Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 15

Total number of words is 4094
Total number of unique words is 2103
34.0 of words are in the 2000 most common words
49.3 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сондықтан араға бірер таяныш жасау керек, мынау базальт қабатта ол тақа
алынбас асу да емес. Бірақ жұмысы бір күнге қаптал.
Алаңды шолып шығып Горюнов:
–Қалай қарайсыздар, бүкіл жүк пен нарталарды осында бүгін-ақ шығарып
қойсақ қайтеді? – деген ұсыныс айтты.
–Оның не қажеті бар? – деп сұрады Костяков. – Төменде түнеу қолайлы,
мұнда ұйқылы көзбен құздан құлап кету де кəдік.
–Түнеуін төменде-ак түнеп шығуға болады, бірақ ауырымыздың бəрін қазір
жеткізіп қоялық. Оның себебі бар. Қалдырып кеткен хатымызға қарағанда,
біздің бүгін кешке тұрақ-мекенге қайтып оралуға тиіс екенімізді
Гороховтың Амнундакқа айтуы керек. Біздің жоқ екенімізді көріп, оның
қуғыншы жіберуі шəксіз, ал онкилондар жол дегенді біледі. Қуғын ертең
ерте келеді, жүгіміз жерде болса, бəрімізді ұстап алады, ал біз онкилондарға
мылтық кезеуге əлбетте батпаймыз. Жүк жоғарыда болса, өзіміз шапшаң
көтеріліп ап, баспалдақты қиратып кетеміз. Қараңыздаршы, жақпардың
жоғарғы он метрдей бөлегін қашауға көп уақыт кетпейді, оған шығуға
ешкімнің де батылы бармайды.
–Асылы, осының дұрыс! – деп келісе кетті Костяков.
–Ал иттер қайтпек? – деп сұрады Никифоров. – Алаң оларға тар болады.
– Олар да төменде түнеп шықсын, жүксіз жүгіріп шығуы қиын емес.
Осы байламға тоқтаған олар уақыттың қалғанын пайдаланып, жүкті жоғары
шығаруға кірісті. Бұл онша оңай да болған жоқ. Ойып жасалған баспалдаққа
қарамастан жүгі ауыр нарталарды иттер еңістен тік шығара алмады да,
талай тəсілдер қолдануға тура келді. Сондықтан қас қарайғанша
мықшыңдап, ақыры, не керек, күллі жүкті, сақтық етті, отын мен
нарталарды апарып алаңға орналастырды-ау. Төменде төсек-қап пен ас-су
ішетін ыдыс-аяқтар ғана қалды.
Қысқа деп дайындаған отынның көптігі аюларды маңға жолатпау үшін отты
маздатып мол жағуға мүмкіндік берді. Никифоровтың айтуына қарағанда
аюлар əлденеше мəрте болыпты, өзін олардың маймақ аяғынан, етті
талапайға салудан мұз апандағы күрке ғана сақтап қалыпты.
Белуханың сақ-қырағылығының арқасында уақтылы оянып, апан
аузындағы тақта мұзды тасалап тұрып, ет қоймасының аузындағы үлкен
мұздарды лақтыра бергенде талай түнгі қонақты атып, қуып жіберіпті.
Ас үстінде ол екі дүркін жер сілкінгенде қатты қорыққанын айтты: ол жер
ойылып кетеді екен деп апаннан атып шығыпты. Құздан тас құлап,
бұршақтай жауып тап жанына түсіп жатыпты, жерде жарық пайда болыпты.
Жұмыстан шаршап жығылған жиһангездер Крот пен Белуханы күзетке
қойып, алаңдағы төрт оттың ортасына жайғасып қатты ұйықтап кетті.
Алайда оларды қатты жер дүмпуі түн ортасында оятты. Басын үрейлене
көтеріп, олар тың тыңдады: жер астынан бейнебір ойқы-шойқы тақтай
көпірмен ауыр жүк артқан көлік тасырлап бара жатқандай дүңгір естіліп,
оған алыс-жақын жерде жардан құлаған қойтастардың гүрсілі қосылып,
төңірек түгел жаңғырығып кетті. Осы шудың бəрін ұзамай мұз апанға
қамалған иттердің үздік-создық ұлыған дауысы естіртпей жіберді.
Жар етегінен жырақ ашық аспан астында жатқандықтан жиһангездердің
ешқайда жүгірер реті жоқ еді, сондықтан олар үрейленсе де, төсек-қабында
түрегеп отырды да қойды. Ұзамай тағы бір қатты дүмпу ұрып өтті:
жатқандар оның сəл көтере солқ еткізгенін жақсы сезді, жанып бітуге
жақындаған от жалыны шайқалып, шоқ пен шала жан-жаққа ұшты. Тақау
маңда бірдеңе гүрс құлап, жақында ғана ішінде шатыр тұрған, өзі сонда бір
түн қонып шыққан үңгірдің алдында жатқан Горюнов төбеден бірнеше мұз
тақтасы құлап
түскенін көрді.
–Үңгірде емес, ашық аспанның астында жатқанымыз біздің бақытымыз
екен! – деді ол дауыстап. – Қазір ғой, анда жатсақ, мұз басып қалады!
–Иттерді езіп тастап жүрмей ме үйшігі құрғыр! – деп қауіп ойлады Ордин.
–Езе қоймас, олардың апаны үлкен емес жəне күртіктің ең қалың жерінде
тұр.
–Шығарса олар тым-тырағай қашады, – деп сақтық айтты Никифоров. –
Оларды байлап қоятын да ештеңе жок
–нарталар жоғарыда. Мейлі, тұра тұрсын.
Алайда бірінен соң бірі үстемелете ұрған бірнеше дүмпу əлгі шешімді
жиһангездердің өзгертуіне мəжбүр етті. Əлде бір қатер сезді ме, иттер азанқазан ұлып, шыдамай кеткен Никифоров қолына балта ап, толқында
тербелген кеменің палубасындағыдай шайқатылып барып үңгірдің аузына
қалаған тақта мұздарды оңды-солды атып, хайуандарды босатты.
Бейшаралар сыртқа лап қойып, есінен адасқандай бірінің үстінен бірі
қарғып, атқып-атқып шықты да, ұлуын табан аузында тыя қойды, сосын
бірнеше қадам жүгіріп барып, бір жерге ұйлыға қап, құйрығын бұлғаңдатып
каюрына қарады. Никифоров қайыс-саймандарын əкеп, үш жегінді де ұстап,
бөліп байлап, оттың айналасына үш жерге қойды. Сосын ол үш үңгірдің
үшеуіне де үңіле қарап, қайтып келді де:
–Төбеттердің тынышсызданатын реті бар екен, – деді.
–Тұп-тура төбесінен мұз жарылыпты, жарығына қол сыйып кеткендей. Енді
болмаса дəу сең құлап кеткелі тұр екен.
–Ал бүгін түнде онкилондар жертөлесінің, бəлкім, барлығы құлаған шығар,
– деді Горюнов.
–Бұл апатты енді олар біздің кетуімізге телиді, – деп бір ойдың ұштығын
шығарды Костяков.
–Əлде біздің біреуіміздің қалып қойғанынан көріп жүрмесе! – деп күдік
білдірді Ордин. – Енді Горохов кетем десе де сытылып шығуы қиын.
Аннуир көзіне жас ала отырып үнсіз тыңдады. Оның тұқымына, тайпасына
түгел жаңа опат төнді, оларды тастап кетсе де туыстар қайғы-қасіреті
қабырғасына қатты батты.
–Бəлкім, бұл жолы жер жақсылыққа бола сілкінген шығар, – деп оны
жұбатуға жан салды Ордин. – Егер бұл ыстық су мен будың жерасты жолын
қалпына келтірсе, жылылық қайта орнайды, онкилондардың өмірі бұрынғы
арнасына түседі, ал жертөле салып алу қиын емес.
Суықтың неліктен ерте түскенін Аннуир біліп те алған, сондықтан
Ординнің жорамалы аздап көңілін орнықтырайын деді, жүзіне мейірім төге
қарап, баяу ғана оның қолын сипай берді.
–Олар үйді біздікі құсатып неге салмайды осы? Біздің жертөле ғой, бəлкім,
құлаған жоқ шығар, – деді ол ақыр аяғында.
–Бəлкім, біз кеткен соң солай сала бастар да.
«Сиқыршылар» кетті, үйі құламай əлі тұр деп себебіне бір үңілер, – деді
Горюнов.
–Ал осы жанартаудың ендігі атқылауы терістік бөліктен басталып жүрмей
ме? – деп өзінше болжам айтты Костяков. Барлығы еріксіз терістік жаққа
қарады. Қалың тұман тұмшалаған аспан қап-қара, жер бетіне лава
көтерілгеннің
белгісі боларлық қызыл ұшқынның жұрнағы да білінбейді.
Дүмпу ауық-ауық қайталанып тұр, бірақ алғашқысындай емес, бəсең.
Ақыры, не керек, қалжырап жығылған олар қалғып кетті.
Алайда ұйқы оңбады, бұзыла берді: бірде бірі, бірде екіншісі оянып,
төсектен басын көтеріп алып, жан-жағына үрейлене жалтақтайды, бəрі
тыныш: күртік құламай, от жанып тұрғанына көзі жеткен соң сылқ етіп жата
кетеді. Никифоров əредік орнынан тұрып, отқа ағаш салып жатты.
Осылайша бұл бір қорқынышты түн əрең өтті.
Міне, шығыс беткейдің бұлты жарқырап бұрын бұлай байқалмаған күн
шұғыласымен арайланды. Бұлттың бергі жағында жақынырақ құзқабырғаның жота шыңдары ап-айқын көрініп, басынан қар жалтырады.
Терістіктен орман танаптары менмұндалап, күртік өсіп, ағара түскендей,
оттың жарығы пəс тартқандай көрінді. Қалғып жатқандарды таңғы суық
оятты.
–Əбден жарық болғанша шай қайнатып ішпейміз бе? – деп ұсыныс жасады
Горюнов. – Сосын жоғарыға барып, қуғын жеткенше жұмысқа кіріселік.
–Бұл да жөн! – деді орнынан атып тұрған Никифоров.
–Кетер болсақ, уақытында кетейік!
–Санников жерінің жылытқышы қалпына келсе, кетудің де қажеті болмас, –
деп өз ойын Ордин дауыстап айтты.
–Бүгін көреміз: жылы болып, қар кете бастаса, сіздің болжамыңыздың
дұрысқа шыққаны.
Таң əлгіндегіден де ағарды. Жыртылған бұлттар шығыста қанқызыл бояуға
малынды. Терістіктегі қара орман танабы тіпті айқындала түсті. Ойпаттың
екі жақтағы аңғар жары түнде қаншама тас құлағанымен, қазқалпындағыдай қарауыта созылып барады.
Никифоров отты көсеп қойып, құманды алды да, күртіктің аяғындағы су
көсіп алу үшін ойып қойған кішкене бастауға тартты. Бара бере зəресі
ұшқан казактың жан даусы шықты:
–Көкем-ау, су қаптап келеді, су!
Түтіні мен жалыны таяу жерді көлегейлеп тұрған оттың жанымен бəрі
солай қарай жүгірді. Жүгіріп келіп, таң қалып қалшиып тұрып қалды.
Күртіктен жүз метрдей төменде созылып жатқан, жақында ғана қардан
көрінбей қалған жатаған тастақты төбені лай су алып, бұталы шұбарға дейін
жеткен. Бір-ақ түнде пайда болған осынау жаңа көл көз ұшына дейін көлкіп,
ойпат аңғарының етегіне дейін жеткен, тек күртік жатқан түстік бұрыш қана
аман. Күртіктің астынан шығатын бастау бұлақ сылдырап, жиһангездерді
өзге əлемнен бөліп тастаған жаңа көлге құйып жатыр.
–Мəссаған, жер сілкіністен кейін лава орнына су атқылағаны ғой! – деп
тыныштық қаймағын Костяков шайқады.
–Қараңыздаршы, əне, су бізге қарай қаптап келе жатқан сияқты! – деп
дауыстады Ордин. – Ол барған сайын көбейіп барады.
Барлығы жағаға жақындады да, ілгері лықсыған суды көрді, көздерінің
алдында жерді жауып жатқан қар бойына су жинап, еріп, шөге бастады.
Оның орнын қар жентектері қалқыған су басты.
–Ал жолдастар, енді алаңдар ештеңе қалған жоқ! – деп дауыстады Горюнов.
– Затымызды алып жоғарыға шығайық, жарты сағаттан соң тұрағымызды су
алады.
–Апырау, одан əрі жол жоқ емес пе! – деп қарсылық білдірді Костяков. – Екі
ортада қамауда қап жүрмейміз бе?
–Су текше тасты да қарық қылар деп шынымен қорқасыз ба? Текше тас
ойпат табанынан жүз метр биікте тұр, су оған жеткенше жоғарыдағы
жолымызды аршып та аламыз.
–Жоғарыға жүкті кеше шығарып алғанымыз қандай жақсы болған! Бүгінге
қалса ғой – үлгере алмаймыз, – деді Ордин. От басына қайтып келіп олар
керек-жарағын жинады да, күртіктің үстіне шығарып қойды. Содан соң
қарық болғалы шақ тұрған қоймадан түбі қажет боп қалар деп біраз ет алып,
баспалдақты жағалай отын үйді – осының бəрін бірте-бірте жоғары көтеру
керек. Соңғы бөлеңдерді олар күртікке жетіп
те қалған суда жүріп шығарды.
–Жарайды, енді иттерді жетелеп көрелік! – деді Никифоров.
Иттер тықыршып əрең тұрғанды, күртіктің тік жотасымен жоғары қарай
жүгіре жөнеліп, тайып құлап, улап-шулады. Сосын Никифоров, Ордин жəне
Костяков бір-бір жегіннен алып, баспалдақпен жоғары айдай жөнелді.
Заттардың бір бөлегін ұстап Горюнов пен Аннуир алда жүріп отырды.
Жоғарыға шықты да, олар айран-асыр, таң-тамаша болып тұрып қалды.
Осының алдында ғана күртіктің жоғары жағы текшемен бірдей болып
тұрған, енді қараса арасында биіктігі бір метрдей үңірейген жар тұр.
Зайыры, жер сілкінудің салдарынан күртік төмен сырғып, көшкен немесе
ойпат табаны түсіп кеткен. Иттердің алғашқы тобы сол жарға тіреліп
қыңсылай бастады да, əрқайсысын бөлек алып, биікке қолмен шығаруға
тура келді. Алаңға шыққан соң иттер арсалаңдап, нартадағы етке бас салып
Никифоровты көп əуреге салды, оларды бір-бірлеп əрең ұстап, бір бұрышқа
байлады да тастады. Қалған жігіттер күртіктің бас жағында қалған көмбені
алып келуге кетті де, Аннуир шай əзірлеуге кірісті, алаңда жаңа қардың
қалың жауып қалғаны ерітіп су алуға жақсы болды.
Барлық зат жоғары шығарылған соң ертеңгілік асқа дейін жиһангездер
төңіректі түгел шолуға мүмкіндік алды. Текше тастан ойпаттың біраз бөлегі
көрінеді екен, бірақ көз жеткен жердің бəрі көлкіген су, барлық алаңқай
көлге айналып, ормандар арал не мойнақ болып қарауытады. Көтеріліп келе
жатқан күн шұғыласына шағылып, күмістей жылтыраған су үрейден гөрі
үйлесімді суретті алға тартады: текше тастардың аппақ белдігі айнала орап,
қарлы жаңбыр басына тəж боп қонған қап-қара құздардың кемерін беті
алашабыр аралдар мен түбектер айшықтаған шалқар көл кернеп, толқын
толқып жатқандай.
Алайда осы арада əлгінде ғана тұтас бір адамдар тайпасы өмір сүріп, санталай төрт аяқты жануарлар жайылып жатыр еді-ау дегенді ойлағанда, төбе
шашың тік тұрады. Солардың бəрі қарық болғаны ма? Адамдар ағаш басына
шығып амалдар-ау, алайда онысы қаншаға бармақ? Су осылай үстемелете
берсе – ерте ме, кеш пе – бəрібір қарық болады ғой; осылай тұра бергеннің
өзінде суық пен аштықтан өлуі жəне хақ. Хайуандарға тіпті барар жер жоқ,
ойпаттың құз кемерінен таутеке мен құс қана аса алады. Санников жері енді
алып бір тұзақ сияқты.
Текше таста тұрған кісілердің басында осы ой аласұрды. Ағаш басына
шығып жан сауғалаған біреу-міреу көрінер ме екен деп олар дүрбімен көз
жетер жердің көбін шалды. Жақыннан ондайларды ұшырата алмады, ал
алысырақ ормандар бер жағындағылардың тасасында көзге көрінбейді.
–Ақылын мен таптым! – деп дауыстап жіберді Ордин.
–Бізде қайық бар ғой, соған мініп Гороховты, көзге түскен онкилондарды
құтқаруға барайық.
Осы сөзді айтуы-ақ мұң екен, Аннуир жұп-жұмсақ білегін оның мойнына
орап, бетіне бетін тақап тұрып күбір етті.
–Дұрыс-дұрыс, құтқаруға аттаныңдар, енді олар сендерге еш жамандық
істемейді.
–Желқайықпен орман үстінен қалай өтпекпіз? – деп сұрады Костяков.
–Барлық жерде аң жүретін сүрлеу бар, қазір олардың бəрі канал – бұл бір,
екіншіден, ойпат жағалай жатқан тастақ төмпелердің бірі көрінбейді, түгел
су басып қалған, – деп оның жауабын Горюнов берді.
Апыл-ғұпыл ауқат жасай салып, нарталардан байдарканы түсіріп,
құрастырды да, рулі мен ескегін орнатып, бір қапшық кепкен ет, бір шөлмек
спирт, іркіп сақтаған азын-аулақ кепкен нан, арқан жəне балта салды.
–Бəріміз бірдей барудың, əрине, еш қажеті жоқ! – деді Горюнов. – Екі адам
жетеді, əйтпесе ешкімді де құтқарып жарытпаймыз. Рульде біреу отырып,
екіншісі ескек ессе болды, солай алмаса береміз. Кім барғысы келеді?
Никифоров иттерге қарау үшін қалуы керек, Аннуир ескек есе алмайды,
енді қалған үшеуінің арасынан шығуы тиіс баратындар. Ақыры, Костяковты
да осында қалдыруға келісті.
–Қалғандарына да жұмыс табылады, – деді Ордин. – Сендер бір күннің
ішінде жартастан жоғары қарай баспалдақ жасап қоюларың керек.
Байдарканы арқанмен күртік жотасымен сырғытып, тереңдігі метрге
жуықтап қалған суға түсірді. Горюнов рульге отырып, Ордин ескекті алды
да, Санников жерін жауып жатқан лай сумен желқайық жеңіл ытқып жөней
берді.
ЖЕР БЕТІМЕН ЖҮЗУ
Жүгі жоқ, жеңіл əрі жылдам жүзетін желқайықтың шапшаңдығын сағатына
он шақырымға апаруға болады, Демек, үш сағаттың ішінде Амнундак
тұрағына жетіп бару қиын емес. Ойпаттың шет жағының ашық суымен, таяз
тұстың қойтасына соғылып қалмас үшін жарқабақтарға онша жақындамай,
орман бауырын жиектей жүрді. Ықылым жылдар жер қыртысын жауып
жатқан өлі жəндік, қу жапырақ, шөп-шөлең құжынап бетіне шыққан лай
сумен желқайық жеңіл сызып келеді. Горюнов ара-тұра сырық тастап,
судың тереңдігін өлшеп қояды – бір метрден асып кетіпті ол. Ойпаттың суы
аз жағына қашып құтылмаса, ірі хайуандардың өзі қарық болуы шексіз. Ал
су баспаған жер бар ма екен, əй, болуы да мүмкін-ау. Жүргіншілерді
мазалаған енді осы ой болды.
–Осынша нөпір су қайдан келді деп басымды күні бойы қатырып кслемін, –
деді Ордин. – Уақытша кідіріп қалған жерасты суының арнасы осы жерге
айналып кеткені ме сонда?
–Су ойпатқа теңізден өткен жоқ па екен? Теңіз тіпті жақын ғой жəне
қасиетті көлдің көмей-қуысы сияқты қатынас жолы бар! – деген болжам
айтты Горюнов.
–Онда су ащы, тұзды болуы керек. Дəмін татып көріңіз. Горюнов
алақанымен көсіп алып ішті де түкіріп тастады.
–Ап-ащы тұзды су, тек теңіздікіндей емес.
–Ол да түсінікті. Бұл жерде ол көл суымен араласып, бойына қар сіңірген.
Теңіз суы құйылған болса, ойпат табанының төмен түскені енді айдан анық.
–Ондай болса, су бұдан жоғары көтерілмейді ғой. Жеткен деңгейі осы
болуы керек.
–Бұл алдымен ойпат табанының қанша төмен түскеніне, сосын көмей қуыс
диаметрінің ойпат көлеміне қатысына байланысты: көмейқуыс тар да, аңғар
орасан ауқымды, сондықтан су теңіз бетіне теңелу үшін көп уақыт керек. Ал
табанның қанша түскенін біз білмейміз. Ойпат табаны таба нан сияқты
тұтас түсе қойды деп ойлау да қиын, бəрінен бұрын ол танап-танапқа
бөлініп, əрқайсысы əр деңгейде түсуі ықтимал.
–Демек, кей танаптар орнында қалып, жан-жануар соған паналауы мүмкін
ғой.
–Солай деп ойлап, солай үміттенуге болады – онда ол Санников жерінің
халқы үшін зор бақыт.
Желқайық судан басы ғана қылтиып тұрған бұталардың жиегімен
сыдыртып келеді; бұл бұталардың сол қанаты еңселене келіп орманға
ұласады да, оң қанаты барып, жардың етегіне тіреледі, оның бер жағында
екеуіне де жуыспай, аралдай оқшырайып қойтастар жатыр. Жарқабақта əр
тұстан таутекелер көзге түседі, кейбірі тыпыр етпей суға телміріп, кейбірі
ерсілі-қарсылы безіп жүр жануарлар! Бұл бейшараларға аштық, ажал төніп
тұр, себебі бар азығы шөп пен мүгін су басып қалды, ал текше тастар түк
еспейтін қу тақыр. Судан шығып тұрған қойтастардан тастақ төбелерді
мекендеген көртышқан, сарышұнақ, егеуқұйрық сияқты ұсақ жəндіктер
байқалады, олардың арасындағы бірді-екілі қоян алып сияқты көзге ұрады.
Біріне-бірі жабысып бұл мақұлықтар аштық аранына мойынсұнып отыр.
Жақынырақ бір қойтасқа шүйіліп келіп бір қыранның қоянды іле
жөнелгенін, онан қорқып тырағайлай қашқан қалған жəндіктердің шолпшолп суға түскенін де жиһангездер көріп келеді. Оңай олжа іздеген басқа да
қанатты жыртқыштар аспан шарлап, қойтастарға қайта-қайта шүйіліп жүр.
Бұл олжа мың күн азық бола ма, бəрібір олар да аштық ажал тырнағына
ілігеді ғой. Бір жартаста олар ошарылып тұрған түлкілер мен қасқырларды
көрді, жанынан жүзіп өткен адамдарды көзімен ұзатып сап бірі тұр, бірі
жатыр жазғандардың.
Екі сағаттың шамасында қасиетті көлдің тұсына келді, оны екі жағынан
жарты шеңбер жасай қоршаған құздан ғана айырды. Бұл кезде ескекке
ауысып отырған Горюнов есудің қиындай түскенін байқады. Желқайықты
тоқтатып, ағынға қарсы келе жатқанын аңдады, су қышқылтым тұзды əрі
таза екен. Көлдің өз орнында ағын күшейіп, су жалданып шығып жатыр.
–Байқайсыз ба, су əлі келіп жатыр, күшті келіп жатыр, –деді Ордин.
Ол сырығын суға тастап еді, түбіне əрең жетті, ол өзі үш метр болатын.
–Құрмалдық тасы да көрінбейді, – деді Горюнов, – ал ол көл бетінен екі
метрдей шығып тұратын-ды.
Ойпат жағалай əлі де біраз жүріп, жүргіншілер керекті бағытпен орманға
қарай кеткен таза су жылғасын тапты да, солай жүзіп жөнелді. Ұзамай канал
қусырылып, қайық ағаш арасымен тартты. Осынау қарық болған орманға
қараудың өзі аянышты: сидаң тартқан жапырақты ағаштар, жасыл шырша
мен самырсын жапырақ, бұтақ, тағы басқа қоқыс көлкіп жүрген суда тұр,
арасында өлген құс, уақ жəндік не сəн. Ағаш бұтақтарында бірден-бірге
шырылдай ұшқан құстар жүр, бұтақ қуысында жылтиып əдетте бірін-бірі
жеп қоятын тышқан, егеуқұйрық, сасық күзен, ақтышқан, сусар сияқты
кеміргіштер отыр. Жалба-жұлба бұлттарды жыртып шығып күн көзі осынау
оғаш суретті жиі зерлеп тұр.
Орман арасымен түбірге, не үшкір бұлаққа соғып алмас үшін абайлап,
ақырын жүзуге тура келді. Міне, қарсы алдан ашылып, алаңқай орнынан
айдын су көрінді. Соған шығып жүргіншілер тұрағымыз тұрған алаң осы
ма, осы емес пе деп ойланып қалды. Орманның бедер белгісі ұқсаңқырайды.
Кенет көлдің ортасынан судың бұрқана жоталанып шыққаны көзге түсті.
Баяғы бу бұрқыраған тұстан су əлі де көтеріліп, шығып жатыр екен.
–Бұл біз тұрған алаңқай емес! – деп дауыстап жіберді Горюнов. – Ол жердің
көлі көпіршімейтін де.
–Мен де солай ойлаймын, ал бұл сол алаңқайдың түстігінде көршілес
жатқаны, – деді Ордин. – Енді теңіз ғана құйып жатқан жоқ, жерасты су көзі
де қалпына келгені белгілі болды… Ал бұл арада су тұщы болуы тиіс, – деп
келіп, ол іліп алып ішкелі қолын суға малды. – Тұщы деуге кəміл болады
жəне əжептəуір жылы, – деді ол шөлін қандырып алып.
–Олай болса, жылы судың біздің қайыққа түк те пайдасы жоқ, – деді
Горюнов. – Оның құрсаулары еріп сөгіліп кетуі кəдік – көпіршіген жерден
аулақ кету керек.
Жіңішке каналмен терістікке қарай тартты да, ұзамай тұрақтары тұрған
алаңқайға шықты, оны айнала ағашы кесілген орманнан таныды.
–Ə, міне, біздің жертөле! – деп Ордин қуанып кетті. Көлдің қарама-қарсы
жақ шетінде жертөленің ортаңғы биік бөлегі ғана қылтиып көрініп тұрды,
оның үстінде еріген қардың қалдығы мен түндіктің бір жағын жапқан қабық
жатыр. Жүзіп келді де Ордин шаңыраққа шығып, төмен үңіліп айғайлап
жіберді:
–Қаншама казына қалқып жүр!
Жалма-жан ол қолын тығып жіберіп, көрпе-жастық, əйелдердің бірнеше
кеудеше-шалбарын, ағаш аяқ тағы басқа кəкір-шүкірлер алып шықты.
Бəріне де су сіңген, зіл қара тас.
–Көрпе-жастықты алайық – Аннуирге жарап қалар, – деді ол. – Тек
жақсылап сығу керек.
Заттарды алып Ордин қайыққа қайтып оралды да, олар көсемнің жертөлесі
тұрған жерге жүзіп барды. Бұл арада судағы тек төрт аша ғана қылтиып,
шатырдың бір бөлегі көрінеді. Сырық тастап еді, үйілген топырақ пен
бөренеден басқа ештеңе байқалмады.
–Тіпті еш жерде адам белгісі білінбейді! Оларды ағаш арасынан да байқай
алмадық, өздері көріп, айғай салуы керек еді ғой, – деді Горюнов. – Келіңіз
айғайлайық одан да.
Амнундакты, Никитаны, атын білетін əйелдерді айғайлап шақыра бастады.
Бірақ үн қатқан ешкім болған жок. Тылсым тыныштық меңдеп алған
төңіректі.
–Барлығы бірдей суға кетуі мүмкін емес қой. Біреуі боллмаса біреуі ағашқа
иə біздің жертөленің шатырына бас сауғалауы керек еді.
–Тегі, кетіп үлгерген болды. Əрегірек барып іздеу керек. Бəлкім, олардың
асықпай көшуіне мүмкіндігі болардай, су біртіндеп басқан шығар, – деп
топшылады Горюнов.
–Оған да ұқсамайды, – деп өз пікірін алға тартты Ордин.
–Асықпай-саспай көшкен болса, қыста ең қажет көрпе-жастық, киім-кешек
тəрізді заттарын тастап кетпес еді.
Каналмен жүзіп отырып олар екі шақырымдай жердегі келесі тұраққа келді.
Одан жартылай құлап, белуардан суда тұрған жертөлені көрді. Горюнов
судың тереңдігін өлшеп еді, бір жарым метр.
–Ал бұл арада кісі суға кетуі мүмкін емес, – деді ол даусын шығара. –
Шамасы, ойпаттың бұл тұсы аз түскен. Жертөлеге келіп, құлаған бүйірден
ішке көз салып еді, көң-қоқыс, шала, ескі-құсқы бірдеңелер ғана су бетінде
жатыр, бірақ киім-кешек жоқ.
–Мұның тұрғындары бағалы затын алып, кетіп үлгерген,
–деді Ордин.
Жақын маңдағы ағаштарды барлап, айғай сап көріп еді,
–судың тартылуын күтіп бірнеше ағашқа топырлай қонып, қимылсыз
отырған қарғалар ғана қарқылдап жауап қатты.
Келесі екі алаңқайды да аралап, тұрақтарды тексеріп көріп еді, жертөлелері
жартылай не түгел құлаған екен, бірақ еш жерде тірі пенде жоқ; судың
тереңдігі метрге дейін таяздап, кей жерде желқайық құлаған ағаштың
түбіріне тиіп қап, абайлап жүзуге тура келді.
–Осы іздеуді доғарсақ па деп ойлаймын, – деді Горюнов.
–Күллі онкилондар ойпаттың су баспаған терістік бөлегіне көшіп үлгеріп,
аман құтылған. Демек, біздің көмегімізге ділгер ешкім жоқ, ал құрғақ жерге
барсақ, онкилондармен ұшырасып, қолайсыз жағдайға тап болуымыз кəдік.
–Бəлкім, əрі қарай су тағы да тереңдеп, босқын кезінде суға тап боп, көмек
күткен біреулерге кезігерміз, – деп болмады Ордин. – Іздеген соң ақырына
дейін іздейік, арымыз алдында айыпты болмайық та.
Горюнов көнді де, əрі қарай жүзді. Алайда келесі алаңқайда желқайықтың
асты қайраңға тиіп, бұрынғы көлдің орнынан қамыс-құрақ, ши басы
қылқиып көрініп тұрды. Алаңқайлардан арғы каналдың тереңдігі жарты
метрден аспай, кей тұстан жер көрініп жатты.
–Келесі алаңқайда онкилондарға тап болатынымыз хақ, –деді Горюнов.
–Дұрыс айтасыз, əне, орман үстінен түтін көрінеді. Бұл олар құрғақ жерде
отыр деген сөз, – деп оның ойын Ордин де қостады. – Тіпті дауыстарын да
есітерміз.
–Жер сілкіну мен сел басудың салдарынан онкилондар ойпаттың терістік
жартысына ауысып қонған, сонда енді баяғысынша күн кеше береді, – деді
Горюнов.
–Көпіршіген екі көлге қарағанда ойпаттың жылытқышы да қалпына келген,
– деп пікірін ширата түсті Ордин, – ендеше, онкилондар тағдыры жөнінде
алаңдайтын да түк жоқ. Ал бəзбір апатқа орай оларға бару деген басты
бəлеге байлап, тұтқын тұзағына өзің мойын ұсыну болып шығады… Егер
теңіз тым далиып, жүзіп өте алмастай жағдай болса, текше тасқа қайтып
келіп, суық түсуін күтуімізге болады, отын су да, итке азық та ол арадан
жақын, онкилондардан су бөліп жатыр. Тек Гороховты тағдырдың тəлкегіне
тастап кетіп барамыз, ендігі ол шешімін өзгерткен де шығар.
–Горохов қазір текше таста отыруы да мүмкін, – деген пікір айтты Горюнов.
– Топан су оны пікірінен қайтарған болса, ол қарбалас кезінде қабық
қайықты қолға түсіріп алып, өзі не əйелі екеуі бізге бір-ақ тартады. Ол
қайықтың қай жерге жасырылғанын жақсы біледі, ара-тұра балық аулауға
пайдаланып та қоятын. Келісілгеніндей оны ертең таңертеңге дейін күтейік.
Əңгімелесіп отырып олар аздап тынығып алды да, шапшаңдату үшін
алаңдай, каналдармен əуре болмай, ойпат шетіне қайта шықты. Соған
қарамай қайтар жолға төрт сағат уақыты кетті. Бұрынғы қасиетті көлдің
маңынан өткенде көмейқуыстан су əлі келіп жатқанын, бірақ бұрынғыдан
баяу екенін байқады. Тегі, су деңгейлері теңелуге айналса керек. Сырық
тастап көріп еді – үш метрден асып кетті. Бұлар жоқта күртіктің маңы да
көлкіп кетіпті. Судың тереңдігі екі метрден де асады.
Текше таста қалғандар бұларды құтқарған адамдарына көмектесеміз деп
мұз баспалдақтың басында қарсы алды.
–Ешкімді əкелмегенсіздер ме? – деп таңдана дауыстай сұрады Костяков.
–Текке барып келдіңдер-ау?! – деп өкінді Никифоров.
–Бəрі-бəрі қарық болғаны ма? – деді өңі қашып боп-боз болып кеткен
Аннуир күбірлеп.
Əрине, Ордин жұбата бастады.
–Қарық болған бірер зат осы біз тапқан, – деп əзілдеді Горюнов қайықтан
Аннуирге əйел киімін əперіп жатып.
Бəрі бірлесіп байдарканы жоғары шығарды, бұның өзі едəуір күшке түсті,
себебі күртік пен екі ортадағы жар күні бойы екі-екі жарым метр биіктепті,
бұл – су шайып күртік шөкті, не ойпат табаны əлі түсіп барады деген сөз.
Текшемен қатынас жақсарсын деп казак, əйтеуір, баспалдақтарды тақта
мұздардан жасап қойыпты.
Түскі ас үстінде олар бір-біріне күні бойы қайсымен айналысқанын
айтысты. Қалған үшеуі текше тастың үстіндегі жар-құздан баспалдақ жол
салып, жотада болып, жақын маңнан ашық теңізді көріпті. Алайда
ойламаған жерден бұлар кетісімен күртіктегі баспалдаққа үп-үлкен екі аю
шыға келіпті, ойлары адамдармен бірге текше тасқа шығу болса керек
сабаздардың. Əрине, мұндай қатерлі көршіліктен аулақ болған абзал – атуға
тура келеді, біреуі күртіктен сырғып суға күмп береді де, екіншісін текшеге
шығарып алып құлатады. Жолға жаңа еттің осылай қисыны келе кетіпті.
Ордин өздерінің жертөлесінен тапқан көрпе мен əйел киімі Аннуэндікі екен,
оны Аннуир жазбай таныды.
АПАТ
Күн ұяға қонар алдында ала жаздай құз-қабырғалары ой көзін шектеп
тастаған жиһангездер ойпатта не болып жатқанын көру үшін жотаның
жарына шықты. Санников жерінің түстік беткейі жаз дегеннің не екенін
көрмегендей тұтас ақ қар жамылып, етектен бес шақырымға дейін қалың
мұз құрсанып жатқан теңізге шымылдық боп түсіп тұр. Одан əрі айдынында
сеңдер мен тұтас мұзды алаңдар қалқыған кең шалқар су түстік көкжиекке
дейін көсіліп жатыр. Қайықпен өту үшін бұл теңіз тым шалқар, оның үстіне
байдаркаға бүкіл жүк пен адамдар, иттер сыймайды. Күзгі аяздар теңізді
қатырып, шық айдынның тарылғанын күту керек, не мұз əрі қарай түстікке
созылып жатуы мүмкін деген үмітпен шығысқа тарту керек, екінші жағынан
Қазандық аралына жақын отырып, оңтайлы сəті келгенде ауысып түсе қою
қажет.
–Біз қазір кемесі апатқа ұшырап аралда қалғандар сияқтымыз, – деді Ордин,
– алдымыз – су, артымыз – су алапат, ортасында – от, апат, ұмытпасам
ертегілерде осылай айтылмаушы ма еді.
–Əзір оты жоқ, ал апаты мен суынан аяқ алып жүрер емеспіз ғой, – деп
жауап берді Горюнов, – артыңызға айналып бір қараңызшы.
Санников жері шынында да алып бір көл тəрізді екен. Дүрбімен қарағанда
бұрын ойпаттың орта бөлегінде бірнеше жерден атқылап тұрған гейзер
фонтандарын байқауға болатын. Осының алдында ғана алаңқайлар мен
ормандар қыс көрпесін айқара жамылып жатқанды, ал енді қардың орнын
су алып, терістіктен есілген жылы жел аралдың жылытқышы қалпына
келгенін аңғартып тұр.
–Жердің ең сүбелісі құрып кетті! – деді Ордин. – Лажсыздан бар жанжануар терістік бөлегіне топырлайды, ал о жақтың тең жартысы тұлдырсыз
қу тақыр.
–Иə, онда, əсіресе, адамдарға тығыз болады, – деді Ордин. – Зады, енді
онкилондар қатерлі көршілерінің бірін қалдырмай қырғанша тыным таппай,
тағыларға соғыс бастайды.
–Біздің нажағай мен жасынымыз ғой онда оларға таптырмас көмек еді.
Кетіп қалуымызға түрткі болғандарына өкінеді ғой енді.
–Жоқ, Гороховта да мылтық қалды ғой.
–Е, енді есіме түсті ғой, жертөледе біз кетерде Амнундакқа тарту етеміз деп
жүрген артық мылтығымызды ұмыт қалдырыппыз ғой. Онкилондардың
көңілін табу үшін Горохов олардың көсеміне сыйлаған да шығар оны.
Күн қанқызыл болып талаурап, қиыр теңіз үстіне төнген тұманды өртеп
көкжиекке барып сүңгіген соң ғана жиһангездер текше тасқа қайтып келіп,
от басында ұзақ отырды. Барлығы да назалы: олар Санников жерін сүйіп
кетіп еді, енді ақтық түнді одан тыс өткізгелі отыр. Осынау жұмбақ жерді
алғаш жиек таулардан қалай көргенін, төменнен шыққан дауыстарды естіп,
не көрер екенбіз бұдан деп əркім өзінше бал ашқан сəтін олар еріксіз еске
алды. Ойлағанынан олар əлдеқайда көп көрді, талай тылсымдарды ашты,
жойылып кеткен жануарлардың өз алдына бір тұтас əлемін тауып, поляр
мұздарының ортасындағы осынау тұйық ойпатқа ошарылған алғашқы
қауым адамдарын ұшыратты. Экспедицияның нəтижесі керемет, күллі
мүшелері дін аман, сап-сау, алайда олар соңғы күндерінің оқиғаларына ғана
емес, осы бір ғажайып аралға, оның бейкүнə тұрғындарына бейуақытта
төнген апатқа қатты қиналады.
Түн əжептəуір жылы болды да, олар отынды аяп от жақпады жəне телегей
теңіз судан өтіп не онкилон келе алмайтын, не азулы аң шыға алмайтын биік
текше таста өздерін аса қауіпсіз санады. Күндіздің өзінде бір нарта буылыптүйіліп, терімен жауып тасталған-ды: себебі экспедицняның күллі табиғитарихи, этнографиялық коллекциясы, фотография мен күнделіктер сонда
болатын. Онша ауыр емес ол басқалардан əрегірек текше тас шетіне қарай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 16
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.