Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 16

Total number of words is 4127
Total number of unique words is 2014
37.1 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұрғанды. Үстіне жаңа ет жайылған соң соған ит тиіп жүре ме деп, Костяков
төсегін түнде соның жанына сап жатқан. Жартылай ғана тиелген басқа
нарта алаңға көлденең, иттерге жақын қойылған да, қасына төсекқаптарына кіріп, қалғандары жайғасқан-ды.
Горюнов бүйірден біреудің жеңіл нұқығанынан оянып кетті. Ол біреу əдейі
оятқан шығар деп ойлап, көзін ашса, ешкім жоқ, қайта қалғи бергенде оның
құлағына алыстан талып бір гүріл естілді.
«Ал енді жаңбыр дегеніңнін тіптен-ақ жөні жоқ, жалаңаш тасқа шатырды
қалай тігерсің!» деп ойлаған ол басын көтеріп, жан-жағын шолды. Аспан
ап-ашық, ай тас төбеге шығып ап, ойпатты түгел жарқыратып тұр. Ол басын
жерге бере беріп өз астынан анық қатты гүрілді есітті.
«Жерасты апаты тоқтамағаны ма?» деп ойлады ол. «Күндіз бəрі тып-тыныш
сияқты еді, жер сілкіну ойпаң табаны төмен түсіп, судың жарып шығуымен
бітіп еді ғой. Əлде ол көңілашар күйі ғана ма екен?»
Қатты дүмпу Горюновты жатқан орнынан бір көтеріп тастап, ойын үзіп
жіберді.
–Тағы да сілкінуге айналды ма? – деген Ординнің ұйқылы-ояу даусы
шықты.
Төсек-қабында отырып Горюнов көлге көз салып еді, – беті бұрқан-талқан:
жер асты дүмпуінен шайқалған су толқын атып, бұрқ-сарқ қайнағандай
аспанға атылып аунап түсіп əлек, мың бұралған толқын жоны шағылып
сусыған сынаптай жылтырайды. Құз жағалай жарға соққан толқын үні мен
жоғарыдан құлаған қойтастар шолпылы астасып кеткен.
Бірінен соң бірі тағы да бірнеше тегеурінді дүмпу ұрып өтті. Кенет
Горюновтын құлағына тап іргесінен атылған мылтық үніндей жарылған
бірдеңе шалынды, қарап ол он екі мүшесінің бірін қозғай алмай, зəресі
ұшып тас болып қатты да қалды, бірер қадам жерден қап-қара үңгір
ашылып, текшенің Костяков жатқан бөлегі сəл қисая берді де, үңірейіп
тұрған жерге күмп етті. Шошынған дауыс судың шолпылына, бір-біріне
соғылған қойтастардың гүрсіліне араласып, бұрқ еткен шаң аспанға бір-ақ
көтерілді. Осының бəрі-бəрі бірер секундта ғана болды. Тек біраз уақыт
қана құлаған көп жыныстан шоршыған су толқынының шуы ғана шығып
жатты.
Тұла бойы дірілдеп Горюнов қапшықтан əрең шықты. Даусы мүлдем
шықпай, қалтыраған бір үн көмейіне кептеліп қалды. Екі-ақ қадам ана
жерде опырылған ернеудің жаңа сызығы жатыр, ал алаңның шығыс
бөлегінің орнында қап-қара шыңырау үңірейеді. Ол еңбектеп шыңыраудың
шетіне барып, төменге үңіліп еді – толқынданған судың ішінде жардың
құлаған бөлегі қарауытып, баспалдақты күртік үстінде үп-үлкен жыра
жатыр, шамасы, бір жағына таман ұшып түскен қойтас орып кетсе керек.
–Тағы да не болып қалды? –деген Ординнің даусы шықты. Қатып ұйықтап
қалған оны жердің жарылғаны мен құлаған гүрсілі ғана оятып, есін енді
жиғызған еді.
–Же… жер… жа… рылды… Костяков… нарта… шыңырауға құлап кетті!.. –
дегенді төменге үңіліп жатып Горюнов əрең айтты.
Осынау жаманат хабар Ординді аяғынан тік қойды.
–Ойбай-ау, іздеу керек қой, көмектесіп, шығарып алу қажет! Қане, тезірек! –
деп айғайлады ол қаптан шығып жатып. – Əй, Никифоров тұр, бері кел!
Байдарка қайда?
–Енді мүмкін емес! – деді Горюнов торыққан үнмен. – Қайық түсіру қиын,
құз құлап, күртікті алып кетті. Ал Костяковты жаншып тастады.
–Тəйірі, оны қайдан білуші едіңіз?
–Алаң қисая бергенде ол жатқан төсек-қап пен нарта шыңырауға алдымен
сырғып, құлаған құз түп-түгел солардың үстіне түсті.
Ордин де шыңырау шетіне келіп, төмен үңілді.
–Қап-қара су мен құлаған құздан өзге түк те көрінбейді. Төсек-қап пен
Костяков көбік сияқты судың бетіне шығар еді, құлаған жыныс басып
қалған ғой.
–Қандай сұмдық! – деп аһ ұрды Ордин . – Көз алдыңда адам өліп барады, ал
қол ұшын беруге ешбір ыңғайы жоқ! Күртікке қарап еді, алдын ала əзірлік
жасамай төмен тусудің еш мүмкіндігі жоқ екен – оның жонында ені он бес,
тереңдігі он метрдей жыра жатыр.
–Арқан бойлап жардан суға тік түсуге болмай ма? – деп ұсыныс жасады ол.
–Мықты арқан мұның жартысына ғана жетеді, ал мұның биіктігі сексен
метрден астам, – деді Горюнов.
–Жəне екеуміз білдей бір адамды соншама уақыт ұстап тұра аламыз ба? –
деді жақындап келген Никифоров.
–Костяков қана емес, экспедициямыздың күллі нəтижесі қоса кетті ғой! –
деп айғайлап жіберді Ордин.
–Иə, қоса құрыды! – деді үмітін үзген үнмен Горюнов.
–Тым құрыса құздың құлаған жеріне жарық түсірейік те, ол көлеңкеден
нашар көрінеді. Бəлкім, Костяковты бір жаққа атып жіберіп, ол ессіз-түссіз
жатқан шығар.
Никифоров отын арасынан бір құшақ майқараған алып кеп, байдарканың
ырғайының басына байлап тұтатты да, шыңырауға түсіріп ерсілі-қарсылы
бұлғады. Ордин мен Горюнов жарық көздеріне түспес үшін шыңыраудын
шетінде жатып төмен қарады. Тамыздық тез тұтанып лаулай жанып,
опырылған жерді жарық қылды. Онда баспалдақ жасалған күртік пен
қасындағы жотаның арасынан тек толқынданған лай су мен онан жоғары
шашылып, бірінің үстіне бірі мінгескен базальт қойтастар ғана көрінді. Не
онда, не суда адам белгісі, я нарталардың жүргені байқалмайды. Ырғай
басына байланған жіп күйіп, тамыздық бір қойтастарға түсіп біраз жанып,
төңірегін жақсырақ жарық етіп еді, онымен де ештеңе көрінген жоқ.
Жаңа жерасты дүмпуінен олар атып тұрды: көз алдарында құздан бірнеше
қойтас бөлініп, шыңырауға күрс етіп құлап түсті.
–Нарталарды кейінірек ысырайық, – деп ұсьнды Горюнов, – əйтпесе бұлар
да алдыңғының кебін киіп жүрер. Бағанадан бергі көрініске үнсіз куə болып
отырған Аннуир көмектесіп үш жігіт нарталарды сүйреп отырып, төсекорындарын құздан аулағырақ күртікке түсетін тұсқа қарай апарып қойды.
Күртік – сіреу мұзы мен құлама жар базальт қабырғаны тіреп құлатпай, бұл
тұс, əйтеуір, аман тұр. Алаңның ірге жағы да, жоғары жардың етегі де
қауіпсіз емес – олардан
бірнеше уақ тас та түскен.
Алыстағы бір гүрсіл ауаны жаңғырықтырып, барлығын теріскейге жалт
қаратты. Ойпаттың сонау терістік бөлегінде жалаңдаған қызыл сəулемен
жарқыраған түтін бе, бу ма – бірдеңе аспанға шаншылып, жиі-жиі жəне
күшті жарылыстар естіліп, оны аңғар құздары əлсін-əлі жаңғырықтырып
тұрды. Əрбір жарылыс сайын аяқ астында текше жынысы солқ ете қалады.
–Жанартау оянды! – деп қалды Ордин.
–Ал адамдар ше, бақытсыз адамдар селден жан сауғалап сонда тығылған
еді! Күні не болды бейбақтардың? – деп Горюновтың даусы шыжалактай
шырылдап шықты. – Бір жолдасымыз осы арада қазір ғана опат болды,
біреуі енді онда өледі, ал бізде қолұшын берер түк дəрмен жоқ.
Аннуир Ординге жабысып ап-алыстан көз айырмайды, көз жасы
моншақтап, өксігін сыртқа шығармай, денесі қалш-қалш етеді.
–Қайткенмен де бұл жердің күні бітті! – деп сұрана қарады қасындағыларға
Никифоров. – Ана жақта не сұмдық, қараңдаршы: жер астынан от, түтін
шығып жатыр.
Ал анау терістікте бір-бірімен ұласып, қара түтін мен ақ бу бағандары
самсап, аспанға атылып ойпат аңғарынан əлдеқайда жоғары, Шамасы, үш
мың метрдей биікке көтеріліп, ана тұстан да, мына тұстан да шырқай ұшқан
шоқ тастар ракета құсап, ерсілі-қарсылы доға сызып жүр. Кейде бірнеше
дүркін жарылыспен жалғасқан бу бұлты артиллериядан атылғандай бір
жерден бұрқ ете қалып, биіктеген сайын жайыла түседі. От бағандар бұлт
арасында тіпті жарқырай алаулап кетті – тегі, бір жерден қызған лава жарып
шықса керек. Бірте-бірте еңкейіп бара жатқан мұңлы ай бұрынғысындай
ойпатқа сəуле сеуіп, тыпырши толқын тыным көрмеген көлдің суын
күмістей жалтыратып тұр.
–Иə, Санников жерінің күні біткен шығар, – деп үн қатты Ордин. – Өзіміз
ашып едік, өзіміздің көз алдымызда бұл құрып та бітті.
–Жарық түскен соң қарап көрелік, бірдеңе ғып қайық түсіруге болар ма
екен, өліп бара жатқан бейшараларға қолұшын беретін, – деді Горюнов.
Ординге жабысып алған Аннуир жəне екеуі жанартау атқылауының
барысын бақылап, онымен опат болған жолдасы жайындағы ойларын
алмасып, таң атқанға дейінгі уақытты төсек-қапта отырып өткізді.
Никифоров біраз қарайлап отырды да қайта ұйықтап қалды.
Əйтеуір, үрейлі түн де бітіп, шығыс шұғылаланып, бірте-бірте жарық бола
бастады. Аннуир от жағып, шай қайнатуға кірісті. Ордин мен Горюновтың
түнде алаңда не болғанын анықтауына мүмкіндік туды. Алаңның шығыс
бөлегі бүтіндей жойылып кеткен, орнында тек үңірейіп үшкір басы төмен
қадалған сына сияқты жардың бір жұрнағы ғана тұр. Тегі, бұл бұрын бір
түскен сызат бойымен бөлініп, жер дүмпіген кезде ыдырап, жартысы
күртікке құлап, бір бөлегі суға күмп етсе керек. Күртіктің даладай
опырығында мұз қап-қара шаңмен баттасып, тас сынықтары, топырақ
үйінділерімен көміліп қалған; төменде су бетінен құлаған жақпар тастар
бой көрсетеді. Түні бойы судың лайы тұнып, жоғарыдан оның түбі көрініп
жатыр, дүрбімен оны түгел сүзуге болады, бірақ қап-қара үйіндіден басқа
ештеңе көзге түскен жок. Олар жолдасын да, экспедицияның бар жетістігін
де осымен жерледі.
Күртіктегі, шұңқырды қарап шығып, бұл арадан өту үшін екі жақ қабақтағы
құздан ойып баспалдақ жасау керек деген шешімге келді.
–Түске шейін оны да жасаймыз! – деді Горюнов. – Байдарканың екі бөлігін
жіпке байлап жеке-жеке түсіреміз, жоғарыға да солай шығамыз. Қане,
ауқаттанып алайық та, іске кірісейік!
Ойпаттың терістігінде су мен түтін бұлтына тасаланып жанартау əлі
атқылап жатыр, оның дүмпуі ауық-ауық солқ ете қалған алаң жартасынанақ білінеді. Бу мен түтін шымылдығы апат көрінісін көрермендерден
көлегейлеп тұр. Кенет сол шымылдықтың бер жағынан от жарқ етті де,
ілезде екі жаққа жайыла жөнелді. Дүрбімен жанып жатқан орман екенін
айқын көруге болғандай.
–Шамасы, онкилондар ісінен енді қайыр жоқ! – деді Ордин. – Жанартаудың
атқылауы ойпаттың терістік пұшпағында емес, орта тұсында, яғни кеше біз
жүзіп барып қайтқан жұрт судан жан сауғалап тығылған шамада басталғаны
енді айқын. Мүмкін, ол терістік бөлікті түгел де қамтуы.
Екеуі де нартаға қайтып келді, шай əзір екен. Никифоров алаңның батыс
бұрышына байланған иттерге бір құшақ сүр етті апара беріп тұрып қалды.
–Бері келіңдер! – деп айғай салды ол. – Іс оңды емес мұнда.
Құманның төңірегіне жайғасып та үлгерген Горюнов, Ордин жəне Аннуир
атып тұрып, казактың қасына жетіп барды. Ол түнде құлаған тұсқа кесекөлденең, алаңды батыс шетіне қарай бойлап кеткен, ені алақандай
жарықтың ернеуінде тұр екен. Нарталар мен адамдар осы жарықшақ пен
алаңның ішкі іргесінің арасында тұр, ал иттер арғы жақта.
–Кеше бұл жарықшақ жоқ еді, – деді Никифоров.
–Жағдай жаман! Екінші опырылым да дайын тұр, – деді Горюнов.
–Мұның күрс құлауы үшін бір-ақ рет күшті жер дүмпуі жетіп жатыр, – деп
қостады Ордин. – Тегі, мұны күртік тіреп тұр, əйтпесе түнде-ақ бізді ала
құлайтын еді.
–Зайыры, қанша қимағанымызбен бұл арадан қашу керек шығар, – деді
Горюнов. – Əйтпесе біз де Костяковтың қасынан барып бір-ақ
шығатынымыз хақ.
–Онда заттарды жарықшақтың ар жағына тасиық.
Айтты-бітті, орындалды. Əупіріммен ертеңгі асқа да отырды. Отырғаны не
керек, үш қадам жерде қарайып жатқан жарықшаққа қайта-қайта қарап, енді
тура күртіктің үстіне құлағалы тұрған күз қабағынан жаутаңдап көз ала
алған жоқ. Ас ішіп болып жедел жұмысқа кірісті: екеуі арқан алып
баспалдақпен жоғары шығып, екеуі төменде қалды; бір-бірлеп нарталарды,
байдарканы, заттарды шығарды, сосын иттерді шешіп алып жоғарыға
айдады, түнде құлаған тас тиіп өлген біреуінен басқасының бəрі аман
олардың.
Кесапат қырсықты алаңнан ақырғы болып кетіп бара жатқан Горюнов
шыңырау шетіне тағы да келіп төмен үңілді де, күбірлеп шейіт болған
жолдасына қоштасу сөзін айтты.
НИКИТАНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ
Жолдастары кеткен күні Горохов кешірек тұрды, оның өзін де самбырлаған
əйелдердің даусы оятып жіберді.
–Аннуир қайда? Байқайсыңдар ма, түнде ол байына, əлгі ақ сиқыршыға
қашып кеткен ғой, тегі! Тыйым салғанды тыңдамағаны да!
–Барып осында алып келіңдер! – деген Амнундактың үні гүр ете түсті.
–Келмесе, шашынан сүйреп əкеліңдер, – деген əйел даусы қостады оны.
Осыны есітіп, жолдастарының бүгін түнде кетеміз дегені есіне түсіп,
Гороховтың көңілі құлазып қалды. Олардың кеткен-кетпегенін білу үшін
жалма-жан киіне бастады. Ол киініп болғанша Аннуирге жіберген Аннуэн
мен екі əйел де келіп үлгеріп, өкінішті үнмен былай деді:
–Үй бос тұр, Аннуир де жоқ, ақ сиқыршылар да жоқ, жалғыз ғана ит
қалыпты.
–Жақсылап қарадыңдар ма? Тегі, олар көрпесін тұйықтап алып ұйықтап
жатқан шығар, – деді Горохов.
–Кірмек болып едік, ит ырылдады бізге. Айғай салып едік – ешкім үн
қаткан жоқ. Өліп қалды дейсің бе?
–Жарайды, мен өзім барып көрейін, – деп Горохов шығар ауызға беттей
беріп еді, Амнундак оған:
–Аннуирді осында алып кел! – деп барқ етті.
Жертөлесіне бара жатып Горохов жолдастарының кетіп қалғанына
шүбəланған жоқ. Алайда ол өзіне нұсқау қалдырғанына да сенеді олардың,
сонда да бұл қылығын онкилондарға қалай түсіндірмек керек, өз жағдайын
нашарлатып алмас үшін Амнундакқа айтар сөзін алдын ала жүйелеп, тігісін
жатқызып қою шарт. Кеткендер Кротқа еріп, соңдарынан қалмай жүрмесін
деп əдейі жертөлеге қамап кеткен Пеструха оны қыңсылап еркелей қарсы
алды. Оның көзі бірден ашаға жапсырып кеткен қағазға түсті. Жадында
жақсы сақтау үшін оны ол ежіктеп бірнеше рет оқыды да, Амнундактың
үйіне оралды.
–Ал Аннуир қайда? – деп оған Аннуэн бірден бас салды.
–Тоқтасаңшы! Əуелі айтып алайын да! Ақ адамдар жылы киімдерін əкелу
үшін өз тұрағына кетіпті. Көрмейсің бе мына қар мен суықты, ал олардың
киімдері болса, ана жақта жатыр. Маған да ала келмекші. Ертең кешке
оралады.
–Олар кетіп қалған болса, мұның бəрін сен қайдан білесің?
–деп айқай салды Амнундак.
–Міне, мынада жазылған, олар маған хат қалдырыпты. Мə, оқы! – деп
күлкісін əрең іріккен Горохов оған қағазды ұсынды.
Амнундак оны қолында бұлғап бəзбір қара белгілерді көрді де:
–Мұны бақсыға жіберемін, сенің айтқаның шын ба екен, сол ажыратады, –
деді.
–Онда олармен Аннуир неге кеткен? Оның жылы киімі осында ғой, – деп
бір жағынан қызғаншақ Аннуэн де қыстырылып қалар емес.
–Демек, ол оны сенен күштірек сүйеді! – деп Горохов та бір-ақ түйді.
–Сүюіме көсем тыйым салды – мен соның əмірін тыңдаймын.
–Міне, мəселе осында, күштірек сүйгендіктен де ол кез келгеннің көлденең
сөзін тыңдамайды.
–Ол оның тоқалы, өзі жабысқан…
–Доғар сөзді, қатын! – деп Амнундак оны тыйып тастады.
Ол өзі əлі не істерін білмей қолындағы қағазбен əлек. Кеткендердің ізімен
қуғын жіберсе ме екен, əлде Гороховтың сөзіне сеніп күте тұрса ма екен?
Қолда келімсектердің тағы да біреуі бар, олар жолдасын тастап кетпеске
тиіс деген ой келді оған.
Кенет оның басына ақ адамдар ана жолғыдай қасиетті көлді суалтқалы
кеткен жоқ па екен, онда да Гороховсыз барып еді деген бір ой сумаң ете
қалды.
Киініп ол жертөлесінен шықты да, үш жауынгерді шақырып алып, ақ
адамдар барған-бармағанын біліп келу үшін қасиетті көлге жұмсады. Үйге
келген соң ол Гороховқа:
–Басқаларың оралғанша сен осында, менің үйімде қал, –деді.
Түске қарай жұмсаған жауынгерлер қайтып келіп Амнундакқа:
–Қасиетті көлде ақ адамдар жоқ, – деді, – алайда олар болыпты онда. – Біз
қардан үш үлкен, бір кішірек із көрдік.
–Міне, көрдің бе, сен маған өтірік айтқансың немесе олар саған хатпен
өтірік айтқан!.. – деп барқылдады Амнундак Гороховқа қарап, сосын
жауынгерлерден: – қасиетті көл қайта суалып па екен? – деп сұрады.
–Жоқ, мəртебелі көсем, ол суалудың орнына үлкейе түсіпті, су кемерінен
асып, құрмалдық тасына баруға болмай қалыпты.
Судың кемерінен асқанын не жақсылыққа, не жамандыққа жорырын білмей
Амнундак қабағын түйді. Қашанғысындай қиын сəтте бақсыға иек артты.
–Көрген-баққандарыңды барып бақсыға айтыңдар!.. Айтпақшы, қардағы ақ
адамдардың ізі екенін сендер қайдан білдіндер? Олардың аяқкиімдерін
танушы ма едіңдер?
–Анығын айтқанда із аюдікі, – деді жауынгерлердің үлкені, – алайда ақ
сиқыршылар ізінен қайда барғанын бізге білгізбес үшін аюға айналуы да
мүмкін ғой.
Горохов қарқ-қарқ күлді. Оған онкилондар таңырқай қарады, ал Амнундак
ашу шақырып:
–Сен неңе жетісіп күлесің? – деп зекіді.
Онкилондарды ақ адамдардың құдіреттілігіне деген сенімнен тандыра
алмайтынын сезген Горохов өзін бірден тыйып, салиқалы жауап қатты:
–Маған олардың Аннуирді аюға айналдырып жібергені күлкі боп көрінді,
ойбай-ау, олар үшеу ғана еді, ал жауынгерлер төрт із көріпті.
–Иə, иə, төртіншісі кішірек, Шамасы, əйел ізі болуы керек! – деп
жауынгерлер қоштап қойды.
–Жарайды, бақсыға жөнеліңдер! – деп түйді Амнундак.
…Қайтып оралған жаушылар қасиетті көлге бақсының өзі барғысы келеді,
содан оралған соң тəуеп етуге отырмақ, құрмалдыққа шалатын бұғыны
дайындай берсін деген хабар əкелді.
Амнундактың əмірімен жауынгерлер басқан ізін аңдып отырған Горохов өз
төсегінде жатып онкилондарда осы жалғыз қалуым дұрыс па, əлде бұрыс па
деген ойға кетті. Тағы бір бақытсыздық бола қалса ғой, оны бұған жаба
бастайды, не жолдастарының кетіп қалғанына аударады. Немесе бұдан
қолынан келмейтін бірдеңе талап етіп, оны орындамаса қоқан-лоққы
көрсетеді… Бұлар ма, бұлар не ойлап таппайды дейсің!
Кетіп қалса ма екен? Жолдастары екі тəулік күтеміз деп уəде етіпті. Тек енді
мұны аңдып, бұра бастырмайды ғой. Кешкісін бақсының не айтатыны жəне
беймəлім. Осылай ол əбден құлазып кетер еді, жалғыз-ақ жанына отырып ап
əйелі Раку əрнені айтып көңілін аулайды.
Қас қарая бақсы да келіп, Амнундакпен сыбырласты да, ошақ басына
жайғасып, отқа жылытқалы сүйекті қолын созды. Оттың жалынына тесіле
қарап, ерні жыбыр-жыбыр етіп, үн-түнсіз козғалақтап қояды. Сосын басын
көтеріп алып:
–Уақыт болды! – деді.
–Қатындар, балаларды алып ақ адамдардың тұрағына барыңдар, ол бос тұр.
Қашан шақыртқанша сонда отырындар!
–деп əмір берді көсем.
Горохов қорқайын деді. Ақырғы рет анада əйелдерді шығарып жіберіп
бəтуаласқанда, артынан қасиетті көлдің басында құрбандыққа адам
шалынған еді. Оны да бүгін аяқ астынан əрнені айтып алдарқатып отырған
əйелінен есітті.
Бақсы бұл жолы да қанды құрбандықпен көлді кемеріне түсіреміз демес пе
екен? Онда құрбан болатын бұл ғой! Ол аяқ-қолы мұздап, жүрегі тоқтап
қалғандай болды кеудесінде.
–Əйелдермен сен де өз тұрағыңа тарт!.. – деді оған Амнундак. – Қатындар
байқаңдар, мынау ешқайда кетіп қалмасын, бұл үшін жауап бересіңдер!
Бұл Гороховтың көңілін аз-кем орнықтырайын деді. Құрбандыққа
шалынатын болса ғой, бұны бүйтіп əйелдермен жіберудің не қажеті бар
оларға.
Ол кетісімен Амнундактың екі жауынгерге оның жертөлесін сырттан
күзетуге əмір бергенін білсе, бұндай жайбарақаттық қайда оған.
Қаңырап қалған жертөлені əйелдер ойын-күлкі мен əзіл-қалжыңға
толтырып, отты жағып жіберді де айнала отырды. Горохов өз төсегіне
қисайып, қолын ұдайы іргесінде жататын мылтығына созды. Мылтық жоқ.
Оны кім əкетті? Жолдастары ма əлде? Мұны олар құдіретті қаруынан
айырып, тұлдырсыз қалдырмаса керек еді ғой. Онда олар патрондарын да
əкетуге тиіс. Горохов қоржынын ақтарып, тұтас бір қорап патрон тапты.
Зайыры, Амнундактың əмірімен онкилондар бүгін оның төсек-орнын
аударыстырып, нажағай мен жасын отын ататын зəрлі таяғын алып кеткен,
сөйтіп, мұны қорғанатын қаруынан айырған. Іс насырға шабайын деді,
мұның астарында бір сойқан бар.
Горохов өзіне Ракуды шақырып алып, əйелдердің күлкісі мен
қалжыңдарының арасында одан онкилондардың не ойы барын тұспалдай
сұрады. Ақ сиқыршылардың құдіреті мен кесепат-қырсығы туралы
əйелдердің алыпқашпа өсегінен артық жарытып ол ештеңе айта алған жоқ.
Кенет Гороховтың есіне базаға соңғы барғанда кетерде Амнундаққа тарту
етпек болып алып келген су жаңа мылтық түсті. Жолдастары оны ұмытып
кетпеді ме екен? Ұмытса, бұл деген бақыт! Ол Горюнов төсегінің басында
бөлшектеліп оралған қалпында жататын-ды, тапса да оны онкилондар
нажағай мен жасын отын ататын сол деп білмейді. Оның орнында баржоғын Гороховтың қазір тексеруі керек. Бақсының зікірі аяқталған соң өз
өмірін қорғау үшін бұған мылтық əбден қажет болуы мүмкін. Жалма-жан ол
Ракуды құрбыларына қарай жіберіп, бұрышта жатқан көңілді əрі құрметті
орын деген желеу айтып, аздан соң ол Горюновтың төсегіне ауысты.
Қисайып жатып ақырын ғана ол төсеніштері мен шөптің арасына қолын
сұғып буманы тапты. Ал оны қалай ашып, əйелдердің көзіне түсірмей
қайтып жинамақ керек? Бұлардың көзін немен алса екен? Əлде мұны да бір
сиқыр деп түсіндіріп, бəрін көз алдында жасаса ма? Асылы, осы жөн болар
– олар қағаз бен бөлшектен үрейлі таяқ өсіп шығатынын көрсін.
Буманы суырып алып, əйелдермен қатарласпай төсектің шетіне отырып,
«кісіжегіштерден тартып алған мына шоқпардан нажағай мен жасын отын
ататын таяқ жасаймын» деді. «Ой, керегі жоқ!» деп кейбір əйел баж ете
қалды, көпшілік жағының жеңсігі жеңіп кетті. Астананың дүкенінде буып
байланған орауды шешіп, Горохов оның жібін бұрын мұндайды қолына
ұстамақ тұрсын, көрмеген əйелдерге берді. Жіп қолдан-қолға жүгіріп түсер
емес. Сосын ол онкилондар өмірі көрмеген орау қағаздың үлкен парағын
жазып еді, ол да қолдан-қолға көшіп, «жұқа сары былғары» бəрін таңтамаша етті. Отқа тым жақын ұсталған бір парақ лап ете қалғанда терінің
бұлай жанғанын көрмеген олар əрі таңданып, əрі шошып шар ете қалды.
Жұрттың назары жайған қағазға ауып отырғанда Горохов шапшаң жинап,
қосауыз мылтықты əзір етіп, көздеп көрді де:
–Міне, таяқ дайын болды! – деді.
Жақын отырған əйелдер шалқая беріп, одан қазір жасын оты жарқ ете
қалады екен деп шыңғырып қалды. Горохов оған күлді де түсіндіре бастады.
–Қорықпаңдар, нажағай тек маған қастық ойлағандарға ғана атылады, ал
сендер ізгі жанды əйелсіңдер.
Бұл көзбояушылықтың əсері күшті болды: əйелдердің кейбірі «боз
сиқыршыны» (Гороховты олар қара торы өңіне қарап өзгелерден айыру үшін
осылай атайтын) бүгін қарусыз қалдыру үшін зəрлі таяғын алып қойғанын
білетін. Міне, көз алдында ол жай бір шоқпардан жаңа зəрлі таяқ жасап ала
қойды. Мұны ерлерге сөзсіз жеткізу керек.
Жаңа мылтықтың жанында болған бір қорап патронды қажет кезінде оқтай
қою үшін Горохов қалтасына салып алды. Мылтық тауып алып
қобалжығаны сəл басылайын деді. Көңіл күйі де көтеріліп, мылтықты
қолына алып:
–Ал енді, əйелдер, өткен жолы бізде қонақта болғандағыдай билеңдер.
Сыйлыққа мынау былғары мен таспа жіпті беремін. Бақсы рухын шақырып
болғанша билеңдер. Зəрлі таяғы бар сиқыршының айтқанын істеуге тура
келді.
Сонда да əйелдер биге құмар еді, əсіресе жылдай ұзақ поляр түндерінде көп
билейтін, ал қазір де қыс емес пе, қар түсті де ерімей жатып алды.
Жертөлеге кіре шешінбегендер енді шешінді. Ана жолғыдай лаулаған оттың
айналасында би басталды. Горохов Горюновтың төсегіне қисайып жатып,
қорқорын сорып қойып билеген əйелдерден көз алар емес. Алайда бұл жолы
əйелдер құлап жығылғанша билей алған жоқ, бір жауынгер келіп зікір
аяқталғанын, енді үйге қайтуға болатынын хабарлады.
–Раку осында менімен қалады… – деді Горохов. – Раку! Естіп тұрсың ба?
–Амнундак, сен де соның үйіне келіп жатсын деген, – деді жауынгер.
–Амнундаққа айт, мен өз тұрағымда ұйықтайын жəне Раку менімен қалады!
– деп кесіп айтты Горохов.
–Амнундак айтты, – деп тағы міңгірледі жауынгер.
–Мен онкилон емеспін жəне Амнундакқа бағынышты емен, – деп оның
сөзін Горохов тыйып тастады. Ол маған бұйрық бере алмайды… Раку, бері
кел.
Киініп жатқан əйелдер бір-біріне таңырқай қарасып сыбыр-сыбыр етісті де,
жауынгер аңырып тұрып қалды. Күні бүгінге дейін білдіртпей қастандық
жасап, апат əкеліп жүрсе де, ақ адамдар мұндай сөз айтпайтын, көсемнің
көңілін табуға тырысатын. Ал қазір жалғыз қалып «боз сиқыршы» былай
сес көрсетеді, өзге əйелдермен кетерін де, Гороховпен қаларын да білмей
Раку тұр.
–Раку, саған айтып тұрмын, бері таман, маған кел! – деп айғайлап жіберді
Горохов.
Осынау əмірлі үн əсер етіп Раку оның жанына келді.
–Міне, мында отыр, Раку! Бəрі кеткесін кешкі асымызды ішеміз.
Балаларын алып əйелдер, бірінен соң бірі үйден шықты; жауынгер əрі-сəрі
болып тұрды да, ақыры ол да кетті. Раку тізе бүгіп отырып күбір етті:
–Амнундак енді қатты ашуланады. Осында қалғаным үшін мені
жазалайтыны хақ.
–Қорықпа, ол саған ештеңе істей алмайды. Көресің ғой!
Ал енді шай қайнат.
Гороховтың салқын сабырлылығы əсер етіп, келіншек үй шаруасына
оралды. Олар алаңсыз ауқаттанып алып, жатқалы жатыр еді, есік ашып,
қарулы төрт жауынгер кіріп келді.
–Амнундак айтты: менің үйіме қонақ болғысы келмесе
–сонда-ақ қала берсін, – деді олардың үлкені. – Алайда ол сен қорғансыз
қалмас үшін бізді жіберді. Орын бар, осында ұйықтаймыз.
«Данышпанның айласын-ай!» – деп ойлаған Горохов:
–Амнундак өте жақсы ойлап тапқан! – деді дауысын көтере. Онда екеуің
анау араға жат, – деп Ординнің төсегін нұсқады, – ал екеуің мында жайғас,
– деп өзінің бұрынғы орнын көрсетті. Өзге ақ адамдар оралғанша мен
құрметті орынға жатуға тиістімін.
Үш жауынгер шешінбестен жатты да, біреуі от басында отырды.
–Өзге ақ адамдар сияқты білдіртпей тайып отырмасын деп сені аңдуға келді
бұлар, – деп үрейлене сыбыр ете қалды Раку.
–Олар бізді вампулардан, аю мен жер үсті жын-перісінен қорғауға келді,
аңқауым! – деді Горохов байсалды ғана. Əрине, Амнундактың айлашарғысын толық түсініп отыр.
Ал түнде ол біраз сақтық жасады: бір бытыра, бір жарқыншақ, екі оқпен
оқталған мылтығын алып өзі іргеге жатты, Пеструханы төсегінің аяқ
жағына қойды. Ұйықтап жатқан иесіне иттің ешкімді маңайлатпайтынын
Горохов жақсы білетін.
Түн тыныш өтті. От басындағы жауынгер ұйықтап жатқандардың бірімен
алма-кезек ауыстырылып тұрды; ол отты үстеп қойып, қолына найзасын
ұстаған қалпы, бағанға арқасын сүйеп қалғып отырды. Горохов қатты
ұйықтады да, Раку əлсін-əлі аунақшып тынши алмады: ертең Амнундак не
қылады деген ой оны қайта-қайта мазалай берді.
Таң атқан сон жауынгерлер кетті де, оның орнына ізінше Аннуэн мен екі
əйел келді. Горохов əлі ұйықтап жатқан. Раку сол замат төсектен тұрып
əйелдердің жанына келіп, рухтардың бақсыға не аян бергенін, Гороховтың
қарсылығына, мұның мойынсұнғанына көсем қалай қарағанын сұрастыра
бастады. Алайда алдын ала нұсқау алған ба, əйелдер ашыла сөйлемей:
–Рухтардың не аян бергенін біз білмейміз. Амнундак жауынгерлердің
айтқанын тыңдады да, келісімін білдірді, түнде оны үйіңде өзін де есіттің,
ал сен туралы лəм-мим деген жоқ, – дей салды.
Ракудың көңілі осымен орнығып еді, оянып оның сұрастырғандарының
нəтижесін білген Горохов оған қанағаттанған жоқ. Оған ең керегі – түнде
бақсының не деп арбап кеткені. Күні бойы ол өз үйінде, аздап таза ауада
болды да, көсемнің жертөлесіне əлденеше барлауға барып келген Раку
ештеңе өндіре алмады. Алғаш ол Амнундактың əмірімен ұстап алып,
əйелдер тыржалаңаш шешіндіріп сабайды ғой деп жүрексініп барған еді.
Əдетте ұрысқаны, ақылға бақпағаны, жалқау болғаны үшін əйелдерді
осылай жазалаушы еді. Алайда Амнундак оның келгенін көрмегендей, көңіл
де аудармады.
Кешкісін Гороховқа Амнундактың өзі келіп, от басына жайғасты да, сөз
бастады:
–Сен менің қонағым болғың келмеді, міне, енді өзім келдім… Сен ғой кеше
ақ адамдар бүгін оралады дедің. Түн болды, бірақ олар əлі жоқ. Тағы не
айтасың?
–Көріп отырсың ғой, қар қалың, оппалап жүру қиын, оларда шаңғы жəне
жоқ, содан кешігіп жатқан шығар. Түнде не ертемен келіп қалуы керек.
–Шаңғыны онкилондардан неғып алмаған олар? – деп Амнундак аз-кем
үнсіз қалды да, сөзін əрі қарай сабақтады.
–Таңертеңге дейін тосайын. Егер келмесе іздеуге жауынгерлер жіберемін,
бір кəдікке ұшырады ма екен, біліп қайтсын.
Ол əлі де аз-кем отырып, қар қалың түсіп, ерімей жатып алғанына, қыстың
табаны күректей бір ай бұрын түскеніне қапаланып, осыған онкилондар
қатты алаң болып отырғанын айтты. Сосын тұрды да кетіп қалды. Оның
ізінше жолдастарының күні бойы осы жертөледе болған əйелдері де кетуге
жнналды. Кетіп бара жатып олар Ракуге:
–Раку, келіп сүт пен шелпек алып кет, – деді.
Ыдысын алып солармен бірге кеткен Раку қайтып оралған жоқ. Оның
орнына қоналқаға тағы да төрт жауынгер келді. Горохов Ракуды көп күтті,
ақыры жібермей қойған екен деп түйді ойын. Күні бойы ол өз жағдайын
таразыға тартып, жападан-жалғыз Амнундакпен қарсыласа берудің
жақсылыққа апарып соқпайтынын, оның қатерге бас тігу екенін түсінді,
ерегестіре берсе, олар айламен де, күшпен де мылтығын тартып алып бақсы
не айтса, бұған соны істеуі айдан анық. Екі тəулік күтуге уəде еткен
жолдастарын мұның куып жетуіне де болады. Уəделі мерзім ертең кешке
ғана өтеді. Осылай ол бүгін түн қашпаққа бел буды.
ҚАШЫП ШЫҒУ
Бағана қас қарайып келе жатқанда-ақ Горохов өз төсегінің тұсынан
жертөленің сырт жағындағы шымын алып, қармен жауып қойған. Жерге
қадай сап, үргіге қадап қойған бірнеше сырғауылды қазір еш сиқырсыз
суырып алуға болады. Таң алдында, əсіресе, ұйқы қатты қысып, күзетшілер
қалғыған тұста сол тесіктен білдіртпей сыртқа шығуға мүмкіндік бар.
Аннуирдің өнегесін ұстанып Раку де бірге кетеді деген Гороховтың үміті
күшті еді. Қоржынын да қамдап қойған-ды. Раку қысқы киімін киіп ап
жүрген. Қашып кеткенін таңертең ғана біледі, себебі төсек орнында қалады.
Пеструха да əзір жата тұрады – кейін іздеп тауып жетер, тесікті сыртынан
жауып тастайды. Қапелімде абыржып олар жиналып үлгергенше, бұлар он
шақты шақырым ұзап та кетеді, екі жұп əйел шаңғысы да сайланып,
кешкісін қарға жасырылған-ды.
Ракудың оралмауы Гороховты қатты опындырды, оны ол жанындай жақсы
көріп, əуел баста бір сол үшін онкилондармен қалып еді. Енді онсыз кетуге
тура келіп тұр. Əй, бірақ сол кетуге көнбей, дабыл қағуы да мүмкін ғой.
Асылы, оның жоғы да жөн болар.
Горохов ұйқыға ерте бас қойып, Пеструханы өз төсегіне алып жатты, енді
мұны өзімен бірге алып кетуге болады. Жатқалы жатып ол от басында
отырған жауынгерлер естісін деп дауыстап:
–Раку келмей қалды. Ит ертең мені оятып, ас əзірлеп беретін болады, – деді.
Түн ортасына таман қатты жер асты дүмпуі қалғып отырған қарауылды да,
Гороховты да оятып жіберді. Жертөленің сырғауылдары сықырлап,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 17
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.