Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 13

Total number of words is 3950
Total number of unique words is 2139
35.7 of words are in the 2000 most common words
49.2 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ғанибет еді (Осы тұста Гогла аяғымен жер еденді шеңберлеп сызып өтті).
Сонымен қоймай: "Мына жерде корольдік болады", десе бітті,
айтқанындай-ақ, бір корольдік пайда бола қалады. Сондай замандар өтті
ғой бастан. Көзіңді ашып жұмғанша кешегі полковниктер дереу генерал ал
генералдар маршал, маршалдар король бола қалады.
Солардың біреуі тірі қалды, осы оқиғалар туралы Еуропаға сол айтып
бере алар еді; əттең не керек, негізі гаскондық бола тұрып, басындағы
тəжін сақтап қалу үшін Францияны сатып кетті, шіркін-ай, сонда оның екі
беті бір шылп етпеді-ау, несіне шылп етсін, қорғағаны алтын тəж болса!
Қысқасы, хат танитын саперлерге дейін ақ сүйек атағын алып жатты. Мен
өз көзіммен көрдім, Парижде Наполеонның төңірегінде он бір король мен
бір топ бекзадалар шамға үймелеген көбелектей көлпілдеп жүрді бір кезде.
Өздерің білесіңдер ғой, жолы болған əрбір солдат еңбегіне қарай таққа
отыруға дейін көтеріле алған жағдайда гвардиялық капралға қайдан баға
жетсін; біздің əрқайсымыз жеңіске өз үлесімізді қосып жаттық; оны
император бюллетендерінен өздерің жақсы білесіңдер. Ал сондағы
шайқастарды айтсаңдаршы! Аустерлиц тұсында əскерлер құдды бір
парадта жүргендей еркін қимылдады; Эйлауда Наполеон бір үрлегендей
болып еді, орыстар көлге батты да кетті; Ваграль түбінде үш тəулік бойы
шайқасқанда солдаттар сыр бермеді...
Қысқасы, лауқылда қанша əулиенің аты жазылса, мұндағы ерлердің
саны да соншалық еді. Сөйтсек, Наполеонның қынабында шыныңда Алла
тағаланың қылышы бар екен. Ол əp солдатты өз баласындай əлпештеп
ұстады; сенің аяқ киімің бүтін бе, іш киімің, шинелің бар ма, жейтін наның
мен ататын оқ-дəрін жеткілікті ме; сөйте тұра, өзін қалай биік ұстайтын еді,
патшалыққа жаратылған адам солай болмағанда қайтеді. Бірақ бəрібір! Кез
келген сержант, тіпті кез келген солдат "тақсыр" деп оған тікелей айта
алатын еді, кейде өздеріңнің маған "достым" дейтіндерін сияқты. Сонда
оған бір ақыл айтар болсаң, ол құлақ қойып тыңдар еді, өзімізбен бірге қар
төсеніп қатар жатар еді; қысқасы, қарап тұрсаң, кəдімгі қарапайым адам.
Мен өз көзіммен көрдім: жауған картечтің астында қалай тұрғаның; қалт
етпейді, дəл осы жерде отырған өздерін сияқты. Қабағын да шытпайды; бір
сəт те қарап отырмайды, бір жерде тұрақтап тұрмайды, дүрбіден көз
алмайды, оған бір қарасаң болды жүрегің орныңа түседі. Қалай болатының
мен тіпті білмеймін, кейде бізбен сөйлесе қалса болды, жанымызды жалын
шарпығандай жігерленіп кетеміз, өзімізді оның тіл алғыш баласындай етіп
көрсеткіміз келеді, қорқу деген ойда жоқ, гүрсілдеген зеңбірекке қарсы
ұмтыламыз, төбемізден төмпештеген картечке де қарамаймыз. Тіпті оққа
ұшып, өліп бара жатқандар да, оны көргенде күш-қайраттарын бойларына
жинап, ұшып түрегеледі, əскер тəртібімен сəлем беріп: "Жасасын
император!" деп бір айқайлап қалады.
Осының өзі тегін бе еді? Жай қарапайым адам үшін сендер осылай істер
ме едіңдер?!
Сөйтіп, ол барлық істі тəмам қылды. Ал падиша Жозефина, өзі сондай
тамаша əйел, бірақ оған перзент əкеле алмады, сондықтан өзін өте жақсы
көре тұра, тастауға тура келді. Не амал бар, мемлекет істері үшін оған ұл
балалар керек еді. Императордың осындай қиын жағдайда екенін білген
Еуропа билікшілері өзара қырқыссын: оған кім құда түсіп, қалыңдық бере
алады? деген талас төңірегінде. Ақыры ол австриялық бір қызға үйленді:
біздің естуімізше, Цезарь əулетінен тараған деседі, ертеде сондай бір адам
болған екен қазір жұрттың аузында тек соның аты: бір ғана біздің өлкеде
емес, бүкіл Еуропадағы істің бəрі содан басталған көрінеді, сөзіме күй
сеніңдер, күй сенбеңдер, мен Дунайдан өткенде, сол Цезарь салдырған
көпірдің тамтығын өз көзіммен көрдім, жұрттың айтуынша, ол өзі Римді
билеп тұрған, Наполеонға жекжаттығы бар көрінеді, сондықтан Наполеон
ол қаланы мұрагерлік жолымен ұлына беруге хақылы болса керек.
Сонымен, демек, үйлену тойларын өткізді, шырқатып мерекеледі, соның
құрметіне бүкіл халық он жылға алым-салықтан босатылды, бірақ, не
керек, салық жинаушылар оны түп-түгел өндіріп алудан бас тартқан жоқ.
Жо, айтқандай-ақ, олар үйленді, сонсоң əйелі императорға бір ұл туып
берді, ол "Римнің королі" деп аталды; Бұл да бір құлақ естімеген жаңалық
еді, өйткені əкесі тірі тұрғанда король болып туғанды кім көрген?!
Дəл сол күні сүйінші айтып, Парижден Римге ауа шары ұшырылған да,
ол бүкіл қашықтықты бір тəулік ішінде жүріп өткен. Иə, солай! Енді
осыдан кейін əлгінің бəрі тегіннен тегін болған деп кім таласа алады? Жоқ,
бұл жоғарыдан болған бұйрықтың нəтижесі еді! Ендеше, Францияның
мəртебесін көтеру үшін Наполеонды құдай Тағаланың өзі жіберіпті деген
сөзді бекерге шығарған адамның тілі кесілсін!
Міне, содан кейін, демек, өзіне бұрыннан дос-жар орыс императоры
əйелді орыстан алмадың деп бұған ашуланып, біздің жауымыз
ағылшындарды жақтап кетеді. Ал Наполеон болса, бұл уақытқа дейін
Англияны ауыздықтауға мұршасы келмей жүрген. Енді теңіздің ар
жағындағы сол құстың қанатын қайыратын мезгіл жетіпті. Наполеон
қаһарына мініп, бізге мынадай əмір берді:
– Солдаттар, сендер Еуропаның барлық астаналарын жайлап
болдыңдар, енді жалғыз Мəскеу ғана қалды, оның өзі де Англиямен одақ
болыпты. Сондықтан, Лондонды Үндістанмен қоса жаулап алу үшін енді
мен Мəскеуге қарай аттанбақпын.
– Демек, бұған дейін жер бетінде аяқ басып көрмеген қалың əскер
жасақталды да, күндердің бір күнінде біздің бəрімізді қайран етіп, бір
миллион адам көрініске жиналды.
– Ура! - деп айқайлайды орыстар.
Сөйтсек, бүкіл Ресей мен құтырған қазақтар бізден жылыстап кетіп
барады. Ел мен ел шайқасқа түскен, дүниенің бəрі астан-кестен,
Наполеонның дер кезінде сақтықты ойлауы керек-ақ.
Қызыл адамның ескерткені қайда: "Азия Еуропамен ұстасып жатыр!",
деп. Сондағы мұның қайтарған жауабы: "Жетер осы сөз, сақтықтың
шараларын қолданармын", деген. Айтқандай-ақ, жан-жақтан корольдер
жиналып, Наполеонның қолын жалап жатыр Австрия, Пруссия, Бавария,
Саксония, Польша, Италия, бəрі біздің жақта, бəрі де жарамсақ қарап
тұрсаң тамаша-ақ! Наполеонның тулары ешқашан дəл сол парадтағыдай
жайқала желбіремеген болар: Еуропаның барлық туларынан шоқтығы биік
еді.
Поляктарда қуанғаннан ес жоқ, өйткені император олардың жағдайын
жақсартуға уəде берген; Польша мен Франция ежелден бауырлас болатын.
Қысқасы, армия: "Ресей біздікі!" деп лепіріп тұр. Жорыққа аттанып бердік,
қару-жарақ жақсы: салдыртып келеміз ал орыстар көрінбейді. Қысқасы, ол
қуларға Мəскеу өзеніне жеткенде ғана киліктік сол жерге бекініпті. Мен сол
тұста орден алдым, нағыз қырғын соғыс сонда болды. Император есеңгіреп
қалғандай, Қызыл адаммен кездескен екен, сол айтыпты:
– Балам, байқа, бір пəлеге ұрындың, адамың жетпей қалып жүрмесін,
достарың сатып кетеді, - депті.
Демек, осы арада Наполеон бітімге келейік дейді. Бірақ шартқа қол
қоймас бұрын бізге айтады:
– Көрсетеміз орыстарға! - дейді.
– Жарайды! - дейді əскерлер.
– Алға! - деп айқайлайды сержанттар.
Аяғымдағы етігім тозды, үстімдегі киімім бой-бой болып қысқарды,
қаншама жер жүргенімізді содан біле беріңдер жəне ол қай бір оңып тұрған
жол дейсіңдер! Бірақ амал қайсы?! "Ботқаның бітер жері осы болса, аянып
қалмау керек", - деймін өзіме-өзім. Бір үлкен сайдың алдына келіп
тоқтадық алдыңғы шеп осы ара. Дабыл қағылған кезде жеті жүз зеңбірек
қатарынан гүрсілге басты: құлағыңнан қан саулап кетер ме екен дейсің.
Жаудың ерлігін де бағалай білу керек орыстар кейін шегінер емес, олар да
француздар секілді ажалға қарсы атой салуда, біз бір адым ілгері жылжи
алмадық.
– Алға! - деген бұйрықты естиміз. Міне императордың өзі де келді.
Баяғы сол қалпы, атпен құйғытып шауып келеді, бізге қолымен нұсқау
береді мынау бекіністі қайткенде де алу керек. Бізге қайрат-жігер беруі мұң
ілгері қарай жүгіреміз. Сайға алдымен мен жеткенмін. Құдайым-ай!
Лейтенантың ба, полковнигін бе, солдатың ба қынадай қырылып жатыр.
Оқасы жоқ! Есесіне жалаңаяқтыларға етік, хат танығыш пысықтарға эполет
тиіп қалды. Бүкіл алдыңғы шепті жаңғырықтыра: "Жеңіс!" деген айқай
естілді. Бірақ не пайда мұндайды кім көрген, жиырма бес мың француз
жайрап қалыпты. Айтарға ауыз бармайды. Өзің ойлап қара: айналаң егіні
орылған дала секілді, бірақ аңызда жусап жатқан масақ емес, адам!
Арынымыз басылып қалды. Қасымызға император келген, біз дереу
қоршап алдық. Демек, бізді мүсіркейді, көңілі түскенде адамды аялауы
ғажап еді өзіміз үсіп-жаурап, аш қасқырдай бүгіліп жүргенімізге
қарамастан, төзіп бақтық. Ол да жаны қалмай, өз қолымен ордендер
үлестіреді, өлгендерге құрмет көрсетеді, ал сонсоң, демек, бізге қарап ұран
тастайды:
– Мəскеуге!
– Болса болсын Мəскеуге! - дейді армия.
Мəскеуді алдық. Ал орыстар көп ойланып жатпай-ақ, өздерінің
астанасын өртеді де жіберді. Қала екі күн бойы отқа оранып, лаулап жатты,
айналасы екі льедай аумақ тұп-түгел жанып кетті. Зəулім үйлердің тамтығы
ғана қалды. Отқа балқыған темір мен қорғасын төбеден жаңбырдай
сорғалайды. Сұмдық іс болды! Сендерге шындығын айта аламын ғой,
төбемізден дəл мұндай найзағай төнген емес. Император айтады:
– Жə, жетті, əйтпесе барлық солдаттарым жер жастанатын түрі бар, дейді.
Біз оған қуанып қалдық, аздап тыныс алып, күш жинамасақ болатын
емес, өйткені əбден сілеміз қатты. Кремльдің төбесіндегі алтын айшықты
қағып түсіргенбіз, əр солдатқа бір нəпақа тиіп қалды. Ал енді қайтар жолда
қыс əдеттегісінен бір ай ерте түсті, оңбаған оқымыстылар соңы неге
дұрыстап айтпаған десейші, ақыры міне аязға ұрындық. Енді бізде əскер
жоқ, түсінікті ме? Енді бізде генералдар жоқ, тіпті сержанттар да қалмады!
Сөйтіп, демек, қайыршылық пен ашаршылықтың нəубеті басталды, несін
жасырайын, бұл нəубетте бəріміз де тең едік. Бəрімізді билеген жалғыз-ақ
ой тезірек Францияны көрсек екен; аяқ астында қару-жарақ немесе ақша
жатса да, ешкім еңкейіп алар емес; əркім бетінің ауған жағына қарай лағып
келеді, мылтықтарын дұрыстап ұстай да алмайды, атақ-абыройды ойлауға
дəрмен жоқ. Күн болса қақаған аяз, императордың жұлдызы көзіне де
көрінбейді. Аспанның оған деген ықыласы өзгеріп кеткен сияқты. Кешегі
қырандарының бүгін жеңілістен қашып бара жатқаның көргендігі түрінен
адам шошырлық еді. Қатуланып алған; қатуланбағанда қайтеді! Міне,
алдымызда Березина. Иə, достыларым менің, арымды ауызға алып ағынан
жарылайын: бұл дүние жаралғаннан бері талай ғасырлар бойы мұндай
астан-кестенді ешкім көрмеген болар əскері бар, көлігі бар, зеңбірегі бар,
бəрі мидай араласып кеткен, оның үстіне қар құйып тұр, аспан əбден
түнеріп алған. Мылтығыңның ұңғысына қолың тиіп кетсе болды, қарып
түседі.
Міне дəл осы тұста армияны понтоншылар құтқарып алды; олар өз
орындарында тапжылмай тұрған; солардың ішінде мына біздің Гондрен
ерекшеленіп көрінді; мұзды кешіп жүріп көпір салған қайсарлардан қазір
тірі жүрген осы ғана. Сол көпірлер арқылы біздің əскерлер орыстардың
қуғынынан құтылып кетті; сірə, бұған ұлы армияның бұрынғы даңқынан
қаймыққандары да себеп болған шығар.
Ұзақ əңгімесінің осы тұсына келгенде, Гогла өз сөзіне ұйып, саңырауға
тəн ынтамен тыңдап отырған Гондренді нұсқап сөйледі:
– Гондрен деген ер жүрек солдат, былайша айтқанда, құрметті солдат;
ол сендердің қандай құрметтеріңе де лайық.
– Сонда мен, - деп Гогла əңгімесін жалғастыра түсті, - императорды
көргенім бар: көпірдің қасында қалт етпестен қарап тұр; аязыңды елен
қылатын емес. Ал енді осы тегіннен бе? Ол өзінің асыл қазынасы құрып
бара жатқаның, байырғы мысырлық солдаттарының қырылып жатқанын
көрді. Көпірдің үстінен жылжыған маркитанткалар18, ат-арбалар,
зеңбіректер көрінісі тым аянышты еді бəрі де əбден қалжыраған,
шалдыққан, қаусаған. Ішіндегі пысықтары тудан айырылмапты, өйткені,
біле білсеңдер, ту деген Францияның өзі, бұл сендердің бауырларың, бұл
азаматтың, солдаттың ар-намысы, сондықтан оған дақ түспеуі керек, ол
аязға қақырап сынбауы керек. Үсіп-жаурап жүрген біз императордың
қасына келгенде ғана бойымыз жылынатын; оған бір қауіп төнгенің көрсек
болды, топырлап қасына жиналамыз, ал сонда қасымыздағы жолдастарды
құтқару үшін аялдауға мұрша жоқ. Сонда еститінбіз ол түн баласына
зарлап, өзінің солдаттарын жоқтайды екен деп. Ал қалай дегенмен де тек
сол ғана, тек біздің француз бауырларымыз ғана сондай қияметтен
құтылып шыға алатын еді, расында да құтылып шықты; рас, шығын өте
көп болды оның не айтары бар. Одақтастар біздің сақтық қорымызды жеп
қойды. Қызыл адамның айтқаны келді бəрі де императорға сатқындық
жасады. Император гвардиясы енгізілгеннен бастап Париж суайттарының
үні өшіп еді, енді тіл бітіп, императордың шаруасы бітті деген əңгіме
таратты; оған қарсы қастандық ойластырып, полиция бастығын өз жағына
қаратты; сөйтіп, императорды құлатпақ. Осындай əрекеттерді сезгеннен
кейін, ол кетіп бара жатып, бізге айтқаны:
– Қош болыңдар, жігіттер, өз нысандарыңды қорғаңдар, кешікпей
қайтып келемін! - деген сөздер еді.
Хал енді нашарлады генералдар не болса соны айтады, өзі бардағыдай
қайдан болсын. Маршалдар өзара жанжалдасып, өтірікке белшеден батты.
Сөйтетін жөні де бар: Наполеон көңілшек еді, соларды тым семіртіп
жіберген, бəрі де алтынға малынған, майға бөгіп шайлағаннан аяқтарын
баса алмай қалған. Барлық пəле осыдан басталды: көпшілігі полктарымен
жаудың желкесінде тұрса да, бір қыбыр еткен жоқ; ал бізді жау өкшелеп,
Францияға қарай қуып келеді.
Міне осы тұста император қайтып оралды жаңа жауынгерлерді
жасақтап əкеліпті: кілең сен тұр, мен атайын: қандай жауыңды болса да
жайратып салатын өжеттер бұл соларды өз ыңғайына бейімдеп алыпты,
қарсы келгенді қағып түсіретін өңкей баскесерлер, буржуадан іріктеген
құрметті қарауылы бар, жарақты жасақ, біздің арамызда еріген майдай сіңді
де кетті. Біз де нық тұрмыз, бірақ əйтеуір бəрі де бізге қарсы,
əскерлеріміздің керемет ерлігіне де қарамайды. Сонымен, не керек,
Дрезден, Лютцен, Бауцен түбіндегі шайқастарда, халық пен халық беттесіп
айқасты. Сендер өздерің білесіңдер, ол кезде француздар асқан ерлік
үлгілерін көрсетті; сондықтан жауынгерлердің ғұмыры жарты жылдан
аспайтын. Біз жеңіспен шеру тартып келеміз, ал ағылшындар біздің
сыртымыздан ғайбат айтып, өзге халықтарды азғыруда, өсек таратуда.
Ақыр-аяғында, сондай тобырларды жарып өттік. Сол кезде арамызға
император да келе қалған, енді жүрер жолымызды арши бастадық; өйткені,
алдымызда теңіз бе, əлде құрлық па бəрібір: "Өту керек!" десе болды, біз
бұзып-жарып өтеміз. Сөйтіп жүріп, ақыры Францияға да жеттік: туған
жердің ауасы-ай десейші, көрген азап-бейнеттің бəрі артта қалды, ең бір
дімкəс деген жаяу əскерге дейін ширығып сала берді. Мысалы, мен өзім
туралы айтсам, жарық дүниеге жаңадан қайта келгендей болдым. Əнеки
сол бірақ ол кезде əңгіме Францияны, біздің отанымызды, қысқасы, тамаша
Францияны бүкіл Еуропадан қорғап қалу туралы болатын; ал Еуропа əрі
қарай қуып тастамақ болғанымыз үшін өшікті. Сонда біз оны не үшін
істедік? өзімізді жеп қоймасын деп істедік қой: қатал Солтүстіктің жұмсақ
Оңтүстікке тісі қышып тұратыны бекер ме еді кейбір генералдардан мен
мұны өз құлағыммен естігенмін.
Бұл тұста императордың өзі де көрді: өзінің қайын атасы, өзі корольдің
тағына отырғызған достары, билік басына қайтарған не бір найсап
тобырлар бəрі мұның өзіне қарсы шығыпты. Қысқасы, тіпті француздар
мен одақтастар да жоғарыдан алған бұйрықпен өз қатарымыздан шығып,
өзімізге қарсы тұрды. Соның бір мысалы Лейпциг түбіндегі шайқас.
Мұндай опасыздыққа қарапайым солдаттың өзі бара алмас еді, солай ғой?
Ал аналар бір күнде үш рет құбылып, өз сөздерінен қайтып жатты, сонда
өздеріне шақыратындар князь атағы барлар!
Сол екі арада басқыншылық басталды. Император өзінің арыстандай
айбының көрсетсе-ақ болды, жау кері шегінеді; сол кезде Францияны
қорғау үстінде оның жасаған кереметтері сонау Италияны, Шығысты,
Испанияны, Еуропа мен Ресейді жаулауға барған кездегі ерліктерінен
əлдеқайда артық еді. Демек, енді ол жат жұрттық жауларды түгел қырмақ:
жарайды, білсін олар Францияны қалай құрметтеу керек екенін; сондықтан
ол жау қосындарын Парижге дейін емін-еркін жіберіп алды, ондағы ойы
бəрін осы арада біржола құрту да, атақ-даңқтың ең жоғарғы деңгейіне бірақ
көтерілу; өйткені бұл шайқас өзге барлық шайқастардың ішіндегі ең ірісі,
қысқасы, барлық шайқастардың көкесі болатын!
Бірақ Париж тұрғындары өздерінің көн терілері мен адыра
дүңгіршектері үшін зəрелері ұшып, қақпаны ашты да жіберді; міне содан
əрі басталды дейсің опасыздық та, басқа да неше түрлі пəле; бастан бақыт
ұшты; падишаға қыспақ көрсетілді, терезелерге ақ тулар байланды, ал
бұрын императордың жаныңда жүрген генералдар оны тастап, бұрын
естімеген Бурбондар жағына шығып кетті. Енді ол Фонтенблода бізбен
қоштасатын болды:
– Солдаттар!..
Сөзі əлі күнге дейін құлағымда тұр, бəріміз де жас баладай еңіреп
жыладық; қыран суреті бар тулар кəдімгі жерлеу кезіндегідей төмен иілді,
оның себебі, мен турасын айтайын сендерге. біз Империяны жерлеп
жаттық, біздің барлық армияларымыздан тек көлеңке ізі ғана қалды.
Сондықтан, демек, ол өз қамалының басқышынан тұрып бізге былай дейді:
– Жігіттер, біз опасыздардың кесірінен жеңіліске ұшырадық, енді көк
жүзінде көрісерміз ерлердің тұрақ мекені сол ғой. Менің ұлыма қорғаныш
бола көріңдер, оны сендерге сеніп тапсырдым: жасасын Наполеон Екінші!..
Ол енді өлмек болды, сөйтті де, жеңілген Наполеонды ешкім көрмесін
деп, у ішті; онысы тұтас бір полкты сеспей қатыратын күшті у екен, бірақ
бұған əсер етпеді; ол да ойлаған ғой құмарлыққа бой ұрмай тұрғандағы:
құдай менен безген екен, енді маған сəттілік жоқ екен, деп ойлайтын баяғы
Айса пайғамбар сияқты. Енді көзі жетеді өзінің мəңгі өлмейтіндігіне,
мұның ісі əділ екеніне, мəңгіге император болып қала беретініне.
Сондықтан ол оқшауланып, оңаша аралға кетті; ендігі ойы ақымақтыққа
жандары құмар адамсымақтардың амал-айлаларын ойға салу.
Ол осындай ой соңында жүргенде қытайлар мен Африка
жағалауындағы жабайылар, берберлер мен тағы басқа көне мал халық оны
өзгелерден бөлекше жаратылған адам деп есептеген, оның туына қол
тигізбеген; кімде-кім қол тигізсе, ол құдайдың қаһарына ұшырайды деп
ойлаған. Жанағы адамсымақтар оны Франциядан аластап жатқанда, ол
бүкіл дүние жүзіне билік жүргізіп тұрған. Демек, ол тағы да өзінің
Мысырдан олжалаған бөлекей кемесіне отырып алып, ағылшынның алып
кемелерінің тұмсығы астынан жып беріп өтіп кетті де, француз жеріне аяқ
басты; ал Франция оған мойынсұнды; бұл хабар қоңырау атаулыны
күңгірлетіп құстай ұшты; енді бүкіл ел болып: "Жасасын император!" деген
ұранды үн қосты. Мұндай кереметтің кереметін біздің бұл өлке де шаттана
қарсы алды; Дофине халқы ұятқа қалдырған жоқ; оның үстіндегі сүр
бешпентін көргенде, жұрттың бəрі қуаныштан жылағаның естіп, мен де бір
марқайып қалғанмын.
Наурыздың бірі күні Наполеон екі жүз ғана солдатпен жағаға шығып,
француз жəне Наварра корольдігін жаулап алды да, жиырмасыншы
наурызда ол қайтадан Француз корольдігіне айналды. Дəл сол күні ол
Парижде болды; жолындағы кедергінің бəрін сыпырып тастап отырып,
сүйікті Франциясын қайтадан қолына алды; байырғы жауынгерлерін жинап
алып, оларға "Міне мен келдім!" деген үш-ақ сөз айтты.
Құдайдың құдіретімен болған кереметтердің ішіндегі ең зоры осы еді.
Əйтпесе басындағы телпегін бір бұлғағанда-ақ тұтас бір империяны басып
алғанды кім көрген? Француз күйреді деп ойлаған жұрттың бəрі. Ол қайдан
болсын! Қыран құс келді самғап, ұлттық армия бас көтерді, сонсоң біз
Ватерлооға қарай жөнеле бердік. Міне Гвардияның құрыған жері сол еді.
Наполеон қалған əскерлерімен өлген-тірілгеніне қарамай, жаудың
зеңбірегіне қарсы үш мəрте шабуылға шықты, сонда да ол өлген жоқ!
Біздің ағайындар осыны көздерімен көрді! Сонымен шайқаста жеңілдік.
Кешкісін император байырғы солдаттарын біздің қанымызға боялған
майдан даласына жинап алып; қыран суреті бейнеленген туларды сап
ағаштарымен қоса өртетті; біздің қырғи қырандарымыз бұрын бізді ілгері
қарай бастаушы еді, бұрын бүкіл Еуропаның үстінен қалықтап ұшушы еді,
ал қазір жау қолына түсті деген масқарадан қашып барады. Анау Англия
бар ма, қаншама қазынасын төксе де, жеңіс түгіл, қыранның құйрығынан
ұстай алмайтын еді-ау. Енді сол қырандардан айырылдық. Қалғандарын
өздерің де жақсы білесіңдер. Қызыл адам дегенің қып-қызыл алдамшы
екен, Бурбондардың жағына шығып кетті! Франция күл-талқан болды;
солдаттарда енді ешқандай күн қалған жоқ, өздеріне тиісті сыбағаның
бəрінен айырды да, үйлеріне қарай қуып тастады; олардың орныңа сап
түзеп те жүре алмайтын дворяндарды алды оларға қарасаң жүрегің
айнитын еді. Наполеонды опасыздық айламен алды да, ағылшындар
мұхиттың ортасындағы иен аралға апарып, жартасқа байлап тастады; сол
жартас қазір бүкіл əлемнен он мың кез биікте бой көтеріп тұр. Францияның
игілігі үшін Қызыл адам келіп өкімет билігін қайтарып бергенше Наполеон
солай тұра береді.
Аналар айтады, ол өлді дейді! Иə, өліпті-міс. Оны білмейтін
адамдардың сөзі сол Өздерінің жексұрын мемлекеттерінде халық көтеріліп
кетпесін деп, жұртты алдаған түрлері. Тыңдаңдаршы. Дұрысында достары
ол жөніндегі пайғамбарлық сөздерді шындыққа шығару үшін, оны шөл
далада əдейі тастап кеткен; сендерге айтуды ұмытып кетіппін ғой:
Наполеон "Шөл даланың арыстаны деген сөз. Бұл əулиенің аузынан
шыққандай ақиқат. Император жайында басқа бір сөз естісеңдер сенбеңдер,
олардың бəрі өтірікшілер. Алла Тағала жай адамның атын қызыл
əріптермен жаздырар ма еді, ал оғанөз атын бүкіл жер бетінде дəл солай
етіп жаздырды есімі еш уақытта ұмытылмасын деп...
Халық пен солдаттың əкесі Наполеон жасай берсін!
– Жасасын генерал Эбле! - деп айқайлады понтоншы.
– Сіз Мəскеу өзенінің жанындағы оқпаңнап қалай аман қалдыңыз? - деп
сұрады одан бір шаруа əйел
– Оны қайдан білем? Тұтас бір полк күйімізде түскенбіз, содан жүз
қаралы жаяу əскер тірі қалдық қой; өйткені оны алу тек жаяу əскердің ғана
қолынан келетін іс еді. Білесіңдер ме, жаяу əскер деген армиядағы ең басты
күш қой...
– Ал атты əскер ше? - деп айқайлаған Женеста шөп маясының үстінен
секіріп түсіп, сарайдағылардың алдында кенеттен пайда болғанда, ең
жүректі дегендердің өздері де шошынып қалған. Беу, отағасы-ай.
Понятовскийдің қызыл ұландарын, красирлер мен драгундарды, басқа да
шабандоз ерлерді қалай ұмытасыз?! Наполеон шайқасты тезірек жеңіспен
аяқтағысы келгенде Мюратқа айтпас па еді: "Мəртебелім, маған
мыналарды ортасынан қақ бөліп кесіп берші!" деп. Сол кезде біз əуелі
қатты желіспен бастап, артынан дүркіреп шабамыз. Бір, екі! Бітті! Жау
əскері ортасынан пышақпен кескендей қақ жарылып қала береді. Атты
əскердің аршынды шабуылы, қартым, картечіннің залпынан əлдеқайда
алымды келеді.
– Ау, понтоншылар ше? - деп саңырау да айқайлап жатыр.
– Осылай, жігіттер, - деп сөзін жалғастырды Женеста, - өзінің төбеден
дік ете түскенінен
жұрт əлі де секем алып тұрғаның сезіп жəне сол үшін өзі де
ыңғайсызданып, бұл жерде, əлбетте, ешқандай жансыздар жоқ болар,
кəнеки, мынаны алып, бөлекей капрал үшін тартып жіберіңдерші!
– Жасасын император! - деп отырмаққа жиналған жұрт бір ауыздан ұран
салды.
– Ақырын, жігіттер, - деді офицер өзінің ішінде булығып тұрған қасірет
сезімін бұқтыруға тырысып. - Ақырын! Ол: "Даңқ. Франция, шайқас!"
деген сөздерді ауызға алып тұрып өмірден өтті. Жігіттер, ол өлді, бірақ
бейнесі мəңгі өшпейді!
Гогла сенер-сенбес күйде жауырының бір қусырып қойды да,
маңайындағыларға сыбырлап сөйледі:
– Мына офицер əлі де əскери қызметте ғой, ал мұндайларға император
өлді деп жер жүзіне таратып жүру жөнінде бұйрық берілген. Солдат не
бұйырса, соны орындайды. Оның несін сөгеміз.
Сарайдан шыға бергенде Женеста Қабыршы қыздың мынадай сөзін де
естіп қалды:
– Мына офицер императордың да, Бенаси мырзаның да досы.
Енді жұрттың бəрі есікке қарай ентелеп, Женестаны бір көріп қалуға
ұмтылысқан, сонда айдың сəулесімен оның докторды қолтықтап бара
жатқаның да анық көріп еді.
– Түу мен бір ақымақтық жасадым-ау, - деді Женеста, тезірек үйге
қайтайықшы! Жаңағы қырандардан, зеңбіректер мен шайқастардан басым
айналып қалды!..
– Ал, менің Готлам туралы не айтасыз? - деп сұраған Бенаси.
– Тақсыр, дəл жаңағыдай əңгімелер Францияға Республиканың он төрт
армиясын өз қойныңда мəңгілік сақтап қалып, Еуропаға зеңбірек залптары
арқылы салмақты дат айтуына көмектеседі. Міне, менің пікірім керек
болса.
Сəлден кейін бұлар Бенасидің үйіне жеткен; екеуі де ойға беріліп, қонақ
бөлмеде отырып қалды; каминдегі сөнген оттың шоқтары жылт-жылт етеді.
Женеста дəрігердің өзіне ешбір күмəнсыз ықылас білдіретінің сезіп отыр,
бірақ жеңілтектік байқатпайын дегендей, қазір қандай ойда екенін сұрауға
ыңғайсыз көріп отыр; дегенмен, Бенасиге қайта-қайта сынай қарап отырып,
оның еріндерінен жымиған бір ақжарқын күлкінің емеурінің байқап
қалғандай болды: əдетте бұл шын мəнісінде рухы күшті адамдарда болатын
мінез доктор сондай сыңаймен мұны іштей ұнатып, ағынан жарыла жауап
беруге ишарат білдіргендей көрінді. Женеста былай деп сөз бастаған:
– Тақсыр, сіздің мына өміріңіз жай қарабайыр адамдардың өміріне
мүлде ұқсамайды, сондықтан сіз зайырлы қауымнан не себепті аулақтап
кеттіңіз деп сұрасам, оның ешбір əбестігі болмас деп ойлаймын. Бəлкім,
менің бұл ынтығымды орынсыз да көрерсіз, бірақ заңды екеніне келісерсіз.
Бері қараңызшы, менің еш уақытта, жорықтарда да сен деп сөйлеспеген
көп-көп дос-жарларым болды, ал бірақ, бірге отырып, ішкеннен кейін үш
күн өткен соң; "бар, барып казначейден жалақымды алып келші" деп
айтқан адамдарым да болды; мұндай мінез той үстіндегі дырдуда ең
сыпайы адамдар тарапынан да байқалып қалады. Жə, ол өз алдына ал мен
сіздің пейіліңізді күтпей-ақ, өзіме дос деп санағым келді, себебін өзім де
білмеймін.
– Капитан Блюто...
Дəрігер мұның жалған фамилиясын атағанда, офицер бір түрлі
тыжырынып қалған. Мейманының бет-ажары тырысып кеткеніне Бенаси де
таңданып, бұл несі екен дегендей, өзі де тесірейіп қарады; бірақ себебін
əлде неге жори алмай, бетінің үйреншікті дағдысы болар деген оймен сөзін
жалғастыра берді:
– Капитан, өзім туралы айту маған өте ауыр. Кешеден бері менің осы
өңірде жүзеге асыра алған жақсы өзгерістерім жайында айтқанда да қатты
қиналдым; бірақ онда əңгіме біздің қауым туралы, оның өзіммен мүддесі
бір тұрғындары жайлы болды. Енді өзім туралы айтсам, əңгіме тек менің
қара басым жайында болып кетеді ғой, ал менің өмірімде пəлендей
ерекшелік жоқ.
– Сіздің өміріңіз тіпті анау Қабыршы қыздың тағдырынан да көңілсіз
болған күннің өзінде, - дейді Женеста, - соны өзіңізден естігім келер еді; сіз
секілді адамдарды осы жерге алып келген тағдырдың тəлкегін білгім келер
еді.
– Капитан, менің ауыз ашпағаныма он екі жыл болды. Ал қазір, мен бір
аяғыммен көрдің жиегінде тұрғанда, өзімді соған апарып тығатын соққыны
күтіп жүргенде, сізге шынымды айтайын, бұл үнсіздік мені қинайтын
болды. Он екі жыл бойы қасірет шегіп келемін, ал менде қайғыдан қажыған
жүректердің дос көңілмен сырласып шер тарқатар жұбанышы да жоқ.
Менің сорлы мүсəлламдарым шаруалар болса, ол байғұстар маған өз
талайларына біржола мойынсұнған көнбестіктің үлгісін таныта жүріп,
қалай дегенмен де менің жанашырлығымды көреді; ал менің ішімдегі
құпия құсалықтың запыран зарын ешкім сейілте алмайды; ешкім ақ
жүрегін ашып келіп, дос көңілден қолымды қыса алмайды, ал шындығында
сый-құрметтің ең үлкені сол емес пе еді, содан анау Гондрен шалға дейін
ешкім мақұрым қалмапты.
Женеста осы тұста дəрігерге қолын құлшына ұсынып еді, бұл соған
қатты тебіренді.
– Бəлкім, Қабыршы қыз өзінің періштеге тəн ізгі жанымен мені түсінген
де болар еді, - деп жалғастырды дəрігер əңгімесін даусы дірілдеп, - тіпті,
бəлкім, ол мені сүйген де болар еді, ал онда оның өзі де бақытсыздық
болып шығар еді. Бері қараңыз, Капитан, тек сіз сияқты соғыста
шыныққан, жүрегі кешірімшіл жауынгер немесе өмірге шаттана қарайтын
жас жігіт қана тыңдай алады менің жан сырымды, өйткені оны өмір көрген,
тіс қаққан еркек немесе өмірден ешбір хабары жоқ жас бала ғана түсіне
алар еді.
Ертеде майдан даласында жан кешіп бара жатқан қолбасшылар
священник жоқ кезде өз
қылышының тұтқасындағы айқышқа қарап жатып арыздасады екен,
соны өзі мен құдайдың арасындағы адал ниетті ара ағайын көреді екен.
Сондықтан Наполеонның тапжылмайтын табанды сарбазы, болат
семсердің жүзіндей кескір сіз ғана, бəлкім, мені түсінетін боларсыз. Егер
сіз адамның ен асыл сезімдерінің күрделі əлеміне шын ниетіңізбен ден
қойып, қарапайым жүректердің кəміл сенетін қымбатына ықыласпен зер
салар болсаңыз, менің əңгімем сізге қызықты көрінер, ал енді мемлекеттік
істерге арналған ережелерді өзінің жеке басының жағдайларына қарай
икемдеп дағдыланған білгіш жарықтықтарға мұның өзі күлкілі болып та
көрінуі мүмкін. Мен барлық жайды ашып айтпақпын, өйткені өз өмірімде
болып өткен жақсыны да, жаманды да орағытып кеткім келмейді, мен
сізден еш нəрсені жасырмаймын; өйткені мен қазір жарқылдақ қауымнан
алыстамын, адам пендесінің суылдақ сөзіне немқұрайдымын, тек бір
құдайдың өзінен ғана үміттімін.
Дəрігер үнсіз отырып қалды да, сонсоң орнынан түрегеліп, сөзін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 14
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.