Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 02

Total number of words is 3903
Total number of unique words is 2275
33.9 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
"Бұл өлкеде өркениет əлі өрістей қоймаған екен, еңбекке құрмет өте
күшті, ал қайыршылық мұнда əзір келе қоймапты", - деген ой келді
Женестаға. Оны ертіп келген бала ауланың жатаған қоршауына сүйеніп,
Женестаның артынан аңыра қарап тұр.
Қақпаның екі жақ жақтауы мен қоршаудың арасын жалғастырған тор
көз тақтайлар қарайып кеткен. Төменгі жағы бітеу қақпаның бір кездегі
қонырқай сыры өшіп кеткен; қақпаның жоғарғы жағына сояудай қылып
жұмыр сары сымнан қатарлап істік қағылыпты. Қақпаның екі жақтауының
үстінен айшық қылып орналастырған бұл əлеміш қақпа жабылғанда
ортадағы сояулары бірігіп, қарағайдың бүршігіне ұқсап көрінеді екен. Көп
жерін мүк басқан, құрт жеп шұрқ-шұрқ тескен, талай замандар бойы құн
қақты болған, жауын-шашын астында тұрып, құр сүлдесі ғана қалған.
Құлап кеткелі тұрған қақпаға қарап, үй иесінің шаруаға қырсыздығын
айтпай-ақ білуге болатын еді; ол, əрине, офицерге ұнаған жоқ: сондықтан
əлде бір ішкі ойынан қайтқандай кейіппен қабағын түйді. Біз көбінесе өзге
кісі туралы өзімізге қарап өлшем жасаймыз: өзіміздегі кемшілікті өзгеге
кешірімшіл келеміз де, артықша деп санайтын қасиетіміздің онда жоғына
қатал қараймыз. Офицер Бенасиді үй шаруасына ұқыпты, мығым адам
ретінде көргісі келген, ал мына үйінің қақпасы оның мұндайға парықсыз
екенін танытқандай. Өз басы ұқыпты, үнемшіл солдат Женеста, қаншама
абайшыл болғанмен, бейтаныс адамның қақпасына қарап-ақ, оның өмірі
мен мінез-құлқы жөнінде осылай қорытынды жасап қойды. Қақпа
жартылай ашық тұр қандай бейқамдық!
Женеста селолық жердің сенгіштігін пайдаланып, ай-түйге қарамастан
аулаға туралап кіріп барды; атын шарбаққа байлай салып, күрмеуін тартып
жатқанда, атқорадан жылқының кісінегені естілді; офицер де, аты да
мойындарын бұрып, сол жаққа қараған; атқораның есігі ашылып,
табалдырықтан басында жүннен тоқылған қызыл қалпағы бар жалшы
көрінді; басындағысы аумаған фригийліктердікі сияқты, бостандықтың
нысаны бар; бұл өңірдегілердің бəрі осындай қалпақ киетін көрінеді.
Атқораның іші бірнеше жылқы сиярлық кен екен, Женестаның Бенасиді
іздеп келіп тұрғаның білгеннен кейін, шал сүліктей жараған айғырға
сүйсіне қарап тұрып, оны қораға байлауға ықылас білдірді. Офицер атының
соңынан еріп қораға кірді де, оның ішкі жай-күйін білді; іші тап-таза,
жылқылардың төсеніші жұмсақ, Бенасидің екі аты да күйлі, күтімді
көрінді, кюре мінетіндей-ақ сəйгүліктер екен. Үйдің ішінен баспалдаққа
қызметкер əйел шыққан; ол бейтаныс кісі өзінен мəн-жайды сұрастырар
деп күтіп қалып еді, бірақ ол Бенасидің үйде жоқ екенін жалшыдан естіп
білген-ді.
– Отағасы диірменге кеткен, - деді қарт адам, - сол жерден
жолықтырамын десеңіз, мына
сүрлеумен жүре беріңіз, көкорайдан өткенде диірменге барып бір-ақ
тірелесіз.
Жер жайымен танысқысы келген Женеста Бенасидің келуін күтпестен,
жолмен диірменге қарай беттеген. Қыраттың баурайында шашырап жатқан
селеннің шетіне шыққан кезде, оның көз алдынан жайылып жатқан кең
аңғар, соның төсіне қадалған əсем түймедей диірмен көрінді; айтары жоқ,
бұрын-сонды өзінің көз жанарын жаулаған жарқын көрініс еді бұл.
Таудың етегіне таянып келген өзен осы тұста жайылып кетіп, шағын
көлге айналыпты да, оның үстінен сатылап, бір-бірінен бой асыра
көтерілген найза тас шындар, күн сəулесінің өзгеруіне қарап, біреулері
жарқырап құлпырса, енді біреулері қара көлеңкеде бой тасалап, жасыл
шыршалардың арасынан қарауыта мойын созады. Солардың бір-бірімен
жарыса жоғары өрлеп барып, əрі қарай төмен құлдырауына қарағанда, бұл
сияқты сай-сала, аңғаралаптар біріне-бірі жалғасып кете беретін сияқты.
Көлдің бір ұрымтал жағасында жаңадан ғана бой көтерген диірмен, айнала
қоршаған ағаштардың ортасынан орын тепкен бір жайлы мекенді көзге
елестеткендей. Ал өзеннің арғы жағалауында, таудың тап етегіне жабыса
орналасып, қазіргі батар күннің күлгін сəулесінде көмескілене көрінген
есік-терезесіз оншақты лашық үйлер де Женестаның көзінен тыс қалған
жоқ. Төбелеріне дейін шұрқ-шұрқ болып тесілген бұл иесіз мекендердің
айналасы жақсылап өңделген егін-жайлар; бау-бақша, бəрі де қазір бос
шабындыққа айналдырылған, соларға əр тұстан арық тартылып, өзеннен
суарылып тұратын сияқты, бапталуы Лимузеннен бір кем емес.
Осы сияқты ескі елді мекендердің тамтығын көргенде, көңіліміздің
құлазып, қаяу тартатын себебі неліктен? Ол, сөз жоқ, жұтаған елдің
жұртында қалған адам қасіретінің көлденең көзге ауыр тиетіндігінен. Ескі
зиратты көргенде ажалды ойласақ, иесіз қалған деревняның жұрты
тіршіліктің ауыртпалығын еске түсіреді; ажал деген ертелі-кешті алдыңа
келетін таусыншақ күн, ал өмірдің ауыртпалығында шек жоқ. Міне сол
шексіздіктің қасіреті де өлшеусіз. Мына деревня қандай ғана қасіреттен
осылай иен қалды екен деген көмескі оймен келе жатқан Женеста тастақ
жолмен диірменнің қасына жетті де, есіктің алдында, қаптаулы астық
үстінде отырған қызметкер жігіттен жөн сұрады.
– Бенаси мырза анау жаққа қарай кетті, - деп жігіт жаңағыдай құлаған
үйді нұсқады.
– Шамасы, деревняны өрт шалған-ау? - деп сұрады офицер.
– Жоқ, тақсыр.
– Ендеше неге бұлай болған?
– Неге? - дейсіз бе деп, үйге кіріп бара жатқан жігіт екі иығын қусырып
қойды. - Оны Бенаси мырзаның өзі айта жатар.
Офицер арасынан жылғалап өзен ағып жатқан ірі қойтастардан
құрастырып салған көпірдің үстінен өтті де, жаңағы қызметкер нұсқаған
үйдің қасына келді. Лашықтың сабаннан жапқан төбесі бүтін көрінеді,
үстін мүк басып кеткенмен əлі де мықты, есік-терезесі де сырт көзге
қалпында сияқты. Женеста баспананың ішіне кіріп келген бойда, астында
от жанып жатқан ошақтың қасында, орындықта отырған науқас адамды
көрді, оның қарсы алдында екі тізесін бүгіп мосқал əйел тұр; қасында бетін
ошаққа қарай бұрған жəне бір еркек көрінеді. Баспана дегені жалғыз ғана
бөлме, соның сығырайған кішкентай терезесіне кенеп ұсталыпты. Едені жер. Үй ішіндегі мүлік атаулыдан көзге көрінетіндері: бір жайдақ орындық,
үстел жəне қиралаңдаған кереует. Мұндай жұтаңдықты, мұндай кедейлікті
Женеста бұрын еш уақытта көрген емес; тіпті жер үйлерде тұратын Ресей
шаруаларының тұрмысы да бұған ұқсамайтын. Үй ішінің керек-жарағы
дегеннен ныспы жоқ; тіпті ең қарапайым ас пісіретін де ыдыс көрінбейді.
Тек итаяғы жоқ демесең, нағыз атқорадан олай да емес, бұлай да емес.
Жаман жəутік төсек-орын мен науқас адамның қабырғадағы шегеге ілулі
тұрған ескі-құсқы киімдері болмаса, жəне де, ішіне сабан төсеп қойған
ағаш шарқайды есепке алмаса, бұл баспананы да, деревняның қаңырап бос
қалған өзге үйлері сияқты, йен қалған бірдеңе екен деп ойлауға болатын
еді. Жаңағы жасамыс шаруа əйел екі тізесін бүгіп жіберіп, науқастың екі
аяғын ағаш астауға құйылған ылай суға батыра алмай əлек болып жатыр.
Деревня адамдарының томаға тұйық өміріне үйреніп кеткен бейқам кісілер
аяқтың тықыры мен өкшелік темір сылдырын естігенде елең етіп, оттың
алдында тұрған еркек артына жалт бұрылды; оның өніндегі таңырқаған рең
кемпірдің кескінінен де байқалды.
– Бенаси мырза сіз боласыз ба деп сұраудың өзі артық болар, - деді
офицер. - Жолаушы адамды айыпқа бұйырмаңыз, тақсыр: мен сізді үйіңізде
күтіп отыра алмадым; сол шыдамсыздық мені мынадай майдан даласына
алып келді. Алаңдамай, шаруаңызды істей беріңіз. Келген себебімді
қолыңыз босаған соң айтармын.
Женеста үстелдің шет жағына келіп, үнсіз отырып қалды. Лашықтың
ішіне күн сəулесінен гөрі ошақтың отынан жарық көбірек түсіп тұр: тау
шындарынан жан-жаққа шашырап кеткен күн сəулесі аңғардың бұл
мүйісіне ешқашан түспейтін түрі бар. Шоқтағы шайыр сіңген шырша
бұталары шырт-шырт етіп маздап жатыр; соның сəулесімен офицер өзі
сырын білсем, құпиясын ашсам деген ішкі оймен əдейі іздеп келген
адамының кескініне қадала қарап отыр. Ал Бенаси мырза, жергілікті
дəрігер, екі қолын қусырып, əлі түрегеп тұр; ол Женестаның жаңаға
сөздерін үн-түнсіз тыңдады да, оның тағзымына жауап ретінде ишарат
білдіргеннен кейін, қайтадан науқасқақарай бұрылды; келген офицердің
өзіне тесіле қарап, қадағалап отырғаныңа назар аударған жоқ.
Бенаси орта бойлы, жауырыны жалпақ, кеудесі кең кісі екен. Үстіндегі
жасыл сүртүгін қаусырына киіп, барлық түймесін салып алғанда, офицер
оның дене бітімін анықтап көре алған жоқ; бір орында қалшиып тұр, бүкіл
тұлғасы қара көлеңкеде, сондықтан болар, оттың сəулесі түскен басы
жарқырап анық көрінеді. Доктордың бет əлпеті Сатирды6 көзге
елестеткендей: сəл ғана тайпақтау келген биік маңдайының əр жерінде
буылтығы бар, шықшыты шығыңқы, таңқылау мұрнының қос айырланып
біткен танауы тапқыр ойдың жітілігін аңғартқандай. Қып-қызыл, етжеңді
еріндерінің жиек иіндері айқын көрінеді. Иегі кесек, сом. Ойнақы қоңыр
көздерінің аласы ақықтай жалт-жұлт еткенде, ар жағынан арыны басылған
асаулықтың нышаны байқалады. Бұл кезде бурыл тартқан қара шашы, бетаузын қос қыртыстап тілгілеген əжім тарамдары, шашымен бірге қырауға
шалдыққан қалың қастары, мұрнының үстінен жүріп өткен тамыр тіндері,
сарғыш бетінің əр жерінде алаулаған қызыл күрең дақтар міне осылардың
барлығы елуді еңсерген дəрігердің жас шамасы мен оның азап-бейнеті мол
еңбегінен хабар бергендей. Басында картузы бар, сондықтан бас бітімінің
қандай екенін аңғару қиын, бірақ офицердің жорамалдауы бойынша,
кəдімгі "іскер бас" дейтіннің нағыз өзі болса керек. Женеста, бір кезде
Наполеонның іздеп тауып жүргені сияқты, тəуекелшіл адамдармен істес
болуға өзі де үйір, жəне де, үлкен істер үшін жаралған адамдарды бет
əлпетіне қарап анықтауға машықтанған кісі болғандықтан, Бенасидің əзірге
бимағлұм өмірінен əлдеқандай бір құпия сырды аңғарғандай болып, оның
мынадай өзгеше өңіне көз тоқтата қарап тұрып: "Бұл не ғып селеннің
дəрігері күйінде қалып қойды екен?" - деп ойлаған. Оның өңіне көз тоқтата
қарап отырып, жалпы бет бітімі өзі сияқты не бір қарабайыр адамдарға
ұқсас бола тұра, өңінде сол сыртқы момақандыққа мүлде кереғар
əлдеқандай күрделі ішкі дүниенің табы бар екенін байқаған Женеста бір сəт
сол доктордың ыңғайымен назарын науқасқа қарай аударып еді, мұның ой
ағымының бағыты кенеттен өзгеріп сала берді.
Атты əскердің тіс қаққан сарбазы өзінің жауынгерлік өмірінде талай
кептерді көріп еді, ал бірақ мына науқастың өңіне көзі түсіп кеткенде, аза
бойы тік тұрып, тітіреп жүре берді: кəдімгі өліктің өңіңдей сұп-сұр бетіне
еш уақытта ақыл-ойдың сəулесі түсіп көрмегендей, ажарында тек тілсіз
қасіреттің ізі ғана қалған дерсің; сөйлейін десе əлі тілі шықпаған, ал
айқайлауға дəрмені жоқ құдды сəби баланың өңі сияқты, қысқасы, жан
тəсілім алдындағы кəрі кретиннің7 меңіреу қалпы. Эскадрон командирінің
адам ныспысында əлі кездестіре қоймаған жан иесі осы кретин болатын.
Расында да, науқастың мыж-мыж болып қыртысқан маңдай терісін, суға
қайнатып пісірген балықтың көзіндей баттиған көздерін, қоректік
заттардың жетіспеуінен шаштары жидіп түсіп қалған жəне ешқандай ақылесті ұстап тұра алмастай сопайған қауашақ басын көргенде, Женестаның
орнында басқа кім болса да, сөз жоқ, мынадай мақұлықтан азарда-безер
болып жиреніп қалар еді: не бітім нобайы дұрыс жан-жануардың
тартымдылығы жоқ, не ақыл-санасы, не түйсік-түсінігі жоқ, аузынан
ешқандай мағыналы дыбыс шығарып көрмеген, рухани дүниеден ешбір
хабары жоқ бір мақұлық. Өмір бойы осындай азап шеккен бишара жанның
сол қасіреттен ада болғалы жатқаның көрген адамның оған аяушылық
білдіріп мүсіркеуі тіпті мүмкін емес сияқты; өйткені мұның тіршілігін өмір
деп айтуға ауыз бармайды; алайда мына кемпір соған жаны қалмай
аяушылық білдіріп, балтырын сипағанда қатты бəйек болып отыр; соған
қарап, мына миғұланы оның күйеуі екен деп ойлап қалуға болғандай. Ал
доктор Бенаси болса, ажал аузындағы адамның қимылсыз бетіне, жанары
сөнген көзіне қадала қарап тұрып, ерекше еппен қолын ұстады да, тамырын
басты.
– Бұлаудан пайда болмай қалды, - деп, ол басын шайқады, - орнына
қайтадан жатқызайық.
Қаусаған құр сүйегі қалған денені өзі көтеріп алды да, кереуетке
қайтадан жатқызды; шамасы, жаңа ғана ол мұны дəл осылай көтеріп
түсірген болуы керек; суып бара жатқан аяғын жайлап қана түзулеп қойып,
екі қолы мен басын еппен жайғастырғанда да, ол кəдімгі ананың ауру
баласын аялағаныңдай қалып білдірген.
– Бəрі бітті, қазір жан тапсырады, - деді Бенаси кереуеттің қасында
тұрып. Екі көзінен бетіне жасы сорғалаған кемпір екі бүйірін таянып, жан
тəсілім үстіндегі науқастан көз алмай қарайды. Женеста да үнсіз; мына
сияқты ешкімге керек емес сорлының өлімі өзіне неге сондай қатты əсер
еткен себебін өзі де білмейді. Ешқашан күннің көзі түспейтін осындай
түнек аңғарларға тағдыр айдап апарған мынадай міскіндерге көрсетілетін
шексіз аяныш оны да билеп кеткен еді. Осындай кретиндері бар
отбасыларда діни ырым-жораға айналып кеткен мұндай сезім аса бір аяулы
христиандық ізгілік-мейірімділіктен жəне қоғамдық тəртіп үшін
соншалықты пайдалы діни нанымнан, болашақтың қайыр-жақсылықтары
жайындағы ұғым-түсініктерден бастау алады, ал мұнын өзі бізді жержаһандағы қасірет-қайғы атаулымен ымыраластыратын бірден-бір тоқтам.
Мəңгілік иман-шапағаттан дəметкен үміт жанағы бейбақтардың туғантуыстарын да, манайындағы барлық адамдарды да сол миғұла бейбақтарға
соншалықты жанашыр қамқорлық білдіріп, жанқиярлық жəрдем көрсетуге
итермелейді; ол миғұлалар əуелі олардың бұл қамқорлығын түсінбейді, ал
кейіннен мүлде ұмытып кетеді. Бұл бір ғажайып тағылымды дəріс! Соның
ықпалымен көзсіз мейірбандық көзсіз қасіретпен қоян-қолтық қатар
жүреді, кретиндер тұратын өлкенің адамдары оларды үй ішіне құт əкелетін
ырыс көреді. Сол нанымның арқасында қала тұрмысының жағдайында
тағдыры екі жүзді, жалған қамқоршылыққа, аурухана тəртібіне тап болатын
бейбақтар мұнда бұла өмірдің рақатына бөленеді. Изер өзенінің жоғарғы
бастауында өте көп ұшырасатын кретиндерге ашық аспанның астында, мал
бағуды үйретіп, табын-табынның соңынан салпақтатып қояды. Олар
əйтеуір бастары бос, еркіндікте өмір кешеді, өздерінің бақытсыздығына
төлеу болғандай, азды-көпті сый-құрмет көреді.
Əлдеқайда аулақта, бір ырғақпен оқтын-оқтын деревня қоңырауы
қаңғырлап, діндар адамдарға өздерінің бір пірəдары дүние салғаның
хабарлай бастады. Құдай атынан қағылған дабыл айналаны күмбіріне
көміп, арасында ауық-ауық тынып қалып, сонсоң лашық үйлерді қайтадан
кернеп кетіп, азалы мұңын маңайға түгел таратып тұр. Бір кезде дүбірлеген
аяқ тықыры естілді: үнсіз қозғалып қалың тобыр келеді. Сəлден кейін
шіркеуден азынап азалы жоқтау əні келді құлаққа жанды тебірентіп, небір
дінсіз адамдардың да жүрегін елжіреткендей, адам үнінің құдіретті үйлесім
күшін алып келеді. Шіркеу сол күшті сезбей өткен мақұлық үшін тəуап
қылып, жасағанға жалбарынып қалуға асыққандай. Кюре көрінді, оның
алдында қолына айқыш ұстаған қызметші, арт жағында бүріккіші бар
жаназашы, одан кейін елу шақты адам келеді өңкей əйелдер, шалкемпірлер, бала-шағалар: бəрі де жамырап дұға оқып, шіркеу хорына
қосыла зарлайды. Доктор мен офицер бір-біріне үнсіз көз тастап, тобырға
жол бере, кейін шегінді; келген жұрт біразы аулада тізе бүгіп тұрып қалған.
Священник ешқашан күнə жасамаған адамзат баласымен қоштасу рəсіміне
кірісіп, жаназа дұғасын оқи бастағанда, осынау тобырдағы бет-жүздері құсқұс болған діндарлардың ажарына иман үйіріліп, ізгілік пайда болды. Сайсай болып əжім басқан беттердің қыртыс-қыртысына жас сорғалады; ашық
аспан астында күнге күйіп, жел қақты болған көн терілерге қайғы ұялады.
Əркімнің өз ырқымен иіп елжіреген осынау туысқандық сезімде ешқандай
риялық жоқ еді. Қалын қауымда миғұла міскінге аяушылық білдірмейтін,
оған аузынан жырып бір үзім наның татырмайтын бір жан табылмастай еді:
əрбір жалаңаяқ жүгірмек оны əкем деп еміренгендей, əрбір күлегеш қыз
анашым деп аялағандай еді.
– Ол көз жұмды, – деді кюре.
Осы бір сөздер жұртты селт еткізіп қайғыға батырды. Əр жерден
шырағдан жағылды. Біраз адамдар түні бойы мəйіттің қасында күзетте
қалуға ыңғай танытты.
Бенаси мен офицер сыртқа шыққан. Бір топ шаруалар докторды
тоқтатып алды.
– Сіздің өзіңіз араша түсе алмаған болсаңыз, доктор мырза, онда
жаббар құдайдың өз əмірімен кеткен болды ғой бұл марқұм.
– Мен қолымнан келгеннің бəрін істедім, достар, - деп жауап қатты
доктор.
Доктор соңғы иесі ол дүниеге кетіп, иесіз қалған деревнядан шыға
бергенде Женестаға қарай бұрылды.
– Жаңағы өзіңіз естіген сөздер мен үшін қандай жұбаныш болғаныңа сіз
сене де қоймассыз-ау. Осыдан он жыл бұрын бұл деревняның адамдары
мені ұрып өлтіре жаздап еді, қазір қаңырап бос қалды, ол кезде мұнда
отызға тарта отбасы болатын.
Женестаның оған таң-тамаша болып қарап қалғаны сондай, доктор
жаңағы кіріспе сөзден кейін, жолшыбай келе жатып, барлық тарихын
баяндап кетті.
– Осында келген бойда, тақсырым, мен бір топ миғұла адамдарды
көрдім, - деп бастады ол сөзің – артқа бұрыла, сонау қираған үйлердің
тамтығын нұсқап. - Деревня айнала қоршаған тау жоталарының арасында
қыстырылып, өзеннің дəл жағасына орналасқан екен; көктемде қар суы
өзеннің арнасын толтырып жібереді, ауа деген қапырық, күннің нəрлі
сəулесі бұл жерге мүлде түспейді, тау жоталарының ұшар басын ғана
жылтыратады; - демек, тіршіліктің бəрі жаңағы ауыр індеттің қоздауына
жол ашып тұр. Меңіреу миғұлалардың некелесуіне заң тыйым салмайды,
олардың бұл жердегі қорғанышы соқыр сенім ғана; ол кезде бұл мен үшін
беймағлұм күш. Алғашқы кезде оған іштей нəлет айтумен жүрдім де, барабара соған таңырқайтын болдым. Ал мұның аты кретинизмнің
(миғұлалықтың - Ред.) Бүкіл өңірге тарауына жол ашу деген сөз ғой. Олай
болса, тəн мен жанның бұл індетің жою өлкеге зор қызмет көрсету болып
табылмақ; өте шұғыл қажеттік, бірақ оны жүзеге асырамын деген адам
өзінің басын жұтуы хақ. Қоғамдық орталардың қай-қайсысындағыдай, бұл
жерде де иігілікті іс тындырамын деген адам, өзгенің жеке мүддесіне
тимегенмен, одан əлдеқайда қауіп тірегі адамдардың діни нанымдарына
қол сұғатын болады; ал соқыр сенімге айналған діни ұғым-түсінік - адам
санасына мықтап сіңген нəрсе.
Алайда мен еш нəрседен тайынбадым. Өзімді осы кантонның мэрі етіп
тағайындаса екен деп тілек білдірдім жəне сол тілегіме жеттім, сонсоң
префектінің сөз жүзіндегі қолдауына ие болдым; содан бір түнде барлық
науқастарды, белгілі бір төлемақы беріп, Савойядағы Эгбель дейтін жерге
көшірдік: кісі көбейді, бəріне жақсы күтім ұйымдастырылды. Осындай
адамсүйгіштік əрекеттерім үшін халық өзіме өшігіп алды. Кюре маған
қарсы уағыз айғып сөз сөйледі. Миғұлаларды аластау қажеттігін айтып,
елді мекеннің ең естияр адамдарына айтқан сөздерім далаға кетті,
науқастарды тегін емдегенім де бекер болып шықты, бір күні орманның
шетінде келе жатқанымда оққа ұша жаздадым.
Мен Гренобльдегі епископқа барып, кюрені алмастыруды өтіндім. Имам
ағзам ықыласты рай білдіріп, менің бастамаларыма қолқабыс тигізе алатын
кюрені таңдап алуыма көмектесті: айтқандай-ақ, бақытыма қарай, аспаннан
түскендей бір адал ниетті адам тап келді. Сөйтіп, өз ісімді жалғастыра
бердім. Бір түнде біраз адамдарды көндіріп алдым да, тағы бір алты
миғұланы көшірдім. Бұл жолы мені қорғаушылар да табылды кейбіреулері
өзімнің жақсылық жасаған адамдарым; сондай-ақ қауымдық кеңестің
мүшелері. Меңіреулерді асырау ісінің қаншалықты қымбатқа түсетінің,
миғұлалардың заңсыз пайдалынып келген жерлерін қауымның қарауына
алып, жерге зəру шаруаларға берсе, оның қаншалықты тиімді болатынын
оларға əбден ұғындырдым. Енді байлар да менің жағыма шықты; бірақ
кедейлер, кемпірлер, балалар жəне бірнеше қыңырлар маған əлі де
жауығып жүр. Өкінішке қарай, науқастарды соңғы жолы да түгел əкете
алмадық. Жаңағы өзіңіз көрген науқас орнында жоқ болып шықты да, оны
өзгелермен бірге жөнелтудің реті келмеді; сөйтіп, ол ертеңіне деревняда
қалған бірден-бір миғұла болып шықты; рас, шала естілердің əлі де
бірнеше отбасы қалған екен, бірақ олар миғұлалық індетіне дəл жаңағыдай
шалынбаған екен. Мен басталған істі ақырына жеткізейін деген оймен
өзімнің қызмет киімімді киіп, қақпадан шыға бергенімде əлгі миғұланың
достары мені басып озған; сөйтсем, ішінде шалдары, балалары мен
əйелдері науқастың лашығының алдына жиналып тұр екен, солар мені
балағаттап, бір тобы басыма тас жаудыра бастады.
Осы қарбаласта мен, сөз жоқ, жан-жақтан жамырап айқайлаған, бірінбірі дүрліктірген ызалы топтың құрбаны болып кететін едім, сол
миғұланың өзі құтқарып қалды. Баж етіп бақырған дауысқа жалт қарасам,
лашықтың табалдырығында бейбақтың өзі тұр; құдды мына есуастардың
бастаушысы сияқты. Соның қарасы көрінген бойда-ақ айқай-шу жым
болды. Мен дереу есімді жиып, бұларға тиімді мəмле ұсындым; құдай
оңдағанда, жұрт тынышталды да, мен ойымды түсіндіре айттым.
Жағдайдың қиындығы сондай, бəрібір жақтаушыларым мені ашық қорғай
алмайтын еді; қайта, мынау соқыр сенім билеп, лепіріп алған көпшілік одан
сайын құтырынып, өздерінің ең соңғы көсемін жан сала қорғаштайтын еді;
оны алып кете алмайтыныма көзім жетті.
Сонымен, мен науқасқа тимеймін деп уəде бердім, үйінде қалдыратын
болдым; бірақ бұлар онымен араласпайтын болады, барлық тұрғындар
деревнядан өзеннің арғы бетіне көшеді де, поселкеде жаңа үйлерге
орналасады, біз осылай деп келістік; оларға үй салып беруді мен өз
міндетіме алдым, ол үшін телім деп жер кесіп бердім, бұл жұмыстарға
кеткен шығынды қауым кейін маған түгел өтеді. Алайда, тақсырым менің,
бұл мəмле шаруалар қожалығына тиімді болғанымен, олардың қарсылығын
біржола тойтару үшін əлі де жарты жыл бойы əуре болуыма тура келді.
Шаруалардың ескі лашықтарына соншалықты бауыр басып қалғаны тіпті
миға сыймайтын нəрсе еді. Қарап тұрсаң, олардың үй сияғы жоқ, ал əрбір
шаруаның соған кіндігінен байланып қалғаны қайбір банкирдің салтанатты
сарайға құмартқанынан бетер еді. Ол неліктен дейсіз? Кім білсін. Бəлкім,
сезім неғұрлым аз болса, солғұрлым күшті болатын шығар. Əлде, бəлкім,
ой еңбегімен мүлде айналыспаған адам мүлікке жақынырақ келетін шығар,
жəне де, мүлкі неғұрлым аз болса, солғұрлым қымбат көрінетін де болар.
Тіпті əрілегенде, мінез жағынан шаруа да бір, қамаудағы тұтқын да бір... ол
өзінің ішкі қуатын бостан босқа шығын қылмайды, бір ғана затқа
шоғырландырады; сондықтан оның сезімі де тырысқан берік келеді.
Ғапу етіңіз менің сөзуарлығымды, менің бұлай ойымды сыртқа
шығаруым өте сирек болады. Жəне де, мені бір жадағай ойларға əуес екен
деп те ойлап қалмаңыз, тақсыр. Не нəрседе болса да іс пен пайда қатар
жүруі керек. Өкініштісі сол, осынау кедей адамдардың ой-өрісі неғұрлым
тар болса, оларға нағыз пайдалы істі түсіндіру солғұрлым қиынға соғады.
Сондықтан да маған өзім бастаған істің ең болмашы ұсақ-түйектеріне дейін
біліп отыру қажет болды.
Əркімнің көкейінде бір-бір уайым, бəрінікі де орынды-ақ, дау айтуға
дəтін бармайды: "Бұл қалай болды, тақсыр, үйлер əлі салынып біткен жоқ",
"Жарайды, деймін мен оларға, үй даяр болғанда, көшеміз деп сөздеріңді
беріңдерші". Дес бергенде, сол етегінде қазіргі иен деревня тұрған тауды
толайымен біздің селеннің меншігіне алып беруімнің сəті түсті. Сол таудың
жартастарына бойлап өскен орман ағаштарының бағасы уəделі жер
телімдері мен салынатын үйлердің құның төлеуге емін-еркін жетті, ал
үйлер түгел салынды. Ең асау деген отбасылардың біреуі жаңа қонысқа
көшуі мұң екен, менің қамқорлығымдағы үйлердің басқалары да лап берді.
Осы өзгерістен кейін игіліктердің көрнекілігі сондай, бұрынғы күн көзі
түспейтін, басқаша айтқанда, жан жылуы жоқ деревнядан айырылғысы
келмей жабысқан адамдардың өздерінің де бұған айқын көздері жетті. Бұл
істің нəтижелі аяқталуы, қоғамға алып берген жерлердің мемлекеттік
кеңесте бекітілуі мені кантондағы ең беделді адамға айналдырды.
Иə, тақсыр, осының бəрі қаншама машақат болды десеңізші! Доктор
тұра қалып, екі қолын сермеп, қызына сөйледі. Осы селеннен қанша барсаң
да түк өндіре алмайтын префектураға дейінгі жəне ешбір жан есігіне
тұмсығын батыра алмайтын мемлекеттік кеңеске дейінгі қашықтықтың
қандай екенін мен ғана білемін. Ал, сайып келгенде, деп доктор сөзін
жалғастыра берді: құдай тапсын дүниенің кілтін ұстап тұрған
алпауыттарды: соңдарынан қалмай жүріп, əйтеуір дегеніме жеттім. Соған
да тəубе. Апыр-ай, кейде бір қаламыңды əлдеқалай сүйкей салғанның
өзінен қаншалықты игілікті нəтиже туындап жататының сіз білсеңізау!..Кішкентай болса да мəні зор осы бір істі қолға алып, соны жеріне
жеткізген арада өткен екі жылда бұрынғы жоқ-жұқана тұрғандардың əр
үйінен кемінде екі сиыр өріске шығатын болды; мемлекеттік кеңестің
келісімін күтпестен мен Швейцариядағы, Оверна мен Лимузендегі сияқты
суарма желісін тартқыздым. Таң-тамаша болған тұрғындардың көз алдында
айналаның бəрі жап-жасыл көгалға айналды, жайылымның оты жақсарған
соң сиырлардың сүті де молайды.
Бұл жеңістің жемісі орасан зор болды. Жер суландыру жөніндегі менің
бастамама еліктеушілер көбейді. Көкорай көгалдардың көлемі, малдың
саны, ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі артты. Содан кейін мен енді əлі
де өңделіп жетпеген осынау бір пұшпақты одан сайын көркейтіп, білімнен
мүлде мақұрым қалған тұрғындарды ағарту ісімен байсалды түрде
шұғылдана бастадым. Көрдіңіз бе, тақсыр, біздің жалғыз басты ағайындар
мылжың сөзге тəуір келеді: бір нəрсені сұрасаң болды соның жауабын
айтқанда тоқтата алмайсың. Мен осы араға келгенде, аңғардың бойында
жеті жүздей тұрғын бар еді, қазір екі мыңның айналасында. Жаңағы
миғұланың оқиғасынан кейін жалпы жұрттың құрметіне ие болдым.
Кісілермен қарым-қатынаста сыпайы болғанмен өз тұғырымды берік
ұстаймын, сондықтан кантондағылар мені мүлт жібермейтін адам деп
есептейтін болды. Мен жұрттың сеніміне ие болу үшін бəрін де істедім,
бірақ онымды ешкімге көз қылып сездірген жоқпын. Тек əйтеуір өзіме
тиісті міндеттердің бəрін, тіпті ең ұсақ-түйекке дейін мүлтіксіз орындап,
жұрттың құрметіне ие болуды ғана ойладым. Жаңа ғана өзіңіздің көз
алдыңызда жан тапсырған байғұсты міндетіме аламын деп уəде беріп едім,
расында да маған дейінгі қамқоршыларының бəрінен артық жанашырлық
білдірдім. Оның тамағы, күтімі қауымның асырап алған баласының
дəрежесінде болды. Ақыр-аяғыңда тұрғындар өздерінің айтқандарына
қарама-қарсы істеп жүрген істерімнің барлығы солардың пайдасына
шыққаның түсінді. Бірақ дегенмен де оларда ескі сенімнің жұрнақтары
сақталып қалған, ол үшін мен ешкімді жазғырмаймын. Мен сол
бишараларға көмектесу мақсатымен өз араларындағы естияр дегендерін
өзіме қарату үшін миғұла төңірегіндегі түйсік-түсініктерді түгел
пайдаланып бақтым.
– Мінеки, біз келіп те қалдық! - деді Бенаси сəл үнсіздіктен кейін өз
үйінің төбесін көзі шалып. Ол тыңдаушыдан əлдеқандай бір мақтау немесе
алғыс естірмін деп күткен жоқ: өзінің қызмет бабындағы алғашқы
қиыншылық кезеңі туралы əңгімелегенде, сірə, өзінің айтқысы келген ішкі
тілегіне бағынып, қоғамнан оқшау жүрген адамдардың ондайды тыңдауға
əуес келетінін сезген де болуы керек.
– Тақсыр, - деді офицер, - мен атымды сіздің ат қораңызға қойып кетіп
едім. Мұнда не шаруамен келгенімді білгеннен кейін, бұл қылығыма
кешірім етерсіз деп ойлаймын.
– Е, иə, не шаруамен? - деп сұрады Бенаси, өзін мазалаған бір ойларды
серпіп тастағандай жəне қасындағы кісінің сырттан келген жолаушы екені
енді ғана есіне түскендей болып.
Бұл өзі мінезі ашық, жұғымды кісі еді, сондықтан Женестаны да таныс
адамдай қарсы алған.
– Тақсыр, - деп жауап қатты офицер, - мен Гренобльдің бір тұрғының
Гравье деген мырзаны сіз кереметтей емдеп шығарыпты да, өзіне баспана
беріпті деген хабар естідім. Сонан кейін, сіздің мархабатыңыздан үміт етуге
ешқандай негізім бола қоймаса да, бəлкім, мені де емдеп шығарар ма екен
деген үмітпен жеделдетіп келіп тұрған бетім еді. Ал, шыныңда, мен ондай
жақсылығыңызға тұратын шығармын! Қарт сарбаз едім, бір ескі жараның
орны маза бермей жүргені. Менің хал-жайымды зерттеп білу үшін кем
дегенде бір апта уақыт керек болар, өйткені ауруымның ауық-ауық
қайталайтын соқпасы бар жəне...
– Несі бар, тақсыр, - деп Бенаси оның сөзін бөліп кетті. Гравье
мырзаның бөлмесі сіздің құзырыңызда, рақым етіңіз...
Бұлар үйге кірерде доктор құра құшып келіп есік ашқан; соны көріп,
Женеста мұны үйінде тұратын кісі іздеп жүр екен-ау деп ойлап қалғандай
еді.
– Жакота! - деп дауыстады Бенаси. - Келген мырза тамақты бізбен бірге
ішетін болады.
– Ғапу етіңіз, тақсыр, - деп Женеста лезде уəж білдірді, - алдымен ақыпұлын келісіп алғанымыз дұрыс болмас па еді.
– Қайдағы ақы-пұл?
– Менің тұрғаным үшін. Бізді мені мен менің атымды тегін
асырамайтын боларсыз...
– Егер бай болсаңыз, - деп жауап қайырды Бенаси, - төлей жатарсыз; ал
егер бай болмасаңыз, — онда ештеңе де керек емес.
– Ештеңе де? Женеста тағы уəж білдірді. Бұл, менің ойымша,
қымбатырақ болар. Мəселе менің бай-кедей болуымда емес
қой,айтыңызшы, бəтір-еке, күніне он франкіден төлеп тұрсам, аз болмас па
екен; емнің ақысы, əлбетте, өз алдына шығар?
– Жаным жек көреді, біреуге меймандостық жасап, оны қуанышқа
бөлегенім үшін, содан ақы алу дегенді, - деді доктор қабағын шытып. - Ал
ем жағына келетін болсақ, өзіңіз маған ұнайтын болсаңыз ғана оны қолға
аламын. Байлар менің уақытымды сатып ала алмайды, ол біздің алқаптың
тұрғындарына тиісті. Маған атақ-даңқ та, байлық та қажет емес, мен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 03
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.