Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 16

Total number of words is 3921
Total number of unique words is 2151
33.1 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өздерінің қызы сияқты момақан деп есептепті де, енді маған он көздерімен
қарайтын болды, мені сый-құрметке лайық деп білді.
Олар менің ескі досыма сырларын ашыпты, мен туралы көп-көп жақсы
сөздер айтыпты, енді мені өздерінің туған ұлыңдай қабылдайтын болды;
əсіресе оларға ұнағаны жан жүйемнің тазалығы болыпты. Шыныңда да, сол
күндері мен қайтадан жігіт жасыма оралғандай болдым. Осындай
инабатты, адамгершіл ортада отыз екі жастағы еркек қайтадан шаттыққа
бөленген жас бозбала болып шықты.
Жаз өтті, менің достарымның жұмыстары бітпей, Парижде əдеттегіден
ұзағырақ айналып қалған; енді қыркүйек айында Оверньдегі өздерінің
орам-жайларына барғалы жатты, сол кезде отағасы мені Кантал
тауларының қойнауында бұғып жатқан ескілікті қамалына барып екі айдай
қонақ болуға шақырды. Бұл маған көрсетілген үлкен құрмет еді: мен əлі екі
ойлы болып жүргенде қарасам, менің қалыңдығымның ажарында
кереметтей ғажап бір тартымды, кереметтей əсем рең пайда болыпты;
əдетте момақан көрініп жүретін қыздың ішкі жүрек құпиясын өзінің
еркінен тыс сыртқа жария қылатын өзгеріс осынлай-ақ болар.
– Эвелина... Құдай-ай! - деп тебіренген Бенаси ойға шомып, үнсіз
қалды.
– Ғапу етіңіз, капитан Блюто, - деп жалғастырды ол сөзін, ұзақ
үнсіздіктен кейін. - Он екі жылдың ішінде оның атын бірінші рет атап
отырмын, бірақ ол үнемі менің ойымда көлеңдеп жүреді, түсімде де оны
əлдеқандай бір дауыс сыбырлап айтып қояды. Міне сол Эвелина, ақыры
атын бір атадым ғой, басын бір селт еткізіп, бұрынғы баппен қозғалатын
қалпынан өзгеше əнтек жоғары қарай сілкіп тастады да, маған туралап
қарады; өңінде тəкаппарлығы жоқ, бір түрлі мұңданған алаңдаушылығы
бар, сонсоң кенеттен екі беті ду етіп, төмен қарап кетті. Содан кейін басын
жайлап қайтадан жоғары көтерді; осының өзі мені бұрын болмаған бір
белгісіз қуанышқа бөледі. Мен даусым шықпай, тұтығып жауап бердім.
Менің ішкі жан тебіренісімді ол бірден түсінді де, екі көзі жасқа толып,
ерке назбен алғыс білдіргендей болды. Барлық сөз осымен айтылды.
Мен бүкіл отбасымен бірге солардың орам-жайына кеттім. Сол күннен
бастап біз бір-бірімізді жүрекпен ұқтық та, айналамыздың бəрі жаңарып
кетті; біз енді бұрынғыдай бейтарап жандар емеспіз. Шынайы махаббат
қашанда бір-біріне ұқсас қой, бірақ оған біздің жеке өз басымыздың
ерекшелігі қосылады, сондықтан жалпыға бірдей құмарлықтан өз сезіміне
шығар жол іздейтін əрбір адамда ол əрі ұқсас, əрі өзгеше болып келеді.
Махаббаттың əрі терең, əрі бұрмаланып бұзылған: екеуара өзімшілдік
дейтін анықтамасын тек философ пен ақын тана ақырына дейін түбегейлі
түсінетін болар. Біз өзімізді басқа біреу арқылы сүйеміз. Ал бірақ
махаббаттың көрінісі əр түрлі болса, сүйіскен жұп дəл осындай махаббатты
дүние жаралғаннан бергі жерден іздеп таба алмайтын болса, оның есесіне
солардың барлығы өз сезімдерін бір үлгімен білдіреді. Ең инабатты, ең таза
деген қыздардың да айтар сөзі бірдей болады, олардың айырмашылығы тек
рухани əлемдерінің өздеріне тəн əсемдігінде ғана. Ал енді өзге қыздарға
өздерінің ішкі ынтығын сыр қылып сыртқа шығару табиғи болып көрінсе,
Эвелина үшін бұл оның діндар жас жанының дағдылы тыныштығы əлде
бір буырқанған сезімге еріксіз ырық берген болып шығар еді; сондықтан да
өзінің қаға берісте маған қарай жалт еткен көз жанары оған махаббаттың
зорлығындай болып көрінді. Жүрек қалауы мен санасына сіңген
ережелердің арасындағы тайталасқан күрес оның оқиғасы аз, сырт
қарағанда тып-тымық, бірақ күшті сезімдерге толы өміріне тұңғиық
тереңдік дарытып еді; бұл жарқылдақ қауымның əдет-ғұрпынан бұзылған
есалаң қыздар бойлай алмайтын тереңдік болатын.
Жол бойы Эвелина табиғаттың сұлулығын дəріптеумен болды. Біз
сүйікті жанның қасында отырғанда қандай рақат сезінетінімізді айта
алмайтын жағдайда жүрегімізден асып төгілген шаттығымызды айналадағы
заттарға аударамыз да, біздің жасырынып жатқан сезіміміз сол заттарды
кереметтей əсем етіп көрсететіні бар. Біздің көз алдымыздан өтіп жатқан
көркем көріністер Эвелина мен екеумізге аралық желеу болды: біз сөйлеген
сөздерімізге астарлы мəн береміз. Эвелинаның шешесі əйелге тəн
сұңғылалықпен кейде қызын састырып та қояды: "Айналайын, қызым-ау,
осы аңғардан кемінде жиырма мəрте жүріп өткен шығарсың, сонда дəл
мұндай таңданбаушы едің ғой!" - деп қояды ол, Эвелинаның ерекше бір
шаттанып, леппен айтылған сөзінен кейін. -"Ендеше, анашым, мен онда
тым жас болып, мынадай сұлулықты түсінбеген шығармын".
Ғапу етіңіз, капитан, мен сізге бір ұсақ-түйек жайттарды айтып кеттім
ғой, сіз үшін олардың ешқандай мəні болмас, ол маған жаңағы бір
қарабайыр жауап тіл жеткізе алмастай қуаныш əкелді, сол кезде қыздың
маған жалт етіп қарағандағы қуанышым одан да зор еді. Біз біресе таң
шапағына бөленген шағын деревняны, біресе ескі жұрттың мүк басқан
тамтығын қызықтаймыз, сонда табиғат көріністерімен бірге жан жүйемізде
орнығып қалған тəтті сезімдер біздің болашағымызға жол ашқандай
көрінеді.
Біз отбасының ата-бабадан қалған қамалына келдік, мен осында айдан
артық қонақта болдым. Бұл, тақсыр, менің өмірімде маған аспаннан
бақыттың нұры жауған бірден-бір кезең еді. Қала халқына бимағлұм
қуанышқа кенелдім. Болашақтағы ерлі-зайыпты өмірдің бастауындай бір
шатырдың астында тұру, дала кезіп бірге серуендеу, бір сəт мүмкіндікті
пайдаланып, бір ұядай сайдың тыныш түпкірінде, ағаштың түбінде
жайласып отыру, ескі диірменді қызықтау, шертілген сырдың əрбір сөзін
қалт жібермей зердеге құю, осының бəрі сүйіскен екі жанға естен кетпес
рақат қой; табысқан жүректерді барған сайын жақындата түсетін осынау
сүйкімді сөздер өзіңізге де таныс болар.
Иə, тақсыр, кен жазира еркіндіктегі өмір, сұлу табиғат жан дүниенің
асқақтаған шаттығымен жақсы жарастық табады. Бір-біріне жымия күліп
қарау, аспан əлемін қызықтау, шыққа малынған ағаштың түбінде отырып,
ауыздан шыққан ыстық лебізіңді құстың əніне қосу, аяқты жайлап басып
келе жатқанда, үйге тым ерте шақырған қоңыраудың күңгіріне құлақ түру,
жердегі жыбырлаған құрт-құмырсқаның қимыл-қозғалысына таңырқау,
балиғаты бұзылмаған сүйіктіңнің алақаныңда қыбыр-қыбыр еткен титімдей
шіркейге қарап елжіреу - осының барлығы күннен күнге биіктеп, аспан
əлеміне қанат қағу деген сөз. Менде сол бір бақытты күндермен
байланысты қаншама естеліктер қалды, солардың барлығын жинастырып
тірілтсе, менің бүкіл өмірімді қайтадан көркейтіп жіберер еді алуан түрлі,
əрқайсысы өзінше қымбат естеліктер; себебі, олардан кейін мені ешкім
түсінген емес.
Бүгін былай қарағанда жай əншейін сияқты, бірақ жаралы жүрек үшін
зəрлі мəнге толы бірнеше көрініс өтіп кеткен сол бір ұмытылмас күндерді
еске түсірді. Білмеймін, сіз байқадыңыз ба, жоқ па, кішкентай Жактың
үйшігін батып бара жатқан күннің шапағы нұрға толтырып тұрды. Күннің
соңғы сəулелері айналаны түгел жарқыратып жіберді де, қас қаққанша
сөнді, бірден қара түнек басты. Бір-біріне ұқсамайтын осынау екі көріністе
кəдімгідей менің өмірімнің сол кезеңі бейнеленген тəрізді еді. Тақсыр,
менің қалаулым маған өмірімде тұңғыш рет сүйіспеншіліктің балиғаты
бұзылмаған қыздың ғана аузынан шығатын қайталанбас тамаша бір сырын
ашып еді; үркек жүректен шыққан сол бір сəт қаншама қысқа, өткінші
болса, ол соншалықты салмақты еді: онда махаббаттың тəтті кепілдігі,
бейіштегі балғын бұлалықтың естелігі бар еді. Соның сүйіспеншілігіне
кəміл көзім жеткеннен кейін, барлық шынымды айтайын, еш нəрсемді
жасырмайын деп өзіме-өзім ант беріп едім; соны сөзбақтап, өзімнің
кінəмнан болған қасіреттерімді əлі күнге дейін айтпай жүргеніме іштей
қатты ұялып едім.
Сорыма қарай, сол бір ғажайып күннің ертеңіне ұлымның
тəрбиешісінен хат келді; хат баламның өміріне қауіптенген қайғы-қасіретті
ала келді. Эвелинаға əлгі сырымды айтпастан жүріп кеттім, əке-шешесімен
қоштасарда бір тығыз шаруа болып қалды деп сылтаураттым. Мен жоқта
олар қатты мазасызданыпты. Менің тағы бір махаббатпен байланысым жоқ
па екен деп қауіптенген олар Парижге хат жазып, сұрау салыпты. Бұл тұста
олар өздерінің діни ғұрыптарын да ұмытқан: маған күдіктеніп, ар жағында
сол күдікті сейілтуіме де мұрсат бермеді; менің бір досым өзімнен
жымысқылап, менің жастықты қалай өткізгенімді айтып, барлық кінəны
маған аударыпты, балам бар екенін жеткізіпті, соны əдейі жасырып жүр деп
айыптапты.
Мен өзімнің болашақ туыстарыма хат жаздым, бірақ жауап ала
алмадым; олар Парижге қайтып оралған бойда барып едім, мені
қабылдамады. Бойымды үрей биледі. Мен ескі досыма барып өтініш
білдірдім; олардың неге соншалықты өзгеріп кеткен себебін біліп беріңіз
дедім; өйткені арада не болып қалғанынан хабарсыз едім. Қарт себебін
білгеннен кейін тағы бір ізгілік көрсетіпті: менің қылмысқа пара-пар
үнсіздігімнің кінəсын өз мойныңа алып, мені ақтауға тырысыпты, бірақ
одан еш нəрсе шықпапты. Эвелинаның үй ішінде бəрі дүниелік есепке, діни
əдет-ғұрыпқа негізделгенді, əке-шешесі ескі ұғымдардың құрсауында əбден
қатып-семген, сондықтан қандай игілік алдында да өз дегендерінен
қайтпайтын адамдар болатын.
Менің ашынуымда шек қалмады. Төніп келе жатқан дауылдың бетін
қайтармақ болып едім, бірақ жазған хаттарым ашылмаған күйі қайтып
келді. Мен қолдан келгеннің бəрін істедім, Эвелинаның əкесі мен
шешесінің мені осыншама қасіретке ұшыратып, шалға айтқан ақтық
сөздерін естідім; олар айтыпты: өзінің сүйген əйелінің өліміне кінəлы
адамға, заңсыз туған баланың əкесіне қызымызды еш уақытта, тіпті
Эвелина алдымызға тізерлеп келіп жалынса да, бермейміз, - депті.
Осыны естігеннен кейін менің ең соңғы үмітім ғана қалды, енді суға
кетіп бара жатқанда тал қармайтындай, мен соған жармастым. Мен
Эвелинаның махаббаты ата-ананың тыйым салғанынан күштірек болар,
сондықтан олардың қайсар қарсылығын жеңер деп ойладым; бəлкім, əкесі
неліктен болған, сөйтіп біздің махаббатымызды неге өлтірген себебін
қызына айтпаған болар деген жорамалға келдім; Эвелина соңын бəрін
тікелей өзі білсін де, біздің тағдырымызды өзі шешсін деп ойладым. Мен
оған хат жаздым. Көзімнің жасын төгіп отырып, қайғыға қамалып,
жанымды қалың күдікке жегізіп отырып, мен өз өмірімдегі тұңғыш
сүйіспеншілік хатымды жаздым. Бірақ бəрі де бос əуре болды. Ашынып
отырып жазған сөздерімнің есімде кейбір елестері ғана қалыпты; əлбетте,
Эвелинаға айтқан сөздерім мына құралыптас еді: "егер сіздің айтқаныңыз
ақиқат шындық болса, сіз менен бөтен ешкімді сүюге тиіс емессіз жəне
сүйе де алмайсыз; бəрібір сіздің өміріңіз сөзсіз сəтсіздікке ұшырайды,
өйткені болашақ жұбайыңызға да, маған да өтірік айтуыңызға тура келеді.
Біздің жүректерімізде бекіген одақ заңмен мақұлданған жағдайда, өзіңіздің
сүйген адамыңызға білдіретін қалтқысыз берілгендігіңізді əке-шеше
қабылдамай тастады деп мансұқ ететін болсаңыз, əйелге тəн ізгіліктен
аттап кетпейсіз бе? Əйел үшін жүрек қалауы заңның құрсауынан əрдайым
жоғары бағаланбаушы ма еді?".
Meн өзімнің кінəмнен ақтала отырып, оның кіршіксіз тазалығын
көлденең тарттым, оның мейірбанды, ізгі жүрегін жылытады-ау деген
дəлелдерден еш нəрсе қалдырмадым. Мен осы жайттардың барлығын сізге
ашып салғаннан кейін, енді оның қайтарған жауабы мен өзімнің соңғы
хатымды да алып келейін, - деді де, Бенаси өзінің бөлмесіне қарай шығып
кетті.
Ол қолына тозығы жеткен əмияның ұстап, шапшаң қайтып келді де,
сыртынан шандып байлаған бір бума хаттарды асыға-аптыға, қалтыраған
қолымен алып шықты.
– Мінеки, сол қайырсыз хат, - деді ол əлсіз ғана. - Осы сөздерді асығыс
қағаз бетіне түсірген қыз өзінің ойлары жазылған парақтардың мен үшін
қандай зардабы болатының білмеген той... Ал мынау менің əбден
қалжыраған жан жүйемнің соңғы күрсінісі, - деп жалғастырды ол екінші
хатты нұсқап, - оның үкімін өзіңіз айтарсыз. Іші мұң-зарға толы осы хатты
ескі досым қызға жасырын апарып табыс етіпті, шашының ағарғаныңа
қарамастан төменшіктеп. Эвелинадан оны оқып шығуды жөне жауап
қайтаруды жалына өтініпті; сондағы оның жазғаны: "Тақсыр..." Бұрыл ол
мені "сүйіктім" деуші еді, осы ізгі сөзбен өзінің ізгі махаббатың білдіруші
еді, енді мені "тақсыр" деп отыр. Демек, бəрі бітті дегені ғой. Ал тыңдап
көріңіз...
"Өзінің өмірін сеніп тапсырамын деп жүрген адамының екі жүзді болып
шыққаның білу қызға өте ауыр; бірақ қалай болғанда да менің борышым
сізге кешірім жасау, өйткені біз рухы əлсіз жандармыз ғой! Сіздің хатыңыз
мені толқытты, бірақ енді жазбаңыз: тіпті сіздің жазу өрнегіңіздің өзі менің
жанымда жайсыздық туғызады. Біз мəңгіге ажырастық. Сіздің маған берген
түсінігіңіз мені жұмсартты, менің жан жүйемде сізге қарсы бас көтерген
қолайсыз сезімді сөндірді, сіздің тазалығыңызға сенгім келді! Бірақ сіз де,
мен де менің əкемді көндіре алмаймыз. Иə, тақсыр, мен батылдық білдіріп,
сізді қорғамақ болдым, мен бойымды билеген үрейді жеңе отырып, əкешешеме жалбарындым, ондай жағдайды бұрын бастан кешіріп көрген емес
едім, мен өзімнің барлық өмірлік ережелерімнен бас тартып шықтым. Мен
қазір де сіздің өтінішіңізге беріліп, қылмыс жасап отырмын, əкеме
білдірмей сізге хат жазып отырмын; бірақ шешем біледі; сізбенен тағы бір
рет сөйлесуге мұрсат берген кен пейілдігі оның мені қаншалықты жақсы
көретінінің дəлелі болды жөне де өзім бас тартып қала жаздаған ата-ана
ықтиярына көнбістігімді өз бойымда қайтадан бекіте түсті.
Сонымен, тақсыр, сізге хат жазуымның басы да, аяғы да осы. Сіздің
маған келтірген қайғы-қасіретіңізге шын жүректен кешірім жасаймын. Иə,
сіз дұрыс айтасыз, алғашқы махаббат өлмейді. Мен бұрынғы күнəсыз қыз
емеспін, инабатты зайып та бола алмаймын. Мені қандай тағдыр күтіп
тұрғаның білмеймін. Көріп отырсыз, тақсыр, сізді ойлаумен өткен бір жыл
менің болашағыма көлеңкесін түсірмей қоймайды; бірақ сізді
кінəламаймын... Сіз айтасыз, мені əрқашанда сүйемін дейсіз! Ол сөздер не
үшін керек? Жалғыз қалған байғұс қыздың буырқанған жаныңа солар
жұбаныш əкеле алар ма? Сіздің бүкіл өміріме қасірет салып кеткеніңіздің,
басқаны былай қойғандағы бір ғана салдары, əр уақытта сізді ойлап
жүретіндігім ғой. Егер менің тағдырыма Айсаның қалыңдығы болу
жазылатын болса, жаббар ие менің жаралы жүрегімді қабылдай ма, жоқ па,
оны білмеймін. Бірақ ол маған осы қайғыны бекер жібермеген болар, ол,
əрине, мені өзіне шақырып алғысы келген ғой, - менің ендігі баспанам сол
ғана. Тақсыр, бұл дүние мен үшін қаңырап бос қалды. Сіз еркекке тəн
атаққұмарлық талап-тілектер соңында жүріп ұмытарсыз. Мен сізді
кінəламаймын, сізге жұбаныш осы болсын; əйелдер жұбанышты əдетте
діннен табады. Біз қазір екеуміз де ауыр азап үстіндеміз, бірақ менікі
ауырырақ. Мен кімге үміт артсам жəне, əлбетте, мені кімнен қызғанудың
реті жоқ болса, біздің өмірімізді қосақтап байлаған сол еді ғой, енді өз
қалауымен сол өзі шешсін. Біз пəниде көрген қорлық-зорлықта шипалы
таза ұжданды медет қыламыз, ал сіздің діни сеніміңізде, менің
байқауымша, дəл ондай мықты негіз жоқ сияқты. Тақсыр, жаббар иеміз
менің осы ыстық дұғамды естір болса, онда ол сізді ақиқаттың ақ жолына
алып шығады. Мен өзімді өмір жолында жетелеп алып жүруге тиісті болған
адамға ең соңғы қош-қошымды жолдаймын: бір кезде ешқандай
күнəқарлық жасамай-ақ, оны "сүйіктім" деуші едім, қазір де əлі ешқандай
ұят сезінбей-ақ соның тілеуін тілеп дұғалық қыла аламын. Өмір де, өлім де
бір жаббардың ырқында, кім біледі, ол сізді менен бұрынырақ шақырып
əкетер; бəлкім, бұл жалғанда мен сізсіз қалатын болсам, балаңызды маған
аманат етерсіз".
– Мейірбандық сезімге толы осы хат менде қалған үміттің бəрін өлтірді,
- деді Бенаси əңгімесін əрі қарай жалғастырып. Алғашында мен өз
қайғыммен ғана болғанмын; тек кейінірек қана түсінгенім аяулы қыз өзін
ұмытып, менің жанымның жарасына шипалы дару құймақ болған екен;
бірақ ашудан есім ауысып жүріп, оған тым қатқыл хат жіберіп қойыппын:
"Бикеш, осы сөзді оқығаннан кейін сіз түсінерсіз, мен сізден бас тартып,
сіздің ықтиярыңызға көнуге əзір екенімді. Сүйген əйелі енді маған жолама
деп бұйырып тұрса да, соның ықтиярнына көну еркекке жаның қинайтын
жұбаныш болар еді. Сіздің айтқаныңыз рас мен өзіме-өзім үкім
шығарыппын. Бір кезде бір бейшара қыздың махаббатын аяққа басып едім,
енді өзімнің жалынды махаббатым кейін серпіп тасталды. Өзімнің жантəніммен беріле сүйген қалаулым кейін құныкерім болып шығады деп
ойламаппын. Сіздің жүрегіңізде осынша қаталдық, керек десеңіз, осынша
мейірімсіз бипаздық жасырынып жатыр-ау деп күдіктенбеппін, ол маған
ылғи да нəзік, ынтызар көрінуші еді. Қазір өз махаббатымның қаншалықты
шексіз екенін көріп отырмын, себебі ол ең ауыр сыннан сіздің
ғайбатыңыздан өлмей аман қалды, сіздің сол ғайбатыңыз бізді
байланыстырып, біріктіріп тұрған дəнекерлерді міз бақпай үзіп жіберді.
Мəңгілікке қош болыңыз. Өкініштің жасыған тəкаппарлығымен өз күнəмді
өтеудің жолын іздестірермін, ал сіз, менің ол дүниедегі қорғаушым, сол
күнə жөнінде аяусыз болып шықтыңыз. Бəлкім, құдай дəл сондай қатал
болмас.
Мен қасірет шегемін, сізді ойлап қасірет шегемін, сол қасірет менің
жаралы жүрегімнің жазасы болсын; жалғыздықта оның қансырауы еш
уақытта басылмайды, өйткені жаралы жүректердің үлесі түнек пен
тыныштық. Бұдан былай мен ешкімді сүймеймін, менің жүрегімде
ешкімнің бейнесі қалмайды. Мен əйел емеспін, бірақ сіз сияқты, менің
түсінгенім; мен сені сүйемін! деген сөзді айтқан бойда мен бүкіл өміріме
жетерлік міндеттеме алғанмын. Иə, қалаулымның құлағына сыбырлап
айтқан осы сөздерім өтірік емес еді; егер мен содан кейін өзгеріп кетсем,
сіз мені жек көруге хақылы едіңіз; сонымен, сіз менің жалғыздықта кешкен
өмірімнің табынатын пірі болып қаласыз. Өкініш пен махаббат қалған
барлық дүниенің бастауы болуға тиісті жақсылық осы екеуі; арамызды
тұңғиық жар бөліп тұрғаныңа қарамастан, сіз менің барлық жақсы
істерімнің барлығының рухтандырушысы болып қала бересіз. Сіз менің
жүрегімді күйінішке толтырдыңыз, бірақ менің сіз туралы ой-ниетімде
ешқашан күйініш болмайды. Жан жүйені ескі таттан тазартып алмай
тұрып, жаңа жолға түсуге болмайды,– солай емес пе? Мына жалғанда мен
үшін қымбат жалғыз жүрек бар еді, содан қуылып шықсам да, соған
өзімнің соңғы қош-қошымды жолдаймын. Бұған дейін еш уақытта соңғы
қоштасу сөзде мұншалықты сезім, мұншалықты сүйіспеншілік болмаған
шығар, сол қош-қош менің жанымды, менің өмірімді өзімен бірге алып
кетіп барады, енді оларды ешкім тірілте алмайды. Қош болғайсыз! Сіздің
сыбағаңыз тыныштық, ал маған қалғаны қасірет".
Екі хат та оқылып болғаннан кейін Женеста мен Бенаси үнсіз бір-біріне
қарасып, ауыр ойға берілген күйде отырып қалды, ол ойларын да ортаға
салған жоқ.
– Мен хатты жөнелттім де, шимай-шатпақ түпнұсқасын сақтап қалдым.
Жоғалған бақытымның ендігі қалған жалғыз төлеуі осы. Мен өлердей
мұңға баттым, - деп Бенаси сөзін таты жалғастырды, – бұл дүниеде адамды
мына өмірге байланыстырып тұратын нəрсе бақытқа деген мөлдір үміт
болса, мен соны мəңгілікке жоғалттым. Ерлі-зайыпты махаббаттың
қуанышымен біржола қоштасуға тура келді, жүрегімде гүл жарып келе
жатқан асыл армандар өлімге кесілді. Сұлулыққа, ізгілікке, таза өмірге
ұмтылып, райдан қайтқан жанның адал ниетін діннің ықпалындағы
адамдар тəркілеп тастады. Тақсыр, менің ойыма неше түрлі сұмдық
шешімдер оралды, бірақ, құдай оңдағанда, ұлыма деген сүйіспеншілік
солардың бəрін жеңді. Отан деген ықыласымның арта түскенін, өзі
жазықсыз себебі болған барлық қайғы-қасіреттерде шыңдалып келе
жатқаның айқын сезіндім; əрине, балада ешқандай жазық жоқ, барлығына
өзім кінəлы едім ғой. Енді сол бала менің бірден-бір жұбанышыма
айналды.
Жасым отыз төртте еді, еліме əлі де пайда келтіре алармын деп
үміттенуіме болатын еді; əлдеқандай іспен атақ-даңқымды асырып,
ұлымның өміріне дақ түсіретін қателігімді жуып-шайғым келді. Қандай
тамаша ойларым соның арқасы еді: соның болашағын ойлаған кездерде
тана мен шынайы өмір сүргендей едім. Қайыспаққа не амал! деп тебіренді
Бенаси. Содан бері он бір жыл өтті, ал сондағы сұмдықты кезеңді еске
алуға да дəтім бармайды... Тақсыр-ай, мен ұлымнан айырылдым ғой.
Бенаси екі қолымен бетін басып, үнсіз қалды да, сəл өзіне-өзі келген соң
ғана қолдарын түсірді. Дəрігердің көзіндегі жасты көріп, Женестаның да
көңілі бұзылды.
– Қайғыдан қабырғам қайысты, - деп Бенаси əңгімесін əрі қарай
жалғастырды. - Мен мына күйкі тіршіліктен басқа бір өмірге қарай
ойысқан кезде ғана есімді жинап, дұрыс ойлай алатын болдым. Барлық
пəлені жіберіп отырған жаббар иенің өзі екенін сонда ғана түсіндім де,
соның айтқаныңа көніп, монтанылыққа бой алдыра бастадым. Əрине, оған
бірден көндіге алғаным жоқ, менің қызба мінезім əлі қалмаған еді; іште
жалындаған оттың қоламтасы соңғы найзағай кезінде біржола сөнді; мен
католикке лайық бірден-бір шешімге келгенше талай рет бұлтақтадым. Мен
ақыры өзімді-өзім жоқ қылмақ болдым. Шығар жол таппай
далғарғандықтан, осындай сұмдық қадамға салқын қандылықпен
шешілдім; өмір бізден безінсе, біз де одан безіне алатын шығармыз деп
ойладым. Кісінің өзін-өзі өлтіруіне табиғаттың өзі-ақ жол береді-ау деген
ұғым пайда болды менде.
Асқынған ауру адамның тəнін қалай күйретсе, қайғы да оның жаның
солай күйретеді; демек, деп ойладым мен, егер адам жан ауруының азабын
тартса, оның өзін-өзі жоққылуға əбден хақысы бар: "айналма" болған қой
өзінің басын ағашқа соғып мыж-мыж қылмай ма?! Жан дертінің азабы тəн
дертінен жеңіл деп кім айтады.? Оған менің əлі күнге дейін күмəнім бар.
Мен білмеймін, кімнің рухы əлсіз: өмір бойы үмітін үзбей емексіп өткен
кісі ме, əлде үмітін пышақ кескендей біржола үзген кісі ме? Менің
түсінуімше, - табиғи өлім тəн дімкəстігінің біткен жері болса, өзін-өзі
өлтіру де рухани дімкəстіктің соңғы сатысы; бірақ рухани өмір адамның
ерік-жігерінің ерекше заңдарына бағынады, сондықтан өзіңнің өміріңді
қию үшін ақылдың келісімі керек: демек, кісіні өлтіретін пистолет емес,
оның ақылы. Сонымен қатар, біз бақыттың рақатына батып жүрген сəтте
бізді қайғыға душар қылған оқиғаның өзі біздің бұдан əрі бишаралық
халден бас тартуымызға ақтау бола алмай ма?
Сол бір қаралы күндерде, тақсыр, мен көп ойландым, ақыраяғында,
əлгіден жоғарырақ ой түйіндедім. Біраз уақыт ежелгі мəжусилік ілімдерге
бой ұрдым, солардан адамға берілген жаңа бір хұқықтарды іздедім, бірақ
білімнің осы заманғы шамшырақтарына ілесіп, жаңағы ежелгі даналардан
əрегірек бардым, бір кезде тұтас жүйеге келтірілген мəселелерге үңілдім.
Эпикур адамның өзін-өзі өлтіруін жосықты деп есептеген. Бұл оның
философиясының табиғи түйіні. Оның ойынша, сезім лəззаты жоқ жерде
өмір сүру мүмкін емес, ал егер оған жол жабық болса, ен дұрысы жəне
əбден ықтималдығы жанды мақұлықтың жансыз табиғатқа қайтадан
қосылып кетуі, сөйтіп тыныштық алуы, өйткені адамның бірден-бір
мақсаты бақыт жөне бақытқа жету үміті; сондықтан кімде-кім қасірет
шексе жөне ол қасіреттен арылуға үміті болмаса, өлімнің өзі игілік болып
саналады; өз өмірін өз еркімен аяқтау ақылы дұрыс адамның ең соңғы
амалы осы.
Эпикур бұл əрекетті мақтамаған да, жазғырмаған да; ол Бахусты
дəріптей келіп, мынадай сөздермен шектелген: "Бəріміз де өлеміз,
сондықтан бұл жерде күлетін де, көздің жасын төгетін де ештеңе жоқ".
Одан гөрі жоғарырақ моральді, борыш жөнінде қатаңырақ көзқарасты
уағыздаған Зенон мен оның ізбасарлары кейбір жағдайларда табандыларға
өзін-өзі өлтіруді мəслихат еткен. Зенон былай деп есептеген: адамның
жануарлардан айырмашылығы олар өзін-өзі өзінің ықтиярымен билейді;
өзінің өмірі мен өліміне билік жүргізетін құқығын алып қойыңызшы, сіз
оны дереу адамдар мен оқиғалардың құлы етесіз. Əркімнің өз өмірі мен
өлімін билеу құқығы бізге табиғат пен қоғамның тарапынан болатын
пəлелерге қарсы тұру үшін мүмкіндік береді; ал басқаның өмірі мен
өліміне билік жүргізу құқығы жауыздықты тудырады.
Адам іс-əрекеттің шексіз бостандығына ие болған жағдайда ғана күшті.
Дауасыз қатенің зардаптарынан қалай құтылу керек? Қарабайыр адам
масқаралықтың уытып түгел ішіп қойса да өмір сүре береді, ал кемеңгер
адам улы шөп ішсе де өліп кетеді; адамның сүйегін мүжіп жатқан құяңнан,
адамның бет-аузын жеп жатқан жегіден санаулы күндік өмірді жырып алу
қажет пе? Кемеңгер адам қолайлы сəтін тауып, алдауыш емшілерді қуып
жібереді де, өзінің қасіреттерімен ығыр қылған достарына бақылдық
сөздерін айтады. Ал енді қолыңа қару алып өзімен шайқасқан баскесердің
қарауына өзің түсіп қалсаң не істер едің? Не бағындым деп тізе бүк, немесе
басынды жаңғырыққа сал: ақымақ басын жаңғырыққа салады, қорқақ
бағынып тізе бүгеді, ал кемеңгер ақырғы сəтте де өзінің бостандығына ие
болады - өзін-өзі өлтіреді. "Бостан адамдар, - деп жар салыпты бір табанды,
- бостан бола біліңдер: құмарлықтарыңды борышқа құрбан етіп, солардан
бостан болыңдар; қанжар мен у арқылы қол жеткізбейтін етіп адамнан
бостан болыңдар; қуып жете алмайтын етіп, алдына тосқауыл қойып,
тағдырдың билігінен бостан болыңдар; міндеттемемен шатастырып алмай,
ескі ұғымдардан бостан болыңдар; жолы болмаған талай мұндарларды
өмірге байлап қоятын дөрекі соқыр сезімдерді жену арқылы жабайы
үрейден бостан болыңдар".
Осы дəйектерді ежелгі заманның философиялық бақшасынан ажыратып
алғаннан кейін, мен оларды басқа бір топыраққа христиан топырағына
апарып отырғызбақ болдым; ол үшін оларды жаббар хақтың бізге сыйлаған
ерік бостандығының қисынымен нығайтып алмақ болдым, ал ерік
бостандығын құдай тағала күндердің күнінде бізді өзінің сотымен соттау
үшін жіберген болатын. Мен енді: "Нақ сол кезде өзімді-өзім қорғайтын
боламын", - деп бекіндім. Ал бірақ, тақсыр, осы пайымдаулар менде
өлгеннен кейін бізді не күтеді деген ой туғызды да, сол тұста мен өзімнің
іргесі шайқалып кеткен ескі нанымдарыммен тоқайласып қалдым.
Мəңгілік туралы ой біздің ең бір болмашы шешімдерімізге ықпалын
тигізе бастаған кезде, адам өміріндегі барлық нəрселер маңызды болып
көрінеді: Жаңағы ой адамның жан жүйесіне өктемдік ықпалын тигізеді де,
адам өзінің бойында соның əсерімен өзін шексіздікпен байланыстыратын
əлде қандай бір мол кеңістікті сезгендей болады, сөйтіп айналаның бəрі
ғажайып өзгеріске келеді. Егер өмірге осындай көзқарас тұрғысынан
қарайтын болсаң, оның барлық ұлылығын да, барлық сорлылығын да түгел
көресің. Мен өзімнің күнəларымды сезіне тұра, жер бетінде əлі де үмітім
бар кезде, өзімнің қайғымды тіршіліктің əр түрлі күйбеңіне бөлшектеп
таратып жіберген кезде, мен ол дүниені ойыма алған емеспін де. Əйелді
сүю, өзіңді əйелдің бақытына бағыштау, отбасының иесі болу осының бəрі
өзіме маза бермей жүрген күнəмнің өтеуі болмайтын ба еді? Егер ол
талабым орныңа келмесе, өз өмірімді балама арнау да сол күнəмнің өтеуіне
жүре алмас па еді? Жан жүйемнің осынау қажетін өтеуге ұмтылған екі
мəрте талабым сəтсіз болғаннан кейін, адам баласының ғайбаты мен ажал
екеуі қосылып, менің жанымды мəңгі құсалыққа душар еткен кезде, менің
барлық сезімім мұқалып, өзім өмірден еш нəрсе күтпейтін болған кезімде,
міне дəл сол тұста мен қайтадан аспанға қол жайып, құдайдың ниетіне иек
арттым. Бірақ мен дінді өзімнің өліміме ортақтас құныкер етпек болдым.
Сонсоң інжілді қайтадан оқып шығып, одан өзін-өзі өлтіруге тыйым
салатындай бір сөз таппадым; бірақ жарылқаушының құдайлық сөзіне бой
ұрдым. Рас, ол жанның мəңгілігі жөнінде ештеңе айтпайды, есесіне өз
əкесінің тамаша патшалығын баяндайды; ол біздің өз əкелерімізді
өлтіруімізге тыйым салмайды, бірақ зұлымдық атаулының бəрін
айыптайды. Оның əулиелерінің атақ-абыройы жəне солардың жоғарыдан
жіберілгендігінің дəлелі заңдарды жасағандығында емес, жер бетіне жана
заңдардың рухын таратқандығында.
Осы тұста маған келген ой адамның өзін-өзі өлтіргенде жасады-мыс
дейтін ерлігі өзін-өзі жазалағандығы болып табылады; өйткені егер оның
өліп кетуге ерік-жігері жеткен болса, онда оның өмір сүруге һəм күресуге
де ерік-жігері жетуге тиісті болады; қасіреттен бойыңды алып қашқанда
сен күштілігіңді көрсетпейсің, əлсіздігіңді көрсетесің; оның үстіне
дəрменсіздіктің салдарынан өмірмен қоштасу христиан дінінен бас тарту
деген сөз, ал оның негізінде Айсаның; "қасірет шеккендерде иман бар"
деген асқақ сөздері жатыр.
Сонымен, адамның өзін-өзі өлтіруін, тіпті барлық үміт-арманының бəрі
түгел күйреген жағдайда да, тіпті адам жанының ұлылығы деген жалған
ұғымға сүйеніп, үстінен жендеттің балғасы төніп тұрған сəтте өзін-өзі жоқ
қылатын болса да, мен енді оны ақтамайтын болдым. Айса пайғамбар
айқыштың азабына барды да, бізге адамдар заңды əділетсіз қолданып
жатқанда да соған бағынуды үйретті. Айқышта ойып жазылған жəне
қасиетті сөзге бойлай алатын адамдардың бəріне түсінікті "өзінен-өзі бас
тарту" деген сөз бүкіл құдіретті мəн-мағынасымен менің көз алдыма келіп
елестей қалды.
Менде сақталып қалған сексен мың франк ақша бар еді, мен енді
адамдардан аулақтап кетейін де, қалған өмірімді меңіреу селендік жерде
өткізейін деп шештім; бірақ өзі тектес адамдардың қоғамына өш-араздық
жəне қатал томаға тұйықтық желеуімен бой көрсеткен даңқойлық католик
дінінде уағыздалатын имандылыққа жатпайды. Адамды жек көрген
адамның жүрегі қасірет шекпейді, қайта қасаң тартады, ал менің жүрегім
қансыраған жаралы еді. Шіркеу жайын, оның қасірет шеккендерге
көрсететін көмегін ойға сала келіп, мен оңашалықта оқыған дұғаның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 17
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.