Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 11

Total number of words is 4107
Total number of unique words is 2162
35.2 of words are in the 2000 most common words
50.6 of words are in the 5000 most common words
58.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жануарлар одан да көп өмір сүріп жатыр. Мұның түстік жартысында өсімдік
тіптен көп, демек, жанартау баяғыда сөнген емес пе! – деп Костяков пікір
таластырды.
–Онда күмəн жоқ, алайда жанартау оз əрекетін түстіктен терістікке қарай
аударып, бірте-бірте доғарғаны да айқын болса керек, оның белгілері бұл
жақта əлі көп. Бəлкім, вампулар түстік жақта тұрғанда мұнда лава атқылап
жатқан шығар.
–Онкилондар оны көре алмай қалған, – деп Ордин бұл пікірді нақтылай
түсті. – Сондықтан олар қайдағы жоқ
«жерасты рухының» түтінін ғана біледі.
–Ал осы жанартауың күндердің күнінде ұзақ ұйқысынан оянып, апат əкеп
жүрмей ме? – деп сұрады Горюнов.
–Ол əбден мүмкін. Шын мəнінде сөнген жанартау деп тұтас бір
геологиялық дəуір бойы қозғалмай, бірте-бірте қирай бастағанын айтады.
Ал қалғандары жөнінде кепілдік беруге болмайды, ең дұрысы, оларды
ұйықтап жатқан деу орынды, ұйқыдағының оянып кетуі ықтимал ғой. Біз
сөнді деп жүрген жанартаулардың кенеттен атқылап қоя берген мысалдарын
білеміз. Кратерінде қалың орман өсіп, кезінде оған бас көтерген құлдардын
көсемі Спартак бой тасалаған Везувийді еске түсіріңдерші. Ол тауды
жаңартау деп ешкім санамаған, о жөнінде аңыз-ертегі, де жоқ. Кенет біздің
дəуірдің жетпіс тоғызыншы жылы ол оянып кетіп, Геркуланум мен
Помпеяны жермен-жексен етіп жіберген жоқ па жəне содан бері ол бір
тыншыған емес.
–Ал Мартиникадағы Қасқатау ше! – деп Горюнов жəне бір оқиғаны есіне
түсірді. – Он сегізінші ғасырдың ортасына дейін ол ұйықтап жатқан, оның
бұрынғы қылығы жайында жергілікті түз тұрғындары түк те білмеген.
Содан ол бірте-бірте қимылдай бастаған, ал оянуының өзі бір жарым
ғасырға созылған, ақыры жиырмасыншы ғасырдың басында ғана дүр
сілкініп, тұтас бір қала Сен-Пьер мен отыз мың адамның өмірін бірнеше
минуттың ішінде-ақ жалмап жіберген.
–Мұндай мысалдарды екі Америкадан да, Зонд аралдарынан да,
Камчаткадан да көптеп келтіруге болады, –деп тағы сөз қосты Ордин.
–Мына жанартаудың оянуы онкилондарға апат болады ғой, – деді Костяков.
–Ол жанартаудың қай тұстан қайта атқылауына байланысты ғой. Егер ол
қазірдің өзінде қу тақыр əрі елсіз ойпаттың терістік бөлегімен ғана
шектеліп, дүмпуі аз болса, онкилондар жанартаудың жанында тыныш өмір
сүре береді. Ал дүмпу түстік жақтан басталса, əрине, оңдырмайды.
–Маған мынау фумаролдардың, қайнаған көлдердің, гейзерлердің көптігі
жанартау дүмпуі осы ойпатта бүгін-ертең емес, кез келген сəтте басталып
кететіндей көрінеді де тұрады,
–деді Ордин. – Онкилондардың осындай жағдай ойпатта жүздеген жыл
созылып келеді дегені жай сөз. Олар бұл маңға айында бір, жылында бір
келе ме, жоқ па – ендеше, айтқандарыңа да сенуге болмайды. Бұл арада
дұрыс барлау, бақылау қажет.
–Жарайды, біз тұрғанда Санников жерінде түк те болмайды, тас боп қатқан
тіршілік иелерімен ол жүздеген жыл жасай берсін деп тілейік те, – деп көңіл
аулаған болды Горюнов.
Тымырсық шұңқырды айналып өтіп, баяғы бір базальттан тіп-тік не текшетекше болып көтерілген құз қабырғалы ойпаттың терістік аңғарына да
келді, сырт көзге мұның биіктігі мың метрден аласа сияқты емес. Өсімдік
атаулының ең ақыры қынаның да жоқтығынан жап-жалаңаш құз
қабырғалары көңілді құлазытып жіберді. Айналаға қарап тұрып
барлаушылар тағы бір таңғажайып суретке тап болды: қара құздың етегінен
онша қашық емес бу бағандары тұтасып, Мыңтүтін алқабының аппақ
қабырғасы созылып жатыр, бұл міз бақпас бірдеңе емес, ұдайы толқып,
теңселіп, жалында аласа күннің алау нұрын ойнатып, бір орыннан екіншіге
ауысып шұғыла шашып тұр.
Бір жерде қара құздың етегіндегі аппақ жолақ жолаушылардың көзіне түсті.
–Қызық, мынау жоғарыдан құлаған қар болды ма екен?
–деп таңырқады Горюнов.
–Жоқ, бұл қар емес, жер бетіне шығып қалған ақ тау жынысы болуға тиіс, –
деді Ордин дүрбімен қарап. – Жəне өзі біреу шұқып жегендей түгел шұрқшұрқ тесік, вампуларыңыз шақпақ тасты осы арадан алып жүрмесін?
Бəрі сол араға ұмтылды. Бақса, базальт мұнда ойпаттың түбінен үш-төрт
метр жер үстіне шығып, екі жүз – үш жүз метрдей созылып жатқан жұмсақ
мəрмəрдің үстінде жатады екен. Мəрмəрда кейде бөлек, кейде ұясымен,
кейде қабатымен орналасқан шақпақ тастар бар екен, соны аламыз деп
вампулар найзаның сүңгісімен, қырғышпен мəрмəр бетінің дал-дұлын
шығарыпты.
–Міне, керек болса жаңалық! Жанартаудың пайда болуын анықтауымызға
керегінің өзі осы ғой, – деп қуанып кетті ақ қабырғаны тексеріп шыққан
Ордин. – Мен жаман-жəутік болса да мынаның жоғарғы бор қабаты екенін
дəлелдейтін тасқа айналған жəндіктер тəрізді бірдеңелер таптым. Оларға
қарағанда бұл жанартау Солтүстік Сібірдің əр тұсында мына базальттар
балқыған жер дамуының үшінші дəуірінен бұрын пайда болмаған сияқты.
Мұнан да тəуір деректер табылып қалар – іздеу керек.
Осыны айтып Ордин құздың бір тереңірек қуысына кіріп, балғамен жұмыс
істей бастады, қалғандары етектегі, ақ құмның арасын қазуға кірісті, тасқа
айналған ұлу сауытын тауып алып көрсеткенде жəне не екенін
түсіндіргенде оны іздеуге тіпті онкилондар да атсалысты. Міне, балғасының
тоқылдауы басылып, қуыстан Ордин сөйлей шықты.
–Тереңде жойқын жұмыс жүріп жатыр, Сəл тыныштық сақтап, жарға құлақ
төсеп, тыңдаңыздаршы. Əсіре мен шыққан қуыстан бəрінен де жақсы
естіліп тұр.
Горюнов пен Костяков қуысқа кіріп, қабырғаға құлақ төсеп еді, түу
тереңнен кейде келте қайырылған, кейде ұзаққа созылған дүмпуді есітті,
бейнебір алыста жер астында алып бір ұста жұмыс істеп, ауыр балғамен
жұмсақ бірдеңеге солқ-солқ ұрып жатқандай. Тау жынысы сəл дірілдеп, ақ
қабырғадан мəрмəр түзейтін əк шпатының кристалдары ауық-ауық сырғып
түсіп жатты.
–Сонау тереңде тəуір-ақ жұмыс жасалып жатыр! – деді қуыстан шыға
берген Горюнов.
–Есен-сауымызда осы арадан тайып тұрсақ қайтеді? – деп сұрады үрей
аралас үнмен Костяков.
–Сіз мұны жанартаудың жақында атқылауының белгісі деп ойлайсыз ба? –
деп күлді Ордин. – Егер біз бұл арада бұрын да болып мына үнді есітпесек,
шынында да мұны жерасты дүмпуінің белгісі деп ойлауға болар еді. Тіпті
сондай белгі болғанның өзінде үрей шақырар түк те жоқ – жанартаудың
оянуы аптаға, айға, жылға да созылуы мүмкін.
–Тіптен Қасқатаудағы сияқты жүздеген жылға созылуы да ықтимал, – деп
қостап қойды Горюнов.
Жателдіктердің не жайында айтып тұрғанын білген соң онкилондар қуысқа
кезек-кезек кіріп, қосүрей боп шығып жатты. Бүгін олар жер астында жыншайтан бар дегенге қай күндегісінен де қатты иланды. Мына дүмпулер,
қабырғаның шайқалуы, шұңқырдағы жылтыраған от, мыңтүтін, қайнаған
көлдер, өсімдік дегеннің атымен жоқтығы – бəрі-бəрі жиналып келіп, зəреқұтын қашырып, олар осынау қатерлі жерден шапшаң кетейікші деп сұрап
тұрып алды.
Күн кеш еді. Терістіктің биік құздарының тасасына күн жасырынысымен
ойпаттың бұл бөлегін ымырт басты. Оның үстіне батыстан қара бұлт
шығып, тұманның қалың болатынынан хабар бергендей. Тұман мен
қараңғыда жолдан оп-оңай адасып, шұңқырға не қайнаған көлдердің біріне
қойып кету де кəдік.
Шынында да, жардан бір шақырым шығып үлгертпей, аспанды бұлт торлап,
сіркіреп жаңбыр жауды, жауынмен суыған қалың бу тұманға айналып,
төңіректі түгел құндақтап алды, көзге түртсе көргісіз қараңғылық
лажсыздан бағанағы қарғыс атқан шұңқырдың басына қонуға мəжбүр етті,
бір жақсысы, ет пісіріп, шай ішуге отын іздетпейтін қайнап жатқан суы бар.
Жателдіктердің саспас сабырлылығы онкилондарға да əсер етіп, олар да көл
жағасына жата қап найзаның ұшына шаншып не қайысқа байлап, қайнап
жатқан суға ет пісірді, бірақ əлденеден үрейленіп, өзара сыбырласып
сөйлесті. Горохов тіпті сорпа пісіріп те ішті, етке тұз салып, суға сəл ұн
сеуіп, котелогін суға ортан белінен салып қойып еді, адам айтар емес ас боп
шықты. Бəрінен бұрын көлге жеке салғанға қарағанда котелоктегі ет тұзы
татып, тым-ақ дəмді болды, шай да мейір қанып ішерлік дəрежеге жетті.
Кешкі астан кейін қарауыл қойып онкилондар жаңбырдан қорғанып, үстіне
қалқандарын ұстап бір жерге ұйлығып жатып ұйықтады. Жатар алдында
олар жерге найза қадап, үстіне өгіз терісін жауып жат елдіктерге күрке
жасап берді. Алайда жиһангездердің түнде күндізгі көгілдір отты көргісі
келді де, ешкімді оятпай ақырын басып шұңқырға қарай тартты. Тереңнен
сыздықтап шығып жатқан жылудың арқасында ойпаңды тұман басқан жоқ
еді, сондықтан ол түбінде айқыш-ұйқыш өрілген көгілдір оттары бар дəу
қара шұңқыр болып көрінді. Оттар да біресе сөніп, біресе лапылдап, бір
орыннан ілезде екінші жерге көшіп керемет қызық суреттерді көз алдыңа
келтіреді.
Оны жақсырақ көру үшін төртеуі де шұңқырдың ернеуіне жата қалып еді –
кенет астынан бірдеңе дүмпігендей болды –жер шайқалып кетті.
–Жер сілкінді! – деп дауыстап Костяков атып тұрды. Алайда оның қайта
жатуына тура келді, өйткені жер теңселіп, тік тұруға мүмкіндік бқлмады.
Құлақка қатты гуіл келді, ойпаңдағы оттар дірілдеп, жалп етіп сөніп, жалт
етіп қайта лапылдап тұрды. Ойпат аңғары жағынан гүрс еткен үн естілді, əр
тұстан алып тастар сынып, құлап жатыр. Қараңғы ымырт, қалың тұмандағы
осынау үндер үлкен үрей туғызды.
Жүз қадамдай ғана жерде тұрған қосын жақтан дүбірлеген аяқ дүбірі,
үрейленген айғай-шу шықты, ояна келіп қасында Ордин мен өзге ақ
адамдардың жоқ екенін көрген Аннуир зарлап қоя берді. Онкилондар
бұларды қасақана қауіп-қатерге тастап, ақ сиқыршылар тайып отырған екен
деп ойлады. Кісілердің ыза-шуына үн қосып иттер мен қасқырлар қосыла
ұлыды. Соқыр сенімдегі сорлылар əбден абыржып, не істеп, не қоярын
білмей, дал болды.
Жердің сілкінісі сəл саябырлап, аяқпен тұрып-жүруге жарағанда
жиһангездер жеті қараңғыда дабыра шуымен-ақ оңай табылатын қосынға
қарай тұра жүгірді. Ақ адамдардың келуі бəрін бірден тыныштандырды да,
Горюнов қайда барып келгенін айтқанда онкилондар сəл ұялып қалды.
Аннуир жалма-жан Ординнің мойнына асылып, жасты жүзін оның
кеудесіне басты. Осы оқиға барлығының ұйқысын шайдай ашты. Сол сəтті
пайдаланып Горюнов онкилондардан бұрын бұндай жер сілкіну болып па
еді деп сұрады. Бақса, бұл құбылыс оларға бұрыннан таныс көрінеді, кейде
əсіресе, қыс күндері жер сəл дірілдеп, жертөле бөренелері сықырлап,
төбеден топырақ түседі екен.
–Міне, қазір де дəл солай болды, – деді Горюнов.
–Жоқ, бұл тіпті бөлек! – деп қарсы дау айтты онкилондар.
–Аяқ басып тұра алмайтын болып жердің бұлай шайқалуын бұрын көрген
емеспіз. Сондықтан зəре-құтымыз қалмай, оның үстіне сендердің жоқ боп
кеткендеріңді көріп, қатерлі жерге əдейі əкеп тастаған ғой, енді жерді
шайқап тұрған жын-шайтан жарылған тұста шыға кеп бізді жер асты
патшалығына ертіп əкетеді екен ғой деп қатты қорықтық – деді олар.
Жердің сілкінуі қайтып қайталанған жоқ, жиһангездер өз күркесіне оралды.
Бірақ оны да жөндеп алуға тура келді: алғашқы дүмпуде-ақ найзалар
қисайып қалып, тері Аннуирдің үстіне жалп етіп, шошытып оятқан еді.
Онкилондар енді жатып ұйықтауға батпады, оттың болмауы жоқка нанатын
олардың үрейін алып, ол аз дегендей ойпаттың түстік бетінде күн күркіреп,
тіпті берекесін кетірді. Жалпы, күн күркіреу деген Санников жерінде тым
сирек құбылыс, ал бұл жолы бұлт бұрқ-сарқ етіп қана қоймай, нажағай
əлсін-əлсін шатырлап, биік құздың басын жарқ-жұрқ еткізіп, жалтылдады
да тұрды. Небір айқастан тайлықпаған өжет жауынгерлер біріне-бірі
жабысып, қашан таң атып, жел қуып аспан тұманнан айыққанша ұйлығып
тұрды да қойды. Сөйтіп олар таң атқанда барып бір-ақ ұйықтады.
ВАМПУЛАРДЫҢ ҚҰДАЙЛАРЫ
Жаңбырдан соңғы сап-салқын, тұмансыз, желкем таң олардың қайтар жолға
ертерек шығуына жағдай жасады. Оған, əсіресе, онкилондар қатты қуанды.
Алайда жолға шығар алдында алыс сапарға ауқаттанып, ет пісіріп алу үшін
қайнаған көлді тағы бір пайдалануға тура келді. Кетер алдында оған
онкилондар бірнеше турам ет тастап, үш мəрте тағзым етті.
–Жауынгер жерасты рухына түнде еш залал істемей, тек қорқытып қана
қойғаны үшін алғыс айтып жатыр, – деп түсіндірді мұны Аннуир.
Таныс көлдер мен жарықшақ жерлерге тоқтамай, жасақ түске тармаса
Мыңтүтін алқабынан өтті. Алғашқы есімдіктерді көргенде онкилондардың
жүзі əдеттегідей жайнап сала берді. Көсемнің əмірімен жатжерліктерді
қатерлі алқапқа ертіп əкелгенде олар зор құрбандыққа рауа болып, бұдан да
жаманын күткен сыңайы көрініп тұр. Бірақ олардың басқа құрбандық
беруіне тура келді, орманды алқапқа табаны тиісімен жатжерліктер
жағдайды жəне бір пайдаланып, «басында бесінші аяғы бар» жануарларын
көру үшін вампулардың мекеніне соға кетпек болды. Сұрастыра келгенде ол
алып жануарлар қатерлі жазыққа жақын жайылады екен.
Жасақ амалсыз түстік-шығысқа бұрылды, алға итпен үш бақылаушы
жіберді. Таныс суреттер алдан қайта самсады: көлді алқаптар ағашы
қалыңдап биіктей түскен орман танабымен алмасты. Алты шақырымнан
кейін «таяу алаңқайда «құдайлар» жайылып жүр» деген хабар беріп,
жасақты барлаушылар тоқтатты. Орманның бауырымен сақ жүре отырып
əлгі жануарларға жақын жерге жетті. Орманның шетінен жүз қадам жерде
төрт ірі хайуан көрінді, олардың піл тұқымдас екенін айыру онша қиын
емес. Түстен кейінгі қайтқан күннің шуағымен шөпке тойып жусап тұр бəрі.
Тұмсығын салбыратып, қысқа құйрығымен, ұзын құлағымен шапақтап,
тұрған жерінен міз бақпайды бірі де. Олардың үсті-басын ұзын, бірақ сирек
қызыл-күрең қылшық басқан. Екеуі үлкен де, екеуі кішірек. Кішіректерінің
əсіресе азуы өзгеше келте əрі тіп-тік, ал үлкендерінің азуы ұшына қарай
қатты иіліп жоғары қарап тұр.
–Мұның мамонт екенінде шүбə жоқ, – деді Горюнов.
–Мына кереметтердің еркін жүргенде қалай жүгіретінін көру керек екен, –
деді Костяков. – Біз ғой пілдерді тек зоологиялық бақшаның айналымға
келмейтін қоршауында ғана көрдік.
–Жүгірткен, əрине, қызық. Бірақ бұларды қалай көндіреміз?!
–Меніңше, мылтық даусынан шошуға тиіс.
–О жағы күмəнді, өйткені олар отты қарудан бейхабар. Оның үстіне біз осы
маңда жақын тұратын күзетшілерінің көңілін аударып аламыз ғой.
–Мылтық даусынан мамонтқа қарағанда сол вампуларың қаттырақ
қорқатын шығар, себебі олар мұның құдіретін аздап көрді емес пе.
–Тынышталайық, кімді айтсаң сол келеді, əне! – деді Горюнов қарсыдағы
орман шетін қолымен нұсқап.
Алаңқайға еңгезердей екі вампу мен иығында жүгі бар бала шықты.
Мамонттарға таяп кеп жүгін жерге түсірді де, тізерлеп отыра қалып олар
бірнеше мəрте тағзым етті. Олар жақындағанда ұйқыдан оянған мамонттар
вампуларға тақап кеп, тұмсығын бұлғап-бұлғап жіберіп, қорсылдаған
сияқты бір дыбыс шығарды. Табынып болып вампулар қабын ашып жүгін
жайды: онысы іші толы түрлі тамыр-шөп екен. Алдына қойған тамырларды
тұмсығымен іліп ап мамонт аузына сүңгіте бастады. Вампулардың бірі əйел
екен, ол өзі əкелген тамыр-шөппен жас мамонттарды жемдеуге кірісті, ал
бала мен еркектің үлесінде үлкендері. Жануарлар əкелгенді жеп бітіріп,
қатты қорсылдап тағы да талап етіп, вампуларға тұмсығын созды, ол
бейшаралар қайтадан тағзым етті де, қапшығын алып бар пəрменімен
бауырға қарай тура жүгірді. Костяков көргісі келген қызық енді болды:
мамонттар жер солқылдата желіп, тұмсығын созып жиырып, құлағы мен
құйрықсымағын шаншып алып вампулардың соңынан салды. Тегі, бұл
олардың сыйлығына алғысы болса керек, əйтпесе вампуларды əп-сəтте
қуып жетіп, таптап-ақ тастар еді, ал бұлар бауырға дейін ғана желіп барып,
терең көмейден бір зор үн шығарып жайбарақат кері қайтты.
Мамонтқа табыну жəне азық беру көрінісіне бар жасақ ынтыға қарады.
Вампулар көзден таса болғанда онкилондар мамонттардың бірін атып бер
деп жиһангездерге жалына бастады. Себебі мамонттың терісі оларға қалқан
боларлық зат ретінде жоғары бағаланып, ал азуы найза мен жебенің ұшына
қадап, пышақ жасауға таптырмайды екен. Мамонтты олар ілуде бір болмаса
аулай алмайды, өйткені вампулар өз құдайын қатты қорғайды да, соғыс кезі
болмаса аулатпайды, аулауға арнайы шыққанның өзінде де ежелгі
жануарлар найза мен жебеге міз бақпай, құтылып кетеді. Ал қазір жағдайды
пайдаланып қалу керек – жателдіктердің қолында қырып-жоятын қаһарлы
қару бар.
Онкилондардың тілегін Ордин де қостады, өйткені оның бұл жануарды дəл
қасынан көріп, өлшеп алғысы келді.
Костяков бала күнінде бір жерден оқыған пілдің тұмсығы өте тəтті тамақ
деген мағлұматты есіне түсіріп, олардың ұсынысын қоштады.
–Вампулар құдайын өлтіргеніміз үшін кек қайтарады ғой, – деді Горюнов. –
Қарауылдары бүкіл ордасын көтеріп, бізге бас салады.
–Меніңше, олар мылтық даусын естіп əрмен қашуға тиіс. Алайда ғылым
үшін, əрі сенімді серіктерімізді разы етіп неге болсын бас тіккен де дұрыс
қой, – деп жауап берді Ордин.
–Мынау алыпты жарқыншақ оқпен жайрата алмаймыз, ал жараланса-ақ ол
құтырып кетеді, сосын арты қиынға соғады.
–Мəселе онда емес – екі-үш оқты бір-ақ қадалтамыз. Осынау сирек əлі
қолға үйреніп кеткен жануарды өлтіруге Горюнов көрінеу бейілсіз келісті,
бірақ өзі атқан жоқ. Онкилондардың қуанышы қойнына сыймай, ақ адамдар
нажағайының вампулар құдайына əсері қандай екенін ынтыға қадағалады.
Қайта қалғымақ ниетпен бір бүйірлей жақынырақ тұрған қарт мамонтты
Ордин мен Костяков бірдей атты. Жануар теңселіп кетіп, ілгері ұмтылды,
жалт бұрылып, қатты бір өкірді де тізерлей құлады, содан соң бар денесімен
бір бүйіріне сылқ ете қалды. Мылтық даусынан шошып кеткен қалған үш
мамонт қалтарысқа қарай аз ғана жүгіріп барып тоқтады да, құлаған
жолдасының орнынан тұрып, өздеріне қосылуын күтіп, артына бұрылды,
жолдасын шақырып терең көмейден тартып ащы үндер шығарды.
Аңшылар мен онкилондар əлі де болса жантəсілім аяғы мен тұмсығын
сермеп жатқан жаралы мамонттың жанына келді, жануар кісілерді көргенде
басын əлсіз ғана сəл көтеріп, іле əлі құрып, ауыр бір тыныс шығарып, жерге
сылқ еткізді. Оның кішкентай қара көзінде құныкерлеріне деген кінə
ұшқыны жалт етті. Ізінше осы жанары да сөніп, жануар тыныш тапты.
Ордин рулеткасын алып мамонттың тұрқын
өлшей бастады. Костяков көмектесіп, оның айтқанын жазып тұрды.
Олардың бұл қарекетіне өлімтікті қоршап алған онкилондар таңырқай
қарап, мұны ақ адамдардың өлген құдайдың рухына рақым ете гөр деген
дұғасы деп ұқты. Иттер уақытын далаға жібермей, осы екі ортада үлкен
жарадан шөпке ағып жатқан қанды жалауға кірісті.
Тұрғысы келмей жатқан серігін қоршап алған бейтаныс екі аяқтыларға,
аңырып, қырық қадамдай жақындап кеп тұрған үш мамонтты жұмыспен
айналысқандары да, жай көрермендер де аңдамай қалыпты. Олардың
жақындағанын əуелі иттер біліп абалап тұра ұмтылды. Адамдар жалт қарап,
мамонттардың тарпа бас салғанын күтпей не бауырға қарай қашарын, не
қарсы шабарын білмей аңтарылды да қалды. Иттер он қадам жақын барып,
құйрығын екі бұтының арасына қысып, бата алмағанымен, жан даусы шыға
шабаланып тұр. Мынау шəуілдеп ығыр еткен жер кенедей сотқарларға
жануарлар жоғарыдан таңырқай қарайды. Ақыры иттің үргені мезі етсе
керек, олар маң басып, алаңқайдың келесі шетіне барып, ағаш бұтағын
сындырып алып жей бастады.
Онкилондардың жүрегі орнына түсіп, Ордин өлшеп, сипаттамасын жазып
бітірген соң мамонтты сойып, терісін түсіруге кірісті. Бұл кезде мылтық
атылғаннан кейін іле вампулардың ізімен жіберілген барлаушылар оралып,
келесі алаңқайдан тағылардың жаңада ғана тастап кеткен тұрағын тапқанын
хабарлады. Горюновтың енді соны көргісі келіп, Горохов пен
барлаушылардың біреуін ертіп алып, қалғандарына етті тапсырып жүріп
кетті.
Тағылар тұрағы шағын алаңқайда өскен мəуелі бəйтеректің түбінде екен.
Ағаштың айналасындағы шөп тапталып қалған, жерде бірнеше аң терісі
жатыр, олақ жонылған ағаш аяқтар мен екі ауыр шоқпар жəне бірнеше найза
көрінеді. От еркін сөнбепті, үстінде жартылай күйген еті бар істіктер жатыр.
Мылтық даусынан зəресі ұшып кешкі асын тауыспай да кетіпті əр жерде
мүжілген сүйектер жатыр, бұтақта жылқының тұтас саны ілулі тұр. Жылқы
саны екенін шөпке төселген терісінен-ақ аңғаруға болады.
Тұрақты шолып шығып, вампулар жасаған бұйымдардың үлгісі ретінде бір
аяқты алып Горюнов кетуге ыңғайланып еді, онкилон оған вампудың
«ұясына» қара, бəлкім, құдайлардың күзетшісі отырған шығар деп ағаштың
басын көрсетті. Алайда оның жорамалы негізсіз еді – онда болса вампулар
қару-жарағы мен істіктегі етін қайдан тастасын. Айтқандай, олардың
жоғарыдағы тұрағы иесіз боп шықты. Сондықтан оны Горюновтың көргісі
келіп, үшеуі бірдей өрмелеп ағаштың басына шықты. Ұя ұшар баста жуан
бұтақтардың жан-жаққа тарар тұсында екен. Бұтақтарға тұтастырып
жіңішке бөренелер төсеген де, үстінен үстелге ұқсатып сырғауылдар
жайған, онысын жауыннан қорғау үшін шырпы мен талдан тоқып қалқа
жасаған. Вампулардың төсегі мен көрпесі болған терілер соның астында
жатыр. Екі шоқпар, тері сақпан, лақтыратын бірнеше уақ тас – баспананың
алғашқы қауым адамдары түнде жортар жыртқыштан қорғанар бар жарағы
осылар. Жапырақ арасынан жан-жаққа жасалған саңылаулар төңіректі,
оның ішінде мамонттар жайылатын алаңқайды қарап отыратын жер екен,
Горюнов та солай қарай көз тастап, олжасының айналасында тұқжыңдасып
жатқан онкилондарды көрді.
Меймандар ұядан төңіректі шолып отырғанда орманнан бір вампу шығып,
жан-жағына абайлап қарап алды да, жасырынып жатқан тайпаластарын қол
бұлғап шақырды. Сол-ақ екен, бұта арасынан бір əйел мен екі бала шыға
келіп, төртеуі ағаш түбіне беттеді. Оларды байқап қалған Горохов сəл
үрейлене күбір етті.
–Құдайлардың қарауылы қайтып келеді! Не істейміз?
Атсақ па екен?
Жалма-жан қорамсағынан оқ алып, садағының адырнасын тарта берген
онкилонды қолын сілтеп қап Горюнов тоқтатты да:
–Қозғалмай отырып вампулардың не істейтінін бақылай тұрайық! – деді
Гороховқа.
–Ал олар ағашқа өрмелеп жүрсе ше?
–Күндіз мұнда оларға түк жоқ, тамағы жəне төменде жатыр.
–Бұл арадан қалай кетеміз енді?
–Мылтық атып шошытамыз!.. Қап, тəйірі алғыр, мылтығымның төменде
қалғанын қарашы!
–Мəссаған! Олар тауып алып бүлдіреді ғой оны.
–Бүлдіруіне жібермеспіз, сіздің мылтық осында емес пе. Менің мылтығым
ағаштың екінші жағында қалған – демек, таба алмауы да мүмкін.
Ағаш басындағы əңгіме кезінде олар үстелдің саңылауынан теректің
түбіндегі тұрақты бақылап жатты. Вампудың үй іші ағаштың түбіне кеп от
айнала жүресінен отырды: əйелдің емшекте сəбиі бар екен, он екілердегі ер
баланың мұрнына өткізілген таяқша іспетті əшекейі бар екен, алты жас
шамасындағы қыз ондайдан əзір аман сияқты. Күйіп кеткен етті көріп еркегі
бірнеше үзік-үзік үн шығарды, баласы онысын түсінді де бауырға жүгіріп
кетіп, бір құшақ шырпы алып келді. Əйел қоламтаны көсеп, шоғын
жылтыратты да үстіне тамыздық тастап отты үрлеп жақты. Кішкентай қыз
істіктегі етті алып, сыртын сыпырып тастап, сау қалғанын жеуге кірісті.
Еркек үйіліп жатқан сүйектің арасынан шақпақ тас алып оны пышақ етіп
жылқы санынан кесек еттер кесіп ап əйелге лақтырды, кішірегін табан
аузында өзі қылғытып жатты. Əйел етті істікке шаншып беріп тұрды да,
бала апарып отқа тықты. Кенет жерде жатқан бала шарылдап қоя берді де,
əйел оны көтеріп ап, екі аяғынын арасына отырғызып, аузына дертіп тұрған
қап-қара емшегін салды.
Ойламаған жерден еркек жұмысын доғарып, тың тыңдай қалды, сосын
саусағымен мамонттар алаңын нұсқап, дүңк етіп бірдеңе айтты, əйел де
елеңдеп басын көтеріп, балалар атып тұрды. Шамасы, вампулар алаңқай
жақтан шығып жатқан онкилондардың айғай-шуын есітсе керек. Еркек
шақпақ тасын тастай беріп, алаңқайда не болып жатқанын көру үшін
жоғары шыққалы ағашты айналып кетті. Айнала беріп ол бұтақта ілулі
тұрған Горюновтын мылтығын көрді де, үрейі ұшып айғайлап жіберді, əйелі
мен балалары да жүгіріп келіп ағашқа ғайыптан ілініп қалған жалтырақ
таяққа таңырқай қарасты. Таяқтың жылан емес екенін, үн шығарып,
орнынан былқ етпейтінін көріп, еркек оған батылдана қол созды, əйел
үрейленіп оны ұстай алды да, жанжал шықты: ақыры, вампу қатынын
итеріп жіберіп, қолы қалш-қалш етіп, бұтақтағы мылтықты алды да,
денесіне дарытпай ұстап от басына əкеп малдасын құрып отырып қарай
бастады. Əйел мен балалар ғажайып заттың шағып алмайтынын, тізеде
тыныш жатқанын көрген соң жақын келді. Вампу бірте-бірте батылданып,
жалтырақ стволды сипап, дүмін байқап, аузына үңіліп, тіпті оны үрлеп
көріп, шүріппесін козғап еді – кенет мылтық гүрс ете қалды.
Əйел шыңғырып шалқасынан түсті, сəби домалап бір қолын отқа тығып ап
шырылдап қоя берді, балалар жалт беріп, еркек мылтықты лақтырып
жіберді. Енді бір сəтте балалар безе жөнеліп, нəрестесін көтеріп ап, тегі,
миы айналып кетті ме, басын бір қолымен ұстап əйел де зарлап-қақсап
солардың соңынан жүгірді. Вампу жүгіре түсіп барып тоқтай қалды.
Бəрі тып-тыныш, от жайбарақат жанып тұр, өздерінің зəресін алған зат
ағаштан бірнеше қадам жерде жатыр. Вампу бір аттап, екі аттап кері қайта
бастады, қайтсін, кешкі асы бір емес, екі рет үзілді, оттағы ет жəне күйіп
барады. Отқа төніп кеп іскектегі етке қолын соза беруі-ақ мұң екен, оның
төбесінен тағы да жай түсіп, бірдеңе отты ұрып, шоғы жан-жаққа ұшты.
Енді еркектің де зəре-құты қалмады, жан даусы шыға бақырып бауырға
барып не істерін білмей тұрған əйелі мен балаларына қарай жүгірді.
Еркектің қашып келе жатқанын көрісімен олар да бұта арасына сіңіп жоқ
болды.
–Бұлар енді көпке дейін келе қоймас, – деді отқа жарқыншақ оқтың бірін
жіберген Горохов. – Бұдан былай бұл ағаш мəңгі сиқырланған боп қалады.
Онкилон көзінен жас аққанша қарқылдады. Горюнов та күлді. Үшеуі де
дереу ағаштан түсіп, мылтықты кеп алды, онкилон алдын ала ұяны өртеп,
шоқпар мен найзаларды төмендегі отқа тастады, Горохов болса іскектегі
етті ағаштың шоғырмағына қадап, жылқының санын теректің түбіне сүйреп
əкелді де, сүйектердің арасынан адамның бас сүйегін тауып алып жіліктің
басына кигізді, сосын көздің орнына бір-бір көмір қыстырып, төбесіне
вампулардың пышақ орнына ұстап ет кесетін шақпақ тасын қойды.
–Қайтып келердей болса, олар осының бəрі қайдағы бір сиқырдың күші деп
ішегін ішіне тартары хақ, – деді ол. – Жəне мылтық үнінен бұрынғыдан да
бетер қорқатын болады. Мамонттар алқабына қайтып оралған
қылжақбастар жасақты өздеріне көмекке жиналып жатқан əбігердің үстінде
көрді. Бірінші, екінші атылған мылтық даусын есіткен Ордин мен Костяков
бұлар вампулардьң шабуылына ұшыраған екен деп, ет мүшелеп жатқан
онкилондарды тік көтеріпті. Қандай гəп болғанын білгенде мылтық
оқиғасына барлығы ду күлді. Алаңқайда от жағылып, Аннуир ас əзірлеп
жүр: мамонттың тұмсығы тамаша тəтті тағам болды, ал қой етінен жасаған
бифштекс отта аз жатқаннан ба, қатқыл пісті. Алайда кейін бұл тағамдарды
қанша қайталасаң да ет жетерлік еді.
Мамонттың терісі мен азуын, етін арқалаған аңшылар ертеңіне тура
Амнундактың тұрағына тартып, оған кешкісін бір-ақ жетті.
Онкилондардың көсемі жойылып кеткен жатжерліктерді іздеуге үлкен
экспедиция сайлап қойған екен. Бұрын-соңды мұндай күшті болмаған жер
сілкіну онкилондарды қатты қорқытыпты. Кейбір жөртөледе төбеге жайған
сырғауыл ашаның басынан шығып кетіп, шым құлап ұйқыдағы бірнеше
баланы басып қап, біраз адамды жаралапты. Үйінен атып шыққан үрейлі
онкилондар ағаштардың теңселгенін көріп, жардан гүрс те гүрс құлаған
тастардың дүңгірін естіп, жерге аяқ басып тұрайын десе тұра алмай, құлай
береді. Содан соң бұл арада тіпті қариялар көріп білмеген құбылыс –
нажағай шатырлап, шелектеп жауған жаңбыр жертөлеге оралуға батпаған
адамдарды малмандай су етіп, есікті шайып кеткен, су төсек-орын мен
киімдерді бүлдірген.
Бұл апатты жақындағы вампулардың шабуылымен салыстыра келіп
онкилондар ақ адамдардың келуіне байланысты бабалары болжап айтып
кеткен бақытсыздық шынымен басталды деп ойлайды. Ал ол адамдардың
қайда жүргені белгісіз, келер-келмесі екіталай, жер астынан шыққандай
жалт етіп еді, солай жоқ болмасына кім кепіл. Барабан белгісімен шеткі
тұрақтан шыққан жасақ Мыңтүтін алқабынан ешкімді жəне таппай келді,
оған Амнундак қатты абыржып, із-түссіз кеткендерді енді вампулар
иелігінен іздеу керек, бүкіл жауынгерлерді ол сол үшін жинап жатыр еді.
Жоғалып кеткендердің қайтып оралуы бəрінің де көңілін орнына түсіріп,
мамонттың терісі мен азуы, еті тұтас тайпаның қуанышын қойнына
сыйғызбады.
Жиһангездердің ойластырып салған жақсы жертөлесі жер сілкінуден тіпті
бүлінбепті де, сондықтан онда өз үйін жөндеп біткенше көсем тұқымының
тең жарымы екі күн қонып шықты.
ҚАСИЕТТІ КӨЛ
Қиын-қыстау күндері онкилондарды тастап кетпеген жатжерліктердің
аман-есен оралуы құрметіне қасиетті көлдің басында құдайы құрмалдық
берілуі тиіс деді Амнундакқа бақсы. Жиһангездер бұл көлге ойпаттың бүкіл
суы құятынын сұрап біліп, оның қайда кетіп жатқанына көз жеткізуге
жағдай жасайтын мына оқиғаға қуанып қалды. Құрмалдық олар келген соң
екі күннен кейін белгіленді.
Басы Амнундак болып бар рудың жауынгерлері мен жиһангездер таң ала
қарақтан түстік-батысқа тартты; жасақтың соңында құрбандық ақ бұғыны
жетелеп, оның екі жағында бақсы мен шəкірті даңғыра қағып, жол бойы
дұға оқып келді. Екі алаңқай мен аралық ормандардан өтіп, екі сағаттың
шамасында ойпаттың ең шетіне орналасқан кішігірім көлге де жетті. Оның
екі жақ жағасы қара базальт құздың үлкенді-кішілі қой тастары арасынан
сылдырап келіп көлге су ағып жатыр, ал қалған екі жақта тура көлдің өзінен
аңғардың биіктігі жүздеген метр базальт жары тік көтеріліп, соның шыңы
мен аспанның бір пұшпағының суреті айдын айнасына түсіп тұр. Осынау
терең шыңырауға жазда ғана сəске түсте күн терістік-шығыста тұрғанда
бір-екі сағат түседі де, кейін көл ұдайы көлеңкеде тұрады. Биіктігіне бас
айналар қап-қара құздар, жағаның қап-қара кемері, қап-қара су – бəрі-бəрі
қосылып көңілді құлазытып жіберді, онкилондардың көлді қасиетті деп
жүргені де осынысынан болса керек.
Судың шетінде басқа жартастардан биігірек тұрған біртегіс тақта тас
құрмалдық шалатын жер екен, бақсы шəкіртін алып соған шықты.
Амнундак, жиһангездер мен жауынгерлер сол тақта тасты жарты шеңбер
жасап айнала тұрды. Даңғырасын алып бақсы оны баяу қаға бастады, төніп
тұрған құздардың жаңғыртуымен көлдің екінші бетін күмбірлеген кеп үн
кеулеп кетті. Жаңғырықтың не екенін білмейтін онкилондар оны үн қатып
жатқан рухтар деп түсінді. Тəуеп етіп болып бақсы халцедоннан жасаған
мұқият қайралған қысқа өткір пышағын суырды. Сабы сүйек, бұрандамен
безендірілген бұл пышақ сыртқы түріне қарағанда қанжар тəрізді жəне ылғи
осындай қанды құрбандыққа ғана ұсталады. Шəкірт бұғыны мүйізінен
ұстап басып, басын жерге тұқыртты да, бақсы желкеден қатты соғып, сылқ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 12
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.