Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 12

Total number of words is 3946
Total number of unique words is 2182
34.8 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қимылдамайды басы кетіп қала ма деп қорыққаны сондай.
– Көріп тұрсың ғой кескен томардай сілейіп жатыр, - дейді ұзын
бойлысы.
– Бұл кемпір дегендер сондай қу келеді, - дейді тапалтағы. - Өлтіре
салайын, дұрысы сол болар. Сонсоң, тұздаймыз да, шошқаларға жем
қыламыз.
Кемпір жатыр, осы сөздерді естісе де тырп етпейді.
– Расында да серейіп қалыпты, - дейді жаңағы бойы аласа тентегі:
кемпірдің тырп етпейтінін көріп тұр.
Сонымен, не керек, бүкір аман қалған. Айтары жоқ, пəлекет кемпір.
Мұндағы бикештер осындай сөздерді естісе, періштедей қимылсыз жатуы
неғайбіл болар. Баскесерлер өлікті бас салып жамылғыға орады да, мал
қораға апарып тастады, кемпір естіп жатыр: жан-жақтан шошқалар қаптап
кетті қорс-қорс етеді! Түк қалдырмай жейді де қояды.
– Таңертең, - дейді əңгімеші сол үнсіздіктен кейін, біздің кемпір кетпек
болды, түнегені үшін екі су берді. Дым білмегендей, түйіншегін қолына
алып тұрып, деревнядағы жаңалықтарды сұрастырды, сонсоң жайлап қана
сырт қашықты да, ал келіп қашсын. Бірақ қайдан қашады?! Қорыққанынан
екі аяғын баса алмай қалды, соның өзі жақсы болды оған. Себебі мынадай.
Ширек льедей жерге митықтап зорға жетіп еді, қараса қайдан пайда
болғаны белгісіз, кешегі қарақшылардың біреуі: мұның соңынан еріп
келіпті, қулығы, кемпір ештеңені байқамады ма екен деп, көз жеткізгісі
келгені. Кемпір де соны сезіп қалып, тастың үстіне отыра кетті.
– Сізге не болды, апай? - дейді қарақшы, кешегі екеудің кішісі, ең
зұлымы, мұны бағып келген осының өзі.
– Ей, қарағым-ай, - дейді кемпір оған, - мына түйіншегім тым ауыр еді,
шаршағаным сондай, бір Құдайға қараған адам көтеріспесе (көрдіңдер ме,
қандай қу кемпір?), мен лашығыма жете алатын емеспін.
Осы арада қарақшы оны апарып салуға тілек білдірді. Кемпір оған
келісті. Қарақшы оны қолынан жетектеп алып бара жатып, сынамақ
болады, бойында қорқыныш бар ма екен деп. Қайда саған, айылын да
жимайды, түк білмегендей жүріп барады. Екеуі ауыл шаруашылығын сөз
қылған болды, кендірді қалай өcipy жайында бірденелер айтты, əйтеуір
қаланың шетіне дейін шүйіркелескен сияқты; бүкір кемпір сонда тұратын,
сол жерде қарақшы онымен қош айтысты соттың адамдарымен кезігіп
қаламын ба деп қорықты білем.
Кемпір үйіне түске тармаса оралған, енді күйеуін күтті, ал ойында
кешегі базарға барғаны, түнде не көргені. Отағасысы кешке таман келді.
Қарыны ашып қалған екен, бұл соған тамақ істеуге кіріседі. Табаға май
жағады, ал өзі əйелге біткен мінезімен жақ жаппай сөйлеп жүр: кендірді
қалай сатқаның айтады, бірақ түндегі шошқалар туралы, өлтірілген мырза
туралы, оның мүлкін тонап алып, өзін шошқаларға жем қылғаны туралы
лом демейді. Сонсоң табаны отқа қойып, тазартпақ болады. Бір кезде оттан
алып, сүртейін десе іші толған қан дейді!
– Сен мынаған не салып едің? - деп сұрайды ол күйеуінен.
– Түк те салғаным жоқ.
Кемпір көзіме бірдеңе елестеп кетті ме деп ойлайды əйелдердің кейде
сөйтетіні болады ғой, сөйтеді де, табаны қайтадан отқа қояды.
Бір кезде бір нəрсе дүрс етеді. Құбырдан домалап түскен бас!
– Масқара! Мынау кешегі өлтірілген кісінің басы ғой., Өзі маған
бақырайып қарайды! Не қыл дейді маған?!
– Онан кегіңді ал, - деген бір дауыс естіледі.
– Өй, есуас! - дейді кемпірге кендір сатушы шалы. - Тағы алжиын дедің
бе? - Соны айтады да, басты ұстай алады. Сол кезде бас мұның саусағын
тістеп алады. Ыза болған отағасы басты далаға лақтырып жіберіп,
кемпіріне ұрсып сөйлейді:
– Жұмыртқаңды қуыр, жоқты айта бермей, бас дегеннің мысық емес
пе?!
– Мысық дейді? Қалай мысық болады доп-домалақ нəрсе?
Сөйтеді де, кемпір табаны тағы да отқа қояды. Тағы бір нəрсе дүрс
етеді. Енді аяқ түседі. Бəрі қайта басталады. Күйеуі бұл жолы да
таңданбайды, аяқты көтеріп алады да, есіктен лақтырып тастайды. Енді
екінші аяқ құлап түседі, одан кейін екі қолы, сонсоң кеудесі қысқасы,
кешегі өлтірілген жолаушы бөлек-салақ болып түгел түседі. Мə-саған
қуырған жұмыртқа! Ал отағасының қарыны ашып барады.
– Ант етейін жаратқанның атымен, - дейді ол, – жұмыртқаң қуырылып
болсын, сонсоң көрерміз бұл кісіні жайластыруды.
– Енді өз көзіңмен көрдің ғой оның адам екенін? - дейді бүкір кемпір.
Ендеше неге айттың жаңа бас емес деп? Босқа таласасың.
Кемпір жұмыртқаларын шағып, қуырып əкеледі де, шалының дəл
тұмсығының астына
қояды. Енді ұрсуға да шамасы жоқ, əлгі көріністен кейін жүрегі айнып
кетеді. Күйеуі
тамағын жеп отыр. Бүкір қорыққанынан тойып отырмын деп құтылмақ.
Бөтен бір адам есік қағады. Тық-тық!
– Бұл кім?
– Кешегі өлтірілген адам.
– Кіріңіз, - дейді отағасы.
Жолаушы үйге кіріп, ұзын орындыққа отырады да, сөз бастайды:
– Құдайды ұмытпаңдар, құдай деген құр қалмайды, оның шапағатын
нəсіп қылады. Бəйбіше, мені өлтіріп жатқанда көзіңмен көрдің ғой, неге
үндемейсің? Шошқалар мені жеп қойды. Ал шошқа жұмаққа бара алмайды,
сондықтан мен христиан басыммен, бір қорқақ əйелдің кесірінен тамұққа
баратын болдым. Осындай сұмдықты кім көрген? Мені құтқару керек.
Тағы сондай сөздер айтылады. Бүкір кемпірде зəре қалмайды, табасын
тазалап болғанан кейін, үстіне жексенбілік киімдерін киіп, көрген-білген
сұмдықтарын айтпақ үшін сотқа жөнеледі; сөйтіп барлық оқиға
əшкереленеді де, қарақшылар базар алаңында айналма доңғалаққа
тартылып жазаланады.
Осындай игілікті істен кейін бүкір кемпір мен оның отағасысынан асқан
кендір өсіруші болмайды. Ол аз болғандай, олардың көптен бері зарығып
күткен ұлдары туады, ол өсіп ер жеткен соң корольдің бароны болады.
Мінекей өжет мінезді бүкір кемпірдің бастан кешкен кептері жайындағы
əңгіме осындай жəне мұндағы айтылғанның бəрі ақиқат шындық.
– Мұндай əңгімелер маған ұнамайды, - деді бір кезде Қабыршы қыз. –
Бұдан кейін ылғи көзге бірденелер елестеп жүреді. Мен бəрінен де
Наполеон жайындағы əңгімелерді қызығып тыңдаймын.
– Miнe осы дұрыс-ақ, -деп қырман күзетушісі іліп əкетті. Кəне, Гогла
мырза, император жөнінде айтыңызшы.
– Отырмақ онсыз да созылып кетті ғой, - деп жауап қайырды пошташы,
- ал мен жеңіс туралы жүрдім-бардым айта алмаймын.
– Оқа емес, айта беріңіз! Біз ол туралы білеміз ғой, талай рет айтқансыз,
бірақ ылғи да тыңдай бергіміз келеді.
– Император туралы айтыңызшы! - деп бірнеше адам бір ауыздан
дауыстады.
– Жо, болсын-ақ, - деді Гогла. Бірақ өздерін көрерсіңдер, асығып айтқан
əңгімеде мəн болмайды. Одан гөрі мен сендерге нақты бір шайқас туралы
айтып берейін. Қаласаңдар, Шан-Обер түбіндегі айқасты айтайын, оқдəрінің бəрі бітіп, біздің найзамен шыққан кезіміз ғой.
– Жоқ! Император туралы айт! Император туралы!
Ардагер бір құшақ шөптің үстінен түрегелді де, жиналған жұртты
мұңды көзімен бір шолып өтті, сол көздің жанарында қарт солдаттың
басынан
кешкен
қиындықтарының,
азап-бейнеттерінің,
қайғықасіреттерінің ізі жатыр еді. Ол екі иығын бір қомдап тастағанда, бір
кездері киім-кешегін, аяқ киімін, дорба түбінде жүретін бар байлығын сол
жорық қапшығына тығындап алып, арқасына қарай ырғытып жіберетін
əдеті де көзге елестегендей еді; сонсоң ол денесінің барлық салмағын сол
жағына қарай аударып, оң аяғын сəл ілгері жылжытты да, жұрт тілегін
қабыл алып, əңгімесін бастауға əзірленді. Маңдайына түскен бір шүйке ақ
шашын кейін сілкіп тастап, басын аспанға қарай шалқайтып алды:
Бейне бір өзі баян еткелі тұрған хикаяның биік деңгейіне көтеріліп
алғысы келгендей.
– Білесіңдер ме, достылар, Наполеон Корсикада туған бұл
француздардың аралы, бірақ оны шыжытып тұрған күн Италиянікі,
ондағының бəрі қып-қызыл отқа қақталғандай жанып тұрады, ал
тұрғындары, мейлі əкесі, мейлі баласы болсын, түкке тұрмайтын болмашы
үшін, бірін-бірі өлтіріп жатады: салттары сондай. Алдымен айтайын, құй
сеніңдер, құй сенбеңдер, оның өз шешесі, сол кездің ен сұлу əйелі, əрі жіті
ақылды адам, алғашында оны, бала кезінде де, одан кейінгі өмірінде де əр
түрлі қауіп-қатерден аман жүрсін деп, құдай жолына түсірмек болыпты;
оның да себебі болса керек; босанар алдында түс көреді сонда бүкіл əлем
отқа оранып тұр екен дейді. Қандай көрегендік түс! Демек, шеше байғұс
құдайға жалбарынып, нəрестенің атынан ант береді: Наполеон сол кезде
аяқ асты болып қалған құдай құдіретінің қасиетті иманың қалпына
келтіреді деген кепілдікті мойныңа алады.
Ал енді құлақ қойып тыңдаңдар да, айтыңдаршы, осы тегіннен тегін
болған іс пе еді?!
Шындықтың шындығы емес пе, бір құпия келісім болмаса, адам деген
қалын жаудың қатарын жарып өтіп, қардай бораған оқ пен доптың
арасынан атпен ағызып аман-сау кете алар ма еді; ал бізді жау сонда
шыбын ғұрлы көрмей қырып жатқанда, оның басы апаман. Мен Эйлау
түбінде өз көзіммен көрдім. Дəл қазіргідей көз алдымда, ол бір қырқаға
өрмелеп шықты да, қолына дүрбісін алып, төмендегі шайқасқа қарап
тұрып:
– Істің барысы жақсы! - деді.
Бастарына шашақ тағып алып, соның айналасында қаптап жүретін
алаяқтар қайда барса да сонынан қалмай, біздің естуімізше, тіпті тамағын
да дұрыс ішкізбейді деуші еді, сондай қулардың бірі, тіпті еркінсіп кеткені
ғой, император тұрған жерінен қозғалып кете бергенде-ақ соның орныңа
барып тұра қалмай ма. Қас қаққанша, басындағы шашағы жалп ете түсті.
Құдды ұстарамен кескендей! Өздерін біле беріңдер, Наполеон құпия сырын
ешкімге айтпауға серт берген ғой. Сол себептен де, оның қасына ерген
адамдар, тіпті ең жақын достары да, кескен теректей сұлап түсіп жатады
екен: Дюрок, Бесьер, Ланн дегендер жай адамдар емес, болаттан соққан
арыстар еді ғой, бəрін өзі шындаған. Қысқасы, ол құдайдың өз перзенті,
солдаттарға əке болып жаралғандығына бір анық дəлел оның лейтенант
болып, капитан болып жүргенін ешкім ешқашан көрмеген. Иə, ол бірден
генерал болды. Түріне қарасаң, жиырманың үшеуіне де келмеген сияқты,
ал генерал атанғаны баяғыда, Тулонды алған кезден бермен қарай; сонда-ақ
ол өзінен өзгелердің бəрі де зеңбіректі нысанаға дəлдеп қоюдан мүлде
бейхабар екенін бірден көрсеткен. Мінеки сонда, демек, кішкентай ғана
жұқалтаң бас қолбасшы біздің Италиядағы армияға келіп еді; ал армияда не
азық-түлік, не қару-жарақ, не аяқ киім, не үс киім жоқ, нағыз қайыршы
армия, турасын айтқанда тұттай жалаңаш!
– Достылар, - дейді ол бізге, міне біз біргеміз! Айтқанымды
ұмытпаңдар, екі аптадан кейін жеңімпаз атанасыңдар, ине-жіптен
шыққандай жана киім киесіңдер, үстеріңде шинель, аяқтарында жап-жаңа
гетр, мықты башмақ болады: бірақ солар үшін Миланға баруға тура келеді,
жаңағылардың бəрі сонда.
– Ал, кеттік! Сілкініп кеп берді дейсің француз, жанының тұрған жерін
қарасаңшы! Немістің сексен мың соткарына қарсы барған біз отыз мың
жалаңашпыз ал - аналар шетінен қапсағай бойлы, қапысыз қаружарақтанған. Қазіргідей көз алдымда. Алайда-ше, Наполеон, ол кезде бар
болғаны Бонапарт қана, тіпті мен өзім де білмеймін, біздің бойымызға
қандай күш бергенін. Түнде де жүріп келеміз, күнде де жүріп келеміз,
оларды Монтенотте түбінде де төмпештедік; Риволи, Лоди, Арколе,
Миллэсимо маңайларында да қолды бір сермегеннен қалдырған жоқпыз,
ешбір жерде көздерін аштырмадық. Солдат жеңіске дөнігіп алды. Мінеки,
Наполеон немістің генералдарын төбеден бір басты ма, олар қайда
барарларын, қай жерден бастарына пана табарларын білмей қалады; ал
біздің сабаз олардың қаққанда қаның, соққанда сөлін алады; бір жолы
мынадай да жағдай болды: олардың он мың қаралы адамы торға түсті, ал
соларды қоршаған не бəрі мың жарымдай ғана француз, əрқайсысы жаудың
жүзіне турады; сол жерде тапжылтпай зеңбіректерін, азық-түлігін,
ақшаларын, қару-жарағын сыпырып алды алуға тұрарлық деген нəрсенің
бірін қалдырған жоқ, ал өздерін суға да тоғытты, тауға да соқты, ауада да
шақты, құрғақта да оқтың астына алды, барлық жерде шықпыртты. Міне,
сөйтіп жүргенде əскер қанаттана бастады; себебі барлық қасиеттерінің
үстіне император ақылды адам еді, ол адамдарды баурай білді, сендерді
азат етуге келдік дейтін. Демек, сонсоң сол жердің тоғышарлары бізді
үйлеріне де жібереді, аялауды да біледі; əйелдері мүсіркейді, əйелдер
əрдайым əділдік жағында. Қойшы, бір сөзбен айтқанда, тоқсан алтыншы
жылдың вантозында, ол кезде қазіргі наурыз айы солай деп аталатын-ды,
бізді суырлар еліне Савойяға апарып тықты; алайда жорық аяқталған, ал біз
Наполеонның күні бұрын айтқаныңдай, Италияның қожасымыз.
Ал келесі наурызда, арада бір-ақ жыл өткенде, екі мəрте жорықтан кейін
ол бізді Венаның өзіне жақындатып апарды. Бəрі құл-талқан болды: біз үш
армияны қатарынан талқандадық, австриялық төрт генералды ол дүниеге
жөнелттік, солардың біреуі шашы ағарған шал еді өртенген сабан
арасындағы егеуқұйрықша Мантуяның түбінде күлді көмеш болды.
Корольдер тізе бүгіп жалбарынды! Оларға бітім шарттары ұсынылды.
Осының бəрі жай адамның қолынан келер ме еді? Жоқ. Құдай оны
қолдады, басқа түк те емес. Ол інжілдегі бес таба нан сияқты көбейіп кетер
еді: күндіз шайқаста қолбасшы, оның жоспарын түнде жасайды; демек,
сақшылардың ылғи көретіндері оның ұйқы-күлкі дегенді білмей, ас-су
ішпей, түн баласына əрлі-берлі теңселіп жүретіні. Солдат осындай
кереметті көргеннен кейін оны əке демегенде қайтеді. Сонымен кеттік
ілгері! Ал Париждегі тобырларда маза жоқ: мынау алаяқ қайдан бəлкім,
сонда пайда болды, аспаннан ала ма өзі бұйрықты? бүйте берсе, бүкіл
Францияны қолына алып алар; оны Азияға немесе Америкаға жіберу керек
екен, барып тынышталар, деседі олар. Кəдімгі Айса пайғамбардың өзіндей,
тағдырына жазылған ғой. Шыны-ақ солай, оған біреу бұйрық жеткізеді
Мысырға барып қызмет етсін дейді. Мінеки, оның шын құдайдың ұлындай
болған жері осы еді. Бірақ іс онымен біткен жоқ. Ол өзінің ең таңдаулы
сарбаздарын шақырып алып, соларды желіктіре былай деп айтады:
– Қазір, достылар, бізге Мысырды жемтік қылып беріп отыр. Біз оны
Италиядан да бетер, бір-ақ шайнап жұтамыз. Қатардағы солдаттар кінəз
болады, өздеріне жер иелігін алады! Алға!
– Алға! Жігіттер! - деп айқайласады сержанттар.
Сонымен біз Тулонға келдік, одан əрі жол Мысырға тартады.
Ол кезде ағылшындар өздерінің барлық кемелерін теңізде ұстайтын.
Демек, біз жағадан кете бергенде, Наполеон былай дейді:
– Олар бізді байқай алмайды, оның себебі, сендер мұны біліп қойыңдар,
сендердің генералдарыңның аспанда өз жұлдызы бар; бізді бастайтын да,
қорғайтын да сол.
Айтты - бітті. Теңізде жүзіп келеміз, Мальтаны алдық: женістің шөлін
басатын апельсин ғұрлы көрген жоқпыз; өйткені ол сондай адам болатын,
жұмыссыз қарап отыра алмайды. Мінеки, Мысырға да келдік. Солай-тын.
Мұндағы бұйрық басқаша. Білесіңдер ме, мысырлықтар ежелден бері
билікші тақсырдың орныңа алыптарды ұстайды екен, əскерлерінде сан жоқ,
құмырсқадай құжынайды; бұл өзі аруақтар мен айдаһарлар17 жайлаған ел
көрінеді; онда қолдан салынған зəулім пирамидалар болады екен, біздің
таулардан кем емес; өздерінің патшаларын соларға жерлейді екен шірімесін
дегендері, дəстүрлері сондай. Жағаға шыққан бойда, кішкене капрал бізге
былай дейді:
Жігіттер, өздерін жаулағалы келе жатқан елдерде жұрт толып жатқан
көп құдайларға табынады, міне сол құдайларды құрметтеу керек; өйткені
француз жұрттың бəріне дос болуы керек; халықтарды жеңгенмен
қыспаққа салған жөн болмайды. Мынаны мықтап естерінде сақтандар:
алғашында ешкім еш нəрсеге тимесін, артынан бəрі де біздікі болады!
Басыңдар аяқты!
Бəрі де дұрыс жүріп жатты. Ал ондағы халық Наполеонды аңыз арқылы
біледі екен, өзін Кəпір Бонаберді деп атайды; оларды "От ұстаған сұлтан"
деген мағынада болса керек; өзінен зəрелері қалмай қорқады. Сол кезде
Түркия, Азия, Африка елдері сиқыршылықпен айналысып, бізге қарсы
Мəди атты бір ыбылысты жіберген; айтуларына қарағанда, ол ақбоз атқа
мініп аспаннан түскен, атына да, өзіне де зеңбіректің добы дарымайды,
екеуі де құр ауамен қоректенеді, деседі. Кейбіреулер көріпті-мыс, бірақ ол
жөнінде мен ештеңе айта алмаймын. Арабтардың бастықтары мен
мамлуктер өз солдаттарына ұғындырып қойған: Мəдиде алыптың күші бар,
ол соғысқанда біздің əскерлерді жеңілдірмейді; ол Наполеонды жеңу үшін
жəне одан Сүлеймен пайғамбардың мөрін тартып алу үшін жіберілген
періште, дейді екен. Өздерінің қару-жарақ қоймасында сондай бір зат
болады екен, соны біздің генерал ұрлап əкетіпті-міс. Көрдіңдер ғой, біздің
оларға қандай соққы бергенімізді.
Бірақ сонда олар Наполеонның шартын қайдан біліп қойған? Тағы да
айтайын бұл тегін емес.
Бұл кісі жөніндегі олардың ұғымы сондай, кəдімгі бір бұл аруақтарға
бұйрық беріп, өзі бір жерден бір жерге құстай ұшып жүретін сияқты
көрінген. Бұл расында да нағыз желаяқ еді. Сонсоң тағы бір айтатындары:
біздің бастық олардың падишасын алып қашпақ болыпты-мыс; керемет
сұлу əйел екен, бұл сол əйел үшін өзінің бүкіл байлығын бермек жəне
соның үстіне көгершіннің жұмыртқасындай бір гауһар тас сыйламақ
болыпты-мыс; бірақ падишамен ашыналас бір мамлук мұндай мəмледен
үзілді-кесілді бас тартыпты-мыс.
Міне осындай шатақ жанжал шығыпты-мыс. Сондықтан ол соғыссыз
бітпейтін көрінеді. Одан біз неге тартынамыз, оқ-дəрі деген бəрімізге
жетеді. Демек, сөйтіп, біз Александрия қаласы мен Гизехтің түбінен бекініс
жасап, пирамидаларға таянып келгенбіз.
Күннің қайнап тұрған ыстығында, қалың құмға малтығып жүруге тура
келді; кейбіреулердің миы қайнап, естерінен адасып қалған; көздеріне су
елестейді, бірақ отан шөлдері қанбайды, кейде келей-ке елестейді, ағылтегіл терлері басылмайды. Біз мамлукті ұстап алдық та, талқаның
шығардық. Наполеон барлығын жеңді; сөйтті де, Жоғарғы жəне Төменгі
Мысырды, Аравияны, тағы талай талқандалған патшалықтардың
астаналарын жаулап алды; олардың орныңда қаптаған өңкей миғұлалар,
жын-шайтандар, жорғалаған кесерткелер қалды; ал жер дегенің шетсіз де
шексіз, қалағанынша ал да, игере бар.
Наполеон ел ішінде осындай істермен шұғылданып, бəрін дұрыс жолға
қоямын деп жүргенде, ағылшындар Абукир түбіндегі шайқаста оның
флотын түгелдей өртеп жіберген; ондағылары əйтеуір бізге бір қастық
жасау. Ол кезде Наполеонды шығыста да, батыста да қатты құрметтеп
сыйлаған, Папа оны ұлым деп атаған, Мұхаммедтің немере туысы өзінің
сүйікті əкесіндей көрген. Міне осындай жағдайда ол Англиядан жанағы
флоттың кегін қайтару үшін, одан Үндістанды тартып алмақ болады.
Сөйтіп, ол бізді Қызыл теңіз арқылы солдаттарға жалақы орнына гауһар
тас пен алтын беретін, өзіңді сəулетті сарайда тұрғызатын өлкеге қарай
бастамақ болған; бірақ сол екі арада Мəди бізге оба індетін жібермек,
сөйтіп, біздің жеңістеріміздің жолын кеспек болыпты. Демек, тоқтай қал!
Немесе сол парадқа аттанып көр, екі аяғыңның қайда қалғаның да
білмессің. Солдаттың жаны кеудесінде зорға жүр, Сен-Жан-д' Акрді алмақ
болып, ер жүректері үш рет басып кіріп еді, ала алмады. Оба жетті
түптеріне. Онымен ойнауға болмайды! Бəрі қирап ауырды. Жалғыз-ақ
Наполеон аман, гүлдей жайнап жүр; сонда бүкіл армия көрді: жұрттың бəрі
айнала қирап ауырып жатқанда оның ап-аман жүргенін. Қалай
ойлайсыңдар, достылар, осы тегін бе?
Біздің дəрігерлік күймелерде жайрап жатқанымызды мамлуктер білетін,
сондықтан жолымызды бөгемек болыпты, бірақ Наполеонды қапы қалдыра
алмайсың. Демек, ол айтады өзінің өзгелерден гөрі терісі қалыңырақ
жойпарларына:
– Ал, кəнеки, аршындаршы менің жолымды, - дейді. Оның қиып түсер
қырғиы, ең адал досы Жюно бар болғаны мыңға тарта адам алып шығып,
біздің жолымызға кесе көлденең тұрмақ болған бір патшасының армиясын
боршалап тастады. Демек, біз Каирдағы бас мекен-жайымызға қайыра
оралдық. Тағы да жаңа іс. Наполеон жоқта Франция париждіктердің
талауына түскен, солдаттардың жалақысын, киім-кешегін кешеуілдеткен
солар: мейілдері, аштан өлсін дегендері, ал əскерлер бүкіл дүние жүзін
жаулап алсын деген де солар еді, бірақ ешқандай қамқорлық жайын
ойламады. Ақымақтар іспен шұғылданудың орныңа көк езу сөзуарлықпен
айналысты. Ақырында біздің əскерлер талқандалды, Францияның
шекаралары бұзылды өйткені онда кісі болмады ғой. Байқайсыңдар ма, мен
кісі деп отырмын, өйткені жұрт оны солай деп айтатын, бірақ ол бос сөз; ал
оның жұлдызы болатын, тағы басқа артықшылықтары өз алдына, ал кісі
дегендер мына біздер едік. Ол Францияда не болып жатқынан Абукир
түбіндегі шайқастан кейін естіді, сонда біз үш жүз де адамды шығын
қылмай, бір ғана дивизиямен түріктің жиырма бес мыңдық күші бар тұтас
əскерін жеңіп. Жартысынан көбін теңізге қуып тыққан болатынбыз, малты
отырып!
Мысыр аспанындағы күннің күркірі басылды. Теңіздің ар жағындағы
істің жайы кеткенін көріп отыр, сонсоң ол мынадай шешімге келеді:
Францияны құтқаратын мына мен, мен соны білемін: ендеше солай
қарай тартуым керек. Əрине, бұл жайдан, оның кетіп қалғанынан, əскердің
түк хабары жоқ, əйтпесе оны күшпен болса да сонда қалдырып, Шығыстың
императоры етпес пе еді.
Ол кеткен соң бізден де күй кетті, өйткені біздің қуанышымыз да,
жұбанышымыз да сол
еді. Ол, демек, қолбасшылықты Клеберге тапсырып кеткен екен, оның
да ерлігі ешкімнен кем емес еді, əттен өмірі қысқа болды бір мысырлық
атып өлтірді; сол үшін ол найзаның ұшына отырғызылды. Ол заманда сол
өлкелерде бас кесу деген жаза болмайды екен; жаңағыдай жазамен ауыр
азапқа түскен қылмыскерді мүсіркеген бір солдат оған су құйған құтыны
берген екен, соны ішіп, мейірін бір қандырыпты да, сол бойда жан
тапсырыпты.
Бірақ бізде ондай ұсақ-ұлаңмен айналысатындай уақыт жоқ. Наполеон
"Фортуна" дейтін бір кішкентай кемемен аттанып кетеді де, Англияның
жарақты кемелері, фрегаттары, тағы сондай желкенді теңіз құралдары
қоршап алғаныңа қарамастан, солардың дəл тұмсықтарының астынан жып
беріп өтіп кетеді де, Франциядан бір-ақ шығады. Ол кісінің қабілеті сондай
еді теңіздерден аттап өтіп, тура өзіңе қарай жүретін. Ол да, əрине, тегін
емес. Міне, солай! Ол Фрежюске келіп түседі, мұның аты бір аяғымен
Парижде деген сөз. Ол келген бетте бəрі соның алдында бас иіп тағзым
етеді, ол дереу үкімет мəжілісін шақырады.
– Сендер менің солдат перзенттеріме не істедіңдер?! - деп сондағы көк
мылжыңдарды қыспаққа алады. Сендер жатып ішер жалмауызсыңдар,
сендер адамды адам ғұрлы көрмей қорлайсыңдар, Францияны сорып
семіргенсіңдер. Бұл əділетсіздік, мен мұны барлық жапа шеккендердің
атынан айтып тұрмын! - дейді.
Ал, аналар ауыздарына не келсе соны айтып, тіпті оны құртып
жібертілері де келген, бірақ асықпаңдар. Бұл оларды өздерінің көкезулікке
салынған казармаларына қамап тастап, сыртқа қарай терезеден секіртті де,
өзінің нөкерлеріне қосып алды, сонсоң олар жым болып, нақ көшедегі
жезөкшелердей көнгіш бола қалды. Осы жанжалдан кейін бұл консул
болды; басқалар өздері біле берсін, ал енді бұл кісі жоғарыдан жаратушыға
еш уақытта күмəнданған емес, сондықтан Алла Тағаланың алдында айтқан
антын бұлжытпай орындады: оның шіркеулерін өзіне қайтарды; діни
сенімді қалпына келтірді; қазір қоңырау атаулының барлығы Аллаға мадақ
айтып, мұның да атақ-даңқын асыруда. Демек, жұрттың бəрі оған риза: ең
алдымен өзгенің қорлық-зорлығынан арылған поптар; одан кейін
саудагерлер, олар да əділет жолынан тая жаздаған заңның қудалауынан
қорықпай-ақ, енді өз істерін алаңсыз жүргізетін болды; ал үшіншіден
инабаттылар; өйткені сорға қарай, үйреншікті іске айналған өлім
жазасынан бұл оларды қорғап отыр.
Енді жауларды қолға алу керек еді; бұл кісі ондайды кейінге қалдыра
алмайды; оның үстіне бір қарағанда-ақ бүкіл жер жүзін жақын көршісіндей
түгел қамтитын қасиеті бар еді. Мінеки, ол Италияға барды құдды
терезеден бас сұққандай бір қарап еді, сол жетіп жатты. Кəдімгі шабақ
балықтарды кит қалай жұтса, бұл да дəл солай қылғытты! Түу! Француздар
оларды отқа қақтағандай қылып шыжғырғанда, біздің жеңісіміз бүкіл
əлемге əйгілі болды міне осының өзі жеткілікті еді.
– Ендігіден əрі ойнамаймыз! - деді немістер.
– Бізге осы жетіп жатыр! - деп шуласты басқалары. Нəтижесі: Еуропа
тайқақсыды, Англия кейін шегініп кетті. Жалпыға бірдей бейбітшілік,
корольдер мен халықтар бірімен-бірі қауышып құшақтасуға бар. Міне дəл
сол кезде Құрметті легион орденін ойлап тапты. Не айтары бар тамаша-ақ
нəрсе. Булониде тұтас əскердің алдында тұрып, ол былай деді: "Францияда
жұрттың бəрі батыр! Егер жай халық ұлы істер тындырар болса, солдатқа
туыс болсын да, құрмет туының астына ағайын ретінде біріксін". Біз осы
қазір ғана Мысырдан қайтып оралған бетіміз. Ал өзгерістер қаншама! Біз
одан айырылысқанда генерал еді, арада азғантай ғана уақыт өтті енді
император мəртебесінде көріп тұрмыз. Құдай ақы, сұлу бикеш жас ұланға
қандай құмартса, Франция да оған дəл сондай құмартулы.
Істің бəрі осылай оңғарылды болды, барша жұрттың мерейіне орай
дейік, императорды таққа отырғызудың Бұрын-сонды аспан астында болып
көрмеген сəулетті салтанаты жасалды. Үсті-бастары алтынмен апталған
папа мен кардиналдар Альпі тауларынан тікелей асып, патшаны таққа
отырғызу тойына қарай асықты, əскер мен халық осы тойды қошеметтеп
қол соқты. Осы орайда бір оқиғаны айтпай кетсем дұрыс болмас еді.
Мысырда жүрген кезімізде, Шам елімен шекаралас құмның ортасында,
Мұса тауының қырқасында оған Қызыл киімді бір адам келіп:
– Ісің жақсы жүріп жатыр! - дегені бар. Содан кейін Маренго түбіндегі
дəл жеңісті кеште əлгі Қызыл адам оның алдына екінші рет келіп былай
деді:
– Бүкіл əлем келіп аяғына жығылғанын көресің, сөйтіп сен Францияның
императоры, Италияның королі, Голландияның мырзасы, Испанияның,
Португалия мен Иллирий аймағының əміршісі, Германияның сақтаушысы,
Польшаның құтқарушысы, Құрметті легионның тұңғыш иегері деген
мəртебеге жетесің қысқасы, сен алмаған атақ-дəреже қалмайды!
Байқайсыңдар ма, Қызыл адам оның қиялындағы елес сияқты бірдене
еді; ал көп жұрттың айтуынша, ол мұның өз жұлдызы мен арадағы
байланысшы шабарманы болған сияқты. Мен бұл əңгімеге ешқашан сенген
емеспін; ал енді Қызыл киімдінін оған келгені анық ақиқат, өйткені бұл
оқиғаны Наполеонның өз аузымен айтқаны бар: Қызыл адам оған ең
қысылшаң кезде келіп, Тюильри сарайының шатырында жасырынып
жатыпты-мыс. Наполеон оны кешкісін таққа отырғызу рəсімінен кейін
көреді. Үшінші ретте олар толып жатқан əp түрлі істердің жайын
талқылайды.
Осыдан кейін император тұп-тура Миланға аттанды да, Италияның
королі болып рəсімделді. Солдаттың бұла өмірі сонда басталып еді. Хат
танитын адамдардың бəріне офицерлік атақ берілді. Зейнетақы мен герцог
атағы аспаннан жаңбырдай жауды; Францияға тегіннен келген қазына
байлық генералдарға үлестірілді; қатардағы солдаттарға. Құрметті легион
иегерлеріне рента берілді, мен сондағы қосымша зейнетақыны əлі де алып
жүрмін. Қысқасы, армия бұрын еш уақытта ойламаған дəрежеде
қамқорлыққа алынды.
Сонымен бірге император өзінің бүкіл дүние жүзіне билікші болуға тиіс
екенін білген, сондықтан барлық байлардың қалталарын қақтырып, бұрын
ешқандай ең-таңбасы болмаған жерлерге тамаша ескерткіштер
орнатқызды; айталық, бұрын Испаниядан Берлинге келе жатқанда жол
бойында не көруші едің? Ал қазір Салтанат арқалары тұрғызылды,
төбелеріне қатардағы солдаттың мүсіндері орнатылды, қарап тұрсаң көз
тоймайды, бейне бір генералдар сияқты маңғаз көрінеді. Сен ағайындарға
үстеме салық салмай-ақ, екі-үш жылдың ішінде император қазынаның
қорын алтынмен толтырды, көптеген көпірлер салғызды, сарайлар
тұрғызды, жолдар төсетті, ғалымдар шықты, заңдар пайда болды, кемелер,
порттар жасалды; мереке-мейрамдар өткізілді, ол соған миллиондай қаржы
жұмсады, сол қаржыға, менің естуімше, егер оның ойына келсе, жүз сулық
майда ақшамен бүкіл Франция жерін жауып жібере алар еді деседі.
Сонымен, не керек, ол таққа мықтап орнатып, барлық елдердің билеушісі
болып алғаннан кейін оның рұқсатынсыз Еуропа ол кезде дымын шығара
алмайтын өздерінің отбасында бес ұл, үш қыз қатар өскенін еске алып, бір
күні бізбен əңгімелесіп отырып, былай деді:
– Жігіттер, ойлаңдаршы, сендердің императорларыңның туыстары
қайыршылықта жүрсе, сол əділдік болар ма еді? Əрине, жоқ. Мен солардың
да өзім сияқты сəн-салтанатты өмір сүруін қалаймын! Ендеше солардың
əрқайсысына бір-бір корольдік жаулап алу өте қажет; дүние жүзін түгелдей
француз билейтін болсын, менің гвардиямның солдаттарынан жер-жаһан
қалтырап тұрсын, Франция ойына не келсе соны істесін, ал өзгелердің
аузында, біздің теңгелікте жазылғандай: "Құдай сендерді сақтасын!" деген
сөздер айтылатын болсын.
– Дұрыс-ақ, - дейді сонда əскерлер, саған керекті корольдіктерді біз
найзаның ұшымен əпереміз.
– Е, оның несін айтасың, өздерің білесіңдер, соғыста кейін шегініп
көрген жоқпыз. Ол айды жаулаймын десе, біз қару-жарағымызды асынып,
аспанға қарай өрлеуге əзір едік; бірақ, құдай сақтағанда, оның басына
мұндай ой келмеді. Корольдер тақ үстінде шалқайып үйренген ғой, əлбетте,
оған көнгілері жоқ, ал біздің білетініміз тек алға! Қарыштап, аршындап,
жөнеп бердік дейсің, айналаның бəрі тағы да астан-кестен. Сол күндері
қаншама адамның табаны тозды, өздері өмірден озды. Жау оңайлықпен
берілер емес, кейде өзімізге қарай бас салады француздардың орныңда өзге
біреулер болса, жайлары табылары хақ. Ал енді өздеріңе мағлұм, француз
тумысында дана халық, əйтеуір өзекті жанға бір өлім бар екенін ол біледі.
Сондықтан біз тіл тартпастан өліп жатсақ та өкінбедік императорымыздың
барлық жағрафия атаулыны қалай жайратып жатқаның көрудің өзі бір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 13
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.