Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 01

Total number of words is 3932
Total number of unique words is 2148
31.6 of words are in the 2000 most common words
44.2 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БЕТАШАР
СОНДАЙ БІР ЖҰМБАҚ ЖЕР ƏЙТЕУІР БАР
ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ХАЛЫҚ
ІС ОҢҒАРЫЛЫП КЕЛЕДІ
ЖОЛСАПАР
МАМОНТТАР ҚОРЫМЫ
ЖАҢА СІБІР АРАЛДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА
ҚАЗАНДЫҚ АРАЛЫН ЖАҒАЛАЙ
МҰЗДЫ ТЕҢІЗ АРҚЫЛЫ
ЖЕРҰЙЫҚ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА
САННИКОВ ЖЕРІНДЕГІ БІРІНШІ КҮН
ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАНУАРЛАР
КӨПІРШІГЕН КӨЛ
АДАМНАН АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР
ОНКИЛОНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
ҚҰРМАЛДЫҚ БЕРУ ЖƏНЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУ
КИЕЛІ ТАС
МҮЙІЗТҰМСЫҚ АУЛАУ
ВАМПУЛАРМЕН ТҰҢҒЫШ ТАНЫСТЫҚ
ЖАР ТАҢДАУ ТОЙЫ
ВАМПУЛАРМЕН ШАЙҚАС
ОНКИЛОНДАР МОЛАСЫ
АҢДЫҒАН АЛМАЙ ҚОЙМАЙДЫ
МЫҢТҮТІН АЛҚАБЫ
ВАМПУЛАРДЫҢ ҚҰДАЙЛАРЫ
ҚАСИЕТТІ КӨЛ
ТҮЛЕГЕН ҚҰСТАРДЫ АУЛАУ
ҚАУІП-ҚАТЕР ДАБЫЛЫ
ЖАҒДАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ
ҚАРА ТАҚЫР ШӨЛ
ҚҰРМАЛДЫҚ ШАЛУ
ОНКИЛОНДАР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫРҒЫ КҮНДЕР
ТОПАН СУ
ЖЕР БЕТІМЕН ЖҮЗУ
АПАТ
НИКИТАНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ
ҚАШЫП ШЫҒУ
БАҚСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК
ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ
АКАДЕМИК АЛДЫНДА
СОҢҒЫ СӨЗ
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ЖИҺАНГЕЗ ЖАЗУШЫ
Арктиканың ақшулан мұздары арасында беймəлім аралдар болуы мүмкін
деген жорамалға көптеген зерттеушілер таяу күндерге дейін сеніп келді.
Белгілі орыс геологы, академик В.А.Обручев өз романына осы жорамалды
негіз етіп, «Санников жері» деп аталатын аралды іздеп табуға аттанған
экспедицияның басынан кешкендерін қызғылықты суреттейді. Кітапта
осынау жұмбақ жердің табиғаты, оны мекендейтін адамдардың тіршілік
тынысы айшықты бейнеленген. Көркем қиял танымдық қасиеті мол
мəліметтермен шебер үйлесім тапқан.
БЕТАШАР
Арктиканың жартысына жуығы, яғни Жердің Солтүстік полюсті орап
тұрған жоғарғы бөлігі біздің Одақ территориясының терістік
жағалауларымен қойындасып жатыр. Жердің Оңтүстік полюсін орап
жатқан, əрі өз алдына бір телегей құрлық Антарктикаға керісінше
Арктиканы теңіз десе де болғандай.
Еуропа, Азия жəне Солтүстік Америка құрлықтарымен астасқан тұсында
Мұзды мұхит ұлылы-кішілі аралдармен алашабырланады да, оларынан
полюске тақаған орта деңгейінде ғана арылады.
Ауа райының суықтығына орай бұл аралдар қалың мұз, сіреу қармен сіресіп
жатады да, əудемге бармайтын поляр жазында ғана аздап арқа-жеңін
кеңіткендей болады. Теңіздің аралдар төңірегіндегі тұсы көбіне бір орнынан
міз бақпайтын мұздар құрсанған, ал қалған айдын ағыс пен желдің ырқында
ерсілі-қарсылы жөңкіп жүретін санжылдық сіре сеңмен сықалған.
Қиын-қыстау жүзу мен қытымыр ауа райына қарамай жиһангез теңізшілер
аралдардың бірінен соң бірін ашып, зерттей отырып, кейде олардан қоныс
та теуіп Арктикаға асты. Мұзды мұхиттың ашық суы атымен жоқ,
аудандарын зерттеп, судың əр қабатының температурасын, тереңдігін,
құрамын өлшеу үшін, ондағы жануарлар мен өсімдіктерді, теңіз табанының
қыртысын барлау, ағыстың бағытын білу үшін көшкін мұзбен (ерікті,
еріксіз) бірге жүзуге бел байлағандар да болды.
Арктикадан жаңа аралдар ашу осы күні кешеге дейін жалғасып келді.
Мəселен, 1881 жылдың өзінде Новосибирь архипелагынан терістікке қарай
Жаннетта, Генриетта, Беннетта тəрізді кішігірім аралдар, 1913 жылы
Таймыр түбегінен теріскей үлкен архипелаг ашылды.
Онан кейінірек Карск теңізінен де шағын аралдар табылды. Алайда
Арктиканың барлық аралдары белгілі деп кесіп айтуға болмайды: мұхиттың
сапырылысқан сеңдер аймағында ашық сумен де, көшкін мұзбен де жетудің
ыңғайы жоқ аралдар жатуы əбден ықтимал. Сол сумен де, мұзбен де жетуге
болмайтын Арктика аудандарын аспаннан зерттеуге самолет жаңа қолайлы
құрал болды.
Бар екені ауыздан-ауызға аңыз боп тарағалы да жүз елу жылдың жүзі
болған екі аралдың құпиясы күні бүгінге дейін ашылған жоқ. Терісі бағалы
аң мен терістіктің тағы бұғысын аулап, мамонт сүйегін іздеу үшін солтүстікшығыс Сібірдің жағалауларына жақын аралдарда болған жаужүрек
кəсіпшілер, сол сияқты бірен-саран зерттеушілер терістікте сирек
кездесетін ашық күндері белгісіз бір аралдарды көріпті, бірақ оларға жете
алмапты. Новосибирь архипелагының теріскейіндегі Санников жері жəне
Қолыма өзенінің сағасынан теріскей Андреев жері солар болуы кəдік.
Бұлардың біріншісі алыс көкжиекте оны сең арасынан алғаш көрген кəсіпші
Яков Санниковтың, екіншісі сержант Андреевтің атымен аталған. Мына
роман сол аралдардың бірі – Санников жерін іздеп тауып, зерттеуге
жасалған əрекет жайын суреттейді. Шығарманың ғылыми-ғажайып роман
атану себебі автор мұнда аралдың табиғаты мен халқы хақында оларды
белгілі теориялық қағидаларға орай көз алдына келтіре отырып əңгімелейді.
Оқырман Арктиканың кейбір аралдары, сең арқылы саяхат жасаудың
жағдайы, беймəлім жерлердің табиғаты, онда тұрар болса адамдардың автор
топшылаған тіршілік-тынысы туралы мағлұмат алады. Осы кітаптың соңғы
сөзінен оқырман Санников жері жайындағы болжамдарға байланысты
кейбір күмəнді мəселелерге жауап табады. Сөйтіп, аз да болса Санников
жерінің құпиясын ашатын, Арктикадан оқымыстылар тапқан тың
жаңалықтармен танысады.
СОНДАЙ БІР ЖҰМБАҚ ЖЕР
ƏЙТЕУІР БАР
Ізсіз-түзсіз кеткен барон Толль мен оның серіктерін іздеу үшін жасақталған
экспедицияның хабарын тыңдауға арналған ғылыми қоғамның салтанатты
мəжілісінің бастапқы бөлігі бітуге таяп та қалды. Қоғамның мəртебелі
басшылары мен жебеп-желеушілерінің əйдік суреттері безендірген
қабырғаға тақау кафедрада бір офицер тұр. Барон Толль барып түсіп, кері
оралмай қалған Беннетта аралына Новосибирь архипелагынан Мұзды
мұхит арқылы ескекті желқайықпен жүзіп барып қайтқан батыл теңізші
осы. Оның поляр бұрқасынына тотыққан ер келбеті кафедрада жатқан
баяндамасының қолжазбасы мен алтын түйме əм ордендер əшекейлеген
теңізші мундиріне шағылған шамның жасыл қалпағының тасасында
көмескі көрінеді.
Кафедра алдындағы жасыл шұғамен жабылған ұзын үстелдің басында
қоғам Советінің мүшелері – терістік астанада тұратын кілең көрнекті
ғалымдар мен атышулы жиһангездер отыр. Ортада – председатель. Ол көзін
жұмып баяндамашының біркелкі дауыс ырғағымен қалғып отырған
тақылетті. Шағын зал аузы-мұрнынан шығады.
Баяндамашы құтқару экспедициясының қиын-қыстау сапарын, құрлықтан
Новосибирь аралдарына дейінгі сеңгір-сеңгір мұз шоқылары арқылы
желқайықты нартаға артып алып жүргендегі жол азабын, Қазандық
аралының жиегінде теңіздің ашылуын күтіп жаздай жатқанын, жаға бойлап
жүзгендегі сеңмен айқастарын жəне Беннеттаға теңіз арқылы қалай
қаймықпай өткенін түгел айтып та берді. Жыл он екі ай мұз құрсанып
жататын осынау қу медиен аралды сыпаттап алып, ол одан Толльдің
лашығын тапқанын, онан қалған заттар мен арал бедерін суреттей келіп:
«Бүгін түстікке қарай аттанамыз, бар мəзіріміз он бес-жиырма күндік. Дін
аман тегіс саумыз» деген сөзбен тəмамдалған құжатты жайды.
–Сонымен, – деді баяндамашы даусын көтеріп, – мың да тоғыз жүз екінші
жылдың жиырма алтыншы қазанында барон Толль, астроном Зееберг жəне
кəсіпкерлер якут Василий Горохов пен тұңғыс Николай Дьяконов Беннетта
аралынан түстікке, Новосибирь аралдарына қарай мұз үстімен жолға
шыққан. Алайда олар бұл көздеген жеріне жете алмаған – біздің экспедиция
ондай ешбір белгі көре алған жоқ. Сонда осы жаужүрек жиһангездер қайда
кетті? Олардың жол-жөнекей опат болғанында еш күмəн жоқ. Қазанның
аяғына таман бұл ендікте күн деген болмайды, түске тармаса ғана
қылаңытатын алегеуімнің өзі екі-үш сағатқа ғана созылады. Аяз 40 градусқа
дейін барып, ауық-ауық алай-дүлей боран соғады. Бірақ бұ кезде теңіз
қатпайды, жылымнан аяқ алып жүру жоқ. Бəлкім, жиһангездер боранға тап
болып, беті кілегейленіп жатқан жылымға түсіп кеткен шығар. Əлде
арқадан қысқан аяз бен ішті жалаған аштықтан əбден əлі құрып, сеңнің
сергелдеңінде өліп кетті ме екен, себебі оларда ит жоқ, желқайық пен
мүліктері тиелген нарталарды өздері сүйреген. Тіпті көзге түртсе көргісіз
поляр түнінде желқайықпен кілегей теңізге шьғып дүлей дауылда суға кетуі
де кəдік. Қалай болғанда да олар Мұзды мұхиттың түбінде мəңгі тыныштық
құшағына кірген тəрізді, ал барон Толль сарсылып сонша іздеген Санников
жері деген атымен жоқ, оған көздеріңізді жеткізуге мен де тырыстым.
Баяндамашы кафедрадан түсіп кетті. Баяндаманың соңғы қорытынды
сөзінен туған алакүлік əсерден тыңдаушылар ойын үрей билеп алды. Кенет
ақырғы қатардан бір ащы дауыс шықты.
–Сондай бір жұмбақ жер əйтеуір бар! Зал толқып кетті.
–Бұл кім! Қай сəуегей өзі?.. – деген дауыстар шығып қалды.
Председатель ызбарлы жүзбен отырғандарды бір шолып өтіп, қоңырауды
шылдырлатты да, зал тыншыған тұста тіл қатты:
–Қоғам мүшелерінің жалпы жиналысына жəне қонақтарға ғылым жолында
құрбан болған жиһангездер: барон Толль, астроном Зееберг, кəсіпкерлер
Горохов пен Дьяконовты еске түсіріп, орнынан тұруды ұсынамын.
Барлығы орнынан тұрды.
–Ширек сағатқа үзіліс жариялаймын. Есікке таман отырғандар сыртқа лап
қойды. – Совет мүшелері баяндамашыны алқалап алды, ал олардың бірі
академик Шенк, кəдімгі барон Толль экспедицияның кеңесшісі əрі
ұйымдастырушысы болған зерттеуші алпамсадай денесімен сығылысып,
соңғы қатарға қарай тартты. Ысырылған орындықтардын жұрттың дабырашуының арасынан оның даусы өткем шықты:
–Санников жері бар деп сеніммен айтқан əлгі адам маған келсінші,
сөйлеселік.
Топырлаған тыңдаушылардың ортасынан оның шақыруына қара кеудешелі
бір жас жігіт бері бөлініп шықты. Ұсақ əжім өрнектей бастаған қоңырқай
жүзінен жазғы аптаптың, қысқы үскіріктің, ызғырық желдің табы
байқалады. Шенкке таяу келген ол:
–Айтқан – мен, қажет болса тағы да қайталауға бармын! –деді.
–Кітапханаға қарай баралық. Мынау ығы-жығыда əңгімелесу мүмкін емес,
– деді Шенк батыл жігітке қалың қасты түксиген қабағының астымен сынай
қарап.
Жас жігітті қолтығынан алып Шенк бүйірдегі есікпен кітапхананың Қоғам
кеңсесі орналасқан ақырғы бөлмесіне алып кірді.
–Ал құлағым сізде. Қане, Санников жері жайында не білесіз?
–Əуелі өзімнің кім екенімді баяндауға мұрсат беріңіз, – деп жауап қатты
жігіт. – Саяси жер аударылушы ретінде мен бес жыл Яна өзенінің
сағасындағы Казачье селосында тұрдым. Сол аюлы мекенде, анығырақ
айтқанда, ақ аюлы түкпірде тұрып мен жергілікті кəсіпкер дегендермен
таныстым, астаналық мəдениет тұрғысынан қарағанда олар –тұрпайы,
топас адамдар, ал жақын білгенге ер көңілді, ізгі жанды, мейірбан кісілер.
Жыл сайын көктемде күн ұзарған, бірақ мұз əлі берік кезде олар қорқу-үрку
дегенді білмей, мамонт сүйегін əкелу үшін Новосибирь аралдарына
жанкешті сапар шегеді. Ол арада мамонт сүйегі мол болса керек… Сол
кəсіпкерлердің кейбіреуі Санников жерін анық көрген жəне оның бар
екеніне сенімі де берік.
–Мұныңыз сенімсіздеу! – деп сөзін бөлді Шенк. – Жаңа баяндамадан
есіттіңіз ғой, Санников пен Толль көрген тау алып мұз шоқысына ұқсайды.
Ендеше, Қазандық аралынан көріну үшін топшылап жүрген жердегі таудың
биіктігі екі мың екі жүз елу метр болуы керек. Ондай заңғар таудың Мұзды
мұхит ортасында болуы мүмкін емес.
–Бұл да болжам, бірақ деректі дəлел емес.
–Ол аз десеңіз, Толль Беннетта аралына түспей тұрып, жер болуы ықтимал
деген төңіректе «Заря» яхтасымен ерсілі-қарсылы жүріп, оны əуре-сарсаң
боп босқа іздеген.
–Оны былай деп дəлелдеуге болады, жұмбақ жер теріскейге қарай жатыр,
Санников жəне басқалар ойлағандай ол Қазандық аралына жақын да жатқан
жоқ, оның үстіне олар оны көргенімен де қашықтығын болжай алған жоқ, –
деп жігіт те беріспеді.
–Сөзіңіздің жаны бар! – деді Шенк. – Алайда осы аса дүдəмал деректен өзге
қолда ештеңе жоқтығында болып тұр ғой мəселе. Оған өзіңіз де келісерсіз,
əйтеуір құстардьң терістікке қарай ұшатынынан басқа қандай мағлұмат бар
бізде.
–Ал осыны неге толық айқын дерек демеске! – деп таңданған сыңай
танытты жігіт. Оны Врангель-ақ айтқан Майдель құптаған, ал Солтүстік
тұрғындары болса, Сібірдің терістік жағалауларындағы жазғы құс базары
екі алқапқа бөлінетінін дəл көрсетіп берді: біріншісі – Хрома өзенінен
Омолоя өзеніне дейін де, екіншісі – Якан мүйісінен батысқа қарай елу
шақырым жерден Рыркайпий1 мүйісіне дейін.
–Құстар батыс жақтан Новосибирь аралдарына, ал шығыстан – Врангель
аралына қарай ұшады, – деп қарсыласты Шенк.
–Бұрын осылай делініп келген, бірақ бұл дұрыс емес. Врангель аралы аса
биік əрі құзтасты, жаз бойы қар астында жатады. Қаз-үйрек сияқты
құстардың ұя салуына жер тым тар. Бірақ бізді қызықтыратыны – батыс
бөлек.
–Иə, Новосибирь аралдарына құстар содан ұшады.
–Бақсақ, бұл аралдарда жаз жайлап қалатын құстар шамалы, басым бөлегі
тізбектеліп терістікке ұша беретін көрінеді. Мұны Устьянск, Орыс саға,
Ожогинодағы аралдарға барып кеп жүретін кəсіпкерлер сан мəрте
дəлелдеді, оны Санников та білген секілді. Ұшатындары балдырмен күн
көретін, жəндіктерді жəне өсімдіктерді қорек қылатын ақ қаз, шіңкілдек, əр
алуан үйректер, жылқышы, шымшық, тағы сол секілділер. Бұған қарағанда
терістікте өсімдіктері мол жəне əжептəуір аумақты құрғақ жер бар екені
кəміл.
1 Рыркайпий – қазір Шмидт мүйісі боп өзгерген Солтүстік мүйістің чукот
тіліндегі аты.
–Иə, ол – Беннетта аралы, – деп сөз қосты Шенк.
–Толль қалдырған құжаттардан біз бұл аралда суық торғай, қасқалдақтың
екі түрі, жылқышының бір, шағаланың бес түрі жаз жайлап шығатынын
білгенбіз. Жыл құстарының басым бөлегі осылар ғой. Бұны бір деп
қойыңыз. Əлгі құжаттағы жəне бір сөзге көңіл аударғаныңыз бар ма? Толль
түстіктен терістікке ұшқан қаршығаны, терістіктен түстікке ұшқан
сұңқарды, солтүстіктен топталып ұшқан, яғни жаз аяғында жаңағы жұмбақ
жерден құрлыққа көшкен қаздар керуенін де көрген ғой.
–Дұп-дұрыс! – деп мақұлдады академик.
–Толль тағы да былай дейді: Қалың тұманның қырсығынан өткен жолғы
Санников жері сияқты əлгі құстар ұшып шыққан жерді көре алмадық.
–Зердеңіз қандай зерек! – деп қайран қалды Шенк.
–Баяндаманы зейін қоя тыңдадым, Толльдің құжаты да менің Санников жері
бар, бұрын ойлағандай емес, ол терістікке қарай деген сенімімді бекіте
түсті. Сондықтан да өз ойымды бүкпей айтуға тура келді. Ал Беннетта
аралына келетін болсақ, өзіңіз де есіттіңіз, ол аядай ғана, əрі өзін мұз басып
жатыр, яғни жаңағыдай жыртылып-айрылған құстарға тұрақ бола алмайды.
Оны Толль де айқындай түседі: суық торғай, жылқышы, шағала,
шіңкілдектің екі түрі – жазғы меймандарының бар болғаны осы.
–Солтүстікке тым сұғынып, мəселен 80 градус ендікте жатқан аралдың
мұзы əлгіден де қалың болмасына кім кепіл, демек, ол да көп құсты
азықтандыра алмайды.
–Сонда бұл есуас құстар қайда ұшып жатыр? – деп күлді жігіт.
–Оны, шын сырым, білмеймін. Бəлкім, Солтүстік полюсты басып
Гренландия асатын шығар, Бірақ бұ да онша нанымды емес, – деп иығын
қозғап қойды Шенк.
–Поляр мұхитының мəңгі мұздарының ортасында солтүстікке сұғынып
жатқанымен де Санников жерінің ауа райы ерен бір əсердің ықпалы тиіп,
түстікке таман тұрған Беннетта мен Новосибирь аралдарына қарағанда
жылырақ болуы ықтимал деп, неге осы болжам жасамасқа?
–Ғафу өтінем, мұныңыз енді құрғақ қиял! – деді сəл шамданыңқырап қалған
академик. Бұлай ойлауға құстардың ұшу бағытынан басқа ешбір негіз жоқ.
–Бəлкім, онда жер қыртысын жылытып тұратын жанартау, я ыстық арасан
бар шығар, – деп жігіт те болар емес.
–Жанартаудың түтіні болса, сіздің кəсіпкерлеріңіз бен теңізшілеріңіз
баяғыда-ақ аңдар еді ғой. «Фрамамен» жүзіп, сеңмен бірге аққанда Нансен
де осы жұмбақ жер бар деген төңіректе біраз жүрген, бірақ ештеңе
көрмеген.
–Ал сізге Солтүстікте өмір сүрген онкилон деген халықтың аяқ астынан бірі
қалмай түгел жоғалып кеткені белгілі ме? Чукчалар ығыстырған олар
құрлықтан мал-мүлкімен кетіп қалыпты, қайтып ол жайында ешкім ештеңе
есітпеген, қайда екені белгісіз.
–Иə, олар жайында Врангель, Норденшельд пен Майдель мағлұмат
жинағаны есімде. Бірақ мен этнографиямен шұғылданбаушы ем…
Кітапханаға қатты естілген қоңырау үні академиктің сөзін үзіп кетті де,
Шенк орнынан тұрды.
–Келесі баяндаманы тыңдауға баруымыз керек. Ал сіздің ойларыңыз мені
қызықтырайын деді, əлі де əңгімелесуіміз қажет. Бір жұмадан соң кешкілік
маған үйге келіңізші. Міне, менің мекенжайым.
Шенк əмиянынан визит карточкасын алып, жігітке ұсынып тұрып, тағы бір
ой ұштығын шығарды.
–Əлгі онкилондар жайында əдебиеттерден ақтарып қарармын. Жəне
Толльді іздеу үшін жаңа экспедиция жасақтау жөнінде академияның
тамырын басып, бірдеңе шығарына күмəнім күшті болса да, негіз қалай
берейін. Қалай болғанда да, келіп кетіңіз.
ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ХАЛЫҚ
Шенк сүр бойдақ еді, жасында көп саяхат жасаған, тундрадан мамонттың
қалдықтарын іздеп Енисейдің сағасында, Байкал сырты мен Амурда зерттеу
жүргізіп, Россияға қосылған бетте Сахалиннің де жер бедері мен өсімдік
дүниесін барлаған. Сонан астанаға оралған соң жинаған материалдарын
өңдеуге отырған-ды.
Ол жалғыз, əрі тым жұпыны тұратын, академиктік еңбекақысының басым
бөлігі жас ғалымдарға көмекке жұмсалып, өзін ғұмыр бойы қызықтырып
келген Сібір мен поляр елдеріне экспедиция жасақтауға ұсталатын. Қыруар
ақшасы өзі зерттеуші ретінде жоғары бағалайтын Толльдің саяхатына, оны
іздеушілерге кетті.
Салтанатты мəжілістен келе сала Шенк таң-тамаша жұмбақ тайпа
онкилондар туралы деректер оқуға кірісті.
Ықылым ғасырлар бұрын олар Чукот түбегін түгел алып тұрыпты, кейін
чукчалар Мұзды мұхиттың жағасына таман тықсырыпты. Түр-тұрпаты,
киім киісі, тілі мен тұрмыс салты жөнінен чукчалардан тіптен бөлек олар
туыстығы жағынан Кадьяк аралындағы алеуттерге жақын.
Солтүстік Сібір жағалауында өзінің «Вега» кемесімен жүзген кезде
Норденшельд Иркайпий1, Шелаг жəне Якан мүйістері ауданында
онкилондардың көп жұртына тап болады. Баспаналары былайша жертөле
тəрізді, жартысына дейін жерге кіріп жатыр, төбесіне кит қабырғалары
салынып, топырақпен жабылған. Қазған кезде тас пен сүйектен жасалған
балта, пышақ, найза мен жебенің ұшы сияқты əр алуан құралдар табылды.
Сабы көбіне сүйек пен ағаштан болып келетін, қайыспен таңылған бұл
қарулар мəңгі тоңның арасынан дін
1 Иркайпий – Норденшельдтің картасында Рыркайпий немесе орыс
картасындағы Солтүстік мүйісіне келеді.
аман шықты. Онкилондар темір, тағы басқа металдарды қолдануды
білмеген нағыз тас ғасырының адамдары болатын. Чукчалардың Врангель
жинаған əңгімелерінің ауанына қарағанда, онкилондардың Мұзды мұхит
жағалауынан аууына олардың көсемі Крэхой мен бұғылы чукчалар
қолбасшысының арасындағы рулық кектен қозған қанды қырғын себеп
болған сияқты. Ізіне түскен чукчалардан бас сауғалап, Крэхой өз
тайпасының аман қалған азын-аулақ адамдарымен əуелі Солтүстік мүйістің
жақпар тастарына бекініп, кейін Шалаур аралдарына өтеді, ақыр аяғында он
бес байдаркаға отырып,
Якан мүйісінен Мұзды мұхитта таулары бұлдырап көрінетін бір жерге (яғни
Врангель аралына) көшіп кетеді.
«Дерек тым таяз, əрі қарама-қайшы екен, – деп ойлады кітапты жауып
жатып Шенк. – Дегенмен де қызық өзі: сонда əлгі тайпа қайда кеткен?»
Келесі күндері Шенк уағда бойынша «академияның тамырын басып, негіз
қалағалы» поляр елдерін зерттеуге ынтық-ау деген академиктердің
кейбіреулерімен кеңесіп көріп еді, Санников жері мен барон Толльдің ізтозын ашар жаңа экспедицияның жоспарын құптаушылар шықпады. Жаңа
зерттеу жұмысын тапсыруға татырлық салиқалы оқымысты көзге көрініп
тұрған жоқ, ал ақшаны қайдағы бір қиялшылға ұстата салу бейқамдық
болмақ жəне оны іздеп жату да ыңғайсыз.
Не керек, енді Шенктің өз қаржысын есепшотқа салуына тура келді. Ол осы
бір кəсіпке бірер мыңды бөлмек еді, бірақ онысы жетіңкіремейтіндей
көрінді.
«Жарайды, – деп түйді ол ойын, – құрал-жабдықтарды əртекті
ведомстволардан тегін түсіреміз, ал бұл экспедиция жылдан артық
созылмасқа тиіс. Осы уақыттың бағдарында не бұл жұмбақ жер табылып,
істің беті оңғарылады да, қаржы өз аяғымен келеді, не ондай жер жоқ
екеніне көз жетіп, көңіліміз суиды».
ІС ОҢҒАРЫЛЫП КЕЛЕДІ
Жігіт келіскен күні сол сағатта келді. Шенк оны күтіп отыр еді.
–Онкилондар жайында бар деректі ақтарып шықтым, – деді ол.
–Меніңше, мағлұматтар қарама-қайшы сияқты. Бұл халықтың болғанына,
чукчалармен соғысқанына күмəн жок, артында жұрты, тас пен сүйектен
домбалдаған қару-жарақтары да қалған. Бірақ қайда ғайып болып кеткені
белгісіз. Былай деп ойлауға болатын сияқты, онкилондар аралдардың
бірінде азық-түлік жетіспей, иə қатыгез табиғатқа төзбей қырылып қалды,
не құрлықтың бір түкпірінде тығылып жүріп індетке ұшырап өліп бітті.
–Аралдардың бірінде өлген болса, олардың сүйегі көптеп ұшырасар еді ғой,
– деп қарсы дау айтты жігіт. – Адамдар із-түзсіз құрып кетпейді. Тіпті олар
құрлықта тұрып өліп бітсе, жаңа көршілері – якут, тұңғыс, ламуттардың
арасында аңыздар жүрер еді ғой. Ондай аңыз атымен жоқ.
–Ал сонда бұлар қайда? – деп дауыстап жіберді Шенк.
–Шыбын жанын шырқыратып көкке көтеріп əкеткен жоқ қой оларды!
–Зайыры, олар Санников жерінде, əлгі жыл құстары ұшып баратын жақта,
бəлкім, жолбасшы да сол қанаттылар болуы.
–Адамдар да ұша алатын болса, бұған шүбəсіз-ақ иланар едім. Ал
онкилондар ұша білмеген, демек, ол жерге не жүзіп, не мұзбен жүріп баруы
керек қой.
–Сумен бармаған, себебі олар малын ала кеткен, бұл байдаркаға ауыр да
алапат жүк.
–Ендеше, мұзбен де өте алмаған. Қолда бар мағлұматқа қарағанда, Мұзды
мұхит өн бойымен қатпайды, жағадан біраз жер ұзағанша əжептеуір ашық
айдын су жатады. Сондығынан да батыл деген жұрттың бірі чукчалардың
ешқайсысы да Врангель аралында болмаған, оны бірде-бір кəсіпкер жəне
баспаған. Қорқақ халық деп айтуға ауыз бармайтын олар, тіпті Беннетта
аралын да басып көрмеген. Барон Толльдің опат болуы – мұзбен жүру
мүмкін емесінің дəлелі.
–Жалпы, бұның бəрі де жөн, – деді жігіт алақызып алған академикті баспақ
боп. – Бірақ есіңізде болсын, ауа райы ылғи біркелкі емес, күннің көрінуіне
орай суық жылыға ауысып тұруы əбден мүмкін…
–Оған дау бар ма, оны мен де білем, – деді Шенк.
–Біз онкилондардың Новосибирь аралдарына өткенін білеміз, одан олардың
баспаналары мен басқа да белгі іздері табылған.
–Ал жақсы!
–Олар жерді табуын тапқан, алайда ол тұрмысқа қолайсыз болған, аң мен
құсы аз. Бұл жылдан-жылға аңшылық аяқсырайды деген сөз. Аранын ашып
тұрған аштық оларды ары қарай қуып, тізбек-тізбегімен терістікке ұшқан
құстар бұдан да басқа жер барын, оның құсқа əлдеқайда бай екенін аңғартса
керек. Тап сол тұста қыс қатал болып, үскірік суықтан теңіз түгел қатты деп
топшылауға болмас па. Ерте көктемде күн ұзарған кезде онкилондардың
аман-есен Санников жеріне жетуі кəміл.
–Жетсе де аштық пен суықтан бірі қалмай қырылды, өйткені 80 градус
ендікте адам өмір сүруі үшін қолайлы жер болады деп тіпті ойлаудың өзі
ағат, Үйрек, қаздар, бəлкім, жіпсісе тундрадан талғажаулық бірдеңе табар,
ал адам…
–Адам сол құстарды, морждарды, итбалықтарды, ақ аюларды аулап,
балықты азық қып Гренландияда, Американың терістігіндегі аралдарда,
Шпицберген мен Жаңа Жерде де тұрып жатқан жоқ па жəне тұрғанда
қандай, өз мекенін жанындай сүйеді, түстікте жүріп қалса сағынып өле
жаздайды.
–Байқап отырмын, сіз Санников жерінің барлығына, онкилондардың сонда
тұрғанына қалтқысыз сенесіз.
–Сену – бір, екіншіден, олардың ұшты-күйлі жоқ болып кетуінің сыры да
осында деп санаймын.
–Өкінішке орай, академия бұл пікірді қоштамады. Сұрастырып та көрдім,
əріптестерім мұндай жер жоқ, Толль опат болған деген тұжырымға түгел
тоқталған.
–Олай ойласа, əрине, өкінішті. Санников жері Толльдің жанын сақтап
қалған бірден-бір орын болуы керек. Оған мен бəс тіге алмаймын, бірақ оны
іздейтін жалғыз-ақ жер сол.
–Ақша табылған күннің өзінде өткендегі құр əурешіліктен кейін оны жəне
əлгі айтқан жерді іздейтін талапкерлердің табылуы да екіталай.
–Мен-ақ іздестіруге ынтамен шығар едім жəне Якут облысындағы жер
аударылғандардың арасынан, терістік жағындағы кəсіпкерлердің арасынан
сенімді серіктер де табар едім.
–Ақша табылса, экспедицияны қалай ұйымдастырар едіңіз?
–Казачьеде менің назарымда жүрген, жер ауып келген екі кісі бар. Олармен
осындай экспедицияның жобасын жиі-жиі талқылаушы едік. Əрине,
онымыз əншейін далбаса, əйтпесе бізге патша үкіметінің тұтқындарға андасанда бір беретін жарытымсыз жəрдемінен басқа ақша қайдан келсін. Онда
біз дəп жергілікті тұрғындардай аң қуып, балық аулап күнелтеміз. Екі
жолдастың екеуі де жас, айдауда мойнына су кеткен жандар емес, жұмыстан
əбден қатып-пісіп, шыңдалып алғанбыз. Олардан басқа Новосибирь
аралдарында талай рет болған тағы екі кəсіпкер бар. Мұз үстімен саяхат
жасауға төселген, əрі өз иттері, құрал-саймандары бар.
–Дұрыс, оларсыз бұра баса алмайсыз. Ал онан арғысын айтыңызшы.
–Ерте көктемде мұз үстімен Қазандық аралына жетіп алып, онан өзімізге
қойма салып, көп кідірмей, мұздың қатты кезінде əрі терістікке қарай тартар
едік.
–Ал жазатайым теңіз қатпай қалды дейік.
–Ондай жағдайда нартаға тиелген екі жеңіл байдаркамыз болады. Сонымен
жүзіп ашық айдыннан өтеміз. Айдын онша шалқар болмасқа керек, жерге
жақын тұста мұз жатуы шəксіз. Əрі қарай жаңағы жерге дейін қайта
нартамен кетеміз, зерттеп болған соң жаздың аяғын ала сол жолмен кері
қайтамыз.
–Ол жерде теңіз айдыны кеңейіп, байдарқаларың ауыр жүкті көтере алмай
апатқа ұшырауларың сөзсіз. Жəне жаз аяғына таман бұрқасын боран да
төпелей кетеді.
–Жүзіп өтуге мүмкіндік болмаса Санников жерінде қыстап қалып, ерте
көктемде кері қайтамыз.
–Сіз осы иттерге жыл он екі ай қанша азық кететінін білесіз бе? Міне, осы
жүк сіздерді құртатын.
–Оған сөз бар ма! Ал мен итке азық алып жүрмек ойдан аулақпын, ол жерде
аң-құс көп екеніне кəміл сенемін. Жаз бойы қысқа қам жасап, базамызға
қайтып оралғанша жететіндей азық əзірлеп аламыз.
–Ал сіздер ешқандай Жер таппады делік.
–Онда дереу Қазандыққа қайтып оралып, жаз жайлап шығамыз да, күзде
көк теңіз қатысымен құрлыққа тартамыз. Ондай күнге тап келсек, жазда аң
аулау мүмкіндігі жоқ болған жағдайда, меніңше, Қазандықтан азық-түлік
қоймасын ұстағанымыз жөн.
–Мұндай экспедицияның қаншаға түсетінін есептеп көрдіңіз бе?
–Менің ойымша, қымбатқа түсе қоймас. Біз үшеуміз еңбекақы аламыз деп
ойламаймыз, қарнымыз аш болмаса, жетіп жатыр. Екі кəсіпкерге бірдеңе
төлеуге тура келер, бірақ олар да ынсапсыз адамдар емес. Басты шығын –
иттер, олардың асы, нарта, байдарка, қару-жарақ, оқ-дəрі, киім-кешек.
Казачьеде де, осында да есептеп көрдім, екі-екі жарым мың сом бізге
жетеді.
–Иə, сомасы онша көп емес екен.
–Терістікте оңған нарта жоқ, ағашы да берік емес.
Сондықтан жөндеуге уақытты босқа кетірмес үшін нартамыз сақадай-сай
болуы керек. Оны осы арадан жасатып ала кеткеніміз абзал. Сол сияқты,
меніңше, мылтық пен оқ-дəріні де осыннан сайлап алуымыз керек, олар
мұнда жақсы жəне əлдеқайда арзан. Ал қалғанын сонда-ақ қамдармыз.
–Сіздің жоспарыңыз маған ұнап отыр, – деді Шенк, – мен де сіздерге екі
жарым мың сом тауып берермін деп ойлаймын, Шартым мынау: Санников
жерінен гербарий мен тау жыныстары коллекциясын, мүмкін болса, ұсақ
жануарларын, өсімдігі мен жануарлар дүниесі, ауа райы жөнінде жазбалар
əкеп берерсіз. Табылса, əрине, онкилондардың сипаттамасын
тастамассыздар. Жолдас-тарыңызбен оны атқару сіздің қолыңыздан келе
ме?
–Қолымыздан келер деп сенемін. Əрине, біз айтулы оқымысты емеспіз,
бірақ дайындығымыз бар, біріміз – геолог, екіншіміз – ботаник, мен
көбінесе жануарлар дүниесімен, адамдар тіршілігімен айналысамын.
–Тамаша! Ғылыми барлауларға қажет құралдар – барометр, термометр,
компас жəне тағы басқаларын академиядан тауып берермін. Біле білсеңдер,
бəрінен маңыздысы ол жердің əр тұсынан ені мен ұзындығын анықтау,
оның жалпы жобасын, барар жолын, жобалап болса да, қағазға түсіріп алу,
жерді тапсаңыздар осы естен шықпасын.
–Əлбетте! Суретке түсіруді мен мойныма алайын. Ал ендігі мен бойлығын
білмеймін. Оны бізге үйретпеген-ді.
–Бұл өзі онша қиын да емес. Сізді онымен Бас физика обсерваториясында
таныстырар, директорына мен қағаз жазып берейін. Оны үйреніп шығу
үшін екі-үш апта керек. Уақытыңыз бола ма? Бұл жерден қашан жүрмек
ойыңыз бар?
–Қазір бізде қарашаның аяғы. Казачьеде ақпанның соңына қарай болып,
наурыздың ортасында аралдарға жылжу үшін бір айдан соң аттану қажет.
–Əдетте онда сəуірден аттанушы еді.
–Дұрыс айтасыз, бірақ сəуірдің басында теңіз арқылы Санников жеріне
өтуіміз үшін онда мұз берік кезінде ерте баруымыз керек.
–Бір айда керек-жарақты түгел əзірлеп, сатып ап үлгересіздер ме?
–Үлгеруге тиіспіз, шеберханалардан білген едім, нарталар екі аптаның
ішінде жасалып бітеді екен, оған дейін мен басқа бірдеңелерді сатып ала
берем жəне обсерваторияның сабағына да барып тұрам.
–Сонымен, бұл арадағы іс оңғарылып келеді, əлі Казачьеде де қыруар қамқарекет керек болады ғой.
–Мəселе шешілген болса, қазірден бастап Олекминскіге телеграфпен,
Казачьеге почтамен хабарлап қояйын, жолдастар қамдана берсін, киімкешек, ит, оларға қажет азық сатып алсын.
–Сатып алар ақшасы жоқ қой олардың.
–Мен барғанша қарызға да береді, Казачьеде бізді жақсы біледі.
–Ол-пұл сатып ап, тапсырыс беруге əзір қанша ақша керек?
–Əзірше бес жүз сом жетер…
–Оны мен өз ақшамнан берейін, қалғанын жəне құрал-жабдықтарды екі-үш
аптада табамын.
Банкке чек, обсерватория директорына кепілдеме жазып, жігіттің қолына
беріп тұрып Шенк:
–Екі аптадан кейін жолығып кеткейсіз, – деді, – əзірліктің қалай жүріп
жатқанын сонда айтарсыз.
–Мəселені мұнша шапшаң шешкеніңіз үшін таңданып тұрғанымды
білдіруге рұқсат етіңіз, – деп терең тебіренген жігіт дауыстап жіберді
–Сізге келе жатып арманымның жүзеге асуына қатты шүбəланған едім. Ал
мына арада бəрі де аяқ астынан болды. Сөзіне сеніп, атымен білмейтін
адамға қыруар қаржыны ұстата салдыңыз.
–Шашымның ағына қарамай мен əлі жұртқа сенімімді жоғалтқаным жоқ, –
деп Шенк көңілдене жауап қатты. – Бұрын да талай-талай ғылыми
барлауларға қол ұшын бергенмін, сенімімнің алданған сəті аз. Оның үстіне
мен адамдарды алғашқы көргеннен-ақ айыра тани білемін. Сіз есіме жақсы
салдыңыз, сіздің де, жолдастарыңыздың да аты-жөнін мен əлі білмейді
екенмін. Өлке əкімшілігі үшін сіздерге керек, қазір мен алып бергелі тұрған
қағаздарға аты-жөндеріңіз қажет. Сонымен, сіздің атыңыз? Ал жаза
бастадым.
–Матвей Иванович Горюнов, Петербург университетінің бұрынғы студенті,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 02
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.