Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 05

Total number of words is 4009
Total number of unique words is 2113
34.1 of words are in the 2000 most common words
47.4 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
еті қандай дəмді десейші!
–Қажеті не оның? Бүгінге жетерлік ет бар, басы артық жүктің қажеті қанша.
Жəне жазықсыз жануарларды қыра беріп, обал да.
–Ал қоллекция жинайтынымыз қайда? – деп қыстырылды Ордин.
–Жабайы жылқы күнде кездеспейді ғой, мүмкін, мұның тұқымдары бөлек
шығар.
–Жай ғана тағы боп кеткен жылқылар ғой, – деген болжам жасады
Костяков.
–Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Біздегі аттардың бəрі ақбоз, ал құбақан,
бурыл жылқы деген ілуде бір, – деді Горохов.
–Тіпті түр-тұрпаты, мүсіні де бөлек, – деп қостады оны Горюнов.
–Зады, Санников жерінде əзір ашылмаған табиғи жағдайға орай
атамзаманғы геологиялық кезеңнің қазір басқа елдерде құрып біткен
жануарлары сақталған.
–Құдды Австралияда əлгі тағы ит, кенгуру сияқты қалталылар, қанатсыз
құстар жəне өзге де тасқа айналған тірі жануарлар деп аталатын
хайуанаттардың сақталғанындай, –деп түсіндірді Ордин.
–Сіз, мұнда мамонт, қылшық жүнді мүйізтұмсық, үңгір аюы жəне басқа да
алғашқы қауым адамдарының тұстастары да өмір сүреді дерсіз, – деп күлді
Костяков.
–Ол да ықтимал, тек адамдар құртып жібермесе, – деп жауап берді Горюнов.
–Санников жерінің қызықтылығы өзінің орны мен түріне қоса тасқа
айналған тірі жануарлары сақталуымен де күшейе түседі десеңші, – деп
сөзге араласты Ордин.
–Анау алаңқайдың ортасынан көрінген көлшімекке баралықшы, су сиырын
кездестірмес пе екенбіз, – деп ойын-шыны аралас ұсыныс енгізді Костяков.
–Су сиыры тас дəуірдің еншісі емес, – деп түсінік берді Горюнов, – олар
Африка өзендерінде қазір де өріп жүр, бұл арадан біз оны таба алмаймыз.
Алайда олар көлге жете алмады, оған жақындаған сайын жағасы
қорыстанып, бетіне шөп өскенмен, асты мибатпаққа айналып, аяқты терең
тарта бастады. Шамасы, бұрын көл едəуір үлкен болғанымен кейін тартылса
керек. Сондықтан оның суын татудың да, балығы бар-жоғын анықтаудың да
реті келген жоқ. Ал су сиыр туралы сөз қылудың қажеті шамалы-тын, себебі
оның алып денесін мына мибатпақ бірден-ақ жұтып кетер еді.
Бұл алаңқайдан əрі жануарлар шиырлаған із қалмағанда, арасынан аяқ алып
жүруі қиын қалың орман кезікті, əсіресе тұмсық батпас жас шыбықтары
жол берер емес оның.
Жалғызаяқ сүрлеумен келе жатып жиһангездер алуан құстың көктемгі əнін,
орман кептерінің гүркілін, талып жеткен көкек үнін есітті. Шұбар шымшық,
ұзақ қарға мен сауысқан бары байқалады, алаңқайдан жем көздеп тас төбеде
екі бүркіт қалықтап жүр.
Шынында да ғажайып ел! – деп тамсанды Горюнов. Солтүстік полюстің
оныншы градусында емес, Сібірдің түстік алқабындағы бір жерде тұрмыз
деп ойлап қалуға болады.
–Тапа-тал түс екеніне қарамай, күннің төмен тұрғаны ғана біздің дəл қазір
Қиыр Сібірде екенімізді білдіргендей, –деді Ордин.
–Маған анау шеткі жотаның қап-қара найза шыңдары, оның алашабыр қары
атамекенім Иркут жазығын елестетеді, оны жағалай жатқан Тункин
тауларының да суреті осындай еді, – деді Костяков. – Ал өсімдіктері мен
құстары тіпті қиялды баурап барады.
Ортасында көлі бар келесі алаңқайда жайылып жүрген өгіздер мен
жылқыларды тамашалай түсу үшін тоғайдың бауырына тоқтап, ас
пісірмекке аялдады. Көлден шығып алаңқайды кесіп ағатын бұлақтан таза
су тапты. Тура жолдың үстіне тоқтап, оның алаңқайға шығар шетіне от
жақты, қазан мен құманды мосыға іліп, шыбыққа шаншып, бұзау етінен
шашлық шыжғыруға кірісті. Өздері жайылып жүрген жануарларды
тамашалауға қолайлы жол жиегіндегі ағаштың түбіне жайғасты.
Кенет орманның түкпірінен таяп келе жатқан аяқ дүсірі естілді. Айран-асыр
болған жиһангездер бұта түбіне бой тасалап үлгергенше сүрлеумен ышқына
өкіріп бір қарақоңыр хайуан шапқылап өте шықты.
–Мыналары не пəле тағы? Неткен керемет! – деп міңгірледі шошып қалған
Горохов.
–Тұмсығындағы үлкен мүйізін байқадыңыз ба? – деп сұрады одан кем
таңданбаған Горюнов.
–Құйрығы құйтақандай торай құйрық, – деп қостады Костяков.
–Міне, ізі! – деп Ордин жолдың жуынды төккен жеріне түсіп қалған ізді
көрсетті.
Іздің диаметрі он сегіз сантиметрге жуық, бірнеше тұяқ тиген жер едəуір
шұңқыр боп қалыпты.
–Сонымен, тасқа айналған тірі жануарды тағы көріп тұрмыз – бұл ұзын
қылшықты мүйізтұмсық, – деді Ордин.
–Тірлігі бар болсын, бұл тас түскіріңнің! – деп байбалам салды Костяков. –
Бүкіл асымызды бүлдіріп кетті.
Шынында құйындай ұшқан мүйізтұмсық біраз лаңды салып кетіпті,
сорпасы бар қазан бұтаның арасына ұшып, еті жерде жатыр, шашлықтар
шанышқысымен қоса тапталып, құман төңкеріліп қалған.
–Аспаз, бəрін басынан баста! – деп мырс етті қазан мен құманды көтеріп
суға кетіп бара жатқан Горохов.
–Жер-көкке сыймайтын бір пəле ғой! – деп міңгірледі шашылған етті
жиыстырып жүрген Костяков, – жол аз болды ма екен шіркінге!
–Келесіде ақылдырақ болармыз, – деп күлді Горюнов.
Аң жолынан аулағырақ орналасу керек еді.
–Тағы біреуі шауып келеді, – деп жан даусы шыққан Ордин бұтаның
арасына беріп кетті, қалғандары да одан қалысқан жоқ.
Жаңағыдай ышқына өкіріп, бірнеше минуттың ішінде бірінің артынан бірі
шапқылап жəне үш мүйізтұмсық өтті. Бұл жолы оларды анықтап көруге
мүмкіндік болды. Тұмсығында үп-үлкен бір мүйізі, оның артында келтелеу
тағы бір мүйізі бар алдыңғысы еркегі екен. Оның соңындағы сыңар
мүйіздісі ұрғашысы болса керек, əрең ілесіп келе жатқан аяғы қып-қысқа
баласында əлі мүйіз жоқ, үшеуін де сирек, бірақ ұзын қарақошқыл қылшық
басқан.
–Енді сақтаныңдар, жігіттер! – деп ескертті Горюнов. Тегі, бұлар бір
жыртқыштан қашып келеді. Мылтықтарыңды сайлаңдар!
Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, жолдан жыртқыштың өзі де көрінді, оның
алпамсадай аса зор аю екенін айыру қиындық келтіре қоймады. Ол басын
тұқыртып, иіскелеп екі жаққа кезек теңселіп шайқалақтап, жолдан түтіндеп
жатқан отты көріп ол бірден тоқтай қалды да, басын көтеріп, азуын
ақситып, қып-қызыл тілін көрсетті. Осы арада оған ту сыртынан иттер
дүрсе қоя берді де, ол жалт бұрылып, гүж-гүж етіп жүгіре жөнелді.
–Ал, жолдастар, енді алаңқайға шығайық, – деп дауыстады Горюнов. –
Əйтпесе хайуандар бұл арада тамақты пісіртпес те, пісірткенмен жайлап
ішкізбес те.
–Қандай дəу аю! Мұндайды мен ғұмыры көрген емен, –деді бұта арасынан
шығып жатып Горохов.
–Білекті болса да, жүректі емес екен, иттерден зəресі ұшты, – деп күлді
Ордин. – Біле білсеңдер, бұның жай жойқын қоңыр аю ғана емес, үңгір
аюы, мүйізтұмсық пен мамонттың тұстасы екеніне, өз басым, кəміл сенемін.
Көрдіңдер ғой, аузының қандай екенін!
–Яғни тасқа айналған тағы бір тіршілік иесі де. коллекциямыз тез көбейіп,
кісі сенгісіз болып бара жатқаннан сау ма өзі! – деді Костяков.
–Иə, бұл қазба жануарларды табиғат аясында суретке түсіріп алмасақ,
айтқанымызға ешкім сенбес, – деді Горюнов.
–Қап, фотография пластинқаларды аз алып шыққанымызды қарашы. Бірақ,
кім білген, бұл Санников жерінің зоологиялық, дəлірек айтсақ,
палеонтологиялық бақ екенін.
–Никита, енді сіздің дос-жар каюрларыңызға эксекю құстың тырнағы деп
жүрген мүйізін мүйізтұмсықтың басынан көргеніңізді айтуыңызға болады.
–Бұл мақұлықты мен бұрын да көргенмін.
–Қайда, қашан? Бүгін түнде ме?
–Жоқ, бұл баяғыда болған. Янаға солдан келіп құятын Ачада өзеніне көктем
кезінде жағалаудан құлаған осындай хайуанның суда жатқанын көргенмін.
Менің көзіме түскенде көк түлкілер оның басының етін жеп, шабын жарып
та тастаған екен. Біздің исправник губернаторға мəлімдеп, ол хайуанды
алып келу үшін арнайы чиновник жіберген. Бірақ ол келгенге дейін əлгіден
жұрнақ та қалмаған. Етін көк түлкі жеп, сүйегін су ағызып əкеткен-ді.
–Сирек олжалардың тағдыры əмісе осылай болады, – деп мақұлдады
Горюнов. Оларды біреу көріп, басшыларға, одан Петербургке хабарлағанша,
академия біліп, зерттеуге ғалым жібергенше көп айдың жүзі болады. Оған
жыртқыштар мен ағын су қарап тұра ма! Осылай құрып кеткен керемет
олжаларда сан жоқ.
–Ал сіз бен біз тəуірірек олжа табуға тиіспіз, – деді Ордин. – Қазба
жануарлардың өлілерінің емес, тірілерінің терісі мен бас сүйегін жəне
суретін апарсақ, одан артық не керек.
–Суреттерін апаруын апарармыз, ал тері мен бас сүйек жағы қиындау.
Олардың өзі зіл қара тас жəне жер-көкке сыймайды, ал нарта бізде үшеу-ақ,
– деп ескертті Костяков.
–Мына мамонт терісі мен бас сүйегін біздің көлікпен, əрине, жеткізе
алмайсың! – деп күлді Горюнов.
–Зайыры, сіз тірі мамонтты да көреміз деп ойлайсыз-ау, деймін? – деп
мысқылдай сұрады Костяков.
–Неге көрмеске?! Мұнда мүйізтұмсықтар рахат тіршілік құрып, өсіп-өніп
жатса, мамонттың болуы да əбден мүмкін.
–Бұл арада болған болса, онкилондарыңыз оның тұқымын баяғыда-ақ
тұздай құртқан шығар.
–Не үшін құртсын, оларға оның тісінің қажеті шамалы – сата қоярлық
ешкім жоқ мұнда. Мамонтсыз құстар-ақ жетеді оларға. Оның үстіне бұл
кереметті отты қарусыз қалай жықпақ.
–Ал тас дəуірде адамдар мамонтты қазіргіден де тұрпайы қарумен аулаған
емес пе.
–Менің ойымша, Матвей Иванович, – деп сөзге Горохов араласты, – мұнда
əлгі мамонт бар болды ма, онда оған бұл араның адамдары эксекю құсы
сияқты киелі аң ретінде тағзым ететін болады.
–Əлбетте, əбден мүмкін, Никита. Сондықтан да мен ол хайуанды көрермін
деп үміттенемін.
Кəкір-шүкірін жинап, олар алаңқайдың шетіне шығып, өзен маңына кеп от
тұтатты. Алаңқай бос қапты – Тегі, мүйізтұмсықтар тасыр-тұсыр өтіп,
барлық жануарларды үркітіп жіберсе керек.
–Тағы да тақырға отырғызып кетті! – деді Ордин. – Мен болсам, ас
піскенше баураймен бой тасалап барып өгіздер мен жылқыларды суретке
түсіріп аламын ғой деп дəмеленіп едім.
–Иə, құстар ғана қалыпты, қуырдақтан басқа неге жарайды бұлар, – деп
Костяков көл үстінде ұшып жүрген үйректерді нұсқады.
КӨПІРШІГЕН КӨЛ
Асын еш əбігерсіз ішіп, тынығып алып, көлге апарар деген оймен өзекті
жағалай отырып олар əрі жылжыды. Үміт ақталды. Шалғын арасы саз
батпақты болғанымен, өзекті жағалап жүріп отыруға жарайды екен, ұзамай
жиегі жасыл қамыспен көмкерілген диаметрі жарты шақырымдай ашық
айдын шыға келді алдан. Əупілдек гүлінің жалпақ тостағаны су бетінде су
жаңғағының (Тгара natans ) ұсақ жапырақ-тарымен аралас орналасқан. Су
жаңғағы жер үстінен жоғалып кеткен өсімдік еді, ал мұнда аяқ алып
жүргісіз. Балдыр көлегейлеген көл түбі терең тартып барады, су асты
өсімдіктерінің арасы толған қоңыз, ерсілі-қарсылы жосып жүрген ұсақ
шабақ. Көлдің ортасына таман үйректер мен шағалалар жүзіп жүр,
айдынның əр тұсынан шоршып ойнаған ірі балықтар көзге түседі. Бұлтты
көктей өтіп сығалаған түскі күн қиық сəулесімен осынау ендікке кереғарлау
бейбіт, молшылық өмірдің суреттерін зерлеп тұр.
–Бұлақтар көлге емес, көлден ағады екен ғой өзі! – деп таңырқады Горюнов.
–Бұдан нендей түйін шығады?
–Түйін бе, ол былай. Ойпат суының теңізге құятын бір жолы болуы керек,
яғни мынау айнала таулар тізбегі бір жерінен түбіне дейін жарылуы тиіс.
–Жарайды, солай-ақ болсын.
–Соны анықтап алу аса мəнді. Біз сырғанап түскен күртік қарлар жаз бойы
еріп аласаруы керек, онда бізге жоғары көтерілуге болмай қалады. Демек,
таудың жарығы ғана мына аңғардан шығып кетуге мүмкіндік береді.
–Ал ол жарықтың болмауы да ғажап емес қой, – деді Ордин. Су жер асты
каналы арқылы ағып кетуі ықтимал. Лава тасқынында ондай каналдар сирек
болмайды. Геология курсынан Гавай аралдарындағы дельфиндерді еске
түсіріңізші.
–Ол не? – деп сұрады Костяков.
–Ол – теңіз жағасынан тереңге тартылған лава тасқынындағы ұзын туннель.
Су келген кезде ол жердің жарығынан фонтан болып атылады. Аты да
осыған орай Дельфин қойылған.
–Дұрыс емес, кит сияқты дельфиндер су атқыламайды, жай ғана шашып
ойнайды, – деп қарсы пікір айтты Горюнов.
–Ал біз үшін тауда жарықшақтың болмауы жақсы емес, онда күртік қатуын
күтіп, қыстың аяғына дейін қалуға тура келеді.
–Оның несі бар, мүмкіндік туып тұрса, Санников жерінде қыстап қалу
жоспарымызға кірген. Ал қазір қыстауға жағдай бары айдан анық.
Осы тұста əңгімені бағанадан бері көлден көз алмай тұрған Гороховтың
айғайы үзіп жіберді.
–Қараңдаршы, əне, не болып жатқанына! Бір ғаламат судан шығып келе
жатыр.
Айдынның ортасында үлкен төмпе пайда болып, көпіршіп қайнап тұр.
Кенет төмпе тарс жарылды да, аппақ бу аспанға атылып, əп-сəтте ауаға
жайылды. Сол жердегі бүкіл айдын бетіне толқын жүгіріп өтіп, жүзіп
жүрген құстарды тербеп-тербеп кетті.
–Тереңде кит я басқа жануар бар ма екен əлде? – деп топшылаған болды
Горохов.
–Кит тұщы суда жүрмес болар, – деді Горюнов. – Бірақ бұл құбылыстың
себебі не болды екен?
Ордин қабынан термометрін суырып алып, жалма-жан суға сала қойды.
Көлдің астында кім барын білу үшін жасаған мына қарекет тым қолапайсыз
көрініп кетіп Горохов күліп жіберді.
–Ойлап көріңдерші, судың жылылығы Цельсий бойынша жиырма бес
градус! – деп дауыстады Ордин.
–Мына ендіктің ерте көктемі мен судың жиырма бес градус жылылығы ойға
сыймайды екен, – деді Костяков. – Бір жиырма градусқа қателескен жоқсыз
ба?
–Сенбесеңіз өзіңіз-ақ өлшеңіз.
–Сонда мұны қалай түсінуге болады?
–Бəлкім, көлдің астында жылы судың немесе жаңағы біз көрген будың көзі
бар шығар. Олай болса, бұл менің ойпат ескі жанартау кратерінің түбі деген
болжамымды дұрысқа шығарады. Оның түбінде ауық-ауық жер жарығы
арқылы сыртқа шығарып тұратын жылуы əлі жеткілікті болғаны бұл.
–Əлгі құбылыс қайта қайталанбас па екен, күте тұралық, –деді Горюнов.
–Күтелік. Əзір менің айтарым: осындай көлдері көп болса, Санников
жерінің жылылығының да бір себебі сол.
Шеңбер-шеңбер толқындары сап тыйылып, көл қайтадан айнаша
жарқырады. Жиһангездердің бəрі оған бірдеңе күтіп телміре қалған.
Горюновтың қолында сағат.
Отыз екі минут өткен соң көл қайта көпіршіп, екі метр биіктігі бар төмпе
пайда болды да, ол тарс жарылып, бу атқылай жөнелді.
–Шамасы, сіздің айтқаныңыздың жаны бар, – деді Горюнов.
–Жер астынан ыстық су немесе бу мезгіл-мезгіл бөлініп, көл арқылы бүкіл
аңғарды жылытып тұратын болса керек.
–Аңғарды биіктен де, жиектен де қарап біз мұндай көлдердің талайын
көрдік.
–Қалай дегенмен де, өз басым, су атқылап жатқан кит деп ойлаймын, – деді
жанартау құбылысына тіпті миы жетпей қойған Горохов.
–Никита-ау, кит сонда көлге қалай келді деп ойлайсың.
Ол, сірə тау асып түскен жоқ қой.
–Олай болса мүйізтұмсықтар, өгіздер мен жылқылар мұнда қалай келген,
заңғар биік жардан олар да қарғып өте алмайды ғой, – деп Костяков
қитықты.
–Сіз Новосибирь аралдарының геологиялық тарихын нашар білесіз, – деді
оған Ордин. – Жер дамуының төртінші дəуірінің басында бұл аралдар Сібір
құрлығының құрамдас бөлегі болатын; мына жанартау онда сөнген шығар
да, жануарлар келіп мекендеген шығар, содан бөлшектену басталып, біраз
алаң теңіз астына түсіп, қалғаны аралдарға айналуы əбден мүмкін.
Жануарлардың құрлыққа өтер жолы көсіліп, ауа райының қытымырлығына
орай басқа аралдағыларының бəрі қырылып, жылылығына қарай осы
Санников жерінде ғана сақталса керек.
–Əлгі алапат жануарлардың мына шұңқырға кеп қалай түскенін мұныңыз
дəлелдей алмайды.
–Біріншіден, ол кезде кратер қабырғасының жарықшағы қазіргіден кең
болып, кейін жан-жағы опырылып тарылуы ықтимал. Екіншіден, біз
ойпаттың шеткі пұшпағының ғана біраз жерін көрдік, əрі қарай ендеп
кірсек, терістік жақтан қолайлы үлкен қақпа кездесуі кəдік емес.
–Бұл арадан əлі де тың да қызықты дүниелер ашылатындығына менің
күмəнім жоқ, – деді Горюнов. – Жəне қарт академик құрғақ сөзге сеніп,
ұстата салған ақшаның далаға кетпей, ғылымнан жойылып кеткен
жануарлардың өсіп-өнер орны сияқты қымбат сыйлыққа ие болғалы
тұрғанына қуанамын.
–Адамдар мекенін жəне айтыңыз, – деп қосып қойды Ордин.
–Экспедициямыздың ғылыми зерттеулерге азырақ əзірленгені ғана өкінішті.
Біз, əрине, тəжірибелі оқымыстыларды алмастыра алмаймыз, сондықтан
біраз нəрсені аңғара бермеуіміз мүмкін.
–Енді не амал бар! Біз осынау жұмбақ жерге бірінші болып жол аштық.
Əрине, академия əр мамандықтағы оқымыстылардан үлкен экспедиция
жарақтар да, біз оларға жолбасшы болып келерміз.
Əңгімелесіп отырған кезде көл ортасында тағы да төмпе пайда болып,
алдындағысы дəлме-дəл қайталанды.
–Осы жолы уақытын анық байқадым! – деді Ордин.
Арасы тұп-тура отыз үш минут.
–Сонда осы ыстық суда балықтар мен құстар қалай тіршілік құрып жүр? –
деп сұрады Горохов.
–Сіз байқадыңыз ба, құстар көлдің ортасына қарай жоламайды. Демек,
ортада су тым ыссы да, арасан маңынан аулақ қашып құстар жағаны ғана
сағалайды.
–Онда балық та жоқ, оларға көлдің өзге тұсы жетіп жатыр. – Көлді мейілі
білгенше бақылап болғасын, олар орман бауырын сағалай алаңқайды
айналып əрі жөнелді. Бір жерде бағана тоқтаған тұстан шапқылап өткен
мүйізтұмсықтардың үйіріне тап болды; əкесі мен енесі мойнын созып, жас
шалғынды құйрығын бұлғап қойып құныға таусап тұр да, баласы біресе
шөп үзіп, біресе ебедейсіз секіріп ойнақ салады; сырт қарағанға ол тек күлкі
үшін аяқ қадай қойған бір дəу кеспек сияқты. Бұта арасында жасырынып
жатып жиһангездер оларды ұзақ қызықтап, ақырын суретке түсіріп алды.
Бұл үйірдің бейбіт өміріне жалғыз Горохов қана немқұрайды қарайды;
мүйізтұмсық баласының қорбаңдап секіргеніне күлгенімен, ол осынау
«кеспектен» неше пұт май түсетіні, оның жон терісінен нартаға тағар қанша
қайыс тіліп алуға болатынын ойлап тұр еді.
Ойын жүзеге асыру үшін шаруақор жазған мылтығын оңтайлай беріп еді.
Горюнов оны тоқтатып үлгерді.
–Ақылыңнан алжасқансың ба, Никита! Баласын атсаң, анау ата-енесі таптап
тастамай ма бізді. Бұл жануарлармен ерегесу жаман, – деп сыбырлады ол.
Орман ішімен мүйізтұмсықтарды абайлап орап, олар келесі шоқты кесіп
өтетін жолға түсті, мұнда ағаштардың биіктігі он метрге жетіп, самсай
өскен жас шыбықтары қиналмай сыбдыр-шусыз жүруге мүмкіндік бермеді.
Сүрлеу жолдың тағы бір қатері бар: үлкен бір аңмен бетпе-бет келіп қалуға
болады, мылтығын əзір ұстап, солтүстік Сібірдің тұлдырсыз тундрасына
үйренген, ал мына орманда адамдардан жырылып кетуге жүрегі
дауаламайтын Кротты алға салды.
Тіршілік дегенің орманда көп екен. Əр алуан ұсақ құстардан басқа бұтақта
сайрап отырған шілдерді, біріне-бірі ысқырып дыбыс берген шұбар
шымшықтарды, бір ағаштан бір ағашқа ұшып-қонып жағы сембей
шықылықтаған сауысқандарды көрді, сарторғай сияқты əнші құстардың
үнін есітті. Бұта арасындағы сыбдыр басқа да кішігірім сүтқоректілер бар
екенін байқатып тұр. Сүрлеу тік жолға тартатын бір бұрылыстан олар
алпамсадай бір ірі жыртқыштың тұрқын шалып қалды, жер иіскеп, жай
басып бұл қарсы келе жатқан, шамасы, аю болуы керек.
–Зады, мұнда сенделіп жүрген аюлар аз емес-ау деймін, –деп бір қойды
Горюнов.
–Тек өздері жүрексіздеу ме қалай!? – деді Костяков.
–Қандайына тап болатыныңа байланысты ғой бəрі, ашы кез келсе, адамға да
шабады.
–Сақтықта қорлық жоқ, мылтықтардың жартысын жарқыншақ оқпен
оқтауды ереже есебінде ұстауымыз керек,
–деп ұсыныс айтты Горюнов.
Бұл жолы орман танабы екі шақырымға созылды, одан əрі жағасы биік
теректермен, үйеңкілермен, мойыл, долана, итмұрын бұталарымен
көмкерілген жылғасы бар тағы бір алаңқай кездесті, ағаштарда сайраған
сан-алуан құс үні төңіректі тербеп тұр.
–Мынау көл де көпіршір ме екен, білсек қой, – деп ынтықты Ордин.
–Тізе бүгіп тыныға тұрайық, қалғанын көре жатармыз. Ширек сағат
отырып, əр жердің құстарына қарады, көл беті жыбыр-жыбыр етіп,
балығының молдығын білдіріп жатыр.
–Мұнда өмір емес, рахат қой бір! – деп тамсанды Горохов. – Біздің қу тақыр
тундрадай емес, құсың-балығың ит-ырғын.
–Мұхиттың қары мен мұзына қарамай жыл құстарының неліктен осылай
қарай тартатыны енді түсінікті болды, – деді Горюнов.
–Бір ғажабы, жыл құстарының бəрі бірдей бұнда келмей, дені терістік
тундрада қалып қояды.
–Ұшқан кезде құстарды ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан инстинкт
қана билейді, – деп түсіндірді оның себебін Горюнов. – Мұнда тек осы
арада туғандары ғана келеді. Ал тундрада туғандары басқа құстар терістікке
қарай кетіп жатқанын көре тұра əрі ұшпай сонда қалады.
–Əрине, құс ақылды болып кетсе, біздің тундрада өмір сүруіміз қиындар
еді. Жыл құсы мен түлеген қаздар балық аз ауланып, аңнан пайда түспеген
жылдары бізді аштықтан құтқарып қалып жүр, – деп шынын айтты Горохов.
–Япырай, құстар кейде тіке ұшпай қажеті жоқ шеңбер жасап ұшушы еді,
сонда ата-бабаларының салған жолынан аумайды екен ғой. Арасынан
ағашы кесілген ну ормандар мен мұз басқан орындарға тынығуға түспей,
ата-бабалары да осылай айналып ұшқаны ма сонда.
Осы кезде көл беті екі жерден біртіндей көтеріле бастады. Ара қашықтығы
едəуір екі төмпе де көтеріліп барып жарылды да, аппақ бу аспанға атылып,
қайтадан басылды.
–Ара мерзімін білу үшін тағы да күте тұралық, – деп ұсыныс жасады
Ордин.
–Күтсек күтейік. Оған дейін шай қайнатып ішейік.
Ынғайлы орын таңдап алып, от тұтатып, мосыға құман ілді. Қосауыз
мылтықты алып, Горохов жағаға тақау жүзіп жүрген бір ұя үйрекке
жасырынып жақындай берді. Мылтық гүрс етті, үйректер дүр көтерілген
кезде көл бетінде екеуі қалып қойды. Мылтық даусы ізінше тағы да шығып,
іле-шала Гороховтың айғайы естілді.
–Келіңдер тез, көмектесіңдер!
Үшеуі де мылтығын ұстай-ұстай жүгіріп, бұта мен шілікке сүріне-қабына
дауыс шыққан жерге жетсе, Горохов етпеттеп, жаңа ғана шолп еткен бір
заттың ізімен шеңберленген иірімнің қасында жатыр.
–Бұл не? Не болып қалды?
–Ой, айналайындар-ай, кешіктіңдер-ау! – деді өкініш өзегін өртеген
Горохов аяғына тік тұрып жатып. – Кетіп қалды.
–Ол не? Балық па?
–Итбалық. Нағыз итбалық.
–Мүмкін емес! – деп кесіп айтты Костяков. – Тұщы суда итбалық болмайды.
Бəлкім, оның өзен камшаты шығар.
–Тағы да не айтасыңдар! – деп шамдануға айналды якут. – Мен осы
ғұмырымда итбалықты аз ұстаппын ба?
–Қане, қайда жүр еді ол?
–Мына томарлардың арасында жүр екен. Мен үйректерді атып қалған сəтте,
есі шығып маған мойнын созып қарайды. Аяйын ба, оны да бір бастым. Ол
теріс айналып түсті, мен баса қап сендерге айқай салдым. Сендер жүгіріп
жеткенше қолымнан жылп етіп шықты да кетті – ұстар түгі жоқ жыпжылтыр неме ғой.
–Қалай, үлкен бе еді өзі?
–Жоқ, біздің жақтағылардан кішірек, бəлкім, жасы болар.
–Итбалық көлге қайдан келеді? – деді əлі таң-тамаша Костяков. – Миыма
кірмейді, сенімсіздеу.
–Сіз қателесесіз, Павел Николаевич, – деді оған Ордин
–Еске түсіріңдерші, суы тұщы Байкалда да итбалықтың айрықша түрі Рһоса
sibirica Орон көлінде де бар дейді.
–Болсын-ақ онда, ал мына кіп-кішкене көлге қайдан келді олар?
– Бұл Санников жеріндегі көлдің əуелде үлкен болғандығын, теңізбен ашық
байланыста тұрғанын дəлелдейді. Итбалық мұнда сол тұста келген, бəлкім,
осы араның бəрі теңіз шығанағы болып, ащы сумен толған шығар, сонан
бірте-бірте бөлініп, шығанақ көлге айналып, тұщы суға бейімделіп кетуі
кəміл.
Қайнап жатқан құманға қайтып келіп, жиһангездер көлдің қайта
көтерілгенінің куəсі болды. Ара мерзімі қырық минут болып шықты.
Шайдан кейін көл жағалап ілгері тартқан жиһанкездердің Горохов сөзінің
шындығына көзі жетті.
Бір жерден олар судан басын қылтитып дөп-дөңгелек жұмсақ жанарын
кісілерге жаудыратып тұрған итбалықтарды көрді. Иттер еті дəмді таныс
аңын көріп, абалап тұра ұмтылғанда əлгілер тыжырына бір пысқырып, суға
сүңгіп кетті.
– Сөзіңіз шын екен, Никита, көргеніңіз, əрине, итбалық, –деп мойындады
Костяков.
АДАМНАН АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР
Алаңқайдан əрі тағы да орман танабы басталды, олар алдыңғыдай иттерді
бұрын жіберіп ап, сүрлеумен жүріп отырды.
Кенет орман ішінен иттердің шабалана кеп үрген үні шықты. Мылтығын
оңтайлап жетіп келген жиһанкездер, шамасы, шөлдеп көлге беттеген
жерінен иттер тоқтатқан бір үйір жылқыны көрді. Иттер құйрығын қысып
ап ызыға үреді кеп, ал жылқылар жолын бөгеген құйтақандай батыл
немелерге таңырқап шекеден қарайды.
Тұяғымен жер тарпып осқырғанымен де олардың ілгері жылжуға батылы
бармайды.
–Енді не істейміз? Жол жабық, – деп күйгелектенді Костяков.
–Атуға тура келеді, – деп дік етті Горохов.
–Оқпен атпаңдар тек! – деп жалынды Горюнов. Ет əзір жетеді. Мыналардың
тұрған тұрысы жаман, жараланса-ақ, айғыры бізге тұра ұмтылып, қалған
табын таптап кетеді. Үйрекке деген бытырамен бер жағындағыларын
үркітіп көріңдер.
Сүрлеудің жіңішке жолағынан гүрс еткен мылтық үні, алдағы жылқыларға
жабысқан бытыра үйірді үйме-жүйме қылды.
Құлындағы даусы құраққа кетіп, аспанға шапшыған жылқылар жалт
бұрылып бірін-бірі тапап, екі жағындағы жас шыбықтар мен бұтаны таптап
жанталасты. Ақыры бір жерге ұйлыққан үйір жалт бұрылып, кейін қарай
жөңкіді.
–Енді алаңсыз жүруге болады, орманнан ештеңе кездеспеуге тиіс, – деді
Ордин.
Жабайы жылқылардың жер жаңғыртқан дүбірі жануарлардың ғана емес, құс
атаулының да зəресін алса керек, біраз уақыт бəрінің де үні сап тыйылды.
Келесі алаңқайға олар еш кідіріссіз келді. Келді де тағы аңтарылып қалды,
алаңқайдың дəл ортасында жасыл алқапта оқшаулау қардай аппақ төбе тұр.
–Мəссаған, мынау қандай үлкен күртік! – деп дауыстап жіберді Горохов.
–Еріп үлгермеген сең шығар, – деп түзетті оны Горюнов.
–Қазір сең осынша биік бола ма? – деп сұрады Костяков.
–Жоқ, биік болмайды. Бəлкім, бұл түз қатпарының төңірегіне қатқан қуатты
қайнар тұнбасы шығар.
–Сонда бұл не болғаны?
Жасыл алқаптан өткен соң жиһангездер əлгі төбенің кішірек көлдің
ортасында тұрғанын байқады, əлгі күртік пе, сең бе деген болжам далада
қалды. Жақын жерден төбе бірінің үстіне бірін қойған саты-саты тақта тас
сияқтанды, дүрбімен қарап көріп еді, олардан шапшып бу шығып жатыр
екен.
Мынау керемет төбеге бəрі таңырқай қарап қалды, оның ұшар басынан
шыжылдап, ысқырып шудаланған аппақ бу аралас фонтан атылды, ол он
метрдей көтеріліп барып жаңағы сатыларға жаңбыр болып жауды. Бұл
қызық құбылыс бір минуттан əріге созылған жоқ, төбе қаз қалпына қайта
келіп, сəл мұнарланды да тұрды.
–Енді бəрі түсінікті болды. Бұл геизер – жердің жанартаулы аймағында жиі
ұшырасатын мерзімдік ыстық су арасаны, – деді Ордин.
–Сіздікі жөн, ал төбе – атылған судан шығып, ол сатылап аққанша тұрып
қалатын кремний тұнбасының қатқан қабаты.
Температурасын өлшеп көріп еді, Цельсий бойынша отыз бес градус,
малған қолға ыстықтығы білініп тұр.
–Міне, көлде құс сондығынан да көрінбейді екен-ау, – деді Костяков.
–Зайыры, балық та жоқ, иірім еш жерден білінбейді, – деп құптады оның
сөзін Ордин.
Алайда көл мүлдем жəндіксіз емес еді. Оның түбінен қызғылт балдыр
кездесіп, арасында ыстық суда өзін жақсы сезінетін шаян тəріздес ұсақ
жəндіктер өріп жүрді. Бірақ текті жануарларға бұл аса қолайсыз болса
керек, бірер үйрек келіп қонып еді, ізінше барылдап қайта ұшты.
–Осы қоналқа жайын ойластырар уақыт жеткен жоқ па?
–деп жан-жағына қарады Горюнов.
–Иə, күн ұясына қонуға жақын, ұзақты күн көрген қызық, алған əсеріміз аз
болмас, – деп келісті Ордин.
–Жыртқыштардан тасалау бір жер таңдау керек, – деп пікір қосты Костяков.
–Ағаштың басына шығып кетпесек, ондай жер таба қоймаспыз, ал құстар
құсап бұтаққа шығып отыру қайдан қолайлы болсын.
–Меніңше, орманда қонбай, ашық алаңқайда түнеу керек, ұйықтағанда
кезек-кезек қарауыл қояйық, – деді Горохов.
–Əрине, сөйтеміз, аңдарды жолатпау үшін отты сөндірмеуіміз керек, – деді
Горохов.
Көл жағасында отын болмағандықтан одан шығатын бұлақты бойлай
отырып, орманның шетіне келіп жалғыз теректің түбіне жайғасты. Күн
жарықта бір түнге жететін отын əзірлеп, екі жерден от жақты олар. Кешкі
асты ішіп болған соң түнге екі сағаттан кезекшілік белгілеп, екі оттың
арасына жатып ұйықтауға кірісті. Бірақ түн онша тыныш болған жоқ: ауықауық бірде алыс, бірде жақын əр алуан үндер келіп, маза бермеді, өгіздің
мөңірегені, жылқылардың кісінегені, мүйізтұмсықтардың гүжілдегені,
жапалақтардың қиқылдағаны естілсе-ақ, екі ит ол дауысқа шабалана үріп
жауап береді.
Түн ортасы ауа тұман түсіп, алаңқайды орап алып, ай жарығы өлеусіреп
əрең жетті. Бірте-бірте тұман түстікке қарай ысырылып, ара-арасында ай
сəулесі жарқ етіп, алаңқайды жап-жарық етіп жібереді де, көл ортасындағы
төбені сүт теңізінде жүзіп жүргендей көрсетеді. Оның жиырма минутта бір
атылуы, шырылдап, ысқыруы мен құлаған судың шуылы тыныштықты
бұзады.
Таң атқасын терістіктен əжептəуір күшті жел тұрып, тұманды ілезде
ыдыратты. Аңғардың шығыс жиегіндегі басында алашабыр қар жатқан
найза тіс шыңдардан жоғары көтерілген күн жиһанкездерді жұмысқа
сақадай сай тұрған үстінен басты. Бұл күні олар шығысты бетке алып
аңғардың шетіне шейін барып, оны жиектей отырып, күртіктің қасындағы
қосқа оралмақ еді. Никифоровтың амандығын біліп, оған мұнда
мүйізтұмсықтар мен аюлар бар екенін айтып, оларды атпа деп
сақтандырмақ болды.
Ұзамай олар алаңқайдан бірнеше шақырым созылып, барған сайын аласара
беретін орман арқылы шығысқа апаратын жалғызаяқ сүрлеу тауып алып
жүріп кетті. Бірнеше шіл мен бір үлкен құр атып алды. Құрды иттер қуалап,
ағаштың басына айдап сап, ол иттерге аңтарыла қарап тұр еді, оқ қалпақтай
ұшырды. Орманнан кейін кездескен алаң саздауыт екен, ортасы кəдімгі
мүкті қорыс, шамасы, бұрынғы көлдің орны болса керек.
Оны орман жиегімен айналып өтуге тура келді. Ойламаған жерден иттер
орманнан бір бұғыны айдап шықты.
–Демек, бұлан да бар екен-ау! – деп қуанып кетті Горохов.
Бұл бұлан емес, бойы сондай үлкен бұғы еді. Əсем көтерілген əдемі басын
бұлан мен маралдың (киелі бұғының) мүйіздерінің ең тəуір қасиеттерін
жинақтаған əшекейлі мүйізі тіпті келістіріп жіберген. Маралдың мүйізіне
оның аумағы келеді де, бұландікіне иректеліп біткен жалпақ ұшы ұқсайды.
Осынау керемет жануар аңшылардың аранын ашып жіберді де, итке
бөгелген ол жарықшақ оқтан жалп етті.
–Бұланға ұқсайды да, ұқсамайды да өзі, – деді Горохов.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 06
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.