Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 05

Total number of words is 3996
Total number of unique words is 2204
34.4 of words are in the 2000 most common words
47.3 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өнімдерді өндіруге көштім. Бұл араға сырттан еш нəрсе əкелгенім жоқ, тек
қана тұрғындарды байытуға ықпал ететін өнімдерді сыртқа шығаруға
көмектестім, соның бұларға тиімді екенін көзбен көретіндей еттім. Олар өз
еңбектерінің нəтижесі арқылы менің идеяларымның жаршысы болғаның
өздері де байқамай қалды. Тағы бір жағдай. Гренобль бізден бес льедей
ғана жерде; ал үлкен қаланың маңындағы адамдар өз бұйымдарын оп-оңай
өткізеді. Қауымдардың барлығы бірдей ірі қалалармен іргелес емес қой.
Əрбір істің ретінде өлкенің дем-тынысын, оның орналасқан жерін,
мүмкіндіктерін еске алып отыру керек, жер шұрайын, адамдарының
ерекшелігін, олардың өмір салтын зерттеген мақұл; Нормандияда жүзімдік
өсіру деген сияқты ерсілікке бармау керек. Сондықтан да басқару
ұстанымдары өзге жайттардан гөрі өзгергіш келеді, Бұл жерде жалпыға
бірдей ортақ ереже жоқ. Заң атаулының үлгісі бар, ал салт-дəстүр, жер
жайы, ақыл-ой дегендер олай емес; ал елді басқару деген заңдарды адам
мүддесіне нұқсан келтірмей, жергілікті жағдайды ескере отырып қолдана
білу өнері деген сөз. Таудың арғы жақ баурайында біздің тастап кеткен
деревнямыз бар; оның жерін дөңгелекті соқамен өңдеуге болмайды;
топырақ қабаты онша қалын емес; егер қауымның мэрі жер өңдеудің біздегі
əдісіне еліктеген болса, қарамағындағы адамдарын күйзеліске ұшырататын
еді; мен оған жүзімдік өсіріңдер деп ақыл бергенмін, сонсоң былтыр
ондағы тұрғындар жүзімнен мол өнім алып, енді бізден астықты шарапқа
айырбастап алатын болды. Ең бастысы, менің ақыл айтқан адамдарым
маған сенетін болды, біз үнемі байланыс жасап тұрдық. Мен шаруаларды
аурудан айықтырдым, өйткені олар ем-домға өте бейім келеді; расында да
барлық гəп науқастарды жұғымды тамақпен қоректендіріп, əлдендіруде
ғой. Əлде үнемшілдіктен бе, немесе кедейліктен бе, əйтеуір шаруалардың
тамақ ішуі өте мардымсыз келеді де, аурудың көбі аш-арық тықтан болады;
əйтпесе жалпы шаруалардың денсаулығы жаман емес қой.
Мен өзім əу баста, бір беймағлұм жанкештілік өмір бастауға біржола
бекінген кезде, кім болсам екен деп көп толғандым: кюре болайын ба, əлде
селендік дəрігер немесе аралық судья болған дұрыс па деп. Осы үш адамды
священникті, заңгер мен емшіні халықтың кемеңгер ойы ылғи да қара
жамылғымен қосақтап жүретіні тегін емес қой, тақсыр; олардың біреуі
адамның жан жарасын емдесе, екіншісі қалта қайғысынан, үшіншісі тəн
ақауынан арылтады; сөйтіп, олар қоғамның негізгі үш тірегін бейнелейді:
ар-ұятын, дүние-мүлкін жəне денсаулығын. Бір кезде осының алғашқысы,
сонсоң екіншісі бүкіл мемлекет билігін қолдарында ұстады. Жер бетіндегі
бізден бұрынғылар адамның ақыл-ойын билеген священниктерді бірден-бір
билік иесі болуға тиіс деп ойлады, бəлкім, сол ойлары дұрыс та болған
шығар: священник ол кезде король де болды, əулие де болды, қазы да
болды; жəне ол кезде дүниенің тұтқасы адамның ұжданы мен ар-ұяты
болушы еді. Қазір бəрі өзгерді, ал біз сол заманның барын барша, сол
күйінде қабылдауға тиіспіз. Сіз өзіңіз білесіз, ал мен елдегі ағарту ісі мен
халықтың əл-ауқаты осы үш адамға байланысты деп білемін, олар өкімет
билігінің үш түрі, солардың арқасында халық іс-əрекеттердің, мүдделердің,
ұстанымдардың ықпалын тікелей сезінеді, ал соңғы үшеуі оқиғалардың,
меншіктің, идеялардың аса маңызды салдары болып табылады. Уақыт
өткен сайын өзгерістер əкеліп тұрады; меншік көбейеді немесе азаяды, сол
алуан түрлі өзгерістердің ыңғайымен барлық істі жөнге келтіріп отыру
керек тəртіп атаулының негізі осында.
Өлкені өркениетке тартып, өнеркəсіпке негіз салу үшін, жеке
адамдардың мүдделері ұлттық мүдделермен қай тұста ұштасатының, олар
қандай іс-əрекеттерден, қандай материалдық мүдделер мен ұстаныстардан
көрінетінін халыққа ұғындырып отыру керек. Мінеки мен қоғамдық
өмірдің осы жақтарымен сөзсіз тоқайласып отыратын жанағы үш
мамандық біздің заманымызда өркениеттің аса ұлы тұтқалары болуға тиіс
деп ұқтым; осы мамандықтардың өкілдері үнемі байланысты болып
отыратын мұқтаж таптардың тағдырын жақсартамын деген адал ниетті
адамға мүмкіндікті əрдайым жанағы тұтқалар ғана бере алады. Ал бірақ
шаруа адам жаныңа иман беремін деп ығыр қылатын священниктен гөрі
тəніңді сауықтырарлық дəрі беретін адамға көбірек сенеді; біреуі шаруамен
оның өзі өңдеп жүрген жер туралы сөйлеседі, екіншісі сол шаруаның қазір,
сорға қарай, түк қатынасы жоқ аспан жайын əңгімелейді; менің сорға қарай
деп отырғаным болашақ өмірге деген наным тек көңілге медет қана емес,
басқаруға көмектесетін құрал да.
Діннің қоғамдық заңдардағы шапағатын тигізетін бірден-бір күш екені
бекер ме? Таяуда біз құдайды ақтап алдық. Дін жоғалып кеткен кезде,
заңдардың орындалуы үшін үкімет лаңкестікті ойлап табуға мəжбүр болды;
бірақ ол адамда үрей туғызатын, сондықтан өткінші еді. Байқайсыз ба,
тақсыр, шаруа адам науқас кезінде немесе тəуір бола бастап, əлі де төсек
тартып жатқанда, ақылды деректерді еріксіз тыңдайды жəне жүйелеп
түсіндіргенде қапысыз ұғынады. Осы ой мені докторлыққа жетеледі. Мен
шаруалармен есеп-қисапқа отырғанда, солардың пайдасын көздедім, менің
оларға айтқан ақыл-кеңсетерім жүзеге аса келе өз идеяларымның дұрыс
екенін дəлелдеп шықты.
Халықтың көзі алдында күнəсіз болу керек. Күнəсіздік Наполеонды
жасады, егер əлем оның Ватерлоо түбіндегі жеңілісі жайында білмеген
болса, сол күнəсіздік құдай жасаған болар еді. Мұхаммед əуелі жер
шарының үштен бірін жаулап алып, содан кейін діннің негізін салушы
болған себебі оның қалай өлгенін ешкім көрген жоқ. Селендік дəрігер үшін
де, жаугерші үшін де ортақ бір заң бар: ұлт пен қауым бір өріс. Адам
барлық жерде де адам. Сонсоң тағы бір айтарым мен өзім қарыз берген
адамдарыма талапшыл болдым. Менің табандылығым болмаса, жұрттың
бəрі мені жек көрер еді. Шаруалар, өздері əккі пенде болғандықтан,
алданған жалқауларды сыйламайды. Сен өзіңді ақымақ қылуға жол бердің
бе, онда əлсіздік көрсеткенін. Басқару ісіне күш қана жүреді. Егер
науқастың бай адам екеніне көзім жетпесе, емдегенім үшін ешкімнен
ешқандай ақы алып көрген емеспін. Егер науқас адам өте зəру болып
тұрмаса, мен тегін дəрі бермеймін. Шаруалар маған ақша төлемесе де,
өздерінің борышты екендерін біледі; кейде олар өз көңілдерін көншіту
үшін менің атыма сұлы алып келеді, онша қымбат болмаса астық
əкелетіндері де болады. Ал бірде диірменші менің емдегенім үшін балық
алып келіпті, сонда мен оған айттым: "болмашы нəрсеге сонша
шығынданғаның не?" - дедім; менің бұл дипломатиямның есесі қайтады:
қысқа қарай мен кедейлерге үлестіріп беру үшін одан бірнеше қап үн
аламын. Құдай ақы, тақсыр, біздің шаруалардың жүрегі ізгі, тек оларды
қорламау керек. Мен қазір олар туралы бұрынғы пікірімді əлдеқайда
жақсарттым.
– Сізде, əрине, қиындықтар да болған шығар? - деді Женеста.
– Ешқандай да, - деп жауап қайырды Бенаси, - бір ауыз пайдалы сөзің
көке мылжың көп сөзден əлдеқайда артық қой. Істің жайымен бірге
шаруалардың өздері туралы да мен олармен кеп əңгімелестім, арасында
əзіл-қалжыңымыз да көп болатын. Алғашында олардың тыңдағысы да
келмей жүрген; ескілікті талай танымдарын өзгертуге тура келді: мен
қаланың адамымын, ал қалалықтар олардың ата жауы іспеттес. Мен осы
күреске əуелендім. Жақсылық пен жамандықты жасаушылардың арасында
бір-ақ айырма бар - ар-ұяттарының монтанылығы мен мазасыздығы, ал
еңбектері - бірдей. Егер алаяқтардың мінезі мінсіз болса, олар мойындарын
үзудің орнына миллионер болып кетер еді.
– Тақсыр, - деп дауыстады Жакота, есіктен кіре беріп. - Тамақ суып
барады!
– Мен жанағы естігендерім жайында бір ескертпе жасағым келеді.
Тақсыр, - деді Женеста докторды қолтығынан демеп алып, - Мұхаммедтің
соғыстары жөнінде мен бірде-бір дерек оқыған емеспін, сондықтан оның
əскери қабілеттері жөнінде ештеңе айта алмаймын, ал бірақ
француздардың соғыс науқаны кезіндегі императордың соғыстық
тактикасын байқаған болсаңыз, сіз оны нағыз құдай деп ойлаған болар
едіңіз. Тіпті Ватерлоо түбінде жеңіліс тапқанының өзі оның адам атаулыдан
артықша жаралғандығынан еді оны мына қара жер көтере алмады,
сондықтан оның аяғының астындағы жер жарылып кетті, бар болғаны сол
ғана. Ал қалған əңгімелеріңіздің бəріне де сөзсіз келісемін; құдай төбемнен
ұрсын деп айтайын, сізді тапқан əйелдің еңбегі əсте де еш кетпеген!
– Жə, дəмге жүріңіз! - деді Бенаси да даусын көтере жымиып.
Асхананың қабырғалары түгелдей тақтаймен шегенделіп, қоңырқай
түске боялған екен. Талдан тоқылған бірнеше орындық, буфет, сөрелі
шкафтар, шағын пеш, сонсоң кюре марқұмның əйгілі аспалы сағаты міне,
бөлмедегі бар жиһаз осы. Үстіне ақ дастарқан жайылған ас үстелінің
үстінде сəн-салтанаттың иісі де жоқ. Фаянс ыдыстар қойылыпты. Алғашқы
сұйық асқа марқұм кюреден қалған дəстүр бойынша тұздығы күшті сорпа
берілді, сірə, мұндай тағамды басқа ешбір аспазшы бабына келтіріп бұлай
əзірлей алмас деп ойлайсын. Доктор мен мейманы сол дəмді ішіп үлгірген
жоқ, ас үйге бір кісі баса-көктеп кіріп келді де, Жакотаның күңкілдегенің
елең қылмастан, ентелеп асханаға қарай өтті.
– Не боп қалды? - деді доктор.
– Əлгі біздің үйдің бəйбішесі, Виньо ханым ше, қараптан қарап отырып,
аппақ құдай болды да қалды. Бəріміздің де зəреміз зəр түбіне кеткені.
– Қайтеміз онда, - деді Бенаси сабырмен, дастарқан басынан тұруға
тура келеді.
Доктор түрегелді. Ол қаншама өтінсе де, Женеста көнген жоқ,
алдындағы алжапқышын жиып тастады да, əскери адамның əдетімен лып
етіп орнынан тұрды; иесі жоқ үстелде жалғыз отырмаймын деп үзілдікесілді айтты да, залға қарай беттеді: ептеп бой жылытып алып, сонсоң
біздің жер басып жүрген талай бейбақтарымыздың уайым-қайғысы
жайында аздап ой толғамақ.
Көп кешікпей Бенаси қайтып келді де, болашақ достар тағы да үстел
басына жайғасты.
– Табуро келіп кетті, сізбен сөйлесетін сөзім бар дейді, - бағанадан бері
тағамын қайта-қайта қыздырып, қайтадан əзірлеген Жакота есіктен осылай
деп сөйлеп кірген.
– Ауырып қалған кімі екен? - деді доктор.
– Ешкімі де ауырған жоқ, тақсыр. Өзімнің жұмыстарым жайын-да
ақылдасайын деп едім
дейді.
– Жарайды. Табуро мен үшін аяғымен жүріп жүрген философиялық
трактат, - деді Бенаси Женестаға қарап. - Осында келген кезде көз
тоқтатыңқырап қараңызшы, сөз жоқ, сізді қызыққа батырады. Күндік
жұмысқа жалданды, үнемшілдігімен жұртқа ұнады: тамақты аз ішіп,
жұмысты көп істеді. Ал енді сол пысықтың қалтасына аздаған экю қорлана
бастаған бойда-ақ, ол бұрынғыдан да жылпостануға айналды; сөйтті де,
біздің кедей кантондағы мен сенгізген жаңалықтарға ауыз сала бастады;
Табуро солардан пайда тауып, баюға айналды. Сегіз жылдың ішінде ол
қыруар дəулет жинады біздің кантон үшін қыруар, қазір онда, дəу де болса,
бір қырық мың франкідей қор бар шығар. Сіз оның қандай жолмен байып
жүргенін таба алмайтындығыңызға мен бəс тігуге бармын. Ол - өсімқор;
өсімқор болғанда нағыздың өзі, ал өсімқор болып алған себебі - кантонның
барлық тұрғындарының əрқайсысының зəрулігін пайдаланады жəне
есебінен жанылмайды; өйткені оның жұртпен жасасқан мəмлесінің
пайдакүнемдік сырын ашамын деп жүріп, мен көп уақытымды шығын
қылар едім.
Алааяқ Табуро жұрттың бəрі жер ендеуге жұмылып жатқанын
көргеннен кейін, төңіректі түгел аралап жүріп, егіс кезінде кедейлерге
тұқым беру үшін астық сатып алады. Ондайда, өзіңіз білесіз, дəл тұқым
себер кезде шаруаларға, кейде тіпті фермерлердің өздеріне де, тұқым алуға
ақша жетпей қалады. Сол кезде Табуро ағай келеді де, біреуге бір қап арпа
береді, ақысына орақ кезінде бір қап қарабидай алады; енді біреуге бір қап
бидайдың ұшығын береді де, бір қап ұн алады. Енді бұл антұрған осындай
арам сауданы бүкіл департамент көлемінде жүргізетін болды. Егер біреуміреу көлденең тұрмаса, бəлкім, ол миллион да табар еді.
Мінеки, тақсыр, бір кезде Табуро деген күндік жұмысқа зар адам
ақпейіл, елгезек, жұрттың бəріне қолқабыс тигізуге əзір тұрған сүпсүйкімді жігіт болып еді, енді табысқа бөккеннен кейін, Табуро деген
мырза пайда болды барып тұрған найсап, қырсық, тəкəппар. Байыған
сайын бұзылып барады. Еңбекқор, жұмыс басты шаруа ауқатты тұрмысқа
көшсе-ақ, немесе, ірі жер иеленушіге айналса-ақ болды, нағыз қызыл көз
пəленің өзі болады да шығады. Мынадай бір тап болады шала инабатты,
шала бұзық, шала білімді, шала сауатты ондайлар қандай үкіметті болса да
есінен тандырады. Сол тапқа тəн машықтар мына Табурода да бар: бір
қарағанда аңғал, тіпті надан, ал енді өзінің пайдасына келгенде тіпті
сұңғыла болып кетеді.
Еденді қайыстырғандай солқылдатып кірген аяқ тарсылы өсімқор
екенін айтпай сездірген.
– Кіріңіз, Табуро! - деп дауыстады Бенаси.
Доктордың жанағы ескерту сөздерін естіген офицер Табуроға қадала
қарап қалып еді, сонда көргені жүдеубас, еңкіштеу келген шаруа адамы,
дөңес мандайын қос қыртыс əжім басқан. Айналасы қарауыта дөңгеленіп,
ортасындағы кішкентай нүктеден оқтай атыла сығырайған сұрғылт көздері
ұсқынсыз ажарының ар жағынан тесіп шыққандай жылт-жылт етеді. Екі
ерні жымқырылып, тарс жұмылған, жоғары қарай имиген үшкір иегі
мысқыл үйелеген мұрнының ұшына қарай итініп тұр. Екі шықшытында
иегіне қарай терең сайланып, тағы қос əжім тартылған, оларды да бір
орында тұрақтамайтын көшпелі өмірдің тайғақтығы мен саудагердің
зымиян қулығын айтпай танытқандай. Шашы аққылшықтана бастаған.
Үстіне кигені көк түсті əп-əдемі күрте, екі жақ бүйірінде селтиген төрт
бұрышты үлкенқалталары бар, күртесінін ашық жағасынан өрнекті ақ
желеті көрінеді. Ол кірген бойда екі аяғын талтайтып тұрып, басында
добалдай шоқпары бар таяғына сүйеніп тұра қалды. Соңынан ерген
кішкентай испан иті, Жакотаның наразылығына қарамастан, бірге кірді де,
иесінің аяғына оралып жата кетті.
– Ал, кəне, қандай шаруан бар? - деп сұрады Бенаси.
Табуро ас үстелінде, доктордың қасында отырған бейтаныс адамға
күдікті көзімен бір қарап қойды да, сөзін бастады:
– Əңгіме науқас жайында емес, мэр мырза, бірақ сіз қалтаның жыртықтесігін адам бойындағы кінəраттан кем емдемейсіз ғой, сондықтан мен
сізбен сен-лорандық бір кісімен арадағы кикілжің жайында ақылдасайын
деп келіп едім.
– Сен анау аралық сотқа немесе соның хатшысына неге бармайсың?
– Е! Ойбай-ау, тақсыр, істің жайын сіз олардан гөрі жетігірек білесіз
ғой; сондықтан сіздің аужайыңызды біліп алсам, іске де əлдеқайда
батылырақ кірісер едім ғой.
– Жарқыным, Табуро, мен кедей адамдарға дəрігерлік кеңесімді тегін
беремін, ал сен секілді байдың ырың-кезек істеріне босқа уақыт кетіре
алмаймын. Далада тегін жатқан білім жоқ.
Табуро қолындағы бөркін умаждай бастады.
– Егер сен менің пікірімді білгің келсе, ал сонда сен біраз ақшаңды
үнемдейсің ғой, əйтпесе ол ақшаны Гренобльдің судьяларына санап тұрып
берер едің, сен алдымен жетімектер үйінің балаларын асырап отырған ана
Мартен деген жесір əйелге бір қап қара бидай жіберт.
– Ойбай-ау, тақсыр, ол не дегеніңіз, сіз айтсаңыз болды, мен оны қуанақуана жіберемін ғой. Ал енді өз шаруамды айтамын деп, алыстан келген
мейманды мезі қылмас па екенмін? - деп Табуро Женеста жақты нұсқап
қойды.
– Сонымен, əңгіме мынадай, тақсыр, - деді ол Бенасидің мезіретімен
сөзін жалғастырып, осыдан екі ай бұрын маған Сен-Лоранның бір адамы
келіп айтады: "Табуро, сен маған жүз отыз қадақ арпа сатпас па едін?" дейді. - "Неге сатпайын", - деймін мен. – Бұл менің кəсібім. Осы қазір керек
пе?"- "Жоқ" - дейді ол, - көктемге қарай: жаздық дақылдарды себер кезде" "Жарайды-ақ". Міне содан кейін бағасы жөнінде біраз салғыластық та,
ақыры қол соқтық; ол маған барлық арпаның Гренобльдегі қазіргі бағасы
бойынша толық құның төлейді; ал мен болсам, астықты оған наурыз
айында табыс етемін, əрине, шашылған-төгілгенін есепке ала отырып. Ал
енді арпа дегеніңіз, тақсыр, барған сайын шығандап қымбаттап барады,
қысқасы, ол қайнаған сүттің бетіңдей көтеріліп кетті. Ақша маған қазір өте
қажет, сондықтан жаңағы арпамды аламын да басқа біреуге сатамын.
Кімнің қандай дауы бар, солай емес пе, тақсыр?
– Жоқ, ол арпа енді саған тиісті емес, - деді Бенаси. - Ол сенің қоймаңда
жай сақтаулы ғана тұрған. Сондықтан, егер арпа арзандап кетсе, сен оны
жаңағы келісілген бағамен ал деп зорлай аласың ба?
– Олай болған күнде, ана жүгірмек маған түк те төлемейтін болады ғой.
Кім өзіне қастық ойлайды? Қып-қызыл пайда өзіңнің қолыңа келіп
тұрғанда, одан құр қалатындай не көрініпті? Оның үстіне тауар сенікі,
бірақ ақшасын төлегеннен кейін ғана. Солай емес пе, офицер мырза? Сіздің
əскерде қызмет еткеніңіз көрініп-ақ тұр.
– Табура, - деді Бенаси даусын салмақтай сөйлеп, - сен бұл істен
ұтыласың. Арамдық үшін құдай ертелі-кешті бір жазаламай қоймайды.
Апыр-ау, мына сен секілді ісін адал жүргізетін білгіш, сауатты адам біздің
өлкеде қалай ғана арамдықтың үлгісіне айналып кетті. Сен осындай даудамайға жол берсең, кедей байғұстар моп-момақан болып, сені ұрлапқарламасын дейсің бе? Батрақтар сенін жұмысыңды істемей, алжайларына
қыдырып жүретін болады, сөйтіп жұрттың бəрі ар-ұяттан айырылады.
Сенің бұл ісін жөн емес. Тауарын бір рет сатылды. Егер сен-лорандық
шаруа арпаны сол бойда алып кетсе, сен оны қайтып ала алмас едің ғой;
демек, сен өзіңе тиісті емес затқа иелік етемін дейсің; сенің арпаң баяғыда
ақшаға айналып кеткен, сенің өз ықтиярыңмен. Ал, айта бер.
Женеста докторға қарағанда, оның көзінде Табураның шылп етпеген
бетіне үй иесінің назарын аударғысы келгендей сыр бар еді. Расында да,
Бенаси жаңағыдай тойтарыс бергеннен кейін де өсімқордың бет-ажары
сазарған күйінен бір танған жоқ. Маңдайына бір тамшы қан жүгірген жоқ,
сығырайған көздері де міз бақпайды.
– Былай етсем, тақсыр: мен арпаны өткен қыстағы бағасына беремін
деп міндетіме алып едім; қазір ойлап отырмын, арпаны бермесем деп.
– Бері қаратты, Табуро: сен арпаны тезірек жөнелт, əйтпесе сен жұрт
алдында абырой-беделден ада боласың. Тіпті осы дауды өз пайдаңа
шешкен күнде де сен ар-ұяты жоқ, сөзінде тұрмайтын екі жүзді адам деген
атаққа қаласың...
– Жə, мейліңіз білсін, мені алаяқ деңіз, жауыз деңіз, ұры деңіз. Қызу
үстінде адам не айтпайды, мэр мырза, оған несіне ренжиін. Мəмле ісінде
əркім өз пайдасын ойлайды.
– Сен жаңағыдай атаққа өзін ұрынғалы тұрсын.
– Ойбай-ау, тақсыр, заң менің жағымда болса не істейін...
– Заң сенің жағында болмайды.
– Сіз соны рас айтып отырсыз ба, шынымен солай ма, тақсыр? Қалай
дегенмен, оңай шаруа емес қой.
– Əлбетте, расы сол. Үстел басында босқа отырмас едім, саған
заңдардың жинағын зорлап оқытар едім. Егер бұл іс сотқа баратын болса,
сен ұтыласың; сонсоң бұл үйге аяқ баса алмайсың: мен өзім сыйламайтын
адамдарды қабылдамаймын. Сен даулассаң жеңілесің. Түсіндің бе?
– Жоқ, тақсыр, жеңілмеймін, - деді Табуро. - Білесіз бе, мэр мырза,
арпаны берешек адам мен емес, сол сен-лорандықтың тап өзі, одан мен
сатып алғанмын, енді сол менің тауарымды жеткізіп беруден бас тартып
отыр. Мен осы істі ұтамын ба, жоқ па, тек соны білуге ғана келгенмін;
соттың орындаушысына содан кейін барайын, қалай шығындансам да
сонсоң көрейін деп ойлағанмын.
Женеста мен доктор бір-біріне қарасты, бірақ мына сияқты сотты іс
жайындағы шындықты білгісі келіп, өсімқордың ойдан шығарған мына
қулығына таң қалғандарын екеуі де білдірмеді.
– Жарайды, Табуро, олай болса, сенің сен-лорандық мəмлесінде ұят
болғаны; ондай адамдармен мəмлеге барудың ешқандай қажеті жоқ.
– Ей, тақсыр-ай, нақ сондай адамдар ғой осындай істің мəн-жайын
жақсы білетін.
– Сау бол, Табуро.
– Əміріңізге құлдық, мэр мырза жəне оның ақ пейіл бастасы.
– Ал, қалай, - деп сұрады Бенаси өсімқор кеткеннен кейін, - Парижде
болса, жаңағы адам тез арада миллионер бола алар ма еді?
Түстіктен кейін доктор мен оның мейманы қонақ бөлмеге қайтып
оралды да, бүкіл кеш бойы, əбден ұйқыға кеткенше, соғыс жайында, саясат
жайында əңгімелесумен болды. Бір сөздің ретінде Женеста ағылшындарды
өлердей жек көретінін білдірді.
– Тақсыр, - деді доктор бір кезде, мен үйімдегі мейманымды кім деп
ойлайын, соны сұрауға рұқсат етіңізші.
– Менің аты-жөнім Пьер Блюто деп жауап қайырды Женеста, мен
капитанмын, полкым Гренобльде.
– Жарайды, тақсыр. Гравьенің осында өткізген өмір салтын қабыл етер
ме едіңіз? Ертеңгісін, сəскелікті ішкеннен кейін мен өлкені аралап
кеткенде, ол кісі маған шын ықыласымен еріп жүрер еді. Менің
шұғылданып жүрген ісім соншалықты қара дүрсін, сондықтан ол сізге ұнай
қояр ма екен, оған көзім жетпейді. Жəне сіз өзіңіз де жер иесі емессіз,
деревняның мэрі де емессіз; басқа жерлерде жүргенде көзіне түспегендей
қызықты еш нəрсені бұл жерден көре алмайсыз; айнала лашық үйлер —
бірінен-бірі айнымайды; бірақ оның есесіне таза ауа жұтасыз, оның үстіне
серуенге шыққанда сіздің бір мақсатыңыз болады.
– Сіздің ұсынысыңызға мен сондай қуанышты екенімді жеткізе
алмаймын; өзім де осындай өтініш білдіргім келіп еді, бірақ сізді ығыр
қыламын ба деп именгенмін.
Үй иесі Женестаны екінші қабатта қонақ бөлменің үстіндегі бөлмеге
ертіп апарды; айтпақшы, жаңағы ойдан шығарылған фамилияны атамай-ақ,
аты-жөнін осы күйінде қалдырамыз.
– Түу, мынасы жақсы болды ғой, - деді Бенаси ақырын сыбырлап.
Жакота сіздің бөлмеңізге от жағып қойыпты. Егер сізге əлде бір нəрсе
қажет болса, бас жақта құзырыңызға жез қоңырау дайын тұр.
– Бұл жерде не қажет болсын! - деді Женеста ағынан жарылып. - Тіпті
мына жерде отырып аяқ шешетін орындық та тұр екен. Ондайдың қадірін
тек байырғы жауынгер ғана біледі. Соғыста жүргенде, тақсыр, осы бір ант
ұрған аяқ киіміңді шешіп қоятын мүмкіндік болмай, арманда жүретін
кездерің болады. Бірнеше жорықтан кейін, əсіресе ұрыстан кейін, аяғын
ісініп кетеді де, - малмандай су болған етігіңнен оны суыра алмай сілен
қатады, сондықтан көбінесе етікшең ұйықтауға тура келеді. Салт басын
жүргенде, бұл оншама киын да емес.
Өзінін бұл сөзіне ерекше мəн бергендей, офицер қулана көзін
сығырайтып қойды да, тан-тамаша болып, бөлменің ішін көзімен шола
бастады: іші өте жайлы, тап-таза, ішінің жиһазы да бір сыдырғы сəнді.
– Қандай тамаша! - деді ол. - Сіздің өзіңіздің төсек бөлмеңіз де өте əсем
болар?
– Қаласаңыз кіріп көріңіз, - деді доктор да, - мен сізге көршімін,
арамызда тек баспалдақ қана бар.
Женеста доктордың жатын орныңа кіріп барып, жартылай қаңырап
тұрған бөлмені көргенде қайран болды; жалан қабырғаларына қоңырқай
өрнекті сарғыш түсқағаз жапсырылыпты, оның да əр жерінін өні кетіп
қуарып қалған. Қожыр-қожыр етіп лақпен боялған темір кереует, жоғары
жағынан бойлап тартылған белдіктен төмен қарай салбырата қоңырқай
түсті екі коленкор перде түсірілген, еденде жіп-жінішке төмен қол кілемше,
өзі əбден қырқылып тозған, осының бəрі ауруханадағы жағдайды көзге
елестететін еді. Кереуеттің бас жағында түнде шырағдан қоятын төрт аяқты
кішкентай үстел тұр, оның жоғары-төмен жылжып тұратын қақпақшасы
əрілі-берілі қозғалған сайын қолтоқпақтай тақ-тақ етіп тұратын тəрізді.
Енді осы көрініске үш орындықты, сабаннан тоқылған екі креслоны,
жаңғақ ағашынан істелген комодты, оның үстінде тұрған леген мен бір
бүйірі шытынап кеткен құмыраны (сірə, су құятын болуы керек), оның
жиегін қорғасынмен əдіптеген қақпағын қосыңыз. Каминге от жағылмапты,
сақал-мұрт қыратын ұстарасы қабырғаға жіппен іле салған ескілікті
айнаның алдындағы каминнің сырлы тақтайы үстінде жатыр. Тазалап
сыпырылған еденнің əр жері қырылып, ойылып, кедір-бұдырланып қалған.
Екі терезеге тағы да коленкор перде ұсталыпты, етек жақтарында жасыл
шашақтары жалбырайды. Бөлме ішіндегі мүліктің бəрі, тіпті үстінде сия
сауытпен парақ-парақ қағаздар, қаламұштар жайрап жатқан дөңгелек
үстелге дейін, осылардың бəрі-бəрісі Жакотаның ұқыптылығымен
сақталып тұрған мінсіз тазалыққа қарамастан, бұл бөлмеде тұратын адам
кəдімгі монахтың жанкештілігімен өмір сүретінін, заттан гөрі сезімге
көбірек берілетінін айтпай-ақ дəлелдеп тұр.
Есік ашылған кезде, офицер доктордың кабинетін көрді, ол, сірə, мұнда
да тым сирек бас сұғатын болуы керек. Өйткені ондағы көрініс те дəл
жаңағы төсек бөлмесіндегідей. Шаң басқан бірнеше кітап дəл сондай шаң
басқан сөрелерде шашылып жатыр; ал дəріхананың таңбалы қағазы
жапсырылған шыны шишаларды көргенде, кісінің басына бұл жерде жалпы
ғылымнан гөрі дəрі дайындауға көбірек көңіл бөлінеді-ау деген ой келер
еді.
– Сіздің бөлмеңіз маған тиген бөлмеден неге соншалықты өзгеше деп
сұрағыңыз келеді-ау, шамасы, - деді Бенаси. - Оның себебі, үйіне қонақ
болып келген таныстарына адамның ұсқының алатын ескі айна ұсынған
адамдар үшін мен өлердей ұяламын; ондайда мейманы əлгі айнаға қарап
тұрып; апыр-ай, мен қалай семіріп кеткенмін деп немесе мен осынша
жүдегенмін бе деп таңданар еді, немесе: мен өзім ауру емеспін бе, əлде бір
жын ұрып кетті ме деп, өзінен-өзі қуыстанар еді.
Біздің достарымыз келе қалғанда, солардың уақытша болса да тұратын
орнының жайлы болғаныңа не жетсін? Қонақжайлықты мен өз басым
мінездің жомарттығына санаймын, тіпті бақытқа балаймын, кең пейілдің
көрінісі деп ойлаймын; сіз мұны қай жағынан алып қарасаңыз да, тіпті
мақтаншылықтың сыңайы деп есептесеңіз де, мұның өзі келген досыңызға
жылы шырайыңыз бен ақ пейіліңіздің белгісі болып көрінбес пе еді?
Мінеки сіздің құзырыңызда сəнді салтанат, түкті кілем, қымбат
перделер, сағат, өрнекті тұғырға орнатылған шырағдан; сіздің құзырыңызға
анау елгезек Жакота, сізге арнап түнде киетін мынау жап-жаңа башмақты
алып келіп жүрген, əрине, сол; стақанға құйып сүт, бой жылыта ма деп
грелка əкеліп жүрген де соның өзі; кюре марқұм қайдан тауып əкелгенін
құдай білсін, əйтеуір дəл мынадай жұмсақ креслода сіз бұрын шірене
шалқайып отырмаған боларсыз; иə, шыныңда да, егер сіз əрі сапалы, əрі
сəнді жəне ыңғайлы бір нəрсе іздесеңіз, алдымен шіркеуге барыңыз.
Қысқасы, сіздің төсек бөлмеңіз өзіңізге ұнар деп ойлаймын. Сіз
сырғыған ұстараны да, иісі жұпар аңқыған сабынды да, үй ішінде
кездесетін жанға жайлы не бір қадірлі заттардың бəрін де осы жерден
табарсыз деп ойлаймын. Ал, қымбатты Блюто мырза, қонақжайлық
жөніндегі менің бұл пікірім біздің бөлмелердің арасындағы
айырмашылықты əлі де толық түсіндіре алмаған болса, онда күні ертең,
менің үйімде топырлаған жұртты көргенде, төсек бөлмем мен
кабинетімдегі сиықсыздық себебін сонда түсінерсіз. Сонсоң, мен өзім де
үйде омалып отыра беретін кісі емеспін, үнемі жол үстінде жүремін. Ал
егер үйде болсам, дамылсыз шаруалар келіп жатады: менің жаным да, тəнім
де соларда, мына баспана да солардың қарамағында; сондықтан менің
сыпайылықты ойлауға да немесе сол бір биязы жандар үйімнің сəнін бұзып
кетті-ау деп қынжылуға да мұршам болмай қалады. Сəн-салтанат деген
жеке сарайларға, орам-жайларға, будуарларға9 немесе дос-жарлар үшін
жинастырылған бөлмелерге ғана лайық. Сонымен бірге, мен бұл жерде
түнеп қана шығамын, сондықтан маған жылтыраған байлық не үшін керек?
Тегінде, мына жалған дүниеден менің қаншалықты мезі болғанымды сіз
білсеңіз-ау!..
Бұл кісілер бір-біріне жылы жүзбен қайырлы түн айтысып, құшырлана
қол қысысты да, дем алуға кетті. Офицер бірден үйықтай алмай, жаңағы
кісі туралы ойға кетті, мұның ойында оның барған сайын тұлғаланып бара
жатқаның сезінді.
II тарау
ДАЛА КӨРІНІСТЕРІ
Атты əскердің өз атына деген үйірсектігі Женестаны таңсəріде
төсегінен тұрғызып алып, атқораға қарай жүгіртіп еді, бір тəуірі Николь
оның үстін мұнтаздай қылып тазалап қойған екен.
– Тұрып кеткенсіз бе, Капитан? - деді таңданып, оған қарсы жолыққан
Бенаси, əскери адам деген осы; сізге деревняның таңы да маза бермейді
екен.
– Өзіңіздің көңіл күйіңіз жақсы ма? Женеста оған жауап берудің орныңа
қарсы сауалмен достық қолын ұсынды.
– Менің көңіл күйім ешуақытта шындап жақсы болған емес, - деген
Бенасидің жауабында да əзіл-шыны аралас еді.
– Қалай ұйықтадыңыз, тақсыр? - деп Женестаға арнаған сауалымен енді
Жакота сөзге араласты.
– Құдай ақыңа, сұлу бике, сіздің салғаныңыз қалыңдықтың төсегінен
бір де кем болған жоқ.
Бұл сөзге мейманасы тасыған Жакота екі еркектің соңынан еріп келеді.
Олардың үстел басына жайласып жатқандарын көріп, ол енді Никольге
қарады:
– Расында да, офицер мырза кербез серінің өзі екен, ə!
– Несін айтасың! Қазірдің өзінде қолыма қырық суды ұстата салды!
– Алдымен қайтыс болған екі кісінің үйіне кіріп шығайық, - деді Бенаси
асханадан шыға бергенде қонағына, - Рас, өзінің жанама құрбандарына
көңіл білдіріп жүру докторларға лайық емес; бірақ мен сізді екі үйге ертіп
апарайын, сонда сіз адамның табиғаты жөнінде екі түрлі ғибратты əсер
аласыз. Сол көріністерді көргеннен кейін, тау халықтарының өз сезімдерін
білдіруде қыр адамдарынан қаншалықты өзгеше екеніне көз жеткізесіз.
Біздің кантонның бір бөлегі таудың биік құздарын мекендейді, міне
солардың кейбір дəстүрінен ескіліктің иісі аңқып тұрады, кейде тіпті таптаза таураттың жоралғыларына тап боласын. Тау жоталарының бойымен
тартылған шекараны табиғаттың өзі сызып бергей бе дейсін, -сол
шекараның екі жақ беті бір-біріне тіпті ұқсамайды; жоғарыда күш бар, ал
төменде -əдіс; жоғарыда үлкен сезімдер бар, ал төменде - өзімшіл ойлар.
Ажуй аңғарын есепке алмағанда, соның солтүстік жағында жарыместер
тұрады да, ал оңтүстігін ақылы асқандар мекен етеді; солардың арасын
бөліп тұрған жалғыз бұлақ қана, ал енді айырмашылықтары жер мен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 06
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.