Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 09

Total number of words is 4014
Total number of unique words is 2196
36.8 of words are in the 2000 most common words
50.7 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бұлақ бойында сəмбі талдар өсіп тұр. Арт жақта бук, шырша ағаштары
қарауыта тұтасып, солардың шенінде үй тіпті сəнді көрінеді.
Бұл кездегі ауаның өзі де тау жақтан, бақша ішінен аңқыған жұпар
иісіне толы. Сонау көкжиекте ашық, мөлдір аспанға ақбұлттар жинала
бастаған. Алыстағы шындар да батар күннің анық алқызыл шапағына
бөлене, тіпті əсем көрінеді. Жоғарыдан қарағанда, бүкіл аңғар алақанға
салғандай айқындала түскен; Гренобльден бастап сонау доғадай иілген
жартасты қырқаның түбінде айдын көлдей боп жайылып кеткен өзенді
кеше ғана Женестаның өзі кесіп өткен. Алысырақта, үйдің жоғары жағында
бойшаң теректер тізіліп тұр бұл селеннен Гренобльге қарай тартылған
үлкен жолдың сүрлесі. Ал селеннің өзі қиғаштап түскен күн сəулесіне
бөленіп, алмастай жарқырайды, соның барлық терезелерге шағылыса
жарқыраған ұшқындары қызыл күрең нұр шашады. Женеста осы керемет
көріністі көргенде, атының басын тежеп, аңғар бойында шашылып жатқан
құрылыстарға, жаңадан қатар түзеген поселкеге жəне жаңағы қыздың үйіне
қарай қолымен нұсқап, таңданып қалған.
– Бір мың сегіз жүз он бесінші жылы Ваграмда жеңіске жетіп,
Наполеонның Тюльриге қайтқан кезінен бермен қарай, - деді ол күрсініп,
басқа ешбір нəрсе менде мұндай тебіреніс туғызған жоқ еді. Тақсыр, осы
қуаныш үшін мен сізге қарыздармын, өйткені селенді жердің мұндайлық
əсем көркін көре білуді маған сіз үйреттіңіз.
– Иə, деп жауап қайырды доктор мырс етіп, қалаларды жаулағаннан гөрі
оларды салған дұрысырақ!
– Қойыңыз, тақсыр! Мəскеудің алынуы мен Мантуяның құлауы ше?
Мұның не екенін сіз қалайша білмейсіз! Немесе біздің ерлік даңқымыз
барлық француздардың мерейі емес пе еді? Сіз жақсы адамсыз, Наполеон
да жаман адам болмайтын, сіздер ұнасқан болар едіңіздер; егер Англия
болмағанда, біздің император құламайтын еді; енді мойындауға болатын
шығар, ол өлді ғой: мен оны құрметтейтін адаммын. Бұл жерде
бұқпантайлап сығалайтындар жоқ шығар, - деді офицер жан-жағына қарап
қойып. Қандай дара билікші еді шіркін! Адамдарды қандай танушы еді.
Сізді ол мемлекеттік кеңеске тағайындаған болар еді, өйткені ол нағыз
билікші болатын, үлкен билікші болатын; ең арғысы, соғыстан кейін
əркімнің оқшантайында қаншадан оқ қалғанына дейін біліп отыратын.
Қайран да қайран ерім-ай! Сіз маған дімкəс қыздың жайын əңгімелеп келе
жатқанда, мен оның Елена əулие аралында дүниеден өткенін ойладым. Беу,
ат арқасында шоқытып жүретін жөне шалқайып тақта отыратын адамға
сондай ауа райы мен сондай баспана қайдан дөп келсін? Бағбандықпен
айналысыпты дегенді айтып жүр жұрт. Тəңірім-ай! Сол капуста отырғызу
үшін жаралып па екен?! Біз енді Бурбондарға қызмет етуіміз керек, адал
қызмет етуіміз керек, тақсыр, өйткені, кеше сіз дұрыс айттыңыз: Франция
қалай дегенмен де түбінде Франция күйінде қалады.
Осы сөздерді айта келіп, Женеста атынан түсті де, Бенасидің істегенін
істеп, атын тізгінінен ағашқа байлай берді.
– Үйінде жоқ болғаны ма? - дейді доктор, қыздың табалдырық алдында
тұрмағаның көріп.
Бұлар үйге кірген, бірақ төменгі қабаттың бөлмесінде ешкім көрінбеді.
– Сірəғысында, екі бірдей салт аттының желе шоқытып келе жатқаның
көріп, - дейді Бенаси жымия күлімдеп, – жоғарыға кеткен той телпішегін
киіп, белбеуін буынбақ болып, қысқасы, сəнденіп шықпақ ниетпен.
Сөйтті де, ол Женестаны төменде қалдырып, өзі үй иесін іздеп кетті.
Офицер енді төрті бөлмені көзбен шолып, қарай бастаған. Қабырғаларға
алқызыл раушан гүлдерінің суреті салынған қоңыр түс қағаз
жапсырылыпты, еденге кілем орныңа өрме жөке төселген. Орындықтар,
кресло, үстел түгелдей ағаштан жасалған, бірақ сырланбаған. Бөлме ішін
əшекейлеп тұрған нəрселер: сəмбі талдың бұтағынан шеңберлеп тоқылған,
сонсоң гүлкүлтелері мен мүк араластырып өрнектелген құмыра-жəшіктер,
терезелерде селдіреген ақ перделер, олардың етегін əдіптеген қызыл
шашақтар. Камин үстінде айна, екі шамның ортасында жылтыр фарфордан
жасалған ваза; креслоның қасында шырша ағашынан жасалған жадағай
орындық, үстел үстінде пішілген маталар, шала тігілген көйлек; сонсоң
тігіншінің ең қажетті мүліктері: зат салатын кəрзеңке, қайшы, ине-жіп,
тағысын тағылар. Бəрі де теңізден жаңа ғана шығарылған ұлутас сияқты
жалтырап тұр. Қарсыда, дəліздің арғы басында, басқышқа таман ас үй
көрінеді. Шамасы, жоғарғы қабатта да осы сияқты екі бөлме болуы керек.
– Жарайды, несіне қорқасыз, - деп қызға айтылған Бенасидің сөздері
естілді. Жүріңіз, барайық та!
Осы сөздерді естіген бойда Женеста аяғын жылдам басып, бөлмеге
оралды. Міне, енді денесі жіп-жіңішке, сымбатты қыз келді кіріп,
қысылып-қымтырылғанда екі беті қызарып кеткен; үстінде селдір жұқа
матадан тігілген алқызыл көйлек, етегінде неше түрлі желбіршектері бар.
Бет-ажары ептеп жайылынқырап келіп, кейбір қазақ-орыс қыздарына ұқсап
кететін сияқты, мұндай бейне француздарға 1814 жылғы қайғылы
қырғыннан бермен қарай таныс. Расында да, қыздың танауы солтүстік
қыздарының көпшілігінде болатындай ептеп таңқиынқырап біткен, аузы
үлкен, иегі қушық, қолдары қызарып кеткен, аяқтары нағыз шаруа
қыздарыныкіндей ірі, жалпақ. Жел мен күннің өтінде жүргенімен, беті
күнге күймеген, қан-сөлсіз ашаң, кəдімгі қуарған шөп сияқты; бірақ бұл
ашаңдық алғашқы бір қарағандағы əсер, сонысымен де тартымды; ал
көгілдір көздерінің жанарында жабыққан мұң; қимыл-қозғалысы нəзік,
даусы жұмсақ, бет əлпеті дəл доктордың əсірелеп айтқаныңдай бола
қоймаса да, офицер қалай дегенмен де ажарынан өмірдің көп тақсіретін
тартқан ерекше, дімкəс адамның кейпін танығандай болды. Қыз келген
бойда шымтезек пен қураған бұталардан жеделдете от жағып жіберді де,
креслоға келіп отырып, тігіп жатқан көйлегін қолына алды; сөйтті де,
қонақтың көзқарасынан қаймыққандай, көзін төмен салған бойы отырып
қалды; сырт көзге жайбарақат көрінгенімен, қысылғаны байқалып тұр;
əсіресе бір көтеріліп, бір төмен түсіп, тербеліп тұрған көкірегі; Женестаға
кереметтей əсем көрінгені де осынысы еді.
– Ал, менің қадірменді қызым, шаруа жүріп жатыр ма? - деп сұрады
Бенаси, көйлекке деп кесіліп-пішілген мата қиындыларын аударыстырып
тұрып.
Қыз докторға əрі қысылып, əрі қиыла өтінгендей рай білдіріп жауап
қатқан:
– Маған ұрыса көрмеңізші, тақсыр, бүгін бір көйлекті де бітіре
алмадым, сіз өте зəру адамдарға керек деп мұқият тапсырсаңыз да; күн
бүгін тіпті тамаша екен, серуендеп кеттім де, саңырауқұлақтың нешеме
түрін теріп, Жакотаға апарып бердім; ол кісі де сондай қуанып қалды: бүгін
сіздерде түстікке қонақтар болады екен ғой, соны білгендей апарғаным
қандай жақсы болған! Өзім де сезіп едім, бүгін саңырауқұлаққа бару керек
екенін.
Осыны айтты да, қыз іс тігуге кірісті.
– Үйіңіз өте жақсы екен, бикеш, - деді оған Женеста.
– Тіпті де менікі емес бұл үй, тақсыр, қыз көзін бейтаныс адамға қарай
бір төңкеріп тастады да, сол үшін өзі де қысылғандай, екі беті дуылдап
кетті. Бұл үйдің иесі Бенаси мырза.
Қыз енді монтаны көздерін докторға қарай аударған.
– Балапан-ау, сіз өзіңіз де жақсы білесіз ғой, бұл үйден сізді ешкім де
қуып шықпайтының, - деді доктор қызды қолынан ұстап тұрып.
Қыз кенет орнынан ұшып тұрды да, бөлмеден жүгіріп шығып кетті.
– Ал, кəне-е, қыз сізге ұнай ма? - деп доктор енді офицерге қарады.
– Байқайсыз ба, - деді Женеста, – өзінде бір тартымдылық бар. Мекенжайын да ұядай қылып, келістіре жасаған екенсіз.
– Несі келіссін! Түс қағаздардың бағасы он бес-жиырма судан аспайды;
тек таңдауы келіскен деп айта беріңіз, сол ғана. Ағаш жиһаздар есепке
кірмейді; оны тек ризашылық көңіл үшін кəрзенкеші шебер жасап берді.
Терезе перделерін бірнеше көлең қорқиықтарынан құрастырып,
бикешіміздің өзі тігіп алды. Үйдің де, ішіндегі қарапайым көріністің де
ұнап тұрған себебі сіз оны тау арасында, бір йен түкпірде бірінші рет көріп
тұрсыз, мұндай мекен-жайды кездестірермін деп тіпті ойлаған жоқсыз; бұл
жерде көз тартып, көңіл аударар бір нəрсе табылар деп те күткен жоқсыз;
ал бұл жердегі барлық құпияның сыры үй мен табиғаттың бір-бірімен
кереметтей үйлесім тапқандығында; қараңызшы, табиғаттың өзі бəрін
қолмен қойғандай қылып, бір жағынан бұлағын сылдыратып, енді бір
жағынан қатар-қатар ағаштарын тізіп, анау кең көкорайда неше түрлі
шөптерін өсіріп, хош иісті гүлдерін жайнатып қойған. Иə, сізге не боп
қалды? - деп сұрады Бенаси қыз қайтып келген бойда.
– Ештеңе де болған жоқ, жай-жай, - деді қыз, қорадағы тауықтар шығып
кетті ме екен деп...
Қыз жорта айтқан, доктор соны сезіп қалып, құлағына сыбырлады:
– Жыладыңыз ба?
– Бөтен адамның көзінше сіз ондай əңгімені несіне айтасыз? - деп қыз
реніш білдірген.
– Бикеш, - деді сол кезде Женеста, - сіз томағаңызды бекер тұйықтай
бересіз; мынадай жайлы орын, құтты мекенде сізге күйеу ғана жетіспей
тұр.
– Оныңыз рас, - деді қыз мұңайып, - бірақ мен не істейін, тақсыр?
Кедейлігіме қарамай, керіктігім бар. Қырда жұмыс істеп жүрген күйеуге
тамақ тасығым келмейді, атқосшы болуға да зауқым жоқ; жақсы көретін
адамын кедейліктің тақсіретін тартып, шығар жол таппай жүргенін көріп
отырудың несі жақсы? - Оның үстіне, бала басты болып, күйеуіңнің ескісін
жамап-жасқап отырсаң. Кюре мырзаның бір айтқаны бар еді: христиан
əйеліне ондай ойлар жараспайды деп; оны мен өзім де жақсы білемін, бірақ
амал қайсы? Кей-кейде мен қатқан қара нанға қарап отырсам да, тек əйтеуір
түскі астын əуресіне түспесем екен деп ойлаймын; ендеше менің сол
мінезім күйеуді көрге апарып тықсын дейсіз бе? Менің бабымды табамын
деп жүргенде, жұмыстан зорығып кетсе, сол əділдік болар ма еді? Жоқ,
мені құдайдың өзі жазалап, жалғыздыққа бұйырған болар.
– Оның үстіне, менің бұл еркетайым жаратылысынан жалқау, - деді
Бенаси, - оған да қону керек. Ал енді осы əңгімелердің барлығының түйіні
бұл əлі ешкімге ғашық болмаған, -деп сөзінің аяғын əзілге айналдыра
күлді.
Сəл отырғаннан кейін доктор орнынан тұрды да, сыртқа шығып кетті:
– Сіз, сірə, Бенаси мырзаны өте жақсы көретін боларсыз? - деп сұрады
Женеста қыздан.
– О, əрине, тақсыр. Бір мен ғана емес, бұл жердегі жұрттың бəрі ол
үшін отқа түсіп, суға кетуге бар. Бірақ ол тек басқаларды ғана емдейді, ал
өзінің бойында бір дауасыз сырқат бар. Сіз оған доспысыз? Білесіз бе бұл
кісіге не болғаның? Осындай адамды айықпас дертке ұшыратқан кім екен?
Шыныңда бұл кісі жер басып жүрген құдайдың өз бейнесі. Таңертең
қасынан жанасып өткен жердің егіні қаулап шыға келеді жұрттың көбі
соған сенеді.
– Ал сіз сенесіз бе?
– Тақсыр, мен оны бір рет көрсем болды...
Қыз өзінен-өзі қысылып, бөгеліп қалды да, қайтадан сөйледі:
– Сол күні күндікке көңілді жүремін.
Қыз басын төмен салбыратып жіберді де, жалма-жан қайтадан инежіпке кірісті.
– Ал, қалай? Наполеон туралы айтты ма сізге капитан? - деп сұрады
үйге қайта кірген доктор.
– Сіз Наполеонды кердіңіз бе? - деді қыз жұлып алғандай, офицердің
өңіне қарағанда мəз-мейрам болып.
– Көргенде қандай, - дейді Женеста. - Мың рет көрген шығармын, тіпті
одан да көп болмаса.
– Түу, шіркін-ай, əскери өмірден бірдене естірме едім мен.
– Ертең, шамасы, осында келіп кофе ішетін болармыз. Сонда саған
"əскери өмірден бірдеңе" айтылып қалар, балапан. Осыны айтқаннан кейін
Бенаси қызды иығынан қаусыра құшақтап алды да, маңдайынан сүйді.
Көрдіңіз бе, бұл менің қызым ғой, Бенаси енді офицерге қарай бұрылды,
егер мұны маңдайынан бір сүймесем, күні бойы бір нəрсе жетпегендей
болады да тұрады.
Қыз Бенасидің қолын қысып, естір-естімес дауыспен:
– Сіз қандай жақсы адамсыз, - деді.
Қонақтар қош айтысқанда, қыз шығарып салмақ болып үйден бірге
шықты, олардың аттанып кеткенін көрмек. Женеста ерге нығыздалып
отырып алған кезде, қыз Бенасидің құлағына сыбыр етті:
– Мына мырза кім болады?
– Бесе, айтамын ғой, - доктор күліп жіберді де, аяғын үзеңгіге сала
бергенде тағы сөйледі: - иə, бəлкім, бұл сенің құдай қосқаның болып
шығар...
Жолаушылар құлама соқпақпен төмен қарай түсіп бара жатқанда, қыз
олардан кез алмай қарады да тұрды; олар бақты орағытып өтіп, арттарына
қарағанда, қыздың үйінді тастың үстіне шығып, əлі де қарап тұрғаның
көрді: қонақтарына тағы бір қарап, қоштасу рəсімімен басын бір изеп
қалғысы келгенін іштерінен біліп барады.
– Тақсыр, мына қыздың бойында əдеттен тыс бір нəрсе тұр, - деді
Женеста докторға, -бұлар үйден бірсыпыра жер ұзап шыққаннан кейін.
– Шынымен бе? - деп жауап қатты доктор. Өзіме-өзім бір жиырма рет
қайталап айтқан шығармын:бұдан артық əйелді таппайсың деп; бірақ мен
оны қызым немесе қарындасым ғұрлы жақсы көргеннен басқаға бара
алмаймын: жүрегім менің өліп қалған.
– Туысқандары бар ма өзінің? - деп сұрады Женеста, əке-шешесі қандай
адамдар болған?
– Ой, ол бір жатқан тарих, - дейді Бенаси. - Оның əкесі де жоқ, шешесі
де жоқ, туған-туысқаннан да ешкімі жоқ. Мені қайран еткен оның ел
ішіндегі лақап аты. Өзі біздің осы селенде туыпты. Сен-Лоран-де-Понда
күндік жұмысқа жалданып жүрген əкесін жұрт қабыршы деп атайды екен;
əрине, оның да себебі бар: олардың əулетінде ұрпақтан-ұрпаққа тараған
бір-ақ кəсіп қабыршылық болыпты. Кісіге жат естілетін суық-ақ сөз. Сонау
Рим заманынан бастап, біздің жерде, тіпті Францияның басқа да бірқатар
облыстарында, күні осы уақытқа дейін қалмай келе жатқан бір əдет əйелін,
аяғына əйелдік бір жұрнақ қосады да, күйеуінің атымен атай береді;
сондықтан мына қызды да əкесінің лақап атымен қабыршы қыз деп атап
кеткен.
Сол жалшы бір граф əйелдің үй күтушісін жақсы көріп қалады да, соған
үйленеді. Ол графтың мекен-жайы осыдан бірнеше лье ғана жерде. Бізде,
біз ғана емес, жалпы деревняда біреуге сүйіп қосылу деген болмайды.
Əдетте, шаруалар үйленгенде, балалы болу үшін, үйде əйел болуы үшін
үйленеді əйел жақсылап тамақ істеп береді, қырға тамақ əкеледі, көйлектік
кенеп тоқиды, жыртылған киімін жамайды. Біздің өлкеде баяғыдан бері
өнеге болып келе жатқан бір əдет əлде бір жігіт, үш-төрт арпан артық жері
бар екен деп, сол үшін өзінің "қалыңдығын" тастап, басқа біреумен кету
деген сірə да болмайды. Жаңағы қабыршы мен əйелінің тағдыры қайғылы
болса да, олардың үлгісі біздің шаруаларды Дофиненің адамдарындай
есепқорлыққа жетелей алмаса керек. Қабыршының сұлу əйелі баладан
қайтыс болыпты да, күйеуі қайғыдан сол жылы-ақ дүние салыпты; сөйтіп
жаңа ғана жарық көрген шарана сол шала жансар өмірден басқа ешқандай
мұра көрмей, тақыр орында қала беріпті. Жетім қызды жанашырлық
білдірген көрші əйел бауырына басып, тоғыз жасына дейін асыран сақтаған
екен. Бірақ ар жағында, қанша қайырымды болса да, шамасы келмей,
асыранды қызды қайыр сұратып жібереді. Бір күні жетімек қыз баяғы граф
əйелдің қамалына тап болады. Шешесінің аруағы үшін деп, оны сонда алып
қалады.
Бəйбішенің мұрагер қызына күтуші болсын деген есеппен мұны байдың
үйі неше түрлі азапқа салады. Бес жылдан кейін тұрмысқа шыққан ерке
тотай бикештің, ондағы басқа да байшікеш мырзалардың ойыншығы
қылып қорлайды, өзін адам ғұрлы көрмей, неше түрлі жапа шектіреді;
біресе қамқоршы, біресе дос болғансып, əуреге салады. Алғашқы кезде
мұрагер өзіне əмпей де қылады; сауатын ашады, музыка үйретеді. Сөйтіп
жүріп салтанатты, сəнді өмірге еті үйренеді, өзінің жағдайына
жараспайтын нəрселерге əуес болады. Бір күні соры қайнаған қыз, жас
бəйбішенің қымбат көйлегін киіп алып, айнаның алдында көлеңдеп билеп
жүргенін өміршісі көріп қалады да, қатты ашуланып, үйінен қуып жібереді.
Он алты жастағы қыз бала қаңғырып қайыр сұрап кетеді. Бұл өмірден
безініп, суға кетіп өлгісі де келеді, кез келген адамға сатылып, күнкөргісі
келеді. Осындай делсал күйде жүріп жұмысқа жалданады, орақ кезінде
ауыр жұмыстан зорығып кетіп, қатты ауырып та қалады. Қойшы, сөйтіп
қаңғалақтап жүргенде біздің селенге тап болады ғой. Бұл менің осы араға
келіп орнығып жатқан кезім болса керек. Мен осындағы тұрғындардың
рухани əлемімен таныспақ болып ел аралап жүргенде, осы қызды көрдім
де, кереметтей таңғалдым. Сонсоң дімкəстігіне көзім жеткеннен кейін
қамқорлығыма алдым. Уақыт өте келе, бəлкім, тігіншілікке төселіп кетер;
қалай болғанда да мен оның тіршілігін қамтамасыз еттім.
– Мына жерде қатты жалғызсырайтын да болар, - деді Женеста.
– Жоқ, оның үйіне бақташы қыз келіп қонып жүреді, - деп жауап
қайырды доктор. - Сіз байқамаған боларсыз, сол үйдің жоғарырақ жағында
менің фермамның қызмет бөлімшелері бар, шыршалардың тасасында.
Қыздың үйі əбден қауіпсіздік жағдайда. Тегінде, біздің алқапта арам ойлы
тентектер жоқ; бірлі-жарым байқала қалса, мен əскер қызметіне
жібертемін; олар тамаша солдат болып шыға келеді.
– Қыз байғұс-ай! - деп қалды Женеста.
– Ал жергілікті адамдар оны байғұс деп ойламайды, қайта, бақытты деп
есептейді; олар қыз бен шаруалардың арасында үлкен айырма бар екенін
түсінбейді: құдай оларды күшті етіп жаратқанда, мұны тым нəзік қылған.
Салт аттылар Гренобльдің жолына шыққан кезде, алдарынан ашылған
табиғат көрінісі офицерді қаншалықты қайран етерін күні бұрын білген
Бенаси өзіне-өзі риза болғандай кейіппен атының тізгінін тартқан: серігінің
тан-тамаша болғанын өз көзімен көріп рақаттанбақ. Əрқайсысының биіктігі
алпыс кез шамасындай қатар жатқан екі қырқа жалпақ жолдың екі жағында
өркештене созылып барып, көз ұшында аласарып барып ғайып болады,
осының барлығы жасыл жамылған жанды ескерткіш сияқты болып
көрінетін де, соны өз қолымен жасаған адамның заңды мақтанышы болып
табылатын-ды.
Ағаштардың жапырағын ешкім қимайды, сондықтан олар аспанды
бойлап өсе береді де, бастары жоғарыда түйісе тұтасып, зəулім шатырға
ұқсап тұрады, итальян теректерінің бүкіл өсімдіктер əлеміндегі атақабыройы оларға тегіннен-тегін келмеген. Солардың қазіргі көрінісі де
керемет. Жолдың бір жағына көлеңке түсіп, тұтасқан қалың ағаш қарауыта
бастаса, қарсы беті батар күннің шапағына бөленіп, орманның жас
өскіндері алтынға малынғандай, біресе жалт-жұлт етіп мың құбылады,
біресе самал желге тербетіліп, айналаға сəуле ұшқындарын шашырата
шалқиды.
– Осы жерді еркін иеленіп жүрген сіз өте бақыттысыз-ау, тегі,– деп
Женеста ағынан жарылған, осының бəрі көңілге қуаныш қой.
– Тақсыр, - деп доктор да өз пайымын айтып жатыр, адамды
алдамайтын бір-ақ сезім бар ол табиғатқа деген сүйіспеншілік. Табиғат
адамды түнілдірмейді. Мына тұрған теректерге он жыл болды.
Ағаштардың осылай тұтаса тегіс тамыр жайғаның көргеніңіз бар ма, cipə?
– Құдайдың құдіреті күшті ғой! - деп көтеріле сөйлеген офицер шетсізшексіз ұзын жолдын қақ ортасына шығып тұрып алды.
– Сіздің сөзіңіз мен үшін шынайы сыйлық, - деді оған Бенаси.
– Мен өзім осы жолдың үстінде келе жатып, ой жүзінде талай
қайталаған сөздерді сізден естігенім бір ғанибет. Осы жерге келгенде
адамның бойын бір түрлі діни сезім билейді. Біз екеуміз ғой бір-бір
түйіршік топырақ сияқтымыз. Өзіміздің сондай болымсыздығымызды
сезінген сайын біз Құдай Тағалаға жақындай түсеміз.
Олар сол үнсіз тұрды да, баяулап жүріп кеткен, мынау жасыл желек
ортасында дүрсілдеген ат тұяқтары бір күмбезді храм астынан шыққан
сияқты гуілдеп, күмбірлеп естіледі.
– Осыншама шаттықты тебіреніс сəттері қала халқының ойына да кіріп
шықпайды-ау, сірə, - деп тіл қатты доктор. - Сезесіз бе сіз теректің
қоймалжың шырыны мен самырсын шəйірінің иісін. Қандай рақат!
– Бері қараңызшы, мынау не нəрсе? - деді Женеста елең етіп.
– Қане тоқтайықшы.
Алыстан əн естілді.
– Кім бұл өлең айтқан еркек пе əлде əйел ме? Əлде құс па? - дейді
офицер дауғын бəсеңдетіп. Əлде бұл мына ұлы табиғаттың өз даусы ма?
– Солардың бəрі де бар, - деп жауап қайырған доктор атынан секіріп
түсіп, оны тізгінінен терекке байлап жатыр.
Ол офицерді қолымен ымдап қасына шақырды. Екеуі шомырт
бұталарынан тұтасқан жанды қоршауды бойлап, жайлап жүріп келеді, бұта
бастарынан төгілген аппақ гүлдің жұпар иісі кешкі дымқыл ауада ерекше
əсерлі болып сезіледі. Соқпақтың əр жеріне шашырап түскен күн сəулелері
тұтасқан терек жапырақтарының қара көлеңке сұлбасында тіпті жарқырап
көрінеді; бұрқыраған осынау қалың сəуле тасқынынан құмдақ жолдың арғы
басында жапырайып көрінген лашық үйдің қабырғасына қызыл-күрең
шапағын түсіріп тұр. Соның алтын ұшқындары сабанмен жапқан үй
төбесінің қара қошқыл түсін де түрленте əрлендіріп жіберген; бір жағына
қарай қисайып кеткен маңдайша белдігінен қоян капуста мен мук сияқты
бірденелер қылтиғанымен, жаңағы буалдыр сəуледен лашықтың өз сұлбасы
да бұлдырап зорға көрінеді; бірақ үйдің тозған қабырғалары мен ескі есігі
жанағы өткінші сəулемен əжептəуір ажарланып, алыстан көзді алдағандай:
кейде ерекше көтеріңкі көңілдің желеуімен адам кескінінің де осылай
ажарланып кететін тұсы болады.
– Табиғаттың аясында кейде адамның жан дүниесін сергітіп, əсіре
серпілтіп жіберетін бір көріністер болады. Айса пайғамбар таудың басына
шыға келген кезде, қасындағы көмекшісі: "жаппаны тұрғызамыз да, осы
араға жайласамыз", деп осындайда айтқан ғой. Осы бір сəтте табиғаттың
даусы да табиғаттың дəл өзі сияқты тап-таза болып сыңғырлап, мейлінше
нəзік естілетін тəрізді еді; бірақ жаңағы дауыс батар күннің əрінен
айырылып, қара күңгірттеніп бара жатқан түнегі сияқты жат, азалы
естілген; бейне бір сөнген күн шапағының аспанда қарауытып түнергені
сияқты жəне де жер бетіндегі бір күндік гүлдер мен көбелектердің қысқа
өмірі сияқты, бір түрлі баянсыз ажал бейнесін елестеткендей еді. Күннің
мұндай мезгілінде жаңағы тотыққан шапақтың өзінен мұң сезілетіні
сияқты, жаңағы əнде де ауыр мұңның табы бар еді; ол халық əні, махаббат
пен қасіреттің өні еді: Францияның Англияға деген ұлттық өшпенділігін
білдіретін əн еді. Бомарше келді де, осы əнге шын мəнісінде əсем əуен
дарытты; сөйтті де, бұл он француз сахнасында өзінің кіндік шешесіне
сүйіспеншілігін білдірген күтуші жігіттің аузынан шырқалатын болған.
Біреу сол əннің сөзін айтпай, тек əн ырғағын ғана жеткізіп тұр, бірақ соның
өзі де адамның бойын елжіретіп, сай сүйегін сырқыратқандай еді.
– Аққудың қоштасу əні, - деді Бенаси, - бəлкім, мұндай дауысты жүз
жылда да қайталап ести алмассың. Тезірек барайық: мынау өлеңді дереу
тоқтаттыру қажет. Балақай өзін-өзі əлтірейін деп тұр ғой, оны əрі қарай
тыңдау адамгершілікке жатпайды... Тоқтат, Жақ! Əй, тоқтатсаңшы! - деп
айқайлады доктор.
Əн үзілді. Женеста əлде неге арбалғандай, орнынан қозғалар емес.
Күннің көзін бұлт басты да, табиғат та, дауыс та жым болды.
Жаңағы күннің жұмсақ сəулесі мен самал желдің, əн айтқан бала
даусының орныңа қара көлеңке, салқын ызғар мен тылсым тыныштық
орнады.
– Сен неге тыңдамайсын? - деп дауыстады Бенаси. Бұдан əрі күріш
самсаны да, ұлудың сорпасын да, жас құрманы да, ақ нанды да алмайсын.
Сен өлгің келген екен, шешеңді зарлатқын келген екен, солай ма?
Женеста ұядай ғана кішкентай аулаға кірген бойда он бестер
шамасындағы қыздай нəзік, қатілез баланы көрді; жидіген сирек ақ шабдар
шашы бар, бет-ажары да сондай, кəдімгі бір опалап алған тəрізді. Ол биік
жасмин бұтасының түбінде, гүлдеген сирень ағашының тасасында тұрған
ұзын орындықтан ілмиіп тұрегелді.
– Мен саған айтқаным қайда, - деді доктор сөзін жалғастырып, күн
батқан кезде жатып ұйықта, кешкі салқында далаға шықпа, ешкіммен
сөйлеспе демеп пе едім. Өлең айту ойына қайдан келе қалды?
– Рас, Бенаси мырза, күн өте жылы, жылы күнде адамның көңілі де
көтеріңкі болады! Ал мен ылғи қалтырап тоңып жүремін. Менің көңілденіп
кеткенім сондай, тіпті өлең айтқанымды да байқамай қалыппын;
"Мальбрук жорыққа аттанды" деп бастап, өз-өзімнен елігіп кетіппін:
даусым да сіздің қойшыңыздың даусындай сызылып кеткен.
– Байқа, ендігіден əрі олай істемейтін бол, естідің бе?.. Қане, қолыңды
əкелші, бейшара бала.
Доктор баланың тамырын басып көрді. Оның көгілдір көздері
жайшылықта моп-момақан болушы еді; ал қазір оттай жанып, ойнақшып
тұр, бала бір нəрсеге қобалжыған.
– Бəсе, айттым ғой, өзін жіпсіп тұрсын ғой, - деді Бенаси. - Шешен бір
жаққа кетіп пе еді?
– Иə, тақсыр.
– Жүгір, үйіне бар да жата қал
Науқас баланы Бенаси мен офицер лашығына ертіп кіргізді.
– Шырағданды тамызып жіберіңізші, капитан Блюто, - деді де, доктор
баланың үстіндегі жұпыны киімдерін шешіндіре бастады .
Бөлменің ішіне шамның жарығы түскенде Женеста баланың тыриған
арық түрін көріп, таңғалды: құр тері мен сүйек қана. Бенаси оны жатқызып
қойып, денесінің əр жерін тықылдатып көре бастады, көкірегінің сырылын
тыңдады; демаласының жарамсыз қырылына құлақ түріп аз тұрғаннан
кейін, Жактың үстіндегі көрпесін қымтай түсіп, қасынан үш-төрт қадамдай
алыстап барды да, екі қолын қусырып, оған үнсіз қарап қалған.
– Ал, қазіргі халің қалай, шырақ?
– Жақсы, тақсыр.
Бенаси төрт аяғы бірдей шойнаңдаған үстелді кереуетке қарай
жақындата жылжытты да, каминнің үстінен стақан тауып алып, кішкентай
шишаға ішкілік дəрі əзірледі; Женеста көтеріп тұрған шырағданның
жарығына тосып тұрып, дəрінің бірнеше тамшысын санап алды.
– Шешең неғып кешігіп жатыр?
– Əнеки, келе жатыр, тақсыр, - деді Жак. Естідіңіз бе, сүрлеуді басқан
аяғының тықырын.
Доктор мен офицер соны тосып тұрып, үй ішіне көз салған. Кереуеттің
аяқ жағында еденде ішіне мүк толтырған жалаң матрас жатыр, үстінде
жамылғысы да, көрпесі де жоқ; сірə, шешесі сол жерге киімшең жата
кететін болуы керек. Женеста үнсіз, қолымен соны нұқсап еді, доктор
түсіне қалып, шешесінің де жай-күйіне аяушылық білдірген. Есік алдынан
ағаш кебістің тықырын естіп, доктор сыртқа шықты.
– Қола жеңгей, бүгін ұйқыны қойып, Жакты қарап тұрғаныңыз жөн
болар. Егер тынысы тарылып бара жатса, мына стақандағы дəріден
ішкізіңіз. Бірақ екі-үш жұтымнан артық бермеңіз. Осы стакандағы дəрі бір
түнге жетуге тиіс. Шишадан стаканға дəрі құя көрмеңіз; сонсоң дəл қазір
баланың үстіндегі іш киімдерін ауыстырыңызшы, өзі қатты терлеп жатыр.
– Бүгін жейдесін жуып үлгірген жоқ едім, аздаған тиын-тебен бола ма
деп Гренобльға кендірдің шүйкесін апарып едім.
– Жарайды, мен жейде жібертейін.
– Сонда, баламның жағдайы нашарлап қалғаны ма?
– Күтер жақсылығы шамалы, Кола жеңгей, оның үстіне, өзі сақтанбай,
өлең айтып қойыпты, ол үшін ренжімеңіз де, оған ұрыспаңыз, өзіңіз де
бекем болыңыз. Егер Жак тым мазасызданып бара жатса, көрші əйелді
маған жіберіңіз. Сау болыңыз.
Доктор жолдасын дауыстап шақырып алды да, екеуі соқпақ жолмен кері
қайтты.
– Баланікі құрт ауру ма? - деп сұраған Женеста.
– Əрине, солай, құдайым-ай! - деді Бенаси. Бұдан тəуір болып кету
табиғаттың бір кереметі болар еді. Ғылым бұған əзір əлсіз. Париждегі
медицина факультетінің профессорлары бір жаңалық ашқан екен, сіз жаңа
соның куəсі болдыңыз. Өкпе ауруы кезінде кейбір адамның тамағындағы
дыбыс тіндерінде бір түрлі өзгеріс пайда болып, даусы кереметтей
жақсарып кетеді екен де, оған ешбір əнші шақ келе алмайды екен.
– Жо, тақсыр, бүгінгі күн сіз үшін көңілсіздеу болды, - деді доктор
атына міне беріп, сөзін əрі қарай жалғастырды да. Барған жерлеріміздің
бəрінде де қасірет-қайғы, бəрінде де өлім жəне соның бəрінде де тағдырға
үнсіз мойынсұну. Шаруа адамдардың өлімінде философиялық сипат бар:
қайғы-қасіретті үнсіз тартады да, кəдімгі жануарлар сияқты құлап түседі.
Жə, өлім жайындағы əңгімені доғарайық та, аттарды айданқырайық.
Ымырт жабылмай тұрғанда үйге жетіп алайық; сізге жарықта жана
поселкені көрсеткім келеді.
– Бəлі! Мынау өрт емес пе, - деді Женеста тау бөктерінде будақтаған
қою түтінді, аспанға шапшыған жалынды көрсетіп.
– Жоқ, бұл онша қауіпті от емес. Ақкірішті өртеп жатқандары болар.
Бізде таяуда осындай жаңа кəсіп пайда болды, тобылғыны отын қылады.
Кенеттен гүрс етіп мылтық атылды да, Бенаси селт етіп қалып, ашық
наразылық білдірді:
– Тағы Бютифе ме өнер шығарып жүрген. Жарайды, көрейік бұл жолы
кім жеңгенін!
– Атыс ана жақтан естілді, - деді Женеста, дəл өздерінің төбесіндегі тау
жақта өсіп тұрған бук орманың нұсқап. - Иə, сол жақта, жоғарыда; қарт
солдаттың құлағы шалт естімес.
– Кеттік солай қарай! Бенаси атының басын босатып жіберіп, шаба
жөнелді; кəдімгі бір кедергілі бəйгеге түскендей, жолсызбен тура орманға
қарай тартып барады: бар мақсаты қылмыскерді тапжылтпай, тура тұрған
жерінде ұстау.
– Сіз оны қусаңыз, ол сізден зытып барады, - деп дауыстайды Женеста,
доктордың соңынан зорға ілесіп.
Бір кезде Бенаси кілт тоқтай қалып, атының басын кері бұрды да, кейін
қарай шапты; сəлден кейін жаңағы қуған адамы бұлардың дəл төбесіндегі
жартастың үстінде, бұдан жүз қадамдай жерден бой көрсетті.
– Бютифе! - деп айқайлады Бенаси, оның қолындағы ұңғысы сорайған
ұзын мылтығын көре салып, түс төмен қарай!
Бютифе докторды тани кетті де, сөзсіз бағыныштылықтың белгісіндей,
достық ниет білдіре, төмен иіліп тағзым етті.
– Солай-ақ болсын, - деді сонда Женеста тіл қатып, адам қатты
қорыққандықтан немесе басқа бір сезімге берілгендіктен, жандəрмен
қылып жартастың ұшар басына дейін өрмелеп шығып кетті дейік, ал енді
бұл содан қайтіп төмен түспекші?
– Мен ол жағынан қауіптенбеймін, - деп жауап қатты Бенаси, - бұл
жігітке тау ешкісі де ере алмайды. Қазір көріңіз де тұрыңыз.
Соғыс офицерге адам баласының өжеттігін бағалауды үйреткен ғой, тік
жартастың биік басына дейін өрмелеп шыққанда тайсалмаған Бютифе сол
құлама құздың ернеулерінен еркін аттап, аяғын мүлт жібермей,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 10
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.