Latin Common Turkic

Жұмбақ жер - 14

Total number of words is 4003
Total number of unique words is 2161
35.3 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сол жатжерліктермен ойнап-күліп, əзіл-қалжыңы жарасып отырған осынау
ақжарқын көңілді адамдарды көргенде жиһангездер кешегі қара тақыр қу
медиенде куə болғандарын көз алдына келтіріп, жағдай кенеттен өзгере
қалмаса, алғашқы қауымның бұл тайпасына да өлім қатері төніп тұрғанын
ойламай қала алмады.
–Ойлап-ойлап, əйтеуір мен шеше алмай қойдым, – деді Горюнов əйелдердің
күлкісі мен қалжыңы мезі еткен соң өзімен бірге бұрышқа қарай
оқшауланған Ординге. – Онкилондарға төніп тұрған өлім қатерін айтып,
түстікке бізбен бірге кетейік деп ұсыныс жасасам ба деп, бір байламға келе
алмай-ақ қойдым.
–Осы жайды мен де ойладым, – деді Ордин, – бірақ ұсыныс жасау
асығыстық болар деген түйінге келдім. Қазір теңіз ашық, қайықсыз олар
қайда барады. Оның үстіне менің қазіргі күткен қаупім дұрысқа шыға ма,
жоқ па? Санников жерінің жылытқышы ертелі-кеш қалпына келіп, істің беті
оңғарылып, ондаған жыл бойы жақсы да болып кетер…
–Ал жылытқыш қалпына келмей, көз алдымызда қыс түсе бастаса қайтеміз?
–Қайтсе де, бұларға ештеңе айтып болмайды. Поляр түндерінде айдын мұз
арқылы жылы киімсіз, отсыз, бұғысыз қайда барады! Бұғылары бірнеше күн
мұз жолында аштан өледі. Жоқ, олар осы қысты бірдеңе ғып өткереді, ал
көктемде қардың ерімегенін, жануарлардың өліп біткенін көріп, бұл арадан
кету керек екенін өздері де ойланады.
–Дұрыс! Ал көктемде осы жерді, оның халқын зерттеуге академия жіберетін
үлкен экспедициямен бірге ойпатты қар басып қалмай тұрып біз де келеміз.
Онда онкилондарды көшіру де оңай – олар бұл жерден кетудің қажеттігіне
өздері де түсінеді.
–Ал қазір бұлар бізден апаттың тоқтатылуын талап етеді тек.
Кешкі астан кейін əйелдер Гороховтың өтінішімен би ұйымдастырды.
Балалар мен кемпірлерді бұрышқа қарай отырғызып, өздері əдеттегідей
киімін түгел шешіп, бірінің қолынан бірі ұстап от айнала билей жөнелді. Биі
қарапайым əуен ырғағымен бірде оң аяғын, бірде сол аяғын көтеріп секіру,
қолын бұралтып, жан-жаққа мойнын қозғалту. Осындай билермен əйелдер
ұзақ поляр түндері от басынан шықпай, жертөледе отыру əбден зеріктірген
еркектердің көңілін көтеретін. Алғаш билегісі келмегендей, əуені мен
қимылы баяу басталып, бірте-бірте ширап, ақыр аяғында əйелдер шыр
айналғанда шапшаңдығы көз суырып, аяқ дүрсілі мен шапалақ сатыры,
шабытты үн құлағыңда күмбірлеп тұрып алады. Құтырынған биде
қоңырқай денелер мың бұралып, бұрымдар деңгелең ойнап, алқа сылдырап
омырауды шапақтап, білектер ілгері-кейін бұлдырай сермеліп, аппақ тістер
жарқырап, еріндер əсем ашылып, көздің жауын алады. Ақыры, əбден
қалжыраған қыз-келіншектердің бəрі құлап түсіп, əрқайсысы əр кейіпте от
айналасында тер шылаған денелердегі өрнек-таңбалардың қаракөк
белдемшелерін түзей алқына тыныс алып жатады. Қазір сызықтары əсіресе
айқын айшықталып, жылдай ұзақ поляр түндері қыздардың денесін
өрнектеген алғашқы қауым суретшілері – кемпірлердің бірінен-бірі
асырмақ болған өнерінің жемісі ою-өрнек, гүл, жапырақ, жануарлардың
басының бейнесі тайға таңба басқандай көзге ұрып тұр. Амнундактың
тоқалы – жыланды əйелдің өрнек-таңбасы бұрыннан таныс. Ал Аннуирдің
алды əр алуан гүлдер мен жапырақтардың суреті, ал екі жауырынында күн
шығып, шапағы мойнына, иығы мен беліне шашырап тұр, белінен
төменірек екі жақтан екі жарты ай салынған. Ракудың денесі алдынан
айқыш-ұйқыш сызықтармен торланып, арқа жағы толқынданып, белі мен
мықынына түскен тұсы қошқар мүйізденіп, бұрап тасталған. Қыздар
денесіндегі өрнегінің мағыналылығымен бірінің алдында бірі көлеңдейді,
ал жас жауынгерлер көктемде қалыңдық таңдағанда да алдымен қыздардың
көбінесе осы өрнек-таңбасына қарайды.
Əйелдер дем алған соң жарты шеңбер жасап, оттың бір жағында
жиһангездерге қарама-қарсы жайғасты да ойын бастады: оң жақ шетте
бірінші отырған қыз «бірінші» деп, көршісін алақанымен арқадан бір
тартты, ол «екінші» деп мына жақтағы құрбысына соны жасады, сөйтіп,
шапалақ толқыны екінші шетке бір-ақ шықты; біреуі есебінен жаңылып
қалса, оңнан да, солдан да соны тұқыртып, əжуа қылды. Сол жақ шеттен,
екінші қолмен шапалақ оңға жылжып, оң жақ шеттен солға жылжып, екі
толқын ортада түйісетін болды да, есептен жаңылысушылар көбейіп,
қыран-топан күлкіге батырды. Бұл ермек зеріктірген кезде олар келесісіне
көшті: əйелдер жүресінен отырып екі қолын алдына созып, бір аяғын отқа
қарай көсілтіп, оны екінші аяғымен шапшаң ауыстыра қоюы тиіс болды,
егер біреуі кешігіп не басқа аяғын созатын болса, бəрі күліп, көршісі оны
шалқасынан түсіріп, оның екі аяғы аспанда қайшыланып жатты. Бұл ойын
əйелдерді мүлде жалықтырып жіберіп, ақырында олар бірін-бірі еш
себепсіз шалқасынан түсіріп, апыр-топыр болып бəрі құлап жатты.
–Мына би мен ойындар – тамаша гимнастика, – деді Горюнов. – Ұзақ поляр
түндері отыра-отыра ұйып қалған дененің құрыс-тырысын жазуға
таптырмайтын тəсіл.
–Иə, ерлер аңға шығады, бұғы күзетеді, отын кеседі, ал əйелдер үй
шаруасымен болып, жертөледен жəне қия баспайды, – деп қостады оның
сөзін Ордин.
–Бірінші ойын «алқа» аталады, екіншісі – «бақа», «сынақ» деген үшінші
ойыны бар, ол салмақтырақ, – деді Горохов, сосын əйелдерге қарап: –
«Сынақты» көрсетіңдерші, – деп өтінді.
Əйелдер орынды-орнына отырды.
–Ал біздің арамызда өткен қыстан шыдамды болып қалған қайсымыз? –
деген дауыс шықты. – Сен бе Анну?
–Мен! – деді Аннуэн.
–Мен де өз тұқымымда! – деді Аннуир.
–Сен бұл арада бөгдесің, шыдамды екеніңнің өтірік-шынын ең алдымен
сынау керек. Жат бірінші, – деп бұйырды əйелдер.
Тері əкеп, оны оттан аулақ жарты шеңбердің ортасына төседі, Аннуир оған
шалқасынан түсіп жата кетті. Аннуэн тостаған алып, оны мөлтілдетіп суға
толтырды да жатқан келіншектің қарнына қойды, өзі оның аяғынан басып
тізесіне отырып алды да табанынан қытықтай бастады. Қалған əйелдер
дауыстап санап тұрды. Сынақтың мəні мынада: жатқан адам қанша
қытықтаса да былқ етпей, демін де біркелкі алып, онға дейін санап
болғанша тостағаннан бір тамшы су төгілмеуі керек. Жалаңаяқ көп
жүргеннен онкилондардың табаны қанша қалың болғанымен, бұл сыннан
ілуде біреу ғана сүрінбей өтеді. Оның үстіне əйелі бар болғырлар өте шабан
санап əлек қылады. Сыннан аман өткен шыдамды деген атаққа ие болып,
төзімсіздердің бəрін қытықтауға хұқ алады.
Аннуир бұл жолы төзе алмады – тоғызды санағанда күліп қойды, оның
үстіне күндесі тіпті қатты қытықтады.
–Міне, сен шіп-шикі өтірік соғыпсың! – деді күндесі табалай. – Сен
ешқашан шыдамды болған жан емессің!
–Мүмкін, сен де шыдамды емес шығарсың! – деп қызбалана қарсылық
білдірді Аннуир.
Əлгі орынға енді Аннуэн жатты, Аннуир тостағанды толтырып, оны екі
анардың ортасынан сəл төменірек қойып, ең сезімтал тұс – кіндіктің
айналасын қытықтай бастады. Ал Аннуэн тастай қатып, дымын білдірмей,
сыннан сүрінбей өтті.
–Онда мынаған шыдап көр! – деп кекете күліп, орнынан тұра беріп,
тостағандағы суды тұп-тура Аннуирдің бетіне шашып кеп жіберді.
Бұл үлкен сыннан сүрінбей өткеннің бір артықшылығы еді, Аннуир
үндемей бетін сүртіп, сəл қысылыңқырап кейін шегінді.
Əйелдер бірінен кейін бірі жатып, Аннуэн бəрін де күлдірмес ерікке
қоймады: бірін ерте, бірін кеш күлдіріп, барлығын да орнынан тұрғанша
суға малшынтып шығарды. Сынға шыдамағандар от басында кептірініп
отырып, өзінің кебін киген келесі құрбысына сақ-сақ күлумен болды. Бəрі
сыннан өткенде күлмей шыдаған тағы бір əйел шықты. Аннуир жаңа
жеңімпаз қытықтайтын болса, сынға тағы да түсуге тілек білдірді. Аннуэн
қарсы шықты. Олардың күндестігін көріп жүрген қалғандары бұрын
шыдамды атанса, Аннуирдің сынға екінші рет түсуіне болады деді. Аннуир
қалаған жерден қытықтауға рұқсат беріп, бəріне де төзіп шықты, бірақ
қытықтаған адамына су шашқан жоқ. О, қытықтаушысы Аннуэн болды бар
ғой, бір тамшы қалдырмай шаша салар еді!
–Міне, енді сіздің екі қалыңдығыңыз да шыдамдының шыдамдысы болып
шықты! – деп құттықтады Ординді Горюнов.
–Жəне екеуі де қызғаншақ деңіз! – деп қосыла кетті Костяков.
–Қызғанышсыз құмарлықта құн бар ма? – деп күлді Аннуирдің өз
абыройын қайта қорғап қалғанына риза болған Ордин.
От басында жоқты-барды айтып отыр еді, Амнундактың үйінен бір шал
келді де, дұға біткенін, балалар мен əйелдердің дереу үйіне қайтуы керек
екенін айтты.
–Бақсы не деді? Оған құдай не айтыпты? Бізді алда не күтіп тұр? – деген
сауалдар жауып кетті.
–Ертең естіп білесіңдер, қазір барып ұйықтаңдар! – деп шал жалтара жауап
беріп шыға жөнелді.
Əйелдер киініп, бұрышта ұйықтап қалған балаларын көтеріп, бірінен соң
бірі ақ адамдардың үйінен шықты. Сырттан: «Тағы да суық! Апырай, қандай
суық! Қандай қалың тұман! Адасып кетпес үшін біріңнен-бірің ұстап
алындар!» деген дауыстар самбырлап естіліп тұр.
Дұғаның нəтижесі жайында бірдеңе білгелі Аннуир солармен ілесе шығып,
ұзамай қайтып келді.
–Амнундак пен күллі жауынгерлер бақсыны шығарып салғалы ма, бір
жаққа кетіпті, үйде екі шалдан басқа ешкім жоқ, біреуі ұйықтап жатыр,
екіншісі менің əуесқойлығыма ыза боп, сөгіп тастады, – деді ол.
–Зайыры, бізге де жатып ұйықтау керек шығар. Бəрібір ертеңге дейін
ештеңе біле алмаймыз, – деді Горюнов.
Жиһангездер ол күні рухтардың бақсыға не айтқанын, ол əмірді онкилондар
табан аузында орындауға кіріскенін білсе, тыныш жатып ұйықтай да алмас
еді.
Тұман мен суыққа қарамай құлшылық қылу аяқталысымен-ақ бар жауынгер
көсемнің үйінен шыға сала тура түстік-батысқа тартты, алда екі адам алау
ұстап, одан кейін Амнундак пен бақсы жəне шəкірт жүрді, олардың артында
төрт жауынгер зембілге сап тұтқындағы вампуды əкеле жатыр, шерудің
соңындағылардың бəрі бастан-аяқ қаруланып алған, бастарын төмен салып
үнсіз келеді. Тек аяқ тыпыры мен қорамсақтағы жебелердің сықыры,
зембілдің шиқылы ғана естіледі. Тұманда жолды жазбай тауып, алдағы
алаулылар орман мен алаңқай арқылы осынау бөлекше бір шеруді қасиетті
көлге бастап келеді. Көл жағасында аяқ-қолы байлаулы тұтқынды
құрбандық тасының үстіне қойып, бақсы басына, шəкірт аяғына тұрды.
Амнундак пен жауынгерлер əзір суы жоқ қасиетті көл жағын ашық
қалдырып, тасты жарты шеңбер жасап айнала тұрды. Күллі жауынгер
қолына алау үстап, жоғары көтерді де, бақсы даңғырасын қағып, құрбандық
алдында дұға оқи бастады. Самсаған алау толқыған қызыл сəулесін қара
тасқа, шалқасынан жатқан тыр жалаңаш түкті адамға, қатты дүңгірлеген
даңғырасын көкке көтеріп безілдеп тұрған əлеміш киімді бақсыға, шашына
қыран қауырсын қыстырған бақсыға ұйып телміре қалған жүзі сұсты
қарулы адамдарға түсіп тұрды.
Төңіректі тұмшалап толқыған тұманның кей тұсы сейіле қап, қап-қара құзжар, тас басқан көлдің түбі, үңірейген көмей-куыс көзге түсіп қалады.
Жалғыз онкилондарға ғана емес, кез келген адамға тап мына жағдайдағы
түнгі тəуеп қатты əсер етер еді. Өз тағдырының не болатынын түсінген
тұтқынның көзі əлсін-əлі алақтап, тұла бойы түршігіп, діріл қақты.
Рухтарды шақырып, өзіне назарын аударту үшін қаққан даңғырасын
доғарып, қолын сылқ түсірген бақсы əжім айғыздаған бетін құбылаға беріп,
көзін тұман толқындарына қадап, бар даусымен рухтарға жалбарына
бастады.
–Оммолон, Амнунгем, Иргани! – деп ол бірнеше дүркін шақырды! –
Жерасты патшалығының əміршісі, сізге үн қатып тұрмын. Саған
құрбандыққа тірі адам алып келдік, қызыл қаны бұрқырап тұрған
құрмалдық бұл. Осыны қабыл алып, жерімізді қайтып сілкіндірмеші,
жарығын бітеп, мына көліміздің суын қайтып берші! Оммолон, Амнунгем,
Иргани! Тыңдаңыздар, сіздерге үн қатып тұрмыз!
Рухтардың атын əлденеше қайталап айғайлаған бақсының даусына көлге
төніп тұрған жартастар жаңғырығып, өз атын қайталап жерасты рухтары үн
қосып жатқандай болып көрінді. Ақырғы айғайымен бақсы беліндегі
пышағын жұлып ап еңкейе беріп, вампудың кеудесіне сұғып жіберді, жан
даусы шыққан оның үнін жартастар қағып алып қайта жаңғырықтырды.
Пышағын суырмай бақсы үзіліп бара жатқан тұтқынның бетін табанымен
басып тұрып даңғырасын қайта қақты.
Тұтқын денесінің дірілі басылып, демі біткенде бақсы пышағын суырып
алып, оны вампудың жүндес тəніне сүртті де əмір етті.
–Құрмалдықты апарып, жер асты патшалығына кірер қақпаның аузына
лақтырыңдар!
Алты жауынгер мəйітті абайлай көтеріп, тайғақ тастардан сатылап түсіп,
көмей-қуысқа қарай тартты, басқа жауынгерлер алау ұстап жан-жағына
жарық түсіріп отырды. Олар көмей-қуысқа жете бергенде:
–Су келе жатыр, су көрінді! – деген қуанышты дауыстар шықты.
Шынында да, жаңа ғана қарауыта үңірейіп жатқан көмейқуыс ернеуіне
дейін шыпылдап суға толып қалыпты.
–Құрмалдығымызды жерасты рухтары қабыл алды! – деп дауыстады бақсы.
– Қасиетті көлдің суы қайтып келе бастады… Құрбандықтың аяғына тасты
байлаңдар да, жедел көмей-қуысқа тастаңдар! – болды оның əмірі.
Мəйітті түсіріп, қолын шешті де, жауынгерлер сол қайыспен аяғына үлкен
тас байлады. Сосын мəйітті көтеріп, қолмен шайқап-шайқап тұрды да, суы
көлге кұйыла бастаған көмей-қуысқа лақтырып жіберді. Қара толқын
алаудың қызғылт сəулесімен сəл жалт етіп, тағыны тереңіне қылқ еткізді.
–Құрбандық бұғыны алып келіцдер! – деп дауыстады тағы да бақсы. –
Мейірбан аспан иелеріне құрмалдық шалайық.
Алау ұстаған жауынгерлер қатарын ысырып, бұғыны мүйізінен жетелеп
алған екі онкилон ілгері тырмысты. Бұғының мүйізі əр түсті таспалармен
əшекейленіп, жүніне қызыл қына бояуы шашылыпты. Самсаған оттан
үріккен жануар төрттағандай тартыншақтап мөңіреп келеді. Оны да тақта
тасқа əкеп шығарды да, бақсының иығының астына апарып жықты.
Даңғыра қайта қағылып, бақсы қайырымды аспан рухтарын шақырып,
суықты тоқтатып, онкилондарға жылылықты қайтар, бұғы табынын аман
сақта деп жалбарынды. Тас кездік қайта жарқ ете қап бұғының
көкжелкесіне қадалды да – қызыл қан ақ жүнге шашырап, ізінше жазықсыз
жануар төрт аяғын көси сап, сылқ ете түсті. Басын кесіп алып
қашанғысындай бақсыға берді де, бұғыны тақта тастың үстіне тастады.
Жер асты патшалығынан қайтып оралған қасиетті суға тағзым етіп, бақсы
тақта тастан түскен кезде көлдің суы көтеріліп, түбіндегі терең шұңқырды
толтырып та қалған еді. Бұрынғы тəртібін сақтап, зембілге тек бұғының
əшекей басын ғана салып, жасақ қайтар жолға түсті.
ОНКИЛОНДАР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫРҒЫ КҮНДЕР
Жиһангездер ертеңіне екі жағдайды таңырқай есітті: түнде жер сілкініпті
жəне қасиетті көл қалпына келіпті. Қасиетті көлдің қалпына келуі, əрине,
жер сілкінуден, бірақ оны бұлар қалай аңдамаған? Сұрастыра келсе, жердің
сілкінгенін жертөледе қалған екі шал ғана байқапты. Амнундактар кеткен
соң ұйықтап қалған екен, қаттырақ дүмпуден шошып оянып, сыртқа ата
шығыпты олар, басқа қыбыр еткен пенде жоқ, аяқ асты сəл дірілдеп тына
қалады да, суықтан қалтырай бастаған соң үйге енеді.
–Қара басып біз неғып ештеңе байқамағанбыз? – деп таңданды Горюнов. –
Əлде шалдардың түсіне сондай бірдеңе кіріп жүр ме екен? Не біз, не біздің
сан-сапалақ қонағымыздың ештеңе сезбеуі қалай?
–Тоқтай тұрыңдаршы! – деп дауыстап жіберді Ордин.
–Жерің осы, жертөлеміз билеген əйелдердің аяғымен дүсірлеп жатқанда
сілкініп жүрмесін?!
–Иə, əрине, солай! Ол кезде онша қатты болмаса, дүмпуді байқамауға əбден
болатын.
–Дүмпу əйтеуір қасиетті көлдің байланысын қалпына келтірген екен… –
деп күмілжіді Ордин.
–Немен байланысын?
–Теңізбен байланысын қалпына келтірді деп айтайын деп тұрып – іркіліп
қалдым, себебі бұрын көл теңізге құятын, сол құяр жолы бітеліп
қалғандықтан сарқылған жоқ ол, жан-жағынан ағып келетін жылғабұлақтар тоқтағасын суалған-ды.
–Біле білсеңіздер, мұны зерттеу керек. Судың неліктен қайтып келгенін білу
маңызды мəселе. Онкилондардың айтуына қарағанда ол көмей-қуыстың
өзінен бұрқырап шығып жатқан көрінеді.
–Егер біз солай қарай барып, жазатайым су қайта тартылса, жаңа апатқа
кінəлі осылар деп жазғырады ғой олар, сонан кейін тіпті де ақтала
алмайсың. Жоқ, одан да кідіре тұрып Амнундакпен бірге барайық, – деп
Костяков сақтық айтты.
Жиһангездер түнде болған жəне бір жағдайды білді. Тұтқындағы вампу
қарауылда тұрған жауынгер от басында қалғып кеткенде байлаған арқанды
шешіп, тайып отырыпты. Осы хабардың бəрін ертеңгі бұғы сауудан бірінші
оралған Аннуир жеткізді.
–Көлдің қалпына келіп, тіпті судың көтерілгенін онкилондар қайда жүріп
көрген осы? – деп қайран болды Ордин.
–Түнде қасиетті көлдің басында құлшылық қылыпты. Амнундак, бақсы,
жауынгерлер бəрі соған барған. Құрмалдыққа ақ бұғы шалған, қазір су
бұрқылдап шығып жатыр дейді, – деп Аннуир жүзі жайнап қуана айтты,
өзінің де құрмалдық пен құлшылықтың құдіретіне сенген сыңайы бар.
–Құрмалдық шалынды де… – деп даусын соза түсті де Горюнов үнсіз
қалды.
Қатын-қалаш, бала-шағаны қатыстырмай түнде құпия құлшылық қылып,
құрмалдық шалу мен тұтқынның аяқ астынан жойылып кетуін салыстыра
келіп, көңілі секем алып, қобалжиын деді.
Кейін келіншектер мен Гороховтың шығып кеткен кезін пайдаланып, екі
жолдасына өз күмəнін айтты.
–Менің күмəнімнің дұрыс-бұрысын қайткенмен де білу керек, – деп түйді
ол сөзін. – Егер олар вампудан бастап адамды құрбан шалуға шықса, мына
апат тоқтай қоймаған жағдайда біртіндеп бізге де ауыз салады.
Бұл оқиға жайында ешбір дерек білу мүмкін болмайды. Түн ортасында
рухтар бақсыға əмір беріп, қасиетті көлдің басында əдеттегідей ақ бұғы
сойып, құрмалдық шал депті, сол – сол-ақ екен, көмейқуыстан су көтеріліп,
көз алдымызда терең табанды толтырып тастады деп ықыластана
айтқанымен, жауынгерлер түнде жер сілкінгенін бекерге шығарды, бəлкім,
олар көлге қарай жүріп бара жатып я құлшылық етіп тұрып сезбей де қалған
болар.
Арада біраз ғана күн өтті, тамыздың əлі ортасы ғана, бірақ кəдімгі қарасуық
күз сияқты: түн құрғатпай аяз болады, тұман торлайды, бозқырау түседі.
Ағаш жапырақтары сарғаймай-ақ түсіп, қырдың шөбі солып, жатып салды.
Жыл құстары ерте ұшып, көл иесіз қалды, түнде қатқаннан ол екіндіге қарай
сəл ғана ериді. Күннің көзін қалың бұлт жиі-жиі тұмшалап, өлеусіреп əрең
жылынады. Əйелдер қапшығынан қысқы киімдерін алып, жамап-жасқай
бастады. Кездескен кездегі онкилондардың салқын көзқарасын жиһангездер
жиі байқап, Аннуирдан өзге келіншектер күнінің көбін Амнундактың
жертөлесінде өткізетін болып жүр. Ординнің ақылымен өзінің
жателдіктерге берілгендігін айырықша білдіріп алмас үшін Аннуир да
солармен бірге кететін болды, сондығынан да онкилондардың ойын біліп
отыру онша қиын емес.
15 тамызда ертемен терістік желі соғып, нольден төмен температурада
кəдімгі бұрқаған боран ұйытқыды. Түске тармаса бұрқасын басылып,
жертөледен шыққан жиһангездер Санников жерін қысқы сəнімен көрді:
алаңқайлар белуардан қарға оранған, сидиған қайың-терек пен жасыл
қарағай қарға малынып мүлгіп тұр. Көсемнің жертөлесінен шығып
онкилондар да жан-жағына аңыра қарап тұр екен, əйелдер соларға қарай
тұра жүгірді.
Жиһангездерге жер сілкініп, үйі құлағандағы қақтығыстан кейін бас сұқпай
қойған Амнундак келді екі іңірдің арасында. Ол от басына келіп, қолын
жылыта жалыннан көз алмай отырып сөз бастады:
–Біздің күніміз енді не болады, ақ адамдар? Қыс табаны күректей бір ай
бұрын түсті. Жапырақтар сарғаймай үсіп, көктей солды. Құс кетті, күн
жылытпайды. Қар мына бетімен төпеп жауа берсе, бұғылар қырылып
қалады. Өгіздер, жылқылар, мүйізтұмсықтар да қырылады. Сонда
онкилондар немен күнелтпек?
Жиһангездер бұл назаны үнсіз отырып тыңдады, олар ерте мезгілсіз түскен
суықтың себебін біледі, ойпатқа жылу беріп тұрған жерасты жолы қалпына
келмей, жағдайдың жақсаруына үміт жоғын жəне біледі. Ал оның қашан
қалпына келетіні кімге мəлім?! Амнундакты жұбатқанда бұлар немен
үміттендірмекші?
Сұрағына жауап ала алмаған көсем орнынан атып тұрып, сес көрсете қолын
көтеріп, тағы да сөйлеп кетті.
–Осының бəрін істеген сендер! Бізге қар мен ызғырық елінен келіп едіңдер,
қар мен ызғырықты қоса əкелдіңдер, сендерге сол оңды, себебі ақ жерде
өмір сүруді сүйесіңдер, ақ адамдар! Суықпен, қармен күллі онкилондарды
қырып, жерімізді басып қалғыларың келеді. Бабаларымызды осылай қарай
чукчалар тықсырып тастап еді, ал сендер, құдіретті ақ сиқыршылар,
тұқымымызды түгел құртпақсыңдар!
Ол жалт бұрылды да, жертөледен шыға жөнелді. Жиһангездер абыржып
біріне-бірі қарады, көсем ұзап кетті-ау дегенде Горюнов:
–Меніңше, енді кідіретін түк қалған жоқ, – деді, – ертең ерте жолға шығу
керек: теріскей желі соғып тұр, көлдер қатқан, тұман болмайды, қар қалың
емес.
–Түнде тағы жауса, шаңғысыз жүруіміз қиын ғой, – деп қауіп ойлады
Костяков.
–Мұнда қысқы киіміміз де жоқ, бəрі қоймада қалды, – деп қипақтады
Ордин.
–Сендер қалай түсінсеңдер, солай түсініңдер, мен онкилондарда қаламын, –
деп кесіп айтты Горохов. – Мына суық ұзамай қайтады, біз бұрынғыша өмір
сүреміз, ал сендер Қазандыққа жете алмай, мұзда құрисыңдар.
Қанша түсіндіргенмен ол айтқанынан қайтпай, қасарысып отырып алды,
сондағы себебі: Казачьедегіден мұнда жақсы
–тамақ тоқ, тұрмыс тыныш, əйел сұлу, үй жақсы – тағдырға тағар кінə жоқ.
–Ал, Никита, сізді вампу сияқты бауыздап, суықтың бетін қайтар деп
құдайларына құрмалдыққа шалса қайтпексің?
–деп ежіктеді Горюнов.
–Ол бос сөз! Вампу қашып кеткен. Онкилондар кісі бауыздамайды.
Бауыздайтын болса, баяғыда-ақ бəріміздің жоқтауымызды бір-ақ асыратын
еді, əлгі Амнундак құсап келіп сөйлесіп отырмас еді. Кетуімізді өтінер,
бірақ бауыздамайды.
Тіл-ауыз жоқ, тылсым тыныштық орнады. Сəл үнсіз отырды да, орнынан
тұрып Горохов шығып кетті, бір минуттан соң жүгіріп Аннуир кірді.
–Жаңа Амнундак сендерден үйіне келісімен бізге: «Бұдан былай ақ
адамдарға əйел бермейміз, – деді. – Олар суық пен қарды тоқтатқанша,
сендер бізде боласыңдар, онда барсаңдар – бізден жақсылық күтпеңдер. Ал
күллі əйелдер мен еркектер айғайлап: «Баяғыда-ақ осылай істеу керек еді:
əйелсіз, сүтсіз, нансыз тұрып көрсін енді!» деді. Мен көрпемді алып келейін
деп қана сұранып шықтым. «Бар, бар да барған ізіңмен кері қайт!» деп
қалды олар.
Аннуир өзінің тері көрпесін алып, Ординнің құлағына сыбырлады:
–Түнде олар қалың ұйқыға кірген кезде саған қайтып кеп, естіген-білгенімді
айтамын, сірə, ойлары оңды емес.
Жнһангездерді күйзеліс халде қалдырып ол тұра жүгірді.
–Иə, ертең елең-алаңнан кету керек, – деді Костяков. – Шамасы, бұл ерте
түскен қысты өзгерер деп қысталауының алғашқы адымы болса керек.
–Кетуді кейінге қалдырар болсақ, жертөлемізге күзет қояды да сытылып
шығуымыз қиындайды, – деп қостады Горюнов.
–Əзір Горохов жоқта керек-жарақты қамдап алайық, – деп ұсыныс айтты
Ордин. – Қызық өзі, ұшты-күйлі қайда кетті, əлде Амнундакқа барып біздің
ойымызды айтпақ па екен?
Горохов пен əйелдер кеш бойы оралған жоқ. Кешкі асты жиһангездердің
өздері əзірлеп, шай қойып ішті, буыншақ-түйіншегін жинастырып болып
жағдайды талқылап ұзақ отырды, ақыры жатып ұйықтады. Шамасы,
Горохов Амнундактың үйінде қонып қалса керек. Түн ортасында Ординді
Аннуир кеп оятты.
–Сендердің жедел кетулерің керек, – деді ол сыбырлап.
–Жерасты рухына құрбан қып вампуды шалып едік, разы болып қасиетті
көлдің суын қайтарды, аспан əміршілеріне тек бұғыны ғана садақа етіп ек,
ашуланып қыс түсірді – оларға жақсырақ құрмалдық керек дейді
жауынгерлер. Ашып айтпағандарымен құрмалдығы сендер ғой деп
ойлаймын.
–Ал оны Никита естіді ме?
–Жоқ, бұл одан бұрынғы əңгіме. Оның көзінше ештеңе айтқан жок. Келе-ақ
ол онкилон болғысы келетінін, сендерден кетіп, бізбен бірге тұрмақ екенін,
оларға ешбір залалы болмайтынын айтып қақсады. Кеш бойы сіздің өмір
сүрудің қиындығын айтып тауыса алар емес. Сендердің неге келгендеріңе
онкилондар енді түсінді: өз тайпаларың үшін жақсы жер іздеп жүр
екенсіңдер ғой. Ал Амнундак айтсын сонда: «Демек, олар тыңшы десейші!
Жоқ, біз оларды бұл арадан жібермейміз, əйтпесе үлкен жауынгер жасақпен
оралып, нажағай-жасындарымен соғыс салады – онда онкилондардың
тұқымы тұздай құриды» деп.
–Никита біз ертең кеткелі отырғанымызды айтқан жоқ па?
–Жоқ, айтқан жоқ. Ол тек өзі туралы ғана қақсады. Амнундак та оны мақтап
түнге əйелін қайтарып берді. Сосын ертең бақсыны шақыр деп əмір етті –
кешке сендерге байланысты, мүмкін, қарға да байланысты тəуеп болады.
–Ал Аннуир, ертең таң қылаң бере біз кетеміз. Қалай, сен менімен бірге
жүресің бе?
–Өз жеріңде мен сенің тек жалғыз жəне бірінші əйелің болсам, қайда
апарсаң да барамын, – деп жауап берді Аннуир.
–Иə, сен менің бірінші жəне бір ғана жалғыз жарым боласың.
Олар əлі де ұзақ əңгімелесті, содан соң сағатқа қарап таң жақын екенін білді
де, жолдастарын оятты, жеңіл-желпі ауқат жасап, елең-алаң бола бергенде
тап-тұйнақтай жертөлесін мəңгі тастап жолға шықты. Гороховқа хат
қалдырып, Амнундакқа қысқы киімдерін əкелуге кетті, бір күннен соң
оралады деп айт деген өтініш білдірді. Соңынан келгісі келсе əлі де кеш
емес: ойпаттың шетінде екі тəулік күтеміз деді. Оған Санников жерінде
алапат қаһарлы қыс түсетінін, ол Казачьеден қытымыр болмаса, жұмсақ
болмайтынын ескертті. Жəне кейін онкилондармен келіп Никифоров қысқа
əзірлеген етті алып кет, бəрібір біз барлығын əкете алмаймыз деп жазды.
Жертөледе түндіктен шыққан түтін онкилондарға кісі жоқ деген сезік
туғызбасын деп, отты жағып кетті, төсектерін біреу ұйықтап жатқандай
көрінсін деп жауып қойды: тек Аннуир ғана өз төсек-орнын, бар киімкешегін буып-түйіп ала кетті.
Іздерін жедел жасыратындай болып, төпелеп қар жауып тұр. Қуғын
шығарамыз десе де, оны Горохов кешке шейін кідірте тұруы тиіс. Оған
жертөлеге қамап Пеструханы қалдырып кетті.
Таң ағарғанда олар тұрақтан бірнеше шақырым жердегі алаңқайға жетті,
оны өздері əрең таныды. Төрт айдың ішінде бəрі қалай өзгеріп кеткен!
Алғашқы уыз əсер қандай еді, шіркін! Тылсым-құпияға толы тыңнан
ашылған жер, көктемгі жас табиғат, жаңа көк. Енді ше – сидиған жалаңаш
орман, қар басқан көңілсіз алаңқай, надан халықтан қашу, алда құрлықтын,
қиын-қыстау, көңіл құлазытар ұзақ сонар жолы, күні осы уақытқа дейін
қиындықты бірдей көріп, жеме-жемге келгенде жалт берген опасыз жолдас
(қазір жоқтығы былай тұрсын, ертеңгі тағдыры не болмақ жазғанның), ақыр
аяғында бауыр басып үйренген балғын келіншектерден айырылу – бəрі-бəрі
оларға қатты батты. Өзгелерден тек Ордин ғана көңілді, себебі қасында бір
осы үшін туған-туыстарын, үйреншікті тұрмыс-салтын тастап,
атамекенімен хош айтысып, алдағы жат та үрейлі жаңа əлемге қасқайып
қарсы бара жатқан Аннуир қарды қарш-қарш басып қатар адымдап келеді.
Кешқұрым өз базасына жетіп, көптен хабар ала алмай алаңдап отырған
Никифоровты олар қатты қуантты. Оның төрт құбыласы түгел екен, қысқа
жетерлік ет пен отынды үйіп алыпты, иттері де аман əрі тоқ, тек аңға
шыққанда аю сығып тастап біреуі ғана шығын болыпты. Осынау жерұйық
жерден жедел кету керек деген шешімге казак таң қалды.
–Күллі еңбегім еш болды-ау! – деді ол өкпесін ірке алмай. – Атып əкеліп,
сойып, сүйреп, сүрлеп, кептіріп – несін əуре болдым екен. Осынша жан
иесін не үшін қырдым! Мынандай тау-төбе отынды қайтпеске үйдім? Бəрі
де қарғыс атқыр əлгі аюларға қалады-ау!
–Қапаланба, Капитон, аюлар емес, адамдар жейді бұл етті. Оикилондарды
ертіп Горохов келеді де, бəрін тұрағына жеткізіп алады.
–Қалайша, сонда Никита бізбен бірге кетпей ме үйіне? – деп таңданған
казак айғайлап жіберді.
–Кетпейді, осында қалуға бел буды. Сүйген əйелі бар жəне Казачьеден
осында жақсы дейді.
–Солай шешкені шын ба? Аһ, антұрған! Оның Казачьеде əйелі бар еді ғой,
рас мінезі шадыр, шау тартқан кəрі қатын болатын.
–Ал мұндағысы жас та жақсы. Бұл арада ол байбатша құсап тұрады.
–Ал мына еріп келген кім? Шығарып салғалы жүр ме?
–деп сұрады Аннуирді нұсқаған казак.
–Жоқ, бұл менің əйелім, бізбен бірге құрлыққа барады, –деп жауап берді
Ордин.
–Міне, гəп қайда! – деді даусын созып, орысша еркін білмегендіктен түсініп
тұрса да шапшаң сөйлегендерін түгел ұқпай, ұяла ыңғайсызданған
келіншекке қараған казак.
–Яғни Никитаның орнына осы арадағы тайпаның қатыны барады екен ғой!
Енді иттерді қалай жегеміз. – Бұл Никитаның орнын баса алмас, нарта айдау
түгіл иттің өзін де көрген жоқ шығар! Е, ендігі уайым осы!
Жиһангездер айнала отырған оттың басында осы тақырыпта Никифоров
ұзақ сонар пəлсапа соқты. Ас қамдаған кездегі Аннуирдің ептілігі оның
көңілін біраз орнықтырып, тіпті ол кештің соңында мақтау да айтты:
–Келіншегіңіз қолды-аяққа тұрмайтын пысық, тамаша еңбеккер жан екен,
Семен Петрович! Туған-туысқандарын тастап, етегіңізден ұстап теңіздің
арғы жағындағы жат өлкеге бара жатқаны сізді қатты сүйгені ғой… Зады,
сіздердікі ергісі келмегені де? – деп ол қалған екеуіне қарады.
–Иə, ергісі келмеді… – деп жауап берген Горюнов осынау қызықты жерден
тез аттануға мəжбүр еткен жағдайларды баяндай келіп: – Бəрі де ойлағандай
болса, көктемде қайтып келеміз, – деп аяқтады сөзін.
Ас үстінде Никифоров ойпаттан əзір кетуге болмайтынын айтты, себебі жаз
қар еріп, күртік көп аласарған, онымен қазір жоғары текшеге дейін ғана
жетуге болады, одан əрі тырбыңдап он бес метр шыңға шығуға тура келеді.
Нарталар мен жүкті көтеріп шығару үшін жол аршып, баспалдақ жасау
керек. Күртікті де əзірлеу қажет: беті еріп, əбден мұздақтанып қалған,
балтамен ойып саты жасамай болмайды.
–Бір күнде бірақ оның бəрін жасай алмаймыз, – деп жəне ескертті.
–Біздің қарауымызда əлі екі күн бар, – деді Горюнов.
–Никитаны екі тəулік күтеміз деп уəде бергенбіз. Кім біледі, бəлкім, айныса
қайтып келер.
ТОПАН СУ
Жаз аздан еріп кеңіген мұз апанда əлі тұрған казактың шатырына қонып
шығып, жиһангездер ертемен күртік жотасынан баспалдақ оюға кірісті.
Бесеуі де жан сала жұмыс істеп, екінді кезінде текше-тастың түбіне жетіп те
барды. Төрттен – он метрге дейін ені бар текше тас күртіктің екі жағына
бірдей созылып, бара-бара таутеке жүргендей ғана болып қусырыла түседі.
Оның үстінде ең аласа тұсының биіктігі он метрдей жарқабақ бар, барлық
жері бірдей тік емес, тəжірибелі альпинистің сатылап басына шығуына
əбден болады. Алайда жүк көтеріп, иттерді шығару үшін жарқабақ тым биік,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жұмбақ жер - 15
  • Parts
  • Жұмбақ жер - 01
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2148
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 02
    Total number of words is 4087
    Total number of unique words is 2295
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 03
    Total number of words is 4186
    Total number of unique words is 2134
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 04
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2123
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 05
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2113
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 06
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2291
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 07
    Total number of words is 4001
    Total number of unique words is 2221
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 08
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2202
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 09
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2237
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 10
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2282
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 11
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2162
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 12
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2289
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 13
    Total number of words is 4043
    Total number of unique words is 2065
    36.4 of words are in the 2000 most common words
    51.0 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 14
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2161
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 15
    Total number of words is 4094
    Total number of unique words is 2103
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 16
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2014
    37.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 17
    Total number of words is 4180
    Total number of unique words is 2101
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 18
    Total number of words is 4130
    Total number of unique words is 2188
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.0 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 19
    Total number of words is 3995
    Total number of unique words is 2376
    28.9 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жұмбақ жер - 20
    Total number of words is 621
    Total number of unique words is 482
    41.4 of words are in the 2000 most common words
    53.4 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.