Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 07

Total number of words is 3976
Total number of unique words is 2244
34.5 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мерекелерінде, императордың туған күнінде, Ватерлоо түбіндегі жеңілісті
еске алғанда, ол маған қонақ болып кетеді; сондай астардан кейін мен оған
бір наполеондор беремін; сол оған үш ай шарапқа жетеді. Қарт солдатқа
менің көрсеткен құрметімді бүкіл қауым қостайды; соған дəм татқызуға
бəрі құштар. Ал өзі намыс үшін жұмыс істейді. Менен үлгі алған жұрттың
бəрі, тіпті кез келген үй, оған қошемет көрсетіп, қонақасыға шақырып
тұрады. Мен бірде оған жиырма франкілік майда ақшаны зорға деп
алғызғаным бар: Императордың суреті бар деген соң ғана алды. Өзіне
көрсетілген əділетсіздік намысына қатты тиген, бірақ ол зейнетақыдан гөрі
Құрметті легион орденін ала алмай қалғаныңа көбірек күйінетін тəрізді.
Көңілінде жалғыз-ақ жұбаныш бар: манағы көпірлер салынып біткеннен
кейін генерал Эбле тірі қалған понтоншыларды императорға апарып
таныстырған ғой, сонда Наполеон біздің Гондрен байғұсты құшақтап,
кеудесіне басқан екен; кім біледі, императордың сол мейірі болмаса, бұл
баяғыда-ақ өліп қалар ма еді, қайтер еді; ол осы естелікті жаныңа медет
тұтады жəне Наполеон қайтып келер деп үміттенеді; император өлді деп
ешкім оны сендіре алмайды; ол Наполеонды ағылшындардың қолында
тұтқында деп ойлайды, сондықтан ол, менің ойымша, қазіргі саяхат шегіп,
рақат тауып жүрген өлермендердің ақсақалын жай ғана өлтіре салудан
тайынбайтын сияқты.
– Кеттік! Кеттік! манадан бері доктордың əңгімесін дымын ішіне тарта
тыңдап келе жатқан Женеста селт етіп ұйқыдан оянғандай дауыстап
жіберді. Кеттік шапшаңырақ, мен оны көруге құштармын.
Сонсоң қос салт аттылы сау желіске салып, жеделдете жүріп кетті.
– Екінші бір солдат бар, - деп Бенаси тағы сөз бастады, ол да өмірін
жорықта өткізген темірдей берік жандардың бірі. Француз солдаттарының
барлығы сияқты, оның көрген күні атыс, айқас болған, жеңісті де көрген;
көп қасірет шеккен, бірақ киіз погоннан басқа иығына ештеңе ілмеген. Өзі
көңілді кісі, Наполеонды құдайдай көреді, Валутина түбіндегі шайқаста
қолынан Құрметті легион орденін алған. Дофиненің перзенті болғандықтан
барлық істе тəртіп сақтайды, сондықтан зейнетақы алады, орденге алатын
қосымшасы тағы бар. Жаяу əскердің жауынгері болған бұл жігіттің
ныспысы Гогла, бір мың сегіз жүз он екінші жылы Наполеонның
гвардиясына кіріпті. Бір есептен оны Гондреннің экономкасы десе де
болады; бір хат тасушының жесірінің үйінде екеуі бірге тұрады, барлық
тапқан ақшаларын сол əйелге береді; ізгі мінезді кемпір байғұс соларға
баспана берген, тамақтарын істеп берген, киіндірген; жанашыр
туыстарындай күткен. Гогла деревняға пошта тасиды. Қызметі сондай
болған соң, кантонда болып жатқан жаңалықтардың бəрін сол біледі;
сондықтан жұрт жиналған жердегі сөйлегіш атанған тілбезер; Гондрен оны
керемет тапқыр, қу көреді. Гогла Наполеон жайында əңгіме айтқанда, бұл
оны ернінің жыбырлауына қарап түсінеді. Егер бүгін кешке, əдеттегідей
менің бір сарайыма жұрт отырмаққа жиналып, бас қоса қалса, біз
байқаусыз араларына кіріп кетеміз; сөйтіп, мен сізді қызыққа батырамын.
Мынау қазып жатқан соның арығы, бірақ менің понтоншы досым
көрінбейді бұл арада.
Доктор мен офицер айналаны көз тоқтата шолып шықты; ал мына
жерде жайрап, оның күрегі, кетпені, тəшке арбасы жатыр; үйме
топырақтың арасында Гондреннің үстіне киіп жүрген солдат күртесі
көрінеді, бірақ тастақ жолдың бойында өзі қара көрсетпейді; жол деп
тұрғандары жол да емес, жай əншейін ирелендеген жырақана,үстінен шөп
өсіп кеткен; астынан сылдырап жайдақ су ағатын болуы керек.
– Ол осы маңда бір жерде болуы керек. Ей, Гондрен! - деп дауыстады
Бенаси.
Сол кезде Женестаның байқағаны, үйеме топырақтың ар жағындағы
бұталардың арасынан селдіреп шыққан темекінің түтіні білінеді екен,
докторға соны нұсқады; ол тағы да дауыстады. Сəлден кейін понтоншы
басын қылтитып қарады да, мэрді танып, жіңішке соқпақпен төмен қарай
түсті.
– Ей, қарт! - деп айқайлады оған Бенаси, екі алақаның дабылға ұқсатып
дөңгелете қалқалап, мінеки, туысың келді саған сонау Мысырдан, сенімен
таныспақшы.
Гондрен басын жоғары көтеріп алып, Женестаға ұзақ уақыт қадала
қарап қалды; қай жақтан пəле келіп қалады деп қаупейлеген қарт солдаттың
əккі көзқарасы еді. Бір кезде оның қызыл жолақ орден белгілерін көрді де,
офицерге үнсіз сəлем қылды.
– Кішкентай капрал тірі болған да, деп айқайлап сөйледі оған Женеста,
сен орден де алатын едің, зейнетақыға да қарқ болатын едің, өйткені сен
қазіргі эполет тағып талтаңдап жүргендер мен мың да сегіз жүз он екінші
жылдың қараша айында өзеннің оң жақ жағалауына өтіп үлгергендердің
талайын ажалдан арашалап қалдың ғой. Əттең, достым, -деді офицер тағы
да; сөйтті де өзі аттан түсіп жан жүрегі елжіреп келіп, Гондреннің қолын
қысты, əттең, мен əскери министр емеспін.
Понтоншы шал осы сөздерді естігенде тұла бойы қалшылдап кетті де,
ізінше басын төмен салбыратып жіберді, сонсоң асықпай қорқорының
күлін қағып, қалтасына салып алғаннан кейін тілге келді:
– Мен өзімнің борышымды атқардым, офицер мырза, тек басқалар ғой
атқармай кеткен; солар - мені қорлаған. Қағаз сұрады менен! "Қайдағы
қағаз? - деймін мен оларға, - жиырма тоғызыншы бюллетень13 бар ма? - сол
менің қағаздарым!"
– Əлі де ізден, жарқыным. Қазір, қолдаушың бар боп тұрғанда сөзсіз
əділдікке жетесін.
– Əділдік дейді? - қарт понтоншы осы сөзді тіксініп айтқанда, дəрігер
мен офицердің де аза бойлары тік тұрған.
Бəрінде де үн жоқ, екі жолаушы Наполеонның бір кезде үш ұрпақтан
іріктеп алған болаттай берік легионынан қалған осы бір жарықшаққа қарап
қалған. Гондрен қираса да берілмеген жеңімпаз жойқын əскердің шын
мəнісіндегі жарқын үлгісі еді. Шалдың бойы тығыншықтай ап-аласа, ал
кеудесі талыстай, жауырыны қақпақтай; желқақты болып, əжім басқан
бетінде жыбыр-жыбыр етіп бүлкілдеп тұрған бұлшық еттерінен жауынгер
айбынынын ізі айқын танылады. Түсі суық, жазық маңдайы бейне бір
мəрмəр тастан қашалғандай; ал бірақ сұйық шашының жидіп əр жерде бір
шашыраған ақ шулан талдарын қалжыраған бастың құйқасы əзер көтеріп
тұрғандай еді; керісінше, жүндес қолдары мен кенеп көйлегінің ашық
жағасынан қылшығы бұрқыраған кеудесінде əлі де көп қайрат сақталған.
Өзі де қисық аяқтарын қаққан қазықтай тапжылтпай, қасқая қарап тұр.
– Əділдік дейсіз бе? - деді ол əлгі сөзін қайталап. Ол біздің ағайынға
бұйырмаған нəрсе! Бізде соттың приставтары жоқ, біздің сыбағамызды
даулап жүретін адам табылмайды бұл арадан. Ал мына желқапты толтыру
керек, деді де, өзінің қарның өзі нұқып қалды, сондықтан бізде басқаға
уақыт жоқ. Кеңселерде бұғып алып, бой жылытып отырған төрешіктердің
құрғақ сөзіне қарын тоймайды, сондықтан мен ортақ қазаннан несібелес
болайын деп осы араға қайтып оралдым, осыны айтты да, ол күрегімен
батпақты былш еткізіп ұрып қалды.
– Бұған төзуге болмайды, қарт жолдас, - деді Женеста. Мен өз өмірім
үшін саған қарыздармын, сондықтан саған септесін қолымды ұсынбасам,
қадір білмес найсап болып шығар едім. Мен білемін ғой, Березинаның
көпірлерінен қалай өткенімді, соны ұмытпаған
талай дарқан жігіттерді де білемін. Солар да маған үн қосар, сөйтіп,
отан сенің сіңірген еңбегіңді лайығымен бағалайтын болар.
– Бонапартшыл деген атаққа қаласыз! Одан да бұл іске араласпаңыз,
офицер мырза. Енді бəрібір, мен итшілеп келіп тылға жеттім де,
жарылмаған бомбаға ұқсап, жердің астына көмілдім. Бірақ бір нəрсені
ескермеппін. Түйеге мініп құмды шөлден өткенде де, Мəскеудегі өрттің
жалыныңа қақталып тұрып, шарабына ерін тигізгенімде де мынау ата-анам
отырғызған ағаштардың түбіне келіп өлерімді білмеппін, - деді де, ол өзінің
шаруасына кірісіп кетті.
– Қайтсін, байғұс шал, - деді күбірлеп Женеста, оның орнында мен
болсам да осылай істер едім; əкеміз біздің келмеске кетті.
– Тақсыр, енді ол дəрігерге қарап сөйледі, мына кісінің көнбістігі маған
өте ауыр əсер етті; ол үшін менің қандай қиналғанымды өзі білмейді ғой,
мені де сол алтындаған жалтырақ мундир киіп алып, солдаттың жай-күйін
ойламайтын оңбағандардың біріне жатқыза салды-ау, сірə.
Ол атын кейін қарай кілт бұрды да, барып понтошының қолын ұстап
алып, тура құлағына айқайлады:
– Мына менің кеудемде жарқырап тұрған, бір замандарда ар-намыстың
белгісі болған орденді аузыма алып ант етейін, адам қолынан келетін
істердің бəрін істейін, қайткенде де саған зейнетақы алып берейін,
министрдің қаншама қол сермегеніне де көнейін, тіпті короліне, дофиніне
тағы басқа əулиелерге дейін барайын!
Осы сөздерді естігенде, Гондрен шалдың тұла бойы қалшылдап кетті,
ол Женестаға қадала қарап тұрып:
– Сонда сіз өзіңіз де қатардағы солдат болдыңыз ғой? - деді.
Офицер басын изеді. Сол кезде Гондрен екі алақаның ысқылап тұрып
келіп, Женестаның қолын алды да, мықтап қысып тұрып, тағы сөйледі:
– Генерал мырза, мен сол жолы суға түскенде, армия үшін өмірімді
құрбан етейін деп едім; күні бүгінге дейін тірі жүрсем, ол да құдайдың
бергені екен. Ал енді, тақсыр, менің сөзіме құлақ қойыңыз, иманымды
үйіріп тұрып айтайын: Ана кісіні кеудеге итеріп тастағаннан кейін, мен
дүниенің бəрінен безгенмін. Амал қайсы, маған осы жерді бұйыртқаннан
кейін, — деп ол кекесінмен аяғының астындағы жерді нұсқады, — мен
өзіме тиісті жиырма мың долларды, былайша айтқанда, тірнектеп алып
жүрмін.
– Жарайды, достым, - деді Женеста Гондреннің ізгі жандылығы мен
кешірімшілдігіне қайран қалып, ал бірақ менің мына сыйымды алуға қарсы
болмассың.
Осы сөзді айтты да, офицер өзінің кеудесін нұқып көрсетіп,
понтоншыға елжіреп қарап тұрды; сонсоң атына ырғып мініп, Бенасимен
бірге желе шоқытып жүріп кетті.
– Өкіметтің қаталдығы кедейлерді байларға қарсы соғысқа айдап
салады, - деді доктор. -Белгілі бір уақыт шеңберінде өкімет билігі сеніп
тапсырылған адамдар өздерінің халық жөнінде жасаған əділетсіз істерінің
сөзсіз салдары жайында еш уақытта байыптап ойланған емес. Рас, кедей
адам өзінің күнкөрістік наның тауып жеп жүргендіктен, ұзақ уақыт күресе
алмайды, бірақ ол зар шеккен барлық жүректерден үндестік табады.
Заңсыздықтан жапа шеккен бір адамның зары сол заңсыздыққа наразы
болып жүрген барлық адамдардың зарына көбейтіледі, сөйтіп, ашытқы
бұрқырай бастайды. Бірақ бұл да ештеңе емес, осыдан жинала келіп, ең
үлкен зұлымдық туындайды. Əділетсіз қылықтар қоғамның жоғарғы
жағына қарсы халықтың булыққан өшпенділігін өршіте түседі. Сол
себептен де буржуа кедейдің жауы, ол мұны заңнан тыс қояды, алдапсулайды, ұрлап-қорлайды. Кедей үшін ұрлық қылмыс емес, зұлымдық емес,
кек. Егер билікші əділдік көрсетудің орныңа кішкентай адамдарға қиянат
жасайтын болса, олардың өздері жеңіп алған құқықтарын аяққа басатын
болса, онда сол қайыршылыққа ұшыраған аш-арық адамдардан өз
талайына бағып, өзгенің меншігін құрметте деп қалай талап етуге болады?
Маған жаңағы Гондренге берілуге тиісті мың франкілік зейнетақыны кенсе
қағаздарының тозаңын қағып отыратын бір лауазымды егеуқұйрық
пайдаланып отыр-ау деген ой келгенде, тұла бойым түршігіп кетті. Ал
осыдан кейін қайғы-қасірет дегеннен түк хабары жоқ біреулердің халықты
тым кекшіл деп кінəлайтының қайтерсің! Егер үкімет жеке адамдарға
рақаттың орныңа азап əкелетін болса, ондай үкіметті құлата салу сəті
келгенде оп-оңай жүзеге асады; халық одан кегін алған болып шығады.
Мемлекет адамы кедейлердің жағдайына ылғи да сот əділдігінің көзімен
қарауға тиіс; өйткені ол тек кедейлер үшін ғана жасалған!
Бұлар селеннің ішіне кіріп, көшемен келе жатқанда, қарсы алдарында
аяқтарын ілбіп басқан көрі шал мен қасындағы кемпірін көздері шалды.
Шалдың буындары тартылып қалған болуы керек, ескі шəркей киген
аяқтарын сүйрете басып, зорға кетіп барады. Иығында асып алған дорбасы
бар, одан əр түрлі аспап-саймандардың бастары қылтиып көрінеді;
Кейбіреулерінің кір-кір, май-май болған саптары сорайып тұр; дорбаның
екінші бір жартысында нан, бірнеше домалақ жуа, жаңғақ секілді тағамдар.
Шалдың аяқтары қисайып кеткен. Өзі де бүкірейіп, жұмыс үстінде
отыра-отыра белі əбден бүктеліп қалған, ұзын таяққа сүйеніп зорға
жылжиды. Сыртынан жуан жіппен көктеген, жалпақ жиекті, күн қақты
қалпағының астынан аппақ шашы шашырап көрінеді. Үстіндегі қатқыл
кенептен тігілген киімі ала-құла жамаудан түсін өзгертіп, шұбар-ала болып
кеткен. Дүниедегі барлық заттардың салдама тамтығы ішіндегі ең
аяныштысы қартайған адамның салдамасы болса, мына қарттың басында
соның барлық бишаралығы түгел бар еді. Қасындағы əйелінің басында еш
адам түсініп болмайтын бір кепеш, оның үсті-басы да қомыт, бірақ денесі
шалынан гөрі тікшілдеу, арқасында таңып алған жұқалау сопақша қыш
құмырасы бар, оны екі құлағынан белбеу өткізіп, мықтап бекітіпті.
Арттарынан келе жатқан ат тұяқтарының тықырын естіп, кейін қарай
бұрыла қараған екі жаяу Бенасиді танып тоқтай қалды. Оларға көз
тоқтатып қараудың өзі бір қасірет еді; өмір бойғы жұмыстан əбден діңкесі
құрыған шал жəне оның айырылмас серігі, ол да жарымжан, екеуінің де
бет-ажарлары күнге, ыстық-суыққа əбден қақталған, бет-ауыздарын айғызайғыз əжім басып, табиғи тұрпаттарынан түк қалмаған.
Осынау қарт пен қарияның өмір тарихы олардың бет əлпетінде осылай
жазулы болмаса да, оны түрлеріне қарап-ақ анықтауға болар еді. Олар бүкіл
өмірлерінде қол ұстасып бірге жұмыс істеген, қол ұстасып бірге қасірет
шеккен; көптеген қасірет пен аздаған қуанышты бірдей бөліскен:
тұтқынның қараңғы зынданға бой үйрететіні сияқты, бұлар да өздерінің
қасекі тағдырларына еттерін үйреткен; тұла бойлары тұнып тұрған ақ
жүректік. Бет-ажарларынан ізгілік пен ақпейілділіктің нұры шашып тұр.
Өздерімен жақынырақ таныса келгенде, олардың маңдайына жазылған
кедейліктің таңбасына көлденең кісі қызығарлықтай еді. Бет əлпеттеріне
қарап тұрсаң, бастарынан кешкен қасіретті айтпай-ақ танисың, бірақ соған
мұқалмағандары жəне анық байқалады.
– Ал, қалай, Моро атай, əлі де жұмысқа құлшынып жүрсіз бе?
– Иə, Бенаси мырза. Өліп қалмай тұрғанда, сіздің əлі де екі-үш
тобылғылы тəліміңізді жыртып бермекпін, - деп əзілдегенде, шалдың қара
көздері жайнап кеткен-ді;
– Мына əйеліңіздің арқалап əкеле жатқаны шарап емес пе? Жан
тыныштығын ойламайтын болсаңыздар, əйтеуір шарап ішіп тұрғайсыздар.
– Жан тыныштығы дейсіз бе? Жанның жабырқауы ғой ол! Күн көзінде
тұрып, бір жаңа өскіннің бетін аршысаң, күн көзі мен ауадан бойға қуат
дариды. Ал осының өзі - нағыз шараптың тұрған жері; тақсыр, сол
шарапты Куртейль мэрі мырзадан сіздің мархабатыңызбен тегін алып
жүргенімізді мен білемін. Е, қалай қулыққа салсаңыз да, бізді алдай
алмайсыз.
– Ал, қош болыңыздар. Шанферлюдің
жатырсыздар-ау, шамасы, бəйбіше, солай ма?
теліміне
қарай
бара
– Иə, тақсыр, кеше кешкілік бастағанбыз.
– Сəттілік тілеймін, - деді Бенаси. Осы тауға қарағанда, өздеріңіз де бір
лəззат алатын шығарсыздар: түгелдей өздеріңіз жырттыңыздар ғой.
– Өйтпегенде ше, тақсыр, деп жауап қайырды қария. Біздің еңбегіміз.
Бір үзім нанға тұратын еңбек сіңірдік!
– Көрдіңіз бе, - деді Бенаси офицерге қарап, еңбек ету, жер өңдеу
кедейлерге мемлекеттің беріп қойған рентасы осындай. Қарекетсіздікті
немесе қайыршылықты шал өзіне масқаралық деп санар еді. Ол ашық
далада, күн көзінің астында қолына кетпенін ұстап жатып өлгенді қалар
еді. Расында да, қайсар шал! Ол ылғи жұмыс үстінде болатын, сол жұмыс
бірте-бірте оның өміріне айналып кетті, ал бірақ ол өлімнен де
қорықпайды, өзінің көзқарасында терең философиялық сипат бар екенін
сезбейді. Диқандар үшін, батрақтар үшін қысқасы, бүкіл өмір бойы енбек
етіп келіп, қартайған шағында аш-жалаңаш, қайыршы болып өлетін барлық
адал ниетті шаруалар үшін мына біздің кантонда баспана жасау керек деген
ойға мені итермелеген нақ осы, Моро шал болатын.
Тақсыр, менің осы жерден байыйын деген ойым болған жоқ, оның
маған түкке де керегі жоқ. Өзінің барлық үмітін үзген адамға көп нəрсе
керек пе, сірə? Өмір дегенін тек жалқаулар мен жатып-ішерлер үшін ғана
қымбатқа түседі, өйткені бұл əлеуметтік ұрлыққа жатады. Наполеон өзі
құлағаннан кейін, оның күтіміне жұмсалатын шығындар жөнінде талас
туып жатқаның естігенде айтқан екен: менің тұрмыс қажетіме бір ат пен
күніне бір экю болса жетеді деп. Мен осы жерге келіп орналасқаннан кейін
ақшадан бас тартқан едім, ал содан былай мен ақшаның қаншалықты
əлуетті екенін білдім; егер өзін біреулерге жақсылық істегің келсе ақша
қажет екенін білдім. Сонымен, мен өзімнің үйімді үй-күйсіз бейшара
қарттарға баспана ретінде пайдалансын деген өсиет қалдырдым; онда Моро
сияқты өр-көкіректерден басқа мұқтаждар өздерінің қалған өмірлерін
өткізулеріне болады. Сонсоң менің жерім мен диірменнен түсетін тоғыз
франкі кірістің азын-аулағы қыстың қатал күндерінде кантондағы ең кедей
отбасыларына көмек көрсету үшін жұмсалады. Мұнымен шұғылданатын
мекеме муниципалитет кенесінің бақылауында болады, ал оның
қамқорлығына мен кюрені тағайындағым келеді. Сөйтіп, менің бұл жерде,
осы кантонда көлденеңнен тапқан байлығым басқа ешқайда кетпейтін
болады.
Мұндай баспананың жарғысы менің жазба өсиетімде айтылады. Оны
егжей-тегжейлеп айтсам, əрине, сізді зеріктіріп алармын; бірақ мен мына
бір жайтты атап айтқым келеді: мен барлық жағдаятты ескердім-ау деп
ойлаймын; ең арғысы қолөнер мен ғылымға икемі бар балаларды оқытуға
қауымның өз мүмкіндігі болуы үшін ақшалай сақтық қор жасадым.
Сонымен, өзім бастаған өркениет ісі мен өлгеннен кейін де жалғастырыла
береді.
Көрдіңіз бе, капитан Блюто, бір игілікті істі ойға алған болсаң, жан
дүниең соңы аяқсыз қалдыртпайды. Тəртіп пен тəмамдылыққа ұмтылыс
жақсы болашақтың ең сенімді кепілі. Қане, жолда көп айналшықтай
бермейік, мен тағы да бес-алты науқасты барып көруім керек.
Бұлар біршама уақыт үнсіз жүрді, сонсоң бір кезде Бенаси жол серігіне
қарап күлді:
– Бəрекелді, капитан Блюто, мен сіздің сұрағыңызға елігіп, сауысқанша
шықылықтай беріппін ғой, ал сіз өз өміріңіз туралы лəм демейсіз;
шындығында ол өте қызғылықты болар. Сіздің жасыңыздағы солдат өмірде
талай кепті бастан кешкен-ақ шығар, соның əңгімесін баяндасаныз.
– Не əңгімелейтіні бар, - дейді Женеста, менің өмірім əскердегі өмір.
Барлық əскери адамдардың тірлігі бір қалыпта. Менің үлкен атағым болған
жоқ, кəдімгі қылышпен шабу немесе шабылу, басқалар сияқты мен де
сөйттім. Наполеон қалай қарай бастаса, солай қарай ере бердік: император
гвардиясы ерекше ерлік көрсеткен шайқастардың барлығында алдынғы
шепте жүрдік. Ол жұрттың бəріне белгілі жайт. Атыңды күту, кейде
аштықтан үздігіп, шөлден қаталау, қажет болса қандасып айқасу, мінеки,
солдаттың өмірі деген. Бар болмысы сол ғана.
Кейде біздің ағайындардың айқастағы нəтижесі тіпті аттың тағасына да
байланысты болады, сол дұрыс болмаса да полете ұрынуың оп-оңай! Ал
жалпы айтқанда, мен талай елдерді көрдім, көбінен көз алдымда елес қана
қалды, мен өлімнің де талайын көрдім нəтижесінде өз өмірімнің қадірі
кетіп қалғандай.
– Дегенмен, ерекше бір қиын жағдайға тап болған кездеріңіз де бар
шығар, өз басыңызға тікелей қауіп төнген бір жайттарды есту қызық-ақ
болар еді.
– Бəлкім, солай да шығар.
– Өзіңіздің есіңізде ұмытылмастай болып сақталып қалған бір оқиғаны
айтыңызшы. Қорықпай-ақ қойыңыз! Тіпті бір ерен ерлігіңіз туралы
айтсаңыз да, менде сізді мақтаныңқырап кетті-ау деген ой атымен
болмайды. Сеніп айтқан сыры сыртқа шашылмас деп ойлаған адамына:
"Иə, мен солай істеп едім!" - деп ағынан жарылса, ешқандай ағаттығы жоқ.
– Жə, солай-ақ болсын. Өте бір шетін оқиға жайында айтайық– кейде
күні осы уақытқа дейін соның өкініші өзекті өртейді. Он бес жыл бойы
соғысқанда, мен тек қорғану қажет болған жағдайда ғана кісі өлтірдім. Біз
алдыңғы шептеміз, шабуылдап келеміз; алдымызда жау, егер біз оны
жайратпасақ, ол бізден рұқсат сұрап тұрмайды, қанға бояйды: демек. өзін
құрымайын десең, оны құрт– сонда ғана сенің арын таза.
Бірақ, тақсырым менің, менің бір жігітті тым кездейсоқ жағдайда
жайратып салғаным бар. Сол қылығымды ойға алғанда жүрегім тіпті езіліп
кетеді: сондағы өліктің бұзылып кеткен өңі əлі күнге дейін көзіме елестеп
тұрады. Өзіңіз төрелеп көріңіз... Мəскеуден кейін шегініп кеткен кезіміз.
Ұлы армия деген атақ қайда қалған?! Өгіздей өңкілдеп қашып келеміз.
Тəртіп пен тудан біржола айырылғанбыз! Əркім өзінше қожа,
императордың өз үстемдігі біткеніне көз жеткізгені де осы түс деуге
болады.
Березинадан өтіп, Студянка дейтін деревняға ентелеп келіп кірдік: біреу
қырманға, біреу мыжырайған үйшікке лап беріп, біреу ұрадағы картопқа,
біреу қызылшаға тап беріп жатыр. Баспана, тамақ дегенді көз көрмегелі не
заман; ал мына жер бір кең жайлау. Алғашқы келгендер, əрине, бəрін
жылан жалағандай жеп біттірген. Мен соңғылардың бірі болып жеткенмін.
Бірақ тамақты ойлауға да шама жоқ, ұйқы қысып барады. Көз алдымда бір
жабыққырман көрінді кіріп барсам, жиырма шақты адам жатыр, өңкей
генералдар, офицерлер, əр түрлі шеннің адамдары, айтары жоқ, ылғи еңбегі
сіңген адамдар: Жюно, Нарбонн, императордың адютанттары қысқасы,
армияның барлық бетке шығарлары осында. Бұл жерде қатардағы
солдаттар да бар; олар да, мейлі Францияның маршалы келсе де,
астарындағы төсенішін берер емес. Бос орын жоқ, біреулер қабырғаға
сүйене, аяқтарынан тік тұрегеліп ұйықтап тұр, біреулер аяқ астында, жерде
ұйықтап жатыр; бəрі де бір-біріне жабыса бұйығып қалған; сондықтан мен
еш жерге сыналап кіре алмадым. Сол серейген адам денелерін баса-көктеп
аттап келемін; біреулер ұрсысып жатыр, біреулер тіпті үн шығармайды;
сыртқы сыпайылықты былай қойғанда, тіпті зеңбіректің добынан да
айылдарын жияр емес.
Байқаймын, жаппа қырманның төбесінің астында əлдеқандай бір
сөрелер байқалады, соған көтерілуге ешкімнің батылы бармады ма, əлде
шамалары келмеді ме, əйтеуір ешкім көтерілмейді; дереу соған көтерілдім
де, сол жерге жайласып жатып, аяғымды созып жібердім, енді төменге
қараймын бəрі де серейіп, жайрап жатыр. Бұл бір өте көңілсіз көрініс еді,
бірақ соған қарап жатып, қарқылдап күліп жібере жаздадым. Біреулер
аптығып, үсіген сəбізді кеміріп жатыр, ал генералдар болса, жыртық-тесік
орамалдарды бүркеніп алып, көр-көр етеді.Шыршаның майынан ағызған
шырағдан өлеусіреп жанып тұр; осыдан ерт кетсе де, ешкім тұрегеліп
сөндірер емес.
Шалқамнан жайласып жаттым да, ұйқыға кетіп бара жатып, көзімді
ашсам, қырманның төбесін жапқан белдік тақтай ептеп қозғалатын сияқты,
иə, шығыстан батысқа қарай қозғалып, ақырын ғана жылжып кетіп барады.
"Мырзалар, деп салдым айқайды, қараңдар анау төбедегі белдікке, біреу
соны суырып алып, отын қылмақ! Қазір үстімізге құлайды, бəріміз де
астында қалып өлеміз!" дегенде жан даусым шықты. Бірақ, бар ғой тақсыр,
ешкім селт еткен жоқ, ұйықтағандары ұйықтай берді, ал жаңағы бірдеңені
жегендері де міз бақпады, ауыздарын малжаңдатып шайнай берді. Қайтпек
керек, жылы орнымнан түрегеліп, жерге түсуге тура келді. Біреу келіп
орныма жатып алса да не істейін, мына жатқан атақтыларды құтқарып қалу
керек қой. Сыртқа шығып, қырманды айнала қарасам, еңгезердей біреу,
Вюртембергтікі болу керек, қырманның тебе тақтайын суырып алғалы
жатыр.
"Ей, ей!" - деп айқайлап, қолыммен "тоқтат!" деген белгі беріп едім. Ол
өзінше айқайлады: "Уеһ mir aus dem Уesicht, oder ich schlad dich todt!"14- ə,
солай дедің бе?! Ке мир аус дем гезит15 дедім мен де. - Ол бола қоймас!"
Сөйтім де жерде жатқан оның мылтығын көтеріп алып, немісті тұрған
жерінде сулатып салдым. Сөйттім де, орныма қайта келіп жатып, ұйықтап
кеттім. Мінеки, бар болғаны осы.
– Жоқ, бұл көпті құтқару үшін істелген заңды қорғаныс қой; сіздің
өзіңізді кінəлайтын іс емес, деп қарсы дау айтқан Бенаси.
– Ал, бірақ анау мырзалар кейін мені есеңгіреп жүріп істеген ісі ғой
деп, - келемеж қылғандары бар, деп Женеста сөзін жалғастыра берді;
есеңгіреу ме, əлде басқа ма, бірақ солардың көбі қазір бір-бір сəулетті
сарайда бұла болып тұрып жатыр, ойларында алғыс дегеннен түк ныспы
жоқ.
– Сіз оны алғыс атты қымбат өтем үшін жасаған жоқсыз ғой, солай емес
пе? - деп күлді
Бенаси. – Мұның өзі де өсімқорлықтың бір түрі ғой.
– Иə, мен оны жақсы түсінемін, - дейді Женеста тағы да, - бір пайдасы
үшін істелген іс болса, оның ізгілікті мəні дереу жойылып кетеді;
сондықтан оны əңгімелеп айтып жатудың өзі де мақтанның бір түрі болып
шығады, бұл жаңағы алғыстан да бетер нəрсе. Ал енді ниеті адал адам осы
жайында айтпаған болса, оның жақсылық жасаған қарыздар адамы одан
сайын безере береді. Ендеше жұрттың бəрі үнсіз отырғанда, ондай үлгі
қайдан келмек? Ал манағы байғұс понтоншы француз əскерін құтқарып
қалса да, осыны жұртқа жария етіп, өзім бір пайда табайыншы деген ой
оның басына кіріп те шықпаған. Жə, сол бишара мүлде жарымжан болып
қалса, өзінің ар-ұятымен бір үзім нан таба алар ма еді, сірə?.. Осыған жауап
беріңізші, философ!
– Иə, рас, моральға келгенде, дүниенің бəрі шартты болып кетеді, дейді
Бенаси. Бірақ бұл өте қауіпті ой, өзімшілдікке бейім адам ар-ұят мəселесін
өз пайдасына қарай икемдеп кетуі мүмкін. Бері қараңызшы, капитан,
мораль ұстанымдарына сөзсіз мойынсұнған адам олардан ауытқыған
адамнан жоғары тұрмай ма, тіпті осыны қажеттіктен істеген күнде де? Егер
біздің сол понтоншымыз жарымжан болып қалып, аштан өлсе де, ол өзінің
ұлылығымен Гомерге ұқсамас па еді? Адамның өмірі, сөз жоқ, ізгілікке де,
даналыққа да бірдей сын, өйткені жаңағының екеуі де махшарға керек.
Ізгілік те, даналық та мен үшін тұрақты құрбандықтың ең тамаша көрінісі
болып табылады, соның үлгісін пенделерге Айса пайғамбар көрсетпеді ме?
Даналық дүниені ағартып жүргенде кедейшілік көреді, ал ізгі ниетті адам
өзін жалпының игілігі үшін құрбан етіп жүргенде жақ ашып үндемейді.
– Сөзіңіз дұрыс-ақ, тақсыр, - деді енді Женеста, - бірақ жер басып
жүргеннің бəрі бірдей періште емес, пенделер ғой, біз толымдылықтан əлі
қашық жатырмыз ғой.
– Əрине, - деп жауап қайырды Бенаси, - өзім туралы айтсам, қателесу
құқығына көп қиянат жасадым. Бірақ қалай болғанда да біз өз басымызды
толымдылыққа қарай бейімдей беруіміз керек. Ізгілік деген адам жанының
биік мұраты ғой, сондықтан оны əрдайым құдай тағаланың қасиетті нəсібі
деп білу жөн.
– Əмин, айтқаныңыз келсін, - дейді оған офицер. - Солай-ақ болсын, ізгі
адам бағалы қазына дейік, бірақ, ойлап қараңызшы, сол құдайдың адамға
берген нəсібі, тіпті аңғалдықпен болса да, аз-маз тіл безеп, сөзуарлыққа
салынуға жол беретіні бар емес пе?!
– Беу, тақсыр-ай, доктор ажарынан мұңайғандық танытып, жымия
күлді, дүниеде өзімен-өзі ғана болатын адамдар секілді, сіз де кешірімшіл
екенсіз, ал мен болсам, өз өмірімдегі көптеген қара дақтарды жуамын деп
əлектеніп жүрген қатал адаммын.
Жолаушылар бұлақ басындағы лашық үйге таянып келді. Доктор соған
кіріп кеткен. Женеста табалдырықтың алдында тұрып, біресе көктемгі
табиғаттың көркін тамашалайды, біресе лашықтың ішіне көз салып,
төсекте жатқан ауруға қарайды. Бір кезде соны қарап жатқан Бенасидін
наразы даусы естілді.
– Бұдан былай мен келмей-ақ қояйын, бəйбіше, сіз бəрібір менің
айтқанымды орындамайды екенсіз. Күйеуіңізге нан жегізіпсіз. Оны
өлтірейін деп ойладыңыз ба? Масқара! Егер сіз əлі де оған бидайықтың
көжесінен басқа дəм таттыратын болсаңыз, мен бұлай қарай аяқ
баспаймын, басқа жақтан дəрігер іздеңіз.
– Енді қайтейін, тақсыр! Бейшара шалым аштан бұрлығып, зар
қақсайды, міне екінші
аптаға кетті, ішінде бір түйір дом жоқ...
– Сіз мені тыңдайсыз ба, жоқ па? Мен рұқсат бергенше сіз күйеуіңізге
бір үзім нан беретін болсаңыз, оны сеспей қатырасыз, түсіндіңіз бе?
– Енді бір түйір де бермейін, тақсыр... қалай енді, айығатын түрі бар ма
өзінің? - деп сұрады əйелі докторды шығарып салып тұрып.
– Жоқ деймін, ол тамақ ішіп қойыпты да, жағдайы төмендеп қалыпты.
Сізге қайтіп түсіндірейін, қыңыр мінез бəйбіше, науқасқа тамақты
мысқалдап бер десе, сіз тойғанша тықпалайсыз. Бұл шаруаларға сөз
өтпейді, доктор енді офицерге қарап сөйледі. Науқас адам бірнеше күн
тамақ ішпесе болды, бұлар оны өлдіге санайды, сөйтеді де, тамақты үстіүстіне тықпалайды, шарап ішкізеді. Міне мынау ақылды бəйбіше де
күйеуін өлтіріп қоя жаздапты.
– Ойпыр-ай, шарапқа батырып берген біз үзім наннан өле қалғаны ма
күйеуімнің?!
– Дəл солай, бəйбіше. Мен келгенше тірі жатқаныңа тоба деңіз, сол бір
үзім нанды жеп алғаннан кейін. Ұмытпаңыз: менің айтқандарымды
бұлжытпай орындайтын болыңыз.
– Егер орындамасам, тұрған жерімде тіл тартпай кетейін.
– Жарайды, көрерміз. Ертең кешке келіп, қаның ағызамын. Жүріңіз,
мына бұлақты жағалап, жаяу барайық, - деді Бенаси енді офицерге
бұрылып. - Менің баратын жеріме көлік жүре алмайды.
Аттарды мына науқастың баласы қарай тұрар. Біздің мына аңғардың
табиғатына қарасаңыз, көз тоймайды; қараңызшы, ағылшын бағынан қай
жері кем? Қазір бір қызметкердің үйіне кіре шығайық,– пақыр үлкен ұлы
өлгеннен бері жұбаныш таба алмай жүр. Өткен жылы ұлы, жас өспірім
бала, егін орағында ересек адамның жұмысын істеймін деп, байғұс
зорығып кетіпті, содан күздің аяғына таман қатты ауырып, ақыры қайтыс
болды. Мұндай күшті əкелік сезімді менің бірінші рет көруім. Əдетте,
шаруа адамдар балаларының өлімін мал-мүлкінің шығын болғаныңдай ғана
көреді де, қайғысы соның жас мөлшеріне сəйкес болады. Өйткені бала
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 08
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.