Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 19

Total number of words is 1860
Total number of unique words is 1159
45.7 of words are in the 2000 most common words
60.0 of words are in the 5000 most common words
66.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таныс əдетімен жымия күліп. Бұл оның соңғы рет жымиған емеуріні екен.
Міне ол галстугын шешіп жатып, бір түрлі тамағы қысқандай ишарат
білдірді де: "Бөлменің іші қапырық екен!" деп креслоға қисая кетті.
"Қымбатты дос, сізге хат келді. Алыңыз", – дедім мен. Ол хатты алып,
жазуына қарады да, жұлып алғандай: "Құдай-ай! Ол шынымен шыққаны
ма бостандыққа!", – деді. Басын шалқайтып алды, екі қолы дірілдеп
кетті: шырағданды үстелдің үстіне əкеліп қойды да, хатты ашты. Менің
таң қалғаным, Бенаси мырза қатты толқып кетті, сондықтан хатты
оқып болғанша мен одан көз алмай қарап отырдым. Бір кезде оның беті ду
ете қалды да, еңіреп жылаған күйі сылқ етіп құлап кетті. Қымбатты
досымды көтеріп алсам, екі беті долырып барады. "Өліп барамын ", – деді
де, тынысы тарылып, өзін-өзі зордың күшімен қимылға келтіріп, тұрмақ
болды. "Қан шығарыңыз" – деп дауыстады маған, қолымды қысып
жатып... "Хатты өртеңіз, Адриен!" Ол хатты маған ұсынды, мен алдым
да, отқа тастадым. Жакота мен Никольді шақырдым, дауысымды Николь
ғана естіп, жүгіріп келді; екеуміз Бенаси мырзаны көтеріп, менің
кереуетіме, менің қатқыл матрасымның үстіне жатқыздық. Бұл кезде
біздің қымбатты досымыз еш нəрсені естімей қалған, көзін ептеп
ашқанмен, еш нəрсені көрмейтін. Николь атқа мініп Сордье мырза
аталатын фельдшерге шауып кетті; бүкіл селенге дабыл қақты.
Жұрттың бəрі дереу тік түрегелді. Сіздің достарыңыз Жанвье мырза,
Дюфо мырза жұрттың алдымен жүгіріп келді.
Бенаси мырза жан тапсырып жатты, оған еш нəрсе істеуге болмай
қалды. Бордье мырза өкшесіне қыздырып от басты, бірақ досымыз
ешқандай тіршілік белгісін бермеді. Құяңның асқынуы мен миға қанның
құйылуы досымызды алып кетті. Осының бəрін тəптіштеп жазып
отырғаным, қымбатты папа-тай, сіздің Бенаси мырзаны қаншалықты
жақсы көретініңізді білемін ғой. Ал мен үшін бұл қандай қайғы, қандай
жаза! Менің сізден кейінгі ең жақсы көретін кісім осы еді ғой.
Қайырымды Бенаси мырзамен кешкілік əңгімелесіп отырғанда, мен өзімнің
лицейдегі жаттанды сабақтарымнан əлдеқайда көп мағлұмат алушы
едім.
Келесі күні ертеңгісін ол қайтыс болды дегенді естігенде, кереметтей
оқиға болды. Аула мен бақтың іші халыққа лық толды. Жұрттың бəрі
еңіреп жылап, жоқтау айтуда; бəрі де жұмыстарын тастап келіпті,
Бенаси мырзаның соңғы рет айтқан сөздерін еске алады, өздеріне
қандайлық көмек көрсеткенін айтады; сабырлырақ адамдар өзгелер үшін
сөйлейді; жұрт топырлап келіп жатыр, бəрі де көргісі келеді.
Хабар айнала өңірге тез тарап кетті маңайдағы селендердің бəрінен
ағылып келіп жатқан адамдар; бəрінің де қабырғалары қайысқан:
еркектері мен əйелдері, жас қыздары мен жігіттері түгел Табытты
шіркеуге дейін қауымның ең қарт төрт ақсақалы көтеріп барды, ал
қаралы шеру бірнеше рет тоқтап тұрды, себебі жолда бес мыңдай адам
шоғырланып қалған еді; жұрттың бəрі айқышты жорық кезіндегідей
тізерлеп тұр. Халық шіркеуге сыймай кетті. Жаназа басталғанда жұрт
жылауын тоқтатты, шіркеуде тылсым тыныштық орнады, қоңыраудың
күңгірі мен əндеткен дұғаның əуені көшенің арғы басына дейін естіліп
тұрды.
Мəйітті жаңа зиратқа апаратын уақыт болды; ал зиратты бүкіл
селенге арнап, Бенаси мырза өзінің жерінен ашқан-ды, сонда марқұм ол
жерге ең бірінші болып өзінің жерленетінін білмеген болар; міне, сол кезде
жан-жақтан жұрттың қосыла дауыс қылған зары естілді. Жанвье мырза
еңірен турын дұға оқыды, жұрттың бəрінің көздерінен ағылда-тегіл жас
сорғалады. Сөйтіп біз оны жер қойныңа бердік. Кешке қарай жұрт
тарқады, бəрі де қайғы-қасіретті арқалап үйлеріне қайтты.
Ертеңіне, таңертеңнен бастап, Гондрен, Гогла, Бютифе, егістік
күзетшісі, тағы басқа көп адам жиналып, Бенаси мырзаның денесі
жатқан жерге, биіктігін жиырма кездей етіп, топырақтан мұнара
көтерді, енді соның айналасын шыммен бекітпек; бұл жұмысқа бəрі
қатынасады! Мінеки, сүйікті əке-тай, осы үш күннің ішінде бізде осындай
оқиғалар болды. Дюфо мырза Бенаси мырзаның үстеліндегі тартпадан
ауызы желімделген өсиетін тауып алыпты. Қадірменді досымыз онда
өзінің дүние-мүлкін қалай пайдалану жолын айтса керек. Соны естігенде,
жұрттың қаза қайғысы мен жүрек мейірі қосылып, тағы елжіреді.
Ал енді, қымбатты əке-тай, осы хатты сізге алып баратын Бютифені
күтіп отырмын, енді не істеуім жөніндегі жауабыңыз бен
нұсқауларыңызды да осы жолы күтемін. Сіз өзіңіз келесіз бе əлде
Гренобльдегі өзіңізге барайын ба? Сіз қалай десеңіз, мен солай істеймін,
сіздің сөзіңізден шықпайтыныма толық сеніңіз.
Қош болыңыз, əке-тай, сізге деген ең ізгі тілектерімді жолдаймын.
Сізді жақсы көретін ұлыңыз Адриен Женеста!!
– Бару керек! – деді Бенаси іштей бекініп.
Атын ерттетіп алып, жолға аттанды. Желтоқсанның ертеңгі көңілсіз,
бұлтты күні, бұл кезде сұрғылт алакеуім аспанды торлап алады, жапырағы
түскен жалаңаш ағаштар мен қабырғалары дымданып, өні қашқан үйжайларды орап алған сызды тұманды жел де сейілте алмайды. Айнала өлі
тыныштық. Өлі дейтініміз, өмірдің лебі есіп тұратын да тыныштық болады
ғой. Ашық күндері үп деген дыбыстан жаның жайдары тартады, ал бұлтты
күні табиғат үнсіз ғана емес, тілсіз де. Ағаштарға жармасқан тұман біртебірте дымға айналып барып, көздің жасындай, жапырақ бойлап, төмен
сорғалайды. Əлде қайда естілген дыбыс ауада тұншығып тынады.
Қазаның қайғысы мен өлім жайындағы ойлар бойын билеп меңдеу
тартқан подполковник Женестаның ішкі сезімдері айналадағы көңілсіз
көрініске əбден үндес еді. Анау бір жолы, осы аңғармен алғаш рет жүріп
өткендегі есте қалғандары мен қазіргі көріністі ол еріксіз салыстыра
қарайды онда көктемнің тамаша ашық аспаны мен құлпырған табиғат
көрінісі жəне қазіргі мынау сүреңсіздік: төбеңнен төнген қорғасындай ауыр
аспан, жасыл желегінен айырылып, жалаңаш қалған жақпар тасты таулар,
ең болмаса аппақ қар жамылып тұрса бір сəрі-ау, қазір ол да жоқ. Оның
үстіне, өліктің басына барып тауап қылатын адамға, қай жаққа қараса да,
жас қабірдің төмпешігі елестейді. Тау қырларының əр жерінде қарайып
шоғырланған шырша ағаштары онсыз да жүрегі езіліп келе жатқан
офицерге қай-қайдағы қайғы-мұңды еске түсіріп, қалыңдата түскендей; ал
енді алдында созылып жатқан үлкен аңғарды көзбен шолып қарар болса,
қазір де бүкіл кантонды үстінен басып тұрған қайғыны, бір ғана адамның
өлімінен кейін құлазып қалған мына өңірді еріксіз кез алдына əкеледі.
Көп ұзамай, подполковник көктемде осылай қарай келе жатқанда
тоқтап, өзі сүт ішкен, толған жетім балалардың мекені болған ескі лашық
үйге тақап келді. Төбесіндегі тұрбадан селдір түтін шығып жатқаның
көргенде, ол тағы да Бенасидің жұртқа тигізген ізгі қамқорлығын еске
алып, осы үйге кіріп шығып, марқұм болған досының аруағына деп, кедей
кемпірге садақа бермек болды. Сөйтті де, атын ағашқа байлай салып, есікті
қақпастан, кіріп барды.
– Сəламатсыз ба, жеңгей, – деді ол айналасындағы жыпырлаған
балалардың ортасында отқа жылынып отырған əйелге. – Танисыз ба?
– Е, неге танымайын, тақсыр. Көктем кезінде бір келіп, маған екі экю
ақша сыйлап едіңіз ғой.
– Ендеше мынаны да алыңыз. Өзіңіз бен балаларыңызға.
– Мұның алғысын сізге қалай жеткіземін, тақсыр! Құдай деніңізге
саулық берсін!
– Алғысыңызды маған айтпаңыз, марқұм болған доктор Бенасиге
айтыңыз.
Əйел басын жоғары көтеріп алып, Женестаға қарап:
– Беу, тақсыр-ай, ол өзінің барлық дүние-мүлкін бізге беріп кеткенімен,
біз бəріміз де оның мұрагері болғанымызбен, біз өзіміздің ең үлкен
байлығымыздан айырылып қалдық қой; өйткені ол біз үшін жаны қалмай ...
– Қош болыңыз, жеңгей, сол кісіге дұға арнаңыз, – деді де, Женеста,
отырған балаларды қамшымен бір-бір сипап өтті.
Балалар мен олардың ноқта анасы оны шығарып салды; ол атына ырғып
мініп, ілгері жүріп кетті: Мінеки, аңғармен жарыса созылған жолдан бір
сүрлеу бөлініп шығып, Қабыршы қыздың үйіне қарай беттеді. Офицер бір
шоқының басына көтерілді де, үйдің есік-терезелері тарс бекітулі тұрғанын
көріп, көңіліне секем алды; екі жағына қатар-қатар терек отырғызылған
үлкен жолға қарай бұрыла бергенде, қарсы алдынан өзіне таныс жұмысшы
шалдың келе жатқанын көрді, бұрынғыдай арқасына артып алған
аспаптары жоқ, киген киімі де ілкідегіден тəуірірек сияқты.
– Сау-сəламат болдыңыз ба, Моро атай!
– Өзіңізде амансыз ба, тақсыр? Таныдым, таныдым, – деді ол сол
кідіріңкіреп тұрып, – сіз марқұм мəр мырзаның досы емессіз бе? Ей,
тақсыр-ай, құдіретті құдай оны алғанша мына мен сияқты сорлы
жарымжанды неге алмады екен десеңізші! Менен қандай пайда бар? Ал ана
кісі бəрімізге жұбаныш еді ғой.
– Қабыршы қыздың үйі неге бекітулі тұр екен, білмедіңіз бе?
Шал аспанға бір қарап алды да:
– Сағат не болды, тақсыр? Күннің көзі көрінбейді, – деді.
– Қазір он.
– Е, олай болса, қыз түскі дұғада немесе бейіт басында болар. Күн
сайын сонда барады; ол бұған мұра қалдырып кетті ғой, бес жүз франкілік
рента мен үйдің өмір бойғы иелігі; бірақ оған бұл қуанып жүрген жоқ, ол
кеткеннен бері, турасын айтқанда, қызда да ес жоқ.
– Қалай қарай бара жатырсыз, атай?
– Жактың жаназасына; байғұс бала маған жиен болып келуші еді. Кеше
таңертең қайтыс болды. Өзі де ауыр науқас еді ғой, оны біздің қадірменді
доктор ғана ұстап тұрды емес пе. Жастар ғой, бірақ соған қарамастан, өліп
жатыр, – деді Моро, əзіл-қалжыңын араластырып.
Селенге жақындай бергенде, қолдарында күрек-сүймендері бар Гондрен
мен Гоганы көріп, Женеста атының басын тартты.
– Ал, қарт жауынгерлер, – деді бұл, – басымыз бақытсыздыққа душар
болып, одан айырылып қалған екенбіз!
– Жетер, жетер, офицер мырза, – деп түнерген Гогла оны тежеп тастады.
– Оны өзіміз де білеміз. Мінеки, соның қабырына деп шым ойып келеміз.
– Ол кісі жайында айтар əңгіме көп еді ғой, солай емес пе? – деді
Женеста.
– Иə, егер əскери жағын алып тастасақ, ол біздің аңғардың Наполеоны
еді ғой, – деп жауап қайтарды Гогла.
Женеста шіркеу үйіне жақындап келе бергенде, табалдырық алдында
Жанвьемен сөйлесіп тұрған Бютифе мен Адриенді көрді; шамасы, кюре
түстік дұғаны оқып шыққан болуы керек. Офицер атынан түсіп үлгірген
жоқ. Бютифе тізгінінен ұстай берді. Ал Адриен əкесінің мойныңа асыла
кетті; баланың сүйкімді мінезі əкесін елжіретіп-ақ жіберген. Алайда
офицер сыр білдірген жоқ, жай ғана тіл қатты:
– Түу, өзін тіпті тəуір боп қалыпсын ғой, Адриен! Құдай ақына! Марқұм
досымызға рахмет, нағыз жігіт болып қалыпсың! Сенің ұстазыңды да
ұмытпаймын, Бютифе.
– Шіркін, полковник, – деді Бютифе ағынан жарылып, – мені өзіңіздің
полкыңызға алсаңыз ғой. Расым сол, мінеки, мəр мырза қайтыс болып
кетті, мен қазір өзімнен-өзім қорқып жүрмін. Ол кісі менің солдат
болуымды сондай қалаушы еді. Соның тілегін орындайықшы. Мен туралы
сізге бəрін де айтты ғой, – Маған жанашырлық білдіріңізші!
– Болады, достым! – деді Женеста, оның қолын қысып тұрып. – Оған
саспа, сені өзімнің полкыма жаздыруға тырысайын. Жағдай осылай болды,
кюре мырза.
– Кантонның барлық тұрғындары сияқты, мен де қайғырамын, бірақ
біздің қандайлық орны толмас қазаға ұшырағанымызды олардан гөрі мен
айқынырақ түсінемін. Доктор Бенаси шын мəнісінде періште адам еді. Тек
əйтеуір аурудың азабын тартпай кеткені ғана көңілге жұбаныш. Біздің
бəріміз үшін ізгіліктің сарқылмас көзі болған ол кісінің өмірінің барлық
түйіндерін жасаған ие өзінің мейірімді қолымен шешіп жіберді ғой.
– Егер сізге қиын болмаса, мені зиратқа ертіп барыңызшы. Қабырының
басына барып тауап етіп, бақылдық айтып қайтсам деп едім.
Жол бойы өзара əңгімелесіп барған Женеста мен кюренің соныңан
Бютифе мен Адриен де еріп отырған. Бұлар селенді кесіп өтті, шағын көлге
қарай беттегенде, подполковник арғы жағалауда, таудың жартасты
баурайында айналасын корғанмен қоршап қойған əжептəуір телімді жерді
көрді.
– Міне, зиратқа да келдік, – деді оған кюре. – Осыдан үш айдай бұрын
Бенаси мырза айтты, шіркеудің қасында зираттың болғаны дұрыс емес деді;
сонсоң зират тұрғын үйлерден аулағырақ жерде болғаны дұрыс дейтін
заңға сəйкес, осы мақсат үшін өзінің меншікті жерін қауымға тарту етіп еді;
енді сол араға бірінші болып өзі жерленді. Бүгін осы жерге жас өспірім
жігітті де жайластырдық. Сөйтіп, біз, былайша айтқанда, бір нəби мен бір
сəбиді жерлеуден бастадық. Сонда қалай, өлімнің өзі де тəбəрік болғаны
ма? Бəлкім, мына бізге ғибрат болсын деп, күнəдан пəк екі жанды əдейі
шақырып алған болар; өйткені онда ең алдымен жасында тəн азабын, ал
жасамыс шағында жан азабын көп тартқан адамдар сая табады деген
сөздер бар ғой. Ал мынау кəдімгі селенді жердің қарапайым ескерткіші, біз
осыны сол кісіге арнап тұрғыздық.
Женеста биіктігін жиырма кездей қылып топырақтан үйілген мұнараны
көрді; əзірге жалаңаш, бірақ кейбір тұстарында тұрғындар əкелген шымның
беткі шөптесін қабаты да көрініп қалады. Қабығы аршылмаған шырша
діндерінен айқастыра қағылған зəулім айқыштың түбінде, тастың үстінде
еңіреп жылап Қабыршы қыз отыр; екі бетін қолдарымен басып алған.
Офицер айқыштың бетінде ірі əріптермен ойып жазылған мына сөздерді
оқыды:
Жасаған ие, мұның жаның қабыл ал!
Үшбу айқыштың астында
баршамыздың ізгі жанды əкеміз
Бенаси мырза дамылдап жатыр.
Рухына дұға етіңіз!
Мына жазуларды ойлап тапқан сіз бе əлде...
– Жоқ, мен емеспін, бұл сөздер барлық жерде халықтың аузында жүр:
мұнда да, таулы кантондарда да, Гренобльде де.
Женеста үнсіз мүлгіп қабырдың басында біраз тұрды да, сонсоң қыздың
қасына жақындап келген, ал қыз мұның келгенін байқаған да жоқ еді,
сондықтан бұл кюреге қарап былай деді:
– Зейнетке шыққаннан кейін сіздерге келіп орналасамын да, өзімнің
қалған күндерімді осында аяқтаймын.
1832 ж. қазан – 1833 ж. маусым.
You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.