңқайдың
ортасынан көлшік, дəлірек айтқанда ешқайдан келіп құятын жалғасы жоқ
тоған тауып алды, жаға жарының тіктігіне қарағанда өзі терең де тəрізді.
Қоналқаға олар соның маңына орналасты, қарақұс пен қасқырға жем
болсын деп қалған етті бой-бой етіп тіліп, далаға тастады. От алаулай
жанып, бəрі де ас қамдаумен айналысып кетті. Ордин котелогін алып көлге
барды, су тым төмен болғандықтан оны көсіп алу үшін жерге етпеттеп
жатуға тура келді. Ол еңкейіп қолын соза беріп еді, су қарсы көтерілгендей
болып, котелокті кейін асыра берді. Көтерген котелоктің магниті тартқандай
су да жоғарылап келеді.
Су көтеріле-көтеріле ақыры кемерге толып жағамен теңесті.
–Көлдің суы көтеріліп кетті! – деп дауыстап жіберді атып тұрған Ордин.
Бұл дауысқа жүгіріп жағаға келген жұрттың бəрі кемеріне толған көлге
қайран қала қарады.
–Заттарды буып-түйіп, бұл арадан аулақ кету керек, – деген ұсыныс айтты
Костяков.
Онкилондар өзара күбірлесіп, бəзбір құбыжықтың басы көлден қылт еткелі
тұрғандай суға соқыр үреймен үрке қарады. Аннуирдің жүзіне үрей мен
күлкі алма-кезек қонақтады, алғаш қорыққанмен Ординге қарап жымиып
тұрғанын көріп ол да ыржиды. Оны ақ адамдар бəрін де біледі, қолынан
келмейтіні жоқ жəне оның үстіне ештеңеден қорықпайды деген ой əбден
баурап алған. Онкилондар қашуға бел байлағанша, көлдің суы бірте-бірте
тартылып, алғашқы арнасына да түсті. Горохов та уһ деп бір кең тыныс
алды.
–Əйтеуір, төмен түсті ме, қорыққан болар, шамасы! – деп міңгірледі ол.
Жер астында көзі бар көлдердің бұл жəне бірі екеніне көзі жеткен Ордин,
Горюнов, Костяковтар күліп жіберді. Бұл көлдің астында су толы апан ауыз
болуы керек, бу мен газ ауық-ауық қысқанда су сонымен жоғары көтеріледі
де өзге көлдердегідей атқыламай, таудың бір тесігінен басқа жаққа ағып
кететінге ұқсайды. Осы тұжырымның анық-қанығына жету үшін тағы да
бақылау жасауға тура келді де, Ордин қалтасынан сағатын суырды.
–Жануарлардың су ішкенде бұл көлді қалай пайдаланатынын енді білдім, –
деді Горюнов. – Су ернеуіне толғанын тосады екен ғой олар.
–Иə, құлама жар кемерді көріп, суға баратын таптаурын сүрлеуді таппай мен
де таң қалдым, – деп қостады оның пікірін Ордин.
–Ал кей жануар танауының астынан төмен түсіп кеткен суды іше де алмай
қалатын шығар. Қашан қайта толады деп күтеді-ау, жазған!
Күту, шынында да, көпке созылды: су қайта көтерілгенше бұлар етті пісіріп,
жеп те болды, яғни табандатқан бір сағат өтті арада.
Ойпаттың терістік бөлегіндегі бу мұнарына оранып күн жасырынғанда со
жақтан қою тұман қаптап, бірден көз байланды. Түнге жетерлік отын бар
еді, оттың басы жарық та жылы болды. Осынау таңғажайып жердегі көлдер,
олардың мезгіл-мезгіл көпіршіп қоятыны хақында əңгіме сабақталды, оның
сырын онкилондар су иесінің ойыны деп түсіндірді. Олар терістік жақта
Мыңтүтін деген алқап бар, оның кез келген жерінен түтін шығып жатады,
топырағының ыстықтығынан шəркелі аяқтың өзі күйе жаздайды дегенді
айтты. Рас, онда бұлар өзі болмаған, бірақ бұл жайды Амнундактың атасы
бастап вампуларға тиген үлкен айқасқа қатысқан қариялардың аузынан
есіткен.
Бұрын вампулар қысты сол алқапта өткізеді екен. Əңгімені орман жақтан
қасқырдың ұлыған даусы үзіп кетті,
оған шабалана үріп иттер жауап қатып жатыр.
–Қасқырлар алыс емес – иісті сезуін көрмейсің бе, тас қапқырдың! – деді
Горохов.
–Бір не екі қаншық қасқырды қолға түсірудің сəті, міне, енді туды! – деді
Горюнов.
Бұл қиын емес деді онкилондар. Қыста олар бұғыға шапқан бөрілерді түнде
отпен қамалап ұстайды екен. Қасқыр түсіретін таспадан тоқыған торы да
бар, əдетте мұны түлеген кезінде қаздарға құрады екен. Олар енді қасқыр
ұстауға сайлапты. Түнге деген отынның арасынан май қарағайын таңдап
алып, жарты метрдей етіп жаңқалап найзаның басына бекітіп байлады да,
бəріне жететін етіп отқа қойды. Бұл кезде қасқырлар өгіздің қалған етіне
қарық болып, түн жамылып емін-еркін жайлап жатыр еді. Ол жақтан
ырылдаған дыбыс, күтірлеп сынған сүйек шықыры келеді.
Май қарағай жақсылап тұтанған соң онкилондар мен жиһангездер бірбірден ұстап, бір қолына найза не мылтық алып, жыртқыштар қан базар
жасап жатқан жерді қоршап алды. Алауын жерге тақай оңды-солды
жарқылдатып, қасқырлар от құрсауда қалған жерді тұс-тұстан қусыра түсті.
Ұзамай тұман арасынан құйрығын қысып, тісін сақылдатып, самсаған
оттың арасынан сытылып кетер саңылау таба алмай дағдарған сұр
жыртқыштардың өлексеге үймелеген үлкен ұясы көзге шалынды.
Жанталасып, ұлып, біріне-бірі шауып апыр-топыр болған жыртқыштар бір
кезде екеу-екеуден жан-жаққа атты.
Алайда құтылғандары аз болды: онкилондар лыпып найза шаншып, алау
таяқпен тұмсықтан соғып, кері ысырды. Бір жауынгер жарып өтпек болған
қаншық қасқырға тор тастап та үлгерді. Қасқыр оған бірден оралып ұшып
түсті. Тірі қалғандары өлексеге қайта оралып, біріне-бірі ұйлығып,
қалшылдап, тісін сақылдатып, қашуға тіпті қарекет те жасай алмай тұрды да
қалды, бірнеше оқ бəрінің де жайын тапты. Алауын көтеріп онкилондар енді
əр жерде қалған жаралы қасқырларды жайратуға кірісті, олардың арасынан
тағы бір қаншығын тауып, басын киімімен тұмшалап, төрт аяғын байлап,
найзаға салбырата көтеріп алып жүрді.
Ұрылған қасқыр он бір екен, бəрін де жинап от басына алып кеп терісін
сыпыра бастады.
Ұсталған əрбір қаншық қасқыр үшін үш қазық кағып, екеуіне таңылған
алдыңғы, артқы аяқтарын байлап, үшішісіне қайысты тістеп қиып тастамас
үшін қарғылап мойнынан байлап қойды. Осы бір өзіндік өрнегі бар
аңшылықтан кейін от айнала жатып жұрт ұйқыға кірісті. Əдеттегідей
қарауыл қойылып, олар қасқырларды күзетті, Крот пен Белухадан сақтады.
Дəрменсіз дұшпанынан есе қайтарғысы келіп ызыққан екі ит ұзаққа дейін
тыншыға алмады.
МЫҢТҮТІН АЛҚАБЫ
Ертеңгі ас үстінде соқыр тұман арасында отырып олар қаншық
қасқырларды қалай бірге ала жүру мəселесін талқылады. Біреу оларды
кезектесіп көтеруді, біреу өгіз терісінен зембіл жасап соған сап сүйреуді
ұсынды. Ең оңай əдісі – оларды өз аяғымен жүгіртіп отыру, ал ол үшін не
шынжыр, не сым жоқ, қайыс бауды тісімен қырқып тастайды. Ақыры
қайыстан қарғы жасап, тұмылдырық кигізу еске түсті. Қарғыға қайыс
өткізіліп, ол Горохов мылтығының шомполының ұшына байланды. Сөйтіп,
қасқырлар кісі қасында жарма киген өгіздей бүкеңдеді де отырды. Бір
онкилон жетектеп, екіншісі артынан қуалап келеді. Əуелі азулы аң бұған
бағынғысы келмей жатып та алды, содан оларға иттерді қосып еді, бөкседен
бір тістеуі мұң екен, құйрығын қысып алып меңтеңдей жөнелді.
Тұман сирей олар терістікке тартты. Өсімдік барған сайын аласарып, қурап
қалған көлемі едəуір кəрі тоғай кездесті, алаңқайда селдір шөптің өзі
жоғалып кетіп, күнге өңген базальт қана көзге ұрады. Бірнеше шақырымнан
кейін жұқа түтін шалқып жатқан жердің жарығына тап болды.
Ордин еңкейіп, қолын жарыққа тығып жіберіп еді, тереңнен шығып жатқан
тым ыстық лепке шыдамай іле тартып ала қойды. Əрі жүрген сайын
əлгіндей жарықшақтар жиілеп, ауа ыси бастады, жиһангездер жақсы
жағылған моншаға кіргендей болды, ал бу дегенің төңіректі түгел тұман
торғынымен орап тастағандай. Онкилондар күртесін іле-ақ шешіп,
бағанадан бері белуарынан жоғары жалаңаш келеді, жиһангездер де шыдай
алмай солардың істегенін істеді. Ең соңында Аннуир де кеудеше-шалбарын
шешіп, белдемшемен қалды, онысына едəуір ыңғайсызданып, отты көп
жаққан үйдей ыстық болып кетті деп ақталып та жатыр.
Тұманы қалыңырақ тұс айрықша назар аудартты: оның ортасында бір емес
бірнеше жарықтан бу атқылап, дем ысқыра шығып жатыр.
–Міне, бұл нағыз фумарол! – деді дауыстап Ордин. Əрірек барған сайын
қара лаваның жалаңаш жотасында шұрқ-шұрқ тесік көбейіп кетті. Бүкіл жер
тұтасымен бықсып, түтіндеп жатқан сияқты, топырақ қызуы аяқкиім
табанынан-ақ сезіле бастады.
Бірер шақырым жер жүріп, дем алу жəне əр жақ, бер жақты шолу үшін
тоқтағанда көз алдарынан көрініс берген бір суретке таңданып, таңырқасып
қалды. Төрт құбыладан түгел бу шапшып аспанға тік атылып, самсаған сұр
діңгекшелердің жеңіл сəулесіне кемпірқосақ ілініп, дірілдеді де тұрды.
Бейнебір көзге көрінбейтін қаланың мың сан мұржасынан аязды аспан
кеудесіне тік шаншылып түтін ұшып жатқандай. Осы боз бағандардың
арасынан батыста да, терістікте де, шығыста да ойпат аңғарынынң жарқұзы қарауытады, қай жағына барсаң да бес-алты шақырымнан алыс емес.
Анда да, мында да күнге шағылып қары жалт-жұлт еткен алашабыр
шыңдар. Бір жағынан мынау ақ қар мен ақ баған, екінші жағынан анау қара
құз бен қара топырақ ойламаған жерден қойындасып, қарама-қарсы екі түс
ілуде бір кездесетін тұтастық түзіп тұр.
Жер жарығының бірінен естілген гуіл мен қатты ысқырық ұйып тұрған
тыныштық қаймағын əлсін-əлсін бұзады.
–Түтіндеген қап-қара шөл! – деп Горюновтың даусы шығып кетті.
–Міне, Мыңтүтін алқабы деген осы! – деді Ордин. Жын-шайтанның
мекенжайы! – деді онкилондардың егделеуі.
–Түтіндеп жатқан – жер астындағы солардың оты.
Жасақ адамдары осынау сирек суретке əртүрлі сезіммен қарады, ақтары
ынтыға үңілсе, қараторылары соқыр сеніммен секем алып, теріс айналуға
бейіл. Алдағы аумақтырақ бу бағаны бұларды тағы да баурады. Бу диаметрі
небары алты метрдей ғана көлшіктен шығып жатыр, оның суы дəл бір
қазандағыдай бұрқ-сарқ қайнайды.
Горюнов қоржынынан бір кесек шикі ет алды да, қайысқа байлап оны суға
сала қойды. Шапшып қайнаған су оны батырып жіберіп, əрлі-берлі
домалатып, бетіне теуіп əп-сəттің арасында пісіріп шығарды.
–Қоналқаға таптырмайтын жер екен! – деді Ордин. – Отын жоқ, бірақ ас
пісіретін əзір қазан бар, шайға да қайнаған суың дайын.
Жол-жөнекей терістікке қарап олар осындай көлдердің ұлылы-кішілі тағы
бірнешеуін кездестірді: ең кішісінің диаметрі бір-екі метр ғана, олар беті
көпіршіп баяу қайнайды да, ал үлкендері бұрқ-сарқ етіп, шашырай
шапшып, беті əлем-тапырық болып жатады. Көлдердің құлама кемері аппақ,
қар сияқты бірдеңе жабысып қатқан да қалған. Бірақ қайнап жатқан судың
ернеуінде қар қайдан болсын, тырнап алып, ауызға салып көріп еді – тұз,
бірақ тым ащы, дəмі де нашар екен оның.
–Тұз бөліп жатса, суы ащы болғаны ғой, яғни шайға жарамайды, – деді
Горюнов.
Суын татып көріп еді – аздап көрмек дəмі бар екен, бірақ ішуге əбден жарап
жатыр.
Қайнаған көлдер мен түтіндеген тесіктердің арасынан өтіп, ойпат аңғарына
таянғанда олар жайпақ үлкен шұңқырға тап болды, диаметрі шамамен екі
жүз қадамдай да, тереңдігі он бес-жиырма метрдей бар.
Түбі дөңгелене шұқырайып, алып бір тостағанды көзге елестетеді, бірақ
суы жоқ. Буалдыр түтін арасынан үңіліп, шұңқыр жарықшақтарынан ана
жерде бір, мына жерде бір көгілдір от жарқылдап шығып жатқанын
байқады. Ордин оны жақын барып көрмек оймен төмен түсіп кетіп еді,
ізінше аузы-мұрнын басып қайтып келді. Күкірт пен хлордың ауаны пеш
жаққандай ысытып жіберген буынан тұншығып қала жаздадым деді ол.
Дүрбімен қарап шұңқырдың қап-қара түбінде күкірт пен мұсатырдың қалың
қатпарлары жолақтанып, ақ, сары боп əр тұста жалтырап жатқанын
байқауға болатын еді.
–Ал Павел Николаевич, – деді жоғары шығып кең тыныс алған Ордин
Костяковқа. – Санников жерінің əлі толық сөніп болмаған жойқын
жанартаудың кратері екенін енді сіз де жоққа шығара қоймассыз.
–Əлбетте ғой. Жан-жақтағы анау базальт құз-жарлар, түстіктегі, гейзерлер
мен көпіршіген көлдер, терістіктегі, қайнаған көлшіктер мен фумаролдар,
мынау улы шұңқыр құйттай да күмəн қалдырған жоқ, – деді оның сөзін
растап Горюнов.
–Бірақ онкилондар бұл арада төрт жүз жыл, ал анау жабайы адамдар мен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 11
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.