Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 18

Total number of words is 4009
Total number of unique words is 2097
39.0 of words are in the 2000 most common words
53.5 of words are in the 5000 most common words
60.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Ұйқыңыз қалай, сүйікті балапаным? - деп сұрады одан Бенаси.
– Жақсы, тақсыр.
– Екі тізеңізді көрсетіңізші маған, балағыңызды түріңіз.
Адриен қызарақтап, бастырма бауларын шешкенде, доктор оның тізесін
əбден бажайлап қарады.
– Солай, солай! Кəне, бірдеңе айтып көріңізші, қаттырақ айқайлап
айтыңыз!
Адриен даусын шығара қатты дыбыс берді.
– Жарайды. Қолдарыңызды əкеліңізші бермен...
– Жас жігіт құдды əйелдердің қолындай аппақ, бірақ қан тамырлары
көгілдір тартқан тым əлсіз қолдарын ілгері қарай созды.
– Париждеті өзіңіз оқыған мектеп қалай аталады?
– Людовик XIV-нің лицейі.
– Директор сіздерге түнде өз тілектеріңізбен дұға оқымады ма?
– Оқыды, тақсыр.
– Демек, сіз бірден ұйықтай қоймадыңыз ғой?
Адриен үндеген жоқ, сонсоң докторға қарап Женеста сөйледі:
– Бұлардың директоры священник, өте инабатты адам, менің кішкентай
жауынгерімді ол жерден алып кетіңіз деп кеңес берген сол кісінің өзі,
денсаулығының нашарлығына байланысты.
– Несі бар, деді Бенаси, өзінің жайдары көздерін Адриеннің алаңдаған
көздеріне туралап қарап. Біз мұны емдеп жазамыз. Бұдан нағыз еркек
жасаймыз. Тату екі адам болып өмір сүреміз, достым! Кешкісін ерте
жатамыз, таңертең ерте тұрамыз. Балаңызды атқа мінуге үйретемін, майор.
Бір-екі ай асқазаның емдейміз, сүтке пісірген тамақтарды ғана ішеді;
сонсоң мен бұған қару-жарақ ұстауға рұқсат алып беремін, баланы
Бютифенің қолына тапсырамын, екеуі қосылып серна ататын болады.
Балаңыз бес айдай деревняда тұрсын, сонсоң өзіңіз де танымай қаласыз,
майор. Бютифе де аспанға қолы жеткендей болады.
Ол жүгірмекті мен білемін; ол сізді, достым, Швейцарияға кейін алып
барады, Альпі арқылы төтесінен тау шындарына шығарады; сөйтіп алты
айдың ішінде бойыңыз бір қарыс өсетін болады; екі бетіңіз қызарып,
жайнап шығасыз, жүйке-жүйеңіз нығаяды, лицейден алған зиянды
əрекеттердің бəрінен арыласыз. Ал содан кейін қайтадан оқуға кірісесіз де,
адам боласыз. Бютифе адал жігіт, ақшаны соған сеніп тапсырамыз, сіз
екеуіңіз серуендеп, аңшылық құрып жүргенде, барлық шығынды сол төлеп
тұрады, сол жарты жылдың ішінде ол ақылға тоқтап, содан өзі көп нəрсені
ұтып шығатын болады.
Дəрігердің əрбір сөзінен кейін Женестаның жүзі жайнай берді.
– Жүріңіздер, сəскелік ішейік. Біздің бикеш те сіздерді көргенше
асығып отыр, - деген Бенаси Адриенді еркелете бетінен сипап қойды.
– Сонымен, мұнда өкпе ауруы жоқ болды ма? - деп сұраған Женеста,
дəрігерді қолтықтап, оңашаға қарай алып шығып.
– Атымен жоқ.
– Ендеше мұныкі немене?
– Ей, жай əншейін, есею кезеңіндегі өліара ғой, - деді дəрігер.
Табалдырықта Қабыршы қыз көрінген, Женеста оның үстіндегі
қарапайым киімнің соншалықты сəнділігіне таң-тамаша болды. Кешегі
шаруа қыз емес, киімді талғап киген нағыз Париждің бикеші, бұған
қарағанда көз жанары баурап барады. Офицер көзін тайдырып əкетіп,
жаңғақ ағашынан жасалған жалаң үстелге қараған; үстінде дастарқаны жоқ
болса да, əбден жалтырата тазартылған екен, жайнап тұр; үсті деревняның
тамағына толып тұр: жұмыртқа, май, пирог, таудың жұпар иісті жидегі.
Бойжеткен үй ішін де гүлмен жайнатып жіберіпті нағыз мерекедегідей.
Офицерде кенеттен осы бір ұядай үйдің, осынау көкорайдың отағасысы
болсам ба екен деген бір тілек пайда болып кетті де, қызға бір үміт, бір
күдікпен қараған; сонсоң жаңа кіре бергендегі көзқарасынан қысылғандай
көзін тайдырып əкеткен қыздың Адриенді аялап жатқан ықыласына сүйсіне
қарады.
– Сіз байқадыңыз ба, майор, - деген Бенаси, - сіздің осында мейман
ретінде сый-құрметке ие болғаныңыз қаншалықты қымбатқа түскенін?
Соның өтеуіне мына менің шəкіртіме əскери өмірден бір оқиға жайын
əңгімелеп беруіңізге тура келеді.
– Офицер мырза əуелі асықпай сəскелік тамағын ішіп алсын, ал енді
кофесін ішкен соң...
– Əрине, айтамын, құлшынып-ақ айтамын, - деген Женеста, - бірақ бір
шарт қоямын: сіз де өз өміріңізден бір қызық əңгіме айтатын боласыз.
– Шын, тақсыр, менде ешқандай қызық оқиға болған жоқ... Əңгіме
қылып айтуға тұрарлықтай ештеңе, - дейді қыз екі беті дуылдап; - тағы бір
пирог жейсіз бе, достым, -деп ол енді алдындағы табақшасы бос тұрған
Адриенге қарай бұрылды.
– Жеймін, бикеш.
– Пирог өте дəмді екен, деп Женеста қостап қойды.
– Ал қазір бұл кісінің кілегей қатқан кофесін көресіздер, - деді Бенаси
қызбаланып.
– Мен одан гөрі тамаша үй бикесінің əңгімесін тəуір көрер едім.
– Сіз олай бастамаңыз істі, - Женеста, дейді оған дəрігер. - Бері қарашы,
айналайын, қызым, енді ол Қабыршы қызға қарап, қолын қысты, - мына
офицердің түсі суық болғанымен, жүрегі өте мейірбан, сондықтан бұдан
ұялудың қажеті жоқ. Айтасың ба, айтпайсың ба, - ол өз шаруаң. Байғұс
балапаным-ау менің, сенің əңгімеңді тыңдап, түсінетін дүниеде үш адам
бар - үшеуі де сенің алдыңда отыр. Айтшы бізге, бұрын болып па еді
жүрегіңді дүбірлеткен жайттар, бірақ сен ойлама бұлар қазіргі
құпияларымды білгісі келеді екен деп, жоқ, олай емес.
– Мінеки Мариетта сіздерге кофе əкелді, - деді қыз - тамақтарыңызды
ішіп алыңыздар, ал мен сіздерге өзімнің жүрек сырларымды айтып берейін.
Ал сіз, офицер мырза, өз уəдеңізді ұмытып кетіп жүрмеңіз, - деп ол
Женестаға назды көзімен қарап қойды.
– Қалай ұмытамыз, мадмуазель, - деп офицер басын иіп тағызым етті.
– Жасым он алтыға келгенде мен жиі ауырдым, - қыз əңгімесін осылай
бастаған, - бірақ мен Савойяның жолдарында əрлі-берлі жүріп, қайыр
сұраудан тыйылғам жоқ. Қоналқаға Эшельге барамын да, қоймада сабан
төсеп жата кетемін. Маған баспана беретін бекет ауласының иесі; өз басы
өте қайырымды кісі еді, ал енді əйелі жек көріп алды да, ұрысумен болды.
Мен соған қатты қорланушы едім, қайыршы болғанмен, ешқандай зияным
жоқ, ертенді-кеш дұға оқимын, ұрлық қылмаймын, Құдайдың айтқан өсиеті
бойынша тіршілік етемін, ал қайыр сұрайтыным ешқандай шаруа істей
білмеймін, өзім аурумын, сондықтан кетпен көтермек түгіл, ине сабақтауға
шамам келмейді.
Бір күні иттің кесірінен мен бекет ауласынан қуылып кеттім. Мен
бесікте жатқан күнімнен былай қарай жылы сөз естіген емеспін, ата-ана
жоқ, сырлас құрбы жоқ, ешқандай қуаныш жоқ. Мені марқұм Морен əжем
өсірді, көп жақсылық істеді, бірақ бір рет болса да елжіреп баурына басты
ма екен, есімде жоқ, оған уақыты да болмайтын; қырда еркектің жұмысын
істейді; кейде аяушылық білдіріп отырады да, кенет қолыма қасықпен тарс
еткізеді мен көжеге көбірек бас қойып жатсам сөйтеді, тамақты біз бір
табақтан ішеміз. Байғұс, менің Морен əже-екем. Дұға оқыған сайын оны
еске алмайтын күнім жоқ. Құдай Тағала оған мұндағыдан гөрі ана дүниеде
дұрыс өмір берсе екен, əсіресе астындағы төсегі жайлы болсайшы; ылғи
ренжіп жүруші еді, қатты жерге жата алмаймын деп екеуміз бірге
жататынбыз.
Иə, сонымен, сіздер білмейсіздер ғой, бажылдап ұрысқанның қандай
жаман болатының, əсіресе ақырып-зекіріп, көзді алартып жатса, жүрегің
езіліп кетеді, одан да пышақты сұғып алған жеңіл шығар. Мен осыған
көндігіп кеткен талай қайыршы шалдарды білемін; ал мен солай кісіден
тіленіп жүру үшін жаралғаным жоқ қой. "Қайыр бермейміз" деген сөзді
естісем болды, еңіреп қоя беремін. Бір түннен бір түн ауырлай берді
жаныма, бар таянышым дұға оқу. Жалғанның жарығында бар қайғыңды
сыртқа шығарып, мауқыңды басатын бір жанашыр болсайшы. Маған жылы
ұшырайтын көк аспан ғана. Кейде сол аспан көкпеңбек болып тұрса, мен
соған қуанамын. Бұлтты жел айдап кетеді, мен жартастардың арасында бір
паналау жерге жатып аламын да, қадалып аспанға қараймын. Сонсоң өзімді
бір керемет маңғаз бəйбішедей көремін. Кейде аспанға соншалықты тесіле
қарап жатамын да, өзімді сол көгілдір мұнар арасында жүзіп бара
жатқандай сезінемін, қиялмен сол аспанды шарлап кетемін, өзім бір тал
мамықтай жеңілейіп, жеті қат кекке өрлеп кетемін.
Сол кезде құмартып жақсы көретін де нəрселерім болды. Бір күні бекет
үйінің ауласындағы ит күшіктепті; сондай сүйкімді күшік туыпты: өзі
аппақ, аяқтарының ұшында қара нүктелері бар; періштедей пəк күйі əлі
күнге көз алдымда! Сол күшік қана маған жылы шырай білдіруші еді; мен
де оған тəтті-дəмді бірдеңемді сақтап жүремін; өзі мені таниды, кешке
алдымнан шығады, менің жаман киімдерімді жатсынбайды, еркелеп,
аяқтарымды жалайды; ал енді көздерінде ғажап бір жылылық, сондай
назды еркелік бар, соған қарап тұрамын да, жылап қоя беремін: "Дүниеде
мені жақсы көретін тек сен ғана", деймін.
Қыстыгүні бұйығып, менің аяғыма оралып жатады. Соны біреу ұрып
жатса, таяғы менің етіме тигендей болады; сондықтан мен оған біреудің
үйіне кірме, сүйек-саяқ тасыма деп үйретемін; сонсоң ол мен əкелген
нанды ғана жейтін болды. Мен бір нəрсеге ренжіп отырсам, қасыма жүгіріп
келеді: "Неге мұңайып отырсың, байғұсау", - деп айтқысы келгендей,
мөлиіп қарап тұрады. Қандай тамаша күшік еді: біреулер өтіп бара жатып,
майда ақша тастап кетсе, бұл жүгіріп барып, шаңның арасынан тауып
алады да, маған алып келеді, сол күшікке үйірсіп, өзіме баурай бастағаннан
былай қарай көңілім бір түрлі жадырап кетті. Күн сайын бірнеше су майда
ақша жинап, елу шақты франкіге жеткізсем, бекет ауласының иесінен соны
сатып алмақшы болдым. Күшіктің маған үйір екенін сезген үй бикесі
кенеттен сол күшікке өзі қамқоршы болғансып шыға келді. Ал енді мен
сіздерге айтайын, сол титімдей күшік бикені кереметтей жек көретін. Сенің
жан дүниең қандай екенін, сенің кімді жақсы, кімді жек көретініңді
жануарлар өздері сезеді. Мен жиырма франкілік алтын ақшамды ішкі
белдігіме түйіп, жасырын сақтап жүргенмін, бір күні бекетшінің өзіне келіп
былай дедім:
– Құрметті Монсо мырза, мен жыл бойы ақша жинап, сіздің күшігіңізді
сатып алмақшы едім. Ендігі жағдай мынадай - сол күшік сіздің əйеліңізге
ешбір қажеті болмаса да, соны біржола алып қоймай тұрғанда, күшікті
маған жиырма франкіге сатыңызшы, мінеки алыңыз ақшамды.
– Қой, қызым, керек емес маған сенің жиырма франкің. Құдай
сақтасын, кедейлерден ақша алатын маған не көрініпті! Итті ала бер. Ал
əйелім бажылдайтын болса, бұл жерден кетіп қал.
Ит үшін əйелі оған бас салды дейсің келіп... Құдай-ай, айқайлағанда
тура үйі өртеніп жатыр ма екен деп ойлағандайсын! Сонда не істеді
дейсіздер ғой! Күшіктің маған қарай бұрылып тұрғаның көріп, өзі ондай
жасай алмайтыныңа көзі жеткеннен кейін, əйел оған у берді. Бишара күшік
менің қолымда тұрып өлді. Мен өзімнің ұлымды жерлегендей қайғырдым.
Шыршаның түбіне апарып көміп едім, сол жерде тұрып көздің жасын
төктім келіп.
Сонда маған мынадай ой келген: құдай мені жалғыз етіп жаратқан екен,
енді маған бақытты болу да жоқ шығар, жалған дүниеде бір жақын адамым
жоқ, көзімен мүсіркеп енді маған кім қарайды дейсің?! Қысқасы, түні бойы
мен сол жерде, ашық аспанның астында отырдым да қойдым, құдайға
жалбарындым, маған бір аяушылық көрсетсіп деп. Содан жолға шыққанда
көргенім қолы жоқ бір бала келе жатыр, жасы ондар шамасында. "Жаббар
хақ менің сөзімді естіген екен, деп ойладым мен, өйткені бүгін түндегідей
мен еш уақытта дұға оқып, тілек тілеп көрген емеспін. Енді осы
жарымжанға көмектесейін, туған анасындай болайын; қайырды бірге
сұрайық, бірге жүрсек, көбірек жинармыз; бəлкім, осы үшін мен қайыр
сұрағанда да батылырақ болармын".
Бала алғашқы күндері риза сияқты көрінген, риза болмағанда қайтеді:
мен барлық тілегін орындаймын, тамақтың тəуірін соған беремін, соның
күніне айналып кеттім; ал ол мені қажытты, мейлі қажыта берсін,
жалғыздықтан тəуір ғой. Сөйтсем, əлгі оңбаған бала менің күшік сатып
алмақ болған жиырма франкімді біліп қойыпты да, белдігімді сөгіп, алтын
ақшамды ұрлап əкетіпті. Ойлап қараңыздаршы, қолы жоқ, бірақ ұры! Зəрен
қалай ұшпасын! Осыдан кейін өмірден тіпті безініп кеттім. Содан
түсінгенім: мен біреуді жақсы көрсем болды, дүние дереу теріс айналады!
Бір күні қарасам, Эшель жолының үстінде тауға қарай өрлеп бір сəнді
күйме көтеріліп барады, үстінде бір бойжеткен отыр, сондай сұлу тура
Мария қыз сияқты; қасында жас жігіт отыр иə, нақ соның өзі. Жігіт маған
бір экю күміс ақша тастады да, қасындағы қызға бұрылып:
– Қарашы, қандай əдемі қыз, - дегені ғой.
Бенаси мырза, жалғыз сіз ғана түсінесіз, осы бір мақтау сөздің мені
қандай қуантқаның, өйткені бұрын еш уақытта ондай сөз естіп көрген
емеспін-ді; жолаушының сол ақшаны тастамағаны-ақ жақсы еді. Білмеймін
маған не болғаның; сірə, сол сөз басымды айналдырып жіберді-ау деймін,
таудың жалғыз аяқ жолымен төтелеп жүгіре жөнелдім де, əлгі
жолаушылардан көп бұрын Эшель қырқасына шығып кеттім, ал күйме
тауға əрең-əрең көтерілді. Мен жаңағы жігітті тағы бір рет көрдім, ол
таңданып қалды, ал менің қуанғаным сондай, жүрегім көкірегімнен
шығып, ұшып кете жаздады; мен өзім түсінбеймін, сонда мені əлгі жігітке
еліктірген не нəрсе екенін. Ол мені таныған кезде, мен тағы да ілгері қарай
жүгіре жөнелдім, олар алдымыздағы Құз құлама суының қасына тоқтап,
соны қызықтар деп ойладым; өзім сол жерге жеттім де, жол бойындағы
жаңғақ ағаштарының арасына жасырынып отырдым; əлгі жолаушылар
күймеден шығып, мені тағы да көргеннен кейін, менің жай-күйімді
сұрастыра бастады, сірə, жағдайымды көріп, жандары ашыған болулары
керек.
Мен сондағы сұлу жігіт пен оның қарындасы айтқандай жылы-жылы
сөздерді өмірімде естіген емеспін, қыз — соның қарындасы екеніне менің
ешбір күмəнім жоқ. Бүкіл бір жыл бойы соларды еске алып жүрдім, солар
қайтып келер-ау деп үміттендім. Сол бір жолаушы жігітті тағы бір көрер
болсам, сол үшін бүкіл өмірімді аямас едім деп ойладым, маған ұнағаны
сондай еді.
Содан былай қарай, Бенаси мырзамен танысқанға дейін, менің өмірімде
басқа ешқандай оқиға болған жоқ; тіпті əдепкіде балға киетін көйлегі
құрғырды өлшеп көргенім үшін үйінен қуып шыққан үй бикесін де аяп,
соған өзімше кешірім жасағанмын, міне осымен біттім. Шының айтқанда,
сол əйел графиня болса да, содан артық екенімді өзім білемін, ал менің
сөзіме сіздер сенеді деп ойлаймын.
– Көрдіңіз бе, Құдай Тағала қайткенде де сізге жар болған ғой, - деген
Женеста сол үнсіздіктен кейін, - сіздің бұл жердегі жағдайыңыз тамаша
ғой, судағы балықтай қалқып жүрсіз.
Осы сөз айтылғанда қыз дəрігерге ыстық алғысқа толы көз жанарын бір
жалт еткізген.
– Шіркін, мен бір байып кетер ме едім кереметтей! - деді офицер
тебірене сөйлеп.
Бəрі де тым-тырыс.
– Сіз бір əңгіме айтамын деп едіңіз ғой, – деді қыз сыбырлап.
– Иə, айтамын, – деп жауап қатты Женеста. – Фридланд түбіндегі
шайқастың қарсаңында, – деді ол сəл кідірістен кейін, – мен тапсырмамен
генерал Дадуге барғанмын; содан қайтып келе жатқанда, жолдың
бұрылысында, императормен бетпе-бет кездесіп қалдым.
– Сен капитан Женестамысын?
– Дəл солай, сіздің жоғары мəртебеңіз.
– Мысырда болып па едің?
– Дəл солай, сіздің жоғары мəртебеңіз.
– Сен бұдан былай бұл жолмен жүрме, – деді ол, – анау тұстан бұрыл,
солға қарай: дивизияна бұдан əлдеқайда тез жетесің.
Сіздер білсеңіздер-ау, императордың сол жолы маған қандай ізгілікпен
кеңес бергенін, ал сонда өзінің жұмыстары басынан асып жатыр-ау, жер
жайын шолып, ұрыс даласымен танысып келе жатқан беті. Сіздерге осы
оқиғаны айтып отырған себебім, ол кісінің зердесі қандай екенін сіздер
білсін деп отырмын, мені де жүзбе-жүз танитының да еске сала кету. Мың
сегіз жүз он бесінші жылы мен ант бердім. Егер сол кінəм болмаса, бəлкім,
мен қазір полковник болар едім; өйткені мен Бурбондарға опасыздық
жасаймын деп ойлаған емеспін: ол кездегі менің басты ойым Францияны
қорғау. Император гвардиясының гранадерлер эскадронында командирмін;
жарақатым жаныма батып жүрсе де, Ватерлоо түбіндегі шайқаста
қылышымды біраз сермеп бақтым.
Ал бəрі біткеннен кейін мен императорды Парижге дейін ертіп бардым.
Ол Рошфорға23 аттанып кетті, мен де соның соңынан кеттім, өзінің
бұйрығына да қарағаным жоқ. Жолда кетіп бара жатқанда əp түрлі
жағдайлар кездесіп қала ма деп, сол кісіні қорғап барғаныма қуанышты
едім. Бірде серуендеп қайту үшін ол теңіздің жағалауына шыққан, сонда
мен он қадамдай жерде күзетте тұрғанмын. Қасыма таянып келді де:
– Қалай, Женеста, əлі тіріміз бе? – деді.
Сол сөзінен жүрегім езіліп кетті. Өз құлақтарыңызбен естіген
болсаңыздар, сіздер де дəл солай қалтырап кетер едіңіздер. Ол порттың
кіріс-шығыс жолдарын күзетіп тұрған құрып кеткір ағылшын кемесін
нұсқап:
– Мынаған қараймын да, өз гвардиямның қанына тұншығып өлмеген
екенмін деп өкінемін! – деді.
Дəрігер мен қызға кезек-кезек қарап алды да, Женеста сөзін қадап
айтты:
– Ол дəл солай деді. "Сіздің өзіңіздің тура шабуылға баруыңызға жол
бермей, сізді күймеге отырғызып аттандырып жіберген маршалдар сіздің
достарыңыз емес еді!" – дедім мен императорға.
– Менімен бірге жүріңіз! – деді ол маған.– Ойында біз əлі ұтылған
жоқпыз!
– Сіздің жоғары мəртебеңіз, сіздің соңыңыздан мен зор ықыласпен
еремін, бірақ бұл жолы емес, себебі менің қолымда шешесінен жетім
қалған жас нəресте бар, мен қазір бос емеспін.
Жағдай солай болды, осы Адриеннің жағдайына қарап, мен Елена
əулиенің аралына бара алмай қалдым.
– Тұра тұршы, мен саған еш уақытта ештеңе сыйлап көрген жоқ
екенмін, сен көздері көреген, қолдары алағандар қатарына жатпайсың ғой,
мына темекі сауытты алшы, соңғы жорықта жанымда болып еді. Сонсоң
өзің осы Францияда қал, ер жүрек адамдар оған да керек! Бұрынғыша
қызметіңді атқара бер де, мені ұмытпа. Сен өзім Франциядан аттанып бара
жатқанда көрген мысырлық жауынгерлерімнің көзі тірі біреуі екенсің.
Осыны айтты да, шағын темекі сауытты маған ұсынды.
– "Ар-намыс пен отан" деген сөздерді бүйіріне ойдырып жазғызып ал,
бұл сөздерде біздің соңғы екі науқанның бүкіл тарихы бар.
Сол екі арада оның қасына еріп жүрген адамдар келді де, біз ертеңгілік
уақытты түгелдей бірге өткіздік. Император жағалауда ерсілі-қарсылы жүр,
өңі өте сабырлы, тек анда-санда қабағын түйіп, маңдай терісін жиырып
алады. Түске таман кеменің кете алмайтыны белгілі болды. Ағылшындар
оның Рошфорда екенін біледі, демек, не өз еркіңмен беріліп, тұтқынға түс,
немесе бүкіл Францияны қайтадан кесіп өт. Біз қауіптене бастадық. Уақыт
өтетін емес. Наполеон екі оттың ортасында қалды: бір жағында Бурбондар,
олардың қолына түссе, дереу атып тастайды, ал екінші жағында
ағылшындар; оларға да іші жылымайды, өздерін-өздері масқара қылды;
өздерінен елдік сұраған жауды жартасты жалаңаш аралда бұғаулап тастаған
масқарасын олар енді жуып-шая алмайды. Осындай қарбаластың арасында
нөкерлерінің бірі императорға капитан Дорені таныстырды. Бұл оны
Америкаға қашырып жіберемін деген теңізші əскери болатын.
– Капитан, сіз оны қалай істемек едіңіз? – деп сұрады одан император.
– Ал былай болады, сіздің жоғары мəртебеңіз, – деп жауап қатты
теңізші, – Сіз сауда кемесіне отырасыз, ал мен өзіңізге берілген адамдармен
бірге, ақ жалау көтеріп бригпен кетемін. Сонсоң біз ағылшын кемесіне
таянып барып, бір бүйірден шабуыл жасаймыз да, оны өртеп, жарып
жібереміз, сол кезде сіз қастарынан өте шығасыз.
– Ал біз сізбенен бірге кетеміз, – дедім мен капитанға.
Наполеон бізге қарап тұрды да:
– Капитан Доре, сіз Францияға керек боласыз, – деді.
Наполеонның көңілі босағаның мен сонда бірінші рет көрдім.
Ол бізге қолын бұлғап қоштасты да, өзінің орныңа қарай кетті. Ол
ағылшын кемесіне таянып барғанда, мен де жөніме кеттім. Ол өзінің анық
өлімге бара жатқаның білді. Айлақ басында бір жансыз бар екен, сол
император осында деп жауларға белгі беріп қойыпты. Міне, сонда
Наполеон соғыс даласындағы əдепкі əдетімен ең соңғы амалын істемек
болған жаудың қарсы шабуылын күтпестен, қасқиып өзі жауға қарсы
барған. Сіз жаңа өз басыңыздың қайғысын айттыңыз, ал соны əулие тұтқан
адамдардың ашынуына тең келетін не бар дейсіз?!
– Сіздің сондағы темекі сауытыңыз қайда? – деп сұрады қыз.
– Гренобльде, мен оны қобдишаға салып сақтап қойдым, – деді офицер.
– Сіз əдейі барып көруге рұқсат етіңізші. Сізде сол кісінің қолымен
жанасқан заты бар дегенге тіпті адамның сенгісі келмейді, қолы қандай еді,
сұлу ма еді?
– Өте сұлу болатын.
– Сол кісінің өлгені рас па? – деп қыз тағы да сұрады. – Шының
айтыңызшы.
– Иə, жаным, ол кісі өлген.
– Мың сегіз жүз он бесінші жылы мен титімдей ғана едім, басындағы
қалпағын ғана көріп қалдым, оның үстіне сол жолы өзім Гренобльдеті
тобырдың аяқ астында тапталып қала жаздағанмын.
– Кофе тамаша екен, – деді Женеста. – Ал, қалай, Адриен, бұл жер саған
ұнай ма? Біздің бикешке келіп тұрасың ба?
Адриен жауап берген жоқ, қыздан қысылатын сияқты, сондықтан оған
туралап қарамайды. Дəрігер баладан көз алмай бақылап отыр, оның жан
дүниесін түгел көріп отырған тəрізді.
– Əрине, келіп тұрады, – деп сөзге қосылды Бенаси. – Қой, үйге
қайтатын уақыт болды, мен бүгін салт атпен көп жерді аралауым керек.
Мен жоқта екеуіңіз Жакотамен уəдені пісіретін боласыздар.
– Сіз бізді шығарып салмайсыз ба? – деп сұраған қыздан Женеста.
– Шығарып салғанда қандай, айтпақшы, Жакотаға апарып беретін
кейбір заттарым да бар еді-ау, – деп жауап қайырды қыз.
Бұлар дəрігердің үйін бетке алып жүріп кеткен; сол қонақтарының
ортасында тіпті көңілденіп алған қыз оларды тау ешкілерінің сүрлеуімен
тіпті елсіз иен жерлер арқылы бастап келеді.
– Офицер мырза, – деді бір кезде қыз үн қатып, – сіз өзіңіз туралы еш
нəрсе айтпадыңыз ғой, соғыс кезінде бастан кешкен бір оқиғаңыз жайында
естігім келеді менің. Наполеон жайындағы əңгімеңіз өте ұнады, бірақ
көңілге қаяу салады екен... Айтып жіберіңізші...
– Бикеш дұрыс айтады, – деп қызды Бенаси қостады. – Жолда бір қызық
оқиғаны əңгімелеп беруіңізге тура келеді. Березинадағы қырманда болған
жайттар сияқты бірдеңені еске түсіріңізші.
– Естелік деген менде көп емес, – деді Женеста. – Кейбіреулердің
басында неше түрлі оқиғалар болады, ал мен ешбір оқиғаның ортасында ер
атанып көргенім жоқ. Тоқтаңыз, иə, бірде өте бір қызық оқиғаның болғаны
бар. Мың сегіз жүз он бесінші жылы, ол кезде бар болғаны кіші лейтенант
қанамын, бүкіл ұлы армияның құрамында Аустерлицтің түбіне келіп
қалғанбыз. Ульмді бірден ала қойған жоқпыз, талай шайқастарды бастан
өткіздік, атты əскер жауға қарсы қатты-қатты шабуылдар жасаған. Мен
онда Мюраттың қол астында болатынмын; ол кісінің ешкімге ырық
бермейтіні белгілі. Науқанның бас кезінде біз меншікті орам-жайлары көп
бір жерді алғанбыз. Бір күні кешке таман менің полкым бір əсем қамалдың
айналасындағы саябаққа келіп орналасқан, иесі жап-жас бір сұлу əйел екен
өзі графиня көрінеді; мен, əлбетте, сол қамалдың ішіне жайғаспақ ойым
бар, жігіттерім мен барғанша тонап əкетпесін деп, дереу солай қарай
жөнелдім. Қонақ бөлмесіне кіріп барғанда көргенім мынадай жағдай: менің
унтер-офицерім, өзі керемет бір ұсқынсыз адам, графиняға мылтығын
кезеп тұрып, асқан дөрекілікпен одан бермесін сұрап тұр; мен қылышымды
сермеп қалдым да, қолындағы карабинін ұшырып түсірдім, мылтығы
атылып кетті де, оты айнаға барып тиді; қолымды құлаштап алып,
қылышты тағы сермедім, жаңағы басбұзар жалп етіп құлады. Графиняның
айқайы мен атылған мылтықтың даусына оның барлық қызметкерлері
жүгірісіп келіп, менің өзіме жабыла кеткелі тұр.
– Тоқтаңдар, – деді сол кезде əйел оларға немісше сөйлеп, – мынау
офицер менің құтқарушым.
Сонымен, олар кетіп қалсын... Əйел маған қол орамал сыйлады, əдемі
кестелі орамал. Мен соны қазір де сақтап жүрмін; оның айтуы бойынша,
осы орамалмен оның орам-жайына қашан келсем де орын табылады екен;
менің басыма қандай қиыншылық түссе де, өзі дос жəне қарындас ретінде,
көмекке келеді екен, қысқасы, өзінің барлық əсемдігімен пейіл білдірді. Ал
шындығында өзі атқан таңдай ажарлы, ерке мысықтай қылықты еді. Бірге
отырып тамақ іштік. Келесі күні де əйелдің қылығынан ес-ақылым
қалмады, бірақ сол келесі күні-ақ алдыңғы шепке, əлі есімде Гунцбургке
қарай кетуім керек болған, орамалды қалтама салып, жолға аттанып кеттім.
Соғысқа кірдім, тілегім біреу-ақ: "Маған оқ тисе екен! Құдай-ай, қасымнан
қаншама оқ зуылдап өтіп жатыр, солардың біреуі дарымағаны ма маған?".
Бірақ оқ бүйіріме тимесе екен деймін, ондай болса, қамалға қайтып жолай
алмаспын, деп ойлаймын. Сонда өмірден безіп жүргенім жоқ, тілейтінім оқ
қолымнан тисе екен, падишамның өзі емдеп, өзі күтіп, жазып алар еді-ау,
деген тілек. Сөйтіп, жауға қарсы жан аямай-ақ ұмтылдым. Əттең, не керек,
айқастан аман-сау шықтым. Содан əрі қарай жүріп кеттік, уақыт өте келе
графиня да ұмыт болды. Мінеки, барлық əңгімем.
Бұлар дəрігердің үйіне жете бергенде, Бенаси атына ырғып мінді де,
көзден тайып болды. Ол қайтып оралғанда, Жакота Женестаның өтінішімен
Адриенді біржола билеп алған-ды. Ол баланы Гравье мырзаның сəнді
бөлмесіне орналастырып қойып еді, дəрігер келгеннен кейін, оны
жиналмалы кереуетпен оның өз бөлмесінде жатсын деген тəртіп берді;
сөзін кесіп айтқандығы сондай, Жакота бір ауыз қарсылық білдіре алмаған.
Түстіктен кейін Бенаси офицерді таты да сендіріп айтты: көп ұзамай бала
тез айығып, тыңайып кетеді, деді. Көңілі орныңа түскен Женеста
Гренобльге қайтып кеткен.
Женеста өзінің асыранды баласын доктор Бенасиге тапсырғалы арада
сегіз ай өтті. Мінеки, желтоқсанның бас кезінде Женестаға подполковник
атағы берілді де, ол Пуатье қаласында орналасқан полкке баратын болып
бұйрық алды. Өзінің басқа жаққа кететінін Бенасиге хабарлағалы
отырғанда, оның өзінен де хат келіп қалды: дəрігер Адриеннің біржола
айығып кеткенін хабарлапты.
"Бала бұрынғыдан өсіп, ержетті, көңіл-күйі өте жақсы, – деп жазыпты
досы. – Осы уақыттың ішінде ол Бютифенің сабақтарын жақсы меңгерді,
қазір – тамаша мерген, біздің контрабандистен бір де кем түспейді; əр
нəрсеге епті, қимылы ширақ, жаяу жүріске де, салт мініске де қажымайды.
Қазір оны танымай қаласың. Он алты жасар баланы қазір жиырмадағы
жігіт дерсін, ал келгенде он екіде ғана сияқты еді ғой. Мінезі де сенімді,
еркін. Қазірдің өзінде ересек адамдай, енді болашағын ойластыра
беруіңізге болады".
"Ертең Бенасиге барып қайтамын, жігітке енді не тапсыру жөнінде
ақылдасамын", – деп ойлаған Женеста полк офицерлері өзіне арнап
ұйымдастырған кешкі қонақасыға кетті, өйткені көп ұзамай бұл
Гренобльден біржола кетпекші.
Подполковник қайтып оралғанда, қызметкері оған арнайы шабарманмен
жіберілген хатты берді, əкелген адам жауабын күтіп отырғаның айтты.
Офицерлердің өз құрметіне айтылған тостарын көтере-көтере, шараптан
əжептəуір басы айналып тұрған Женеста баласының жазуын танығаннан
кейін, тағы бір балалық тілек айтқан болар деп ойлады да, хатты үстелдің
үстіне тастай салған, соны таңертең шампанның буы тарағаннан кейін бірақ ашты.
"Қымбатты əке-тай!"
"Балам да қулана бастаған екен, — деп ойлады Женеста, керек жерінде
жарамсақтануды да біледі!".
Кенет көзіне мынадай сөздер ұшыраса кетті:
"Біздің қайырымды досымыз Бенаси қайтыс болды... "
Хат Женестаның қолынан түсіп кетті де, ол əpi қарай көпке дейін оқи
алмады.
"Ол кісінің өлімі бүкіл өлкені қасіретке бөледі; біздің өзімізге де
күтпеген жағдай болды, Бенаси мырза алдында ғана cап-cay болатын, еш
жерім ауырды деген жоқ. Алдыңғы күні, өзінің ажалын сезгендей-ақ,
барлық, науқастарды аралап шыққан, тіпті алыстағыларына да барған;
кездескен адамдардың барлығымен емен-жарқын əңгімелесіп, бəріне де:
"Қош болыңдар ", – депті. Үйге, күндегі əдетпен түстікке қарай, сағат бес
кезінде оралды. Жакота оның бетінде қара-күрең дақ бар екенін
байқапты; күн салқындау еді, сондықтан басына қан шапшыған кезде
істейтін бұрынғы əдетпен аяғын жылы суға салуы керек еді, соны
істемепті. Қазір ол байғұс екі күн бойы көз жасын көл қылып жылап
отыр: "Аяғын жылы суға салып буласам ғой, ол тірі қалатын еді", – деп
зарлайды. Бенаси мырзаның қарны ашып қалған екен, жақсылап тамақ
ішті, өзі күндегіден өте көңілді көрінді. Қайта-қайтсі күледі; ондай
күлегештігін мен бұрын көрген емен.
– Түстіктен кейін, сағат жетілер кезінде, Сон-Лоран-де-Ионнсін бір
кісі келді, науқас адамға тезірек жетсін депті. Бенаси мырза маған
айтты: "Амал жоқ, бару керек, – деді. Бірақ ішкен тамағым əбден
қорытылғанша маған салт жүруге болмайтын еді, əсіресе күн салқын
кезде, – өйте берсең, өліп кетуің де оп-оңай ". Дегенмен ол кетіп қалды.
Сағат тоғыз кезінде пошта тасушы Гогла бір хат алып келді. Жакота сол
күні кір жуып шаршаған екен, жатып қалған, – хатты маған берді де,
Бенаси мырза келген соң каминге от жағып, шай қайнатып берерсің деп
тапсырды; өйткені мен əлі де соның бөлмесінде кішкентай жиналмалы
кереуетте жататынмын. Мен қонақ бөлмедегі шамды сөндіріп, жоғары
көтерілдім, сөйтіп қадірлі досымды өзіміздің төсек бөлмемізде күтпек
болдым.
Хатты каминнің үстіне қоймас бұрын, ол кімнен келді екен деп,
сыртындағы штемпелі мен жазуына қарадым. Хат Парижден келіпті,
маған адресі əйелдің қолымен жазылғандай көрінді. Осының бəрін сізге
айтып отырған себебім, бар пəле осы хаттан болды.
Сағат онға таман aт тұяғының тықыры білінді де, Бенаси мырзаның
Никольге сөйлеген даусы естілді: "Түн қатты суық. Мен бір түрлі ауырып
тұрмын ", – деді. – "Жакотаны оятайын ба?" – деп сұраған Николь. "Жоқ,
оятпай-ақ қой". Сонсоң доктор өзіміздің бөлмеге көтерілді. "Сізге шай
əзірлеп қойдым", – дедім мен. "Рахмет, Адриен", – деді ол сіздің өзіңізге
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 19
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.