Latin Common Turkic

Жергілікті Дəрігер - 11

Total number of words is 3815
Total number of unique words is 2088
32.9 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қанаушы, егерде мемлекет оған жалақы төлейтін болса, онда ол шенеунік.
Ал егер священник кедей болса, ол бойға біткен табиғи қабілетімен
священник болса, егер оның бар тірегі құдайда, бар байлығы діншілдердің
жүрегінде болса, ол қайтадан Америкада уағыз таратқан миссионер болып
шығады, онда ол пайғамбар, онда ол жақсылықтың падишасы. Бір көзбен
айтқанда, кедейшілік оны əмірші-билікші етеді, ал байлық оның түбіне
жетеді.
Жанвье отырған жұрттың назарын баурап алды. Қарапайым кюреден
осындай сөз шығады деп ойламаған қонақтар осы сөздерді зердеге салып,
үнсіз отырып қалған.
– Жанвье мырза, сіздің айтқан ақиқаттарыңызға бір елеулі қателік кіріп
кетті, - деді Бенаси. - Игілік деген не нəрсе дейтін төңіректе таласып
жатуды жақтырмайтыным өзіңізге мəлім, - бұл мəселені талқылап жатуға
жазушылар мен билік басындағылар құмар. Менің ойымша, кісі белгілі бір
саяси жүйенің мəнін ұғынған болса, жəне де, егер ол сол жүйені жүзеге
асыруға күшім жетеді деп сезінсе, онда үн-түнсіз барып, дереу билікті
қолға алуы керек те, қимылдауы керек; ал егер ол есеңгіреп, жөн таппай
жүрген жай бір найсап болса, онда оның көпірме сөзбен халықты сендірмек
болған əрекеті ессіздік болып шығады.
Солай бола тұрса да, біздің қадірменді уағызшымыз, сізбен таласпақ
болатын себебім, мен қазір сөзімді өздерінің білім біліктерін ақиқатқа жету
үшін бірлесіп жұмсауға үйренген адал ниетті адамдарға арнамақпын.
Менің пікірлерім, бəлкім, сізге шетін көрінуі мүмкін, бірақ бұл пікірлер
ұзақ ойланып-толғанудың жемістері жəне олар соңғы қырық жыл ішіндегі
қайғылы оқиғадан туындаған. Қазіргі конституциялық оппозиция дейтінге
жататын адамдар талап етіп жүрген жаппай дауыс беру шіркеуге қолданған
жағдайда өте тамаша ұстаным болатын, өйткені, қадірменді уағызшы,
сіздің өзіңіз атап өткендей, діни қызметкерлердің барлығы ол кезде білімді
болатын, діни сезім оларды бағыныштылыққа үйреткен-ді, ойлау жүйесі
оларда бірыңғай болатын, өздеріне не керек екенін, қайда бара
жатқандарын бəрі де жақсы білетін. Ал бірақ егерде қазіргі либерализмнің
дəуірлеп тұрған Бурбондар үкіметіне қарсы ессіздік күресінде қолданып
отырған идеялары салтанат құратын
либералдардың өздері де құрып кетер еді.
болса,
онда
Франция
да,
Солшылдардың көсемдері мұны жақсы біледі. Олар үшін күрес жай
ғана үкімет билігінің мəселесі. Егер де, құдай одан сақтасын, буржуазия
оппозиция туын көтеріп келіп, сол буржуазияның даңғойлығына қош
келмейтін əлеуметтік артықшылықтарды құлататын болса, ол жаңағы
салтанаттың артынан іле-шала халықтың өзіне қарсы күресті бастайды; ал
халық болса, ақыр-аяғында, оның кəдімгі ақсүйектердің бір түрі ғана екенін
көрер еді; бірақ бұл азғындаған ұсақ ақсүйектер болып шығар еді; сөйте
тұра, олардың байлығы мен артықшылықтары халыққа бұрынғыдан да
жаман жек көрінішті болар еді, өйткені оларды халықтың арқасын
бұрынғыдан да бетер аяздай қарыған болар еді. Бұл күресте, халық демейақ қояйын, қоғам тағы да құрыған болар еді; өйткені күйзелген халық
уақытша салтанат құрғанда аса зор жолсыздықтар қатар жүретін əдеті. Бұл
кескілескен, бітіспес күрес болар еді; өйткені оған сайлаушылар
арасындағы сансыз көп алауыздықтар жел берген болар еді; дауыстардың
сапасынан гөрі саны маңызды болып тұрған жүйеде сайлаушылардың
білімсіз, көпшілік жағы қоғамның жоғарғы топтарынан басым түсіп,
жеңіске жетер еді.
Бұдан туындайтын қорытынды мемлекеттік құрылыстың өзі
артықшылықтарын қорғауға тиісті топ неғұрлым топтасқан болса, ол
құрылыс солғұрлым жолға қойылған, солғұрлым тұрақты, демек,
солғұрлым жетілген болып шығады. Менің бұл жерде "артықшылықтары''
деп отырғанымның бір кезде қоғамның көпшілік бөлігіне нұқсан келтіру
арқылы оның таңдаулы бөлігіне заңсыз алып берілген құқықтарына ешбір
қатысы жоқ; менің айтып отырғаным қоғамның өкімет билігін қолында
шоғырландырған тобы. Өкімет билігі дегеніміз мемлекеттің жүрегі тəрізді
нəрсе. Табиғат өзінің кез келген туындысына көбірек ықпалдылық дарыту
үшін оған бір шоғыр тіршілік қуатын береді. Сол туындылардың бірі саяси
организм.
Өзімнің ойымды мысалдар арқылы түсіндірейін. Айталық, Францияда
жүз пəр бар дейік; солар жүз қаралы қақтығысқа себеп болады. Сол
пəрлерді жойып жіберіңізші, барлық байлар түп-түгел артықшылық
жағдайда болады; бұрынғы артықшылығы бар жүз қаралы адамның орныңа
дəл солардай жүз мың адам пайда болады; сөйтіп, сіз қоғамдық теңсіздіктің
жарасын асқындыра түсесіз. Расында да, халықтың түсінігінде жұмыс
істемей-ақ өмір сүру құқығының өзі де артықшылық. Оның ойынша, еш
нəрсе өндірмей тұтынушы жыртқыш. Ол еңбек еткен адамды көзбен көруі
керек, ақыл-ой еңбегінің жемісі оның өзін байытатын болса, бұл оған
ешқандай мəн бермейді. Сонымен, сіз қақтығыс себептерін көбейте
отырып, күресті азғантай топпен шектеудің орныңа оны қоғамның барлық
жіктеріне таратпақ боласыз. Шабуыл мен қарсылық жаппайлық сипат алған
кезде апат болмай қоймайды. Байлардың саны қашанда кедейлерден аз
болады; демек, күрес қара күшке айналса, жеңіс кедейлер жағында болмақ.
Тарих менің пікірімді қостайды. Рим республикасы сенаторларға
артықшылық бергеннен кейін бүкіл дүние жүзі оған табынып еді. Сенат
өкімет билігін бейнелеген. Ал бірақ салт аттылар мен келімсектер мемлекет
басқару ісіне араласқаннан кейін, яғни патрицийлер қатары көбейген кезде
Республика өлді. Сулладан, тіпті Цезарьдан да кейін Тиберий оны Рим
империясына айналдырды, өкімет билігі бір адамның қолына шоғырланған
жүйе осынау ұлы державаның өмірін бірнеше ғасырға ұзартты.
Жабайылардың басып кіруі тұсында мəңгілік қала құлады да, одан кейін
Римде император болған жоқ.
Біздің жеріміз жаулап алынғаннан кейін, франкілер оны өзара бөлісіп
алды да, өз иеліктеріне ешкім тиісе алмайтын тəртіпті сақтап қалу үшін,
феодалдық артықшылық дегенді ойлап тапты. Жүздеген, тіпті мыңдаған
көсемдер елге ие болып алды да, жаулап алған құқықтарын қорғау үшін
өздерінің нұсқау ережелерін жасады. Олардың артықшылықтары шектеулі
болған кезде феодализм шыдап тура алды. Ал "асыл тұқымдыға" жататын
бес жүз адамның дворян деген сөздің тура мағынасы осы саны елу мыңға
жеткен кезде мемлекеттік төңкеріс болды. Дворяндардың өкіметі тым
шашыранды еді. Сондықтан оларда күш те, қуат та болмайтын, оның үстіне
дворяндар өздері ойламаған ақша мен ой-пікірдің бұғаудан босауы алдында
мүлде қорғансыз болып шықты.
Сонымен, егер монархиялық құрылысты жеңіп масайраған буржуазия
халықтың көз алдында артықшылыққа ие болғандардың саның көбейту
мақсатын көздесе, онда мұндай өзгерістің нəтижесі мынадай болып
шығады: енді буржуазияны жеңіп, халық масайрайтын болады. Егер ондай
төңкеріс бола қалса, оған түрткі болатын себеп қоғамның барлық жіктері
арасына сайлау құқығының шексіз таралуы болар еді. Дауыс берген адам
даукес келеді, ал даулы өкімет деген болмайды. Ендеше өкіметсіз қоғам
болады дегенге сенесіз бе? Жоқ. Олай болса, өкімет деген күш. Ал күш
ешқандай даусыз шешімдерге сүйенуге тиіс. Осының барлығы мені
мынадай ойға алып келді. Сайламалы ұстаным қазіргі үкіметтер үшін ең
апатты ұстанымдардың бірі. Менің ойымша, таланғандар мен кедейлер
табына берілгендігімді мен дəлелдедім, сондықтан олар мені қастық
ойлады деп айыптай алмас; бірақ солай бола тұра, мен осы таптың еңбек
жолына таң-тамаша қалып, оның төзімділігі мен көнбістігі алдында
басымды ие отырып, қалай болғанда да былай деп кесіп айтамын: ел
басқару ісіне қатынасуға ол қабілетсіз. Менің ұғымымда пролетарийлер
халықтың кəмелетке жетпеген перзенттері, сондықтан олар қамқоршының
қарауында қала берулері керек. Сонымен, менің ойымша, мырзалар,
сайламалылық ұстанымы деген сөздің келтіретін зияны бір кездегі арождан мен бостандық деген сөздердің келтірген зиянынан кем болмайды,
ал соңғы екі сөзді халық теріс түсінді, теріс ұғынды: оны көтеріліске
бастайтын дабыл, қиратып-жоюға шақырған ұран деп қабылдады.
Сонымен, сайып келгенде, меніңше, халыққа қамқоршылық жасау əділ
жəне қоғамды ұстап тұру үшін қажетті болып көрінеді.
– Мұндай жүйе біздің қазіргі замандағы барлық көзқарастарымызға
қайшы келеді, сондықтан біз сізден түсінік сұрауға қақылымыз деп
ойлаймын, - деді Женеста доктордың сөзін бөліп.
– Мархабат, капитан.
– Мына қожайынымыз не деп отыр! - деді Жакота ас үйге келіп
бұрқылдай сөйлеп. Жақсы бопты қарғамыз, халықты қысып ұстау керек
дей ме, олар мұның айтқанынан шықпаушы еді ғой.
– Иə, мен мұндай сөзді Бенаси мырзадан күткен жоқ едім, - деп Николь
да қостай жөнелді.
– Мен надан тобырды ауыздықтайтын қатаң заңдарды талап еткенде бір
ғана мақсатты көздеймін, деп сөзін жалғастырды доктор аз үнсіздіктен
кейін, қоғамдық жүйенің барлық буындары икемді де ебдейлі болсын,
жоғарғы таптардың дəрежесіне дейін көтерілуге ерік-жігері мен қабілеті
бар адамдардың өтуіне мүмкіндік болсын деймін. Қандай өкімет болса да
өзін сақтаудың қамын ойлайды. Бұрынғылар сияқты, қазіргі билікшілер де
өмір сүру үшін күшті адамдарды барлық жерден іздестіріп жүріп, өз
орталарына тартып отыруға тиіс; сонда олар, бір жағынан, өздеріне
қорғаушы табады; екінші жағынан, халықты көтеріліске шақыратын
қайратты адамдардан айырады. Егер мемлекет қоғамдық атаққұмарлықтың
алдынан бірі ауыр, бірі женіл осы екі жолды қатар ашатын болса, ауыр жол
əлсіз адамдар үшін, ал женіл жол ерік-жігері мықты адамдар үшін, — онда
сол мемлекет революцияның алдын алып отырады; ал революция дегендер
өздеріне лайық дəрежеге дейін жоғарыға қарай көтерілуге қабілеті бар
үздік тұлғалардың алдынан қойылатын тосқауылдардың салдары.
Біздің еліміз бастан кешірген қырық жылғы сілкініс үздік тұлғаларды
туғызатын əлеуметтік құрылыс екенін ақыл-ойы дұрыс адамдарға дəлелдеп
көрсетсе керек еді. Ондай тұлғалардың ешбір даусыз үш түрлі
артықшылығы болады. Бұлар ақыл-ой саласындағы артықшылық, саясат
саласындағы артықшылық жəне мал-мүлік жағынан артықшылық. Ал осы
артықшылықтар адамның талантына, билігіне жөне байлығына, немесе,
басқаша айтқанда, əрбір істің негізіне, құралына жəне нəтижесіне сəйкес
келмей ме. Айталық, біздің алдымызда, былайша айтқанда, тың жер жатыр,
онда қоғамдық жіктердің толық теңдігі бар, балалардың тууы бір қалыпты,
əрбір отбасына бөліп берілген телімдік жер де бірдей; ал бірақ уақыт өте
келе, сіз тағы да бақ-дəулеттің қазіргі теңсіздігін көресіз. Осынау ап-айқын
ақиқаттан туатын қорытынды: байлықтағы, ақыл-ой мен биліктегі
артықшылық факті; онымен санасуға тура келеді; бірақ халық мұны
əрдайым қиянат деп санайды, өйткені ол ең əділ жолмен қол жеткізілген
құқықтарды артықшылық деп ойлайды. Осыдан айқын болатыны –
қоғамдық шарт16 дегеніміз əрқашанда дəулеттілердің дəулетсіздерге қарсы
одағы болып табылады. Демек, заңдар кімге пайдалы болса, кім-кімге өзінөзі қорғау түйсігі қажет болса, кімде-кім қауіпті көре білуге тиісті болса, ол
заңдарды нақ солар шығаратын болады. Халықтың тыныштығы халықтың
өзінен гөрі соларға керегірек. Халық дайын тұрған бақытты алғысы келеді.
Егерде сіздер бүкіл қоғамды тұтас күйінде осындай көзқарас тұрғысынан
алып қарайтын болсаңыздар, онда тезірек менімен бірге мынаны
мойындайтын болыңыздар: сайлау құқығын тек қана қолында байлығы,
билігі немесе басында ақылы бар адамдар пайдалануға тиіс, сондай-ақ
депутаттардың қызмет аясы мейлінше шектеулі болуға тиіс.
Заң шығарушы адам, мырзалар, өз заманынан жоғары тұрғаны жөн. Ол
жіберілген қателердің жалпы бағытын дұрыс аңғарады, халықтың ойы
қалай қарай ойысып бара жатқанын анықтайды; демек, ол қазіргіден гөрі
болашақ үшін, заманы өтіп бара жатқан ұрпақтан гөрі өскелең ұрпақ үшін
еңбек етеді. Сонымен, сіздер қара халықты заң шығаруға шақырасыздар,
бірақ ол өз деңгейінен жоғары көтеріле ала ма? Жоқ. Депутаттардың
жиналысы тобырдың пікірін неғұрлым дəл бейнелесе, ол мемлекетті
солғұрлым нашар басқаратын болады, оның көзқарастарында асқақтық
неғұрлым төмен болса, оның шығарған заңдары солғұрлым көмескі,
солғұрлым тұрақсыз болады; өйткені тобырдың аты тобыр, сол тобыр
күйінде қала береді.
Заң белгіленген ережелерге бағынуды талап етеді, ал ереже атаулының
бəрі орныққан əдет-ғұрыптар мен жеке мүдделерге қайшы келеді; ендеше
тобыр заңдарды өзіне қарсы бағыттай ма? Жоқ. Заңдар көбінесе əдетғұрыптарға кесе-көлденең келіп отыруға тиіс. Заңдарды əдет-ғұрыптардың
жалпы дəрежесіне ыңғайлау деген сөз мұның аты: Испанияда дінге қысым
жасау мен сауыққойлық үшін, Англияда саудагерлік рух үшін, Италияда
қоғамның рухын білдіру үшін тағайындалып, бірақ бүкіл қоғамның өзін
білдіре алмайтын өнерге деген құмарлық үшін, Германияда – дворяндар
əулеті үшін, Францияда аңғал ой үшін, идеяларды сəнге айналдырғыштық
үшін, біздің түбімізге жетіп келе жатқан саяси партияларға əуестік үшін
көтерме сыйлықтар тағайындаумен бір бос болып шықпай ма?!
Біздің Францияда қырық жылдан астам уақыт ішінде, яғни сайлау
коллегиялары заңдарға қол сала бастағалы қандай оқиғалар болды? Бізде
қырық мың заң бар. Сол қырық мың заңы бар халық заңсыз отыр. Орташа
қабілетті ақылы бар бес жүз адам осыншалықты маңызы бар міндеттер
деңгейіне көтеріле ала ма? Жоқ. Тұтас бір ғасырдың бойында кемел
ақылды жүз адам табылмайды. Əр түрлі жерлерден келіп бас қосқан бес
жүз қаралы адамдар заңның мəнін еш уақытта бірдей түсіне алмайды, ал
заң бірыңғай, біртұтас болуға тиіс. Əрі қарай. Заң шығарушы жиналыс
ертелі-кешті бір ғана адамның билігіне бағынышты болады, сөйтіп,
корольдер əулетінің орныңа сіздерде бірін-бірі алмастырып отыратын жөне
өздері қымбатқа түсетін премьер-министрлер əулеті болады. Неше түрлі
ырың-кезектен кейін Мираболар, Дантондар, Робеспьерлер немесе
Наполеон: толып жатқан консул сымақтар немесе Наполеон шығады.
Расында да, белгілі бір салмақты көтеру үшін белгілі бір құш болуы
керек; бұл күш аздыкөпті мөлшердегі тетіктерге бөлінуі мүмкін; бірақ жинақтап келгенде,
күш жанағы көтерілетін салмаққа мөлшерлес болуға тиіс: Бұл жердегі
салмақ деп отырғанымыз қараңғы, жапа шеккен қарапайым халық, қай
қоғамның да беткі қабаты. Өкімет билігі өзінің табиғаты жағынан
зорлықшыл оған үлкен ұйымшылдық керек, өйткені оның қарсылық
көрсету күші халықтық қозғалыстың тегеурініне тең болуға тиіс. Басқару
артықшылығы азғана топпен шектелуге тиіс дегендегі сіздердің
алдарыңызда мен дамытқан ұстанымның қолдану кезіндегі түрі осы.
Өкімет билігіне дарынды адамдарды жіберіңіздерші, олар осы табиғи
заңға өздері де бағынады, сонсоң оған елді де бағындырады; ал егер сіздер
қарабайыр адамдарды жинап алатын болсаңыздар, ерте ме, кеш пе, бір
дарынды адам келеді де, оларды жеңіп шығады: сол кезде ақылы көбірек
депутат мемлекет қамын ойлауға кіріседі; ал қарабайыр күшпен ауыз
жаласады. Нəтижесінде, заң шығарушы жиналыс лаңкестік кезіндегі
Конвент сияқты идеяға, немесе Наполеон тұсындағы Заң шығарушы корпус
сияқты күшке, ақыр аяғында, біздің заманымыздағы сияқты белгілі бір
басқару жүйесіне немесе ақшаға орнын береді. Кейбір ақылгөйлер арман
етіп жүрген Республикалық жиналыс мүмкін емес; оған ұмтылушылар жай
аңғалдар немесе болашақ тирандар. Халықты іс-əрекетке көндіру қажет
болып тұрғанда, оған төніп келе жатқан қауіп жайында көпірме сөзбен
айналысатын жиналыс қалайша сіздерге жосықсыздық болып көрінбейді?
Халықта тек қана алым-салықтарды бекіту мен немесе кері қайтарумен
шұғылданатын депутаттар болсын, ен дұрысы да, талай ғасырлардан бері
ең қатал жауыздық тұсында да, ең жұмсақ тақсырдың тұсында да болғаны
осы емес пе? Қазынаға қашанда ақша керек; алайда алым-салықтың табиғи
шегі болады, одан асып кетсе халық төлеуден бас тартып, көтеріліске
шығады немесе оған көнеді де өледі.
Сайланған корпорация өзінің өкілдігіне жататын қажеттер, идеялар
секілді өзгергіш болып, əділетсіз заңдарға бағынғысы келмесе бұл жақсы.
Бірақ империяның барлық түкпірлерінен келген бес жүз адам жақсы заң
жасай қояды деп топшылау өте дөрекі қалжын, сондықтан ертелі-кешті
халықтар оның сазайын тартатын болады. Сол кезде олар тирандарын
өзгертеді, бар болғаны осы. Билік, заң бір адамның қолында болуы керек,
ол өзінін іс-қимылдарын жағдайдың ырқымен үнемі жалпы жұрттың
мақұлдауына ұсынып отыруға мəжбүр. Алайда бір адамның, немесе
бірнеше адамның, немесе бүкіл халық бұқарасының билігін тек діни
мекемелер ғана ауыздықтай алады. Дін жоғарғы биліктің жолсыздықтарына
қарсы тура алатын бірден-бір, шын мəніндегі күш. Егер халықтың діни
сезімі өлген болса, онда ол өз ұжданымен бүлікшіге, ал тақсыр қажеттіктен
тиранға айналады. Палаталар, тақсырлар мен бодандардың екі арасындағы
осынау дəнекерлер, əлде қандай бір бітімшіл орын болып қалады. Демек,
заң шығарушы жиналыстар бүліктің немесе озбырлықтың одақтасы болып
табылады. Солай бола тұрса да, мен іш бұрып отырған дара билік жақсы,
бірақ сөзсіз жақсы емес, өйткені сайып келгенде саясат əдет-ғұрыптар мен
діни сенімдерге тəуелді бол май қоймайды.
Егер халық жүнжісе, егер ақылгөйсу мен қайшылық рухы оны
түбірімен бүлдірген болса, онда, бостандықтың жалған елестеріне
қарамастан, ол халықтың деспотизмге қарай бара жатқаны; шын
мəнісіндегі дана халықтар қашанда бостандыққа деспотизмнің сыртқы
түрлерін сақтай отырып жетеді. Осының барлығынан туатын қорытынды:
сайлау құқықтарын шұғыл шектеу қажет, күшті өкімет билігі қажет, байды
кедейге дос ететін, кедейді түгелдей бағынышқа көндіретін қуатты діни
сезім қажет. Бір сөзбен айтқанда, шын мəнісіндегі шұғыл іс депутаттар
жиналысының құқықтарын былайша етіп шектеу керек: олар тек алымсалық жөніндегі мəселелерді ғана шешетін болсын, заңдарды жасаушы
болмай, тек бекітетін болсын.
Көптеген адамдар басқаша ойлайды, мен оны білемін. Бұрынғыша,
жақсыны жан салып іздейтіндер əлі де кездеседі, олар қайткенде де
қоғамды ақылға қонымдырақ етіп құрғылары келеді.
Жаңалық енгіземіз деушілер шыдамдырақ болсын. Мен Христиан дінін
орнықтыруға қаншама уақыт кеткенін ойлаймын; ал мұның өзі бейбіт
жолмен жүзеге асырылатын рухани төңкеріс болатын. Осыны есептеп
келіп, енді жер бетіндегі игіліктерге байланысты төңкерістен туындайтын
қиындықтар жайында ойға қалғанда, менің тұла бойым тітіркеніп кетеді;
сондықтан тіршіліктің қазіргі тəртібін мен батыл қолдаймын. Əркім өзінше
ойлай берсін, деп жария етіп еді ғой христиан діні; əркім өзінің егіндік
жерін баптасын, деп жариялап отыр қазіргі заманның заңы. Əркім өзінше
ойласын бұл рухани құқықтарға берілген бата; əркімнің өзіндік егінжайлары болсын бұл адамның талап-тілегі мен еңбекқорлығына берілген
бата.
Біздің қоғам осылай құрылған. Өзін-өзі қорғау сезімін табиғат адам
өмірінің негізі етті, ал бүкіл қоғамның өмірі жеке бастың пайдасына
құрылған. Шын мəнісіндегі саяси тұғырлар, менің ойымша, осылар. Дін
өзімшілдік сезімнің осы екеуін де болашақ өмірге сендіру арқылы басып
тастап, қоғамдық өзара қатынастардың қатқыл түйіндерін жұмсартып
отырады. Құдай Тағала əлде бір белгісіз заңдармен əлемнің механизміндегі
кикілжіңдерді бəсеңдетіп отыратыны сияқты, ол бізге адамның өзін-өзі
ұмытуын имандылық деп санайтын діни сезімдерді дарыту арқылы адам
мүдделерінің қақтығысынан туындайтын қайғы-қасіреттерді жұмсартып
отырады. Христиан діні кедейлерге байлардың болуына төзімділік білдіруді
үйретеді де, ал байларға кедейлердің ауыр тұрмысына жеңілдік тудыруды
үйретеді; менің ойымша, екі сөзбен айтқанда, Құдай мен адамның барлық
заңдарының мəні осы болып шығады.
– Мен мемлекет қайраткері емеспін, - деп сөз қыстырған нотариус, сондықтан мəртебелі ағзам маған əлде бір сауда қоғамындағы борышқарыздың есеп-қисабын жөндеп отыруға өкілдік алған адам бейнесінде
елестейді, ал ондай қоғам ылғи да жойылып кету жағдайында
отыратындықтан, ол өзінің мұрагеріне өз қолымен алған ақшалай қаржыны
қалдыруға тиіс деп ойлаймын.
– Мен де мемлекет қайраткері емеспін, - деп Бенаси жедел сөзімен
нотариусты бөліп кетті. Қауымның, кантонның немесе округтің тұрмысын
жақсарту үшін адамға түзу ақыл ғана керек, ал департаментті басқаратын
адамға енді талант керек болады; алайда əкімшілік қызметтің осынау төрт
саласының көлемі шектеулі, оларды қамту үшін оншама кен көзқарас қажет
емес; олардың мүдделері бүкіл қуатты мемлекеттік организмнің өмірімен
белгілі бір айқын бағыттарда ғана байланысты болады. Жоғарғы салаларда
барлық істің өрісі кеңи түседі де, мемлекеттік қайраткер өзіне тиісті істі
түгел шолып, біліп отыруға тиісті. Департаментте, округте, кантонда
немесе қауымда істеген ісіңнің жемісін он жыл ілгеріден көре алатын
болсаң, онда, əрине, көп нəрсе тындыруға болады; ал енді əңгіме тұтас
халық жайында болғанда, оның тағдырын жүз жылдық есепке мөлшерлеп
жорамалдауға тура келеді.
Кольберлер мен Соллилердің барлығының данышпандығы, егер ол
Наполеондар мен Кромвельдерді туғызатын ерік-жігерге сүйенбесе, түкке
тұрмайды. Үлкен мемлекеттік қайраткер деген, мырзалар, ол ғасырдың
əрбір жылында бейнеленген үлкен ой деген сөз, сол жылдардың
əрқайсысының гүлденуі мен жетіскендігін солар əзірлейді. Беріктік оған
бəрінен де бұрын қажет болатын қасиет. Ол адамның барлық істерінің
ішінде беріктік күштің ең жоғары дəрежеде көрінетін түрі. Кейбір
уақыттардан бермен қарай кең құлашты ұлттық идеялармен емес, жай бір
болмашы үйреншікті ойлармен ғана көрінетін адамдар тым көбейіп кетті;
сондықтан да біз шын мəніндегі мемлекеттік қайраткерден адамның ең
жоғарғы мұраттарының бейнесін көргіміз келеді. Əр уақытта барлығын
күні бұрын көре біліп, оқиғалардың алдын алып отыру, биліктің буына
пісіп мастанудан жоғары тұру, өзіңнің күшіңе сене бермей, пайда
келтіретініңді білгендіктен ғана билік басында қалу, өзіңнің жеке басыңның
құштарлықтары мен тіпті жай ғана атаққұмарлығыңнан бас тарту, сөйтіп
өзіңнің қабілетіңді əрдайым бойда сақтау, əрдайым алдағыны көре білу,
қимыл-əрекетке əзір болу; əділ де табанды болу, жалпыға бірдей тəртіпті
сақтау, жүректің əмірімен жүрмей, тек қана ақылға бойсұну, ешқашан
күдікшіл де, сенгіш те, күмəншіл де, көңілшек те, кінəмшіл де болмау;
ақыраяғында, халықтың сезімімен біте қайнау жəне оны əрдайым өзіңнің
ырқыңда ұстау, оған қанатты ойыңмен, қырағы көзіңмен, қоңыраулы қою
дауысыңмен ықпал етіп отыру, ұсақ-түйекке алданбай, əрбір бастаманың
нəтижесін көре білу, осының барлығы жай ғана адам деген ұғымнан асыпартылып жатқан жоқ па?! Сон-дықтан да халықтар өздерінің ұлы да ізгі
əкелерін мəңгі құрмет тұтуға тиіс.
Бөлмеде сəл ғана үнсіздік пайда болды, қонақтар бір-біріне қарасты.
Мырзалар, армия туралы сіздер ештеңе айтпадыңыздар ғой, - деді
Женеста дауыстап. Меніңше, əскери құрылым бұл кез келген азаматтық
қоғамға нағыз үлгі: қылыш халықтың қамқоршысы.
– Капитан, - деді аралық судья күліп, бір қарт адвокат айтқан екен:
империялар істі қылышпен бастап, сиясауытпен аяқтаған деп; міне біз
сиясауытқа келіп отырмыз.
– Мырзалар, біз дүниенің тағдырын шештік қой, енді басқа бірдеңе
айтайық та. Қане, ғибадатхананың шарабынан бірер стақан тартып
жіберейік, капитан, - деді доктор күле сөйлеп.
– Мен екеуінен де бас тартпаймын, - дейді Женеста стаканың ұсынып,
мен осыны сіздердің денсаулықтарыңыз үшін, бүкіл адамзаттың атақабыройын асырып жүрген адамның денсаулығы үшін ішемін.
– Жəне біздің бəріміз ыстық сезіммен жақсы көретін адам үшін, - деп
еді кюре, мейлінше ұяң дауыспен.
– Жанвье мырза, мен мардамсып кетіп, күнəға батып жүрмейін.
– Кюро мырза ақырын сөйлеп, бүкіл кантонның бар дауыспен дабырата
айтып жүрген ойын жеткізді, - деді Камбон жанағы сөзге түзету енгізіп.
– Қанеки, достар, Жанвье мырзаны үйіне шығарып салайық та, айлы
түнде біраз серуендейік.
– Келістік, десті қонақтар даурығып, ең алдымен кюреге құрмет
көрсетуді өздерінің борышы санағандықтан.
– Отырмаққа кіріп шығайық, - деді доктор кюремен жөне басқа
қонақтармен қоштасқаннан кейін, Женестаны қолтықтап алып. Ол жерден,
капитан Блюто, Наполеон туралы əңгіме естисіз. Менің таныс
шаруаларымнан біреу-міреу осындағы пошташы Гогланы сөйлеттіріп
бағар, сонда біздің қаланың сүйіктісі жайында əңгімеге жарисыз. Менің
атшым Ниокль сарайға баспалдақ апарып қойған болар, біз кішкентай
əйнекше арқылы соның төбесіне шығып аламыз да, шөптің үстінен бəрін
көріп отырамыз. Рас айтамын, барайық: біздің отырмақты көруге əбден
болады. Мен ылғи да шөптің ішіне көміліп алып, жатамын да, солдаттың
əңгімесін естимін немесе бір шаруаның аузынан ертегі тыңдаймын. Бірақ
жақсылап тығылып жату керек, олар сондай қызық адамдар, сырттан
келген бір адам болса, өздері қысылып-қымтырылып, əлек болады.
– Əу, сүйікті менің отағасым, - дейді Женеста, - мен де талай рет жорта
ұйықтаған болып, жол бойында тыныстау кезінде, түнде, əскерлерімнің
талай əңгімесін тыңдағанмын. Сондайда бір ішек-сілем қата күлгенім бар.
Тіпті дəл солай Париж театрында да күлмеген болармын. Бір жасамыс
унтер-офицерқу тілге салып, мысқылдап-мөтелдеп, соғыстан қорқатын жас
жауынгерлерге Мəскеуден кейін шегінген кездегі бір оқиғалардан əңгіме
соқпасын ба?! Оның сөзін тыңдап отырсаң, француз əскерлері аюдың
ауруына шалдығыпты, тура суаттан мұзды су ішіпті, өлген солдаттар күртік
қарға көміліп жатыпты, француздар Ақтаңдақ Русьті көзбен көріпті,
аттарының етін шикідей мүжіпті, атқа мінгіштер сілелері қатқанша
шапқылапты, еттен жасаған дірілдекті жақсы көретіндер əбден тойыпты,
əйелдері өте салқын дейді, бəрінен де қиын болғаны қырынатын ыстық су
жоқ екен дейді. Қысқасы, мұрны үсіп кетіп, "Қоңқақ мұрын" атанған
курьер шал сондай сорақыларды шұбыртып келіп, өзі де қарқылдап күледі
екен.
– Ақырын, - деді Бенаси, - біз келдік, алдымен мен көтерілейін, сонсоң
сіз шығыңыз.
Бұлар ешкімге сездірмей баспалдақпен жоғары көтерілді де, шөптің
арасына кіріп, жақсы орналасып жатты, төменде отырмаққа жиналған
шаруалар бұларға анық көрінеді. Əйелдер үш-төрт шырағданның
төңірегіне ұйлығып отыр; біреулері іс тігіп, біреулері жіп иіреді; енді
біреулері қолдарын қусырып, мойындарын созып, əңгіме айтқан қарт
шаруаға қадала қарап қалыпты. Еркектердің біразы отыр, біразы құшаққұшақ шөптің үстінде жатыр. Үн шығармай түрегеп тұрған енді бір топ
адам шырағдандардың айналасындағы ішіне су толтырылған шыны
шарлардың сəулесінде көлеңкелері қалт-құлт етеді. Əлсіз шырағдандардың
жарығынан үлкен сарайдың іші қара көлеңкеленіп қана көрінеді; сол ала
түнекте қалтылдаған шам сəулесі адамдардың бетінде ойнап, өзінше бір
əсем көрініс тудырып тұр. Бір жерде əңгімеге еліккен шаруа əйелінің жазық
маңдайы мен мөлдір көзі жарқ етсе, енді бір жерде түнерген шалдың
қатқыл өні мен ескі киімдері елес беріп өтеді. Осы сияқты əpтүрлі күйде
отырған адамдардың барлығы да əңгімені ұйып тыңдауда. Өте қызықты
көрініс, ол адам санасына поэзияның қаншалықты сиқырлы күшпен əсер
ете алатының айғақтайды. Шаруа адамы əңгімесінен шым-шытырықсыз
кереметтер мен шындыққа ұқсас ертегілерді күтеді. Таза поэзияның
достары солар емес деп кім айта алады?
– Үйдің сырты ұсқынсыз көрінгенімен, - дейді əңгімеші шаруа жаңадан
келген екі кісі жоғарыда жайласып жатқан кезде, біздің бейшара бүкір
кемпір арқалаған кендірін базарға жеткізіп, одан кері қайтқанша əбден
сілесі қатқан, оның үстіне ымырт жабылып қалған. Ол бір түнеп шығуға
рұқсат алды да, қапшығындағы қатқан нанымен жүрегін жалғады. Ал үйдің
бейнесі, қарақшылармен əмпейлес болғанымен, олардың түнде не
істемекші болып уəделескесінен хабарсыз еді; сондықтан ол бүкір кемпірді
жоғарыға орналастырған, бірақ шамды сөндірген жоқ. Бүкір əйел қатқыл
кереуеттің үстіне жайласты да, дұғасын оқып, кендірінің жайын ойлай
бастаған. Қалғып бара жатып, ол сырттан тықыр естіді көзін ашып алса,
қолдарында қол шамы бар екі адам кіріп келеді; екеуінің де қолдарында
пышақ; əйелдің зəресі ұшып кетті, өйткені сол кезде мырзалар адам етінен
жасалған самсаны жақсы көретін; қызметкерлері оны тіпті пісіріп үлгірмей
жататын. Бірақ кемпірдің тырысқан денесінде қандай ет болсын, соны
ойлады да, көңілі орныңа түскен. Жанағы екеуі кемпірдің қасынан өтіп
кетіп, үлкен бөлмеде тұрған кереуетке қарай беттеді онда іші затқа толы
дорбасы бар, өзі сиқыршымын деп жүретін бір жуан мырза жатқан-ды.
Жаңағы екеудің бойы ұзынырағы қол шамын жоғары көтеріп, мырзаны
аяғынан тартып қалды, ал тапалтағы, өзі масаңдау сияқты көрінген,
мырзаны басынан ұстай алды да, қолын бір-ақ сілтеп, басын кесті де алды!
Сонсоң екеуі дорбаны алып, төмен қарай түсті де кетті. Мырзаның денесі
бір бөлек, басы бір бөлек, көлкіген қанның бетінде қалқып жөнелді.
Ал, керек болса, деймін мен, бүкір қолға түсті! Ол енді қалай зытып
кетуді ойлап жатыр, бірақ мұны бұл жерге алып келген Құдайдың əмірі
екенін өзі білген жоқ-ты. Кемпірдің зəресі ұшты, ал қорыққан адамда ес
қалмайтыны белгілі. Сол екі арада үйдің бикесі жаңағы баскесерлерден
бүкірдің жайын сұрамасы бар ма; олардың да зəресі ұшып, тақтай
басқышпен қайтадан жоғарыға кетті; өздері сыбырласа таласып келеді:
– Өлтіру керек деймін оны!
– Несіне өлтіреміз?
– Өлтір оны!
– Жоқ, өлтірмеймін!
Екеуі кіріп келді. Бұл кемпір де ақымақ емес, ұйықтаған адамдай екі
көзін тарс жұмып алған. Құдды бір сəби баладай ұйықтап жатыр; екі қолын
кеудесіне қойып, ішінен ғана дем алады, нағыз періште. Қолында қол шамы
бар жігіт жарықты көзіне таяп əкеліп еді, кемпірдің кірпігі де
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Жергілікті Дəрігер - 12
  • Parts
  • Жергілікті Дəрігер - 01
    Total number of words is 3853
    Total number of unique words is 2356
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 02
    Total number of words is 3903
    Total number of unique words is 2275
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 03
    Total number of words is 3990
    Total number of unique words is 2179
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 04
    Total number of words is 3852
    Total number of unique words is 2240
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 05
    Total number of words is 3996
    Total number of unique words is 2204
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    47.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 06
    Total number of words is 3928
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 07
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2244
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 08
    Total number of words is 4029
    Total number of unique words is 2253
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 09
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2196
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 10
    Total number of words is 3872
    Total number of unique words is 2251
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 11
    Total number of words is 3815
    Total number of unique words is 2088
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 12
    Total number of words is 3946
    Total number of unique words is 2182
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 13
    Total number of words is 3950
    Total number of unique words is 2139
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 14
    Total number of words is 3803
    Total number of unique words is 2195
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 15
    Total number of words is 3876
    Total number of unique words is 2138
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 16
    Total number of words is 3921
    Total number of unique words is 2151
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 17
    Total number of words is 3998
    Total number of unique words is 2190
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 18
    Total number of words is 4009
    Total number of unique words is 2097
    39.0 of words are in the 2000 most common words
    53.5 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Жергілікті Дəрігер - 19
    Total number of words is 1860
    Total number of unique words is 1159
    45.7 of words are in the 2000 most common words
    60.0 of words are in the 5000 most common words
    66.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.