Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 18

Total number of words is 4130
Total number of unique words is 2188
35.0 of words are in the 2000 most common words
49.0 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сəл діріл ойнайды. Жасыл төбе тəрізді əне бір аралшық жəне тұр.
Жанындағы биік бəйтерекке қарап Горохов оның өздерінің жертөлесі екенін
таныды, терекке қашқан түні паналап шыққан-ды, ал бүгінгі түнді
Амнундак үйінің шатырында өткізіпті.
Тамағын асығыс ішіп, қайығын суға түсіріп, алдыңғы жағына отырғызайын
деп Пеструханы шақырды. Ит шатырдың орта тұсында түтін шығар
шаңырақтан төмен үңіліп, əлденеге ырылдап тұр.
–Əй, төбет, одан не көріп тұрсың, балық па? – деп сұрады, орнынан
қозғалғысы жоқ иттің қасына келіп Горохов. Шаңырақтан ішке көз салып,
тұла бойы түршігіп кетті оның. Бір ашаның басында судан адамның екі
қолының саусақтары шығып тұр.
–Құдай сақтай гөр, біреу-міреу суға кеткен бе!
Бір саусағында жылтыраған күміс жүзік Гороховқа таныс тəрізді көрінді.
Онкилондарда күміс жүзік жоқ, күйеулерінен тек ақтардың ғана əйелі
сондай сақинаны сыйға алып, оған өте-мөте мақтанып жүретін.
–Оһ, жендеттер, мынау Раку ғой! Басқа əйелдер анда, əлгі кəрі төбет
опасызды суға батырдық деп еді.
Горохов қайыққа түсіп, қол көрініп тұрған ашаға жүзіп барып еді, білек
білезікке дейін діңгекке тас қып байланып тасталған екен. Ол байланған
белбеуді кесіп жіберіп, сіресіп қалған саусақтардан тартып еді, су бетіне
қолы, содан соң шашы, ақыр аяғында басы шықты, өңі бозарып, көзі ашық
қалыпты, жасқа толы көрінген осынау көздер якутқа кінəлай қарайтын
сияқты. Ол дауыстап жіберіп, кейін серпілді де, келіншектің саусағы
қолынан шығып кетіп, лай суға əуелі басы, содан соң қолы сүңгіп, пəк тұлға
су түбіне батып, жоқ болды.
«Бақытсыз бейшара! – деп ойлады якут. – Олар оны түнде маған қашып
кетпесін деп ашаға таңып қойған ғой, ал сосын су келгенде жертөледе ұмыт
қалдырып, не қасақана тастап қашқан да, бұл суға тұншығып өлген».
Жертөлеге су кіріп, талшыбық денемен бірте-бірте көтерілген кездегі
Ракудың халін көз алдына келтірді, бар күшімен бұлқынып, жанұшыра
көмек шақырғанда ғой, меңіреу қараңғылықта су сыбдыры ғана жауапқа
қатып, кеудесіне, тамағына, ақыр аяғында аузына жетіп, ақтық үнін
шығарған жұтқыншағына құйылып, тұншықтырып тынды. Ал бұл ғой, онда
осы арада жақын жүр еді, алғаш оны онкилондар кетісімен іле құтқарып
алуына əбден болады екен. Алайда ол тек су қаптағанда ғана айғайлай
бастаған шығар, бұл болса онда көлде жүзіп жүргенді.
Оның денесін алып бір араға көмгісі де келді, бірақ құрғақ жерді қайдан
таппақ, жалғыз-ақ жол ойпат сыртындағы қар ғана. Ақылы алтау, ойы жетеу
болған ол шақырғаны үшін ыңғайсыздау жағдайда қалған Пеструханы
алып, заттарын салып түстікке қарай тартты. Ол серіктерін əлі де қуып
жетермін деген үмітпен ескегін екпіндете есті де, көл мен каналдың терең
тұнық суында жеңіл қайық жұлындай ұшты. Міне, қара құздардың саясында
ақ күртік пен айшықталған ойпаттың жиегі де көзге шалынды. Ал терістікте
бұрынғысынша ақшыл жəне қошқыл бұлттар шуда-шуда
шұбап, ауық-ауық жарылыс гүрсілі естіліп тұр.
Орман да бітті. Горохов күртікті шая бастаған жиектің таза суына да жүзіп
шықты. Бұл арада да бəрін су басып кетіпті. Жолдастары қайда? Кетіп
қалғаны ма? Əлде суға кетіп, опат болды ма? Күртік үстіндегі алаңда тірі
пенде көрінбейтіні несі?
Əне, жар-құз жотасында көгілдір аспан сүлесінде бір адам қараңдайды.
Горохов бар дауысымен барқырай айғай сап, ескегін бұлғады, Пеструхасы
абалады.
Мұны көрді – енді ол құтқарылды!
Күртіктің етегіне дейін жүзіп кеп тоқтады да, иті мен мүлкін түсіріп, жүгін
арқалап алып баспалдақпен біртіндеп жоғары көтерілді.
Кенет оның қарсы алдынан терең сай шыға келді, əрі қарай жол жоқ. Қараса
сайдың арғы жағына Горюнов пен Ордин де келіп қалған екен.
–Уһ, əйтеуір қуып жеттім-ау сіздерді! – деп айқайлап жіберді Горохов бар
жүгін мұздың үстіне қойып жатып. – Ал көрге түспеді демесе, өзімнің де
көрмегенім жоқ.
–Мұздан түсетін жəне шығатын баспалдақ ойып болғанымызша біраз
күтуіңе тура келеді, – деді Горюнов.
–Міне, ор керек болса! Немене, қуғын кеп қалады деп орлағансыздар ма?..
Иə, бұл ордан өту оңай емес, – деп Горюнов ернеуі де құлама мұз, биіктігі
бірнеше метр терең сайға таңырқай қарады. – Ойып жату ұзаққа кетер…
Қане, арқан бар ма, маған лақтырыңдаршы.
Қажет болып қала ма деп ала салған арқан бар еді, соның тас байлаған
ұшын олар Гороховқа лақтырды. Ол арқанды өзіне тартып алып, оны екі
қабаттап заттарын сай табанына түсіре бастады, сосын жіптің бір ұшын
босатып, жүгін төменде қалдырды. Осы əдіспен көрпе мен қоржынды да
түсірді, ақыр аяғында арқанды қарғысына іліп Пеструханы да зыр еткізді.
Мойнынан ілінген ит алғаш қырылдап тынысы тарылып еді, сай табанына
қалай түскенін де білмей қалды. Бəрі көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Енді
өзі түсуі керек болды. Жар жағасында мұзға ендеп кірген кесек базальт
қойтас жатқанды, якут арқанды соған орап, мұз қабырғамен сырғып түсті.
Тереңге жеткен соң жіпті бір ұшын қоя беріп тартып қалып еді, арқан
оралып аяғының астына кеп түсті. Жоғары көтерілу онша қиынға түскен
жок, күтіп тұрған екі адам якутты да, оның заттарын да, итті де əп-сəтте
шығарып алды. Əрине, салмағы ауыр өзін көтеру ғана сəл қиын болды.
Жоғары шыға сап ол жолдастарының құшағына қойып кетті.
–Құдая, тəубе, жеттім-ау! Бұл арадан ешкімді ұшырата алмаспын деп ойлап
ем.
Шынында да, Горохов орманнан бірер минут кеш шыққанда ол
жолдастарын, сөз жоқ, көре алмай қалатын еді. Қалған екі нартаның екеуі де
түстік жақ еңісте тұрғанды, Никифоров иттерді жегіп болып та қалған. Ол
жегіп болғанша деп Горюнов пен Ордин жотаға тағы бір қайта оралып
шығып, Санников жерінің ойпатына ақтық рет көз тастап тұр еді. Су мен
лава тасқыны астында екі аяқты, төрт аяқты күллі тұрғындарымен бірге көз
алдында құрыған осынау аралға бұлар қаншама еңбек аптасын сарп етті.
Қыруар бағалы байқауларды жиып-ақ алып еді, амал не, барлық еңбектің
жемісі арал кемерінде өткізген соңғы сағаттардың ішінде экспедициянын
бір мүшесімен бірге опат болды, ал екінші бір мүшесі өз еркімен ойпатта
қалып отыр, ойға салса, əрине, ол да аман емес.
Төмен тұрған күннің шұғыласымен құздың қара кемерінде ойпаттың
шалқар көлі күмістей жалтырап, алдында алашабыр аралдар мен қара
орманның бұрымы бұлдырайды, ал терістікте бұрқыраған бу мен түтін
шымылдығының ішінде Санников жері мен онкилондар тайпасының
басына түскен драманың ақырғы актісі жүріп жатты. Ордин аман қалған
ақырғы фотопленкасына ғылым үшін ашыла түсіп, ақтық мамонттарымен,
мүйіз тұмсықтарымен, алғашқы қауым адамзатының өкілдерімен бірге
құрдымға кетіп бара жатқан əлемнін қайғылы көрінісін түсіріп алды.
Суретті түсіріп алып, ол аппаратын орап алғалы кетті де, Горюнов сəл
тұрып қалды, сол-ақ екен, орманнан жүзіп шыға берген Гороховтың
қайығын көзі шалып қалды.
Осынау кездейсоқ бақыт болмаса, якут серіктерін жуық маңда қуып жете
алмас еді.
Жоғары көтеріліп келе жатып Горохов жердің үңірейген жарығын көрді,
Костяковтын қазасын естіп, өзінің сəті түсіп оңай құтылғанын түсінді.
–Маңдайым жарылып тусам керек, Матвей Иванович,
–деді ол жотада сəл кідіріп. – Осы екі күнде мен қанша рет қабірдің аузына
барып қайттым, ал аман-саумын, сорлы Раку менің қырсығымнан суға кетті,
əу баста бір сол деп қалдым ғой мен бейбақ. Павел Николаевич пен оның
топырағы торқа болсын!
Ол бас киімін алып қаншама адамның зиратына айналған Санников жері
жағына үш мəрте тағзым етті.
Бұл күні жиһангездер онша ұзай алмай, аралдың түстік еңісінің етегіне
тоқтады. Ашық теңіз жағасына саяхат мұздың былқылдап жатқанын,
алғашқы дауылдан-ақ ойран-ботқасы шығатынын аңғартты. Сенімдірек
өткел қарастырып шығысқа қарай тарта беруге тура келді.
ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ
Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа қарай жылжыды,
алайда қайда болсын мұз берік емес, жаз өтіп шуақпен аяз алмасып тұрса
да, теңіз толық қатпай, жылыда еріп жұмсарған сіреу сеңдердің де беті
тегістелмей қойды. Қыстың басын күте тұруға тура келеді, ал ол үшін
Толльдің салған лашығы бар, отқа жағуға жағадан салынды ағаш жинап
алуға болатын, тіпті ақ аю мен терістік бұғысын аулап азық-түлік
толықтыратын Беннетта аралына жету керек. Бақытқа қарай Санников жері
мен арал арасындағы мұз жазда бұзылмай аман қалыпты, соның арқасында
терістікке қарай шағын ғана шеңбер жасап, он күнде Беннеттаға да келіп
жетті. Никифоровтың жаздай жинаған қорынан иттерге деп алған ет
таусылып, соңғы үш күн бойы отын болмай қалған кез еді бұл.
Түнерген құзтасты қу тақыр Беннетта аралы Санников жерінен кейін
жиһангездер көңілін құлазытып-ақ тастады. Алайда олар аралдың
күңгейінде, тұщы сулы бұлағы бар шағын алқаптың сағасында тұрған
Толльдің тар лашығына да қуанып қалды. Бұл арадан бүкіл аралды алып
жатқан үсті тегіс адырға шығып тұруға болатын. Салынды ағаш жеткіліктіақ екен, алайда аң аулаймыз деген үміт ақталмады. Бұғы жоқ боп шықты, ал
аю көзге түспеді. Басқаларын азықтандыру үшін иттерді біртіндеп өлтіре
беруге тура келді, бір нарта жоқ болғандықтан бір жегін артық еді, əуелі сол
желінді.
Олар осылай он күн амалдады, алайда жағдай өзгерген жоқ, сентябрь туып
қалғанына қарамай жаз қаз-қалпы, мұз бұзылып, еріп жатыр. Адамдардың
азық-түлігі де таусылуға тақады. Аннуирді лашық пен иттерді күзетуге
тастап, күн сайын төртеуі түгел аңға шығады, ұзындығы он алты шақырым,
ені ең кең шығыс бөлегінде сегіз шақырым аралды ерсілі-қарсылы
кезгенімен, анда-санда қарға мен шағаланың өзін əрең əкеледі.
–Мəселе былай, жолдастар, – деді бір күні Горюнов. – Бұдан əрі күтудің
жолы да, жөні де жоқ, бүйте берсек, мұз қатып, нағыз қажет кезінде
иттердің қарғы бауын ғана ұстап қаламыз. Барометр бірнеше күннен бері
керемет жоғары тұр, теңіз тыныш, дауыл күтудің жөні жоқ. Жылы киім мен
мылтықтан басқа затымыз шамалы, иттердің жарым-жартысы ғана қалды,
ішіндегі ең таңдаулы бес-алтауын қалдырып, өзгесінен арылсақ, бəріміз де
байдаркаға сыямыз. Күннің тымығын пайдалансақ, Қазандық аралына екі
тəуліктің бағдарында барып та қаламыз, ал онда бəрімізге де жетер азықтүлік бар, ауа райы өзгерсе, қысты да күтуге болады, əйтпесе соны жағалап,
тура құрлықтың өзіне қарай жүреміз. Талқылай келіп олар осы жоспар
əбден дұрыс деген тұжырым жасады: күн əжептəуір ұзақ – он екі сағаттан
артық, ескекті алмаса есіп, теңізбен Беннеттаға ең жақын Жаңа Сібір
аралындағы заңғар мүйісіне дейін жетпіс мильді бір күнде, тақа болмаса,
арада көшіп жүрген мұз шоқылардың біріне қонып екі күнде жүзіп өтуге
жағдай бар. Əрине, кенеттен дауыл көтерілсе, қайықты суға батыруы да
ықтимал, ал қатер теңіз жаңа қатқан кезде кейін де төнбей қалмайды, онда
октябрь айында тек екі сағаттай күн ұзақ, оның есесіне мұзды қирататын
жел жиі болады.
Сонымен, кешке дейін барометр төмен түспесе, артық иттерді өлтіріп,
қалғанын шеңбірек атқыза тойдырып, бөлек-салақ мүлікті лашыққа тастап
жолға шығуға келісілді. Осы мақсатпен жүк мұқият қайта іріктелді.
Кешке қарай барометр тағы да көтеріліп, жүрек сыздап қимағанмен де
қаншама уақыт адал қызмет еткен бірнеше итті құрбан етуге тура келді.
Əрине, Крот, Белуха, Пеструха аман қалды. Таң қылаң бере жиһангездер
меймандос лашықты тастап, ашық теңізге дейін байдарканы мұзбен сүйреп
күн шыға бағытты тура шығысқа ұстап жүзіп берді. Қайықтың жүгі ауыр
болғандықтан, қарқын ойдағыдай болған жоқ. Күн батқанша орта жолдан
сəл ғана асты. Теңіздің ортасында көшкін мұз жиі кездесіп, жүзе беру
қатерлі болды. Үлкен бір мұз алаңын тауып, ат басын тіреуге тура келді,
сонда түнеп те шықты. Күн ұясына қонар кезде көкжиектен заңғар мүйісі
ап-айқын көрінді.
Таң ата тұрып, əрі қарай тартты. Күн əбден жарық болған кезде Никифоров
пен Горохов қиырға көз тастап тұрып қосарлана дауыстап:
–Мына қызыққа қара – түнде бізді мына мұз бір жаққа біраз апарып
тастапты! – деді.
–Қай жаққа? Қайда? Жер көрінбей ме? – деп сұрады Ордин.
–Жер ме, жер көрініп тұр ғой, бірақ кешегі көрінген емес.
–Сонда бізді қай жаққа апарып тастауы мүмкін?
–Бəлкім, шығысқа қарай сырғытып тастаған болар, онда біз Жаңа Сібірдің
шығыс бөлегін көріп тұрмыз, ал батысқа сырғытып жіберсе, алдымыздағы
Фадеев немесе Қазандық аралының өзі, – деді Горюнов.
–Алыстан айқын емес, – деді Горохов, – қай арал екенін айырып болмайды.
–Мейлі, қайсысы болса, онысы болсын барып жетуіміз керек, барометр
түнде түсе бастады, асыққан абзал! – деп ескертті Ордин.
Күн жоғары көтеріліп, теңіз үстіндегі шарбы тұман айыққанда дүрбісін
алған Горюнов əлгі жерді шолып:
–Ал, қане, қырағы көз Никита! Көз алдыңыздағы қай жер? – деп сұрады.
Горохов көзін күннен көлегейлеп қарап жіберді де:
–Қазандық аралы! – деді бірден.
–Дұрыс! Мұз да бізді арал жағалауындағы қатерлі жерлерден құтқарып
кетіпті ғой түнде. Енді біз тура өз қоймамызға барып тоқтаймыз. Шынында
да түске қарай көрініп тұрған Қазандық аралы екеніне еш күмəн қалған жоқ
–оның кескінін бəрі таныды, өзгергені тек көктемде қозғалмай жатқан
қарының түгел дерлік кетіп қалғаны ғана. Күн батар алдында аралды
көмкеріп тастаған мұзды белдеуге кеп тоқтап, сеңгір сеңдер арасымен бес
шақырым бойы нарта сүйреп келе жатып, олардың көктем күндерін еске
түсіруіне тура келді. Екі іңірдің арасында терістік мүйістегі қоржын тамға
да жетті.
Қоймадағылар түгел емес екен, шамасы, жаз аралда аңшылық еткен
кəсіпкерлер, азық-түлікті, əсіресе кепкен сүр балықты пайдаланса керек.
Алайда қалған бірді-екілі итке азық шаш етектен еді.
Келесі күні ауа райы ашық болды, бірақ күннің шұғыл құбылуынан хабар
беріп, барометр күрт түсіп кетті. Тағдырды ылғи сынға сала берудің реті
жоқ, олар шыдай тұруға бел буды. Айтқандай-ақ түнде дауыл тұрып, ал
таңертең қар үрді де салды, ізінше аяз басталып, бірден қыс түсті. Боран
жебей соғып, қыркүйектің аяғына дейін созылды, бірақ итке ас-су, адамға
азық-түлік, жағуға отын жеткілікті еді, жиһангездер жылы тамда жата берді.
Үйге жол алыс əлі, алайда басты бөгет – ашық теңізден бұлар өтіп алғанды.
Кездейсоқ ашық күндердің бірінде бəрі мүйістегі биікке көтеріліп,
көкжиекте əрең көрініп тұрған Санников жеріне қарады. Онда не болды
екен? Жарылыс тынды ма? Ойпаттан су қайта сарқылды ма? Əлде жанды
атаулының бəрі құрып, бірнеше жылдан соң су мен қардың астында қап
терістік мұздарының арасындағы молшылық өмірдің ақтық тірегі – орман
да жойылып кете ме? Сонау шалғай жерге, əрқайсысы, əсіресе Аннуир,
қымбат қимасын қалдырған жерге, бəрі мұңая қарады. Бойына шап-шақ
келген Костяковтың жылы киімін кигенімен, Аннуир дағдыланбаған қатты
суықтан жапа шегіп жүрді. Ол артта қалған атамекенін, үйреншікті тұрмысжағдайын, опат болған тайпаластарын ойлап жиі мұңаяды.
–Сонда сіздің жердің бəрі осындай суық па, қалайша қар мен мұздан басқа
түк жоқ? – деп ол қасындағылардан талай мəрте сұрады.
Қазанның басында əбден орныққан қыс сапарды əрі қарай жалғастыруға,
əрине, нартамен жалғастыруға жағдай жасады. Ауырырақ нартаны иттер,
жеңілірегін кезектесіп екі кісі сүйреді. Күн қысқа, ай жарық болғанда түнде
жүруге тура келді. Аюлы мүйісіндегі тамда мұзды бұзып кеткен боранның
ақырын күтуге тура келіп, кейін қатерге бас тігіп, Кіші Ляховскийге жұқа
мұзбен бару керек болды. Ал Үлкен Ляховскийде боранның ақырын екі
дүркін күтуге тура келді. Бар мəзір, азық-түлік таусылуға айналды, оның
есесіне нарталар жеңілдеп қалды. Əбден шаршап-шалдыққан, қасында тірі
қалған үш-ақ иті бар жиһангездер тек қазанның ақырғы күндері ғана
Казачьеге келіп жетті.
АКАДЕМИК АЛДЫНДА
Алыс жолдың ауыртпалығы мен азабынан айығу үшін жиһангездер
Никифоровтың үйінде бір апта бойы дем алды, тек тамақ ішуге ғана тұрып,
ұйықтай берді, ұйықтай берді. Оның үстіне қысқы поляр түні мен
сақылдаған сары аяз, осынау самарқау өлке тұрғындарын енжар тартқызып,
қызу қарекетке мойнын жар бергізбеді де.
Анқау Аннуирге екі жүзге тарта ғана үйі бар күйкі Казачье керемет бір
шаһардай əсер етті, себебі ол шатырлы үйлерді, мұржалы пештерді, терезе,
үстел, орындық, кереует дегендерді тумысында тұңғыш рет көріп, жерден
басқа орында отыруға, ұйықтауға болатынын, тізерлемей-ақ тамақ ішу
мүмкін екенін алғаш біліп отыр, кейбірі күлкілі, тіпті керексіз
сияқтанғанмен, үйренуге тура келгеннің бəрі оған таңғажайып тəрізді.
Қыруар жаңалық ашқан, алайда бір адамы өліп, күллі коллекциясы мен
қазбаларынан қапияда айырылып, ақыры қайғылы біткен экспедицияны
Казачьеге келуімен тəмамдалды деп санап, академик Шенкке жазбаша
толық есеп жіберіп, Горюновтың кез келген жерде қалуына болатын еді.
Бірақ белгісіз біреуге, құрғақ қиял сияқты ұсынысқа сеніп, қаншама
қаржысы мен құрал-жабдығын тапсырған осынау оқымыстыға Горюновтың
сый-құрметі мен ілтипаты ұшан-теңіз болды. Сондықтан оған өзі барып,
əңгімесін экспедицияның екінші мүшесінің сөзімен куəландырғысы келді.
Жəне құрал-жабдықтарды қайтарып, нарта, қайық, мылтық, шатыр сияқты
бұйымдарды сатудан түскен ақшаны тапсыру қажет. Ол бұйымдардың
басым бөлегін жақсы нарта мен мылтықтың нарқын білетін Горохов пен
Никифоров алды. Шенк бергеннен қалған азын-аулақ тиын-тебенді
қосқанда барлығы мың сомдай ақша жинап, Горюнов, Ордин жəне Аннуир
Верхоянскіні басып Якутскіге жол тартты. Алайда мұнда бөгет тап болды:
Ординнің кесімді күні біткен жоқты, сондықтан айдаудағы адамды босатуға
губернатор келіспеді, қысқы ұзақ жолға жүрегі дауаламаған Аннуирдің
жалғыз барғысы жəне келмеді. Ординге Якутскіде қалуға рұқсат етілді, бұл
қала Аннуирге ғажайып заттардан аяқ алып жүре алмайтын байтақ бір
астанадай əсер етті, оған мысық пен сиыр, шанаға жегілген аттан бастап,
балға киетін көйлек пен граммофонға дейінгінің бəрі таң, бəрі таңсық.
Горюнов Аннуирдің денесіндегі өрнек-таңбасын түгел көрсетіп, жалғыз-ақ
белдемшемен түскен суретін ғана алып, оған Санников жерінің аттанар
алдында жотадан түсірілген бейнесін, біраз тау жыныстарын (арасында
Беннетта аралынан да бар) қосып, жалғыз өзі аттануына тура келді.
Желтоқсанның аяғында ол астанаға жетіп, бірден Шенкке келді.
Санников жерінің ашылғаны, оны ашушылардың оралғаны туралы қысқаша
телеграммадан біліп отырған академик ғажайып саяхаты туралы
баяндамамен академия жəне оқымыстылар қоғамы алдына шығару үшін
Горюновтың келуін сабырсыздана күтіп жүр еді. Алайда Горюнов өзінің
ауызша баяндамасын оңаша тыңдауын өтінді.
Міне, бұдан бір жыл бұрынғы сол баяғы бөлмеде Шенк Горюновтың
əңгімесін бір кеш тыңдады. Əңгіме «Тас боп қату дəуірінің» тірі көзі
мамонт, мүйізтұмсық, өгіздер жайына ойысқанда жүзі бал-бұл жайнап
академик дауыстап жіберді.
–Əрине, оларды өлшеп, суретке түсіріп, осынау тамаша жаңалықтың белгісі
болар бірдеңе əкелген шығарсыз?
Онкилондардың жəне палеолит адамының болуы да олардың тұрмысы мен
ғұрып-салты жайындағы мағлұматтар сияқты оны баурап алды.
Санников жері мен оның тұрғындарының ақтық күндері жақындағанда
аянышты да ауыр оқиғаны баяндар алдында Горюнов кідіріп қалды. Мұны
əңгіменің біткені деп білген Шенк сөзге араласты:
–Сіздер күнделік, сурет, тіпті хайуандардың бас сүйегі мен онкилондардың,
тағы адамдардың үй əбзелдерін ала келген шығарсыздар! Міне, біз
баяндаманы осылай құрып, сенбейтіндердің көмейіне су құямыз.
–Иə, соның бəрі де бізде бар еді, бірақ бəрін де құртып алдық!
–Не айтып тұрсыз? Бəрің бəрін құртып алдық дейсіз бе? Шенк əңгіменің
аяғын толқи отырып тыңдады да,
суреттерді, тау жыныстарын көріп сөйлеп кетті.
–Сонымен, көзімен көрген төрт адамның айғағы бойынша Санников жері
бар, ол Қазандық аралынан терістікке қарай шамамен жүз шақырымдай
тұрады, жақында қайта атқылай бастаған сөнген жанартаудың алып кратері
деп білеміз ғой енді оны біз. Осының негізінде академияға қозғау салып, ол
жерге жедел барып, зерттеп, тұрғындарынан не қалғанын анықтау үшін таяу
уақытта керек-жарақпен, ғылыми күшпен толық жарақтанған экспедиция
аттандыруға атсалысамын. Əрине, шарамыздың табысты болуына
тəжірибелеріңізбен жағдай туғызу үшін оған сіз екеуіңіз де қатысасыздар
емес пе!
–О, əлбетте ғой! Ал академия мен оқымыстылар қоғамындағы баяндама не
болады? – деп сұрады Горюнов.
–Қазір ол істі тек бүлдірер еді, – деді Шенк. – Сіздің айтқаныңыздың
керемет ғажайыптығы, тіпті миға сыймайтындығы сондай, олардың бəріне
бұлтартпас дəлел керек екеніне өзіңіз де келісерсіз деп ойлаймын, ал
тыңдаушыларға айғақ қып көрсететіндеріңіз тіптен аз. Мынау өрнектаңбалы келіншектің суретін көрсе, олар бұл эскимос не чукча əйелі дейді.
Себебі олар да үйінде жалаңаш жүреді, денесіне осындай өрнек-таңба
салады, кескін-келбеттері де ұқсас. Ал мынау Санников жерінің жотасынан
алынған базальтқа қараңыз, мұның Беннетта аралынікі, болмаса киелі
Тұмсықтыкі емес екенін немен дəлелдейсіз? Анау көлі мен жанартаудың
атылғаны түскен ойпаттың суретінен ештеңе айырып білуге болмайды.
Коллекция тиелген нарта құлаған жерде суретті көбірек, анығырақ
түсірмедіндер ме?
–Себебі біз барлық пластинканы ойпатта адамдарды, жануарларды,
табиғатты түсіріп алу үшін көп жұмсадық та, кассетте кездейсоқ қана біреуі
қалыпты. Мына əйелді суретке мен Якутскіде түсіріп алдым.
–Өкінішті-ақ! Жотадан түсірілген сурет, сондай-ақ Беннетта аралының
бедері болса, олар дəлел бола алатын еді. Ал былайша сендерге ешкім де
сенбейді.
–Маған енді сіздің де сенбегеніңіз бе? – деді қапаланған Горюнов.
–О, жоқ, мен кəміл сенемін, – деді оны жұбатуға тырысып Шенк. Сіз
айтқанның бəрін ойлап шығару мүмкін емес. Ал басқалар сенгісі келмей:
алжыған ақымақ шал қайдағы бір белгісіз жер ауғандардың бөспе сөзіне
сеніп, ақшаны ұстатып қоя берді. Олар болса, ақшаны шашып-шашып,
ақыры ақталу үшін қайдағы бір қиял жер, оның ғажайып тұрғындары
туралы кішкентай балаларға арналған қызықты əңгіме шығарып, оны аңқау
Шенкке əкеп ұстата салды, – деп сан-саққа жүгіртері шəксіз. Жоқ, онан да
əзірше үндемей тұра тұрайық.
–Əзірше? Қай кезге дейін?
–Сіз қатысатын жаңа экспедиция ол жерге барып, алып кратерді, қарық
болған орманды, жаңа жанартауды, адамдар мен жануарлардың сүйегін
тапқанша үндемейміз. Тапқан соң документтер, жаңа экспедицияға
қатысқандар растайтын баяндамамыз толық сеніммен қарсы алынып,
қырсықты Санников жерінің тұрғындары, олардың өмірі мен опат болуы
туралы ғылымға тың мағлұмат енгізесіз.
–Иə, айтқаныңыз дұрыс! – деді Горюнов. – Солай жасау орынды əрі
мақсатты болар. Əрине, сізді де, өзімді де ұятқа қалдырғым келмейді.
–Ал, – деп сөзін əрі қарай сабақтады Шенк, – өткен күн естегіні
көмескілендіре бермек. Көргендерің көңілінде сайрап тұрған кезде соның
бəрін, саяхаттың барысын мына мен үшін қағазға түсіру керек. Мен оны бір
оңтайлы уақытқа дейін сақтап қояйын.
–Əрине, мен мұны міндетті түрде жазамын. Бұл қасиетті борышым ғой.
Беннетта аралында қоржын тамда отырып жəне Якутскіде аялдағанда азынаулақ жазғандарым бар. Енді оны жүйелеп баяндап екі-үш аптада
алдыңызға алып келемін. Ал мынау – мырзалықпен сіз бере салған
ақшаның есебі мен қалған-құтқан тиын-тебен.
Шенк есепті қарап шығып, ақшаны Горюновтың өзіне қайтарды:
–Байқаймын, Ордин екеуіңіз де өздеріңізге тəбəрік қалдырмаған сияқтысыз.
Бұл дұрыс емес, əрбір еңбектің ақысы болуы керек.
–Алайда біз сізге қиял-ғажайып əңгіме мен жиырма шақты тастан басқа түк
те əкелген жоқпыз ғой, сондықтан сый-сияпат дəметуіміздің өзі ыңғайсыз
жəне оған татымаймыз да.
–Былай, бауырым, ақшаның қалғанын қайтарып, болған оқиғаны баяндау
үшін ерінбей-жалықпай сонау он мың шақырым шалғайдан əдейі іздеп
келуіңіздің өзі сендердің шын сырларыңа күмəнім болғанда да оны жойып
жіберер еді. Жоқ, сіздер аса қиын міндет атқардыңыздар, оның нəтижесінен
айрылып қалуларыңыз да өз кінəлеріңіз емес. Мұндай-мұндайлар талай
болған: коллекция мен есеп алып келе жатқан кемелер суға батып,
экспедицияға қатысушылар əрең жан сақтап қалған жағдай аз емес. Міне,
сіздер де сондай кеме опатына душар болғансыздар. Поштамен жіберген
коллекциялардың да жоқ болып кететіні бар. Жо-жоқ, сіздер тарту-таралғы
алуларыңыз шарт. Оның үстіне маған деп есеп жазып, осында біраз
тұруыңыз керек, ал астананың тұрмыс нарқы қымбат. Ақшаны тым құрмаса
сол есебіңіздің қаламақысы ретінде алыңыз.
Шенктің көңілін қалдырмас үшін Горюновтың ақшаны алуына тура келді.
Ұзамай ол есебін тапсырып, жаңа экспедицияға жақсы əзірлену үшін
университетке түсті.
Өкінішке орай, сол экспедицияның сəті əлі күнге түскен жоқ. Жапониямен
арада соғыс басталып кетті де, академия қажетті қаржысын ала алмай
қалды. Соғыс аяқталысымен жобаны жүзеге асырудың алғашқы адымын
ғана жасап үлгерген Шенк дүние салды. Солтүстік Сібірді зерттеуге түрткі
салар кісі қайтып шықпай, ол мəңгі ұмытылды. Хабарды Шенктен құр босқа
күтіп, Горюнов пен Ордин басқа шаруамен шұғылданып кетті.
Алайда Академия архивындағы Шенк қағаздарының арасында сақталған
есеп осы кітапты жазуға мəйекті материал болды. Бəлкім, бұл жаңа
ұрпақтың біреуінің кеудесінде тылсым жатқан Санников жеріне деген
құмарлық отын тұтандырып, Солтүстік теңізінің байтақ мұз алқаптары
арасынан оны іздеп шығуға құлшындырар.
СОҢҒЫ СӨЗ
Горюнов пен серіктерінің Санников жерінде бастан кешіргендерімен таныса
келіп, жас оқырманның авторға мынадай сұрақтар қоюы заңды: Солтүстік
поляр теңізінде жасырынып жатқан осынау жер жалпы бар ма еді? Себебі
бұл кітап – ғылыми фантастикалық роман ғой?..
Оқырманның бұл сұрағына автор: осынау беймəлім жерге саяхат шынында
да ойдан шығарылған деп жауап береді.
Ал осы кезде Санников жері бар ма деген мəселені Арктикада жүргізілген
жаңа советтік зерттеулер шешіп берді. Санников пен Толльдің
бақылауларына қарағанда, бұл жер жүз жыл шамасы бұрын болған да,
бертін келе жойылып кеткен. Біздің поляр зерттеушілер барлаған Мұзды
мұхиттың шығыс бөлегі төңірегінде жүзіп жүретін аралдар бар. Совет
ғалымдарының соны зерттеулері адмирал С.О.Макаровтың 1899 жылдың
өзінде-ақ жасаған Мұзды мұхитта жүйткіп көшіп жүретін мұз аралдары бар
деген тұжырымын дəлелдеді. Үлкен Шпицберген аралынан терістікке қарай
жүзіп бара жатқан Макаров теңіз мұздарының арасынан белгісіз бір арал
көрген. Аралдан адмиралдың серіктері үйінділер мен ұсақ тастар тапқан,
аралдың мұзы теңіздікі емес, тұщы судікі болып шыққан. Тегі, бұл
Шпицбергеннен бөлініп кеткен мұзарттың пұшпағы тəрізді алып айсберг
деген тоқтамға келгенді Макаров.
Мұзды мұхитта теңізге сырғып жататын мұзарттары бар тау-тасты үлкен
аралдардың əжептəуір мол екені бұрыннан белгілі. Айсбергке айналғандары
теңіз суына түсіп, жаз мұз ойылған тұста ағыспен бір орыннан бір орынға
көшіп жүреді. Мəселен, 1939 жылы Генриетта аралынан теріскей екі ірі
айсберг көрінді, ал 1946, 1948 жəке 1950 жылдары жоғары ендіктерден
совет ұшқыштары жылжып жүрген үш аса ауқымды мұз аралдарын ашты,
олар қар мен мұздың еруінен пайда болған өзендер мен көлдерді жəне
таулар мен төбелерді, мұзарт моренасы – алып қойтастарды көрді. Совет
ғалымдары айсбергтердің Франц – Иосиф жері, Солтүстік Жер жəне Канада
архипелагы мұзарттарынан бөлініп, қашан еріп біткенше бірнеше жыл
көшіп жүретінін анықтады.
Санников жерін де Солтүстік жер мұзарттарынан бөлінген сондай бір мұз
арал – айсберг деп ойлауға болады. Тегі, ол Новосибирь архипелагынан
терістікке қарай теңіздің таяз тұсында қайраңға шөгіп, жетпіс жылдан астам
тұрса керек, себебі оны Қазандық аралының терістік батысынан Яков
Санников 1811 жылы байқайды да, ал 1886 жылы Эдуард Толль тұп-тура сол
тұстан ашық күні үшкір басы діңгектей шаншылған төрт шың мен оған
шығыстан жапсарласқан тау сілемін көреді. Бəлкім, екі байқаушының көзіне
түскен бір арал емес, əр жылы түрліше кеп сол жердің қайраңына шөккен
басқа аралдар шығар.
Əрине, ондай көшпелі мұз аралдар Шығыс Сібір жағалауларынан
чукчалардан қашып шығып кеткен онкилондарға пана бола алмайды.
Көшпелі аралдарда ешқандай өсімдік болуы мүмкін емес. Ондай аралдар ұя
басар құстарды қызықтырмаса да керек. Жазда түстіктен терістік жаққа
ұшып келген құстар балапанын басып шығаратын сенімді жер іздейтіні хақ,
ал ондай орын Мұзды мұхит аралдарының архипелагында жеткілікті деп
айтуға болады.
Жас оқырманға Мұзды мұхит аймағында осы бертінде болған мына
оқиғаны да білу қызық: Еуропа, Азия жəне Америка жағалауларын көмкеріп
жатқан Солтүстік Мұзды мұхит ұлылы-кішілі аралдарға жалпы бай. Сол
аралдарда жас жанартау жыныстары жиі кездеседі. Ал Исландия аралы
сияқты кейбірінде жанартау күні бүгінге дейін атқылап жатады. Мұның өзі
– менің Санников жерін жойып жіберген жойқын жанартау жайындағы
топшылауым Жердің осынау өңіріне сыйымсыз бірдеңе емес екенінің
дəлелі. Геологиялык зерттеулер Мұзды мұхиттың Таймыр түбегінен бастап
Врангель аралына дейінгі шығыс бөлігі мен солтүстік ендіктің 80 градус
терістігі түгел жер дамуының төртінші дəуірінің басында Сібірдің солтүстік
жиегі болған құрлық екенін ашып та берген. Бұл осы аралдар жынысынан
табылған мамонт, мүйізтұмсық, өгіз, жылқы сияқты ірі сүтқоректілер
қалдығымен де дəлелденіп отыр. Бұл аралдар жер дамуының төртінші
дəуірінің басында Сібірмен біртұтас болмаса, əлгі қалдықтар бұдан
кездеспес те еді. Зерттеулер сондай-ақ кейбір аралдарда бір кезде
құрлықтың жоғарғы жағын жауып жатқан мұзарттардың қалдығы – мұз
қабаттары қалғанын да көрсетіп берді.
Новосибирь архипелагының бір бөлегі болып саналатын Үлкен Ляховский
аралының қазбалы қалың тоңында мамонттардың көптеген тісі табылды,
теңіз толқыны шайып мұздан шығарып тастаған сол тістерді жинау үшін
ерте көктемде құрлықтан əдейі іздеп кəсіпкерлер келетін-ді. Баяғы кезде
Якутскідегі жəрмеңкеге жылына бір-екі мың пұт мамонт тісі түсетін. Бұл
жер дамуының төртінші дəуірінде бұрынғы болған құрлықта жүздеген ірі
жануарлар өмір сүргенін дəлелдейді. Бұрынғы құрғақ жердің биігірек белесі
болған кішігірім аралдарда осыншама мамонттардың болуын олардың
бұрынғы құрлық Мұзды мұхит деңгейімен теңеліп, су басқанда бас сауғалап
паналағандығынан деп білген абзал. Сөйтіп, Сібірдің терістік құрлығының
осынау бұрынғы бөлегінде жанартаулардың атқылағанына, мамонттар
табын-табын өргеніне, мұзарттар болғанына біздің дəлеліміз бар, енді сол
құрғақ жердің теңіз астына түскен мезгілін де анықтай аламыз. Ол теңіз
астына соңғы мұз басу дəуірінің кезінде немесе оның аяғында кеткен.
Мамонттардың алғашқы қауым адамдары салған бейнесінің табылуы, ол
кезде сол адамдардың өмір сүргеніне дəлел.
Демек, менің романымдағы Мұзды мұхиттың ортасында бір кезде үлкен
жанартаудың кратері болып шыңға ұқсап тұрған оқшау байтақ арал –
жылылығының арқасында мұз басу дəуірінен бермен қарай мамонттар мен
алғашқы қауым адамдарын сақтап келген жер деген жорамал шындықтан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 19
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.