Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 12

Total number of words is 4068
Total number of unique words is 2289
33.2 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
еткізді. Өлген бұғының үстінде тағы да даңғыра қағылып, дүңгірлей
жөнелді, сөйткенше болған жоқ, екі онкилон төрт қу бөренеден құрған
жеңіл сал алып кеп тақта тастың шетінен суға түсірді. Оған онкилондардың
көмегімен шəкірт бұғыны салып, жағадан итеріп жіберді. Бақсы
даңғырасын қағып, ерні жыбырлап, күбірлеп, сыбырлап дұға оқумен болды,
бірақ бір дыбыс сыртқа шыққан жоқ, себебі қасистті көлдің жағасында
қатты сөйлеу күпірлік көрінеді.
Білінбейтін бір ағынмен сал баяу ғана көл ортасына сырғып барады. Ақыры
ол жардың етегіне де қалқып барып, бір орнында шыр көбелек айнала
бастады.
Көсем мен жауынгерлер үн-түнсіз салға телмірген де қалған. Кенет қапқара толқыннан қатты шу шығып, көл шайқалғандай болды да, салдың
маңынан бейнебір алып бірдеңе тереңнен суды жұтып жатқандай ойыс
шұңқыр шыға келді. Шұңқыр бірте-бірте тереңдеп, шуыл күшейіп,
пысылдап, иірімде шыр айналған сал тереңге тартқан сумен толқынға
көміліп жоқ болды, бөренелердің басы, бұғының мүйізі бір жалт етіп,
шұңқыр жабылды да қалды. Бірер минут сол жерде иірім дөңгеленіп тұрып
ғайып болды да, айдын айнасы қайта қалпына келіп, көл түк көрмегендей
көрермендер алдында бəз қалпынша тұнжырады да жатты.
Сал қара суға шым батып кеткенде ғана даңғыра қағуын тоқтатқан бақсы
үні жарықшақтанып сыбырлай сөйледі.
–Қасиетті су құрмалдығымызды қабыл алды!
Көлге қайта тағзым етіп ол тақта тастан түсті де, жасақ келген жолымен кері
тартты. Жиһангездер де енді пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ойпаттың суы
қайда кетіп жатқанын көл көз алдына жайып салды. Бар су бірте-бірте осы
араға жиналып, бірден теңізге барып құятын жер асты каналына сарқады
екен.
–Бұл көлді қалайша қасиетті санайсыздар? – деп сұрады Горюнов қайтар
жолда Амнундактан.
–Бабаларымызды осы жерге бастап келген бақсы солай депті. Көлді ол өзі
тауып, жағасында рухтармен сөйлескен екен, олар біздің жұрттың
болашағын айтып беріпті. Өлерінде ол өз мəйітін осы қасиетті суға жерлеуді
өсиет етіпті. Содан бері барлық бақсы осында қойылады.
–Сонда ол қалай?
–Өлген бақсыны əлгі көргеніңдей салға салып, қолына даңғырасын, аяғына
садақа-сыйлық салған тостаған, басына құрмалдық бұғының басын қояды
да, терісімен мəйітін орап тастайды. Жаңа пері жас бақсы тақта-тасқа
шығып дұға оқиды да, оған күллі жауынгер қатысады. Сал суда əрлі-берлі
жүзіп, бақсы өз жұртымен қоштасады. Сосын жаңа көргеніңдей иірім салды
шыр айналдырып, ізінше су оны тереңге тартып əкетеді.
–Су ештеңені сыртқа шығарып тастамай ма? Қалайша тері, бөрене, даңғыра
бəрі батып кетеді?
–Жоқ, бəрі де батып кетеді. Зəуде бір су солардың біреуін сыртқа шығарып
тастаса, бақсы рухтарға жақпай қалған екен, не көзі тірісінде бір ерсі қылық
жасаған екен деп білеміз.
–Бақсы қыста өлсе қайтесіздер? Көл қатып қалады ғой.
–Қасиетті көл қатпайды – жағаның жартастарында қар жатқанымен, су мұз
құрсанбайды.
Горюнов бұл құбылысты мезгіл-мезгіл судың жер астына обылып
тұратынынан деп білді, сол об қаймақтана бастаған мұзды да сумен бірге
жұтып отыратыны сөзсіз.
Келген соң бір ай дерлік жиһангездер қия басып жертөлесінен ешқайда
шыққан жоқ, себебі Амнундак қайтып олардың алысқа саяхат жасауына
келісім бермеді. Олар тек тақау алаңқайлар мен ормандарды аралап,
жануарлар өмірін, өсімдік дүниесінің дамуын барлады, аңға шығып, суасты
омыртқалыларымен жақын танысу үшін көлдерден балық аулады, бірақ
бəрінде де жанына бірнеше жауынгер еріп жүрді. Оның үстіне алыс
саяхатқа ауа райы да жібермеді: Санников жерінде жаздың алғашқы айы аса
жауын-шашынды болып, аспанды əлсін-əлсін бұлт торлап, ертелі-кеш
сілбіреп жаңбыр жауды да тұрды. Алайда жауынды күндер де оларды
зеріктірген жоқ, бес жас келіншек жертөлені кепілді дуға бөледі.
Келіншектермен əңгіме-дүкен құрып, ұдайы сұқбаттасып отыруы олардың
онкилондар тілін меңгеруін тездетіп, емін-еркін сөйлесуіне, сөйтіп бұл
жұрттың əдет-ғұрпы, тұрмыс салты, нанымы жайында бай мағлұмат
жинауына жағдай жасады.
Бұл тайпаның жазбасы болмаған, бірақ ауызша аңыз-əңгімелері мен
ертегілері, жазып алса, көп екен. Тілді едəуір игергеннен кейін жиһангездер
осы мақсатпен қарияларды шақыртып алып, кейде оларға өздері барып
əңгімелесіп отырды. Жиһангездерді, сондай-ақ тайпаның діни нанымы
қызықтырған еді, осы орайда оларға дін ұстаушы ретінде көп мағлұмат
беретін бақсы ат-тонын ала қашып, əңгіме айтудан бас тартты, жалпы ол
жателдіктерге жасырын бір өшпенділік сақтап, сенімсіз көзбен қарады.
Дінге онкилондардың өз көзқарасы да күңгірт, олардың аспандағы, əуедегі,
бұлттағы, жұлдыздағы, судағы, топырақтағы қайырымды, қайырымсыз
рухтарға сенімінің өзі қарама-қайшы.
Баяғысынша қардың ортасында иттермен жападан-жалғыз тұрып, қысқа
отын қамдап, ет қақтап, аңшылықпен күн кешіп жатқан Никифоровқа екі
жиһангездің ғана бір айда бір-ақ рет барып, амандығын біліп қайтуына
мүмкіндік болды. Тақа бір қажет болып қалса, онан хабар алып келуі үшін
Никифоровқа Белуханы тастап, Пеструханы алып кетті, керегінде екеуі де
хат тасушы орнына жүре алады. Ал зəуде бір қатер төне қалса, ол күртіктен
жоғары жақпарға от жағуы керек, оның түтіні онкилондар тұрағынан анық
көрінеді.
Санников жерінде қыстауға бел байлаған соң жиһангездердің
онкилондардан ойпаттың қысы жайында сұрастыруы табиғи да. Олардың
айтуынша, қыркүйектің басынан-ақ ай-түйге қаратпай қыс түседі: түстік
жақтан сəл ғана көтеріліп, ойпатқа күн алты-жеті сағат қана жарық болып
тұрады. Жапырақ сарғайып, жедел түсіп қалады. Онкилондар қысқа отын
дайындап алуға жанталасады. Күн жиі бұзылып, ауық-ауық қар жауады.
Қазанның басынан бастап ойпатқа күн мүлдем түспейді, бірақ түске қарай
бірнеше сағат жарық болады. Жел түстіктен тұрса, қар ұйытқытып,
терістіктен жауын жəне тұман əкеледі. Онкилондар қыстың қамымен соңғы
аңшылық кəсібін жасап, ет қорлайды. Қазан айының ортасынан бастап күн
атымен жоқ, тек бірер сағат қана іңір болады, жауын-шашын жиілеп,
жертөледен ошақ етіп шығартпайды. Қарашаның басынан қаңтардың
аяғына дейін поляр түні басып, аспан ашықта ай сəулесі мен онкилондар
аруақтардың жан алауы санайтын солтүстік шұғыласы ғана жарық түсіреді.
Бұл тұста түстік желі – аяз бен ашық ауа райын, ал батыс пен шығыстан
соққаны – ызғырық боран, теріскейден тұрғаны жаңбыр мен шуақ əкеледі.
(Осыларды жазып алып Горюнов былай деп қосып қойды: қыстағы бұл
жылылықтың ойпаттың терістік бөлігіндегі қайнаған көлдер мен
фумаролдардан тарап жатқаны айдан анық). Соның арқасында қар көп
тұрмай, бұғылар мен жабайы жануарлар азығын алаңқайлардан тебіндеп
табады. Көбіне қар аңғарларда жартастардың астына іркіліп, көктем
кемеліне келгенше ерімей жатады. Осынау қараңғы үш ай онкилондар үшін
ең көңілсіз шақ: боранда да, жаңбырда да бұра баспай жертөледе отыру
керек. Айлы түндері аңға да шығады, көбіне бұғыларға тиіп, маза бермейтін
қасқырларды аулайды.
Ақпанның басында түстік жақта сəуле пайда болады, бірақ ойпатқа күн
марттың басында ғана сығалайды, күн шапшаң ұзарып, жылына бастайды,
осы айдың аяғынан-ақ көктем қауырт кіреді: қар кетіп, қылтиып шөп
көрінеді, табиғат түлеп салып, жанданып жайнай жөнеледі, ал сəуірдің
ортасында ормандар жасыл желек киеді.
ТҮЛЕГЕН ҚҰСТАРДЫ АУЛАУ
Шілденің басында көлдердің жас құсы қанаттанып, қаз-үйректің түлейтін
шағы туады. Түлеген құстар ұша алмай, қамыс арасында жасырынып жата
береді. Терістіктің тұрғылықты халқы жаппай құс аулауға тап осы кезеңді
пайдаланып қалады, онкилондар да солардың бірі. Мұндағы əр тұқымның
дербес пайдаланатын екі-үш көлі бар. Алдын ала жағада айдау жол
жасалып, оны арасынан үйрек өтпейтіндей етіп шыбық шаншып қоршайды,
қоршаудың екі қабырғасы ара қашықтығы жүз қадам шамасы, əуелі судан
басталады, сосын олар бірте-бірте қусырыла келіп, жан-жағына тор ұстаған
алаңға кеп тіреледі.
Белгіленген күні емшектегі сəбилер мен жас балалардан басқа рудың күллі
мүшесі тайлы-таяғына дейін қолына таяқ ап алақарақтан көлді айнала
қоршады да, айғай-сүрен салып құрақ арасын паналап жатқан құстарды
шошытып қуалай бастады.
–Ей, қаздар мен үйректер! – деп айғайлайды бірі. – Шықсаңдаршы,
шомылар уақыт болды!
–Жалқаулар, шық жаныңның барында, бақа-шаян, балықтар күтіп жүр, –
деп дігірлейді енді бірі.
–Бастарыңнан сипар таяғымыз тағы сай, – деп сұңқылдайды үшіншісі.
Бұл күн өміріндегі өрелі оқиға болған балалардың тасыр-тұсыр, айғай-шуы
құлақ тұндырды. Олар ит құсап құрақ арасына кіріп кетіп таяқты ондысолды сермеп жүр. Зəресі ұшып шошыған құс жан-жақтан суға топырлады,
ал алдында ши мен шыбық шайқалып, бəрі кеп кіріп кетіп жатыр. Кейбіреуі
ұшуға қомданып қанатын сабалай түсіп қайта қонады. Үйректердің
қырқылдағаны, қаздардың қанқылдағаны жан-жағындағы қуғыншылардың
айғай-сүренімен ұласып, айналаны азан-қазан қылды. Бұрын түлеген
жылқышы, тауқұдірет, қызғыш, шіңкілдек, тəрізді су құстары бытырай
ұшып, тобымен қосылып көл үстінде шымылдықтанып тұрған торғын
тұманды қанатымен желпіп қиқулап су айналып, алаңқайды басына көтеріп
жүрді де қойды. Қуғыншылар суға жеткенше көл беті қаз бен үйректен
көрінбей кетті. Жағаның екі қоршау арасындағы тұсы ғана адамдардан ада.
Көл жағасының кей жері қорысты болғандықтан қуғыншылар аяғына қыста
киетін жүні сыртына қаратылып шыбыққа керілген аң терісінен жасалған
жалпақ шаңғы байлап алған, бұл олардың мибатпақпен жүруін жеңілдетіп,
құрақ арасында бұғып қалған құстарды үркітіп шығаруына мүмкіндік
туғызыпты.
Онкилондар көлді айнала қоршап алып, оның қашаға қарама-қарсы шетінен
алдын ала əзірлеп қойған қайың қабығынан тігілген төрт қайық алып
шығып, əрқайсысына бірінің қолында тоқпақ пен қайыс белдік, бірінің
қолында ескек бар екі адамнан отырды. Қішкентай қайықтар бір-бірінен
лезде-ақ бөлініп, арасына қайыс белдіктерін құра қойды. Қайықтың
ортасындағы адам тынымсыз ескек есіп, тұмсығында отырғаны қолындағы
белдікпен суды қайта-қайта шалпылдатып, жүзіп жүрген құстарды
шошытып, қырқылдатып, қаңқылдатып бейшараларды қашаға қарай
тықсырды. Жағада қуғыншылардың айғай-қиқуы үдеп, тоқпағы тоқылдап,
суда қайықшылардың қиқуымен ұласып толқын жалы түріліп келеді. Құстар
алас ұрды: кейбірі белдік қайыстың суға батқан тұсын аңдып тұрып кейін
жүзіп, кейбірі жағаға жанталасып еді, жақындап барғанда қуғыншылардың
оғына тап болды, оқ тиіп, су сабалап, апыр-топыр көбейді де кетті.
Осылай біртіндеп жүздеген құс көлдін шетіне тықсырылды. Қайықтардың
жылжуына орай қуғыншылар да жағада қаптай бастады, алдыңғылары
қоршауға қарай өтіп, дымын шығармай үнсіз ғана құрақ арасына
жасырынды. Көл шетіне тақалғанда қайықшылар да жан салып ентелей
түсті, себебі құс енді шағын бір алаңға ғана топырлап, оларды уыстан
қайтып шығармау солардың ғана қимыл-ебіне байланысты болып қалған.
Сондықтан қайыс белдікпен суды үсті-үстіне шалпылдатып, тыным таппау
керек, əйтпесе қалың құс нөпірі кейін лықсып сытылып кетіп, бəрін де
басынан қайта бастауға тура келеді.
Міне, құстардың алғашқы легі жағаға дейін жүзіп кеп, ілгері ұмтылып
шөптесінге шыға бастады, олардың ізімен кейінгі қалың нөпір кимелеп,
қырқылдап, қаңқылдаған үйрек-қаз тасқыны қашаның өн бойына қойып
кетті. Құстың соңғы легі судан шығуы мұң екен, қайықшылар да жағаға бірақ атты, оларға тақау тұрған қағушылар қосылып, тоқпақ ұрып, қиқу салып,
қаз-үйректі ілгері қуа жөнелді. Ақыр аяғында күллі құс қоршауы берік, шөбі
тапталған тұйыққа кеп топырлады. Сол-ақ екен, шарбақты қоршап тұрған,
құстардың ізімен ішке кірген қағушылар сойылды сілтеді дейсің. Жанжақтан ондаған таяқ тасырлап, қанатты сорлылардың басына тарс-тұрс тиіп
жатты, екіленген кісілердің қиқуы, қанаттардың сытыры, таяқтардың түсірі,
ышқына шыққан қырқыл мен қаңқыл астасып, əлем-тапырық даңғазаға
ұласты. Қан сорғалаған таяқтар əуеде жарқ-жұрқ етіп, сеспей қатқан,
жантəсілім тыпырлап жатқан құстар тау-төбе болып үйіліп қалды. Ілуде бір
құс қана қағушылардың бұтының арасынан я шарбақтан далбасалап өтіп
кетіп, көлге, далаға қашып құтылды.
Құс біткеннің бəрі жайрап, тұйық тау-төбе болып қалғанда шу да сап
тыйылды. Жұрт шарбақты лақтырып тастап, олжаны жинай бастады: екіекіден аяғын қайыспен байлап, жаңағы қару болған таяғын зембіл қып, екі
адам екі иығына отыз-қырықтан қаз-үйрек теңделген таяқты салып, қосына
қарай тартты, балалар да өз бойына шақтап жүк арқалап, үлкендермен бірге
жөнелді.
Тұраққа келген соң олжаның бəрі бір жерге үйіліп, жұмыстың жаңа түрі
басталды: құстардың жүнін жұлып, мамығын тері қапшыққа тығып, етін
астауға тастап жатыр. От алаулап, тастар қыздырылып, ағаш ыдыстар əзір
тұр – демек, бүгін құс сорпасына жұрт тегіс тояды. Бəріне де қолғабыс
беріп, бəріне де бөгет болып жүрген балалардың айқай-ұйқайы,
сықылықтаған күлкісі, шықылықтаған даусы əуені жаңғыртып тұр. Міне,
бір-бір құшақ құс алып қайықшылар да келді, олар көлден қағушылардың
атып түсірген олжасын жиып əкепті.
Жүнін аршып болғасын кешке құс етін ыстау қолға алынды, тұз жəне ыдыс
болмағандықтан оны басқаша сақтаудың жолы жоқ еді. Сондықтан ағаш
талынан күрке жасап, оның шаңырағы астына сырғауыл тартып, аршылған
құсты іліп, астынан түтін қойды, бұл бірнеше күн осылай тұруы керек.
Жұмыс та, ауқат жасау да көз байлана əрең бітті, ертеңіне осы қарекетті
басқа көлде қайта қайталау шарт, бүрсігүні үшінші көл күтіп тұр.
Кешіктіруге еш болмайды, себебі қауырсыны өсіп кетеді де, құстар сəл де
болса ұшуға жарап қалады. Онда қаша да, қоршау да түк бітіре алмайды.
Жиһангездер ешқандай лəззат алмаса да құс қағуға қатысты, өйткені оларға
да қысқа азық керек еді, ал келіншектері болса, бұл шаруаға жанығып кетті.
Осы кəсіптің үш күні жатжерліктерге жаман жиіркенішті əсер етті: ырдудырду, айғай-шу, қорғансыз қанаттыларды аяусыз қырып-жою, тау-төбе
өлген құс, алаулаған от, жұрттың жаппай шеңбірек ата ет жеуі,
тойымсыздығы, мейірімсіздігі – бəрі-бəрі жүрек айнытып, құс аулау
біткенде олар қатты қуанды. Құс аулаудың қызығына түсіп, олар кездесіп
қалған ірі аңға онша көңіл қоймады, өйткені оның күні алда екен. Əр көлдің
қамысында азын-аулақ қабан болатын; қағушылардан ығысып басы ызалы
қабанның өзі болып бір араға ұйлыққан ұя ақыр аяғында қоршауды басажаншып ілгері ұмтылды. Оларға қақ жарылып жол берді, тек артта қалған
не жүгіріп шетке шығып кеткен бірді-екілі торайлар ғана сойылға
жығылып, найзаға ілікті. Қабанды олар күзде əбден семірген кезінде ғана
аулайтын, сонда доңыздар қамыс қурап, құлап, қорыс қатып пана болмай,
орман барқынына жайылуға
шығатын. Оларды торуылдан аңдып жүріп садақ атып, найза жұмсайды.
Суықта етін сақтау да оңай, қатырып бұтаққа іл де таста. Алғашқы қар
түскенде алаңқайлар мен ормандарда өріп жүретін қояндарға да тұзақ
құрылады.
ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ
Шілденің аяғынан-ақ күн ойпаттың терістік жотасына ғана емес,
көкжиектің өзіне ерте жасырынып, түн қараңғы əрі ұзақ болуға айналды.
Күздің алғашқы белгілері біліне бастады: жартастардың жақтауына ұя
салатын сұр қарлығаштар ұбап-шұбап топ құрып, жастарын ұшуға баулып,
алыс сапарға қамданды. Аман қалған қаз-үйректер де топ құрап, бір көлден
екіншіге ұшып-қонып жүрді. Түнгі тұман қалыңдап, ертеңгілік ойпаттың
үстінде іркіліп көп тұрып алатын болды.
Жиһангездер Санников жерінде қыстап шығамыз деген оймен аңға шығып,
қысқа сақтық қор жасады, əкелген еттерін келіншектері қақтап, ыстап,
майын қорытып қарынға құйып қойды. Алайда тамыздың алғашқы
аптасының аяғында кейінгі кезеңге көп қырсығы тиген оқиға болды. 8-іне
қараған түні жиһангездер күшті жер дүмпуінен оянды, əуелі олардың
ұйқылы көзіне дүбірлетіп біреу жертөленің есігінен баса-көктей кіріп келе
жатқандай көрінді, сосын өтіп бара жатқан ауыр пойыз бардай қатты гуіл
естілді.
–Тағы да жер сілкінді! – деді Ордин.
Жертөле іші сөнген оттың шоғымен қаракөлеңке болып тұрғанды, төсегінен
көтерілген ерлер мен əйелдердің үрейлі жүзі көзге бірден шалынды.
Міне, дүмпу қайта жаңғырды. Ашалар мен үргілер сықырлап, төбеден
топырақ құйылды. От жыпылықтап, ашаға ілген заттар шайқалып, жер
астынан шыжылдаған бір жат үн естілді.
–Біздің жертөле басқалардікінен берік болғанымен де далаға шығу керек, –
деді киімдерін қолына ұстап Горюнов.
Əйелдер қолы қалтырап белдемшелерін таға сап, киімдерін құшақтап
есіктен тұра атты. Жүре киініп жігіттер де олардың соңынан шықты.
Тұманды айдап кеткен терістік желінің ықпалымен түн əдеттегіден едəуір
жылы. Ойпаттың батыс жағына ілінген ай сəулесімен алаңқай жарық боп
тұр. Жақын орманның желмен сыбдырлаған жапырағының шуылына
қарамастан құздан құлаған жартастардың гүрсілі жан-жақтан анық естіледі.
Көсемнің жертөлесінен əйелдердің айғайы, балалардың жылауы,
еркектердің даусы естіліп тұр. Оның тұрғындарының бір бөлегі далаға
шығып киіне бастаған. Əлгіндей болмай қалғандары да тысқа шығып,
есікке тақау топырлап, өзара пікір алмасып, үрейлене аспанға қарайды.
Амнундак жиһангездердің жанына келді, қатты қорыққан сыңайы бар.
–Жер қайта сілкініп жатыр, ақ адамдар! – деді ол кінəлаған үнмен.
–Ақ адамдар келісімен-ақ онкилондарға бақытсыздық басталады деп ұлы
бақсы біліп айтқан. Сендер келгеннен бері жер екі рет сілкініп, вампулар
шапты бізді.
–Сіздермен вампулар бұрын да талай соғысқан ғой жəне жердің де сілкінуі
бір бұл емес, – деп қарсылық білдірді Горюнов.
–Жоқ, жер бұрын-соңды ешқашан дəл бұлай қатты дүмпіген емес. Əне,
айды қарашы қандай, қып-қызыл! Бұл
–болашақ үлкен бақытсыздықтың белгісі, – деп Амнундак сөзін нығырлай
түсті.
Жаңа бір дүмпуден ол теңселіп кетті де, біраз адам жығылып қалды.
Əйелдердің шыңғырған, балалардың жылаған даусы шықты. Бəрінің көз
алдында Амнундак үйінің бұрышы құлап түсіп, қою шаң шаншылып
аспанға көтерілді. Ағаштар шайқалып тұр.
–Үйден бəрі шығып па еді? – деп дауыстады көсем.
–Бəрі, бəрі шыққан, – деп жауап қатты бір дауыс.
–Жоқ, бəрі емес, менің анам Мату қалды, – деген бір əйел даусы шықты. –
Ауырып жатыр еді, енді қайда өлсем де – бəрібір деп орнынан тұрмай
қалған.
–Онда өлгені ғой! – деді бір еркек үні. – Қалқа тұп-тура үстіне құлады.
–Бөрене мен шымын лақтырып, жедел құтқарыңдар əйелді! – деп əмір етті
Амнундак. – Отын, от əкеліңдер де дереу от жағыңдар.
Алайда онкилондар үйге кіруге қорықты, құлаған қалқаның шымын əрең
аршып, құлап кетпес пе екен деп келесі бөренелерге жалтақтап қарай берді.
Аннуир тайсалмастан өз жертөлесіне кірді де, тақтайға сап бірнеше қызыл
шоқ алып шықты. Ұзамай лаулаған от жұртты аздап тыншытты, шым
аршып жатқан жауынгерлерден басқа ру жанының бəрі от басына жиналды.
Дүмпу басылған жоқ, жер солқ ете қалған сайын жұрт төбесіне құлар
ештеңе болмаса да кері қашады. Жер ұдайы гуілдеп, ағаштар теңселіп тұр,
аяғынан тік тұру мүмкін болмаған соң жұрттың бəрі отырды. Құлаған
тастардың гүрсілі тынар емес.
–Онкилондарға алапат төнді!.. – деп міңгірледі Амнундак дүмпіген сайын
дір ете қалған отқа қарап.
Жиһангездер өздеріне ұнатпай алая қараған жауынгерлердің, əсіресе
əйелдердің жанарын əлденеше рет байқап қалды.
Ординнің жанында отырған Аннуэн дүмпу аралығында орнынан тұрып,
оттың екінші жағында отырған əйелдерге барып қосылды, одан Горюнов
пен Костяковтың, қалаулылары да қалысқан жоқ, орнынан қозғалмаған тек
Аннуир мен Раку болды.
–Біз осы оқшау қалып бара жатқан тəріздіміз, – деді сыбырлап
жолдастарына Горюнов.
–Оқасы жоқ, күн шығады да көңіл орнығады, түнгі қорқыныш ұмытылады!
– деп жайбарақат жауап берді Костяков.
–Ай тіпті қызарып кетті, – деді Ордин. – Шамасы, құлаған жерден тозаң
күшті көтерілсе керек.
Əсіресе, бір тегеурінді дүмпу қатты гуілдеп аңғарды бойлап өткендей
болды. Үрейлі үн қайта жаңғырып, жүресінен отырған кейбір кісілер
жалпасынан түсті. Иттер ұлып қоя берді. Көсемнің жертөлесі түгел құлап,
шудаланған шаңның арасында шошайып төрт ашасы ғана қалды. Жұмыс
істеп жүрген жауынгерлер құлап түсіп, атып тұрып айдалаға қашты.
–Жер ойылғалы тұр, біз опат боламыз, тайпамыздың құритын күні туды! –
деп аһ ұрды ерлер мен əйелдер. Əйелдер балаларын бауырына қысып алған,
үрей кеулеп бəрінің көзі бажырайып кеткен.
Құлаған тау-тастың гүрсілі басылған тұста төңірек құлаққа ұрған танадай
бола қалды, осы сəтті күткендей жел де сап тынды. Бəрі елеңдеп бірдеңеге
құлақ түрді. Тыныштық қаймағын алыстан дүңгірлеген бақсының даңғыра
үні бұзды, дəл осы сəтте ол онкилондарға кереметтей əсер етті.
–Бақсымыз тірі екен! Жарықтық жер рухына басу айтып жатыр! – деген
қуанышты үндер шықты.
Əлгі қатты дүмпу шынында да ақырғысы болды, онан кейінгі ақырын
солқылды ешкім де елеген жоқ. От басында жұрт қалғи бастады. Оларды
таяу тұрақтан ұзақ ұрып, келте қайырылып дүңгірлеген əскери барабан үні
оятып жіберді, оған басқа да алыс мекендерден қағылған дабыл қосылды
–бəрі де тымырсық түнде ап-айқын естіліп тұрды. Барлығы елең қағып,
тапжылмай тыңдай қалды. Осы бір беймаза музыка əуені басылғанда
Амнундак Горюновқа кінə қоя сөйледі.
–Бұл түні біздің көп үйіміз құлады. Бірнеше ана мен бала опат болды,
біразы мертігіп, қыруар үй жиһазы қирады. Бізге апат айырықша келді, ақ
адамдар! Алайда сендер оны болдырмау амалын қарастырмадыңдар.
Қарашы, сендердің үйің дін аман, ал менікінің шаңырағы ортасына түсті.
–Себебі сендер үйді өте осал саласыңдар! – деп шамдана жауап берді оған
Горюнов. – Енді үйді берігірек салсаңдар, олар құламайды да, ешкімді
басып қалмайды.
–Біздің үйлерде сан ұрпақ өсіп-өнген, бірақ оның құлағанын ешкім көрген
жоқ, – деп қарсы дау айтты көсем.
–Ал арнап келген апатқа ешбір дауа жоқ. Жəне біз сиқыршы да емеспіз ғой.
Ол «сендер сияқты» деп айтып салғысы келді де, іркіліп қалды.
Жиһангездер оны айтпай-ақ ұқты.
Осы кезде құлаған қалқаның ағашы мен шымын аударыстырып жатқан
жауынгерлер Мату кемпірді алып шықты, əриие, ол бұл дүниемен бағана-ақ
хош айтысқан екен. Оның қызы мен жəне екі əйел аулағырақ бөлек от
жағып, мəйітті соның басына қойып, салт-сана бойынша оның көзі
тірісіндегі жақсылығын айтып жоқтауға кірісті. Қалғандары от басында
тағы да қалғып кетті. Көсемнің үйі құлап, бір əйел қайтыс болғанын
Амнундактың əмірімен барабан барлық мекенге хабарлады.
Таң рауандап келе жатты, ұйқы қысып жиһангездердің кірпігі кірпігіне
жабыса береді. Жер сілкіну тоқтаған тəрізді баяу солқыл да бірте-бірте
сиреді. Жертөлелері жер сілкінуіне төтеп берді, енді оған оралуға кəміл
болады. Осыған келісіп үйіне беттей берген жиһангездерді кейбір оянып
үлгерген онкилондардың өшпенді, қызғанышты көзі сырттай атты.
Амнундак бетін тізесіне қойып қалғып отыр. Ақ адамдарға Аннуир мен
Раку ғана ерді, қалғандары орнынан да тырп еткен жоқ, ал Аннуэн болса,
жоқтау айтып жылаушыларға бағана қосылған, Горюков пен Костяков əйелі
тастап кеткен еркек кебін киді де шықты.
Қатерлі түннен кейін қатты ұйықтап бəрі кеш тұрды, есік саңылауынан күн
сəулесі сығалап қалған. От лаулап жанып жатыр, ермей қалған үш келіншек
түк көрмегендей-ақ ас қамдап жүр. Ертеңгі ас үстінде олар ермеу себебін
баяндады. Жер қатты дүмпіген кезде əне-міне жер жарылып, өздерін ақ
адамдар жерасты патшалығына ертіп əкетеді екен деп қорыққанын
мойындады олар. Сондықтан да өздерінің жағына шығып кеткен көрінеді.
Аңқаулық болғанымен де бұл қылығы ақылға сыярлық, сондықтан
Горюновтың келіншектерге ақ адамдар сиқыршы да, жерасты рухы да емес
екенін тағы да қайталап түсіндіруге тура келді. Бірақ үн қатқан келіншектің
жүзінен бұл сөзге сенбей отырғаны білініп-ақ тұр.
Келіншектер таңертең ерте Амнундакқа бақсының келгенін, жолда оның
жердің жарылғанын көргенін, одан əрең аттап өткенін айтыпты.
Қайырымды рухтар өз құлын жебеп-желеп, соның арқасында бақсының үйі
құламай аман қалыпты-мыс. Осынау хабар жиһангездерді төңіректі тағы бір
шолып шығуға құлшындырды, жауынгерлердің бəрі жер қазып, көсемнің
баспанасын қалпына келтірумен шұғылданып жатыр, мезі еткен күзетсіз-ақ
жүріп қайтуға болар, əсіресе түнгі оқиғадан кейін оларды ертіп жүрудің өзі
ыңғайсыз. Гороховты көз ғып жертөленің жанында қалдырып, қалған үшеуі
мылтық асынып бақсы үйіне барар жолға түсіп тарта беріп еді, ұзамай
батыстан шығысқа тартылған ені екі метрдей жердің жарығына тап болды,
оның түбінен құлаған қыртыс, тамырымен түскен бұталар мен тұтас
ағаштар көрінеді. Астынан жер жарылған аса жуан ағаштар түбірінен
бастап орта тұсына дейін қақ айырылып, бір жағы жыраның бір қабағында,
екіншісі келесі жиегінде тұр, бейнебір екі аяғын керіп, сай басында тұрған
адам тақылетті. Жердің жарығына жақын жердегі топырақта жарылғанда
шыққан қап-қара құм шашырап жатыр.
Ешкім жоқта көріп алу үшін осы арадан олар қасиетті көлге бұрылды.
Жолда олар ені əр алуан отызға тарта жарықшақ ұшыратты, бірінен
адымдап өтсе, екіншісінен жүгіріп келіп секіріп кетуге тура келді. Бірі таяз
болса, енді бірінің түбіне көз жетпеді – бəрінің де түп жағы қусырылып, тас
тастағанда су жатқаны анықталды. Ойпат кемерінің етегіндегі тастақты
шəмбіл төбені түнде құлаған жартас сынықтары басып, бір жерінен
таутекенің жансыз денесі табылды, жануарды жақпар тастан жер
сілкінгенде атып жіберсе керек. Əрине, мұны ала жүрген жөн, түбі бұл
жауынгер ертпей кеттіңдер деп көсем кінəлай қалса, ақталуға жақсы.
Қасиетті көлдің жағасына жете беріп, таң-тамаша болған жиһангездер
тоқтай қалды – көл ұшты-күйді жоқ. Орнында түбіне қара лаваның
жылбысқы бірдеңе жапқан ірілі-уақ сынықтары шашылған, жалпақ та
көлбеу ойыққа ұқсас үлкен шұңқыр ғана жатыр; тас сынықтары арасымен
қатты сарқылған өзен салаларының суы сылдырайды. Тайғақ тақта
тастарды абайлап басып зерттеушілер құздың етегіне тақау терең, көмейқуысқа да жетті, диаметрі екі-үш метр ол күрт қиғаш тартып, жардың
астына терең бойлап кеткен, оған жартастардың арасынан жылап ағып су
құйылып жатыр.
–Ал бұған не айтасыз? – деп сұрады Костяков үшеуі келіп тылсым тереңге
тартқан үңірейген үлкен қара көмейдің ернеуіне кеп тоқтағанда.
–Меніңше, түндегі дүмпу жерасты каналына көмейқуыс арқылы мезгілмезгіл құйылатын етіп суды бөгеп жіберіп тұратын иін сияқты бір тетікті
үгіп жіберген, – деп жауап берді Ордин.
–Көлдің жоғалып кетуінің басты себебі келіп құяр су көзінің бітеліп
қалуында емес пе екен? – деп сұрады Горюнов.
–Естеріңізге түсіріңіздерші, бұған ойпаттың бар суы келіп құйылуы керек
те. Өткен жолы орманнан шыққан тұтас өзеннің тас үйіндісінің астына келіп
сіңіп кеткенін көріп едік қой.
–Бəлкім, ойпат қыртысындағы жарықтар бұрын осында кеп құйып тұратын
суды жұтып алған шығар, – деп жауап берді Ордин.
–Егер əлгі жарықтар түпсіз болмаса, суға толып, жылғалар қайта зырылдап,
көл қалпына келер ме екен? – деп сұрады Горюнов.
–Өйтуі де ықтимал.
–Олай болғаны, əрине, дұрыс, тезірек толса тіпті жақсы, əйтпесе
онкилондар қасиетті көлінің құрып кеткенін білсе, бұрынғыдан бетер
қорқып, бұл апатты да ақ сиқыршыларға жабады ғой.
–Біз оларға бұл жайында, əрине, ештеңе демейміз.
–Ауыздарыңа ие бол, əйелдерге қайда болғанымыз жайында лəм-мим
демейік.
–Түсінікті. Тіпті Гороховқа да ештеңе айтпаймыз. Аңға шықтық, таутеке
атып алдық, жердің жарылғанын көрдік – осы жетіп жатыр емес пе.
Көлден кері қайтып келе жатып олар біраз уақыт ойпат аңғарын бойлай
жүрді. Бір жерде олардың көзіне жардың етегінде жатқан аппақ қойтас пен
оның жарқыншақтары түсті. Қасына келсе, ол мұз екен, бұдан жоғары жақта
биік шыңдарда аз да болса мұзарттар бары білінді. Бəрінен таңданарлығы,
құздың тап етегіндегі екі жаққа бірдей созылған жарық болды, бірде
кеңейіп, бірде қусырылып көз ұшына дейін кеткен сол жырада да бес-алты
метр тереңдікте су жатты.
Одан арғы жолда да олар құз-қабырғаға екі-үш мəрте əдейі кеп қарап,
əлгіндей жарық көрді, зайыры, ойпат табаны ең кемі он шақырым
шамасында батыс кемерден бөлініп қалуға айналған.
Үйге олар түс ауа келді, соның өзінде мекен тұрғындары бұлардың жоқ
екенін біліп қалыпты. Бірақ таутеке онкилондардың күдік-күмəнін тез
сейілтіп, Амнундак жұмыстан жырып, бірнеше жауынгерді жателдіктерді
іздеуге бекер жібергеніне өкінді. Жертөленің орны аршылып, онкилондар
сол бөренеден аша орната бастады. Түскі асын ішіп болып қолына балта
ұстаған жиһангездер жер сілкінген сайын тұрғындарының төбесіне құламас
үшін аша мен үргіні қалай ұстастыру керек екенін көрсеткелі келді. Алайда
оларды қайран қалдырып, онкилондар жателдіктер көмегінен бас тартты.
–Бабаларымыз бізге өзге болмаса да үй салуды үйреткен, –деді Амнундак, –
сол баспаналарда талай ұрпақ өсіп-өніп келеді. Біз бұдан басқаша
салмаймыз үйді. Онан да, ақ адамдар, жер қайтып сілкінбестей етіп
беріңдер, сонда біздің үйлеріміз де құламайды.
Ешқандай ақыл-кеңес өтпеді, жиһангездер үйінің беріктігі де əсер етпеді
оларға.
–Егер біздің үйлерде онкилондар емес, ақ сиқыршылар тұрса, құламаған
болар еді, – деп жателдіктерді алқа-қотан қоршап əңгімесін тыңдап тұрған
құрылысшылардың бірі.
–Солай, солай! Дұрыс айтасын! – деп қалғандары да бас щұлғып,
дабырласып кетті. Өз жертөлелеріне қайта оралуға тура келді, алайда мұнда
болған жағдайды талқылап жатар мүмкіндік тағы жоқ, себебі əйелдер
орысша едəуір түсініп қалған, олардың көзінше еркін сөйлесе, бəрі
онкилондарға жетіп қалуы кəдік.
Сонда да екі дайда қалаулыларының қай жаққа шығатынын байқау үшін
жиһангездер онкилондарға жасаған ұсынысы, оның қабылданбауының
себеп-салдары хақында сөз қозғады.
–Амнундактың шешімі дұрыс! – деп дік етті Аннуэн. Оның пікірін
қалғандары да қостады. Тек Аннуир ғана жиһангездердің жағына шығып,
осы жертөленің құрылысын алға тартып дəлелдей кеп, есті адамдардың
көмегінен бас
тарту есуастық деді!
–Бұлар сені мен бізден ақылды емес, тек сиқыры ғана күшті! – деді ыза
буған Аннуэн. – Бұлар біздің жерге қадам басқанға дейін үйіміз де
құламаушы еді, жеріміз де бұлай шайқалмаушы еді. Бұлар болғызбаймыз
десе, жер де қайтып сілкінбейді.
Бірге тұра бастағаннан бері əйелдердің дау-тартысы тұңғыш рет мынандай
қиян-кескі сипат алып, надан, көңілі соқыр күндестерінің Аннуирді жерден
алып, жерге салғаны сондай, ерлер енді əңгімені бастап бергеніне өкінді.
Ашулы əйелдерді сабасына түсіру үшін Ордин Аннуирді жидек теріп келуге
орманға шақырды. Табан аузында қалған төртеуі қысқа сақтайтын жидекті
теріп кептіретін кез болды деп қабықтан жасалған қақпағы, тұтқасы бар
топатайды қарына іліп орманға тартты, бірақ олар басқа жаққа жөнелді. Үш
жиһангез жағдайды пайдаланып еркін əңгімелесу үшін жеке қалды.
–Мұнда қыстап қалудың реті жоқ сияқты көрінеді де тұрады маған, – деді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 13
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.