Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 01

Total number of words is 3853
Total number of unique words is 2356
32.2 of words are in the 2000 most common words
47.2 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
(роман)
Жаралы жүректерге –
тылсым мен тыныштық.
Анама.
I таpay
ӨЛКЕ МЕН АДАМ
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер
шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге
қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен - табаны тастақ,
арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан
созылып жатқан, халқы тығыз кантонның1 орталығы. Қазірде қар суымен
толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан
бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында
қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің
шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы
нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара
жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дəл сол тұстағыдай күн сəулесі
мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға
болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай
мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нəрлі өсімдігі
жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су
күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның əр
жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша
бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана
сарқыраған өзеннен бұрып əкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып
қойған су шыжымдары жəне көрінеді. Əр жерде шашыраған лашық үйлер
мəуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға
итермелейді. Ал одан əрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бірбіріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі
шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нəтижесін айғақтап
тұрғандай.
Босағаларының үстіне ірімшік кептіретін керме орнатып қойған. Қайда
қарасаң да, дəл Италиядағы сияқты аула шарбақтары мен үй қоршауларын
жүзім сабақтары тұмшалап, жапырақтары малға жем болатын кəдімгі
жатаған шегіршін бұталары орап алған. Кейбір жерлерде табиғаттың
тəлкегімен төмпе-төбешіктер бір-біріне міңгесе жақындап келгенде,
араларында өндірістік құрылыстарға да, егістікке де, тіпті лашық үйлерге
де орын қалмаған. Тек өзен ғана, құлдыраған құлама сулары сарқырап,
аспанмен таласқан екі гранит шоқының арасынан жарып өтіпті. Олардың
тас қабырғаларынан жоғары, екі жағынан анталап, биіктігі жүз кезге дейін
баратын қалың қарағай мен шырша, самырсын ағаштары өскен. Діндері
түп-түзу болып бой түзеген бұл əсем ағаштар, бұта жапырақтарын өз
ыңғайына қарай түрліше жайқалтып, өне бойлары мүкпен өрнектеле
айшықталып, жолдың екі жағын тұтаса қоршап алған; олардың етек
жағына орала өскен аюқұлақ, шетен, бүрген, итмұрын сабақтары өз алдына
əдіптеліп, қызылды-жасылды əр беріп тұр. Сол бұталардың балауса жас
иістері тау гүлдерінің танауды шерткен ашқылтым жұпарымен,
жоғарыдағы балқарағай, көктерек жəне жасыл шырша шайырымен араласа
аңқығанда, адамның басын айналдырып, көкірегін кернегендей.
Жоғарыдағы жартастардың ара-арасынан ақша бұлттар жүгіріп, біресе биік
шыңдарын бұлдырата орап алады, біресе оларды қайтадан жарқырата
жалаңаштап көрсетеді; енді бірде жаңағы бұлттардың селдіреген сілемдері
шүйкеленіп барып, жақпар тастарға өздері ұрынып жатады. Тау іші осылай
сəт сайын құбылып, əп-сəтте өңін өзгертіп бөктері бозара, аңғары ағара,
жазықтағы көк майса өзінің табиғи əрімен құлпыра, қабақтағы жартас
найзадай үшкірлене ағаш арасынан сығалаған күн сəулесінің ыңғайымен
əрқайсысы өздерінің түр-түстерін сан-саққа жүгіртіп ойнағанда, осы
көріністердің ұзын ырғасы дүниенің бəрін жасартып, жаңғыртып тұрған
жыл мезгілінің осынау маусымында айналаны тылсым тыныштықта
мүлгітіп, тап-таза көк аспанды күн нұрымен тамылжытып тұр.
Бір сөзбен айтқанда, бұл сондай тамаша өлке, мұның аты - Франция!
Жолаушы, ұзын бойлы кісі, үстінде көк шұғадан тігілген мұнтаздай тап-
таза киімі бар, ертеңгісін, сірə, қылшық жүнін дəл сондай қылып тазартқан,
сауыры жып-жылтыр аттың үстінде, кəдімгі атты əскердің қарт
офицерінше, қаққан қазықтай болып тіп-тік отыр. Тіпті əскери адамды
айтпай танытатындай, мойнында қара галстугы, қолында бес саусақты
күдері қол қабы, беліне байлаған былғары құндақты пистолеттері, ердің
артқы қасына мықтап байластырған қоржыны болмағанның өзінде де, оның
ешнəрсені алаң қылмайтын жайбарақаттығы, соны анық аңғартқандай
қоңырқай өңі, сəл ғана қарасан дағы бар, бірақ жалпы жамалы түзу кескіні,
шып-ширақ қимыл-қозғалысы, өткір көз жанары мен маңғаз бас бітімі
осының барлығы оның үй ішілік бейбіт тіршілікке оралғанда да қалмайтын
əскери машықтарын анық танытқандай еді. Оның орнында басқа адам
болса, таулы табиғаттың əсем көріністеріне таң-тамаша қалған болар еді;
əсіресе сол таулар Францияның үлкен өзен аңғарларымен ұштасқан
тұстары оның көзін қызықтырмай қоймас еді; бірақ Наполеон соғыстары
тұсында талай елдерге басып кірген француз армиясының офицеріне,
əрине, мұндай көріністер таңсық болмаса керек; сондықтан бұл кісі мына
жерлердегі табиғат көріністерінің алуан түрлілігіне ешбір таңданбастан,
жай ғана қызықтап келе жатыр.
Сірəғысында, Наполеон солдаттың жан дүниесіндегі таңырқау сезімін
біржолата жойып жіберген болуы керек. Сол себептен де бет-ажарының
мызғымас мығымдығына қарап, көлденең кісі кім-кімнің де бір кездері ұлы
императордың өз заманыңда шалқып өткен жеңімпаз туы астындағы сапта
болғаның айна-қатесіз аңғарар еді. Жолаушы расында да, қазіргі кезде
некен-саяқ кездесетін, Наполеон жорықтарының барлығына қатыса жүріп
аман қалған, оққағары бар дейтін сарбаздардың бірі болатын. Сөйте тұрып,
өмірінде айта қалғандай ерекше ештеңе болған жоқ. Кəдімгі қатардағы
жауынгерше қаһармандықпен соғысты, императордан алыс-жақын жүріп,
күндіз-түні бірдей өзінің борышын адал орындады, сілтеген қылышы мүлт
кеткен жоқ, бірақ қаруын ешқашан бекерге де сілтемепті. Жағасында
Құрметті легион орденінің белгісі жарқырайды; онысы да тегін емес-ті;
өйткені Мəскеу түбіндегі шайқастан кейін, бүкіл полк болып, сол күнгі
естен кетпес қырқыста бұл орденге лайық адам жалғыз осы кісі деп
таныған-ды.
Бұл өзі өмірде сирек кездесетін ұстамды, ұяң мінезді, жан дүниесінде
зəредей жарықшағы жоқ, өзі жайында біреуге өтініш айтуды өзіне қорлық
санайтын адамдар қатарына жатады; сондықтан да болар, əскери атағы да
қызмет еткен жылдарына қарай заң бойынша ғана, тым баяу жоғарылап
отырған. 1802 жылы лейтенант атағын алған ол эскадрон командирлігіне
тек 1829 жылы, мұрты ағарған кезде ғана жетті; бірақ өмірінің мінсіз
өткендігі сондай, онымен кездескен əрбір адам, мейлі генерал болса да,
оған еріксіз құрмет сезімін білдірер еді; ал ондайды жоғарғы жақтағылар
кешіре бермейтін. Оның есесіне қарапайым солдаттар, бірі қалмастан, оны
көргенде, мейірбан ананың алдындағы жас баладай ізет білдіретін; себебі
бұл оларға əрі қатал, əрі қайырымды мінез танытушы еді. Мұның өзі де ен
алдымен дəл солар сияқты солдат болды, олардың қызықты шыжығы мен
шыжықты қызығы бірдей өмірін, кінəлы-кінəсыз қылықтарын жақсы
білетін, солдаттарға ылғи "жігіттер" деп сөйлейтін, жорық үстінде қала
халқынан атқа жем, өздеріне азық алып жатса, оған тыйым салмайтын.
Мұның жеке өмірі құпия күйінде қалды. Бұл, сол кездегі барлық
жауынгерлер сияқты, дүниені оқ-дəрінің түтіні арқылы ғана немесе
императордың бүкіл Еуропаға қарсы жүргізген соғыстарының араарасындағы сирек болатын талас кезеңдерінде ғана көрді. Бұл үйлену
жайын еске алып көрді ме екен?
Мұндай сұраққа ешкім жауап бере алмас еді. Əрине, бір қаладан бір
қалаға, бір өлкеден бір өлкеге тынымсыз ауысып жүргенде, полктың өз
ішінде немесе соның құрметіне ұйымдастырылған той-думандарда
əйелдердің мысын басып жүрген кездері болды, бірақ оның анық-танығы
ешкімге мəлім емес-ті. Ол ешқашан сопы болып көрінген жоқ, ешқандай
жиын-тойдан бас тартқан емес, полктың дəстүріне де кір келтіріп көрмеген;
ал баз біреулер əлде қалай одан махаббат мəселесі жөнінде сұрай қалса, ол
пəлен деп тіс жармайды немесе жай қалжыңға айналдырып жібереді. Кейде
бір офицер той қызуы үстінде одан: "Ал, сіз қалайсыз, Женеста", - деп
туралап келсе, бұл: "Кəне, мырзалар, тартып жіберейік!" - деп жалтара
жауап қайтарар болар.
Қысқасы, Пьер-Жозеф Женеста мырзаның былайша айтқанда,
жылтырағы жоқ өзіндік бір Баярдының2, бойында ешқандай поэтикалық та,
ешқандай романтикалық та ерекшелік жоқ, мейлінше қарабайыр көрінетін
кісі еді. Бүкіл бой-басыңа қарап тұрсаң дəулетті адам тəрізді, ал
шындығында бар байлығы жалақысы болғанда, болашағы зейнетақысына
ғана байланысты еді. Біздің эскадрон командиріміз, өмірдегі
сəтсіздіктерінен тəжірибе мен сақтықтың тағылымын алып шыққан сауда
саласындағы кəрі көкжалдар секілді, алған жалақысын еш уақытта түгел
жұмсамай, екі жылдың айлығын қорландырып қойған. Карта ойының
ұнатқан емес, ойыншылардың арасында біреу-міреу кетіп қалса немесе
кеңесші керек бола қалса, бұл өзіне қатысы жоқ нəрседей алжайына отыра
береді. Артыққа əуестігі жоқ, ал қажеттіден қалыс қалмайды. Үстіндегі
мундирі полкының өзге офицерлеріне қарағанда көпке дейін тозбайтын.
Өйткені оның ортақ дəулетінен туындаған ұқыптылығы бойына əдет болып
сіңген-ді. Осыған қарап, оны тартпақ сараң дейін десең, дымын қалдырмай
картаға ұтқызып жіберген немесе басқа бір жолмен тақырға отырып қалған
есалаң жігітке соншалықты жомарттықпен ақшалығын емірене ашып
жіберетін мінезі бар. Тегінде, ол өзі де талай мүлкін ойынға салып жоқ
қылған болар, əйтеуір қарыз беруге қашанда əзір тұрады; борышқорды
кінəлауға хақысы жоқ адамдай, қарызыңды қайтар деп еш уақытта ешкімге
ескерткен емес. Қарақан жалғыз басты болып, полкта өскен ол үшін армия
əулеті, полкы туған үйіндей болып кеткендіктен, оның үнемшілдігінің
себебін ешкім діттеп жатқан жоқ, қайта, жұрт сол үшін құрметтеп, ертеңгі
қартайған күнінің қамы болар деп есіркейтін. Женеста подполковник
дəрежесін алуға əзірленіп жүрген, сондықтан жұрттың бəрі: онда
зейнеткерлікке дейін полковник атағына жетіп алып, сонсоң бір жайлы
түкпірге орналасудан басқа мақсат жоқ шығар деп ойлайтын.
Жас офицерлер əрбір маневрден кейін Женестаны сөз қылғанда, оны
училищеде алғашқы награданы алғаннан кейін, соны місе тұтып, ар
жағында кəдімгі ақ борық бөлке нандай тап-таза, бірақ дəм-тұзсыз күйінде,
еш нəрсеге əуестігі жоқ, тек өз жұмысын атқаруды ғана білетін қақ-соқсыз
момын қасқалар қатарына жоритын да, ал кісі парқын танитын сұңғылалар
пікірі одан өзгеше болатын. Ондай томырық мінезді тұйық адамдардың жай
көзқарасы немесе іштен булығып шыққан бір ауыз ащы сөзінің өзі ар
жағында бұрқырап жатқан дауыл бар екенін аңғартар еді. Сіз бұл кісінің
сабырлы жүзіне қарап тұрсаңыз, ішінде қазандай қайнаған сезімдерін
күшпен буып, жүрегінің терең түкпіріне жасыра білетін қабілетін түсінер
едіңіз, ал ондай өнер оңайға түспейді, тек соғыстың қауіп-қатері мен
кездейсоқ оқиғаларына дес бермейтін төзімділікпен қалыптасады. Бірде
полкке жаңадан келген жас жігіт, өзі Францияның бір нəнінің баласы
болатын, Женеста жайында білгішсіп тұрып: "одан кереметтей мүлəйім
священник немесе дүние жүзіндегі ең адал дүкенші шығар еді", - демесі
бар ма.
– Жəне ешкімге жарамсақтана білмейтін маркиз дегенді қосып
қойыңыз,– деді жаңағы сөзді естіп қалған Женеста білгішсінген бөспе
байды оқты көзімен атып тұрып. Отырғандар қарқылдап күліп жіберді:
лейтенанттың əкесі, əйгілі алаяқ, қай өкіметке болса да жаға білетін, тіпті
мемлекеттік төңкерістер кезінде де қалқып бетке шыға келетін адам еді,
баласы өзіне ұқсап туыпты. Француз армиясында Женеста сияқты адамдар
да кездеседі: іс үстінде олар ұлы болып көрінеді, ал одан кейін нағыз
қойдан қоңырдың өзі, атақ-даңққа ұмтылмайды, қауіп-қатерді ойламайды;
ондайлар адам табиғатының мүмкіндігінен əлде қайда жиі кездеседі.
Алайда Женестаны мінсіз адам деп ойласаңыз, сіз қателесер едіңіз. Ол
күдікшіл, шырт етпе кісі, таласқанда жеңістік бермейді, ылғи да өзінікін
дұрыс деп өзеурейді, тіпті қателескенін де мойындамайды, ал енді былықшылықтары басынан асады. Солдат қызметінен сүйегіне сіңіп қалғаны
күшті ішкілікке құмарлығы. Салтанатты жағдайда киетін киімдері мен
барлық белгі-нысандарын тағып отырған кездерде ол үстел басынан
маңғазданып, қалың ойға батқандай баптана тəкаппарсып тұрар еді.
Жоғарғы қауымның жол-жоралары мен сыпайылық заңдарыңа бірсыдырғы
жетік, соларды əскери ыждаһатпен орындауды мызғымас нұсқаудай берік
ұстайды, табиғи ақыл-парасат пен естиярлық жөн-жобадан да құр алақан
емес, əскери тактика мен стратегия, ат үстінде семсерлесу қағидалары жəне
мал дəрігерлігі ісінің жай-жапсары жөнінен жап-жақсы хабардар, ал бірақ
солардың есесіне жалпы білім жағы тіпті жадағай еді. Оның шала-пұла
есінде қалғаны Цезарьдың əлде консул, əлде Рим императоры болғандығы;
Александр əлде грек, əлде македониялық: бір тəуірі сол атақ-дəрежелердің
қайсысына болса да даусыз көне кететін. Ол отырған жерде тарихи немесе
ғылыми тақырыпқа əңгіме бола қалса, ол жеңіл ғана ізет білдіріп, бас
изеумен шектелетін; құдды бір пандықтың биігіне шығып алған терең ойлы
ғұламадан кем емес-ті.
1809 жылы 13 мамыр күні Наполеон Венаны алған француз əскеріне
арнап үндеу жазған; сол үндеуде: "Австрияның бекзадалары Медеяға ұқсап,
өздерінің балаларын өз қолдарымен тұншықтырды", - дейтін сөздер
болатын; жаңа ғана капитан шенін алған Женеста өзінің мəртебелі əскери
атағына дақ түсіргісі келмегендіктен, Медея дегеннің кім екенін сұрай
алмапты. Наполеонның данышпандығына сүйенген ол императорды
француз əскері мен Австрияның сарай адамдарына арнаған үндеуінде тек
ресми тілде ғана сөйлейді деген сеніммен Медеяны əлдеқандай бір жеңіл
жүрісті эрцгерцогиня болар деп ойлап қалған. Сондықтан үндеуде аты
аталған Медеяның əскери өнерге бір қатысы бар болар деп ұққан ол
мадемуазель Ракурдың "Медеяны" қайтадан сахнаға шығарғанына дейін
осы ойдан қайтпаған. Капитан жарнаманы оқығаннан кейін, мəн-жайды
көршілерінен сұрап біліп, енді атақты актрисаны мифологиялық кейіпкер
рөлінде көрмек болып, дəл сол кеште Француз комедиясына аттанған екен.
Алайда, қатардағы солдат кезінде оқып, жазып, санап үйренген, сөйтіп
сауатын ашуға табандылығы жеткен ол, капитан болғаннан кейін, əлбетте,
өзінің білімін жетілдірумен шұғылдануы қажет екенін түсінген. Сондықтан
ол роман атаулы мен жаңа кітаптарды құныға оқып, солардан алған азынаулақ білімді шебер пайдаланды. Өзінің ұстаздарына ризашылық
білдіргенде, тіпті Пиго-Лебренді3 қорғауға дейін барып, оның еңбектерін
өте тағылымды деп, ал өзін үлкен психолог деп бағалауға дейін барған.
Сақтығы мен жай тірліктегі ақыл-парасаты арқасында өмірде бірде-бір
ағат қадам жасап көрмеген осынау офицер Гренобльден енді ғана шығып
гранд-Шартрезге қарай жол тартып келе жатқан; сол үшін алдын-ала полк
командирінен бір апталық демалыс сұрап алған. Тоқтаусыз ұзақ жүрермін
деп ойламаған, бірақ кездескен шаруалардың сілтеуімен жолдан көп адасып
жүрді де, ақырында бір жерден ат шалдырып, тыңайып алмақ, содан кейін
ғана сапарын жалғастырмақ болды. Қазіргі қызу науқан кезінде үй бикесін
кездестіре қою киын болар десе де, ол айналасы төрт бұрыштала
шаршыланған қауымға тиісті алаңның ортасында жапырайған, сөйтсе де
кез келген жолаушының алдынан ашық тұрған лашықтардың бірінің
алдына келіп, ат басын тіреді. Қауымның иелігіндегі бұл жер топырағы
əбден тақырланып, беткі қабаты тап-таза сыпырылған екен; əр тұста көн
төгетін шұқырлар көрінеді. Қабырғалары жарылып кеткен лашық үйлерді
айнала раушан гүлдері мен шырмауық аралас шалғын шөп өскен. Екі
жеркепенің арасында қурап қалған бір тұп қарақаттың қурайына ескі
шүберектер жаюлы тұр. Бір құшақ сабан үстінде шалжайып шошқаның
қабаны жатыр; Женестаның алғаш көрген тірі жəндігі осы болды. Ат
тұяғының тықырын естіген сарық қабан бір қорс етіп, тұмсығын көтерді де,
үлкен қара мысықты үркітіп жіберді. Төбесіне бір буда шөпті қондырып
алған шаруаның жас қызы көрінді, соңынан үстібастары жалба-жұлба төрт
бала еріп келеді, бəрінің де қимылдары пысық, өздері у-шу, көздері жалтжұлт, өңдері əп-əсем, күнге күйген, періштеге еліктеген перінің тентек
балалары дерсің.
Күннің көзі шақырайып тұр, сондықтан болса керек, ауа да, мына
жеркепелер де, көң үйінділері де, мынау үрпекбас балалар да бір түрлі
тазарып, түрленіп көрінетін сияқты. Жолаушы бір саптыаяқ сүт болмас па
екен деп сұрады. Қыз жауап берудің орнына қарлыққан даусымен əлде
кімге үн қатты. Лашықтың табалдырығынан жасамыс əйел көрінді; қыз
қолымен кемпірді нұсқады да, өзі мал қораға кіріп кетті; Женеста соған
қарай жақындады, айналасын қоршап алған балаларды басып кетпесін деп,
атының басын тарта ұстаған. Ол жаңағы өтінішін қайталап айтып еді, əйел
ада-күде бас тартты: май бұлғайын деп жинап отырған сүтінің қаймағын
кім бұза қойсын! Оған жауап ретінде офицер бұл шығынды тиісінше өтеуге
уəде берді де, атын қақпаның алдындағы баранға байлай салып, лашықтың
ішіне кірді. Бикенің төрт баласының түрлеріне қарағанда, жастары бірдей
сияқты; бұл əнтек оқиға жолаушыны таң-тамаша қалдырды. Шаруа əйелдің
бесінші ұлы жəне бар екен, етегіне жабысып сол жүр; шидиген ап-арық
шілтікке көбірек күтім керек екені көрініп тұр, демек, шешесі мұны
өзгелерден əлде қайда жақын тартатыны да белгілі сияқты.
Женеста от жағылмаған биік қазандықтың қасына жайласқан, оның
жоғары жағындағы сөреде əлеміш гипстен жасалған кішкентай мүсін тұр:
қолында көтерген сəби бар Айса. Тамаша емеурін! Лашықтың едені
балшық, ежелгі замандағы ескі əдіспен тығыздалған; тазалап сыпырып
қойғаныңа қарамастан, əр жері көпсып кеткен; кəдімгі апельсиннің
қабыршағындай кедір-бұдыр. Қазандықтың қасында ағаш шəркей ілулі тұр,
ішіне толтыра түз салып қойыпты; төменде таба мен қазан көрінеді.
Сыртқы есікке қарама-қарсы кереует тұр, тұсына тоқыма өрнекті керме
ұсталған. Балталап қолдан істелген үш аяқты жайдақ орындықтар, нан
сауыт, су құятын үлкен ағаш күбі, шелек, сүт құятын қыш құтылар, тақтай
сөренің үстінде жіп иіретін қондырғы, ірімшік жаятын бірнеше тоқыма
жайма, қарайып кеткен қабырғалар, құрт тескен есік, оның жоғарғы
жағында кішкентай темір торлы көзəйнек мінеки лашық үйдің ішкі көрінісі
осы.
Енді біраз зерігіп, жер еденді қамшымен ұрғылап отырған офицердің
көз алдында болған мынадай бір қызық оқиғаны баяндайық. Кемпір сары
қотыр шыққан еркетайын ертіп, жерқойманың есігінен төмен түсіп кеткен
кезде, жаңағы төрт бала офицерді таңырқап болғаннан кейін, аулада жатқан
сарық шошқаны қуалай бастады. Бұрын балалар жай ойын қылып жүретін
байғұс жануар лашықтың табалдырығына тақай беруі мұң екен, балалар
оған жабыла кетіп, жан-жақтан жұмырықтарымен төмпештің астына алды.
Сарық томпаңдай қаша жөнелді. Жауды солай қуып тастағаннан кейін
балақайлар шоланның есігін шабуылға алды; аузының босап тұрған ілгегі
оп-оңай ағытылып кетті де, енді олар жеміс қоймасына қарай лап берді;
осыған қызықтап қарап отырған Женеста бір кезде балалардың кепкен
ерікке анталап жатқаның көрді. Сол кезде қатқан көндей құрысып қалған
кемпір қонаққа деп бір құмыра сүтті көтеріп үйге кіре берген.
– Əй, оңбағандар-ай! - деп баж ете қалды ол.
Кемпір балалардың бірінен соң бірін шоланнан жетектеп шығара
бастады, бірақ қолдарындағы өрікке тиген жоқ, тек өзінің асыл қазынасы
тұрған қойманың есігін мықтаңқырап бекітті.
– Түу, түу, балақайлар-ай, ақылды болсаңдаршы. Бағып жүрмесең,
бұлар барлық өрікті бір-ақ жеп бітірер. Сондай жүгірмектер емес пе! - деп
бір қойды да, Женестаға қарады.
Əйел жайдақ орындыққа келіп отырды да, сары қотыр баланы өзіне
қарай жақындата тартып, ерекше бір аналық ептілікпен шашын сулап,
сонсоң тарай бастады. Ал ана төртеуі, мұрындарынан соралары аққан, бетауыздары салтақ-салтақ, бірақ денсаулықтары балғадай, біреуі қабырғаға,
біреуі кереуетке, біреуі нарға сүйеніп, үн-түнсіз өріктерін жеп тұр,
көздерінің астымен бейтаныс адамға қулана қарап қояды.
– Бұл балалар сіздікі ме? - деп сұрады офицер кемпірден.
– Ғапулық өтінемін, тақсыр, жетімхананікі. Əрқайсысы үшін маған
айына үш франк жəне бір қадақ сабын төлеп тұрады.
– Не десеңіз де, бəйбіше, бұлар сізге, сөз жоқ, екі есе қымбатқа
шығатын болар.
– Бізге Бенаси мырза да осыны айтады, бірақ та осы бағаға басқалар да
алып жатқанда, біз қалай құр қалайық. Балаларды алу оп-оңай дейсіз бе?
Əуелі талай табалдырықты тоздырасың. Неге десеңіз, біздің оларға беретін
сүтіміз тегінге түседі, өйткені біз оған ешқандай шығын шығармаймыз. Ал
енді үш франк дегеніңіз, мырза, қып-қызыл ақша. Мінеки, сонда он бес
франкіңіз əуеден жауған болып шыға келеді, ал бес қадақ сабыныңыз
мұның сыртында жатыр. Ал біздің жерде күніне он су4 табудың өзі
қаншалықты қиындыққа түседі десеңізші!
– Сіздің өз жеріңіз бар ма? - деп сұрады Женеста.
– Жоқ, тақсыр. Марқұмның тірі кезінде жер бар еді, ол өлгеннен соң
жоқшылық басып кетті де, сатып жіберуге тура келді.
– Сонда деймін-ау, борышқа килікпей, жылдың аяғына дейін қалай
шығасыз? - деп Женеста таңғалды. - Сіз жаңағы ақшаға балалардың кірқоңын жуасыз, оларды асырайсыз, күтімі жəне бар.
– Жөні солай-ақ, жақсы мырза, - деп əйел де қостап жатыр, сары
қотырлы сəбидің басын тарап отырып. - Жыл аяғына дейін қарызсыз
болмайды. Сонсоң, өзіңіз көріп отырсыз, құдай да жар болады. Екі сиырым
бар. Жаздыгүні, орақ кезінде, қызымыз екеуміз масақ тереміз, қыста
орманнан шірінді ағаш тасимыз, кешкілік жүн иіреміз.Тек əйтеуір өткен
жылғыдай қыстан құдай сақтасын де. Диірменшіден үн аламын деп жетпіс
бес франк борышты болдым. Бір тəуірі, диірменшінің өзі - Бенаси
мырзаның жалгері... Кедейдің шын жанашыры деп əне сол Бенаси мырзаны
айт! - Ол əлі қарызымды қайтар деп ешкімнен талап еткен емес, бізден де
талап ете қоймас. Қазір бір сиыр бұзаулады, оралымға келу оңайырақ
болар.
Мейірімімен жанашырлықты осы шаруа кемпірден көріп отырған төрт
жетімек өріктерін жеп болған. Өгей шешелері офицерден көзін алмай
əңгімелесіп отырғанда, балалары қаздай тізіліп, жүзімі бар шоланның
есігін тағы бір бұзып кіруге ыңғайланған. Тəттіге құмартқан балалық
нəпсінің итермелеуі ғой. Бірақ француз солдаттарына ұқсап басакөктемейді, немістер секілді жымысқылап барады.
– Жүгірмектерді қарашы əне! Қоясыңдар ма сендер, жоқ па?
Кемпір орнынан түрегеліп барып, ішіндегі ең бой шаңын ұстап алды да,
алақанымен бір салып, есіктен əрі қарай итеріп жіберді; бала қынқ еткен
жоқ, басқалары да жым болды.
– Сізге қиын-ақ екен!
– Жоқ, тақсыр, бұлар əлі жас қой: өрікті көрген соң қызығып
тұрғандары да. Қарамасаң жеп-жеп күпті болып қалады.
– Жақсы көресіз бе өздерін?
Осы сөздерді естігенде, кемпір басын көтеріп алды да, офицерге
мысқылды көзбен бір қарап жауап қатты:
– Жақсы көрмегенде ше? Үшеуін өсіріп қайтардым, - деп тағы бір
күрсінді, менің қолымда олар алты жасқа дейін ғана болады.
– Өз балаларыңыз бар ма?
– Бəрін де жерге бердім.
– Өзіңіз қаншаға келдіңіз? - деп сұрады Женеста жаңағы сауалын жуыпшайған болып.
– Отыз сегіздемін, тақсыр. Алдымыздағы Иван күнінде күйеуімнің
қайтқаныңа екі жыл болады.
Əйел, ақыр-соңында, сары қотырлы сəбиді киіндіріп еді, балақан соған
масаттанғандай, қабағын түйіп еркелік білдірді.
– Мына əйелдің бар өмірі - жанкештілік пен қыбыр-жыбыр еңбек екен, деп ойлады Женеста.
Айса пайғамбар дүниеге келген мекендей осы шаңырақтың астында
əйел байғұс қыңқ деп қынжылмай, аса ауыр аналық міндеттерін атқарып
жүр. Таскерең меңіреулік астында қандай жүректер көміліп қалған! Қандай
байлық жəне қандай қайыршылық! Ағаш шəркей киген ұлылық пен ескіқұсқыға ораулы інжілдің қадірін өзгеден гөрі солдат жақсы бағалайды. Кей
жерлерде əулиелік сөздер жазылған кітаптарды мауытыға, жібекке, атласқа
оралып түптелген күйінде, неше түрлі түсінік, анықтама, қосымшаларымен
қоса-қабат кездестіресің, ал мына жерде сол əулиелік сөздердің нағыз төл
рухы бейнеленген. Айсаның адам болғаны секілді, тастанды балаларға ана
болған, сонсоң масақ теріп, азап тартқан, қарызға батып, өзін несібеден
айырған; сол аналық борышын орындау жолында қайыршылық өмір кешіп
жүргенін мойындағысы келмейтін мына əйелге қарап тұрып, құдайдың
құдірет күшіне қалай сенбессің. Бұл əйелді көргенде, мына жалған дүниеге
ізгілік таратып жүретін жандар мен көк жүзін мекен еткен рухтардың
арасында əлде қандай бір туыстық байланыс бар екенін мойындамасқа
болмас еді; сол себептен де офицер оған қарап тұрып таңдана бас
шайқаған.
– Немене, Бенаси мырза жақсы дəрігер ме? - деп сұрады ол ақырында.
– Оншасын білмедім, тақсыр, бірақ əйтеуір кедейлерді тегін емдейді.
– Е, онда тəуір адам болды, - деді Женеста ойланып тұрып.
– Тəуір болғанда қандай, тақсыр! Мұндағы жұрттың бəрі де ертеңді-кеш
оның есімін дұғаға қосып отыратыны тегін емес.
– Мынау сізге, анасы, - деп, Женеста бірнеше майда ақша ұсынды. Ал
мынау балаларға, -деп тағы бір экю қосты. - Бенаси мырзаның үйі алыс па?
- атына міне бергенде ол осылай деп тағы сұрады.
– Жоқ-ə, ол не дегеніңіз, көп болса бір лье5 шығар.
Офицер əлі де кемінде екі лье жүретін болармын деген сеніммен кеткен.
Алайда көп кешікпей ағаш арасынан шеткері үйлер қараңдап көзге шалына
бастады да, сонсоң үшкір шошақ төбелі шіркеудің айналасында
жыпырлаған деревня үйлері айқын көрінді, шатырдың шиферін төбенің
бұрыш-бұрышына шегендеп бекіткен қаңылтыр жолақтары күнге
шағылысып жарқ-жұрқ етеді. Əлдеқандай өзіндік бір ерекшелігі бар
осындай үй төбелері Савойяда жиі кездесуші еді, сірə, соның шекарасы да
таяу болса керек. Аңғар аумағы бұл жерде кеңейе түсіпті. Шағын ғана
алқапта, өзен бойын жағалай шашырап жатқан ұядай үйлер жақсылап
өңделген өңірдің сəнін келтіріп-ақтұр, айналаның бəрін қоршаған тау, тіпті
бұл жерден жол тауып шығып кетуің де қиын сияқты. Қыраттың оңтүстік
етегінде жайылып жатқан селеннің шет жағындағы шегіршін аллеясына
жете бергенде, Женеста атының басын тартып, бір топ баладан Бенасидің
үйін сұрастырған. Балалар əуелі бір-біріне қарасып, одан кейін бейтаныс
кісіні көздерімен тінтіп шықты, бала дегеннің бір нəрсені алғаш көргенде
осылай қарайтын əдеті ғой: қараңызшы, əрқайсысының өзінде қаншама
таңданыс, қандайлық ор алуан ой бар! Сəлден кейін өзгелерден пысықтау
жалаңаяқ бала, өткір көздері ойнақшып, балаға тəн мінезбен, офицердің
сөзін сол күйінше қайталап:
— Бенаси мырзаның үйі дейсіз бе, тақсыр? деді. — Сонсоң сөзін
жалғастырды:— Мен ертіп барайын.
Ол аттың алдына түсіп алып жүріп кетті; жолаушыға жол көрсеткенді
мақтаныш көрді ме, əлде баланың елгезектігі ме, əлде бəлкім, бала жастағы
қолды-аяқтылыққа жан-тəнімен құмар келетін əдетке бақты ма, кім білсін.
Женеста селеннің бас көшесімен жүріп келеді, тастақты, бұралаңы көп, екі
жақтың үйлері ентелеп тұрған көше, əркім өз үйін қалай болса солай
тұрғыза салғаны көрініп тұр. Мына жерде пеші бар қосалқы құрылыс тура
жолдың ортасына шығып кеткен; əне бір шошақ төбелі үйшіктің бүйірі
кесе-көлденеңдеп, жолды біржола жауып тастай жаздаған; ал одан
əрегіректе таудан аққан жылға оны жырымдап ойып кеткен. Женестаның
көзіне түскен үйлердің бірқатары төбесін қарауытқан жұқа тақтаймен,
көпшілігі сабанмен, енді біразы қышпен жапқан; ал қалған жеті-сегізі
шифер төбелі, əрине, олар кюренің, аралық судьяның жəне жергілікті
байшікештердің мекені болса керек. Бұл жер нағыз меңіреу түкпір екен;
деревня құдды дүниенің ең шетінде тұрғандай, ешкіммен байланысы жоқ,
бəріне жат көрінетін бірдеңе секілді; оның тұрғындары да əлеуметтік
қозғалыс атаулыдан сырт қалған, онымен тек болмашы тіндермен, тек
салық жинаушы арқылы ғана жалғасқан жандар секілді көрінеді.
Женеста тағы бірнеше қадам жүргенде, деревнядан жоғарырақ таудың
үстінен өтетін кең
көшені көрді. Шамасы, деревня ескі, жаңа болып екіге бөлінетін тəрізді.
Расында да, офицер атының тізгінің тартынқырап ұстаған кезде, жіңішке
қалыстың ар жағында іргесін
мықтап қалаған үйлер көрінді; төбелері шетінен жарқырап, ескі
деревняның үстінен қарайды. Сол жаңа үйлерден, жағалай жас ағаштар
отырғызылған көшелерден əн естілді Бұл қол өнер кəсібімен айналысатын
адамдардың жұмыс үстінде қосылып айтатын өлеңі; соған ілесе
шеберханалардың бір-біріне ұласқан у-шуы жетті; Бұл станоктардың
құмыққан ызыңы, түрпі егеудің шиқылы, балғалардың тарсылы. Жолаушы
үйлердің мұржасынан шыққан селдір түтінді, сонсоң одан гөрі қоюырақ
арбашылардың, теміршілердің, ұсталардың көрігінен бұрқыраған будақбудақ ысты көріп келеді. Жолбасшы балаға ерген бойымен деревнядан
жүріп өткенде, Женеста əр жерде бытыраған фермаларға, жақсылап
өңделген егіндікке, қатар тізілген екпе ағаштарға қысқасы, жер
қыртысының қалың қабатында тығылып қалған Бри тəрізді бір мүйіске тап
болды; бір қарағанда, жаңа селен мен оны қоршаған таулардың арасында
осындай мүйіс болады деп ойлауға əсте де қисыны жоқ сияқты. Осы тұсқа
келгенде балақай тоқтай қалып:
– Мінеки оның үйі, - деді.
Офицер атынан секіріп түсті де, шылбырын білегіне сілке тастай салып,
еңбектің қай түріне де ақы төленуі керек қой деген оймен, қалтасынан
бірнеше су ұсақ ақша алып, балақанға ұсынды; бала таңданғаннан көзін
бақырайтып тұрып ақшаны алды да, рахмет айтпастан, енді не болар екен
дегендей, аңырып тұрып қалды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 02
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.