Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 17

Total number of words is 4180
Total number of unique words is 2101
34.8 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
саңылауларынан балшық саулады. Ұйықтап жатқан жауынгерлер атып
тұрып, құлазып қатты күйзелген Горохов та тұрып отырды. Дүмпу қайта
қайталанса, Амнундак жертөлесінің бар тұрғыны жүгіріп шығып, от айнала
ашық аспан астында түнейді, онда білдіртпей тайып тұру мүмкін емее.
Ертерек алас-күлес кезінде кетіп қалу керек.
Ол ойын шумақтап үлгергенше жер екінші рет сілкініп, жертөле түгел
сықырлап, төбеден бір сырғауыл шым-мымымен атып отқа түсті. Горохов
апыл-ғұпыл жылы киініп, жауынгерлер жан даусы шығып есіктен бір-ақ
атты. Дүмпу толқыны толастап, жертөле орнында қалған соң, əлгілердің
біреуі қайтып келіп бірнеше шала алып кетті, Тегі, есік алдында от жағып
күзетін жалғастыра бермек ойы болса керек.
–Сен, ең жақсысы үйден шықсаң еді, – деді əлгі жауынгер өз төсегінде
отырған Гороховқа, – басып қалуы кəдік мына үйдің, Амнундак
жертөлесінің жартысы құлап та қалды.
–Жоқ, мен осында қалып алаңсыз ұйықтай беремін, – деп жауап қатты
Горохов. – Менің бұрышым опырылмақ емес.
Жауынгер басын шайқап шығып кетті. Якутке керегі осы еді, ол көрші
бөлмеден Костяковтың көрпесін алып жұмарлап орады да, оны алғаш
кіргенде кісі ұйықтап жатқандай етіп, өз көрпесінің астына тықты. Сосын өз
төсегінің тұсындағы сырғауылдарды суырып, тысқа қоржыны мен
мылтығын қойып ап, сосын өзі шығып, Пеструханы алды да, тесікті
сыртынан қармен бекітіп тастады. Жауынгерлер жаққан оттың жарығынан
түскен жертөле көлеңкесін жамылып, жиырма қадамдай жерде алаңқайдың
шетінде жақын тұрған ағашқа жетті. Бұл онкилондар отынға да, құрылысқа
да ұқсата алмайтын болған соң аман қалдырған мəуелі алып бəйтерек еді.
Пеструха мен қоржынды теректің қуысына жасырып, өзі басына шығып, бір
жуан бұтаққа отырып жан-жаққа көз салды. Гороховқа бұл арадан
алаңқайда не болып жатқаны алақандағыдай, ал өзін жапырағы
болмағанымен қалың бұтақтар көлегейлеп онша көрсетпейді. Алаңқайды
баса-көктеп өтуге болмайды деп ойлады ол, себебі ақ қарда мұның қара
сүлдесін елеңдеп отырған кісілер бірден көреді. Айналып өту тіпті ұзақ,
оның үстіне Горохов жеті қараңғыда базаға емес, басқа жаққа апаратын
жолға түсіп, адасып кетермін деп те қауіп ойлады.
Өзінің бақылау пунктінде отырып ол Амнундактың жертөлесінің жартысы
опырылғанын көрді, əйелдер алып шыққан заттарымен балаларының
қасында, от басында сапырылысып жүр, жауынгерлер қалған мүлікті сыртқа
тасуда. Ұзамай жаңа бір дүмпу ойпатты бойлап дүбірлетіп өтті, ол
бəйтеректің солқ етіп, теңселіп кеткенін түйсінді. Амнундак жертөлесінің
жəне бір бұрышы құлап, от айналасындағы адамдар ұлардай шулап,
кейбіреуі жығылып-сүрініп жатыр, тағы да айқай-шу, зар қақсау, ал ойпат
аңғарынан құз құлаған гүрсіл келеді құлаққа. Сол замат ол осы таяу маңда
орман арасынан жердің қақ айрылып жарылған сықырын есітті. Сол жаққа
жалт қарап, ол аппақ қар көрпесінің ортасынан орманның қара қойнауынан
бөлініп шыққан қоңыр жолақты көрді, барған сайын далиған сол жолақтың
бетінде аппақ дақтар көзге шалынды.
«Көлдің мұзы бұзылған ғой! – деп ойлады ол. Енді тура жүре алмайсың!
Мына қырсықты қарашы!»
Жердің гүрілі мен құздың құлаған гүрсілі басылған шақта Гороховтың
құлағы жаңағы шапшаң далиып бара жатқан қоңыр жолақтан судың
сылдырын шалды.
–Су көлдерден асып кеткені ме? Осы арада бізді қарық қылмаса игі? Мына
кесірді қара: отты сөндіріп, адамдарды қараңғыға тастайды-ау! Маған
бұлардан аулақ қашу абзал. Ал өзге алаңқайларды да су осылай басса, қалай
жүрмек керек. Мына бақытсыздықты қарашы! Не үшін ғана мен осы жерде
қалдым екен? Шіркін, қайық болса!
Осы сəтте оның есіне су қатар кезде онкилондардың екі қабық қайықты
көлден алып келіп, жерде қалдырса, қыста бұғылар қажалап, түтіп тесіп
тастайды деп жертөленің сыртына əкеп қарға көмгені түсті. Олармен жазда
өзі талай рет балық аулағаны бар. Бұл болса да оның көңілін сəл
орнықтырайын деді – қайық жақын, тек мұнан бұрын онкилондар алып
кетпесе жарар еді.
Қара жолақ əп-сəтте далиып, оның шеті отқа отыз қадамдай ғана қалды,
қарды жұтып жайылған су арнасын кеңейтіп барады. Оны енді онкилондар
да көрді. Біреуі жолақ шетіне жүгіріп барып, оның жайылып келе жатқан су
екеніне көзі жеткенде жан даусы шықты.
–Құтыла көріңдер, су жайылып, топан басқалы тұр!
Адам айтқысыз абыржу енді басталды: айғай-шу, жылау-сықтау,
сапырылыс. Біреулер «Ағаш басына!», «Ағаш басына!» деп айғайлайды.
Енді бірі «Қайық қайдалап» жүр, екіншісі
«Сиқыршылардың жертөлесіне паналайық!» дейді. Жауынгерлер
жиһаздарға, əйелдер балаларға ұмтылды.
Амнундак жатжерліктер жертөлесінің алдында от басында отырған қарулы
жауынгерлерге жүгіріп келіп айғай салды:
–Ақ сиқыршы қайда? Алып келіңдер. Не ол суды тоқтатсын, не біз қазір оны
жарып өлтіреміз.
Кенет осы кезде биіктен бір əмірлі үн шықты.
–Онкилондар! Жедел терістікке қарай жүгіріңдер, онда су жоқ. Терістікке,
терістікке тартыңдар, сонда ғана құтыласыңдар. Мұны айтып тұрған мен –
аспан иесімін.
Қорқып құты қашқан адамдарға осы сөз əрең əсер етіп, бірінен соң бірі
қайталай жөнелді.
–Терістікке, терістікке қарай тарттық, тез!
Ауыр жүк арқалаған жауынгерлер, бала құшақтаған əйелдер бұғы
табынымен араласа орманның бауырына қарай басты. Су жақын жердегі
оттарды өшіріп, ащы түтін қолқаны алып, пысылдап шалалар сөніп, жарық
жоқ болды.
Амнундак жатжерліктер жертөлесінің жанында əлі тұр. Гороховты алып
келу үшін ішке кірген жауынгерлер үрейленіп ата шықты.
–Ақ сиқыршы түндіктен итін алып ұшып кетіпті, үй қаңырап бос тұр! – деп
мəлімдеді.
Амнундак қолын бір сермеп қасына қарауылдарды ертіп алып
бағыныштыларының артынан терістік бауырға қарай тұра жүгірді. Алаңқай
бос қалғанда барып ағаштан түскен Горохов жертөленің жапсарындағы
ескегі байланған бір қайықты аршып алып қарын қақты да, бəйтеректің
түбіне əкеп бір басына Петруханы отырғызып, ортасына қоржыны мен
мылтығын салып, өзі жайғасты да, қолына ескекті алып тың тыңдады.
Онкилондардың шуы шалғайға сіңіп, алыстай берді, соңғы оттар да сөніп,
су жертөлелердің табалдырығына жетті.
«Өй, қайықпен əлі де біраз кəкір-шүкір əкетуге болады ғой, – деп ойлады
Горохов, – тым құрмаса бірер тері көрпе əкетейін де, менің төсек-қабымды
жолдастар Аннуирге берген шығар жəне түнде жүрсем суық».
Ол жертөлеге жүгіріп келіп еді, кірер ауызды су алып кетіпті, ізінше өзі
жасаған тесікке қайтып келіп, өкшелей қуған сумен ұшып отырып
қайығына келді.
«Осылай дұрыс болар» деп ойлады ол, көрпенің жартысына өзі отырып,
жартысымен аяғын жауып жатып. Қайықтың айналасында қарды жұтқан су
пысылдап, төңірек түгел қарауыта түсті, қап-қара дүниеде тек жертөле ғана.
Міне, қабық қайық та жүріп кетті, көл жаққа құлаштап
Горохов та ескегін есе жөнелді.
–Хош бол, тұрағымыз! – деді ол, жертөленің жанынан өте беріп. Сенде
қыстап шығу бізге бұйырмады, жалпы енді ешкім де қыстай алмайды – су
бəрін шірітеді!
Екі басты ескекпен оңды-солды ескен соң жеңіл қайық қара суда ұшты да
отырды; көз қараңғылыққа үйреніп, кейін ысырылған қара орманды да,
төбесі аппақ жертөлелерді де ажырата бастады. Алда ерек екпінмен су
лықсыған ашық алаңқай. Осы жазықтың ортасынан Горохов төмпе көріп,
ескек есу қиындай түскенін аңғарды. Ол көл ортасынан судың жалдана
шығып жатқанын сезіп, ағынмен алысып, оны айналып өтуге тырысты. Оны
айналып өткен кезде ағын енді өзіне көмектесе бастады. Ұзамай ол қарамақарсы баурайдан барып шықты. Енді түстікке тартатын жолды тауып алу
керек, қара орман сəулесінде ағараңдаған жертөлелер бағдар алуға
мүмкіндік берді, ол осыдан қай бағытқа жол шығатынын ұмытқан жоқ.
Міне, ол сол сүрлеуді тауып, екі орман арасындағы жіңішке каналға түсіп
алып жүзе жөнелді, қараңғылық қоюланып, қабық қайықтың жұқа түбін
тесіп алмас үшін абайлап жүзуге тура келді. Горохов есуді доғарып, жеңіл
қайықты бірауық ағынның ырқына қоя берді. Аздан соң ағыс саябырлап,
ескекті
қайта қолға алуға тура келді, тереңдікті өлшеп Горохов судың тізеден сəл
ғана асатынын анықтады.
Қарсы ағынға ол құлаштап енді есе бастап еді, су шолпылдап, осқырған,
пысқырған, мөңіреген шу шықты – шамасы, сүрлеумен жабайы өгіздер келе
жатқан тəрізді, ал олармен ұшырасу – үлкен қатер. Көп ойланып жатпай
Горохов қайығын орман қабырғасына ысырып, жолдан екі-үш қадамдай бір
ағаштың түбіне тіреп, бір қолымен ескекті судың түбіне қадап, бір қолымен
ағаштан құшақтап, қатып тұрды да қалды. Шу-сыбдыр шапшаң жақындап,
міне, ыңыранып, осқырып, пысқырып, селден қорқып, бірін-бірі басажаншып кимелей терістікке ұмтылған кесек хайуандардың алпамсадай
тұлғалары қозғалып келеді, олар қарнымен су сызып, бүлк-бүлк желіп, суды
фонтандай атып, орман баурайына дейінгі жерді толқындатып жіберді.
Горохов ағаштан ұстап, ескекті жерге шанышпағанда қайығы төңкеріліп
қалатын еді, не керек, өстіп хайуандар əбден өтіп боп су сабасына түскенше
якут бірнеше қатерлі минутты бастан кешірді.
Осыдан соң ол жүз метрдей жүзіп үлгермей əлгі сыбдыр мен шу қайта
естіліп, тез таяла берді, шоққа тағы да тығылуға тура келді. Бұл жолы
бірнеше мүйізтұмсық өтті жөңкіп, олар көтерген толқыннан Горохов
аударылмай шақ қалды, су фонтандары оны көміп кетті.
–Қарғыс атқыр, қолапайсыз хайуандар, қарасан келсін сендерге! – деп
бұрқылдады ол бетін сүртіп тұрып. – Бүйтіп қарға адым жер ұзарсың ба,
суды қайтып төкпек керек, оның үстіне тас қараңғы.
Мүйізтұмсықтар көтерген толқын сап болмай жатып жылқы үйірі жетті,
бірін-бірі басып озғалы арындап аспанға атып, осқырынып кісінеген олар
өгіздерден тез қозғалып, суды бұрынғылардан да күшті толқындатып
жіберді.
Келесі алаңқайға жетпей, Гороховтың тағы бір тығылуына тура келді, бұл
жолы өгіздер мен жылқылар аралас жөңкіп, олардың ізімен он шақты аю
қорбаңдап жөнелді. Ақыры, ол алаңқай көлге де жүзіп шығып, суы жал-жал
болып бұрқырай шығып жатқан орта тұсынан айналып өтпек болған сəтінде
су кенет көпіршіп көтеріліп кетті де, толқындар оны төңкөріп тастай
жаздады. Ойпат жағалауын бойлап өткен гүріл мен гуіл жердің жанадан
тағы бір дүмпігенін байқатты. Толқындармен жағаласып, Горохов келесі
баурайға жетті де, каналды тауып алып, əрі қарай жүзді, алайда көп ұзамай
ақылы алтау боп аңтарылып тұрып қалды, канал осы тұстан үш тармаққа
бөлініп кетті, түнде қажет бағытқа таңдап түсер еш мүмкіндік жоқ – ойпат
аңғарларын ажырату оңай емес, компас жоқ, жұлдыз көрінбейді.
–Енді еш амал жоқ, таңның атуын күту керек, – деп түйді ойын Горохов. –
Алыс қалмаған шығар, таң атуы керек: суда сергелдеңге түскеніме қанша
уақыт, түн ортасынан бері безек қағып жүрмін.
БАҚСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
Горохов каналдан алысырақ жаққа қарай бұрылып, алаңқай мен айдынның
толқыны жетпейтін, жетсе де əлсіреп жететін шоққа келіп, қайығын бір
ағашқа байлап, көрпеге оранып түбіне көсіліп жата қалып, толқынмен сəл
тербеліп ұйықтап та кетті.
Ол Пеструханың ұлыған даусынан кеш оянды. Көзін ашып ол түнде су көп
көтеріліп, қайықты ағаштың бұтақтарына апарып қысып тастағанын көрді.
Иттің қысылғаны сонша, ол сорлы тіпті қозғала алмай қалыпты Оны босату
үшін бірқатар бұтақты пышақпен кесіп түсіруге тура келді. Горохов судың
тереңдігін өлшеп көрейін деп еді, түбіне жете алмады, ескегі мен қолын
қосқанда екі метрден кем емес-ті.
«Топан су деген осы! – деп ойлады якут. – Жолда енді еш жануарды
кездестірмейсің: қашып құтыла алмағандары қарық болды».
Тұтқыннан босанған Пеструха иіскелеп, құйрығын бұлғаңдатып, иесіне
тілене қарады.
–Ашықтың ба, бейшара! – деп оны бірден ұқты иесі.
–Ас ішетін уақыт та болды, тек бізде тамақтың өзі аз, шай қайнатуға
болмайды. Аң-құс жоқ!
Ол қоржыннан шелпек пен кептіріп жертөле шатырының астына жайып
қойған қыруар қаз етінен бағанағы алас-күлесте ала салған бірер мүшесін
алып, сүйек-саяғын итке тастап, тəуірін өзі жей бастады.
–Эх, Пеструха, ақырғы қаз еті осы! – деді ол итке қарап. – Біздің сақтық
етіміз ғой қарық болды, ешкім оны алған жоқ, қандай өкініш!
Сол сақтық ет оның ойына Ракуды, оның қамкорлығы мен шаруақорлығын
түсіріп, көңіліне мұң ұялатты. Ол Казачьедегі кəрі, ұрысқақ қатынын да еске
алды, соның қазымырлығынан бұл көршілеріне қонып не саудагерлерге
каюр болып жалданып, алыс сапарға жиі кетіп қалушы еді. Ракуды алып
кетуге əлі де əрекет жасауға болар деп ойлады ол. Шамасы, онкилондар
алғашқы кездескен құрғақ алаңқайға тоқтап, түнгі сергелдең мен босқыннан
кейін тынығып ұйықтап жатқан шығар. Соларға жақын жүзіп барып,
бұтаның арасына кіріп тақау жерден Ракудың көрінгенін күтіп, іле шақырып
алып, қайыққа салып ала тартпақшы. Суда онкилондар қуып жете алмайды.
Серіктері бүгін кешке дейін күтуге тиіс, тіпті кетіп қалғанның өзінде
алғашқы күні онша ұзай алмайды, қуып жетуге болады. Горохов түні бойы
тек келесі алаңқайға дейін ғана, яғни ең əрі кеткенде үш-төрт шақырым
жүздім деп ойлады, демек, қайтып оралуға онша алыс емес.
Ертеңгі ас үстінде осы байламға тоқтаған якут қайығын шешіп алып
терістікке қарай тартты. Күн шыққалы қашан, бұлт арасынан сығалап
қойып, жылу да себездеп кетеді. Күндіз топан су түндегідей үрейлі əсер
тастамайды. Су жалтырап, беті сəл діріл қағып, айнасына орман баурайы
түсіп тұр. Гороховты таңдандырғаны тек суда, əсіресе, орман мен канал
тұсында қоқыстың көптігі, жан-жақтан су келіп құйылып жатқан алаңқай
аумағы ғана таза. Тұрақ тұрған бір алаңқайға шығып, азық-түлігін үстеу
үшін жертөлеге жүзіп келіп, шатырына шығып, шаңырағына қолын тығып
жіберді де, кептіріп қойған бірнеше құсты суырып алды, қуанғаннан бір
үйректі тұтасымен Пеструхаға тастай салды. Риза болған ит рахаттана
ырылдап, жата қап оны кеміре бастады.
Содан соң ол түнде онкилондар кеткен бағытты ұстап жүзе жөнелді.
Ормандағы каналда киіздей боп ұйысқан жапырақ, бұтақ тəрізді су бетіне
шығарып тастаған не түрлі қоқыстың арасымен жүзуге тура келді. Жолжөнекей өлі құс, кішігірім төртаяқтылар кездесті, бір ағаштан жасырынған
сусарды көріп қалып, аңшылық құмарлығы қозып кетті де, оны ескекпен
ұрып алды.
–Жазғы тері болса да құлақшынға жарап жатыр, бəрібір аштан өледі, – деп
міңгірледі ол олжаны алып жатып.
Терістікке таман жақындай түсіп ол көлдердің онша көпіршімейтінін, судың
да онша терең емес екенін байқады, ескек түбіне жетіп тұр.
–Қап, Матвей Ивановичтің жоғын қарашы, ол болса ғой, осынша су жердің
қай тұсынан шығып жатқанын түсінер еді. Діни жазбаларда айтылғандай,
жер тұңғиықтың тігісі сөгіліп, дүниені топан басты. Құдай-ай, тəубе,
əйтеуір аспан тұңғиығы аман тұр, жоғарыдан ол сөгілсе – одан сұмдық не
бар.
Түс ауған соң алаңқай мен каналдардағы су мүлдем таяздап қалды,
кішігірім бұталардың басы қылтиып, көл жағаларының қамысы көрінді,
қайықты сөгіп алмас үшін ақырын жүзуге тура келді. Сосын қайықтың түбі
тиіп, ақыры тоқтап қалды. Горохов түсіп, қайықты жаяу сүйреді. Ұзамай су
сəл ғана жасырып тұрған шөппен қайықты сүйреу оңай болсын деп,
Пеструханы да түсіріп, қоржынды өз арқасына асып алды. Ақыры ол
дымқыл шабындық сияқты бір алаңқайға шықты, су кейбір шұңқырда ғана
жалтырайды. Алаңқай табын-табын өгіз, үйір-үйір жылқы, желі-желі
бұғыдан сыңсып тұр, аулағырақ бірнеше ұя мүйізтұмсықтар жайылып жүр,
кейбіреуі шалғында жусап жатыр, бұта арасында дымқыл топырақты
қопарып қабандар қорсылдайды.
«Мыналардың қаншама жиналғанын қарашы, ғажайып! – деп таңданды
Горохов. – Бейшаралар түні бойы суда шылпылдап, тыным көрмей əбден
болдырған ғой. Міне, олардың аңшылары да келе жатыр!»
Орман жиегін жағалай бұта сыртында төрт тағандай еңбектеп вампулар
жылқы үйіріне жақындап келе жатқанын ол байқап қалды. Жылқы
жануарлар көптігіне сене ме, əдеттегіден бейқам тəрізді, вампулар оларға
жақындап та қалды. Горохов олардан жиырма адам санады. Бағанадан үріп
қолұшын бермесін деп Пеструханың бетін басып, бақылап тұрған ең жақын
вампуы бұтадан қырық қадамдай.
«Бəлем, бұларды бір қорқытайын! Нажағай мен жасын əлі де бар екенін
біліп қойсын!» деп вампудың басынан жоғары алып басып қалды. Түтін
тарағанда бірде-бір вампу көзге түскен жоқ, тек бұта бастарының қимылы
ғана олардың орманға тығылғанын əйгілеп тұр, о жақта шыққан дауыс
бірте-бірте ұзай берді. Мылтық үні алаңқайда да алакүлік сапырылыс
туғызды – жатқан жануарлар атып-атып тұрып, бір табын бері, бір табын əрі
шапқылады.
«Вампулар мұнда болғанда онкилондар онша жақын жүрмеуі керек, – деп
түйді Горохов. – Ал бұларды шошытқаным жақсы болды, əйтпесе оларға
өзім тап болуым кəдік еді!»
Ол қайығын əрі қарай сүйреді, алайда ұзамай жер құп-құрғақ болып кетті,
сүрлеуден тастар кездесті – бүйте берсе, түбін тесіп алуы хақ. Келесі
алаңқайдың шетінде көзге ерек түсетін, жоғары жағы екі айырық бір
бəйтерек бар екен, қайықты ол сонда қалдыруға шешті. Қайығын екі
тармақтың арасына қойып, оған қоржынын салып, Пеструханы үстіне
отырғызып, қарғысынан байлап қойды, əрі қарай өзі салт бас кетті. Алда екі
шақырымдай жерден ол адамдар даусын естіп, түтін иісін сезді. Бауырға
дейін ептеп басып барып Горохов бақылауға кірісті. Алаңқайдың əр жерінде
от алаулап, оның басында жатқан, түрегеп тұрған онкилондар көрінеді, отта
қуырылған еттің иісі якуттын танауын қытықтап барады.
Шамасы, бұл араға бүкіл ру, немесе, топан басқан жерден босқан тайпаның
басым бөлегі жиналған. Əдеттегідей əр ру бөлек оттың басында отыр.
Бақылап тұрған жерінен қиғашырақ бір оттың басына жұрт тіпті көп
топырлапты, соған қарап Горохов Амнундак тұқымы осы болар деп түйді,
Ол жиек жағалай жасырынып келіп отыз қадамдай жерден рубасыларының
ортасында отырған Амнундакты таныды. Олар ойпаттың осы тұрған қу
тақыр терістік жағына жағалай қонып, қыс жақын болғандықтан жаппай
жертөле салмақ керек пе, əлде судың тартылғанын тосып бұрынғы
жайларына көшпек керек пе деген мəселені талқылап отыр екен.
«Міне, ақымақтар, – деп ойлады Горохов. – Бұлар əлі су бір жаққа сарқады
деп дəмеленіп отыр. Ойпаттың түстігі түгел шүпілдеп аузы-мұрнынан
шыққан су екенін білмейді екен ғой». Су кездеспеген жаңағы жердегі
сияқты бұл арада да бір шөкім қар жоғына якут тағы да назар аударды.
Тегінде қар еріп кетсе керек, себебі мұнда тіптен жылы – топан су ойпатқа
жазды қайта алып келген сияқты.
Оттың екінші жағында əйелдер мен балалар отыр. Горохов Аннуэнді жəне
басқа келіншектерді таныды, бірақ Раку көрінбеді.
«Жесір ретінде ол өз руына қайтып келген жоқ па екен?
–деп ойлап, от бастарында отырған басқа əйелдерге көз тастай бастады ол,
көсем тұрағына тақау Раку шыққан рудың адамдары əне отыр, алайда
арасында ол тағы жоқ. Қайда ғана ұшып кетті екен ол? Бір жаққа кетті ме,
əлде ұйықтап жатыр ма? Күте тұрайын. Ұзамай олар ауқатқа отырады, сонда
бір жиналуы керек».
Аздан соң ет əзір деп əйелдер айғай салды да, барлығы ру-руына тарап, от
басына жайғасты, қыз-келіншектер істікке шанышқан ет пен шелпекті
үлестіріп тұрды. Ал Раку не Амнундактың, не өзінің тұқымына келген жоқ.
Бұл Гороховты алаңдатайын деді, көсемнің тілін алмағаны үшін онкилондар
Ракуды өлтіріп тастады ма екен осы деп ойлады ол. Əйтпесе оның ұштыкүйлі жоқ болуын қалай түсінуге болады, əлде ол жер сілкінген кезде
құлаған жертөленің астында қалып, қазаға ұшырады ма?
–Жолы болмаған деген осы! – деп міңгірледі ол. – Əрлі-берлі босқа
сенделіп жүрген екенмін. Ұзамай кетуім керек, күн батысқа еңкейіп те
қалыпты.
Сол сəт, əлгінде орманнан өзі жасырынған жерге жақын маңнан шыға
келген қарулы он жауынгер, оның назарын аударды. Жауынгерлер
Амнундакқа келіп, оның аяғының астына вампулардың бірнеше шоқпары
мен найзасын тастады.
–Ұлы көсем, сен бізді əлгі бір əзірде нажағай шатырлаған маңды тінтіп қайт
деп жіберген едің, – деді жасақ басы. – Сен ақ сиқыршылар оралған деп
ойлап едің. Бірақ біз ол арадан қисапсыз көп ірі хайуанаттар көрдік те,
мыналарды таптық, – деп ол шоқпарларды нұсқады. – Ақ сиқыршылардың
не өзін, не ізін ұшырастырмадық.
–Қалай дегенмен де олар бізге жақын жерде қаңғырып жүр, – деді
Амнундак. – Вампуларда нажағай жоқ. Ал нажағай шатырлағанын жұрттың
бəрі жақсы естіді.
«Бұларда ит жоғы абырой болды! – деп ойлады Горохов.
–Əйтпесе тіміскілеп мені бағана тауып алады ғой!» Алайда оны көсемнің
келесі сөзі қатты қобалжытты.
–Рубасыларыңа айтыңдар, барлық жауынгерлерді осы қазір айналамыздағы
ормандарды сүзіп шығуға жіберсін. Ақ сиқыршылар жақында жүр жəне
жаңа апатты жіберген де солар. Жауынгерлер бұйрықты таратып от жағалап
кетті. Ұзап алыс кете алмайтынын сезген Горохов ағаш басына шығып алып,
тұзақты тақау маңнан күтуге бел байлады. Ол табан аузында орманға сүңгіп,
бір ыңғайлы ағашты таңдап басына шықты, бір жақсысы, бұта арасынан
бүкіл алаңқай көрінеді екен. Тармаққа отырып алып ол от басынан жанжаққа жауынгерлердің қару асынып тұра-тұра жүгіргенін, бауырға келіп
қатарласа шашырай тұра қап, орманға кіргенін көрді. Бұл отырған ағаштың
оңынан да, солынан да жауынгерлер өтіп жатыр, бірақ бəрі жерді тіміскіп,
бұтаның түбін, шоқтың арасын қарап, найзаларымен де түрткілеп жүр. Ол
болса қоңыр киіммен биікке шығып, ағашқа жабысқан да қалған, жапырағы
жоқ болса да қалың бұтақтар, ағаш басында барын біліп əдейі іздеген
болмаса, көлегейлеп көрсете қоймайды. Торға түсіреміз деп төңіректі
тінткілеу екі сағатқа созылып, шаршап-шалдыққан жауынгерлер қолына түк
те іліктіре алмай қайтып кеп, өз отының басына тыныққалы жайғасқанда
күн таудан асып та кеткен еді. Горохов ағаштан түсіп, білдіртпей кеп тағы да
көсем тұқымының тұсындағы бауырға жасырына қойды. Бақсының қасында
отырған көсемге іздеудің нəтижесіз болғанын баяндады біреу. Ол оған риза
болмай, шамданып қалды да, сөзді бақсы алды.
–Барлық рубасыларын бəтуаға жина деп əмір бер! – Амнундак əмір берді де,
жаршылар от басын аралай жөнелді.
«Кəрі қырт сиқыршы тағы да қандай зұлымдық ойлап тапты? – деді іштей
Горохов. – Ал Раку əлі күнге жоқ. Əйелдердің барлығы орын босатып, от
басынан көтеріле тұрып кетіп барады, Ракуден басқасы төрт көзі түгел
осында. Бақытсыз сорлыны жазым етпесе жарайды ғой!».
Күллі рудың өкілдері келіп от басына отырғасын, бақсы орнынан тұрып,
басын қақшитып, қолын алға жайып жиналғандарға мынадай сөз арнады:
–Біздің тайпаға адам айтқысыз алапат бақытсыздық тап келді. Біз бұрын
бейқам тыныш тұрып жатқан жерімізге ақ сиқыршылар келгелі жер
қаншама сілкініп, қаншама жертөле құлады. Олар келді де, қары кетпейтін,
күні жылытпайтын өздеріндегіден мұнда өмір сүрудің жақсы екенін көрді.
Мұнда қалың орман, əр алуан шөп, жақсы жайылым барын, жабайы
жануарлардың жыртылып-айырылатынын, біздің бұғымыз көп екенін көрді.
Көрді де тайпамызды түгел қырып, жеріміз бен малымызды иемденіп алуды
көкседі. Сол үшін олар қасиетті көлді суалтып еді, қанды құрмалдық беріп,
суын қайтарып алдық. Олар əдейі суық болсын деп, қысты табандатқан бір
ай бұрын түсіріп, қарды ерітпей қойды. Ондағысы біз үсіп-жаурап өлсін
дегені. Үсіп-тоңғанымыз
жоқ, үйімізге от жағып, өзімізді-өзіміз жылытып, ол ойларын да
орындатпадық. Сосын олар топан су жіберіп, бізді тұрағымыздан қуып
шығуға кірісті, жер қайта сілкініп, жер астынан сел қаптап, баспанамыз бен
даламызды алып кетті. Одан да аман құтылдық: аспан иесі – рухтар суы жоқ
осы жаққа бағыттап жіберді бізді. Алайда үйлеріміз құлап, малдарымыз
бытырап кетті. Бұл қорлыққа қашанға дейін төзуге болады? Қыс жақын, біз
құримыз, ак сиқыршылар жерімізді басып қалады. Олар осыны күтіп отыр.
Осыны күтіп олар анау мəңгі қардың етегінде отыр да, əлгі қалған біреуі, біз
қайда барсақ сонда барып, ізімізді аңдып жүр. Ол осы маңда, бірақ оны таба
алмай қойдық.
Бақсы тоқтап тыныс алды, жұрттың бəрінін назары соған ауып, бірдеңені
тықыршып күтетін тəрізді.
–Ақ сиқыршылардың жоқтауын бір-ақ асыратын шақ болды. Біз оларды
құрметті қонақ ретінде қабылдап, басына жақсы үй, қойнына жас келіншек
салып, дəмімізді алдына тосып жүр едік. Олардың сыйымызға сыйлағаны
көз көріп, құлақ естімеген алапат апат болды… Осының бəрі ақиқат емес пе,
онкилондар?
–Шын, шындық осының бəрі! – деген рубасыларының даусы шықты.
–Біз берген қыздарымыздың бірін, олармен анау қарға қашып кеткен
қарбаша сияқты тайпаға опасыздық етпек болғаны, ақылға бағынбағаны
үшін аяусыз жазаладық та. Сиқыршылардың жерден қасақана шығарған
суына батырғанымызда ол көмекке шақырып қанша шырылдаса да,
сиқыршы ақ күйеуі қорғаған да, қолұшын берген де жок. Енді біз барлық ақ
сиқыршыны ұстап, жеріміздің мейірбан рухына құрбандықка шалуымыз
қажет. Ертең тандаулы жүз жауынгер мəңгі қарға жорыққа аттанады. Олар
сал жасап, басы көсеміміздің өзі болып судан жүзіп өтеді, бəрінің де
найзалары мен жебелері, ал көсемде ақ сиқыршыдан алынған нажағай мен
жасын бар. Енді бізде де тең қару бар жəне біз көппіз, ал олар тек төртеу
ғана. Жүз жауынгердің қалайша
оларға шамасы, жетпейді? Тең жартысы осылардың майдан алаңында
қалсыншы-ақ, тек жеріміз сақталып, бұрынғыдай өмір сүретін болсақ жетіп
жатыр бізге! Ақ сиқыршылар құрбандыққа шалынбай тұрып, су жер астына
қайта сарықпайды, үйіміз опырылып, малымыз бытыраған қалпында
қалады. Айтарымды айтып болдым!
–Əп, бəлем, кəрі қырт, қаскөй төбет! – деп бұрқылдады бақсының сөзін
есіткен Горохов. – Сен менің Ракуымды суға кетірдің, енді өзімді ұстап
алып, бұғы сияқты бауыздағың келеді екен ғой. Əуелі ата-бабаларыңның
жанына өзің аттанарсың!
Ол мылтығын кезеп, оттың арғы жағында басын қақшитып, қолын көтеріп,
сəуегейсіген күйде жалынмен жүзі алаулап, өзіне тұп-тура қарсы тұрған
бақсыны көздеді. Нажағай гүрс еткенде бақсы отқа бетімен етпетінен түсті.
Үрейден құты қашқан Амнундак пен рубасылар тас боп тұрды да қалды,
бақсының елтірі бөркі отқа түсіп, лап ете қалды да, үрпие қарап тұрған
əйелдер дауыс салып қоя берді. Кенет, бейнебіреу белгі бергендей от
басында отырғандар қолдарын аспанға жайып, бəзбір көмек жайында
зарлана бірдеңе айтты да бетін басты, осы аянышты көрініс үш мəрте
қайталанды. Сосын Амнундак орнынан тұрып, салтанатты бір мақаммен
былай деді:
–Ақ сиқыршылардың жасын оғы бақсымызды жайратып салды, себебі бізді
бұл оларға қастандық жасауға шақырған еді. Ақ адамдардың құдіреті күшті,
оларға қарсыласып күресу біздің қолымыздан келмейді. Бабаларымызды
осынау жерге бастап келген ұлы бақсы тап осылай деп көрегендікпен
айтқан. Қане, өлікті оттан алыңдар!
ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК
Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын ұйымдастыра
қоймайды деген оймен тұра қашты, түн оның бой тасалауына мүмкіндік
туғызады, тақа болмаса тағы да ағаш басына жасырынады. Бұта-бұтаның
арасынан ол күндіз келген сүрлеуіне жүгіріп шығып, мүлкі мен итін тыққан
терегін тапқанша кідіріп тұрып қалды. Қуғын көрінсе-ақ қоржын қалған
ағашқа шығу керек, көрпе мен азық-түлік аш-жалаңаш болмай, түнді жоқжітіксіз өткізуге жағдай жасайды, ал жүкпен əрі қарай шапшаң жылжи
алмайсың, суға дейін əлі екі шақырым жер бар.
Ол тоқтап тың тыңдады, əуелі бəрі тып-тыныш еді, артынан дабыра дауыс
шығып, алыстан алаулар жалтылдады. Тегі, онкилондар шырақ ұстап,
мұның соңына түссе керек. Көп ойланып жаппай, Горохов ағаштың басына
шықты да, өз мүлкін жоғарырақ көтеруге кірісті. Кездескен тармаққа дұрыс
отыра алмай, бəрінен бұрын Пеструха көп əуреге салды, қайықты бір жуан
екі бұтақтың арасына орналастырып, қоржынды соған салып, итті үстіне
отырғызуға тура келді. Осы шаруаны əрең ыңғайлап біте бергенде, терекке
жақын сүрлеуден алау ұстаған бірнеше онкилон шыға келді, оңнан да,
солдан да басқалары тағы да көрінді. Ағаштан өте беріп, дымқыл жер мен
шөпке қайықтан қалған айқын ізге түсіп қуана айқай салған онкилондар
қалғандарын шақырып, қашқынды қуып жетпек дəмемен ізді қуалай тұра
жүгірді. Құстың сүр етімен Горохов кешкі ауқатын жасап, итін
азықтандырып, қорқорын сорды, ал онкилондар болса нəтижесіз қуғыннан
əлі қайтқан жоқ. Ұйқы басып ол ай туғанша көз іліктіріп алғысы кеп, өзін
бұтағында отырған ағашқа
таңып байлады да, мызғып кетті.
Ол ағаштың қатты шайқалғанынан оянды. Бағана таңып қоймағанда құлап
та кетуі кəдік екен, өзін-өзі ол əрең ұстады, жалма-жан екі қолымен жүгі бар
қайығын да сүйемелдеп жатыр. Не болып жатқаны Гороховтың ойына кіріпшығар емес, төңірек түгел гүрілдеп-гуілдеп тұр, мана туған айдан аспан
жап-жарық, жел жоқ. Əудемнен соң ғана ол жер сілкініп жатыр екен деп
ойлады. Терістік жакқа жалт қарап, онда, тіпті жақын жерден сұмдық
бірдеңе болып жатқанын көрді: орманның арғы жағынан шудаланған ақ
жəне қара түтін аспанға көтеріліп, сол тұстан құлақ тұндырған гүрсіл
естіліп, ыстық жел есіп, тынысты тарылтты.
–Оу, аспан падишасы, анау не?! Жер жарылып, от атылып жатыр ғой! – деп
жалбарынды Горохов. – Суға, суға жүгіру керек!
Ағаш ылғи шайқалып тұрғандықтан қоржынды, қайықты жəне итті кезеккезек жерге əрең түсірді. Жерде аяғымен тік басып тұрудың өзі қиындап
қапты. Мас адамдай теңселіп Горохов қайығын жермен, сосын саяз сумен
зорға сүйреп келеді. Ауық-ауық ағаш бұтағын сындырып, бірде оң, бірде
сол жағынан суға бірдеңелер түсіп жатыр. Гүріл тынбай, ауа
тымырсықтанып, ыси түсті.
Ақыры, су қайыққа отыратындай болып, қашқын опат құшағынан біртебірте алыстай берді. Үлкен алаңқайға шығып ол шудаланған түтін мен бірде
онда, бірде мында сумаңдаған нажағай салған от іспеттес шапақ көрді.
«Мына тозақ отында онкилон сорлылар құритын болды ғой! – деп ойлады
ол. – Тағы да бəрін ақ сиқыршыларға жауып, бақсымызды өлтіріп, сосын
бүкіл жұртымызды қырғынға ұшыратып жатыр дейтіні даусыз».
Саяз су баяу толқып, тереңдеген сайын толқын күшейіп, қайықты оңдысолды лақтыра бастады. Он шақырымдай жүзіп əбден шаршаған Горохов
таң атқанға дейін тынығып алар жер қарастыруға айналды. Толқыны əсіресе
қатты шулаған үлкен алаңқайдың шетінен ол судан шығып тұрған
жертөленің қалқасын көрді, жер сілкінуі сел басқанға дейін оның жақтау
қабырғаларын құлатып, ал орталық төрт аша жерге қағылып, үргімен
ұстастырылған қалпы жапқан шатырымен дін аман тұр екен. Қалқаның өзі
судан бір метрдей биікте болатын, толқын жетер түрі жоқ.
«Тынығып алатын жер тап осы!» деп ойлаған қашқын қайығын тура солай
қарай есті. Əупірімдеп жүріп заттарын жоғары шығарып, итті мінгізіп, өзі
көтерілді де, қасына қайығын алды. Көрпесін дымқыл шымға төсей салып,
терістіктен естіліп жатқан гүрсіл мен толқын шуына қарамай ұйықтап та
кетті.
Таң ата оянған ол жүзуді əрі қарай жалғастыру үшін бағдар алғалы жанжағына қарады. Түнде толқын басылып, су бетінде айдын айнасын шайқап
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 18
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.