Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 14

Total number of words is 3803
Total number of unique words is 2195
31.1 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
51.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жалғастырды:
– Əңгімені бастамас бұрын, мен шай əзірлеттірейін. Он екі жылдың
ішінде Жакота келіп, шай ішесіз бе деп сұрауды бір рет те ұмытқан емес; ол
келіп сөзімізді бөліп жүрер. Ал өзіңіз шай ішесіз бе, Капитан?
– Рахмет, ішкім келмейді.
Бенаси тез арада қайтып оралды.
IV таpay
ЖЕРГІЛІКТІ ДƏРІГЕРДІҢ ЖАН СЫРЫ
– Мен Лангедок дейтін шағын қалада туыппын, - деп бастады дəрігер
əңгімесін, - əкем сонда ертеден тұрады екен; сəбилік кезеңім сонда өтті.
Сегіз жасқа келгенде мені Сорез колледжіне берген еді, соны бітіргеннен
кейін, оқуымды аяқтау үшін Парижге аттандым. Əкем жас кезінде дүниені
оңды-солды шашып, тіпті, ата-жұртымыздан да айырылып қалған екен,
əйтеуір үйленуі сəтті болыпты да, одан кейінгі дүниеқоңыз үнемшілдікпен
жағдайын дұрыстап алса керек; провинция адамдары байлықтың жұмсап
қызығын көрмейді, тек атағына семіреді ғой, онда сенің даңғойлығың да
іске аспай сөніп жатады. Əкем байып алғаннан кейін, жалғыз ұлының
үзілген үміттерінің орнын салқын қанды сарабдалдықпен толтырмақ болды
кəрі ата-ананың ең соңғы болса да ізгі ниеттен туған адасуы сол еді;
өйткені олар өздерінің инабатты өмір тəжірибесі мен естияр есепқорлығын
балаларына мұра етіп қалдыруды ойлайды, олардың өмірдің қызығына
елігіп, содан көбірек лəззат алғысы келетін тілектерімен жұмыстары да
болмайды. Сақтыққа бейім əкем мені тəрбиелеудің ерекше бір жоспарын
жобалапты да, мен соның құрбаны болып шықтым. Ол өзінің байлықдəулетінің қаншалықты мол екенін менен өлердей жасырып ұстады да,
менің болашақтағы игілігімді ойлаған болып, жастығымның нағыз дер
шағында жоқшылыққа тап қылды. Қайткенде де өз билігім өзімде болса
екен деп тілеген жас жігітті жан төзбейтін қыспақта ұстады; маған
кедейлікте керек болады деп есептеген машықтарын дарытуға тырысты;
оларды: төзімділік, білімге құштарлық, еңбекқорлық еді; ол ойлады: маған
кедейліктің зарын тартқызсам үнемшілдікке үйретермін деп; ал мен оның
ақыл-кеңестерін бойға сіңірер жасқа жеткен кезде, енді тезірек өмірлік
мамандықты таңда деп қыстады. Менің бейімім медицина саласын зерттеу
жағында
болды.
Томаға
тұйық
провинциялық
колледждегі
ораториандардың жартылай монастырьлық пəндерінің езгісінен кейін,
Сорезден шығып, бірден астанаға тап болдым. Əкем мені өзі ертіп апарып,
өзінің бір досына аманат етті. Екі қарт мені араластырмай, өздері оңаша
отырып, барынша сақтық ойлаған шаруаларының жобасын белгілепті:
өмірден түк тəжірибесі жоқ шикі өкпе баланы əуелі жастықтың құштарлық
құйыны еліктіріп əкетпесін деген қамқорлықтарының түрі. Маған
жұмсалатын қаржы тіршіліктің ең зору деген қажеттеріне ғана шақталып,
қатаң есептелген; оның өзі қолыма үш айда бір-ақ рет беріледі тіпті соның
өзінде де Медицина факультетіне оқудың ақысы төленді деген түбіртек
қағаз болса ғана. Адамның намысына тиетін бұл сияқты сенімсіздік тəртіп
пен есеп деген сылтаумен бүркемеленген. Абзалында, менің білім алуыма
жəне көңіл көтеруіме деген қаржыда əкем ақшаға тарындық жасамаған
сияқты. Тек оның ескі досы ғана, өмірдің шым-шытырық бұралаңына
түскен бала жігітке басшылық ету тапсырылғаның өзіне дəреже көрген, ал
өз бойындағы сезім-түйсіктерінің барлығын іс қағаздары сияқты сөресөреге сұрыптап қойып, тек мөлшерлеп қана жұмсайтын адамдар қатарына
жатады екен. Қажет болса, ол өзінің жазу дəптеріне қарап жібереді де, сенің
өткен жылы, дəл осы күні, дəл осы сағатта немен шұғылданып
отырғаныңды қалт еткізбей айтып береді. Ол мына өмірді кəсіпорын деп
есептейді де, оның есеп-қисабын кəдімгі коммерциялық əдіспен жүргізеді.
Ал асылында осынау байсалды адам, ептеген қулығы да бар, абайшыл да
секемшіл бола тұра, мені бақылауға алғаның əрдайым білгізбеуге
тырысатын, кітаптарды өзі сатып əпереді, оқудың ақшасын да өзі төлейді;
айталық, мен атқа салт мініп жүруді үйренем десем болды, қайда тəуір
манеж бар екенін елпілдеп өзі барып біледі, сонда мені өзі алып барады,
менің тілегімнің алдын орап, мереке күндерде мінетін аттарды күні бұрын
жалға алып қояды. Осы бір тамаша адам, керегінде өзім орағытып кетуге
дағдыланған кəрілік қулықтарына қарамастан, маған екінші əке болды.
"Достым, - дер еді ол тізгінді ептеп босатпаса, менің үзіп кетерімді
сезген бір сəттерде, жастар кейде сол жастықтың қызуымен ессіздік
қылықтар жасап қоятыны болады; сізге ақша қажет болып қалатын
жағдайларда өзіме келіңіз. Кезінде сіздің əкеңіз де маған талай рет қол
ұшын берген, сізге қажет болып қалған бірнеше экю менен əрдайым
табылады, бірақ маған өтірік айтпаңыз, жасаған қателігіңіз болса,
жасырмай айтыңыз, оны мойындауға ұялмаңыз; мен де жас болғанмын,
адал дос ретінде біз бір-бірімізді қашанда ұғамыз".
Əкем мені Латын махалласындағы бір отбасылық пансионға
орналастырған, иелері мархабатты адамдар екен; маған тəп-тəуір
жабдықталған жеке бөлме берді. Алайда емін-еркіндіктің алғашқы
қадамдары, əкенің кең пейілі, менің жолыма арнап жасаған шығындары
мені онша елең еткізген жоқ. Еркіндік дегеннің қадірін білу үшін, бəлкім,
оның лəззатын татып көру керек шығар. Алаңсыз балалық шақтың
естеліктері колледждегі көңілді басыр қылған əуеннің əсерінен ұмытылып
кетті ме, білмеймін, əйтеуір ақыл-ойым əлі де құрсаулы еді; одан кейін
əкенің ақыл-кеңестері жаңа бір міндеттер арқалатты; одан қалды,
Парижіңнің өзі маған бір жұмбақ болып көрінді; оны біліп алмай тұрып,
несімен ауалануды білмейді екенсін. Сонымен, - деп ойладым мен, өмірімде əзір ештеңе өзгере қойған жоқ, барлық жаңалығы - қазіргі оқып
жүрген жерім бұрынғыдан гөрі көлемдірек жəне өзі Медицина факультеті
деп аталады. Дегенмен, алғашқы кезде оқуға құлшына кірістім,
лекцияларға түгелдей қатынасып жүрдім, сабаққа бар зейініммен шомып
кеттім де, басқа ермек дегенді ойға да алған жоқпын, - Парижде аяқ бассаң
іліне кететін ғылым қазынасына бүкіл ынта-ықыласыммен беріліп
кеткендігім сондай. Бірақ көп ұзамай, ақ көңіл аңғал жастарды арбағыш
жолдастық қарым-қатынастың бейкүнə нышандарын бетке ұстап келетін
кездейсоқ таныстық дегендер парықсыз Париж өмірінің тұнғиығына қарай
біртіндеп тарта бастады. Ең алдымен маған театрлар мен актерлердің теріс
ықпалы əсер етті: соларды көрген бойда-ақ есімнен айырылып қалдым.
Астананың спектакьдері жастарды аздырып жібереді; театрдың адам
жаның астан-кестен ететін ықпалына қарсы тұруға жастар дəрменсіз;
сондықтан да мен жас ұрпақты бұзуға келгенде қоғам мен заң бірдей кінəлі
деп есептеймін. Жиырма-жиырма бестер аралығындағы жас адамның жан
жүйесін бұлқан-талқан ететін құштарлық атаулыға біздің заңдарымыз,
былайша айтқанда, көзін жұмып қарайды; Парижде барлық нəрсе оны
есінен тандырады, бəрі тынымсыз арбап тұрады; дін оған имандылықты
уағыздайды, заң жөн сілтейді, ал астананың алдамшы сиқыры мен сүрқия
əдет-ғұрыптары жамандыққа қарай жетелейді; Париждегі ең салауатты
деген еркек пен салиқалы деген əйелдің балиғаттылықты келеке ететіні
бекер ме? Қысқасы, осынау орасан зор қала кəдімгі бір өзінің алдына тек
қана жамандықты марапаттау міндетін қойып алған ба дерсің, өйткені
мұнда адал қарекетпен қоғамда өзіне лайық орын алуға тырысқан жас
адамның жолында ұшырасатын кедергілер неше түрлі жалған
жылтырақтардан əлдеқайда жиі кездеседі. Мен ұзақ уақыттар бойы кеш
құрғатпай театрға бардым, сөйтіп жүріп сауық-сайранға əуестеніп алдым.
Өзімнің төл міндеттерімді естен шығарып, ең шұғыл сабақтарымды
ертеңге қалдыратын болдым; бұрынғыдай білімге де құмартып тұрмадым,
тек аса қажетті деген, онсыз докторлық диплом алатын дəрежеге жете
алмайсың деген жұмыстарды ғана атқарып жүрдім. Енді лекция үстінде
профессорлардың сөзін тыңдамаймын, олардың бəрі де бірінің сөзін бірі
қайталай беретіндей көрінді маған. Мен өзімнің табынған құдайларымды
тəркі қылдым да, кəдімгі Париждің өз адамы болып алдым. Қысқасы, мен
провинциядан келіп астанаға тап болған, келіп алып жаман жолға түскен,
бірақ əлі де кейбір шынайы сезім жұрнақтарынан ада болмаған,
адамгершіліктің кейбір жоралғысынан əлі де хабары бар, бойын билеп
алған жаман əдеттерден арылғысы келетін, бірақ соған қайрат-жігері
жетпейтін жас адамның күдікті өмірін кешіп жүрдім.
Мен қорғана білмедім. Жаңағы арбағыш сиқырлар менің өз ішімде еді.
Иə, тақсыр, менің бет-ажарымда жалғандық жоқ: неше түрлі
құмарпаздықтың ізі бар онда. Бірақ қалай дегенмен де жан дүниемнің
түкпірінде пəк адамгершілікке ұмтылған талаптың жұрнағы бар еді; сол
жұрнақ, қазіргі өмірдің байлаусыз бөденіне қарамастан, түптердің түбінде
ар-ұятты оятып, бұзылған тірліктен безіндіруге, сəбиінде діннің таза
бұлағынан сусындаған адамды қайтадан құдай жолына түсіруге тиісті еді.
Жер бетіндегі тіршіліктің жалған рақатынан алданған адам ертелі-кешті
бейіштің жеңсік жемісіне құмартса, оның нендей айыбы бар? Барлық
жастарға тəн мінезбен мен де талай-талай шаттыққа бөлендім, мен де талай
рет қайғы-мұңның алдына келіп бөгелдім; бірақ оның əркімде əр түрлі
дəрежеде; біресе мен жастықтың күшін мызғымас қайрат-жігерге балап
адастым, өзімнің қабілет-дарынымды асыра бағалаппын; біресе алдымнан
қылаң берген азын-аулақ кедергіні зорайта елестетіп, өзімнің табиғатыма
жат үрейге беріліппін; бір кезде ұлан-ғайыр жоспар жасап, атақ-даңқты
армандасам, еңбекке бел байласам, алғашқы даңғаза тойдан кейін ізгі
ниеттің барлығында да болдым. Жүзеге аспаған асқақ ойлар көз алдымнан
бұлдырап елес бергенде, мен сол жарық сəулеге қарай қаншама құлшынып
ұмтылсам да, бойымнан жасампаз құш таба алмадым. Бойкүйез жалқаулық
пен тоқмейіл өзімшілдік ақыры мені ақымақ етті; олай дейтінім - өзін-өзі
зор тұтып, өзін-өзі дардай көрген адам сол ойын ақтамаса, дарақы ақымақ
болмағанда қайтеді. Менің қарекетімде ешқандай мақсат болмады, мен
өмірдің гүліне құмарттым, бірақ сол гүлдерге нəр беретін еңбектен
жирендім. Кездескен кедергіге килігіп қарсы тұрмадым, бəрі де оп-оңай
өздігінен болады деп ойладым, ғылымдағы жетістік пен мансаптағы
табысты орайы келген сəттіліктің арқасы деп жорыдым. Даналық маған
даңғаза шалалық болып көрінді. Ғалымдыққа қолым жетпей тұрып, жеттім
деп ойладым; ұлы істердің бастау бұлағы төзімділік болса, мен оны ойға да
алмадым, соларға жетер жолдағы қиындықтар да менің жырымда
болмапты, мен тек болашақтағы атақ-даңқтың құр буына пісіп жүріппін.
Думанды дəурен қас қаққанша өтті де кетті: театрдың қызығы тез басылды.
Париж көп ұзамай кедей студент үшін құлазыған түзге, қаңыраған бос
кеңістікке айналды; тамыр-таныс атаулыдан қалғаны жарқылдақ қауымнан
безіп шыққан жалғыз шал мен үйлеріне ылғи бір томаға тұйық көңілсіз
адамдар келіп жүретін оңаша отбасы ғана еді.
Сондықтан, ойға алған мансабынан жеріген, алдында айқын мақсаты
жоқ, ақыл-ойы белгілі бір бағытта орнықпаған жас адамдардың əдетімен
күні бойы көше кезіп, өзен жағалап, мұрағаттар мен қоғамдық бақтарды
аралап, сенделдім де жүрдім. Бұл жастағы қарекетсіздік басқа қай
уақыттағыдан да ауыр болады, өйткені бұл кезде жастықтың қызуы босқа
кетеді, қуаты мақсатсыз рəсуа болады. Жас адам бойындағы зауқын
жоғалтып алмай, өзінің ішкі тілектерін жүзеге асырарлық тіршілік күшқуаттары түгел бар тұрған жағдайда, сол күш-қуаттары жастықтың өжет
сенімділігімен еселеп арта түскен жағдайда, оның қайсар ерік-жігері
алдынан қандай мүмкіндіктер ашатының мен онда түсінбеген екенмін.
Бала кезде біздің жан дүниеміз аңғал, өмірдің қауіп-қатері бізге
бимағлұм, ал одан бергі жас өспірім кезде біз сол өмірдің қиындықтарын,
оның шетсіз-шексіздігін ептеп сезе бастаймыз; соған көз жібергенде
тайсақтап қаламыз; қоғамдық өмір майданыңа жаңа орналасқан кезде, біз
ақылымыздан адасып қалғандай боламыз, бейне бір жат елде жапа-жалғыз
жүргендей абдыраймыз. Қай жаста да бимағлұм нəрседен зəреміз ұшады.
Жас өспірім жігіт зіркілдеп атып тұрған зеңбірекке қарсы жүгіреді, ал оның
елесі көрінгенде есі кетіп кейін шегінеді. Сол балан жігіт қандай ережеге
ден қоярын білмейді; нені беру керек, нені қабылдау керек, қалай қорғану
керек, қалай шабуылдау керек - ол соның бірін білмейді; өзі əйелдерге əуес,
бірақ оларға сырттай табынады да, қарсы келгенде жасып қалады; өзінің
жақсы қасиеттерінен жапа шегіп жүреді; ол ізгі сезімге толы, періштедей
адал, арамбақай есепқорлықтан ада, сараңдықты білмейді, өтірік айтса пайдакүнемдіктен емес, тек мақтан үшін ғана; ар-ұятын əлі де саудаға
салып көрген жоқ, бірақ соның нұсқаған тура жолына бірден түспей,
тайқып кетеді. Ақылдың айтқаныңа жүрмей, жүректің қалауы бойынша
өмір сүрген адамдар көп уақыттар бойы осындай күй кешеді. Мен де дол
сондай жағдайда болдым.
Мен бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі түйсіктің ойыншығына
айналдым. Жас кезімізде естен айырыла құмартқан арман-тілектерге
жетсем-ау деп мен аһ ұрдым, бірақ жас өспірімге тəн сезімталдық маған
ерік бермеді. Жақсыға ынтық əсершіл жанға Париждің жанталас өмірі
мүлде апатты, ондағы атақты адамдар мен бай адамдардың құзырындағы
игіліктер өзгелердің құмарын қоздырады. Ұлылық пен пасықтық
тоқайласқан осынау əлемде күншілдік кісіні ілгері жылжытпайды, қайта,
оның түбіне жетеді. Атаққұмарлық, құмарпаздық жəне өшпенділік
арасындағы тынымсыз күресте не солардың құрбаны боласың, не соған
еріксіз өзің тартыласың. Жас адам зұлымдықтың белең алып, ізгіліктің жер
болғаның үнемі көріп жүреді де, ақырында оның өзінің адамгершілік
тұғырлары да біртіндеп шайқала бастайды; Париждің өмірі, былайша
айтқанда, оның ар-намысынан балалық балиғаттың ұлпасын ұшырып
əкетеді; міне, содан кейін-ақ оның адамгершілік жағынан азғындауының
ыбылыстық ісі басталады да, қас қаққанша жеріне жетіп тынады.
Өмірден алғашында өзгелерден гөрі тартымдырақ көрінген лəззаттарды
ала білу үшін талай қауіп-қатерді жеңіп өтуі керек, ол үшін əрбір қадамды
ойланып барып басу керек, соның нəтижелерін салмақтап отыру керек.
Осындай ой сараптары ақырында өзімшілдікке апарып соғады. Байғұс
студент біреуге өлердей ғашық болып, өзге дүниені ұмыта бастасыншы,
маңайындағылардың барлығы жапа-тармағай ақыл-кеңестерін айтқан
болып, оны сенімінен айырады да, ақырында ол, өзінің еркінен тыс,
секемшілдікке бой ұрып, бұрынғы абзал ойларының бəрінен сақтана
бастайды. Осы күресте адамның жаны қасаң тартып, ұсақтап кетеді,
барлық істің тізгіні ақылгөйлікке көшеді, ал мұның өзі тап-таза париждік
безбүйректікке апарып соғады; мұндай əдет-ғұрып тұсында жарасымды
жеңілтектік пен жасанды ақжарқындықтың астарында атаққұмарлық пен
есепқорлық жатады. Парижде ең аңғал деген əйел тіпті бақытқа бөгіп
жүргеннің өзінде ақылынан адаспайды.
Осының барлығы, əлбетте, менің мінез-құлқым мен сезімдеріме əсер
етті. Менің өмірімді уландырған қателіктер басқа адамдардың көпшілігінде
жүректеріне тастай болып ауыр қасірет түсірмес еді, бірақ оңтүстіктің
адамдары діндар келеді ғой, католик дінінің уағыздарына да, ол дүниедегі
өмірге де сенеді. Сол сенімдердің салдарынан құштарлық тереңдей түседі,
ар-ұяттың өкініштері ұзақ уақыт мазаға тыныштық бермейді.
Мен дəрігерлік оқумен шұғылданып жүрген кезде барлық жерлерде
əскери адамдар басым болатын; əйелдерге ұнау үшін кем дегенде
полковниктің белгі-таңбаларын тағып жүру керек еді. Жарқылдақ қауым
үшін кедей студент деген немене? Түк емес. Ыстық құштарлықтың
қоламтасына күйіп-жанып жүріп, соны сыртқа шығаратын тескіндік таба
алмаған, өзінің мақсат-тілектерін жүзеге асыру талабы үстінде қадам
басқан сайын ақша тапшылығына тап болатын; ғылым мен атақ-даңқ
жолын қуғанмен, өзінің аңсаған арманыңа оңайлықпен жете алмайсың деп
санайтын; жын-ойнақ орындарда оп-оңай бұзылып кететініңді, ал байсалды
қауымға жол ашуын қаншалықты қиын екенін біле тұра, балиғаттықтың
ішкі дауысына құлақ қоюды немесе жаман үлгілерге бой алдыруды біле
алмай жүрген мен мұндар қара түнек құштарлықтың құшағында қасіретті
күндер кештім; жаныңды құлазытатын жалған жарқылдақтықтан жəне
өткінші алданыштармен алма-кезек ауысып отыратын жабырқау
тіршіліктен ығыр болдым. Ақыр-аяғында, осынау күңгірт кезен жас
адамдардың өмірінде бола беретін мынандай бір қалыпты жағдайға келіп
тірелді.
Біреудің отбасылық бақытты өмірін бұзуды мен əрқашанда опасыздық
деп санадым; мен екіжүзділік жасай алмаймын, өз сезімдерімді туралап
ашық білдіремін; сондықтан үнемі жалғандықпен өмір сүруге жаным түгіл
тəнім де төзе алмас еді. Өткінші қуанышқа көңілім дауалаған емес,
бақыттың лəззатын бабымен баянды түрде татқым келеді! Жаман қылыққа
мүлде ыңғайсыз екенмін, бірақ жоғарғы қауымға өтсем деген талай
нəтижесіз əрекеттерден кейін, жалғыздықтан қажи бастадым; егер сол
жоғарғы қауымға өтсем, бəлкім, кім біледі; бір тəуір əйелді кездестірер ме
едім: ол өзімді неше түрлі айла-амалдардан жанашырлықпен сақтандырар
ма еді, əдепті мінез-машықтарға тəрбиелер ме еді, менің намысыма
тиместен ақыл-кеңестерін айтар ма еді, менің болашағыма пайдасы тиетін
адамдармен таныстырып, солардың орталарына кіргізер ме еді, бəрі де
мүмкін ғой. Мен солардың бəрінен күдер үздім; сол кезде мен əрілесе тіпті
қастерлі шым-шытырық махаббат шатағына ілініп кетуім мүмкін еді, бірақ
ол жағынан да жолым болмады. Тəжірибенің жоқтығынан бойымды
кернеген ыстық құмарлықты сыртқа шығарар жол таба алмадым.
Ақырында, тақсыр, ұзақ уақыт соңына түсіп жүрген бір қызды өзіме
қаратып, əуелі құпия байланыс жасадым, сөйтіп, ол өзінің тағдырын менің
тағдырыма əкеліп қосты. Байлығы болмаса да салауатты отбасынан
шыққан ол мен үшін өзінің қоңыржай үйін тастап, өз болашағын ешбір
күдіксіз менің қолыма əкеліп тапсырды, сол болашағының тамаша
болатыныңа шын жүректен сенді. Менің кедейлігім ол үшін ең күшті
кепілдік болып көрінді. Сол сəттен бастап, менің жүрегімді дүбірлеткен
дауыл, естен тандырған есірік оқиғалар, атаққұмарлық - бəрі де бақыттың
бұласына батып кетті, бұл жоғарғы қауымның салт-дəстүрін, онда
қабылданған сыпайылық ережелерін де, ескі ұғымдарының ықпал күшін де
білмейтін бақыт еді, тек балалық шақта болатын бұлтсыз аспандай шуақты
бақыт еді; өйткені алғашқы махаббат дегеніміз қам-қарекет пен еңбекке
толы тіршілігімізді арайландыратын екінші балалық шақ қой. Кей адамдар
өмір дегеннің не екенін бірден түсінеді, одан дұрыс түйін түйеді, өзгенің
қателігіне зейін қойып, содан бір пайдалы сабақ алады, қоғамның
заңдарына үңіліп, одан да өздеріне тиімді қорытынды жасайды, ондай
адамдар барлық нəрсенің парқын біледі. Сондай салқын қанды адамдар
ақылдылар қатарына жатады. Ал олардан өзге, кедей ақындар, күйгелек
жандар тым əсершіл болады да, көбінесе аяқтарын жаңсақ басады; мен де
солардың қатарына жатамын.
Тегінде, менің алғашқы үйірсектігім шын мəнісіндегі махаббат емес еді,
мен жүректің əмірімен жүргенім жоқ, соқыр сезімнің ырқымен жүріппін.
Қыз бишараны өзіме құрбан еттім, бірақ соны өзімше əбден дəлелдеп
бақтым, өзімді істеп жүрген ісімде ешқандай сорақылық жоқ деп сендірдім.
Ал қыз болса, шынайы берілгендіктің үлгісі еді періштеге біткен жүрек,
парасатты ақыл, ізгі жан. Маған ылғи пайдалы кеңестер беретін.
Алғашында оның сүйіспеншілігі менің табандылығымды нығайтты, содан
кейін алғаным аялап жүріп, қайтадан оқуды қолға алуға көндірді, менің
қабілетіме сенді, болашақтағы жетістігіме, атақ-даңқыма, бақ-дəулетіме көз
жеткізді.
Біздің заманда медицина ғылымның барлық салаларымен тоқайласады
ғой, сондықтан дəрігердің атақ-даңққа ие болуы оңай емес, бірақ оның
есесі артығымен қайтады. Парижде атақ-даңқ əрдайым соңына байлығын
ерте келеді. Менің ақ пейіл сүйіктім өмірдің неше түрлі тақсіретін менімен
бірге көрді; соның ұқыптылығының арқасында біздің азын-аулақ
қаржымыздың өзінен кейбір əуестікке қолымыз жетіп қалатын. Бұрынғы
жалғыз басты кезімдей емес, екеуіміз бірігіп тіршілік еткен тұста менің
ерке тотайлығымды тояттандыруға да ақша көбірек ауысатын болды.
Бұл енді, тақсыр, менің өмірімдегі ең бір тамаша кезең еді. Сабағым
қызу жүріп жатыр, алдымда мақсатым бар, мақтау да естіп қаламын, маған
сүйіспеншілік сезімін туғызған əйелге өзімнің ойларым мен тындырған
істерімді əңгімелеп айтып қоямын; ең бастысы, ол маған өзінің ақылпарасатымен терең құрмет сезімін дарытты, тіпті ешқандай ақыл-парасатқа
мүмкіндік жоқ кездің өзінде оның бойынан мұндай қасиет табылатын еді.
Бəрі де осылай еді, тақсыр, ал менің өмірім ұзын-шұбақ бір сарынмен
өтіп жатты. Тып-тыныш, алаңсыз бақыттан артық ештеңе жоқ қой дүниеде,
бірақ жүректің алабұртқан дауылын бастан кешкен адам ғана бағалай
алады оны. Өмірдің ауыртпалығын сезбей, өзіңнің көкейкесті ойларыңды
айтып, соған үндестік табудың өзі бір ғанибет қой! Мен сияқты
атаққұмарлық жоспарларын аялап жүрген, əр нəрсеге əуес адамды, жуыр
маңда келе қоймаған атақ-даңқтың артынан салпақтап жүруден шыдамы
таусылған адамды мұндай бақыт тез тойдырады екен. Бұрынғы елесті
армандар мені қайтадан баурап əкетті. Мен байлықтан келетін лəззаттың
барлығын татуға құмарттым, махаббаттың мүддесі деп соны тіледім. Кейде,
кешкілік, əлде бір шалқыған салтанатты өмірдің буалдыр көріністерін көзге
елестетіп, мұңлы ойға берілген кездерім болатын. Сондай да мені
сүйгенімнің сүйкімді даусы селт еткізер еді, мен оған жаңағы қияли
армандарымды жасырмай айтамын. Əрине, өзін түгелдей менің бақытыма
бағыштаған бейкүнə жанды қинайтынмын. Ол əсіресе менің ойнақы
тілектерімді орындау қолынан келмегеніне қынжылатын. Ой, тақсыр-ай,
əйел деген халықтың құрбандыққа əзір тұратыны ғажап қой!
Осынау лепті сөздердің астарынан бір ішқұсталық та сезіліп еді, Бенаси
бір сəтке ойланып қалды, ал офицер оның үнсіздігін бұзған жоқ.
-Сөйтіп, тақсыр, - деп доктор əңгімесін əрі қарай жалғастырды, - былай
қарағанда, біздің бірлігімізді нығайтуға тиісті оқиға соны бұзды да, менің
кейінгі барлық қасіреттерімнің алғашқы себебі болып шықты. Сол кезде
əкем қайтыс болған, маған қыруар мұра қалдырып кетіпті, сол
мұрагерліктің шаруаларын реттеу үшін бірнеше ай бойы Лангедокқа
кетуіме тура келді; мен жалғыз аттандым. Тағы да бостандыққа қол жетті.
Жас кезде міндеттеме атаулының ең жағымдысына дейін кісіге ыңғайсыз
ғой. Борыш пен еңбектің қажеттігін мойындап жүру үшін бірсыпыра өмір
тəжірибесі керек болады. Лангедоктың тұтанғыш перзенті болғандықтан,
мен мынадай мүмкіндіктерге қуандым: үйден бір кетсем, қашан қайтып
оралсам да өз еркім; мен не істеп, не қойғаным жайында, тіпті өз
ықтиярыммен болса да ешкімге есеп бермеймін.
Əрине, өзімді байлап-матап берген өрістерімді біржола ұмытып
кетпесем де, мұндағы тіршілік өткен жайттардан мені алыстата берді,
оларға байланысты естеліктер көмескі тарта бастады. Солармен қайтадан
байланысты боламын-ау деген ойға өз-өзімнен шамданатын болдым, тіпті
соның өзі қажет пе деген де сұрақ қылаң беріп қалады. Ал сонымен бірге
шынайы махаббат сезіміне толы хаттар бірінен соң бірі келіп жатыр; бірақ
жиырма екі жастағы жігіттің ойынша, əйел біткеннің бəрі сүю үшін
жаралған жандар; Сондықтан ондай жігіт жүректің елжіреуін жай
құмарлықтан ажырата алмайды; ол тəн лəззатының барлығын махаббат деп
қабылдайды; солардың барлығы оған өмірдегі басты нəрсе болып көрінеді;
сүйгенімнің хатында қаншалықты шынайы ізгілік бар екенін мен тек
кейінірек, өмірді де, адамдарды да анығырақ таныған кезде ғана түсіндім;
хаттарында ол өзі туралы емес, өзінің махаббаты туралы ғана жазатын, мен
үшін менің байлығымды айтып қуанатын, өзі үшін еш нəрсені тілемейтін,
мені өзгеріп кетеді-ау деген ойдың ұшығы да болмайтын онда, өйткені өз
бойынан ондай еш нəрсені сезбейді ғой.
Ал мен болсам, тұла бойыммен атаққұмарлық есептерге батып кеттім,
байлыққа бұла болып өмір сүрмек болдым, жарқылдақ қауымда белгілі
адам болып, соған сай бір тамаша некеге отырмақ ойға келдім. "Иə, ол мені
жақсы көреді!" деген сияқты безбүйрек, салқын сөзбен шектелу де ойымда
жоқ емес. Ал ішкі ниетім одан қалай да құтылу болатын. Сөйтіп, басыңды
қатырып жүресің, өзіңнен өзің ұяласың, қаталдыққа барасың, құрбаныңның
жаның жаралайсың, сонсоң соның алдында қызарып жүрмес үшін біржола
өлтіріп тынасың.
Қайғылы адасу үстіндегі сол күндерді ойға салсам, менің көз алдымнан
біздің жүрегіміздің терең тұңғиықтары ашылады. Иə, тақсыр, маған сеніңіз,
адам табиғатының зұлымдықтары мен ізгіліктерін соларды өз басынан
өткізген адам ғана жете біледі екен. Біздің арымыз бəріне өлшем. Біз
өзгелерге əрдайым өз өлшемімізбен келеміз, ал өзгелер бізге қандай
өлшеммен келетінін ойға да алмаймыз.
Мен Парижге қайтып оралып, өзіме арнап жалға алынған оңаша
орамжайға орналастым; мен өзімнің сезімдерімде болған өзгерістер
жайында да, қайтып келгенім жайында да осының бəріне тікелей қатынасы
бар бірден-бір адамға хабарламадым. Мен жарқылдақ жастар қауымынан
бір көрнекті орып алғым келді. Алғашқы күндерім тұманды сəнсалтанаттың қызығымен өтті де, осындай алаңсыз өмірдің рақатына əбден
құнығып алғаннан кейін, көңілдің ешқандай босандығынан қорықпай-ақ,
сүйіктіме барып қайтпақ болдым: ойым одан біржола қол үзбек. Əйелге тəн
сезімталдықпен ол менің ішкі ойымды бірден сезді, бірақ көз жасын іркіп
қалды. Ол мені жек көруге тиісті еді, бірақ мінезінің ұяңдығы мен
ізгілігінен сол жеккөрінішін бір рет те білдірмеді. Сол кешірімшілдігі мені
қатты қинады. Біз, ақсүйек жендеттер, жол торыған қарақшы жендеттер
сияқты, құрбандарымыздың қорғанғаның ұнатамыз, байқайсыз ба, олардың
күресіп, қарсыласқаны солардың ажалына кінəлі біздердің ақталуымыз
үшін жеңілдік болар еді.
Соны мүсіркегендіктен мен қайтадан барғыштай бастадым; мейірлене
алғаным жоқ, бірақ ықыласты көрінуге тырыстым, содан біртіндеп жай
сыпайылыққа көштім де, ақырында, арамызда əлде бір ішкі келісім
болғандай, ол менің бөтен адам қалпында болуыма мұрсат берді; Сонда
мен өзімді бір кісілік танытқандай сезініп жүрдім. Ар-ұяттың əлі де болса
сезіліп қалатын мазасыздығын тұншықтырып тастау үшін жарқылдақ
өмірдің құйыныңда естен айырыла құйғытып, шыркөбелек айналдым.
Өзін сыйламайтын адам оңашалықта өмір сүре алмайды, сондықтан
мен де, Париждің жарқылдақ жастары сияқты, парықсыз өмір салтына
көштім. Мен тəп-тəуір білім алғанмын, зердем жақсы, сондықтан жұрт
көзіне өз шамамнан артығырақ ақылды керіндім; сөйттім де, өзімді
өзгелерден артық санадым; мені сондай артықшылығым бар деп сендіру
жағымпаздарға тиімді еді, олар сол көздеген ойларына оп-оңай жетті.
Сонымен тіпті азғантай уақыттың ішінде мен бір керемет ерекше адам
болып шықтым, бірақ сол пікірді ақтау жайын ойға да алған емеспін.
Жарамсақтық жарқылдақ қауымдағы ең бір опасыз айла, əсіресе
Парижде солай; мұнда неше түрлі қаскүнемдер талантты алғаш жарық
көрген күннен бастап тұншықтыру үшін, оның бесігін гүл шоқтарымен
бастырып тастайды. Сөйтіп мен, "ел қатарына шығайын" деген оймен не
өзім жөнінде қалыптасқан жоғары пікірді де, не жеткен жетістіктерімді де
пайдаланған жоқпын, пайда келтіретін адамдармен таныстыққа да
бармадым. Тыным таппай жеңілтек дырдудың соңында жүрдім. Париж
салондарының масқарасы саналатын өткінші əуейіліктерім де болды. Ол
салондарға əркім шынайы махаббат іздеп барады, бірақ соңында жүріп
солығын басқанша əйгілі жезаяқ болып шығады; ақырында нағыз
құштарлық деген ұғымнан біржола айырылып қалады. Өзгелерге еліктеп
жүріп, мен көбінесе əлі бұзылмаған, кіршіксіз таза жандарға қиянат
жасадым, сөйтіп оларға өз кебімді кигіздім.
Осындай қылықтармен сұмдық жаманатты болып жүрсем де, бойымда
өзім ылғи мойынсұнатын парасаттың кейбір жұрнақтары сақталып қалған
еді. Осындай жағдайда жүріп, мен қаншама рет алдандым жəне сол
алданғанымды мойындауға арландым. Өзім іштей мақтан санап жүрген
сенгіштігім үшін айналадағылардың қаһарына ұшырадым. Жарқылдақ
қауым жетістікке жеткендердің алдында ғана бас иеді, ал оған қалай
жеткені оларға керек емес. Қауымның пікірінше, істің мақсаты нəтижесі.
Сол қауым маған үш ұйықтасам түсіме кірмейтін жамандықтар мен
жақсылықтарды, жеңістер мен сəтсіздіктерді жапсырды; менің ешбір
хабарым болмаған ашыналық байланыстарды таңды, ешқандай қатынасым
болмаған қылықтар үшін жазғырды; мен өрлікке басып, сондай жала
өсектерді теріске шығаруды қажет деп санамадым, даңғойлыққа бағып,
жалған абырой əперетін алып-қашпа сөздерге қарсы шықпадым. Сыртым
бүтін, ішім түтін күйде жүрдім.
Егер менің басыма кенеттен бір пəле ұшырамаса, бұл қалпымда
біртіндеп бар кісіліктен айырылып, біржола жамандықтың ықпалында
қалатын едім, өйткені тынымсыз құбылып, ойнап тұрған құмарпаздық,
астамшылдық атаулы сол жамандықты құтыртып, асқындыра берер еді де,
нəтижесінде дене əлсіреп, жан жүйенің қуаты құруға бет алар еді. Мен
күйзелушілікке ұшырап қалдым; ол былай болды. Адам қаншалықты бай
болдым десе де, Парижде оның алдынан əлдеқайда ірі байлар шығып
отырады. Сен соны қуып жетіп, асып түскің келеді. Басқа бір əңгүдіктердің
ықпалымен осындай таластың құрбаны болдым; төрт жылдан кейін
жерімнің бір бөлігін саттым да, қалтаның кепілдікке бердім.
Сол тұста мен бір сұмдық соққыға тап болдым. Өзім тастап кеткен
əйелді көрмегеніме екі жылдай уақыт өткен, ал сол кездегі менің өмір
салтым бір пəлеге апарып соқтырмай қоймайтын еді. Сондай жағдайда мен
оған қайтып оралар да едім. Бір күні кешке, даңғаза тойдың үстінде
отырғанымда, мен бір жапырақ қағаз алдым; онда əлсіз қолмен жазылған
мынандай жазу бар екен:
"Көп ұзамай мен өлемін, достым, мен сізді көргім келеді, баламның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 15
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.