Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 17

Total number of words is 3998
Total number of unique words is 2190
35.7 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қандайлық тамаша екенін түсіндім, сөйттім де, ертедегі ата-бабаларымыз
айтқандай, жаратқанға жалбарынып қызмет еткеніндей берік шештім.
Менің бұл шешімім өзгермейтін нық еді, бірақ мен əуелі мақсатқа жетудің
жолдарын зерттеп біліп алу құқығын өзімде сақтап қалдым. Мен барлық
дүние-мүлкімді саттым да, жан жүйемді тыныштандырған болып, кеттім де
қалдым. "Дүние жаратқанның ішінде" деген нақыл менің адастырмас
үмітім болды.
Əулие Бруно орденінің жарғысы менің жан жүйемді билеп əкетті, терең
ойға берілген күйде Гранд-Шартрезге жаяу кеттім. Ол бір естен кетпейтін
күн еді. Аяғыңды аттап басқан сайын табиғаттың ақыл жетпейтін күшқуаты айқын көрінетін осы жол маған кереметтей терең əсер етер деп тіпті
ойламаған екенмін. Айналаның бəрі аспанға қарай шаншылған биік
жартастар, сол биіктен құлдырап құлаған шыңырау, жыра-сайлар, мына
тылсым тыныштықты сылдырымен толтырып тұрған бұлақтар, шексіз
дала, соны əр тұстан қоршап тұрған тау жоталары, алжайы əуестік
сезімімен қызық іздеп келген адамға пана болғандай қуыс үңгірлер,
ғасырлар бойы қатарын жазбай тұтасып тұрған шыршалар, көздің жауын
ала жайнаған түрлі-түсті гүлдер осының бəрі адамды мүлгіген
тыныштыққа жетелейді. Əулие Бруноның йен əлемінде келе жатып,
даурығып сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, өйткені бұл жер қалың
мұңның мекені.
Мен Гранд-Шартрез монастырына бардым, мүлгіген ежелгі
күмбездердің астында жүріп араладым, биік белдіктердің астында жылап
аққан бұлақты көрдім. Өзімнің бишаралығымды мойындау үшін
кельяның21 ішіне кіріп көрдім; сонда маған тыныштықтың бір ызғарлы лебі
соққандай болды; ғибадатханадағы ежелгі дəстүр бойынша есікте жазулы
тұрған сөздерді жүрегім елжіреп тұрып оқыдым; мен өзім ынтығып келе
жатқан өмірдің парыздары латынның үш сөзімен баяндалыпты: "Fuge, Late,
tace..."22
Женеста түсіндім дегендей ишаратпен басын изеді.
– Мен берік шешімге келдім, - деп Бенаси сөзін əpi қарай жалғастырған.
- Кельяның қабырғалары піл сүйегімен өрнектеліпті, қатқыл төсек,
оңашалық бəрі менің ішкі жан дүниеме сəйкес келіп тұр. Монахтар ғибадат
бөлмесінде екен, солармен бірге дұға оқыдым. Сол жерде жанағы шешімім
кенет өзгерді ...
– Тақсыр, мен католик шіркеуін жазғырғалы тұрғаным жоқ, мен оның
рəсімдерін мүлтіксіз орындаймын, парыз-қағидаларына сенемін, бірақ
мына дүниеге мағұлымсыз жəне бұл дүние үшін өліп қалған қарттардың
оқыған дұғаларын тыңдап тұрып, мен монастырьдағы оқшауланудың тұп
негізінде асқақ өзімшілдік сияқты бір нəрсе бар екенін түсіндім. Мұндай
оқшаулану бұл дүниені тəркі қылып кеткендерге ғана жарасады, бұл
сарғайып барып өзін-өзі өлтірудің нағыз өзі екен, мен оны теріске
шығармаймын, тақсыр. Шіркеу осындай бекіністерді құрған екен, демек,
олар қоғамға пайдасыз кейбір христиандарға қажет. Ал мен болсам, менің
райдан қайтуымнан қоғамға бір пайда келсін деймін.
– Қайтар жолда өзімнен-өзім біржола бас тартудың жоспарын қалай
жүзеге асырудың жолдарын ұзақ ойландым. Ой жүзінде қатардағы
матростың ғұмырын кештім, отанға қызмет етудің ең төменгі сатыларына
қойдым өзімді, ақыл-ойға қажеттілік атаулыдан аулақтаттым, содан бір
кезде мұндай өмір қаншалықты еңбекшіл, қаншалықты құрбандыққа толы
болғанымен, пайдасы аз-ау деген қорытындыға келдім. Егер құдайдың
маған азды-көпті ақыл-ой қабілетін бергені рас болса, соны адамзаттың
игілігіне жұмсау менің борышым. Ашығын айтқанда, менің бойымда
адамдармен рухани аралас-құраластыққа қажеттік бар еді, сондықтан ойсыз
істелген істер бұған сай келе бермейді. Сонсоң, егер мен матрос бола
қалсам, менің рухани болмысыма тон мейірбандықты қай жерде жүріп
жүзеге асырмақпын, əрбір гүлдің өзіне тəн жұпар иісі бар емес пе.
– Мен осы араға түнеп шыққанымды сізге айтқанмын. Сол түні менде
осы өлкенің жүдеушілігіне байланысты құдайдың өзі бұйырғандай бір
аяушылық сезім пайда болды. Əке қуанышының ащы дəмін бір рет татқан
басым енді соған біржола берілуге пейіл едім, енді сол əкеліктен əлдеқайда
кең көлемдегі қамқорлықты талап ететін мейірбан аға қызметін атқарып,
бүкіл өлкедегі кедейлердің жараларын емдеуге əзірлік сезіндім. Менің
ойыма келгені сонау жас кезімде-ақ құдай тағала маған дұрыс жолды
нұсқап, дəрігер болуға итермелеген еді ғой, сол білімімді дəл осы жерде
қолданбақ болдым. Оның үстіне, мен өзімнің жолдамамды; "Жаралы
жүректерге түнек пен тыныштық" деп жазып едім ғой; өзіме-өзім зорлап
таңған істі жүзеге асыру керек емес пе. Мен үндемеумен өзімнен-өзім бас
тарту жолына түстім. Картезиандардың "Fnge, Late, tace" деген сөздері
менің ұраныма айналды, еңбегім шипалы дұға, адамгершілік тұрғыдан
өзімді-өзім өлтіруім осы кантонның өмірі болып алды; өлкенің үстіне екі
қолымды жазып жіберіп, бақыт пен қуаныштың ұрығын себемін, өзімде
жоқ нəрсені соларға беремін. Жарық сəуледен алыста, шаруалармен бірге
тұруға етім үйренді, мен шын мəнінде қайта тудым. Бет-ажарымның сиқы
өзгерді, күн көзінен күстеніп, əжіммен айғыздалды. Жүріс-тұрысым да
шаруаларша, сөйлеген сөзім де соларға ұқсас, киім киісім парықсыз, сəнді
үлгіге ұқсамайды, қылтың-сылтыңның бəрі қалды. Өзім қақ ортасында
болған жарқылдақ қауымның сəнқойлары, менің париждік таныстарым
мені көрсе, бір кезде сол қауымда жарқ-жұрқ еткен адамды нəзік сəнсалтанатқа, Париж мейманханаларының талғампаз əдеттеріне үйренген
серіні танымай қалар еді. Өмірде жалғыз-ақ мақсаттың жолына түскен
барлық адамдар сияқты, сыртқы көріністің бəрінен мен қазір бейжаймын.
Мен бір-ақ нəрсені ойлаймын өмірмен қалай қоштасамын; мен соның
ақырын болғызбауға да, тездетуге де құштар емеспін, бірақ ажалдың ауруы
туралап келген күні ешбір өкінішсіз өмірден кетемін. Мен осы араға келіп
қоныстанғанға дейінгі өмірімді шын жүректен сізге баяндадым. Өзімнің
күнəларымды ірі күнəларымды жасырып қалғаным жоқ, алайда ол кімде
болса да бар. Қасіретті көп шектім, əлі де сағат сайын шегемін, бірақ сол
қасіреттерімнен бақытты болашақтың пейілін көремін. Мен тағдырға
көндіктім, бірақ мен жеңе алмайтын бір қайғы бар. Бүгін сіздің кез
алдыңызда мен ішімде бұғып жатқан қасіретімді сыртқа шығарып ала
жаздадым, бірақ сіз оны байқаған жоқсыз.
Женеста орнынан ұшып тұрды.
– Иə, капитан Блюто, ол сіздің көз алдыңызда болды. Біз Жакты
жайластырып жатқызарда Кола апайдың төсегін маған сіз өзіңіз нұсқап
едіңіз той. Мен қай баланы көрсем де, өзімнің айырылып қалған періштем
көз алдыма келеді де тұрады; өзіңіз ойлаңызшы, ажалдың аузында тұрған
баланы кереуетке көтеріп салу мен үшін қандай ауыр екенін. Мен
балаларға бейтарап қарай алмаймын.
Женеста сұп-сұр болып кетті.
– Иə, балалардың сүп-сүйкімді ақшабдар бастары, бейкүнə бетбейнелері
əрдайым менің бақытсыздығымды еске түсіріп, қайғымды қозғалтып
кетеді. Мен ойлаған сайын зəрем кететін бір жайт бар; менің осы өлкеде
істеген битімдей жақсылығым үшін жұрт атынан жарыла алғыс айтып
жатады, ал сол жақсылықтың бəрі - менің ар азабымның жемісі. Менің
өмірімнің құпиясын, капитан, тек сіз ғана білесіз. Егер мен осы ерлікті
өзімнің күнəларымнан гөрі сəл бəсеңдеу сезімнен алсам, мен əбден
бақытты болар едім! Бірақ онда айтар əңгімем де болмас еді.
V таpay
МҰҢДЫ ƏУЕНДЕР
Бенаси өзінің хикаясын аяқтады да, офицердің бет-ажарында қандай
қасіреттің ізі тұрғанын көріп, таңғалды. Мейманның жаны ашығыштық
сергектігіне риза болды, соның көңіліне қаяу түсірдім-ау деп іштей өзіне
ренжіді, соны жуып-шайғандай болып:
– Рас-ау, менін қасіретім, капитан Блюто ... - дей берген.
– Мені капитан Блюто деп атамаңызшы! - деп, Женеста оның сөзін
бөліп жіберді, сөйтті де, орнынан ұшып түрегелді; өзіне-өзі қатты
налығандай түрі бар. - Ешқандай капитан Блюто жоқ бұл жерде, ал мен
нағыз оңбаған адаммын!
Бенаси тіпті қайран қалып, Женестаға қараған; ол үйге кіріп кетіп, шыға
алмай жүрген түкті арадай, қонақ бөлменің ішінде байыз таппай тызылдап
жүр.
– Онда сіз кім боласыз, тақсыр? - деп сұрады Бенаси.
– Мəселе сонда ғой! - деді офицер, дəрігердің қарсы алдына қайтадан
келіп отырып, бірақ оның бетіне тура қарай алмады. - Мен сізді алдадым, деді ол сəлден кейін даусы қалтырап. - Өмірімде бірінші рет өтірік айттым
да, соның сазайын мықтап тұрып тарттым; себебі енді менің бұл араға не
үшін келгенімді, неге астыртын жүргенімді түсіндіріп айтуға аузым барар
емес. Былайша айтқанда, сіздің жан-дүниеңізге кіріп шыққандай болғаннан
кейін, енді мені капитан Блюто деп атағаннан гөрі, сізден бір шапалақ
жегеннің өзі жеңіл болар. Сіз, əрине, менің бұл өтірігіме кешірім жасарсыз,
бірақ мұны мен өзіме еш уақытта кешпеймін; өйткені мен, Пьер-Жозеф
Женеста, өзімнің өмірімді құтқарғым келіп тіпті əскери соттың алдында да
өтірік айтпас едім.
– Сіз майор Женестасыз ба? - деді Бенаси жұлып алғандай, орнынан
тура беріп. Ол офицердің қолын алып, шын жүрегінен қысып тұрды да,
сөзін жалғастырды: - Тақсыр, жаңа өзіңіз айттыңыз, біз таныспай жатып
дос болдық деп. Мен өзім де сізбен кездесуге құмартып жүргенмін, өйткені
Гравье мырза сіз туралы көп айтушы еді. Сізді ол Плутархтың қаһарманы
деп атайтын.
– Плутарх қайда бізге! - деді Женеста. - Мен сізге лайық емес екенмін,
сол үшін өзімді-өзім сабап алуға бармын. Мен сізге өзімнің құпия
сырымды тұп-тура айтып беруге тиістімін. Тегінде, мен осында келіп, сіз
туралы мəлімет жинау үшін, осылай бетперде ұстап келгенім дұрыс та
болған шығар. Енді білетін болдым, сіздің алдыңызда ауыз ашпауым керек
екенін. Мен туралап ашық келсем, сізге де қиындау болатын еді. Сізді
əлдеқалай ренжітіп алудан мені құдай сақтай көрсін!
– Рақым етіңізші, майор, мен түгіне түсінбей тұрмын.
– Оны айтудың қажеті жоқ. Менде ешқандай ауру жоқ, мен қасыңызда
бір күнді тамаша өткіздім, ертең қайтамын. Гренобльде енді сізге тағы бір
дос табылды, сенімді дос. Пьер-Жозеф Женестаның əмияны, қылышы,
қаны сіздің құзырыңызда. Жалпы сіздің сөзіңіз шұрайлы топыраққа сіңді.
Міне мен де зейнетке шыққан бойда, бір меңіреу түпкірге мэр болып
барамын да, сізге ұқсап бағамын. Менде сіздің біліміңіз жоқ, бірақ мен
үйренемін.
– Оныңыз рас, тақсыр, қауымның шаруашылығындағы бір ғана, тіпті
болмашы олқылығын толтырайын деп қолға алған жер иесі ең тəуір деген
дəрігерден кем пайда келтірмейді; біреуі адамның науқасын емдесе,
екіншісі отанның денесіндегі жараны емдейді. Дегенмен сіздің сөзіңіз мені
елең еткізді той. Айтыңызшы, сізге бір пайдамды тигізе аламын ба?
– Пайдамды дейсіз бе? - деді офицер даусы дірілдеп. - Құдайым-ай,
қымбатты Бенаси мырза, сізге өтініш айта келген шаруамды енді лəм деп
айтуға батылым баратын емес. Бері қараңызшы, өз өмірімде мен талай
христианды өлтірген шығармын, бірақ жүрегі ізгі бола тұрып та, шайқаста
кісі өлтіру деген бола береді, менің бет əлпетім дөрекілеу болғанмен, менде
əлі де біраз нəрсені түсінетін қабілет бар.
– Айтсаңызшы енді.
– Айтпаймын, сізді тіпті де ренжіткім келмейді.
– Мен қасіретке төзе алатын адаммын, майор.
– Мəселе бір баланың өмірі жайында еді, - деді офицер таты да даусы
дірілдеп.
Бенаси қабатын түйіп, қолымен айта бер дегендей ишарат білдірді.
– Баланың өмірі жайында, - деді Женеста қайталап, - ұқыпты да
тұрақты күтім болса, əлі де құтқаруға болар еді. Өзін түгелдей бір ғана ауру
балаға арнайтын дəрігерді қайдан табасың? Қалада атымен табылмайды.
Сізді тамаша адам деп жұрттың бəрі айтады, бірақ сол бекер шығар,
көтермелеп айтқан сөз шығар деп, мен көп күмəндандым. Сондықтан, осы
жұрт соншама мақтаған адам қандай екен, өзім барып білейінші деген ойға
келдім. Енді міне...
– Жетті, - деді доктор, - ол сіздің ұлыңыз ба?
– Жоқ, жоқ, қымбатты Бенаси мырза, менің өзіме онша абырой
бермейтін бір оқиғаны сізге баяндап беруге тура келеді, сонда өзіңіз-ақ
түсінесіз. Сіз маған өз жайыңызды сыр қылып, сеніп айттыңыз ғой, ендеше
мен де айтайын өзімнің сырымды.
– Сабыр етіңізші, майор, - деді де, доктор Жакотаны шақырып алды; ол
дереу жетіп келіп еді, доктор шай əкел деп тапсырма берді. - Байқайсыз ба,
жұрт түнімен тырп етпей ұйықтайды, ал менде ұйқы жоқ... ішімді қайғы
езгілеп жатады, соны сейілту үшін шай ішемін. Бұл өзі адамды есеңгіретіп,
жүйке-жүйесін бұйықтырады, ұйқыны келтіреді, маған күш беріп жүрген
сол Сіздің шай ішкіңіз келе ме?
– Маған монастырьдан келген шарабыңыз дұрысырақ болар, - деді
Женеста.
– Шарап болса шарап болсын. Жакота, - деді Бенаси күтушісіне, - шарап
пен бисквит əкеліңіз. Түнге қарай тыңайып алайық, - деді ол енді
мейманына қарай бұрылып.
– Шай сізге зиянды болар,- деп қойды Женеста.
– Ол менің құяңымды қоздырып жібереді; бірақ бір дағдыланып кеткен
соң қоя алмай жүрмін. Көңілдің ең болмаса кешке қарай сергігенінің өзі
қандай жақсы. Ал, кəне, құлағым сізде. Бəлкім, сіздің əңгімеңіз менің ұзақ
естеліктен қозғалып кеткен жан жарама тыныштық əкелер.
– Сонымен, қадірменді доктор, - деді Женеста, - босаған стақанды
каминнің үстіне қойып жатып, Мəскеуден кейін шегінген соң менің полкым
поляктің бір шағын қалашығында демалысқа аялдаған. Алтынның құнын
бергендей қылып аттар сатып алдық та, жайласып, императордың қайтып
оралуын күтіп жаттық. Бəрі де дұрыс. Сізге айтып қояйын, сол кезде менің
бір досым болды. Біз кейін шегінген кезде, фамилиясы Ренар деген унтерофицер мені талай рет өлімнен құтқарды, өзіме талай жақсылықтар
жасады, сонсоң біз туысып кеттік, əрине, əскери тəртіпті бұзған жоқпыз.
Біз бір шатырдың астында, бөренеден қиып салынған үйде тұрдық;
егеуқұйрықтың ініңдей тана баспанада тұтас бір үйлі жан тұратын, оған сіз
атыңызды да байламас едіңіз. Үйшіктің иесі бір еврей еді, кəсіптері кез
келген нəрсемен сауда қылу. Шал əкелері біздің шегінгенімізді пайдаланып,
көксоқтада қолын əжептəуір майландырып алды. Сондай бір адамдар
болады ғой тірісінде батпаққа батып жүреді де, өлгенде алтынға малынады.
Үйдің астындағы подвалды қуыс-қуыс қылып тақтаймен бөліпті де,
соларға өзінің балаларын тығып тастапты, ішінде бір сұлу қызы да бар екен
ондай сұлулар тек еврей қыздарының арасында ғана болады, тек əйтеуір
бой-басы таза болсын, шашы жирен болмасын. Қыздың жасы он жетілерде,
кескіні аққұба, көзі мөлдіреп тұр, қиылған ұзын қастары қап-қара, жылтжылт еткен қолаң шашына қолыңды бір тигізуге құмартасың. Қысқасы, хас
сұлудың өзі!
Осынау тығылып жатқан қазынаны алғаш рет ашқан мен едім; бір күні
кешке, ойымда бөтен ештеңе жоқ, қорқорымды бұрқыратып, көше бойында
серуендеп жүргенмін; жұрт мені ұйықтап жатыр деп ойлаған болар.
Сондағы көргенім өте қызық көрініс еді: балалар иттің күшіктері сияқты
арсы-гүрсі. Ата-аналары солармен бірге кешкі тамақ ішіп отыр. Мен
отағасының қорқорынан бұрқыраған түтіннің ара-арасында жарқырап
отырған еврейдің жап-жас аруын көрдім: бір уыс бақырдың ішінде
жарқыраған жап-жаңа алтын теңгелік сияқты.
Қымбатты Бенаси мырза, менде бүкіл өмір бойы махаббат жайында
ойлауға уақыт болған емес-ті. Ал мына жерде осы қызды көруім мұң екен,
осы күнге дейін өзім тек табиғаттың ырқына ғана бағынып келгенімді
түсіндім. Бұл жолы мен ғашық болдым ақыл-ойыммен, жүрегіммен,
өзімнің бүкіл болмысыммен түгел беріле ғашық болдым. Құлағыма дейін
құлай берілдім махаббатқа, жəне, қалай берілдім деңіз! Қорқорымды
бұрқыратып ұзақ тұрдым, еврей қызынан көз алмай қараймын, ол
шырағданды сөндіріп, төсегіне барып жатқанша қараумен болдым. Таң
атқанша көзжұмғаным жоқ. Түні бойы қорқорымды қайта-қайта толтырып
аламын да, көше бойы селеңдеп жүремін. Бұған дейін мұндай нəрсе ойға да
келмеген. Өмірімде тұңғыш рет үйлену жайын ойладым. Таңертең атымды
ерттеп алдым да, екі сағат бойы далада шапқылаумен болдым, өзіме-өзім
келгенше шабамын деп, атымды зорықтырып ала жаздадым.
Женеста сөзді тоқтатып, өзінің жаңа досына секемдене қарап алды да,
былай деді:
– Ғапу етіңіз, Бенаси, мен сөзге шебер адам емеспін, ойыма не келсе,
соны айтып тұрмын; мейманханада отырсақ, мұны айтуға ұялар едім, ал
сіздің жөніңіз басқа, оның үстіне деревняда...
– Айта беріңіз, - деді дəрігер.
– Мен қайтып келсем, Ренар абыржып отыр. Мені біреу жекпе-жекте
өлтіріп кетпеді ме екен деп ойлапты; сонсоң пистолетін тазалап, мені
аруақтар əлеміне аттандырған адаммен барып жанжал шығаруды
ойластырған түрі екен... Көрдіңіз бе алаяқты! Мен оған өзімнің
махаббатымды айттым, үй иесінің балалары жатқан қуысты көрсеттім.
Ренар олардың ыбырсыған өмірін түсінетін, сондықтан оның маған
көмектесуін өтіндім; менің ойымды қыздың əке-шешесіне жеткіз, өзімді
Юдифьпен оңаша жолықтыр дедім.
Қыздың аты Юдифь еді.
Тақсыр, екі апта бойы дүниеде менен бақытты адам болмады: күн
сайын кешкілік еврей шал əйелі екеуі мені Юдифьпен бірге отырып кештік
ішуге шақырады. Бұл жайттың барлығы өзіңізге мəлім; зеріктіріп алмау
үшін оның бəрін сізге айтып жатпай-ақ қояйын; бірақ сіз темекінің дəмін
білмейсіз той, сондықтан сіз түсіне қоймассыз инабатты адамның өзі
сүйген сұлудан көз алмай қарап отырып, өзінің жақын досымен жəне
қыздың əкесімен бірге жайлап қана қорқорды бұрқыратып отыруы қандай
рақат екенін. Таптырмайтын рақат!
Мен сізге айтайын, Ренар Париждің жігіті болатын, сері болып өскен.
Əкесі бакалея бұйымдарының көтерме саудасымен айналысады екен,
баласына тəп-тəуір білім əперіпті де, нотариустық қызметке əзірлепті. Əр
нəрсеге үйретіп те үлгірген екен, баласын рекрут жөнімен əскерге алып
кетіпті, өзі де кеңсесімен қоштасса керек. Жігіттің дене бітімі мундирге деп
жаратылған, өзі де сымбатты, əйел көзіне тартымды еді. Юдифь соны сүйіп
қалған екен, ал менің керегім көк тиындай болса керек.
Мен қызға ынтығып, көңілім аспандағы бұлтты шарлап жүргенде,
Ренар қу нысанаға айналма жолмен келіпті: опасыз жігіт қызбен сөз
байласыпты да, жергілікті заң бойынша некелесіп қойыпты, əйтпеген күнде
рұқсатты ұзақ уақыт күтуге тура келеді екен. Егер мына некелесу заңды деп
танылмайтын болса, онда кейін француз заңы бойынша үйленемін деп, ол
уəде беріпті. Ал шындығында Ренар ханым Францияға барғанда қайтадан
Юдифь бикеш болып шыға келетін еді.
Ол кезде мен осы жайларды білген болсам, Ренарды сеспей қатыратын
едім, бірақ қыз, оның əке-шешесі жəне менің жолдасым өзара əбден сөз
байласыпты. Мен қорқорымды бұрқыратып, Юдифьті əулиесітіп жүргенде,
Ренар оңаша жолығу жөнінде сөзді пісіріп, өзінің шаруаларын тындырып
жүріпті.
Осы оқиғаны мен міне сізден басқа ешкімге айтқан емеспін, өйткені
оның ішінде неше түрлі опасыздықтар бар еді; менің мүлде түсінбей
қойған бір нəрсем: біреудің алтын ақшасын ұрласа ұяттан өліп кететін ер
адам, енді ұялмай-қызармай, өз досының сүйікті əйелін ұрлап əкетеді,
сонымен қоса бүкіл бақытын, өмірін заяға жібереді. Қысқасы, суайттар
үйленіп, рақатқа батты, ал мен болсам, кеш сайын солармен бірге болып,
бір дастарқаннан тамақ ішіп, нағыз ғашық адамдай Юдифьтің қасына
отырғанға мəз болып жүріппін, мені адастырар кездегі аярлығына езуімді
жырта жымиып жауап беріппін.
Олар осы алдағандары үшін қатты жазаланды! Арыммен ант етейін,
жаратқан иеміз тіршіліктің түйткілдерін біз ойлағаннан гөрі тереңірек
түсінеді екен. Міне орыстар келіп, біздің екі жақ бүйірімізді басып алды.
Мың да сегіз жүз он үшінші жылдың науқаны басталды. Біз қоршауда
қалдық. Бір күні таңертең бұйрық келді белгіленген уақытта Любцен
төңірегінде майдан даласында болсын депті. Дереу жорыққа аттансын
дегенде, император жағдайды, əрине, білген ғой. Орыстар алдымызды орап
кетіпті. Полк командирі қала маңында тұратын бір поляк əйелімен
қоштасамын деп айналшықтап жүргенде, алдынғы шептегі казак отряды
біздің полковникті қасындағы нөкерлерімен қоса қолға түсірді.
Біз зорға дегенде атымызға мініп үлгіріп, қала сыртында сапқа тұрдық
та, оқ жаудырып, орыстарды кейін тықсырдық, сөйтіп түнде тайып
тұруымызға жол аштық. Үш сағат бойы тынымсыз айқасып, кереметтей
ерлік көрсеттік. Біз соғысып жатқанда, біздің полктың көліктері ілгері кетіп
қалыпты. Бізде зеңбірек парқы болатын, оқ-дəрі запасы сонда еді; бəрі
императорға дəл қазір керек; өлсең де, тірілсең де соны дереу тауып беру
керек. Біздің орыстарға жанталаса қарсылық көрсетуімізді көрген жау жағы
бізде тұтас бір корпустың күші бар деп ойласа керек. Бірақ барлаушылары
дереу бұл ойдың қате екенін, бізде небəрі бір атты əскер полкы мен
қосымша жаяу əскерлер бөлімшесі ғана бар екенін дереу жеткізіпті. Міне
содан кейін-ақ, тақсыр, кешке қарай олар алдарының бəрін жапыра-жайпап
шабуылға шықты да, басакөктеп төнді дейсің үстімізге, көбіміз сол жерде
жайрап қалдық. Қалғанымыз қоршаудамыз.
Ренар екеуміз алдыңғы шепте едік. Ол менің көз алдымда жанталаса
соғысып, жауға қарай оқты жаудырғанда, құдды бір ішінде ыбылыс
отырғандай еді, сонда əйелін ойлап жүрді-ау, жазған. Соның арқасында біз
қалаға қарай жол ашып өттік; оны қорғап тұрған ауру солдаттарды
көргенде, адам аярлық еді түрлерін. Ренар екеуміз енді ең соңғы лекте
келеміз; қарасақ, жолды казактар басып алыпты. Бір казак найзасын кезеп,
маған қарай төніп келеді екен, Ренар соны көре салып, атының сауырымен
көлденеңдеп келіп, мені қорғап қалды; аты бір керемет арғымақ еді, найза
соған қадалды да, жануар Ренарды да, казакты да астына ала, құлап түсті.
Мен казакты сеспей қатырдым да, Ренарды қолынан тартып суырып алдым;
сонсоң қапқа салған астыққа ұқсатып, алдыма өңгеріп алып, тартып кеттім.
– Бақыл бол, капитан, бəрі бітті, - деді ол маған.
– Жоқ, деймін мен жауап қатып, əлі көреміз!
Қаланың шетіне келіп кірдік. Мен атымнан секіріп түстім де, маңайдан
бір құшақ сабан əкеліп, үстіне Ренарды отырғыздым. Басын қылыш тіліп
кеткен екен, шашының арасынан миы шашырап шығып жатыр, бірақ өзінде
əлі тіл бар. Иə, ол сондай мықты адам еді!
– Біз есеп айырыстық, - деді ол. - Мен сен үшін өмірімді құрбан еттім,
бірақ сенен Юдифьті қағып əкеткенмін. Егер баласы аман-есен туса, өзін
де, баласын да қамқорлығыңа ал дұрысында, соған үйлен.
Қаным қайнап кетті, төбет иттің өлексесіндей тастап жүре бердім, бірақ
ашуым басылған соң қайта келдім. Өліп қалыпты. Казактар қалаға өрт
салды; мен Юдифьті есіме алып, соған бардым. Атыма мінгестіріп алдым
да, шегініп бара жатқан полкты қуып жеттім. Юдифьтің əкесі де, үй іші де
суға қарқ болғандай жымжылас, топан судан қашқан егеуқұйрықтай тайып
тұрыпты. Юдифь Ренарды күтіп жалғыз өзі қалыпты. Өзіңіз түсінесіз ғой,
алғашында мен оған бір ауыз сөз айтқан жоқпын. Мың сегіз жүз он үшінші
жылдың қайғылы науқаныңда, тақсыр, мен оны қамқорлыққа алдым,
жайлырақ жерге орналастырып жүрдім, өзін күттім; сондықтан ол айналада
не болып жатқаның байқамаған да болар. Мен оқиғаның алдын алып, ылғи
оны өзімізден он льедей ілгерірек Францияның шекарасына қарай
жақынырақ жерге апарып орналастырамын. Біз Ганау түбінде шайқасып
жатқанда, ол ұл тапты. Осы соғыста мен жараланып қалып, Юдифьті
Страсбургте қуып жеттім, сонсоң біз Парижге бардық, сол кезде менің
жолым болмай, бүкіл науқан бойы Парижде науқастанып жаттым. Егер
соның кесірі болмағанда, мен ол кезде император гвардиясының гренадері
болып жүретін едім, себебі император мені сонда ауыстырып,
жоғарылатпақшы болған. Қысқасы, тақсыр, мен біреудің əйелі мен баласын
асырауға мəжбүр болдым, сонда менің үш бірдей қабырғам сынық еді.
Өзіңіз түсінесіз, алатын жалақым азғантай. Ренардың əкесі, тіс қаққан көрі
көкжал, келінінен бас тартты; Юдифьтің əкесі із-түзсіз тайып боп кетті. Ол
байғұстың өзі де қайғыдан əбден жүдеген-ді. Бір күні ертеңгісін менің
жарамды қайтадан байлап жатып, жылап жіберді.
– Юдифь, сенің балаңның болашағына айқыш қою керек, - дедім мен.
– Маған да қою керек айқышты, - деді ол күбірлеп.
– Жо, - дедім сонда. - Керек қағаздарды тауып алайық, сонсоң мен саған
үйленемін де, ұлды заңдастырамыз.. Кімнің ұлы дегенді айтпадым.
Юдифьтің маған алғыспен қараған мұңды көзін көргенде, тақсыр, адам
қандай істен де тартынбайды екен, ал енді оның ұлы сол күннен бастап
менің жүрегімнен мықтап тұрып орын алды. Бізге жіберілген қағаздар мен
Юдифьтің əке-шешесі бізге жеткенше оның əлі құри берді. Өлерінің
алдында ол барлық күшін жинап, əдемі киімдерін киді, істелуге тиісті
барлық рəсімдерді істеді, бір буда қағаздарға қол қойды; баласына ат
қойылып, əке табылғаннан кейін, қайтадан барып төсегіне жатты; мен
оның екі қолынан, маңдайынан сүйдім, сонсоң ол жүріп кетті. Менің
үйлену тойымның түрі осындай болды! Ертеңіне мен оның қабіріне арнап
бірнеше кез жер сатып алдым да, өзім қу жетімектің əкесі болып шыға
келдім; мың сегіз жүз он бесінші жылдың науқаны жүріп жатқан кезде, мен
оны бір күтуші əйелге беріп бақтырдым.
Сол кезден бастап, мен сізге айтайын, менің өмірімдегі осы оқиғаны
жан адам білген емес, өйткені бұл мақтаныш қылатын жағдай емес, бірақ
сол балаға өз ұлымдай қамқорлық жасадым. Оның атасы мал-мүліктен
айырылып, бүкіл отбасымен Персия мен Ресейдің арасында бір жерде
қаңғырып жүр деп естідім. Бəлкім, ол түбінде байып та кетер, асыл
тастармен сауда қылатын білгіш адам деп естимін. Баланы колледжге
орналастырдым, таяуда өзін математикаға отырғызып қойдым,
Политехникалық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шықсын деген ойым
бар; бірақ байғұс бала шаршап ауырып қалды. Көкірегі ауырады.
Париждегі дəрігердің айтуынша, ол əлі айығып кете алады дейді; ол үшін
тау аралап көп жүруі керек, оған жаны ашып күтетін адамның үнемі
қарауында болуы керек екен. Міне сол себептен де мен сізді еске алдым,
сізбен танысайын, сіздің көзқарасыңызды білейін, өмір салтыңызбен
танысайын деп əдейі іздеп келдім. Бірақ сіздің əңгімеңізді тыңдағаннан
кейін, сіз бен біз жақсы дос-жар адамдар болсақ та, сізге мұндай сабытты
енді сала алмайтынымды түсіндім.
– Майор, Юдифьтің баласын алып келіңіз, - деді Бенаси азғана
үнсіздіктен кейін. - Сірə, құдай тағала мені соңғы рет осындай сынға
салайын деген болар, мен соған төземін. Бұл бейнетті мен жасаған иенің
өзіне тарту етемін, өйткені оның ұлы да айқышқа керіліп өлді ғой. Оның
үстіне сіздің əңгімеңіз мені қатты тебірентті, бірақ əйтеуір ешқандай зақым
келтірген жоқ; ал мұның өзі жақсы нышан.
Женеста дəрігердің екі қолынан ұстай алып, қатты қысты, көзінен аққан
жасын да тыйған жоқ, күнқақты бетінен сорғалатып қоя берді; сонсоң
барып тіл қатты:
– Бұл сыр енді екеуміздің арамызда құпия болып қалсын.
– Əлбетте, майор. Сіз неге ішпей отырсыз?
– Ішкім келмейді, - деді Женеста. - Өзіме-өзім келе алмай отырмын.
– Жарайды, ал баланы қашан əкелесіз?
– Тіпті ертең де əкеле аламын, тек айтсаңыз болды. Ол екі күннен бері
Гренобльде.
– Жарайды, ертең ертемен жүріп кетіңіз де, дереу қайтып оралыңыз.
Мен сізді Қабыршы қыздың үйінде күтемін, біз сəскелікті соның үйінен
ішерміз.
– Келістік, - деді Женеста.
Екі дос бір-біріне қайырлы түн тілеп, ұйқыға кеткен. Олар өз
бөлмелерінің екі арасындағы алаңға жетіп, Женеста шырағданды терезенің
алдына қоя бергенде, Бенасиге қарай бұрылып, ет жүрегі елжіреп тұрып,
бір сөзді қызып айтты:
– Астапыралла! Қоштасарда бір сөз айтайыншы: осы ана жақта,
жоғарыда біреу бар! - деп, маған сендіріп айтқан сіз үшінші адамсыз! - деп
ол қолын аспанға қарай нұсқады.
Дəрігер мұңдана жымиып күлді де, шын жүректен оның қолын қысты.
Келесі күні, таң қылаң бере, офицерқалаға аттанып кетті де, түске таман
Гренобльді селенмен жалғастырып тұрған үлкен жолдың Қабыршы қыздың
үйіне қарай бұрылатын айрығындағы соқпаққа жақындап келген-ді. Ол үсті
ашық екі доңғалақты арбаға дара ат жегіпті, мұндай жеңіл көлікті бұл
жердің таулы жолдарында барлық жерден кездестіресің. Офицердің
қасындағы жүдеу бас, арықша бала он екі жастарда деп ойларлық,
шындығында ол он алтыға кетіп еді. Жолдан бұрылмас бұрын офицер жанжағына қарап алды; ондағысы мына екі аяқ арбаны Бенасидің үйіне
жеткізіп тастайтын бір адам көрінбес пе екен деген ой еді; өйткені мына
жіп-жіңішке жалғыз аяқ соқпақпен Қабыршы қыздың үйіне жету деген
тіпті мүмкін емес-ті. Айтқандай-ақ, жолға қарай келе жатқан даладағы қос
күзетшісі көрінді де, Женестаға сол көмекке келді. Офицер асыранды
баласын ертіп, таудың тар жолымен көздеген үйіне қарай беттеген.
– Алдыңда қаншама қуаныш күтіп тұр сенің, Адриен. Бір жылдың
ішінде мына тамаша өлкені түп-түгел аралап шығасың, аңшылыққа
үйренесің, салт жүріп төселесін, кітапқа үңіле беріп жүдемейтін боласың.
Қарашы өзің қызықтап!
Адриен аңғар жаққа науқас баланың күңгірт көзін жайлап бір тастады;
бірақ, табиғаттың əсемдігіне онша əуестенбейтін барлық жастар сияқты, ол
жүрісін тоқтатпастан:
– Сіз сондай мейрімдісіз, əкетай, - деді.
Ауру дендеген баланың бұл селқостығына қатты ренжіген офицер
қыздың үйіне жеткенше ұлына лəм деп тіл қатқан жоқ.
– Сіз қандай ұқыпты едіңіз, майор! - деп қуана тіл қатты Бенаси,
ұзынша тақтай орындықтан көтеріле беріп.
Сонсоң ол орындыққа қайтадан отырды да, қамкөңіл көзін Адриенге
қарай қадады; оның сарғайып, қажыған жүзіне сынай қарап отырып,
сонымен бірге оның ізгілікке толы биязы, сұлу кескініне қызыға аңырып
қалды. Шешесінен аумай қалған баланың түсі де сондай нəзік, аққұба,
мөлдіреген көздері қап-қара еді, ойлы көздерінің жанары мұңға да толы
көрінді. Поляк еврейлерінің өзіндік ерекше сұлулығы осынау балғын жас
өспірімнің қою шашпен көмкерілген жүзінде айқын менмұндалап тұр;
жалғыз-ақ тым үлкен басы қораштау келген ұсақ денесіне үйлеспейтін
сияқты.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 18
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.