Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 15

Total number of words is 3876
Total number of unique words is 2138
33.1 of words are in the 2000 most common words
46.7 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
алдағы күні не боларын білсем деймін: сіз оны өзімнің ұлым деп танисыз
ба; сөйтіп, мен өлгеннен кейін кейбір өкініштер пайда болса, соны
жеңілдетуге зауқыңыз болар ма еді?".
Бұл сөздерді оқығанда қан тамырларым мүздап кетті. Хат бұрыннан
жанымды жеп жүрген кейбір жайттарды қайтадан оятты жəне сонымен
бірге онда болашақтың бір құпия сыры бар сияқты еді. Мен күйменің
келуіне шыдамай, жаяу кеттім де, бүкіл Парижді кесіп өтіп, қаралы арұяттың айдауымен безіп келемін. Өз құрбандығымды көрген бойда,
алғашқы қайғының əсері одан сайын асқына түсті. Бишара əйел үй ішінің
жинақылығымен өз басындағы менің қасіретімнен болған қайыршылықты,
өмірдің басқа да тақсіреттерін жасырғысы келгендей болыпты; мен
баламызды өзімнің ұлым деп жаздыртамын деп ресми түрде уəде
бергеннен кейін, ол жұмсарып, салиқалы сабырмен өзінің көрген
қорлықтарын айта бастады. Сол бойда мен оны барлық жағынан
қамқорлыққа алдым, ғылымның барлық құралдарын пайдаланып бақтым,
бірақ соған қарамастан, амал не, ол өліп кетті. Менің бұл қамқорлығым мен
жан ашырлық мейірімім тым кешеуілдеп жеткен екен, тек əйтеуір жан
тəсілім алдындағы азабын сол жеңілдеткендей болар. Осы жылдар бойы ол
байғұс баланы тəрбиелеймін, соны асыраймын деп, жар құлаты жастыққа
тимей еңбек етіпті. Сол аналық сезімі тұрмыс тауқыметінде оған септігін
тигізген болар, бірақ тастанды деген ауыр қайғы оның діңкесін құртса
керек. Алғашқы қадамды өз тарапынан жасауға талай рет оқталса да, əйел
намысы жібермепті, көзінің жасын көл қылып жыласа да, менің атыма
қарғыс айтпапты: мына менің нысапсыз нəпсімді тойдыру үшін төбемнен
төмен қарай төгіліп жатқан алтынның ең болмаса бір ұшқының соның
өмірін, біздің баламыздың өмірін жеңілдету үшін бөліп беруді ойламаған
маған қандай қысас қылса да сауап еді ғой. Ауыр тақсіретті сол күнəнің
жазасы деп ұғыпты.
Сен-Сульппс соборының қайырымды священнигі оған таяныш
болыпты; соның монтаны қоңыр даусы əйелдің жан дүниесін орнына
келтіріпті, əйел михрабтың аяғына бас қойып, көзінің жасын құрғатыпты,
сол жерден үміт іздепті. Менің құзырымнан болған қасірет біртіндеп сейіле
бастайды. Бір күні ол ұлының аузынан шыққан "əке" деген сөзді естіпті, өзі
үйретпеген сөз екен осыдан жүрегі елжіреген ана менің келтірген барлық
зауалымды кешіріпті. Бірақ төгілген көз жасы, көкіректе ұялаған мұң,
арқаға батқан ауыр жұмыс ақыры оның денсаулығын құртыпты. Тақсіретке
қарсы күресте медет болатын жұбаныш пен қайсарлық дін тарапынан тым
кешеуілдеп келіпті. Əйел науқастанып қалыпты; мені қайтып оралар деген
үміт оты талай жанып, талай сөніп, қинай берген жүрек ақыры шыдамапты.
Сөйтіп, əбден діңкесі құрыған кезде, маған кінə артайын деген ойдан
аулақ ол маған ажал аузында жатып əлгі хатты жазған екен; оны жазғызып
жүрген де - бір жағы діни сезімнің ықпалы болса, екінші жағынан, менің
ізгілігіме деген сенімі болса керек. Бұл соған кəміл сенген, өзі де маған
талай рет - айтқан сенің көңілің бұзылған жоқ, көзің қарайды деп; өзін де
кінəлаған - əйел намысына бекер берілдім-ау деп: "Егер мен хатты ертерек
жазсам, -деді ол бірде, - бəлкім, біз некеге отырып үлгеретін едік те,
баламызды заңдастырып алатын едік".
Мұндай жақындыққа ол баласы үшін ғана пейіл болды, егер өзінің
ажалы таяу екенін, аралары бəрібір ажырап кететінін сезбесе, ол мұны тіпті
ойына да алмас еді. Бірақ ол кешігіп қалды, өмірі санаулы ғана еді. Сол
жерде, тақсыр, сол əйелдің жан тəсілімі үстінде тұрғанда, мен біржола
өзгердім, шын берілген жүректің қандай асыл қазына екенін сонда білдім.
Мен онда ер адамның əлі де көз жасын көл қылып жылай алатын жасында
едім. Сүйіктімнің кеудесінде əлі де жаны бар сол бір санаулы күндердегі
менің айтқан сөздерім, істеген ісім, көзімнің жасы менің шын ниетіммен
райдан қайтқанымның, терең қайғыға шомғанымның куəсі еді. Бұл ардақты
жанды тым кеш бағалаған екенмін, енді содан айырылып қалам ба деп
қорықтым, жарқылдақ қауым өмірінің қандай баянсыз екенін, сол
қауымдағы сəн қуған бикештердің іштері қандай кеуек, сөздері қандай
өзімшіл екенін сонда ұқтым.
Мен адамдардың екі жүзді өңіне қарай-қарай шаршаппын, олардың
жалған сөздерін тыңдай-тыңдай шаршаппын, жасанды сезім əлемінде
жүріп, шынайы махаббатты босқа аңсаппын; міне, ол, сол махаббат менің
қасымда, мен соны өлтіріппін, ол түгелдей тек маған ғана тиісті болса да,
мен сақтай алмаппын. Төрт жылдың ішінде мен өзімді-өзім шындап
таныдым. Менің табиғатым, жан дүниемнің ерекшеліктері, біржола
жоғалмай, тек қалғып кеткен діни сезімдерім, жұрт түсінбеген жүрегім,
қысқасы, бар болмысым біраз уақыттан бермен қарай қайта-қайта мынаны
айтатын: өмірдің басты мəселесін шешетін, құмарлықтан арылатын жолды
махаббаттан, үй ішілік отбасының қуанышынан іздейтін уақыт жетті,
дейтін. Алдымнан ешбір мақсат көрмей, босқа далақтап, лəззат қуып жүріп,
ұзақ сандалдым, осылардың бəріне асқақтық беретін махаббат дегенді
білмедім; сондықтан отбасының айналасындағы мынадай өмір суреттері
менің жан жүрегімді тебірентіп жіберді.
Сөйтіп, менің көзқарастарымда кенеттен түбегейлі бетбұрыс болды.
Мен, Париждегі өмірден бұзылған оңтүстіктің қаперсіз жігіті, бəлкім,
алданған бейшара қыздың тағдырына аяныш білдірмек былай тұрсын, бұл
жайында еріккен топта бір ауыз жігіт айтқан болса, өзім де күлген болар
едім; біздің француздар дер кезінде айтылған жалғыз ауыз сөзбен
қылмысты қызықты оқиғаға оп-оңай айналдырып жібереді ғой. Ал мен
ешқандай мін таға алмайтын мынау бейіштің періштесі алдында ақылойдың қандай қулық-сұмдығы да əлсіз еді; бұл жердегі басты нəрсе өлім, ал
өзінің шешесін өлтірген адам мен екенімді білмейтін ұлым маған қарап
шалықтап күледі. Əйел өлді, өлерінде бақытты күйге келді, менің өзін
сүйетінімді көрді, қайта оралған бұл махаббатқа нəр берген аяушылық емес
еді, тіпті бізді біріктірген қандастық байланыс та емес еді. Осынау қайта
табылған махаббат пен қанағат тапқан аналық сезім оның жан тəсілім
алдындағы жан азабын сап қылған сағаттарды мен еш уақытта ұмыта
алмаймын. Оның айналасына өзім толтырып тастаған молшылық, тіпті сəнсалтанат десе де болар, үстіне əдемі киім кигізіп, үлде мен бүлдеге орап
қойған бүлдіршіннің риясыз күлкісі осынау титімдей жан иесінің бақытты
болашағының кепілі сияқты көрінген-ді: ал осы сəбиді анасы өз өмірінің
жалғасы деп білді. Сен-Сульпис соборының викариі менің ішкі азабымды
көре тұрып, соны əрі қарай тереңдете түсті, өйткені ол көңіл жұбатудың бір
ауыз арзан сөзін айтқан жоқ, тек менің мойныма алған міндеттемелердің
мəн-мағынасын ескерте берді; рас, бұл жөнінде мені қамшылаудың қажеті
жоқ еді ішкі ар-ожданым мұны жария қылып анық айтқан. Тұла бойы
ізгілікке толы əйел маған сенді, ал мен оған өтірік айттым, сүйемін деп ант
еттім, бірақ өзім опасыздық жасадым; мен үшін əулие саналуға тиісті
бейшара жанның барлық бақытсыздығының құныкері болдым, өйткені
менің қасіретімнен ол жарқылдақ қауымның өшпенділігіне ұшырады; ол
өліп бара жатқанда соның бəрін маған кешіріп кетті, барлық қайғықасіретін ұмытып, көп сөзінде тұрмаған адамның соңғы бір сөзін малданып
кетті.
Агата қыз күнінде маған өз жанын сеніп тапсырып еді, ал қазір ана
жүрегімен сенді. Ал бала ше, тақсыр, оның баласы ше! Мен үшін оның кім
болғаның бір құдайдың өзі білер. Оның бойындағы барлық нəрсе, дəл
шешесіндегідей, ғажап еді: қимыл-қозғалыстары, сөйлеген сөзі, сезімтүйсіктері дейсің бе; мен үшін ол жай тана ұлым емес еді. Мен одан өзімнің
арылғанымды, орныңа келген ар-намысымды көрдім; əрбір əкеге өз ұлы
қандай қымбат болса, бұл да маған сондай қымбат еді, бірақ мен оған ана
орныңа ана болғым келді, егер мен өзімнің ықылас-ынтаммен оған ана
мейірін іздетпейтіндей болсам, сонда мені қинап жүрген ар-ұятымның
азабы нағыз жан рақатына айналар еді; сөйтіп мен өзімнің барлық ізгі
сезімдерімді, діндар адамның барлық үміт-тілектерін сонымен мықтап
байланыстырдым.
Құдай Тағала ана жүрегіне қандай нəзіктік дарытса, менің көкірегімді
де дəл сондай сезім кернеді. Ұлымның даусын естіген сайын мен естен
айырыла шаттыққа кенелемін, ұйықтап жатқанда қарасам көзім тоймайды,
көңілім елжіреп кеткенде көзімнен аққан жас оның маңдайына тамшылап
тұрады. Бізде мынандай əдет қалыптасты: ол ояна салысымен менің
кереуетіме жүгіріп келеді де, дұға оқып үйренеді. Баламның имандай таза,
уыздай балғын ернінен шыққан "Біздің құдай əкеміз" дейтін қарапайым,
өзің дұға менің жанымды қалай тебірентсе, оның да жаның дəл солай
қинайды екен. Бір күні ертеңгісін ол: "Біздің құдай əкеміз, аспанның биік
төрінде..." деп барып, сəл үнсіз қалды да: "о, неге онда анам болмаған?"
демесі бар ма. Бұл сөз менің өңменімнен өтіп кетті. Қазір ұлым дегенде
жаным жоқ, бірақ менің əлегімнен ғой, ол өмірге келген алғашқы күнінен
бастап талай тақсіретке тап болды.
Рас, заңда жастықтың шалалығын еске алатын да кездер болады, тіпті
оған қамқорлық жасалатын жағдайлар кездеседі: мəселен, некесіз туған
балалардың жағдайын жоспарлы түрде жақсарту жөніндегі заң кедергілер
арқылы болса да жүзеге асырылады, оның есесіне қауым өзінің ескілікті
ұғымдарына бағып, заңның бірбеткей қисықтығын қолдап отырады.
Қоғамның негізі туралы, оның қозғаушы күштері туралы, адам
баласының борышы туралы, азаматтардың басшылыққа алатын
адамгершілік ұғымдары туралы менің алғаш рет байсалды түрде ойға
қалған кездерім де осы тұс болатын. Адам сезімдері мен қоғам
тағдырларының арасындағы осы тəуелділікті данышпан адам бірден іліп
алады; дін ойлы адамдарға бақытты болудың қажетті ұстанымдарын
ұғындырады, ал қызу жанды адамдарға оларды тек райдан қайтқан арылу
ғана мықтап дарытады; менің көзім осы райдан қайту арқылы ашылды.
Мен енді ұлыма бола, ұлым үшін ғана өмір сүретін болдым, ал осының өзі
аса манызды қоғамдық мəселелер жайында ойға қалдыратын болды.
Мен баламды қауымда табысты болу үшін, сөйтіп мəртебелі дəрежеге
жету үшін мүмкіндік беретін шарттармен ерте күннен қаруландырмақ
болдым. Мəселен, оған ағылшын, неміс, итальян жəне испан тілдерін
үйрету үшін сол елдердің өз адамдарын біртіндеп жалға алып отырдым,
бала соларға ерте күннен тілін сындырып өссін деп ойладым. Баламның не
нəрсені болса да тез қағып алатын зеректігіне қуанып жүрдім. Оның ақылойына ешқандай жалған ұғым кіріп кетпеуін қадағаладым, əсіресе оны бала
жасынан ой еңбегіне қарай бейімдеуге тырыстым, белгілі бір пəнді
оқығанда, шапшаң жəне дұрыс қорытындылар жасауға, соның ең болмашы
ұсақ-түйегіне дейін үңіле пайымдауға машықтандырдым, ақырында,
қандай да болсын қиындықтарды үнсіз бастан атқаруға дағдыландырдым.
Оның көзінше балағат ұғымдар былай тұрсын, жай қолайсыз сөздер
айтылуына жол бермедім. Ұлымның төңірегінде оған ізгілік дарытатын,
жан дүниесін асқақтатып, шындыққа құштарлық, жалғандыққа жиіркеніш
рухында тəрбиелейтін, оның бойында қарапайымдылық, сөзі мен ісінде,
жүріс-тұрысында
табиғилық
қалыптастыратын
адамдар
болуын
қадағаладым. Оның ой-қиялының алғырлығы осындай көрнекі сабақтарды
дереу игеріп алуына көмектесті, ақыл-ойының дарындылығы ғылыммен
шұғылдануын жеңілдетті. Осындай жеміс ағашын мəпелеп өсірудің өзі
қандай ғанибет! Аналар бұған қандай қуанар еді! Оның шешесі басына
түскен ауыртпалықты, барлық қайғы-қасіретті көтеріп жүргенде күшқуатты қайдан алғаның мен енді тана түсіндім.
Мен сізге, тақсыр, өмірімде болған ең үлкен оқиғаны баян еттім, ал енді
менің барлық үміттерімнің талқаны шығып, осы кантонға тап болғаныма да
таянып келемін. Мен сізге бір оқиғаны айтып берейін - ешқандай
ерекшелігі жоқ, əбден жауыр болған, бірақ мен үшін қайырсыз болған
оқиға.
Бірнеше жыл бойы мен бүкіл жан жүйемді балама бердім, содан бір
жақсы адам өсіруге тырыстым, сөйтіп жүргенде бір күні жалғыздық есіме
түсіп, зəрем ұшты, ұлым өсіп келеді, дəстүр бойынша, ол бір күні қасымнан
кетеді. Махаббат деген мен үшін өмірдің бастауы болып көрінетін. Мен сол
махаббатты іздемек болдым, сол ұмтылысымда ылғи алданып жүрдім, ал
сол ұмтылыс жыл өткен сайын жаңа бір күшпен туындап, өрши түсті. Жан
жүйем сондай бір шынайы үйірсектікке берілуге дайын еді. Ауыр сыннан
кейін тұрақтылықтың тамаша қызығын да, өзіңді құрбандыққа бере отырып
сезінетін рақаттың қуанышын да мен енді білдім: бəрі-бəрісін - нақты істе
де, ой-қиялда да бірінші орынды өзімнің қалауыма берер едім-ау деген
тоқтамға келдім.
Дүниеде қос жұбайдың өзара сезімімен байланған, екеуін бірдей
жылытып тұратын, солардың көз жанарынан, сөйлеген сөздерінен мен
мұңдалап, - ешқандай күмəн-күдікке орын қалдырмайтын мызғымас адал
махаббат болады-ау деп, соны арман етіп қиялдаудың өзі мен үшін ғанибет
болды. Біздің жанымыз үшін дін қандай болса, бүкіл өміріміз үшін
махаббат та сондай: ол бізді рухтандырады; алдымызға бағыт беріп,
нұрландырады. Мен енді ерлі-зайыптылардың махаббатың көп еркектердің
түсінігінен басқаша түсінетін болдым. Көптеген некелі өмірде махаббатты
құртатын не нəрсе болса, оның бүкіл асқақ əсемдігі де сонда деп білдім.
Мен жұптасқан өмірдің адамгершілік тұрғыдағы ұлылығын бүкіл жан
дүниеммен сезіндім, тастүйін құрыш құймадай біріккен сол жұптардың ең
бір күйкі жақтары да мəңгілік махаббатқа кедергі бола алмайды деп ұқтым.
Бірақ лүпілі дəйім бір жерден шығып, ылғи да қатар соғып туратын,
сөйтіп ғажайып тұтастық құрайтын жүректерді қайдан табасың? Егер
ондай жүректер шыныңда да бар болса, не табиғат, не бір оқиға оларды бірбірінен соншалықты алыс қиянға ажыратып жібереді де, олар мəңгілік
қосыла алмайды, олар бір-бірін тым кешігіп біледі немесе оларды ажал
тым ерте айырады. Тағдырдың осындай талқысында бір мəн бар сияқты,
бірақ мен оны іздестіріп жатпадым. Оның байыбына барып жатуға менің өз
қасіретім де жеткілікті еді.
Сірəғысында, толық бақыт тым сирек кездесетін болуы керек,
сондықтан адамзат ұрпағының өсіп-өнуі оған негізделе алмаса керек.
Менің сондай некені арман етуім басқа бір себептерден еді. Дос деген
менде болған жоқ. Дүние мен үшін қаңырап бос тұрды. Менің бойымда
осындай тату-тəтті бірлікке кедергі болатын бірдеңе бар сияқты.
Кейбіреулер менімен танысқысы келеді, ал танысып алғаннан кейін қайтып
жолаған жоқ, мен де оларға ынтықпадым. Қауымдағы өзіңнің қадірқасиетің дейтін ұғымды мен қаншама адамдар үшін басып тастадым,
сөйтіп солармен қатар жүрдім, солардың көзқарастарына келістім, солар
күлсе мен де күлдім, мінездерінің кедір-бұдырына кешірім жасадым, егер
мен атақ-даңққа ие болсам, оны достық ынтымақтың бір тамшысына
айырбастап жібергендей едім. Ал сол адамдар ешбір қың деместен, менен
теріс айналып кетті. Парижде шынайы сезім іздеген кісі тек қана қулықсұмдық пен реніш-қайғыға ұшырасады. Мен аяғымды қалай қарай бассам
да, ылғи өртенген құла түзге тап болдым. Менің көңілшектігімді
кейбіреулер əлсіздік деп санады, ал егер мен үстемдікті тартып алуға
шамасы келетін жыртқыштың мінезін көрсетсем, зұлым атанатын едім;
сондықтан мен басқалардың, бейкүнə күлкіні қорлағыштардың ермегі
болдым; жас жиырмаға таянғанда бұл өзінен-өзі қалады, ал жас келген
кезде біз бұған намыстанатын да боламыз.
Біздің тұсымызда жарқылдақ қауым зерікті, бірақ соған қарамастан, ең
нəрсіз əңгімелердің өзінде байсалдылық тілейді. Тəрбиелі, салқын қанды
қарабайыр адамға жұрттың бəрі бас иетін, - жұрттың бəрі соны жек
көретін, бірақ жұрттың бəрі соған бағынатын сұмдық заман! Мен осынау
масқара дəйексіздіктің себебін кейінірек аштым. Қарабайырлық, тақсыр,
күнделікті өмір талаптарына дөп келеді екен, ол - қоғамның жай күндердегі
жамылғысы; қарабайыр адамдардың қолынан келмейтін іс керемет бір
əдеттен тыс нəрсе болып көрінеді; дарындылық, қолтумалық - мұның бəрі
адамдардың аялап, тығып ұстайтын, тек анда-санда ғана өздеріне сəн үшін
қолданатын асылдары.
Парижде мен жарқылдақ қауымнан байыз таппай, оңашалықта өмір
сүрдім; қауым үшін мен барымды құрбан етсем де, ол маған түк бермеді;
ұлым менің жүрегімді түгелдей толтыра алмады, өйткені мен ер адам едім;
мен өмірден əбден тауым қайтып, ешкімге белгісіз азаптың
ауыртпалығынан белім қайыса бастаған кезде бір қызды кездестірдім; ол
маған құштарлық махаббат дарытты: ол сый-құрметке, ашық жариялыққа
лайық махаббат еді; мені соншалықты бақытқа кенелткен махаббат,
қысқасы, нағыз шынайы махаббат еді!
Мен əкемнің ескілікті досы болған, бір кезде маған өте көп қамқорлық
жасаған кісімен таныстықты қайта жалғастырғанмын; жаңағы қызбен сол
үйде таныстым да, оны қалған өмірімде мəңгілікке сүйдім. Тақсыр, адам
жасы есейген сайын, идеяның оқиғаға ықпалы неғұрлым күшейе түсетінін
солғұрлым айқын түсінеді екен. Біздің бəріміз құрметтейтін, мəртебелі діни
ұстанымдардан туған ескілікті ұғымдар менің бақытсыздығыма себеп
болды. Қыз янсенистік деп қатеден аталған сектаның рухы мен
көзқарастарын қабылдаған, барынша құдайшыл католиктердің отбасынан
шыққан еді; сол секта бір кезде Францияда бүлік те туғызған, оның себебін
сіз білесіз бе?
– Жоқ, білмеймін, - деді Женеста.
– Ипр қаласының эпископы бір кітап жазған екен, біреулер содан Папа
билігінің қисындарына қайшы келетін бір пікірлер тауыпты. Кейінірек онда
ешқандай күпірлік сөздер жоқ екен деген тоқтамға келіпті, ал кейбіреулер
сондай ілімнің бар екенін де теріске шығарыпты. Болмашы алауыздықтан
Галликан шіркеуі екіге бөлініп кетіпті де, олар янсенистер мен иезуиттер
деп аталыпты. Осы екі мықты сектаның арасында күрес басталыпты.
Янсенистер иезуиттерге бұзылғандықты жақтайды деген кінə тағып, өздері
салт-дəстүр мен діни ұстанымдардың кіршіксіз тазалығын жақтаған;
сөйтіп, янсенистер Францияда, былайша айтқанда, католицизмнен шыққан
пуритандар19 болған, бұл екі ұғымның бір-біріне қаншалықты жанаса
алатындығы өз алдына. Француз революциясы тұсында, Конкордаттан20
кейін, шіркеуде шағын жік туып, шынайы католиктердің бауырластығы
құрылды, олар Папаның келісімі бойынша революциялық өкімет
тағайындаған епископтарды мойындамайтын болды. Бұл ағым өздерінше
"Кіші шіркеу" дейтінді құрды; оның жақтаушылары, янсенистер сияқты,
қатаң салт-дəстүрді уағыздады, оны тыйым салынған, қуғынға ұшыраған
барлық секталардың өмір сүруінің бұлжымас заңы деп санады. Көптеген
янсенистік отбасылар "Кіші шіркеуге" қарайтын болды.
Қыздың əке-шешсі осы екі сектаның екеуін де жақтап шыққан; бұл
секталар жоғары адамгершілікті қастерлеп, адамның мінезі мен сыртқы
түріне ерекше мəн берген; бұл қатаң ілімдер адамның ең қарапайым
қылығын əспеттеп, соны болашақ өмірмен байланыстыратын болған;
осыдан келіп адамның жан сұлулығы мен тартымдылығы, кісінің өзгеге де,
өзіне де құрметпен қарауы, шындық пен жалғандық жөніндегі тым шетін
көзқарасы, шексіз қайырымдылық, сондай-ақ қатаң, тіпті бұлжымайтын
əділеттілік, ақыр-аяғында, жамандық атаулыға, əсіресе барлық
зұлымдықтың түпкі негізі ретінде өтірікке деген терең жиіркеніш қатаң
заңға айналған.
Шынымды айтайын, мен ескі досымның үйінде отырған кездерімде,
алғаш рет, осы қызға сүйсіне қарап, елжіреген сəттерімнен асқан тамаша
минуттер менің өмірімде бұрын болды ма, жоқ па, - мен оны білмеймін:
тұмса тазалық, қарапайымдық, тəрбиелі қағілездік, осы мінездердің
барлығына ерекше көрік беріп тұрған əлгі сектаның ізгіліктері, - сөйте тұра
мінезінде ешқандай өрлік жоқ. Жүріс-тұрысындағы осындай қатаң
шектеулерге қарамастан, оның икемді, сұлу мүсінінің қағілез қимылқозғалысында ғажап бір əсемдік бар еді. Ізгілікке толы жұқалтаң ажарынан,
бет əлпетінің нəзік бітімінен қыздың асыл тектілігі айқын танылатын;
көзқарасында тəкаппарлық бар, монтаны момақандығы да жоқ емес, жүзі
өте сабырлы, жай ғана өріп қойған қолаң шашының қаншалықты
жарасымды екенін қыздың өзі де білмейтін сияқты. Қысқасы, капитан, біз
біреуге ғашық болып қалсақ, сол қыз, сол əйел дүниедегі сұлулықтың ең
асқан шыңы болып көрінетіні бар той, ол да маған солай көрінді; тегінде,
əйелді шындап сүю үшін оның тұла бойынан өзіміздің ойымыз бен
қиялымыздағы сұлулықтың барлық белгілерін түгел көре білуіміз керек
екен.
Мен қызбен тілдескенімде ол ешбір қылмыңсыз, асықпай жай тана
жауап берді, өзінің сыңғырлаған даусын естудің, оның бет-ажарын көрудің
өзі қандай ғанибет екенін сезген жоқ. Кіршіксіз таза қыздарда бір-біріне
ұқсас ортақ белгілер болады; соларға қарап періштедей пəк табиғатын:
нəзік даусын, мөлдіреген көзін, аппақ етін, қимыл-қозғалысындағы кісіні
арбап əкететін əдемілікті бірден сезесің. Бəрі керемет, бəрі үйлесімді, ал
бірақ сол кереметтігінің не екенін біліп болмайсың. Олардың əрбір
қимылында асқақ əсемдік бар. Мен қызға құмарта ғашық болдым.
Бұл ғашықтық мені толғантып жүрген ойларға: атақ-даңққа, байлыққа
ұмтылған тілектеріме, менің барлық армандарыма сай келіп еді. Өзі сұлу,
бай, көшелі тəрбие алған ақсүйек қызда қоғамда мəртебелі жағдайға ие
болған əйелден жарқылдақ қауым талап ететін артықшылықтардың бəрі
табылатын еді; менің аңсайтыным да сол еді; қыз жақсы білім алған,
əңгімелесе қалсаң сөзге ұста, тапқыр; ал біздің Францияда əйелдердің
аузынан шыққан сөздердің барлығы жарқылдақ болғанмен, нəрсіз бос кеуек
болып келеді той; мынаның сөзінде ой кернеп тұрады; оның барлық
болмысында өзінің қадір-қасиетін анық сезінетін, кісіні құрмет сезіміне
бөлейтін қасиет бар, қысқасын айтқанда, бұдан артық зайыпты арман ету
мүмкін емес. Мен сөзді қойдым! Сүйген қызыңның бейнесін жасау қиын
нəрсе; онымен екеуміздің арамызда алғашқы сəттен бастап сүлбесін
ұстатпайтын бір құпиялар пайда болды.
Көп ұзамай мен өз сезімдерімді ескі досыма аштым да, ол мені қыздың
үйіне алып барды; олар мені досымды сыйлағандықтан ғана қабылдады.
Рас, əдепкіде салқын сыпайылық қана танытқан, бірден ашылып-шашыла
қоймайтын мінез мықтыларға тəн нəрсе ғой; олар достық пейілін бірден
білдірмейді, бірақ есесіне оны ақырына дейін сақтай біледі; сөйте-сөйте
олар мені жылы шыраймен қарсы алатын болды. Ондай ықыласқа лайықты
да едім. Өйткені өзім ғашықтық отына күйіп жүрсем де, əке-шешесінің
көзінше сыпайылық сақтадым; болашақ тағдырым соларға тіреліп тұрса да,
құлдық
ұрмадым,
жарамсақтанбадым,
өздігімді
білдіруге,
адамшылығымды танытуға тырыстым.
Қыздың отбасы мені жақынырақ танып-білген кезде, менің мына
қоңторғай жалғыз бастылық жағдайыма өзімнен кем қиналып жүрмеген
ескі досым əке-шешесінен: менің үміт артарлық мүмкіндігім бар ма, - деп
сұрапты да, солардан жақсы жауап алыпты; бірақ əңгімелерінде жарқылдақ
қауымның адамдары бас тарта алмайтын кейбір тұспалды сөздер де болған
тəрізді; ал шалдың ойы мені "қолайлы некеге" отырғызбақ сияқты салтанатты істі сауданың мəмлесіне айналдырып, ерлі-зайыптылардың
біріне-бірін опық жегізетін осы сөз де айтылып қалса керек. Менің досым
өзі жастықтың əуейілігі деп бағалап жүрген жайт жайында үндемепті.
Оның ойынша, заңсыз баласы бар деген сөз бұл бақуатты отбасына
соншалықты сорақылық болып көрінер еді де, қалған əңгімелердің
барлығы, оның ішінде менің дүние-мүлкім де, жайына қалар еді, сөйтіп
ақыры ажырасуға апарып соғар еді. Оның ойы дұрыс.
"Бұл бір түсініспестік жайт, - деді ол, - оны əйелің екеуің ақылдасып опоңай шешерсіңдер, кешірімге келеді ғой?". Менің күдігімді сейілту үшін ол
өзінің тұрмыс тəжірибесіне сүйене отырып, қандай дəлелдер келтірмеді
дейсің. Ал мен, тақсыр, сізге шынымды айтайын, сол кісіге берген уəдеме
қарамастан, менің алғашқы ойға алғаным барлық жайды отбасына ағынан
жарылып айтып беру еді, бірақ олардың қатаң дəстүршілдігі мені
ойландырмай қоймады, мен соның нəтижесінен қорықтым, сондай
табансыздықтан өзімнің ар-ожданыма қиянат жасадым; менің қалыңдығым
шынымен маған берілгендігін дəлелдегенше аялдай тұрайын деп шештім,
оған дейін масқарамды ашып, бақытымды күйдіріп алмайын дедім.
Сонымен, мен оған жан дүниемді бір қолайлы сəтте ашармын деп ойладым
менің бұл шешімім анау көреген шалдың кəдімгі жарқылдақ қауымда
əншейін саналатын қулығын ақтағандай болды.
Қыздың əке-шешесі өздерінің дос-жарларына айтпастан, мені күйеу
бала ретінде қабылдап алды. Бұл сияқты инабатты отбастарының ерекше
белгісі мейлінше ұстамдылық болады екен; онда баршаға, тіпті ен
болмашы нəрселердің өзіне сөз шығарылмайды. Осы ұстамдылық, ең
болмашы іс-əрекеттердегі маңғаздық адамның сезімдеріне қандай тереңдік
беретініне сіз сенбессіз, тақсыр. Онда не істелсе де, бəрі тиімділікпен
істеледі: əйелдер қолдары боста кедейлерге арнап іш киім тігеді, ондай
кезде жеңілтек бос сөздерді ести алмайсың, бірақ күлкіге тыйым салынған
жоқ; бірақ əзіл-қалжың дегендерінің өзі ешкімді елең еткізбейтін жасық
сөздер еді.
Осынау діндеріне берік янсенистердің əңгімелері əдепкіде маған бір
түрлі жат көрінген: жарқылдақ қауымдағы ғайбат сөздер мен шетін
оқиғаларға байланысты айтылатын өткір тілмарлық бұл жерде жоқ; газет
оқитындар менің қалыңдығымның əкесі мен дəдесі, ал қыздың өзі газет
бетіне көз салмайды; өйткені олардың, тіпті ең момақандарына дейін,
жазатындары ылғи қылмыс пен қоғамдық кесапаттар жайы; ал кейінірек,
осы тоқмейіл тазалық əуендегі өмірге ет үйрене келе, осындай ың-шыңсыз
құла-төбел тыныштықтың рақатынан бүкіл жан жүйеммен лəззат алатын
болдым.
Бұл отбасының тіршілігі сырт қарағанда саңылаусыз бір сарынды
көрінер еді. Бөлмелерінің ішкі көрінісінде жүректі мұздататындай бір
салқындық бар; мен сол бөлмелерде бірде-бір орындықтың орнынан
қозғалғаның көрген емеспін, бір жерде тозаңның ұшқыны көрінбейді. Бірақ
осы өмірге өзің де тартылады екенсің. Мен, бір қызықтан бір қызыққа
ауысып үйренген, сəн-салтанатқа, жарқылдақ қауымның қонақ
бөлмелеріндегі думанға құмар адам, біртіндеп бойдағы зерігуден арылып,
тіршіліктің артықшылығына бой ұрдым: бұл жер ой жүйеңді желіге тартып
өрістетуге мүмкіндік береді, көздің тоятына жағдай жасайды; мұндай
өмірде жүрек қалауы үстемдік алады, оны еш нəрсе алаңдатпайды; ақыраяғыңда, рухани дүниең кеңейіп, телегей теңіздей шалқиды. Осынау бір
сарынды өмірде ойың, бір оңаша мекенге қамалғандай күйкі тіршіліктің
күйбеңінен безініп, шетсіз-шексіз сезім əлеміне шарықтап кетеді.
Дəл сол кездегі мен сияқты бар болмысымен əуестікке берілген адам
үшін тыныштық, тоқырау, монастырьдағыдай тіршілік салты, белгілі бір
ғана істердің белгілі бір ғана сағаттарда қайталанып тұруы сүйіспеншілікке
күш береді. Бұл сияқты қалтқысыз тұңғиық тыныштықта əрбір қозғалыс,
əрбір сөз, əрбір қимыл ерекше мəнге ие болады. Жымиған күлкі, жалт
еткен жанар арқылы өзінің аңқау сезімдерін білдіретін жүрек шіркін
етжақын екінші жүрекке өзінің қуанышы мен реніші жайында хабар береді.
Сол кездегі менің бір түсінгенім бұл адамның тілі соншалықты бай сөз
өрнегімен жымиған күлкінің, жалт еткен көз жанарының мағына байлығын
да, сыр тереңдігін де жеткізе алмайды екен. Қасымда қатар отырып, менің
осы үйге тұрақты қонақ болып не үшін келіп жүргенімді білмейтін осынау
момақан қызға өзімнің шексіз махаббатымды білдіруге мүмкіндік болмаған
кезде, мен соны көзіммен, ернімнің емеурінімсн білдірмек болып қаншама
тырыстым. Бұл адам өмірінде маңызды оқиғада таңдау еркіндігі болсын
деп, əке-шешесінің қызға мүмкіндік туғызған кездері болатын.
Біз шынымен сүйген кезде қалаулыңның қасыңда отыруының өзі сенің
алып ұшқан сезіміңді су сепкендей басады екен; сондықтан біздің оңаша
отыруымызға мұрсат берілген кезде, біз, бейне бір Құдай Тағаланың
алдында тұрған діндар адамдай, ғажап бір рақатты күй кештік. Көру
дегеннің мəні табыну деген сөз. Мен өзімнің жан дүниемді аша алмай
қасірет кешіп жүргенде, өзімнің терең сезімімді жеткізе алмай əуре болып,
іштегі жалындаған сүйіспеншілігімді бұқтырып ұстауға мəжбүр болып
жүргенде, менің сол құштарлығыма құрсау салып, тежеп келген
ұстамдылықтың арқасында біздің сүйіспеншілігіміз ұсақ-түйек нəрселер
арқылы одан сайын айқын сезілді, кейде тіпті бір болмашы оқиғалардың
өзі кереметтей қымбат көрінді.
Оған сағаттар бойы сүйсіне қарап отырып, бір ауыз жауап күту, оның
сыңғырлаған даусына елтіп, ұзақ уақыт лəззат алу, оның не бір құпия
ойларына үңіліп көз жіберу; іздеп жүрген нəрсесін тауып алып, қолына
ұстатқанда, саусақтары дірілдемеді ме деп қадағалау; соның көйлегіне,
шашына сол ғана жанасу үшін, қолынан бір ұстау үшін, оны неғұрлым
көбірек сөйлету үшін сылтау іздеу, міне осы сияқты болмашы əрекеттер
маған бір керемет оқиға болып көрінді. Өзін осындай көтеріңкі жағдайда
отырғанда, соның елжіреген бір көзқарасы, қимылы, даусы менің жаныма
сүйіспеншіліктің адам айтқысыз куəсі болып көрінетін.
Менің махаббатым тек осындай тілде ғана сөйлей алды, қыздың салқын
қанды, кіршіксіз пəк ұстамдылығы тек осындай тілге ғана ырық берді;
өйткені оның мінез-машығы өзгерген жоқ: ол маған қарындасымдай
ықылас танытты, ал бірақ менің құмарлығым неғұрлым күшейіп лаулаған
сайын, менің сөзім оның сөзінен, менің көзқарасым оның көзқарасынан
қаншалықты өзгеше екенін мен солғұрлым айқын сезіндім; сөйтіп,
ақырында, бұл сияқты қыз өзінің сезімін осындай үркек үнсіздікпен ғана
көрсете алатының түсіндім. Өйткені қашан келсем де, ол қонақ бөлмеде
отырады. Мен онда қанша отырсам, ол да сонда болады; ол менің келуімді
күтеді, оны алдын-ала сезеді. Осындай үнсіз тұрақтылық оның пəк
жанының құпиясын ашып беретін. Ақыр-аяғында ол менің сөздеріме
қуанышпен ден қойды да, оны жасыра алмады. Біздің ұялшақ, кібіртік
сезімімізді, сірə, əке-шешесі байқаған болулары керек, олар мені де
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 16
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.