Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 03

Total number of words is 4186
Total number of unique words is 2134
33.8 of words are in the 2000 most common words
47.5 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
күртік қарды қазып, отынға салынды ағаш тауып алған соң ғана
нарталарының жүгін түсіріп, тар болса да жайлы үйшіктеріне жайғасты.
Нарталар мен сирек мұз тасасында байжарақ арасында ас берер кезді күтіп,
қалаштай бұратылып иттер жатыр. Отты олар қар күркенің ішіне емес, жар
қабырғасының тасасына жақты, өйтпегенде жылудан үйшіктің іші еріп,
кісілердің төбесінен тамшы ағатын еді.
Боран түні бойы соғып, тек келесі күні түсте ғана тынды. Жел саябырлап,
аспан сəл ашылғанда ғана олар жолға жиналды. Ванька мүйісінен он
шақырымдай тұрған терістік-батыстағы Кіші Ляховский аралының тура
тұмсығына бағыт ұстады олар. Бұл арал Үлкен Ляховскийден көп кіші,
терістіктен түстікке қарай қырық-елу шақырым созылып жатқан айта
қалардай құзар биігі жоқ, адырлы жота. Жағаны бойлай отырып, аралды
айнала орап олар терістік тұмсыққа жетпей қоналқаға тоқтады. Жауыншашыннан жалғыз-ақ пана –сеңгір-сеңгір сең шоқылар, бірақ бұлардың
бақытына қарай тымық болды.
Келесі күні жолдың ең қиыны – Кіші Ляховский мен Қазандық аралдары
арасындағы жетпіс шақырым жерді жүріп өтуге тура келді. Қиынқыстаулығы сол, бұл арадан шығыстан батысқа қарай теңіз ағымы өтеді де,
күзде көпке дейін қатпай жатады, қатқан күннің өзінде де дауыл болса, мұзы
ашылып кетеді. Соның салдарынан көшкін мұздар жиі қозғалып, сеңдер
тау-төбе болып көп тізіледі.
Теңізде қонса қажет отын, ол-пұлын артып олар Қазандық аралындағы ең
түстікте тұрған Аю мүйісін бетке алып терістік-батысқа жылжыды.
Қазандық аралы көкжиекте төңкерген қазан сияқты дөңкиіп көзге
шалынады, аты да осы көрінісінен алынса керек. Аралдың ең биік нүктесі
Молақатын тауының шағын шыңы сол қазанға шығып тұрған тəрізді.
Бастапқы жиырма шақырым жол тіпті жеңіл болды, сеңдер сирек əрі аз.
Алайда ағым мен күзгі жылым алқабында бірінен-бірі сұсты сеңдер
басталды. Кейбір мұз шоқылар шоғыры мен жеке сеңдердің биіктігі жиырма
метрге жетеді. Балта қолданып жолды қиып салуға, əбден титықтаған
иттерге көмек беріп, нарталарды арқанмен (өрме қайыс арқан) сүйреп
шығаруға тура келді. Кей сеңдерге бір, иə жарым сағат кетті. Сондықтан күн
батқанша жолдың жарымы ғана жəне бір жақсысы, ең қиыны артта қалды.
Асу бермеген бір сеңгір сеңнің түбіне түнеуге мəжбүр болды олар. Бірнеше
мұз шоқыны ықтап шатыр құрды да, апыл-құпыл ауқаттанып алып жатып
қалды. Күні бойы қалжыраған олар қатты ұйықтады.
Түн ортасында төбесінде шатырдың қатты сықырлағанынан оянған
Горохов:
–Тағы да ұйтқып кеткені ме? – деп міңгірлеген қалпы келесі жамбасына
аунап жатпақ еді, шатыр быт-шыты шығып жыртылардай, шайқалыпшайқалып кетті.
«Шамасы, жайшылық емес» деп ойлаған Горохов төсек қаптан шығып
ауызға барып, қалың матаны əрең ысырып, басын сыртқа шығарды. Мұздақ
қар бетін сабалап, көзді аштырмайды. Шатыр ұшқалы қомданған құстай
желпілдеп бір орында тұрар емес.
«Не лаж бар, бəрін де оятып, беркіне беру керек, – деп ойлады кəсіпкер, –
əйтпесе жазым болуымыз кəдік».
Ұйықтап жатқандарды ол шайқап оятып, бесеуі де төрт тағандай еңбектеп
сыртқа шығып, шатыр іргесін ұстап тұрған темір қазықтарды мұзға
тереңдете қағуға кірісті. Сонан соң үшеуі де еңбектеп жүріп жүк тиелген
нарталарды сүйреп əкеп, үшеуін шатырдың үш жағына қойып, арқанмен
матастырып байлап тастады. Осының өзіне көп қайрат-күш жұмсауға тура
келді: жел аяқтан шалып, тынысты тарылтып, қар көзді аштырмады; төңірек
түгел қап-қараңғы, үш адым жерден біріңді бірің тани алмайсың. Сеңгірсеңгір сеңдердің саңылауынан өкіріп, өксіп, ұлыған, ысқырған желдің
арасынан он қадам жерде тұрған каюрлар шатырынан балта тоқылы келді.
Олар да оянып, бекініп жатқанға ұқсайды.
Қолдан келген амалдың бəрін жасап болып, ұйықтағалы қайта қисайғанда
олар ұзақ уақыт жылына алмады, əбден жел өтіп, қойны-қонышына, тіпті
жеңіне дейін қар толып қалыпты. Таң ағара бірінші болып оянған
Горюновтың боран басылмасына көзі жетті. Бірақ шатыр қозғалмай, үстін
қар басып бүйірі тысырайып, ауыр салмақтан үрген қарындай жарылғалы
шақ тұрды. Тағы да сыртқа шығып қарды аршуға тура келді. Горюнов
жолдастарын оятпай, бұл жұмысты күрекпен өзі-ақ жайғап тастады.
Буалдыр мұнар арасынан маңайдағы мұз шоқылар көріне бастады, жел
бəсеңдеген сияқты, оның есесіне жылбысқы ұлпа қарды үйіпті де салыпты.
Қырылдаған айқай мен қатты ыңқыл Горюновты каюрлар шатыры жаққа
жалт қаратты. Шатыр əлгінде ғана қарауытып тұр еді, енді көрінбей кетті.
Бір пəленің болғанын іштей сезген ол адым сайын қарға көміліп қалған
иттерге сүрініп жүгіріп келді. Бақса, бұлардың шатыры ескі екен, ауыр
салмаққа шыдамай жыртылып кетіп, ұйқыда жатқандарды қар басып
қалыпты. Олар қар басқан көрпесінің астында тырп ете алмай, ауа
жетпегеннен тұншығып, ыңырсып, барлығып жатыр екен.
Горюнов шатырына қайта кеп жолдастарын оятып, өзі күрекпен қар көмген
каюрларды аршып алуға кірісті. Іле жеткен Горохов пен Ордин де оған
көмектесіп, шатырды қарымен басқа жерге көтеріп қойып, кісілерді
құтқарып алды, біреуі талықсып қалған екен, оның есін енгізуге тура келді.
Өстіп əуреленіп жүргенде жарық болып, боран басылып, күн ашылды, қар
жаууы сиреп, жел аракідік қана ұйтқып кетіп тұрды, шығыстан өлеусіреп
күннің көзі көрінді. Иттерді, нарталарды аршып алып, шай ішіп олар қайта
жолға шықты. Жаңа түскен қар жабысқақтанып аяққа едəуір тұсау болды, ол
ойлы-қырлы жердің бəрін тегістеп жіберіп, иттер де, нарталар да оппаларға
түсіп кетіп отырды. Иттерге жол төсеп отыру үшін екі адам алда шаңғымен
жүрді.
Қазандық аралының жотасы алда көкжиектің ширек бөлегін алып жатты,
енді онан менмұндалаған шыңдар мен жаға жарын айыруға болатындай, қар
көрпенің арасынан жеке-жеке ноқат құсап құзтастар қарауытады. Одан оңға
қарай арасы онша қашық емес Фадеев аралы көкжиектен болар-болмас қана
көзге шалынып жатыр.
Күн батқанша қыруар мұз шоқылар шоғырын артқа тастап, олар Аю
мүйісіне жетіп, одан соң оңтүстік-шығыс жағалаудағы лашыққа дейін
жеделдетіп бес шақырым жəне жүрді. Бұл жаға Үлкен Ляховский аралының
жағасындағыдай мұз құрсанған емес, қатты тау жыныстарынан тұрады
екен, ол жыныстар кейде мұз үстіне қабырға боп қаланып, кейде күртік
қармен қалқаланып теңізге шымылдық боп ұсталғандай.
ҚАЗАНДЫҚ АРАЛЫН ЖАҒАЛАЙ
Жағадағы лашық жартылай құлап қалған екен. Олжа онша болмағандықтан
бұл аралға кəсіпкерлер онша келмейді жəне жетуі де оңай емес. Сондықтан
аралдарға ғылыми-зерттеу жүргізген кезде жөнделетін лашыққа жылдап
адам қолы тимейді, сонан шатырынан тамшы ағып, төбесі опырылып,
қабырғалары құлайды. Бірақ түнеп шығу үшін жөндеудің ретін таппай, күн
жақсы болған соң олар мұзға қонды.
Елең-алаңда бəрі иттердің абалағанынан оянды.
–Аю болып жүрмесін! – деп Горохов шала-шарпы киінген бойы мылтығын
алып шатырдан ата шықты. Қалғандары да оған ілесе шығып ғажап бір
көріністен аңтарылып қалды. Иттердің арғы жағында он қадамдай жерде
батылсыздана қарап үш ақ аю тұр. Байлаулы сексен иттің бəрі қарғысында
шапшып, артқы аяғынан тік тұрып, шаптыға шабаланады. Ырылдаған,
қырылдаған ызы-шуынан тірі тұрсын, өлі адам оянғандай. Зады, аюлар екі
жақ бүйірден ешбіріне жұлмалатпай қай итті тарпа бас сап бүктеп тастауды
ойлап тұрса керек. Байлауы матасып бір жерге топырлап, сонда да
шабаланып жатқан иттердің шеткі жегініне аюлар бұрыла беріп еді, сол сəт
екі шатырдан да мылтық гүрс етті. Ординнің атқан оғы тиген бір аю мұзға
мұрттай ұшты да, қалған екеуі қан-жоса із тастап тұра қашты. Каюрлар бар,
Горохов пен Горюнов бар, шамасы, қатты жараланған бір аюды қуып жетіп,
соғып алды. Үшінші аю сеңдердің арасына кіріп жан сауғалады.
Аяқ астынан түскен олжа кісілерді де, иттерді де етке кəре ғып тастады
жəне аралдың теріскей шалғайынан салынбақ қоймаға қыруар сақтық сүр
қалдыруға жағдай жасады.
Етті мүшелеп бөлу аз-ақ уақыт алды да, ұзамай керуен терістікті бетке ап
ілгері жылжыды. Арал жағалай саяхат жасауға табаны күректей төрт күн
кетті, себебі ол ұзынынан жүз сексен шақырым болғанымен, жаға бойлай
жүргенде екі жүзден асушы еді. Іштей қарағанда арал түгел таулы, тастақты
тундраға ұқсайды.
Арал жағалай ақырғы асудан асарда түс ауа Решетникова өзенінің
сағасынан өтер тұста күн кенеттен тағы да бұзылды. Аспанды əудемде бұлт
торлап, оңтүстік-батыстан жел тұрды да, қар төпеді. Аяз күшті болмағасын
қарға қарамай олар ілгері тарта берді, ойға алған Қазандық аралының
терістік тұмсығы таяу еді.
Аралдың бұл тұмсығы біртегіс мүйіс тəрізді. Қыстап қалсақ қажет болар
деп Толль экспедициясы қойманы соған тақау салған. Құрлыққа қайтар
жолда қыстауға тура келе ме деп Горюнов та қоймасын сол лашықтан
сайламақ болды.
Лашық тəп-тəуір екен, онан іздестіру аяқталған соң қажеті болмай
қалдырып кеткен біраз азық-түлік табылды; оның ішінде əжептəуір сүр,
бірнеше жəшік консерві мен кепкен нан, бір теген аю майы, тіпті қатып
жатқан тұтас бұғы еті бар. Аралды жаз көп бұғы жайлайды, олар ерте
көктемде мұз үстімен келіп, күзде су қатқан соң құрлыққа қайта оралады.
Олар осынау қиын сапарға ата жауы адамнан сақтанып бас тігеді, əйтпесе
күз терістіктен қайтқанда жел құлап, жұқа мұздың ойылып кетуі кəдік.
Оның үстіне арал емін-еркін жайлауына жақсы жəне құрлықтағыдай
адамды да, хайуанды да мезі қылатын маса-сона жоқ.
Бұғылардың аралға өтуі басталғанға ұқсайды, Кіші Ляховский маңында аратұра олардың ізі көзге шалынды. Каюрлар болса келуі енді жиілеуге тиіс
бұғыларды қайтар жолда ауламақ. Сондықтан олар нарталарындағы жүкті
түсіріп, жиһангездермен қош айтысып, қалған күнді пайдаланып бұғы аулау
үшін қоналқаға қолайлы жер іздеп, Қазандық аралының шығыс жақ жиегін
бойлай тартты. Олардан экспедиция барысын баяндап, Горюнов Шенкке хат
жазып жіберді. Бұл Горюновтьң жіберіп үлгерген ақтық хабары еді, оның өзі
астанаға тек күзде ғана жетуі керек.
Жиһангездер каюрлармен көңілі құлази қоштасып, қашан олар қылтадан
бұрылып көзден ғайып болғанша ту сыртынан қарап тұрды. Өзге əлеммен
бұларды жалғастырып тұрған ақырғы жіп те үзілді. Олар енді өздеріне
өздері ғана сүйеніп, басқа бір көмек жайын тіпті қаперіне де алмай,
беймəлім тірліктің табалдырығында жападан-жалғыз қалды.
Ауыр ойдан арылу үшін олар қоймаға қалдырмақ мүліктері мен азықтүліктерін реттеп сұрыптай бастады, ертеңіне күн жақсы болса, терістікке
қарай жедел жол тартпақ. Мезгіл наурыздың аяғы, күннің ұзақтығы он үш
сағаттан асады, ашық болса жер жіпсіп, жол бұзылуы ықтимал. Олар
жəшіктерді сұрыптап белгі салып, дестелеп лашықтың түкпіріне тықты,
соның өзінде оларға қонып шығар орын қалды.
Кешкісін басылған жел түн ортасында қайта күшейіп, аяз 40 градустан
асты, онымен қоймай боран көтерілді. Таң ата иттерге ас құйғалы тысқа
шыққан Горохов пен Никифоров тоңып жаурап келіп, жол жүру мүмкін емес
екенін хабарлады. Мұндайда тырп етпей тек жату керек, жатпаса тандырдан
түтін шалқыған күңгірт лашықта отырып барқадар таппайсың. Олар тек ас
əзірлегенде ғана тұрып, қалған уақытта жамбастап жатты да қойды.
Бораннан амалсыз отырып қалған күннің ертеңіне Никифоров тандырға от
тұтатып жүріп, лашықтың бір бұрышына үйілген отынның арасынан сырты
бұдырмақты, сəл иілген, бір ұшы істік ап-ауыр əлдене тауып алды. Оны
қолында аударыстырып тұрып, жанатынына шүбəланған ол Гороховқа
көрсетті.
–Бұл эксекю құстың тырнағы болса керек, – деді якут.
–Тырнақ? Қой, бұл менің қолымнан сəл ғана қысқа ғой, –деп таңданды
казак. – Тырнағы мынадай құс біздің лашығымыздан да үлкен болуы керек
қой онда. Бұл құс қайда мекендейді?
–Қариялар ол Қазандық аралында болған дейтін. Алғашқы кəсіпкерлер оны
көрсе керек. Осы дұрыс деп ойлайсыз ба, қалай, Матвей Иванович?
Горюнов олжаны аудара қарап мырс етті де, Ординге ұсынып жатып былай
деді:
–Бұл – мамонттьң тұстасы, ұзын қылшықты мүйізтұмсықтың мүйізі.
Мұндай мүйіздерді мен Якут музейінде де, Петербургта Ғылым
академиясының музейінде де көргенмін.
–Онда мұны неге алып құстың тырнағы санайды?
–Себебі бұл түрімен де, бетіндегі бұдырмағымен де тырнаққа ұқсайды.
Біздің өлкедегі юкагир, ламут, тұңғыстың бəрі де осылай ойлайды. Оны
айтасың, кейбір оқымыстылар да осы пікірге тоқтаған. Новосибирь
аралдарын алғаш зерттеуші Геденшторм «Сібір туралы үзік ойлар»
кітабында əлгі тырнақтар жайында құстікі екеніне еш күмəн келтірмей-ақ
айтады. Қазандық аралында Толль Қымбат өзегіне таяу Эксекю қырқасына
шыққан, сонда оны да жолбастаушылары əлгі құстың осы арада тіршілік
ететініне иландырған. Олар құстың үлкендігі сонша, ол ұшқанда күннің көзі
көрінбей қалушы еді дейді. Қазандыққа бірінші келген кəсіпкерлер қырқаға
шыққанда жаңағы құс «маук», «маук» деп шаңқылдап ұша жөнелген.
Төбеден олар жұмыртқа қабығы мен үлкен-үлкен қауырсындар тапқан.
Бірақ содан қайтып құстың өзін көрген тірі пенде жоқ.
–Айтуға қарағанда оның екі басы болған, – деп сөз қыстырды Горохов.
–Иə, иə. Бəрінен де біздің бақыр теңгелердегі екі басты бүркіттің
юкагирлердің ойынша, эксекю құсы болуы ғажап. Врангельдің айтуынша,
оларда құс туралы таңғажайып аңыздар көп. Кейде мүйіздердің қасынан
табылатын мүйізтұмсық бассүйегін олар эксекюдікі деп те салады.
–Сібірдің тұрғын халқы мамонт туралы да неше түрлі ертегі, соғады, – деді
Ордин.
Бұл күні жиһангездер Горохов пен Никифоровтан мамонт жəне басқа
жойылып кеткен жануарлар жайында сұрап, өздерінің кітаптан
оқығандарын айтып уақыт қысқартты.
МҰЗДЫ ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ
Жиһангездерді үш тəулік бойы тұтқынында ұстаған боран да ақыры
басылды-ау. Көктемгі күн шұғыласы Қазандық аралының терістігіндегі
мүйісінен басталып, батысқа да, шығысқа да, солтүстікке де кең жайылып
кеткен Мұзды теңіздің шалқар айдынын кіреукелеген ақ қарға шағылып,
сəскеден-ақ айнадай жалтырады да жатты. Көзді қарықтырып алмас үшін
барлығының да көзілдірік киюіне тура келді. Əйтпесе Қиыр Солтүстікте
көктемде көп болатын көз ауруына шалдығуы кəдік. Күн əлі аласа тұр,
əсіресе соңғы жауыннан кейін жалтырап кеткен айдын қары құйтақандай
мың сан айнаны шұғылаға шағылыстырып бетке ұстағандай, өткір нұр
жарқ-жұрқ етіп көзді қарықтырады. Ондайда кісі бірнеше күн түк көрмей
қалады да, оның ақыры жанарды шағып шымшылаған ауруға ұласып,
жаныңды жай тапқызбайды. Ең күңгірт көзілдіріктің өзі, екі жаны қалың
тормен қапталып бетке жабысып тұрмаса, көмек бере алмайды.
Тұрғылықты жұрт ортасынан сəл ғана саңылау шығарып көзілдірікті
тақтайдан жасайды, алайда ол да ұдайы пана бола бермейді. Горохов пен
Никифоров күртік астынан нарталарды қазып алып, иттерді жегіп, жүктерді
артып болғанша үш жиһангез маңайды барлап, теңіз арқылы жүрер бағытты
болжағалы мүйістің ту сыртында тұрған жатаған төбеге көтерілді, ашық күн
алыстың өзін алға жайып тұр.
Қыс боран білгенін істеген теңіздің қарлы айдыны əр жерден бұзылып,
сеңдер үздік-создық созылып ана тұстан бір, мына тұстан бір состиып, қар
қаптаған жылтыр ұшы жасыл тартып, айнадай жарқыраған басқа мұз
шоқылардан оғаш көрінеді. Кейде ақ киіздің арасынан қоңыр жолақтар
шалынады, бұл – жылым емес, қарын жел сыпырып, жалтыратып тастаған
мұз. Төменде қырық шақырымдай қиырда ғана бозамық тұман арасынан
ашық теңіз – көкжиекті тұтас алып жылым жатыр, оны тіпті айналып өтуге
де болмастай. Аспан бұлыңғыр болғанда ашық су қара дақ құсап көрінеді,
себебі оған сұр бұлттың көлеңкесі түседі.
Жылымнан əрі жатқан алқапты тұман басып терістік көкжиектің тап
түкпірінен мұнардан қылтиып бір қара бұлдырайды.
– Дəу де болса Беннетта аралы анау, – деп оған бірінші болып көзі түскен
Ордин дауыстап жіберді.
Ол нұсқаған жаққа Горюнов пен Костяков жалт қарады.
Горюнов бірден компасқа жармасты.
–Беннетта аралы бұл емес, – деді Горюнов. – Ол арал шығысқа қарай бұрыс
жəне Қазандықтан көрінбейді де. Зəуде бір сағым болмаса, біздің көріп
тұрғанымыз – Санников жері. Толльдің айтуына қарағанда, ол осы жақта
болуға тиіс.
Жалма-жан екеуі дүрбісін суырып, біреуі «Санников жерін іздеу үшін»
Шенк берген көне қарауыл тұрбаны қолға алды. Жылым тұманының ар
жағынан əлгі қара бірде қылаң етеді, бірде көрінбей кетеді. Соған
қарамастан оның басында қар жатқан сүп-сүйір шыңдар тізбегі екенін,
бөлек-бөлек болып көрінгенімен, тұтас қарлы дала екенін көріп білді олар.
Жаңағы сілем біраз жерге дейін жалғасып барады да, екі жақ еңіске қарай
сіңіп жоқ боп кетеді. Тура жүрсе, оған дейін жүз жиырма-жүз отыз
шақырым жер.
–Анау, сөз жоқ, жер!
–Жер болғанда да жоғары, таулы жер!
–Қалайша, оны қар тұтас басып жатқан жоқ?
–Сірə, тау баурайы бар тұсы бірдей қар ұстамайтын тік жар болуға тиіс.
–Ондай құзар биік тауларда қаз-үйрекке де, онкилондарға да орын болмасқа
керек.
–Таулардың ортасында жазық жер бар.
–Қайткенмен де бұл сағым емес, Санников жері, – деп мəлімдеді Горюнов. –
Ол көкжиектің Толль мен Санниковтың өзі көрген тұсында тұр. Сағым
болса ұдайы бір орында тұруы тиіс емес, ол жылымның үстінде іркіліп,
жылымның орын ауыстыруына қарай түр көрінісін де өзгертіп тұрады.
Жақсы дүрбіден қарауыл тұрба тəуір боп шықты, оны ұстап тұрған
Костюков екі тау сілемін көріп, алдыңғысының аласа əрі бастан-аяқ аппақ
екенін, аржағындағы биігінің қара құз, шың екенін ажыратып та берді.
–Екі жотаның арасы жазық екенінде шек жоқ, бəлкім, кең де жазық болуы.
–Оны мекендеген онкилондарға адам аяғы жетпеген десеңші, – деп сөз
қосты Ордин.
–Ал біз барып қой, олардың тыныш тіршілігінің шырқын бұзамыз, – деп
қосарланды Костюков. – Былайғы дүниеден бірнеше ғасыр бөлініп қалған
адамдарды көз алдыңа келтірудің өзі қиын.
Иттердің үргені, ұлығаны, қыңсылағаны қырқаға да жетіп, əңгімені үзді де,
жолға шығу керек екенін еске салғандай болды. Боран иə қатты аяз болмаса
ғой, бұл ит бейшаралар шапшаң жүргенді қалап, бəрі дайын болған кезде,
осылай үріп, ұлып өздерінше қуанышын білдіріп жатады. Горюнов
компасын жаңағы жұмбақ дүниеге қарай тағы бір бағыттап алды да, үшеуі
де еңістегі, үйшікке беттеді.
–Дегенмен жер бүгін көрінді ме? – деп Горохов оларды сауалмен қарсы
алды.
–Тамаша көрініп тұр, ешқандай күмəн енді болуы да тиіс емес, – деді
Горюнов.
–Көру керек екен өзін. Сіздер шай ішкенше қырқаға жүгіріп шығып та
келемін. Мен бір-ақ рет көрдім, оның өзі де шала-шарпы.
Жиһангездердің дүрбісін алып, екі кəсіпкер қырқаға жөнелді. Біреулер
лашыққа, біреулер төбеге қарай тартқанын көріп тыншыққан иттер жегілген
қалпы жата-жата кетті.
Төбеден түскен Горохов пен Никифоров та Санников жері өте жақсы
көрінетінін өздері оны бұрын да сол бағдардан байқағанын айтты.
Ұзамай кішкентай керуен мүйістен теңізге түсіп, тұп-тура терістікке тартты.
Үш күн тыныққан иттердің жүрісі нарталарға бір аптаға жетерлік отын
сияқты үстеме жүк тиелгеніне қарамастан ширақ-ақ. Жұмбақ жерге арада
үш-ақ қонып жетуге болар еді, бірақ боран көтеріліп кетіп, тағы да аяққа
тұсау болуы кəдік. Өйтсе үскірік аязда шай қайнатып, ас-су ысытып іше
алмайтын жерге түнеу де қиын.
Тегіс жермен олар тез жүріп, сең кездескенде шабандап қалып келеді.
Кешқұрым қырық шақырымдай жол жүріп сеңгір-сеңгір сеңдер арасынан
мұз шоқылардан панасы бар жазық тауып, қоналқаға тоқтады. Шатырды
шапшаң тігіп жіберіп, от жағып, ас пісірді, сонан соң қып-қызыл алауы мұз
үстінде ойнаған оттың басында сағат шамасы, отырды. Күн батысқа сүңгіп
ғайып болды, түстікте алашабыр бұлт арасынан ай көрініп жоқ боп, көрініп
жоқ боп жүр, терістікте сарғыш доға мен діңгекке ұқсас əлжуаз солтүстік
шұғыласы ойнайды. Ай бұлтқа енгенде ол ап-айқын көрінеді.
Ұйықтар алдында Горюнов көкжиекті жəне бір шолғалы мұз шоқыға
шықты. Ай сығалап, қарлы жазықты, төбе-төбе сіреу сеңдерді көгілдір
жұмсақ бір нұрға малып тұр. Түстіктен суық жел соғып, көкжиекте қара
бұлт түнереді, оның ар жағында Қазандық аралының жотасы қарауытады.
Ертеңінде күн түнеріп, түстіктен жел күшейе түсті. Горохов пен Никифоров
бораннан секем алып, иттерді қыса айдады. Бірақ мұз біртегіс емес,
шақырым сайын мұз шоқылар тізбегі тап келіп, бұрынғыдай болмай, жүріс
шабандап кетті. Сұрқай аспанда таң атқаннан бері бір жолақ тұр, бұл – алда
кең шалқар жылым жатқанының белгісі. Кешке қарай жылым тіпті жақын
қалды, құлаққа толқын шуы келді. Биік бір мұз шоқыдан асқанда қарсы
алдан жарты шақырымдай ашық теңіз шыға келді, айдыны – ақшулан
толқын, көшкін мұз.
Теңіз тіпті көкжиекке дейін көсіліп кеткен. Боран көтеріп кетпесе, ертең
енді осыдан өту қажет.
Сондықтан байдарқаларды тез түсіріп, жүк тиеуге оңтайлы болу үшін
мұздың жиегіне жету керек, жел жəне түстіктен, теңіз мұзды бұл жақтан
бұзар деп қауіп ойлауға болмайды. Қоналқаға олар ашық айдынға жүз елу
қадамдай ғана мұз шоқының іргесіне кеп тоқтады, оның өзінде шатыр,
нарталар мен иттер əрең сиятын алаңқайды зордың күшімен тапты; бұл –
батыс пен түстік жақтан түксиген биік мұзарттар төнген жер, жалпы, бұл
ара соңғы соққан терістік желі бүкіл сеңді қуып кеп бірінің үстіне бірін үйіп
кеткенінің айғағы секілді.
Сең пана болып əрі есік аузынан от жағылған шатыр жылы да жайлы еді.
Онысы не керек, түнге қарай жел күшейіп, боран көтерілді. Шатырдан бесалты метр жоғарырақ қапалақтап, ұйтқи соғып, үйіре борап қар қалай төпеп
тұрғаны от жарығымен айқын көрінеді. Желдің екпінімен қалың мұз
қақырап, ызыңдаған, ұлыған үндерді сап жұтып, ауық-ауық гүрс еткен
дыбыс құлақ тұндырады.
–Бұл несі тағы да? – деп гүрсіл алғаш естілгенде шошынған Костяков
айғайлап та жіберді.
–Мұз жарылып жатыр, – деп жауап берді Горюнов.
–Иə, мұз жарылды, – деп қоштады Горохов сабырмен.
–Егер жел теріс айналып терістіктен соқса, ол да ықтимал, онда толқын біз
тұрған тұсты жиектей ұрып, мұзды сөгіп, көтере бастайды ғой. Ал əзір жел
түстіктен – қауіп ойлар жөн жоқ.
–Қалай дегенмен де, қорқынышты-ау, Матвей Иванович,
–деді Никифоров. – Ойлап қараңызшы, біз ғой шылым шегіп, əзіл айтып
қаннен-қаперсіз отырмыз, ал астымызда небары екі-ақ аршын мұз, онан əрі
түпсіз тұңғиық емес пе! Аралдар арасы сəл алаңсыздау – теңіз терең емес,
жер тиіп тұр.
–Астымызда қандай тереңдік барының қажеті не бізге, мейлі жиырма,
қаласа жүз метр болсын! – деп мырс етті Ордин. – Мұз жарылса, онда да,
мұнда да қарық боламыз.
–Дегенмен мұнда қауіптірек, теңіз де, жер де көрінбейді өйткені.
–Тоныңа қымтанып ұйықтай қалсаң, бəлкім, бəрін түсіңде көрерсің, – деп
қалжыңдады Горохов.
–О да дұрыс, əйткенмен жаталық, таң атқанша ұйықтайық, күн шыққан соң
көңіл де тыншыр.
Алайда олар алаңдап ұйықтады, себебі мұзда жатқанда оның алыс-жақын
жарылғанының бəрі жақсы естіліп тұрады екен. Иттер де əдеттен тыс
тынымсыз ұйықтап, бірде бірі, бірде басқасы маңқылдап, ырылдап мазаны
алды. Горохов əлденеше тұрып, шатырдан сығалап жел бағытын өзгерткенөзгертпегенін бақылады. Жарық түсіп барлығы оянғанда басу айтқан да сол
болды.
–Түк те жоқ, жел сол бағытынан соғып тұр, қозғалмай-ақ жата берулеріңе
болады.
Сəскеге дейін жатты да, қарны ашқан соң барып бір-ақ тұрды бəрі. От
жағып, шай қойды. Горохов пен Никифоров иттерге ас құюға кетті. Иттердің
қаперінде тіпті түк жоқ, екі сеңнің арасында желдің не екенін білмей бір
жерге ұйлығып жатыр бəрі. Боранның беті жаман, бірде бес-он минут
басылады да, бірде екпіндеп ұли ала жөнеледі. Оның бір тынған кезінде
биік мұзға шыққан Горохов жан-жағын шолып шығып, ысқырып айғай
салды.
–Алайда, ағайындар, біз жүзіп бір жаққа маңып кетіппіз, айнала – су.
Барлығының да зəресі ұшып, оған ілесе əлгі мұзартқа шықты: кеше мұзбен
келген түстік жақта қарлы мұнар арасынан жойқын теңіз қарауытады,
терістік жағы да су, ал батыс пен шығыс тізбектеліп жатқан сеңгір-сеңгір
сеңдер, шетіне тіпті көз жетпейді жəне ештеңе айырып болмайды. Көп
тұруға мұрша келмеді, екпіндей жөнелген жел қапалақ-қапалақ қарымен
соққылап, бəрін еңіске қуып шықты. Шатырға оралуға тура келді.
–Менің ойымша, біз тұрған мұзды алқап қалған мұз айдынына нашар
кіріккен, – деді Горюнов. – Мұз жарылған кезде желдің ырқымен бұл жер
бөлініп, теңізге қуып тасталған.
–Сонда қай жаққа?
–Əрине, солтүстікке, жел қайдан соғушы еді.
–Теңіздің бұл тұсында ағым болса ғой, бізді алысқа, батыс болмаса
шығысқа да айдап əкетеді.
–Əлбетте əкетеді.
–Енді не істейміз?
–Ештеңе істеуге болмайды. Ауа райы бұлай болып тұрғанда біздің
байдаркамен жүзу қатер. Боранның басылуын күтуден басқа лаж жоқ.
–Біз тұрған мұзды тағы да быт-шыт қылса ше?
–Осыған дейін быт-шыты шықпаған жалпақ мұз алда да аман сақталар деп
сенуге болады, тек басқа бір мұзартқа яки сіреу сеңдерге соқпасын де.
–Ол үшін байдарқаларды сайлап, оларға керек-жарақты артып қойған артық
болмас.
–Дұрыс-ақ! – деп құптады Горохов.
Таңғы тамақты ішіп алып, нарталардың жүгін түсіріп, олар байдарка
құрастыруға кірісті. Құрап болып оларға жүк пен нарталарды тиеді, қалғаны
тек шатыр мен төсек орын ғана, оларды да алғаш қатер төнгенде жиып алу
қиын емес. Ара-тұра жел саябырлаған сайын олар мұз шоқыға шығып, жанжақты шолады, бұрынғыдай терістіктен де, түстіктен де теңіз көзге түседі,
ара қашықтық – екі жақтан да жүз метрдей жер.
Осылай бір күн өтті. Бұрынғысынша боран ұйтқып тұр. Кешкі асын ішіп
алып, жанып біткенше оттың жарығымен отырды. Көңіл қобалжулы, кейде
аяқ астындағы мұз ойнап тұрғандай сезіледі. Алайда мұзда жаңа жарық
пайда болғанын білдіретін гүрсіл таң атқалы естілген жоқ. Шамасы, бөлініп
шыққан мұзарт берік болса керек, түнде олар кезек күзетісті
–жаман айтпай жақсы жоқ. Жел саябырлап, ара-арасында күңгірт ай да
сығалап қояды.
Күзет кезегі соңынан тиген Ордин ұйықтап кеткен екен, бетіне шағылған
күн шапағынан оянды. Ол көтерілген күн мен көгілдір аспанға таңырқай
қарады, күн айығып, жел бəсеңдепті, жаңа қар көз ұялтып жалт-жұлт етеді.
Ордин жалма-жан мұз шоқыға шығып, түстікте көкжиекке дейін көсіліп
жатқан көк теңізге, оның бетінде шұғыла ойнатқан майда толқынға көз
тастады, бұлар тұрған мұз алаңының батыс жағы жарты шақырымдай да,
шығысы əлдеқайда келте. Теріскейде су танабынан əрі осылай қарай баяу
жылжып келе жатқан алып мұзарт көрінді. Ордин жалма-жан жатқандарды
оятты, бəрі жүгіріп жоғарыға шықты.
–Бəлкім, шыққан күн бірден көрсетпегенде түстіктің қайда, терістіктің
қайда екенін білмей, мен бұрынғыдай теңіз солтүстік жақта деп тұра бермек
екем! – деп дауыстап жіберді Костяков.
–Иə, біздің жолымыз болды, – деді Горюнов та. – Байдаркамен жүзіп, жүк
тиеп, түсіріп жүрудің орнына, шатырда тыпыр етпей жаттық та, боран бізді
теңізден өзі өткізіп салды.
–Өзеннен салмен өткен сияқты десейші, – деп қойды Горохов.
–Жəне қазына есебінен, ештеңе төлетпей өткізді ғой, – деп күлді
Никифоров.
–Алда əуейіленбей есте ұстасын деп боран-көкеміз аздап қорқытып алды, –
деді Костяков.
–Бұл бізді жағаға апарып тірер ме екен, əлде байдарканы түсіруге тура келе
ме? – деп сөз қозғады Ордин.
–Жағаға апарып тіреуге тиіс. Жүзуге көп те қалған жоқ, жел тұрса мына мұз
шоқылар – жақсы желкен.
–Əзір ауқаттанып алалық, сосын жолға қамдану керек, –деп ұсыныс
білдірді Горюнов.
Жел бəсең болғандықтан, экспедицияға аса сəтті паром болған мұз алаңы
алға қарай баяу жылжыды. Ас ішіп боп, байдарканы бөлектеп, нарталарды
құрып, олар паромның қозғалмайтын бір мұзды алқапқа барып тірелуін
күтіп шоқыға қайта шықты. Сағатқа жуық күтті, кенет мұздың шайқалғаны
байқалып, шет жағы сөгіліп, сең сынықтары бірінің үстіне бірі шығып
қалды. Ақырын соғылғаннан сеңдер елеусіз болып шықты, паром шапшаң
сап болды.
–Айлаққа əкеп тіреді, – деп айғай салды Горохов. Қолына балта, күрек алып
жол аршымақ оймен жиһангездер паромның шетіне шықты да, біртегіс жер
тауып алып, қозғалмайтын мұзға əп-сəтте-ақ көшіп алды.
Никифоров келекелі бір кербездікпен əлгі келген мұз алаңына тағзым етіп,
айғай салды.
–Рахмет, жігітім, жеткізіп салғанына! Айтары не, жақсы-ақ серуендеттің!
Мұз паромның бағыттан онша ауытқымағанын ескеріп, Горюнов биігірек
бір шоқыдан Санников жерін көру, сөйтіп, жолын айқындап алу үшін
нарталарды терістікке қарай бастады. Жол алғаш аса қиын болды, бір
сеңнен кейін бір сең кезігіп, түске дейін он-ақ шақырым жылжыды. Жəне
бұл сеңгір мұздар қиыр көкжиекті мүлдем көрсетпей тастап қиын қылды.
Əйтеуір түс ауа тегіс мұз басталып, көкжиекте мұнар арасынан жұмбақ
жердің əлі алыс болса да үшкір шыңдары көзге бір шалынды-ау.
–Міне, үшінші күн жүріп келеміз, сонда да бір бар болғыр қарасын көрсетер
емес! – деді аса бір өкініш үнмен Горохов. Оның торығыңқы үні қасында
тұрған Горюновтың назарын бірден аударып алды.
–Көмейіңде бір түйткіл бар-ау, Никита, – деді ол.
–Дұрыс айтасың. Күмəндануға айналдым. Əлгі мұзарт бізді теңізді көктей
өтіп, осында тегін əкелген жоқ, Матвей Иванович. Маған мұның жер емес,
сағым секілді болады да тұрады. Арбап, алдап мұнартып тұра бере ме деп
ойлаймын. Алыстап кетіп, қайта алмай жүрмейік.
–Сенің ойыңа да қайдағы-жайдағы келеді екен, – деп күлді Горюнов. – Енді
бірер күн жүрелікші, ол жер қол созым ғана болады.
–Ал, меніңше, ертең ол жерің күмəн қалдырмайтындай болып айқын
көрінбесе, кешікпей кері қайтқаннан дұрысы жоқ.
Горюнов сөзді доғарып, жұмбақ жерге бағыт ұстады. Жұмбақ жер енді
терістік шығыстан менмұндалады – зайыры, паром желдің ырқымен немесе
ағыспен бұларды батысқа қарай біраз апарып тастаса керек. Жол бағытын
өзгертуге тура келді. Тегісірек мұз шапшаңырақ жүруге жағдай туғызып,
кешке дейін бұлар отыз шақырымды алып та тастады. Күн батар алдында
көкжиек əбден айқындалып, жиһангездер ақ жотаның жон арқасынан тік
шаншылған шыңдардың қарауытқан үшкір бастарын дүрбісіз-ақ анық
көрді. Енді Гороховтың өзі де тынышталайын деді.
Сол бағытпен тағы да екі күн жол жүрді. Бірақ күн бұлыңғыр болып, жер
көрінген жоқ, шамасы, жер бауырлай жатқан бұлт оны жауып қалса керек.
Ақыр аяғында үшінші күні түскі үзілістен кейін мұз шоқылар түгел
таусылып, аппақ қар басқан далаға да табан тиіп, олар жоғары қарай
көтеріле бастады. Иттердің жүрісі бірден баяулады.
–Аяғымыздың астындағы жер емес пе өзі? – деп дауыстап жіберді Ордин.
–Жер болғанда да тап өзі! – деп діттей түсті Никифоров.
–Тауға шығып бара жатқанымызды иттерден-ақ байқамайсың ба?
Осы кезде сəл сейілген бұлт астынан бірер шақырым алдан биік аппақ жар
шыға келді.
–Əзір бұл жерде қардан басқа ештеңе жоқ! – деп күңк етті Костяков. – Тау
бір жаққа тағы жасырынып қалды.
–Əбігерін қарашы енді! Ақ жардың астынан тауды да табамыз. Керек болса
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 04
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.